Өлім жазасын қолдану



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
2.1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы бойынша өлім жазасының қолданылу ерекшелігі ... ... ... 7
2.2. Өлім жазасын қолданудың қазіргі әлемдік мәселелері 20
2.3. Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий жүргізілу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.4. Қазақстанға өлім жазасынан бас тарту қажет пе? ... ... .. 36

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қаншама ғасырлар бойы тірнектеп жинаған адамзаттың рухани байлығы не себептен құнсыздануы тиіс деген сауал бүгінде бүкіл-ғаламшардың ақ ниетті жандарын әрі-сәрі күйге түсіруде. Адам бойынан қаталдық, қатыгездік жиі көрініс беріп, мейірімділік пен қайрымдылық күн санап өз жағалауынан алыстай бастағаны қалай?
Соңғы жылдары қоғамымызды жайлаған алуан қылмыстардың бірден тамыр алып, өрістеп кетуіне не себеп болды деген сауалға жауап іздеп көрелік. Кеңес Одағы тарағаннан кейін, шексіз еркіндіктің жөні осылай болады дегендей, коммерциялық телеарналар мен сан мыңдаған кинотеатрлар экраны ертелі кеш адам өлтірудің, зорлаудың, қорлаудың және төсек қатынасының нешеме түр-түрін ашық насихаттай бастады. Кітап дүкендері де мәдени көркемдіктен жұрдай, ату мен асуға, қуғын мен сүргінге қарық қылатын, сексуалды маньяктар немесе осы саланың ұят пен адамгершілік сезімді тәрк еткен өзге қаһармандары жайлы өткір сюжетті детектив кітаптарға толып кетті. Оны айтасыз, өлім себер қару-жарақтың алуна түрі “қара базарларда” еркін сатыла бастады.
Осы бір солақай көзқарастың ащы зарын бүгін аяусыз тартуға тура келдіп отыр. Бармақ тістеп, сан соқтырар бұл шексіз еркіндік біздің алдымыздан ұлттық салт-сананың, дәстүріміздің азып-тозуы боп кезіге ме, тарихи жадыдан айырылу боп ұшыраса ма, әйтеуір, із-түссіз кетпесі анық. Өйткені, дүниеде себеп-салдарсыз еш нәрсе жоқ.
Әсіресе, шектен шыққан жауыздықтан кең етек алып бара жатқан қазіргідей жағдайда өлім жазасын шектеп, оны ғұмыр бойы түрмемен алмастыру қылмыс әлеміне өзгеріс әкеле қояды дегенге сену қиын. Оның үстіне жыл өткен сайын қылмыс әлемі аярлатып, сұрқиялатып, әккіленіп барады.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Алматы, “Жеті жарғы”, 1997 жыл.
3. Н. Ағыбаев: “Қылмыстық құқық”. Алматы, “Жеті жарғы”, 1998 жыл.
4. Е. Алауханов, С. Рахметов: “Жаза”. Алматы, “Өркениет”, 1999 жыл.
5. А.В. Наумов: “Қылмыстық құқық”. Астана, 2001 жыл.
6. Б.Ғ. Шынтемірова, Т.Т. Шайхиев: “Құқық теориясының негіздері”.
7. Қазақстан Республикасының жоғарғы Сот Жаршысы. 1999 жыл.
8. Ж. Күлиев: “Өлім жазасына мораторий: күнгейі мен көлеңкесі. “Заң” журналы.
9. І. Қазыбаев: “қазіргі әлемдегі өлім жазасы проблемалары”. “Заң” журналы. №8/ 2002 жыл.
10. Пасмаков: “Адамның өмір сүру құқығы және өлім жазасын жою мәселелері”. “Заң” журналы. №10/2002 жыл.
11. Н. Дулатбеков: “Өлім жазасына қатысты ой талғамдары”. “Заң” журналы. 2003 жыл/3
12. О. Жұмабекова: “Өлім жазасындағы пікірлер қайшылығы”. “Заң” газеті. №49/27 қараша 2002 жыл.
13. Сартаев А.: “Жан азабына салғандардың жазасын жеңілдетпеу керек”. №37/4 қыркүйек, 2002 жыл. “Заң” газеті.
14. Төлегенов Б.: “Қылмыскерін өлімге кескен мемлекет қасапшы ма?”. “Заң” газеті. №43/16 қазан, 2002 жыл.
15. Бекбосынов Е.: “Ауыр қылмыс жасағандарға жаза да ауыр”. “Заң” газеті. №47/13 қараша, 2002 жыл.
16. Светлая Н.: “Смертная казнь- справедливое наказание или узаконенное убийство?”. Фемида. 2002 г./10
17. В. Роот: “Смертная казнь”. Фемида. 5/2002 г.
18. С. Жеңісұлы: “Өлім жазасының бағзыдан бүгінге дейінгі тарихы”. “Заң” газеті. 30 қазан 2002 жыл.
19. А. Зенковский: “Өмір сүруге құқы жоқ”. 2003 жыл/29 тамыз. “Заң” газеті.
20. Ғ. Сапарғалиев: “Асығыс түбі өкініш болмасын”. “Заң” газеті. 2002 жыл/14 тамыз.
21. Ә. Жарылқағанов: “Өлім жазасына мораторий жарияланды”. “Заң” газеті. 2003 жыл/19 желтоқсан.
22. А. Серимова: “Тамұқ отындағы азап”. “Заң” газеті. 2002 жыл/14 тамыз
23. Т. Бөрібаев: “Құқықтық сананың өсуі”. “Заң” газеті. 2004 жыл/30 қаңтар
24. “Адам тағдыры ойыншық емес”. Ә. Сейілханқызы. 2002 жыл/31 шілде.
25. “Уголовное право Российской федерации. М., 1999 г.
26. Төлеутай С.: “Ізгілікті қоғамға өлім жазасы қажет пе?”. “Заң” газеті. №7/12 ақпан, 2003 жыл.
27. Ғ. Сапарғалиев: “Заң терминдеріне түсіндірме сөздік”.
28. “Жеке адамға қарыс қылмыстар”. Ағыбаев Н. Құқықтық Қазақстан. №1,2,3,4,5/2004 қаңтар.














Сілтемелер:

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты. Сот жаршысы. 1993 жыл, 47-бет.
2. “Қылмыстық құқық”. Алматы, “Жеті жарғы”, 2001 жыл. Н. Ағыбаев 205-бет.
3. “Құқық теориясының негіздері”. Б.Ғ. Шынтеміров, Т.Т. Шайхиев (78-79 бет)
4. “Жаза”. Алауханов Е., С. Рахметов, 1999 жыл. Өркениет (156-157 бет).
5. А. Наумов: “Қылмыстық құқық”. Астана, 2001 жыл. (362-365 бет).
6. В. Ротт: “Смертная казнь”. Фемида. 5/2002 г. (ст. 56)
7. Ғ. Сапарғалиев: “Өмір сүруге құқығы жоқ”. 2003/29 тамыз “Заң” газеті (4 бет)
8. С. Сартаев: “Нан азабын салғандардың жазасын жеңілдету керек”. №37/4 қыркүйек 2002 жыл. “Заң” газеті (2 бет)
9. Қырғызәлиев Н.: “Өлім жазасына мораторий”. “Заң” журналы (99 бет). №12/1997 жыл.
10. Қазыбаев Е.: “Қазіргі әлемдегі өлім жазасы проблемалары”. “Заң” журналы (40-46 бет). №8/2002 жыл.
11. Байжанов Т.: “Қанішерді имендіретін күш өлім жазасы”. “Заң” газеті №34/4 тамыз 2002 жыл.
12. Бекбосынов Е.: “Ауыр қылмыс жасағандарға жаза да ауыр “. (2-бет). “Заң” газеті. №47/13 қараша 2002 жыл.

Мазмұны

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
2.1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы бойынша өлім 7
жазасының қолданылу ерекшелігі ... ... ...
