Жұқпалы аурулар туралы түсінік және олардын алдын алу шаралары. карантин және бақылау



Жұқпалы аурулар адам организміне қоздырушы микробтар түсу салдарынан пайда болады. Барлық жұқпалы аурулардың ортақ белгісі жұққан организмнен сау организмге берілуі болып табылады және белгілі бір жағдай орнағанда жаппай, індеттік сипат алады.
Жұқпалы ауру эпидемиологияда жеке түрлік, ал кейде типтік жағынан да жеке қоздырушы туғызған жұқпалы жағдай ретінде түсініледі. Сансыз тірі организмдер арасында микроскоптың түрдегі немесе микроорганизмдер көрнекті орын алады. Олар топырақта, суда, ауада, айналадағы заттарда бар. Олар азот, көміртегі, сутегі және табиғаттағы басқа элементтердің айналымына қатысады. Ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсіптерінде, медицинада пайдаланылатын адамға пайдалы микроорганизмдермен қатар адамдардың, малдардың және өсімдіктердің ауруын шақыртындары да бар. Бұл микробтар зардапты, яғни ауру тудыратын деген атауға ие болған. Ауру тудырмайтын және сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер сапрофиттер деп аталады.
Қоздырушыларды берудің неғұрлым типтік факторларын қарастырайық:
А) ішек жұқпасын біреудің фекальдіөауызды механизмі жағдайында неғұрлым мамандырылған себепшарт деп:
 Суды (құдықтық, көлдік, арықтық, өзендік құбырлық, канализациялық, тоқтаулық, жаңбырлық);
 Тамақ өнімдерін (сүт, ет немесе балық іркілдекті тағамдар, сілікпе, кремді торттар, котлеттар, ет мылжасы, көкөніс, жеміс, жидектер);
 Топырақтар;
 Былғаныш қолды;
 Шыбындарды;
 Ішу, жеу, темекі тарту, шомылу, және басқа күнделікті тұрмыста пайдаланылатын түрлі заттарды санаған жөн.
Тыныс жолдары жұқпалы қоздырғыштарды ауаөтамшы механизмінде беру факторы ауа болып табылады;
Қанды жұқпалы қоздырғыштарды трансмиссивтік механизмінде беру факторы қызметін аяқ мүшелді түрге жататын тірі тасымалдаушылар атқарады.
Микробтарды жіктеу
Саңырауқұлақтар (уқ саңырауқұлақ) – бұл түрі бар және жіктерді құрайтын көп клеткалы организмдер, өсе келе ерін түрінде шырмалатын бұтақтар береді. Ауру тудыратын саңырауқұлақтар шашты, тырнақты, теріні, (таз, бұзаутаз) және ішкі органдарды (концидиоидомикоз, гистоплазмос) зақымдайды.
Қарапайымдылар – бір клеткалы организмдер, қабығы, протоплазмасы және ядросы (безгекті плазмодий) бар.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
23 - сабақ
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және олардын алдын алу шаралары. Карантин
және бақылау.

