Қызыл-Еспе кенорны



Кіріспе. Жалпы мәліметтер
1. Геологиялық құрылысы
1.1.1 Металлогенді сипаттамада аудан анық полиметаллды бағытта белгіленген.
1.2.1. қазіргі кездегі кен орын ауданының өлшемдірі 800х400 м құрайды.
1.3. Кенденудің сипаттамасы
1.4. Кеннің заттық құрамы
2. Геологиялық барлау жұмыстарының әдістері
2.1 Топография . геодезиялық жұмыстар
2.2 Бұрғылау жұмыстары
2.3 Сынамалау
3. Қорды есептеу
Қорытынды
Қызыл – Еспе кенорны Қарағанды облысының Шет ауданында, Ақжал полиметалды кешенінен оңтүстікке қарай 40 км және Балқаш қаласынан солтүстік – батысқа қарай 100 км арақашықтықта орналасқан. Жақын Мойынты теміржол станциясы оңтүстік – батыста 45 км, облыс центрі Қарағанды қаласы 260 км оңтүстікте орын алады.
Кенорын центрінің географиялық координаттары: 47026' солтүсік ендік, 73052'30" шығыс бойлық (L–43–16–Г бет)
Аудан рельефі тегіс төбелермен сипатталады. Ауданда абсолютті белгілер 560 м–ден 607 м–ге дейін өзгереді, салыстырмалы көтерулер 10-15 м-ге дейін құрайды. Ауданның гидрографиялық желісі көне, оңтүстік – батыстан кенорынды тікелей жақын арақашықтықта жабынатын Жәмші өзені, әлсіз белгіленген жазықтары (шығысқа 20 км қашықтықта) мен Қызыл – Еспе өзенінің оң ағысымен белгіленеді.
Климаты континентальды, құрғақ. Өсімдікке кедей, жусан типті өсімдіктер тән.
Энергетикалық және транспорттық коммуникациялар дамыған. Кенорын жергілікті тұрғылықты пункттермен (ХХ ғасырдың 60 жылдың басына дейін болған ауыл түгелімен құратылған) көне грунтты жолдар желісімен байланысқан. Жалғыз жақын автомагистраль Алматы – Астана кенорыннан шығысқа қарай 30 км қашықтықта өтеді, немесе Ақжал кеніші мен ауылдан шығысқа 12 км қашықтықта. Кенорын тікелей жақын (2 км) жоғарғы вольтты ЛЭП бар, ол Ақшатау ауылынан Мойынты теміржол станциясына дейін жүргізілген.
Қызыл – Еспе кенорны 1834 жылы өндірушісі Поповпен айтылған. ХІХ ғасырдың 80 жылдарында басталған, сол жылы шағын “Стефанов” қорғасын-балқыма зауыт эксплуатацияға қосылды (1888 ж). Кенорын шекарасында (3,5 км2) алты айрықша аудандар белгілененді: Юпитер, Орталық, Диана, Церусситті, Батыс және Оңтүстік скарнды жазық, соңғы үш аудан, ХХ ғасырдың 30-40 жж. кенорынды геологиялық зерттеуінің соңғы сатысында белгіленген.
Стефанов зауытында Орталық ауданында өндірілетін құрамында қорғасын 20-30 % жоғары сортты кендер балқытылады. (Царев-Александр) кеніші ХІХ ғасырдың 90 жылдарының басында ашық барлау жұмысының тереңдігі мұнда 15 метрге жетті. Кейінен өндіру 30-40 м тереңдіктегі шахталардан жерасты тәсілімен жүргізілді. Өндірілген кен мен балқыған қорғасын көлемі көрсетілмеген. ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында заводта қорғасынның қалқып шығуы “кәсіпкерлердің қамтамасыздандырылмауы” есебінен тоқтатылады, сол себепті кенорын беткі бөлігіндегі оңай қолға жетерлік бай қорғасын кендер қорлары негізінен таусылған.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе. Жалпы мәліметтер.

Қызыл – Еспе кенорны Қарағанды облысының Шет ауданында, Ақжал
полиметалды кешенінен оңтүстікке қарай 40 км және Балқаш қаласынан
солтүстік – батысқа қарай 100 км арақашықтықта орналасқан. Жақын Мойынты
теміржол станциясы оңтүстік – батыста 45 км, облыс центрі Қарағанды қаласы
260 км оңтүстікте орын алады.