2.2. Өлім жазасын қолданудың қазіргі әлемдік мәселелері 20
2.3. Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий жүргізілу 27
себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Қазақстанға өлім жазасынан бас тарту қажет пе? ... ... .. 36

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Қаншама ғасырлар бойы тірнектеп жинаған адамзаттың рухани байлығы не
себептен құнсыздануы тиіс деген сауал бүгінде бүкіл-ғаламшардың ақ ниетті
жандарын әрі-сәрі күйге түсіруде. Адам бойынан қаталдық, қатыгездік жиі
көрініс беріп, мейірімділік пен қайрымдылық күн санап өз жағалауынан
алыстай бастағаны қалай?
Соңғы жылдары қоғамымызды жайлаған алуан қылмыстардың бірден тамыр
алып, өрістеп кетуіне не себеп болды деген сауалға жауап іздеп көрелік.
Кеңес Одағы тарағаннан кейін, шексіз еркіндіктің жөні осылай болады
дегендей, коммерциялық телеарналар мен сан мыңдаған кинотеатрлар экраны
ертелі кеш адам өлтірудің, зорлаудың, қорлаудың және төсек қатынасының
нешеме түр-түрін ашық насихаттай бастады. Кітап дүкендері де мәдени
көркемдіктен жұрдай, ату мен асуға, қуғын мен сүргінге қарық қылатын,
сексуалды маньяктар немесе осы саланың ұят пен адамгершілік сезімді тәрк
еткен өзге қаһармандары жайлы өткір сюжетті детектив кітаптарға толып
кетті. Оны айтасыз, өлім себер қару-жарақтың алуна түрі “қара базарларда”
еркін сатыла бастады.
Осы бір солақай көзқарастың ащы зарын бүгін аяусыз тартуға тура
келдіп отыр. Бармақ тістеп, сан соқтырар бұл шексіз еркіндік біздің
алдымыздан ұлттық салт-сананың, дәстүріміздің азып-тозуы боп кезіге ме,
тарихи жадыдан айырылу боп ұшыраса ма, әйтеуір, із-түссіз кетпесі анық.
Өйткені, дүниеде себеп-салдарсыз еш нәрсе жоқ.
Әсіресе, шектен шыққан жауыздықтан кең етек алып бара жатқан
қазіргідей жағдайда өлім жазасын шектеп, оны ғұмыр бойы түрмемен алмастыру
қылмыс әлеміне өзгеріс әкеле қояды дегенге сену қиын. Оның үстіне жыл өткен
сайын қылмыс әлемі аярлатып, сұрқиялатып, әккіленіп барады.
Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің ешбір пендені ол құқықтан
айыратын хақысы жоқ. Тіпті мемлекеттің де. Өйткені, адамды дүниеге әкелген
мемлекет емес. Бірақ сондай шара қолдануға тура келеді. Себебі, олар
қоғамға қауіпті. Қылмыскерлерге де басқа адамды өлтіру хақын ешкім
бермеген.
Кейбіреулері қылмысқа білместікпен барады, енді біреулері нағыз
қанішерлердің өзі. Олар жыртқыш аңдар секілді. Арыстанды торда ұстаудың не
қажеті бар? Бір күні босап шығып камералас сотталғандарды, болмаса түрме
қызметкерлерін жарып салуы әбден мүмкін. Маньяк қанішерлер мен жалмауыз
болып кеткен адам жегіштердің уланған санасын емдеуге де келмейді.
Кісі өлтіргендерге өлім жазасы кесілген делік. Онда бір мысал: Мұса
мен Қызыр туралы құран хикаясында қызыр жолында кездескен жас бүлдіршін
баланы Мұсаның көзінше өлтіріп тастайды. Мұндай рақымсыз жендеттік әрекетті
көрген Мұса қатты түршігіп кетеді: “- Қандай сұмдықты істеп, нендей
қылмысқа батып отырсыз. Кіршіксіз сәбиді қыршынынан қиюға шыдаған неткен
дәт! Мүмкін ол ата-анасының жалғызы шығар”. Қызыр: “-Ол өте оңбаған, ар-
ұятты білмейтін жүгірмек. Түбінде ол зұлымдығын жүзеге асырар еді.
Сондықтан да мен осылай істедім. Оның ата-анасы иманды, жақсы адамдар. Алла
тағала енді оларға бір емес екі қайырымды бала сыйлайды”-деп, Мұсаға
түсіндірген екен.
Осы хикаяға қарап білместікпен, ашумен немесе біреудің алдауында
кетіп кісі өлтіріп қойған адамдарға өлім жазасына шек қойылса деймін. Ал
адамшылықтан айырылған, сайтанның азғыруына ерушілер біздің ойымша
өлгендері дұрыс. Өкіметке оларды асырап баққаннан пайда жоқ.
Өлім жазасына мораторий енгізілгеніне елімізде 8 жылдың жүзі болса да
қылмыс көбеймесе, азайған жоқ. Қазіргі тұрғыдан қарағанда, мемлекет
мораторий енгізді, енді біз де соған орай адам баласына қасірет әкелмеуді
ойлайық деп, қылмысты мұра тұтқандар өз іс-әрекеттеріне мораторий енгізені
жоқ.
Қазақтың салт-санасына жат осы қылмысты ойланып қарасақ, мұның
негізгі қазіргі заман адамдарының саналарына, имандылықтарына келіп тіреліп
тұрған сияқты.
Біз қылмыстың осылай өрши орын алуын әр түрлі реттеу заңсыздықтары
мен тұрмыстық теңсіздігінен туындап отырған өшпенділік індеті деп ойласақ,
онда тұрмысы алдыңғы қатардағы білімді азаматтардың әдейі адам өлтіру
әрекеттерін қалай ақтап алуға болады. Осыларды салыстыра ойлаған кезде жәй
бұқара түгілі жоғары білімді көпшілік азаматтарымыздың санасы, мәдениеті
толық қалыптаспаған деген қорытынды шығаруға мәжбүр боламыз. Ғұлама бабамыз
Әл-Фараби: “Тәрбиесіз алған білім қауіпті” деген екен. Осы сөзді ой
елегінен өткізе қарасақ, мәдениет қалтаны қалыңдату мен білім деңгейінде
емес сияқты. Сол қалтаны қалыңдатудың әлегіне түскендер әр түрлі қылмыс пен
адам өлтіруден де тайынбай отыр ғой. Демек, адамның шын мәдениеті-тәрбиелі
білім негізінде, иманы пәк, таза сананың қалыптасуымен өлшенсе деген ойға
тоқталасың.
Адамзат ұрпағына кісі өлімінің әкелер зардабын ойласаң, ол жекелеген
отбасының ғана қасіреті ғой деп, ат үсті қарау теріс ұғым. Бүгін өлтірілген
әрбір адам ұлтымыздың келешек өркеніне, ұрпақтарына шабылған балта.
Жасалған қастандық.
Шариғат бойынша- “жаратушының өзі берген ғұмырды өзі қайта алғаны
дұрыс” деген пікір көлденең тұрады. Әрине, табиғаттың заңы бойынша құдіреті
күшті құдайдың пендесінің жанын ертелі-кеш өзінің әмірімен қайтарып алғаны
орынды. Адам өмірінің құндылығы туралы шексіз дауласуға да болады, әйтсе де
тап қанішердің өмірі секілді соның қолында қаза болған жәбірленуішінің де
өмірі құнды емес пе? Қала берді қылмыскерге өзгенің тіршілігін өз қолымен
қиятындай әзірейілдік құқықты кім берді? Осы тұрғыдан қарастырар болсақ,
адам абыройын аяққа таптап, азаптап өлтірген азғынға тек ең ауыр жаза
лайықты. ХХ ғасырдың басында ғұмыр кешкен Б. Чичерин былайша ой түйген:
“Адам өмірі қаншалықты жоғары бағаланса, оны қиған қылмыскерге тағатұғын
жаза соншалықты жоғары болуы керек”.
