Инвестициялар туралы



Кіріспе 3
1. Инвестициялық қызмет ұғымы, субъектісі мен объектісі 4
2. Инвестициялық жобалар 5
3. Қаржылық салымдар 7
4. Капиталдық құрылыс 9
5. ҚР инвестициялық саясат 10
6. ҚР шетел инвестициялары 12
7. Инвестициялық сферадағы несие беруді ұйымдастыру 18
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер 21
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді. Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр. Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады. Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарлы технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан да, шетелдік инвестициялардың басты мақсаты басқа мемлекеттерде жұмыс орындарын көбейтуге, жалақыны дер кезінде төлеуге, жаңа техникалық құрал- жабдықтарды алуға және үлкен нарық құруға мүмкіндік береді.
Бұл жұмысымның алғашқы бөлімінде жалпы инвестиция түсінігіне және сол инвестицияның бір түрі тікелей инвестицияға тоқталып кеттім. Ал, екінші бөлімінде тақырыбыма байланысты Қазақстан Республикасында жалпы тікелей инвестицияның қалай және қай салада орналасқанын, сонымен қатар негізгі донор елдерге көңіл бөлгенді жөн көрдім.
1 Международная экономика, А. Киреев- М.:«Международные отношения», 1998г, часть 1, стр. 285-308.
2 Халықаралық экономикалық қатынастар, оқу құралы, М. Байгісиев,- А.: «Санат», 1998 жыл, 39-53 беттер.
3 Кәсіпорын экономикасы , оқу құралы, Г.Ө.Жолдасбаева, - А.: «Экономика», 2002 ж., 48-59 беттер.
4 Макроэкономика, оқулық, Р. Дорнбум, С. Фишер, А.: ҚазМБА, 1997жыл, 197 бет.
5 Халықаралық экономикалық қатынастар, оқу құралы, Н.Қ.Мамыров, - А.: «Санат», 1998 жыл, 39-52 беттер.
6 Халықаралық экономикалық қатынастар, Р.Е.Елемесов, - А.: «Қазақ университеті», 2002 жыл, 100-107 беттер.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
1. Инвестициялық қызмет ұғымы, субъектісі мен объектісі 4
2. Инвестициялық жобалар 5
3. Қаржылық салымдар 7
4. Капиталдық құрылыс 9
5. ҚР инвестициялық саясат 10
6. ҚР шетел инвестициялары 12
7. Инвестициялық сферадағы несие беруді ұйымдастыру 18
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер 21

Кіріспе

"Экономика неғұрлым еркін болса,
соғұрлым әлеуметтік болады".

Эрхард.
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы
тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда
жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан
қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне
сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен
кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға
тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің
өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін
арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын
ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті
ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді. Біздің экономикаға ірі инвестицияларды
келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік
инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет
шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай
жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді
кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық
интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр. Қазіргі уақытта дамушы және
өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер
пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың
экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған
елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп
дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады. Бірақ соған
қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған
елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету
үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарлы технология мен тікелей жеке
меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан да,
шетелдік инвестициялардың басты мақсаты басқа мемлекеттерде жұмыс орындарын
көбейтуге, жалақыны дер кезінде төлеуге, жаңа техникалық құрал- жабдықтарды
алуға және үлкен нарық құруға мүмкіндік береді.
Бұл жұмысымның алғашқы бөлімінде жалпы инвестиция түсінігіне және
сол инвестицияның бір түрі тікелей инвестицияға тоқталып кеттім. Ал, екінші
бөлімінде тақырыбыма байланысты Қазақстан Республикасында жалпы тікелей
инвестицияның қалай және қай салада орналасқанын, сонымен қатар негізгі
донор елдерге көңіл бөлгенді жөн көрдім. Осы бөлімнің бір бөлімшесі
ретінде, мен біздің мемлекетімізге шетелдік инвестицияларды тарту не үшін
қажет екеніне аз да болса тоқталып кетуді дұрыс деп шештім.

