Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.7


I ТАРАУ
Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы және қазақ әдебиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.45

1.1 Қожа Ахмет Яссауи заманындағы түрік.ислам мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19.37

1.2 Қожа Ахмет Яссауи және сопылық дүниетаным ... ... ... ... ... ... ... ... .38.45

II ТАРАУ

Қожа Ахмет Яссауидің діни.имандылық тағылымы ... ... ... .46.69

2.1 Қожа Ахмет Яссауи хикметеріндегі адамгершілікті, білімділікті насихаттауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51.69

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70.71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72.73
Тақырыптың өзектілігі. ХI-ХII ғасырларда жасаған атақты сопы, философ, ғұлама ғалым, ақын Қожа Ахмет Яссауи Иасы (қазіргі Түркістан) шаһарының маңындағы Испиджап (қазіргі Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның анасы шейх Мұсаның қызы Қарашаш болса, әкесі Ибраһим [1; 36-38 бб] де өз заманының білікті адамдары еді. Мұндай орта Яссауидің оқу-білімге ерте жастан-ақ құштар болуына әсерін тигізбей тұрмады. Бір хикметінде «Алты жаста тұрмай қаштым алаяқтан, көкке шығып дәріс үйрендім мәләйіктен»(14-х) –деп көрсетуі осы жайды аңғартса керек. Өзге оқушылардан зеректігімен, ойшылдығымен ерекшеленген Ахмет Ясауиді атақты сопы Арыстан Баб өзіне шәкірттікке алады. Бұл оқиға Яссауи жеті жасқа толғанда болған. Шамасы осы кездері Ахмет Ясауи әке-шешесінен айрылып, жетімдік тауқыметін тартып жүрсе керек. Сондықтан болар Арыстан Баб оның ұстазы, білім сапарындағы жетекшісі ғана емес, сондай-ақ әке орнына әке болып, қанатының астына алып, тәлім-тәрбие беруші, қамқоршысы ретінде кеңінен мағлұм.
Бұл кездесудің Яссауи өмірінің таңдауын белгілеп, болашағына үлкен әсер еткендігі анық. Олай дейтініміз, осы оқиға Яссауиге қатысты аңыздар да, хикметтерінде де ерекше аталып, жан-жақты сипатталады:
Жеті жаста Арыстан Бабқа қылдым сәлем,
Хақ Мұстафа аманатын бер деп маған.
Сол мезетте мың бір зікір еттім тамам,
Нәпсім тыйып, Аллаға бет бұрдым міне.
Құрма беріп, басым сипап, назар салды,
Бір сәтте ол дүниеге сапар салды,
Қоштасып бұл әлеммен, кете барды,
Мектеп көріп, қайнап-толып, тастым міне!

Хикметте сөз болатын құрма-Алла аманаты жайында ел ішінде мынадай аңыз кең тараған. Бірде пайғамбарымыз Алланың дидарын көру үшін Жәбірейілмен бірге көкке ұшып бара жатып, жол-жөнекей үш адамның рухын көріпті. Жәбірейілден: «Бұлар кім?», -деп сұраса, ол: «Бұлар-Сіздің үмбеттеріңіз. Бірі Имам Ағзам, екіншісі-Ғаусыл Ағзам (Қожан Баһауидин), үшіншісі – Қожа Ахмет Яссауи»,- депті. Сонда ол Қожа Ахметке берерсің деп, Арыстан Бабқа тапсырыпты. 400 жыл жасаған Арыстан Баб пайғамбар тапсырмасын орындапты делінеді [2; 6-7 бб ]. Хикметте сөз болатын құрма – Алла аманаты жайында ел ішінде мынадай аңыз кең тараған: Алла тағала Жәбірейілге жәннәт бағынан құрма теріп кел деп бұйырады. Ол құрманың бір табағын жинап келе жатқанда, табақ ішінен бір құрма жерге түсіп кетеді. Жәбірейіл құрманы қайтармақ болып әрекеттенгенде, Алла тағала былай дейді: “Бұл құрманы Мұхаммед пайғамбар асхабтары арқылы өзінің үмбеті Ахметке тапсырсын”. Бұл жарлықты естіген Мұхаммед пайғамбар асхабтарын түгел жинап алып, жайды түсіндіреді де, “Алла аманатын кім тапсырады?” деп сауал қояды. Ешкім батпаған соң іштеріндегі біраз жасқа келген Арыстан Баб шығып: “Мен табыстар едім, бірақ ғұмырым жетер емес”, - деп жауап қатады. Сонда пайғамбар: “Алла аманатын тапсырғанша жасай бересің”, - деп құрманы Арыстан Бабқа табыстайды.
1. Дж.С.Гримингэм. Суфийские ордены в исламе. Москва: 1989. – 36
2. Ж. Аймауытов. Әзірет Сұлтан (Қожа Ахмет Яссауи)
Парасат журналы. №3.- 1990. - 6-7
3.М. Жармұхамедұлы. Қожа Ахмет Яссауи және Түркістан. Алматы: 1999. -128
4.Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. Алматы: 1991.- 89-98
5.Х.Сүйіншәлиев. VIII-XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы: 1989.- 115
6.Қазақ Ұлттық энциклопедия. Алматы: 2000.- 5
7.Насаб-нама жайында бірер сөз. З.Жандарбеков. Қожа Ахмет Ясауи. Хикметтер. Аударған Ә.Жәмішұлы. Алматы: 1995.-17-18
8. А. Ахметбек. Қожа Ахмет Иассауи. Алматы: Санат. 1998.-112
9.Нысанбаев Ә. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымындағы адам проблемасы // Түркістан тарихы мен мәдениеті. Ғылыми мақалалар жинағы. – Түркістан. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті. 2000. –216
10.Жармухаммедұлы М. Қожа Ахмет Яссауи және Түркістан.
Алматы: Ғылым. 1999.- 128
11.Нысанбаев А.Н. Философия взаимопонимания. – Алматы: Главная редакция. Қазақ энциклопедиясы. 2001. –544
12.Жандарбек З. Түркістанның қысқаша тарихы. Түркістан: Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті. 2000. - 44
13.Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар жүйесі. Алматы: 2000. Мейірманов А.Д. Қожа Ахмет Яссауидің имандылық Ғибраты // Түркістан тарихы мен мәдениеті. Ғылым мақалалар жинағы. Түркістан: 2000. 216
14.Қалиұлы А. Суфизм тағылымының шығыс өңірге таралуы // Түркістан тарихымен мәдениеті. Ғылыми мақалалар жинағы. – Түрістан: Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университеті. 2000 –216
15.Қалиұлы А. Суфизм тағылымының шығыс өңірге таралуы // Түркістан тарихы мен мәдениеті. Ғылыми мақалалар жинағы. Түркістан: Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. 2000. –216
16.Ахметбек А. Қожа Ахмет Иасауи. Алматы: 1998. – 112
17.Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет. Анкара: 1993. – 229 (144 хикмет)
18.Тәжікова К. Ислам: дүниетаным, идеология, саясат. Алматы: 1989.- 99
19.Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 1991. - 189
20.Сонда-18
21.Ғ. Есім. Сана болмысы. 7 том. Алматы: Ғылым. 2002. - 187 – 188
22. Иассауи Қожа Ахмет. Даналық кітабын. Аударған Ж.Әбдірәшев. Шымкент: 1995. Хикмет-12/24.
23. Құран хикаялары.Құрастырған Мұхаммед Ахмет Жадмолла.
Алматы, 1992.
24. Назарбаев. Н. Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде
Жұлдыз. 1999. - № 3. 5
25. Ақбота Ахметбек. Қожа Ахмет Иассауи. Алматы «Санат» 1998 31-57
26. Р.Насырова . Түркістан . Алматы «Өнер» 1993 11-22

