Қазақ және түрік тілдеріндегі астрономиялық атаулардың лексикографиялық деректердегі көрінісі мен семантикасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ АСТРОНОМИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДЕГІ КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

1.1 Қазақ тіліндегі астрономиялық атаулар: түсініктемелер мен
этимологиялық этюдтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.2 Түрік тіліндегі астрономиялық атаулардың түсіндірме
сөздіктердегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

1.3 Қазақ және түрік тілдеріндегі кірме космонимдік атаулар ... ... ... ... 29

ІІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ АСТРОНОМИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

2.1 Түркі тілдеріндегі космонимдердің когнитивтік.танымдық
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

2.2 Түркі тілдеріне ортақ астрономиялық атаулар ... ... ... ... ... ... ... .45

2.3 Космонимдердің тілдік бірліктердегі көрінісі (мақал.мәтелдер
мен фразеологизмдер) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
«Әр елдің ұлттық аспабының құлақ бұрауы бар, ол өзгерсе, шығарманың мәні өзгеріп, көркемдік құны түседі», – деп Әл-Фарабидің музыка жанрына қатысты айтқан ойы біздің зерттеу нысанымыз қазақ және түрік тілдеріндегі астрономиялық атаулардың танымдық құндылығына да қатысты. Себебі, дүниедегі заттар мен құбылыстардың жер шарын мекендейтін адамдарға ортақ болуымен қатар, әр халық сол заттар мен құбылыстарды өз мәдениетіне, танымына, болмысына қарай атау береді. Көзделетін нысан адамның қабылдау ерекшелігінен және ұлттық-мәдени, физика-әлеуметтік, астрономиялық тәжірибесінен бастау алады. Берілген атаудан әр халықтың дүниетанымын, ақыл-ой деңгейін, таным-түйсігін, мәдениетін, тілдік ерекшелігін саралауға, салмақтауға болады. Әр ұлттың тәжірибесі мен білімі, сыртқы дүниемен байланысы, көрген-білгені мен көңілге түйгені бірдей емес. Адамзат көне замандардан-ақ өзін қоршаған ортаның құпияларын тануға ұмтылған. Әсіресе адам баласын көгілдір аспан, ондағы жұлдыздардың сырлы да, жұмбақ әлемі ерекше қызықтырды. Бұл қызығушылық қазіргі дамыған және техника өркендеген заманда да өрши түспесе, кеміген жоқ. Оған басты себеп – «Болмыста екі ғаламат нәрсе бар: бірі – жұлдызды аспан, екіншісі – әрбір адамның ішкі дүниесі» деп неміс ойшылы И. Кант айтқандай, сырлы аспанның құпиясы таусылмақ емес. Керісінше ғылым дамыған сайын жұлдызды аспан жаңа тылсым жұмбақтарын алға тосуда.
Ата-бабаларымыз көне дәуірлерде жұлдызды аспанның құпиясын өздерінше танып, ондағы аспан шырақтарына ат беріп, айдар таққан. Аспан шырақтары туралы әртүрлі ертегілер, аңыз, мифтер шығарған. Кейіннен аспан әлеміндегі жұлдыздардың қозғалыстары мен сипаттары туралы құнды ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Атап айтқанда, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан орта ғасырлардағы ұлы бабаларымыз Ғаббас Жауһари, Әбунасыр Әл-Фараби, Әбу Райхан Әл-Бируни, Тарағай Ұлықбек және т.б. еңбектерінен аспан атаулары туралы терең ғылыми тұжырымдарды кездестіреміз. Олардың ішінен Отырардан шыққан ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби «Ғылымдарды топтастыру» деген еңбегінің бір бөлімін «Жұлдыздар туралы ғылым» деп атап, онда жұлдыздар туралы түсініктер мен таза ғылыми мағлұматтарды баяндайды [1, 154-156].
Түркі халықтарындағы космонимдер мен олар жайындағы мәліметтерді көне жазба ескерткіштерден кездестіре аламыз. Мысалы, Махмұт Қашқаридің атақты сөздігінде Ерентүз (Мизан), Бақыр соқұм (Марс), Үлкар, Қарақұш (Юпитер), Темур қозуқ сияқты аспан шырақтарының атаулары аталған.
Кітаптар мен монографиялар:

1. Аль-Фараби. Философские трактаты. – Алма-ата: Наука, 1970. – 270 с.
2. Әбішев Х. Аспан сыры /екінші басылуы/.–Алматы:Қазақстан,1966.-260 б.
3. ҚТТС І-Х – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Ред.Б.Қалиев. Ж-К. Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1974-1986.
4. ҚСЭ І-ХІІ – Қазақ Совет Энциклопедиясы. І-ХІІ т. – Алматы: Ғылым, 1966.-78.
5. Потанин Г. Н. Сага о Соломоне: Восточные материалы к вопросу о происхождении саги. – Томск, 1912.-160с.
6. Жанұзақов Т. Д. Космонимдердің лексика-семантикалық ерекшеліктер// ҚазССРҒА хабаршысы. 1978, №6. 51-62 б.
7. Кайдаров А. Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. – Алма-ата: Наука, 1986. -328с.
8. Севоротян Э. В. Этимологический словарь тюркских языков.–М.:Наука, 1974, 1978. Вып.I.-767с.; Вып.II.-349с.
9. Щербак А. М. Сравнительная фонетика тюркских языков.–Л., Наука, 1970. –204с.
10. Егоров В. Г. Этимологический словарь чувашского языка.-Чебоксары, 1964.-430с.
11. Рясянен М. Материалы по исторической фонетике тюркских языков / Перев.с нем. А. А. Юлдашева. Ред.пред. и прим. Н. А. Баскакова/ - М.: Издательство иностр. лит-ры., 1955. –222 с.
12. Рамстедт Г. Н. Введение в алтайское языкознание: Мифология/ Под ред. И с пред. Н.А. Баскакова/. – М., 1954. –234с.\
13. Немет Ю. Названия созвездий Плеяд в тюркских языках//Вопросы тюркологии.-Баку: ЭЛМ, 1971.с. 18-26.
14. Эргис Г. У. Очерки по якутскому фольклору.-М.,1974.-404с.
15. Никонов В. А. Материалы по космонимии Средней Азии// Ономастика Сред. Азии.–Фрунзе, 1980. С.290-306.
16. Потанин Г. Н. Очерки северо-западной Монголии. СПб.,1881,вып.2. – 187.
17. Исқақов М.Ө. Халық календары: / Өңд. Және толықт. 2-ші бас/. – Алматы: Қазақстан, 1980.
18. ЭСТЯ 1989 – Этимологический словарь тюркских языков /Общетюркские и межтюркские основы на буквы «Ж», «И» /М.: Наука, 1989. -293с.
19. Рустемов Л. З. Казахско-русский толковый словарь арабско-иранских заимствованных слов. –Алма-ата, 1989.- 320с.
20. Карпенко Ю.А. Названия звездного неба. –М.: Наука, 1985.-216с.
21. ДТС – Древнетюркский словарь. – Л., 1969. -676с.
22. Материалы по этнографии киргиз Тургайской области. –Оренбург, 1898.-80с.
23. Куфтин Б. А. Календарь и первобытная астрономия киргиз-казацкого народа // Этнографическое обозрение. 1916, № 3-4, - М., 1918. С.123-155.
24. Святский Д. О. Очерки истории астрономии Древней Руси. Ч.1// Историко-астрономические исследования, вып.7.-М.,1961. С.5-98.
25. Азим-заде Э.Г. К сопоставительному анализу славянских и тюркских названий созвездий// Советское славяноведение. 1980, №1. С. 96-103.
26. Никонов В. А. Этнография и ономастика/ на материале Украины/ //Советская этнография. 1971, №5. С.13-27.
27. Рут М. Э. Материалы по русской народной астрономии// Русская ономастика и взаимодействие с апеллятивной лексикой.-Свердловск, 1976.с.33-56.
28. Никонов В. А. Космонимия Поволжья / Ономастика Поволжья, вып.3.–Уфа, 1973. С.373-381.
29. ҚТФС – Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Кеңесбаев І.К. Алматы, Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасы. Алматы, 1977.–712 б.
30. Қоңыров Т. Қазақ тілінің тұрақты теңеулері сөздігі.–Алматы: Ғылым, 1990.–320 б.
31. Афанасьев А.Н. Мифы, поверья и суеверия славян. – М., 2002. – 729 с.
32. Валиханов Ч. Ч. Избранные произведения. Алма-ата: Наука, 1986. – 414с.
33. Матеиалы по истории кочевых народов в Китае III-V вв. Вып. 1: Сюнну. –М.: Наука, 1989.-162с.
34. Васильева О. В. Временные и пространственные представления в «Книге моего деда Коркута» (Небесные тела) // Советская тюркология. -1978. №6. -69-73 с.
35. Алдар Көсе мен жылан// Әдеби нұсқалар. -Алматы: Ғылым,1992. -419 б.
36. Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности. Тексты и исследования.-М.,-Л., 1951. 380 с.
37. Радлов В. В. Опыт словаря тюркских наречий. Т.1 (в 2-х кн.). 1914с.; Т 2 (в 2-х кн.). 2230с.; -М.: Издательство восточной литературы, 1963.
38. Аронов Қ. Қазақ тіліндегі кейбір халықтық космонимдердің этнолингвистикалық табиғаты// Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының хабарлары. Тіл – әдебиет сериясы, 1992. №5.3-13б.
39. Толстой Н. И. О предмете этнолингвистики и ее роли в изучении языка и этноса// Ареальные исследования в языкознании и этнографии. Язык и этнос.–Л., 1983. С. 181-190.
40. Ураксин З. Б. Сравнительное изучение и этимологизация фразеологизмов в тюркских языках // Проблемы этимологии тюркских языков.- Алма-ата: Ғылым, 1990. С.244-249.
41. Катанов Н. Ф. О погребальных обрядах у тюркских племен с древнейших времен до наших дней// ИОАИЭ при Казан.ун-те.–Казань, 1884. Т. ХII, вып.2. с. 81-102.
42. Абишев Х. «Элементы астрономии и погода в устном народном творчестве казахов» -Алма-ата, 1949.-29 с.
43. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы: Ғылым, 1988. -205 б.
44. Алиев Ф. Ф. Очерки по лексике языка турок Казахстана.-Алма-ата:Наука, 1978.-100 с.
45. Аронов Қ. Термин сөздердің қалыптасуы мен қазіргі жайы.// Қазақстан мектебі. 1991, №2. 54-55 б.
46. Astronotlarin gözüyle Uzaydan Türkiye. Üstün Aydıngöz. Istanbul, 2004 y. 227s.
47. Doğan Aksan. Her yönü ile dil ana çizgileri ile dil bilim. 1-3 cilt. Ankara, 1998.
48. Devellioğlu Ferit. Türk argosu. Ankara, 2002.
49. Gülen Soy D. Türkçe el kitabı. Ankara, 2000.
50. Koç Nürettin. Yeni Dilbilgisi. İstanbul, 1990.
51. Әбішұлы Х. Халық астрономиясы.–Алматы, 1959.-320б.
52. Бартольдт В. В. Сочинения:–М., 1966. Т.4.-496 с.
53. Башкирское народное творчество:Предания и легенды.Т.2.–Уфа,1987-76с.
54. Джанузаков Т. Д. Очерки казахской ономастики.–Алма-ата:Наука,1976. 176с.
55. Ж. Баласағұн. Құтты Білік / Көне түркі тілінен аударған А. Егеубаев/.– Алматы: Жазушы, 1986.-616 б.
56. Звегинцев В. А. Очерки по общему языкознанию.–М.: Издательство МГУ, 1962. -384с.
57. Каташ С. С. Мифы и легенды Горного Алтая.–Горно-Алтайск.: Алтайск.книжн.издательство, 1978.–112с.
58. Кононов А. Н. Способы и термины обозначения стран света у тюркских народов // Тюркологический сборник, 1974.–М., 1978. С. 72-89.
59. Лавров М. Кочевники. Жизнь Киргизской степи.–СПб,1903, М/Ф.
60. Машанов А. Аспан ертегілері// Жұлдыз.1958,№ 7.103-115б.
61. Никонов В. А. Нерешенные вопросы ономастики Поволжья // Ономастика Поволжья.–Ульяновск, 1969. С.265-274.
62. Рамстедт Г. Н. Введение в алтайское языкознание: Мифология/ Под ред. И с пред. Н.А. Баскакова/.–М., 1954.–234с.\
63. Рясянен М. Материалы по исторической фонетике тюркских языков / Перев.с нем. А. А. Юлдашева. Ред.пред. и прим. Н. А. Баскакова/-М.: Издательство иностр. лит-ры., 1955.–222 с.
64. Щербак А. М. Сравнительная фонетика тюркских языков.–Л., Наука, 1970. –204с.
65. Доспаганбетова М. К. Лексикографиялық деректердегі космонимдер (түркі тілдері бойынша). ҚР Ақтөбе, 2006.
66. Кайдаров А. Т., Жайсакова Р. Е. Принципы классификации фразеологизмов и их классификационные группы в современном казахском языке// Известия АН Каз ССР. Серия филологическая, 1979, №1. С.3-11.
67. Кеңесбаев І. «Жеті», «Үш», «Тоғыз», «Қырықпен» байланысты ұғымдар // Қаз ССР ҒА хабарлары филологиялық серия, 1946, 8» /29/. 3-14б.
68. АТОҚС 1959 – «Астрономия терминдерінің орысша-қазақша сөздігі» /құраст. Х. Әбішев/ // Орысша-қазақша терминология сөздігі. 2-т.–Алматы: Қаз ССРҒА баспасы, 1959. 289-347б.
69. ҚТДС 1969 – Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. – Алматы:Ғылым, 1968.-240б.
70. ҚТОС 1988 – Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. /өңд.толықт., 3-бас./, Алматы: Қазақстан, 1988.-400 б.
71. Altın Atasözleri ve Deyimler Sözlüğü. Altin Kitaplar Yayinevi. Istanbul,2006. Hazırlayanlar: Ülkü Kuşçu, Hüseyin Kuşçu.
72. Deyimler sözlüğü. Yrd. Doç. Dr. Ahmet Doğan.
73. Türkçe sözlük. Yeni Baskı. 2 cilt. Ankara, 1988. Türk tarih Basım Evi. Prof. Dr. Hasan Eren.

