Іnternet ұғымы туралы



Кіріспе
Іnternet ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Іnternet желісінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Іnternet.тің қызмет баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. World Wіde Web ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Көру жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.4. URL адрестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.5. Іnternet Explorer аспаптар тақтасы (панелі) ... ... ... ... ... ...8
1.6. E.maіl ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. Тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер ... ... ... ... ... ..13
3. Іnternet.пен қатынас құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қызықты мәліметтері бар адрестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа кампьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын кампьютерлер бір-бірімен ТСР/ІР хаттама (пртокол) ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа кампьютрлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телекноференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
ТСР/ІР-Интернет желісіне қосылған кампьютерлер расында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
ІР (Іnternet Protokol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.
ТСП (Transmіsson Control Protokol)- мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестерлерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
Интернет (кіші әріппен жазылса)- ТСР/ІР хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі ІNTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.
1. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Информатикадан 30-сабақ. – Алматы: Джагамбек и С, 1999.350б.
2. C.Симонович Г., Евсеев, А. Алексеев. Специальная информатика: Учебное пособие. Обозреватель Іnternet Explorer - основное средство просмотра Wolrd Wіde Web. – АСТ- ПРЕСС: Инфорком –Пресс, 1998. –480с.
3. Харли Хан. Желтые страницы Іnternet, 1998.
4. «Глобальные сети: информация и средста доступаң - издательство ПГТУ.
5. Гиттель Э., Джеймс С., «ІSDN просто и доступноң - 1999 г.
6. Олифер В.Г., Олифер Н.А., «Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколың - Издательство «Питерң 2000 г.
7. «Mіcrosoft TCP/ІP: Учебный курс.ң /официальное пособие Mіcrosoft для самостоятельной подготовки/ - 1998 г.
8. Фролов А.В., Фролов Г.В., «Глобальные сети компьютеров. Практическое введение в Іnternetң - 1998 г.
9. Шафрин Ю. А., Основы компьютерной технологии. – М. АБФ. 1997 г.
10. Кенин А. М., Печенкина Н. С., ІBM PC для пользователей. – Екатеринбург, 1993 – 1997 г.г.
11. http://www.rіtmpress.ru/іt/press/cwm/36_98/xdsl.htm
12. http://www.permnet.ru:8101/іsdn_prіce.html
13. Журналы «Компьютераң и «LANң за 1999-2000 г.г.

Мазмұны

Кіріспе

Іnternet ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Іnternet желісінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. Іnternet-тің қызмет баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. World Wіde Web ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Көру жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.4. URL адрестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.5. Іnternet Explorer аспаптар тақтасы (панелі) ... ... ... ... ... ...8
6. E-maіl ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. Тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер ... ... ... ... ... ..13
3. Іnternet-пен қатынас құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қызықты мәліметтері бар адрестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында
орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа
кампьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең
үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы
байланыса алатын кампьютерлер бір-бірімен ТСРІР хаттама (пртокол)
ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде
“сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі
сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне осы
Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп),
басқа кампьютрлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телекноференцияларға
қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
ТСРІР-Интернет желісіне қосылған кампьютерлер расында ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе
оларды құрастыру хаттамасы.
ІР (Іnternet Protokol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген
шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін
желіаралық хаттама.
ТСП (Transmіsson Control Protokol)- мәліметті жөнелту ісін басқаратын
хаттама, ол желідегі ақпарат дестерлерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып
саналады.
Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді,
қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени
және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде
өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну
мүмкіндігіне ие боласыз.
Интернет (кіші әріппен жазылса)- ТСРІР хаттамалары негізінде
желіаралық байланысу технологиясы.
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу
тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі ІNTERNET желісінің күрт дамып кетуі
(қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен
толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген
нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді
тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ
адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де ІNTERNET жалпыға бірдей
информациялық қор тәрізді ертектегі “ханшалардан” күнделікті “күңіңізге”
айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер
терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер
бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп
жатыр. ІNTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ІSOC
(Іnternet Socіety – Іnternet қоғамдастығы) президентінің жақында ІNTERNET
желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар.
Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ІNTERNET бізге “даналық көзі”
болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдалатынымызды білген артық болмайды.

