Маркстің экономикалық теориясы және қазіргі кезең



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Тарау І. К. Маркстің экономикалық теориясы ... ... ... ... ... ... .4

Тарау ІІ. Қазақстанның нарыққа өту кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ...13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Пайдаланған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Кеңес Одағы құлағаннан кейін Қазақстан нарықтық экономиканың даму жолына түсті. Бұл - дамудың ең қолайлы жолы еді. Соңғы 15 жыл ішінде Қазақстан экономикасы белгілі бір кезеңдермен дамыды. 90 - жылдарда Қазақстан экономикалық кризис бастан кешірді, 1995 жылдың басынан экономиканы көтеру үшін Президент Н. Ә. Назарбаев жекешеліндіру саясатын енгізді.Тек 90 – жылдардың соңына қарай экономика тұрақты жағдайға жетті.
Маркс өз еңбегінде таптар теориясы, капитал теориясы, құн теориясы, ақша теориясы, қосымша құн теориясы, еңбек өнімділігі теориясы, табыстар теориясы, ұдайы өндіріс теориясы туралы жазған.
“Капиталдың” авторы ХІХ – шы ғасырдың басы мен орта кезіндегі әлеуметтік – экономикалық қатынастарға қарағанда саясат пен мемлекетті екінші қатардағы құбылыс деп қарайды. Сөйтіп, ол экономикалық категорияларды бірінші және екінші дәрежедегі классификацияға бөлді, экономикалық заңдарды, капитализмді және осыған сәйкес шаруашылықтың рыноктық механизмін өткінші деп санады.
Бұл жұмыстың дерегі Маркстің “Капитал”еңбегі.
Жұмыстың І тарау “Маркстің экономикалық теориясы”. Бұл тарауда Маркстің негізгі зерттеулеріндегі теориялар. ІІ тарауда “Қазіргі экономикалық жағдай”. Бұнда Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасының дамуында қиыншылдықтар мен қайшылықтар қаралады.
Курстық жұмыстың соңында мәселе қорытындалып, әдебиеттер тізімі беріледі.
1. Карл Маркс - «Капитал» І том. Государственное издательство политической культуры. Москва 1963 ж.
2. Карл Маркс – «Капитал» ІІ том. Қазақстан баспасы, Алматы 1968ж.
3 . Карл Маркс – «Капитал» ІІІ том. Издательство политической литературы. Москва 1970 ж.
4. Алшанов Р., Қазақстан экономикасының дамуының жаңа кезеңінде. Егемен Қазақстан 2004 ж 5- мамыр №15
5. Нұрғалиев Қ. Р., Қазақстан экономикасы. ҚазҰУ – Алматы : Қазақ университеті 1999 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі

Қ.И.Сәтбаев атындағы
Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

Экология – экономика институты

Маркетинг және менеджмент кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Маркстің экономикалық теориясы және қазіргі кезең

Алматы 200

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3

Тарау І. К. Маркстің экономикалық теориясы ... ... ... ... ... ... .4

Тарау ІІ. Қазақстанның нарыққа өту кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ..13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .20

Пайдаланған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...21

Кіріспе

Кеңес Одағы құлағаннан кейін Қазақстан нарықтық экономиканың даму
жолына түсті. Бұл - дамудың ең қолайлы жолы еді. Соңғы 15 жыл ішінде
Қазақстан экономикасы белгілі бір кезеңдермен дамыды. 90 - жылдарда
Қазақстан экономикалық кризис бастан кешірді, 1995 жылдың басынан
экономиканы көтеру үшін Президент Н. Ә. Назарбаев жекешеліндіру саясатын
енгізді.Тек 90 – жылдардың соңына қарай экономика тұрақты жағдайға жетті.
Маркс өз еңбегінде таптар теориясы, капитал теориясы, құн теориясы,
ақша теориясы, қосымша құн теориясы, еңбек өнімділігі теориясы, табыстар
теориясы, ұдайы өндіріс теориясы туралы жазған.
“Капиталдың” авторы ХІХ – шы ғасырдың басы мен орта кезіндегі
әлеуметтік – экономикалық қатынастарға қарағанда саясат пен мемлекетті
екінші қатардағы құбылыс деп қарайды. Сөйтіп, ол экономикалық
категорияларды бірінші және екінші дәрежедегі классификацияға бөлді,
экономикалық заңдарды, капитализмді және осыған сәйкес шаруашылықтың
рыноктық механизмін өткінші деп санады.
Бұл жұмыстың дерегі Маркстің “Капитал”еңбегі.
Жұмыстың І тарау “Маркстің экономикалық теориясы”. Бұл тарауда Маркстің
негізгі зерттеулеріндегі теориялар. ІІ тарауда “Қазіргі экономикалық
жағдай”. Бұнда Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасының дамуында
қиыншылдықтар мен қайшылықтар қаралады.
Курстық жұмыстың соңында мәселе қорытындалып, әдебиеттер тізімі
беріледі.

