Мақтаралдың мақтанышы мен байлығы



ЖОСПАР:

1. КІРІСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Мақтаралдың мақтанышы мен байлығы
Мақтарал . аграрлық аудан.
Жетісай . аудан орталығы .
Мақта ел байлығы.

3. ҚОРЫТЫНДЫ
Мақтаралдың тарихы бай. Аңызға белгісіз әңгімелері мен оқиғалары да сан алуан. Ұлы жібек жолы біздің топырағымызды күміс белбеудей орап өтеді. өркениетті елдің тірлігіне сай белгі емес пе бұл? Күні кешегі түркі елінің Томирис ханы атанған ақылды да парасатты, көрікті де елдікті ту ұстаған әйел патша осы өңірдің азаматтарынан өз жасағының құрамына сарбаз алған дейді және бір көнеден жеткен аныз.
Қазір де ауданның бүкіл жанына нәр таратып жатқан, су жүйелерінің күре тамыры болған «Достық» (Бұрынғы Киров атындағы) каналын алғашқы қазушылар құрамында белгілі ақын Ілияс Жансүгіровтың інісі канал құрылысын басқарған.
Қасиетті де ардақты азаматтардың Мақтарал жеріне келіп, аяқ басқаны бұл жердің тегін емстігінен дәйек береді. Бертін келе, осы аудан көлемінде алғаш рет «Мақтарал» мақта шаруашылығы құрылуына орай, Түркістан Жер шаруашылығы халық комиссары қызметін атқарып жүрген айтулы арыстандарымыздың бірі – Сұлтанбек қожанов канал қазушылардың бір топ бөлігімен кездесіп, олардың талап – тілектеріне құлақ асып, мақтаның аса бағалы шикізат екендігіне басты назар аудара отырып, сол каналдың тезірек іске қосылуына өзінің тілегін арқау еткендігін кейінгі ұрпақтың өзі естуіне тура келді. Бұл да - тарих.
Еліміздің ең оңтүстік қиырына орналасқан бүгінгі Мақтарал ауданының тарихы бай әрі күрделі. өйткені бұл ауданда талай тағдыр өз тыныс – тіршілігін жасап, елге, жерге танымал болды. Мұнда кешегі соғыста батырлықпен көзге түсіп, батыр атанған, бейбіт тіршілікте адал еңбегімен ер атанған қаншама абзал, әзіз жандар өсіп жетілді. Бұл баға жетпес – байлық. Тарихының күрделі болатындығы – аудан бір республика құрамынан екінші республика құрамына өтіп, тағдыр талапайын бастан кешті. Көптеген тарихи деректер, құжаттар өзге елдің мұражайларында, кеңселерінде қалып қойды. Ауданға қатысты деректерді сол жерлерден елге оралту да үлкен сын.
Мақтарал ауданының әлеуметтік – экономикалық, мәдени өсіп - өркендеуіне

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. КІРІСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Мақтаралдың мақтанышы мен байлығы
Мақтарал – аграрлық аудан.
Жетісай – аудан орталығы .
Мақта ел байлығы.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Мақтаралдың тарихы бай. Аңызға белгісіз әңгімелері мен оқиғалары да
сан алуан. Ұлы жібек жолы біздің топырағымызды күміс белбеудей орап өтеді.
өркениетті елдің тірлігіне сай белгі емес пе бұл? Күні кешегі түркі елінің
Томирис ханы атанған ақылды да парасатты, көрікті де елдікті ту ұстаған
әйел патша осы өңірдің азаматтарынан өз жасағының құрамына сарбаз алған
дейді және бір көнеден жеткен аныз.
Қазір де ауданның бүкіл жанына нәр таратып жатқан, су жүйелерінің күре
тамыры болған Достық (Бұрынғы Киров атындағы) каналын алғашқы қазушылар
құрамында белгілі ақын Ілияс Жансүгіровтың інісі канал құрылысын
басқарған.
