XVIII – XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның мәдениеті



Қазақтардың XVIII-XIX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.
Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шарушылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына күрдені еңбек құралдары керек болған жоқ.Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды;құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б. дайындалды. Барлық осы айтылған қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тіс ағаш, мала, егін оратын орақ, ағаштан жасалған аша, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатады. Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын әртүрлі аспаптар – атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды, оларды жергілікті ұсталар өздері істеді.
Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-біріне ұқсас болды. Қазақтың ат – тұрман әбзелінің ішіндегі

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
XVIII – XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның мәдениеті

1.Қазақтардың XVIII – XIX ғасырлардағы материалдық мәдениеті

Қазақтардың XVIII-XIX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі
қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысына
көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал
шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші
халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.
Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шарушылығымен,
егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары
болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына күрдені еңбек құралдары керек
болған жоқ.Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе
жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды;құлындар мен боталарды
байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа
және т.б. дайындалды. Барлық осы айтылған қарапайым еңбек құралдарын, ер-
тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды.
XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға
арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде
шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі
ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік
құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тіс ағаш, мала, егін оратын
орақ, ағаштан жасалған аша, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына
жатады. Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын әртүрлі аспаптар – атпа,
шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды, оларды жергілікті
ұсталар өздері істеді.
Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына
және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл
аумағында бір-біріне ұқсас болды. Қазақтың ат – тұрман әбзелінің ішіндегі
ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады.
Олардың үлгілері тиісті өзіндік атаумен аталып келді. Ердің ең көп
таралған түрі, қайыңнан шауып жасалған алдынғы қанаты кең қазақ ері болып
табылады. Мұндай ерлер құрамдас бес бөліктен – алдынғы қас пен артқы
қастан, екі жақтағы қапталдан және орта ағаштан тұрды. Ердің ағаш сүйегі
мұқият өңделді, ал халықтың ауқатты топтарына арналған күміс кейде алтынмен
қаптап түрлі – түсті бағалы тастан көз салған түрлері болды. Әсіресе
әйелдерге арналған ерлер сәнді безендірілді.
Ең көп таралған кару түрі үш метрлік сойлы, одан соң шоқпар
болды. Неғұрлым дәулетті қазақтардың жауынгерлік айбалтасы, жебелері мен
қорамсағы бар садағы болған. Қол бастаған ықпалды билік иелері мен батырлар
сауыт киіп, қалқан, қылыш, наркескен, селебе, сапы және темір ұшты найза
мен сүңгі ұстаған. Қазақ шонжарлары арасында қолдан жасалған білтелі мылтық
өте сирек кездесетін еді. XIX ғасырдың орта шеніне дейін аң аулау кезінде
садақ қолданылды, бірақ XIX ғасырдың 2 жартысында жебелі садақ қазақтардың
тұрмысынан шығып қалған. Оның есесіне бұл кезде Ресейден және Орталық
Азиядан сатып алынатын әртүрлі мылтықтар біршама көбейе түседі.
Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан
түрлі үй қолөнерінің: тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері,
сүйек және мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды.Тоқымашылықпен және киіз
басумен көбінесе әйелдер айналысты, олар негізінен алғанда үйге керек
жарақтардың тоқымашылықпен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар,
шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар, бау – шулар, текеметтер,
түс киіздер, сырмақтар, аяққаптар және т.б. дайындады.
Көшпелі қазақтардың негізгі тұрғын үйлері көші – қонға ыңғайлы киіз
болатын. Бұл – Еуразия көшпелілерінің ертеден келе жатқан тұрғын үйлерінің
бірі. Көшпелі тұрмыс жағдайларында киіз үйлер тұрғын үйдің өте қолайлы түрі
болды. Оның жығып, тігуі әрі жеңіл, әрі тез, көлікке теңдеп артып жүруге
қолайлы, жазда салқын, ал қыста жылы болатын. Қазақтың киіз үйлерінің
үлгілері негізінен алғанда олардың үлкендігімен, яғни тігілген киіз үйде
қанат ден аталатын кереге санымен анықталатын. Қанаттар саны 4 қанаттан 12
қанатқа дейін және одан да көп болды. Сыртқы түрі бойынша қазақтың киіз
үйлері күмбез тәрізді және шошақ болып келеді. Алғащқы түрі – батыс,
солтүстік, орталық және шығыс, ал екінші түрі Қазақстанның оңтүстік және
оңтүстік – шығыс аймақтарында таралды. Қазақ үйлерінің мұндай түрлері
шаңырақтарының көлеміне және шаңырақтарды көтерін тұратын уықтар иінінің
иілу мөлшеріне байланысты болды. Киіз үйдің сүйегі кереге мен уықтан,
шаңырақтан және сықырлауық деп аталатын жарма есіктен тұратын. Киіз үй
сүйегін айналдыра уық қарына дейін 3-4 туырлық, шаңырақпен кереге басының
арасын 2-3 үзік, сықырлауықты киіз есік жауып тұратын болған. Киізден
басылатын бұл әбзелдер киіз үй жабуы деп аталған. Киіз үйдің киіз
жабулары көбінесе ақ қойдың жүнінен басылған ақ киізден пішілген.
Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы, үй –
жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы тұрғын үйлердегі керек
- жарақтардың едәуір өзгерісіне әкеп соқты. Дәстүрлі ағаш жәшіктер –
кебежелердің, көрпе-төсек жинауға арналған жүк аяқтардың және ескіден келе
жатқан төс – ағаштардың орнының, қазақтардың тұрмысында әйнекткнген ыдыс
қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш керуеттер, іші құлыпталынатын, көлемі
әр түрлі сандықтар пайда болды. Қазақтардың ұлттық киімінде өздеріне тән
этнографиялық белгілер сақталып қалды. Киім – кешек үшін малдың жүні мен
терісі негізгі материалдар болды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата,жібек
және басқа маталардан тігілді.Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер
енді. Еркектер бітеу пішілген кеудесінде тік өңір-қақпағы бар, жалпақ
қайырма жағалы, етегі бір шама ұзын көйлек киетін болды. Еркектердің
дамбалы ақ шөжім матадан ышқыры тұтас етіп тігілді. Түйе жүн тоқымадан
тігілген шалбарлары пішімі жағынан іш киімдері, бірақ әлдеқайда қолпылдаған
кең болатын. Сонымен б3рге жаздыгүні олар ешкі терісінен иленген күдері
шалбар киіп жүрді; шалбардың балаұтарына төменгі жағынан тілік тасталып, ол
кестемен сәнделетін. Еркектердің сыртқы киімінің ең таралған түрі шапан
болды, ол көп жағдайларда фабрикалық маталардан тігілетін. Ал ауқатты
қазақтар түрлі-түсті бұхара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп
тігілген шапн киетін. Шапандар жазғы және қысқы болып бөлінеді.
Қазақтар әдемі мәуіті шапан мен мәуіті шекпен де дайындады. Олардың
қос шабуынан өрнек салынды, шабудың төменгі жағынан тілік қалдырылып, жұқа
түйе жүні тоқымасынан тігілді.
Әйелдердің көйлегі иығына тігіс түспейтін етіп пішіліп, жалпақ қайырма
жағалы, жеңдері ұзын етіп тігілген. Кеуде тұсындағы өңір қақпағына кесте
төгілген. Қыздардың немесе жас келіншектердің көйлектері пішіні жөнінен
де, матасы жаңынан да жасы үлкен әйелдердің көйлектерінен өзгеше болңан. Ол
етегі бүрмеленіп, түймеленетін қатырма жағалы етіп тігілді. Қай жастағы
әйел болса да көйліктің сыртынан фабрикалық матадан тігілген қазекей киді.
Әйелдер жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың бас киімдері
де ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен
барқыттан тігілген, төбесі жайпақ, дөңгелек тебетей киіп жүрген, ол
зеркестемен әсем нақышталатын еді. Бай, нақышты үкілі тебетей- қасаба деп
аталды. Қасабаның шет шетінде моншақтан немесе бағалы металдан шекелік
тағылды. Қыздардың қысқы бөріктері, кәмшаттың, құндыздың, сусардың және
елтірінің терісінен биік етіп әдіптелетін. Әйелдер бас киімінде қалыңдықтың
тойдағы бас киімі – сәукеле ең қымбатты болып саналады, ол бағалы
металдармен, асыл тастармен, аң терілерімен барынша сәнделген.
Мал шарушылығына негізделген қазақтардың тұрмысы олардың ішетін тамақтары
мен ыдыс – аяқтарынан өте айқын көрінді. Негізгі тамақтары ет-сүт өнімдері
болды. Пісірілген сүттен күнделікті ішу үшін қатық, айран ашытылды. Айран
мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды, ол іркіт деп аталды. Іркітті
әбден қоюланғанға дейін үлкен қазанда қайнатты. Бұл қою іркіт дорбаға
құйылып сүзілді. Одан сүзбе алынып, сүзбеден қысқа арнап құрт, сықпа,
ежегей кептірілді.
Қазақтар ыдыс пен керек-жарақтарды көбінесе сынбайтын материалдардан:
ағаштан, теріден, жүннен, киізден және шұғадан жасаған. Көшкен кездерінде
ыдыс-аяқты сыртқы беті түрлі-түсті құрақтармен өрнектелген арнаулы киіз
қаптарда сақтаған. Сусымалы өнәмдер үшін тоқыма қаптар дайындаған. Сүр
етпен сарымайды ағаштан жасалған кебежелерде сақтаған. Қымызды сақтау және
тасу үшін бие терісінен түрі мен көлемі жағынан әр түрлі ыдыс жасап, оны
ыстап отырған.

