Қазақстан Республикасының президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы



Қазақстан жолының жаңа ке¬зеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.
Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы тең¬ге¬рімін табу – өмірлік маңызды нәрсе.
Бүгінгі әлемде бұл – әлеу¬мет¬тік-эко¬номикалық жаңғырту¬дың түбе¬гейлі мәселесі.
Бұл таяу онжылдықтардағы Қବзақ¬стан дамуының басты ба¬ғыты.
Мен ел халқына өзімнің жаңа Жол¬дауымды осы көкейкесті та¬қырыпқа арнаймын.
Біз он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиістіміз.

Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.

Менің тапсырмам бойынша Үкі¬мет қағидатты түрде жаңа Жұ¬мысқа тар-туды қамтамасыз ету¬дің бағдарлама¬сын бекітті.
Онда үш маңызды міндет қойылған.
Біріншіден, оқыту мен жұ¬мыс¬қа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.
Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіп¬керлікті дамытуға септесу.
Үшіншіден, еңбек ресурс¬та¬ры¬¬ның жинақылығы, Қазақ¬стан¬ның эко¬но¬ми-калық тұрғыдан белсенді орталық¬та¬рын¬да жұ¬мыс¬қа орналастыруға ба-сым¬дық беру.
2011 жылы бұл Бағдарлама қа¬нат¬қақ¬ты режімде 60 мыңға жуық адам¬ның қатысуымен сы¬нақтан өтті.
Бүкіл дайындық жұмыстары, заң¬на¬ма¬лық база бойынша жұ¬мыс¬тар аяқ-талды.
Енді бағдарламаны жүзеге асы¬руға көшу керек.
Үкіметке және әкімдерге би¬ылғы жылдан бастап бағдарла¬ма¬ны кең ау-қымда жүзеге асыруды бастауды тапсырамын.
Әңгіме сондай-ақ ауылда жұмыс істейтіндерді шағын несиелермен қамта-масыз ету жөнінде болып отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, жұмысқа орналас¬тыру қа¬жет. Бағдарламаның со¬ңына қа¬рай, 2020 жылға қарасты біз осы¬лайша 1,5 миллион адам¬ды сапалы жұмыстарға еңбекке орналас¬тыруы¬мыз қажет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты
2012 жылғы 27 қаңтар

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын
арттырудың жаңа міндеттері.
Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз
етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе.
Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі
мәселесі.
Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты.
Мен ел халқына өзімнің жаңа Жолдауымды осы көкейкесті тақырыпқа арнаймын.
Біз он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиістіміз.

Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.

Менің тапсырмам бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды
қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті.
Онда үш маңызды міндет қойылған.
Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.
Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу.
Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық
тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру.
2011 жылы бұл Бағдарлама қанатқақты режімде 60 мыңға жуық адамның
қатысуымен сынақтан өтті.
Бүкіл дайындық жұмыстары, заңнамалық база бойынша жұмыстар аяқталды.
Енді бағдарламаны жүзеге асыруға көшу керек.
Үкіметке және әкімдерге биылғы жылдан бастап бағдарламаны кең ауқымда
жүзеге асыруды бастауды тапсырамын.
Әңгіме сондай-ақ ауылда жұмыс істейтіндерді шағын несиелермен қамтамасыз
ету жөнінде болып отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет
есебінен оқытып, жұмысқа орналастыру қажет. Бағдарламаның соңына қарай,
2020 жылға қарасты біз осылайша 1,5 миллион адамды сапалы жұмыстарға
еңбекке орналастыруымыз қажет.

Екінші. Қолжетімді баспана.

Біз жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісіп кеттік.
Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде.
Алайда біз жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз
етуге тиіспіз.
Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу
қажет.
Ұзақ мерзімді жалға беруде сатып алынатын және сатуға жатпайтын екі түрлі
жолды қарастыру қажет.
Оған қоса жалға алғаны үшін жасалатын төлем әл-ауқаты орташа отбасы
мүмкіндігіне сай болуы тиіс.
Мұнымен бірге отандық құрылыс саласы үшін жаңа мүмкіндіктер туады.
Соның бәрін жаңа Қолжетімді баспана-2020 бағдарламасында анық көрсету
керек.
Мемлекет бұл бағдарламаны тиісті қаражатпен қамтамасыз етеді.
Аталған құжатты Үкіметке осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жасап,
қабылдауды тапсырамын.

