Бастауыш сыныпта абай шыгармаларын оқыту



М а з м ұ н ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.3

І.Тарау.
Абай, оның шығармалары жайлы жалпы түсінік
1.1. Абай, оның шығармалары жайлы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.14
1.2. Бастауыш сыныпта оқылатын Абай шығармалары ... ... ... 15.41

ІІ.Тарау.
Абай шығармаларын меңгерту арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
2.1. Абай шығармаларын мөңгерту арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру ... ... ... 42.49
2.2. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту арқылы берілетін тәрбие ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50.55

Қорытынды ... ... ... 56.57

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... 58.59
Кіріспе
Абай Құнанбаев шығармашылығы.өмірбаяны, туған жер, өскен ортасы жайлы оқушылар сабақ үстінде мәліметтер алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтап танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, ана тілі пәндеріне баса назар аударылады. Себебі ана тілі ерте меңгерілсе , басқа пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Ана тілі арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып, өмірге бейімдейді.Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік, бірізділік , сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе бермейді.
Міне, осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық жұмысымызды арнап отырмыз.
Диплом жұмысының мақсаты:
Ана тілі, әдебиет пәні - қоғамтанудың басты құралдарының бірі. Әрбір шығарманың өзінен ұғым, нәр, ләззат ала білмеген оқушының жан дүниесі ойдағыдай өсіп жетілмейді. Балада көркем шығарманы қызығып оқитын ынта болса, бұл- білімнің басы.
Бастауыш сыныптарда оқушы шығарманың жай мазмұнын игеріп, соны жүрдек, саналы түрде түсініп оқиды.
Міне, осы кезден бастап шығарманың мазмұнымен бірге көркемдік ерекшеліктері жөнінде толық түсініктер алып, оқу, талдау балалардың өз біліміне негізделуі тиіс.
Ең бастысы, көркем шығарма арқылы тіл байлықтарын арттыру болып табылады.
1. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын меңгеру және зерттеу;

2. Ақын шығармалары арқылы біртұтас тұлға қалыптастыру;
3. Бастауыш сыныпта көркем әдеби шығарманың айырықша роль
атқаратынын ескере отырып, Абай шығармаларының сынып-
сыныптарда оқытылу жүйесі мен атқаратын қызметін анықтау.
4. Ақын шығармаларындағы практикалық ой-тұжырымдарды іс
жүзінде қолдануға үйрету.
Диплом жұмысының алға қойылған міндеті.
- Абай шығармалары тақырыбының мәнін кеңінен ашу;
- Оқыту әдістемесін жетілдіре түсу жолдарын іздеу;
- Балалардың ана тілі пәнінен, оның ішінде Абай шғармаларын
оқыту арқылы терең де тиянақты білім алуына қол жеткізу;
- Оқу үрдісінде алған білімдерін тәрбиелік мақсатта ары қарай
дамытуға мүмкіндік жасау;
- Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын арттыруға
қол жеткізу;
- Бастауыш класс мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау
дайындау.
Практикалық колданылымы:
Еңбектің нәтижелері: - Бастауыш мектеп мұғалімдеріне, студенттерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
Диплом жұмысының материалдары:
Диплом жұмысын жазуда:
-Бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарының мәтіндері;
-Ғылыми әдістемелік әдебиеттер;
-Бастауыш мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері пайдаланылды.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері:
Диплом жұмысын жазуда;
- Салыстырмалы әдіс;
- Бақылау әдісі және сипаттау әдісі;
- Дәстүрлі талдау және жинақтау әдістерінен пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінөн тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Ана тілі оқулығы 1-4 сынып. Алматы, 2001ж.
2. Асқарбаев А. Кластан тыс оқыту методикасы. Алматы, 1992ж.
3. Ахметов Ә. Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы - Алматы, 1992ж.
4. Ахметов 3. Абайдың ақындық әлемі. Алматы: Ана тілі. 1995ж.
5. Абай. (Ибрахим Құнанбаев) ІІ-томдық шығармалар жинағы.
Өлеңдер поәмалар. І-ші том. Алматы: Жазушы, 198бж.
6. Абай. (Ибрахим Құнанбаев) ІІ-томдық шығармалар жинағы.
Өлеңдер поәмалар. ІІ-ші том. Алматы: Жазушы, 1986ж.
7. Абай. Қалың елім қазағым: өлеңдер. Алматы: Атамұра. 2002ж.
8. Абай. Қалың елім қазағым: шығармалар. Алматы: Жалын, 1995ж.
9. Абай. Қара сөз. /Қаз аударған К. Серикбаева., Ю. Кузнеқова/.
Семей: Межд. клуб Абая. 2001 ж.

10. Әбдіғазиев Б. Асыл арна: Абай дәсТұрі және Шәкәрім. Алматы:
Қазақ университеті. 1992ж.
11. Әуезов М. Абай Құнанбаев: Монографиялық зерттеулер мен
мақалалар. Алматы: Санат, 1995ж.
12. Әуезов М. Абайтану дәрістері. Алматы: Рауан, 1994ж.
13. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы.
Алматы: Санат, 1997ж.
14. С. Бақтыгереев «Абайды оқы, таңырқа». А., Ана тілі, 1993ж.
15. Досжан Д. Абай айнасы: Ғұмырнамалық зерттеу - әссе. Алматы:
Қазақстан, 1994ж.
16. Жұмақаева Б.Д. Абай Құнанбаев шығармаларын 5-8 сыныпта
оқыту методикасы. Автореферат. Алматы: 2003ж.
17. Есламғалиұлы. Жүрегімнің түбіне терең бойла... Алматы:
Жазушы, 1995ж.

18. Керімбаев Н, Жандыбаев Ғ. Жасымда ғылым бар деп
ескермедім: Абай шығармаларын оқыту мәселелері. Алматы:
Рауан, 1995ж.
19. Құнанбаев Т. Әкем Абай туралы. Алматы: Ана тілі, 1993ж.
20. Құнанбаев А. Сен де бір кірпіш дүниеге... Абай туындыларының
мектепке арналған хрестоматиясы. 1994ж.
21. Құнантаева К., Халитова I. Абай мұрасы және мектептегі тәрбие
жұмыстары. Алматы: 2001ж.
22. Мырзахметұлы М. Ғалым Абай туралы. Алматы: 2001ж.
23. Мырзахметов М. Түркістан Тараз қаласы. Абай туралы. Алматы:
2002ж.
24. Мырзахметов М. Абай және Шығыс. Алматы: Қазақстан, 1994ж.
25. Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы:
Рауан 1993ж.
26. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. Алматы: Ана тілі, 1994ж.
27. Мырзахметов М. Абайды оқы, таңырқа. Алматы: Ана тілі, 1993ж.
28. Мұхамедханов X. Абай мұрагерлері. Алматы 1995ж.
29. Мұханов С. Жарық жұлдыз: Абай Құнанбаевтың шығармалары
туралы. Алматы: 1995ж.
30. Сарғожаев Н. Сен де бір кірпіш дүниеге. Алматы: 1990.
31. ЫсмағұловЖ. Абай: ақындықтағылымы. Алматы: Ғылым, 1994ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта Абай шыгармаларын оқыту.