XIX ғасырдың I жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

Халықтың сауаттылығы. XIX ғ. ортасына дейін қазақ балаларын оқыту –
құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде
жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбінесе оқыту жоспарлары мен
методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде
негізінен ер балалар оқыды. Мұның өзі әйелдер сауатсыздығының жоғары
дәрежеде қалуы себептерінің бірі болды. Мысалы, 1884 ж. Верный, Қапал және
Сергиполь уездерінің мұсылман мектептерінде 47,5 мың ер бала және бар
болғаны 17,3 мың қыз балалар оқыды. 1895 ж. Киргизская степная газета
мұсылман мектептеріндегі сабақтың өтуін суреттеп, былай деп жазды: Балалар
оқитын киіз үйден жан дәрменмен айқайлаған ащы дауыстар естілді. Әр оқушы
өзінің сабағын айқайлап оқиды... Осылайша оқыту төрт жылдай уақытқа
созылады. Осы мерзім біткеннен кейін оқушылар білім алудың толық курсынан
өтіп, оны еш нәрсе де білмеген, бұрынғы надандық қалпында қалған күйінде
тамамдайды.
Қазақстан халқының барып тұрған сауатсыздығы 1897 жылы халық санағын
жүргізу барысында, ол ең алдымен сұралғандардың орысша оқи білетіндігін
ғана жазып белгілегенімен, айқын аңғарылады. Ана тіліндегі сауатттылық
сұраққа жауап қайтарушы орысша оқи білмейтінін айтқан жағдайда ғана
белгіленді. Алайда санақ материалдары жекелеген халықтардың сауатттылық
дәрежесін қамтып көрсете алмады. 1897 жылы санақ материалдары бойынша өлке
халқының 8,1%-і ғана сауаты барларға жатқызылды, еркектердің сауаттылары
олардың 12%-ін, әйелдердің сауаттылары – 3,6%-ін құрады. Әліппелік
сауаттылықтың біршама жоғары дәрежесі қоныс аударушылардың негізгі бөлігі
тұратын солтүстік шығыс губберниялрынан байқалды.

Білім беру ісі.

XIX ғасырдың басында Қазақстан жерінде оқытылған діни пәндер:

~ Шариғат,яғни ислам дінінің ережелері.

~ Әптиек, яғни Құран кәрімнің бөлігі.
~ Араб тілі, араб философиясы.
~ Діни қағидалар. Т.б.
Мұсылмандық білімді ауыл молдасынан, Самарқан, Бұқара, Ташкент,
Түркістан сияқты қалаларда алды.