1. Инвестицияның мәні, экономикадағы мазмұны

Рынок жағдайында инвестициялық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып
табылады. Шаруашылық субъектілер оны пайда алу үшін инвестициялық рынокта
жүзеге асырады.
Инвестициялық қызметке қаржы салу, және арнайы инвестициялық
жобаларды жүзеге асыру жатады.
Инвестициялық қызмет объектілеріне болашақта пайда әкелетін әрекеттер
жатады. Дәлірек айтсақ: айналым қаражаттары, ғылыми-техникалық прогресс
жетістіктері, интеллектуалды құқық меншігі жатуы мүліктік құқықтар, т.б.
жатады.
Инвестициялық қызмет субъектілеріне инвесторлар, жоба жасауға тапсырыс
бершілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызмет объектілерін
пайдаланушылар, жабдықтаушылар және басқа да инвестициялық қызметке
қатысушы заңды және жеке тұлғалар жатады.
Қазіргі экономикалық әдебиетте инвесторларды төмендегіідей топтайды.
1. Мемлекеттік және жергілікті мүлікті басқаруға құқы бар органдар.
2. Отандық жеке және заңды тұлғалар, кәсіпкерлік бірлестіктер.
3. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар.
Инвестициялық қызмет белгілеріне байланысты:
а) Нақты инвестиция - нақты активтерге салымдар
б) қаржылық инвестициялар-қаржылық құралдарға салымдар
Объектілеріне байланысты болып табылады.
а) тікелей инвестиция
б) жанама инвестиция
Нақты инвестицияларға төмендегі салымдар жатады:
1. өндірістің тиімділігін арттыру үшін салынатын салымдар. Олар құрал-
жабдықтарды ауыстыруға, негізгі қорларды жетілдіруге жұмсалуы мүмкін.
2. өндіріс масштабын ұлғайтуға салымдар
3. жаңа өндіріс құруға, жаңа технологияны іске қосуға, кәсіпорын құрылымын
өзгертуге инвестициялар.
4. мемлекеттік тапсырысты және басқа кәсіпорын тапсырысын орындау үшін
салымдар.
Қаржылық инвестицияларға төмендегі салымдар жатады:
1. Бағалы қағаздарға салымдар
2. Банктік депозиттерге және сертификаттарға салымдар.
Инвестициялық портфель дегеніміз - инвестициялық қызметті кәсіпорын
стратегиясына сай жүргізу үшін қалыптасқан нақты және қаржылық инвестиция
объектілерінің жиынтығы. Инвестициялық портфельдер агрессивті және
консервативті болуы мүмкін.
Агрессивті портфель құны тез өседі, яғни жоғары табыс әкеледі деген
болжамға сәйкес сұранысы жоғары бағалы қағаздардан тұрады. Бұның тәуекел
дәрежесі де жоғары.
Консервативті портфель табысы жоғары емес дегенмен тұрақты, әрі
тәуекелі жоғары емес бағалы қағаздардан тұрады.

