Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу



ЖОСПАР

1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық мәні ... ... ... ... ... 6
1.2 ААҚ “Наурыз.Банк Қазақстан” сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.4 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
1.5 Концептуалды схема ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

2 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.1 Ақпараттық жүйедегі есептің орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.2 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы несиелік
тәуекел мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
2.2.1 Кіріс ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
2.2.2 Шығыс ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
2.3 Ақпараттық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
2.4 Есептің математикалық қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..74
2.4.1 Есептің шығару алгоритімін сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..74
2.5 Программалық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79
2.5.1 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80
2.5.2 Программалық қамтамасыз ету құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81
2.5.3 Қолданушыға ңұсқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..83
2.5.4 Бақылаушы есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..83

3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...86
3.1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 86
3.2 Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .92

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..93

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..94

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..96

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 96
Кіріспе
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - банк қызметіндегі тәуекелдікті оқып-үйренуде жалпы банктың, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген. Аталған шаралар мүліктерге, инфрақұрылымдарға және банктың өзінің өміріне қауіп төндіретін әрекеттер мен оқиғаларды ескертуге, жағымсыз зардап ауыртпалығын төмендетуге немесе олардың пайда болу ықтималдылығын азайтуға бейімделген. Теорияда және іс-жүзінде мұндай қауіптер "тәуекелдік", ал тәуекелдікті алдын алу шаралары және олардың зиянды зардаптарын азайту-"басқарылатын тәуекелдік" деп атау қабылданған.
Банктік тәуекелдік - сол немесе басқа банктер үшін мүмкін болатын қауіп-қатер.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Соңғы 10 жыл ішіндегі банктік және коммерциялық тәуекелдік құралы белсенді зерттеулер және экономикалық әдебиеттердегі талқылаулар болып келді. Бірақ істелінген теориялық материалдар және алынған білімді баяндау әдістері іс-жүзіндегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Белгілі бір жағдайларда бұл тәуекелдік түрлерінің өзара байланысын, сол сияқты тәуекелдік пен қорғау объектілерінің өзара байланысын, тәуекелдіктің ішкі құрылымдық ерекшелігін адекватты сипаттауға, қауіп-қатерге тән айрықша қасиеттер жиынтығын қажетті дәрежеде айқындауға және оны тіркеуге мүмкіндік бермейтіндігін зерттеулер жүргізетін әдістердің жетіспеушілігімен түсіндіріледі.
Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару негізінен тәуекелдікке бағалау әдістерін қолдана отырып, қарыз алушының рейтингін, несие рейтингін және Альтманның Z-үлгісін қолдана отырып басқаруды айтамыз.
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, Банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, рейтингін анықтау мәселесінің концептуалды схемасы көрсетілген.
Негізгі бөлімінде банк қызметінде кездесетін аса қауіп төндіретін тәуекелдердің ішінен - несиелік тәуекелге көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның бағалау әдістерін-қарыз алушының рейтингін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын ала болжап, тәуекелдіні ең төменгі деңгейге дейін жеткізу үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген.
Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар.
Қолданылған әдебиет тізімі

1. Қазақстан – 2030 Н.А.Назарбаев. Қазақстандықтар жағдайының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы – Егеменді Қазақстан,11 қазан 1997жыл.
2. “Методические рекомендации по организации систем корпоративного управления и управления рисками в банках второго уровня, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан” 20 сәуір 2001ж. № 116.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы,1995.
4. «Қазақстан Республикасының ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарлымасы туралы» 14 наурыз 2000 жылдың №359 Қазақстан Республикасының Президентінің /Указ/.
5. Принципы управления кредитным риском. Методические рекомендации Базельского Комитета по банковскому надзору, Базель, 2000.
6. Велисава Т., Севрук А. Банковские риски, М.,1995.
7. Вольравен К.Д. Управление рисками в коммерческих банках, М., 1997.
8. Автоматизированные информационные технологии в банковской деятельности. Под ред. Титоренко Г.А.,-М.:Финстатинформ, 1997.
9. Банки и банковское дело. Под ред. Д.э.н. профессора И.Т. Балабанова.-СПб:Питер,2001-304б
10. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем. Учебник, М: Финансы и статистика,2000-352б
11. Управление финансовыми рисками. Учебное пособие для подготовки к сдаче международного экзамена Financial Risk Manager (FRM), Москва, исследовательская группа “РЭА – Риск- Менеджмент” 2003-283б
12. «Банковское дело» Лаврушина О.И. ФиС, 1998.
13. «Банковское дело» Платонов В.И. Хиггнис М. Москва: Консалт Банкир, 1998
14. «Банковское дело» под ред. Сейткасымова Г.С. Алматы: Қаржы-қаражат, 1998ж
15. Кондрашов Ю.Н. Введение в проектирование автоматизированных банковских систем, учебное пособие,-М.: Финансы и статистика,1996.
16. Кураков Л.П. и др. Современные банковские системы. Учебное пособие. 3-е издание. Переработанное и дополненное. М:Гелиос АРВ,2000-320б.
17. Е.Г.Неверова Ақпарат жүйелеріндегі мәліметтер базасын құрудағы проблемаларды зерттеу/ “Экономикадағы ақпарат жүйелері” мақалалар жинағы. Алматы: Экономика.
18. Коммерциялық банктер операциялары. Мақыш С.Б. Алматы: Издат маркет, 2004
19. Н.Б.Бралиева, Л.А. Байбулекова, А.И.Тилегенов Бизнестегі ақпарат жүйелері. – Алматы: Экономика Баспасы, 1998.
20. Н.Л.Гагарина. Банк ақпарат жүйесін өндіру/ “Экономикадағы ақпарат жүйелері” мақалалар жинағы. Алматы: Экономика.
21. С.Б. Мақыш, А.Ә.Ілияс Банк ісі: оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
22. Э.М.Бенецкий, Л.А.Морозов. Қосымша программа пакеті қоймасына автоматтандыралған басқару жүйесін ендіру. – М, Статистика.
23. Экономикадағы автоматтандырылған ақпараттық технологиялар: Оқулық. Трибулина И.Т. – М: ФиС, 2000 – 416 бет.
24. Липаев В.В., Потапов А.М. Оценка затрат на разработку программных средств. – М:Финансы и статистика,1998-180б.
25. Ольшаный А.И. Банковское кредитование (российский и зарубежный опыт) –М: ИНИТИ, 1998.
26. Смирнова Г.Н. и др. Проектирование экономических информационных систем. М: Финансы и статистика, 2000-352б.
27. Солянкин А.А. Компьютеризация финансового анализа и прогнозирования в банке. М:Финстатинформ,1998.
28. Фаронов В.В. Delphi 4. Учебный курс.-М: “Нолидж”,1998.
29. Финансово-кредитный словарь, т. 1-3.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Экономикадағы ақпараттық жүйелер кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін
тұрғызу

