Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу принципі



Реферат

КІРІСПЕ

1 Істің мән.жайын жан.жақты, толық және объективті зерттеу
принципінің мәні және шындықты орнату міндеттері

1.1 Іс мән.жайын жан.жақты, толық және объективті зерттеу
принципінің мәні
1.2 Істің мән.жайын жан.жақты, толық және объективті зерттеу
принципі мен қылмыстық іс бойынша шындықты орнату
міндеттері
1.3 Тергеудің тиімді көлемін анықтаудағы қылмыстық істің мән.
жайын толық, жан.жақты зерттеу принципінің маңызы


2 Қылмыстық істің мән.жайын жан.жақты, толық және
объективті зерттеу қағидасын құрудағы материалдық.
құқықтық генезис

2.1 Істің мән.жайын анықтайтын қағидалар құру
2.2 Қылмыстық қудалау жүргізу кезіндегі қылмыстық іс
мән.жайын зерттеудің толықтығы және жан.жақтылығының
маңызы
2.3 Қылмыстық істі сотпен жан.жақты, толық және объективті
зерттеу

3 Дәлелдеу процесіне істі толық және объективті зерттеу
принципінің тигізетін әсері және шындықты орнату

3.1 Жан.жақты, толық және объективті зерттеу қағидасының
дәлелдеу процесіне тигізетін әсері
3.2 Қылмыстық істің мән.жайын зерттеу принципі . шындықты
орнатудың критерийі ретінде.


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қылмыстық процессуалдық кодекстің негізінде зерттеу жұмысын жүргізуді ұсынады. Жұмыста қылмыстық істерді қарастыру кезінде жан-жақтылық, толықтылық және объективтілік қағидаларының түсінігі мен мәні, маңызы, метериалдық-құқықтық генезисі, объективті зерттеу қағидасының әсері қарастырылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты – философиялық және процессуалдық түсінік категориялары негізінде істің мән-жайын зерттеуді жан-жақты, толық және объективті түрде тұжырымдау және құрастыру табылады.
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде іс мән-жайының жан-жақты, толық және объективті зерттелуінің қағидалары және қылмыстық іс бойынша шындықты орнату міндеті, тергеудің тиімді көлемін анықтауда қылмыстық іс жағдайларын толық, жан-жақты зерттеу қағидасының мәні ашылады.
Үш тараудан тұратын екінші бөлім қылмыстық іс жағдалйларына байланысты жан-жақты, толық және объективті зерттеу қағидасын ұстана отырып, зерттеу жүргізудің материалдық-құқықтық генезисін анықтауға, қылмыстық қудалау жүргізу кезіндегі қылмыстық іс мән-жайын зерттеудің толықтығы мен жан-жақтылығына және қылмыстық істің сотпен толық қарастырылуына арналады.
Ал үшінші бөлімде қылмыстық істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу қағидасы болып табылатын шындықты анықтаудың критерийіне талдау жасалады, дәлелдеу процесіне аталмыш қағиданың әсері бағаланады.
Дипломдық жұмыстағы негізгі қолданылатын терминдер:
- қылмыстық процесс;
- қылмыстық қудалау;
- жан-жақты, толық және объективті зерттеу қағидасы;
- қылмыстық-процесуалдық заңнама;
- материалдық-құқықтық генезис;
- объективті шындық;
- дәлелдеу процесі.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негізін ҚР Атазаңы, қылмыстық, қылмыстық-процесуалдық, нормативтік – құқықтық актілер, заңнамалар және де жан-жақтылық, толықтылық және объективтілік қағидаларының қылмыстық істерде қолданылу проблемаларына назар аударған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.
1. Дробинин Д.В. Соединение и выделение уголовных дел как гарантия их встроенного, полного и объективного исследования. Самара, 1999.С. 221
2. Журнал ЮРИСТ №1(55) От объективной истины к формальной. Какая из них лучше. 2006 г.
3. Маркс К., Энгельс Ф. Соч.2-изд. Т.1. С.158.
4. Мамутова А.М., Лившица Ю.Д.. Уголовный процесс Каз ССР: Часть1. Общая / Алма-Ата., 1989.С. 47.
5. Конституция Республики Казахстан, с изменениями и дополнениями от 21.05.2007 г.
6. Алексеева Н. С. и Лукашевича В.З., Советский уголовный процесс 1989. С.80.
7. Комментарий к постановлениям Пленума ВС РФ по уголовным делам. М., 1999. С. 382.
8. УПК РК ст.24 п.1. Алматы от 13 декабря 1997 г. N 206. /тек. ред 20.01.2010
9. Чельцова М.А.., Уголовный процесс., М.1969.С. 54.
10. Источник Диалектическая логика, основные принципы и проблемы диалектической логики > Принцип всесторонности рассмотрения предмета., Сайт: http://uh3.ru/printsip-vsestoronnosti-rassmotreniya-predmeta.html
11. Чельцова М.А., Уголовный процесс. М.1969., С. 55
12. Мамутова А.М., Лившица Ю.Д., Уголовный процесс Каз ССР: Часть 1. Общая / Алма-Ата., 1989.С. 47
13. Фаткуллин Ф. Н. Общие проблемы процессуального доказывания. Казань, 1976. С. 177, 179
14. Алауханов Е.О., Криминологические проблемы предупреждения корыстно-насильственных преступлений. Алматы 2002., С. 5.
15. Чельцова М.А., Уголовный процесс., М.1969.С. 54.
16. Белкин Р.С., Криминалистика., М.2006., С. 53.
17. Мамутова А.М., Лившица Ю.Д.. Уголовный процесс Каз ССР: Часть1. Общая / Алма – Ата., 1989.С. 48.
18. Толеубекова Б.Х., Уголовно – процессуальное право РК Алматы.,1998. С. 185.
19. Бурданова В.С. Криминалистическое обеспечение всесторонности, полноты и объективности исследования обстоятельств дела. Учебное пособие. СПб., 1994. С.32.
20. Бахтыбаева И.Ж. на международном научно-практическом семинаре - Юридическая природа нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан и их роль в эффективности отправления правосудия. Алматы., 12 мая 2009 года. С 3.
21. Философский энциклопедический словарь. М., 1983. С. 226.
22. Толеубекова Б.Х., Уголовно – процессуальное прав РК. Алматы 2005., общ.ч. том 2.ч., С. 193.
23. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. Т.1.М.,1968.С.308
24. Дорохов. В.Д. Теория доказательств в советском уголовном процессе. М.,1973. С.45
25. Горский Г.Ф., Кокорев Л.Д., Элькинд П.С. Проблемы доказательств в советском уголовном процессе. Воронеж, 1978. С.87.
26. Толеубекова Б.Х., Уголовно – процессуальное право РК, Алматы 2005., общая часть, том 2. С.196
27. Добровольская Т.Н. Принципы советского уголовного процесса М., 1971, С. 123-124.
28. Горский Г.Ф., Кокорев Л.Д., Элькинд П.С. Проблемы доказательств в советском уголовном процессе. Воронеж.,1978. С.58
29. Пашкевич П.Ф., Объективная истина в уголовном судопроизводстве. М., 1961.С 5.
30. Толеубекова Б.Х., Уголовно – процессуальное право РК, Алматы 2005., общая часть, том 2. С.196.
31. Печников Г.А., Некоторые философские аспекты истины в уголовном процессе. М., 2001. С. 33.
32. Дробинин Д.В. Соединение и выделение уголовных дел как гарантия их встроенного, полного и объективного исследования. Самара, 1999. C 221.
33. Белкин Р.С.., Криминалистика., М.2006., С53.
34. Александров А.И. Указ. соч. С. 417 - 418.
35. Добровольская Т.Н. Принципы советского уголовного процесса. М., 1971. С. 10 – 17.
36. Строгович М.С., Курс советского уголовного процесса, М., 1958, стр. 166—167
37. Каз Ц.М., Субъекты доказывания в советском уголовном процессе, Саратов, 1968, С. 21.
38. Журнал ЮРИСТ №1(55) От объективной истины к формальной. Какая из них лучше. 2006 г. С 5.
39. Строгович М.С., Курс советского уголовного процесса. М. 1958. С. 285, 478.
40. Чельцова М.А., Уголовный процесс М.,1969. С. 54.
41. Мамутова А.М., Ю.Д. Лившица.Уголовный процесс Каз ССР: Часть1. Общая.,Алма – Ата., 1989.С. 47.
42. Добровольская Т.Н. «Принципы советского уголовного процесса» М., 1971 С.121,129.
43. Савицкий В.М. Государственное обвинение в суде.-М.,1971. С189.
44. УПК РК ст. 7 п.13 Алматы от 13 декабря 1997 г. N 206. /тек. ред 20.01.2010
45. Уголовное Дело № 4589//Архив Прокуратуры Алмалинского района., г.Алматы.
46. УПК РК ст. 36. Алматы от 13 декабря 1997 г. N 206. /тек. ред 20.01.2010