ПІКІР

Жинақтаған тәжірибелері негізіндө үшінші курста курс жұмысын жазып,
ойдағыдай қорғап шықты.
Студенттедің ғылыми конференwиясында баяндама жасап, жоғарғы бағаға ие
болып, мақтау қағазымен марапатталды.
Тақырыпқа сай көптеген ғылыми теориялық және ғылыми әдістемелік
әдебиеттерді қарастырған. Қаладағы бастауыш мектеп мұғалімдерінің озат
тәжірибелерін пайдаланды. Өзі мектептерде педагогикалық іс - тәжірибеден
өткен кезде бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқытылу жолын іс жүзінде
тексеріп көрді.
Абай шығармаларын оқыту арқылы ұлы ақынның лирикалық өлеңдерімен қара
сөздеріндөгі жақсы қасиеттерден үйреніп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға
тәрбиелеуге болатынын жұмыста көрсете білген.

Диплом жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Диплом жұмысының нәтижесін бастауыш мектеп мұғалімдері, болашақ
мұғалім - студенттер көмөкші әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.
Диплом жұмысына қойылатын талаптар толық орындалған. Жұмыс қорғауға
жіберілді.

ПІКІР
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту тақырыбы мектеп оқушыларына
білім мен тәрбие беруде өте құнды өзекті мәселе болып есептеледі. Диплом
жұмысы осынысымен құнды болып саналады. Диплом жұмысына ғылыми-әдістемелік
әдебиеттермен қоса, ғылыми - теориялық әдебиеттерді де молынан қарастырғаны
көрініп тұр.
Бізді қуантқан нәрсе тек әдебиеттермен ғана шектеліп қоймай, өзі іc-
тәжірибеде болған мектептерінде өз сабақтарында сынап көріп, соның
нәтижесін диплом жұмысында көрсеткен.
Диплом жұмысының нәтижелерін қазірдің өзінде бастауыш мектеп
мұғалімдері мен осы мамандықта оқитын, болашақ бастауыш сынып ұстаздарына
әдістемелік материал ретінде ұсынуға болады деп білеміз.
Біздің тілегіміз жұмысын осымен доғарып қоймай, әрі қарай жалғастырса,
ғылымға ұштастырса.
Диплом жұмысына қойылатын талаптар толық орындалған, ал мұның авторы
өте жақсы дөген бағаға лайық деп білеміз.

ПІКІР
Үшінші және төртінші курста Шымкент қаласы Ы. Алтынсарин атындағы
№65 гуманитарлық - әстетикалық гимназия мектебіндө педагогикалық іс-
тәжірибеде болды. Іс-тәжірибеде болған кездерінде өзі сабақ берген
сыныптарда Абай шығармаларын оқыту жолдарына зерттеу, бақылау жұмыстарын
жүргізді. Өзі Абай шығармаларынан ашық сабақтар өткізді. Нәтижесі жақсы
болды. Абай шығармаларын оқыту жолдары жайлы баяндама жасап студент -
мұғалімдер арасында қызу пікір таластар болды. Бастауыш сынып мұғалімдері
тарапынан ұсыныстар ақыл-кеңестер айтылды. Абай шығармаларын оқыту арқылы
оқушыларды тәрбиелеу, білім беру өте құнды мәселе. Сондықтан студенттің
осы диплом жұмысы студенттерге, бастауыш сынып мұғалімдері үшін қажетті
материал болып есептеледі.
Біз болашақта білгір де, білімді ұстаз шығатынына сенеміз.

Диплом жұмысы өте жақсы деген бағаға лайық деп білеміз.

М а з м ұ н ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1-3
І-Тарау.
Абай, оның шығармалары жайлы жалпы түсінік
1.1. Абай, оның шығармалары жайлы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-14
1.2. Бастауыш сыныпта оқылатын Абай шығармалары ... ... ... 15-41
ІІ-Тарау.
Абай шығармаларын меңгерту арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
2.1. Абай шығармаларын мөңгерту арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
... ... ... 42-49
2.2. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту арқылы берілетін
тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50-55

Қорытынды ... ... ... 56-57

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... 58-59

Кіріспе
Абай Құнанбаев шығармашылығы.өмірбаяны, туған жер, өскен ортасы жайлы
оқушылар сабақ үстінде мәліметтер алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас
буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын
бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтап танытудың қажеттілігі
мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, ана тілі
пәндеріне баса назар аударылады. Себебі ана тілі ерте меңгерілсе , басқа
пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Ана тілі арқылы оқушылардың
тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып, өмірге
бейімдейді.Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш сыныптарда
өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік, бірізділік ,
сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе бермейді.
Міне, осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық
жұмысымызды арнап отырмыз.

Диплом жұмысының мақсаты:
Ана тілі, әдебиет пәні - қоғамтанудың басты құралдарының бірі. Әрбір
шығарманың өзінен ұғым, нәр, ләззат ала білмеген оқушының жан дүниесі
ойдағыдай өсіп жетілмейді. Балада көркем шығарманы қызығып оқитын ынта
болса, бұл- білімнің басы.
Бастауыш сыныптарда оқушы шығарманың жай мазмұнын игеріп, соны жүрдек,
саналы түрде түсініп оқиды.
Міне, осы кезден бастап шығарманың мазмұнымен бірге көркемдік
ерекшеліктері жөнінде толық түсініктер алып, оқу, талдау балалардың өз
біліміне негізделуі тиіс.
Ең бастысы, көркем шығарма арқылы тіл байлықтарын арттыру болып
табылады.

1. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын меңгеру және зерттеу;

2. Ақын шығармалары арқылы біртұтас тұлға қалыптастыру;
3. Бастауыш сыныпта көркем әдеби шығарманың айырықша роль
атқаратынын ескере отырып, Абай шығармаларының сынып-
сыныптарда оқытылу жүйесі мен атқаратын қызметін анықтау.
4. Ақын шығармаларындағы практикалық ой-тұжырымдарды іс
жүзінде қолдануға үйрету.

Диплом жұмысының алға қойылған міндеті.
1. Абай шығармалары тақырыбының мәнін кеңінен ашу;
2. Оқыту әдістемесін жетілдіре түсу жолдарын іздеу;
3. Балалардың ана тілі пәнінен, оның ішінде Абай шғармаларын
оқыту арқылы терең де тиянақты білім алуына қол жеткізу;
4. Оқу үрдісінде алған білімдерін тәрбиелік мақсатта ары қарай
дамытуға мүмкіндік жасау;
5. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын арттыруға
қол жеткізу;
6. Бастауыш класс мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау
дайындау.

Практикалық колданылымы:
Еңбектің нәтижелері: - Бастауыш мектеп мұғалімдеріне, студенттерге,
жоғары оқу орындарының оқытушылары әдістемелік көмекші құрал ретінде
пайдалана алады.

Диплом жұмысының материалдары:
Диплом жұмысын жазуда:
-Бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарының мәтіндері;
-Ғылыми әдістемелік әдебиеттер;
-Бастауыш мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері пайдаланылды.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері:
Диплом жұмысын жазуда;
- Салыстырмалы әдіс;
- Бақылау әдісі және сипаттау әдісі;
- Дәстүрлі талдау және жинақтау әдістерінен пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған
әдебиеттер тізімінөн тұрады.