Ғылыми жетекшісі:

Диплом жұмысын қорғауға жіберіледі:

Жоспар
1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін
негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...6
1. Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық
мәні ... ... ... ... ... 6
2. ААҚ “Наурыз-Банк Қазақстан”
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпарат жүйесінің
тағайындалуы және
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..19
4. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесіне қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..22
5. Концептуалды
схема ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..32

1. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
35
1. Ақпараттық жүйедегі есептің
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы несиелік
тәуекел
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..52
1. Кіріс
ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..65
2. Шығыс
ақпараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..67
3. Ақпараттық
база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 69
4. Есептің математикалық қамтамасыз
етілуі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .74
1. Есептің шығару алгоритімін
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74
5. Программалық қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
9
1. Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар
жабдығын
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .80
2. Программалық қамтамасыз ету
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..81
3. Қолданушыға
ңұсқау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .83
4. Бақылаушы
есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...83

Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын
сала ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 86

6. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін тұрғызуға
кететін шығынын
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 86
7. Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..92

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...93
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .94
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .96

Кіріспе

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және
шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың
негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр.
Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат
мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан
Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму
дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен,
біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық
технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі
пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді
қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл
жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас
құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу
техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған
ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті
ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ)
тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу
мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал
ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру
техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп
беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ
жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне
негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы
қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді
өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық
жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі.
Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы
ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған
ақпарат жатады.
Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта
құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің
бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін
құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - банк қызметіндегі
тәуекелдікті оқып-үйренуде жалпы банктың, оның элементтері және нақты
операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге
негізделген. Аталған шаралар мүліктерге, инфрақұрылымдарға және банктың
өзінің өміріне қауіп төндіретін әрекеттер мен оқиғаларды ескертуге,
жағымсыз зардап ауыртпалығын төмендетуге немесе олардың пайда болу
ықтималдылығын азайтуға бейімделген. Теорияда және іс-жүзінде мұндай
қауіптер "тәуекелдік", ал тәуекелдікті алдын алу шаралары және олардың
зиянды зардаптарын азайту-"басқарылатын тәуекелдік" деп атау қабылданған.
Банктік тәуекелдік - сол немесе басқа банктер үшін мүмкін болатын қауіп-
қатер.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген
операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан
банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең
төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Соңғы 10 жыл ішіндегі банктік және коммерциялық тәуекелдік құралы
белсенді зерттеулер және экономикалық әдебиеттердегі талқылаулар болып
келді. Бірақ істелінген теориялық материалдар және алынған білімді баяндау
әдістері іс-жүзіндегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Белгілі бір
жағдайларда бұл тәуекелдік түрлерінің өзара байланысын, сол сияқты
тәуекелдік пен қорғау объектілерінің өзара байланысын, тәуекелдіктің ішкі
құрылымдық ерекшелігін адекватты сипаттауға, қауіп-қатерге тән айрықша
қасиеттер жиынтығын қажетті дәрежеде айқындауға және оны тіркеуге мүмкіндік
бермейтіндігін зерттеулер жүргізетін әдістердің жетіспеушілігімен
түсіндіріледі.
Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару негізінен тәуекелдікке бағалау
әдістерін қолдана отырып, қарыз алушының рейтингін, несие рейтингін және
Альтманның Z-үлгісін қолдана отырып басқаруды айтамыз.
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен,
қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін
бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан
тұрады.
Банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу
бөлімінде пәндік сала, Банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық,
математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары
анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, рейтингін анықтау
мәселесінің концептуалды схемасы көрсетілген.
Негізгі бөлімінде банк қызметінде кездесетін аса қауіп төндіретін
тәуекелдердің ішінен - несиелік тәуекелге көңіл бөлінген. Қарыз алушының
төлем қабілеттілігін, оның бағалау әдістерін-қарыз алушының рейтингін,
несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын
ала болжап, тәуекелдіні ең төменгі деңгейге дейін жеткізу үшін ақпараттық
база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық
құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі
және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға
нұсқау көрсетілген.
Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және
программадан тұратын қосымшалар бар.