47. Толеубекова Б.Х.., Уголовно – процессуальное право РК, Алматы 2005. общая часть, том1. с164-170
48. Алексеев С.С. Указ. соч. С. 50.
49. Қазақстан Республикасы Атазаңы, 75- бап
50. Толеубекова Б.Х., Уголовно – процессуальное право РК, Алматы 2005. общая часть, том 1. С 303.
51. Губенок И.В. Повышение эффективности правосудия – важнейшая задача судебной реформы // Закон и право. – 2007. – № 2. – С. 6–7.
52. ҚР ҚПК., Алматы от 13 желтоқсан 1997 ж. N 206. /тек. ред 20.01.2010
53. УПК Франции ст. 310, УПК ФРГ ст. 244.
54. Европейский суд по правам человека. Избранные решения. М. 2000. Т.1. С. 321; Т. 2. С. 330.
55. Зархин Ю.М. Доказывание в уголовном процессе. М., 1997, С. 11-13; Его же: /Деятельность Конституционного Суда Российской Федерации по реализации прав человека в уголовном процессе. М, 2000, С. 36-37
56. Документ Копенгагенского совещания Конференции по человеческому измерению СБСЕ (п. 5) // Международные акты о правах человека. М. 1998. С. 653-654
57. В.Балакшин. Истина в уголовном процессе стр 2.]
58. Кокорев Л. Д., Котов Д. П. Этика уголовного процесса: Учебное пособие. Воронеж, 1993. С. 66.
59. Строговича М.С., Проблемы судебной этики С. 85
60. Толеубекова Б.Х., Уголовно – процессуальное право РК общая часть, 1 том, С. 194-195.
61. Печников Г.А., Некоторые философские аспекты истины в уголовном процессе. М.,2001. С 28.
62. Добровольская Т.Н., Принципы советского уголовного процесса. М 1971., с121-134
63. Пикалов И.А., Уголовный процесс Российской Федерации (краткий курс): Учебное пособие, М., 2005. С 8-9.
64. Толеубекова Б.Х., Уголовно – процессуальное право РК общая часть, 2том., С. 274-275.
65. Материальная истина и судебные доказательства в советском уголовном процессе, М., 1955, стр. 99—100
66. Ленин В. И., Полит. собр. соч., т. 23, С. 67.
67. Блонский П.П., Психология доказывания и ее особенности у детей, Вопросы психологии. 1964 г. № 3, С. 42.
68. Ульянова Л Т., О понятии оценки доказательств. М, 1959, С. 93.
69. Нурмуратов С.Е., секретарь диссертационного совета, доктор философских наук. Сайт: www.iphp.kz.
70. Пикалов И.А. Уголовный процесс Российской Федерации (краткий курс): Учебное пособие, М.,2005. С 45.
71. Строговича М.С., Проблемы судебной этики С. 85.
72. Печников Г.А., Некоторые философские аспекты истины в уголовном процессе. М., 2001. С. 37.
73. Балакшин В., Истина в уголовном процессе. Свердловская обл., 1998. С 2.
74. Печников Г.А., Некоторые философские аспекты истины в уголовном процессе. М., 2001. С. 41.
75. Интервьюирование следователей и прокуроров, в том числе государственных обвинителей, а также изучена, опубликована практика Верховного Суда Российской Федерации и практика Санкт-Петербургского городского суда за последние десять лет.
76. Ахмадуллин А., Всесторонность, полнота и объективность предварительного расследования как принцип уголовного процесса. М.,2005. С 50.
77.Толеубекова Б.Х., Халиков К.Х., Нуралиева А.С., Тыныбеков С.Т.
Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть Общая:
Академический курс Книга вторая.
78.Тыныбеков С.Т. "Казакстан Республикасының адвокатурасы және адвокаттық қызмет”. - Алматы: Данекер, 2004. 246 с.
79.Тыныбеков С.Т. Организация и деятельность адвокатуры ( вопросы и ответы).- Алматы: Данекер, 2000.39 с.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

СОТ БИЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу принципі.

Орындаған:
4-курс студенті ____________________

Ғылыми жетекшісі:
ғылыми дәрежесі ____________________

Нормабақылаушы: ____________________
__ ______ 2010 ж.

Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі,
қ.ғ.к. ____________________

__ ______ 2010 ж.



Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ

Реферат 3

КІРІСПЕ 4-6

1 Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу
принципінің мәні және шындықты орнату міндеттері 7-21

1.1 Іс мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу
принципінің мәні 7-13
1.2 Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу
принципі мен қылмыстық іс бойынша шындықты орнату
міндеттері 13-17
1.3 Тергеудің тиімді көлемін анықтаудағы қылмыстық істің мән-
жайын толық, жан-жақты зерттеу принципінің маңызы 17-21


2 Қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, толық және
объективті зерттеу қағидасын құрудағы материалдық-
құқықтық генезис 22-40

2.1 Істің мән-жайын анықтайтын қағидалар құру 22-26
2.2 Қылмыстық қудалау жүргізу кезіндегі қылмыстық іс
мән-жайын зерттеудің толықтығы және жан-жақтылығының
маңызы 26-33
2.3 Қылмыстық істі сотпен жан-жақты, толық және объективті
зерттеу 33-40

3 Дәлелдеу процесіне істі толық және объективті зерттеу
принципінің тигізетін әсері және шындықты орнату 41-53

3.1 Жан-жақты, толық және объективті зерттеу қағидасының
дәлелдеу процесіне тигізетін әсері 41-46
3.2 Қылмыстық істің мән-жайын зерттеу принципі – шындықты
орнатудың критерийі ретінде. 46-53


