Бастауыш мектепте сөздік қорды молайтуға септігі бар есім сөздерді іріктеу



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.3

I. Бастауыш мектепте сөздік қорды молайтуға септігі бар есім сөздерді іріктеу...4.8
I. 1. Окушылардың сөз байлығын кеңейтуге ықпалы бар есім сөздер (оқулық мәтіндер) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.13

II. Сабақтың құрылымы және оны өтудің әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... .14.23
II. 1. Бастауыш мектеп оқушыларына лексикалық амал.тәсілдер арқылы есім сөздерді ұғындыру. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.34
ІІ.2. Бастауыш мектеп оқушыларына грамматикалық тәсілдер арқылы есім сөздерді меңгерту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35.36
П.2.1. Сөз жасамды оқыту барысында есім сөздерді ұғындыру ... ... ... ... ... ... .37.40
11.2.2. Сөз таптарын оқыту барысында есім сөздерді ұғындыру жұмыстары..41. 45.
11.2.3. Сөз тіркесін оқыту барысында есім сөздерді ұғындыру.46.50
И.2.4. Сөйлемді окыту барысында есім сөздерді ұғындыру ... ... ... ... ... ... ... ... 51.52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53.54

Пайдаланылғанәдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55.57
Кіріспе
Диплом жұмысының көкейкестілігі қазақ елі өз алдына отау тігіп, іргелі мемлекеттердің біріне айнала бастағалы мектептерде қазақ тілін оқыту мәселесі күн тәртібіне қатаң түрде қойылып отыр. Оның себебі мемлекеттің мемлекеттік тілсіз өмір сүруі мүмкін емес. Міне, сондықтан қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының бар саласы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту, аса өзекті мәселелердің біріне айналды. Себебі тілі дамымаған баланың ойы дамымайды. Ал ойсыз шала баланың келешекте елін, жерін сүйетін адал азамат болып өсуі екіталай. Міне, осы тұрғыдан келгенде тіл дамыту жұмысын неден?, қалай? бастау керек деген аса күрделі сұрақ туады. Мұны шешудің ең бірінші жолы бала тілін есім сөз меңгерту арқылы байыту. Дүние жүзі ғалымдары Каримов, Рыбако, Гоноболин, Лесбаев, Битаев дәлелдегендей бала тілі алғаш рет есім сөздерді пайдалану арқылы шығады. Сол сөздер арқылы өзінің ойын білетін т.б. сөздерді жеткізеді. Олай болса , бастауыш мектепте балалардың сөздік қорьн есім сөздерді жан-жақты меңгерту арқылы молайту ең өзекті мәселенің бірі.
Диплом жұмысының мақсаты: бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндеріндегі есім сөздерде лингвостатистикалық әдіс арқылы анықтап, сол арқылы бала тілін дамыту сөздік қорларын молайту.
Диплом жұмысыныц міндеттері.
Қойылған масатты шешу үшін :
- есім сөздерді іріктеу;
- есім сөздерді сабақ үстінде меңгерту әдіс тәсілін анықтау;
- есім сөздерді анықталған әдіс-тәсілдер арқылы меңгерту.
Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан:
- бастауыш мектепте оқыту әдістемесін зерттеуде;
- есім сөздерді меңгертудің әдістемесін жасауда ;
Практикалық тұрғыдан :
- бастауыш мектеп мұғалімдері.
- жоғары оқу орнының студенттері сабақ өту барысында әдістемелік
көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
Диплом жұмысының ғылыми болжамы.
Лингвостатистикалық әдіс арқылы анықталған есім сөздерді біз ұсынған әдіс-тәсілдер арқылы меңгертсе балалардың қазақ тілінен алатын білімдерін тереңдетуге, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері.
Диплом жұмысын жазуда лингвостатистикалық талдау, жинақтау, салыстыру және бақылау әдістерінен пайдаланылады..
Диплом жұмысының құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Уайсова Г. Бастауыш класс оқушыларына алғашқы лексикалық
ұғымды беру кіт. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы
А:Мектеп 1987-80-99 бет.
2. Әміров Р. Асқарбаева А. 2-3 класс Қазақ тілі оқулыгына
методикалық нұскду (орыс мектептері үшін) А: мектеп 1983-63
бет.
3. Әміров Р. Бірінші класта окушылардьң тілін дамыту үшін істелетін
жұмыстар А: 1957-51 бет.
4. Бозжанова К. Әміров Р. Бастауыш мектепте казж; тілін оқыту А:
Мектеп. 1964- 84 бет.
5. Үйықбаев И.Қ. Қазақ тілі методикасының очерктері (екінші басылуы)
А: Қаз. мем. ОПБ. 1962 - 108 бет.
6. Рахметова С. Бастауыш сыныптарда сқушылардың тілін ұстарту А:
Рауан. 1997- 140 бет.
7. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазу тілін дамыту А:
Мектеп. 1978-70бет.
8. Ахабаев А. Бектиев Қ. Текст единицалары және олардың
сипаттамалары кіт: Қазақ тексінің статистикасы А. 1973-25 - 30 бет.
9. Балақаев М. Қазақтілі мэдениетінің мәселелері А., 1965
Ю.Мырзабеков С. Статистико - лингвистический анализ структуры глаголы современного казахского языка По роману Ауезова М. О 11 Абай жолы" А. 1973 - 32 стр.
11 .Ахабаев А Статистичсский анализ лексико морфологический структоры языка казахской публицистики 197421 стр.
12.Байтанаева Д Информационные характеристики казахского текста А. 1985-17стр.
ІЗ.Жұбанов А. X Статистические исследования казахского текста с применением Э.В.М На материале романы М. Ауезова "Абай жолы" 1973 -37 стр Единный лексический минимум М. 1985- 64 стр.
14.Штейнфельд Э. Частотный словарь современного русского летературного языка //Русский язык национальной школе 1962 №6 13-16 стр.
15.Фрумкина Р. М. Объективные и субъективные оценки вероятностей слов // Вопросы языкознания 1966 №2 90-96стр.
ІО.Львов М.Р. Тенденция формирования грамматического строя писменной преч учащихся в средней школе Магнитогорск 1972- 447 стр.
17.Морковкин В.В. Сафьян Ю.А. Степанова Е.М. Дорофеева И.Б Лексические минимумы современного руского языка (отв. ред. В.В. Морковкин) М. 1985-608 стр.
18.Становление речи и усвоение языка ребенком Сост и автор предисловие Н.И. Лепская сб. Статей МГУ М. 1985- 116 стр.
19.Бектаев Частотный словарь языка Абая МКУС Л. 1966.
2О.Аралбаев А Вокализм казахского языка 1970 Татубаев С. Статистичский анализ спектор гласных А, 1968
21 .Прудникова А.В Лексика в школьнем курсе русского языка М., Просвещение 1979-143 стр
22.3ак А.З Как определить уровень развитие мышление школьников- М,. Знание 1987-96 стр.
23.3ак А.З. Развитие теоретического мышйх младшая школьников- М, Педагогики 1984- 152 стр.
24.Менчинская Н.А Моро М.И Вопросы методики и психология обучения арифметике в начальных классах
25.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии Учпедгиз1946.
26.Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении М Педагогика 1972.
27.Работа над словом на уроках русского языка в начальных классах М, Просвещение 1973 - 144 стр .
28.Н. Богоявленский Н.А. Менчинская Психология усвоения знаний в школе Из - тво АПН РСФСР М 1959 347 стр.
29.Коляденко Г.С. Сенкович М.П. Развитие речи с элементами стилжтики Л.: Просвещение 1981-264 стр.
ЗО.Гонолобин Ф.Н. Психология: Учебние пособие дш педучилище по спец №2001-М.: Просвещение, 1973 - 336 стр.
31 .¥йықбаев И.Қ., Әлімжанов Д., Кәтенбаева Б.Д. Ошқаров А. Қазақ тілі
методикасының мәселелері. 32.Жалпы редакциясын басқарған. И.Қ. Үйықбаев А., Мектеп 1969- 228
бет. ЗЗ.К. Бектаев Қ.Молдабеков Бастауыш класс оқулықтарының тексінің
сөздігі Ш., 1990- 124 бет.
34.Мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің 1957 жылғы апрельдегі республикалық кеңесінің материалдарынан А.,ҚМОПБ 1958 - 248 бет.
35.Мұғалімге қазақтілінен көмек А., Мектеп, 1972,-140 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-3
I. Бастауыш мектепте сөздік қорды молайтуға септігі бар есім сөздерді
іріктеу...4-8
I. 1. Окушылардың сөз байлығын кеңейтуге ықпалы бар есім сөздер (оқулық
мәтіндер) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-13
II. Сабақтың құрылымы және оны өтудің әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ...14-23
II. 1. Бастауыш мектеп оқушыларына лексикалық амал-тәсілдер арқылы есім
сөздерді ұғындыру.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .24-34
ІІ.2. Бастауыш мектеп оқушыларына грамматикалық тәсілдер арқылы есім
сөздерді
меңгерту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .35 -36
П.2.1. Сөз жасамды оқыту барысында есім сөздерді
ұғындыру ... ... ... ... ... ... .37 -40
11.2.2. Сөз таптарын оқыту барысында есім сөздерді ұғындыру
жұмыстары..41- 45.
11.2.3. Сөз тіркесін оқыту барысында есім сөздерді ұғындыру.46-50
И.2.4. Сөйлемді окыту барысында есім сөздерді
ұғындыру ... ... ... ... ... ... ... ... 51-52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53-54

Пайдаланылғанәдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 55-57

Кіріспе
Диплом жұмысының көкейкестілігі қазақ елі өз алдына отау тігіп,
іргелі мемлекеттердің біріне айнала бастағалы мектептерде қазақ тілін оқыту
мәселесі күн тәртібіне қатаң түрде қойылып отыр. Оның себебі мемлекеттің
мемлекеттік тілсіз өмір сүруі мүмкін емес. Міне, сондықтан қазақ тілін
оқыту әдістемесі ғылымының бар саласы бастауыш мектеп оқушыларының тілін
дамыту, аса өзекті мәселелердің біріне айналды. Себебі тілі дамымаған
баланың ойы дамымайды. Ал ойсыз шала баланың келешекте елін, жерін сүйетін
адал азамат болып өсуі екіталай. Міне, осы тұрғыдан келгенде тіл дамыту
жұмысын неден?, қалай? бастау керек деген аса күрделі сұрақ туады. Мұны
шешудің ең бірінші жолы бала тілін есім сөз меңгерту арқылы байыту. Дүние
жүзі ғалымдары Каримов, Рыбако, Гоноболин, Лесбаев, Битаев дәлелдегендей
бала тілі алғаш рет есім сөздерді пайдалану арқылы шығады. Сол сөздер
арқылы өзінің ойын білетін т.б. сөздерді жеткізеді. Олай болса , бастауыш
мектепте балалардың сөздік қорьн есім сөздерді жан-жақты меңгерту арқылы
молайту ең өзекті мәселенің бірі.
Диплом жұмысының мақсаты: бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндеріндегі
есім сөздерде лингвостатистикалық әдіс арқылы анықтап, сол арқылы бала
тілін дамыту сөздік қорларын молайту.

