О. Жанайдаровтың поэтикалық аудармалары



КІРІСПЕ
І БӨЛІМ
ПОЭТИКАЛЫҚ АУДАРМАНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
ІІ БӨЛІМ
О. ЖАНАЙДАРОВ АУДАРУЫНДАҒЫ МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІ
ІІІ БӨЛІМ
О. ЖАНАЙДАРОВТЫҢ М. МАҚАТАЕВ ПОЭЗИЯСЫН АУДАРУДАҒЫ ШЕБЕРЛІГІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жанайдаров Орынбай Күленұлы – ақын, драматург, ғалым, тарихшы, аудармашы, Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби жүлдесінің лауреаты.
1951 жылы 15 сәуірде Көкшетау облысының Александровка ауылында дүниеге келген. 1969 жылы орта мектепті бітіріп аудандық газет баспасында әдеби қызметкер қызметін атқарды.
1971 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, оны 1975 жылы бітіріп шықты. Красный яр, Зеренді ауылдарының мектептерінде орыс тілі және әдебиеті мұғалімінің қызметін атқарды. 1982 жылы Алматы қаласының «Жазушы», «Жалын», «Ғылым» секілді баспаларында редактор болып содан соң Тарих және Этнология институтының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Республика төңірегінде және шет елде танылған «Ночной поезд» - «Жалын» (1982), «Шел степью человек» - «Жазушы» (1985), «Дорога на Тенгиз» - «Жазушы» (1989), «Млечный путь» - «Жазушы» (1991), «Озера степные» - «Ғылым» (1999), «Тысяча окон в степь»(2001), «Сестра моя – свобода» (2004) атты жинақтардың авторы әрі лирик ақын О. Жанайдаров өзінің бүкіл ғұмырын қазақ поэзиясын аударуға арнауды мақсат етті. Бұл мақсатының бірден-бір себебі, қазақ тілі – ана тілі болып табылатын ақын орыс тілінің де жетік маманы әрі екі мәдениетті бойына жинаған Азия және Еуропа әдебиетінің, лирикалық поэзиясы, тарихы мен этнологиясының толыққанды білгірі.
Ақын көбінесе классикалық қазақ поззиясын аударумен шұғылданған. Ол орыс тіліне ежелгі түрік және қазақ ақындарының туындыларын аударған.
Жанайдаров әуелгі табиғатынан ақын, және Маяковскийдің айтуы бойынша сонысымен оқырманның қызығушылығын танытады. О.Жанайдаровтың «Ночной поезд», «Шел степью человек», «Млечный путь», «Дорога на Тенгиз», «Озера степные», «Тысяча окон в степь», «Сестра моя - свобода» атты кітаптарындағы бағыт анық айқындалған. Бала кезінен Орынбай әрбір алған әсерін ойға салып, қорытуды әдетке айналдырған. Оның өмірбаяны қарапайым: басқа да тәрбиелі жерден шыққан азаматтар секілді мектеп, институт бітіріп, мұғалімдік, әдеби қауымдастыққа мүше болу сияқты қызметтерді атқарған. Содан соң, ерекше ырғақты өмірге араластырған республикалық баспада жұмыс істеген. Қандай да бір жұмысты қолына алса да үлкен жауапкершілікпен, ұқыптылықпен атқарған және сол жұмыс көңілінен шығып оны аяғына дейін жеткізу үшін жаны тыныштық таппаған қызу қанды ақын. Оның жұмысына деген мұндай қатынасы өлеңдерінен бірден көзге түседі.
"«Сафар-наме» жанрында еркіндікке бой алдырған, жаны тынышсыздыққа толы О. Жанайдаровтың маргиналды поэзиясында түрлі уақыт пен заманның тосын қақтығысы бейнеленеді. Бұл аспектіде ақынның тұңғыш кітабының бейнесін анықтайтын «кеңістік - уақыт» айналымына тікелей жанасатын уақыт машинасының бейнесі басты рольді ойнайды. Уақыт кеңістігінде саяхат идеясы Жанайдаровтың екінші кітабы үшін басты ұстанымы болып табылады.
1. Жанайдаров Орынбай. Алматы: Искандер, 2006. -52 б.
2. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973.
3. Қаратаев М. Поэзия мұраты. // Қазақ әдебиеті. 1971. 23-қыркүйек.
4. Сагандыкова Н. Основы художественного перевода. – Алматы: Санат, 1996. – с. 207.
5. Бельгер Г. Ода переводу. – Алматы: Дайк пресс, 2006. – с.400.
6. Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. – Алматы:
Ғылым, 1975. - 286 б.
7. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – Алматы: Жазушы, 1987, - 232 б.
8. Тарақ Ә. Аударма әлемі. – Алматы: Қазақ университеті, 2007, - 242 б.
9. Эткинд Е. Поэзия и перевод. – Москва: Сов. Писатель, 1963. -420 с.
10. Ереуіл атқа ер салмай. – Алматы: Жазушы, 1989, - 232 б.
11. Кодар А. Зов бытия. – Алматы: Таймас, 2006. -525 с.
12. Жанайдаров О. Переводы из каз. клас. поэзии. Т.2. – Алматы: Дайк пресс, 2007. – с.400.
13. Әлімқұлов Т. Шығармалары.
14. Мақатаев М. Өлеңдер мен поэмалар. 3 том. – Алматы: Жазушы. 1993.345 б.
15. Жанайдаров О. Когда спят лебеди. – Алматы: Дауир, 2002. с. 268.
16. Жанайдаров О. Тысяча окон в степь. – Астана: Елорда, 2004. с. 288.
17. Мақатаев М. Өлеңдер мен поэмалар. 2 том. – Алматы: Жазушы. 1993.345 б.
18. Пушкин А.С. Собрание сочинений. –М. Правда, 1987, т.5. – 446 с.
19. Әуезов М. Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері//Уақыт және әдебиет. – Алматы, 1962.
20. Он ғасыр жырлайды. Алматы, 2006. – 408 бет.
21. Озера степные: Сборник произведений казахской поэзии V-XIX вв./ Перевод О. Жанайдарова. – Алматы: Раритет, 2008 – 256с.
22. Қазақстан жазушылары. Анықтамалық.
23. Мағауин М., Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Алматы, Ана тілі 1992. – 176 бет.
24. Мақатаев М. Армысыздар, достар. – Алматы: 1966.
25. Макатаев М. Зов души. – Алматы: 1981.
26. Магауин М. Поэты Казахстана. – М.-Л., 1978. – 320с
27. Жанабаев Кайрат. Казахский национальный университет имени аль-Фараби. Диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук. Поэтическая система произведений казахских жырау XV-XVIII веков и проблемы ее воссоздания в переводе на русский язык. Алматы, 2007 – 186б
28. Өмірәлиев Қ., Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. А., 1984
29. Жұмалиев Қ., Әдебиет теориясы. – Алматы: Жазушы, 1984.
30. Байтұрсынов А., Шығармалары. Алматы: Жалын, 1989.
31. Қабдолов З., Әдебиет теориясының негіздері. Алматы: Мектеп, 1978.
32. Қоңыров С., Теңеулер сөздігі. Алматы: Ғылым, 1991.
33. «Казахстанская правда», 6, 2003.
34. Әуезов М., ХІХ менХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы. Алматы. 1933 ж.
35. Абылкасымов Б., Жанр толгау в казахской устной поэзии. Алматы. Наука, 1984
36. Байтұрсынов А., Әдебиет танытқыш. Кітапта, Ақ жол. Алматы Жалын. 1991ж.
37. Жамбыл Жабаев., 2 томдық шығ. жинағы. Алматы. Жазушы, 1982 ж.
38. Исмакова А.С., Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль. А., 1998
39. Негимов С., Ақын-жыраулар поэзиясының негіздері. А., 1991
40. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. А., 2000
41. Тлепов Ж., Қазақ поэзиясының тарихилығы. А., 1991
42. Тахан С.Ш., Принципы раскрытия художественного характера в современной казахской прозе. А., 1998
43. Базарбаев М., Казахская поэзия: Художественные искания. А., 1995
44. Дүйсенбаев Ы., Ғасырлар сыры. А., 1970
45. Жүсіпов Қ., Өлең сөздің патшасы. А., 1991