ҚОРЫТЫНДЫ 54-56

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57-60


Реферат

Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қылмыстық
процессуалдық кодекстің негізінде зерттеу жұмысын жүргізуді ұсынады.
Жұмыста қылмыстық істерді қарастыру кезінде жан-жақтылық, толықтылық және
объективтілік қағидаларының түсінігі мен мәні, маңызы, метериалдық-құқықтық
генезисі, объективті зерттеу қағидасының әсері қарастырылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты – философиялық және процессуалдық түсінік
категориялары негізінде істің мән-жайын зерттеуді жан-жақты, толық және
объективті түрде тұжырымдау және құрастыру табылады.
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде іс мән-жайының жан-жақты, толық және объективті
зерттелуінің қағидалары және қылмыстық іс бойынша шындықты орнату міндеті,
тергеудің тиімді көлемін анықтауда қылмыстық іс жағдайларын толық, жан-
жақты зерттеу қағидасының мәні ашылады.
Үш тараудан тұратын екінші бөлім қылмыстық іс жағдалйларына байланысты
жан-жақты, толық және объективті зерттеу қағидасын ұстана отырып, зерттеу
жүргізудің материалдық-құқықтық генезисін анықтауға, қылмыстық қудалау
жүргізу кезіндегі қылмыстық іс мән-жайын зерттеудің толықтығы мен жан-
жақтылығына және қылмыстық істің сотпен толық қарастырылуына арналады.
Ал үшінші бөлімде қылмыстық істің мән-жайын толық, жан-жақты және
объективті зерттеу қағидасы болып табылатын шындықты анықтаудың критерийіне
талдау жасалады, дәлелдеу процесіне аталмыш қағиданың әсері бағаланады.
Дипломдық жұмыстағы негізгі қолданылатын терминдер:
- қылмыстық процесс;
- қылмыстық қудалау;
- жан-жақты, толық және объективті зерттеу қағидасы;
- қылмыстық-процесуалдық заңнама;
- материалдық-құқықтық генезис;
- объективті шындық;
- дәлелдеу процесі.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негізін ҚР Атазаңы,
қылмыстық, қылмыстық-процесуалдық, нормативтік – құқықтық актілер,
заңнамалар және де жан-жақтылық, толықтылық және объективтілік
қағидаларының қылмыстық істерде қолданылу проблемаларына назар аударған
отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қолданыстағы құқықтық жүйенің өзгертілуі ғылыми
негіз ретінде қылмыстық заң жүйесінің тиімділігін арттыруды және сот ролін
нығайтуды, сот өкілеттілігін сақтауды, қылмыстық-процессуалдық іс-
әрекеттердің қатысушылары – жеке адамдардың заңды құқықтарын қорғап қалуды
көздейді.
Сотқа берілген өкілетті функциялар сәйкесінше, қылмыстық процесстің
сотқа дейінгі кезеңіндегі, алдын ала тергеу кезеңіндегі жақсы атқарылған
іс-әрекеттерсіз жүзеге асырылмайды.
Қылмыстық сот процесінде шындықты орнату және оған қол жеткізу
көпжағдайда қылмыстық іс жағдайларының толық, жан-жақты және объективті
зерттелуіне байланысты болады. Ол алдын ала тергеу кезеңінде және де соттың
істі қарау кезеңінде де жүреді. Осы аталған қағиданы жүзеге асыру,
тәжірибеде кездесетін көптеген қиындықтарды шешу және қателіктерді түзету
көп жағдайда анық түсінушілікпен және тергеу жүргізудің тиімді көлемін
анықтауға қатысты қылмыстық-процессуалдық заң нормаларын дұрыс қолдану
арқылы анықталады.
Зерттеудің мақсаты болып, философиялық және процессуалдық түсінік
категориялары негізінде істің мән-жайын зерттеуді жан-жақты, толық және
объективті түрде тұжырымдау және құрастыру табылады.
Осындай мақсаттарға жету үшін келесідей міндеттерді қоя отырып, шешу
керек:
— Шындықты түсінудің философиялық негіздерін анализдеу және оған жету
құралдарын анықтау;
— Істі жан-жақты, объективті және толық зерттеу қағидасын сақтаудың
қаншалықты маңызды екенін көрсету;
— Отандық қылмыстық заңнамалар мен мемлекеттік билік институттарының
қылмыстық іс-әрекетті шешуде жан-жақтылық, толықтық және объективтілік
қағидасын қолдануға тарихи шолу жұмысын жасау;
— Қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу
қағидасын қолдануда мемлекеттік органдардың қатысуын сараптау.
Зерттеу объектісін шешім қабылдаудың тәртібі мен негіздерін реттейтін,
тергеу жұмыстарының тиімді көлемін қамтамасыз ететін, және де оларды тергеу
жұмыстарында органдармен қолдану тәжірибесінде қолданылатын процессуалды-
қылмыстық нормативтер құрайды.
Зерттеу пәні болып, қылмыстық істерді ажыратқанда және біріктіргенде
заңнамамен реттеудің тиімділігі және толық болуы табылады. Оның ішінде ҚР
ҚПК бірқатар жобаларында бар нормалар, және осы сферада ымыраластыққа келу
құқығы да бар [1, 221б].
ҚР ҚПК 24-бабының негізінде сот, прокурор, тергеуші және басқа да
тергеу жұмыстарын жүргізетін тұлғалар істің мән-жайына толық, жан-жақты
және объективті зерттеу жүргізу үшін, айыптаулушыны ақтайтын және де
айыптайтын, одан басқа жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын
жағдайларға сәйкес заңмен көрсетілген барлық шараларды жүзеге асыруы тиіс.
Жан-жақтылық,толықтық және объективтілікке қойылатын талаптар іс жағдайлары
бойынша барлық жинақталған дәлелдерді тексеру мен бағалауға жатады. Бұл
деген сөз, қарастырылып отырған қағида іс жағдайлары мен дәлелдерін
зерттеуге бағытталған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазіргі таңда қылмыстық процесс объективті
шындықты орнатуға қарағанда формалды шындықты орнату жолына қарай ауысып
жатқандығы байқалады, одан бөлек ҚР ҚПК-де жалпы сот ісін жүргізу институты
енгізілген ( ҚР ҚПК 363-бабы). Өзімізге белгілі, қысқартылған сот
өндірісінде сот тек қабір ғана қылмыс жасалғаны туралы факті және
айыпталушының аталған қылмысты жасағандығы туралы мойындауы негізінде жаза
белгілеу өкімін шығара береді. Идеалдық тұрғыдан алсақ, теория тәжірибенің
алдында бұрын жүруі керек, себеі ол оған ғылыми кеңестер береді. Орын алған
өзгерістердің мәнін түсіндіретін теориялық жұмыстардың жоқтығының
себебінен тәжірибе әрбір сағат сайын коллизияларды өзі түсінгендей және
білгендей етіп қабылдайды. Мұнда орын алған өзгерістердің процессуалдық
құқықтағы теориялық орнын білместікке негізделген қателесу жағдайлары да аз
кездеспейді. Оның үстіне олар заңнамадағы талаптардың новеллалары мен
теориялық қағидаларын қуып жете алмай келеді.
Болып жатқан процесстердің жалпы көрінісін құрастыруға мүмкіндік
беретін зерттеудің жан-жақты, толық және объективтілік қағидасын мүмкін
болатын аспектілер диапазонында қарастыру.
Жан-жақты, толық және объективті зерттеу принципіне қойылатын талаптар
бір-бірімен байланысты, бірақ бірін-бірі алмастыра алады деген сөз емес,
өйткені олар іс жағдайларының зерттеу әдістері мен тәсілдерін сипаттайды,
бірақ олардың әрқайсысы өзіндік мазмұнға ие.
Зерттеудің жан-жақтылығы өзіне қатысты құрамы, сапасы мен белгілері,
байланыстары, қарым-қатынастары мен өзара үйлесімділіктері сияқты дәлел
болып табылатын барлық құқықтық маңызы бар жағдайларды анықтауды көздейді.
Зерттеудің жан-жақтылық қағидасы барлық объективті мүмкін нұсқаларды
толық тексеру мен өз уақытында ашуға септігін тигізеді.Мұндай нұсқа тексеру
шаралары дәлелдеу іс-әрекетінің бағытын анықтайды, біржақтылық пен
субъективизмді шектейді және қылмыстық істің жасалғандығын дәлелдеудің
дұрыс жолына бағдар береді.
Объективтілік айыпталушыға қарсы және қарсы емес жақтың барлық
жағдайларын бірдей ескере отырып, зерттеудің дұрыс жолын анықтайды және
дәлелдерді тексеру мен бағалауға қатысты өзінің қарым-қатынасын білдіреді.
Объективтілік – бұл іс бойынша сот процесін жүргізетін, фактілік
материалдар бойынша шешім қабылдайтын және субьективтілік, тепе-теңдік
тұрғысынан дәлелдерді алып тастайтын, айыптау жүргізетін барлық сот ісін
жүргізу процесіне қатысушы адамдардың адал, сезімдерге бой алдырмайтын
қарым-қатынасына қойылатын құқықтық және мүдделік талап.
Объективтілік қабылданатын шешімдерде іс жағдайларын сот ісін жүргізу
немесе тергеу жұмыстары кезінде қалай белгіленсе, солай көрсетуді талап
етеді.
Жан-жақтылық, толық және объектілік қағидалары дәлелдеу кезінде
мүддесіз құралдарды қолдану мүміншілігін жояды, оныі ішінде айыпталушы
немесе сот процесіне қатысатын басқа да адамдарды күштеу, мәжбүрлеу,
қорқыту немесе басқа да заңсыз іс-әрекеттер арқылы түсінігін алуға
болмайды.
Тергеу өндірісінде орын алған осындай фактілер анықталған кезде сот
төрағасы осы заңға қарсы іс-әрекет жасаған өкілетті тұлғаны жауапкршілікке
тартуға байланысты қажетті шаралар қабылдауы керек.
Аталған принцип сот процесінің барлық кезеңдерінде бірге жүре отырып,
барлық тергеу және сот актілерінің заңдылығын және негізделуін қамтамасыз
етеді, іс бойынша шындықты орнатуға септігін тигізеді. Оның талаптары
қылмыстық істерді біріктіру мен ерекшелеп бөлудің ережелері негізінде,
күдіктіні айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту, айыптау өкімін
құрастыру мен бекіту, өкім мен жазаны жариялау шараларының және т.б.
негізінде жатыр.
Жан-жақтылық, толық және объективтілік қағидаларының бұзылуы келесідей:
ары қарай толықтырып тергеу жұмыстарын жүргізуге жіберу, іс бойынша
қылмыстық қудалауды тоқтату, ақтап алу өкімін шығару, жоғары
инстанциялармен өкімнің алып тасталынуы сияқты процессуалдық салдарларға
тап болады.
Процесс қағидасының бірі ретінде ішкі сенім бойынша дәлелдерді бағалау
негізгі компоненттердің бірі ретінде ешқандай дәлел алдын ала белгіленген
күшке ие бола алмайды деген ережені өзіне қосады.
Тергеу органы, із кесуші, прокурор, сот берілген жағдайдың дәлелдерін
өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды. Заң шығарушылармен белгіленген
нормалар қылмыстық процесстің түрін анықтайды және оның алдына қойылған
мақсаттарға жету жолын белгілейді.