Тарау І. К. Маркстің экономикалық теориясы.

К. Маркс – классикалық политэкономияны аяқтаушы ретінде экономика
ілімі тарихында айтарлықтай із қалдырды. Ол неміс адвокаты Генрих Маркстің
тоғызыншы баласы. 1830 – 1835 жылдары Трир қаласындағы гимназияда оқиды,
1835 жылы Бонн университетінің заң бөлімінде, 1836 – 1841 жылдары Берлин
университетінде заң, философия, тарих пен өнер тарихын оқып, 1841 жылы Йен
университетінде философия факультетінде доктор дәрежесін алады.
К. Маркс политэкономия, философия және социялогиямен терең айналысады.
1849 жылы өзінің газеті арқылы “Жалдамалы еңбек және капитал” деген
еңбегінде жарияланғаннан кейін, Германиядан біржола қуылады.Парижде біраз
тұрғаннан кейін, К. Маркс қалған өмірін Лондонда өткізіп, көптеген
шығармалар, соның ішінде “Капиталды” өзінің ең басты еңбегі деп жариялады.
К. Маркстің шығармашылық мұрасының өзіне дейінгі экономикалық ілімнің
классикалық мектебімен, әсіресе А. Смит пен Д. Рикардоның жетістіктерімен
көп ұқсастықтары бар. Бірақ “Капитал” авторының ойынша, олардың теориялық –
методологиялық позициялары буржуазия экономика теориясының негіздері болды
және олардың еңбегінен соң “классикалық политэкономия” өзін тауысты деп
санады.
Алайда, толық сеніммен айтуға болатын нәрсе : политэкономияның пәнін
бұл ғалым барлық классиктер сияқты, өндіріс саласын басым зерттеу деп
есептеді. Алайда, оның ойынша, классикалық политэкономия “Петтиден бастап
буржуазиялық өндірістік қатынастардың ішкі тәуелділігін зерттейді”.

Базис пен қондырма концепциясы

К. Маркстің зерттеу метологиясына басты орынды базис пен қондырма туралы
концепциясы алады. Ол мұны 1859 ж “Политэконоимяға сын” деген еңбегінде
жазды. Негізгі идеясы : “қоғамдық өндірісте адамдар нақтылы, олардың
еркінен тыс қатынастарға бағынады. Ол қатынастар материалдық өндірістік
күштердің дәрежесіне сай болады. Мұндай экономикалық өндірістік
қатынастардың жиынтығы, қоғамның экономикалық құрылымын, яғни базис
құрайды. Бұл нақты базистің үстінде құқық, саяси қондырма болады, оған
қоғамдық сананың тиісті түрлері сәйкес келеді. Материалдық өмірді өндіру
тәсілі әлеуметтік, саяси және рухани процестерге әсер етеді. Адамдардың
тұрмысын сана емес, керісінше олардың қоғамдық тұрмысы олардың санасын
анықтайды”.
К. Маркстің концепциясын қарастыра отырып, базис пен қондырманың
кезекпен алмасуы ретінде қоғамдық даму идеясын өмірде пайдалану оңай емес
екендігін атап өту қажет. Мысалы, “өндіргіш күштер техникалық жабдықтаумен
және бірлескен еңбекті ұйымдастырумен байланысты, ал соңғылары меншік
заңдарына тәуелді, заңдық – юристік салаға жатады. Бірақ құқық –
мемлекеттің бөлігі, ал соңғы қондырмаға жатады. Біздер тағы да базис пен
қондырманы бөлудің қиындығына тап боламыз”. Осыған қарамастан, бұрын да,
қазір де “марксист үшін экономика мынаны білдіреді:өндірісті ұйымдастыру
саяси және әлеуметтік құрылымды анықтауда шешуші маңыз алады. Ол басты
назарды материалдық игілікке, мақсат пен процеске, жұмысшылар мен
капиталистер арасындағы шиеленіске, бір таптың екінші тапқа жалпы бағынуына
аударады”.