27. Иассауи Ахмет. Диуани Хикмет. Ташкент,1902 101-145
28. Кәкішев Т. Сын сапары . Алматы, 1971 55-77
29. Афсахзод А., Лирика Абд ар-Рахмана Джами. Москва, 1988 45-80
30. Келімбетов Н.Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі.Алматы,1986 101-128
31. Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература . Москва, 1965 75-92
32. Әуезов М., Шығармалар . Он екі томдық. Т. 12. Алматы, 1969 105-210
33. Коран. Перевод с арабского языка Г.С. Саблукова. Казань, 1907 70-107
34. Бес ғасып жырлайды. 1,2 томдар, Алматы 1989 12-40
35. Афсаход А., Лирика Абд ар- Рахмана Джами. Москва. 1988 44-72
36. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, 1986 99-176
37. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы, 1991 36-81
38. Сәтбаева Ш. Казахская литература и Восток. Алматы, 1982 85-106
39. Сүйіншәлиев Х.Ж. Ғасырлар поэзиясы. Алматы. 1986 89-205
40. М.Қ. Әбусейітова Қожа Ахмет Иассауи. Хикметтер Алматы 2000 75-90
41. Кепурулу Ф. Түрік әдебиетіндегі сопылар 5- басылым. Анкара, 1984 14-50
42.Сүйіншәлиев Х.Ж. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992 205-345
43. Тәжікова К.Х. Ислам: дүниетаным, идеолгия саясат. Алматы, 1989
44. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. Алматы, 1987 89-125
45. Күмісбаев Ө. Екі перне. Алматы. 1980 250-406
46. Кабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1982 36-88
47. Тәжіков К.Х. Ислам: дүниетаным, идеолгия, саясат. Алматы, 1989 301-470
48.Ондасынов Н. Парсыша- қазақша түсіндірме сөздік. Алматы, 1974 40-98
49. Дәуітұлы С. Ғұлама. «Қазақ әдебиеті» газеті № 15,9 сәуір 1993
50. Дербісалиев Ә.Б. Араб әдебиеті ( Классикалық дәуір). Алматы,1982

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-7

I ТАРАУ
Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы және қазақ
әдебиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...8-45

1.1 Қожа Ахмет Яссауи заманындағы түрік-ислам мәдениетінің қалыптасуы мен
дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 19-37

1.2 Қожа Ахмет Яссауи және сопылық
дүниетаным ... ... ... ... ... ... . ... ... 38-45

II ТАРАУ

Қожа Ахмет Яссауидің діни-имандылық тағылымы ... ... ... .46-69

2.1 Қожа Ахмет Яссауи хикметеріндегі адамгершілікті, білімділікті
насихаттауы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 51-69

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...70-71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 72-
73

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХI-ХII ғасырларда жасаған атақты сопы, философ,
ғұлама ғалым, ақын Қожа Ахмет Яссауи Иасы (қазіргі Түркістан) шаһарының
маңындағы Испиджап (қазіргі Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның анасы
шейх Мұсаның қызы Қарашаш болса, әкесі Ибраһим [1; 36-38 бб] де өз
заманының білікті адамдары еді. Мұндай орта Яссауидің оқу-білімге ерте
жастан-ақ құштар болуына әсерін тигізбей тұрмады. Бір хикметінде Алты
жаста тұрмай қаштым алаяқтан, көкке шығып дәріс үйрендім мәләйіктен(14-х)
–деп көрсетуі осы жайды аңғартса керек. Өзге оқушылардан зеректігімен,
ойшылдығымен ерекшеленген Ахмет Ясауиді атақты сопы Арыстан Баб өзіне
шәкірттікке алады. Бұл оқиға Яссауи жеті жасқа толғанда болған. Шамасы осы
кездері Ахмет Ясауи әке-шешесінен айрылып, жетімдік тауқыметін тартып жүрсе
керек. Сондықтан болар Арыстан Баб оның ұстазы, білім сапарындағы жетекшісі
ғана емес, сондай-ақ әке орнына әке болып, қанатының астына алып, тәлім-
тәрбие беруші, қамқоршысы ретінде кеңінен мағлұм.
Бұл кездесудің Яссауи өмірінің таңдауын белгілеп, болашағына
үлкен әсер еткендігі анық. Олай дейтініміз, осы оқиға Яссауиге қатысты
аңыздар да, хикметтерінде де ерекше аталып, жан-жақты сипатталады:
Жеті жаста Арыстан Бабқа қылдым сәлем,
Хақ Мұстафа аманатын бер деп маған.
Сол мезетте мың бір зікір еттім тамам,
Нәпсім тыйып, Аллаға бет бұрдым міне.
Құрма беріп, басым сипап, назар салды,
Бір сәтте ол дүниеге сапар салды,
Қоштасып бұл әлеммен, кете барды,
Мектеп көріп, қайнап-толып, тастым міне!

Хикметте сөз болатын құрма-Алла аманаты жайында ел ішінде мынадай аңыз
кең тараған. Бірде пайғамбарымыз Алланың дидарын көру үшін Жәбірейілмен
бірге көкке ұшып бара жатып, жол-жөнекей үш адамның рухын көріпті.
Жәбірейілден: Бұлар кім?, -деп сұраса, ол: Бұлар-Сіздің үмбеттеріңіз.
Бірі Имам Ағзам, екіншісі-Ғаусыл Ағзам (Қожан Баһауидин), үшіншісі – Қожа
Ахмет Яссауи,- депті. Сонда ол Қожа Ахметке берерсің деп, Арыстан Бабқа
тапсырыпты. 400 жыл жасаған Арыстан Баб пайғамбар тапсырмасын орындапты
делінеді [2; 6-7 бб ]. Хикметте сөз болатын құрма – Алла аманаты жайында
ел ішінде мынадай аңыз кең тараған: Алла тағала Жәбірейілге жәннәт бағынан
құрма теріп кел деп бұйырады. Ол құрманың бір табағын жинап келе жатқанда,
табақ ішінен бір құрма жерге түсіп кетеді. Жәбірейіл құрманы қайтармақ
болып әрекеттенгенде, Алла тағала былай дейді: “Бұл құрманы Мұхаммед
пайғамбар асхабтары арқылы өзінің үмбеті Ахметке тапсырсын”. Бұл жарлықты
естіген Мұхаммед пайғамбар асхабтарын түгел жинап алып, жайды түсіндіреді
де, “Алла аманатын кім тапсырады?” деп сауал қояды. Ешкім батпаған соң
іштеріндегі біраз жасқа келген Арыстан Баб шығып: “Мен табыстар едім, бірақ
ғұмырым жетер емес”, - деп жауап қатады. Сонда пайғамбар: “Алла аманатын
тапсырғанша жасай бересің”, - деп құрманы Арыстан Бабқа табыстайды. Сөйтіп
аңыз - әңгімелерге сенсек, Арыстан Баб құрманы ұртына сақтап, бір аңызда
төрт жүз, бір аңызда жеті жүз жыл ғұмыр кешкен делінеді. Яссауидің өз
хикметтерінде (төрт жүз жыл ұртыма сақтап жүрдім мен саған (114-х)) Арыстан
Бабтың төрт жүз жыл ғұмыр кешкені айтылады. Әрине, шындыққа жүгінсек, мұнша
ғұмыр кешу адам баласына мүмкін емес, бірақ ескерусіз қалмайтын бұл сан
мәні неде деген сұраққа мынадай болжам келтіруге болатын сияқты: Ахмет
Яссауи жеті жасқа толғанда (егер ол 1083 жылы туылған деп есептесек), онда
Мұхаммедтің өлімінен кейінгі уақыт 458 жылға тең. Мұндай оқиға, яғни Алла
аманатын Арыстан Бабқа тапсыру шамамен ислам діні үстемдік ала бастаған
кездері, яғни, 620 жылдары болды деп болжасақ, онда аралық уақыт 470 жылға
тура. Бұдан байқалатыны жетпіс жасында Арыстан Баб құрманы тапсыруды
міндетіне алса, қалған төрт жүз жыл құрманы Ахметке сақтап, жеткізу үшін
берілген қосымша ғұмыр. Ясауи ұстазы жайында өзінің хикметерінде мынандай
мәлімет береді:

Сахабалар айтыпты: Арыстан Баба атыңыз,
Арабтардың ұлысы, пәкиза дүр затыңыз (114-х)
– деп Арыстан Бабтың шыққан нәсілін араб екенін көрсетеді. Бұл сөздің
шыны бар сияқты: Арыстан Бабтың ата – бабалары тіпті Мұхамммед пайғамбардың
алғашқы асхабтары болуы әбден ықтимал, кейіннен діни миссиямен түркі
топырағында қоныс тауып, осы жерде қожалар дәстүрімен мұсылманшылықты
дәріптеушілер болып қалғанға ұқсайды. Немесе Араб халифатынан қудаланған
алғашқы сопылардың жұрағаты да болуы ғажайып емес. Бұл тек біздің
долбарымыз, әйткенмен Арыстан Бабтың тегі арабтан шығып, қожалар әулиетіне
жатқан және де сопылықты ұстануы мұрагерлік дәстүрге байланысты деген
ойдамыз.
Дәл осы оқиға оның Диуани хикметінде де жинақтала айтылып, өзінің
жер астына түсуінің басты себебі ретінде сипатталады:
Миғражда Хақ Мұстафа рухымды,
Сол себепті алпыс үште кірдім жерге...
Хақ Мұстафа Жебірейілге қылды сауал:
Бұл кеткен рух тәнге кірмей, тапқан жамал?!
Жебірейіл айтты: Үмбет ісі Сізге бір хақ,
Көкке шығып, періштеден алар сабақ.
Жылаушыға сыйға берер жеті табақ,-
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге!
Ендігі бір маңызды мәселе ұлы ақынның туған, өлген жылдары жайында.
Мұны әр зерттеуші әр қилы түсіндіріп келеді. Тобықтай түйіні Диуани
хикметте Қожа Ахметтің өз аузынан айтылған, алайда осыны күні бүгінге
дейін жұрт не көрмей келеді, не көрсе де танығысы келмейді. Ақынның қанша
жыл жасағанын оның өзінен жақсы білетін адамның жоқ екенін де мойындайық.
Осы жолдарда ол өз жасын тайға таңба басқандай етіп, бұлтарыссыз,
қалтарыссыз ашық айтыпты. Жыр жолдарына назар салып көрелік:

Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім,
Алпыс үште сүннет деді, естіп білдім.
Жер астында жаным барда құлдық қылдым,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Жүз жиырма беске кірдім, біле алмадым,
Хақ Мұстапа сүндеттерін қыла алмадым,
Олардан алғыс – мадақ ала алмадым,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет!