Кенорын центрінің географиялық координаттары: 47026' солтүсік ендік,
73052'30" шығыс бойлық (L–43–16–Г бет)
Аудан рельефі тегіс төбелермен сипатталады. Ауданда абсолютті белгілер
560 м–ден 607 м–ге дейін өзгереді, салыстырмалы көтерулер 10-15 м-ге дейін
құрайды. Ауданның гидрографиялық желісі көне, оңтүстік – батыстан кенорынды
тікелей жақын арақашықтықта жабынатын Жәмші өзені, әлсіз белгіленген
жазықтары (шығысқа 20 км қашықтықта) мен Қызыл – Еспе өзенінің оң ағысымен
белгіленеді.
Климаты континентальды, құрғақ. Өсімдікке кедей, жусан типті өсімдіктер
тән.
Энергетикалық және транспорттық коммуникациялар дамыған. Кенорын
жергілікті тұрғылықты пункттермен (ХХ ғасырдың 60 жылдың басына дейін
болған ауыл түгелімен құратылған) көне грунтты жолдар желісімен
байланысқан. Жалғыз жақын автомагистраль Алматы – Астана кенорыннан шығысқа
қарай 30 км қашықтықта өтеді, немесе Ақжал кеніші мен ауылдан шығысқа 12 км
қашықтықта. Кенорын тікелей жақын (2 км) жоғарғы вольтты ЛЭП бар, ол
Ақшатау ауылынан Мойынты теміржол станциясына дейін жүргізілген.
Қызыл – Еспе кенорны 1834 жылы өндірушісі Поповпен айтылған. ХІХ
ғасырдың 80 жылдарында басталған, сол жылы шағын “Стефанов” қорғасын-
балқыма зауыт эксплуатацияға қосылды (1888 ж). Кенорын шекарасында (3,5
км2) алты айрықша аудандар белгілененді: Юпитер, Орталық, Диана,
Церусситті, Батыс және Оңтүстік скарнды жазық, соңғы үш аудан, ХХ ғасырдың
30-40 жж. кенорынды геологиялық зерттеуінің соңғы сатысында белгіленген.
Стефанов зауытында Орталық ауданында өндірілетін құрамында қорғасын 20-
30 % жоғары сортты кендер балқытылады. (Царев-Александр) кеніші ХІХ
ғасырдың 90 жылдарының басында ашық барлау жұмысының тереңдігі мұнда 15
метрге жетті. Кейінен өндіру 30-40 м тереңдіктегі шахталардан жерасты
тәсілімен жүргізілді. Өндірілген кен мен балқыған қорғасын көлемі
көрсетілмеген. ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында заводта қорғасынның қалқып
шығуы “кәсіпкерлердің қамтамасыздандырылмауы” есебінен тоқтатылады, сол
себепті кенорын беткі бөлігіндегі оңай қолға жетерлік бай қорғасын кендер
қорлары негізінен таусылған.

Кенорынды геологиялық зерттеудің бірінші сатысы 1934-37 жж. ГРО
“Балқашмаңы құрылыс” жүргізілген. Бұл сатыда негізінен барлау жұмысы
кенорын бетінде ұсақ шурфтар мен канава арқылы өту жолымен жүргізілді.
Сонымен бірге, бірнеше терең емес колонкалы ұңғылар бұрғыланған.
Салыстырмалы түрде кенорынның жүйелік геологиялық зерттеудің бұдан да
толық мәліметтері 1938-40 жж. Қазақ Геологиялық Басқару (Ходорадзе В.П,
Дюгаев И.В, Анкинович С.Г) аумағында қарастырылған. Осы периодта кенорынның
және оның жеке аудандарының геологиялық карталары құрастырылып, тау-кен
істерінің (шурфтар, канавалар) шағын көлемі және колонкалы бұрғылау
жүргізілді. Жұмыстар нәтижесінде Церусситті тасқындар, Юпитер мен Орталық
аудандары (75-100 м тереңдікке дейін) бойынша қорғасын-мырыш қорларының
авторлық қорлар есептеулер жасалған.
1950 ж. “Қорғасынбарлау” трестінің шағын кеніші құрастырылды. Кенішпен
әртүрлі аудандарда 30-40 км-ге дейін тереңдіктерде барлау-пайдалану,
шахталарының оқпандары жүргізілді. Сонымен бірге, Церусситті тасқындар
ауданында негізгі кен қоры бойынша карьер құралды (№2). Карьер тереңдігі 10-
12 метрге жетті, құрамында қорғасын 4,8 % қышқыл кеннің 21,7 мың.т
өндірілді, өңдеудің экономикалық сәйкес технологиясының жоқтығынан ол осы
күнге дейін карьер бортының штабелінде сақталған. Жерасты тау кен
жұмыстарын өткізу барысындағы шығарылған кен көлемі бойынша мәліметтер жоқ,
тек Юпитер ауданынан Мойынты теміржол станциясына 913 т. қышқылданған
қорғасын кені өткізілгені белгілі. 1954 ж. екінші жартысында кеніштегі
барлық тау кен жұмыстары тоқтатылды.