Білім беру ісіне Ресейдің ықпалы.

Қазақстанның XVIII ғасырдың 30 жылдарынан XIX ғасырдың 80 жылдарына деінгі
Ресейге қосылу кезеңі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер енгізді.
1789 жылы Азиялық училище ашылды. Бұл оқу орнында Орта Азиямен,
Қытаймен сауда байланысының дамуына қатысқан қытай,монғол, парсы тілдерін
меңгерген тілмаштар дайындалды. 1813 жылы патша үкіметіне қызмет ететін
шенеуніктерді даярлау мақсатында Орынбор училищесі ашылды.
1831 жылы Омбы, Семей қалаларында орысша білім беретін училещелер
ашылды.
1836 жылы Өскеменде қазақ балаларына арналған интернат – училище ашылды.
1837 жылы Сібір Кадет корпусы ашылды.
1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ балаларына
арналған орысша және татарша білім беретін мектеп ашылды.
1844 жылы Орынбор училищесі негізінде Оынбор Неплюев кадет корпусы ашылды.
1850 жылы Орынборда қазақ балаларына орыс тілінде білім беретін мектеп
ашылды.

Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттеуі.

В.И.Даль – 1833-1841 жылдар аралығында Орынбор әскери
губернаторлығында қызмет атқарған белгілі орыс ғалымы.Осы уақытта ол қазақ
халқының тұрмысы мен тіршілігі,әдебиеті туралы көп мәлімет жинаған.
В.И.Даль Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісін қолдаған. 1839
жылғы Хиуа жорығына қатысқан Орынбор қазақтары жайында Бөкей мен Мәулен
повесін жазған.
А. С. Пушкин 1833 жылы Орынбор қаласына келген. Негізгі мақсаты Е.
Пугачев бастаған көтеріліс туралы мәлімет жинау болды. Ол Пугачев
бүлігінің тарихы еңбегінде көтеріліске қатысқан және мал шаруашылығымен
айналысқан қазақтар туралы бірқатар мәліметтер келтіреді. А. С. Пушкин
Оралда Қозы Көрпеш - Баян Сұлу поэмасын қағазға түсірген. Қазақ халқының
тарихын зерттеуде И. Завалишин, Э. Мейер, А. Левшин сияқты орыс ғалымдары
көп еңбек сіңіреді. 1848-1849 жылдары Г. С. Карелин Қазақстанды зерттеу
мақсатында Каспий теңізіне экспедиция жасады. Осы жылы, яғни 1848-1849
жылдары А. Бутаков бастаған Арал теңізіне жасалған экспедиция Сырдария
өзені мен Арал теңізінің тереңдігін анықтап, картаға түсірді. Қазақ жерінің
минералдық ресурстарын зерттеп, картаға түсіру ісінде Н. А. Севеврцев, П.
И. Небольсин, Е. П. Ковалевский сияқты саяхатшылар елеулі еңбек етті.

XIX ғасырдың 1жартысындағы қазақ әдебиеті.

Ақындар мен компазиторлар.
Осы уақыттағы әдебиет саласының екі идеялық бағыты:
1. Шаруалар мүддесін қорғаған ақындар.
2. Үстем тап (феодал, бай) өкілдерін мадақтаған ақындар.

XVIII ғасырдаң аяғынан бастап қазақ әдебиетіндегі әншілік-жыршылық дәстүр
бірітіндеп ығыстырылып шығарылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық
ала бастады. Егер бұрын әнші-жыршылардың поэзиясында ежелден қалыптасқан
тәсіл-ел тағдырын жырлап, туған халқының тәуелсіздгі мен бақыты үшін
күрескен батырлардың ерлік істерін асқан зор ұлтжандылық сарында дәріптеу
басым болса, кейінгі поэтикалық шығармашылықта күнделікті өмірдің әртүрлі
салаларына, адам жанының ішкі дүниесіне, адамдардың істері мен мінез-
құлқына, олардың қоғамдағы қызметі мен рөліне едәуір тереңдеп ену байқалды.