Бірқатар зерттеушілер өлім қамытын киген сотталушының қайғысы оның
құрбандарының қайғысынан әлдеқайда ауыр дегенді айтып, жоғары жазаның
әділетсіздігін алға тартады. Осы ойды қолдаушылардың бірі М. Гернет былай
дейді: “Өлім жазасының сұмдығы- өлім құшқан құрбанның қорқынышынан бірнеше
есе асып түседі, көптеген жағдайда өлім жазасының физикалық азабы өлім
сағатын күту мен туған-туыстарынан мәңгілікке қол үзу секілді психикалық
азаптың жанында түк емес”.
Осы сарынды дәйектер адам пішіндес жыртқышқа деген аяушылықты,
мүсіркеуді туындата қоймасы ақиқат. Ол- өз тағдырын өзі таңдап, өзіне өзі
үкім шығарған бейбақ. Оның үстіне қаныпезер қасапшы мен соның қолында мерт
болған жәбірленушінің азабы салыстыруға келмейді
Сонымен, адамдардың ғұмырын жаналғыштық өкілеттікті иеленіп, қиған
қанішер кім? Ол- әлеуметтік, рухани, адами тұрғыдан азғындаған жан. Ол-
кәдуілгі екі аяқ, екі қол сияқты адами сипаттарға ие болғанымен, жүрегіне
зұлымдық ұя салған, санасын мұздай қатыгездік құрсаулаған жыртқыштың
тілегінің ғана құлы. Ол- оң, солын ажыратып болмаған бүлдіршіндерді баудай
түсіріп, аңға тән айуандықпен балғын денесін сояудай тырнағымен кесектеп
жұлатын, жанұшыра шыңғырған баланың жанарында заманының қатаң көрінісін
бақи бойы тұрақтатқан әзірейіл. Ол- талайларды қасіреттің тереңіне батырып,
баланы жетім, жаржы жесір, ананы тұла бойы туғанынан айырған бақытсыздық.
Осыдан кейін қанішерді қара жер қалай көтерсін.
Бұдан шығар түйін: өлім жазасы- қылмыскердің қан төгуіне қойылар
тосқауыл. Бұдан басқа жаза тағайындалар болса, онда шектелген бостандықтың
жаза мерзімі өтелгеннен кейін қалпына келуі мүмкін, ал үзілген ғұмырды
дәруіш те қайтара алмайды.
Дегенмен, тақырып қойылған оны оңды шешіп, жазалау түрінен құқық
қолдану практикасынан бас тартқан әлемдік қоғамдастыққа Қазақстан қосылуына
әкеліп соқтырады. Батыста өлім жазасынан бас тарту негізінде басты саяси
негізгі тұтқа парламент болса, ал бізде бұл идеяның бастамасын мемлекет
басшысы қолдады. Бұл кездейсоқ жағдай емес, бұл республика басшылығының
елдің бүкіл құқықтық жүйесіне тән басты адамгершілік қағидаларына
сүйенгендігін білдіреді.

2.1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы бойынша өлім жазасының
қолданылу ерекшелігі

Сот өлім жазасын тағайындауға міндетті емес. Кез-келген жағдайда ол
өлім жазасын немесе Қазақстан республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше
бөлігінде көзделген балама жағдайлардың басқа түрін таңдауға құқылы.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 49-бабының 4-ші
тармағына сәйкес өлім жазасы туралы үкім, ол заңды күшіне енгеннен кейін,
бір жыл өтпей орындалмайды, ал сотталған адамның кешірім сұрау жөніндегі
өзінің конституциялық құқығын пайдалануына мүмкіндік береді делінген1.
Қазіргі таңда Қазақстанның құқықтық өмірінде талқыланып жатқан өзекті
мәселенің бірі- өлім жазасы. Өзін құқықтық мемлекет санайтын кез-келген
өркениетті ел өлім жазасын қолдану аясын барынша шектеп келе-келе жазаның
бұл түрінен мүлдем бас тартуға тиіс Қазақстанда да өлім жазасы қолданылатын
қылмыстар тізбегі мейлінше азайтылып, мораторий жарияланды.
Аталмыш күрделі мәселенің күрмеуінің шешілуі жан- жақты зерделеуді
талап етеді. Бұл бағытта өлім жазасының тарихына үңілмей толыққанды
тұжырымға келе алмаспыз. Сабағы мол өткен күндердің қателігін қайталамауға
үйретеді.
Алғашқы пайда болған мысырдағы “өлілер кітабы” деп аталатын жинақта
өлім жазасына кесілгендердің араша сұрай айтқан сөзі келтіріледі. Бұл
луғаттан сол уақытта қандай қылмыстарға өлім жазасы кесілгендігін көреміз.
- Олар: сот алдында өтірік сөйлеу; кісі өлтіру немесе кісіні өлтіруге
итермелеу, құжаттарды қолдан жасау, сарайдан қайырға берілетін нанды ұрлау,
алаяқ әйелдерді топтастыру, нан өлшейтін безбенді өзгерту, алдау және
таразыдан кісі ақысын жеу, суаруға кедергі келтіру және басқа да заңмен
тыйым салынған әрекеттер. Бұдан бөлек үкіметке қарсы бас көтеру, қасиетті
саналатын хайуандарды өлтіру, емдеу тәсілдерін өз бетінше өзгерту арқылы
науқасты өлтіріп алу, құлды және бөтен мүлікті ұрлау және тағы басқалар
ежелгі дәуірде өлім жазасы арқылы жазаланатын, қылмыстар қатарына жатады.
Қылмыскердің бойына үрей билетуді басты мақсат тұтқан (таяқпен соққыға
жығу, құлағын, мұрнын кесу және құлдыққа салу) жаза түрлері өлім жазасымен
пара-пар.
Ежелгі Бабыл мемлекетінде жазалаудың басты қағидасы- талион принципі
болды. Бұл қазақша айтсақ, “қанға-қан, жанға-жан” ережесі. Талион
қағидасының мазмұны жазасына қарай қылмысты дегенге саяды. Бұл егер де
біреудің көзін ағызып жіберсең, сен де солай көзден айырыласың деген сөз.
Немесе талионның тағы бір түріне сай жарақат салған мүшеңнен айрыласың. Бұл
елде жоғарыда келтірілген Мысыр мемлекетіндегіден қылмыстар мен қатар
күйеуінің көзіне шөп салу, біреуді ауыр қылмыс жасады деп өтірік кінәлау,
қан араластыру тәрізді әрекет жасағандар өлім жазасына кесіледі.
Ежелгі шығыс мемлекетіндегі өлтіру, арқылы жазаланатын қылмыстар
қатарын болжасақ, мұндағы басты мүдде мемлекет пен отбасының іргесін
шайқалту екендігіне көз жеткіземіз.
Әлем тарихында демократиялық институттардың бүкіл халықтық жиналыс,
тәуелсіз әрі кәсіби сот қалыптасуының бесігі саналатын. Антикалық Афина
мемлекетінде мүлікті тәркілеу, азаматтық құқықтардан айыру, елден қуу
сияқты негізгі жаза түрлерінің қатарында өлім жазасы да болады. Мұндай
жазаға көбінесе сотқа жалған мәлімет жеткізушілер мен өтірік куәгерлер
тартылады.
Қайта өрлеу дәуірінде орта ғасырдағы қитұрқы әрекеттер саябырсыды.
Десек те, өлім жазасы мүлде қолданылмады деп айта алмаймыз. Дөңгелекке
орау, аяқ-қолды шегелеу тірі денеден ішек-қарынды суыру сияқты өлім жазасын
жүзеге асырудың сұмдық тәсілдері Англияда XІX ғасырдың соңына дейін жазаның
кең тараған түрі ретінде қолданылады. Бұл елде бір ай бойы сығандар
тобырына қосылғандарды да өлтіріп отырған.