Қысқы уақытты кеніш құрастырумен бірге Қарағанды Геологиялық
басқаруымен кенорынды геологиялық зерттеуінің үшінші сатысы (1950-1955жж.)
өткізілді, оған беткі жағын канавтар мен шурфтар пайдалану арқылы зерттеу,
колонкалы ұңғымалар бұрғылау тереңдігінде (8962 п.м) бағалау жұмыстары
сияқты қосымша зерттеулерді қамтыды. Сонымен бірге, кенорынның әртүрлі
аудандарының қышқылданған және аралас кендерінің байлығына тәжірибелер мен
заттық құрамына алғашқы тікелей бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізілді.
1950-1955жж. жұмыстар нәтижелері бойынша, барлық алынған мәліметтер
бойынша Каз.ССР түсті металлургия Министрлігінің Техникалық Басқаруымен
қойылған талаптарға сүйене отырып, кенорынның барлық алты ауданы бойынша
қорлар есептеу жүргізілді.(1956 ж. 11 ақпанынан №41,279 хат) оған сәйкес:
- қышқылданған және сульфидті кендерге қорғасынның борттық құрамын 0,8
% қабылдау;
- 0,8 %-тен төмен қорғасын құрамы болса, қорғасын мен мырыш
металдарының көлемін қабылдау 2,5 %;
- минималды өндірістік қалыңдық 0,8 м қабылдау;
- кенді дененің өндірістік шекарасында орналасқан қалыңдығы 1,0 метрге
дейін кондицияланбаған кендер мен бос жыныстар аудандарының есептеуге қосу;
- қышқылданған кендер қорын бөлек есептеу және сызбаларда нобайын
белгілеу;
- қорғасын құрамы 0,5-тен 0,8 %-ке дейін балансты кендерді белгілеу;
- балансты кендер есептеу кезінде кендегі негізгі металдардың құрамына
қарамастан барлық пайдалы компоненттерді қамту;
- қалыңдығы 0,8 метрден төмен болса, метропроцент қабылдау.
Қарастырылған талаптарға сәйкес кенорын шекарасында 24 кенді денелер
белгіленген, соның ішінде Церусситті тасқындар ауданында – 10. Кенді
денелер шағын өлшемді, қабатаралық линза тәрізді шоғырлар және құбыр
тәріздес морфологиялы денелермен сипатталады. Есептелген қорлардың 50 %-нен
астамы Церусситті тасқындар ауданында қамтылған.
ГКЗ СССР №1952 протоколымен 24.09.1957 ж. бастап авторлық есептеулерге
кейбір қосымшалар мен өзгертулер енгізілді. Сонымен бірге қышқылданған
кендер таралуының шекараларын анықтау үшін қажетті мәліметтер жоқтығынан,
кендердің білігінің қорларын келесі мөлшерлерде белгіленген:

Көрсеткіштер Өлшем Категория бойынша қорлары
бірлігі
С1 С2 С1+ С2
Руда мың. т 1022 577 1599
Қорғасын мың. т 32,0 18,0 50,0
Мырыш мың. т 27,1 19,2 46,3
Күміс т - 82,6 82,6
Кадмий т - 124,1 124,1
Құрамы:
Қорғасын % 3,13 3,11 3,13
Мырыш % 2,66 3,32 2,90
Күміс гт - 77,9 77,9
Кадмий % - 0,012 0,012

Қабылданған қорлар талқылауларды қажет етеді. Барлық есептелген
қорлардың 50 % шамасын қамтитын механикалық тәсілдермен (флотация,
гравитация, электромагнитті сепарация) кенорынның қышқылданған құнарлану
мүмкіндіктері бойынша жүргізілген технологиялық зерттеулер
қанағаттандырылмаған нәтижелер берді. Қышқылданған рудаларды қайта өңдеу
жұмыстары үшін ГИНЦВЕТМЕТпен вельцевания тәсілі ұсынылды. Талаптар да,
соған қарай қорлар да ешқандай техникалық–экономикалық сипаттамасы болмады.
Талаптар директивті қасиетті сипаттады, мүмкін әлеуметтік жағдайлар: кеніш
инфрақұрылымның, тұрғылықты ауылдың бар болуы және т.б. еске алынды.
1971 ж. Қызыл–Еспе кенорны бойынша қорлары баланстан түсірілді,
өндірістік мағынасын жоғалтты ( ГКЗ ЦКГУ №17 протокол 13.12.1971 ж. бастап)
2001 ж. Қызыл–Еспе кенорнында полиметалды рудаларын барлау және өндіру
жұмыстарын жүргізуге СП ЖШС “Nova–Цинк” ие болды. (27.12.2001 ж бастап.