Бұл қазақ әдебиеті дамуында жаңа дәуірдің басталғанын білдірді.
Кейіпкерлердің жеке басын, олардың мінез-құлқан,сезімін, ішкі жан-
дүниесінің жай-күйін суреттеуге бетбұрыс нақ осы кезеңнен басталады.Сол
арқылы ақындар өмірдің нақты шындығына үңіліп, тануға, өздерінің жеке
көзқарастарын еркін білдіруге мүмкіндік алды.Осыған байланысты поэзияның
тақырыбы едәуір кеңейді, ақындардың жеке шығармашылығы дамып, олардың
әрқайсысы өмір жайлы толғанысында көркемдік шеберлікке жетудің дара жолын
іздеуге тырысты және бұл жол оларды халықтың дәстүрлі ауызша
шығармашылығынан біртіндеп алыстатып, жаңа кәсіби поэзия дүниесіне әкелді.
Біздің XIX ғасырдағы әдебиетімізде Көтеш, Шал ақын сияқты бірқатар
қазақ ақындарының есімдері кеңінен мәлім, олардың өмірі мен шығармашылығы
жеке поэтикалық шығармашылықтың пайда болу кезеңімен тұстас келеді.
Кедей ортадан шыққан Көтеш ақын (1745-1818) бүкіл өмір бойы жоқшылық
көріп өтті.Ол қазіргі Павлодар облысында туған.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің
жазбаларна қарағанда, Көтеш жас кезінде-ақ өзінің Абылай ханға айтқан:
Абылай, Ботқанды сен өлтірдің деп басталатын өлеңімен мәлім болған.Мұнда
ол өз руласының өлімі үшін қаймықпай құн сұраған.Абылай өз кінәсін
мойындап, ақын қойған талапқа шын мәнінде келісіп,оған құн төлеп, есеп
айырысқан деседі. Көтештің осындай жекелеген тұлғаларға арнап,суырыпсалып
айтқан қысқа өлеңдерінен оның батылдығы ме әшкерелеушілік көңіл күй
аңғарылады.Халық есінде Көтештің өте тапқырлықпен және өткір айтылған
әжуасын кек тұтқан сараң байдың қолынан қаза тапқандығы туралы әңгіме
сақталған.Әдетте оның суырылып шығарған өлеңдерінде шыншылдық,тапқырлық
және өткірлік тән.
Халыққа Шал ақын атымен белгілі ақын Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819)
Көкшетау өңірінде туып, ес білгеннен кейінгі өмірі Солтүстік Қазақстан
облысының Шалақын (бұрынғы Сергеев) ауданының аумағында өтеді.Оның әкесі
Құлеке-Абылай ханның әйгілі батырларарының бірі,анасы атақты Төле бидің
туған қызы. Шал ақынның суырыпсалма өлеңдері Көтешпен салыстырғанда,
поэзияның бұл жанрын байытқанын көрсетеді. Ол жекелеген адамдарға арналған
өлеңдерді суырыпсалып айтумен шектелмеген, сонымен қатар көркемдік деңгейі
жоғары туындылар шығарып, оларда өмір, қайшылықтары мол қоғамдық тұрмыс
проблемаларын көтерген, әлеуметтік теңсіздіктің түп-тамырын әшкерлеген.
Осылай ол уақыт алға қойған көкейтесті сұрақтарға жауап іздеген. Шал ақын
халық өмірін, қазақ руларының тарихын жақсы білген. Шоқан Уәлиханов былай
деп жазды: Арғын руының атығай тармағының құдайберді атасының бәйімбет
әулетәнен шыққан Шал жырау менің бабам Абылаймен замандас болыпты. Қазақтың
шығу тегі турлы тамаша жыр-дастанды сол Шал жырау жырлайды екен.
... Елдің айтуынша Шал жырау жыр-дастанында қазақтың шығу тегіне қатысты
тарихи аңыз-әңгімелер түгелдей қамтылады деседі.Ертеде өткен Алаштан
бастап, барлық ру, рубасы-билер мен батырлар, олар өрбіген аталар мен
әулеттер, хандар шежіресі Шал жырында түгеклдей қамтылытын көрінеді.
Алайда өкінішке қарай, Шал ақынның бұл еңбегі сақталмаған.Шал ақынның
бізге жеткен өлеңдерінің көпшілігі нақты жекелеген оқиғаларға байланысты
дүниеге келген. Бұл өлеңдерінің ақынның теңдесі жоқ тапқырлығы мен нысанаға
дөп тигізетін айтқыштығы көрінеді. Шал ақын өлең арнаған адамдар қатарында
қолында билігі бар адамдар да, бай, шешендер де, сондай-ақ халық
бұқарасының қарапайым өкілдері де аз емес. Осы өлеңдерінің бәрінен ақынның
батылдығы мен адалдығы айқын аңғарылады. Ол өз ойын еркін жеткізеді,
қолында билігі барлар мен байларға жағымпазданып, жарамсақтанбайды. Ұшқыр
тілді жыршы Шал ақын қазақ халқының лайықты құрметіне бөленген. Мұның бәрі
– ақынның жеке поэтикалық шығармашылығындағы жазба әдебиетке тән белгілер.

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846)