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жанайдаров Орынбай Күленұлы – ақын, драматург, ғалым, тарихшы,
аудармашы, Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық
Алаш әдеби жүлдесінің лауреаты.
1951 жылы 15 сәуірде Көкшетау облысының Александровка ауылында дүниеге
келген. 1969 жылы орта мектепті бітіріп аудандық газет баспасында әдеби
қызметкер қызметін атқарды.
1971 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының
филология факультетіне түсіп, оны 1975 жылы бітіріп шықты. Красный яр,
Зеренді ауылдарының мектептерінде орыс тілі және әдебиеті мұғалімінің
қызметін атқарды. 1982 жылы Алматы қаласының Жазушы, Жалын, Ғылым
секілді баспаларында редактор болып содан соң Тарих және Этнология
институтының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Республика төңірегінде
және шет елде танылған Ночной поезд - Жалын (1982), Шел степью
человек - Жазушы (1985), Дорога на Тенгиз - Жазушы (1989), Млечный
путь - Жазушы (1991), Озера степные - Ғылым (1999), Тысяча окон в
степь(2001), Сестра моя – свобода (2004) атты жинақтардың авторы әрі
лирик ақын О. Жанайдаров өзінің бүкіл ғұмырын қазақ поэзиясын аударуға
арнауды мақсат етті. Бұл мақсатының бірден-бір себебі, қазақ тілі – ана
тілі болып табылатын ақын орыс тілінің де жетік маманы әрі екі мәдениетті
бойына жинаған Азия және Еуропа әдебиетінің, лирикалық поэзиясы, тарихы мен
этнологиясының толыққанды білгірі.
Ақын көбінесе классикалық қазақ поззиясын аударумен шұғылданған. Ол
орыс тіліне ежелгі түрік және қазақ ақындарының туындыларын аударған.
Жанайдаров әуелгі табиғатынан ақын, және Маяковскийдің айтуы бойынша
сонысымен оқырманның қызығушылығын танытады. О.Жанайдаровтың Ночной
поезд, Шел степью человек, Млечный путь, Дорога на Тенгиз, Озера
степные, Тысяча окон в степь, Сестра моя - свобода атты кітаптарындағы
бағыт анық айқындалған. Бала кезінен Орынбай әрбір алған әсерін ойға салып,
қорытуды әдетке айналдырған. Оның өмірбаяны қарапайым: басқа да тәрбиелі
жерден шыққан азаматтар секілді мектеп, институт бітіріп, мұғалімдік, әдеби
қауымдастыққа мүше болу сияқты қызметтерді атқарған. Содан соң, ерекше
ырғақты өмірге араластырған республикалық баспада жұмыс істеген. Қандай да
бір жұмысты қолына алса да үлкен жауапкершілікпен, ұқыптылықпен атқарған
және сол жұмыс көңілінен шығып оны аяғына дейін жеткізу үшін жаны тыныштық
таппаған қызу қанды ақын. Оның жұмысына деген мұндай қатынасы өлеңдерінен
бірден көзге түседі.
"Сафар-наме жанрында еркіндікке бой алдырған, жаны тынышсыздыққа толы
О. Жанайдаровтың маргиналды поэзиясында түрлі уақыт пен заманның тосын
қақтығысы бейнеленеді. Бұл аспектіде ақынның тұңғыш кітабының бейнесін
анықтайтын кеңістік - уақыт айналымына тікелей жанасатын уақыт
машинасының бейнесі басты рольді ойнайды. Уақыт кеңістігінде саяхат идеясы
Жанайдаровтың екінші кітабы үшін басты ұстанымы болып табылады. Лирикалық
кейіпкер бейнесінде рухани, адами қасиеттердің иесі – уақыт кеңістігіндегі
саяхатшы. Рухани байлыққа қаныққан мазмұнын ақын лирикасының негізін
құрайтын хронотоп мынадай: Уақыт немесе Тарих, Кеңістік немесе Дала.
Лирикалық кейіпкер еркіндік нышаны бейнесін салған суретшімен еркіндік
идеалына айналған кейіпкермен кездесуді іздейді.

В машине времени скользим
Секунды, месяцы, века!
Не видел столько лет и зим
Делакруа и Спартака!

Уақыт машинасы туберкулезбен ауырып өлім аузында жатқан Шоқанға о дүние
табалдырығынан аулақ алып кететін құтқару ампуласын әкелу үшін қажет. Бұл
идея әрине ақынның шындыққа жанаспайтын қиялынан туған, дегенмен игі ойдан
туған идея. Пролог, эпилог түрінде жазылған поэманың өлең жолдары арқылы
автор бұл айналымда бүкіл әлемнің адамзат баласын бір суперэтносқа
біріктіріп, ағайындық ұғымын шексіздікке жеткізеді. Жанайдаровтың ғарыштық
гуманизмі Циалковский мен Казначеевтың ойларымен жанасады" (1).
Вселенной красный-синий зов, Солнце Ван-Гога, Анабиоз
өлеңдерінде Жанайдаров өнер жайлы ойға шомады.

Искусство – не страсть – огонь,
Любовь без конца о пролога.
И будят тыщи окон
Честное солнце Ван Гога.

Ақынның басты адресаты – замандасы. Оның өлеңдері құрдасы мен
замандасына арналып монолог түрінде жазылған және астарында әрбір өткен
күнге деген күйзеліс пен уайым жатыр. Ақынды болашақ немесе өткен шақ
мәселесі емес, оны осы шақ көп ойға салады. Ол өз ойларын бір арнаға
түсіріп жинақтауға тырысады. Сонымен қатар, О. Жанайдаровтың лирикалық
кейіпкеріне бір сәттік көтеріңкі көңіл де жат емес (Портрет, Футболист
из провинции, Из окна, Я включу телевизор...).

На пространствах несметных
И в пустынях, увы, не спокойно...
Погодите, концерны,
Синдикаты, картели и тресты,
От подобных концертов
У природы терпение треснет!

Шын мәнінде, лирикалық кейіпкерге маза бермейтін үрей, толғандыратын
бақытсыздық, қуанышқа бөлейтін оқиғалар әрбір адамның, яғни бәріміздің де
басымыздан кешетін жағдайлар, демек лирикалық кейіпкер біздің замандасымыз
деп нық сеніммен айтуға болады.
Жанайдаров поэзиясының тақырыптық ауқымдылығы соншалық ол бір
туындысында махаббат лирикасынан бастап ғарыштық мәселелерге дейін
қозғайды. Бұл тақырыптарды ақын қозғап қоймай, толығымен ашу мақсатында
оған бүкіл айналымды арнайды: Пейзажи моей области, Станция переливания
крови, Шел степью человек, Зимние сны. Бұл шығармалардың барлығы бір
шығармашылық орталыққа бағындырылған: ақынға айналасындағы болып жатқан
оқиғаларға философиялық тұрғыдан ой қорыту тән. Ол өз өлеңдерінде сан-алуан
рет уақыт санаты жайлы ой қозғаған: қайта оралмас өткен уақыт жайлы
(Двенадцатый век өлеңдер айналымы), осы шақ жайлы (Кеңістік-уақыт) және
болашақ туралы (Зимние сны).
Өлеңдерінің қатаң архитектоникасына қарамастан, ақын ойы аяғына дейін
жеткізілсе де шумақтар оқырманда соңына жетпей үзіліп қалған секілді сезім
туғызады. Мұнда ақынның кәміл мақсаты бар, ол оқырманды автордың орнына
соңына өз ойын қосуға еріксіз жетелейді. Гетенің осы жайында айтқан бір
сөзі бар: Поэзия бүкіл адамзатқа ортақ игілік және қай заманда болса да
бұл игіліктің жүздеген насихаттаушылары болғаны белгілі
Поэзиясында ақынның дыбыстық амалдарды қолайлы қолдана білу қабілеті
байқалады. Жанайдаров үшін дыбыс-өлеңнің негізгі қаңқасы, және өлеңде
берілетін мән-мағына, ырғақ дыбыс арқылы оқырманға жетеді. Өлеңнің басынан
соңына дейін ақын дыбысты ырғақты өлеңге тырысқан, нәтижесінде өлең ұйқасы
сөз тіркестерінің шеңберінде емес, ақын әрбір жолда үндестікке қол
жеткізген.
И.Сельвинскийдің сөз және өлең жолдары жайлы жазған мынадай дана
сөздері бар: Өлең жолындағы ярбір сөзге өзіне лайықты көрші тауып беру
қажет

Степь весенняя, где
На мгновение можно забыться,
Где вечерняя плачет птица
О разбившейся оземь звезде!...