2. Инвестициялық жобалар

1. инвестциялық жобаның мәніі, инвестициялық цикл
2. жобалардың типтері
3. техникоөэкономикалық негіздеме
4. бизнес -жоспар
І Инвестциялық жоба– жаңа немесе бұрынғы өнеркәсіпті жетілдіруге пайда
алу мақсатында технология және құрал-жабдық сатып алу құрылысты жобалау,
мамандарды дайындау тәрізді жұмыстарды қамтитын іс-шаралардың кешенді
жоспары. Бұл тек қана ұйымдастыру- құқықтық есептік қаржылық құжаттар
жиынтығы ғана емес сондай ақ берілген мақсатқа жету үшін орындау шаралары.
Инвестициялық цикл – проектінің жүзеге асырудан бастап аяқтауға дейінгі
уақыт аралығы. Бұл цикл 3 сатыдан тұрады:
1 инвестицияның алдындағы саты
2 инвестициялық саты
3 өндірістік саты
Инвестицияның алдындағы сатыда жобалау объектісін кәсіпорынның болашақ
мүмкіндіктері зерттеледі. Инвестициялар туралы шешімдер алдын ала
қабылданады.
1. Мемлекеттік кешендік экспертизаға республикалық бюджет
қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын заңға сайкес мемлекеттің қолдауын
талап ететін үкімет кепілдігіне шетелдік несие арқылы жүзеге асырлатын
инвестициялық проектілер жатады. Құжаттарын тексеру нәтижесінде экспорттық
қорытынды шығарылады, яғни инвестициялық проектіге экономикалық, техникалық
қаржылық жане әлеуметтік баға беріледі. Бұл саты жобаны жүзеге асыру
мүмкіндіктері талданады.
2. Инвестициялық саты. Бұл проекттік ұйымды таңдап алуды,
объектінің модельдері мен сызбалаарын дайындауды, құнды толық, дәл
есептеуді қамтиды. Бұл сатыда қаржылық заңдық ұйымдастыру негіз құралады.
Құрылтай құжаттары дайындалады. Басқарудың ұйымдастыру құрылымы таңдалады,
техника технология таңдалады, маркетинг жұргізіледі.
3. Өңдірістік саты. Бұл сатыда құрал – жабдықтарды дайындау,
ауыстыру, іске қосу және инновациялық жұмыстар жұргізіледі. Сонымен бірге
құрылыс материалдары бұйымдармен конструкциялар сатып алу, жұмыскерлерді
жалдау, құрылыстық монтаждық реттеу жұмыстары сондай-ақ дайын объектілерді
пайдалануға беру жүзеге асырлады.
2. Инвестициялық проектілер масштабы бойынша кіші және мега
проектілергі бөлінеді. Кіші жоба көлемі бойынша шектелген және қарапайым
болып келеді. Мега проектілер өзара байланысты жобалардың көпшілігін
қамтитын жалпы мақсатпен біріктірілген мақсаттық бағдармалар. Мұндай
жобалар мемлекеттік, халықаралық, аймақтық деңгейде жүзеге асырылу мүмкін.
Оның ерекшеліктері:
Капитал сиымдылығы, құны өте жоғары, еңбек сиымды, жүзеге асыру ұзаққа
созылады, басқа елдердің қатысуын қажет етеді, регионның әлеуметтік
экономикалық ортасына әсер етеді. Кемшіліксіз (деффексіз) проект – оның
басты ерекшелігі, сапасы өте жоғары және құндылығы.
3. Техника экономикалық мінездеме– белгілі бір проектіге салынатын
инвестицияның тиімді мен ұтымдылығын дәлелдейтін негізгі құжат болады.
Техника-экономикалық мінездеме жобаға дейінгі сатыдан қабылдаған шешімдер,
технологиялық, табиғатты қорғау шешімдері бекітіледі. Экологиялық
санитарлық, эпидемиологиялық және пайдалану қаупсіздігі әлеуметтік салдары
бағаланады Т.Э.М. тажырыс берушімен және проектік ұйым арасындағы келісім
бойнша жасалады және құрамы анықталады. Т.Э. М. құрамы:
1. Жалпы мәлеметтер:
- техникалық Э.Н. жасау мазмұны
- инвестициялау мақсаты
- инвестициялық объектісінің жалпы сипаттамасы
- алдын ала бағалаумен зерттеулердің нәтежелері
- тапсырушы туралы инвестор туралы мүмкін болатын жабдықтаушылар туралы
мәлеметтер
2. Кәсіпорын қуаттылығы өнімдер номенклатурасы
3. Негізгі құрылыстық шешімдер
4. Кәсіпорынды ресурстармен қамтамасыз ету
5. Ірі және ауыр құралжаттықтарда тасмалдауды ұйымдастыру
6. Кәсіпорынның орналасқан орны
7. Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау
8. Қосымшалар
4. Бизнес жоспар болашақ жобаның негізгі аспектілерін сипаттады және
проект кездесетін барлық проблемаларды талдайды және оның шешу жолдарын
анықтайды. Бизнес жоспарына жобаның әлді, әлсіз жақтары бағаланады, рынок
талданады және өнімдермен қызмет тұтынушылары туралы ақпарат алады. Бизнес
жоспардың құрамы:
1) Кіріспе бөлімі