Идеалды қоғам үлгісі

Базис пен қондырма концепциясы тарихқа экономикалық интерпретация
жасау үшін қажет. Мұндағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар
диалектикасы, К. Маркстің ойынша, капитализмнің социализмге өту процесін
көрсетеді. Өйткені, К. Маркс жазғандай, “буржуазиялық қоғамдық формация
адамзат қоғамының тарихын анықтайды”. К. Маркс бойынша, диалектикадан
алшақтау және капиталистік экономика заңдарын негізсіз әмбебап деп есептеу
осы заңдарды ашқан классикалық политэкономия өкілдеріне бұл заңдардың
ерекше және өтпелі сипатты бар екенін түсінуге мүмкіндік бермеді.
К. Маркстің түсінігі бойынша, “ХVІ – шы ғасырдан бастау алатын”
капитализм - өндіріс құрал – жабдықтарына жеке меншіктің болуына және
рыноктың анархиясына байланысты қоғамның гуманизациялануы мен
демократиялануын жоққа шығарды. Бұл жүйеде пайда үшін еңбек етеді, бір
таптың екіншісін қанауы мүмкін, адам өзіне - өзі жат болады, өйткені
еңбекте өзін көрсете алмайды, белгісіз рынок пен қатаң бәсеке жағдайында ол
құлдырап, тіршілік құралына айналады. Еңбектен тыс уақыт, яғни бос уақыт,
ол - К. Маркс айтқанындай, “байлықтың өлшемі”, капитализм тұсында емес
коммунизмде болады.
К. Маркстің капитализмнің сөзсіз күйреуі туралы дәлелдеріндегі басты
себеп – қоғамдағы таптар арасында табысты бөлудегі рыноктық принципті бұзу
емес, бұл жүйенің толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпеуі, колониалдық
қанауға және соғысқа жол беруі. Сондықтан, қоғамның идеялы, мұраты деп ол –
социализмді, коммунизмді, оларды антогонистік емес қоғамның фазалары деп
атады. Мұнда өндіріс құрал – жабдықтары жеке – дара адамның иемдену
обьектісі болмайды және адамның әрбіреуі еркіндік алады.

Таптар теориясы

К. Маркстің тапсыз қоғам салтанаты идеясы алдымен таптар теориясына
сүйенеді, бұл – физиократтар мен А. Смиттен бергі классикалық
политэкономияның игілігіне айналды. “Классиктердің жалғасы ретінде ол
шынында экономикалық өсу проблемаларымен , дәлірек айтсақ, халықтың әл –
ауқаты мен табысының өсуімен , сонымен қатар өсіп отырған табыстың еңбек,
капитал және жер өңдеушілер арасында”, яғни таптар арасында бөлу
проблемаларымен айналысты. К. Маркс “Коммунистік партия манифесінде” былай
деп жазды: “ осы күнге дейінгі болған барлық қоғамдар тарихы таптар
күресінің тарихы болды. Ерікті және құл , патриций және плебей , мастер
және подмастерье, қысқасы, қанаушы мен қаналушы бір – бірімен мәңгілік
антогонизмде болып, үздіксіз жасырын, кейде ашық күресіп, бүкіл қоғамдық
үйді төңкеріс жолымен өзгертуге, немесе күресуші таптардың жалпы күйреуіне
әкелді”. К. Маркс бойынша, капиталистік қоғам оның ұлғайып бара жатқан
қайшылығымен бұдан шет қалмайды: буржуазия үстем тап ретінде өндіргіш
күштерін ұлғайтады, ал көпшілікті құрайтын пролетариат қайыршылықта қалады.
Бұдан, оның ойынша, революциялық дағдарыс сөзсіз туады, өйткені, өндіргіш
күштер дамуынан болатын қайыршылық ең соңында сондай көлемде ұлғаяды, басқа
таптардың есесінен көбейген пролетариат халықтың саны көп тобына айналып,
үкіметті көпшіліктің есесіне алу үшін төңкеріс жасайды. Пролетариат
революциясы мен пролетариат диктатурасының нәтижесінде капитализм де,
таптар да болмайды. К. Маркстің сөзімен айтқанда: “бұрынғы таптар мен
топтар қайшылығы болған буржуазиялық қоғамның орнына ассоциация келеді,
мұнда әрбіреуінің дамуы басқаларының дамуының шарты болады”.
Не себепті К. Маркстің таптар теориясында капитализмнің тарихи
драмасындағы екі таптың өзара әрекеті сөз болады? “Капиталдың” авторы
көрсеткендей, рентаның табыс көзі ретіндегі маңызы экономиканың
индустриализациялануы нәтижесінде төмендейді, сондықтан үлкен табыстың екі
көзі қалады: пайда және жалақы және екі үлкен тап - жұмыс күші бар
пролетариат және қосымша құнды иемденетін капитал.