Жанайдаровтың шығармашылығының басынан кешкен қиын да жауапкершілікті
кезеңдері оның поэтикалық шеберлігінің өсуінің, өмірлік ұстанымын, жаңа
интонациясын айқындаудың, философиялық мәселелерді тереңірек ашудың
барысында лирикалық меннің кристалдану процессін айқындайды. Ночной
поезд кітабындағы Чокан өлеңінде Шоқанның бір жақты бейнесіне қарағанда
Шел степью человек кітабының 19 век айналымындағы Шоқан Уәлиханов
бейнесі толғырақ әрі тереңірек ашылады. Автор кітаптарындағы өмір қиялмен,
өткен өмірмен және болашақ туралы ой толғаулармен қанықтырылған. Өткен шақ
пен болашақ арасындағы байланыс лирикалық кейіпкердің Дантеспен, болашақтан
келген профессормен, ғарыштағы галактикалық ұшқыштар, құбыжықтар немесет
беймәлім ұшқыш объектілер мен періштелердің кездейсоқ қақтығысуы сияқты
ғажайып оқиғалармен беріледі. Ақынның мұндай қиялы оның сырт-бейнесінің
емес, дүниеге көзқарасы, жан-дүниесінің көрінісі болып табылады. Ол өзінің
ерекше маргиналдық әдебиет стилендегі лиро-эпосын жарыққа шығаруда, себебі
маргиналдық орыс тілінің де қазақ тілінің де таңдаулы қасиеттері мен жоғары
сапасының қоспасы болып табылады.
Кейбір әдебиеттанушылар Орынбай Жанайдаровты Олжас Сүлейменовтің орыл
тілі мектебінің шығармашылық бөлгіші ретінде қабылдауға және тілдік белгі
бойынша Бақытжан Момышұлы, Қайрат Бақбергенов, Бақыт Қайырбеков, Болат
Лұқбанов сияқты әдебиетшілермен бір топқа жатқызуға әуес. Сырт көзге солай
да көрінуі мүмкін, дегенмен бір жағынан Сүлейменов мектебінің әсерінің
орасандығы рас. Бұл әсер жалпы дүниетанымына деген әсер мағынасында, себебі
О.Жанайдаров поэзияда да, прозада, әдеби сында да, әсіресе фантастика
жанрында еліктеушілікке бас ұрмайтын дарынды ақын. Подводная лодка в
Степях Казахстана атты гротескілік повесть өзінің атымен кез-келген
аудармашыны тығырыққа тірейді. Радиоактивный баран повесіндегі
радиоактивті қойдың ғажайыптылығы ол айналасына, қоғамға пайдасыз қаскүнем
шенеуніктердің өзгеруіне оң әсерін тигізеді.
Орынбай Жанайдаровтың түрлі жанрлы шығармашылығында сатира жанры
басымдық танытады. Фельетон стилінің белгілері өлеңдерінде айқын байқалады.
Айталық, Жазушы баспасынан шыққан Млечный путь кітабында, Завтра
поэмасының атаусыз тұтқынның ғажайып түстері туралы жазылған үзінділерінде
және бір Аэропорт поэмасында автор Хомо-хаманың қастық әрекеттерін
мысқылдайды. Ал, Птица поет о любви своей өлеңінде ақын оқырманды
күлкімен жылатады.
Человек – это звучит горько!
Мы во всем поддержим родное правительство,
На заботу о нас ответим трудом,
Чтобы в странах других не повторилось вредительство,
В котором мы жили и живем!

Адамзатты астарлы келемеждеу ақын мақсаты емес, бұл тек ащы шындықты
іздеп оны қабылдау тәсілі:

Вместе с утренним, светлым гимном
Весть разносится по стране,
Что мы жили под славным именем,
Да вот жили, будто во сне.