Содан кейінгі жаңаша дәуірде ғалым-дәрігерлер қылмыскерді қайтсек,
болмашы күйзеліспен, қинамай о дүниеге аттандыруға болады деген мәселе
төңірегінде толғанды. Соның нәтижесінде Гильотина (ойлап табушының атымен
аталады) газ камерасы, ату және тамырға ине мен арнайы дәріні егу арқылы
іске асатын жан алудың жаңа жолдары пайда болды. Әйтсе де, күнәһардың азабы
мейлінше, азайтылған өлтірудің түрі әлі табыла қойған жоқ.
Оқ дәрі қару-жарақ түрлерінің көбеюімен адамзат ату жазасына жаппай
көше бастады. Әсіресе, соғыс кезінде өлтірудің бұл жолы арзан әрі қарапайым
болғандықтан жиі қолданылды. Әдетте, жазаны бір ғана адам немесе атқыштар
бөлімшесі жүзеге асырады. Ал ауыр жаза арқалаған жан өмірлік маңызы бар
органдарында зақым келгендіктен немесе қансырап көз жұмады. Егер жан алуды
атқыштар жүзеге асырар болса, онда ажал қамытын кигендер барлық уақытта бір
дегеннен көз жұмады екен деп ойламаңыз. Өйткені, ара-қашықтықтың біршама
жер болуы сұр мергеннің межеге дөп тию мүмкіндігін азайтатыны бар.
1985-86 жылдары Кеңестер Одағының тұсында 2 мың адам атылған.
Адамзат баласына телеграф, телефон секілді байланыс түрлерін сыйлаған
өнертапқыш Томас Алва Эдисон күндердің күнінде өлім жазасын жүзеге асырудың
тың тәсілін ойлап табады деп кім ойлаған.
Томас Эдисонға Нью-Йорк штатының арнайы комиссиясын электр
орындығындағы өлімнің адамды асуға қарағанда әлдеқайда ізгілікке жақын әдіс
екендігін табандылықпен қорғау арқылы иландырудың сәті түседі. Осылайша
адамзат санасының қанға малынған туындыларының бірі – электр орындығы алғаш
рет 1891 жылы дүниеге келеді.
Әлемдік қауымдыстықтың ауыр жазаны алып тастамаса да ажалдының азабын
азайтуға тырысып бағуда. Осындай қайырымдылық жемісі: - сотталғанды
иньекциялау. Бұл әдістің мәні мынада: жылдам әсер ететін барбитурат пен
организмді жансыздандыратын химиялық заттардың қоспасының орасан зор
дозасын өлімге кесілген адамның қан тамырына егеді. АҚШ-тың 19-штаты
қылмыскерді өлтірудің осы әдісін таңдаған. Солардың бірі Техаста натрий
геопентол бромед және хлористі калийдің қоспасы пайдаланылады. Бұлардың
біріншісі адамды есінен тандырса,екіншісі бұлшық етті жансыздандырады,
үшіншісі жүректің тоқтауына әкеліп соғады. Тарихқа көз жүгіртсек 1977 жылы
ажалды заң жүзінде Оклохома және Техас штаттарында жол ашылған. Ең бірінші
рет осы әдіс қолданылған адам Чарльз брукс болған. Сотталғанды гермикалық
камераға креслоға мықтап таңады. Кеудесіне көрші бөлмедегі дәрігердің
бақылауына мүмкіндік жасайтын стетоскоп бекітіледі. Осыдан келіп өлуге
тиісті адам ауа жұтқанда уландыратын “цианид” газы жіберіледі. Ағзаға
оттегіні жеткізетін энзимдердің газбен жаншылуынан қылмыскер дем жетпей
тұншығып көз жұмады. Ол есінен тез адасқанымен, егер жазаланушы қарсыласып,
демін ішінде сақтар болса “әзірейілдің” қысқа уақытта жан ала қоймауы әбден
мүмкін.
Бас кесу өткен ғасырларда жиі қолданылған. қазіргі таңда Сауд
арабиясында қолданылады және иемен Араб Республикасы мен Біріккен Араб
эмираттарының заңнамаларында бекітілген.
Жазалаудың жолы- қылыштың көмегі мен адам денесінен басын бөліп алу.
қасапшының міндеті қылыштың өткір жүзімен бір сәтте арқа жұлынын үзу.
Тас атқылау жазасы қылмыскерді бағанаға таңады немесе өзін
қозғалмастай етіп байлайды. Бұдан кейін жиналған тобыр үсті-үстіне тас
лақтыруды бастайды. Миға зақым келгендіктен жазаланушы жан тапсырады. Бұл
тәсіл адам төзгісіз азапқа құрылған. Иранда бұл жаза қылмыскердің ұзақ
уақыт азаптануын мақсат етеді. Мысалы, иранның Ислам Қылмыстық кодексінің
119-бабында былай делінген: “Таспен өлгенше атқылау түріндегі жазада
сотталған бір немесе екі тастың соққысынан көз жұмбасы үшін тастар тым
үлкен болмауы керек, сондай-ақ тастар тас деуге келмейтін ұсқа болмауы
керек. 1989 жылғы мәлімет бойынша таспен атқылау алты елдің заңнамасында
сақталған.
Ф.Энгельс: “Ағылшындардың қылмыстық заңының европадағы ең қатаң заң
екендігін білеміз. 1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездік жағынан
Каролинадан кем түспеді: отқа жағу, доңғалаққа байлап, кескілеп - өлтіру
тірі адамның ішек-қарнын ақтару т.б. жазалардың көп тараған түрі болды.
Қылмыскерлік пен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң
жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат – “зиянкес” адамның көзін жою
немесе оны адам сияқты өмір сүру қабілетінен айыру”5.
Қазақтың да әдет-құқығының жинағы XVІІІ ғасырдың басында Тәуке ханның
тұсында жасалған “Жеті жарғыда” сол кездегі қазақтың тұрмыс, әдет-ғұрпына,
өміріне тән қоғамдық қатынастардың негізгі салалары енген. Оның жазба толық
нұсқасы әлі табылған жоқ бізге ұрпақтан ұрпаққа ауызша ауысқан түрі ғана
жеткен.
“Жеті жарғы” қазақтардың көне ел билеу заңы. Қазақта “қанға-қан” алу,
яғни елде ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына
кесілген:
- егер әйелі ерін өлтірсе;
- ата-анасы өз баласын қасақана өлтірсе;
- әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептелген;
- егер әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері оны өлтіруге
хақылы;
- біреуден әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашса, өлім жазасы
бұйырылады.
“Жеті жарғы”- қазақ халқының көне ел тарихы бар жұрт екендігін заңды
қастерлеген қауымдығын танытар ескерткіш. Ол кездің ұраны үрейлендіру мен
қатыгездік.
Қазіргі тарихи кезең жағдайды жазамен түзетуге болмайтындығын
көрсетіп отыр, сондықтан да ғалымдар бұл тығырықтан шығудың жолын
іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу және зорлық принципіне емес
сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше
маңыз алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен күрестегі маңызды да және
әзірше қажетті құрал болғанымен ол жалғыз әрі басты құрал емес, тек қосымша
ғана деген түсініктеме туындайды.
Қазіргі мемлекеттердің басым көпшілігі өркениет жолына бет бұрған.
Бұл елдер адам құқығы принциптерінің құрамдас бөлшегі ретінде
қарастырылатын өлім жазасын қолданыстан алып тастау мәселесін кеңінен
талқылауда. Өлім жазасы жөнінде қоғамның пікірі әр түрлі. Бұл тақырып дүние
жүзіндегі әртүрлі халық топтарын бірнеше ғасырлар бойы толғандыруда. Ғалым
және практиктер халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері
Алматыда өлім жазасын алып тастау: “Иә” немесе “Жоқ” атты өтілген
халықаралық конференцияда осы мәселе жөнінде біраз ойларын айтты. Бұл
конференция әділет министрлігінің адам құқығы және заң сақтау жөніндегі
Қазақстандық бюросының, Қазақстандағы халықаралық түрме рфеормасының
өкілдіктерінің және Сорос-Қазақстан қорының ұйымдастыруымен өтті. Мұнда
Президент әкімшілігінің, Үкімет, Парламент, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура,
басқа да министрліктер мен өкілдері қатысып өз пікірлерін білдірді. Осы
конференцияда Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі өкілі Б.