Қасиетті де ардақты азаматтардың Мақтарал жеріне келіп, аяқ басқаны бұл
жердің тегін емстігінен дәйек береді. Бертін келе, осы аудан көлемінде
алғаш рет Мақтарал мақта шаруашылығы құрылуына орай, Түркістан Жер
шаруашылығы халық комиссары қызметін атқарып жүрген айтулы
арыстандарымыздың бірі – Сұлтанбек қожанов канал қазушылардың бір топ
бөлігімен кездесіп, олардың талап – тілектеріне құлақ асып, мақтаның аса
бағалы шикізат екендігіне басты назар аудара отырып, сол каналдың тезірек
іске қосылуына өзінің тілегін арқау еткендігін кейінгі ұрпақтың өзі
естуіне тура келді. Бұл да - тарих.
Еліміздің ең оңтүстік қиырына орналасқан бүгінгі Мақтарал ауданының тарихы
бай әрі күрделі. өйткені бұл ауданда талай тағдыр өз тыныс – тіршілігін
жасап, елге, жерге танымал болды. Мұнда кешегі соғыста батырлықпен көзге
түсіп, батыр атанған, бейбіт тіршілікте адал еңбегімен ер атанған қаншама
абзал, әзіз жандар өсіп жетілді. Бұл баға жетпес – байлық. Тарихының
күрделі болатындығы – аудан бір республика құрамынан екінші республика
құрамына өтіп, тағдыр талапайын бастан кешті. Көптеген тарихи деректер,
құжаттар өзге елдің мұражайларында, кеңселерінде қалып қойды. Ауданға
қатысты деректерді сол жерлерден елге оралту да үлкен сын.
Мақтарал ауданының әлеуметтік – экономикалық, мәдени өсіп - өркендеуіне
оның әр жылдары басшысы болған Уалихан Сүлейменов, Көшербай Ысқақов,
Ошақбай Көлбаев, Омарбек Нұржанов, Кенжехан Төлебаев елеулі үлестерін
қосты. Ауданда өткен ғасырдың 70 – жылдарынан бастап, мақта шаруашылығында
жоғары технология және талапқа сай агротехникалық іс – шаралардың жүзеге
асуы өз денгейінде атқарылып, өнімділіктің артуымен ерекшеленеді. Ауданда
мақта, мал шарушылығы, білім, денсаулық сақтау салаларына айрықша көңіл
бөлінді. Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ, Мырзакент (бұрынғы
Славиянка) кентінде заман талабына сай келетін көп қабатты медициналық
емдеу орнының ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Аудандақ медицина
бірлестігінде жемісті қызмет атқарған бас дәрігерлер Батырхан Нұрахов,
Болысбек Құдайбергеновтердің есімдері көпке танымал. Дәрігерлер: Қама
Құлшықова; Мырза Мыңбарханов, Олег Исаев, Бораш Байжанов, Санай Молдабеков
және басқалары тәжірибелі ақ халатты абзал жандар. Бұл ғимараттар кентке
әлі күнге дейін сән беріп тұр.
Ауданымызда мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы фермалары нығайып,
дамытылып келеді. Үстіміздегі жылдың тоғыз ай ішінде ауданда 2606 тонна ет
өнәмдері, 2316 тонна сүт, 296 тонна жүн, 5,7 миллион дана жұмыртқа
өндірілді. Ірі қара малды арттырудың, үй құстарын көбейтудің нышаны
байқалады. Жыл басынан бері 10,4 мың бас бұзау, 1100 бас құлын, 22,4 мың
бас қозы, 140 бота төлі алынды. Асыл тұқымды ірі қара малын қайта өндіру
үшін жасанды түрдегі тұқым қуалаудың 18 пункті ашылып, онда 6520 бас
ұрықтандырылды.
Аудан территориясында ет өнімдерін қайта өңдейтін 2 цех құрылды. Бұған
қоса, қазіргі кезде құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде, оны құруда аудан
2,5 миллион теңге несие берді.
Аудан орталығы Жетісай қаласы тоқсан долдың торабына орналасқан. Ташкент
пен Жызақты жалғастырып жатқан үлкен трасса қаланың ортасынан тіліп өтеді.