Бұл жолдардан соң басқа пікір түюдің не қажеті болмақ? Дәл осыған
тоқтап, туған өлген жылдарын өзгертпестей ету керек. Бұл тұжырымды біз 1991-
жылы Түркияның Анкара қаласында Қожа Ахмет Яссауиге арналып өткен
дүниежүзілік симпозиумда да айтқан едік, мұны Яссауитанушылар да түгел
мойындаған, осы хабарлама сол симпозиумның Хабарларында жақында жеке
кітап болып басылып та шықты. Сондықтан бұл істі осымен аяқтай келе, екінші
бір жұмбақтың мәнін аша кетуді де жөн дер едік [3;128б ]. Сол 125 жас қай
жылдарға келеді, енді соған тоқталайық.
Дипломдық жұмыстың нысаны: Яссауидің алғаш негізін қалаған бауырлас
түркі ғалымы Ф. Көпрүлү Қожа Ахмет Яссауидің 120 жыл жасаған деген болжам
айтады. Қазақтың белгілі жазушысы Ж.Аймауытов та халық аузындағы аңыздарға
сүйене отырып сол байламға тоқталады. Бірақ, бұлар Ахмет Яссауидің қашан
туғанын дәлдеп көрсетпейді. Шетел ғалымдары, әсіресе орыс зерттеушілері
оның дүниеден қайтқан жылын шамалап айтумен тоқталады.
Белгілі ғалым Ә. Қоңратпаев Қожа Ахмет Яссауи Ибрагимұлы Ибн Махмут
(1104-1167) XII ғасырда Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген
көрнекті ақын [4; 89-98 бб] - деген ой түйеді. Ал білікті зерттеуші Х.
Сүйіншәлиев Соңғы кезге дейін зерттеушілер Ахмет 1167 жылы 63 жасында
өлген деп келді. Бұл пікірді айтушылар ақынның өлеңдерінде кездесетін
сөзіне сүйеніп айтады. Бұл өлеңде ол өлген себебін айтып отырған жоқ. Жер
асты қылуетке кіру себебін айтып отыр. Асылы, осы пікір дұрыс. Біздіңше де
Яссауи 1094 жылы туып, 1167 жылы өлген адам [5;113б] - деп қалам тербейді.
Діни аңыздар бойынша, Қожа Ахмет 63 жастан кейін, Мұхаммед пайғамбардың
жасына келген соң, сол кісінің ісін жалғастырушы сүндеті ретінде, күн
көзін көріп жүру күнә деп, жер астынан өзіне орын дайындатып, сонда өмір
кешеді. Жер астына түсерден бұрын ол кісі айтса керек: Жер бетінде қанша
жыл жасасам, жер астында да сонша жыл жасаймын,-деп. Алайда мәселе Қожа
Ахмет жер астына қай жылы, неше жасында түсті деген сұрақ төңірегінде
болмақ. Қожа Ахмет Яссауидің өмірін зерттеген адамдардың бәрі де ол кісінің
қайтыс болған жылын бірауыздан ескіше 1166-67 жыл деп белгілейді. Егер
хикметтегі 125 жылды осыған ойластырсақ, онда ақынның 1041-42 жылы туғаны
анықталар еді. Бұл жылдар оның Бұхарадағы өмірімен, дәлірек айтсақ, Ж.
Хамаданидің жас мерзімімен сәйкес келмейді. Ол кісінің 1148 жыл өлгені
мәлім. Бұлай болған жағдайда, Қожа Ахмет Яссауиге өз ұстазымен қартайған
шағында кездесуге тура келер еді. Сондықтан ақынның қайтыс болды деген
жылын, яғни 1166-67 жылды шын өлген жылы емес, жер астына түскен жылы деп
тұжырымдасақ, дәл сол жылы ол 63 жаста болады екен. Осыған қол қойсақ, ол
1103 жылы туып, 1228 жылы қайтыс болған дей аламыз. Қазақ Ұлттық
энциклопедиясына жүгінетін болсақ, Қожа Ахмет Иасауи Әзірет (шамамен 1093,
кейбір деректерде 1103, 1041, сайрам (Исфиджаб) – 1166, Түркістан (Иасы)) –
Түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Иасауидің арғы тегі қожалар әулеті.
Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх
Ибраһим. Исфиджабта әулиелігімен танылған [6;5б]. Сонда ақын өз ұстазымен
1130 жылы жолығып, дәріс алған болып шығады. Біз ақынның пірі болып
танылған Хамадани сопы мен Хамадани мектебіне қатысты жазбалардағы
мәліметтерге сүйене отырып қана Ахмет Ясауидің XI ғасырдың соңғы ширегі мен
XII ғасырдың бірінші жартысында ғұмыр кешкенін Т. Еңсегеновтың Құран
тектес асыл мұра мақаласынан көре аламыз.
Келесі бір назар аударатын жайт – Қожа Ахмет Яссауидің шыққан тегі
туралы дер едік. Яссауи тегі жайында зерттеуде Насаб-наманың құндылығы зор.
Бірақ мұндай деректерге аса үлкен жауапкершілік артылатынын ескере отырып,
егжей-тегжейлі зерделеу, тексеру қажет. Насаб-нама бойынша Ясауи Ысқақ
бабтың он екінші ұрпағы екені көрсетілген. “Шежіреде Ысқақ бабтың Сайрам
қаласында мешіт салдырғаны, алғашқы ірге тасын Ысқақ бабтың өзі қалағаны,
отыз мың бес жүз алтын теңгені осы мешітке салуға жұмсағаны айтылған. Ысқақ
бабтың жерленген жері- көне Баба Ата қаласы. Ол қаланың Баба Ата атануының
өзі Ысқақ баб есімімен тікелей байланысты”, “Басқа тарихи шығармалардың
ішінен Ысқақ баб туралы деректер кездеспейді”-дейді зерттеуші З.
Жандарбеков [7; 17-18 бб]. Тарихта 1239 жылы түркілер еркіндігі деп
аталатын көтерілісті басқарған дәруіштер шейхі Баба Исқақ есімі ғана әйгілі
деп көрсетілген. Дж. С. Тримингэм Ясауи силсила кестесінде Ахмет Ясауи
мазхабын жалғастырушы Бақырғани Мансур Арслан бабаны, Лұқман перендені
көрсете келе, Лұқманнан кейінгі халифа Исқақ баба (өлген жылы 1239) деп
белгіленген. Ф. Көпрүлү көрсеткен силсилада да Ысқақ қожа керісінше
Ясауиден тараған. Мұндай Жауахир-ул-Әбрар мин әмуажил-бихар жазбасымен
сәйкес келмеушілік Насаб-намадағы Ибрахимнің екінші ұлы, Ахметтің інісі
Садрға да қатысты.
А.Ахметбектің пікірінше: Яссауи қожамын деп көрсетуінде, қожа
әулиетінен қатыстылығынан бұрын, ислам дінін жетік білуші деген мағынада
қолданған. Өйткені, біріншіден, Арыстан Баб қожа әулиетіне жатқандықтан,
оның қолында өскен Ахмет Яссауи де өзін қожа деп санауы мүмкін, екіншіден,
орта ғасырларда молда, имам, жалпы дін жолын ұстаушылар тек қожалардан
қалыптасып, мұрагерлік кәсібін сақтап отырғандықтан, дін тарапынан болатын
түртпектерден сақтануда өзін қожа деп атау қалыптасуы да ықтимал.
Үшіншіден, ел ішінде көзі ашық , білімді адамдарды қожа-молда деген атаумен
атағаны белгілі. Сондықтан да Яссауи тегін тек Насабнамамен белгілеу
асығыстық сияқты. Яссауи тегін әлі де қарастыру керек [8;20б]. - деп
түйіндеді.
Бірақ оның шыққан тегінің қожа нәсілінен екені бүкіл жұртқа ертеден
аян, алайда кешегі бір дінге шабуыл жасаған әділетсіз саясат жылдарында
арғы тегі арабтан тарайтын қожа әулиеті деуге сескеніп, қудалауға ұшырап,
тоз-тозы шыққан Яссауи әулиеті де арғы тегін жасыруға тура келді. Сол тұста
Ясауи Түрік нәсілінен еді деген теріс түсінік те қолдан таратылған
сияқты. Осы күнгі кейбір кісілер мәселенің анық-қанығына жетпей, кейде
білсе де білмеген сыңай танытып, Түрік тұқымынан шыққан дегенді айтып, ал
Қожа Ахмет деп аталу себебін ол өзіне өзі қожа болған соң айтқан деген
пікір ұсынады. Бұл жолдастарды да түсінуге болады. Қазақ жеріндегі Сайрам
қаласында туып, Яссауи деген ат алып, туған жерім қасиетті Түркістан
деп жырлайтын ақынды қалайша өзге ұлтқа қиярсың. Бірақ бәрінен де шындық
қымбат, әділет жолы жоғары Түркістанда жатыр. Өзінің өлмес, өшпес асыл
туындысын да Йасыда жазған ұлы шайыр қашан да бізбен кіндіктес, бөлінбес
егіз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі
мақсаты – – Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы
ғылыми-теориялық пікір айту, талдау.
Зерттеу жұмысының осы мақсатынан туындайтын мынадай негізгі міндеттер
жүйелі түрде қарастырылады:
• – Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығына қатысты пікірлерді жүйелеу,
саралау;
• кезеңдік өзгерістер мен қоғамдық қатынастардың ақын туындыларындағы
бейнесіне, сипатына баға беру;
– Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығындағы әдеби дәстүр жалғастығы сипатын
ашып, жаңа тенденцияларды айқындау;
• Ақынның әдеби дастандарының көркемдік сипаты мен тақырып тереңдігін
анықтау;
• Ақын шығармашылығындағы эстетикалық талғамды қалыптастырудағы
философиялық тереңдікті зерделеу;
Біздегі жағдай өздеріңізге мәлім. Көп жылдар ол кісіні зерттеу былай
тұрсын, атын атауға да тыйым салынып келді. Әрі беріден соң ұмыттырып,
халық жадынан шығаруға да әрекет жасады, алайда бұл қолдарынан келмеді.
Сонда да қазақ зерттеушілері қарап жатқан жоқ. Өзге көптеген түрік
ғалымдары қатарында да қазақ зерттеушілері де ақын туралы әр алуан мақала,
еңбектер жариялады. Алғаш қалам тартқандар қатарында белгілі қоғам
қайраткері, жазушы М. Дулатов болды. Ол кісі өзінің 1913 жылы Қазақ
газетінде басылған Хазірет Сұлтан деген мақаласында Әзірет Сұлтан жөнінде
ғана емес, сонда билік құрған хандар тарихын, жалпы қазақ тарихын жан-жақты
сөз етеді. Ал белгілі жазушымыз Ж.Аймауытұлы жоғарыда аталған мақаласында
Қожа Ахмет Яссауи өміріне байланысты туған аңыздармен қатар, оның басындағы
ескерткіштің сыр-сипатын, ерекшеліктерін байыпты баяндайды. Жазушы
ескерткіштің салынуы мен құрылыс ерекшеліктеріне ерекше мән береді. Ендігі
кезекте Яссауи мұрасының түркі дүниесіндегі және ұлттық мәдениеттегі алатын
орнын жоғарыда айтылған Яссауи өмірімен байланыстыруға болады.

1. ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Мәдениеттің рухсыз тіршілік ете алмайтындығы сияқты, қоғам да
мәдениетсіз, тарихсыз, яғни рухани ұстындарсыз өз болмысы мен дамуын баянды
ете алмайды. Ал ұлттық рухани жаңғыруы оның төл мәдени –рухани арналарымен
үндестігіне байланысты екендігін тарих тәжірибесі айқындап отыр. Сондай
рухани бастау болып табылатын қазақ философиясы тарихындағы Қожа Ахмет
Яссауи дүниетанымы қазақ мәдениеті мен адам әлемінің ділдік түлеу құбылысы
тұрғысынан маңызды орынға ие болып отыр. Бүгінгі таңда Ясауи ілімінің
мәнін, маңызы мен ерекшелігін анықтау – тарихымыздың өткені мен бүгіні
арасындағы рухани арналар сабақтастығын қалпына келтіруге ықпал етеді.
Сондықтан да тәуелсіз Қазақстан үшін Яссауи ілімі – дәстүрлі түркілік
дүниетаным мен ислам өркениеті арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз еткен
сара жол болуымен қатар, бүгінгі заманға сай социо-психологиялық,
феноменологиялық ойлау жүйесі мен нақты тұжырымдамаларға бай, адамды жаңа
мән-мағынамен сомдайтын және рухани азық беретін ілім ретінде ұлттық
болмыстық тұғырымызды танудың негізіне айналып отыр.
Яссауи дүниетанымы адамды ішкі еркіндікке жетелейтін ар түзейтін ілім.
Ал бүгінгі ашық және демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан өз
тәуелсіздігі мен еркіндігін баянды ету үшін, ең алдымен, еркін ойлайтын
адамдарға зәру. Еркіндікті баянды ету мәселесі саяси шарттардан бұрын
рухани ар-ождан құбылысына тікелей қатысты. Сондықтан да бүгінгі тәуелсіз
Қазақстан қоғамы мен адамы үшін мәдениетіміздің рухани бастауы, ұлттық
діліміздің мәнін анықтайтын ар түзейтін Яссауи ілімі өзіндік болмысымен
зәрулігін көрсетуде. Бұл туралы елбасы Н.Ә. Назарбаев: “... Егер біз
мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақыт құрғымыз
келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол
халық даналығының негізінде жатыр” [9;5б]- деп, мемлекеттіліктің тұғыры
етіп мәдениетті, ал мәдениеттің бастауы ретінде ділді, даналықты көрсетіп
отыр.
Яссауи ілімінің қалыптасу кезеңі мен өмір сүрген уақыты түрік халықтары
үшін тарихи өтпелі кезең болуымен де маңызды. Сондай өтпелі кезеңде
көрсеткен жолы мен әдісі тұрғысынан Ясауи мұрасын зерттеу – бүгінгі жаңа
сипаттағы құндылықтар қоғамын құрып жатқан Қазақстанның болашаққа нық қадам
басуы үшін өзінің мәдени, тарихи, дүниетанымдық және рухани - әлеуметтік
тұғырларын анықтауында да маңызды болып отыр. Бұл туралы академик Ә.Н.
Нысанбаев: “Ясауидің бай мұрасы Қазақстан Республикасының рухани жаңаруының
бағыт – бағдарын анықтайды”, - деген ой түйеді.
Яссауи ілімі – қоғамдық - әлеуметтік ынтымақ пен бірлікке ұйтқы болатын
даналықтың (хикметтің) кені. Яғни оның ілімі адамдар арасындағы өзара тең
сұхбаттың, бауырластықтың, махаббаттың діни – рухани ұстанымдарын қамтитын
біртұтас тұжырымдамалар жүйесі болып табылады. Қазақстандағы негізгі
мұсылмандық пен христиандық сияқты екі дін өкілдері арасындағы төзімділік
пен кеңпейілділіктің кілті де барша діндерден жоғары тұратын ақиқатты паш
ететін осы Яссауи ілімінде жатыр.
Яссауи ілімі – моральдық – практикалық маңызы тұрғысынан бүгін ғылым
мен технология, ақпарат дәуірінде отырып, өзінің ішкі әлемінен хабарсыз
қалған, имандылық пен арды ойлай алмай, жаппай нәпсіқұмарлық жайлаған
қоғамның әлеуметтік індетінің емі екендігі даусыз. Міне, осы мәселелерде
өзімізге жаңаша сын көзбен қарау тұрғысынан Яссауи ілімінің зерттеу әрі
тану – уақыт талабы, ар – ожданымыздың үні болып отыр.
Яссауи ілімі мен оның мәдениеті төңірегінде жүргізіліп келген
зерттеулер Яссауитану зерттеулері алғаш рет ХIX ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың басындағы позативизм мен ағартушылық ағымдарына қарсы жадидизм мен
ұлттық әрекеттердің жандануы нәтижесінде Түркия мен Орта Азияда бой көрсете
бастады. Өйткені, Яссауи дүниетанымын зерттеу – ұлттық рухани танумен тең
деп қаралып, оның мұрасы ұлттық болмысымыздың айнасы болып табылатын
мәдениетіміздің ұстыны ретінде өзімізді танудың негізгі тақырыбына айналды.
Шығыс – Ислам өркениеті жаппай құлдырап, империализмнің отарына айналуы
кезінде үмітсіздікке бой алдырған халық Исламға, оның мәні болып табылатын
сопылық мәдениетке қайта оралып жатты. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың бас кезінде Ясауидің Диуани хикмет атты мұрасының (1878 – 1910
жылдар аралығында) Қазан, Ыстанбұл, Самарқанд, Әндіжан, Ташкент және Уфада
бірнеше рет жарық көруі де ұлттық рухани негізіне оралуының айғағы болса
керек. Дегенмен, бұл ізденістер мен әрекеттер кейіннен батыстық
идеологиялық ағымдар мен еуропаорталықтық тенденциялардың алдында тізе
бүкті. Оның негізгі себебі шектен асқан дәстүршілдік (метатрадиционализм)
болды. Бұл туралы тарихшы - мәдениеттанушы Н. Нұртазина: “... Мұсылман
әлемінде қалай суфизм әлсіреді, солай фанатизм, дүмшелік, мәдени тоқырау
күшие бастады. Біздің батыс мәдениетінен жеңілуіміздің бір себебі де
осында” - деп көрсеткен. Шындығында, адамның құлдырауы, рухани азғындап,
құлдыққа түсуі, еркіндіктен мақұрым қалуы оның ішкі рух әлемі мен санасының
ластануынан туындайды. Ислам өркениетінде адамды осындай жатсынулардан
айықтырып, имандылықтық сақшысы қызметін атқарған таза сопылық ілім
болатын. Ислам өркениеті Шығыста қарақытайлар, Батыста крест жорықтары
салдарынан экспансия қыспағында қалып әлсіреген тұста, сопылық ілім иманның
қорғаушысы, мемлекеттің тірегі, халықтың ұйытқысы, ар мен имандылықтың,
әділет пен туралықтың көзі болды. Сондықтан да Имам Ғазалидің сопылықты,
иманды қорғаушы күш ретінде философия, қалам және т.б. діни ілімдерден
артық санағандығы мәлім. Бірақ, XIX ғасырда осы ақиқаттың негізгі
ұстанымдары мен мұраттарынан қол үзіп жаттанған түркілік әлем Ясауитану
саласына да Батыстың көзімен қарай бастады (Бұл жерде Яссауи мәдениеті,
Яссауитану дегенде түрік сопылық дүниетанымын, түрік халық мұсылмандығын,