Бұл жолдар Век всеобщего благоденствия өлең жолдарынан алынған
үзінді, Гарбочевтық қайта құру саясатына қатысты емес, одан он жылдық бұрын
қағазға түсірілген. Мысқыл астарынан жан айқайы, жүрекке батқан аурудың
белгілері байқалады.
О. Жанайдаровтың қиял-ғажайып прозасындағы сомдалған бейнелердің,
баяндалған оқиғалардың шынайылығы, поэзиясындағы алынған қазақ өлең
құрылысының таңдаулы тәсілдері автор идеясына, қиялына ешқандай шек
қоймайды. Ақын ұлттық мәдениет пен жаңа тарихты шебер үйлестіре біледі.
Бұған мысал, Саттар Ерубаев, Мұқағали Мақатаевқа арналған өлеңдері,
Фрагмент из Иеронима Босха, Термометр Адольфа Шлагинтвейта, Сказания
Кукетая, Письмо Федору Достоевскому өлеңдері.
Жанайдаров өлеңдеріндегі басты мақсат адамның адамдығын қалыптастыру
жолындағы шайқаста жеңіске жету және адамзат мәселесін қатысты дайын
шешімге бас ұрмай, өз жолдарын іздеу, сол арқылы орыс тілді оқырман қазақ
және орыс мәдениетінің жан-жақты берік байланысын толық бағалауға мүмкіндік
алады. Орынбай Жанайдаров жауыздық, қатыгездікті сол заман адамдарының
надандығын уақыт аралығында берік байланыс орнатылған тарихқа қарама –
қарсы қояды. Бұл машахатты жұмыста ақын әрі көтеріліс қолбасшысы Махамбет
Өтемісұлы, ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов, адамзат ұждандығының үлгісі әрі
ақынның жақын досы Федор Достоевский сияқты тарихи алып тұлғалар оған
қолғабыс болды. Махамбет в Петербурге поэмасында автор өз кейіпкерін
желтоқсаншылармен байланыстырады. Көтерілісші кейіпкердің өз жеңісін,
көтерілістің тарихи жалғасын болжағаны бекер емес. Ресейдің шет ел
министрлігіндегі алауошақтың жанында тұрғанда Махамбеттің басына Оларға
күні кеше қосылу керек еді! - деген ой келді. Уақыт өте Махамбет болжамы
тарих беттерінен орын алды, 12 жыл өткен соң дәл Пушкиннің өмірден өткен
жылы қазақ даласы Сенаттық алаңға айналды.
Ол өз поэзиясында тарихтағы қателіктерді оқырманға сабақ етіп
көрсетуді, ал жетістіктерді айрықша атап өтіп жоғарыда атап өткен жазушылар
батпаған тақырыптарды қозғады. Жанайдаров тарихты өзгертулер мен
енгізулерсіз мейлінше шынайы бетінде беруге барынша күш салады, қазақ орыс
ұлттарының бірігуі мен мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастарды тарихпен
дәлелденген қайғылы оқиғаларды, қарама-қайшылықтарды бүркемей ашық
бейнелеуге тырысады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін домбырашыны алаяқ етіп
немесе алаяққа дарынды домбырашының бейнесін беру міндет емес, бар болғаны
халықтарды қастастыратын емес, достастыратын тарихи ақиқатты білу қажет.
Осы ретте Орынбай Жанайдаров өзінің бір сыни эссесінде Чеховтың қойын
дәптерінен алынған екі-ауыз сөзді есіне алады: Қарапайым істерді біз
айлакерлікпен шешеміз деп оларды нағыз күш-жігерді талап ететін күрделі
мәселеге айналдырамыз.
О. Жанайдаров Сәкен Сейфуллиннің Оқжетпес поэмасын Көкшетау театрына
арнайы аударды. Жанайдаровтың поэманы қолына алғанының сесебі тек Сәкен
Сейфуллин оның жерлесі болғандықтан емес, сонымен қатар Сәкен мен
Орынбайдың тарихқа деген көзқарасы бір жерден шыққандықтан. Аударылған
қойылым көрермен қауымның үлкен қызығушылығын туғызды. Поэма жанры
романтикалық трагедия деп айтуға болады. Жанрдың қарама-қайшы атауы өмірдің
махаббат пен өшпенділік, мейірімдік пен зұлымдық, бақыт пен қайғы сияқты
өзгермейтін заңдылықтарының ақиқат болмыс екенінің белгісі.
Бастапқы беттерінде автор поэмаға жалпы тарихи фон береді. Абылай хан
атағының биік шыңына жетіп, Көкшетауды жаулап алады. Осы жерде ол Ақ
Ордасын орнатады да, тау бөктерінде туын тігеді. Осы тамаша табиғи ортада
ол өзінің өмірлік мақсатын анықтайды. Хан алдына бүкіл қазақтарды бір
орталыққа біріктіру, жауларды қазақ ұлтына тиісті жерлерден қуып шығып,
алып мемлекет құру.
Абылай табиғатынан дана билеуші, ақылды әрі мейірімді хан. Ол
қалмақтардың өз досын өлтіргені үшін кешіріп, өшпенділік сезімін
тұншықтыруға, тіпті тұтқынға алынған қалмақ қызын бостандыққа жіберуге
дайын. Хан садақ оғын далаға жіберіп, тұтқын қыздың жасырған жұмбағын шеше
алмаған жауынгерлеріне аяныш білдіреді.
Бұл жер бетін соғыс жаулаған заманда жиі кездесетін глобальдық идея
бойынша тұтқынға түскен қалмақ қызының тағдыры хан қолында. Жалпы оқиға
барысы тұтқын қызбен байланысты. Өшпес фольклорлық сарын бойынша Оқжетпес
шыңынан сұлудың орамалын садақпен атып түсіріп, жасырған жұмбағының шешімін
тапқан жауынгер өмірлік жары болады. Өзге сарын бойынша Ардақ сұлтан
әрекеті бұл жағдайда басқа болады. Ол қалмақ қызының орамалын Оқжетпес
шыңынан қағып түсіреді де, жазықсыз көгершін жайлы жұмбақтың шешімін
табады. Тұтқын қыздың шарттарын орындауының себебі Ардақ сұлтанның оны
әйелдікке алу мақсатын көздегеннен емес, ол жау қызын ұтып алған сыйақы
ретінде өзі пайдаланып, содан соң сарбаздарына сыйға тартамын деген
мақсатты ұстанды.
Ардақ сұлтан мен қалмақ қыз арасындағы диалог қойылымдағы жарқын
көріністердің бірі. Және, сөзсіз, әсерлі көріністердің бірі қарт әйелдің
ұлының Абылайдың жақын досының өлімі туралы хабармен хан алдына келуі. Қарт
ананың жалғыз ұлының ажалы жайлы әңгімесі мен қайғысының шынайылығы,
зорлығы соншалық, бұл көрініс үзіндісін ең басты, маңыздысы деп айтуға
тұрарлық. О.Жанайдаров өткен заман бейнесін патетикалық ораториямен шебер
беріп поэмадағы негізгі пофосты оқырманға жеткізе білді. Шынайылық,
шұбалаңқы сөзден таза жолдар, оқыс кейіпкерлер мен айқын бейнелер,
кейіпкерлердің өткір сөздері Оқжетпесті қайта тударған пьесаның құндылығын
арттыра түскен.
О.Жанайдаров алғаш рет Ш.Уәлиханов жазған және басып шығарған Поминки
по Кокетай хану поэмасының аудармасымен, кітап соңында берілген түсіндірме
беріп, авторлық ойымен бөлісіп, кітапты жазуға арнаған жиырма жылдық еңбегі
туралы баяндап, қолданылған дереккөздерін ашып кітаптың құндылығын
арттырды. Осындай еңбектің нәтижесінде ғасырлар даналығымен қаныққан өлең
жолдары ұрпаққа үлкен мұра болып қалды.
Бірнеше замандар кеңістігінде таралған, жүздеген жинақ бетінен жарық
көрген және кейде тіпті осы күнге дейін қолжазба түрінде сақталып келген
қазақ халқының көптеген аңыздарын Жанайдаров жинап, өңдеп, оны аударып
Легенды древнего Казахстана кітабын жарыққа щығара отырып өз елінің асыл-
мұрасына деген сүйіспеншілігін білдіреді. Әдебиет саласында қазақ
аңыздарының хронологиялық жүйеге келтіріліп жазылған алғашқы жинақ. Кітап
ежелгі түрік аңыздарының ішіндегі нағыз аты өшпес аңызға айналған
аңыздардың бірі дүниежүзілік топан су туралы Легенда о горе Казыкурт
аңызымен басталады.
Аңыз – оқиғаны баяндауда халықтық ой-қиялға еркіндік берілетін ауыз
әдебиетінің ерекше жанры. Айталық, Бурабай аңызының бір нұсқасында Бура
атты әйгілі ақ түйені Қасым хан аңшылық кезде өлтіреді, ал басқа нұсқасында
киелі ақ түйенің соңына жететін қарақшы-браконьерлер.
Жинақ ішінде соңы трагедиямен, ғашықтардың айырылысуымен немесе
өлімімен аяқталатын махаббат жайлы аңыздар басым. Мұндай аңыздарға Зарина
ханшайым, Айша бибі сұлу, Балхаш туралы аңыздар және Жұмбақ тас, Шайтанкөл,
Алтайтас сияқты көзтартарлық географиялық жерлердің пайда болу тарихымен
байланысты трагедиялық махаббат оқиғалары жатады. Сонымен қатар, сақтар
ханшайымы Томирис, отаны үшін өмірін қиған бақташы Ширақтың ерлігі, жүрек
жұтқан жаулармен қарсыласқан қазақ батырлары жайлы аңыздар да аз емес.
Тысяча окон в степь(2001), Сестра моя- - свобода(2004), жинақтары
да ақынның талмас еңбегінің жемісі. Айталық, Тысяча окон в степь жинағын
Пейзажи моей области айналымында Домашние гуси өлеңі туралы
Б.Канапьяновтың пікірі бойынша бұл өлең жолдары әлемдік поэзия
антологиясының сәнін келтірер еді.
О. Жанайдаров тек ақын, әдебиет зерттеушісі ғана емес, шебер
аудармашы да. О. Жанайдаровтың орта ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының
шығармашылығына жасаған аудармалары ерекше. Оның қаламынан қазақ ақын-
жырауларының (Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Бұқар жырау,
Махамбет) туындылары орыс тілінде сөйлеп, орыс оқырмандарымен қауышты.
Аудармашының қазақ тілінен аударылған шығармаларын талдау барысында оның
түпнұсқаның сөз астарын терең түсіне отырып, автордың бейнелі көркем
сөздерін сақтап, өз әрін бере отырып, тәржімалағанын байқаймыз.
Жоғарыдағы аталған У111-Х1Х ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясының
аудармалары Озера степные кітабына енген. О.Жанайдаров мәтіннің түпкі
мағынасын, негізін назардан тыс қалдырып, еркін аударманы ұстанушылардың
қатарына жатпайды. Жолма-жол аудармашы аударма жұмысына араласпаған сайын
аударма түпнұсқаға жақындай түседі. Аудармашының өзінің айтуы бойынша
Түпнұсқада берілген ақиқат оқырманға дейін сол қалпында жетуі тиіс.
Озера степные - Орынбай Жанайдаровтың өмірлік еңбегі. Кітаптағы
ерекше атап өтетін Махамбет шығармаларының аудармалары. Соңғы елу жыл
көлемінде қазақтың алып ақындарының бірі Махамбеттің өлеңдері көптеп
аударылды және атап өтетін бір жайт орыс тіліндегі әрбір аудармамен
танысқан оқырман аударманы түпнұсқа емес соған берілген түсініктеме ретінде
қабылдаған.
Жаңа аудармада, яғни Жанайдаров аудармасында оқырман мүлде басқа
бейнедегі Махамбетпен кездеседі. Жаңа бейнедегі Махамбет бүлікшіл, барып
тұрған даукес әрі үлкен таланттың иесі, халық алдында өз ойын білдіріп,
халықты жұмылдырып өз қарсылығын білдіруден тайынбайтын Махамбет. Өлең
жолдарында осындай батыр кейіпкердің бейнесі толығымен ашылады. Өлеңді
оқыған оқырман есінде Махамбет жауынгер көтерілісші ретінде ғана емес
сонымен қатар өзі туралы және халқы туралы дана сөздер айта білген ақын
ретінде мәңгі қалады:
...Джигит,
Родившийся от славных предков,
С врагом сражается он крепко,
С пробитой стрелами спиной,
Из ран сочатся кровь и желчь...
Не жалуясь врагам своим,
Он снова поднимает мечь,