Интернет-сілтемелер:

http://www.yasarkalafat.info/index.php?ll=newsdetails&w=1&yid=162
http://www.sensizliksokagi.biz/buyuk-turk-tarihi/48496-eski-turklerde-yildizlar.html
http://www.yenidenergenekon.com/449-gok-ve-turkler-2/
http://www.google.com.tr/#hl=tr&q=gezegenler+ile+ilgili+inançlar+inanışlar&start=30&sa=N&fp=edfa780d91871367
http://www.sensizliksokagi.biz/buyuk-turk-tarihi/48499-eski-turklerde-gunes.html
http://www.haberakademi.net/haberyaz.asp?hbr=10296
http://www.yasarkalafat.info/index.php?ll=newsdetails&w=1&yid=67

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
Денотат (лат. Denotatum – таңбаланушы, белгіленуші) – тілдік бірлік арқылы
белгіленетін шындықтың көптеген объектілері. Мысалы, кітап деген сөздің
денотаты – кітап белгісіне ие кез келген зат тән. Денотат арқылы адамның
танымдық қызметінің нәтижесі белгіленеді.
Калькалау (фр. Calque – көшірме, еліктеу) – басқа тілдің сөзжасам үлгісін
пайдалану арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жасау.
Когнитивтік лингвистика (лат. сognitio – білім, түсінік, көзқарас) – тіл
біліміндегі бағыт. Тілді игеру Табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім
жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру тұрғысынан зерттеледі. Бір
жағынан, когнитивтік лингвистика бұл модельді тек бүкіл когнитивті ғылымдар
шеңберінде ғана жасай алады. Ол ғылым білімнің әр түрлі титерін, олардың
ұйымдастырылу және өзара әрекеттесу тәсілдерін зерттейді
Лексикография (грек. Lexicon – сөздік, grapho – жазамын) – сөздік жасау,
сөздік жұмысы.
Семантика (грек. Semantikos – таңбаланушы) ағыл. semantics, фр. semantique
нем. Semantik – тіл арқылы немесе оның басқа бір формалары (сөз, сөз
формасы, сөйлем, мәтін) арқылы берілетін мазмұн.
Транслитерация ( лат. trans – арқыды + littera - әрір ) – белгілі бір
алфавитпен жазылған жекелеген сөздерді немесе мәтінді екінші бір алфавиттің
әріптерімен таңбалау. Мыс., ағылшын тіліндегі аналогы жоқ қазақ тілі
сөздерінің транслитерациясы: qarlygash, Almaty.
Этнолингвистика ( грек. ethnos – халық,тайпа + фр.linguistique lingua –
тіл) – тіл және мәдениет арақатынасын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.
Этностың материалдық және рухани мәдениетін, оның менталитетін, тарихы мен
қазіргі қалпын бейнелейтін тілдік элементтер. Этнолингвистика объектісі
болып табылатын жеке тіл немесе тіл топтарының дамуын тілді қолданушылардың
этностың тарихымен байланыстыра зерттеу бір мәнге ие болғанымен, тіл мен
әдебиетте әрқилы көрінетін ұғымдарды зерттеу, сонымен қатар этностың
өзіндік ойлау ерекшелігінің тілдік көрінісін зерттеу этнолингвистика
міндетіне жатады.
Этимология (грек. еtymologia, etymon – сөздің нақты мағынасы + logia -
ілім) ағыл. etymology,фр. etymologil, нем. Etymologye – 1. Сөз және
морфемалардың шығу төркінін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. 2. Зерттеу
тәсілдерінің жиынтығы және сол зерттеудің өзіндік қорытындысы.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ АСТРОНОМИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ
ДЕРЕКТЕРДЕГІ КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

1.1 Қазақ тіліндегі астрономиялық атаулар: түсініктемелер мен
этимологиялық этюдтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.2 Түрік тіліндегі астрономиялық атаулардың түсіндірме
сөздіктердегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

1.3 Қазақ және түрік тілдеріндегі кірме космонимдік
атаулар ... ... ... ... 29

ІІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ АСТРОНОМИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ
СЕМАНТИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

2.1 Түркі тілдеріндегі космонимдердің когнитивтік-танымдық
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

2.2 Түркі тілдеріне ортақ астрономиялық
атаулар ... ... ... ... ... ... ... .45

2.3 Космонимдердің тілдік бірліктердегі көрінісі (мақал-мәтелдер
мен фразеологизмдер) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70