Байқадамов- мемлекеттің өлім жазасы проблемасына қатынасы оның даму
деңгейін анықтайды. Әлем адам құқықтары деген құндылықтарды, әсіресе, өмір
сүру құқығын жоғары бағалай бастады. өркениетті қоғамда өлім жазасына жол
берілмейді. Сол себепті ол адам баласына қайшы келетін жағдай ретінде
бағаланады: Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін өлім жазасы мәселесі
дау, пікір-талас төңірегінде емес, заңдылықты өзгерту мен жетілдіру
деңгейінде шешуі керек” деген болатын.
Қазақстан халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Е.
Жовис: “қоғам үшін жазалаудың қайтарымсыздығы. Маңызды болып табылады.
Адамның міндетті түрде жазаланатынына кепіл беріледі. Басты мәселе- күнәсін
мойнына алу, сезіну болып табылады. Егер де біз демократиялы нормаларға
сәйкес келетін мемлекетті құрғымыз келсе, онда осы бағытта алға қарай
жүруіміз қажет. Өлім жазасынан бас тартқан елдер азаю емес, көбею үстінде.
Қазақстан өлім жазасын қолданбаудың бұрынғы өткен дәстүрлері бар.
Бізге жеткен қазақтардың дәстүрлі құқығының нормалары бойынша өлім жазасы
жалғыз жазалау түрі болып табылған жоқ, өлтірген адам, әрбір өлтірілген ер
адам үшін 1000 қой, ал әйел адам үшін 500 қой түріндегі белгілі бір
мөлшердегі құн төлеу арқылы өмірін сақтай алатын. Егер де адамның қол аяғы
мүшесіне зақым келтірсе немесе шауып тастаса, белгіленген мөлшерде мал
төлей алатын.Осылайша қазақ дәстүрлі құқығының әділ соты кек алуды
қанағаттандыруға ғана емес, келтірілген материалдық шығынның орнын
толтыруға да қылмыстан жапа шеккендердің одан арғы өмірін қамтамасыз етуге
де негізделген. Қосымша зұлымдықты жасау зорлық пен мейірімсіздіктің
артуына әкеліп соқтырады, ал бұдан жәбірленушілердің саны арта түседі.
Сонымен ешбір жақтың құқықтары қалпына келмейді. Мысал келтірсек бірнеше
жыл бұрын Бельгияда сериялық маньяктың қолынан балалар зардап шеккен. Ал
олардың ата-аналары оған өлім жазасын қолдануды талап етуден бас тартқан,
себебі олар өлтірушімен бір деңгейде болғысы келмеген.
Мамандар өлім жазасынан қорқыту арқылы бас тартуды үлкен кедергі деп
санамайды. Статистикалық деректер бойынша өлім жазасынан бас тартқан
елдерде қылмыстылық санының артуы байқалмауда. Өлім жазасы қылмыстылықты
азайтады деген пікір бойынша өлтірушілікті іске асыратындар немесе басқа да
ауыр қылмыстарды жасаушылар алдын-ала өз әрекеттерінің зардаптарын, сонымен
қатар өздерінің өмірінен айырылу мүмкіндіктерін ескеретіндігін көрсетеді.
Мұндай пікір қылмыскердің бейнесі туралы мүлде дұрыс емес түсінікте, сондай-
ақ өлім жазасына әкеліп соқтыратын қылмысты жасау жағдайларына негізделеді.
Көптеген ауыр қылмыстар күйзеліс жағдайында үлкен эмиционалды стресс немесе
наркотиктермен алкогольдің әсерімен жасалады.
Кейбір жағдайларда мұндай қылмыстар орнықсыз психикасы немесе ақыл-ой
кемшіліктері бар адамдармен жасалады. Осындай барлық жағдайларда қылмыскер
ұсталған жағдайда мүмкін жазалану қаупі есепке ала бермейді.
Өлім жазасы терроризммен күрес барысында қажет болып табылмайды. Өлім
жазасының ұйымдасқан қылмыстылықты және террористік қылмыстың азаюына
жағдай жасайды деген айғақтар жоқ. Керісінше, өлім жазасы мүлде қарама-
қарсы әсер ете алады. Жазалау қылмыскерге азап шегуші кейпін беріп, ол
туралы еске алу алдындағы террористік ұйымдар үшін символ және қозғаушы күш
болып табылады.
Өлім жазасына балама ретінде сөз жоқ өмірлік қамау көріне алады.
Себебі, өлтіру бұл жазалау емес, ол жан күйзелісінен және де тән
күйзелісінен айыру дегенді білдіреді. Ал түрмеде өткізген көп жылдардан
кейін күнәсін мойындау, тәубаға келу- бұл адамгершілікті сынақ болып
табылады.
Қазақстан үшін өлім жазасы қоғамды ізгілендірудің маңызды проблемасы
болып қалады. Мемлекет басшысы “Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға
арналған негізгі бағыттары туралы” Президенттің Қазақстан халқына
жолдауында осы мәселені қозғап, былай деді: “Ендігі жерде өлім жазасын кесу
үкімін кідіртуді бастап, оны толық мансұқ етуге дейінгі мәселені мұқият
зерделеу қажет”. Бұл үшін қажетті жағдайлар туғызу керек екенін түсінеміз,
мұның өзі қаржыландыру мен уақытты талап етеді. Бұл жайында да қоғамымызда
сан түрлі пікір бар.
Алайда, бұл мәслені шешуді қолға алу керек. Ал, 2003 жылғы 4-ші
сәуірдегі “Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі
бағыттарын жолдау туралы” Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында:
“Қылмыстық құқық саласын ізгілендіре түсуді жалғастыру маңызды. Өлім
жазасын қолдануға мораторий енгізу үшін үкімет осы мәселені шешудің
ұйымдастырушылық материалдық және заңдық шарттарын жасауға кірісуі керек,
атап айтқанда, өмір бойы бас бостандығынан айыру сияқты жаза түрін енгізу
керек”.
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңында өлім жазасын қолдану аясы
шектеулі екенін атап өту керек, өлім жазасы қолданылатын адамдар тобы: 65
жастан асқан ер адамдар мен қылмыс жасау үстінде 18 жасқа толмағандар, әйел
адамдар деп кеңейтілді. Заңда өлім жазасын жазалаудың басқа түрімен
ауыстыру мүмкіндігі белгіленеді. Үкім заңмен белгіленген мерзімді оның
күшіне енген кезінен бастап орындауға кесіледі. Соңғы жылдардағы практика
көрсеткендей соттар өлім жазасы туралы конституциялық ережелерді басшылыққа
ала отырып, бұл жазалау шарасын мынадай жағдайларда қолданады: оны
тағайындау қажеттілігін жауапкершілікті ауырлататын ерекше жағдайлармен,
сондай-ақ ерекше қауіптілігіне байланысты болады6.
Мемлекет қылмысқа берілетін жаза мәселесін шешуде белгілі бір
дәйектілік көрсетіп отырғанын атап өту керек. Мысалы, егер Қазақстан
Республикасында 2001 жылы өлім жазасына 39 адам кесілсе, 2002 жылы бұлардың
саны 18-ге дейін қысқарды, 2003- жылы мораторий жариялады. Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігі 2002 жылы қазақстан Республикасында өлім
жазасын қолдануға мораторий енгізу, оны толық жою мүмкіндігі туралы мәселе
бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізді.
Бұған 8100-ден астам азаматтар қатысып, тиісті сұрақтарға жауап
берді. Сонымен бірге Әділет министрлігі “Айрықша жазалау шарасы өлім
жазасына сотталған адамдарға қатысты сот үкімдерінің орындалуына мораторий
енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне” және
“Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексіне қолданысқа енгізу
туралы” “қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы” заңдардың жобаларын әзірлеп оларды құқықтық сараптамадан
өткізді.