Жұқпалы аурулар адам организміне қоздырушы микробтар түсу салдарынан пайда
болады. Барлық жұқпалы аурулардың ортақ белгісі жұққан организмнен сау
организмге берілуі болып табылады және белгілі бір жағдай орнағанда жаппай,
індеттік сипат алады.
Жұқпалы ауру эпидемиологияда жеке түрлік, ал кейде типтік жағынан да жеке
қоздырушы туғызған жұқпалы жағдай ретінде түсініледі. Сансыз тірі
организмдер арасында микроскоптың түрдегі немесе микроорганизмдер көрнекті
орын алады. Олар топырақта, суда, ауада, айналадағы заттарда бар. Олар
азот, көміртегі, сутегі және табиғаттағы басқа элементтердің айналымына
қатысады. Ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсіптерінде, медицинада
пайдаланылатын адамға пайдалы микроорганизмдермен қатар адамдардың,
малдардың және өсімдіктердің ауруын шақыртындары да бар. Бұл микробтар
зардапты, яғни ауру тудыратын деген атауға ие болған. Ауру тудырмайтын және
сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер сапрофиттер деп аталады.
Қоздырушыларды берудің неғұрлым типтік факторларын қарастырайық:
А) ішек жұқпасын біреудің фекальдіөауызды механизмі жағдайында неғұрлым
мамандырылған себепшарт деп:
➢ Суды (құдықтық, көлдік, арықтық, өзендік құбырлық, канализациялық,
тоқтаулық, жаңбырлық);
➢ Тамақ өнімдерін (сүт, ет немесе балық іркілдекті тағамдар, сілікпе,
кремді торттар, котлеттар, ет мылжасы, көкөніс, жеміс, жидектер);
➢ Топырақтар;
➢ Былғаныш қолды;
➢ Шыбындарды;
➢ Ішу, жеу, темекі тарту, шомылу, және басқа күнделікті тұрмыста
пайдаланылатын түрлі заттарды санаған жөн.
Тыныс жолдары жұқпалы қоздырғыштарды ауаөтамшы механизмінде беру факторы
ауа болып табылады;
Қанды жұқпалы қоздырғыштарды трансмиссивтік механизмінде беру факторы
қызметін аяқ мүшелді түрге жататын тірі тасымалдаушылар атқарады.
Микробтарды жіктеу
Саңырауқұлақтар (уқ саңырауқұлақ) – бұл түрі бар және жіктерді құрайтын көп
клеткалы организмдер, өсе келе ерін түрінде шырмалатын бұтақтар береді.
Ауру тудыратын саңырауқұлақтар шашты, тырнақты, теріні, (таз, бұзаутаз)
және ішкі органдарды (концидиоидомикоз, гистоплазмос) зақымдайды.
Қарапайымдылар – бір клеткалы организмдер, қабығы, протоплазмасы және
ядросы (безгекті плазмодий) бар.
Бактериялар – кокки, бацилаларды (таяқша түрінде) біріктіретін микробтар
тобы, үтір немесе жақша түріндегі вибриондар (күйдіргі, оба, дизентерия,
тырысқақ).
Рикетисиялар – бактериялар мен вирустар арасында (бөртпе, сүзек, қу-безген)
аралық жағдайдағы микроорганизмдер.
Вирустар – әдеткі микроскоппен көрінбейтін аса ұсақ микроорганизмдер
(шешек, тұмау, сары ауру қызбасы). Ботулизмді тудыратын улар ерекше орын
алады.
Бір микроорганизмдер адамдардың ауруын шақырады да, антропоноздар
(антронос сөзінен – адам) деп аталады – бұл тұмау, тырысқақ, іш сүзегі,
дезинтерия. Мал организміндегі өмірге икемделген басқалары зоонозды (зоон
грекше - мал) деп аталады – бұл оба, тулеремия, бруцеллез, күйдіргі, маңқа.
Адам өмір сүретін әлем сансыз еркін өмір сүретін микроорганизмдерге толы.
Әлдебір жолменадаи организміне тап болған олардың көпшілігі, әдетте оның
қорғаушы күштерінің ықпалымен тез қырылып қалады.
Патогенді микробтар организмнің қорғаушы күштеріне қарсы тұрып қана қоймай,
сонымен бірге оның есебінен қоректенеді және көбейеді. Бір жағдайларда бұл
аурудың пайда болуымен ұштаспайды, алайда адам сау адамдарға ауру
жұқтыратын бактерия тасушыға айналады. Басқа адам организміне микробтар
түскен жағдайда ауру пайда болады. Ауырған адамның бейімделгіш реакциясы
пайда болып, соның көмегімен организм микробтардан құтылуға талпынады.
Мысалы, тыныс жолдары ауырғанда (тұмау, туберкулез) жөтел пайда болады, ал
ішек ауруларында (тырысқақ, дезинтерия) – ішектің күшейтілген жиырылып-
жазылуы, іш өту, құсу. Тыныспен шыққан ауамен, құсықпен және нәжіс
заттармен сыртқа мол котогендік микробтар шығарылады. Ауру адам мен
былғанған заттар сау адамдар үшін жұқпалы және қауіпті ауруларға айналады.
Басым зақымдау орны мен таралу механизмі бойынша барлық жұқпалы аурулар
негізгі 4 топқа бөлінеді: тыныс жолдарының жұқпалы аурулары, ішек жұқпалы
аурулары, қан жұқпалы аурулары, сыртқы жамылғы жұқпалы аурулары (кесте).

