Ұлы Жібек жолы туралы



Кіріспе бөлім:
1. Жібек жолының пайда болуы.
Негізгі бөлім:
1. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде.
2. Ұлы Жібек жолының тармақтары мен бағыттары.
3. Мәдениеттердің өзара ықпалы.
4. VI ғ. мен IX ғ. бірінші жартысындағы қалалар мен мекендер.
5. IX ғ. Екінші жартысы мен XIII ғ. бас кезіндегі қалалар мен мекендер.
Қорытынды бөлім:
1. Жібек жолының тарихи маңызы.
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз,и шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар- базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылады. Жолдар бір-бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты.[2]
Осылай б.з.б. II ғасырдың ортасында Европа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Оған “лазурит”, “нефрит” және “құндыз” жолдары кірді . “Лазурит” жолы- Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне лазурит (ляпис-лазурь) тасы тасымалданаты жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған.
“Нефрит жолымен “ қытай патшалары мен бай шонжарларына арналып жасалатын зергерлі әшекей бұйымдарына қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит тасымалданған. Ал “құндыз жолымен “ бағалы аң терілері әр тараптағы елдердеге тараған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.
Ортағасырлық шығыстың ұлы ақыны Фирдауси Ұлы Жібек жолын былай деп тамаша бейнелеген:
Сансыз қымбат жүк тиелген,
Мыңдаған алып түйелер.
Жүз сары нарға дихрем артса,
Қырық нарға динар жегілген.

Ең керемет мускус пен алоэны,
Ғажап жібек маталарды,
Иран мен Мысыр керуені артқан-
Тағы бар отыз түйесі.[3]

Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде.
Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III—П-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.
1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерктер) Алматы 1994 81-98 б.
2. Т.Тұрлығұлов Қазақ елінің қысқаша тарихы Алматы 1996 21-22 б.
3. К.Байпақов Ұлы Жібек жолы Алматы 2003 2-4, 11 б.
4. Большая Советская энциклопедия Москва 1979

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе бөлім:
1. Жібек жолының пайда болуы.
Негізгі бөлім:
1. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде.
2. Ұлы Жібек жолының тармақтары мен бағыттары.
3. Мәдениеттердің өзара ықпалы.
4. VI ғ. мен IX ғ. бірінші жартысындағы қалалар мен мекендер.
5. IX ғ. Екінші жартысы мен XIII ғ. бас кезіндегі қалалар мен мекендер.
Қорытынды бөлім:
1. Жібек жолының тарихи маңызы.

Жібек жолының пайда болуы

Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда
байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге
асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз,и шипалы өсімдіктер мен хош
иіс сулары. Мал сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен
темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа тауарлармен алмасқан.
Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды
байланыстырған орталықтар- базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылады. Жолдар
бір-бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке жалғасып,
көптеген жаңа аймақтарды қосты.[2]
Осылай б.з.б. II ғасырдың ортасында Европа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек
жолы пайда болды. Оған “лазурит”, “нефрит” және “құндыз” жолдары кірді .
“Лазурит” жолы- Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне лазурит (ляпис-лазурь) тасы
тасымалданаты жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары
бағаланған.
“Нефрит жолымен “ қытай патшалары мен бай шонжарларына арналып жасалатын
зергерлі әшекей бұйымдарына қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит
тасымалданған. Ал “құндыз жолымен “ бағалы аң терілері әр тараптағы
елдердеге тараған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа
енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай
аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.
Ортағасырлық шығыстың ұлы ақыны Фирдауси Ұлы Жібек жолын былай деп тамаша
бейнелеген:
Сансыз қымбат жүк тиелген,
Мыңдаған алып түйелер.
Жүз сары нарға дихрем артса,
Қырық нарға динар жегілген.

Ең керемет мускус пен алоэны,
Ғажап жібек маталарды,
Иран мен Мысыр керуені артқан-
Тағы бар отыз түйесі.[3]

Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде.

Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III—П-
мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы
Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды
өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.
Б. з. дейінгі І-мыңжыддықтын, орта кезіндс Қара теңіз еңірінен Дон бойына,
содан Оңтұстік Орал өңіріндегі савроматтарга, Ертіске, одан әрі созылып
Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне
кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар
мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бүйымдар сауда
арқылы таратшіьш жататын.
Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуга сақтар мен скифтердің көшпелі
тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін
тансық болған бул тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.
Б. з. дейінгі II ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың
тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.
Б. з. II—V ғг. егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі
астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэ өткеліне баратын да,
одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай
қамалының батыс шетінен. Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан
сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан
айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары
арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуга,
сосын Бсдел асуы арқылы Ыссық көлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан,
Хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына
қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы
Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бүқар, Мерв арқылы Хамаданға,
Сирияға баратын.
XI—XII ғғ. Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа
қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолдың бүлай ауьітқуын бірнеше
себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін
сауда жолдарьш бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден,
Ферғана арқылы жүретін жол VII ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауыпты болып
қалған еді, үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың айналасындагы
кісілер, теңіздің арғы бетінен келген тауарларды аса кеп тұтынатындар
қатарынан саналатын.
VII—XIV ғғ. елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін.
Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырган, оның бір учаскелері айрықша
маңыз алып, көркейіп жатса, екінші бір учаскелері жабылып, ондағы қалалар
мен сауда бекеттері қаңырап бос қалган. Мәселен, VI—VIII гг. негізгі күре
жол Сирия— Иран — Орта Азия — Оңтүстік Қазақстан — Талас алқабы — Шу алқабы
— Ыссық көл шүңқыры — Шығыс Түркістан болған. Осынау жолдың, бір тармағы,
дәлірек айтсақ, тағы бір бағыты Византиядан шығып, Дербент арқылы Каспий
өңірі даласына — Маңғыстау, Арал өңірінен өтіп, Оңтүстік Қазақстанға
жеткен. Бұл жол Сасанилар Иранына қарсы, Батыс түрік қағанаты мен Византия
арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде, Иранды айналып өтетін болған.
IX—XII ғғ. жолдың бұл желісі, Орта Азия мен Таяу шығыс арқылы Кіші Азия мен
Сирияға, Мысыр мен Византияға баратын жолға қарағанда, едәуір аз
пайдаланылған, ал XIII—XIV ғг. қайтадан жанданады. Құрлықтағы саяси хал-
ақуал елшілер мен саудагерлердің және басқа да саяхат-серуенде жүрген
кісілердің қай жолды таңдап алатынын анықтап отырған.
Сақтар, үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттері өмір сүріп, тірлік кешіп жатқан
дәуірде, б. з. дейінгі II ғ. және б. з. І-мыңжылдығында, Жібек жолы
қарақүрым жолшыдан тыныс ала алмай жатқан кездері, Казақстанга рим әйнегі
мен теңгелері, қытай жібегі, айнасы мен лактелген ыдыс-аяқтары, еуропалық
фибул-қапсырмалар, Сасанилер Иранынан асыл тастар жеткізіліп тұрған. Осынау
кезеңде Шу мсн Талас, Сырдария алқаптарында қала орталықтары бой түзеп,
қүрыла бастайды, соның алдында ғана бұл аймақтарда айналасы мұнаралы
бекініс-камалдармен қоршалған егіншілік қоныстар пайда болған еді.
VI ғ. екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Кореядан Каратеңізге
дсйін созылып жатқан орасан зор көшпелі империя Түрік қағанатының құрамына
енеді. VI ғ. соңғы ксзінде Жібек жолының Жетісу мен Оңтүстік Қазакстанды
қамтитын учаскесі өзгеше жанданып, осы аймақтың қалалық мәдениетін
өркендетуге көп көмегін тигізеді. Жетісуда ол бірқатар қалалық
орталықтардың тууына әсер етсе, Қазақстанның оңтүстігінде қалалардың тез
көркеюіне себепші болады. Орта Азия арқылы Оңтүстік Казақстан мен Жетісуға
келетін сауда жолы XIV г. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала
мәдениетін аздырып-тоздырғанға дейін, Кытайға баратын теңіз жолы игеріліп,
бүрынғы көне жолдың жұлдызы сөнгенге дейін жүмыс істейді.
Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.
Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы
учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам
(Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың аты осы күнге дейін сақталған. Шымкент
түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек
жолындагы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала
жүртының қалдыгы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-
жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан.
Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб жене Будухкент
қалалары арқылы Таразға барады екен.
Қазақстаннық аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568
ж. түрік қағаны Дизабүл Византия императоры Юстинианнын, стратег Земарх
бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны
көпестер қаласы деп атаган. Мұның үстіне ол түргештердің, содан кейін
қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталыгы болған.
Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрган, ол да VI ғ. хатқа түскен.
Жамухаттың жәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас
өзенінің бойындагы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте жатыр, оның
ұйінділерін кәзір Қостөбе деп атайды.
Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 ж. оның түбінде осы араны
ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан
таяқ тастам жерде, Талас бойымен темен, теріскейге қарай кететін сауда жолы
үстінде Адақкет пен Дех Нуджикес каласы тұратын. Талас алқабының таулы
белегінде сол сияқты Шелжі, Сүс, Күл және Текабкет деген қалалар болған.
Олар күміс кендеріне жуық жерден қоныс тепкенді.
Керуендер Талас алқабына Фсргана аймағынан Шатқал қыратындағы Шанаш асуьі
және Талас Алатауындағы Қарабура асуы арқылы да өтіп келетін. Жолдың осы
белегі Жібек жолының Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын біріктіретін.
Тараздан шыққан жол шыгысқа, Күлан қаласына қарай асатын еді. Тараз бен
Құлан аралығындағы территория қарлуктерге жата-тын. Кұланға бара жатқанда
жол Касрибас, Күлшөп, Жолшөп сияқты қалалардан өтетін. Қүланнан әрірек
шығыста бір-бірінен төрт фарсақтай жерде Меркі мен Аспара қалалары барды.
Сосын сауда керуендсрі Нұзкент, Харраджуан, Жол қалаларына соғып өтетін.
Жолдан кейін ол Сарығ, түрік қағанының қыстағына, Кырмырауға баратын.
Кырмыраудан жол салдырып отырып, Жетісудын. ең ірі қалаларының бірі —
Науакснтке (Қытайша Синчэн) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп
аударылады. Науакент түрік қағандарының сарайы және соғдылардың қаласы
болған.
Жол Науакенттен шыққасын Пенджикент (Бунджикет) арқылы Жетісудың аса үлкен
қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кейін түргештер, қарлықтар астанасы)
Суябқа келеді. Бұ қала туралы қытай, араб саяхатшылары X ғ. дейін жазып
келген. Соңынан астана рөлі Баласағүнға көшеді, тегі оның ертеректегі аты
Беклиг немессе Семекна болса керек. Баласағүн қарахандардың, сосын
қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейін XIII ғ. бас кезінде
қарақытайлар қиратады. Қала содан қайта салынады, бірақ XIV ғ. тағы да
ойрандалып, үйінділері ғана қалады. Бұл калалардың тұрған жері кәзіргі
Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта ғасырдың көпке белгілі екі
ескерткішіне — Ақбешім мен Боран қалажұртына сәйкес келеді.
Суяб қаласынан керуен жолдың не солтүстік, не оңтүстік тармақтарымен жүріп,
Ыссық көлдің жағалауына шығады. Оңтүстік жақпен жүрген керуендер Жоғарғы
Барысхан деген ұлкен қаланы басып өтеді, ал жолдың солтүстіқ тармағъшда
шағын керуен сарайлар орны кездеседі, олардың аттары бізге дейін жетпеген.