Әзірше, өлім жазасынан бас тарту мәселесінің жауаптарына қарағанда
сұрақтары өте көп. әрине, бұл мәселе заңгерлер, ғалымдар, құқық қорғаушылар
арасында талқыланудың тақырыбы ретінде бірнеше рет қаралатыны сөзсіз. ХХ-
ғасырдың 70-80 жылдары өлім жазасын біртіндеп азайту, келешекте бұл жазадан
бас тарту үрдісі: дүние-жүзілік қауымдастықта анық байқала бастады. 1989
жылы 15 желтоқсандағы “Азаматтық және саяси құқықтар” туралы Халықаралық
фактінің Екінші факультативтік хаттамасындағы өлім жазасынан бас тарту
жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының үндеуін көптеген мемлекеттер қабылдады.
Қазіргі уақытта Европа одағына кіретін елдер одан бас тартты. Бірақ,
жалпы қоғамдық пікір өлім жазасын қылмыстық жазалар қатарынан біртіндеп
шығару идеясын онша құлшынып құптамай отыр.
Қазақстан Республикасында басқа да көптеген елдердегі сияқты жазаның
бұл түрі әлі бар. Бірақ Қазақстан Республикасының Конституцисына сәйкес
өлім жазасы, жазалаудың ерекше шарасы ретінде аса ауыр қылмыстар үшін ғана
қолданылады. Ондай жазаға кесілген адамдардың кешірім сұрауға құқығы бар.
ҚР Қылмыстық Кодексінде өлім жазасы тағайындалатын қылмыстардың нақты
тізімі берілген. Өлім жазасы адам өміріне қастандық жасалған ерекше ауыр
қылмыстар үшін сондай-ақ соғыс кездерінде немесе ұрыс жағдайында жасалған
қылмыс үшін тағайындалуы мүмкін.
ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 69, 75 баптары егер қылмыстық
жауапкершілікке тартудың мерзімі ескірсе немесе айыптау үкімінің орындалу
мерзімі, өлім жазасын қолданбаудың ерекше жағдайларын көздеген. Егер сот
айыптау үкімінің ескіруін қолдану мүмкін емес деп тапса, онда өлім жазасы
өмір бойы бас бостандығынан айыру жазаысмен ауыстырылады. Егер сот
айыпкерді ескіру мерзіміне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін
емес деп санаса, онда өлім жазасы 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға
немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Қылмыстар жиынтығы бойынша мерзімдерді ішінара немесе толық қосқан
жағдйада және қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 49-бабының 3-
бөлігі, яғни кешірім жасау тәртібінде өлім жазасын ауыстыру, бас
бостандығынан айырудың мерзімсіз түрі, өмір бойы бас бостандығынан айыру-
жазаның жаңа түрі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша бас
бостандығынан айырудың бір түрі болып табылады, ол тек мына жағдайларда
тағайындалады:
а) өмірге қастандықпен ауыр қылмыс жасағаны үшін қарастырылған өлім
жазаына балама ретінде, егер сот өлім жазасын қолданбау мүмкін деп тапса.
(Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 48-бабының 4 бөлігі, сондай-
ақ Қылмыстық кодекстің 49-бабының 1-бөлігінде аталған қылмыстарды
жасағанда. Бұл жайында Қылмыстық кодекстің 48-бабының 3-бөлігінде
айтылған).
б) кешірім жасау ретінде өлім жазасын ауыстырған жағдайда (Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 49-бабының 3-бөлімі).
в) Өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс жасаған немесе өлім
жазасына сотталған адамға ескеру мерзімін қолдану мүмкін болмаса.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 48-бабының 3-бөлігінің
мәні- егер белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруды сот жеткіліксіз,
ал өлім жазасын артық деп тапса, онда ол өмір бойы бас бостандығынан
айыруды тағайындай алады. Сондықтан да өмір бойы бас бостандығынан айыруды
қолдану соттардың өлім жазасын қолдануын азайтады.
Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғанның іс жүзінде босануы
мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 70-бабының 5-бөлігі
қарастырын бұл жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі екі
жағдай үлескенде болады:
- іс жүзінде кемінде жиырма бес жыл өтсе;
- бұл жазаны өтеп жатқан адамды одан ары бас бостандығынан айыруды сот
қажет емес деп тапса, босатылуы мүмкін7.
Қазіргі таңда өлім жазасына балама - өмір бойы бас бостандығынан айыру
ғана бола алады. Себебі, кейбір жағдайларда екеуінің ортақ белгілері бар.
Біріншіден, өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айыру қылмыскерді
жәбірленуші, оның жақындары тұратын сол әлеуметтік ортадан толық
аластатады.
Екіншіден, өмір бойы бас-бостандығынан айыру дегеніміз, бұл жазаны,
мәселен кешірім жасау, рақымшылық ету нәтижесінде жазаның басқа түріне
ауыстыруға болмайтындығын білдіреді.
Үшіншіден, қазіргі заманға түзеу мекемелерінде ұстау тәртібі бойынша
өмір бойы бас бостандығынан айыру сотталушының жазасын өлім жазасына
қарағанда жеңілдету құралы ретінде қарастырылмайды. Сондықтан да, жазаның
мұндай түрін таңдау кезінде адамшылық әділеттілік туралы сөз қозғау
мейлінше даулы болып келеді.
Әлбетте, болашақта технологияның дамуымен өлім жазасын ауыстыру
тұрғысында басқа да балама ұсыныстар пайда болуы мүмкін. Мәселен,
лоботомия, адамынң психикасына қан арқылы әсер ету және т.б. Бірақ сананы
бұлайша тазалау біздің ойымызша, адамның жеке басына ықпал етуді күштеу
құралдары арқылы бұзу дегенді білдіреді, сондықтан да қолдау таппасы
белгілі.
Өлім жазасын қолдану мүмкіндігін адамшылық тұрғыға бейімдеу,
әділеттілік бағытында дамыту әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Мәселен,
адамзат сотталушының жазасын оның тәндік және рухани күйзелісін азайта
отырып, өлім жазасына қарағанда жеңілдетуге талап қылады. Дегенмен, бұл
жерде шешілмеген басқа да аспектілер бас көтереді- мемлекет өлім жазасын
қолдануға құқылы ма, ол сот төрелігіне қайшы келетін үкімдерге ұрынбауға
толық кепілдік бере ме, өлім жазасымен жазаланатын іс-әрекеттердің шеңберін
себепсіз кеңейте отырып, ол өз өкілеттігін асырып жібермей ме және т.б. Бұл
өзіңді, құрып кеткенде, материалдық тұрғыда қинамай-ақ проблеманы шешудің
оңай жолы. Алайда, бұл тығырықтан шығудың жолы емес. Мемлекет өз
азаматтарын қамқорлық жасауды міндетіне алған екен, ол адамдарды да
қамқорлығына алуға міндетті. өзіндік дамуға мұндай ұмтылыс арқылы қоғам
өткениет бағытында елеулі қадамдар жасайды.
Біздің құқықтық, мәдениеттік санамыз өлім жазасына мораторий
жариялайтындай деңгейге әлі жеткен жоқ еді. Негізінен, қатыгез қылмыстың
өтеуі өлім жазасы деп білеміз. Қоғамда тәртіп орнауы үшін өлім жазасы
қолданылуы қажет. Өркениетті елдер моральдық санасы көтеріңкі, құқықтық
санасы биік болғандықтан өлім жазасын алып тастады. Біз де уақытша
мораторий жариялап қойдық. Негізі, қоғамымыздағы қалыптасып отырған
қылмыстық ахуалға орай осы мораторийді алып тастап, қайтадан өлім жазасын
қолдана бастасақ, дұрыс болар еді. Өлім жазасын адамды тонау мақсатында
қасақана өлтірген қылмыскерлерге, педофилдерге, террористерге қолданса
дұрыс болар еді. Өйткені террористік әрекет орын ала қалған жағдайда
террорист жүздеген адамның өліміне себеп болуы мүмкін.