1 ІСТІҢ МӘН-ЖАЙЫН ЖАН-ЖАҚТЫ, ТОЛЫҚ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІ ЗЕРТТЕУ ПРИНЦИПІНІҢ МӘНІ
ЖӘНЕ ШЫНДЫҚТЫ ОРНАТУ МІНДЕТТЕРІ

1.1 Іс мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу принципінің мәні

Іс жағдайларын зертеудің жан-жақтылық, толықтық және объективтілік
қағидасы – бұл сот, прокурор, тергеуші немесе анықтау шараларын жүргізетін
басқа да тұлғалардың іске қатысы бар барлық жағдайларды толық тексеру,
зерттеу, осы жағдайлардың болған-болмағандығын анықтауда дұрыс қорытынды
шығаруға көмектесетін, іске жататын дәлелдер жиынтығын қолдану, тексеру
және бағалаудағы міндеттерін білдіретін бастама.
Аталған қағида қылмыстық процестің барлық кезеңдеріне тән. Жан-жақты,
толық және объективтілік зерттеу қағидасы істің әділ шешімін шығаруға және
оның жекелеген сұрақтарын орнықты шешуге септігін тигізеді. Ол мысалы,
азаматтарға дұрыс қарым-қатынас, олардың тағдырына алаңдаушылық білдіру
және сәйкесінше олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау болып
табылады. Осы қағиданы бұзу өте күрделі сот қателіктеріне, азаматтардың
заңмен тыйым салынған іс-әрекеттерді жасауына және заңдылық пен әділдік
түсініктеріне деген сенімдерінің жоғалуына әкеліп соқтырады. Жан-жақты,
толық және объективті зерттеу – бір-бірімен тығыз байланысты,
үйлесімділіктегі ұғымдар.
Істе орын алған жағдайларды жан-жақты зерттеу дегеніміз, жалпы алғанда
қылмыстық құрамы бойынша пайда болатын барлық нұсқаларды, ал жеке
элементтері бойынша әрбір із, қылмыстық іс оқиғасының механизм бөлшектерін
және т.б. зерттеу мен тексеру деген сөз [4, 47б].
Осы аталған қағиданың құқықтық негізі Конституциямыздың 13-бабында
берілген, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциямен және
заңмен белгіленген барлық құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғалуына
кепілдік береді [5].
Әділ сот шешімін шығару сот процесіне қатысатын екі жақтың, айыптаушы
және айыпталушы жағынан да құқықтарының бірдей тең дәрежеде қамтамасыз
етілуі мен сотқа ұсынылуын, ал соның нәтижесінде айыпталушыға оның жазасын
жеңілдететін жағдайларды тең жағдайда көрсетуді қамтамасыз етуді қалайды.
Сондықтан, істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу
қағидасы қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде негізгі
қағидалардың бірі ретінде теңдей дәрежеде сақталуы керек, оның ішіне алдын
ала тергеу кезеңін ғана емес, сонымен қатар бірінші истанция бойынша сотпен
істі қарау кезеңі де кіреді.
Көрсетілген қағиданы сақтауды заң прокурор, оның ішінде сотта
мемлекеттік айыптауды жақтайтын прокурорға жүктейді [6, 80б].
Қылмыстық істі дұрыс та әділ шешу үшін сот төрағасы сотпен қарастыру
кезеңінде барлық ұсынылған дәлелдер материалдарын түгел қарап шығуы керек.
Істе қылмыстық іс-әрекет құрамының бар-жоқтығын білу үшін барлық керекті
құқықтық маңызы бар жағдайларды анықтау және тексеру, қылмыстық
жауапкершілікке тартылған жеке адамның қылмыстық іс-әрекетке қатысының бар
немесе жоқтығын анықтау, оның жазасын ауырлататын немесе жеңілдететін
жағдайларды қарастыру – куәгерлердің түсініктерінде, жәбірленуші шағымында,
тергеу і-әрекеттерінің хаттамаларында, эксперт маман қорытындысы мен іс
материалдарында бар басқа да құжаттарда көрініс табатын фактілік
мәліметтерді зерттеу арқылы ғана мүмкін болады.
Әділдік орнау үшін іс бойынша шығарылған сот қорытындысы талассыз
белгіленген, негізді фактілерге сүйенуі, өзінің сипаты бойынша сот
отырысында іске келтірілген барлық дәлел материалдарын қарастырмай қол
жеткізуге болмайтын объективті шындықты көрсететіндей болуы керек.
Қылмыстық іс мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу
қағидасын сақтау жасалған қылмыстық іс-әрекеттің шындығын қалпына келтіріп
қана қоймай, сонымен қатар оған дұрыс құқықтық баға береді, айыпталушының
мінездемесі мен жаза дәрежесін анықтайды, жасалған қылмыстың түріне және
айыпталушының тұлғасына сәйкес жаза белгілейді, жәбірленушіге келтірілген
залал көлемін белгілейді. Сондықтан, ол заңды және негізді өкім шығарудың
қажетті шарты болып табылады [7, 382б].
Жасалған іс-әрекеттің объективті, толық сипатын ала алмай, соттық
қорғау шараларын жүргізу ақылға қонымсыз. Осы мақсатта ҚПК 24-бабында істі
ашу үшін прокурор, сот төрағасы заңмен белгіленген шекте барлық жағдайларды
толық, объективті және жан-жақты қарастыруға міндеттеледі, осы талаптың
шығуы қағидалар категориясын енгізуге байланысты [8].
Қарастырылып отырған қағиданың ерекшелігі үш элементтердің тамаша
үйлесуінде. Оған келесідей ерекшеліктер тән:
1. Үш элемент – жан-жақтылық, толықтық және объективтілік – тек
қана бірлесе отырып, ортақ қағида құрайды және оның мәнін ашады;
2. Атаулы элементтер бір-біріне тәуелді және өтімді, бірақ бір-
бірімен алмастыруға келмейді; тығыз байланыстың болуы өзіне тән
ерекшеліктің болуы шектемейді;
3. Осы аталған қағидалардың біреусінің болсын орындалмауы зерттеудің
біржақты болып қалуы мен толық еместігіне алып келеді, ал ол іс
бойынша шындыққа қол жетпеді деген сөз; ал шындыққа қол жеткізбеу
істі тоқтатуға немесе өкімді алып тастауға себепкер болады.
Берілгендер бойынша Ф.Н.Фаткуллиннің пікірі актуалды. Ол: Дәлелдеуге
істің жеке құрамы, бөлшектері жатқызылмайды, қасиеттер мен құрамдардың
қайталанбас жиынтығын тасымалдаушы ретінде фактілердің өзі жатады- дейді.
Диалектикалық әдіс кез-келген құбылысты зерттеу кезінде оның басқа
құбылыстармен байланыстары мен қарым-қатынастары, өзіне тән өзгешіліктері
зерттеуді талап етуде.
Фактілер, егер оларды жалпы жиынтық ретінде қарастыратын болсақ, ол
бірбеткей, бірақ дәлелдеуге болатын зат. Осы немесе басқа сұрақ бойынша
талқылаудың негізі болып, нақты және талассыз фактілер табылады.