1804 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Орал ауданында дүниеге келген.
Махамбет 1824-1829 жылдар аралығында Орынборда болады. Оны бұл қалаға Ішкі
Орда ханы Жәңгір жібереді. 1829 жылы шаруалар көтерілісіне қатысқаны үшін
Махамбет Калмыков түрмесіне қамалады. Махамбет Исатаймен бірге 1836-1838
жылғы шаруалар көтерілісіне басшылық жасайды. Махамбет өлеңдерінің көбі
1836-1838 жылғы Ішкі Ордадағы көтеріліс тақырыбына арналған. Өз өлеңдерінде
ол көтерілісті жан-жақты сипаттап, Жәңгір ханды, басқа Ішкі Орданың
билеушілерін де қатты сынайды. Ақынның өлеңдерінде көтеріліске қатысушы
күрескерлердің тамаша бейнелері (Ереуіл атқа ер салмай...), кескілескен
шайқастардың шынай көрінісі (Соғыс), Исатайдың өз басының қайтпас қайсар
ерлігі (Алайма,сұлтан,алайма, Баймағамбет сұлтанға айтқаны ,
Тарланым, Тайманның ұлы мұнар,мұнар күн, Жәңгірге айтқаны, Қызғыш
құс өлеңдерінде күші басым әскерлерге қарсы шайқастардың бірінде ерлікпен
қаза тапқан Исатайды жоқтау сарыны басым. Жинақтап алғанда, Махамбет
Өтемісовтің өлеңдері бүкіл халық-азаттық күресі тарихын көркем-поэтикалық
бейнелеуден және ой елегінен өткізуден тұрады.Махамбет-көтерілістің жалынды
жыршысы ғана емес, сонымен қатар Исатайдың адал серігі, даңқты батыр. Ол
көтерілісті ұйымдастыруға белсене қатысып, көтерілісшілерге өзінің
жауынгерлік ұран іспеттес жалынды да қанатты өлеңдермен, содай-ақ нақты
істерімен жігер беріп отырды. Махамбет 1846 жылы жау қолынан өледі.
Осы кездегі көтеріліске шын тілектес болған ақындар арасында Шернияз
Жарылғасұлы көрнекті орын алды.Ол 1807 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы
жерінде дүниеге келген.Белгілі ақын, шешен, ауыз әдебиетінің ірі өкілі.
Шернияз ақын ол да көтеріліс жетекшісі Исатайды шабытпен жырлаған.Оның
Баймағамбет сұлтанға арналған өлеңі кеңінен мәлім.Онда Шернияз ақынды өзін
көтеріліске тілектес болып, Исатайды мақтап өлең шығарғаны үшін қатаң
қудалауға ұшыратқан Баймағамбет сұлттаның арамзалық әрекеттері аяусыз
сыналады.Ұлт-азаттық көтерілісін,көтеріліс басшыларын шабыттана жырлап,
оның қарсыластарын аяусыз өткір сынға алған Шернияз өлеңдері батылдығы мен
көркемдігі, поэтикалық әсерлілігімен халық арасында кең таралды.
Осындай туындылар арасында мазмұны мен көлемі жағынан ең
елеулісі Нысанбай Жаманқұлұлының (1812-1871) Наурызбай-Қаншайым дастаны
болып табылады.Автор қозғалысқа қатысып, Кенесарымен бірге көптеген
жорықтардың куәсі болғандықтан, Кенесары мен Наурызбай басқарған барлық
соғыс жорықтардын жақсы біледі және олардың ерлігін, қолбасшылық
дарындылығын жырлағанда жау қолынан қаза тапқанға дейінгі бастан кешкен
барлық қиындықтарын толық қамтиды.Ақын Кенесары мен Наурызбайдың соңғы
жеңілісін қайғылы сарында баяндайды.
Шөже Қаржабайұлы (1808-1895) Көкшетау жерінде 1808 жылы дүниеге
келген.Суырыпсалма ақын болған Шөже екі көзінен ерте айырылған. Қозы
Көрпеш-Баян сұлу поэмасын таратушылардың бар.Оның суырыпсалма өнерін
Ш.Уәлиханов өз еңбектерінде атаған.
Сүйінбай Аронұлы (1822-1895). 1822 жылы Алматы облысы Жамбыл
ауданы жерінде дүниеге келген. Ол жас кезінен суырыпсалма ақындық өнерді
меңгерген.Сүйінбай өз өлеңдерінде қазақ шаруаларының мүддесін ашып
көрсетеді.
Жанақ Сағындықұлы (1770-1846), Шөже Қаржаубайұлы, Сүйінбай Аронұлы сияқты
көрнекті ақындар шығармашылығының маңызы зор.Өз кезінде олардың үшеуі де
айтыс өнерінің ерен шеберлерідеп танылған.Олардың поэзиясына халық
өміріндегі әлеуметтік-тұрмыстық проблемалар, патша үкіметінің отаршылдық
езгісі кезіндегі ауыр жағдай арқау болған. Олар билік басындыларға
ойындағысын ашып айтып, олардың зорлықшыл әрекеттерін, әділетсіздігін,
қаталдығын, өзімшілдігін батыл шенеп, бет-пердесін ашып, әшкерелеп
айтты.Жанақтың Рүстем төреге айтқаны, Шөженің Балта ақынмен айтысы,
Сүйінбайдың Тезек төреге арнауы сол кездегі нағыз реалистік сыншыл
поэзияның классикалық үлгілері болып табылады.Осы кездегі М.Әуезов атаған
Зар заман поэзиясының өкілдері Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы,
Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері Шоқанұлы және басқалар болып табылады.
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) қазіргі Шығыс Қазақстан облысының
Аягөз ауданы аумағында туған.Ол патша самодержавиесі жаулап алғаннан кейін
ел басқару, Қазақстанда отаршылдық езгінің мемлекеттік аппаратын құру
жүйесінде жүргізілген ірі өзгерістердің (1822 және1868 жылғы) куәсі
болды.Осы өзгерістердің нәтижесінде хан билігі жойылып, әуелі аға
сұлтанның, ал сонан соң болыс басқарушылардың билігі орнады. Осының бәрі
ақынның көз алдында өтті. Сондықтан ол осы жылдар ішінде халық өміріндегі,
сонымен қатар ел билеген адамдардың психологиясындағы болған өзгерістерді
терең танып білді. Дулат өлеңдерінде өздерінің ежелгі жайылымдары мен
жерлерінен айырылып, қайыршылық халге ұшыраған адамдардың ауыр жағдайын
шынайы суреттеп, жаңа үкімет өкілдерінің адамшылыққа жат, теріс қылықтарын
ашу-ызамен батыл әшкерлейді. Бейшара менің қызым, О,Сарыарқа,
Сарыарқа!, Ақжайлау мен Сандықтас және басқа өлеңдерінен ақынның
халықтың ауыр жағдайы мен елдегі күйзеліске қатты күйініші көрінсе,
Кеңесбайға, Бараққа атты өлеңдерінде өз халқының мүдделеріне қарсы
шығып, сатқындық жасаған жаңа үкімет өкілдерінің жағымсыз қылықтары
бейнеленеді. Сыртқы күштерге тәуелді шарасыз жағдайға душар болу себептерін
Дулат жаңа үкіметтің Абылайдың сыртқы саясатына опасыздық жасауынан көреді.
Ақын бұрынғы хан билігіне қайтып оралу туралы армандайды.Сол кезде халық
мүддесі және ел тәуелсіздігі жолында құлшына күрескен Еспембет биді
дәрәптейді.
Шортанбай Қанайұлы (1819-1881) - патша өкіметінің отаршылдық
саясатының алғашқы кезеңінде қазақ қоғамында болған әлеуметтік
өзгерістердің мәнін мейлінше нақтылы және терең ашып көрсеткен ақын. Оның
өлеңдерінде қазақ даласында сауда капитализмнің тууы, байлар мен
саудагерлердің көп байлық пен ақшаға ие болу жолындағы күресі, қоғамның аз
уақытта байлар мен кедейлерге жіктелуі, билік үшін күрес, сайлау науқандары
кезіндегі көптеген арамзалық әрекеттер мен дау-дамайлар көркем тілмен
мейлінше айқын да әсерлі суреттеледі. Жаңа байлар-көпестер мен шенеуніктер
тарапынан халықтың аяусыз қаналуын ол шыншылдықпен және ашу-ызамен жырлады.
Алдаушы жалған датанында ол былай деп жырлайды:

Пітіне толды осылай,
Момын жатқан еліме;
Кәр түскеней бұзылды
Дария шалқар көліме.
Осы күнде заманың
Осылайша болып тұр!

Ақын күрестен бас тартып, отаршылдармен ауыз жаласқандарға жиіркенішке,
ызаға толы сөз арнайды.Шортанбай ақын бүкіл шығармашылығында даладығы
отаршылдар мен олардың қолшоқпарларының іс-әрекетін аяусыз сынайды,
тәуелсіздігінен айырылған халық тағдырына қатты қайғырып, елді бірлікке
шақырады.

Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906) шығармашылығы негізінен Батыс Қазақстанда
болған оқиғалармен тығыз байланысты. Патша үкіметінің Ерекше комитеті 1868
жылғы 21қазанда бекіткен Орынбор және Батыс Сібір генерал-
губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже
халықтың жаңа толқуын туғызды. Бұл кезде Түркістан өлкесі Сырдария және
Жетісу облыстарына облыстарына бөлініп, Түркістан генерал-губернаторлығы
құрылған еді.Мұраттың поэтикалық күші нақ осы кезеңде ерекше көрінді. Ол
халықтың өз тәуелсіздігі үшін, құт-берекелі өлкеге көшіп кету жолындағы
күресінің қуатты жаршысына, ұраншысына айналады. Үш қиян деген өлеңінде
Мұрат Қазақстанды жаулап алу және отарлау жағдайларындағы қазақтардың
күйінішті өмірін суреттеген:

Еділді тартып алғана –
Етекке қолды сағаны,
Жайықты тартып алғаны–
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысының болғаны.
Маңғыстаудың үш түбек
Оны – дағы алғаны.

Бұл өлеңінде ол Асан қайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс, Шора, Исатай
сияқты, туған өлкесінде бақытты өмір сүре алмай, арманда кеткен батырлар
туралы толғанады.
Мұрат ақын отаршылдық саясат қазақтардың ежелгі жерлерін басып
алып қана қоймай, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге де тигізеді деген
аландаушылығы мен қорқынышын жасырмайды. Мұраттың Қазтуған, Шалгез
деген өлеңдері өткен заманның жыршы-жырауларының дәстүрін жаңа заман
талаптарына сәйкес одан әрі дамытуға жол салған эпикалық үлгілер болып
табылады.
Әбубәкір Кердері Шоқанұлының (1858-1912) өлеңдерінде де зар
заманының туылуына байланысты өмірдегі адамдардың мінез-құлқындағы келеңсіз
құбылыстар – ата дәстүрден алшақтау және оған менсінбей қарау,
әділетсіздік, күңшілдік, өтірік, жастардың үлкендерді сыйламауы және сол
сияқтылар сыналады. Ақын оқу білімді және адамдардың үйлесімді дамуын
насихаттайды.
XIX ғасырдағы қазақ ақындарының бұл тобы халық поэзиясының әр алуан
түрлерін дамытуға, оны өмір шындығымен азды көпті тығыз жақындастыруға,
реализмді жетілдіруге, адам психологиясындағы өзгерістерді шыншылдықпен
суреттеуге, қазақ тілінің көркемдік қорына жаңа леп енгізуге елеулі үлес
қосты.
Музыка өнері. Домбыра-қазақ халқының ең кең тараған ішекті көп
пернелі музыкалық аспабы.Ол – қзақ халқының өмірінде маңызды орын алатын,
өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр,
толған термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма-
күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен.Қазіргі кезде домбыра жеке әнді
сүйемелдеуге, күй тартуға халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық
шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып
табылады. Қазақ даласының әр өңірінде домбыралар жергілікті жер жағдайына,
тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың
орындаушылық манеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әр түрлі
пішімде дамытылып, өзгеріп отырған. Ән, жыр айтуға арналған домбыраның
пернелері 8-9, әр кеткенде 14-15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам
перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта)
өзгертіледі. Домбыра негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып
келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, сермеп
ойнау, іліп қағу, шертіп ойнау т.б. Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен
тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және
ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар: тиек, кемер ағаш,
тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек,желкелік. Домбыра тиегі үш
түрлі болады: шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек. Домбыра дыбыс
өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты
үйеңкі, емен секілді кәделі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен-
құралып немесе ойылып жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа
тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыралар тұтас ағаштан ойылып
жасалады. Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына,
өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет,
Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т. б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй
дәстүрлерінің тууы, дамуы осы домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың
дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұпейісова, Ә. Хасенов,
Науша Махамбет Бөкейхановтар, Т. Момбеков, М. Ғамзин, К. Жантілеуов, С.
Балмағамбетов, Л. Мұхитов т. б. домбырашылар болса, қазіргі майталман
орындаушылар – Қ. Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б.
Ысқақов, Б. Тілеуханов, А. Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т. б.
домбырашылар. Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанға сүйемел үшін
де қолданылытын аспап. Домбыра құрылымдық, сапалық дәрежесінің кемел
деңгейге жетуі барысында бүгінге дейін бірнеше сатыдан өтті. 1932-1934 ж.
Домбыра аспабын жетілдіру барысында белгілі аспапшы шеберлер Қ. Қасымов, А.
Ермеков және Б. Романенколар, Қ. Оңалбаев т.б. еңбек етсе, оны 1960-1970 ж.
Ә. Ауғадиев, О. Бисенбекұлы жалғастырды. 1934 жылы Халық аспаптар
оркестрінің құрылуымен байланысты домбыраның прима, альт, тенор, бас,
контрабас сияқты түрлері дүниеге келді.
Материалдық мәдениет. Қазақ шеберлері қару – жарақтың түрлерін көп
жасады. Сауыт, қылыш, қанжар, найзаның барлығы қазақ зергерлерінің тамаша
туындысы болды. Қазақ көшпенділерінің баспаны болған киіз үй және оның
құрал-жабдықтары да материалдық мәдениеттің жетістігі болды. Қазақстанның
Ресейге қосылуына байланысты қазақтардың баспанасына біраз өзгерістер
кірді. Осы кезде ағаштан салынған тұрғын үйлер пайда болды. Орыс шеберлері
салған көп бөлмелі ағаш үйлерде хандар мен сұлтандар, ақсүйектер тұрды. Бұл
жағдай орыс материалдық мәдениетінің қазақтар тіршілігіне біртіндеп ене
бастағанын көрсетеді.