- Фирманың аты, мекенжайы

- Құрылтайшылары
- Проектінің мәнімен мақсаты
- Проектінің құны
- Қаржы қажеттілігі
- Құпиялық туралы нұсқама
2) Саладағы жағдайды талдау:
- Саланың қазіргі жағдайы және даму тенденциясы
- Проект қызметінің бағыттарымен міндеттері
3) Ұсынып отырғанын жобаның мәні:
- Өнім
- Технология
- Лицензиялар
- Потентік құқықтар
4) Рынок талдау:
- Өнімді потенциалды тұтынушылар
- Потенциалды бәсекелестер
- Рыноктың көлемі
5) Маркетинг жоспар:
- Бағалар
- Бағалық саясат
- Өткізу каналдары
- Жарнама
6) Өндірістік жоспар
- Өндірістік процесс
- Өндірістік орын
- Құрал-жаттық
7) Ұйымдастыру жоспары:
- меншік формасы
- серіктестіктер
- кәсіпорын иесі, туы мәлеметтер
- басқарушылар құрамы
- ұйымдастыру құрылымы
8) Тәуекел дәрежесі – кәсіпорын әлсіз жақтары жаңа технологиялар пайда болу
ықтималдығы
9) Қажылық жоспар: табыстар мен шығындар жоспары, баланстық жоспар, ақша
түсімдері

3. Қаржылық салымдар

1. Қаржылық салым дегеніміз – ақша қаржаттарын акция, облигация т.б.
бағалы қағаздарға салу процессі. Бағалы қағаздарға салатын тұлғалар,
эминтенттер болып саналады. Инвестор салым жасаған кезде бірнеше мақсат
кояды: салымның қауіпсіздігі, салымның табыстылығы, өсуі, өтемділігі.
Салымның қауіпсіздігі – инвестицияның инвестициялық капитал рыногында
болып тұратын сәтсіздіктерге беріктігі және табыс тұрақтылығы. Қауіпсіздық
әдетте табыстылық пен табыстылық өсу мақсаттарына қарсы жүреді.
Салымның табыстылығы – Егер инвестор табысты максималдығысы келсе ол
қауіпсіздікті құрбан етеді. Сондықтар табысты инвестициялар төмен
инвестициялық рейтингі бар корпаривті бағалы қағаздар болады.
Салымның өсуі – акция ұстаушылар үшін мүмкін. Бұл өсіп кележатқан
компаниялардың әдеттегі акциялар.
Салымның өтемділігі – акция ұстаушының акциясын ақшаға тез арада
ауысуы.
4. Бағалы қағаздар инвестірмен эмитент арасындағы қатынастарға
байланысты топтастырлады. Үлестік бағалы қағаздар – эмитентерменинвестір
арасындағы серіктестік және бірге иелік қатынастары туғызады. Инвестор
имитентірінің жарғылыық капиталында үлес алады. Ол имитентің басқару
процессіне әсер етеді. Қарыздық бағалы қағаздар – имитентпен инвестор
арасында қарым қатынас туғызады. Инвестор несие беруші, имитент несие
алушы.
Конверттелетін бағалы қағаздар – ол қарыздық бағалы қағаздарды үлестік
бағалы қағаздарға ауыстурыға мүмкіндік береді, яғни қаржылық қатынас
үлестік қатынасқа ауысады.