Капитал теориясы.

Капиталдың мәні.
Капитализмнің қайшылығына, рыноктық экономикалық қатынастарға К. Маркс
капитал теориясында да назар аударды. Оның анықтамасындағы капитал
категориясының мәні жұмысшыны қанау құралы және жұмыс күшіне үстемдік
орнатумен байланыстырылады. К. Марксте капиталдың екі трактовкасы бар. Оның
біреуі – олардың өлі заттарына тірі жұмысшы күшін қосып, капиталист
бұрынғы құнды заттанған, өлі еңбекті – капиталға, өзінен - өзі өсетін
құнға, тірілген айдаһарға айналдырып, ол оны жақсы көргеннен кереметтей
жұмыс істей бастайды. Екінші трактовкасында Капиталдың авторы қосымша құн
мен капиталдың өзінен - өзі өсуі арасындағы байланысты айтады: тек сол
жұмысшы өнімді, егер ол қосымша құн әкелсе немесе өзінен - өзі өсетін
капитал болса.

2.Капиталдың органикалық құрылымы.
К. Маркстің капитал теориясындағы жаңалық деп 1 – томның 23 – ші
тарауындағы капиталдың органикалық құрылымы деген түсінікті айтуға
болады. Ол түсінік тұрақты және өзгермелі капитал қатынастарын білдіреді.
Осы түсініктер арқылы ол басқа ұғымдарға шығады – қанау (қосымша құн )
нормасы, оны қосымша құн мен өзгермелі капитал арасындағы қатынас деп
анықтайды. Капиталды тұрақты және өзгермелі деп К. Маркс капитал
бөліктерінің қозғалысын ерекшелейді және олардың әрқайсысының өнім
құнындағы қосымша құн массасына әсерін көрсетуге тырысады. Айталық, 2 –
томның 8 – тарауында капиталдың ауыспалы айналымы сөз болып, осымен
байланысты тұрақты капитал өз құнын жаңа өнімге бөлектеп көшіреді, ал
өзгермелі – толығымен, яғни әрбір өндірістік циклдан кейін қайтарылуы тиіс.
Айырмашылығы – айналмалы капиталға қарағанда негізгі капитал машиналар мен
құралдарда, немесе шикізат материалында болады және қосымша құн жасамайды.

3. Капиталдың қорлануы
К. Маркс бойынша, капиталдың қорлануы – фирма мен компания көлемдерінің
бәсеке күресінде ұлғаюы, яғни капитал шоғырлануы мен орталықтануы және ол
өнеркәсіптің резервтік армиясын көбейтеді, басқаша айтқанда жұмыссыздықтың
абсолюттік көлемін және ресми пауперизмді көбейтеді. Капитал қорлануының
мұндай табиғатын К. Маркс капиталистік қорланудың жалпылық, абсолюттік
заңы деп атады.