КІРІСПЕ
   
  Әр елдің ұлттық аспабының құлақ бұрауы бар, ол өзгерсе, шығарманың
мәні өзгеріп, көркемдік құны түседі, – деп Әл-Фарабидің музыка жанрына
қатысты айтқан ойы біздің зерттеу нысанымыз қазақ және түрік
тілдеріндегі астрономиялық атаулардың танымдық құндылығына да қатысты.
Себебі, дүниедегі заттар мен құбылыстардың жер шарын мекендейтін адамдарға
ортақ болуымен қатар, әр халық сол заттар мен құбылыстарды өз мәдениетіне,
танымына, болмысына қарай атау береді. Көзделетін нысан адамның қабылдау
ерекшелігінен және ұлттық-мәдени, физика-әлеуметтік, астрономиялық
тәжірибесінен бастау алады. Берілген атаудан әр халықтың дүниетанымын, ақыл-
ой деңгейін, таным-түйсігін, мәдениетін, тілдік ерекшелігін саралауға,
салмақтауға болады. Әр ұлттың тәжірибесі мен білімі, сыртқы дүниемен
байланысы, көрген-білгені мен көңілге түйгені бірдей емес. Адамзат көне
замандардан-ақ өзін қоршаған ортаның құпияларын тануға ұмтылған.
Әсіресе адам баласын көгілдір аспан, ондағы жұлдыздардың сырлы да,
жұмбақ әлемі ерекше қызықтырды. Бұл қызығушылық қазіргі дамыған және
техника өркендеген заманда да өрши түспесе, кеміген жоқ. Оған
басты себеп – Болмыста екі ғаламат нәрсе бар: бірі – жұлдызды аспан,
екіншісі – әрбір адамның ішкі дүниесі деп неміс ойшылы И. Кант
айтқандай, сырлы аспанның құпиясы таусылмақ емес. Керісінше ғылым
дамыған сайын жұлдызды аспан жаңа тылсым жұмбақтарын алға тосуда.
Ата-бабаларымыз көне дәуірлерде жұлдызды аспанның құпиясын
өздерінше танып, ондағы аспан шырақтарына ат беріп, айдар таққан.
Аспан шырақтары туралы әртүрлі ертегілер, аңыз, мифтер шығарған.
Кейіннен аспан әлеміндегі жұлдыздардың қозғалыстары мен сипаттары
туралы құнды ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Атап айтқанда, Орта
Азия мен Қазақстаннан шыққан орта ғасырлардағы ұлы бабаларымыз
Ғаббас Жауһари, Әбунасыр Әл-Фараби, Әбу Райхан Әл-Бируни, Тарағай
Ұлықбек және т.б. еңбектерінен аспан атаулары туралы терең ғылыми
тұжырымдарды кездестіреміз. Олардың ішінен Отырардан шыққан ұлы ойшыл
Әбу Насыр Әл-Фараби Ғылымдарды топтастыру деген еңбегінің бір
бөлімін Жұлдыздар туралы ғылым деп атап, онда жұлдыздар туралы
түсініктер мен таза ғылыми мағлұматтарды баяндайды [1, 154-156].
Түркі халықтарындағы космонимдер мен олар жайындағы
мәліметтерді көне жазба ескерткіштерден кездестіре аламыз. Мысалы,
Махмұт Қашқаридің атақты сөздігінде Ерентүз (Мизан), Бақыр соқұм
(Марс), Үлкар, Қарақұш (Юпитер), Темур қозуқ сияқты аспан шырақтарының
атаулары аталған.
Қазақ халқындағы астрономиялық атаулары мен олар жайлы
космогониялық ұғым түсініктерді Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин, Ә. Диваев,
Б.А. Куфтин және т.б. еңбектерінен кездестіре аламыз. Ұлы Отан
соғысынан кейінгі жылдары Х. Әбішев, Ә. Машанов, М. Исқақов тәрізді
зерттеушілер қазақтың халық астрономиясы туралы еңбектер мен
мақалалар жариялады. Аталған зерттеушілер арасынан Х. Әбішевтің халық
астрономиясын зерттеу барысында жарық көрген еңбектерін атап өтсек
дұрыс болар. Еңбектері – Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі ауа райы
мен астрономия хақындағы деректер (1949 ж.), Халық астрономиясы
(1959 ж.), Аспан сыры (1962 ж., 1966 ж.). Сонымен қатар, ол алғашқы
болып орысша-қазақша астрономия терминдерінің сөздігін құрастырды.
Түркия ғалымдары да астрономияға қызыққан және көңіл бөлген.
Атап айтқанда, Абд аль-Вахид, Аббас Васим Эфенди, Михалиджи, Анаксагор,
Лютфи Такади және т.б. астрономдар түрік астрономиясының дамуына
үлес қосқан. Олардың ішінде Абд аль-Вахидтың еңбектеріне ерекше
тоқталып кетуді ұйғардық. Абд аль Вахид жазған еңбектері:
Sharḥal‐Mulakhkhaṣ fī al‐hay'a — Джагманидың жазған атақты астрономия
кітабына комментарий;Sharḥ Sі faṣl — Ат-Тусидың практикалық астрономия
еңбектеріне комментарий.
Сонымен кез келген халықтың дүниесін бейнелейтін астрономиялық
атаулардың тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрде жаңа
бағыттағы зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл
ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Осымен байланысты тіл
білімінің тылсым құпиясы басқа да ғылым салаларымен анторпология,
психология, философия, логика, мифология, этнография т.б. тығыз қарым-
қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отырады. Өйткені ұлттық
мәдениет, болмыс пен дін сияқты заңдылықтары негізінде ғана зерттеу
жеткіліксіз. Бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді
халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой-танымымен бірлікте қарау мәселесі
тіл білімінде өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика,
лингвистикалық мәдениеттану, лингвистикалық елтану ғылымдарының пайда
болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз байланыста болуы тілдің
құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды
мақсат етеді.
Зерттеудің өзектілігі. Жұмыс – тек қазақ және түрік тіл білімінде
ғана емес, түркітанудағы космонимдер мәселесіне арналған. Екі
тілдегі халықтық космонимдерді зерттеу тарихи лексикология үшін
маңызды нәтижелер береді. Өйткені басқа сөздер сияқты астрономиялық
атаулар да аз ғана уақыттың, бір кезеңнің жемісі емес.
Космонимдердің пайда болуының, қалыптасуының және дамуының сан
ғасырлық тарихы бар.
Қазақ және түрік, жалпы түркі халықтарының өмірінде аспан
шырақтары ерекше міндеттер атқарған. Ата-бабаларымыз аспан шырақтарына
тек ат беріп ғана қоймаған, сонымен қатар оларды тұрмыс-тіршіліктің
қажетіне жарата білген, яғни солардағы құбылыстарды өздерінше тани
отырып, алдағы күндердің ауа райын болжады, жер тараптарын ажыратып,
уақытты белгіледі. Ал тым көне замандарда бабаларымыз кейбір аспан
шырақтарын Құдай ретінде танып, оларға табынды. Аспан шырақтары
туралы мұндай танымдар қазақ және түрік тілдерінде сөздер,
фразеологизмдер, мақал-мәтелдер түрінде көрініс тапқан. Сондықтан екі
тілдегі космонимдерді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу нәтижесінде
тек бұлардың сөз байлығындағы мөлшерін, орнын анықтап ғана
қоймаймыз, сонымен бірге соларды жасаушы, қолданушы халықтардың
дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, т.б. байланысты
құнды мәліметтер мен деректерді де аламыз. Өйткені екі тілдегі басқа
сөздер тәрізді космонимдер мен оларға байланысты сөздер де қазақ
және түрік, жалпы түркі халықтарына тән болмысты бойына сіңірген.
Зерттеудің мақсаты. Қазақ және түрік тілдеріндегі космонимдерді
этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыра отырып, олардың тілдегі
қалыптасуы мен дамуының тілдік және экстралингвистикалық факторларын
анықтауды көздейміз.
Жұмыста мақсатқа сай мынадай зерттеу міндеттері қойылды:
❖ Қазақ тіліндегі космонимдерді барлық тілдік деректерден жинап,
оларға түсініктемелер мен этиомлогиялық талдаулар жасау;
❖ Түркі тілдері бойынша жазылған лексикографиялық деректердегі
космонимдердің когнитивтік-танымдық бейнесін анықтау;
❖ Түрік тіліндегі түсіндірме сөздіктерде берілген космонимдердің
мағыналық, танымдық сипатын ашу;
❖ Сөздіктердегі космонимдердің берілуі мен олардың күнделікті
қарым-қатынас тіліндегі қолданыс ерекшеліктерін зерделеу.
Зерттеу нысаны ретінде түркі тілдері материалдарындағы ұлттық
мәдени ерекшеліктерді сақтаған космонимдер.
Зерттеу пәні. Түрік және қазақ тілдеріндегі космонимдерге
байланысты туындаған тілдік бірліктер.
Жұмыстың зерттеу әдісі. Зерттеу әдістері жұмыстың алдына қойған
мақсаттары мен міндеттеріне байланысты айқындалды. Зерттеу барысында
сипаттама-синхрондық, салыстырмалы-тарихи-диахрондық, лексика-семантикалық,
құрылымдық-грамматикалық, анализдік, когнитивтік әдістер негізге алынды.