Диплом жұмысыныц міндеттері.
Қойылған масатты шешу үшін :
- есім сөздерді іріктеу;
- есім сөздерді сабақ үстінде меңгерту әдіс тәсілін анықтау;
- есім сөздерді анықталған әдіс-тәсілдер арқылы меңгерту.
Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан:
1. бастауыш мектепте оқыту әдістемесін зерттеуде;
2. есім сөздерді меңгертудің әдістемесін жасауда ;
Практикалық тұрғыдан :
3. бастауыш мектеп мұғалімдері.
4. жоғары оқу орнының студенттері сабақ өту барысында әдістемелік
көмекші құрал ретінде пайдалана алады.

Диплом жұмысының ғылыми болжамы.
Лингвостатистикалық әдіс арқылы анықталған есім сөздерді біз ұсынған
әдіс-тәсілдер арқылы меңгертсе балалардың қазақ тілінен алатын білімдерін
тереңдетуге, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері.
Диплом жұмысын жазуда лингвостатистикалық талдау, жинақтау, салыстыру
және бақылау әдістерінен пайдаланылады..

Диплом жұмысының құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Бастауыш мектепте сөздік қорды молайтуға септігі бар

есім сөздерді іріктеу.

Сөздер тілдік қарым-қатынаста түскен жағдайда ғана балалардың сөздік
қорының құрылымын құрайды. Бұл үшін бастауыш мектеп оқушыларының
оқулықтарын статистикалық әдіспен зертеу қажет.
"Если бы мне предложили сразу, без подготовки, перечислить
то, что характеризует современное языкознание, наверное, мое
перечисление оказалось бы неполным, я, наверное, опустил бы
одну или друтую тенденцию, типичную для языковедов нашего
времени — настолько современное состояние языкознание
Сложно, многочисленно, но, конечно, не опустил бы в качестве
характерной черты интереса к применению статического
метода" — деп, Н.В. Ставровский тіл зерттеуде статистикалық
әдістің ең бір оңтайлы, ұтымды екендігін атап көрсетсе, 95.27.
Қ. Бектаев пен А. Ахабаев сөздердің, сөздік құрамындағы
сөздердің мәнін, сырын ашу және олардың зандарын анықтау-
қазақ лингвистикасының алдында тұрған елеулі міндеттердің бірі.
Қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздерді зерттеп, олардың
стильдік айырмашылықтарын білу арқылы қазіргі қазақ тілі
лексикасын меңгеруге болады" — дей келсе, қазақ тілінің
сөздік құрамын статистикалық әдіспен зерттеу арқылы ғана
ондағы сөздердің қолданылуы, қазақ тілінің лексикасының
құрамын толық ашуға болатындығын атап көрсетеді 96.25-300.
Лингвистикада статистикалық әдісті жетілдіруде
Р.Петровский, П.М. Алексеев, А.В. Зубов, А.И. Цапля,
Р.Фрумкина, М.Р. Львов, А.В. Малаховский, Г. Кенесбаев,
Ғ.Мұсабаев, М. Балақаев, Т. Жанұзақов, Д. Есенғалиева,
А.Хасенова, Ж. Аралбаев, Қ. Молдабеков, С. Мырзабеков, А.Ахабаев,
Д. Байтанаева секілді т.б. ғалымдар өз үлестерін қосқан және қосуда.
І.Кеңесбаев қазақ тіліндегі буындардың түрлері мен фонемаларды анықтау
мақсатында қазақ тіліндегі дыбыстар мен буындарды санап, соның нәтижесі
ретінде тіл білімінің "фонетика" саласын жазады 97..
М. Балақаев әдеби тіл нормасын сақтау мақсатында қазақ тіліне орыс тіліне
енген термин сөздерді санайды. М. Балақаев бұл үшін баспасөзді алып
қарастырады. Ғалым: "Осындай терминдердің саны үздіксіз көбейіп, қазақтың
әдеби тілінің лексикалық құрамына қосылуда олардың жылдан-жылға көбею
мөлшерінің қаншалықты екенін аңғару үшін 1924 жылы 5 майда, 1940 жылы және
7 ноябрьде шыққан "Социалистік Қазқстан" газетіндегі сөздерді, оның
ішіндегі термин сөздерді, санағанымызда, мынаны көрдік:
1924. жылы әр 1000 сөздің 14-і термин сөздер
1925. жылы әр 1000 сөздің 25-і термин сөздер
1934 жылы әр 1000 сөздің 68-і термин сөздер
1949 жылы әр 1000 сөздің 80-і термин сөздер
Бұдан орыс тілі арқылы қазақ тіліне енген сөздердің саны барған
сайын көбейіп келе жатқанын байқауға болады" — дейді 98.20. X.
Арғынов "Ер Тарғын" ертегісі мен "Қальң мал", "Бөтагөз" романдарында
сөйлемдерді санап, мынадай ерекшеліктерді көреді.
Барлық сөйлем 14629
Жай сөйлем 7820
Құрмалас сөйлем 6806
салалас 1688
сабақтас 3587
аралас 1534
Осындай статистикалық әдіспен қазақ тілінде сөйлемдердің кездесу жиілігін
анықтай отырып, қазақ тілінің синтаксисі саласын жазады 99.101-102.
Аралбаев - қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды санамалай отырып, дауысты
дыбыстарға тән заңдылықтарды ашады. Ғалым өзінің экспериментіне Мұхтар
Ауэзовтың шығармаларының 10000 фонема алады. Ғалым: "Цель настоящего
раздела — определить, какова частность или вероятность фонем в казахском
языке и какую информацию несет каждая фонема, кроме того - исследование
энтропии фонем казахского языка" - дей келе мынадай қорытынды жасайды:
Гласные начального слова

Фонема Вероятность, Р Информация Энтропия Е
А 0,0529 4,25 0,22
е 0,0292 5,11 0,149
о 0,0212 5,55 0,118
і 0,0136 6,21 0,084
Ү 0,0111 6,51 0,072
о 0,0092 6,77 0,062
¥ 0,0091 6,80 0,062
ә 0,0083 6,91 0,057
ы 0,00086 6,94 0,05668

100.9396.