Сосын осынау екі айрық жол Бедел асуында бір-бірімен қосылады да, не осы
асу арқылы, не Ташрабат арқылы Жібек жолы Кашғар мен Ақсудан барып шығады.
Ал керуен жолы Ыссық көл қазан шұңқырынан Санташ асуы арқылы Қарқара
жайлауына барып, төмендеп Іле алқабына түседі де, өзеннің оң жағалауын
бойлап отырып, Үсек, пен Хоргос алқаптарынан өтіп, Алмалық қаласына барады,
ал сосын Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегін айналып, Хами мен Тұрфан
көгал аймақтарын басып, Дунхуан мен Кытайга жететін болған.
X—XII ғғ. Жібек жолының бір тармағы күллі Іле алқабын оңтүстік-батыс
жағынан көктей өтіп, солтүстік шығысқа қарай кетеді екен. Бүл тармақ
Науакенттен басталып, Бунджикен және Қастек асуы арқылы жүріп, Іле
Алатауының теріскей жоталарына әкелген. Әлгі асуға тағы бір жол
Баласағұннан келетін болған. Бұл арадағы танымал белгі қасиетті ұрын-Арж
тауғы екен. Жол Іле Алатауының баурайындағы, кәзіргі Қастек, Каскелең мен
Алматы орындарындағы шағын қалашықтар арқылы Талғар қаласының теріскей
шетіне орналасқан Тәлхиз (Толхира) қаласына жеткен. Осы арада Талғар
өзенінің оң жагалауындағы тау баурайында орта ғасырдың аса ірі қала
жұртының ойран болған орны жатыр. Тәлхиз транзитті сауданың үлкен орталығы
болған.
Іле алқабына басқа жолмен де келе береді екен: Құлан мен Аспарадан немесе
Нұзкенттен шығып, Шудың орта және төменгі ағысындағы қалаларға барған.
Сосын Тасеткел қайраңынан өтіп, жол Шу — Іле тауларының теріскей жоталарын
жағалап келіп, Іле Алатауының теріскей бетіндегі қалаларды қуалай жүрген.
Тәлхизден Жібек жолы екіге айрылады: оңтүстік желісі Есік пен Түрген, Шелек
үстімен жүріп, Іленің Борохудзир маңындағы еткелінен өтіп, оның оң
жағалауын қуалап, Хорғос арқылы Алмалыққа жетеді де, осындағы ЬІссық көл
жақтан келген жол тармағымен қосылады. Жолдың осы бөлегінен археологтар
Есік, Түрген, Лауар сияқты кішкене қалалардың, үлкен қала Шелектің
төбешіктеніп қалған орындарын тапты, Іленің оң жағымен жол кәзіргі заман
қыстағы Көктал мен Жаркент арқылы өтеді. Көктал маңында Ілебалық қаласының
орны бар.
Тәлхизден басталатын теріскей жолы Талғар өзенін қуалай жүріп, Іленің
Қапшағай шатқалы маңындағы еткеліне дейін жеткен. Одан әрі жол Шеңгелді
үстімен Алтын Емел белесінен асып, Көксу алқабына түседі де, Екіоғыз
қаласына жетеді. Ол кәзіргі Дунгановка селосының орнында болған. Вильгельм
Рубрук бұл қаланы Эквиус деп атаған. Іле алқабының ең үлкен қала жұртының
бірі тап осы жерден табылган. Онда 1253 ж. болған В. Рубрук осынау қалада
сарациндер (иран көпестері) тұрушы еді—деп жазады.
Жол Екіоғыздан шығып, қарлықтар жабғысының астанасы Қаялыққа (Койлақ)
барады екен. Бұл шаһардың хан базарларымен аты шыққан. Онда мұсылмандармен
бірге, өздерінің шіркеуі бар христиандар да түрған. Ол жөнінде моңгол ханы
Мөңкеге бара жатып, осы қалаға соғып кеткенЛюдовик IX— елшісі, монах-сопы
В. Рубрук хабарлайды. Каялық — қарлықтар орталығы болған, IX ғ. —XIII ғ.