№850 контрактты мемлекеттік регистрациясының Акті). Жалпы контракттың жұмыс
істеу уақыты барлау сатысының екі жылын қоса 17 жылды қамтиды. 17.02.2004 ж
бастап регистрациялық №1337 қосымша №1, 12.12.2005 ж бастап регистрациялық
№1917 қосымша №2, барлау уақыты 27.12.2006 ж. дейін созылды. 16.03.2006 ж
бастап регистрациялық №1979, қсымша №3 бойынша контракт шарттары мен
міндеттемелерін сақтай отырып, жер қойнауын пайдалану құқығы СП ЖШС
“Nova–Цинктен” ЖШС “Ер–Тай”–ға ауысты.
Бірінші Контракт қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушы ГКЗ РК–ға
Қызыл–Еспе кенорнының қорын 1957 ж сандық түрде госбалансқа қайта құру
сұранысын ұсынды (СП ЖШС “Nova–Цинк” директорының хаты №321 01.11.2001 ж
бастап)
ГКЗ РК №123-01-У протоколымен 20.11.2001 ж бастап. Қызыл–Еспе
кенорнының қорлары госбаланспен сол жалпы сандық мөлшерде қабылданды, бірақ
олардың барлығы С2 категориясы бойынша бөлінді: руда-1599 мың т., қорғасын-
50 мың т., мырыш-46 мың т., күміс-82,6 т, кадмий-124 т.
Сонымен бірге жер қойнауын пайдаланушы тәжірибелі өңдіру кезінде
кенорынды барлау алдында жаңа талаптар бойынша жүргізу, кендер
технологиялық қасиеттерін зерттеу, өндірістік талаптар құрастыру ұсынылды.
Контракт пен қосымша шарттары бойынша 2002-2006 жж (бірінші жарты жылдығы)
жергілікті карьерден қышқылданған кендер тәжірибелі-зерттеу өңдіру жұмысы
мен геологиялық барлау жұмыстарының комплексі жүргізілді, оған канавалар
өткізу, колонкалы ұңғымалармен бұрғылау, зертханалық және жартылай
өндірістік тәжірибелерде кендер технологиялық қасиеттерін зерттеу және
үлгілер сұрыптау жұмыстарын қамтиды.
Барлық жұмыстар, визуальды беткі бөлігін зерттеу және бір барлау мен
екі гидрогеологиялық ұңғымалармен бұрғылаудан басқа, қорлар бойынша ірі
Церусситті тасқындар ауданында жүргізілді. Сонымен бірге айрықша бөлігі
және ерте белгіленген жеке Юпитер ауданы ескеріледі. Осы екі аудан бірге
кенорынның барлық қорғасын мен мырыш қорының 60 %-тен астамын құрайды.

1. Геологиялық құрылысы

1. Кенорынның геологиялық-құрылымдық және металлогенді жағдайы.
Кенорын ауданы аймақтық құрылым бойынша каледонит пен ерте
герциниттердің шеткі құрылымын белгілейтін, субмеридианальды бағытта
созылған Новалы - Қызыл-Еспе антиклинорий шекарасында орналасқан.
Солтүстікте белгіленген антиклинорий субендік сипаттамада Ақбастау
синклинориймен шектеседі (Ақбастау жарылымдар зонасы). Антиклинорий
құрайтын түзілімдер каледонит (венд-кембрий, силур) және ерте герцинидтен
(ортаңғы және жоғарғы девон), салыстырмалы түрде металлогенді ауданның бар
болуын анықтайтын соңғы девон жасты көптеген гранитті интрузиялармен
сипатталады.
Қызыл-Еспе кенорнының өзі шығыстық экзоконтактта ірі Қызыл-Еспе
гранитті массивпен жанасқан, Қызыл-Еспе гранитті массиві субмеридианальды
бағытта созылған Новалы - Қызыл-Еспе антиклинорийдің батыс қанатымен
шектескен. Шығыстан жыныстар массиві шүмек жікқабатының силур вулканогенді-
шөгінді түзілімдерден, орта девон әктасты конгломераттармен және орта-
жоғарғы девон жасты вулканиттермен сипатталады.