А. Хасенова - қазақ тіліндегі етістіктердің лексика-семантикалық
сипатын анықтау мақсатында статистикалық әдісті қолданған. Ғалым: "Қазіргі
қазақ тілінде қолданылып жүрген туынды түбір етістіктерді жинақтап, оларды
жасайтын жұрнақтарды саралай келіп, барлық фонетикалық варианттарымен
қоса есептегенде 200-ге жуық аффикстердің қатысы бар екені байқалады" -
деп, қазақ тіліндегі шығармаларды санамалай келе осындай қорытындыға келеді
101.141.
Қ. Бектаев - қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тілдерінде алғаш рет
лингвистикалық статистика әдісінің негізін қалаған, ғылыми негіздемесін
жасаған ғалым. Қ. Бектаевтың лингвистикадағы статистикалық әдіс жөнінде
"Математические методы в языкознании", "Қазақ тілінің кері алфавитті
сөздігі", "Статистика и лингвистика" т.б. еңбектері жарық көрді. Қ. Бектаев
- қазақ тілінде статистикалық әдісті дамытуға үлкен үлес қосқан ғалым
102..
С. Татубаев қазақ тілі ғылымында бірінші рет
"Статистический анализ спектров гласных" тақырыбында кандидаттық
диссертация қорғап шығады. Бұл еңбегінде С. Татубаев қазақ тілінің дауысты
дыбыстарының кездесу жиілігіне, дыбыстардың сазын қарастырады 103. С.
Мырзабеков "Статистико-лингвистический анализ структуры глагола
современного казахского языка по роману М.Ауэзова "Абай жолы"" тақырыбында
кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл еңбегінде ғалым етістіктің жасалу
жолдарын ғылыми түрде дәлелдеп саралады 104.
А. Жұбанов "Статистическое исследование казахского текста с применением
ЭВМ. На материале романа М.Ауэзова "Абай жолы"" тақырыбында кандидаттық
диссертация қорғайды. Бұл еңбегінде ғалым мәтіндерді ЭЕМ салу жолдары мен
мәтіндердегі сын-есімдердің олардың шырайларын анықтайды 105.
Қ. Молдабеков "Лингвостатические исследования казахских текстов для младших
школьников (на материале текстов Учебников начальных классов и литературы
для детей)" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалым
варианттарымен қоса есептегенде 200-ге жуық аффикстердің қатысы бар екені
байқалады" — деп, қазақ тіліндегі шығармаларды санамалай келе осындай
қорытындыға келеді 101.141.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорында неше сөз
бар екенін және сөздік қордың даму жолдарын анықтаған 9.
Лингвистикалық статистика әдісі тілдің даму, жетілу деңгейін
анықтауда бірден-бір жол. А.В. Малаховский
"Употребительность слова измеряемая его частотой или рангом является одной
из его важнейших языковых характеристик"-деп, тілді статистикалық әдіс
арқылы зерттеу ең бір ұтымды әдіс екендігін көрсетеді 106.99-106.
Сонымен лингво-статистикалық әдіс арқылы мәтін тілін зерттеу нәтижесінде
мәтіндегі бүкіл сөздердің мағыналары мен қолдану ерекшеліктері толық
ашылады. Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын анықтау мақсатында,
сөздердің мағына ерекшеліктерін айқындауда, біз бастауыш мектеп
оқулықтарындағы мәтін тілін зерттеп, бастауыш мектеп оқушыларының сөздік
қорына ыкпал ететін лексикалық минимумдары анықтау мақсатында статистикалық
әдісті қолдандық.
Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайтуда оларға
мағыналық мәндік құндылығы жоқ сөздерді бермей, арнайы іріктеуден өткен
лексикалық тұлғаларды алу қажет. Лексикалық тұлға деп- сөздердің лексикалық-
семантикалық жүйесін құрайтын, лингвостатистикалық және әдістемелік әдістер
негізінде іріктелініп алынған сөздер аталынады.
Оқушылардың сөздік қорын молайтуға әсер ететін лексикалық тұлғалар
төмендегідей белгілеріне қатысты іріктеліп алынды:
1- Оқушылардың сөз байлығын кщейтуге ықпалы бар, оқулық мәтінінде сирек
қодданылған сөздер;
2. Мағыналық құндылығы маңызды сөздер;
3. Сөзжасамдық қасиеттері өнімді сөздер;
4. Тіркесу қабілеттері жоғары сөздер;
5. Оқушылардың сөз байлығын кенейтуге ықпалы бар есім сөздер оқулық
мәтінінде.
Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту жұмыстарына
ұсынылатын лексикалық минимумды анықтау принциптерінің ішіндегі ең
негізгісі оқулықтарда сөздерді іріктеу болып табылады.
Орыс тілінде болсын немесе қазақ тілінде болсын тілді статистикалық
әдіспен зерттеудің мақсаты — тілдің өзіндік ішкі ерекшеліктерін айқындау,
сөздердің кездесу жиіліктеріне сәйкес тіл заңдылықтарын түсіндіру, баланың
немесе белгілі бір автордың тіліндегі сөздерді анықтау, сол арқылы тілдік
материалдарды іріктеу.
Аталған ғалымдардың еқбектерін негізге ала отырып, бастауыш мектеп
оқулықтары мәтіндеріндегі жалпы сөз саны, жеке сөздердің қолданылу жиілігі
,оның ішінде сирек қолданылған сөздер анықталды. (кестелерге қараңыз).
а) 1-сынып оқулықтарында қолданылган сөздердің салыстырмалы кестесі.