Қарастырылып отырған іске қатысты фактілердің жиынтығын ғана алу керек.
Жан-жақтылық – құқықтық маңызы бар барлық жағдайдарды әртүрлі тұрғыдан,
жан-жақты қарастыру және өзіне тән барлық құрылымдарымен, сапасы мен
белгілері, байланыстары, бір-біріне қарым-қатынастары, осы қылмыстық істі
жасауға итермелеген себептері мен салдарларын анықтау болып табылады.
Істе орын алған жағдайларды анықтау және тексерудің жан-жақты зерттеу
қағидасы зерттеліп жатқан іс бойынша барлық мүмкін болатын нұсқалар,
қылмыстық жасаған адамдарды бақылау болып саналады.
Зерттеуді жан-жақты жүргізу үшін айыпталушының ақтайтын немесе жазасын
жеңідететін жағдайлар анықтауы керек. Басқаша айтқанда, зерттеу жұмысында
біржақтылыққа жол берілмейді [9, 54б].
Жан-жақтылық мағынасы іс бойынша шындықты дәлелдеуде барлық жағдайларды
реттеу мен тексеруге сәйкес келеді.
Осылайша, жан-жақтылық проблемасы пәнін қарастыру тек терең теориялық
емес, сонымен қатар тәжірибелік мәнге ие болады.
Және осы жерде істі қарастырудағы жан-жақтылық принципінің екі
аспектісі мәнге ие болады.
Біріншісі, қарым-қатынастар, байланыстар, заңдар және формақұраушы зат
ретінде ішкі құрылымға жатқызылады. Ол затты қарастырудың тұтастығына
тікелей қатысты.
Екіншісі, жан-жақтылық аспектісін фактілер, құбылыстар, құрамдар және
т.б. облысына қатысты тұтастық элементтерінің шығу формасы ретінде сыртқы
құрылымға жатқызу жөн болар еді. А.Эйнштейнді мысалыға қарастырудың
толықтық облысы деп есептейтік. Теорияның теоретикалық рет қағидасын
тұжырымдай келе ол, былай деп жазады:
1. Мүмкіндігінше барлық құбылыстар мен олардың байланыстарын
(толықтылығын) қамту керек. 2. Ал бұған қол жеткізу үшін негіз ретінде
логикалық тұрғыдан аса байланыса қоймайтын біртекті және бір-біріне тәуелді
емес түсініктерді ала отырып, олардың арасындағы ойша арақатынастарды
анықтау керек. Көріп отырғанымыздай, А.Эйнштейн жан-жақтылықтың екі
аспектісін де тіркеп отыр ( эмпирикалық және теориялық), дегенмен де,
аталған түсініктер арасындағы ойша арақатынастарда нақтылық пен дәлдік
болмайды, ал ол шынайы теория құрылымында өз орны жоқ болып есептеледі.
Және де жан-жақты зерттеу принципінің эмпирикалық аспектісі туралы да
айтылады. Оны толықтық аспектісі деп атаған: ...қарастырылып отырған
сұраққа қатысты жекелеген фактілерді емес, барлық фактілер жиынтығын түгел
алу қажет. Тіпті біреуін болса да қалдырып кетуге болмайды....
Осылайша, затты қарастырудағы жан-жақтылық қағидасының әдістемелік мәні
оның ешбіреуін қалдырып кетпей, теориялық негізгі сүйене отырып барлық
фактілер мен құбылыстарды, түсіндіруге мүмкіншілік беруі. Кез-келген жалған
теориялық жүйе затты оның жан-жақты байланыстары мен қарым-қатынастарымен
береді, сыртқы, эмпирикалық жоспарда шығатын барлық фактілер, құбылыстар,
мен зат құрамын көрсетеді [10].
Толықтық немесе толық қамтылғандық – бұл қылмыстық іс бойынша
анықталуға жататын қылмыстық іс-әрекеттің барлық эпизодтары мен фактілерін,
сындай әрекетке байланысты айыпталушыны және оның жақтастарын
жауапкершілікке тарту арқылы осы мәселені шешетін барлық жағдайларды
анықтау болып табылады.
Зерттеудің толықтығы істі дұрыс және оң шешуге өз септігін тигізе
алатын барлық фактілерді шығарудан көрінеді. Бұған қылмыс құрамының барлық
объективті және субъективті белгілері (орны, уақыты, қылмыстың жасалған
әдісі мен жағдайы, қастандық сипаты және мотиві және т.б.), орын алған
қылмыстық әркетке байланысты айыпталушыға жазаны ауырлататын және
жеңілдететін жағдайлар жатады. Одан бөлек, қылмыскермен келтірілген
залалдың мөлшері мен сипаты, және де қылмыс жсауға итермелеген барлық
жағдайлар анықталуы керек [11, 55б].
Өзін қорғау мақсатында айыпталушымен келтірілген түсінік барлық
жағдайда да толық және жан-жақты тексеруден өтуі керек [12, 47б].
Толық зерттеу түсінігін басқа тұрғыдан (дәлелдеу пәні және дәлелдер
жиынтығы ретінде емес) ашатын үшінші көзқарас та жоқ емес, ол бойынша
толықтылық – әрбір дәлел, әрбір факті, әрбір оқиғаның жеке-жеке және толық
ұйымдастырылуы – осы факт бойынша шешім шығарған кезде ешқандай күмән
қалмағанға дейін зерттеу деп айтылады [13, 177-179бб].
Толық зерттеу қағидасының маңыздылығы – ол дәлелдеудің көлемі мен
шектерін анықтайды, қандай жағдайлар және қандай шекте белгіленуі
керектігін, дәлелдердің қандай жиынтығын зерттеу керек және қайсысын заңды
және негізделген шешім шығаруда қолдануға болатындығын көрсетеді.
Қылмысқа криминологиялық сипаттама бере отырып, қойылатын басты талапты
ұстанып отыру қажет. Өйткені, онда біріктірілген барлық мәліметтер қажетті
толықтық деңгейінде көрсетілетін құбылыстардың құрамы мен белгілері туралы
және сол құбылыспен қандай да бір жағдайлармен байланысатын, қылмыстық
істің алдын алу көз-қарасы тұрғысынан маңызды ақпараттар беруі тиіс[14,
5б].
Объективтілік – бұл құбылыстың шынайы түрінде адам санасында дұрыс
көрінуі, айыпталушыны қолдайтындар мен оған қарсы шағатындардың барлық
жағдайларын, тепе-тең дәрежеде ескеретін зерттеу әдісі, дәлелдерді жинау,
тексеру және бағалауға қатынасын білдіру түрі және де іс бойынша нақты
шешімдер шығаруды құрастыру болып табылады.
Объективтілік іске қатысушы азаматтарға және олардың материалдарына
анықтау жұмыстарын жүргізетін өкілетті тұлғалардың қарым-қатынастыр
сипаттайды. Заң тергеуші органдар, сот төрағасы және тпрокурорға істі
ойланып, байыппен және сезімдерге берілмей шешуді міндеттейді, процесске
қатысушылардың жағына ауып кетуге тыйым салады. Яғни, екі жақтың құқықтарын
тең дәрежеде қарастыра отырып, іске байланысты дұрыс та әділ шешім шығару
міндетін жүктейді.
Заң объективтіліктің заңды кепілдемесі ретінде тергеу жүргізетін
органдарды, сотты және прокурорды іске қатыстырмау ережесін