Жұмыстың әдістанымдық негізі. Дипломға қажетті материалдар қазақ,
түрік және басқа түркі тілдеріндегі түсіндірме, диалектологиялық,
фразеологиялық, этимологиялық, т.б. сөздіктерден алынды. Космонимдерді
диахроникалық тұрғыдан қарастыруда М. Қашқари, Ж. Баласағұни, В. В.
Радлов, Л. Будагов және т.б. еңбектеріндегі тілдік бірліктер
пайдаланылды. Сонымен қатар І.К. Кеңесбаев, Б. Қалиев, Малов, Сүлейменова,
А. Доған, Ү. Айдынгөз, Ү. Кушчу мен Х. Кушчу, Ш.Уалиханов, Г. Н. Потанин,
Д.О. Святский, Э. Диваев, Б. А. Куфтин, Х. Әбішев, А. Машанов, М. Исқақов
және т.б. жұмыстарындағы астрономиялық атаулары мен оларға қатысты
мәліметтер дипломдық жұмыста кәдеге асырылды.
Зерттеудің материалдары мен дереккөздері. Жұмыста түркі тілдеріне
қатысты салыстырмалы-тарихи тұрғыда жазылған кешенді ғылыми
еңбектерден, көне түркі, орта ғасыр жазба мұраларының қайнар
көздеріндегі қазіргі түркі тілдеріне ортақ космонимдерге қатысты
материалдар сұрыпталып пайдаланылды. Атап айтсақ, С. Аманжоловтың
Диалектологиялық сөздігі; Л. З. Будаговтың Сравнительный словарь,
Древнетюркский словарь, Қысқаша этимологиялық сөздік; В.В. Радловтың
Опыт тюркских наречий , Б. Қалиевтың Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі, І.К. Кеңесбаевтың Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі,
Этимологический словарь тюркских языков Общетюркские и межтюркские основы
на буквы Ж, И , Ахмет Доғанның Deyimler sözlüğü, Үстүн Айдынгөздің
Astronotlarin gözüyle Uzaydan Türkiye, Хасан Ереннің Türkçe sözlük,
Үлкү Кушчу мен Хүсейін Кушчуның Altın Atasözleri ve Deyimler Sözlüğü және
т.б. еңбектерімен ірілі-ұсақты сөздіктер мен сөздікшелер,
анықтағыштар қазақ және түрік тілдерінің лексикасының қорын молайта
түсті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеуде жасалған этнолингвистикалық,
семантикалық, когнитивтік, құрылымдық, этимологиялық және тарихи-
салыстырмалы талдаулардың нәтижесінде қазақ және түрік, басқа түркі
тілдеріндегі астрономиялық атаулардың сөз байлығындағы орны
анықталды. Космонимдерді теориялық әрі практикалық тұрғыдан қарастыру
арқылы оларды тілдік тұрғыдан қолданылуы зерттеу тақырыбының
жаңалығы болып табылады.
Жұмыстың теориялық маңызы. Тіл білімінің антропология, психология,
философия, логика, мифология, этнография, т.б. салаларымен тығыз қарым-
қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отырған қазақ, түрік, басқа
түркі тілдеріндегі космонимдердің түрлі аспектіде қарастыру жаңаша
көзқарастың дәлелі. Себебі біз қарастырған сөздіктерде космонимдік
атаулар молынан кездеседі және ол сол дәуірдегі халықтың
дүниетанымынан мол хабардар береді.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелерін жоғары оқу
орындарында тіл білімінің тарихи лексикология, семасиология, тарихи
грамматика, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика салалары бойынша
жүргізілетін дәрістерде, курстарда, сондай-ақ практикалық сабақтарда
кеңінен пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
❖ Космонимдік атаулардың ХІХ ғасырдағы аударма сөздіктердегі
сипатталуы мен берілу жүйесі әдеби қалыптасқан нормаға сәйкес
келеді. Бұл атаулардың көне заманнан қалыптасқаны, олардың барлық
кездерде де белсенді жұмсалып, халық санасында бейнеленген
жинақтық келбетінің болғаны айқын. Сөздіктерде берілген сөздердің
қай мағынасын алсақ та, ол тілдік нормадан алшақ кетпейді.
❖ Сөздіктердегі космонимдердің лексикалық мағынасына дәл ғылыми
анықтама беру оңай емес. Әсіресе, сигнификаттық мағыналы сөздерге
нақты анықтама не түсініктеме беру өте қиын. Бұл үшін сөздік
жасаушы ғалымдар сөздің шығу тегіне назар аударып, халықтық
түсінікке иек артып, тарихи принципке жүгініп отырған.
❖ Көптеген атаулардың қазіргі тіліміздегі мағынасы мен мәнін
анықтауда ертеде жазылған түсіндірме, аударма, салыстырмалы
сөздіктердің тигізер пайдасы мол.
❖ Лексикографиялық деректердегі астрономиялық атаулардың күнделікті
қарым-қатынас тілде және тілдік бірліктердегі көріністері қазақ және
түрік тілдерінің сөздік қорларының қаншалықты лексемаларға бай
екендігін көрсетеді.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшадан тұрады.

І ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ АСТРОНОМИЯЛЫҚ
АТАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДЕГІ КӨРІНІСІ

1. Қазақ тіліндегі астрономиялық атаулар: түсініктемелер мен
этимологиялық этюдтер.