І-Тарау. 1.1. Абай, оның шығармалары жайлы жалпы түсінік

... Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын
оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!..
Абай болашақ ұрпақ, біздерге сөзін осылай арнады. Бұл сөз өткеннің
құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа
сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі. Даланы торлаған надандық түнегіне
ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын
жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының қазіргі
Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Өзінің әкесі
Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай бәрі де Тобықты руының
билеушілері, ірі феодалдар болған. Абай жастайынан сусындаған халық
әдебиетінің алғашқы үлгілері - әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан естіген ертегі
аңыздары болатын.
Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келген Абай, соңғы 40
жылдық әкесінің өмірін көрген ол Құнанбай туралы бар шындықты айтты,
әкесінің ел сүйсінерлік ерен тұлғасын жасайды. Абайдың суреттеуінше
Құнанбай-ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұңды-шерлі кедей
жігіттердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам болған.
Құнанбайдың қоғамдық қызметтегі игілікті қызметінің бірі - оның оқу ағарту
ісіне ерекше мән бергені. Ол діни оқуды мықтап жақтағанмен, орысша оқудың
заман ағымына қажет екенін ұғынып, өз аулының қазақ балаларына тіл үйретіп,
білім беретін училище ашпақ болып,1845 жылы шекара басқармасына орысша-
қазақша сөйлей алатын мұғалім жіберуді сұрап өтініш жазған. Құнанбай
Ескітам деген жерде балаларын оқыта бастайды. Абай да алғаш сауатын осы
мектептен ашады.
Он жасында әкесі Абайды Семейге оқуға жібереді. Әуелі Ғабдул-Жаппардың,
кейін Ахмет Ғизаның медресесінде оқып білім алады. Медресенің соңғы жылында
Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходьская школада" үш айдай
орысша оқиды. Бос уақытын ізденумен, кітап оқумен өткізген зерек Абай
осылайша орысшаны да тез игеріп кетеді. Абайдың ақындық жолға бет
бұрғандағы алғашқы сөзі орыс мәдениеті мен білімінің маңызын насихаттауға
арналады.
Абай замандастарының айтуына қарағанда, өлеңді өте ерте, он екі жасынан
бастап шығарған. Бұл кездегі шығармаларының көпшілігі бізге жеткен жоқ,
кейбіреулерінің аты ғана сақталған. Қазақстанда ол кезде жазу-сызу нашар
дамығандықтан Абайдың жас кезіндегі өлеңдерін сақтаған, өмір тарихын
баяндайтын жазбалар жоқ. Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қарсылығы аз
болмады. Осының әсерінен Абай өзінің көпеген өлеңдерін жас достарының
атынан таратқан.
Болашағынан көп үміт күткен Құнанбай Абайды ел билеу ісіне ерте баули
бастайды. Алғашқы кезде әке жұмсауымен елдегі даулы мәселелерге Абайдың
қасына ірілеу кісіні ертіп, барып кел, біліп кел деген тапсырмалар
береді. Осы жұмыстарды атқарып жүріп, ел ішіндегі жағдайларды, әкесінің
кейбір жағымсыз істерін байқап отырады. Ру таластарының қым-қуат дау-
жанжалына амалсыз араластырылған Абай әкесінің қаталдығымен,
әділетсіздігімен келісе алмай және көп істерге, әкесінің ырқына көнбей әділ
үкім шығарып отырады. Абайдың халық арасынан шыққан адал, ақылгөй
адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы
Құнанбайға ұнамады. Қатал, айлалы әке мен әділетті қайсар баланың арасында
елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрады. Жиырма сегіз жасқа келгенде Абай
әкесінен біржолата ажырасады. Ол өз тағдырын өзі белгілеп алатын болды.
Абай ең алдымен орыс тілін үйренуге қайтадан бет бұрады.
Оның жаңа достары кедей руларынан шыққан талантты жастар, ақындар,
жыршылар және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болды. Есейген,
мәдениетті өскен Абай орыстың классик әдебиеті мен Шығыс халық
творчествосын оқи бастады. Отыз бес жасқа келгенде ғана Абай творчествоға
қайта оралады. 1880-1886 жылдарға дейінгі көптеген өлеңдері Көкбай атынан
таратылған. Тек, 1886 жылы қырық жастан асқан соң Жаз деген атақты өлеңін
жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын қойды. Отыз жасқа келгенде
Абай феодал, рулық ортадан біржола түңілді.
Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін
түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодал-рулық билеп-төстеушілерді
аяусыз әшкереледі және халықты өнер-білімге шақырды.
Абай орыстың жер ауып келген 70-80 жылдардағы революционерлермен
танысады. Солардың бірі - Е.П. Михаәлиспен таныстығы үлкен достыққа
айналады. Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек
көрсетті. Орыс халқының рухани мәдениеті мен білімінен нәр алған Абайдың ой-
өрісі мейлінше кеңейді. 1886 жылдан бастап ол Крылов, Пушкин, Лермонтов
шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Абай тек қана ақын емес, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете
бағалаған адам болды. Ол өзінің Евгений Онегиннен жасаған үзінді
аудармаларына да әуендер шығарған. 1889 жылдар арасында - Пушкин есімі оның
кейіпкерлері-Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл қазақ
даласына кең таралды.
Сексенінші жылдардың аяқ кезінде ақын, ойшыл, музыкант Абай халық жақсы
білетін әрі аса қадір тұтатын кісі болды. Оған алыс жерлерден ақындар,
музыканттар, жыршылар келді. Ауылдағы жас талантты ақындар Мұқа, Ақылбай,
Кәкітай, Мағауия, Шәкәрім тағы басқалар Абай төңірегіне топталған.
Абай маңына тек қазақтар ғана емес, шығыс халықтарының қуғынға ұшырыған
озат ойлы адамдары да келеді.
Сібірдегі ссылкадан өз еліне қашып бара жатқан кавказдықтар ауылына айлап
жатып қонақ болады. Абайдың ауылы Шығыстың прогресшіл ойдағы алдыңғы
қатарлы адамдары көптеп келетін орталыққа айналады. Олар Абайдың, оның
айналасындағы өнерлі жастардың шығармаларын жаттап ел арасына таратып
жүреді.
Абайды царизм үшін қауіпті адам ретінде далалық өлкенің генерал-
губернаторына дейін жетеді.
Шындықтың батыл жаршысы, әлеуметтік тәртіптің әшкерелеушісі болған
ақынды приставтар, урядниктер, болыстар үнемі қудалауда болды.
Ру басшыларының бірі - Абайдың қас жауы Оразбай, оның айналасындағылар
қосылып, қолдарынан келген қастандықтарын Абайға жасайды. Ақынның жаулары
Абайға деген халықтың сүйіспеншілігінен қаймықты. Олардың қолынан
келгендері жер ауып келген достарынан айырып, тығыз байланысты үзумен ғана
шектеледі.
Абайдың ақындық шығармалары дала жастарының арасына кеңінен жайылды.
Көптеген жиын-тойларға, қыз ұзатып, келін түсіргенде жыршылар мен
ақындар Абай өлеңдерін айтады. Абайдың өз ауылының қыздары ұзатылғанда
өздерінің жасауларының ішінде Абайдың өлеңдерін, нақыл сөздерін,
поәмаларының қолжазба жинақтарын ала кететін болған. Ондағы көзделген
мақсат жат жұртқа кетіп бара жатқан қыз елдің сағын сындырмасын, Абай
атасының өсиет өлеңдерін есте ұстап, әдепті, көрікті келін болсын деген
тілектен туған. Мысалы: Әсия, Уасила, Рахила сияқты қыздардың сондай
қолжазба жинақтары бүгінге дейін сақталған.
Абайдың үміт еткен оқыған баласы Әбдірахманның өлімі Абайға үлкен соққы
болады.Осы баласына арналған көптеген жоқтау өлеңдер жазған.
Абай творчествосының зерттелуі жайлы атап айтатын болсақ, Абай өлеңдері
мен поәмалар, аудармалар мен ғақлиялардан тұратын әдеби мұрасы үлкен-үлкен
екі том болып басылды.
1918 жылы ақпан-қазан айлары аралығында Семейде Жүсіпбек Аймауытов
редакторы болған Ғылыми-әдеби және шаруашылық журналының 1 санына Абайдың
Лай суға май бітпес қой өткенге өлеңін әпиграф етіп алып, Абай жайлы
көлемді мақала жарық көрген.
1939 жылы М.Әуезов пен Л.Соболев бірігіп жазған 4 актілі 7 суретті
трагедиясы, сахнаға 1940 жылы 30 қазанда қазақ академиялық драма театры
сахнасына қойылды. (Реж-А.Тоқпанов суретшілері- Ә.Чарномский. Қ.Қожықов.)
Пьесада күрескер Абай жан-жақты көрсетілген. Абай ақынның туғанына 95
жыл толуына орай Қазақ мемлекет баспасынан 1940 жылы қазақ тілінде жарық
көрген өмірбаяндық жинағы (Құрастырғандар Е. Ысмайлов пен Қ. Бекхожин).
Абай әндерінің әуені бойынша 1941жылы А.Жұбанов жазған сюита ақынның
шығармашылық күрескерлік қызметін музыка тілімен баяндайтын бес бөлімді
лирик-драмалық шығарма.
1945 жылы орыс тілінде жарық көрген Абай жайлы ғылыми зерттеу еңбек.
(Авторы М.С. Сильченко.) Еңбек он алты мақаладан тұрады. Онда автор Абайдың
балалық, жастық шағын, өскен ортасын, ақынның надандыққа, әділетсіздікке,
зорлық-зомбылыққа күрес жолына тоқталған. Аудармалық шығармаларына, қара
сөздеріне талдау жасалған.
М.Әуезов - жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-
ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚазССРҒА-сының
академигі, ҚазССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік және
Лениндік сыйлықтардың лауреаты. Абайдың бүкіл өмір жолын жиырма жылдай
зерттеп атақты Абай және Абай жолы романын жазып, әлем оқырмандарына
қазақ халқы жайлы толық, жан-жақты түсінік берген.
Абай жолы - М. Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы-
қазақтың тұңғыш әпопеясы. Бірінші-кітабы 1942 жылы, екінші кітабы - 1947
жылы , үшіншісі - 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Әпопеяның Абай
атанған алғашқы екі кітабы ССРО Мемлекттік сыйлығы 1949 жылы Абай жолының
тұтас төрт томына Лениндік сыйлық 1959 жылы ( бір мың тоғыз жүз елу
тоғызыншы) берілді.
1954 жылы Алматы киностудиясы түсірген Абай деректі фильмі жарық
көрді. "Мектеп баспасы" 1976 жылы авторы Қ. Оразалин "Абай ауылына саяхат"
очерктер жинағы баспадан шықты.
1934 жылы Алматыдағы көркем әдебиет баспасынан жарық көрген Абайдың
Таңдамалы өлеңдер жинағы", Абай Құнанбаевтың 1936 жылы Москвадан Алматыға
Қазақстан өлкелік баспасы дайындауымен шыққан орыс тіліндегі кітабы.