белгілейді.Анықтау шараларының, алдын ала тергеу немесе сотпен істі
жүргізудің толық болмауы мен біржақты ғана қарастырылуы өкімді алып
тастауға толық құқық береді [15, 54б].
Объективтілік қағидасы ғылымның бар екендігін және оның жалпы
философиялық материалистік диалектика негідемесі бойынша да, сонымен қатар
ғылыми мәселелерін шешу кезінде тәжірибе критерийіне сүйене отырып,
материалистік философия негізінде дамып отырғандығын көрсетеді. Осы көз-
қарас бойынша криминалистика тұрғысынан объективтілік қағидасының жүзеге
асырылуы оның проблемаларның философиялық жасампаздығын, диалектика заңдары
мен категорияларының осы ғылым пәнінің әртүрлі жағын қарастыруда
қолданылуын білдіреді. Табиғатта дүниетаныммен немесе философиямен
байланыссыз таза ғылым болмайды, нақтырақ айтатын болсақ, ғылым пәнін
зерттеу бірлесе отырып жүзеге асырылады.
Объективтілік қағидасының көрсеткіштері болып, ғылыми зерттеулерде
кемшіліктер мен қателерге келіспеу, ғылымның тәжірибе үшін ұсынатын
кеңестеріне жоғары талап қою. Қағиданың осы жағының жүзеге асырылуы онда
монополизм мен диктаторлықтың және азаматтарға өз пікірлерін байлаудың
болмауынан еркін жарыссөздер жүргізуде шығармашылық рухқа сүйенуге
мүмкіндік береді [16].
Объективтіліктің мәні – мәліметтерді фактіге айналдырудың қажетті шарты
ретінде білімнің нақты болуына септігін тигізуі.
Істің орын алған жағдайларын зерттеудің объективтілігі сот өндірісін
алдын ала тұжырымсыз, сезімге бой алдырмай, нақты іс бойынша шешім шығару
болып табылады. Бастысы шешім болжалдар, мүмкін болатын жағдайлар негізінде
емес, тек қана нақты анықталған дәлелдер мен дәйектер негізінде
жүргізіледі. Іс жағдайларын зерттеудегі объективтілік сот, прокурор, тергеу
органдарын айыптаушының жазасын мойындататын және оны ақтайтын,
жауапкершілігін ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды анықтауға
міндеттейді [17, 48б].
Қылмыстық процессте істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті
зерттеу қағидасы әрқалай көрініс табады.
Аса маңызды көрінуі болып, келесілер табылады:
1. Жан-жақты, толық және объективтілік қағидасы айыпталушыға жаза
белгілеуде де, және оның кінәсіздігін белгілеу кезінде де өзіндік
орынға ие болуы тиіс.
2. Аталған қағида жүзеге асырылу кезінде ешқандай шектеулермен
шектелмеуі керек, яғни қарастырылп отырған жағдайға қатыссыз
немесе байланысы аз жағдайлар белгіленген тәртіп бойынша және
істің шынайылылығы бойына дәлелдеу пәні бола алмайды;
3. Іс бойынша дәлелдеу шараларында жан-жақтылық, толықтық және
объективтілік қағидасын ұстану міндеті сотқа, прокурорға,
тергеуші мен із кесушіге жүктеледі. Ең бастысы осы міндеттердің
процесске қатысатын басқа да мүшелеріне берілуіне болмайды,
әсіресе айыптаплушыға.
4. Өзінің процессуалдық күші дәрежесі бойынша мемлекеттік органдар
үшін, қылмыстық процесс жүргізетіндер үшін аталған қағида
дәлелдердің градациясына жол бермейді. Барлық дәлелдер іске
қатысы бойынша бірдей мәнге ие болады;
5. Шешімдерді тұжырымдау мен дәлелдеу кезінде жан-жақты, толық және
объективтілік қағидасын мемлекеттік органдар бір-біріне тәуелсіз
қатынаста жүргізуі керек (әсіресе, пркурордың істің толық
қарастырылмаған кезінде тергеушіге өз нұсқауларын көрсете отырып,
істі қайта жіберуінен анық көрінеді).
6. Әділ сот органы жан-жақтылық, толықтылық және объективтілік
қағидасынының тергеу органдарымен қолданылуын тексереді және өзі
де істі қарастыру кезінде осы қағидаға сүйене отырып сәйкесінше
әділ де, тура шешім шығарады [18].
Сот төрелігі барлығының заң мен сот алдында тепе-теңдігін сақтайтын
қылмыстық процесстің қағидалары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асыралады.
Ал, сот қарастырылған іс бойынша әділ шешім шығару үшін оны зерттеуді
заңмен көрсетілген шаралар негізінде жан-жақтылық, толықтық және
объективтілік қағидасына сүйене отырып, дұрыс шешім шығару үшін қажетті
барлық жағдайларды саралайды.
Іс жағдайларын зерттеу әдісі мен дәлелдеу мақсаттары жан-жақтылық,
толықтық және объективтіліктің екі аспектісінде қарастырылуы керек. Бұл
дәлелдеу процесіне қарама-қарсы келмейді. Оларда ең алдымен ақпарат
анализденеді және зерттеу міндеттері қойылады, ал одан кейін бұл міндеттер
белгілі бір әдістермен шешіледі.
Егер жан-жақтылық, толықтылық және объективтілік қағидаларын
дәлелдеудің мақсаты ретінде қарастырсақ, олар келесідей талаптарға жауап
беруі керек: жан-жақтылық – қылмыс құрамы элементтерінің барлық жақтарын
және басқа да құқықтық маңызды жағдайларды және т.б. қамтуы керек, яғни
заңда бар бірқатар толықтырылулары бар дәлелдеу пәні ( мысалы, кәмелеттік
жасқа толмағандар ісі бойынша); толықтылық – әрбір фактінің нақты
дәлелденгенін көрсететін әрбір жағдай бойынша дәлелдер жиынтығының
жеткілікті көлемін көрсетеді; объективтілік – объективті шынайылықпен
үйлесімде белгіленген фактілер негізінде қабылданған шешімдерді жүзеге
асыру, онда мемлекеттік айыптаушының айыпталушыға және жәбірленушіге жеке
қатынастарын шектейді [19, 32б].
Мысалы, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық кодексінің 9-
бабына сәйкес, Қылмыстық процесс қағидасының мәні оның сипаты мен
шынайылығына тәуелділікте болуында. Ол қылмыстық іс бойынша қарастырылып
өткен мәселені негізсіз деп тауып, осындай сот өндірісі негізінде
қабылданған шешімдерді алып тастайды немесе осы іс бойынша жинақталған
барлық материалдарды дәлелдік күші жоқ деп табады.
Осы норманың мазмұны мен мәнін толық түсіну үшін оны дұрыс қолдана білу
керек, 2002 жылы желтоқсандағы Жоғарғы Соттың №26 Қорғалу құқығын
реттейтін қылмыстық-процессуалдық заңнаманы тәжірибе жүзінде қолдану
туралы бекіткен нормативтік қаулысымен танысуы және осы қаулыда
келтірілген нормаларға сүйене отырып іс-әрекет жүргізу керек.