бас кезінде Іле алқабының солтүстік-шығыс бөлегі қарлықтар қоластына
қараған. Каялық Қаратал өзені алқабында кәзіргі Антонов селосының шет
жағында тұрған. Рубруктың жаз-баларына қарағанда, Каялыққа жақын-жуық жерде
христиандар селосы болған, Жібек жолы сол арқылы өткен. Содан әрі қарай жол
Тентек алқабымен жүріп, Алакөлді айналып өтіп, Жоңгар қақпасын басып Шихо
алқабына жетеді, сосын Бесбалықты басып, Дунхуанға барады да, Ішкі Қытай
жаққа шығандап кстеді екен.
Алакөлдің оңтүстік-батыс шетінде бір қала болған, оны XIII ғ. саяхатшылары
Облыстың астанасы деп атаған.
Испиджаб қаласынан шығатын керуен жолы Арыс бойындағы Арсубаникетке, содан
Отрар-Фарабқа иек артып, Сырдария бойымен жүріп, Арал өңіріне барған.
Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қалалардың ірісі Отырар-
Фараб пен Шавғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға барып қүятын
жеріне жақын орналасқан, аса үлкен қала жұртының атында сақталып, осы күнге
дейін жеткен.
Отырар тоғыз жолдың торабында түрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы
Шавгарға, екінші тармағы Сырдария өткелінен етіп, Васиджа қаласына баратын
болган. Одан Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып,
Шашқа, ал төмен қарай — Жентке кеткен. Ал Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм
мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойы мен Кавказға асып
кететін болған. Жібек жолының осы бөлегі XIII ғ. өзгеше жанданып кетеді
және Жент, Сарайшық, Сарай-Бату, Каффу сияқты шулы-дулы шаһарлар үстімен
жүретін болады.
Шавғар VIII ғ. деректерінен белгілі, оған, әсілі, Түркістан төңірегінде
орналасқан Щүйтөбе қала жүрты сәйкес келетін секілді. Кәзіргі Түркістан
тұрган жерде, Шавғармен қатар X—XIII ғг. Яссы шаһары ірге тебеді, атақты
ақын, сопы Ахмст Яссауи сол шаһарда тұрып, уағыз-насихатын жүргізеді.
Шавғардан шыға жол оғыздар астанасы — Янгикентке қарай тартатын. Осы арадан
Кызылқүмды басып, тағы бір жол Хорезмге баратын.
Әуелі, Шавғардан, кейінірек Яссыдан басталған жол Тұрлан асуы арқылы
Қаратаудың солтүстік жоталарына шығып, Сырдарияны қуалап кететін жолмен
жарыса (паралелль) жүретін. Ол жолда Созақ, Ұрысоған, Құмкент, Сүгүлкент
қалалары бар еді. Бұл жол не Таластың төменгі жағынан шығып, содан жоғары
өрлеп, Таразға баратын, не Билікөлдің батыс жағасымен жүріп, Берукет-
Паркет, Хутукчин қалалары арқылы бұл да Таразга жететін.
Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі арқауынан
жол тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс Қазақстан
аудандарына, кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Дешті-Қьпшаққа, Ертіс
жағалауы мен Алтайға, Моңғолияға асып кетеді екен. Осы арамен атты
көшпелілер тайпалары жүретін дала жолы өткен. Сөйтіп малға, жүн мен теріге,
металға бай Орталық Казақстан аймағы сауда-саттық байланыс жүйесіне, оның
ішінде халықаралық жүйегс тартылып, көптегсн керуен сүрлеулері арқылы Жібск
жолы торабымсн тоғысады.