Туынды бағалы қағаздар - қатынастарға қатысты емес сатушымен сатып
алушының арасында бағалы қағаздар сату, сатып алу кезінде алдында
қатынастар тудырады.
Акция дегеніміз – инвестордың акционерлік қоғамдары қатысын расстайтын
бағалы қағаз жай акция акционердің қоғамды басқаруға құқын қамтамасыз
етеді, яғни дауыс беру арқылы сайланады.
Артықшылықты акция – Табысқа кепілдік береді, басқаруға, қатысуға құқық
береді.
Облигация – оның иесінің ақша қаржаттарын кәсіпорынға салғанын
расстайтын және осы бағалы қағаз номиналдық құнын өтеп беруге уәде ететін
бағалы қағаз.
Мемлекеттік бағалы қағаз – МЕОКАМ, МЕККАМ, қарыздық міндеттемелерді
қаржы министрлігі шығарады, ноталарды Ұ.Б. шығарады. ҚР – да бағалы
қағаздар рыногінің негізгі қатысушылар қор биржасы, коммерциялық банктер
және броккерлік компаниялар болып табылады. Коммерциялық банктер құрылымдық
бөлімшілер арқылы бағалы қағаздар мен операциялар жұргізіледі. Кей жағдайда
олар инвесторлар, эмитент делдал ролдерін атқарады.
Қор биржасы – бағалы қағаздың қалыпты айналысын қамтамасыз ететін ұйым.
Ол мынадай қызметтерді атқарады: уақытша бос ақша қорларын бағалы қағазды
сату арқылы шоғырландыру; Өндірісті қаржыландыру және үкімет шығындарын
қаржыландыру. ҚР қор биржасы “кейси” деп аталады. Ол 28 акционерден тұратын
Ж.А.Қ. олар:
1 Ұлттық Банк – 25 %
2 Каспийский Банк – 6,48 %
3 Науырыз Банк – 4,17 %
4 Банк ТуранАлем – 4,17 %
5 Народный Банк – 3,24 %
6 Банк ЦентрКредит – 6,02 %
І Меншік қатынастары бойынша қаржыландыру көздері меншік тартылған және
қарыздық болып бөлінеді:
1 Меншік түрі бойынша, мемлекеттік қаржы көздері, шаруашылық
субьектілер қаржы көздері, шетел инвесторларының қаржылары болып бөлінеді.
2 Меншік деңгейі бойынша, мемлекеттік деңгейінде қаржыландару көздері
меншік қаржаттарына және мемлекеттік несие банктік жүйенің тартылған
қаржаттарына бөлінеді.
ІІ Инвестициялық институттар – инвестициялық жобаларды қаржымен
айналысатын ұйымдар, холдингтік комплекстер. Олар өз капиталын басқа
комплекстің бақылау пакеттерін оларға бақылау, қаржылық несиелік қызмет
жасау үшін пайдаланатын АҚ. Бұл жағдайда Басқа фирмалардың заңды және
экономикалық тәуелсіздігі сақталуы. Әлемдік Банктің құрылымдық бөлімшелері:
1 Халық аралық қайта құру және даму банкі
2 Халықаралық даму ассоциациясы
3 Халықаралық қаржы коорпарациясы
4 Инвестициялық дауларды реттеу агенттігі
5 Халық аралық инвестициялық кепілдік агентігі.