Оқулық N һ 5 %
Ана тілі 18377 2804 1652 58.91
Әліппе 3623 1032 648 62.79
Математика 10454 1287 827 64.25
Аүниетану 8982 1765 1141 64.64
Барлығы 41436 3271 1259 38.48
Оқулық N 1 5 о
0
Қазақ тілі 17738 1816 1128 62.14
Ана тілі 39107 4819 2803 58.17
математика 21682 1409 815 57.89
Дүниетану 16614 2886 1637 56.75
Барлығы 95141 4930 1481 30.04

ә) 2-сынып оқулықтарында қолданылган сөздердің салыстырмалы кестесі.

б) 3-сынып оқулықтарында қолданылған сөздердің салыстырмалы кестесі.

Оқулық N 1 3 %
Қазақ тілі 19633 2614 1598 61.16
Ана тілі 46725 8692 4871 56.05
Математика 25986 1384 802 58
Дүниетану 18415 2876 1748 60.8
Барлығы 110759 6566 1942 29.57

в) 4-сынып оқулықтарында қолданылған сөздердің салыстырмалы кестесі.

Оқулық N һ 5 %
Қазақ тілі 23612 3227 1797 55.7
Ана тілі 54283 9716 4721 48.6
Математика 22818 1762 806 45.8
Аүниетану 20916 3216 2087 64.9
Ьарлығы 121629 7862 2670 33.96

Мұндағы шартты белгілер: - оқулықтағы барлық сөз қолданыс. оқулықтағы
түбір сөз (лексикалық единица). оқулықтағы сирек қолданылған сөздер.

Көріп тұрғанымыздай: бірінші сыныпта- 1259 сөз, екінші сыныпта
— 1481, үшінші сыныпта- 1942, төртінші сыныпта- 2670 сөз сирек қолданылады
екен. 2 Мағыналық құндылығы жоғары сөздер.
Лексикалық минимумдарда іріктеуте сөздердің мағыналық құндылығына қарау
керек мағыналы құндылығы жоқ сөздер балалардың ойлау қабілетін, сөйлеу
дағдылары жетілдірмейтіндігі белгілі. Бастауыш мектеп оқушыларына сөз
мағыналарын, мәнін меңгерту арқылы баланың танымы кеңейіп, ұғымдық ой
қорытулары дамиды. Сөз мағыналары топталып, жинақталып белгілі бір
ұғымдардың аясын кеңейтеді, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу арқылы баланың
ойлау қабілеті жетіледі. Сөз мағынасын жете түсінген оқушының бойында
сөздерді орынды қолдана білу дағдылары мен өз ойын толық жеткізе алушылық
икемділіктері қалыптасады. Сөздердің мағыналық құндылығы арқылы оқушылар
сөзді тілдік қатысым әрекетінде қолданып қана қоймай, солар арқылы бала
санасында белгілі бір ұғым қалыптасады. Лексикалық тұлғалардың мағыналық
құндылығын ажыратуға арналған жұмыстар екі жолмен жүргізідді:
1. Лексикалық негіздердің құрылымын техника - ғылыми
терминдер атаулары мен жалқы есімдер алынып тасталынды.
Себебі мұндай сөздер ауызекі тілде де оқулық мәтіндерінде де
жиі қолданылады.
Мұндай сөздер оқушылардың пәндік сабақтарында кеңірек
түсіндіріліп, ұғындырылады.
2. Лексикалық негіздерді іріктеуде көп мағыналы сөздер алынды.
Көп мағыналық қасиеттері жоқ сөздер алынып тасталынды.
Мысалы,