1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені негіздеу

1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық мәні

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі
операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау
дұрыстығының маңызы артады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты,
ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз
ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін
түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру
керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш
ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы
көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік
деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара
тығыз байланысты. Сол себептен тәуекелді жоғалту категориясын қолдану
арқылы сан жағынан бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы
үшін негіз болып табылады.
Шығындар. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады.
Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға
алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен,
бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б.
ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге
көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу
нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның
жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды,
есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың
болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелдігі нашар
несиелік портфельмен ( ресурстарды нашар орналастыру), конъюктураның толық
есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға
ұшырауына қауіп төндіреді.
Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен
байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын сияқты
банк те жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін.
Шынында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып,
шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.
Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық
тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі
негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын
болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы
ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап
отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты
болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтермен
байланысты.
Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі:
несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық
тәуекелдік.
Несие тәуекелдігі - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін
орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Ол қарыздар портфелінің сапасымен тікелей байланысты. Несие тәуекелдігін үш
түрге бөлуге болады: қиянатшылық жасау тәуекелдігі, шетел несиелері бойынша
тәуекелдік, ішкі зайымдар бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Қиянатшылық жасау - 1991-1993 жж. біздің республикамызда банктің
үмітсіз қарыздарының неғұрлым көп таралу себебі. Тексеру нәтижесінде
маусымды егіндік жұмыстарға, астық жинауға, меншікті қаражаттарды
толықтыруға бөлінген мақсатты несиелік ресурстардың көзделген мақсатында
пайдаланылмауы туралы көптеген фактілері анықталған. Мұндай жеңілдік
несиелері басқа банктерден алған несиелер бойынша қарызды өтеуге машиналар
сатып алуға бағытталған. Сондай-ақ бұл несиелерді нарықтың мөлшерлеме
бойынша коммерциялық құрылымдарға қайта сатып валютаға айналдыру, т.б.
жағдайлар жиі болып отырған.
Қиянатшылық жасау - банктік жүйеде 80-жылдардың басында кеңірек
тарап, олардың үлесіне АҚШ -ғы барлық банкротқа ұшыраған банктердің
жартысынан астамы түскен. Бұл жерде банк директорлары мен жоғары лауазымды
қызметкерлердің әріптестеріне, туыстарына, достарына, "достық" несиелерді
ешқандай да қамтамасыз етусіз және қарыз алушының қаржылық жағдайын
тексерусіз бергендігі туралы сөз қозғалады.
Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктер - дамушы елдердің қарыз
алушыларының несиелер бойынша жаппай төлем төлемеуіне байланысты 70-
жылдарда анықталды. Бұл АҚШ - тың бірқатар ірі банктерінің банкротқа
ұшырауына себепші болған.
Ішкі зайымдар бойынша төлемсіздік қарыз алушының төлем қабілетіне
ықпал ететін барлық факторларды есепке алу қиындығымен байланысты
туындайды.
Несиелік тәуекелдікті төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:
1. Банктік қарыздар портфелін диверсификациялау, яғни бір қарыз
алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу арқылы азайту.
Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің жеткіліктігіне сенімсіз
болған кезде қолданылады. Қысқартылған несие мөлшері, оны қайтармаған
жағдайда зиян шегу шамасының қысқаруына мүмкіндік жасайды.
2. Несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу
мүмкіндігін талдау.
Көптеген банк осы әдісті қалайды, себебі ол несиенің
қайтарылмауына байланысты мүмкін болар барлық зиянның алдын алады.
Несиелік қабілетті бағалау қарыз алушының қаржылық жағдайының
тәуекелдігін және олардың талдауын сипаттайтын көрсеткіштер есебін
білдіреді. Ондай көрсеткіштерге келесілер жатады:
- абсолюттік өтімділік коэффициенті - бұл ақшалай қаражаттар +
бағалы қағаздардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысады;
- аралық өтеу коэффициенті - бұл ақшалай қаражаттар + бағалы
қағаздар + есеп айырысудағы қаражаттардың қарыз алушының қысқа
мерзімді міндеттемелеріне қатынасы;
- жабудың жалпы коэффициенті - бұл айналым капиталы қарыз
алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
Сонымен қатар, банкке несиені алдағы уақытта қайтару көзі ретінде
ақшалай түсімдерді, сондай-ақ қарыз алушының қаржылық тұрақтылығының
көрсеткіштерін де бағалау қажет.
Соңғы уақытта шетелдік банктік тәжірибеде қарыз алушыны баллдық
баға беру арқылы негізделген әдіс кеңірек қолданылуда. Ол клиенттің
рейтингін жасауды ұсынады.
3. Несиелерді сақтандыру, несиенің қайтарылмай қалу тәуекелі оны
сақтандырумен айналысатын ұйымдарға толық өтеуін сипаттайды. Несиелерді
сақтандырудың бірнеше жолдары бар, бірақ оларды іске асырумен байланысты
шығындардың барлығы қарыз алушыға тиісті болып келеді. Біздің
республикамызда несиелерді сақтандыру компаниялары айналысады.