Орынбай Жанайдаров аудармашылық жұмыста классикалық аударманы да, жаңа
заман ақындарының шығармашылығын да шебер аудара білген. Қашғари мен Әл-
Фарабидан бастап Тұманбай Молдағалиев пен Иранбек Оразбаевқа дейінгі
тұлғалардың шығармашылығымен жұмыс істеген. Қазақ халқының ұлы ақындары
Махамбет пен Мұқағали туындыларын қазақ тілінен орыс тіліне аударады. 2000
жылы Озера степные кітабын аударғаны үшін Халықаралық Алаш сыйлығының
лауреаты атанды. Оқырман алдында өмірі мен щығармашылығы халықтың ерекше
сүйіспеншілігіне бөленген жаңа заман ақыны туындыларының аудармасы оқырман
талқысына беріліп отыр.
Қорыта айтқанда О.Жанайдаровтың шығармашылық палитрасы өте бай. Өлең
жазуда ол жүз пайызды ақын, аударма кезінде түпнұсқа авторына айналады.
Оның шығармашылығының осындай қырларына оқырман баға бермек былай тұрсын,
Қодардың ізденушілік жолдарына әрең ілеседі.
Тақырыптың өзектілігі:
Сонымен біздің жұмысымызға негіз болып отырған қазақ жазушысы, жаңа
толқын ақыны, әдебиет сыншысы және ұлттық әдеби классикалық туындылардың
өзге тілге аударылуында өзіндік сүбелі үлесі бар тұлға О.Жанайдаровтың
әдеби аудармалары бүгінде аударматану ғылымында зерттеушілердің назарынан
тыс қалмауы керек деп есептейміз. Бұл мәселенің тың тақырыптардың қатарынан
көрінуі – О.Жанайдаровтың осы саладағы жан – жақты білімінің, білігінің
нәтижесі болып отырған әдеби аудармаларының тартымдылығынан, шын мәнінде
үлкен зерттеулерге негізділігінен келіп шығады.
Ендеше, жұмыстың көкейтестілігі мен зәрулігі де аудармашы ақынның әдеби
аудармаларының жаңашылдығынан туындайды. О.Жанайдаровтың төл
туындыларындағы өзіндік болмысы, әдеби және философиялық туындыларды
аударудағы үлкен қызметі, шеберлігі туралы зерттеу еңбектерінде ішінара
айтылып кеткенімен, толығымен түбегейлі зерттеуге әлі негіз бола қойған
жоқ. Баспасөзде әдебиет сыншылары тарапынан айтылып жүрген ойлар
О.Жанайдаровтың әдебиет және аударма өнеріндегі бүтін тұлғасын әйгілеп
беруге тұғыр бола алмайды.
Сондықтан жұмысымызда жан – жақты қаралатын О.Жанайдаровтың Махамбет
пен Мұқағалидай қазақтың дара да бірегей ақындарының туындыларын аударуға
баруының өзі ақынның аударма дейтін қиын да қалтарысы көп өнер түріндегі
батыл қадамы және шешімі ретінде оның аударған дүниелерін зерттеп, зерделеп
қарауға қызығушылық тудырары анық.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Аудармашы – ақын О.Жанайдаровтың әдеби аудармаларын түбірлі зерттеу,
талдау барысында туындайтын өзекті мәселелерді өз деңгейінде саралау
жұмыстың мақсатын айқындап береді. Әсіресе аудармадағы баламалылық ұғымына
негізделе отырып, аудармашы – ақынның қазақтың классик ақындары Махамбет
пен Мұқағалидің шығармаларын аударудағы шеберлігіне баға беру – жұмыстың
басты мақсаттарының бірі болып табылады. Осы мақсатқа орай алдымызға
төмендегідей міндеттер қойылды:
– Аудармашының аударма өнеріндегі тұлғасын анықтап, оқырмандарына тағы
бір қырынан таныстыру үшін О.Жанайдаровтың ақын және аудармашы ретіндегі
шығармашылығын тең алып қарап, оның төл туындыларын жазудағы өзіндік
суреткерлігі өзге туындыларды аударудағы суреткерлігімен қаншалықты
теңдеседі немесе аталған екі саланың қайсысында ол ерекше шеберлікке жете
алды деген мәселеге назар аудару;
– Қазақ көркем аударма өнерінің дамуындағы
аудармашының шығармашылық даралығы рөлін анықтау;
– О. Жанайдаровтың Махамбет пен Мұқағали өлеңдерін
аударудағы өзіндік өлшемдерін анықтау арқылы аударма өнеріне қосқан
үлесін, жаңашылдығын пайымдау;
– Тәржімашының түпнұсқа тілдің стилінің, тілдік бірліктердің, соның
ішінде көркем бейнелі сөздердің, өлең ырғағының, өлшемінің қалпын
қаншалықты орыс тіліне жеткізе алғандығын талдау арқылы О. Жанайдаровтың
әдеби аудармаларына объективті тұрғыдан баға беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Бітіру жұмысы тақырыбының жаңалығы оның өзектілігінен туындайды.
Зерттеу жұмысында алғаш рет О. Жанайдаровтың аудармашылық еңбегі, оның
шеберлік жолындағы ізденістері айқындалды.
Зертеу нысаны ретінде: О. Жанайдаровтың әр жылдары жарық көрген
аударма шығармалары мен зерттеу еңбектері, өлеңдері, Махамбет, Мұқағали
шығармалары алынды.
Зертеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:
Көтерілген мәселелердің шешімін іздеуде көрнекті ғалымдардың ғылыми
еңбектері басшылыққа алынды. Атап айтсақ: А. Бархударов, А. Федоров, А.
Левый, Е. Эткинд, Г. Гачечиладзе, С. Тюленов, М. Әуезов, М. Қаратаев, Н.
Сағындықова, Ә. Сатыбалдиев, З. Тұрабеков т.б.
Зерттеу әдістері: Жұмыстың негізгі зерттеу әдістері: сипаттау,
салыстыру, контекстуалдық талдау.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ

ПОЭТИКАЛЫҚ АУДАРМАНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

Аударма ( көне де жаңа өнер. Өнер болғанда, ол ( сөз, әдебиет,
публицистика ғылымдарының ажырамас бір саласы. Аударма адамдардың көп
уақытқа созылған ұзақ тарихында тілі өзге адамдар қауымын
түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың дәнекері болған.
Аударма әрқашанда адамдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы
әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың айырбастау
құралы, ел танудың, достықтың, ынтымақтастық тәжірибенің, тағылым
алмасудың құралы. Ал аудармашылық ( нағыз творчестволық өнер. Аудармашы
( өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Яғни
ол екі тілді де жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ақын, әрі
ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы
мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты.
Жалпы О.Жанайдаровтың поэзиялық шығармаларды аударудағы шеберлігі жайлы
айтпас бұрын поэзия туралы, поэзиялық шығармалардың аударылу
ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып кетейік.
“Поэзия ( сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық
үлгісі. Оның үстіне поэзияның аса маңызды әлеуметтік, қоғамдық
құбылыстарды бейнелеп көрсете алатын зор мүмкіншілігі бар. Ол (
айналамыздағы дүниені, өмірді танып-білудің күшті құралы, біздің
қоғамдық ой-санамыздың, көркемдік, эстетикалық сезіміміздің үлкен,
өнімді саласы. Сондықтан поэзиядағы сөз суреттілігі, бейнелілігі өмір
шындығынан нәр алып, соған тікелей жалғас туады. Сөз қолдану
шеберлігі, көркемдік шеберлік дегеніміз өмір құбылыстарын танып-білу,
ұғып-түсіну қабілетімен, көркем ой-сезім қуаттылығымен терең
тамырласып, қабысып жатады” (2, 7)
В.Г.Белинский "Поэзия өнердің жоғары тегі... Поэзия өзіне басқа
өнердің элементтерін тоғыстырады" деген тұжырым айтса, "поэзия қоғамға
қызмет етуі тиіс, адамның адамгершілік сипатта дамуын қамтамасыз етуі
керек. Ондағы шындық пен қайырымдылықты терең сезініп, одан өмір сұлулығын
таба білу, оны керемет және айқын образдарда көрсету көзделсе, мұны тек
қана ақын ғана жасауы мүмкін" ( деп Н.Добролюбов тереңдете түседі.
С.Мәуленов: "Поэзия ( халқымыздың жан-күйінің жарқылы, сезімнің сырлы
шектерінің пернесі, оның эстетикалық арманының айнасы" деген.
Поэзия аз ғана сөздің аясына кең мағына сыйғызып, қысқа да шағын
шығармада бір елдің тіршілік-тынысы, мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрпымен терең
таныстырады. Бірнеше шумақта адамның жан-дүниесін, сезімін баурайтын ойлар
тұнады. Поэзия ( ұлттық тіл болмысының жоғарғы түрі. Поэтикалық
шығармашылықта халықтың рухы, өзіндік тарихи ерекшелігі, мәдени дамуы,
тілінің байлығы сезіледі. Басқа халықтың поэзиясын түсіну ( халықтың мінез-
қылығын басқа мәдениеттің сезімдік әлемін түсіну деген сөз. Өлең тілі
лексиканың өзіндік үлгісі ретінде сипатталады. Өлеңдегі сөз саптау тәсілі
түрдің (форманың) талап етуіне байланысты. өлең сөздері шағын да қысқа,
сұлу да сыршыл,бейнелі, екпінді ырғақты болып келсе, поэтикалық мәтіндегі
ой тұжырымды да тиянақты, көркем де мазмұнды түрде оны ажарлайды.
Поэзия прозаға қарағанда сыртқы дүниені басқаша бейнелейді. Шағын
шығарма ауқымды жинақтаудан өткен образдарды айшықтайды. Көлемі кішігірім
лирикалық өлеңде махаббат пен зұлымдық, өмір мен өлім, достық пен
дұшпандық, арман мен мұң т.б. алуан –алуан адам өмірінің сипаттары
жырланады. Олар детальдық жағынан толық сипатталып, барлоық сыртқы
қасиеттері, характерлері ішкі тартыстарымен, бар болмыс-бітімімен
бейнеленеді. Мәселен, табиғаттың бір көрінісін немесе мезгілдің бір сәтін
суреттеу үшін прозада бірнеше беттер жазылады. Ал поэзияда ол бірнеше
шумақтармен сезім әлемін баурайды. Прозада кейде табиғат бір-екі сөйлеммен,
әдемі де әрлі детальмен кескінделуі мүмкін. Бірақ бұл сирек жағдай. Оны
нағыз талант, сөз өнерінде шыңдалған шебер ғана жасай алады.
Сонымен бірге поэзияны басқа жанрлардан даралайтын бір ерекшелігі (
үйқасқа құрылатындығы. Өлеңдегі ұйқастың өзіндік мән-мағынасы бар. Ұйқас
өлең шумақтарындағы ойды өзара мағыналық жағынан байланыстыра келе, ойды
түйіндеп, қорытындылайды. Жыр жолдарындағы ақын ойын тұжырымды жеткізуде
өзара дыбыстық жағынан жақын, үйлесімді үлгідегі сөздер ертінде ұйқас (
поэзияның құрылымдық негізгі бөлігі. өлең сөзді ой-мағына жағынан құрау,
қиыстыру бар да, оларды шебер ұйқастыру бар. өлеңдегі ұйқас сөз
мағыналарын үйлестіру, топтастыру, жинақтау қызметін атқарады. Аудармада
ұйқас дәл түпнұсқадағыдай қайталанбайды. Бұлай болуы мүмкін емес. Алайда
ұйқасқа құрылған өлең өз қасиетін сақтауы тиіс. Аудармада ұйқас басқаша
жасалғанмен, ішкі өлең ырғағы, әуезі, интонациясы мағыналық әсерімен,
қуатымен мүмкіндігінше толық айшықталуы тиіс.
Ал енді поэзиялық шығармаларды тәржімалау мәселесіне тоқталсақ,
әлем тіліндегі поэзиялық шығармаларды ана тілімізге, ана тіліміздегі
шығармаларды әлем тілдеріне аудару қашан да өз маңызын жойған емес.
Қай халықтың болмасын шоқтығы биік, терең мазмұнды шығармаларын
аудару қазіргі таңдағы игілікті істердің бірі екендігі даусыз
мәселе. Түпнұсқа белгілі бір халықтың ұлттық ақынының шығармасы
болса, ұлттық сипаты барынша анық, түсінікті болса, ондай жағдайда
оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес,
сонымен қатар үлкен талантты да талап етеді. Яғни тәржімашінің
таланты ( ерекше талант болуы керек. Және оны дұрыс бағалай білу
қажет. Прозалық шығармалар аудармасымен поэзиялық шығармалар
аудармаларының арасында біраз айырмашылықтар бар. Көркем шығармаларды
аударушы түпнұсқаның жолынан шықпай, оның жүйесінен ауытқымай
еңбектенеді. Ал өлең сөзді аударғанда аудармашы өз ойын автордың
ойымен астастыра, жарыстыра отырып, өзінің лирикалық сезіміне жол
береді. Дегенмен, аудармашы түпнұсқадан алшақтап, мазмұн мен пішіні
жағынан ауытқымайды. “Ақынға, ақынның белгілі өлеңінің тууына негіз
болған өмір құбылыстарының тобын танып, таразылай отырып, ақынның
ойлау, сезіну даралығын, оның шығармашылық тұрғысы мен нысанасын
түсінген кезде ғана аудармашының еңбегі шығармашылық дәрежеге
көтеріліп, поэтикалық қасиетке ие болады” (3).
Асылы, көркем аудармаға қойылатын ең басты талап немесе
шарт ( көркемдік-идеялық күй мен эстетикалық ләззатын жеткізу. Әрбір
сөзге жармаса бермей, автордың ойын жеткізуге шұғылданған жөн.
Поэзиялық шығармаларда аудармашы қолданатын тәсілдер( интонация, ырғақ,
ұйқас, образдылық элементтер қандай дәрежеде берілгеніне де
байланысты. Поэзиялық шығармалардың аудармасы, туған әдебиетіміздің
эстетикалық мүмкіндіктерінің молаюына, әдеби тіліміздің байи түсуіне
айрықша әсер етеді.
Біздің аударматану ғылымында қазақ әдебиетін шетел тілдеріне
аударуға қатысты көптеген мәселелер толып жатыр. Аударылған шығармаларды
сарапқа салып, көрсек, аударманың өз дәрежесінде емес екендігін
байқауымызға болады. Оның себептері көп. Негізгі себептерінің бірі –
жалпы қай тілде болса да аударма өнеріне айтарлықтай мән берілмегендік.
Аударылған шығармаларды жүйелеу, жоспарлау, жарыққа шығару ісінде де
қиындықтар жетіп жатыр. Өйткені көркем аударма принциптері туралы тағлым
аларлық теориялық тұжырымдар да аз. Қай шығарманың болсын түпнұсқадан
аударылғаны жөн. Бұл аударма өнерінің негізгі қағидасы, аударма саласы
сыншыларының айтуынша, аудармашы шығарманы түпнұсқадан аударғанның өзінде
көркемдік қасиетінің 80 пайызын ғана сақтай алады екен. Ал енді екінші
тілге аударылған шығарманы алып ,үшінші тілге тілге аударсақ оның не
қасиеті қалады.
Орыс тілінен қазақ тіліне аудару мәселесі бүгінге дейін жан-жақты
зерттелген жоқ. Ал қазақ тіліндегі шығармалардың орыс тіліне аударылуы
туралы бірен-саран ғана ғылыми еңбектер жарияланды. Атап айтқанда ғалым
Н.Сағандықова өзінің кандидаттық және докторлық диссертацияларында
аталған проблеманы жан-жақты зерттеуге талпынған. Оның өзі поэзиялық
шығармалардың аудармасы туралы. Ол көбінесе поэзиялық шығармалардың орыс
тіліне аударылу тарихына, көркемдік әдіс-тәсілдеріне барлау жасаған (4,4).
Ғалым: "О принципах, методах и качестве переводов казахских произведений на
русский язык серьезных исследований было мало. Гораздо больше изучался и
обсуждался перевод русской классики на казахский язык", – дейді.
Көптеген ақындарымыздың шығармаларының әлі күнге дейін орыс тілінде
бар мазмұн-мағынасымен, толық көркемдік қуатымен жеткізілмей келе жатқаны,
әрине, үлкен олқылық. Осы олқылықтың орын алу себептері аз емес, және олар
айтылып та келеді. Мысалы, қазақ тілін білмейтін аудармашылардың
тәржімалап келгені және солардың өздері де көбінесе атүсті, асығыс
аударатыны, шығарманы өз қалауынша бөліп, не тигенін алып, өзінше аударып
келгені – осының өзі-ақ біраз жайды аңғартса керек.
Қазақ әдебиеті үлгілерін орыс тіліне аударудағы ең басты кемістік –
түпнұсқаның жайдақталып кетуінде. Жайдақтап аударушы қашан да өз ісіне
жауапсыз қарайды, түпнұсқаның бар көркін сақтауға тырыспайды. Қиналып
жатпай жекелеген үзінділердің жалпы мағынасын ғана сақтап, өз қалауынша
төтелеп тарта береді. Бұл әдіс – ең алдымен тілі нәрлі, өзіндік
қолтаңбасы бар көрнекті жазушылардың шығармаларының жұты.
Көрнекті аудармашы Г.Бельгердің:"...қазақ әдебиеті үлгілерін орыс
тіліне аударудағы ең басты кемістік – түпнұсқаның жайдақталып кетуінде.
Аудармашы шығарма авторының ойын түсінбеуі мүмкін, сол шығарма жазылып
отырған тілді білмеуі, не шалағай білуі мүмкін, тіпті болмаса өз ісіне
салдыр-салақ қарауы мүмкін. Осының нәтижесінде мақтаулы, тәуір деп жүрген
шығармаларымыздың өзі сұрғылт, ортақол туынды болып шыға келеді" (5,45) , –
деуінде үлкен мән бар. Г.Бельгер "жайдақтап аударушы" деп аудармаға селқос
қарайтындарды сөз етіп отыр. Әсіресе қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын
орыс тіліне аударуда абай болу керектігін ескертеді.
Орыс аудармашыларының қазақ шығармаларын аудару барысында түсінбеген
жерлерін ойланбастан-ақ тастап кету, өзінше өңдеу, тіпті абзацтарын алып
тастау жиі кездесетінін орыс тіліне аударылған классиктеріміздің
шығармаларын талдау барысында көз жеткіземіз. Қазақ халқының тарихын,
тұрмыс-салтын, мінез-құлық ерекшеліктерін жақсы білмеген адамның өзінің
тіл өнерін жете меңгерген сөз зергерлерінің шығармаларын орыс тіліне бар