Ал жүздеген адамның қанын мойнына жүктегісі келетін террорист қалайша
жер басып жүруі тиіс?! Сондай-ақ әлі есін білмеген сәбилердің өмірін
өксітіп, айуандық әрекетке барған педофил қалайша өмір сүруі тиіс?! Оларға
өлім жазасын қолданбай, түрмеге қамағанымызбен, олар қайта бостандыққа
шыққанда тағы бір сәбиге кесірін тигізуі мүмкін ғой.
Өлім жазасынан шошудың қажеті жоқ. Кейбір елдер әлі күнге өлім
жазасын қолдану арқылы елдерінде тәртіп орнатуға қол жеткізіп отыр.
Мәселен, Қытайда экономикалық қылмыс жасап, жемқорлық фактілеріне орын
берген шенеуніктерге өлім жазасын қолданады. Нәтижесінде Қытайда
жемқорлықтың жолы кесіліп отыр. Осы секілді қоғамға кесірін тигізіп отырған
қылмыс түрлеріне орай қатаң жаза түрлерін енгізсек, ештеңеден ұтылмаймыз.
Біз де өлім жазасын қайтадан енгізсек, көптеген қылмыс түрлерінің алдын
алған болар едік деп ойлаймыз.

2.2. Өлім жазасын қолданудың қазіргі әлемдік мәселелері

Қазіргі кезде бірде-бір мемлекет қандай мәселе болмасын, оны сыртқы
саяси факторларды ескермей шеше алмасы анық. Біздің ойымызша, дәл солар
өлім жазасын қолдану мәселесі бойынша пікірлер эволюциясына айтарлықтай
ықпал тигізіп отыр.
Бірінші кезекте осыдан екі жылдай уақыт бұрын өлім жазасына арналып
өткен бірқатар халықаралық форумдарға назар аударайық.
Өлім жазасына қарсы алғашқы әлемдік конгресс 2001 жылғы 21-23 шілдеде
Страсбургте болып өткені белгілі. Ол әлемдік қоғамдастықта аболиционистік
үрдістің кең етек жаюының бір көрінісі іспетті болды. Себебі онда ұлттық
заңнамада өлім жазасын қалдыруды қолдайтындармен қандай да бір пікір-
таласқа түсу туралы ойдың өзі ерсі саналды. Қорытынды декларацияда аталмыш
конгресс өлім жазасын жою туралы бірқатар маңызды мәлімдеме жасады8.
Осы құжатта өлім жазасы кек алудың салтанат құруы және адамның ең
маңызды құқықтарын, ең алдымен, өмір сүру құқын аяқ асты ету деп
көрсетілген. Сонымен қатар, өлім жазасының ешқашан қылмыстың алдын алуға
септігін тигізбейтіні баса көрсетілген. Өлім жазасы адамға қарсы
бағытталған асқан қатыгездік, азаптау және кемсіту актісі болып табылады.
Өлім жазасын қолданатын қоғам сол арқылы зорлық-зомбылықты мадақтайды. Адам
құқықтарын қадірлейтін қоғам өлім жазасын жоюға тырысады.
2001 жылғы 25-29 шілдеде Страсбургте Еуропа Кеңесі Парламенттік
Ассамблеяның (Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының) кезекті сессиясы
өтіп, онда қаралған маңызды мәселелердің бірі өлім жазасын жою болды. Осы
талқылау нәтижесінде Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының “Еуропа
Кеңесінің бақылаушы- мемлекеттерінде өлім жазасын жою” резолюциясын
қабылдады.
Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы осы құжатында өлім жазасына
үзілді-кесілді қарсы позициясын тағы да қуаттады. Ассамблея қазіргі заманғы
өркениетті қоғамның қылмыстық әділет жүйесінде өлім жазасына орын болмауға
тиіс, ал оны қолдану адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау
жөніндегі Еуропа конвенциясының 3-бабы бойынша адамның қадір-қасиетін аяқ
асты ету болып табылады деген пікір білдірді.
Сонымен қатар, 1994 жылдан бастап Ассамблея Еуропа Кеңесіне мүше
болғысы келетін елдерге өлім жазасына мораторий енгізуге әзір болу шартын
міндетті түрде қоятын болды. Осының нәтижесінде Еуропа Кеңесін құрайтын 43
ел 1997 жылдан бері іс жүзінде өлім жазасы қолданылмайтын аймаққа айналды.
Қазіргі кезде өлім жазасы қолданылатын елдер еуропа Кеңесіне
қабылданбайтын болды.
2001 жылғы 6-10 шілдеде өткен Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Парламенттік ассамблеясының оныншы
отырысында өлім жазасын жою туралы қарар қабылданды.
Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 189 мемлекеттің 108-інде
өлім жазасы заңнамалық негізде немесе іс жүзінде жойылған. Дегенмен,
Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына кіретін 55
мемлекеттің 10-ында өлім жазасы әлі күнге дейін қолданылады екен.
Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың бірі Еуропадағы Қауіпсіздік
және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының құжатында өлім жазасын қолданатын ел
ретінде екі рет аталып отыр. Әрине, біз тәуелсіздікке қол жеткізген 10 жыл
ішінде азаматтық ізгіліктерге жол ашсақ, ол біздің еліміздің құқықтық
мемлекет қалыптастырудағы ірі жетістігі болып есептелетіні анық.
Өкінішке орай, 2001 жылғы 11 қыркүйекте дүние жүзін дүр сілкіндірген
Нью-Йорктегі қайғылы оқиғалар осы форумдарда қабылданған шешімдерді кең
насихаттауға кері әсерін тигізді. Террористер жауыздық әрекеттерін жасап
жатқанда, өлім жазасын жоюға шақыру қисынсыз көрінген, әрі қоғамдастық
тарапынан қолдау таппас еді.
Өлім жазасын қолданудағы ғаламдық үрдіс тақырыбын жалғастырар болсақ,
1998 жылдың аяғы мен 1999 жылдың басы дүниежүзілік аболиционистік қозғалыс
үшін шешуші рол атқарды.
1999 жылдың көктемінде өлім жазасын қолданудан бас тартқан елдер саны
өлім жазасы сақталып отырған елдер санынан алғаш рет айтарлықтай асып
кетті. 1998 жылғы желтоқсанда осы жазалау шарасын қолдану аясын кеңейтпек
болған мемлекеттердің өздері мысалы, Қырғызстан мен Түрікменстан өлім
жазасына мораторий жариялады. 1999 жылы ақпанда олардың қатарына Ресей,
кейінірек Латвия, Грузия, Армения қосылды, ал 2000 жылға қарай Украина да
мұндай шешіліс келді.
Қазіргі заманғы шіркеу тарихында алғаш рет 1998 жылдың қарашасында
Рим Папасы өзінің Рождестволық жолдауында өлім жазасына дүниежүзілік
мораторий жариялауға шақырды.
Жалпы, кезінде Кеңестер одағында өлім жазасын жою әрекеті екі рет
жасалып, екеуінде де сәтсіздікке ұшырапты. Өлім жазасын жазалау шаралары
қатарынан алып тастау үшін Испанияға-17, Австралияға –18, Жаңа Зеландияға-
28 жыл, Швейцарияға –5, Португалияға-110 жыл қажет болған. Міне, бұл
дамыған Еуропа мемлекеттеріндегі жағдай.
Ал, бұрындары өлім жазасынан бас тартқан кейбір елдер біршама жылдан
кейін оған қайта оралып отыр. Өлім жазасын қолданудан 23 жыл бойы тартынып
келген Филиппин 1999 жылы оны қайтадан қолданатын болды. Сол жылы 40 жылдық
үзілістен кейін алғаш рет АҚШ-тың Огайо штатында айыпталушы өлім жазасына
кесілген. Кейінгі уақыттарда АҚШ-тың қылмыстық сот әділдігінің өлім
машинасы “қарқынды” жұмыс істей бастады. Мәселен, соңғы 24 жылда осы елде
іске асырылған өлім жазасының жартысына жуығы. АҚШ Жоғарғы сотының рұқсаты
берілген 1997-2000 жылдардың үлесіне тиеді.