XIX ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

Қазақ әдибиеті. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың
көптігімен де, бір-біріне мүлде ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы
сипатымен де ерекшелінеді.жеке поэтикалық шығармашылық иелері – халықтың
ауыз әдебиеті дәстүрлерін жаңа нысандармен байытып, дәстүрлі поэзия
ырғақтарын күрес құралдарына айналдырған аөындармен қатар, айтыс өнерінің
шеберлері, әнші-сазгерлер, қисса орындаушы жыраулар дәстүрін
жалғастырушылар да болды.
Ақындар айтысы – қазақ әдеби шығармашылығының ертеден келе жатқан
түрлерінің бірі. Ғасырлар бойы жалғасып, дамып келе жатқан бұл өнер қоғам
өміріне қазіргі уақытта да қызмет етуде. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде
айтыстар өзінің поэтикалық шеберлігімен, шешендік өнерімен, тапқырлығымен,
халық өмірін терең білуімен ерекше көзге түсіп, зор ілтипатқа, даңққа
бөленген көптеген ақындардың есімдері белгілі. Олардың қатарында Жанақ,
Шөже, Шортанбай, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай сияқты
әйгілі ақындармен қатар, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және
басқалары сияқты ақын қыздардың есімдерін атауға болады.
Сонымен қатар, ежелден келе жатқан, ауыз әдебиетінің сан ғасырлық бай
дәстүрін жалғастырып, оны бүгінгі күнге жеткізуге жыршы-жыраулар көп еңбек
сіңірді. Марабай, Абыл, Жанақ, Мұрат, Нұрым, Шөже, Мұрын, Ығылман сияқты
жыршы – жыраулар шығармашылығы арқылы халық ауыз әдебиетінің тамаша
дәстүрлері жаңғырып, жаңа ұрпаққа жетті. Осы бай әдеби мұраның едәуір
бөлігі жазып алынып, жеке кітап болып жарыққа шықты. Олардың қатарына
эпостық шығармалар-Алпамыс, Қобыланды батыр, Қамбар батыр, Ер
тарғын, Шора батыр, Қырымның қырық батыры, лиро эпостық туындылар –
Қыз жібек, Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Айман-Шолпан сияқты жыр дастандарын
мысалға келтіруге болады.