1956 жылы "Абайдың қара сөздері" (авторы X. Сүйіншәлиев).
1986 жылы Пекиндегі "¥лттар" баспасынан "Абай қара сөздері" жарық
көрді.
Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. (Мектеп
баспасынан авторы Қ. Өмірәлиев). Кітапта Абайдың нақыл сөздерін сабақта
пайдалану жолына тоқталған.
"Абай - сатирик" жинағы ақынның 125 жыл толуына байланысты баспадан
шықты.
¥лы ақынның мұрасын танып білу мақсатымен республикалық жоғарғы оқу
орындарында арнаулы пән Абайтану арнайы курсы Абайтану сабағы өтіледі.
Абайтану бағдарламасы ұлы ақын мұрасы туралы ізденістер мен зерттеулердің
бірізге түсіп жүйеленген жоспары.
1995 жылы Абай әнқиклопедиясы (бас редакторы Р.Н. Нұрғалиев
басшылығымен ) Атамұра баспасынан жарық көрді.
Әнқиклопедия қазақтың ұлы ақыны данышпан перзенті, қазақ жаңа жазба
әдебиетінің негізін салушы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың (1845-1904 ж.ж.)
өмірі мен шығармашылық жолына арналған. Абайдың өскен-өнген ортасы, бай
мұрасы, дүниеге көзқарасы, әстетикалық, поәтикалық қоғамдық-саяси пікірлері
сөз болады.
Бүгінгі таңда Абай туралы, оның шығармалары жайлы сөз қозғағанда
қазіргі ұғым түсініктер деңгейіне көтеріле, бұрын-соңды айтылғанды жинақтай
айту қажет екені мәлім. Осы тұрғыдан келсек, Абайдың шығармашылық өнеріне,
ақындық тұлғасына, жекелеген өлең, дастандарына қатысты әр кезде айтылған
сын пікірлерге де назар салуға болады.
Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын
ауызға аламыз. А Байтұрсынов 1913 жылы Қазақ газетінде басылған Абай-
қазақтың бас ақыны атты мақаласында:
Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын
болған жоқ,-деп Абайды аса жоғары бағалады.
Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі
ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы
деректер жетерлік \Р. Мұсаұлы Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы. Абай
журналы 1993ж. 9-13беттер.\ -Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын
қарастырылып, 1909 жылы Санк-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің
жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңқерін қосып санағанда)
және Ескендір мен Масғұт поәмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі
поәзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап
айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы
мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.
Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы
жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын оған кірген Кәкітай
Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың
көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі - екілі ғана екенін жене ақын
өзі қолмен жазған жазбалары сақталмай шығармалары түгелдей дерлік
М.Бүкеүлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл жинақтың мәні зор
екені анық.
Абай шығармаларына қатысты жеке деректер туралы айтсақ, ақынның көзі
тірісінде 1903 жылы Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша
басылған. Ресей біздің Отанымыздың географиялық баяны атты көп томдық
жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада: Абай-қазақтың
әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі - деген баға берілгенін көреміз.
1914 жылы Санкт-Петербургте шыққан По киргизской степи деген
кітабында Дм.Львович (Иванов Дмитрий Львович-кейбір кітаптарында авторын
солай көрсеткен.) Татьяна хаты ел ішінде әнге салып айтылып жүргені
туралы нақтылы дерек келтірілген.
Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтарға ілесе Абай шығармашылығы
жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын шығармаларын жүртшылыққа танытуға
Н. Рамазанов, Ғабдрахман Сағди және Н.Н.Белослюдов т.б. да ат салысты.
Бұлардың еңбектерінің Абай шығармашылығын сипаттап, бағалаудағы мәні
әркелкі болса да, ақын шығармаларын насихаттауға қалайда үлес қосқанын
білеміз.
Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс
көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 жылы М. Әуезов бастырған жинақтардан
(мұнда М.Әуезов бастырған жинақтардан өмірбаяны берілген) және 1934жылы
жарық көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым
қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады.
Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М Әуезов болды.
Әуезов өзінің Абай жолы әпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын
дүние жүзі оқырмандарына толық танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе,
ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтың Абай жөніндегі
зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылды. Әсіресе, 1957 жылы
Ғылым баспасынан жарық көрген, М. Әуезовтың басшылығымен және тікелей
қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының
Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет.
40-50 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде
жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, әстетикалық,
философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін,
ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген
еңбектер жарық көрді. Абайтану ғылымына Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев,
Қ.Мұхамеджанов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев,
М.Мырзахмет, А.Ысқақов, Р. Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты.
Абай шығармаларын қалай түсініп, қаншалықты терең талдап дұрыс бағалап
жүрміз деген мәселе ойлануға тұрарлық.. Абай сөздерін түсінудің оңай түсе
қоймайтынын кезінде А.Байтұрсыновтың атап айтқаны тегін болмаса керек.
Мүхтар Әуезов Абайдың өмірбаяны атты зерттеу еңбегінде былай дейді:
Абай өзі бір жазып тастаған өлеңін қайтадан жоқтап, жинап отырмаған.
Әрқашан, кейде кітап оқып отырғанда, кейде жай бір оймен қозғалып
отырғанда, қолына қағаз, қарындаш алып, айтпақ ойын өлең етіп жазады екен.
(М.Әуезов, Абайдың өмірбаяны, А. Құнанбаев шығармаларының екі томдық толық
жинағы.1957, 2-том, 55-бет).