Қазақ тілі түркі тілдерінің бірі болғандықтан осы тілдерге тән
ортақ ерекшеліктерді сақтап отыр, әлі де сақтай бермекші. Дегенмен
әрбір тілдің дамуының ішкі, сыртқы заңдылықтарына байланысты туыс
тілдер бір-бірінен ерекшеленіп отырады. Әсіресе белгілі бір тілдің
өзіндік ерекшелігі оның сөз байлығынан, яғни лексикасынан анық
көрінеді. Себебі лексика тілдің басқа салаларына қарағанда әлде
қайда тез дамиды. Сондықтан бір тілде бар сөздердің онымен туыстас
тілдерде ұшырасуы заңды құбылыс. Мұны қазақ тіліндегі кейбір
халықтық космонимдер мысалынан көруімізге болады. Тіліміздегі
космонимдерді басқа туыс түркі тілдерінен кездестірмейміз. Ал
кездестірсек мұндай космонимдер тек бір-екі түркі тілдерінен
ұшыратуымыз мүмкін. Мысалы, Ақбозат, Көкбозат космонимдерінің татар,
башқұрт тілдерінде болуы.
Сонымен қазақ тіліне тән космонимдер деп мыналарды айтамыз:
Жалғызқазық, Ақбозат, Көкбозат, Күзетші, Ағласон, Қыз, Үркердің қызы,
Үлпілдек, Көгалдай мергеннің көк шақпағы, Мылтықтың оғы, Оқ, Қойшының
қоңыр жұлдызы, Арқан жұлдызы, Босаға, Төрт босаға, Екі босаға,
Үшмерген, Үшқарақшы, Үшарқар, Мылтықтың түтіні, Түтін, Шідер жұлдызы,
Шідердің өресі, Шідердің оқтығы, Шідердің желісі, Қырыққарақшы,
Жетіқарақшы, Жетіұры, Жетіқұрт, Алтықарақшы, Жетіқарақшының құйрығы,
Жетіқарақшының бақырашы, Жетіқарақшының шөміші, Қарақұрт, Өрмекші
жұлдыз, Қамбар жұлдызы, Қамбардың екі мұрты, Қамбардың ауыз омыртқасы,
Қамбардың өті, Қамбардың құйрығы, Қос жұлдыз, Үркердің қос жұлдызы,
Үркердің оғы, Үркердің екі босағасы, Тұлқатын, Іңір жұлдызы, Керуен
жұлдызы, Ақ жұлдыз, Есекқырған, Сары жұлдыз, Шабансары, Қызыл жұлдыз,
Шағырма жұлдыз, Қоңырқай жұлдыз, Үшарқардың ұрғашысы, Мерген, Мылтық,
Мергеннің аты, Сұлусары, Қырлыжігіт, Жігіт, Қыранқарақшы, Сабақты жұлдыз,
Сұрқия жұлдыз, Тырнажолы т.б.
Бұлардың қатарына түркі тілдеріне ортақ немесе кірме сөздер
болғанымен тек қазақ тілінде ғана қолданылып, белгілі бір аспан
шырағының атауы болып табылатын мына космонимдерді де қосуымызға
болады: Ақсүмбіле, Сарысүмбіле, Кішісүмбіле, Текесүмбіле, Үлкентаразы,
Кішітаразы, Мұсылмантаразы, Шайтантаразы, Саттары сегіз, Нарық жұлдызы,
Үшарқар-таразы т.б. Қазақ тіліндегі астрономиялық атаулар Қазақ
тілінің түсіндірме сөздіктеріне сүйене отырып, түсініктемелер беріп
кетсек дейміз:
Темірқазық – ғылымда Кіші Аюдағы α деп аталатын жұлдыз. Бұл
жұлдыз аспанның солтүстік бөлігінде, дүние полюсіне өте жақын
орналасқандықтан жай көзге қозғалмайтын сияқты болып көрінеді.
Жұлдыздың бұл ерекшелігі Темірқазық деп аталуына негіз болса керек.
Шындығында, Темірқазық жұлдызы да басқа аспан шырақтары тәрізді
дүние кіндігін айналады, бірақ ол дүние кіндігіне өте жақын
орналасқандықтан бізге оның қозғалысы байқала бермейді. Темірқазық
жұлдызы бұлтсыз, түнгі аспаннан үнемі көрінетін, батпайтын
жұлдыздардың қатарына жатады. Сондықтан бұл жұлдыз жұрттың бәріне
танымал. Қазақ және түрік халықтары арасында аталмыш жұлдыздың өзі
де, оның атауы, яғни Темірқазық космонимі де кеңінен мәлім. Дегенмен
қазақ ішінде жалпыхалықтық Темірқазық космонимімен қатар бұл
жұлдыздың жергілікті Алтынқазық, Жалғызқазық деген варианттары болса,
түрік тілінде Кутуп йылдызы деген нұсқасы да бар.
Ақбозат – Кіші Аю шоқжұлдызындағы үш жарық жұлдыздың бірі.
Астрономия ғылымында бұл жұлдызыды γ деп атайды. Ақбозат жұлдызы
туралы энциклопедияда мынадай мәлімет берілген: ... Ақбозат –
көмескілеу үш жұлдыз арқылы Темірқазыққа жалғанып жатқан ақшылдау
жұлдыз. Ақбозат аталуына жұлдыз түсінің ақшылдығы, әрі Темірқазыққа
арқандалғандай айнала қозғалуы себеп болған.... Ақбозат космонимінің
пайда болуына басты экстралингвистикалық әсердің бірі – Темірқазық
пен Жетіқарақшы жұлдыздарына қатысты түркі халықтары арасына
тараған космогониялық миф болып есептеледі.
Көкбозат – бұл да Кіші Аю шоқжұлдызындағы жарық жұлдыздың бірі.
Ғылымда Көкбозат жұлдызын Кіші Аюдағы β немесе Кохаб жұлдызы деп
атайды. Бұл жұлдыздың да Көкбозат аталуына осы аспан шырағының жай
көзге көкшіл болып көрінуі негіз болған. Көкбозат жұлдызы Ақбозат
жұлдызы сияқты Темірқазықты айналады.
Күзетші – Айдаһар шоқжұлдызындағы α деп аталатын жұлдыздың
халықтық атауы. Бұл жұлдыз Темірқазық пен Жетіқарақшыға байланысты
космогониялық мифте Ақбозат пен Көкбозатты қарақшылардан қорғаушы деп
айтылады. Сондықтан жұлдызды Күзетші деп атаған.
Ағласон – астрономия ғылымында Лира шоқжұлдызындағы α немесе
Вега деп аталатын, аспанның солтүстік жарты шарындағы ең жарық
жұлдыздың халықтық атауы. Бұл жұлдыз түнгі аспаннан көктем, жаз, күз
айларында көрінеді.
Айдасон – Жетекші жұлдызындағы α деп аталатын осы шоқжұлдыздағы
ең жарық жұлдыз. Бұл жұлдыздың Капелла деген нақты ғылыми
космонимі де бар. Қазақ арасында Айдасон жұлдызын кейде Қырлыжігіт
деп те атайды. Сонымен қатар осы жұлдыз Босаға топ жұлдызының бір
жұлдызы ретінде де аталады.
Қазақ түсінігінде Ағласон мен Айдасон – Темірқазыққа байлаулы
Ақбозат пен Көкбозаттардың иелері, батырлар.
Қыз – ғылымда Алькор деп аталатын жұлдыздың халықтық атауы. Қыз
жұлдызы Жетіқарақшы шоқжұлдызындағы Қыранқарақшы (Мицар) жұлдызының
қасынан көмескілеу көрініп тұрады. Қыз жұлдызын қазақтар көбінесе
Жетіқарақшы ұрлаған Үркердің қызы деп атайды. Сонымен қатар, Г. Н.
Потанинның жазуынша, қазақтар Қыз жұлдызын ертеректе Үлпілдек деп те
нақты космониммен атаған.
Жігіт – Жетіқарақшы шоқжұлдызындағы ξ немесе Мицар деп аталатын
жұлдыздың халықтық атауы. Жігіт жұлдызы – Жетіқарақшы шоқжұлдызындағы
жай көзге көрінетін жеті жұлдыздың бірі, яғни осы шоқжұлдыздың
құйрығындағы екінші жарық жұлдыз. Халық түсінігінде Жігіт жұлдызы –
Жетіқарақшының бастаушысы. Сондықтан Г. Н. Потаниннің мәліметі бойынша,
бұл жұлдызды Қыранқарақшы деп те атаған. Қазақ ұғымында Жігіт
немесе Қыранқарақшы жұлдызы ұрланған Үркердің қызын атының алдына
мінгестіріп алған.
Сұлусары – Торпақ жұлдызындағы ең жарық жұлдыздың халықтық атауы.
Сұлусары жұлдызын астрономия ғылымында Альдебаран деп атайды.
Жұлдыздың бұл ғылыми термині арабтың Әд-дабаран деген жарқырауық
мәнін білдіретін сөзінен алынған, яғни арабтар аталмыш жұлдызды
осылайша атаған. Қазақтар да жұлдызды Сұлусары деген космониммен
атауда оның ерекше жарқырап көрінуі мен түсінің сарғыш болуын
ескерсе керек.
Сүмбіле – Үлкен Арлан шоқжұлдызындағы α немесе Сириус деп
аталатын жұлдыздың халықтық атауы. Сүмбіле – аспанның оңтүстік жарты
шарындағы ең жарық жұлдыз. Сүмбіле жұлдызын қазақ кейде Ақсүмбіле,
Үлкенсүмбіле, текесүмбіле деп те атаған. Сүмбіле жұлдызының мұндай
космонимдермен аталуының өзіндік себептері бар. Ақсүмбіле космонимі
аталмыш жұлдыздың түсіне байланысты шықса, ал Үлкенсүмбіле де,
Текесүмбіле атауларын осы аспан шырағына ұқсас басқа жұлдыздан
айыру үшін қойған.
Кішісүмбіле – Кіші Аюдағы α, яғни Процион жұлдызы. Кішісүмбіле
жұлдызы аспанда Сүмбіле немесе Үлкенсүмбіле жұлдызына жақын
орналасқан. Кішісүмбіле жұлдызының түсі де Үлкенсүмбілеге ұқсас
жылтылдаған ақсары жұлдыз. Алайда бұл жұлдыздың көлемі Үлкенсүмбілеге
қарағанда кішілеу көрінеді. Сондықтан халқымыз осы ерекшеліктерін
ескере отырып, бұл аспан шырағын Кішісүмбіле деп атаған. Кішісүмбіле
жұлдызы да батып, туатын жұлдыздардың қатарына жатады. Кішісүмбіле де
Үлкенсүмбіле тәрізді мамыр айының алғашқы онкүндігінің соңына таман
батқанымен Үлкенсүмбіледен бұрын тамыз айының 5-10-дары шамасында
туады.
Көгалдай мергеннің көк шақпағы – Орион шоқжұлдызындағы
астрономияда Ригель деп аталатын жұлдыздың халықтық атауы. Жұлдыздың
Көгалдай мергеннің көк шақпағы деген космонимі қазақ арасына
тараған аңшылық аңызымен байланысты шыққан. Көгалдай мергеннің көк
шақпағы – жарқыраған көкшіл жұлдыз.
Оқ – Орион шоқжұлдызындағы α немесе Бетельгейзе деп аталатын
жұлдыздың халық атауы. Оқ жұлдызы атауының да Көгалдай мерген
аңшымен байланысты аңызға қатысы бар. Яғни қазақ түсінігінде
мергеннің атқан оғы арқарларға дарымай, көкте жұлдыз болып қалған.
Сондықтан аталмыш жұлдызды кейде халқымыз Мылтықтың оғы деп те
атайды.
Қойшының қоңыр жұлдызы – астрономияда Сиыршы шоқжұлдызындағы α
немесе Арктур деп аталатын жұлдыздың халықтық космонимі. Қойшының
қоңыр жұлдызы – аспанның солтүстік жарты шарындағы ең жарық
жұлдыздың бірі. Бұл халықтық атау жұлдыздың көктем, жаз айларында
іңірде тууымен байланысты шықса керек.
Жұлдыз – аспан шырақтарының жалпы атауы. Жұлдыз космонимін көне
замандарда-ақ аспан шырақтарының жалпы атауы ретінде қолданып, оларды
бір-бірінен, түр-түсіне, жарқырау күшіне, сан мөлшеріне т.б.
ерекшеліктеріне қарап ажыратып, соған орай ат берген. Мұны көне жазба
ескерткіштердегі планеталар космонимдерінен анық көруімізге болады:
Алтун йулдуз, Йығаш йулдуз, Сув йулдуз және т.б. Жұлдыз атауының
қолданылуындағы осы ерекшеліктер қазақ тіліндегі халықтық
космонимдерде толықтай сақталған. Тіліміздегі халықтық космонимдер –
Жарық жұлдыз, Шағыр жұлдыз (Шолпан), Сары жұлдыз (Юпитер), Қызыл Жұлдыз
(Марс); т.б. осының толық дәлелдері бола алады.
Ай – Күн жүйесіндегі Жер планетасының серігі. Халқымызға Күн
жүйесіндегі планеталардың серіктерінен тек Жер планетасының серігі
Ай ғана ерекше аспан шырағы ретінде белгілі.
Ақпа жұлдыз – Планеталар арасындағы кеңістіктен келген
метеорлық дененің жер атмосферасына енуінен пайда болатын құбылыс.
Қамбар жұлдызы (Арыстан) – Ел арасында Қамбар жұлдызы деп
аталатын эклиптикадағы он екі зодиак шоқжұлдызының бірі. Ай
орбитасына жуық орналасқандықтан Арыстан Аймен тоғысады.
Астероид – Күн системасындағы кішкене планета. Ленинград
геологтары Сібірдің қиыр солтүстігінде ежелгі ғаламат ойранның –
Жердің астероидпен соқтығысуының ізін тапты.
Балықтар – Он екі зодиак шоқжұлдызының бірі. Балықтар шоқжұлдызы
СССР-дің орталық ендіктерінде жазда, күзде, қыс басында көрінеді.
Бикеш – Шоқжұлдыздың бірі Бикеш шоқжұлдызында күзгі күн мен
түннің теңелу нүктесі орналасқан.
Босаға – Егіздер шоқжұлдызындағы β Поллукс, α Кастор жұлдыздары
мен жетекші шоқжұлдызындағы α Капелла, β жұлдыздарының халықтық
атауы. Бұл топ жұлдыз төрт жарық жұлдыздан тұратын болғандықтан
кейде төрт босаға деп те немесе төрт жұлдызды біріктіріп, екі
босаға деп те атаған. Осы жұлдыздардың Босаға деген космониммен
аталуына олардың аспанда есіктің босағасы сияқты болып орналасуы
негіз болған.
Бөрі – Аспанның оңтүстік бөлігіндегі шағын шоқжұлдыз. Бөрі
жұлдызы СССР-дің оңтүстік ендігінен көктемде көрінеді.