Жолдың Отрардан таралған бір желісі Арсубаникеттен өтіп, Арыстанды, Шаян
алқаптарына, сосын Каратаудың жатаған белесінен асып; ал Шавғар мен Яссыдан
шыққан желісі Тұрлан асуынан асып, Сауран мен Сығанақ тармағы, Янгикент
тармағы — бәр-бәрі тұс-тұстан Орталық Қазақстан жазығына шығып, Сарысу мен
Кеңгір, Торғай мен Есіл бойларына баратын болған. Сол аймақтан орта
ғасырдың: Болған-ата, Жаманқорған, Нөгербек-Дарасы, Домбауыл, Милы-қүдық,
Ормамбет сияқты қалажұрттарының қалдықтары табылған. Әсілі, орта ғасыр
бастаухаттарында айтылатын Жұбын, Конгликет, Ортау мен Қейтау сияқты
жайлауларды, Гарбиан мен Бақырлытау сияқты кен орындарын осы маңайдан
іздеген жөн.
Тараздан шыққан тағы бір сауда жолы Адахкес пен Дех-Нуджикес қалалары
арқылы Ертіс жағасына, Кимектер қағанының сарайына барып, одан әрі асып,
Енисейдегі қырғыздар еліне тартатын болган.
Іле алқабы Орталық Қазақстанмен Шу — Іле тауының теріскей жоталарымен жүріп
Шуға шығады да, сосын оның бойын қуалап барып, Сарысу өзені жағалауына
шыққан.
Жолдың өзге бір желісі Теріскей-Іледегі Шеңгелді маңынан шығып, Көктал мен
Бояулы керуен сарайлар арқылы Балқаш өңіріне, сосын Іледен тарайтын
Ортасуды жиектеп, сол арадагы Ақтам кала жүртының орнын басып, көлдің
түскейінен 8 шақырым бұғаз арқылы теріскейіне шыгады. Керуендер бүғазды
кешіп өтіп, Тоқырауын өзенінің құярлығына жуық жерден шығады екен дағы, ;
оның бойын қуалап, әрі Ұлытау жоталарына қарай кетеді.
Теріскей-Іле жолының бір желісі Алакөлді батыс жағынан ай-налып етіп,
Тарбағатай арқылы Ертіске, қимектер мемлекетінің жеріне жеткен.
Тарбағатайда, Ертіс жағалауында Қимектың Банджар, Ханауыш, Астұр, Сисан
секілді қалалары және айналасы бекіністі қамалмен қоршалған, қалалары
темірмен қүрсалған орасан зор қала — қағандар астанасы орналасқан еді.
Қимектың қалалары сауда жолдары арқылы Енисейдегі қырғыз, Моңголиядағы
үйғыр қалаларымен, Шығыс Түркістанның көгалды аймақтарымен байланысып
отырған.
Сауда мен тауарлары.
Жібек жолы әуелгі кездс кытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен.
Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб
халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен осынау күре жолмен мирри мен
ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мусқат жаңғағы, жень-шень мен
питонның өті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, гауһар
мен яшма, янтар мен кораллдар, пілсүйегі мен балық сояулары, құйма күміс
пен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсер мен сүңгілер
т.б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен саудаға салу
үшін Ферғананың атақты тері қан боп шығатын сәйгүліктері мен араб
арғымақтарын, түйелер мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстан-дарды, ілбіс
пен жайранды, қаршығалар мен тауықтарды, тоты құстар мен түйеқұстарды алып
жүрген.
Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант,
көкөніс пен жемістер, әртүрлі көктер әлемге таратылған.
Дегенмен сауданың ең басты жиһазы жібек болған. Алтынмен бірге ол
халықаралық валюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы
әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.
Керуен жолымен тасылатын жібек пен басқа да тауарлардың, бір бөлегі қазақ
даласының қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар — соның айқын
айғағы2.
Сондай сирек кездесетін және халықаралық сауданы зерттеуге аса қажет
олжаның қатарына Отырардың күміс көмбесі жатады. Ол өзінің құрамы жағынан
ақшалы-заттық олжа екен. Осынау теңгелер қоймасы шартараптан жиналыпты Оның
ішінде: Шығыс Түркістандағы Алмалық, Пулад, Емил (Омыл) Орда әл-Азам теңге
сарайлары, еуропалықтан — Қырымның, 'кішіазиялықтан — Сиваси, Кония,
Тебриздің, Қазақстаннаң — Жент теңге сарайларының өнімдері бар. Теңгелерді
шекіген кез —XIII ғ. 60-жж. екінші жартысының шамасы. Көмбеде Жібек жолы
үстінде түрған қалалардың, өзіндік карточкалары бар.