Құрылымы жағынан кенорынның кенді жазығы солтүстік-батыс жатысты,
ядросында венд-кембрий әктастары орналасқан брахиантиклиналь қатпарланудың
қанаттарына тәуелденген. Қатпарлану өлшемі ұзын осі бойынша 4 км жуық
құрайды, қысқасы бойынша-2,5 км. Құлау бұрышы қатпарлану қанаттарында 50-70
%, тік бөлігінде 10-200-қа дейін құрайды. Венд-кембрий әктастарында
үйлесімсіз түрде силур әктастарымен, кремнийлі және мергелийлі
алевролиттер, тақтатастар, құмтастар, конгломерат-құмтастар, туфтар мен
риолитті порфир қабатшалары бар туфоқұмтастар, ал олар өз ретінде
үйлесімсіз девон жасты әктасты конгломераттар мен туфоконгломератармен
жабындалған. Батыста түзілімдер жоғарыда қарастырылған Қызыл-Еспе гранитті
массивімен жарылған.

1.1.1 Металлогенді сипаттамада аудан анық полиметаллды бағытта
белгіленген. Сонымен бірге, темір рудалы және сирек металлдар кен таралған.
Полиметаллды кенорындар ішінде, минерализациялану пунктері мен көрінуі
қорғасын-мырышты сәйкес, мыс белгіленуі сирек кездеседі. Полиметаллды
обьектілер үш генетикалық типке бөлінеді:
- гидротермальды кен бөлінуі интрузиялармен көрінерлік қатынасы жоқ
темірленген, кварцталған белемдерге тәуелді; құрылым жыныстарда әртүрлі
жасты және литологиялық құрамды болып келеді, бірақ карбонатты түзілімдер
көптігімен сипатталады. Бұл группаға Ұзынжол кенорны, сонымен бірге
Абылқайыр, Шоко, Сары Шоко, Қаратас және басқа кен бөлінулер жатқызылады.
- гидротермальды бөлінулер эндо және экзожапсарлы интрузияларға
тәуелді, негізінен Қызыл-Еспе комплексінің соңғы девонға қатысты.
- скарнды-гидротермальды кенорындар мен бөлінулер, басым силурдың шүмек
жікқабатына қатысты карбонатты түзілімдермен байланысты. Ол Қызыл-Еспе
гранитті массивінің жабынының қалғаны болып келеді. Бұл группаға Қызыл-
Еспе, Ақшағыл, Жүнді шағын кенорындары мен кен бөліну тізбектері жатады.
Генетикалық жағынан бұл үш типте біріңғай бөліну группасына бірігеді.
Практикалық көзқарастан, Қызыл-Еспеге жақын (солтүстікте 40 км)
орналасқан, бірақ тіпті басқа геологиялық-құрылымдық шарттардағы ірі
қорғасын мен мырыш кенорны Ақжолға ерекше мән беру керек.
Ауданда үш шағын темір рудалы кенорындар мен тоғыз бөлінулер белгілі.
Полиметаллды обьектіге сәйкес олардың барлығы постмагмалық, негізінен соңғы
девон Қызыл-Еспе гранитті комплексімен байланысты болып келеді. Обьектілер
скарнды-метасоматты, гранат-пироксен-магнетит-гематит типті. Белгіленген
темір рудалы кенорындардың екеуі (Үштөбе мен Жуантөбе) L-43-16-Г планшет
ауданында, радиусы Қызыл-Еспеден бірнеше км қашық орналасқан. Үшіншісі
(Бапы) – батыста 45 км. Сирек металлдар молибден мен вольфрам
минерализациялау пункттреі мен бөлінулерімен белгіленген, сирек – қалайы.
Барлығы сонымен бірге соңғы девон немесе оданда жас соңғы палеозой
гранитоидты кешендермен байланысты. Салыстырмалы түрде көбісі полиметаллды
және темір рудалы бөлінулермен қатысты, бұның өзі минерализациялаудың
белгіленген типтерінің генетикалық тұтастығын көрсетеді.
Мысал ретінде Қызыл-Еспеден оңтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта
орналасқан Ақшағыл шағын кенорнын қарастыруға болады. Ол революцияға
дейінгі уақыттарда көне өңдеу жұмыстары бойынша белгілі. ХІХ ғасырда мұнда
шағын көлемде мыс пен күміс өңдіру жұмыстары жүргізілді.
Кенорын субендік жатысты брахиантиклиналь қатпарланудың батыс қанатына
тәуелді. Оның ядро мәрмәрлі әктастардан құралған, ал қанаттары Қызыл-Еспе
кешені граниттер жабынының қалдығы түрінде сақталған силур шүмек
жікқабатының құмтастар, алевроқұмтастар, кремнийленген тақтатастар,
липаритті порфирлер мен туфтардан тұрады. Әктастарды спессартиттердің шток
тәріздес денемен, кен таралған диабазды және диоритті порфириттер,
гранодиориттер мен гранит-порфириттер дайкалары жарып өтеді.