Галактика – Аспан әлеміндегі, күнді де қоса қамтитын жұлдыздар
жүйесі, системасы. Ал, галактика системасындағы жұлдыздардың саны жүз
миллиардтан асады. Ғажайып планетадағы уақиғаның ұзын-ырғасы космос
кемесімен галактикаға сапар шегу.
Егіздер – Аспан күмбезінің солтүстік жарты шарындағы зодиак
шоқжұлдызы. Жетіқарақшы мен Кассиопеяны қосатын сызықтың бір жағында
Аққу, Лира, Бүркіт шоқжұлдыздары, ал екінші жағында жетекші, Егіздер,
Торпақ, Үшарқар-Таразы, Үлкен Арлан шоқжұлдыздары орналасқан. Егіздер
шоқжұлдызында Сатурн түнімен жарқырап тұрады.
Есекқырған – Юпитер планетасының қазақ арасындағы ежелгі аты.
Юпитер кейде Шолпандай жарқырайтын болғандықтан оны Шолпанмен
шатастырып алуға болмайды, оны қазақша Есекқырған деуі де осыдан.
Туады таң алдында Есекқырған, Шатабот еңбек күнін есеп қылған. Жан
салған жұмыс десе жан қалқаны – Кім екен жалқаусың деп өсек
қылған. (Б. Майлин, Шығыс)
Жер – Жердің гидросферасы жылуды сақтайды. Жердің ішкі құрылысы өте
күрделі. Қатты планеталар арасынан Жер ең активті болып есептеледі. Беткі
қабаты үнемі өзгерістерге ұшырап тұрады. Жер залалинның теориясы бойынша
жердің сұйық және қатты ядросы анықталады. Жер көкшіл көгілдір, Ай қызғылт
сары түсті. Ай Жерге тек бір жақ бетімен көрінеді. Айдың Жерді айналып шығу
уақыты оның өз осімен айналып шығу уақытына тең. Меркурийдегі тәрізді Айда
да атмосфера жоқ. Жетіқарақшы – Аспанның
солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Жетіқарақшының шөмішіндегі
сабының ортасындағы қос жұлдыз екені жұрттың бәріне мәлім. Аспанда,
сонау қол жетпес алыста тұрған ожау тәрізді жұлдыз, бұл –
Жетіқарақшы (С. Талжанов, Сейфолланың Сәкені). Жетіқарақшы жанбасқа
ойыстапты (Ж. Жұмаханов, Қаракөз).
Комета – Құйрықты жұлдыз. Құйрықты жұлдыз астрономдар тілінде
комета болуға тиісті. Комета - ертедегі грек тілінен аударғанда,
шашты жұлдыз деген сөз (В. А. Воронцов, Астрономия). Кометаның
метеордан көп өзгешелігі бар. Метеорлар – құлама жұлдыздар. Метеорлар
кометаның ыдырауынан пайда болады деп бекітіп айтуға болады.
Көкжиек – Көз көрім жер, горизонт. Қырағы көз аңсайды көкжиекті,
Қыдырма аяқ аңсайды айдау жолды (Қ. Мырзалиев).
Қарақұрт – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз, кассиопея.
Қарақұрт шоқжұлдызын Жетіқарақшыға қарама-қарсы бағыттан көруге
болады. Қарақұрт шоқжұлдызындағы бес жарық жұлдыздардың орналасуы
қарақұртқа ұқсайтын болғандықтан аталмыш шоқжұлдызды осылайша атаса
керек. Кейде Өрмекші жұлдыз деп атайды. Қарақұрт шоқжұлдызы құс
жолында орналасқан, батпайтын аспан шырақтарының қатарына жатады. Сол
себепті жылдың барлық мезгілдерінде Қарақұрт шоқжұлдызды көре
аламыз.
Құзғын – Аспанның оңтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Құзғын СССР-
дің оңтүстік аудандарында март, апрель айларында көрінеді.
Құс жолы – Жыл мезгіліне қарай орын ауыстырып отыратын аспандағы
ақ жолақ; алыс жұлдыздар сілтемі. Күздігүні іңірде тас төбемізді
баса өткен бозарған жолақты көреміз. Ел мұны құс жолы дейді.
Галақтикаға кіретін, жай көзге көрінбейтін быжынаған жұлдыздар бізге
жолақ тәрізденіп көрінеді, ол жолақ құс жолы деп аталады. Құсжолы
деп аталатын аспандағы бозарған үлкен жолақ сүтжолы деп те
аталады. Халық арасында аталмыш космонимді Сабан жолы, Тырна жолы,
Сабаншының жолы деп те атайды.
Қызыл жұлдыз (Марс) – Күн жүйесінің күннен бастап санағанда
төртінші планетасы; қызыл жұлдыз. Марс атмосферасында оттектің белгісі
болмағандықтан, тіршіліктің жоғарғы формасының болу туралы гипотеза
шындыққа сай емес. Марс, Юпитер, Сатурн планеталары ерте кезден
белгілі, оларды бұрын жоғарғы планеталар деп атаған.
Кіші Шолпан (Меркурий) – Күнге ең жақын және күн жүйесіндегі
үлкен планеталардың ішіндегі ең кішісі. Осы кезде тоғыз ірі планета
(Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) және
1600-ден аса кіші планеталар бар екені мәлім. Меркурийдің жарықтығы
Шолпандікінен анағұрлым кем болғандықтан ел оны Кіші Шолпан
дейді. Өзінің құрамы және табиғаты жағынан Меркурий Айға ұқсас.
Меркурийдің бетінде оған құлаған метеориттердің салдарынан шұңқырлар пайда
болған (түрлі-түсті қосымшадағы). Оның ең үлкені Калорис деп аталады.
Метеор (Ақпа жұлдыз) –
Метеорлардың ауа қабатына кіргенде, қызатыны соншалық: ол тіпті Жерге
Жетпестен буға айналып ұшып кетеді. Кейбір аспан денелерінің
қозғалысын олардың атмосфера ішінде қалдыратын із арқылы зерттеуге
болады.
Метеорит – Аспан әлемінен орасан зор жылдамдықпен Жерге келіп
түскен физикалық дене. Жер бетіне келіп, аспаннан түскен метеорды
метеорит дейді, ал тіпті ірілерін болид дейді.
Нептун – Күн жүйесінің Күннен бастап санағанда сегізінші үлкен
планетасы. Нептуннан да қашығырақ планета Плутон 1930 ж. ашылды. Алып
планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун; бұлар Күннен өте қашық
жатқан планеталар. Осы кезде ірі планета және 1600-ден аса кіші
планеталар бар екені мәлім.
Плутон – Енді Жер тобындағы Плутон планетасын, оның серігі Харонды
қарастырамыз. Бұл Күн жүйесіндегі ең салқын ең кішкене планета.  Оның  
диаметрі  2260 км, ал бетінің орташа температурасы    –230оС. Ғалымдар
планетада өте сирек азот пен метаннан тұратын салқын атмосфера бар болар
деп жобалайды. Плутонның түнгі аспанында Күн тек жарық жұлдыз тәрізді
көрінеді. Оның серігі Харон планетадан екі есе кіші.
Қоңырқай жұлдыз (Сатурн) – Күн жүйесіндегі құралсыз көзбен бақылауға
болатын соңғы планета. Жай көзге көмескілеу көрінетіндіктен халық оны
Қоңырқай немесе топырақ жұлдыз деп атайды. Оның тығыздығы Күн
жүйесіндегі планеталар тығыздығының бәрінен де, тіпті қарапайым судың
тығыздығынан да аз. Егер Сатурн сиятын мұхит табу мүмкін болса, онда ол
мұхитта қалқып жүрер еді. Сатурн ені  275 000 км, ал қалыңдығы бір
километрден артық емес, өзінің қуатты сақиналар жүйесімен ерекшеленеді. 5
млрд жыл бұрын Күннің айналасында да көптеген ұсақ денелер мен бөлшектерден
тұратын осындай сақинаның бірігуі нәтижесінде планеталар пайда болады.
Яғни, осы сақиналар планетаның пайда болу механизмін түсінуге көмектеседі.
Уран – Уран да барлық
алып планеталар тәрізді жартылай сұйық, жартылай газ күйінде тұрады.
Планетаның ішінде елеулі ірі қатты ядросы бар. Газ қабығының астында
қалыңдығы планетаның радиусының үштен біріндей жерде су, амиак және
метаннан тұратын, температурасы бірнеше жүз градус болатын тығыз мұхит
орналасқан. Уранда 9 сақина бар. Олар: тығыз, жіңішке, сатурынның сақина
– карина мың есе жіңішке, түстері көмірдей қара. Шолпан
планетасы – Шолпанды Жердің сіңлісі деп те атайды, өйткені олардың
массалары және өлшемдері шамалас. Күн жүйесіндегі Күннен ара қашықтығы
бойынша екінші планетаның атауы. Шолпан космонимі қазақ арасына кең
тараған. Сондықтан бұл космоним аталмыш планетаның жалпыхалықтық
атауы болып есептеледі. Өйткені бұл планетаның қазақ халқында басқа
да халықтық космонимдері болған. Бұл планетаның халықтық атауларының
көп болуына оның жұлдызды аспаннан екі мезгілде, яғни іңір мен таң
алдында көрінуі негізгі себеп болса керек. Шолпан іңірде батыстан,
таң алдында шығыстан туады [2,48]. Сонымен Шолпанның іңірдегі
көрінісінің халықтық космонимдері мыналар: Іңір жұлдызы, Жарық
жұлдызы, Шағыр жұлдыз, Тұлқатын, Ақ жұлдыз, Нарық жұлдыз, Өмірзая. Ал таң
алдында туған аталмыш планетаны Шолпан, Шолпан жұлдыз, Таң шолпаны,
Зухра жұлдызы, Керуен жұлдызы деп атайды.
Күн – өзіне тоғыз планетаны бағындырып тұрған алып жұлдыздың
атауы. Алайда осы ғылыми тұжырым түсіндірме сөздікте көрініс
таппаған. Сөздікте : Күн з.е., әлемге жарық, қызу беретін планета...
[3,311] деп қате түсініктеме берген. Ал энциклопедияда: Күн – Күн
жүйесінің орталық денесі. Жерге ең жақын жұлдыз [4, 163] деген
дұрыс та, нақты анықтама берген.
Көк – жұлдыздар, шоқжұлдыздар, планеталар мен олардың серіктері,
галактикалар орналасқан түпсіз тұңғиық әлемнің, космостық халықтық
атауы. Көк – көне түркілік космоним. Себебі көк космонимдерін көне
түркі жазба ескерткіштерінен кездестіреміз.
Аспан – Көк космонимімен мәндес кірме атау. Кірме сөз болғанына
қарамастан қазақ тілінде жиі қолданылады.
Әуе – көк, аспан сөздерімен синонимдес космоним. Сонымен қатар қазақ
тілінде ауа сөзінің мағынасын да білдіреді.
Арқан жұлдызы – Кіші Аю шоқжұлдызындағы көмескілеу үш жұлдыздың
халықтық атауы. Арқан жұлдызы Кіші Аюдағы Темірқазық пен Ақбозат,
Көкбозат жұлдыздарының аралығында тізіле орналасқан. Бұл топ
жұлдыздардың Арқан жұлдызы деген атау Темірқазыққа байланған
Ақбозат пен Көкбозат жөнінде баяндайтын қазақтың белгілі
космогониялық мифтерімен қатысты шыққан. Сондай-ақ жұлдыздардың
орналасу реті де осылай аталуына негіз болса керек.
Үркер – астрономия ғылымында Торпақ деп аталатын зодиактік жұлдыз
құрамына кіретін жұлдыздар тобының халықтық атауы. Үркер тек қазақ
халқына тән космоним емес, көптеген туыс түркі тілдерінде бар сөз.
Түркі тілдеріндегі осы аспан шырағының космонимдері мұны айғақтайды.
Қазақтар Үркерді Елек жұлдызы немесе Мешін деп атаған [ 5, 134].
Үшарқар – Орион шоқжұлдызындағы жұлдыздар тобының атауы. Қазақ
Үшарқар деп танитын жұлдыздары астрономияда Орионның белбеуі деп
атайды. Халқымыз осы жұлдыздарды Үшарқар немесе Таразы кейде екі
атауды қосарлап Үшарқар-Таразы деп те атайтын болған. Үшарқар
космонимі Көгалдай мерген есімімен байланысты аңыздың негізінде
шыққан. Қазақ ұғымында Үшарқар топ жұлдыздары – мерген мылтығының
даусынан үркіп қашқан арқарлар.
Шідер жұлдызы – Орион шоқжұлдызындағы топ жұлдыздардың халықтық
атауы. Шідер жұлдызы – Орион шоқжұлдызындағы Орион белбеуі мен
Орионның Үлкен тұмандығындағы жұлдыздардың жалпы атауы. Мұны:
Үшарақар-Таразы Шідер жұлдызы деп атайды. Бүйірдегі шұбатылғаны
Шідердің өресі, ана көлденең үшеуі желісі, осы үшеуінің ортаншысы
оқтық не тобық деген халықтық түсініктерден байқауымызға болады.
Қырыққарақшы – Жетіқарақшы шоқжұлдызы мен Босаға топ жұлдызының
аралығында орналасқан жұлдыздардың халықтық атауы. Қырыққарақшы
атауының шығуына қазақ халқының Жетіқарақшы шоқжұлдызымен байланысты
космогониялық аңызы негіз болған. Қырыққарақшы Темірқазық жұлдызын
құрайтын жұлдыздар жай көзге өте майда болып көрінеді.
Жоғарыда аталған қазақ тіліне тән
космонимдердің бәріне емес, бәріне мәлім және халық арасында көп
айтылатын космонимдерге ғана тоқталып, оларға ұлы түркологтардың
еңбектеріне сүйене отырып, қысқаша этимологиялық талдаулар жасап кетсек.