Жібек жолымен тек бүйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль модалары да
таратылатын болған, әрине егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар
белгілі бір этникалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген жерге тап бола
қалса, кеңінен тарап кетеді екен.
Мәдениеттердің өзара ықпалы.
Орта ғасырлардың бастапқы кезінде Азияда аса кең аймақтары мен елдердің
бейнесі ретінде әлемнің төрт патшалдығының концепциясы етек алып жайылған
еді. Осынау әлем патшалығының әрқайсысы замандастарының көз алдында өзіне
ғана тән артықшылығымен дараланған. Сүй әулеті (589—618 жж.) мен Тан әулеті
(618—907 жж.) өкіметтерінің қоластында біріккен Қытай, Үнді билеушілерінің
патшалықтары, Тынық Мүхиттан бастап, Қара теңізге дейінгі Түрік бірлестігі,
Персия мсн Византия сияқты мемлекеттер дүниенің төрт тұсында орналасқан
әлсмдік төрт монархияның негізі деп саналады: оңтүстікте — пілдер
патшасының империясы (Үндістан), батыста — бағалы тастар патшасы (Иран мен
Византия). солтүстікте — сәйгүліктер патшасы (Түрік қағанаты), Шығыста —
адамдар патшасы (Кытай). Осы идея сосын мұсылман авторларына да4 ауысып
келеді.
Самарқанд маңындағы Кушания қыстағы үйлерінің қабырғаларындағы суреттер осы
концепцияның айқын көрінісі болып табылады, онда бір қабырғада — қытай
императорлары, екінші қабырғада — түрік хандары, мен үнді брахмандары,
үшіншісінде — парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген еді.
Сол бір алыс оқиғалар замандастары тек өз мемлекеттерінің табыстары туралы
ғана емес, басқа мәденисттері құндылықтарын да игеру туралы жазған, бүкіл
әлемдік мәдениеттің шынайы бір түрінің негізгі мәні, міне, осында болатын.
Тауарларды, қолданбалы өнердің, сәулет өнері мен қабырга живописінің мәдени
үлгілері мен эталондарын таратумен бірге, Шығыс пен Батыс елдеріне саз бен
би өнері де, сахналық ойындар да кеңінен таратылып отырған.
Шетел оркестрлері сарай қызметіндегі кісілер қүрамына енгізілген.

Мәселен, сазман патша Сюань Изунь 30 мың сазгер үстаған.Түрік қағанынын,
Суяб төңірегіндегі ордасында елшілерді қалай қабылдағаны жөніндегі
сипаттама сақталып қалған. Қаған, — деп жазады сол сияпатты көзімен
көрген будда сопысы Сюань Цзянь, — шарап әкеліп, саз ойнауға әмір етті...
сосын бір үзілмей, металл сыңгырымен сүйемелденген жатжерлік саз әуезі
тамылжып төгілді I де тұрды. Және ол жабайылардың сазы болғанымен,
тыңдаушылардың қүлақ құрышын қандырып, жаны,мен ойын жадыратып отырды. Тан
әулеті Кытайында ең көп жайылған саз Шығыс Түркістан мен Орта Азияның ән-
күйлсрі болған. Құш пен Қашғардың, Бүқар мен Самарқанд — Үндістанның
сазгерлік дәстүрі, Сарайдың ресми қамқорлығы арқасында қытайдың саздық
дәстүрімен ұласып, табысып кетеді.