1.2 Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу принципі мен
қылмыстық іс бойынша шындықты орнату міндеттері

Қылмыстық-процессуалдық дәлелдеудің мақсаты болып, шындықты орнату
табылады. Философиялық тұрғыдан алғанда шындық дегеніміз – адам және оның
санасына тәуелсіз, өзі табиғатта қалай болса, солай қабылданатын және
субъектпен танылатын нысанның адекватты көрінісі [20, 3б].
Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа қол жеткізу сотта орын алуы
мүмкін қателіктердің алдын алады. Осы сұрақ бойынша пайда болатын
түсініспеушіліктер адам тағдыры мен бүкіл өмірінің құнын түсіреді. Осы іс-
әрекеттің салдары ретінде гомель ісін айтып өтуге болады, 1981 жылы балық
басқармасында жұмыс істейтін тергеуші мен инспектордың өлімі үшін 5 адам
жазықсыздан жазықсыз жазаға тартылды. Екі жылдан кейін сол елді мекенде
тағы да бір адам өлімі тіркелді. Қайта қарастыру материалдар ы
көрсеткендей, осы елді мекенде болған барлық қылмыстар К.атты үш ағайынды
жігіттермен және олардың 2 ұлдарымен жасалған болып шықты. Осы тіркелген 3
өлімнің арасында олар 11 қылмыс жасап үлгерген [21, 226б].
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі шындық процессуалдық жолмен
материалдандырылатын дәлелдер арқылы болып кеткен оқиғаның көріністерін
ойша қалпына келтіру процедурасы арқылы орнатылады. Бұл шындық дәлелдер
теориясында материалды шындық деген атауға ие болды. М.С.Строгович
қылмыстық процесстегі материалдық шындық деп, қылмыстық жауапкершілікке
тартылатын адамның жазықты немесе жазықсыз екендігін көрсететін тергеу
жұмыстарының және істі шешетін және қарастыратын соттың қорытындыларымен
нақты және толық сәйкестігін айтты (22, 193б].
Одан кейін ол материалдық шындықты – объективті шындық деп
тұжырымдадады. М.С. Строгович пікіріне В.Д. Дороховтың берген анықтамасының
мағынасы сәйкес келеді. Оның ойынша, объективті шындық ретінде адамның
дұрыс объективті іс-әрекетін көрсететін ұғымдыв түсіну керек. Оның
объективті болуының себебі, оның мазмұны көрсетілетін нысанға сәйкес
келуінде жатыр [23].
Осы анықтамалар келтірілген уақыттан біраз кешірек, қылмыстық сот ісін
жүргізу сферасында объективті шындықты сәйкесінше шынайылықта субъективті
көріністің жоғарғы формасына шығарады және оны зерттелетін фактілер мен
жағдайлардың субъективті тұжырымдарына толық және нақты сәйкес келу деп
бағалайды (24, 85б].
Бұрын айтылғандай, барлық зерттеушілердің көз-қарастары бірдей,
дәлелдеу жұмыстарын жүргізудегі басты масат ретінде шындықты орнату болып
табылады және осы шындық объективті сипатта жүреді.
Шындықтың философиялық түсінігі әдістемелік тұрғыдан аса маңызды,
өйткені ол өзінің екі бастамасын есепке алуды жүргізеді: салыстырмалы және
абсолютті шындықты.
Шектелген білімнен терең және нақты білімге қарай жылжу процесі
шындыққа қатысты сипат береді. Шындықтың қатыстылығы тарихи, экономикалық,
әлеуметтік құрылымдарын тануды шектеумен аныталады. Шындықтың объективті
болуының есебінен әрбір қатысты шындық өзінде абсолютті білімнің
элементтерін қамтиды. Мұнда философия объективті шындық деп, бұл –толығымен
пәнді жойып жіберетін және оны ары қарайғы тануда мойындалатын қандай да
бір білімді атады. Осыны ескере отырып, дәлелдеу теориясы үшін қағидалық
тұрғыдан қылмыстық сот ісін жүргізуде қол жеткізілетін шындықтың құрамы мен
сипатының маңызы зор екендігін көреміз.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу жқмыстарын жүргізуде абсолютті шындыққа
қол жеткізу туралы Н.С. Алексеев, И.Д.Перлов, П.А. Лупинская, М.А. Чельцов,
М.С. Строгович сияқты бірқатар ғалымдар оң пікірлер айтады. Ал, И.Б.
Михайловская, В.С. Тадевосян, Л.Т. Ульяновалар қылмыстық сот процесінде тек
салыстырмалы шындыққа ғана қол жеткізуге болатындығын атып көрсетеді. В.Я.
Дорохов, В.С. Николаев, А.И. Трусов және басқа да ғалымдар екі жақты
пікірді де не қолдамай, не қарсы шықпай, орталық дәрежеде қалуды жөн
санайды. Олардың ойынша сот процесінде объективті шындық біруақытта
абсолютті және салыстырмалы түрде шығады. Құқықтық әдебиеттерде осы сұрақ
бойынша басқа да көз-қарастар орын алды, дегенмен олар сот ісін жүргізудегі
шындықтың мәнін анықтаужда айтарлықтай шешуші әсерді иеленбеді1.
Қылмыстық процессте қол жеткізілетін шындықтың екіжақтылық қасиетінің
болуы (салыстырмалы және абсолютті) келесідей жағдайларда өзіндік
артықшылықтары бар болып есептеледі.
– Абсолютті шындыққа жалпы алғанда қол жеткізудің мүмкін екендігін
мойындау қылмыстық сот ісін жүргізетін мемлекеттік өкілетті
органдардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде абсолютті шындыққа жетуге
неіз береді.
– Абсолютті және салыстырмалы шындықтың өзара арақатынасы туралы
диалектикалық заңның жалпыға ортақтылығы қылмыстық сот ісін
жүргізуде қол жететін шындықтың сипатына қарай теңдей дәрежеде
таратылады.
– Абсолютті шындықты дәлелдеп шығудың мүмкіншілігін жоққа шығару іс
бойынша сот төрелігінің әділдігі мен шынайылығына күмән тудырады, ал
сол арқылы сот төрелігінің мүмкіндігі мен жіберуге қажеттілігіне
әкеліп соқтырады.
– Салыстырмалы шындықты дәлелдеп шығудың мүмкіншілігін жоққа шығару
диалектика заңдарына қарама-қайшы келеді, яғни ол дәлелдер мен
дәлелдеуді ғылыми тұрғыдан танудың әдістемесін жоққа шығарады немесе
адамның дүниені тануында асып өтуге болмайтын шектің бар екендігін
мойындауға әкеледі.