Ғ. Сағди Абай атты мақаласында былай дейтіні бар: Абай барлығы 5313
жол шамасында өлең жазған. Бұлардың ішінен орысшадан тәржіма қылғаны 1700
шамасында соңғыларын шығарып тастағанда, Абайдың нақ өз тарапынан шығарған
өлеңі 3612 жол шамасында болады.
Ақын мұрасының құндылығы санымен емес, сапасымен өлшенетіні ешбір
толассыз.
Абай халықтың мұңын мұңдап, өмірде әділетсіздік, қиянатшылдық көп деп
налыған болса, оны өмірден торығушылдық, күйгелектік деп санау мүлде
орынсыз.
Ендеше, М.Әуезовтың 1922 жылы жазған Қазақ әдебиетінің қазіргі
дәуірі атты мақаласында айтқан Абай өлеңқерінде сүлдері құрыған зар да,
әлі құрыған уайым да жоқ, оның орнында қазақ өмірінің кем-кетігін түсінген
көзі ашықтық бар, дәлелдеп ауруын тауып, емін айтқан шырақтық бар. Абай
қазақтың жасына: Білім жарығына ұмтыл, адал еңбек ет, парызыңды атқар,
-дейді.
Бірде жыр алыбы Жамбылдан Абайдың ақындығына байланысты қандай пікір
айтасың?-деп сұрағанда XX ғасырдың Гомері атанған ұлы жырау:

- Абай ақын емес, ол - ғұлама депті.

Ия, Абай-өзіне теңдесі жоқ ғұлама екенін уақыт дәлелдеп отыр.
Абай-тұтас бір халықтың рухани әлемі. Кемеңгер ойшыл, данышпан Абайдың
артында қалдырған мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетер, мәңгілікпен ұласар асыл
қазына.
Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы бүгінде егеменді мемлекетін құрып,
төрткүл дүниеге танымал болуы Абайдың: Мынау азған - қу заман қалыбында
тұрмайды -деген ұрпағына байлаған үкілі үмітінің орындалуының дәлелі.

1.2. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту

Ия, тәуелсіздіктің жарқын таңы атты. Ата-бабамыз армандап, аһ
ұрып аңсап өткен күнді көру бақыты біздің маңдайымызға жазылыпты. Ақты ақ,
қараны қара деп жалтақтамай, ешкімгө жалбақтамай сөйлеу еркіндігіне қол
жетті.
Ендеше, Абай мүрасын оқытуда да бұрын айта алмай, бата алмай келген
көп жайды жас үрпаққа білгірлікпен, білімділікпен жеткізу, тереңінен
тартып, сөз ұқтыру-ұстаздар қауымының алдында тұрған өрелі міндеттердің
бірі.
Азат елдің азаматы егеменді елінің тұтқасын қолына берік ұстайтын,
тәуелсіздіктің мән-мағынасын терең түсінетін сабырлы, сауатты әкономика
құпиясын меңгерген, салауатты азамат болуы қажет. Ол үшін бүгінгі
үрпағымызды осы талапқа лайықты азамат етіп тәрбиелеуде ұстаздар алдында
үлкен міндет тұр. Сол міндеттің бірі -бастауыш сыныптан бастап, оқушыларға
жан-жақты білім беру, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту. Балалардың
сөйлеу тілі отбасынан басталып, мектепте қалыптасып дамиды. Дүниеге көзін
ашқан бала алғашқы сөзді үйде үйреніп, ана сүтімен бірге бойына сіңіреді.
Әрі қарай сөздік қорды көбейту жолын мектепте жалғастырады. Отбасында
балалар кейбір заттардың атауларын білгенімен, оның мағыналық жағына көңіл
аударуға қабілеті жете бермейді. Айтылар сөздің нәзік сырларына терең
бойлай алмайды. Мүны оларға үйрететін - мұғалімдер. Бұл міндетті атқаруда
ана тілі пәніне сүйену керек. Ана тілі пәнін жүйелі, жан-жақты оқыту арқылы
оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге көркем шығармаға дегөн
сүйіспеншілігін де оятуға болады. Өркениетті елдерде өз ана тілін терең
меңгерту осы тілді көркейтуге үлес қосқан әрбір ақын-жазушыларды білу басты
парыз.
Ана тілі пәні арқылы оқушының рухани дүниесі байиды, тіл байлығы
артады, өмірге деген көзқарасы оянады. Осыны түсінетін тақырыптарды өткенде
заман ағымына сай сабақ беру әдісін жетілдіруді ойлауы қажет. Сол арқылы
сабақтың сапасы мен тәрбиелік маңызын арттыру үшін шығармашылдықпен
ізденгені орынды.
Оқушылар көптеген ақын-жазушылардың өмірімен, шығармаларымен бастауыш
сыныпта-ақ танысады. Осы кезден бастап баланың тіл байлығын оның әдеби даму
дәрежесіне көңіл бөліп, назар аударып отыру қажет. Ол үшін баланы сөйлету
керек: сөйлеу арқылы ой өрісі мен тіл орамы байқалады. 2,3 - сыныптан
бастап өлең, әңгіме, ертегі оқып жүргенін, түсінігін қалай айтып береді,
кітап оқуға құмарлғы, ынтасы қандай екенін бақылау үшін сұрақ-жауап түрінде
өткізуге болады. Әңгіме үстінде оқушының сөзін бөлмей, қысылмай, еркін
сөйлеп, өз айтатын ойын еркін жеткізуіне жағдай жасап отырған жөн. Ана
тілінен әрбір өтіліп жатқан шығармаға деген оқушы қызығушылығын оятуда
мұғалім өзі үлгі көрсетіп, яғни мәнерлеп әдемі дауыспен оқи білуі, шебер
тілмен, түсінікті де жатық сөздермен, тиімді көрнекіліктерді пайдалана
отырып, жан-жақты дайындықпен жеткізе білу ауадай қажет. Ол үшін тек
өтілетін тақырыппен шектеліп қалмай, соны жазған автор туралы шығармадағы
басты кейіпкер, оның балалық, жастық кезеңдерінен үзінділер айтылып, оны
байланыстыра отырып, соларға лайық суреттерін көрсетіп, оқушының ойын
оятып, жанын баурап, қиялына қанат бітіретін әсерде сабақ өту қажет. Сонда
ғана оқушының ана тілі пәніне, сол арқылы көркем шығармаға деген
қызығушылығы пайда бола бастайды. Бастауыш сынып бағдарламасында қазақтың
көптеген ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділер берілді дедік;
осылардың ішінде Абай Құнанбаевтың туындыларын өткен кезде ұлы адамның
балалық-жастық шақтарынан қандай үзінділер айтуға болады, соның
бірсыпырасына тоқталайық. Бастауыш сыныпта Абайдың Күз, Адам болам
десеңіз, Қыс, Жаз, Жазғытұрым деген өлеңдерін өтуге 5 сағат
бөлінген. Осы кезде бастауыш сынып мұғалімдерінің басты міндеті -
оқушылардың бойында поәзияға, лирикаға деген түсінігін ояту. Себебі бұл
жастағы балалар әсершіл, еліктегіш, тез қабылдағыш келеді. Сондықтан осы
әсерлерді Абай шығармаларын өткен кезде шебер, орынды пайдалана білуге
болады. Олай дейтініміз, Абай - қазақ мәдениетінің тарихында орны зор,
замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға. Сондықтан да ақынның
әрбір шығармаларын өткенде өмір жолынан бірте-бірте күрделендіріп мәлімет
беріп отырамыз. Ондағы мақсат оқушылар Абай шығармаларын шын ықыласымен
оқып, үйреніп, ақынның өзін құрмет тұтып, үлгі-өнеге алатындай етіп
тәрбиелеу.