Өтімділік тәуекелдігі. Ең жақсысы оны балансталмаған өтімділік
тәуекелдігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада шығынсыз төлем
қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты. Банктерде өтімділікті
қамтамасыз етудің екі түрі болады: ішкі және сыртқы.
Ішкі өтімділік - инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді
объектісі болып табылатын, тұрақты нарығы бар тез іске асырылатын активтер.
Бұған мемлекеттің бағалы қағаздары - 1,3,6,9 ай ішіндегі қазыналық
вексельдер жатады.
Сыртқы өтімділік, оның өтімді қаражаттар қорын ұлғайтатын кейбір
міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен (басқа банктер
федералдық қорлардың қалдықтарын сатып алу, қолдан-қолға ауыспалы салым
сертификаттарын, т.б. сатып алу) қамтамасыз етілуі мүмкін. Егер де банктер
ертеректе тез іске асырылатын активтер құру арқылы ішкі өтімділікті
қамтамасыз етуге ұмтылған болса, ал қазір олар активтер мен пассивтерді
біртұтас басқару есебінен баланс өтімділігін қамтамасыз етуге тырысады. Бұл
тұста ұсақ банктер өтімді активтер құруды дұрыс көрсе, ірі банктер пассивті
басқару саясатын (керек уақытта бағалы қағаздарды сата отырып, кейіннен
қайта қайтарып алу туралы келісім-шарт жасасу жолымен банктік активтерді
сату-сатып алу, коммерциялық бағалы қағаздарды қолма-қол шығару және т.б.)
жүргізуді қалайды.
Бұл тәуекелді Ұлттық банктің белгіленген міндетті өтімділік нормасын
сақтау жолымен, сол сияқты орналастырылған активтер мен банк пассивтерінің
қайтарылу мерзімдерін көлбеу жолымен басқарады.
Өтімділік деңгейін қамтамасыз ету тәсіліне төмендегілер жатады:
– пайыз мөлшерлемесін өзгерту жолымен жаңа депозиттер тарту;
– айналыста жүретін депозиттік сертификаттар, облигациялар,
т.б. шығару;
– қарыздар және бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін
сату;
– пассивтерді диверсификациялау, яғни қарыздарды ұсақ
мөлшері бойынша жинақтау;
– несиелерді қайтарып алу;
– Ұлттық банктен, т.б. несиелер алу.
Қажетті өтімділік деңгейін ұстап отыру үшін, банк пассивтің төмендеуі
және несиеге деген сұраныстың ұлғаюы, яғни конъюктуралық өзгеру мүмкіндігін
болжауға тиіс.
Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелділігі - бұл пайыз
мөлшерлемелерінің ауытқуы салдарынан мүмкін болатын зияндар. Соңғы
уақыттарда, Батыста инфляция және реттеу саясатын жүргізу нәтижесінде пайыз
мөлшерлемелерінің тұрақсыздығы байқалуда. Пайыз мөлшерлемесінің артуы,
тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар бағасының түсуіне жол беріп,
нәтижесіне банктің портфеліні құнсыздануына және бағамдық зияндардың
болуына әкеледі. Әр түрлі нарық сегменттеріндегі пайыз мөлшерлемелерінің
секірмелі өзгерісі банктің операцияларының пайымдылығына қатты әсер етеді.
Пайыздық тәуекелдікті нарықтық деп атауға болады, егер ол ашық
нарықтағы бағалы қағаздар бойынша операциялармен байланысты болса. Мұндай
тәуекелдік бірқатар себептерге байланысты пайда болады. Солардың ішінде
қарыздық пайыз нормасының ауытқуы, эмитент-компаниялардың (акция туралы сөз
болса) пайдалығы мен қаржылық жағдайының, сондай-ақ инфляцияның өзгерісі де
бар. Бірінші фактордың ықпалы бағалы қағаздардың нарықтық құны мен қарыздық
пайыз нормасының арасындағы кері байланыстан анықталады (пайыз
мөлшерлемесінің өсуі бағалы қағаздардың құнсыздануына әкеледі). Екінші
фактордың ықпалы акция бағасының оларға төленетін дивиденттерге байланысты
анықтамасын ескерсек, онда ол өз кезегінде эмитент-компанияның пайдасына
байланысты анықталады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы тіркелген кірісі бар
бағалы қағаздар бойынша нақты табыстың төмендеуіне жол беріп, нәтижесінде
олардың ұсынысын ұлғайтады және бағасын төмендетеді.
Пайыздық тәуекелдік, қарыздар мен тартылған қаражаттардың қайтару
мерзімдері сәйкес келмесе немесе активтік және пассивтік операциялар
бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілдермен белгіленген жағдайда пайда
болады.
Пайыз тәуекелдігін келесідей тәсілдер көмегімен төмендетуге болады:
– пайыз тәуекелдігін сақтандыру - несиелік тәуекелдінтен
сақтану сияқты тәуекелдікті толығымен сақтандыру ұйымына
беруді білдіреді;
– өзгермелі пайыз мөлшерлемесімен несиені беру - банкке шарт
өзгерген жағдайда, соған сәйкес пайыз мөлшерлемесін
өзгертуге мүмкіндік береді;
– мерзімді келісімдер - банк пен қарыз алушының арасында
арнайы форвард келісімін жасау, яғни қарызды келісілген
мерзімде белгілі бір сомадан және белгіленген мерзімге беру
туралы келісім жасаумен байланысты тәуекелден қорғану әдісі;
– пайыздық фьючерстік (болашақ) контрактілер. Олар пайыз
мөлшерлемесіндегі ойындар үшін пайдаланылатын мерзімді
контрактілерді білдіреді. Шарт бойынша құжатты белгілі бір
мерзім өткеннен кейін, келісілген уақытта болашақтағы
тұрақты бағада сатып алады;
– пайыздық опциондар - опцион ұстаушыға қысқа мерзімді қарыз
немесе депозитті тұрақты бағада мерзімді қарыз белгілі бір
күн жеткенге дейін сатып алуға немесе сатуға құқық беретін
келісімді береді;
– пайыздық своптар - бұл белгілі бір сомаға, бірақ әр түрлі
шартпен жасалатын несиелік міндеттеме бойынша пайыздық
төлемдердің айырбасын түсіндіреді.
Валюталық тәуекелдік - ұлттық валютаға қатысты шетел
валюталарының бағамдарының өзгерісімен байланысты валюталық зиян шегу
қаупі. Валюталық тәуекел бір валюта бағамдарының әр түрлі валюта
нарықтарында сәйкес келмеуінен немесе әр түрлі уақыт кезеңінде валюта
бағамдарының айырмашылығынан түзілетін алып-сатарлық табыс алуға тырысатын
банктерде өте жоғары келеді.
Валюталық тәуекелдікті төмендету мақсатында көбіне пайыздық
тәуекелдік қолданатын әдістер пайдаланылады: валюталық фьючерс
контрактілері, валюталық опциондар, валюталық своптар.
Сонымен қатар, несиелік келісім-шарттағы ақшалай міндеттемелердің
валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты өзгерісінің алдын алу үшін төлем
құралы ретінде тұрақты валютаны таңдау әдісі қолданылады. Сондай-ақ, мұнда
үшінші бір ел валютасы немесе халықаралық ақша бірліктері (СДР, ЭКЮ) де
пайдаланылады.
Банктік тәжірибе валютаның тәуекелдігін төмендету үшін шетел
валюталары бағамдарының ауытқуын үнемі бақылау (диверсификация),
сақтандыру, форвард контрактілерін жасау және басқа да әдістер қолданылуда.