4. Капиталдық құрылыс
Капиталдық құрылыс- жаңа объектілер тұрғызу немесе қызмет етіп отырған
объектілерді кеңейту, қайта жабдықтау арқылы өндірістік және өндірістік
емес негізгі қорларды жасаудың өндірістік процесі. Негізгі қорларды
кеңейтілген ұдайы өндірісінің негізгі формасы-капиталдық құрылыс болып
табылады. Капиталдық құрылыстың арқасында рухани және табиғи тозған негізгі
қорлардың жаңаруы жүзеге асады. Капиталдық құрылыс негізгі қорлы жасаудың
объектіні жоспарлаудан бастап, оны іске қосуға дейінгі барлық сатыларды
қамтиды. Объектінің құрылыстық өндіріс циклінің ұзақтығы - құрылыс алаңын
жоспарлаудан бастап, іске қосқанға дейінгі кезең. Объектінің капиталдық
құрылысының жалпы циклы оны жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі
аралық. Негізгі қорларды құру мен жаңартуға және айналым қорларын өсіруге
байланысты барлық салымдар капиталдық салымдар деп аталады.
Капиталдық салымдар келесі элементтерден тұрады:
• құрылыс-монтаждық жұмыстарға байланысты шығындар
• әртүрлі машиналарды сатып алуға байланысты шығындар
• жобалау жұмыстарына және жоба басқарушыларына, және техникалық бақылау
қызметтеріне т.б. шығындар Капиталдық салымдарды салалар бойынша бөлу
салалық құрылымды білдіреді. Капиталдық салымдардың ұдайы өндірістік
құрылымы- оларды негізгі қорларды ұдайы өндірудің негізгі формалары
бойынша бөлу; жаңа құрылыс, реконструкция, кеңейту, техникалық қайта
жабдықтау, жетілдіру.
Реконструкция - қызмет етіп отырған өндірісті техникалық және ұйымдық
жетілдіру, негізгі өндірістік қорларды жетілдіру негізінде ғылыми
талаптарға сай қайта құру. Реконструкция және кеңейту жаңа құрылысқа
қарағанда тез және азырақ шығындармен өндірістік қуаттарды өсіруге
мүмкіндік туғызады.
Техникалық қайта жабдықтау- өндірістік кейбір бөліктерінде жаңа техника
және технолонгия енгізу, құрал-жабдықтарды жоғары тиімділеріне ауыстыру
және өндірістік процесстерді автоматтау арқылы техникалық деңгейді
жоғарлату.
Шет ел капиталын импорттайтын елдер инвестицианың белгілі бір
себепппен қажет етеді:
1 Елдік экономикалық дамуын қаржыландыру үшін қаражат жетпеушілігі,
халықтың жұмыс бастылық деңгейін көтеру қажеттілігі.
2 Елдер шет ел капиталын аймақтық шаруашылық құрылымдарын жетіндіру
үшін жаңа техникамен технология алу үшін бәсеке қаблеттілігін көтеру үшін
тартады. ҚР инвестициялық климаты келесі факторлармен сипатталады:
Саяси фактор - үшін мемлекет саясат, қалық аралық келісімдер заңдық
және атқару құрылымдарын тұрақтылығы және мемлекеттің экономикаға кірісу
деңгейі роль атқарады қаржылық экономикалық фактор. Жалпы жағдайы валюталық
қаржылық және несие жүйелерінің жағдайы кедендік төлемдер және жұмыс күшін
пайдалану жатады.
Әлеуметтік фактор - Әлеуметтік дауардың болуы елдегі қылмыстық жағдай
қалықтың өмір сүру денгейі жатады.
Инвестициялық климаттың факторлары жағымды және жағымсыз болып
бөлінеді.
ЖАҒЫМДЫ ФАКТОРЛАР:
- Табиғи ресурстарға оңай қол жеткізу
- Елдің тиімді геостратегиялық орналасуы
- Қазақстан экономикасының трансформациялау бойынша ТМД елдері үшін де
жетекші роль атқарады
- Рыноктың жоғары мүмкіндері
- Елдің сыртқы саясат
ЖАҒЫМСЫЗ ФАКТОРЛАР:
- Инвестиция тарту механизм
- Инвестициялау тәуекелдігі
Инвестцияны тарту механизімінің жағдайында жер салғынан босату, мүлік
және табыс салығынан босату, шикі заттарды материалдарды импорт баждарынан
босату. Олар одан әрі салықтық және заңды тұрақтылықты қалар еді.