Интрузиямен қатынаста әктастар воластанитті, диопсидті, геденбергидті,
гранатты, магнетитті скарндар мен олардың тіркестерінің түзілуімен
мәрмәрленген, скарндалған. Терригенді және туфогенді жыныстар мүйіз
алдамшылары мен скарндардың түзілуімен мүйіз алдамшыланған.
Кенді минерализациялау солтүстік-шығыс жатысының тік құламалы
тектоникалық шекараларында немесе терригенді жыныстар қабаттарының
жабындалуымен сипатталатын әктастар қабаттар шекараларында қабыршақтанудың
субендік тәуелді. Заттық құрамына байланысты:
- темір рудалы денелер;
- мыс-мырышты висмут пен қорғасынмен;
- мыс пен висмутпен қорғасын-мырышты.
Қорғасын-мырышты мен мыс-мырышты кендерде, сонымен бірге скарндарда
жеке молибден мен шеелит кірігуі; кенді денелерде қалайы (0,03-0,35 %) мен
висмут (0,02-0,43 %) құрамының жоғарлауы бекітіледі.

2. Кенорынның геологиялық құрылысы

Қызыл-Еспе кенорны шекарасында солтүстіктен оңтүстікке қарай алты шағын
айрықша аудандар белгіленеді: Юпитер, Церусситті тасқындар, Батыс, Орталық,
Диана, Оңтүстік скарнды жайлау. Қорғасын-мырышты минерализациялау 3,5 км2
жуық ауданда таралған. Негізінен Қызыл-Еспе кенорнын жалпы кенді жазық
ретінде, ал аудандар жеке бөлек шағын кенорындар ретінде қарастыру керек.
Айтылғандай Қызыл-Еспе кенді жазығы соңғы девон граниттер ірі массивіне
экзожапсарында шектеседі, венд-кембрий әктастарынан құралған ядромен
сипатталатын солтүстік-батыс жатысты брахиантиклиналь қатпарланулар
қанаттарына тәуелді. Қатпарлану өлшемі ұзын осі бойынша 4 км жуық, ал
қысқасы бойынша-2,5 км. Құлау бұрышы қатпарлану қанаттарында 50-70 %, тік
бөлігінде 10-200-қа дейін құрайды. Венд-кембрий әктастарында үйлесімсіз
түрде силур әктастарымен, кремнийлі және мергелийлі алевролиттер,
тақтатастар, құмтастар, конгломерат-құмтастар, туфтар мен риолитті порфир
қабатшалары бар туфоқұмтастар, ал олар өз ретінде үйлесімсіз девон жасты
әктасты конгломераттар мен туфоконгломератармен жабындалған. Кейінен
солтүстік – шығыс бағытта, Юпитер ауданының солтүстік деңгейінен бастап
брахиантиклиналінің синклинальге ауысуы болжамдалады.
Брахиантиклинальдің оңтүстік-батыс қанатының қимасы аздап қысқартылған.
Мұнда венд-кембрий әктастарында үйлесімсіздікпен ұсақ қатпарланған және
жарылымды құрылымдармен күрделенілген шүмек жікқабатының әктасты-терригенді
түзілімдермен жабындалған.
Барлық жеке аудандар (шағын кенорындар) әртүлі литологиялық құрамды
жыныстар қабаттарынан тәуелді: әктастар, құмтастар, әктастар мен кремнийлі-
мергелийлі алевролиттер, кремнийлі-мергелийлі алевролиттер мен конгломерат-
құмтастар, туфоқұмтастар мен әктасты конгломераттар. Сонымен бірге, Юпитер,
Церусситті тасқұмдар және орталық аудандар брахиантиклинальдің солтүстік-
шығыс қанатына, ал Батыс, Диана, Оңтүстік скарнды жайлау оңтүстік-батыс
қанатына тәуелді.Белгілі кенді денелер жергілікті шарттары аудандар
шекарасында әртүрлі.
Соңғы девон Қызыл-Еспе интрузивті кешені гранитоидтар кірігуінің үш
фазамен сипатталады. Кенді жазықта ол көбіне үшінші фазамен ұсақ, орта
түйірлі биотитті лейкократты граниттермен белгіленеді.
Кенді жазықта кенге дейінгі дайкалар кең дамыған, олар ретті түрде
түзіледі: сферолитті порфирлер, диабазды порфириттер, кварцты порфирлер.
Сферолитті порфирлер мен диабазды порфириттер дайкалары көбіне субендік-
солтүстік-батыс жатысты, ал жас кварцты порфирлер дайкалары-солтүстік-шығыс
жатысты.