жалпы түркілік мұсылмандық түсінікті ұсынуымыз керек. Өйткені, Яссауи
мұрасы – ұлттық мәдениетіміз бен тұтастығын рухани болмысымыздың айнасы).
Соның нәтижесінде сыртқы идеологиялық орталықтардың нұсқауы мен пірлерін
мойындау арқылы өз ұлтымыз бен өркениетіміз жайында өте қауіпті, жаңсақ
көзқарастар мен құлдық сезімге бой алдырдық. Олар ешқандай ғылыми негізсіз
әдебиет ойлап тапты. Тіліміз, мәдениетіміз, тарихымыз туралы жаңа жол
көрсетіп, бізді өзімізге “таныстырды”. Ал біз олардың әдебиетіне бірте –
біре илана бастадық. Өз мәдениетімізді басқалардың көзімен тануға мәжбүр
болдық. Өйткені біз ол кезде еркін ойлауға бастайтын ерік – жігерден марқұм
қалған болатынбыз.
Өткен ғасырдың 20-жылдарының басында-ақ Яссауи Орта Азия және Қазақстан
ғалымдары тарапынан “кедейлердің, езілгендердің” жаршысы ретінде көрсетіле
бастады. Яссауи ілімінің жоғарыда айтқан имандылық пен ұлттық мәдени
болмысты қорғау ерекшелігі кеңестік идеологтардың да назарынан тыс қалған
жоқ. Олар сопылық дүниетанымның ойлау категориялары мен жүйесін,
ұстанымдары мен мұраттарын, Ясауи іліміндегі фақр тұжырымдамасы мен зикр
теориясын және сал – серілік мәдениетінің ұстанымдарын өз мүдделері
тұрғысынан қолдана білді [10;17б]. Кеңестік идеология ғылыми атеизм мен
атеизмнің философиялық – онтологиялық негізі ретінде де пантеизмді
көрсетті. Олар ғылыми атеизмді таратуда маркстік әдісті қолданып, Ясауи
мәдениетін панкосмизм, пантеизм ретінде түсіндіріп бақты. Бұлар да “тезис-
антитезис-синтез” сияқты гегельдік үштік ұстанымға негізделген болатын.
Яссауидің “зікір (зикр) теориясын” – тезис, оған қарама қарсы “ғылыми
атеизм” ұстанымдарын – антитезис, адамзатты трансцендентальдық және діни
жаттанудан құтқаруды – синтез, яғни “түпкілікті мақсат” ретінде анықтады.
Яссауи іліміндегі зікір (зикр) – Тәңірді ешқашан естен шығармау, әр дем
сайын, әр уқыт оны өз рухында сезініп, сүю, онымен бір мәнге айналу,
Тәңірмен бір болу жолындағы әдіс болса, алғаш ғылыми атеизм зікірге қарсы
үгіт – насихат ұйымын құрып, адамның санасы мен рух әлеміндегі Тәңір
түсінігін ұмыттырмау үшін ойлап табылған ілім болды. Ғылыми атеизм, Тәңірді
әр уақыт естен шығармау ұғымына, яғни зікір тезисіне антитезис ретінде
Тәңірді ұмыттыруды қойып, қоғамға қажетті атеист адам тәрбиелеп шығаруды
синтезіне, мақсатына айналдырды. Бірақ бұл мақсаттары іске аспады. Өйткені,
Ясауи ілімі адамды шынайы адамдықтың мәні мен санасына жеткізетін, өз
ақиқатын танытатын, ешқандай идеологиялық әдебиеттерге негізделмеген
Хақиқаттың ақ жолы болатын. Оның ілімі бойынша Тәңір адамның өз рухында, ал
өзінің қашып құтылудың жолы жоқ. Бір жол бар – ол Тәңірге мойынсыну, иманға
келу.
Кеңестік идеологияда кең тараған әдіс – дүниетанымдық құндылықтар
жүйесін құрайтын басты ұйымдардың мазмұндық мәнін өзгертіп, формалық
үйлесімділікке ұмтылатын аксиологиялық трансформациялық метод. Бұл тұрғыдан
да Яссауи іліміндегі фақр философиясының ғылыми атеизм мамандары тарапынан
қолданылғандығын көреміз. Олардың үгіт – насихаттарына үңілсеңіз, “Бізде
кедейміз, біз үшін де кедейлік асқан мақтаныш. Өйткені, құрып отырған
мемлекетіміз пролетариат диктатурасы. Кеңес адамы дегеніміз – кедей адам.
Кеңес ұлты дегеніңіз кедейлік. Яссауидің де армандап кеткен мұраты осы
езілген кедейлердің билікке жетуі болатын...” – деп К. Досай түсіндіріп
өтеді. Кеңестік идеология тұсында лауазымды қызметкерлер үшін кедей – шаруа
тегінен шығудан асқан артықшылық болған жоқ. Бұл кеше болатын.
Бүгін бұл сала, яғни Йасауитану мәселесі тәуелсіздіктен кейін
Қазақстанда да қарқынды зерттеу нысаны ретінде ешқандай ұрансыз-ақ өзімізді
тану мен ұлттық – мәдени болмысымызды жандандырудың, жаңғыртудың негізіне
айналды. Бірақ, оның ілімін тереңірек тану, мұрасын игеру жағынан келгенде
ескі сарындардан әлі де арыла алмай келеміз. Бұл туралы академик Ә.
Нысанбаев: “Қаншама жыл бойы идеологиялық үгіт – насихаттың шырмауына түссе
де, қарапайым халық “Әзірет Сұлтан” деп пір тұтқан, қабірінің басына барып
тәу еткеннің өзін “кіші қажылық парызымды орындадым” деп көңіл марқаятын
ұлы тұлғаны біздің ғалымдарымыз әлі күнге дейін “мұсылман мистицизмінің”,
“миссионерлер сопылық әдебиеттің” ірі өкілі деп марапаттаған болып жүр.
Мұндай материалистік ұшқырлық пен еуропаорталықтық түсінік табынан
арылмаған қасаң рационалистік әдіс арқылы Яссауи даналығының сырын білмек
тұрмақ, маңына да жолай алмаймыз...” - деп, бұл ілімге соны арнаның арнайы
көзқарас пен әдістің қажеттілігіне меңзейді. Әдебиетші – ғалым Т. Есембеков
болса: “Исауитану бойынша зерттеулер “Болмыс бірлігі” тұжырымдамасына
негізделген ғашықтық философиясының негізгі ұстанымдары тұрғысынан
қарастырылу керектігі туралы орынды ой түйіп, Ясауи мұрасын жасанда түрде
қазіргі заманға икемдеу немесе керегін ғана алу емес, керісінше, өлмейтін
мазмұнды оның ішкі дамуы және уақыт төрешілігіне байланысты табиғи болмысын
сақтай отырып пайымдау” - деп, Йасауитану саласының бағытын бағдарлауда
маңызды ұстаныстар айтады.
Егеменді еліміздің алғашқы күндерінен бастап Ахмет Яссауи
дүниетанымының қазақ философиясы тарихындағы орны мен маңызы жалпы сопылық
туралы зерттеулерде көріне бастады. Дегенмен, бүгінге дейін қорғалған
диссертациялардың қолданған методологиялық – ұстанымдық сипаттары
тұрғысынан кешегі еуропаорталықтық ойлау қалыбынан шыға алмағандығын
айтуымыз керек.
Яссауи дүниетанымы кешегі батыстық ғылыми философияның категориялық
аппаратына сия бермейді. Оның қазақ философиясы тарихындағы орнын, өзіндік
дүниетанымдық – көзқарастық мәнін сопылық категориялар, ұстанымдар мен
ұғымдар арқылы ғана аша аламыз.
Яссауи дүниетанымын ислам философиясы мен өркениеттің ажырамас бөлігі
ретінде қарастыру арқылы түсінуге болады.
Сопылық дүниетаным толығымен адамның моралдық - психологиялық қырын
ашуға бағытталған ілім. Яғни, Яссауи ілімі – ар түзейтін ғылым. Сондықтан
да сопылар бұл ілімді “қал емес, хәл ілімі” деген болатын.