Кесте
Аурулар тобы Негізгі аурулар Қоздырғыш таралуы Жұқпалы аурудың
атауы берілу жолдары
Тыныс жолдары Тұмау мен өткір Жоғарғы тыныс алу Ауалы – тамшылы
инфекциясы іштен кернеу жолдары
аурулары. Ангина,
дифтерия, қызылша,
көк жөтел,
туберкулез, шешек,
мененгит делбе
Ішек инфекциясы Іш өту сүзегі, Ішек Азық-түлік, су,
қылау, тырысқақ, топырақ, былғаныш
гепетит, қол, тұрмыс
бруцеллез, заттары, шыбындар
ботулизм
Қан инфекциясы Безгек, қайталама,Қан жүйесі Қансорушы
бөртпе сүзек, тасушылар мен
энцефалит, оба, маса, кене, бүрге,
тулеремия, безгек бит, шыбын-шіркей
Сыртқы жамылғы Басыр, қотыр, Тері сілекейлі Байланыс жолымен
инфекциясы күйдіргі, сіреспе,қабық
тілме, маққа

Қарсы жақ бактериологиялық қару қолданғаны анықталған жағдайда карантин
жарияланды.
Карантин дегеніміз жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға және зақымдану
ошағын жоюға бағытталған тәртіптілік, әкімшілік және санитарлық індеттік
қарсы шаралар кешені. Карантин ошақты қарулы қоршауды, алдын-ала адамдар
мен халық тобын уақытша оқшаулаусыз және медициналық бақылаусыз карантин
аймағынан тыс қозғалуға алдын-ала зарарсыздандырусыз одан мүлікті шығаруға,
сондай-ақ зақымдану ошағы арқылы көлік пен адамдардың өтуіне тыйым салуды
қарастырады.
Карантин тұрғын бір-бірінен бөлуді және қатынас байланыстарын шектеуді
көздейді. Кәсіпорындар мен мекемелерде індетке қарсы жұмыс тәртібі
орнатылады.
Ауруларға қызмет көрсететін бүкіл медициналық құрам арнаулы обаға қарсы
костюмдерде жұмыс істейді, бұл аурухана ішіндегі жұқтыруларға қарсы
бағытталған.
Егер кейіінгі лабораториялық зерттеулермен ошақта ерекше қауіпті
қоздырушылар табылмаса және жаппай аурулар тару қаупі жоқ болса, карантин
обсервацияға (бақылау, байқау тәртібіне) көшіріледі.

Обсервация дегеніміз зақымдану ошағына күшейтілген медициналық бақылауды
және онда емдеу – профилактикалық, шектеу шараларын жүргізу болып табылады.

Карантин мен обсервация мерзімі соңғы ауруда оқшаулау мен ошақты
дезинфекциялау аяқталған сәттен саналатын аурудың ең ұзақ инкубациялық
мерзімімен анықталады.

Жұқпалы аурулардың профилактикасы.