бояу, бар нақыш, көркін сақтай отыра аударып шығуы екіталай. Бұл туралы
белгілі ғалым-аудармашы С.Талжанов былай дейді: " Орыс достарымыз
қазақшадан орысшаға аударғанда өзінің стиліне жақын, өмірін, творчестволық
еңбегін жете ұғатын авторларды таңдап алса екен" (6,121) деп, орыс тіліне
аударылған шығармаларға назар аудартады. Орыс тілі ұлт тілдері арасында
дәнекер тіл болғандықтан. Сол арқылы шығармалар өзге тілдерге
аударылатыны белгілі.
Шындығында, күні бүгінге дейін Абай мен Сұлтанмахмұт поэзиясы, Әуезов
пен Мүсрепов прозасы орыс тілінде өзінің бар бедер бейнелерімен көріне
алмай отыр. Бұл сөзді өз шығармаларымен туған әдебиетінің өркендеуіне ат
салысып жүрген жазушылардың бірталайы жөнінде айтуға болады.
Көркем шығарма дегеніміз мазмұны мен формасы біртұтас бүтін жатқан
дүние. Оның идеясын, мазмұны мен ой тереңдігін немесе идея мен формасын
бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Демек, әр қайсысын әр түрлі әдіспен
бөлек – бөлек аударуға да болмайды. Көркем шығарма дегеніміздің өзі
болмыстың образды түрде бейнеленген нақты көрінісі. Әрбір көркем шығармадан
өмірді реалистік тұрғыда ұғынып, шынайы түрде дәл бейнелеу талап етіледі.
Көркем аударманы да біз ең алдымен көркем шығарма деп білеміз. Демек
аударма – шығармада суреттелген обьективтік болмысты түпнұсқаның тілі
арқылы реалистік тұрғыда ұға отырып, екінші тілдің образдық жүйесі арқылы
шынайы бейнеленген нұсқасы. Олай болса, обьективтік болмысты суреттеуде
түпнұсқаға қандай талап қойылса, оның аудармасына да дәл сондай талап
қойылады. Демек өмірдің белгілі бір құбылысына реалистік көзбен қарап,
оны шынайы суреттеу үшін автор қандай құрал, нендей тәсіл қолданған болса,
соның бәрі аудармашы үшін де заң. Реалистік тұрғыдағы дәл аударма
дегеніміздің мәнісін жалпы көркем шығармаға қойылатын талаптарға
байланысты іздеуіміз керек.
Көркем аударма дәл болуы керек, сонымен қатар оның белгілі дәрежеде
еркіндікке де правосы да бар. Бірақ, сол еркіндіктің өзі түпнұсқада
бейнеленген мазмұн мен түрді, яғни нақтылы өмір көріністерін дәл суреттеу
мақсатынан туып жатуға тиіс. Сонда ол еркіндік дегеніміздің өзі тек
дәлдікке жетудің жолы ғана болып қалады. Жай сөзбен айтқанда, аудармашы
түпнұсқаны тастап ешуақытта да ауа жайлып еркін кете алмайды. Олай ету
деген сөз – түпнұсқаны ғана емес, сол түпнұсқада бейнеленген өмір
шындығының өзін өрескел бұрмалауға апарып соқтырады.
Демек, көркем аударманың алдына қойылатын ең басты талап – өмір
шындығынан дәл шығып отыру.
Аудармашы өмір шындығын көргенде оған түпнұсқа арқылы қарайды. Және
автордың көзімен қарайды. Сондықтан автордың өзі үшін нақтылы өмір
көрінісі қандай роль атқаратын болса, аудармашы үшін түпнұсқа дәл сондай
роль атқарады. " Осыдан келіп аудармашының алдына қойылатын үш түрлі шарт
бар біріншіден ол шығармада бейнеленіп отырған өмір шындығын дәл беруі
керек. Екіншіден, түпнұсқаның өзін айнытпай жеткізуге тиіс. Үшіншіден, ана
тілінің заңды жүйесіне ешқандай нұқсанг келтірмеуі керек. Басқа
мәселелердің бәрі осы үш мақсаттың төңірегінде шешіледі" (7,4).
Поэзия аудармасында ең алдымен көзделетіні ( сөз, содан кейін
поэтикалық мазмұн. Поэзия аудармашысы сөздің мән-мағынасын, дыбысталуын,
образдылықты, синтаксистік және стилистикалық құрылымын (элементтерін)
дұрыс жүйелеп, саралай білуі арқылы түпнұсқаның көркемдігіне, ырғақтық-
әуездік сөз үйлесімділігіне, мағыналық толық қуатына жеткізуге ұмтылады.
Нағыз классикалық өлең дәрежесіне жеткізу ( аудармашы талантының шыңы.
Түпнұсқа тілін меңгеріп, поэзияны терең түсіну ( өлеңнің рухын, мәнін,
әсерін жеткізу негізі. Ақындық сезімталдық, түйсік, талант, өлеңге
сүйіспеншілік –аударма табысы. Ақын өлеңінің сезімдік әсері аудармада еш
әлсіремеуі тиіс.
Гете поэзиялық шығармаларды аударуды үш түрге бөледі. Біріншісі (
поэтикалық шығармалардың прозалық аудармасы. Мұның нәтижесінде
оқырмандар басқа ел поэзиясының шындығымен өз түсініктерінде таныса алады.
Екіншісі ( аудармашылардың елдің болмыс-бітімінің сипатымен жеткізу
мүмкіндігі. Олар басқа автор рухын, басқа мәдениет рухын меңгеріп, оны өз
мәдениетінің рухында жеткізе алады. Аударманың үшінші жоғары түрі (
аударма мәтінінің түпнұсқамен барынша тепе-теңдікте жеткізу. В.Белинский
екі аудармаға поэтикалық аударманың өзіндік үшінші түрі көркем аударманы
ұсынады. Ал оның екі бөлімдік құрылымында поэтикалық (еркін) аударма
жасалса, көркем аудармада ешқандай қосып алуға, ешқандй өзгертуге жол
берілмейді. Егер кемшіліктер болса, оларды да солай жеткізу қажет. Проза
мен поэзияда аудармашы ой мен сезім сипатталатын тілге ерекше мән береді.
Поэзияға көркем образды ойлау, салыстыру, теңеу, дыбыстық үндестік, ырғақ
үйлесімділігі, тиянақты тұжырым жасау тән. Аудармада ақынның ішкі сезімін,
тұспалдаған астарлы ойын бере білу – шеберлік белгісі.
Поэзияны аудару оңайға соқпайды. Әр ақынның өлең құрастыру тәсілі
өзгеше. Сондықтан аудармашы ақынның поэтикалық әлемін барынша зерттеп,
өлеңдегі қолданған тәсілін, поэзияның түрін жетік меңгергені жөн.
Поэзияның (лириканың) өзі шағын орта, үлкен болып үш түрге бөлінеді.
Шағын түрге эпиграмма, мадригаль, орта түрге ода, сатира, эллегия,
үлкеніне лирикалық поэма, жалпы поэма түрлері енеді. Сондай –ақ әрбір елде
ронда, сонет, газал т.б. өлең үлгілері бар.
Лирика аудармасы өте сезімталдықты, терең түсінікті, шығармашылық
батылдықты, аса жауапкершілікті талап етеді. Шағын жырдағы шымырланған
әдемі ойларды шашыратпай аудару ( шын шеберлік. Лирикалық жырлар
аудармасында мағыналық өріс, интонация, әуез, ырғақ сақталуы өз алдына, ең
негізгісі ( ақынның лирикалық – сезімдік көңіл-күйін, жандүниелік ой-
толғанысын сыршылдықпен, әсерлілікпен аудару.
Поэтикалық аудармада поэтикалық ойларды дәл жеткізу ең басты мақсат.
Т.Квятковскаяның анықтамасына сүйенсек: "Поэтика ( (грекше – поэтикалық
өнер) көркем шығарманың құрылымдық түрі және де бұл түрлердің жаңа
мазмұндау ықпалымен тарихи заңдардағы өзгеруі туралы ғылым" (8,162).
Белгілі бір ақынға, бағытқа, дәуірге тән поэтикалық өнер.
Поэтика ұғымы ( поэзияға енген керемет дүние. Поэтикалық туынды (
поэзия, өлең өнері деген сөз. В.Жуковский: "Алғашында өздеріңнен менің
ақынымның шығармасында байқалатын жандүниесіне толы сол жалынды сезіне
алам ба деп сұрап көріңдер" ( дей келе, өлеңдегі көркемдік қырларын, нәзік
сипатарын сол дәрежеде бейнелеп жеткізу үшін, ақындық таланттан бөлек,
грамматиканы, сол елдің өлең өлшемдерін білудің маңыздылығын ойға салады.
В.Жуковский поэтикалық аударма туралы тұжырымында: " Лафонтеннің
мысалдарын шебер аудару үшін өзіндік елестетуге және бірыңғай өзіндік
сезіну сипатына немесе тұтастай лафонтендікпен теңдесетін сезімге қалайда
ие болу қажет" деп анық көрсеткен. Бұл поэзияның бар жанрына тән қағида.
Бұл тұжырымды А.Пушкин, М.Лермонтов, Абай т,б. тәржіманың тума таланттары
қатаң сақтады. Өзгенің өлеңінен өзін іздеді. Өзгенікі деп өгейсіткен жоқ,
ондағы өміршеңдік пен өнегелілікті талантымен, шеберлігімен, ізденісімен
өрістетті.
Поэтикалық шығармалардағы образдар мен көркем сөздер, әдемі, терең,
тұспалды ой иірімдері басқа поэзиялық тілде де өз мәнін, мағынасын
жоғалтпағаны жөн. Асқан шеберлікпен жасалған поэзия аудармасы ( бүгінгі
әдебиет жетістігі ғана емес, кейінгі уақыттың үлгі тұтар құндылығы.
Атақты ақын А.Ахматова: " Весь свет должен падать на оригинал, а иначе
переводчику нужно писать свои стихи" деуінің үлкен мәні бар. Аудармашы
ақынның жандүниесін терең ұғынып, поэзиясындағы бар көркемдік
элементтерді, образдарды толығымен жеткізуге ұмтылуы өз алдына, шабыт
шуағын, ой жарығын төге білуі тиіс. Шебер, жақсы жасалған аударма ( қайта
түлеген рухани құндылық, ел мәдениетінің мәуелі жемісі. Сондықтан да
В.Левиктің аудармада адалдық пен жауапкершілік басты қасиет екенін айта
келіп, "бәрібір дәлдік ( аударманы қолға алған ақынның бірінші парызы" деп,
оны ең құнды сипаты ретінде айтады.
Шебер аудармашы "аударылмайды" деген сөзді білмейді, басқа тілдегі
сөз бояуынан немесе соған сай келетін төлнұсқадағы "бейнелілігімен әрі
өзгеше қырымен" жақындайтын сөздік материалмен ол шеберлікпен қайта
жеткізеді. Аудармашы жұмысының үшінші кезеңінде өзінің аудармасына сыншы
және зерттеуші рөлінде қайта көрінеді. Аудармашы қандай жағдайда да
жұмысын қалай бастағанына зер салады. Талдауға қайта оралғанда, бұл жолы
анағұрлым жоғарғы деңгейде түпнұсқаны қандай да бір өлшеммен қайта
талдағандай, өз аудармасын да солай саралап шығады. Поэзия аудармасын
баспаға әзірлейтін кітап редакторы да дәл осы талаптарды ескеруі тиіс.
Поэзия аудармасын салыстырмалы стилистика негізінде кеңінен зерттеген
Е.Эткинд саралауы бойынша жоғарғы кәсіби білікті аудармашылар поэтикалық
туындыларда мынадай шарттарды ескеруі тиіс:
а) Екі тілдің жүйесін салыстыру (грамматикалық құрылыс, лексика,
фразеология);
ә) Екі тілдің стилистикалық құрылымын салыстыру (мәселен, сөйлеу-
қызметтік стильдерді қалыптастыру заңдары әр тілдегі әдеби нормалардың
диалектімен, жаргондармен, жай сөздермен және т.б. қарым-қатынасы);
б) Екі тілден тыс дәстүрлі әдеби стильдерді салыстыру;
в) Өзгеше сипаттағы екі ұлттың (өлеңдерінің буындарының сәйкестігіне
сай жүйелі салыстыру);
г) Екі ұлттық шығармалардағы тарихи, мәдени дәстүрлерді салыстыру;
д) Екі дербестік ( көркемдік жүйені салыстыру (9,320) .
Поэзиялық шығармаларды аударудағы негізгі мәселелердің бірі –
түпнұсқаның ұлттық-мәдени ерекшелігін сақтау болып табылады. Аудармада
ұлттық ерекшелікті жоғалтуға жол бермеу көркем аударма теориясының ең
басты ережесіне саяды. Көркем шығарманы келесі бір тілге аударуда
түпнұсқаның ұлттық ерекшелігі оның негізін құрайтын бастама ретінде
толықтай сақталуы тиіс.
Қалай дегенмен де қазақ ақын-жазушыларының орыс тіліне аударылған
романдары мен повестері, әңгімелері мен өлеңдері жыл сайын ондаған баспа
табақ көлемінде шығып жатыр. Бұл , әрине, жақсы. Сырттай қарағанда, сан
жағынан алғанда. Ал сапа ше? Ортақол, құбатөбел аталатын шығармалар
жайлы сөз етпей-ақ қояйық. Мұндай туындылар қай тілге аударылса да, қандай
аудармашының қолынан шықса да сол сүреңсіз, сұрғылт қалпында қала бермек.
Ал сөз – қазақ әдебиетінің таңдаулы үлгілері төңірегінде. Соның ішінде
көрнекті ақын Махамбет пен Мұқағали шығармаларының аудармасы хақында.