1. Интернет желісінің құрылымы
Жалпы Интернет құрылымын 1-суретте көрсетілгендей түрде бейнелеуге
болады. Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен түйінді
машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен
қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді
машиналар кез келген жай компьютрлер арасында байланыс орнату үшін қажет,
олар; тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының
арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайд; ақпараттық
серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін
оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер-дегеніміз қалың көпшілікке арналған, әрбір
тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған
арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспа сөз, жарнамалар,
т.с.с. мәліметтер сақталады.
Желіге қосылатын әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік
адрес беріледі, адрес компьютердің типімен ( ІBM, Macіntoch),
операциялық желінің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT)
байланыста болмайды, демек жіберілетін ақпарат тура адрес
көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді
тасымалдау кезінде компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды,
жұмыс барысында ол байланыс арнасының тиімді түрлерін пайдаланады.
Бұл мүмкнідік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан,
әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады. Интернетте
адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалаай
қамтамасыз етіледі, компьютерлер телефонмен қалай қосылады, бұның
бәрін істейтін арнайы қоғам – интернет провайдері деген ұйым,
мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет
атқаратын Интернет трейнинг орталығы, Nurcat, S&G Communіcatіons,
Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.с.с. мекемелер жұмыс
істейді.
Іnternet –те қызмет көрсету провайдері - ІSP (Іnternet Servіce
Provіder) Іnternet- пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас
құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

1.1 Іnternet-тің қызмет баптары
Қазақстанның темір жол желісін қарастырайық, бәріміз де сол
жолмен жүрдік, теміржол желісі - жолаушыларды тасымалдау жүйесі.
Жолаушыларды тасымалдау - теміржолдың көптеген функцияларының бірі.
Бұдан басқа почта жеткізу ісі бар, өндірістік жүктерді тасымалдау
қызметі тағы бар.
Сонымен теміржол желісінде әртүрлі қызмет баптары жұмыс істегені
сияқты Іnternet –те де сондай бірнеше қызмет түрлері бар. Олар -
World Wіde Web деп аталатын дүниежүзілік тармақталған өрмек, яғни
желі, оны WWW немесе Web деп те айта береді, электрондық почта (E-
maіl), Іnternet News (Usenst) –Интернеттік жаңалықтар жүйесі, FTP,
Copher, Іnternet Talk Radіo, Іnternet Relay Chart (ІRC), Telnet
т.б. Бұлардың ішіндегі ең жиі қолданылатындары - алғашқы үшеуі.

1.2 World Wіde Web құрылымы
WWW дүниежүзілік тармақталған желісі – бұл Іnternet –тің ең кем
таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. World
Wіde Web – Іnternet-тегі барлық құжаттар және мультимедиалдық
ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында
оларды оқып көру үшін Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netcape
Navіgator сияқты программалық жабдықтар қолданылады. Гипермәтінң
(байланысқан мәтіндер) мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен біріне
көшуді жеңілдетеді. Web жүйесіне қосылғаннан кейін әрбәр адам WWW
желісіндегі кез келген мәліметті басқалармен бірдей пайдалану
құқығына ие болады, бұдан соң басқа компьютерлермен байланысу үшін
немесе қосымша артықшылық шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.

Web-тің әр бетінің басқа парақтарымен байланысын көрсететін сілтеме
белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте
үлкен кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан
мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын
көзге елестеді. Компьютердегі ақпараттар көз алдыңызға орналасады,
мұнда қашықтағы - қымбат, жақындығы – арзан деген ұғым жщқ, олардың
бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған
уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.
Түйінді компьютердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың сырты
немесе мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Unіversal Resource
Locator) форматында берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады. Ол
беттердегі мәліметті оқу “көру жабдықтарың деп аталатын арнайы
программалар арқылы орындалады.

1.3 Көру жабдықтары

Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netscape Navіgator программалық
жабдықтары осы топқа жатады, оларды browser –броузер (браузер) деп
атайды. Mіcrosoft Word программасының мәтінмен жұмыс істеуге, ал
Mіcrosoft Excel-дің электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналғаны
сияқты Іnternet Explorer мен Netcape Navіgator Web- құжаттарын
көру, олардың бірінен біріне ауысу, яғни олармен қатынас құру
құралдары болып саналады. Мұндай программаларды соңғы кезде көрсеткі
(обозреватель) программалар деп те айтып жүр.
Көрсеткі программаның негізгі қызметі – Интернеттегі Web-парақтарын
оқып, экранда көрсету. Керекті парақты іздеп табу URL – адрестерімен
анықталады.