Кварцты порфиритті көлденең дайкалар мен субендікті – солтүстік-батыс
созылым бойындағы кен жергілікті құрылымдарының қимасында қорғасын-қалайы
өнімді кендену байқалады. Дайкалардың өздері шарт бойынша кен болып
табылмағанымен, олар құрылыстың жергілікті жағдайының қатынасына құрылымдық-
геохимиялық кедергі рөлін атқарады.
Құрамында кені бар жыныстар барлық жерде біркелкі скарндалмаған. Айта
кетсек гранатты түзілімдер (гроссуляр, андрадит) және пироксен-гранатты
скарндар.
Алдында анықталған кеналаңындағы алты ауданда қоры бойынша ең ірі
Церруситті тасқын ауданы болып табылады. Оның шекарасында бұрынғы Юпитер
ауданын кіргізіп, ол екеуін геологиялық-құрылымдық біркелкілігі және
кеңістікте жақын орналасқандықтан бір кенорын деп санауға болады. Осы
біріккен аудандарды бөлшектеп қарастырып, қалған аудандардың әр қайсысының
кенденуі масштабына байланысты өте ұсақ болғандықтан қазіргі кезде
өндірістік қызығушылық танытпайды.

1.2.1. қазіргі кездегі кен орын ауданының өлшемдірі 800х400 м құрайды.
Соның өзінде жоғарғы жағынан кенді зоналар және денелер ориентирі солтүстік-
батыс белдемінде азимуты 285-2900, ені - 250 м жергіліктендірілген.
Құрылымдық кендену екінші қатарлы брахиантиклинальдың солтүстік-шығыс
қанатында жергіліктендіріліп, негізгі брахиантиклинальды күрделендіре
түседі. Кенорын барланған бөлігінің ауқымында сыйыстырушы жыныстардың құлау
бағыты солтүстік-шығысқа қарай бағытталып, құлау бұрышы 40-800 дейін
өзгереді. Кенді зоналар және денелер сыйыстырушы жыныстарға қабаттастығына
субкелісімді және қисық қиылысуына тәуелді. Құлау бағытына сәйкес ол
солтүстік-шығыс 57-650 бұрышымен құлайды, жергілікті вариациялардың құлау
бұрышы 45-750 дейін
Бұл аудан негізінде төменгі-ортаңғы силур шумек жікқабатының карбонат-
терригенді түзілімдерінен құралған. Олардың үстіне өз алдына солтүстік-
шығыс бөлігінде ортаңғы девонның кызылеспе свитасының туфоконгломераттары
мен әктасты конгломераттардан құралған түзілімдер үйлесімсіздікпен
жамылған. Төменнен жоғары қарай және оңтүстіктен солтүстікке қарай шумек
свитасының түзілімдері: төменгі подсвита әктастарының қорабы, құмтастар
және кремнийлі-мергельді алевролиттердің қорабы, жоғарғы подсвита
конгломерат-құмтастарының қорабы орналасқан. Әктасты құмтастар қабатының
ішінде линзалы кремнийлі және сазды алевролиттердің орналасқан. Жалпы
қалыңдығы – 300-400 м. Құмтастар мен конгломератты құмтастар өзіне
кремнийлі және мергельді алевролиттер мен тақтатастарды кіріктіріп 100-120
м құрайды. Шумек свитасын қалыңдығы 10-15 м туфоқұмтасты қабат аяқтайды.
Құрылымдық түзілімдер сферолитті порфириттер дайкалармен (гранодиорит-
порфирлер), диабазды порфириттермен және кварцты-порфирлермен (гранит-
порфирлер) түзілген.
Ең кеш сферолитті порфириттердің дайкалары солтүстік-батыс созылым
бойындағы сыйыстырушы жыныстармен субкелісімді болып келеді. Олар кулис
тәрізді үш түрлі сериялардан құралып, ауданның барлық жерінен кесіп өтіп,
оңтүстік, орталық және солтүстік бөліктерінде байқалады. Оңтүстік және
орталық сериялардың дайкалары сыйыстырушы жыныс құрай отырып солтүстік-
шығыс бағытына күрт құлайды, ал солтүстік серияда керісінше бағыт алады,
яғни оңтүстік – оңтүстік-батысқа қарай күрт құлайды. Соның әсерінен мұндағы
брахиантиклинальдың жорамалды түйісулер болғанын жанамалы түрде көрсетеді.
Дайкалардың 700-1500 м дейін созылып, қалыңдығы бірінші бірліктен 20-30 м
дейін жетеді, ал негізінен 7-10 м болып келеді.
Сұр, жасылтым-сұрдан қызыл түсті микроскопиялық сферолит порфирлі
жыныстар порфирлі құрылымы нашар айқындалған. Порфирлі ерекшеліктері ұсақ,
дала шпатымен ұсынылған, кейде – кварцты ұсақ түйірлі болып келеді.