Үшінші. Өңірлерді дамыту.

Қуатты Қазақстан дегеніміз –  ең әуелі өңірлердің қуаттылығы.
Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты.
Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып,
әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет.
Бүгінде әлемнің көп елдерінде осылай жасалуда.
Мемлекет өз азаматтарының сондай қуатты өңірлерге қоныс аударуына көмек
қолын созуы тиіс.
Қазақстанда келешегі зор қалалар шоғырына Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау,
Шымкент шаһарлары жатады.
Үкімет елді мекендер шоғырын (агломерация) дамыту жөнінде бағдарлама
қабылдауы тиіс.
Ірі кәсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қалалардың дамуы – өз
алдына бөлек мәселе.
Жаңаөзендегі жағдай бір салалы шағын қалалардың әлеуметтік қатерге жақын
екенін көрсетті.
Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, қаладағы ахуалды қалпына
келтіру бойынша кешенді шаралар жасауға мәжбүр болды.
Қазіргі уақытта ондағы ахуал қалыпты арнасына түсті.
Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі Нұр Отан
партиясына дауыс берді.
Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетті.
Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімін бұдан әрі созбау жөнінде
шешім қабылдадым.
Алайда, бұл оқиғадан тиісті түйін жасалып, одан алынған сабақ ұдайы
ескерілуі керек.
Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасауды
тапсырамын.
Онда қаланың экономикасындағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру,
әлеуметтік саланы дамыту ескерілуі қажет.
Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын
қаперде ұстаған жөн.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін
шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту аса маңызды.
Биылғы 1 шілдеге дейін Үкімет Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
тұжырымдамасы жобасын жасап бітіруі тиіс.

Төртінші. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік
органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды қыры.
Біріншіден, Электронды үкіметті дамыту керек.
2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60
пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана электронды
түрде болуға тиіс.
2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушілік құжаттарды да
қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары
арқылы алуға тиіс.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қарауына автокөлікті тіркеу және
жүргізуші куәліктерін тапсыру мәселелерін де беру керек.
Екіншіден, жаңғыртудың маңызды мәселесі – әкімшілік ресімдерін оңайлату.
Менің тапсырмам бойынша рұқсат ету құжаттарының тізімі қазірдің өзінде 30
пайызға қысқартылды.
Үкімет лицензиялар мен рұқсат ету қағаздарының барлық түрлерінің үштен
бірін қысқартатын заң жобасын дайындады.
Келесі қадам – рұқсат ету заңнамасының жаңа қағидаттарын енгізу.
Үшіншіден, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі
ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет.
Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге
шақырамын.

Бесінші.  ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы
мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қояды.

Біздің маңызды міндетіміз – басқарушылардың білікті саяси табын дайындау.
Үкіметке, Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына
дейін Президенттік кадр жасағына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар
дайындауды тапсырамын.
Арнаулы комиссия кандидатураларды білімі мен кәсібилігі, жоғары моральдық
сипаты, бастамашылдығы мен тапсырылған учаскедегі жұмысының табыстылығы
өлшемдері бойынша іріктейді.
Олар елдің экономикалық даму серпінділігіне байластырылған, бизнес-
құрылымдармен қарайлас жалақы алатын болады.
Олар біздің Қазақстанымызды ХХІ ғасырда лайықты түрде алға апаруға тиісті
жаңа басқарушы элитаның негізін құрайды.

Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.

Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып
шығаруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері мен шешілу жолдары
Халыққа ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы денсаулық тақырыптары
Мәңгілік ел ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
Бастауыш сынып оқушыларына үлес ұғымын меңгертудің жолдары
Курстық жобаның жұмыстың құрылымы
Пәндер