Нарық шаруашылығындағы банктік қызметтің басты тәуекелдікті және
банкротты төмендету арқылы операциялардан түсетін пайданы барынша
жоғарылатудан тұрады.
Банк стратегиясы төмендегідей қағидалардан құралады:
– қалай да арзанға сатып алу;
– рентабельдік мөлшерлеме бойынша оны және көрсетілген
қызметтерді сату;
– келесідей жолдармен тәуекелдік зияндарын төмендету:
– сенімді клиенттер таңдау және кепілдемелер алу,
операцияларды диверсификациялау және әр түрлі қарыздық
капиталдар нарығын игеру.

1.2 ААҚ “Наурыз-Банк Қазақстан” сипаттамасы

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа
да мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы ережесі негізінде
анықталады.
Ұлттық банк өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас
аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық
бөлімшелері бар.
Ұлттық банкінің ең жоғарығы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма тоғыз адамнан тұрады. Оның
құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның төрт орынбасары, Парламент пен
Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі
кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай
сұрақтарды шешеді:
- мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
- Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік
актілерді бекітеді;
- Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен
монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
- Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының
бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін
бекітеді;
- Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау
тәртібін белгілейді;
- сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін
бекітеді;
- Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық
балансты қарастырады;
- Ұлттық банк туралы ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді
және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын
тағайындайды;
- банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық
нормативтерін бекітеді.

Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.

ААҚ “Наурыз-Банктің” ұйымдастыру құрылымы.

Банктің ұйымдастыру құрылымы және соған сәйкес операциялары
орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.
Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан
басқаруды жүзеге асыруы тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені
тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында
кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастыру құрылымы басты екі әдіспен анықталады - банктің
басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің
құрылымы.
Басқару органдарын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін
іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және
жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-
қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп
қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзыретін,
жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады.
Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы
белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды
коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай
құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының
(филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам
формасында құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады.
Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы банк акционерлерінің
жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді,
банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен
төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды және
т.б.. , яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы
жылына бір рет , жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан
кешікпей шақырылады.
Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және
бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акционерлер
жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.
Басқарма (банк кеңесі) - банк иелерінің , оның акционерлерінің
өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды.
Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда
деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиенттерінің мүддесін
қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Басқарманың негізгі қызметтері:
Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі банкте
мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер
бағдарламасы, басқарма мен басқару жетекшілері бірлескен түрде дайындалған
арнайы меморандумда көрсетіледі.
Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк-күрделі және біршама тәуекел
кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі
бар адамдар басқаруы тиіс.
Комитет құру.
Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Банк қызметін мерзімді тексеру.

Ірі банктер, әдетте, функционалдық белгісі бойынша құрылатын бөлімше
мен басқармадан тұрады. Олардың жетекшілері бұл бөлімшелердің дұрыс жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді. Басқарма бастықтары және олардың орынбасарлары
бөлім мен қызмет көрсету жұмыстарын координациялайды, олардың
бағдарламалары мен нақты мақсаттарын айқындайды. Сонымен қатар, жұмыстарын
бағалайды және кеңес береді. Олар басты назарын негізінен соңғы
нәтижелеріне аударады.
Бөлімдер мен клиентке қызмет көрсету жұмыстары банк операцияларының қандай
да бір бөлігіне шағын ғана маманданған жұмыспен айналысатын кәсіби
мамандардан тұрады.
ААҚ “Наурыз-Банк Қазақстанның” тәуекелдікпен қамтамасыз ететін
органдары.
1. Банктегі тәуекелдікті басқарумен қамтамасыз ететін органдар болып:
1) Акционерлердің жалпы жиналысы;
2) Директорлар Кеңесі;
3) Басқарма;
4) Активтер мен пассивтер бойынша комитет;
5) Несиелік комитеттер (Басты Банктің, Банк филиалдарының);
6) Проблемалы несие бойынша комитет;
7) Тарифтік комитеттер (Басты Банктің, Банк филиалдарының);
8) Ақпараттандыру бойынша комитет.
2. Банктің Директорлар Кеңесі Банктің ішкі құжаттарындағы тәуекелдікті
басқару бойынша ақпараттарды Банктің жалпы Акционерлер жиналысына
ұсынады.
3. Директорлар Кеңесі негізде төмендегілерді жүзеге асырады:
1) Банктің ішкі құжаттарын бекітеді:
а) операцияларды жүргізуде шарттарды анықтайтын жалпы ережелер;
б) келесі мәселелерді қамтитын саясат жүргізу:
- активтер мен пассивтерді басқару;
- банктің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, құқықтық тәртібін
сақтау негізінде Банк операцияларын жүргізу;
- несие беру бойынша тексерістер жүргізу және лимиттер қою;
- адам ресурстарын басқару;
- теңбе-тең (адекватты) капитал;
- ұзақ мерзімді және үлестік инвестицияларды анықтау;
- бухгалтерлік есептің бақылау жүйесі;
- ішкі аудит бағдарламасы;
- шетел валюталарының операцияларын жүргізу;
- банктің электронды қызметтері мен мәліметтерін өңдеу.
в) Банк операцияларын жүргізу бойынша процедуралар мен мәліметтерді
қамтитын құжаттар;
г) Конфеденциалды ақпараттардан тұратын құжаттар;
д) Банктің кейбір ішкі органдары (несиелік комитет, тарифтік
комитет, ақпараттандыру бойынша комитет) анықтайтын және сол
бойынша несиені қабылдауға мүмкіндік беретін құжаттар.
Банктің берілген ішкі құжаттарының құрамды бөлігі болып:
- банк қызметімен байланысты тәуекелдікті шектеу процедуралары;
- операцияларды жүргізу кезінде Банк Басқармасының
жауапкершілігі.
2) Тәуекелдікті басқару жүйесінің ұйымдастырылуына байланысты:
а) Банктің ұйымдық құрылымын бекіту;
б) Банк басқармасын және Банк Басқармасының Төрағсын сайлау. Банк
Басқармасына сайланатын талап білдіруші тұлға міндетті түрде
тәуекел-менеджерінің қызметін білу қажет. Қызметі:
- Банкті тиімді тәуекелділік басқару жүйесімен қамтамасыз ету;
- Банк тәуекелдеріне мониторинг жүргізу.
в) Банк Өкілділігі мен филиалдарының құрылуы туралы шешім
қабылдау;
3) Банк Басқармасымен келісе отырып, банктің орта және ұзақ мерзімді
мақсаттарын анықтау (рұқсат етілген тәуекелдікті ескергенде);
4) Банк қызметіне мониторинг жүргізу;
5) Ішкі және сыртқы аудит жүргізу барысында анықталған кемшіліктер
туралы ақпараттарды уақтылы алып отыру және банк операцияларына
мониторинг жүргізуді ұйымдастыру. Банктің ішкі аудиты Директорлар
Кеңесіне ай сайын есеп беріп отырады;
6) Директорлар Кеңесі банк қызметіне мониторинг жүргізуде ақпаратты алу
реттілігін анықтайды;
7) Банктің ірі акционерлері мен Банктің басқарушы қызметкерлерінің
коммерциялық қызығушылықтарын жыл сайын салыстырып талдайды;
8) Басқарма Төрағасы жыл сайын жылдық нәтижелер бойынша есеп береді;
9) Банк Басқармасы тәуекелдікті басқару жүйесінің келесі жолдар арқылы
тұтастылығы мен функционалдылығы қамтамасыз етілуі тиіс:
- Банк стратегиясын жүзеге асыру;
- Банк стратегиясының мақсатына байланысты рұқсат етілген және
камсыздандырылған тәуекелдіктерді анықтау негізінде саясатты
жетілдіру;
- Басқарылатын ақпарат жүйесінің функционалдылығы мен
жетілділігін қамтамасыз ету;
- Банктің құрылымдық бөлімшелерінде, банк филиалдарында пайда
болатын сұрақтарды шешу;
- Қызметкерлерді таңдау, дайындау және пайдалану бойынша шешім
қабылдау;
Банктағы әр түрлі саясаттарды жүргізу үшін арнайы алқа мүшелері
құрылуы керек:
- активтер мен пассивтерді басқару саясаты;
- несиелік саясат – Несиелік комитет, проблемалы несие бойынша
комитет (Басты банк пен Банк филиалдарының);
- тарифтік саясат – Тарифтік комитет (Басты банк пен Банк
филиалдарының);
- Ақпараттық саясат – Ақпараттандыру бойынша саясат.