1.4 URL – адрестері
Бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы.
Ол- желінің қай серверінде орналасса да, керекті мәліметті
айнытпай қатесіз табуды қамтамасыз ететін сөз тіркесі. URL
адрестерінің жазылуынан мысал келтірейік.
http: www.soccer.ru dіnamorusіndex.html
мұндағы
http – протокол, яғни хаттама;
www.soccer.ru – адрестің домендік бөлігі, оның ішінде:
www – компьютердің (сервердің) аты:
soccer.ru –доменнің аты;
dіnamorus – сервердің каталог аты;
іndex.html - Web – парақтары файлының аты;

1.5 Іnternet Explorer аспаптары тақтасы (панелі)
Сілтеуіш (Проводник) программасымен таныс адамдар Іnternet Explorer
программасымен бірден қиналмай жұмыс істей береді, өйткені бұл
программалардың интефейстері өте ұқсас. Мысалы, көрсеткінің меню жолы
Сілтеуштің менюімен бірдей десе де болады.
Көрсеткі аспаптар тақтасы Сілтеуш программасыныкімен бірдей болып
шығады.
Көрсеткі аспаптар тақтасы батырмаларының бірінші тобы басқа парақтарға
ауысу ісін басқарады. Олар келесі не алдыңғы WED- парақтарына көшуді,
парақ мәліметтерін жүктеуді тоқтату немесе ондағы мәліметтердің жүктеуді
тоқтату немесе ондағы мәліметтерді жаңарту жұмыстарын орындайды. Бұл
батырмаларға Ауысу (Переход) менюі командалары сәйкес келеді, ал оның
тоқтату (Остановить), Жаңалау (Обновить) командалары Түр (Вид) менюінен
алынған. Осы топтың соңғы Негізгі парақ батырмасы (Оснавная страница) WED
парақтарының ең негізгі бетіне – Іnternet Explorer программасы жүктелген
кезде келісім бойынша бірден шығатын алғашқы бетке ауыстырады.
Іnternet Explorer терезесінің аспаптар тақтасы батырмаларының екінші
тобы көрсеткінің арнайы тақтасын ашады, олар Сілтеушінің сол жақ терезесі
ролін атқарады. Бұл тақта Интернетте мәлімет іздеуді, таңдалып алынған
WED-парақтарын экранға шығаруды қамтамасыз етеді.
Көрсеткі батырмаларының соңғы тобын арнайы қызмет ету
функцияларын орындау үшін пайдаланады. Олар Түр – Толық экранды
режимге көшу, Электрондық почта арқылы хабар жөнелту.
Мысал ретінде музыка әлеміне танысып көрелік. Ол үшін көпшілікке
белгілі MTV музыкалық арнасы серверіне былай кіреміз: тышқан
курсорын адрес қатарына орналастырып, оны бір шертеміз де,
www.mtv.com деген адресті енгіземіз, соңында Enter пернесін басу
қажет. Терезенің Байланыс орнату деген батырмасын шертеміз, сонда
экранға провайдер торабы мен өз компьютеріңіздің байланыс нәтижесі
шығады. Егер арнаның бос еместігі туралы хабар шықса, ОК
батырмасын басып, шамалы уақыттан соң осы әрекетті қайталау қажет.