Орыс демократиялық мәдениеті.
П.П. Семенов – Тянь – Шаньский (1827-1914) – Қазақстанды көп зерттеген орыс
ғалымдарының бірі. Жетісу, алтай өлкесіне бірнеше рет ғылыми саяхаттар
жасаған. Қазіргі Семей, Алматы қалаларында тұрып еңбек еткен. Қазақстан
туралы Түркістан өлкесі, Қырғыз өлкесі атты еңбектерін жазған.
В.В. Радлов (1837-1918) Жетісу өлкесін көп зерттеген тарихшы,
саяхстшы. Аса көрнекті түріктанушы ғалым В. В. Радлов өзінің он томдық
шығармалар жинағын Түрік тайпалары қазақ халықтық әдебиетінің үлгілері
деген үшінші томын түгелдей қазақ фольклорына арнады. Ол қазақтардың
шешендік өнерінің зор екенін, олардың табиғи дарынының молдығын және осының
арқасында әрқашанда ырғаққа және тіпті жай сөйлескеннің өзінде ұйқасқа мән
беретінін ерекше атап өткен. Ол қазақ тарихы, мәдениеті, музыка өнері және
тілі туралы көптеген мәліметтер қалдырған.
Т. Г. Шевченко – Украинаның ұлы ақыны. 1847-1857 жылдар аралығында
қазақ жерлерінде болған. Қазақтардың тұрмыс – тіршілігімен етене танысқан
ол қазақ, украина халықтарының өмірін салыстырып, Менің ойларым деген
өлең жазған.
А. Н. Добромыслов Қазақстанның Ресейге қосылуының саяси тарихы
жайында Торғай облысы. Тарихи очерек атты еңбегін жазған. Бұдан басқа В.
Виткевский, Н. А. Макшеев, И.И. Крафт сияқты тұлғалар Қазақстан жайында
еңбектер жазған. Омбы, Орынбор, Семей қалаларындағы орыс географиялық
қоғамының филиалдары өлке тарихының зерттелуін жолға қойды. ХІХ –дың екінші
жартысынан бастап Петербург, Омбы, Қазан унивеситеттері Қазақстан жайында
зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Музыка мәдениеті. XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка
өнерінің гүлденген дәуірі болды.Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса
көрнекті кәсіби компазитор-әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың
музыкалық классикасының негізін құрады.Көптеген халық компазиторлары өз
заманындағы білімді адамдар еді;олардың бәрі дерлік хат танитын,
кейбірулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға
түсіріп жаза алмайтын еді.Осы ғасырда Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына
Құрманғазы Сағырбайүлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас
Дүкенұлы сияқты компазитор-музыканттар үлкен үлес қосты.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1879) Бөкей ордасының жиделі деген
жерінде кедей отбасында туды. Ол бала кезінен-ақ ауылда естіген күйлерін
өздігінен үйрене бастайды.Құрманғазының дарынды домбырашылығы жас кезінен-
ақ жұрттың назарына ілікті, сөйтіп ол кәсіби күйшілік өнеріне біржола ден
қойды. Оның алпыстан асқан күйлері сақталған. Олардың көпшілігі –көркемдік
әсерлілігі мен мазмұндылығы жөнінен кемел туындылар.Құрманғазы күйлерінің
бірі өмір жайындағы философиялық толғау, бірі нәзік махаббат лирикасы
болса, енді бірінде халық мерекелерінің шат – шадыман көріністері
бейнеленеді. Көбік шашқан күйінде халықтың Каспий өңірінде болңан су
тасқынынан азап шегуі бейнеленсе, Балбырауын күйінде халық мерекесі
суреттеледі. Сарыарқа тыңдаушы қиялын ұлан – байтақ далаға жетелесе, енді
бір күйлері өмірбаяндық шығармалар іспеттес. Мәселен Кісен ашқан күйі
осындай. Феодалдар, байлар мен патша шенеуніктері Құрманғазыны күрес рухына
толы шығармалары үшін қуғындап, абақтыларда азап шеккізеді.
Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) – аса көрнекті компазиторлардың
бірі. Оның қырыққа жуық күйлері сақталған. Дәулеткерейдің лирикалық , нәзік
сырлы, әсем нақышты күйлері сұлу қалпымен, өзндік стилімен ерекшеленеді.
Мысалы, Жігер атты күйінде шалқыған шабыт айұын аңғарылса, Бұлбұл,
Керілме жіне т.б күйлері жүректің нәзік қылын шертетін сыршыл туындылар.
Желдірме күйін нағыз халықтық рух айқын көрініс беретін халықтың дәстүрлі
ат жарысын бейнелейтін екпінді де әсем ырғақты пьеса деуге болады.
Тәттімбет Қазанғапұлының (1815-1826) шығармашылығы XIX ғасырдың
аспаптық музыкасына қомақты үлес қосты. Оның шертпе күйлер шығарып,
орындаушы ретінде даңқы жайылды. Күйлерінің көпшілігіне әсерлі, асқақ
лириклық сарын тән. Тәттімбет Саржайлау мен Сарыөзен күйлерінде өзінің
туған өлкесінің сұлулығын жырласа, Еркеатан, Бозайғыр т.б күйлерінде
жануарладың мінез – қаректтерін көркемдік тұрғыда суреттейді.
Қобызға арналған шығармалар классикасының қалыптасуына Ықылас
Дүкенұлының (1843-1916) композиторлық таланты мен орындаушылық шеберлігі
зор ықпал жасады. Ықылас қарапайым малшы отбасынан шыққан. Оның әкесі Дүкен
қобыз тартқан, ал атасы мен көптеген бабалары жыршы, бақсы болған. Ықылас
әкесінің өнерін үйренумен қана шектелмей, қобыздың үнділігін анағұрлым
жақсартып, қобызға арнап бірегей шығармалар шығара бастады. Оның эпикалық
аңыздар мазмұны негізінде шығарылған Қорқыт күйі, Қамбар, Қазан күйі
сияқты көркемдік деңгейі жағынан аса жоғары бірқатар күйлері кеңінен
таралған. Ықылас тәкапар патша шенеуніктері мен менменсіген байларды
келкелеген Жарым патша, Бес төре секілді күйлер шығарады. Оның Жалғыз
аяқ, Жез киік дейтін күйлері өмір туралы, халықтың тауқыметті тіршілігі
туралы толғанысқа толы.
Сарымалай (1835-1885) сыбызғаға арнап классикалық күйлер шығарумен
қатар, аса шебер орындаушы болған. Оның шын аты Садық болатын. Ал Сарымалай
деп (сары, кедей, жалшы болған соң) жас шағында байдың малшысы болып жүрген
кезінде атап кеткен. Сарымалай сыбызғы тарту өнерін әкесінен үйренеді. Ол
эпос, аңыз-ертегілердің желісі бойынша бірқатар тамаша күйлер шығарды.
Мәселен, Сарымалайдың Қоңыр қаз деген күйінде Қыз Жібек түсіне енген
қоңырқаздың қайғылы қаңқылынан Төлегеннің қазаға ұшырағанын біледі. Қарт
адам мен оның қвзвн өзінің сүтімен аштықтан сақтап қалған інген туралы Нар
идірген күйі; жау айдап әкеткен сиырларды туған ауылына алып келген бұқа
туралы Қоңыр бұқа күйі де осындай күйлер қатарына жатады.
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) туған өлкесінің ән мәдениетінің
терең білумен қатар,оған өзінің шығармашылығымен қомақты үлес
қосты.Біржанның музыкалық-ақындық шығармашылығының демократиялық сипаты
айқын көрініп тұрады. Халықтың музыканың тіліндегі әуен, ырғақтарға жаңаша
түр, екпін-қуат дарытып, байыта түскен Біржан сал әндері сөзінің де ұлттық
бояуымен, бейнелеу құралдарының ерекше көркемдігімен бірегей тұтастық
танытады. Оның Біржан сал деген әнінде адамның ар-намысымен жанұшыра
қорғау бар; Шідер деген әнінде пайдакүнем, ашкөз бай келекеленсе,
Ғашығым дейтін әнінде махаббаттың күйініш-сүйініші толғана жырланған.
Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге
танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет,
Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген.Өмірінің соңғы
кезіндегі ру арасындағы талас-тартыстар, ағайн ішінің кикілжіңі Біржан
салдың жеке басына да салқын тигізіп, оған қатты әсер еткен. Қиянатшылар
тіпті оны жынды деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін
барлы. Аталған оқиға Біржан салдың Теміртас әнінде үлкен қасіретпен
айтылады. Оның Айтпай, Адасқақ, Жамбас сипар, Жонып алды, Алтын
балдақ, Көкек, Жанбота, Теміртас сияқты әндері дәстүрлі қазақ
әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан
орын алды.
Батыс Қазақстанға тән халық әндерінің өзіндік ерекшеліктері аса
көрнекті компазитор-әнші Мұхит Мералыұлының (1841-1913) шығармашылығында
айқын көрінеді. Мұхит шығармашылығы лирикалық жанрдан тұрады. Оның әндері
оптимизмге, адамға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке толы.Бірақ Мұхиттың
қайғылы трагедиялық мазмұндағы әндері де бар. Бала Ораз дейтін әнінде
халық ішінде ескіден келе жатқан аңызда айтылатын кедей жылқышы мен бай
қызының бір-біріне ғашық болып, екеуінің де өлуімен тынған бақытсыз
махаббаты жырланған.
Талантты ақын, компазитор-әнші Ақан сері Қорамсаұлының (1843-1913)
көптеген шығармалары қазақтың халық әндері классикасының қазынасына қосылды
және Ақан сері әрі ақын, әрі көптеген тамаша әндері шығарушы компазитор
ретінде даңқы жайылды. Оның әкесінің есімі - Қорамса, шешесі – жаңыл
болған. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік
өнері кемелденген соң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
XVI-XIX Қазақстан мәдениеті
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Қазақстан жаңа заман тарихы
Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеті
Ежелгі славяндардың мәдениеті
XVIII – XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени үрдістері
Пәндер