Яссауи іліміне өз мәдени – дүниетанымдық болмысымыз тұрғысынан қарауға
маңыз беруіміз керек. Бүгін “мен”, “менің ойымша” дегенмен де әлі Батыс
мәдениетінің менінен, ойлау қалыбынан, методологиялық шырмауынан шыға алмай
келеміз. Басқа мәселелерді қозғамағанда, филос.ғ.д., профессор А. Әбуовтың
Мансур ал-Халлаждың Ана-ал-Хақ сөзін “Мен – Тәңірдің ұлымын” (Я сын Божий)
деп ұғындырып, Ясауиді оған ұқсатып, оның “Айналайын нұр жүзіңнен, ей
Алла”, - деген Тәңірдің “Жамал” сипатын, антропоморфтық бейнелеу символын
еретикалық түсінік ретінде танытушы. философия тарихи тұрғысынан уақыт
деген категорияның құнсыздануы дер едік. Ясауиді кешегі философиялық
қалыптарсыз жалпы тұтастық, даналық тұрғысынан өз ілімінің ұғымдары арқылы
оның қазақ философиясы тарихындағы орнын белгілеуге әбден болады. Дегенмен,
А. Әбуовтың еңбегі Яссауи дүниетанымын философиялық тұрғыдан зерттеуде
алғшқы болуымен құнды. Зеттеуші
Қ. Бегалинованың еңбегінде де осы типтес әдеттегідей сарындар болғанымен,
сопылық категорияларды меңгеруде, құбылыстық – ұғымдық түсініктерді
анықтауда жемісті нәтижелер көрсеткен. Белгілі ғалым М. Жармұхамедұлының
Қазақстандық Йасауитану саласындағы қажырлы еңбегіне лайықты бағасын
беруіміз керек. Дегенмен, Яссауи хикметтерінің қазақ тіліндегі
аудармаларына келсек, транскрипциясының қателіктерін қоспағанда, көптеген
терминдер мен діни және сопылық дүниетанымдық ұстындардың негізгі
мазмұнынан айрылғандығын көруге болады, 128б. Бұл “Диуани хикметтің”
қазақша нұсқасының қайта қолға алынуы қажеттілігін көрсетеді.
Сонымен қатар, еліміздегі Йасауитану саласында келелі, үмітке толы
еңбектердің де бар екенін атап өтуіміз керек. Мысалы, А.К. Ахметбекованың
Яссауидің хәл ілімін – адамды рухани жетілдірудің концепциясы ретінде
сопылық дүниетанымдық негізіне сай хәл, мақам, әлем категориялары
тұрғысынан ашып көрсете білуі Қазақстандық Йасауитану саласының даму
сатысына өткендігін көрсетеді. Ясауи ілімінің төл мәдениетіміз бен
тарихымыздағы орны және рухани сабақтастығы туралы зерттеулерден де қалыпты
жүйелілік көруге болады. Белгілі философ, академик Ә. Нысанбаев өз
еңбегінде Қазақстандағы исламдық мәдениеттің қалыптасуындағы әл-Фараби, Ибн
Сина, Баласағұни, Қашқари, Йгүнеки, Ясауи, Бақырғани, Абай және Шәкәрім
ілімдерінің маңызы мен орнына жүйелі түрде тоқталып, заман талабы
тұрғысынан нақты баға берген. Ол Ясауи ілімінің негізінде Еуразия
кеңістігіндегі ислам мен үйлесімділігі үшін құнды шешім жолдарын ұсынады.
Белгілі Абайтанушы – ғалым М. Мырзахметов Яссауи мен Абай арасындағы
сабақтастық пен мәдениетіміздің сопылық ілімінің мәнін саралап көрсеткен.
Шығыстанушы – ғалым Ә. Муминовтың көп жылдардан бері Ясауи тариқатының сол
дәуірдегі ислам өркениетіндегі орны, қалыптасу тарихы туралы тұжырымдары
өзіндік құндылықтармен танылады. Йасауитанушы З. Жандарбек Яссауи ілімінің
қазақ мемлекетінің (хандығының) құрылуындағы маңызына назар аударып отыр,
44б. Н. Нұртазинаның Яссауи мұрасының тарихы және танымдық мәнін төл
категориялық ұғымдарын сақтай отырып, бүгінгі күн талабы тұрғысынан
үйлестіру жолындағы ұсыныстары құндылығымен ерекшеленеді. Ясауи ілімін
моральдық – аксиологиялық және әлеуметтік өмір талаптарына сай қолдану
аясын философиялық тұрғыдан қарастырудағы Ғ.Есім, С. Нұрмұратов, Қ. Әлжан
және А. Мейірмановтың еңбектерінде де атап көрсетуіміз қажет [11; 216б].
Әсіресе, бүгінгі күн талабынан Ясауи ілімін төл мәдениеттік басқа
елдің, әсіресе, қатыстық зерттеулердің тұжырымдарын есепке алып,
салыстырып, отыру маңызды мәселе. Америкалық ғалым Девин Де-вис өзінің “ХIX
ғасырдағы Орта Азиядағы ақсүйектер әулиетінің саясаты: деректер мен
насабнамалар (генеалогиялық құжаттар) негізіндегі Қожа Ахмет Яссауи
шежіресі” атты мақаласында оның дүниетанымына қарағанда генетикалық
артықшылық негізінде жүргізілген Түркістандағы саяси - әлеуметтік
қақтығыстар мен тартыстар мәселесіне баса назар аударса, ал “Алим шайх
Алиабади және оның Ламахат мин Нафахат – ил Кудс” атты еңбегі негізінде
XVII ғасырдағы Орта Азияда Яссауи тариқаты мен Парсы – Хожаган силсиласы -
деген мақаласында Ясауидің ХIII ғасырда өмір сүрген деп көрсетеді. Ал оның
туған жылы әзірге белгісіз болғанымен, өлген жылы тарихи деректерде 562 –
11667 жыл деп көрсетілген, яғни оның XII ғасырда өмір сүргендігі анық.
Кеше сыртқы саяси күштер кеңестік идеологияға қарсы Яссауи және
Ясауитану жайында жүргізілген зерттеулерде түркілік дүниетаным
құндылықтарының тұтастығы тұрғысынан баға беріп, оған жалпы түркілік
мәдениеттік негіздің ұйытқысы ретінде қарады. Ал бүгін сол сыртқы саяси
күштер Яссауи төңірегінде тарихи қалыптасқан құндылықтар негізінде оның
ілімінің тұтастыққа үндеу қорына емес, одан қоғамды ыдырататын саяси
элементтерді шығаруға тырысып, жаппай жаһанданудың Орта Азия саясатына
“ғылыми” тұрғыдан қолдау көрсетіп отыр. (Мұның негізінде сыртқы саяси
күштер Орта Азияда геостратегиялық және геополитикалық кикілжіңдердің
қолдан жасау мүмкіндіктеріне ие болатын болса, Яссауидің XIII ғасырда
тұрғызып, Кіші Азиядағы оның сопылық ілімінің мұраларының ғылыми тұрғыда
негізсіз деп тауып, нәтижеде түркілік мәдениеттік, діни және дүниетанымдық
ортақ құндылықтардың көзі ретінде танылған Яссауи ілімін тек Қазақстан мен
Орта Азия шеңберінде шектемек болады. Бұған “ғылыми” негіз дайындап,
мемлекеттік саяси бағыттар мен бағдарламаларына ұстанатын болады. Бұл
көріпкелдік емес, тарихи ориенталистика ғылымының негізгі методологиясы.
Бұл ориенталистердің кез келген мәдениетті зерттеуіндегі басты мақсат).
Жалпы, тарихи ориенталистикда ғылым ғылым үшін емес, өз қоғамының саясаты
үшін жүргізіледі. Ориентализмнің орнын басқан (XIX ғасырдан бастап)
антропология батыстық отаршылдық сананың жаңа бір қырын ашуға көмектесіп
келеді. Батыс антропологиясы бойынша зерттеулердің мақсаты – оларды одан
әрі қарай отарлау, езудің озық үлгісін, әдіс – айласын табу. Мысалы,