Денсаулық қызметінің басты бағыты профилактика болды және болып қала
береді. Жұқпалы ауруларға қатысты ескерту шараларының кешені індеттік
процестің барлық үш буынына – инфекция көзіне, оны жұқтыру жолдарына және
қабылдағыш организмге бағытталған. Инфекция көзіне қатысты өткізілетін
шараларға ауруларды ерте, белсенді және толық анықтау, оларды дер кезінде
оқшаулау, госитальға жатқызу және емдеу, дезинфекциялық шараларды ошағында
өткізу жатады.
Індеттік процестің екінші буыны – қоздырушыны жұқтыру жолдарынан бөлектеу
өте маңызды, өйткені жұқпалы аурулардың профилактикасында жеке тазалық
ережесін сақтауға, тұрғындар арасында тазалық әдеттері мен санитарлық
мәдениетті насихаттауға, профилактикалық және індетке қарсы шараларды
көрсетуге зор маңыз беріледі.
Ауру ошағында азық-түлік тауарларын сатуға, тамақтандыру мен сумен
жабдықтау нысандарының санитарлық жағдайына, өнімдерді, дайын тамақтарды
дайындаудың, сақтаудың және тасымалдаудың санитарлық және технологиялық
ережелерінің сақталуына, судың пайдаланылуына, сондай-ақ дезинфекциялық
шараларды өткізудің толықтығына ерекше санитарлық-тазалық бақылауы
қамтамасыз етеді.
Эпидемиялық белдіктің үшінші буынына – халықтың қабылдаушылығына
бағытталған профилактикалық шаралар жұқпалы ауруларға қары жасанды
иммунитет жасаудан көрінеді. Иммунитет дегеніміз ауру тудыратын микробтың
әрекетін организмнің қабылдамай тастаушылығы. Иммунитет туа біткен (табиғи)
және қолдан жасалынған (жанды) деп ажыратылады.
Туа біткен иммунитетке адамның туғаннан белгілі бір жұқпалыны қабылдамауы
жатады.
Қолдан жасалынған иммунитет ауырып тұрғаннан кейбір (қызылша, шешек) пайда
болады, болмаса өткізілген егулерден кейін (вакцинация) жасанды түрде
жасалады.
Жұқпалы ауру қоздырғышының түрі әлі анықталмаған немесе белгісіз болған
жағдайда олардың пайда болуының алдын алу мақсатымен тұрғындарды белгілі
бір ауруға қарсы егуден өткізген жөн, ол үшін кешенді дәрілер-антибиотиктер
қолданылады. Мұндай ескертулі емдеуді жедел профилактика деп атайды. Бұл
мақсатқа жеке медициналық қобдиша (АИ-2) пайдаланылады.
Қоздырушы түрін анықтауда арнайы профилактика жүргізіледі. Оның құралы
ретінде вакцинаның алуан түрлері: өлтіргіш, химиялық және тірі вакциналар.

ТАПСЫРМАЛАР МЕН СҰРАҚТАР:
1. Жұқпалы аурулар несімен сипатталады?
2. Жұқпалы ауруды қоздырушыны беру механизмінің мәні неде?
3. Микробтар жіктелуін атаңдар?
4. Жұқпалы аурулардың профилактикасы неде?
5. Карантин және обсервация нені білдіреді?

24 - сабақ
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізудің мақсаты, түрлері және
әдістері. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуде қолданылатын
негізгі құралдар. Ерітінділер мен тұзақ ғажелдерді дайындау.

Дезинфекция немее зарарсыздандыру – адамды қоршаған ортада жұқпалы
қоздырғыштарды жоюға бағытталған арнаулы шаралар кешені.
Дезинфекцияның жеке түрі дезинсекция болып табылады, бұл жұқпалы ауруларды
жұқтырушы жәндіктер мен кенелерді жоюды білдіреді. Ал дератизация дегеніміз
індет жағынан қауіпті кемірушілерді жою.
Зарарсыздандыру мақсатына байланысты дезинфекция профилактикалық, ағымдағы,
қорытынды деп бөлінеді.

Профилактикалық дезинфекцияны жұқпалы аурулардың пайда болуымен таралу
мүмкіндігінің алдын алу мақсатымен қоғамдық пайдалану орындары арқылы
(асханалар, моншалар, кір жуатын орындар, шаштараздар, казармалар,
вокзалдар, вагондар, дәретханалар) жүргізеді.

Ағымдағы дезинфекцияны инфекциялар таралуының алдын алу мақсатында жүзеге
асырады. Оны жұқпалы аурулар жатқан емдеу мекемелерінде жүргізеді.
Аурулардан шаққан заттар (ыдыс, төсеніш заттары, іш киім)
зарарсыздандырылады.
Қорытынды дезинфекция жұқпалы ауруға тап болған адамды әкеткеннен, ол
жазылғаннан немесе оның өлімінен кейін жүргізіледі. Оның мақсаты ауру
жанасқан заттарды-жиһаздарды, төсек-орынды, киімдерді, ауру болған бөлмені
жұқпалы ауру қоздырғыштарынан толық құтылу болып табылады.
Көрсетілулеріне байланысты дезинфекциялауда зарасыздандырудың механикалық,
физикалық және химиялық әдістері қолданылады.