Шығыс жағында Орта Азия темір жолының бір торабы Қарақалпағыстан,
Өзбекістан, Қырғызыстанды жалғастырып жатыр. Қаладан 12 шақырым жерде
аэропорт бар. Ол арқылы Шымкент, Алиаты, тағы басқа қалаларға ұшуға болады.
Қала Достық каналының жағасына оранласқан. Қала тарихына көз салатын
болсақ, 1940 жылы каналдың 115-ші шақырымында алғаш ретжер үйлер пайда бола
бастаған. Сол жылы “казголстрой” құрылыс басқармасы осында көшіп келді.
1950 жылы Жетісай СМУ – ы ұйымдасты да “Казкирисупр” бірте – бірте
ұмытылып, елді – мекен Жетісай деп атала бастады. 1959 жылы Жетісай
поселкесі аудан орталығына айналды. 1969 жылы Жетісайға қала статусы
берілді. Қаланың тоқсан жолдың торабына орналасуы ондағы тұрғындардың сауда
ісімен айналысуына үлкен септігін тигізді. Жетісай қаласындағы базар
бүгінгі күні Қазақстанның оңтүстік өңірі ғана емес, көрші орналасқан өзге
де республикалардың шекаралас аудандары үшін де орталық базарға, еркін
экономикалық аймаққа айналып отыр.
Ауданда жаңа типтегі мектептер де көптеп салынды. Оны қазір де бұрынғы
Мақтарал өңірінде айқын аңғаруға болады. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне
аудандағы білім беру бөліміне басшы болған абзал оқытушы ұстаздар Төретай,
Үкібаев, Қошқарбай Тұрашев, Балабек Қаратаев, Бөртебай Қрарабаев, Әсілім
Еркінов айтулы үлес қосты.
Төретай Үкібаев соңыра аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. Балабек
Қаратаев бүгінде облыстық ұстаздар кәсіподағы ұйымының төрағасы. Ал Әсілім
Еркінов Бірлік ауыл округінің әкімі.
Ауданда халықтың көзі мен құлағы болған Мақтарал газеті, оның
журналистері шаруашылық, экономика, мәдениет, рухани салаалрдың ойдағыдай
дамуына, өсіп - өркендеуіне елулі үлес қоса білді. Соның ішінде ауданда
танымао журналисттер: Сатым Өтебаев, Нұрғаи Қадырбаев, Жақсылық Сапаров,
Анарбай Қожымбетов, Жетпісбай Кершиев, Ұлбике Әшірбаева, Іңкәрбек
Құрманбеков, Әмина Тамбетова, Дина Төлендібаева және тағы басқа да бір топ
журналисттер бар. Олар сол уақыттатда, яғни 1980 – 1990 жылдары заман
талабына сай өздерінің қажыр – қайраттарын иейлінше мол жұмсай білді. Сол
кездің басты ерекшеліктері болған шаруашылықаралық өзара тексеру
жұмыстарына қатыып, мақташылардың жалынды еңбектерін газет бетінде
насихаттады. Кемшіліктерде жария етті. Жақсы тәжірибелерді көпке ұсынды.
Мәдениет саласындағы жылт еткен жақсылықтардың қасынан табыла білід.
Бүгінгі Мақтарал өңіріндегі Мақтарал ауыл округі өзінің территориялық
ауқымы жағынан көлемді екендігінде ешбір дау жоқ. Бұл ауыл округінің өткені
талай толымды табыстармен айтулы абзал азаматтарымен ел есінде жаттааулы.
Аудан құрылмастан бұрын, өзінің тарихын 1924 жылдан бастаған Мақтарал
кеңшары мақта өсіруді өзгелерге әрдайым үлгі - өнеге болды. Жоғарғы
агротехникалық іс – шаралар, мақта өсірудің соны жаңалықтары ең алдымен осы
шаруашылықта қолданылатын, жүзеге асыра алатын аталмыш кеңшарға өткен
ғасырдың соңғы 70 – 80 – жылдарында басшысы болған кеңшар директорлары
Борис Григорьевич Ли Тен Хан, Қосай Ибрагимов, Әбжаппар Оңалбаев мақта және
өзге де ауыл, мал шаруашылығын дамытуда, тұрғын үй, жол, әлеуметтік жай –
күйді жақсартуда, туған жерді көріктендіру мен көгеалдандыруда шын мәнінде
бірліктілік пен көрегенділік танытты.