Құн теориясы

Құнның еңбектік теориясы туралы әңгіме Капиталдың 1 – ші томының 1 –
ші тарауында болады. Мұнда тауарлар айырбасының принципі туралы тезис
түзіледі: оның құндылығы өндіруге кеткен еңбектің санына сәйкес келуі
керек. Еңбектің сапасындағы айырмашылықты, яғни түрлі қарқынын, мамандығын
есепке ала отырып, одан әрі орташа қоғамдық еңбек, дәлірегі – қоғамдық
қажетті жұмыс күні немесе сол кездегі еңбектің қарқындылығы мен
біліктіліктің орта деңгейі деген факторлар енгізілді. Сөйтіп, еңбек
шығындарын өлшеуге негізделген трактовканы К. Маркс бірден – бір дұрыс
трактовка деп есептейді. Алайда, сұраныс пен ұсынысқа сәйкес тауар бағасы
оның құнынан төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Капиталдың 3 – ші томының 1
– 3 тарауларында каузальді амалды қолданудың үлгісін көрсетеді: К. Маркс
өндіріс бағасы концепциясын негіздейді: оның бірінші құн категориясына
қарағанда екінші қатардағы екенін дәлелдейді. Өндіріс бағасын сатып алу
бағасымен байланыстырады. Негізгі дәлел 3 – томның 9-10 тарауларында
келтіреді. Мұнда тек жай тауар өндірісіне, яғни рынок экономикасына дейін
және капитализм тұсында капиталдың орташа органикалық құрылымы деңгейіне
сәйкес бағалар тек тауар құнымен реттеледі. Дамыған капиталистік экономика
тұсында, К. Маркстің ойынша, құндылықтың өндіріс бағасына ауысуы астарында
құндылықтың негізі бүркеленді, бақылаудан тыс қалады.
Сонымен, К. Маркс құнның еңбектік теориясынан қол үзбейді. Тек
дамыған экономикада құнның бағаға ауысуы мен оның негізі – еңбек бақылаудан
тыс қалады, сондықтан өндіріс бағасы – А. Смит айтқандай, табиғи баға; мұны
Д. Рикардо - өндіріс бағасы немесе өндіріс құны; физиократтар – қажетті
баға, яғни ұсыныстың қажетті шарты деп санайды. Ең соңында екі резюме –
марксистік және марксистік емес. Біріншісі – егер құндылық ілімінің жеке
бөліктерін ескермесе, онда Маркс теориясы – еңбек теориясының жоғары түрі.
Екіншісі бойынша – марксистердің айтқандарының бәрі мынаған сияды: егер
бағалықты еңбек теориясынан бастамаса, онда капиталистер еңбек процесіне
қатыспай тұрып, өнімнің бір бөлігін алады дегенді түсіндіре алмаймыз.

Ақша теориясы

Ақшаның мәні мен құны туралы (Капитал т.1., 2-3 тараулар) автор толығымен
Рикардо – Милль тұжырымдарын толық қолдап, бір ғана ескерту – ақшаның
сандық теориясына - жасайды. Мұндағы оның басты аргументі – белгіленген
уақыттағы сауда айналымы мен ақша массасы айналымы санына бақылаудың
тұрақты болмау сипаты.

Қосымша құн теориясы

К. Маркс қосымша құн теориясына көшпес бұрын мынадай сұрақ қояды: ол қалай
пайда болады, егер барлық сату мен сатып алу өзінің құндылығы тұрғысынан,
эквивалентті айырбас принципі бойынша, яғни тауар айырбасы өндіріс
процесінде заттанған еңбекке тепе – тең жүрсе? Бұл туралы әңгіме
Капиталдың 1- томның 4- ші тарауында болады. Мұнда мынау
дәлелденеді:жұмысшы күші товар ретінде құны бойынша сатылғанмен, бірақ тек
осы тауар – ерекше товар, оның бағалығы капитализм тұсында құнның еңбектік
теориясына сәйкес түзілуі мүмкін емес. Бұл құбылыстың шешімі Маркс үшін өте
қарапайым, оның мәні мынада: еңбекті сан жағынан өлшеуге болады, ал жұмысшы
күші құндылығын бағалау, Р. Арон айтқандай, К. Маркс өзі мойындағандай,
өнегеліктің жағдайымен және ұжымдық психологияға байланысты. Сондықтан
Капитал авторының қорытындысы біреу: қосымша құнның көзі - өздерінің
жұмыс күшін сатқан өндіруші жұмысшылардың ақы төленбегенеңбегі. Және
қосымша құнды алудың механизмі, К. Маркс бойынша, түсінікті және қарапайым
: қажетті уақыт ішінде, ол шын мәнінде істелген уақыттан аз, жұмысшы
өзінің қажетті еңбегі арқылы жұмыс күшінің құндылығын қайтарады, оны
жалақы түрінде алады, ал қосымша уақыт ішінде қосымша еңбек істеледі
және бұл капиталистер армандаған қосымша құнды жасайды.