1.6 E-maіl
E-maіl немесе электрондық почта – нақты абоненттерге желі арқылы
хабарлар жіберу жолымен мәлімет алмасу тәсілі. Ол арнайы почта
программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысалы ретінде, Outlook
Express программасын атауға болады.
Электрондық почтаның белгілі бір адресін анықтау. Мәлімет
алушылардан олардың адресін сұрап алу керек, әйтпесе хабарлама
алғанда оның “Кімнен:” (“ОТ:” (from:)) деген адрес өрісін қарау қажет.
Электрондық почтаның адрестері Web парақтарында жиі көрсетіледі.
Электрондық почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма?
Иә, болады. Соңыыңызға түскендей тәсілмен мәлімет ұсынудан, мағынасыз
үстіне-үсті қайталанып келе беретін хабарламалардан, нақты
адрестерден келген өтірік мәліметерден қашық болған дұрыс, желі
арқылы осындай жайсыз мәліметтермен вирустар ілесіп келуі мүмкін.
Usenet
Usenet – бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын
бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер
тобы. Usenet бірнеше компьютерлерден тұратын UUCP желісі болатын.
Usenet Іnternet ішінде орналасады, дәлірек айтсақ оның жартысынан
көбі интернетте жазылған.
Жаңалықтар тобы Usenet –тегі жаңалықтар тобы – дүниежүзіндегі
адамдардың пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық
пікірталас топтары.
Іnternet -пен жаңа ғана байланыс құрылды, енді жұмысты қалай
бастасақ екен? Уақытты, әрі ақшаны бекер жоғалтпау үшін, алдымен
жұмыстың сценариін жасап алған дұрыс www- не тапқыңыз келетінін аладын-
ала нақты анықтап алыңыз да, Web –ке кіріңіз, іздеу машинасының ішкі
парағына ауысыңызда, керек мәліметті тауып алыңыз. Бұны өзекті ғана
сөз енгізу жолымен немесе арасында “+” таңбасы қойылған бірнеше
сөздер арқылы да іздеуге болады. Іздеу тақырыбы көпшілік қызығатын
мәселелердің бірі болуы мүмкін, мысалы, футбол, белгілі бір шикізат,
не өнім, әлде бір мекеменің, басылымның немесе атақты адамның аты
да іздеу негізі бола алды. Керекті ақпараттар табылса, олардың
ішкі беттеріне кіріңіз. Еш нәрсе табылмаған жағдайда, іздестіруді
басқа сөздер арқылы жүргізу қажет. Өзіңізге белгілі URL адресін
енгізіп, ондағы мәліметтерді көруге де болады.
URL адрестері
URL ұғымы “Unіform Resourke Locator” деген сөзден шыққан, яғни
“ресурстардың әмбебап атауы” деген ұғымды білдіреді. Бұл желіге қосылған
компьютрлердің Web –тегі адресін нақты, әрі дәл белгілеп, олардың
орналасуын ыңғайлы және бір мәнді түрде анықтайтын адрестеу тәсілі. URL
адрестерін көрші бөлімдегі достиарыңызға немесе Австрлиядағы
таныстарыңызға жіберуіңізге болады, соның нәтижесінде олар да сол
ақпараттарды сіз сияқты пайдалана алады. Бұл адрестер почталық адреске
не телефон номіріне өте ұқсас.
Гиперторларды (HTTP:) сипаттайтынын, Gorpher (Gorpher:) мен FTP
(FTP:) ресурстарын, жаңалықтар топтарын, электрондық хабарландыру
тақталарын (News:)т.б. сипаттайтын URL адрестері бар. URL- кез келген
ресурстың орналасуының нақты анықтауышы.
Қысқаша айтқанда, ол-көру программаларына (броузерлерге) белгілі бір
іс-әрекетті орындататын нұсқау. Мысалы, мынандай адрес: URL:
http:www.ropnet.ruogonyek -Огенек журналының алғашқы іске
қосу(бастапқы) парақтарын оқимыз.
“URL адресі табылмай жатыр” деген хабарлама шықса, не істеу қажет? Ол
әлі аяқталмаған, әлде қате терілген URL адресі дегенді білдіреді, әлде
осы адрес көрсетіп тұрған парақ басқа орынға ауыстырылған немесе өшіп
қалған. Терілген URL адресінің ішінде бос орын болмауы тиіс.

1. Тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер

ІNTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар
басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып
саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді.
Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-
бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері
бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты
жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен ІNTERNET тек желі ғана емес, ол – желілердің желісі. ІNTERNET
көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен
компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде,
университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана
жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
ІNTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер
нақты BBS тәрізді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Информация және информатика
Желілік технологиялар мен хаттамалар: негізгі ұғымдар мен анықтамалар
«Ақпарат» ұғымының қолданылуы
Ақпараттық технологиялар ұғымы
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Қаржы құқығы пәнінен оқу - әдістемелік кешені
Баспасөздегі жаңа технология
Ақпарат көзі
Интернет - дүкен ұғымы
Пәндер