ІІ БӨЛІМ

О. ЖАНАЙДАРОВ АУДАРУЫНДАҒЫ МАХАМБЕТ
ӨЛЕҢДЕРІ

Көркем аударма процесінде, көркем аударма ісінің нәтижесінде
түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы бірлік пен тұтастықтың
сақталуының маңызы жоғары. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы
байланыс, келісім мен жарасым аудармада сақталмаған жағдайда әдеби
шығарманың көркемдік табиғаты, автордың шығармашылық даралығы мүлде
бұрмаланып, түпнұсқа бір басқа туынды болып шығады. Мұндай жағдайда
аудармадан түпнұсқаның мазмұнын да, көркемдік ерекшеліктерін де табу қиынға
түседі. Ал көркем аудармада түпнұсқа мазмұны мен пішіні дәл жеткізу не
біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі ең бір қиын, күрделі әрі аудармашы
шығармашылығының мағынасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фариза Оңғарсынова туындыларының орыс тіліне аударылу мәселелері
Поэтикалық аудармаға түсінік
АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢІН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Жапон әдебиеті
Сұлтанәлі Балғабаев пьесаларының қазақ театр өнерін дамытудағы рөлі
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Абайдың түпнұсқада келтірген метафорасының орыс, ағылшын тілдеріндегі баламаларын талдап, аудармашылар шеберлігін, шығармашылық даралығы мен көркемдік-эстетикалық танымының берілуін, көрінуін зерттеу
Әл-Муалим ас-Сани, Әбу Наср әл-Фараби грек ғылымы мен ислам идеясы арасындағы насихаттаушы тұлға
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭТИКА МӘСЕЛЕСІ
Шәкәрім және шығыс әдебиеті
Пәндер