Республикамыздың оңтүстігіндегі ең қиырына орналасқан Мақтарал ауданы
өзіндік ерекшелігі мен қасиеті бар аудан. Мұнда 300 мыңға жуық халық
тұрады. Қарапайым көзбен қарағанның өзінде ауданның күре тамыры саналған –
үлкен жолдар бойында, былайша айтқада елді мекендерден тысқары асфалть
жолдардың өзінде ерсілі – қарсылы ағылған автоколіктердің тасқынын айқын
көруге болады. Бұл - аудан халқының тығыз орналасқанын аңғартса керек.
Сондай – ақ осы ел тұрғындарының хал – ахуалының, тіршілік деңгейінің нақты
көрсеткіші деп білеміз.
Ауданның және бір ерекшелігі – мекен еткен ұлттардың көптілігі. Қазірде
ауданда 60 – тан астам ұлт өкілдері тыныс – тірішілік етеді. Олар бір –
бірімен тату – тәтті өмір сүріп, қоян – қолтық араласып, сыйластықпен,
жарастықпен ғұмыр кешуде. Ауданның көп ұлтты халқы – басты байлығы. Бұл
бағытта нақты жұмыстар жүйелі түрде жүруде.
Ауданды басқарып ел тізгінін ұстаған бұрынғы Мақтарал ауданындағы аудандық
партия комитетінің бірнеші хатшылары елеулі еңбектер атқарды. Олар:
Бупашенко Иван Трофимович, Бейсенбаев Ұлтубай, Сұлтанов Хасен, Тұрғынбаев
Қалдарбек, Қыстауов Ахмет, Омаров Ермат, тасамбаев Егемқұл, Әлханов Жүсіп,
Ысқақов Көшербай, Көлбаев Ошақбай, Нұржанов Омарбек, Ларин Эдуард
Николаевич және т.б.
Мақтарал ауданынан бөлінген Ильич аудандық партия комитетінің бірінші
хатшысы болып, әр жылдары Назаров, Юсупов Исмаил, Өтепов Қаныбек, Шораев
Мырзахан, Ескендіров Захан, Тасанбаев Егемқұл, Ықсанов Мұстахым, Тайбеков
Төліп, Бұқашев Абан жемісті қызметтер атқарды.
1997 жылы сәуірде Мақтарал, Киров, Жетісай аудандары біріктіріліп,
ірілендірілген соң, тәжірибелі, іскер де білікті Омарбек Нұржанов аудан
әкімі болып тағайындады. Қазір де Омекең аудан тізгінін қолға қайта алып,
экономикасы мен әлеуметтік – мәдени дамуының ойдағыдай өріс алуына елеулі
үлес қосып келеді.
Ауданның экономикасы мен әлеуметтік – мәдени дамуы әлі де алда. Ауданның
қуаты орасан зор. Ауыл шаруашылығы саласында жүзеге аспаған мүмкіндіктер
мол екендігі өкзі қарақты азаматтарға белгілі. Аудан экономикасын көтеру
ісіне кәсіпкерлер, орта және шағын кәсіп иелері айтарлықтай үлес қосуда.
Мырзашөл. Шөл даланың мырза атануы оның жомарттылығында. Бұл шөлдің
сахарадан айырмашылығы: бойына су дарыса, жасыл желекке, бау – бақшаға
айналады. Адамның қолы, оның ақыл – ойы, жасампаз еңбегі шөл даланы гүлді,
жазиралы жаннатты мекенге айналдырды. Мырзашөл даласын суландыруға негізгі
мақсат – мақта алқабын молайту еді.