Өлім жазасын қолданудың ғаламдық үрдісіне келетін болсақ:
- біріншіден, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа кеңесінің бастамалары, католик
шіркеуі басшылығының, халықаралық амнистия” және басқа да құқық қорғау
ұйымдарының қызметі арқасында дүние жүзінде өлім жазасын қолдану
ауқымының айтарлықтай азаюына қол жетіп отыр;
- екіншіден, өлім жазасын қолдану адамның маңызды құқықтарын, ең алдымен,
қол сұғылмайтын өмір сүру құқығын аяқ асты ету екенін мойындау өлім
жазасына қарсылардың келтіретін мәнді дәлелі болып табылады. Өлім жазасын
қолдану- асқан қатыгездік, азаптау және кемсіту актісі. Қылмыскерді
өлтіретін мемлекет өз елінде моральдық атмосфераның жақсаруына үміт
артпай-ақ қойса болады. Кез келген жазалау зорлық-зомбылыққа қарсы тұру
қабілетін нашарлатып, қоғамдық құндылықтарды шайқалтады. Зорлық-зомбылық
бекініп алса, адам құқықтарын бұзу үйреншікті құбылысқа айналып кетеді9.
Адам өміріне қастандық жасаған айрықша ауыр қылмыс үшін өлім жазасын
қолдануға жол беру кек алу ниетінен туындамаған, бұл жаза кінәліні түзетуді
де мақсат етпейді, ол ең алдымен, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
және сотталушының өзінің де, сол секілді басқа адамдардың да жаңа
қылмыстарының алдын алу міндеттерін орындау үшін қолданылады.
Өлім жазасына мораторий енгізу әлемдік жұртшылық таарапынан кең
үндестік тапты. Атап айтқанда, Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының
президенті П. Шидердің пікірінше, мұндай оң қадамның жасалуы елде өлім
жазасын толығымен жоюға бастайды және Қазақстанның еуропалық өлшемдерге
жақындай түсу ниетін айқын танытады.
Мамандардың көпшілігі қазақстан өлім жазасынан сатылап бас тартуға
бет бұруға тиіс деген пікірде. Іс жүзінде бұл 1997 жылғы 16 шілдеде
қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қарастырылған.
Біріншіден, өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыстар саны екі есеге
қысқартылған. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекс бойынша
әскери қылмыстар үшін өлім жазасы тек соғыс уақытында немесе ұрыс
жағдайында белгіленуі мүмкін.
Өлім жазасы бейбітшілікке және адамзаттық қауіпсіздікке қол сұғу
әрекеттері үшін бес қылмыс құрамы бойынша тағайындалуы мүмкін.
Қалған бес қылмыс құрамына тоқталсақ, бұлар: адам өлтіру (96-бап, 2-
бөлім); Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық (167-
бап, 1-бөлім); терроризм (233-бап, 4-бөлім) диверсия (171-бап, 1-бөлім);
әділет немесе алдын ала тергеу жүргізілетін адамның өміріне қол сұғушылық
(340-бап).
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық
статистика және ақпарат орталығының мәліметтері бойынша, біздің елімізде
1997 жылы 61 адам, 1998 жылы 63 адам, 1999 жылы 63 адам, 2000 жылы 40 адам,
2001 жылы 39 адам өлім жазасына кесілген. Осы кезеңде барлығы 266 адамға
қатысты істер бойынша өлім жазасына кесу үкімдері шығарылған орташа есеппен
алғанда, 1997-2001 жылдар аралығында жылына 53 адам өлімге кесілген.
Адамзаттың көпғасырлық тарихы, ғылыми зерттеулер және көптеген
елдердің тәжірибесі өркениетті қоғамның өзінде де қатал жазалану алдындағы
қорқыныш сезімі әлеуметтік құқық бұзушылардың мардымсыз бөлігін ғана қылмыс
жасаудан сақтандыруы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Жазаны қатал ету қылмыс
деңгейін төмендетеді деген алдамшы көзқарасқа негізделіп отыр. Ал шындығына
келгенде, жазаны қатал етуге үміт арту қиялға негізделген, себебі жазаны
тағайындалған кезде басты рөл ортақ емес, жеке превенцияға беріледі.
Мемлекет пен қоғамның қылмыстық мінез-құлыққа деген ең шетін, ең
соңғы көзқарасы нысаны- өлім жазасы болып табылады. Сондықтан да өлім
жазасын жою туралы мәселе- қылмыстық саясатты ізгілік қағидаларына бейімдеу
мәселелерін құрайтын негізгі проблемалардың бірі. Ол демократиялық қоғам
дамуының қазіргі жағдайларында қылмыстық жазаның қандай болуы керек деген
тақырыпты жалғастырады, ізгілікке бейімдеу жазаның қандай да бір түрінен
бас тартуды ғана емес, сонымен қатар оның сапалық мазмұнын өзгертуді, яғни,
шарттарын, мақсаттарын, қолдану негіздерін және сол сияқтыларды қайта
қарауды қажет етеді. Осы жерде өлім жазасына қатысты мерзімдік заң
басылымдарында жарияланған бір-екі пікірді келтіре кетсек: Мәселен,
академик С. Сартаев: “Меніңше, дәл бүгінгі күні өлім жазасын Қылмыстық
кодекстен алып тастауға ешқандай негіз жоқ”.
- Біріншіден, біздің еліміздің шаруашылығы, өндірісі жалпы алғанда,
экономикасы әлі де болса өркендеу үстінде.
- Екіншіден, халқымыздың әл-ауқаты, тұрмысы әлі де болса өркениетті елдер
қатарына жетуге көп еңбекті, уақытты талап етеді.
- Үшіншіден, халқымыздың саяси, құқықтық, моральдық сана-сезімі өркениетті
мемлекеттің деңгейіне жете қойған жоқ.
- Төртіншіден, біздің ұлттық менталитетіміз әлі де болса “тіске-тіс, басқа-
бос, жанға-жан” деген ескі заманның принциптерінен арыла қойған жоқ.
Міне, осы себептерді алға тарта отырып, дәл бүгінгі біздің еліміз өлім
жазасынан бас тартуға болмайды деп есептеймін”,-дейді.
Ал, профессор Е. Қайыржанов: “Қазақстанның Қылмыстық кодексінде
бірнеше аса ауыр қылмыстарға өлім жазасы қолданылады. Соңғы жылдары
Президентіміз бекіткен құқықтық саясат концепциясында мынадай жолдар бар:
“өлім жазасына мораторий жариялауды мүмкіндігіне қарай зерттеу керек”.
Осыдан шығар, әйтеуір кейбір халықаралық, қоғамдық ұйымдар “өлім жазасынан
бас тарту керек” деген ұранды желеулетіп шыға келді. “Саған зұлымдық
жасаса, сен зұлымдық жасама” деген баяғы заманнан келе жатқан қағида бар.
Өлім жазасынан бас тарту осы қағиданың талаптарына сай келеді. Бірақ,
осынау ізгі қағиданың негізгі мақсаты дұрыс болғанымен, нақты өмірдің кей
принциптеріне қайшы келеді. Ол қандай принциптер?
- Біріншіден, әділеттілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл жаза көзделетін қылмыстар
Өлім жазасын қолдану туралы
Өлім жазасын қолданудың ғаламдық үрдісі
Өлім жазасының түрлері
Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасына тарихи сипаттама
Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасы
Өлім жазасын тағайындау және оны орындаудың тарихи даму кезеңдері
Қазақ тарихындағы өлім жазасы
ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА МОРАТОРИЙ
Жаза және оның мақсаты
Пәндер