Еңбек өнімділігі теориясы
Қосымша құн теориясы – К. Маркс үшін физиократтар енгізген өнімді еңбек
түсінігін анықтаудың бастапқы позициясы. Мұнда Дж. С. Милльдің
трактовкасымен келісе отырып, Капиталдың авторы былай деп толықтырады
еңбек өнімді, біріншіден, егер қосымша құн өндірісі абсолютті емес, ол
тіршілік заттары құндылығын арзандататын относительді қосымша құн түрінде
өссе; екіншіден, егер өнімді еңбек қосымша құнды айналыста емес, тек
өндіріс саласында жасайды деп мойындалса.

Табыстар теориясы

1.Жалақы. Капиталдың авторы жалдамалы жұмысшылардың алған жалақысы –
сатылған жұмысшы күшін капиталистермен айырбастауының нәтижесі,
классикалық политэкономия негізін салушылар ойлағанындай, еңбегі үшін емес.
Осы теория бойынша жалақы жұмысшы мен оның отбасы үшін қажетті тауарлардың
эквивалентіне тең. Оның дәрежесі еңбек өнімділігіне байланысты, ал соңғысы
өндірістің технологиясы мен механизациялануының дәрежесіне тәуелді. Ал
бұлар жалақының өсуіне кедергі – техникалық – экономикалық прогресс үнемі
артық жұмыс күшін туғызады. Соңғысы капиталистер мен жұмысшылардың айырбас
қатынастарын қорытындылап, жұмысшыларға зиян келтіреді.
Сонымен, Маркс бойынша, жұмысшы еңбегін емес, жұмыс күшін
сатқандықтан, төленбеген еңбекті өлшеуге, табуға болады, бірақ оның
жалақыға қатысы жоқ. Ал төленбеген жұмыс күші тіркелінбейді, өйткені іс
жұмысшының толық жұмыс күшіне айырбас түрінде болады. Бірақ, Блауг М. атап
өткендей, құндылықтың еңбектік теориясы жұмыс күші өзінің құныбойынша
сатылады деп толық кепілдік бере алмайды. К. Маркстің сенімі бойынша,
реальді жалақы еш уақытта еңбек өнімділігінің өсуіне пропорционалды
келмейді, тіпті жұмысшы кәсіподақтарға үміт артқанмен, еркін бәсеке
экономикасы кезінде жағдайды өзгерте алмайды. Капиталдың авторы
түсіндіргендей, еңбек өнімділігінің өсуі арқасында товарлар мен қызмет
көрсету құндарының төмендеуін талап етсе, онда нәтижесінде реалды жалақы
өспейді, осыдан келіп жұмысшылар табының пауперизациялануы мен ақылының
деградизациялануы алыс емес.