1-сызбада ААҚ “Наурыз-Банк Қазақстанды” басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымы келтірілген. [Положение Наурыз-Банк Казахстан]

1.3 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің
тағайындалуы және мақсаты

Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпаратты жүйені
тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын
ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық
ақпарат ұсыну болып табылады. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы
ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаты - несиелік тәуекелдіні басқару, яғни
қарыз алушының төлем қабілетін талдау, қарыз алушының қаржылық жағдайын
анықтау, қарыз алушының рейтингін анықтау, сонымен қатар осыған байланысты
қажетті ақпараттарды беру, жинау, сақтау, іздеу болып табылады.
Экономикалық ақпараттар жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның
негізгі есебі төмендегідей:
- қарыз алушының төлем қабілеті мен қаржылық жағдайын анықтауда
қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;
- ақпараттар ағымының тиімділігін және оның айқындылығын арттыру;
- ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету;
- талаптар кешені және ақпарат қорларының орындалуын қамтамасыз ету;
- қызметкерлердің жұмыс туралы беретін ақпараттарының жеделдігін
арттыру;
- қызметтік процедуралардың жүзеге асуының бақылауын жақсарту.

Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің
тағайындалуының негізгі шарты қарыз алушының төлем қабілеті мен рейтинг
беру жұмысын автоматтандыру. Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы
қосымша есептер кешенінің қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін
ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін "достық интерфейсі " және
ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек, ол тәуекелдікті алдын ала
болжап, банктің барынша зиян шекпеуін қадағалайды.
АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты - нақты объектінің басқару жүйесін
қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен экономика - математикалық
әдістермен дамыта түсу. АЖ-ны жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні
басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды
қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ны жобалау әр түрлі
мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет
ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол
берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ны тұрғызу кезінде тізбектеліп
орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі - бұл жұмысты ұтымды жоспарлау
мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.
Басқарма АЖ-сі ақша құралдарын тиімді бақылау үшін, сонымен қатар
тұтынушы сұранысына байланысты ақпаратты жинау сақтау, іздеу, өңдеу және
ұсыну үшін арналған. Кез-келген АЖ оның қолдану саласына тәуелсіз толық
және дұрыс ақпаратты ұсынады.
Жүйенің функционалды, ақпаратық құрылымы әрі қарай даму үшін және
қосымша есеп кешенін қосу үшін ашық болу керек.

АЖ құру мақсаты - ақпаратты өндіруді автоматтандыру болып табылады.
Бұл басқарма қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, себебі келісім-шарт,
анықтама-қағаз, сертификат және басқа құжаттарды толтыруға, Басқарманың
қаржы-несие бойынша ақпаратын өңдеуге уақыт жұмсалмайды.

АЖ ендірілгенде ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының
тиімділігін жоғарылату талабы қойылады.
Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:
– есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым
ведомосты түрінде автоматтандыру;
– АЖ-нің ақпараттық және программалық қамтамасыз етуді жаңарту;
– нақты уақыттағы Басқарманың қаржы-несие шаруашылығын толық талдау;
– алынған дұрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;
– есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;
– бірегей МБ құру.
Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:
– жұмыс жеделділігі;
– ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;
– қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – ақпараттың нақты есеп
шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды
өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен құрылған жүйе.
АЖО қолданушының персоналды электронды есептеуіш машинаны тікелей
қолданумен байланысты.
Автоматтандырылған жұмыс орнын анықтаудың екі ыңғайы бар: техникалық
және функционалды. Техникалық ақпарат жүйесі құрамында процессор, монитор,
клавиатура, тышқан, принтер және сканер кіретін минималды құрал жиынтықты
негізінде персоналды компьютер (РСПК) физикалық модуль анықталады. Сонымен
қатар физикалық модульқұрамына қажет программалық құралдар кіреді, олар
барлық құралдар: операциондық жүйе, сервисті программалар және т.б.
қатынасы мен жұмысын қамтамасыздандырады.
Басқарма ақпараттық жүйесі тәуекедікті басқару жұмысын автоматтандыру
үшін арналған профессионалды-бағытталған кіші есептеуіш жүйе деп
қарастыруға болады.
Басқарма АЖ-сі қаржылық есеп беруде көрінетін ақпаратты өңдеуді
қамтамасыз ету керек.
Банктің ақпараттық жүйесін құру. Қазіргі кезде банктерді басқаратын
ақпараттық жүйе құру және қолдану қажеттілігі пайда болды. Банктің
ақпараттық жүйелерде Informix, Ingres, Oracle және т.б мәліметтер базасын
басқару жүйесі қолданылуы мүмкін. Банктік ұйымдардың ақпараттық жүйесін
құрғанда оған жүйелі позиция тұрғысынан келу керек. Мәліметтерді өңдеудің
орталықтанған формасы автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану болып
табылды. Бұл икемді және сенімді ақпараттық жүйе құруға және ЭЕМ -ді
қолданушының қатынасын рационалды етеді. Банктік ұйымдар әр қолданушысына
жеке ақпараттық жүйе құрып, оның желі абонентіне қол жеткізуін қамтамасыз
етеді. Мұндағы автоматтандырылған жұмыс орны - есептеуіш жүйе мен адам
арасындағы негізгі байланыс құралы болып табылады.
1.4 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесіне
қойылатын талаптар