Жазғытұрым- көктем мен жаздың түйскен кезі. Көктемнің аяғы
Жаздың басы.
Жазу-сызу- жазба жұмыстар.
Тамыр жеміс- жерде өсіп, өнетін жемістер (сәбіз, жуа т.б.).
Тана- бұзау мен сиырдың аралығындағы қара мал жасы. Тамыз - ай аты.
Нәтижесінде бірінші сыныпта- 954 сөз, екінші сыныпта- 1027 сөз, үшінші
сыныпта- 1484 сөзг төртінші сыныпта- 1036 сөз қалды.
3. Сөзжасамдық қасиеттері өнімді сөздер.
Тіл - қоғамдық құбылыс болғандықтан, бастауыш сынып оқушыларына құр
сөздерді жаттатқызғанымыздың пайдасы шамалы, сол сөздердің басқа сөздермен
тіркесе алуы, өзіне жұрнақтар мен жалғаулар жалғай алу қабілеттерінің болуы
керек. Мұндай қасиеттері болмауы балшалрдың сөздік қорын молайтпайды.
Сөздерді сөзжасам қасиеттеріне қарай таңдау арқылы балаларда мынандай
дағдылар қалыптасады: сөйлем құрастыру жолдарын үйренеді, сөздердің
мағналарын жете түсінеді, жүрнақтар мен жалғаулардың жалғану ерекшеліктерін
іс-жүзінде үйрене алады. Мысалы:
Шөптегі- шөптің үстінде, ішіндегі. Шөптей шөп сияқты. Шөпті- шөбі бар жер.
Шөпше-шөп сияқты деген сөздердің барлығы "шөп" деген сөздің
мағынасы түсіндірілетін болғандықтан алынып тасталынды. Оның үстіне бұл
сөздер көп мағына бермейді. Сипатта - бір адамды немесе затты сипаттау
Сипаттағы - түріндегі Сипаттама - бір адамды сипаттау нәтижесінде жазылған
жазу Жаз - бір нәрсені жазу жзғандай — бір адамның жазуын басқа адамның
жазуымен салыстыру — адамға жазу жаздыру т.б. сөздер алынып тастадды. й
сөздер баланың сөздік қорын молайтпайды, қайта құр ясаттанды болып, бала
санасына ауырлық түсіреді. Мұндай сөздерді балалар сөзжасамды оқыған
уақытында өздері түрлендіріп.қолдана алады. Нәтижесінде бірінші сыныпта-
612 сөз, екінші сыныпта- 754 сөз, үшінші сыныпта- 1081, төртінші сыныпта-
1219 сөз қалды. 4. Тіркесу қабілеттері жоғары сөздер.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту үшін алдымен оны
сөйлеуге, сөйлем құрауға үйрету қажет. Сөйлемді к^рау кезінде оқушылардың
бойында сөздерді дұрыс орналастырып, сөздерді бір бірімен байланыстыра білу
екенділіктері қалыптасады. Мұндай мақсатқа жету үшін оқушыларда тек
грамматикалық білімнің болуы жеткіліксіз.
Сондықтан, оған сөздік қорда молайту ж^ыстарында басқа сөздермен
байланысу қабілеті бар сөздерді іріктеп беру керек. Бұл сөздер оқушының
гармматикадын алған білімдері қалыптастырудың негізі болып есептелінеді.
Сөздердің тіркесу қабілеттері ескерілгенде олардың стилистикалық тұрғыдан
нейтральды тұрған жағдайы да ескерілді. Мысалы, "таза" деген сөз мағынасы
"ақ кіршіксіз" болғандықтан ол адамға (таза жүрек, бойы таза), іс-қимылға
(таза іс, таза жұмыс), заттың сын-сипатын білдіруде (таза киім, таза бұлақ)
қатысты болып тіркесе алады. Керісінше оқулықтардағы кейбір сөздер
өздерінің тіркесу Қабілеттері аясы тым тар болуына қарай алынып тасталынды.
Мысалы: қалбаңда, қалбаңдай сөздерін тек зат есімге ғана тіркесе алады, ал
қалғып-мүлгіп сөзі тек адамға ғана тіркесе алатындығы көрінеді.
Осындай сөздер бастауыш мектеп оқушыларығың сөздік Қорын молайтуда
берілетін лексикалық тұлғалар құрамынан алынып тасталынды. Себебі,
мұндай сөздердің тіркесу қабілеті болмағандықтан, ол оқушылардың сөздік
қорын молайтпайды.
Нәтижесінде:
1-і сынып оқушыларына берілетін лексикалық негіз-257 сөз.
2-і сыныпта- 416 сөз, 3-і сыныпта- 733 сөз. Төртінші сыныпта- 862 сөз
іріктелініп алынды. Сөздерді іріктеу негізінде оқушыларға лексикалық
минимум іріктелініп алынды. Сонымен, бұлар бастауыш мектепте оқытылатын
лексикалық минимумның басты белгілері.
Қорыта айтқанда, бастауыш мектеп оқушыларының сөзДк қорын молайту жұмыстары
сөздің мағыналық құндылығы, қолданылуы сирек, сөз жасамдық қасиеттері,
сөздердің тіркесу қабілеттері тұрғысынан жүргізіледі. Бұл үшін гсөздік
қорды молайту сабақтарының құрылымын және сабақты өту әдіс-тәсілдерін білу
қажет.

Сабақгың кұрылымы және оны өтудің әдіс-тәсілдері.

Сабақ-оқыту үрдісінің ең кіші бөлшегі, қүрылыс материалы, "клеткасы"
(В.В.Давыдов). Сабақта бүкіл оқыту үрдісінің бет-бейнесі, мақсат-міндеттері
мен мазмүндары айқын көрінеді. Сабақ арқылы бүкіл оқыту үрдісінің бағыт-
бағдары анықталады. Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларыга есім сөздерді
ұғындыру сабақтарының сабақтарының қүрылымы мен оны өтудің әдіс-тәсілдерін
жетілдіру арқылы есім сөздерді үғындыру мәселесінің мақсат-міндеттерін
жүзеге асыру ісі дұрыс үйымдастырылады. Бірақ, барлық сабаққа бірдей тиімді
"әмбебап" сабақтық Қ^рылымын және оны өтудің әдіс-тәсілдерін жасап, оны
қолдану мүмкін емес. Сонда даг сөздік қорды байыту мақсатында жүргізілетін
сабақтардың мақсаты мен міндеттерін, бағыт-бағдарын біріктіретін
әдістемелік, педагогикалық, психологиялық негіздемелерге сүйене отырып,
әдістемелік жүйе жасау қажет.Бастауыш мектеп оқушыларына есім сөздерді
ұғындыру мақсатында жүргізілетін сабақтардың өзіндік мынадай белгілері
анықталды: сөздерді сіңіруде оқушыларға проблемалық ситуация жасау;
сіңірілген сөздерді практикалық жүзеге асыруда оқушылардың өз бетінше
жұмыстар жүргізуі; оқушыларға берілетін жаңа материаддар мен өтілген
материалдардың байланыстылығы болуы. Сабақтарда мұндай белллердің қалыптасу
дәрежесі әртурлі. Бұлар кейбір сабақтардың бір бөлігін ғана қамтыса, кейбір
сабақтардың өн бойынан көрініп тұрады. Сабақ құрылымы жалпы дидактикапық,
психологиялық, әдістемелік ғылыми негіздемелерге сәйкестендіре берілуі
тиіс. Ондай сабақтың құрылымы мынадай:

Сабақтың құрылымы

1
1

Сабақтың Сабақтың Сабақтың
дидактикалық әдістемелік психологиялық
заңдылықл қта заң
рға дыл
ықг
арғ
а
(сабақка (окушылардың (оқушылардың ақыл-
берілетін уақыт ақыл-ой әрекетін ой әрекетінің
көлемі мен басқаруға негіздері).
кезеңдері). арналған әдіс-
тәсілдер жүйесі.)