Мақтарал өңірінде өткен ғасырдың 70 – 80 – жылдарында мол өнімге қол
жеткізу шындыққа айналды. Сол кездегі кеңшар, ұжымшар басшылары да елді,
жерді тұрақты түрде басқарды, әрқайсысының өз орны, абырой – беделі
көпшілікке үлгі - өнеге болды. Сол кездегі Мақтарал ауданында 6 кеңшар, 4
ұжымшар бар болатын. Олар – Абай атындағы, Алғабас, Жамбыл атындағы,
Ленин жолы ұжымшарлары, Мақтарал,Свердлов атындағы (кейін Иіржан),
Жаңажол, Коммунизм, Славиян (кейін Нұрлыбаев атындағы), Жеңіс
кеңшарлары.атанған шаруашылықтардың барлығы дерлік мақта дақылын өсіруде
елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Мақта өсіруде бай тәжірибеге ие
орталықтарға айналды. Бірақ ол кезде еңбекті ұйымдастырудың бүгінгідей
нарықты қатынасы жүзеге аспаған-ды. Мақта шитін егу, баптау, суару,
ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес, шырпу, өнімді жинау, жерді
жырту, сор шаю секілді мәселелерге байланысты талқылатын, талданатын. өнім
жинауға республикамыздың түкпір – түкпірінен, оқу орындарынан мыңдзаған
адамдарды алып келетін. Мектеп оқушылары сабақтан ұзақ мерзімге босатылып,
мақта өнімін жинауға жұмылдырылатын.
Мақтарал өңірі ірілендірілген аудан болғаннан кейін біршама іркіліп,
дағдарысқа түскендей халді бастан кешті. Аудан орталығы болған Мырзакент
кентіндегі әкімшілік, мәдени – тұрмыстық ғымараттардың көпшілігі қаңырап
бос қалды. Соңғы кездері мырзакентте ілгерілеушілік көзге айқын көрінеді.
Кентте жаңадан базар ғимараты талапқа сай салынуда. Тұрғын үйлер талғамға
сай қатар түзеп келеді. Сауда – саттық нүктелері де көрер көзге бірден
түседі.
Орталық стадион алдында халқымыздың біртуар азаматы, әйгілі палуан, күш
атасы Қажымұқан Мұңайтпасовқа арналып сәулетті ескерткіш орнатылған.
Стадионда салауатты өмірді қалыптастыруға бағытталған түрлі спорт ойындары
бойынша жарыстар, турнирлер өткізілмек. Ауданда салауатты өмір салтын
белсенді насихаттау жүйелі жүргізіліп келеді, спортпен айналысамын
деушілерге барлық жағдай бар. Ауданда 3 стадион, 131 спорт алаңы, 61 спорт
залы, 34 тир жұмыс істейді, 1 әр түрлі спортттық үйірме, 2 денсаулық клубы
ұдайы іс - әрекет етеді. 72 мыңнан астам мақтааралдық спорттың небір
түрімен айналысады. Ауданда жыл сайын футболдан, волейболдан, қазақша
күрестен және тағы басқа аудан аралық, облыстық, республикааралық жарыстар
өткізіледі. Мақтарал спортшылары республика президентінің жүлдесі үшін
Қазақстан халықтарының Алғашқы спорттық ойындарына қатысып, ең үздік
ондықтың қатарынан орын алды. Жастар үшін көптеген мәдени – бұқаралық
шаралар ұйымдастырылады.
Кентте жаңарған, жаңғырған тойхана супермаркеттер адамдардың игілігі үшін
қызмет көрсетуде. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақтарал ауданының сұлу табиғаты және экологиялық мәселелерін болдырмау жолдары
Олжас Сүлейменов өмірбаяны
Қазіргі қазақ фонетикасы
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Дидактикадағы оқыту технологиясын, әдістері олардың бір-бірімен байланысы
Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы
Күлтегін ескерткіші - түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы
Африканың географиялық орналасуы
Ақсу - Жабағылы қорығына жарты ғасыр толды
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі
Пәндер