5. ҚР инвестициялық саясат

1. Инвестициялық саясаттың міндеттері мен бағыттары.
2. Инвестициялық саясатты жүзеге асыратын институттар.
3. Инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмдері.
Мемлекеттік инвестициялық саясат принциптері:
1. Инвестициялық приоритетті таңдау;
2. Экономикалық мақсатқа сәйкестік және қауіпсіздік;
3. Инвестицияларды қаржыландыру көздерінің көптілігі, жеке капитал ролінің
өсуі;
4. Бюджеттік қаржының қайтарымдылығының жоғары болуы, яғни инвестицияларды
қайтарымсыз бюджеттік қаржыландырудан несиелеу мен қарыз беруге өту;
5. Әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен қайтарымдылық;
6. Меншіктің түрлі формаларының дамуы негізінде инвестициялық саланы
орталықсыздандыру;
7. Инвестициялық белсенділікке экономикалық және ұйымдастырушылық ықпал
етуді қолдану;
Инвестициялық саясат міндеттері:
1. Қаржы–несие саласын түрлендіру, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асыру
және төлемсіздік дағдарысын шешу;
2. Жекешелендіруді аяқтау және бәсекелестік экономикалық ортаны құру;
3. Құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру тиімді ұлттық экономиканы құру;
4. Жоғары технологияларды енгізу негізінде өндірісті жетілдіру;
5. Рынок инфрақұрылымының дамуы, институционалдық түрлену;
6. Инвестициялық климатты жақсарту және қор рыногын дамыту мақсатында заң
шығаруды жетілдіру;
7. Салық жүйесін, несиелерді, кеден баж салықтарын пайдалана отырып,
инвестициялық белсенділікті экономикалық реттеудің жаңа, рыноктық
әдістерін енгізу;
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың стратегиялық мақсаты болып
экономикалық өсудің нақты, тұрақты және үдемелі темпін, прогрессивті
құрылымдық жылжуды, өндірістің модернизациясын қамтамасыз ете алатын,
әлеуметтік мәселелерді және елдің экономикалық қауіпсіздігі мәселесін шеше
алатын инвестициялық ресурстарды құру мен тиімді пайдалану үшін ұйымдастыру-
экономикалық және нормативті-құқықтық жағдай туғызу табылады.
Инвестициялық саясат мынадан тұрады:
1. Салықтар және салықтық льготалар;
2. Несие саясаты;
3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың инвестициялық қызметін реттеу формалары мен
құралдарын таңдаудағы банктың функцияларын кеңейту;
4. Амортизациялық саясат;
5. Монополияға қарсы шаралар;
6. Инвестициялармен танысу;
7. Орталықтандырылған инвестициялау;
8. Жер мен жер қойнауы ресурстарын пайдалану шарттары;
9. Құнды қағаздар шығару және оның айналымы.
Инвестициялық белсенділікті ынталандыру механизмі салықтық,
бюджеттік және қаржылық-несиелік реттеу құралдарының жиынтығына ие болуы
керек, экономиканы инвестициялау үшін қажетті қаржыны көбейтуге ықпал етуі
керек, т.б.
Бюджеттік саясат – орталықтандырылған қаржы салымдарын бөлудің
негізгі критерийі – инвестициялық жобалар тиімділігінің құрылымдық саясат
приоритеттерімен бірге есепке алу болуы керек.
Салық саясаты – салық және кедендік баж салығы бойынша ынталандыру
мен льготалар беру.
Қаржы-несие саясаты – бүгінгі күні мемлекеттің экономикалық саясатын
жүзеге асыруда негізгі орынға ие болып отырған ҚР Ұлттық Банкінің қаржылық
маневрлер жасауы әдістерін өзіне қосады. Қарыз процентінің мөлшері мен
міндетті банк ... нормаларын реттеу инфляция деңгейіне, баға динамикасына,
ұлттық валюта курсына, капитал мен өнімнің импорты мен экспортына әсер
етеді. Қарыз процентін реттеу мен льготалы кредит беру жолымен рыноктық
жағдайда инвестициялардың приоритетті салаларға құйылуы жүзеге асырылады,
яғни экономиканың реструктуризациясы қамтамасыз етіледі.

6. ҚР шетел инвестициялары

1. Шетел инвестициялары көлемі мен құрылымы.
2. Тікелей шетел инвестицияларының елдік құрылымы.
3. ТШИ салалық және аймақтық құрылымы.
1. Әлемнің көптеген елдер тәжірибесі шетел инвестицияларын тартудың
ұтымды шешу екенін көрсетеді. Жағымды инвестициялық климат құру
мәселесі Қазақстанда ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Экономика салаларының көп бөлігі инвестициялық ресурстарды тек
экономикалық жандану және дағдарыстан шығу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялары
Инвестициялық құқықтың түсінігі, пәні, қағидалары, жүйесі
Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасындағы инвестициялар
Инвестициялар туралы ақпарат
Инвестициялар туралы түсінік, олардың жіктелуі
Инвестицияның мәні, түрлері және оларды тартудың нысандары мен бағыттары
Инвестиция мәні және оның экономикалық мазмұны
Инвестициялардың экономикалық мәні
Инвестицияның теориялық даму ерекшеліктері
Шетелдік инвестицияларға қатысты инвестициялық саясат
Пәндер