Ең алдымен, этимология терминінің мағынасын ашып алсақ. Этимология
(грек. еtymologia, etymon – сөздің нақты мағынасы + logia - ілім) ағыл.
etymology,фр. etymologil, нем. Etymologye – 1. Сөз және морфемалардың шығу
төркінін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. 2. Зерттеу тәсілдерінің
жиынтығы және сол зерттеудің өзіндік қорытындысы. 3. Сөздің, қосымшалардың,
дыбыстардың, синтаксистік конструкциялардың шығу төркіні.
Этимологиялық талдау – талданатын сөзді оның алғашқы көрінісі болып
табылатын сөзбен генетикалық тұрғыдан байланыстырып теңестіру, сондай-ақ
сөздің өзге құрылымдық элементтерін тарихи белгілі құрылымдық элементтермен
байланыстырып теңестіру және алғашқы мотивациямен сөздің алғашқы формасы
мен мағынасын қайта жасау, жаңғырту. Этимологиялық әдіс пәні – сөздердің
алғашқы тұлғалары мен мағыналарын қайтадан бастапқы қалпына келтіру
этимологиялық әдістің негізгі салыстырмалы-тарихи әдіс.
Орыс лингвистикасы бұрынғы әдебиеттерінде морфологияны этимология деп
те атаған. Сөздің этимологиялық тегі деудің орнына этимон, прототип,
праформ, архетип – деп те қолданылады. Бұл ғылым сөздің тегін тексеруі
арқылы тіл тарихына жәрдемдеседі, бірақ тілдің тарихын зерттей алмайды.
Этимология жеке сөздің, кейде морфемалардың жасалу, даму тарихын, шыққан
төркінін тексереді. Тіл білімінің бұл бөлімі тарихи сөздіктер жасағанда
жеке сөздердің төркінін айқындауға, сөздің даму тарихының заңдылықтарын
дұрыс шешуге көмектесетін маңызды құрал болып саналады. Мысалы:
жұлдызжұл+т+ыз деген космонимді алсақ, оның түбірін тауып, жұрнақтарын
бөлектеп, оның басында қандай сөз екенін, кейін қандай жұрнақ қосылып қалай
жасалғанын айқындауға этимологиялық әдіс керек болады.
Этимология – жеке сөздердің, грамматикалық тұлғалардың тарихын
зерттейтін ғылым. Этимология кірігіп, түрін өзгертіп кеткен сөздерді де
тексереді.
Этимология ғылымы сөздің төркінін тексергенде нақтылы жағдайларды
ескере отырып, сыртқы пішіні мен ішкі мағынаның тұтастығын көздейді.
Олардың бірлестігінің заңдылығын ашады. Сыртқы тұлға мен ішкі мазмұн
қабысып келгеннің өзінде де ол сөздің мағынасы осы күндегісінен басқа болуы
мүмкін.
Этимологияның тіл ғылымында алатын орны зор. Бірақ жеке сөздер мен
жалғау-жұрнақтың (лексика, фонетика, морфология) шығу, жасалу тарихын
тексеріп, төркінін табу үшін, бұл өте ескідегі фактілерді тексереді.
Сондықтан жеңілден бастап, өте қиынға тартатындықтан, қазірге дейін ешбір
тілде бұған арналған елеулі зерттеу жарияланбай келеді. Орыс тіл білімінде
бұл пәнге көп көңіл бөліп, ұзақ жылдар зерттеп, орыс тілінің этимологиялық
сөздігін жасап, үзбей еңбек еткен зерттеушілер бар, бірақ олардың да сөздік
жасау ғана болмаса, этимологияға арнап елеулі еңбек жазғандары жоқтың қасы.