Асыл сөзді іздедесең, Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең, жаттап оқы көңілге, - деп Сұлтанмахмұт
айтқандай, келешек ұрпаққа Абай өмірін оқыту барысында берілетін өнегелі
тәрбие ұшан - теңіз. Абайдың ақын болып қалыптасуына жастайынан ықпал еткен
жағдайларды жекелей анықтап, дәлелдей оқытамыз.
Себебі, жалпы тәрбие, білім, оқуға құштарлық, мәдениет жайлы алғашқы
түсініктер отбасынан басталып, өсе келе қоршаған ортадан, жора-
жолдастарынан, ұстаздарынан үйренеді, үлгі алады.
Абайдың балалық кезеңінде де осы жағдайлардың әсері болғанын
біртіндеп түсіндіреміз. Абай жайлы алғашқы түсінікті былай бастаймыз.
Абай осы күнгі Семей облысында Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руында
Құнанбай жанұясында 1845 жылы дүниеге келген. Сырт көзге момын, сылбыр,
аңғал көрінетін Абайды ата-балаға сыншы - дегендей, әкесі Құнанбайдың
ерте танығанын, оны Семейдегі діни медресеге оқуға бергенін айта келіп, сол
кездегі суреттерін көрсете отырып, жас Абай діни оқумен шектелмей өз-
бетінше бастауыш орыс мектебінде оқығанын, арабша да хат танығанын, көркем
әдебиеттерді өзінше оқып, білімін жетілдіріп отырғанын айтамыз. Осыған
орай, қазіргі заман талабын да естеріне сала кетіп, шәкірт Абайдың білімге
деген ынта-ықыласын оқушыларға үлгі ете әңгімелейміз.
Мейірімді Зере әжесінен көп ертегілер, халықтың өткен тарихы жайлы
әңгімелер тыңдағанын, сол арқылы халықтың бай мұралары, ауыз әдебиетінен
сусындағанын қызықты, түсінікті тілмен жеткіземіз.
Одан кейін 3-сыныптағы шығармаларын өткенде 2-сыныптағы Абай жөнінде
алған білімдерін сұрақ-жауап әдісімен жинақтап, қорытып алып, Абай жөнінде
түсінігін тереңдете түсеміз. Ол үшін Абайдың кітапты өз бетінше көп
оқығанын ертегі, жырларды, дастандарды, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді
Зере мен ¥лжан сияқты дана аналардан ғана естіп қоймай, Барлас, Байкөкше
сияқты ақын-жыршылардың қасында айлап болып, солар айтқан халық
дастандарын, батырлар жырларын сүйіп, тыңдап, жаттап, қүлағына құя, қанына
сіңіре білгенін, әкесі Құнанбай Абайды жасынан өзімен бірге ала жүріп,
үлкен өнегелі отырыстарды көрсетіп, небір дүлдүл шешендердің асыл сөз,
абзал қасиеттерін әділ биліктерін тыңдатып, сабақ еткенін айтамыз. Абай
құнарлы бай тілді, адамгершілікті, парасаттылық пен имандылықты халықтан
алды. Осындай көңілі ояу, көзі ашық, білікті әке дәстүрі баладан-балаға
жалғасты. Абай да өз балаларын оқытып, халық адамы етіп тәрбиеледі.
Имандылық тәрбиені үлгі ете отырып, адам болу жолын ғылыми тұрғыдан
шығармаларында көрсете білді. Мысалы; Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Ғылым таппай мақтанба, Баламды медресеге біл деп бердім, -дей келіп, өз
өмірін кейінгі жастарға сабақ етеді. Өзінің айналасындағы соңына ерген
жастарды жақсы адамгершілік қасиеттерге тәрбиеледі. Міне, ұлы Абай
бойындағы осындай игі қасиеттерді бастауыш сынып оқушыларының санасына
әрбір Абай шығармасын өткенде бірте-бірте сіңіре отырып, алған білімдерін
дағдыға айналдырған дұрыс. Абай атасы сияқты кітап оқуға, халқының асыл
мұраларын қадірлеп, елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу ұстаздар міндеті деп
білеміз.

Сұр бұлт, Күз
Бұл өлең 2 сыныпта өтіледі. Абайдың бұрынғы сыныпта өткен өлеңдері
жайлы, Абайдың туып - өскен ортасы жайлы сұрақ-жауап әдісімен сұрап ойға
түсіріп аламыз.
Бүгін Абайдың күз суретіне арналған Сұр бұлт өлеңін өтеміз, деп
өзім жақсылап мәнерлеп оқып беремін. Мазмұны бойынша әңгіме жүргіземін.