Иран, соғды мен түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне
көптеген жаңалықтар енгізеді. Мәселен, Константинопольде Шығыс артистері
жиі-жиі өнер көрсетіп түрады. Византия императоры әйелінің орыстың кінәз
әйелі Ольганың құрметіне берген түскі қабылдауы кезінде шығыс
масқарапаздары мен эквилибристері жиналғандардый, көңлін көтеріп, рахатқа
бөлейді, ал Мануил І-нің салжық сүлтан Арыстан ІІ-нің құрметіне жасаган
мереке-тойында түрік акробаты алмағайып сальтоны орындаған. Сол сияқты
өнерпаздар маска киіп ойын көрсеткен деседі.

Мүндай дәстүрлер кейінгі уақыттарға дейін мұсылман елдерінде сақталады.
Наурыз мейрамы кезінде Бағдатта аткерлер маска киіп, халиф алдында
өнерлерін паш еткен.

Жібек жолы бойынан әртүрлі жердегі ескерткіштерді қазган кездері
мәдениеттердің дамуын және өзара бірін бірі байытуын дәлелдейтін көптеген
материалдық дәйектер табылған: бишілер мен биші әйелдерді. маскалы
актерлерді, түйе үстіне жайғасып отырган музыкалык ансамбльдсрді
бейнелейтін Тан дәуірінін терракот коллекциясы — осының айғағы. Мұндагы
көптсген артиетердің бет бейнесінен Орта Азия халықтары өкілдері екені
көрініп түрады. Пенджикенттің, Варахша мен Топырақ қаланың және Шығыс
Түркістанның қалаларындағы салтанат залдарында сақталып қалған
қабырғалардагы суреттерде сазшылар мен актерлер бейнеленген. Биші әйелдің
ағаштан қашалған таңғажайып мүсіні Пенджикенттен табылды. Сырдария
бойындағы Кедер қаласында қазба жүргізген кезде X—XI ғғ. артистің қыш
маскасы кездесті.
Дін соқпақтары. Жібек жолымен діни идеялар да кең таратылып отырған, ал
миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан.
Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Кытайға буддизм келген,
Сирия мен Ираннан, Аравиядан — христиан діні, сосын барып ислам жеткен.
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, Қытайға буддизм Индиядан Орта Азия мен
Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б. з. Бұрынғы I ғ. басталған. Шығыс
Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда ортаазиялық діндарлар мен
миссионерлер, әсіресе соғдылар, парффяндар мен қаңлылар көп еңбек сіңірген.
Б. з. II—III ғг. буддизм белсенді түрде таратылған, тегі, бұл Кушан
империясының Шығыстағы саяси мақсаттарына байланысты болганға ұқсайды.
Ерте ортағасырларда буддизмнің негізгі миссионсрлсрі қызметін соғдылар өз
міндетіне алган. Будда дінін Орталық Азияда тарату ісінде тек солар ғана
маңызды рөл атқарады. Шығыс Түркістандағы түріктердің будда текстеріндегі
терминдерді талдап тексергенде, олардың соғдының көмегімен алынғаны
анықталды. Ұлы жібек жолы үстіндегі бірқатар қалалардан будда ескерткіштері
табылды.
Түріктер VI ғ. бастап буддизмнің қатты ықпалын өз басынан өткерген . Сюань-
Цзян Батыс түрік қағанының будда дініне ықылас білдіргенін жазады.
Зерттеушілер пікіріне иісек, VII ғ. бірінші жартысында батыс түріктерінің
кейбір билеушілері будданы болған немесе буддизмге қамқорлық жасаған. Бұл
жәйт олардың отырықшылыққа және қала өміріне өтуімен тығыз байланысты
болған.
Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда буддизм едәуір дәрежеде кең тараган. Ең
әуелі бұл осы өлкеден буддалық қүрылыстардың табылуынан көрінеді. Будда
ескерткіштері Шу алқабының Ақбешім, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясы
Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Ұлы жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туристік әлеуетін бағалау және оның Қазақстан Республикасы туризмінің дамуындағы маңызын анықтау
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
ҰЛЫ Ж БЕК. I ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТ КI ПОТЕНЦИАЛЫ
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Пәндер