Механикалық әдіске үй ішін және төңіректі ылғалды сүрту, киімдермен төсек-
орын заттарын қағып-сілку, шаңсорғыш көмегімен үй ішін шаңнан тазарту,
әктеу жатады.
Физикалық құралдар әдістері дезинфекция жасаудың неғұрлым қарапайым әрі
қолайлы тәсілдері болып табылады. Олардың қатарына күн сәулелері мен
әсіресе күлгін сәулелендіргіштермен сәулелендіру, ыстық үтікпен киімді және
төсек бұйымдарын жүргізу, қоқыстар мен қоқыр-соқырзаттарды өртеу, қайнаған
сумен өңдеу жатады.
Қышқылдарды, сілтілерді, хлорды әкті, хлораминді, фенолды, крезолдарды
(мизол, нафтализол), формалиндерді, сулемаларды және т.б. қабылдауды
химиялық әдіс алдын-ала қарастырады. Оларды әр түрлі концентрация
ерітіндісі түрінде қолданады, ал формалинді газ күйінде де қолданады.
Зияндалған нұсқалы киім мен төсек-орын заттарын сенімді дезинфекция мен
дезинсекциядан әрдайым қол дезинфекциялық аппаратурасы арқылы қолданылатын
физикалық және химиялық құралдармен қамтамасыз мүмкін болмайды. Сондықтан
бұл заттарды дезинфекция мен дезинсекциялау арнаулы дезинфекциялық
камераларда жүргізіледі.
Дезинфекция (дезинсекция) дезинфекциялық камераға ыстық суды немесе сулы
байытылған бу енгізумен қол жеткізіледі.
Қарулы Күштердің жабдықталуында төмендегідей дезинфекциялық себезгілі
қондырғылар бар: ЗКЛ-130 (ДДА-2), ГАЗ-66 (ДДА-66, ДДА-53) автомобильдерінде
жәнеДДП-1 мен ДД-2 бір кіндікті (ось) автомобиль тіркемелеріндегі
дезинфекциялық – себезгілі қондырғылар.
Микробтық клеткаларға жойғыш ықпал ететін химиялық заттардан төмендегідей
дезинфекциялық құралдары неғұрлым мол қолданылады: хлорлы известь,
хлорамин, гипохлорит, кальцийдің 23 негізі тұзы (ДТС ГК), сутегі қышқылы,
формальдегид, қара карбол қышқылы, мезол, қышқылдар.
Хлорлы әк – хлордың өткір иісі бар ақ ұнтақ. Қатерсіз препарат құрамындағы
кемінде 25% белсенді хлор бар; оның 16% кем болуы жағдайында препарат
дезинфекцияға жарамсыз.
Хлорлы әк суды, ыдыстарды, үй ішін, аурулардан бөлінген заттарды,
дәретханаларды 0,2-0,5%, 2-3%, 5-10% су ерітінділері және құрғақ түрінде
зарарсыздандыру үшін қолданылады.
10% ерітінді дайындау үшін 10литр су№а 1кг хлорлы известь, 20% - 10литр
суға 2кг хлорлы известь алынады және мұқият араластырылады, барлық
түйірлерін ерітеді.
Ашық ерітіндіні 10% 24 сағат бойына тұндыру арқылы дайындайды. Ашық
ерітіндіні тұнбасынан бөлек құйып алады да, содан кажетті қоюлықта жұмыс
ерітіндісін жасайды.
Құрғақ хлорлы әкті аурулардан бөлінгендерді олардың құрамына препараттың
1\15 бөлігін қоса отырып, зиянсыздандырады.
Хлорамин – 28% белсенді хлоры бар, суда жақсы еритін ақ кристалды ұнтақ.
Хлорлы известьке қарағанда хлорамин ерітінділер – тәулік сақтауға және
аздаған қойюланған жағдайда (0,5%) маталарды бұзбайды.
Формальдегид – сілекей қабаттарың тітіркендіру тудыратың өткір иісті
түссіз газ.
Сутегі тотығы - түссіз және иіссіз сұйықтық. Құралыңда 30% сутегі тотығы
бар концентрат – пергидроль шығарылады.
Лизол - калий сабындағы 47-50% кризол ерітіндісі. Бұл фенол иісті, суда
жақсы еритін қызыл қоңыр көбіктенген сұйықтық. Лизол 3-5% ерітіндісінде
оба, тамшылы және ішек, сұйық іш өтуде пайдаланылады.
ДТС ГК - хлор иісті қиыршықты ақ ұнтақ Оның құрамында 56% белсенді хлор
бар суда жақсы еритін, сақтауға әлдеқайда берік .
Сода - көмірлі натрий тұзы ақ түйіршікті ұнтақ ас столдары мен ыдыс-
аяқты зарарсыздандыру үшін 0,5-1% ыстық ерітінді қолданылады.
Сулы дизинфекция автомакс және сутүтікті гидропульт түріндегі аппараттар
көмегімен жүргізіледі.
ДЕЗИНСЕКАЦИЯ - адамдарды мазасыздандыратын жәндіктерді, жұқпалы ауруларды
тасушы, мүліктер мен азық-түлік бүлдіретін жәндіктерді жою.
Дезинсекациялы шаралар шартты түрде 2-түрге бөлінеді .
Профилактикалық шараларға тұрғын үйлер мен қосалқы қамбарларды таза
ұстау, терезелермен есіктерге тор ұстау, арықтарды тазалау жатады.
Жою шаралары физикалық және химиялық құралдармен жүргізіледі. Физ.
құралдардан от қайнаған су, ыстық ауа пайдаланады. Дезинсекацияны химиялық
әдіс инсектицидтер деп аталатын уларды, оларды ішінде гекса хлоран,
карбофос, метилацетофос, хлорофос, пиретрум және т.б. пайдалануға
негізделген.
ДЕРАТИЗАЦИЯ деп жұқпалы ауруларды жаратушы кеміргіштермен күрес
жөңіндегі шараларды атайды.
Профилактикалық шараларына кәсіп орын, емдеу мекемелері аумағын
қоқыстардан тазарту, азық-түлік сақтау ережелерін бұлжытпай орындау т.б.
жатады.
Кеміргіштерді жою химиялық тәсілінің зор маңызы бар. Ол уланған жемдер
қолданылады, індерге ұнтақталған улар себіледі.
Газды дератизацияны теңіз кемелерінде, темір жол вокзалдарында, ұшақтарда
және далалық жағдайларда басым қолданылады.