Қазақ тіліндегі космонимдерің тарихын зерттеуде бұл ғылымның керек
екенін айтуға тиіспіз. Жеке сөздің, сөз жасайтын жұрнақтардың тарихын
зерттеу үшін этимологиясын ашу қажет.
Этимология көп буынды түбірдің тарихын ашып бергенмен, бір буынды
түбірдің тарихын ашып бере алмайды. Мысалы, ай, күн, ат т.б. сөздердің неге
осылай айтылғанын этимология арқылы білу мүмкін емес. Сөйтіп, жалпы тіл
білімінде бір буынды сөздер шешімсіз, көп буынды сөздер шешімді деп
танылады. Мұның соңғысы этимология әдісі арқылы зерттеледі. Этимология
тарихи салыстырма әдіске сүйенеді. Бұл тарихи салыстырма әдіс – әсіресе
қопарылмалы тілдерге аса қажет, өйткені ондай тілдердің түбір элементі
өзгеріп түр-тұрпатын танытпай қояды. Түркі тілдерінің көптеген жағдайда
түбірі анық көрініп тұратынын, сөздің этимологиясы басқа тілдермен
салыстырғанда оңай ашылатынын атақты ғалым Армени (Герман) Вамбери де
айтқан. Сөйтіп, түркі тілдеріндегі сөздердің этимологиясын зерттеуге де,
тарихи салыстырма әдіс қажет, бірақ ол әдіс қопарылмалы тілдерге одан гөрі
қажеттірек.
Этимологиялық зерттеудің тағы бір керектігі – тіл фактісінде
сақталған, халық өміріндегі кейбір елеулі құбылыстардың да сырын ашуға
себепкер болады.
Этимология – көптеген грамматикалық формалардың жасалу жолын тексере
келе, жалғау-жұрнақтардың көпшілігі ерте кездерде мағыналы түбір сөз
екендігін зерттеп шығаруға да ең қолайлы құрал.
Сонымен жоғарыда аталған этимологиялық талдау әдістерінің принциптерін
негізге ала отырып, қазақ тіліндегі кейбір аспан шырақтарына этимологиялық
талдау жасап көруді ұйғардық.
Ай космонимі. Барлық түркі тілдеріне ортақ Ай космониміне Г.
Вамберидің жасаған этимологиялық талдауына, ең алдымен, тоқталып
кетсек. Г. Вамбери Ай сөзінің шығу төркіні түркі тілдеріндегі түсті
білдіретін ақ сын есімімен байланыстыра отырып, мұның дәлелі ретінде
ай йүзлүк тіркесінің мағынасына сілтеме жасайды. Ал Т. Жанұзақов Ай
космонимінің этимологиясы жөнінде мынадай жорамал ұсынады:
Біріншіден, Ай ертеден, көне заманнан-ақ әдемілік пен сұлулықтың
символы болған, оған жұрт табынған, қасиет тұтқан. Ежелгі түркі
тайпаларының көк аспанды, ай мен күнді қасиетті, құдіретті,
тәңірі санап, оларға табынғаны тарихтан белгілі. Оған тіліміздегі
aja әдемі, әсем, осман түркілеріндегі aja қасиетті және ajas
таза, ашық аспан, ajas kök қолданылуы айқын да анық дәлел.
Екіншіден, Ай сөзінің көне тұлғасы, түп нұсқасы ajas~aja сөздері
болғаны, олардың замандар ағымына сай өзгере келіп, соңғы дыбыстары
жоғалып, түсіп қалғаны байқалады. Оның фонетикалық өзгеру схемасы
ajas~aja~aj болуы мүмкін деп болжаймыз [6, 57]. Қ. Ароновтың
пікірінше, егер шынымен ajas сөзі aj атауымен байланысты болса,
керісінше, ajas сөзі aj атауы негізінде жасалған туынды сөз болса
керек. Сонда өзгеру схемасы да керісінше aj ~aja~ ajas түрінде
болады.
Қазақ тіліндегі айдын, айқын сөздері Ай түбір сөзінің негізінде
жасалған [7, 186]. Жалпы Ай атауы о баста заттың сын-сипатын
білдіретін сөз болса керек. Сондықтан Г. Вамберидің Ай атауын ақ
сын есіммен байланысты қарауының жаны бар. Біздің түсінігімізше, ақ
сын есімі ٭аай праформасының өзгерісі нәтижесінде шыққан. Бұл
өзгерісті ٭аайағақ түрінде көрсетуімізге болады. Ал й~ғ~қ
дыбыстарының сәйкестігі түрінде көрсетуімізге болады. Мұндағы
айтпағымыз, Ай – тіліміздегі ақ сын есімінің көне формасы, сын есім
мәніндегі сөз.
Күн космонимі. Э. В. Севоротян аталмыш астрономиялық атаудың
архетипіндегі дауысты созылыңқы болуы мүмкін дей отырып, архетиптің
٭күн, ٭кү:н деген екі түрлі реконструкциясын ұсынады [8, 101]. Ал А.
М. Щербак бұл атаудың архетипін ٭кун кун? түрінде
реконструкциялайды [9, 195].
Күн космонимінің этимологиясы жөнінде түркологияда Г.Вамберидің
пікірі үстемдік етіп тұр. Ол Күн формасын талдай келіп, бұл сөзді
кüj күй, жан етістігінен жасалған зат есім деген пікірге келеді.
Осы пікірді негізге ала отырып, В. Г. Егоров та кун~күн сөзін күй
етістігінен шыққан дейді [10, 117].
Күн сөзінің шығу тегі ретінде қарастырылып жүрген күй
етістігінің өзі де түркі тілдерінде бірнеше фонетикалық варианттарға
ие. Атап айтқанда, көне түркі тілдерінде мұндай етістіктің мынадай
формалары болған: көй-көн-күй. Сондай-ақ осындай тұлғаларды М.Рясянен
еңбегінен де ұшыратамыз [11,178-179]. Г. И. Рамстедт күй формасын
басқа нұсқаларға қарағанда кейінірек шыққан деп, оның өзгеруін
күнкөн-күй түрінде сипаттайды [12,136].
Сонымен күн атауының шығу тегін күй етістігімен байланысты
алып қарайтын Г. Вамберидің пікірін қолдай отырып, алайда бұл сөз
тек аталмыш етістіктің жай күй тұлғасынан ғана емес, сонымен бірге
жоғарыда аталған осы етістіктің көне түркілік көйкөн
варианттарынан Күн, Гүн, Гүнеш, Күнәш,т.б. атаулар өрбісе керек.
Жұлдыз космонимі. Ә. Т. Қайдаров жұлдыз космонимінің ілкі түбірі
٭жұл түрінде болғанын көрсетеді де, аталмыш сөзге жылжылт
еліктеуіш сөзі негіз болған дей отырып, жалпы жұлдыз сөзін мынадай
компоненттерге бөледі: жұлдызжұл+т+ыз [7, 216].
Ал Жанұзақов аталмыш космонимнің шығу тегін былайша таратады:
Біздің байқауымызша, жұлдыз екі компоненттен тұрады. Оның бірінші
компоненті жұлд болса, екінші компоненті ыз морфемасы. Ал жұлд сөзі
бастапқы тұлғасынан өзгерген о бастағы жылт (жылтылдаған)
мағынасындағы лексема екендігін бағдарлаймыз. Оның реконструкциясын
былайша түсінеміз: жұлдйылдйылтжылджылт. Ал екінші компоненттегі ыз
көне көптік жалғау көрсеткіші екеніне ешбір күмән болмаса керек.
Демеек, жұлдыз жылтыраған, жылтылдаған денелер деген мағыналы сөз
деп ұғамыз. Мұндағы дыбыстардың алмасуы, яғни ж~й~д~т, ы~ұ түркі
тілдеріндегі заңды құбылыс [6, 59].
Сонымен біздің ойымызша, жұлдыз космонимінің жасалуына еліктеуіш
сөз негіз болды деген пікірлерді қолдаймыз. Сондай-ақ ыз компоненті
жөніндегі Жанұзақовтың тұжырымын жақтаймыз. Алайда зерттеушілер
айтқандай, жұлдыз сөзіндегі жұлд компоненті жылт формасының өзгерісі
нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар тілімізде жалт-жұлт еліктеуіш
сөзі аталмыш космонимге негіз болған болу керек.
Үркер космонимі. Қазақ тіліндегі Үркер космонимінің этимологиясы
жөніндегі тұжырымын Т. Жанұзақов былайша баяндайды: Біздің
пайымдауымызша, Үркер сөзінің көне түбірі елөл болса керек. Оның
бұл нұсқасы чуваш, алтай, хакас тілдерінде сақталған. Ал оның үрөр
түбірінің пайда болуы кейінгі этаптарға, яғни тарихи көне л
дыбысының р дыбысына ауысуымен байланысты құбылыс. Демек,
елөлөрүр сөздері төркіндес, түбірлес деп білеміз. Біздің
тіліміздегі Үркер сөзінің түбірі де үрөр өру екені баршамызға
ой салса керек. Себебі, Үркер үнемі бір орында тұрмайды, ол ылғи
жылжып, қозғалып отырады. Жұлдызды бақылаушылардың айтуынша, Үркер
күннің шығысынан шығады, оңтүстікпен жүреді, күнбатыста батады.
Сондай –ақ Үркер жерге түседі, көкке шығады, Үркер туып, батады,
ол көкке көтеріледі. Бір сөзбен айтқанда, Үркер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі итке қатысты атаулардың мағыналық табиғаты
Қазақ және түрік антропонимдерінің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастығын анықтау
Соматикалық фразеологизмдер
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Адам есімдері концептісінің ассоциативтік–гендерлік құрамы
Кәрілік адам жасын білдіретін түбірі сын есімнен болған сөз
Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың мағыналық құрылымы мен лексикографиялану ерекшеліктері
Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің ерекшеліктері
XIV-XV ғасырлардағы қыпшақ антропонимдері
Қол-рука соматизмдері
Пәндер