1. Пайда және пайда нормасы.
К. Маркстің пайда туралы теориясының ерекшелігі мынада: кәсіпкерлердің
басқа пайдалары сияқты бұл пайда түрі, оның ойынша, сыртқы, яғни жалдамалы
жұмысшыны қанау процесінде жасалатын қосымша құнның өзгерген түрі. Осыдан,
айталық Рикардодан оның айырмашылығы - әңгіме жай пайда нормасы туралы
емес, оның қосымша құн нормасынан ерекшелігі туралы, Маркстің
терминологиясы бойынша, қанау нормасы туралы “Капиталдың” 1- ші томының
түпкі ойы бойынша, қосымша құнның үлесі кәсіпорындарда, экономика
салаларында сонша көп болады, егер өзгермелі капитал мен еңбек өссе; сонша
аз болады, егер капиталдың органикалық құрылымында тұрақты капиталдың үлесі
өссе, яғни кәсіпорындарда немесе салаларда машиналар мен құралдардың
механизациялануы, жабдықталуы жоғары дәрежеде болады.
“Капиталдың” 3- ші томының түпкі ойы – мүмкін қайшылықтың шешілуі К.
Маркстің ұсынысымен “қосымша құн нормасын” “пайда нормасынан” айыра
білгенде болады. Және бірінші – қосымша құнның өзгермелі капиталға
қатынасын есептеу көрсеткішін білдірсе, екінішсі (қосымша құнның сыртқы
көрінісі туралы) жиынтық капиталға қосымша құнды, яғни тұрақты және
өзгермелі капиталдың қосындысын есептеу арқылы жүреді.
К. Маркстің күткеніндей, тарихи құбылыстың шешулі мәні мынада: пайда
нормасының төмендеу тенденциясының шешілуі демографиялық факторларға және
жердің құндылығының төмендеуіне сәйкес күнделікті қажетті азық – түлікке
бағаның жоғарылауы туралы Рикадо – Мальтус тұжырымына байланысты емес,
капиталдың органикалық құрылымының жалпы капиталда өзгермелі капитал
(капитал қорлануымен шарттасылған) үлесінің азаюы жағына қарай
трансформациялануына байланысты.
Сонымен қатар қосымша құн нормасы, пайда нормасы түсініктерін қолдана
отырып К. Маркс еркін бәсеке жағдайында рынок экономикасының шаруашылық
механизмі құпиясын жақсы түсінетінін көрсетті. Мысалы, қосымша құн
теориясының логикасы бойынша жұмыс күні ұзақ болған сайын, қосымша құн
массаы мен қанау нормасы көп болады. Бірақ К. Маркс қосымша құнды қосымша
уақытты ұзарту арқылы көбейту тәсілі жақсы емес, өйткені абсолютті қосымша
құнды көбейте отырып, ол қосымша шығындарды да көп қажет етеді, әрбір жұмыс
уақытының қайтарымын азайтады, жұмысшылар наразылығын былай қойғанның
өзінде деп ойлайды.
“Капиталдың” авторы Н. Сениордың “соңғы сағат теориясын” қатты
сынайды. Мұндағы сағаттық есептердегі жұмыс күнінің тек соңғы сағатында
ғана капиталистердің пайдасы жасалады деген идеяларын талдайды. Оның терең
сенімі бойынша, қажетті уақыттың (қажетті еңбектің) қысқаруы еңбек
өнімділігін жоғарылату есебінен болатынына қарамастан, относительді қосымша
құн әкелсе, бір мезгілде қосымша құн нормасының төмендеу тенденциясы
күшейеді, әрбір капиталист интуитивті түрде пайда нормасын
максимилизациялауға тырысады, өйткені бәсекелік күресте қосымша құн нормасы
арқылы емес, тек пайда нормасы арқылы нәтижеге жете алады.
Ең соңында, егер Рикардо бойынша пайда нормасының төмендеу
тенденциясы машиналарды жетілдіру, агрономия ғылымы жаңалықтары арқасында
әркез тежеліп отырды десе, К. Маркс бойынша(3-ші т., 13-15 тараулар), бұл –
капитализмнің өзін - өзі күйретуінің тарихи феномені: пайда нормасын
үздіксіз көбейту жолында капиталдың органикалық құрылымында тұрақты
капиталдың үлесі ұлғайып, өзгермелі капитал азаяды. Ал соңғысы – қосымша
құнның қайнар көзі, капиталистік өндірістің түпкі мақсаты, шегі және
мотиві.

3. Рента және абсолюттік рента.
Капиталдағы рента теориясының мәні Рикардоның рента туралы теориясына
сәйкес. Айырмашылығы – К. Маркстің дифференциалдық рентаман қатар
абсолюттік рентаның бар екенін айтқаны. Соңғының пайда болуын Капиталдың
авторы ауыл шаруашылығында капиталдың органикалық құрылымының төмендігімен
және жерге жеке меншіктің болуымен байланыстырады. Бірінші факторға сәйкес
ауыл шаруашылығы өнімнің құндылығы оның өндіріс бағасынан жоғары болса,
екіншісінде – ауыл шаруашылығында пайда нормасын орта дәрежеге жеткізетін
капиталдың ауысуы механизміне жол бермейді. Нәтижесінде жер иесі арендатор
– фермерден рентаның табиғи деңгейінен жоғары аренда ақысын талап етеді,
яғни құнарлығы жоғары, өткізу рыногына жақын орналасқан жер участіктері
келтіретін артық пайдаға тең болуы тиіс. Маркстің абсолюттік теориясы тек
қосымша құн теориясы шеңберінде әрекет етеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марксизмнің таптық қоғам теориясы
Маркстік философия туралы
Экономика ілімдерінің тарихы
Жалпы экономикалық теорияның методологиясы мен даму кезендері
Марксистік философия тарихы
Экономикалық теория. Қазақстан Республикасының жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік
Экономикалық теорияның қалыптасуы мен даму кезеңдері
Карл Маркстің өмірбаяны және экономикалық теориясы
Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі ХІХ ғасырдың 40-жылдары
Пәндер