Мұнда ақын күздің түсуін суреттейді.
Табиғат құбылысы жағынан алғанда күздің түсуін нендей белгілерімен
дәлелдеуге болады?
Аспанды сұр бұлт қаптайды, тұман көбейген, жасыл шөп жоқ, қайыршы
кемпір-шалдай ағаштар жапырағынан айырылған, қаз, тырна кете тастаған.
Біз күздің түсуін табиғат құбылыстары жағынан дәлелдедік. Ал, енді
күздің түсуін көшпелі ел тірлігінің көріністері жағынан дәлелдеуге бола ма?
Бұрынғыдай жүгіріп ойнаған бала жоқ, әйелдер қыстың қамын ойлап,
малма сапсып, тері илейді, жас әйелдер жыртық үйін жамайды, қай ауылды
көрсең де, күлкі, сейіл-серуен жоқ, жабырқаңқы, суық келе бастаған.
Осы өлеңде қоныстың жайы, мал шаруашылығы жағынан күзге тән қандай
белгілер бар?
Жылқы ойнап, бие қашып, тай жарысқан, күзеу тозған, жел соқса, шаң-
тозаң көтеріледі, ыстан қорқып, жұрт әлі үйіне от жақпаған.

Иттер неге ауылға тұрмай, тышқан аулайды?

Жұрт соғым соймаған, оларға сүйек-саяқ, сорпа-су жетіспейді.
Өлеңде қай кездегі өмір көрінісі берілген, күздің келуінен әсіресе
кімдер қорқады?

Күздің келуінен әсіресе жыртық үйлі, қыс киімі жетімсіз кедейлер
қорқады. Көңілсіз күзге жабырқайтын да солар. Өлеңнен еңбек көрінісі
сипатталған шумағын бір оқушыға оқытамын. (Еңбек көрінісі кедейлер
төңірегінде).
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Бұл еңбек көріністерінің кедейге тән екенін қайдан білеміз?
Олардың киімі жыртық, үйлерінің киіздері тозған, малма сапсу-тонның
қамы, шудан жіп иіру - шекпен тігудің қамы.

Қыс өлеңінде Абай:
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
бет қарауға шыдамай сырт айналды - дейді. Ол кездегі малшының бар
киімі шидем (шекпен) мен тон ғана болған.
Түйіндеудің бір тәсілі ретінде өлеңге ат қойғызамын және тақырып
жайлы ұғым беремін. Өлеңнің тақырыбы - күздің түсуі.
Соңынан өлеңді 1-2 оқушыға тұтас оқытып, өлеңде кездесетін Сұр
бұлт, көңілсіз қара суық деген сияқты әпитеттер мен Қайыршы кемпір-
шалдай ағаш деген теңеулерге оқушылардың назарын аудартамын.
Мен ІҮ курста Ы. Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық -әстетикалық
мектебінде іс-тәжірибе барысында оқушыларға Абайдың Күз өлеңін қазіргі
таңдағы күзбен салыстыра өттім. Абайдың Күз өлеңі:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан, - деп суреттелсе, қазіргі
таңдағы күз тіптен бөлек.
Біз күздің белгісін еңбек науқаны, егін, жиым-терім, малшылық,
тоқшылық, береке, мереке белгісімен елестетеміз.
Сонымен қатар, оқушылардан Күзгі еңбек суреті мен тірек сызба
арқылы күз ерекшеліктерін сұраймын.
Күз - қауырт жұмыс кезі. Неліктен?
Күз береке, күз -мереке. Неге олай ойлайсыңқар?
Алтын күз. Күзді алтынға теңеу себебіміз неліктен? (оқушылар осы
сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салады).
Үйге мәтін соңындағы сұрақтарға жауап тапқызып, ауызша мазмұндап
келуді сонымен бірге Күздің түсуі деген тақырыпқа еркін шығарма жазып
келуді тапсырамын. Жазып келген шығармаларды тексеріп, класта талдау
жүргіземіз.

Қыс
Абайдың табиғат лирикасына берілген Қыс өлеңін өтуге 3-сыныпта бір
сағат берілген. Өлеңнің тақырыбын тақтаға жазып, бүгінгі өтетін өлеңнің
авторы Абай Құнанбаев жайлы түсінікке (кіріспе кезеңде) 2-3 минуттық
мағлұмат береміз. Партаның ортаңғы қатарында тұрып жатқа өзім айтып
беремін. Содан соң, кітапты ашып, оқушыларды қаратып тағы оқимын. Бұл кезде
оқушылар оқу мәнеріне назар аударып отырған жөн.

Осыдан соң мынадай үш түрлі жұмыс жүргіземін.
1). Өлеңді оқушыларға оқытып, мазмұндату, мағынасын ұғындыру;

2). Өзім теориялық мазмұнын түсіндіремін;

3). Оқушыларға іштен оқуға және жеке оқушыларға мәнерлеп оқытамын.

Өлеңді мазмұндауды былай бастаймын.
Абай өлеңде бұрынғы дала жағдайындағы қыс суретін, сол табиғаттың өз
көрінісін көрсеткенін, қысты жанды адам (аяз ата) бейнесінде бергенін
оқушыға түсіндіру үшін өлеңнің алғашқы 3 шумағын оқып талдау жүргіземін.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Мұнда қар басқан дала суреті берілген.
-Өзі соқыр, өзі мылқау, яғни ешкімді танымайтын, ақ киімді, денелі, ақ
сақалды, үсті-басы ақ қырау, басқан жері сықырлап келіп қалған бұл кім?

-Ол -қыс, аяз шал.

-Ол не үшін соқыр, мылқау?
-Қыс адам, мал ғана емес, жан-жануар, жәндік, өсімдік үшін де жайсыз,
рақымсыз.
-Адамның тынысы - ауа, қыстың тынысы не?
-Оның дем алуы үскірік, аяз, қар.
-Қыс суреті аяз шалдан басқа тағы кімге ұқсатылған?
-Ол жылда маза бермейтін қазақтың кәрі құдасына ұқсатылған.
-Бұл дұрыс пікір. Қазақта қыз беріп, қыз алысқандарды Құда деген.
Бұрынғы кезде құданың малы қыстан жұтап қалса, ол қыстан малы аман шыққан
құдасына маза бермеген, мал алуға келе берген. Ақын қысты да сондай мал
алуға келген кәрі құдаға меңзейді. Қыстың мал алуға ғана келетіні - қар
қалың, қыс қатты немесе мұздақ болса, арқада мал қарды теуіп, шөп тауып жей
алмай, жұтаған. Қатты қыс келсе, шаруаға жұт бірге келген. Жұт малды
тақырлап кетететіндіктен, ол алдымен кедей шаруаларға қиын болған. Абайдың
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды дегені сол.
Сондай түсі суық, шаруаға жайсыз қыстың қаьарын ақын тағы қалай
суреттеген? (оқушыға оқытамын)
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе, қар жауып, мазаі-щы алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды. -Осы бөлімге не деп ат қойсақ
болады? -Қыстың келуі деп ат қоямыз. Бұдан соң екінші бөлімін өзім
оқып беремін.
Ой шақыру стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға мынадай сұрақтар
қою арқылы жұмыс жүргіземін.

-Қысты кім, қалай қарсы алған?
Бет-аузы домбығып, үсік шалған балалар қысты әуес көріп жүгіріп
ойнайды. Ал бай малының соңында жүрген тон сыртынан шиделі, шекпен киген
жалшы желге қарай алмай теріс айналады.