америкалық ғалым А. Бодроглигетти Яссауидің хикметтерін “екінші Құран”
ретінде танытады. Бұл әрине, түрік мұсылман әлемінде кеңінен тараған
түсінік. Оның ешқандай ғылыми жаңалығы жоқ. Бірақ біздің батыстың ғылымы
тұрмақ, мектеп жасындағы баласының жазған хикаясына да өзеуреп тұратын
дертіміз бар. А. Бодроглигеттидің айтқандарын осыдан бес ғасыр бұрын Махмұт
хазани айтып, Ахмет Яссауиды “Ахмед-и Санидүр ол, Сұлтан-и Түрк, екінші
Мұхаммет”, - деп танытып, Османлы патшасы III Мұратқа Ясауи мәдениеті
туралы кітап жазып сыйға берген. Орта Азияда Ясауи және оның мұрасына деген
махаббат халық көкейінде “Мәдинада Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет”
ретінде өшпестей нақышталған. Мұндай түсінік сопылық дүниетаным тарихында
көп кездеседі. Мысалы Нақибандиййа тариқатының өкілдері Жалалуддин Румидің
“Мактубаттарын” “Киелі Кітап” (Мактубати – Кудсиййа) десе, Маулауиййа
тариқатының өкілдері Жалалуддин Румидің “Маснауи” атты кітабын “Мағз-и
Құран” немесе “Маснауи - и Мағнауи-и Маулауи-и Хаст Құран дер Зебани-и
Пехлеуи”, яғни “Маулананың Маснауи кітабы парсы (пехлеви) тілінде жазылған
Құран, Маснауи-Құранның мәні, рухы” деп қараған. Ал Имам Ғазалидің атақты
“Дін ғылымдарының жандануы” атты кітабына да Ихйиау қада йакуна ал –
Куранан”, яғни “Ихйиа (кітабы) – Құранның тура өзі дейді. Демек, сопылық
дүниетаным – исламның мәні, сондықтан да мұндай түсініктер де дін үшін
теріс емес. Бірақ, Ясауи ешқашан өзін мен “екінші Мұхаммедпін немесе менің
хикметтерім екінші Құран” деген жоқ. Ол “... Менің хикметтерім Хадис
қазынасы; “фарман-и субхан” оқып танысаң, “Һәмме мана-и” (барлық мағынасы)
Құран, “инам-и Аллах”, Құдайымның сөзінен (Құраннан) шыққан бұл хикмет,
естігендерге жауар “баран-и рахмет” (Алланың рахмет нұры)”, - деп,
хикметтерін Тәңірден берілген құт, Құран мен хадистің мәні ретінде
анықтайды. Ал жоғарыдағы Махмұт Хазинидің берген бағасы оны бар
махаббатымен сүйген халықтың терең құрметі мен ықыласынан туғандықтан
мәдени – дүниетанымдық рухымыздың (менталитет) терең қазыналы қойнауынан
өшпес орын алған. Бірақ бүгінде рухани құндылықтарымыздың басы болып
табылатын Ясауи мұрасы мен мәдениетін басқаша түсіндіріп, өз мүддесіне
қолданғысы келетіндер де табылады. Мәдениетіміздің де Ясуи мұрасының да
отанымызда қайта жаңғыруына, ислам рухының жандануына бөгет болғысы
келетін, “дініңді менен үйрен” дейтін кейбір ғұламасымақ – дүмшелер де
табылады. Ондайлардың пиғылын мәдениеттанушы – ғалым Н. Нұртазина “...
Олардың мақсаты – елімізде енді-енді есін жиып, тіріліп, тәй-тәй басып келе
жатқан исламның жүрегін оятқызбай, оны әдет-ғұрып пен құр сөз деңгейінде
қалдырып, дүмшелік жолға бұрып жіберу, сөйтіп, исламды мәдениет негізіне
айналдыруға тосқауыл жасау” - деп, өте дәл анықтаған.
Танымдық – социологиялық қорынан сараптағанымызда Яссауи жолының
маңызын оның өсіріп, тәрбиелеген шәкірттері, олардың қалдырған еңбектері,
құрған ұйым-теккелері (зауия, лангер), іс-әрекеттері, ұлттық философиямызға
енгізген ойлау жүйесі мен моральдық – этикалық құндылықтарының
тарихымыздағы іздерінен анықтауға болады. Ол үшін Яссауи ілімінің негізгі
ұстындарын таратушы шәкірттерін, олардың еңбектері мен осы ілімді тарату
әдістері мен кеңістігін, жалпы мәдениетіміз бен тарихымыздағы орнын негізгі
адам мәселесінен бөлек қарастыра алмаймыз. Кешегі кеңестік дәуірде адамды
мәдениетінен, тарихынан бөлектеп үстірт қарастырып келдік. Бүгінгі таңда
адамның мәдениеті оның еркіндік кеңістігі ретінде танылып отыр. Ал сол
еркіндік кеңістігіміздің Яссауи ілімі арқылы жаңа сипатқа, мазмұнға ие
болғандығы анық.
Яссауидің өмір сүрген кеңістігі мен уақыты стратегиялық және саяси
тұрғыдан өте маңызды кеңістік болса, мәдени және діни философиялық көп
қабаттылығы жағынан да өркениеттердің тоғысқан жері, сауда – экономикалық
жолдардың торабы болатын. Міне, түріктер осындай қайнаған тіршілік
негізінде арабтар мен парсылардың, шығыста Қытайдың, ал батыста Ресейдің
қыспағына қарамастан, ислам – сопылық ілімі арқылы өзіндік жаңа сипаттағы
дәстүрлі түркілік дүниетанымдық арнасының көзін аша білген болатын.
X – XI ғасырда Фиқх, калам, тафсир сияқты исламның діни ғылымдары еркін
ойлау қабілетінен айырылып, тығырыққа тірелген тұста сопылық ілімі ислам
мәдениетінің кеңінен өрістеуіне бірден бір ықпал еткен ағым болды.
Мауераннахр мен Түркістанда түркілік мәдениет жаңғырып, ренессанс дәуірін
басынан өткерді. Осы орайда атақты ориенталист Х.А. Гиббтің: “... Түріктер
парсыланудың орнына, парсылар түріктеніп кетті” - деуі де ислам
мәдениетіндегі сопылыққа берілген орынды баға болатын. Түрік мемлекетінің
саяси, әрі мәдени – дүниетанымдық негізде қалыптасуы мен ондағы адам
санасының құндылықтық – құбылыстық рухани жаңғыруының көш басында алғаш
түркілік руханият мектебінің іргетасын қалаған ұстаз Қожа Ахмет Яссауи
тұрды. Оның ілімі традиционалист ғұламалардың формализміне, сыртқы ғибадат
феноменологиясына қарсы мән, мазмұнға маңыз берген шынайы парасаттылық пен
адамгершілік ұстанымдарын қалыптастырды. XII ғасырдан кейін Ислам әлемі
сопылық дүниетаным, акилік сияқты кәсіпкерлік бірлестіктер, тариқат түрінде
текке (зауиййа, лангерлер), рибаттарға рухты тәрбиелеудің қоғамдық ошағына
айналды [12; 27б].
Яссауи ілімі уақыт тұрғысынан XII ғасырдың екінші жартысында
Мауераннахр, Түркістан, Ферғана (бүгінгі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан
және Түркіменстан мен Тәжікстан) территориясына таралды. Міне, осы жерлерде
Ясауи ілімінің жаңа рухани құндылықтарын жалғастырушы шәкірттері адамзат
тарихында өзіндік із қалдырып, түркілік мәдениет негізінде құрылған барлық
тариқаттар осы Яссауийа тариқаты негізінде қалыптасты. Мұны Нақшбандиййа
Мұхаммед Бахауиддин Нақшбанди (1389 ж.қ.б.) мен Кубрауиййа (Нажмддин Кубра
- 1221 ж.қ.б.) силсиласынан Ахмет Ясауи шәкіртінің орын алуынан – ақ