Жаман әдемі бала


3-тапсырма. Мына сөздердің қайсысы "киім" сөзімен тіркесе алады. Себебін
түсіндір. Ежелгі, ескі, көне.
2-жаттығу:
1-тапсырма. Мына сөздердің қайсысы берілген сөздердің
мағынасына ортақ бола алады: ажар, әдемі, ақымақ.
Берілген сөздер: рең, жүз, көрік, бет, түр, келбет т.б.
2-тапсырма. Мәндес сөздерді мағыналарының көтерілуіне
байланысты қатарға тізіп жаз. Батыр, өжет, ер, жүректі.
3-тапсырма. Әсем, әдемі, сұлу, к^рікті, келбетті свздерінің қайсысы
"көйлек" сөзімен тіркесе алады.
3- жаттығу:
1-тапсырма. Берілген "қанат" сөзінің әр әрпіне мәндес сөздер ойлап тауып,
жазыңдар.
Мысалы, Қ-қайратты, қажырлы т.б.
А-ақкөңіл, ақжарқын, адал т.б.
Н-намысшыл, намысқой т.б.
А-ақылды, аңғарымпаз т.б.
Т-тапқыр, талантты т.б.
2-тапсырма. Осы сөздерді пайдаланып сөйлемдер құраңдар. Сөйлемдерден мәтін
жазып, оның атын қойьңдар. 3-тапсырма. Мәтіннен бір-біріне мағыналас
сөздерді іріктеп бөлек қатарға жазыңдар.
4-жаттығу
1-тапсырма. "Әсем жақсы қыз", "Қарлығаш әсем қыз" сөйлемдеріндегі қандай
"Әсем" сөзіне мәндес сөздер табуға болады. Себебін түсіндір.
2-тапсырма. Әсем сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады. Керекті
сөздер: тал, әдет,бұлт, күн.
3-тапсырма. Әсем сөзінің әр дыбысынан сөздер құрап,
сөздерден біріктіріп сөйлем құрандар. 5- жаттығу
1-тапсырма. Мөлдір сөзін асты сызылған қандай сөздермен мәндес
екенін табыңдар. "Бұлақтың суытаза болады", "Бұлақтың суы суық болады",
"Бұлақтың суытұнық болады". 2-тапсырма. Мөлдір сөзінің төмендегі
сөйлемдегі мағынасын түсіндір. "Жаңадан туылған ботаның көзі мөлдіреп
тұрады." 3-тапсырма. Мөлдір сөзінің әр дыбысынан сөздер
құрап, сөздерден сөйлем құраңдар. 6-жаттығу
1-тапсырма. "Данқ" сөзіне "атақ" сөзі мәндес болады ма? Сөйлемдерді
салыстырыңдар. "Бауыржан Момышұлының даңқы тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл
дүние жүзіне тараған", "Мақтаншақ адам атаққа құмарлау болады."
2-тапсырма. Даңқы сөздеріне мәндес сөздерді тауып жазыңдар. Керекті сөздер:
атақты, белгілі, келбеггі, көрнекті, әдөіті т.б. 3-тапсырма. Қазақ халқының
даңқты ұлдарын атаңдар. 7-жаттығу
1-тапсырма. Мына сөйлемдерге асты сызылған қандай сөздер мәндес.
"Асқар мына кітаптарды сана", "Марат бұл жұмысқа бүкіл өз санасын
жұмылдырды", "Кітапты көп оқыған адамның ақыл-ойы жоғары болады".
2-тапсырма. "Сана" сөзін қандай сөздермен тіркестіре
аласыңдар.
Керекті сөздер:адам, ағаш, тау, өзен
3-тапсырма. Адамның бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар. Дәлелдеңдер.
8-жаттығу
1-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі Айбын сөздеріне мәндес сөзді
табыңдар. "Қазақ елінің айбыны жыл өткен сайын асқақтап келеді. Медициналық
институттың айбынын асқақтауға сондағы мамандар ат салысуда"
2-тапсырма. Сызықтармен дұрыс жүріп, мәндес сөздерді
жинаңдар.
3-тапсырма. Қазақ елінің айбыны болып кімдер саналады.
9-жаттығу
1-тапсырма. Түркістан әмірі болып Есім сайланды сөйлеміндегі "Әмір" сөзіне
мәндес сөздерді тауып жазыңдар. Керекті сөздер: нөкер, батыр, ер, ел
билеуші, патша, хан, әкім
2-тапсырма. "Әмір", "хан", "батыр" сөздерін өзара
байланыстырып сөйлем құраңдар.
3-тапсырма. Қазақ елінің атақты ел билеушілері жөнінде не білесіңдер?
10-жаттығу.
1-тапсырма. "Айгүл бүгін Қазақ тілінен бес алып, бүкіл сынып аддында
мерейі үстем болды" сөйлеміндегі "мерей" сөзіне мәндес сөздерді
табыңдар.

2-тапсырма. Қоянды сипаттаңдар.

Есек ...