-Малдың жағдайы қандай?
Қар теуіп үйренген жылқының титығы құрыған, ашыққан. Қыспен бірге
малға қасқыр ауыз салған.

Ақын жылқышыларға не деп ақыл береді?
-Жылқыны соныға бағып, жақсы күзетіңдер, ұйықтамаңдар, қыс қамалын
бұзыңдар, жылқыны қасқыр жегенше, Қандыбай, Қанай жесін, ит-құсқа малды
алдырма,- дейді Абай.

-Қандыбай, Қанай дегендер кімдер?
-Байларға қыс айларында шөбін, жерін беріп соғымға мал алатын
кедейлер.

-Абай қыстан нені қорғау керек дейді?

Малды қорғау керек дейді.
-Сонда Қыс өлеңінің II бөлімінде көбіне ненің жайы айтылған?
-Малдың, шаруаның жайы әңгімеленген.
Бұл тұста біздегі мал қыстаудың жалпы халықтың мәніне баланың көңілін
аудартамын.

Өлеңді 1-2 оқушыға оқытып, тұтас мазмұндатамын.
Өлеңді қорыта келе, бұрынғы қыс пен қазіргі қысты салыстырып түсінік
беремін. Қысқа әрбір адам үйін, қыстық киімдерін, егістік жерлерін, мал
қораларын, жем-шөптерін дайындау керектігін айтып түсіндіремін.
Осыдан кейін әдебиет теориясы жайлы түсінік беремін.
Оқушыларға:
-Өлеңнің ішіндегі теңеуді тауып оқимыз.
-Бұлттай қасын жауып екі көзін.
-Теңеу - дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы арқылы жасалынатынын білу
керек.
Пәнаралық байланыс жасау мақсатымен қандай? деген сұраққа жауап беріп
тұрған сөзді табамыз.
-Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. -Жанды деп кімді айтып тұр? -Ол
адамды, жаны бар нәрсені айтады.
Үйге тапсырмаға Қыс өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап келу. Мен қысқа
қалай дайындаламын деген тақырыпта шағын шығарма жазып келуді тапсырамын.
Екінші топқа өлеңнен өзіне ұнаған жерінің суретін бейнелеп салып кел
деп тапсырма беремін.

Жазғытұры
Бұл 3 сыныпта өтіледі. Жазғытұры өлеңі - Абайдың табиғат суретіне
құрылған ең көркем лирикасының бірі. Өлең негізгі екі бөлімнен тұрады:

1). Көктемнің шығуы;

2) Қыс пен жаздың, ай мен күннің таласы.
Осы екі бөлімді өзім жақсылап жатқа айтып, сосын мәнерлеп оқып
көрсетемін.
Оқушылардың өзіне оқытып, әр шумағын бөлек-бөлек талдаймыз.

Талдау әдісі - сұрақ - жауап;
Мақсаты - табиғат суреті мен өмір көріністерінің жазға тән белгілерін,
өлеңнің мазмұны мен тілін анықтап, оқушыға меңгерту.
Өлеңнің тақырыбын Сұр бұлт өлеңімен қарсы қойып салыстырып өтеміз.
Өлеңнің бірінші бөлімін (11 шумақ) оқып берген соң, онда не жайлы
әңгімелегенін анықтап аламын да, ондағы басты-басты суреттерге оқушылардың
назарын аудартамын. Мәтіннен сұрау, жауап жолымен анықталатын нәрселер:
1). Жаздың шығуының күн көзімен байланыстылығы (ата-анадай елжірер
күннің көзі);
жаз боларда жылы жақта тұратын құстардың келетіні (жаздың
көркі енді жыл құсымен);
қыстың көрге, жаздың қуанышты өмірге теңелгені (көрден жаңа
тұрғандай кемпір мен шал, жалбаңдасар өзініңтұрғысымен);
жаз қуанышының барлық елге ортақтығы (қырдағы ел ойдағы
елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасуы; жастар сайраны);

5) шулаған мал қызығы, дуылдаған құрт-көбелек;

6) гүл мен ағаштардыңтолысып, судың бұралып ағуы;

7) көк дауылпазға қаз, үйрек ілдіру;
8) боз торғай мен бұлбұлдардың әнге басып, оларға байыз,
көкектің үн қосқаны;
9) дихандардың егін салуы, шаруа малының төлдеуі;
10) жердің анадай малды-жанды емізіп тойындыруы;
11) мал семіріп, ақ пен астың молаюы;
12) жаздың келуіне қара тас пен сараңнан (байдан) басқаның
пейілі кеңіп, адамның бойы балқып, іші еритіні, осы қуаныштың бәрін
жинақтайтын жер:
Кемпір - шал шуақ іздеп, бала шулар, Мал мазатсып, қуанып, аунап-
қунар. Жыршы құстар әуеде өлең айтып, Қиқу салар көлден қаз бен
қулар, -дейтін сөз.
Абай жаздың шығуын аса шебер, дәл суреттеген. Жаз жерді гүлге бөлеп,
идіріп қана қоймай, адамзат пен жан-жануар, құс -көбелектерге дейін қызықты
бір өмір кезеңін тудырады.
Талдау үстінде жыл құсы, көк дауылпаз сөздеріне түсінік беремін.
Жыл мезгілдерінің ауысуын Абай заңды деп біледі де, шендестірілген
сурет жасайды.
Күн жақта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарылқамай.
Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып бола алмас бұрынғыдай.
Ақынның суреттерінде түн мен күн бәсекелес бейне болып көрінеді. Сол
түннің (қыстың) азалы көрпесін сілкіп тастайтын нәрсе - күн (жаз).

Ең соңғы шумақ жазғы күннің батуына арналған.

26

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жылып тұрады
жан лебізің. Қызыл арай, сары алтын шапағына Күннің кешке
кіргенін көрді көзім.
Өлеңнің бұл бөлімін де оқытып, сұрау арқылы балаларды осылай
образдаудың (жандандыру, шендестіру) сырына жеткізу керек. Сұрақтар:
-Ай мен жұлдыз қай кезде кісімсінеді?
-Түн жарығы мен күн жарығының таласы неде?
-Ақын күн мен жерді қалай жандандырған?
Мұндағы теңеулер: ата-анадай, көрден жаңа тұрғандай, бейне әкөңдей;
Метафоралар: күн көзі - ата-ана, күн-күйеу, жер-қалыңдық. Аяғында
өлеңді оқушының өз сөзімен тұтас мазмұндатамын.
Жазғытұры өлеңі үстінде қорытынды ретінде оқушыларға табиғат
суреті (пейзаж), жайлы түсінік беремін. Бұл үшін балаларға:
-Біз Сұр бұлт, Жазғытұры деген өлеңдерді оқыдық. Осы өлеңдердің
суреттейтін басты оқиғасы не? -деп сауал қоямын.
Оқушылар жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі ана тілі
Бастауыш мектеп оқушыларын әдебиеттік оқу сабақтарында Абай шығармалырын оқыту арқылы тәрбиелеу
Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс-тәсілдері
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде Абай шығармаларының маңызы
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру
Мұхтар Əуезовтың шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту туралы
Бастауыш сыныптарда Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқытудың маңызы
Пәндер