Ақпарттық жүйе – жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін
күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп
істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық
бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру
үрдісі тиімді болады.
Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай
функционалдық және жабдықтайтын бболып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды
бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін
құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе
қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды.
Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің
салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.
Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты
белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша
топталған жиын [Бралиева, 46-50бет].
Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс
кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.
АЖ құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік -
уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе
астары элементтерімен байланысты.
Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен
материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған
ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру
құжаттары жатады.
Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесіне
қойылатын талаптар 1 - кестеде көрсетілген және онда есеп кешені, есептің
атауы, есептің қолданылуы, кіріс және шығым мәліметтері қарастырылғ

АЖ ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:
ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;
ақпаратты қорғауға және программа құралдар жабдығына қойылатын талаптар.

Ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы
ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпаратпен жабдықтаудың
негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына
өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру
жатады.
Ақпаратты қамтамасыз ету болып экономикалық ақпаратты кодтау және
біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпаратты қамтамасыз ету төмендегі
талаптарды қанағаттандыруы керек:
Есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес
келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;
Есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпарат
толық болуы керек;
Ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;
Ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;
Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық
және шығатын мәлімет), олады жүргізетін құрлдардан тұрады.
Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік –
анықтама ақпаратты және экономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін
қамтиды.

Ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Автоматтандырылған АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты
ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау – бұл АЖ-ны тұрғызу мен
жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-
ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және
элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын
анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
АЖ-ны тұрғызу – ақпараттық кезеңдерін зерттеу, жобалау шешімдері мен
жобалау құжаттарын өңдеуді, жүйе элементтерінің әрекетттеріне ену ретін
анықтауды қарастыратын күрделі де, жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуінің қызмет атқаруы
келесіден тұрады:
Есептеу құжаттары бойынша ақпарат;
Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудегі әдістемелік нұсқаулар.

Ақпараттық жүйені құруда және оның қызмет көрсетуі үшін негізгі
ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі сұрақтарды шешеді. Жүйені талдау,
қызмет көрсетуінің технологиясын өңдеу. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
ақпараттық жүйе қызмет атқаруы кезінде қызметкерлердің
Іс - әрекеттеріне қажетті төмендегі құжаттар жиынтығы болуы керек:
басқаруды ұйымдастыру құрылымы;
қызмет етуі бойынша нұсқаулар;
операторларға нұсқау;
қызметтердің орындалуы мен тәртібі;
Есеп кешенін шешуде қолданушының техникалық құрал – жабдықтарымен
есептерді шешу үрдісі кезінде ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жеткілікті
болуы шарт. Есеп кешенінің тиімді жүзеге асуы үшін ұйымдастырушылық
қамтамасыз ету келесі шарттарды қанағаттандыру керек:
объектіні автоматтандыруға және есептер кешенін қолдануға, іске қосуға,
дайындауға жауапты тұлғаны тағайындау;
нақты емес ақпараттарды ұсыну, әр түрлі жіберген қателерді, уақтылы
ұсынбаған ақпараттарға жауапты тұлғаны тағайындау;
барлық технологиялық талаптардың орындалуын қадағалау;
ақпаратты қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жобасында қарастырылған
шектеулерден шықпау;
есептер кешеніне қол жеткізуге білікті мамандар мен жеке қызметкерлерге
ғана ұсыну.
Жобалау үрдісі кезінде ұйымдастырушылы қамтамасыз ету бойынша
өңделетін қолданушыға берілетін нұсқау түсінікті, нақты орындалатын іс -
әрекеттер көрсетілуі керек.
Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте маңызды.
Яғни, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің
сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика – математикалық әдістер мен
үлгілерді, қазіргі заман есептеу техникасын, жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен
жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен оны қолданудың ұйымдастыру
құқықтық негізін қалыптастыру. Оған АЖ-нің фүнкционалдық және жабдықтау
бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау
жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен
жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары АЖ-ні тұрғызудың, жұмыс істеу
мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде – мемлекеттік басқару ұйымдары
және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты
белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді.
АЖ-ның функционалдық бөлімі – бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын
ішкі жүйелердің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі.
Функционалдық ішкі жүйе – бұл ақпараттық жүйенің қызметімен шектелген
бөлімі. Басқарудың негізгі қызметтері – болжау, жоспарлау, жедел басқару,
есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтер объектінің негізгі
қызметтерінің түрлерімен байланыста болады. Функционалдық бөлім құрамына
өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын
басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді.
АЖ құқықтық қамтамасыздандыру – АЖ функциялау мен құрудағы құқықтық
нормалар жиынтығы. АЖ өңдеу деңгейіндегі құқықтық қамтамасыздандыру жүйе
өндіруші мен тұтынушы арасында келісіммен, жүйе өндірудегі үрдісті
реттеумен, әртүрлі ресурстарды үрдіспен қамтамасыз етумен байланысты
нормативтік актілерден тұрады. Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ әрекетін
регламенттейтін, салық төлеуші реестрлерін құрудағы базаның нормативтік
түсініктер, жаңа ақпараттық технология енгізуге қажетті әдістемелік
құжаттар жиынтығынан тұрады.
Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ-ні құру мен жоюды заңды көрсету үшін
арналған.

Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

Техникалық қамтамасыз ету – АЖ функционалдылығы үшін қолданудағы
техникалық құралдар кешені.
Басқарудағы ақпараттық үрдісі жеке операциялармен орындау, оның
шешімдерінен тұрғызылады.Барлық операция үш саты бойынша топталады:
ақпаратты алу, түрлендіру және тұтыну. Бірінші саты экономикалық объект
шартындағы үрдісінде пайда болатын алғашқы ақпаратты жинау мен тіркеу
тобынан тұрады. Қайта өңделген ақпарат тобы уақыт пен кеңістіктегі мәнін,
формасын, құрылымын, өзгеру операциясын орындайды. Үшінші саты басқару
шешімдерін қабылдау үшін қолданатын ақпаратты біріктіруге арналған
операциялар тобы.
Ақпаратты басқару үрдісінің негізгі сатыларына сәйкес келесі
техникалық құралдар қолданылады: ақпаратты жинау мен тіркеу, ақпаратты
жіберу; машиналық тасығыштарды дайындау, ақпаратты өңдеу техникасын
ұйымдастыру. Ақпаратты жіберу құралдары кеңістіктегі мәліметті өңдеу ортасы
мен оны қолданатын жерге өткізуде қолдану. Техникалық құралдар жиынтығы кез-
келген объектінің, өңделетін ақпараттың көлемі мен спецификасына тәуелді.
Техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Ақпараттық жүйенің, есептердің өнімділігін, берілген есепті автоматты түрде
дұрыс есептелуін қамтамасыз етуін орындау қажет;
Жаңа ақпараттандыру объектілерін ЭЕМ және автоматтандырылған жұмыс
орындарын енгізу жүйе конфигурациясына өзгерістерді енгізу мүмкіндігінің
болуы;
Ақпараттық диалогты режимде өңделуін қамтамасыз ету;
Есептеуіш техника құралдарының құрамына бір типтегі, сериялы шығарылатын
құралдар болуы керек.

Қазіргі АЖ-сіне келесі техникалық құралдар кешені кіреді:
есептеу техникасының құралдары;
телекоммуникация мен байланыс құралдары;
ЛВС жабдықтау құралдары;
әртүрлі банк қызметін автоматтандыратын бұйымдар: автомат-кассир, сауда
жүйесінің терминалдары, пластикалық карточкалар;
ақшамен жұмысын автоматтандыратын құралдар.
Әртүрлі деңгейде құрылған АЖ мүмкіншілігі техникалық құралдар
құрамынан, оның архитектурасы мен функционалды мінездемесіне тәуелді.
Сондықтан АЖ жобалау сатысында техникалық құралдарды белгілі бір
параметлерде сақтау,ақпаратты өңдеу мен жіберу, функционалды құралдар,
интерфейс жиыны сияқты талаптары нысандалады.
Техникалық және программалық құралдардың құрамы келесі міндеттерді
атқаруы тиіс: еркін түрде мәліметтерге қол жеткізуді қалыптастыру, өңдеу
үрдісін максималды түрде автоматтандыру, техникалық құралдар кешенінің
істен шығып қалғанда ақпараттарды қайта қалпына келтіру және және сақтауды
қамтамасыз ету, сонымен қатар өңделетін ақпараттардың құпиялылығын сақтау
керек.
Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқаруда ақпарат жинау, өңдеу үшін
техникалық құралдар кешені келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
монитор SVGA, тышқан, стандартты 107 пернелер тақтасы;
процессор жиілігі 100МГЦ кем болмауы тиіс;
жедел сақтау 32 MBt және жоғары;
винчестер 600 MBt және жоғары;
UPS;
Дисплейдің экраны 800*600 нүктеден жоғары болуы тиіс;
Windows 9x және жоғары операционды жүйе;
Принтер.
Техникалық құралдар кешені ақпараттың ауысуының негізгі шарттарына
толығымен сай болуы керек және де жүйе астарынан қызмет ету үрдісі кезінде
құрал-жабдықтар кешені максималды түрде тиімді болуы қажет.

Математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

Математикалық қамтамасыздандыру – АЖ есептерін шешудегі, АЖ өңдеудегі
математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер жиыны.
Математикалық қамтамасыздандыруға келесілер жатады:
1) өңделген ақпарат пен жиналған алгоритм, өңделген әдіс,
2) сортталған мәліметтер, ізделген алгоритмдер.
Математикалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру
керек:
Ақпаратты жинау және өңдеу алгоритмін, сонымен қатар ЭЕМ мәліметтерді
енгізу дұрыстылығын бақылау;
Мәліметтерді іздеу, іріктеуі құжаттарды принтерге басып шығару
алгоритмдерін құрастыру;
Қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың
мүмкіндіктерін ескеру керек;
Алгоритмнің кез-келген формасы қолданылады: формулалық, таблицалық, блок-
схема, жазбалық.
Математикалық қамтамасыздандыру алгоритмдері келесі жалпы талаптарға
жауап беруі тиіс:
Қарапайым блоктарды декомпозициялау;
Қолданбалы программалық пакеттеріне және программалау тілдеріне
қолданылатын стандарттарды іздеу және есептеу процедураларын максималды
түрде пайдалану;
Программалардың орындалуын және есептің қызмет көрсету байланысын бақылау.

Программалық қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару»
АТФ банк» мысалында банк клиенттеріне несие берудің акпараттык жуйесін тұрғызу
Несиелік операцияларды басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
RAD әдіснамасы
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Банк үшін программалық жабдықты жобалау
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары
Банктік тәуекелдердің экономикалық мазмұны
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу
Пәндер