Мысық ...
Түйе ...
Ешкі ...
3-тапсырма. Бұрысы қайсысы, дұрысы қайсысы?
Жылқы сорпа ішті,
Мысық шөп жеді,
Ит алма жеді,
Бұзау сүйек кемірді.
11 -жаттығу
1-тапсырма "Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы"
деген мақалдағы "ар" сөзінің мағынасын түсіндір төмендегі сөздерден
мәндес сөзді табыңдар: ұлт, намыс, ауру. 2-тапсырма. "ар, ұлт, намыс"
сөздерінен мағыналық реңктеріне қарай сөз тіркестерін құраңдар.
3-тапсырма. Адам бойындағы қандай жаман қылықтардан аулақ болу керек.
в) Сөз мағынасын ангонимдер арқылы ұғындыру. Сөз мағынасын антонимдер
арқылы ұғындыруоқушылардың сөз туралы ұғымын қалыптастырудың ұтымды
әдістерінің бірі. Бұл әдістегі басты құрал-салыстыру. Балалар салыстыруды
үйренген кезде ғана олардың санасында ұғым пайда болады. Антошмдер арқылы
балалар заттардың қарама-қарсы айырмашылықтарын салыстыра отырып, табуды
үйренеді. Сөз мағынасын антонимдер арқылы ұғындыру жұмыстарына мынадай
тапсырмалар беріледі: 1-тапсырма. Болашақ заман сендердікі, айналайындар!
Елдің келешегін ойлаған адам-зиялы адам. деген сөйлемдердегі асты сызылған
сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер табыңдар. 2-тапсырма. Мына сөз
тіркестеріне қарама-қарсы мағыналы сөздер жазыңдар:
ашық аспан- қатігез жау
дұрыс жауап- тынық су
3-тапсырма. Асты сызылған сөздердің орнын қарама-қарсы мағыналы сөздерді
жазып, сөйлемнің мағынасын өзгертіңдер. Көктем келді. Қар ери бастады.
Көктем ауасы жылынды г) Сөз мағынасын омонимдер арқылы ұғындыру.
Бастауыш мектеп оқушыларына сөз мағынасын ұғындыру жұмыстарында көп
қолданылатын әдістердң бірі- омонимдер арқылы ұғындыру. Омонимдер- сөз
мағынасын жете түсінуге жәрдемші ғана емес, сөздік қорды дамытатын да
әдістердің бірі. 1-тапсырма. Сөйлемдердегі асты сызылған сөздердің
мағыналарын түсіндіріңдер. Біздің ауылға Ержан жай іздеп келіпті. Кеше тау
жақтан жай түскенін көрдім. Жай жүргенше, аяғыңды бассайшы, -деді Асқар
інісіне.
2-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерге омонимдер табыңдар. Бас, жар, сана
саз.
3-тапсырма. Төмендегі сөздерге берілген сөздерді тіркестіріңдер, Омоним сөз
мағынасын ажыратыңдар. Жаз (зат) Жаз (ет.) Жаз (ет.) (келді, кетті, бітті,
жазу, сурет, шығарма, дастархан бөлме, күрек
т.б.).
Сөз мағыналарын ұғындыру жұмыстарында жаттығулар үш түрлі тапсырмалардан
тұрады. Бірінші тапсырмалар аналитикалық сипатта, екінші тапсырмалар
синтетикалық сипатта, үшінші жаттығулар аналитикалық синтетикалық сипатта
болады. Мұндай жаттығулардың бірінші тапсырма кезеңінде сөз мағынасын жете
түсінуін қамтамасыз етсе екінші, үшінші тапсырмалар кезінде сол сөздердің
мағыналарымен дұрыс қолдана алуы калыптасады. Сөздердің тек жалаң
тұрғандығы мағынасьш беріп қоймай, оның баланың сөздік қорын молайтуға
негіз болуы үшін сөздің сөйл.еуде дұрыс қолданылуын қадағалау
қажет. Бұл тұрғыда П.А.Грушниковтың: "Надо иметь в виду однако, что только
ознакомление с семантикой слова, обогащая словарный запас учащихся новыми
лексическими единицами, еще же делает их принадлежностью активного словарі
школьника. Слово не может быть усвоено вне сочетания его с другими словами,
без употребления его в речи, и основное назначение лексических упражнений
состоит в том, чтобы учить детей правильному и данному употреблению слов в
речи" 109.14.,-деген пікіріне қосыламыз.
Сондықтан лексикалық жаттығулар жүйесінде сөздік қорды молайтуға
негізделген сөздерді жалаң тұрғыда емес, оны басқа сөздермен тіркестіре
берген дұрыс.

II. 2.Бастауыш мектеп оқушыларьша грамматикалық тәсілдер арқылы есім
сөздерді ұғындыру.
Бастауыш мектеп оқушылары сөздердің тек лексикалық мағыналарын
біліп, оларды ретімен дұрыс қолдануы жеткіліксіз. Сонымен қатар сөздік
қорындағы сөздердің түрлі грамматикалық мағынаға ие болуын,
грамматикалық заңдылықтар арқылы мағынасының өзгеруін т.б. білуі тиіс.
Сондықтан грамматикалық дағдыларды тиімді оқыту әдістерін таңдай
отырып оқушы бойында қалыптастыру керек. Оқушыларға
грамматиканы оқудың маңызы туралы Д.Әлімжанов: "Біздің мектептерімще
оқитын оқушыларымыз қазақ тілі грамматикасын негізгі пән ретінде оқып,
оның грамматикалық құрылымымен танысады, сөздердің түрленуі мен сөйлемдегі
өзгерісін және қазақ тілі грамматикасының ғылыми жуйесі мен оның әр алуан
фактілерін зерттеп біледі"- сол арқылы оқушыларда мынадай дағдылар
қалыптасатындығын атап көрсетеді: "оқушылар өздерінің тілден алған білімін
толықтырып жазу, сөйлеу тілін дамытады, дұрыс
оқуға үйреніп, ұғу кдбілеттілігін жетілдіру, грамматикалық
орфографиялық ережелерді үйренеді, сауатты жазып, тыныс белгілерін
дұрыс қоя білудің тиімді дағдысын
қалыптастырады"119.3.,-дейді.
Бастауыш мектепте грамматиканы оқыту бірінші сыныптан басталып, әр
сынып сайын күрделене береді. Бастауыш мектепте оқушылардың сөздік
қорын молайту жұмыстарында грамматикалық әдістерді қолдану-
оқушылардың сөздерді дұрыс қолдануын қамтамасыз етуімен қатар,
қазақ тілінің грамматикалық ұғымдарын бірте-бірте
меңгеруін қалыптастырады. Нәтижеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта есім сөздерді оқыту
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні
Оқушылар арасында тіл дамыту жұмыстары
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту
МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
ҮІІІ типтегі арнайы түзету мектебіндегі ақыл-есі кем кіші сынып оқушыларының тіл дамыту сабағында сөздік қорын байыту
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ СӨЙЛЕУІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ БӨЛІМІ
Пәндер