Микроскоппен қарағанда сферолитті құрылымның негізгі массасы көрінеді.
Аудан ауқымында диабазды порфиритті дайкалар сферолитті дайкаларға ұқсас
шоғырланады, бірақ кен алаңында олар сыйыстырушы жыныстардың қабаттастығына
қарағанда нақты кесуші орын алады. Порфиритті дайкалар 100-150м созылып,
қалыңдығы – 1-3м. Макроскопиялық диабазды порфириттер порфир тәрізді қанық
жасыл түсті тығыз жыныстар болып келеді; порфирлі жыныстарда негізгі
плагиоклаз кездеседі.
Кварцты порфирлердің ең кеш дайкалары құрылым фациалды түзілімдер
қатынасына қарай қиюшы орын алады. Аудан көлемінде солтүстік-шығыс созылым
бағытындағы кварцты порфирлердің екі ірі дайкалары байқалады. Құлау бұрышы
солтүстік-батыс 70-850-тан вертикальды жағдайға дейін. Бөлек дайклардың
созылуы – 1-1,5 км жоғары, қалыңдығы - 10-20 м.
Макроскопиялық қызылтым-қоңыр, қызғылт-сұрдан ашықсжасыл түсті кварцты
порфирлер және гранит-порфирлер жыныстарпорфирлі немесе порфир тәрізді
құрылымға жатады.
Қорғасын-мырыш кеденелері барлық карбонатты-террригенді жыныстарда
кездеседі, бірақ олар әктастарда, әктасты құмтастарды және конгломераттарда
дамыған.
Шөгінді тыс делювиалды түзілімдермен айқындалған. Қалыңдығы 0,2-0,7-ден
1-1,5м дейін.

1.3. Кенденудің сипаттамасы

Кенденесі негізінен литологиялық құрамы әртүрлі жапсарға жақындайды,
сол себепті таужыныс будасының химиялық және физико – механикалық құрамына
байланысты болып келеді. Екінші шарт жапсарлы белдемдерде жеке белдемдердің
түзілуімен тектоникалық жұмыстардың болуы.
Осы шартқа сәйкес қорғасын – мырыш кенденесі ауданда байқалып, үш
минералды белдемге топтастырылады.
Минералданудың оңтүстік белдемі - әктасты және құмтас – тақтатасты
будалары тектоникалық бұзылыстар облысымен жапсарласады.
Минералданудың орталық белдемі – құмтас – тақтатасты будалары
тектоникалық бұзылыстар облысымен жапсарласады.
Берілген минералданудың белдемі солтүстік – батыс бағдарында (азимут
285 - 2900) ені 250 метр жалпы жолақта жергіліктендірілген. Бұлардың бәрі
солтүстік – шығысқа күрт құлаған. Барлық минералдану белдемінің қалыңдығы
бірліктен 40 – 50 м дейін құрайды, олардың бір – бірінен арақашықтығы үсті
бойымен 100 – 120 м.
Минералданудың оңтүстік белдемі аймағында жеті рудалық дене
белгіленеді. Рудалық дене көбінесе әктасқа шөгеді, соның біреуі –
әктастардың және құмтастардың жапсарында. Рудалық дененің кенденуі
көрсеткіштер бойынша үлкен емес, негізгі категорияға тек рудалық дене 2
жатады.
Рудалық дене 1 және 3 минералданудың Оңтүстік белдемінің солтүстік –
батыс және оңтүстік – шығыс флангасында жергіліктендірілген. Рудалық
денелер 2, 2а және 4 карьермен ашылды, ал рудалық дене 2б және 5 соқыр
болып келген, олар өз кезегінде Оңтүстік белдемнің жатпалы және аспалы
қанатында шөгеді.
Минералданудың орталық белдемі шекарасында 5 рудалық дене (р.д. 8, 9,
9a, 10 және 11) белгіленген, солардың ішінде негізге категорияға – рудалық
дене 9 және 11 жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы
Химиялық қасиеті
Негізгі мұнай мен газ кешендері
Қаламқас кенорнын игеру және геологиялық - географиялық зерттеулерінің тарихы
Қазақстан аумағының табиғатының қалыптасу кезендері
География сабағында табиғи көрнекіліктердің атқаратын рөлі
Оңтүстік Торғай ойпаты, Арысқұм иінді ойысында орналасқан Приозерный құрлымының мұнайгаздылы қорын есептеу
Орталық қазақтанның аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдары
«Ақшат 1» әктас кенорнының өнеркәсіптік маңызын айқындап, С1 және С2 категориялары бойынша қор есептеу
Пәндер