ТАПСЫРМАЛАР МЕН СҰРАҚТАР:

1. Дезинфекцияның қандай түрлері мен әдістерін білесіздер?
2. Дезинфекцияның механикалық, физикалық және химиялық әдістері дегеніміз
не?
3. Хлорлы известтің 10% ерітіндісін дайындау тәртібі?
4. Дезинсекация
5. Дератизация

25-сабақ
Емдеу процесінде зақымданғандар мен ауруларды жалпы күтүдің
негіздері.Зақымғандар мен ауруларды күтудегі санитарлық жасақтардын
міңдеттері. Ауру балаларды күтудің ерекшеліктері.

Емдеу шаралары кешенінде зақымғандар мен ауруларға күтім жасаудың маңызы
зор. Егер ауруға бір мезгілде жүйелі және мұқиат күтім болмаса, ең тиімді
дәрі-дәрмектер, шебер жасалған операциалар сауығып кетуде қамтамасыз ете
алмайды.
Зақымданғандар мен ауруларға күтім көрсетү үлкен шыдамдылықты талап етеді.
Ұстамды, сабырлы қатынас ауруларға жұбандырушы әсер етеді. Дәрігердің
барлық белгілеген шараларының қандай мақсаттарда көздейтінін түсіне отырып,
оларды саналы түрде орындау керек. Сезімталдық, ұқыптылық, байқағыштық,
тәртіптілік ауруларды күту жұмыстарындағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Зақымданғандар мен ауруларды күту жөніндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Мал ауруларының алдын алушы жалпы шараларды ұйымдастыру
Инфекциялық ауру туралы түсінік
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Індеттік процесс және қозғаушы күштер
Күйістілердің кебенек ауруы
Карантиндік шаралар жайлы
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Жұкпалы аурулардың алдын алушы ветеринарлық шаралары
Індетке қарсы шаралар
Пәндер