көруге болады. Үндістандағы Ясауи мәдениетінің мұрагерлері Хайдариййа
тариқаты болатын. Бұл туралы деректерді XIV ғасырда жазылған Ибн Баттутаның
“Саяхаттамасынан”, кейініректегі Симон Дигбу, Терри Зархонъе сияқты
зерттеушілердің еңбектерінен кездестіруге болады. Онда XVI ғасырға дейін
Синд, Пенджаб аймақтарында Ясауи дәруіштерінің ілімі таратқандығы туралы
мәліметтер бар. Кіші Азия – Анадолыда Ясауи ілімі XIII ғасырдың бірінші
жартысынан бастап, Хайдарилік тариқаты арқылы ене бастады. Кейінірек XVI
ғасырдың басында құрылған Бекташиййа тариқаты да Ясауи ілімінің жалғасы
болып табылады. Алтын Орда, Өзбек Хан (1313 – 1341) кезеңінде Исламның
ресми дін ретінде танылуы нәтижесінде сопылық ілім Еділ бойына XIII – XIV
ғасырда таралды. Сопылықты Бұлғарларға әкелген Яссауийа тариқатының
өкілдері болды. Солар арқылы Ислам қалалықтардың, саудагерлердің діні
сипатынан арылып, көшпелілердің арасына тереңдеп жайылды.
Бұл кеңістікте Яссауи ілімі Исламның мәні ретінде қабылданып, XII – XIV
ғасырлар арасында Орта Азия, Таяу Шығыс, Үндістан жеріндегі саяси оқиғалар
(мәдениет көші) негізінде Хорезм, Хорасан, Әзірбайжан арқылы Кіші Азия –
Анадолы атырабына, одан Балқан, Еділ – Оралға дейінгі аймаққа жайылды.
Ясауийа тариқатының ықпалы кейінгі дәуірлерде қазақ – қырғыздар арасында
шектеліп қалды. XVI ғасырға дейін Ферғана, Ош, Өзбекстан жерінде өзінің
жандылығымен танылса, XIX ғасырдан ХХ ғасырдың 70-ші жылдарына дейін яғни,
Кеңестік дәуірде де аты аталған аймақтарда тіршілігін сақтап қалды. XIX
ғасырдың екінші жартысында Қырғыз жерінде Сәнуар (1870) шайхтың
басшылығымен Яссауийа тариқаты Лахшылар (Аллаһчы) атымен қайта жаңғырды.
Кейіннен бұл тариқат кеңестік режимге қарсы көтерілістерге мұрындық болды.
1920 жылы осы “Лахчилер” тариқатының жалғасы ретінде Әбутәліп Сатыбалдиев
деген шайхтың басшылығымен “Шашты ишандар” тариқаты шығып, кеңестік
атеизмнің үгіт насихаттарына қарсы астыртын іс-шаралар жүргізеді. 1955 жылы
Өзбекстанда Мадарифов Тұрсынбай Иман, кеңестік жүйеге қарсы ашық соғыс
жариялаған. 1961 жылы бұл әрекет әшкереленіп, кеңес өкіметі оларға қарсы
Орта Азия Дін Істері Басқармасы арқылы күрес жүргізеді. Нәтижесінде
сопылар жеке-жеке тұтқындалып, Сібірге жер аударылады. Бұл туралы
деректерді С. Мамбеталиевтің 1969 жылы жарияланған “Киргизиядағы кейбір
мұсылман ағымдарының қалдықтары және олардың тарихы” атты еңбегінен,
сонымен қатар Яссауи ілімінің кеңес дәуірінде сақталуы мен қоғамдағы орны
туралы француз зерттеушісі
А. Беннигсонның “Сопы және Комиссар: Ресейдегі Ислам тариқатттары” атты
кітабынан оқып танысуға болады.
Ахмет Яссауидің хикмет дәстүрі қазақ даласында сал-серілік, терме-нақыл
сияқты моральдық, ғибраттық мазмұнда дамыды. Бұл жердегі хикмет ұғымы
алғашқы дәуірлерде жалпы “пайғамбардың уағызы, насихаты ғибраты” деген
мағыналарда қолданылған. Е. Тұрсынов, сал-серілік туралы былай дейді: “Сал-
серілік шығармашылығы мен дәстүрінің тығыз ішкі байланыстылығына қарағанда,
серілер-сал типінің негізінде өткен ғасырда қалыптасқан өнер иелерінің жаңа
түрі деп айтуымызға болады” дей келе, “сері” сөзінің арабтың “сейір” және
онымен түбірлес “серуен”, “сайран салу” сөздерімен байланыстырылады. Саир-
араб сөзі, ал термин ретінде Ясауи ілімінің дүниетанымдық рухани әлемін
анықтайтын негізгі ұғым. Бұл туралы Ясауидің кемел адам тұжырымдамасы
бойынша көрсетеді. Ал “сал” ұғымы сопылық терминологияда рухани кемелдену
жолын білдіретін “еулук” сөзінің қазақ тіліндегі өзгеріске ұшыраған
формасы. Атақты этнограф – мәдениеттанушы А. Инан сал-серіліктің қазақ
мәдениетіндегі маңызына тоқтала келіп: “... қазақтар, моңғолстан, Алтай
аймағынан Еділ (Волга) жағалауларына, Ауғанстан мен Иран шекарасынан Тобыл
– Ертіс аңғарына, Памирден Орал тауларына дейін созылып жатқан кең байтақ
кеңістікте өмір сүргенімен ортақ бір тілде сөйлейді. Заңы мен әдет –
ғұрпында ешқандай өзгешелік жоқ. Мұндай жоғары дәрежедегі бірліктің себебі
“сал серілері” деп аталатын ақын – жыраулары мен өнерпаз – алып ерендерінің
бүкіл қазақ даласын толассыз аралап, ру-тайпалар арасында жүргізілген
ғибраттық-насихат дәстүрлерінен болса керек” - дейді. Шындығында, қазақ
мәдени қабатындағы сал-серілік институты хақиқатқа барар жолдағы адамдардың
рухани бірлігін, туыстығын, ынтымақтастығын қоғамға өнеге ретінде көрсеткен
орталық болған.
Қазақ даласында қойдың пірі – Шопан Ата, сиыр малының пірі Зеңгі баба,
түйенің пірі – Ойсыл қара (Уайс ал – Карани), жылқының пірі – Жылқышы Ата
(Қамбар Ата) деген ұғымдар бар. Бұлардың әрбірі бір түліктің атасы деген
түсініктен бұрын, ислам тарихынан орын алған Зеңгі Баба мен Уайс Ал-Карани
сияқты сопылық мәдениетте маңызды із қалдырған тарихи тұлғалар. Жоғарыдағы
сопылардың қазақ мәдениетінде төрт түлік малдың атасы ретінде танылуында да
сопылық дүниетанымның ықпалы бар. Мысалы, сопылықта “ахилік (бауырластық)”
институты, бүгінгі тілмен айтқанда, “маманданған сопылар бірлестігі”
болған. Қазақ арасында “ұста және дүкеннің киелілігі” құбылысы осы
бірлестіктің төл мәдениетіміздегі іздерін көрсетеді. Бүгінде Яссауи
мәдениетінің Кіші Азиядағы жалғасы болып табылатын Бекташилер дәстүрінде
ұста, дүкен, темірші, етікші, наубайшы және т.с.с. қолөнер иелерінің
бірлестігі осы сопылық ахилік дәстүрі негізінде жалғасып келе жатыр. Н.
Нұртазина да сопы-ғалымдар, сопы-патшалар, сопы-елшілер, сопы-шопандар,
сопы-теологтардың болғандығын, олардың ортақ белгілерінің арлылық, адалдық,
Алланы және адамды сүю, сонымен қатар әртүрлі мамандық иелері болу
екендігін айтып, сопылық-ахилық институтының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Белгілі әдебиет зерттеушілері
Қ.А.Ясауи кесенесі
Бейнелеу өнері сабағында көне мұраларды оқыту арқылы оқушылардың рухани білімін дамыту
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Хафиздің өмірі мен шығармашылығы
Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері мен идеялары
Пәндер