– Тергеу мен сот органдарымен жүргізілетін іс-әрекеттерінің
ерекшеліктері қатаң белгіленген құқықтық тыйым салулар мен рұқсат
етулер жүйесінде көрінеді, өз ізін танымдық іс-әрекеттің тереңінде
қалдырады. Бір жағынан бұл іс-әрекет істе орын алатын жағдайларға
сәйкес қойылатын шектеулермен, ал екінші жағынан құқықтық
заңнамалармен шектелген.
Көрсетілген шектердің ауқымында қол жеткізілген шындықтың жою қабілеті
бар, сондықтан ол абсолютті болып табылады. Осы шындық егер де білімнің
шегінен шығып кеткен болса, ол салыстырмалы болып саналады [25, 87б].
Егер де қылмыстық істі қозғау мен тергеу, қарастыру мен шешу іс-
әрекеттері және сол сияқты бірқатар әртектес функциялардың қылмыстық істер
бойынша сот процесі өндірісіне қатысатын құқықтық қатынастардың басқа
субъектілерінің барлығының өкілетті билікке иелік ететін бір мемлекеттік
органда шоғырлануы тиімді болып табылмайды. Қылмыстық іс бойынша дұрыс
шешімге қол жеткізу үшін қылмыстық іске қатысушы субъектілер бір ғана
органға жүгіне бермеуі керек.
Қылмыстық іс бойынша шындық құрамына не кіру керектігі де тәжірибе
жүзінде атқарылатын сот ісін жүргізу сияқты шаралар үшін негізгі және
жанама түрде қатысты ролге ие болады. Оның дұрыс шешілуімен барлық сот
органры мен тергеу органдарының тану іс-әрекеттерінің бағыттары тығыз
байланысты.
Дегенмен, істе орын алған жағдайларды зерттеп, фактілерді анықтауда
тергеу және сот органдары заң бұзушылықтың абстракты түсінігін ашады, ал
белгілі бір уақытта және орында белгілі бір тұлғамен жасалған нақты іс-
әрекет нормалық құқықтарға немесе осы нормалар жиынтығына қарсы
бағытталғандығы нақты мойындалады.
Сондықтан, сот төрелігіндегі шындық ұғымына тек жеке адамдардың
қылықтары мен іс-әрекеттері (қандай да бір нақты әрекеті немесе
әрекетсіздігі) ғана емес, оснымен қатар оны жасауда құқықтық маңызы бар
жағдайла да кіруі керек.
Қылмыстық істің құрамын құрайтын іс-әрекеттер мен қылықтардың қоғамға
қауіптілігі немесе қоғамдық қауіпсіздігі тергеуші мен соттың еркінен
объективті және тәуелсіз күйде болады. Нақты осы факті екендігін көрсететін
фактілік жағдайлардың істің белгілі бір құқықтық нормалары мен осы
нормалардың қандай да бір жиынтығына сай келуі фактілердің
объективтілігінің немесе сот және тергеу органдарының объективтілігін
көрсетеді.
Сондықтан, қылмыстық іс бойынша анықталатын объективті шындықтың
мазмұны тек осы оқиғаның салыстырмалы жағдайлары ғана емес, сонымен қатар
осы фактілердің құқықтық бағалануы бойынша тергеу және сот органдарының
шығаратын қорытындыларының объективті шынайылығымен сәйкес келуі тиіс.
Жасалған бұл іс-әрекетті құқықтық бағалау заңдық квалификация, яғни
кінәлі адамға жасаған заңбұзушылығына сәйкес жауапкершілкі белгілейтін
құқықтық нормаларды белгілеуден көрініс табады.
Қарастырылған іс бойынша сотпен шығарылған шешімдер өзінің табиғаты
бойынша логикалық шешімдердің екі түріне жатқызылады:
а) фактілерді анықтау, яғни істің объективті және субъективті
жағдайларының жиынтығы;
б) құқықтық нормаларда (диспозициялар мен санкциялар) көрсетілген
критерийлер тұрғысынан осы фактілерді бағалау.
Бағалау сынамасының біріншісі – жасалған қылмыстық іс-әрекеттің
құқықтық квалификациясын көрсететін, құқықтық нормалар диспозицияларында
берілген критерийлер көз-қарасы бойынша фактілерді бағалауды; ал екіншісі –
жауапкершілік түрін мен мөлшерін белгілейтін құқықтық нормалар
сакцияларында бар критерийлер бойынша фактілерді бағалауды көрсетеді.
Құқықтық бағалау сынамалары, талдаулары шынайы немесе жалған болуы
мүмкін. Заңдық кваликация туралы шешімнің шынайылығы қылмыстық іс-әрекеттің
нақты ашылған фактілерімен және осы қылмыстық іс-әрекеттің түрі бойынша
белгілерінен тұратын сипаттауы бар, белгіленген нормалармен және нормалар
жиынтығымен анықталады.
Жауапкершілікке тарту туралы шешімнің шынайылылығы жасалған қылмыстық
іс-әрекеттің нақты белгіленген қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен айыпталушы
адамға соттың жаза белгілеу шарасының қатынасымен анықталады.
Шындыққа қол жеткізу – аса күрделі іс. ... Шындықты орнату үшін
жәбірленушінің шағымы мен айыпталушының қарсы қорғану шараларын бақылаумен
ғана шектеліп қалмау керек, қайта фактілер мен құжаттарды өзбетінше тексеру
керек, куәгерлердің түсінігінің бар-жоқтығын және олардың шындыққа
жанасатындығын анықтау керек. Әрине, осы жұмыстардың барлығын жасау – оңай
шаруа емес. Одан да қолға қандай ақпарат түседі немесе не естігені бойынша
осылайда осылай болған... деп жарсалу оңайырақ.
Сот процесіне қатысты кез-келген тексеру іс-әрекеттері шындық – бұл
процесс тұрғысынан қарастыруы керек және зерттеудің нәтижелері ғана емес,
соған жеткізетін жолдардың өзі де шынайы болуы керек [26, 196б].
Дәлелдеудің негізгі белгіленген мақсаты ретінде шындыққа қол жеткізу
алдынғы заңдарда аса маңызды иелене қойған жоқ. Бұл тізбектің жарыққа шығуы
қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттінің мәніне байланысты болды. Осы
мәселе бойынша жекелеген зерттеушілер осы мақсаттың қылмыстық сот ісін
жүргізуге ешқандай да қатысының жоқтығын айтқан болатын. Аталған пікірге
П.С.Элькинд қарама-қарсы ой тұжырымдады: Заңшығарушының қылмыстық сот ісін
жүргізу мақсаты түсінігіне сот процесінің міндеттерін қоюы айтарлықтай қате
жасалған іс емес. Өйткені, мақсаттар және міндеттер түсініктерінің
кейбір кемшіліктері олардың әртүрлі мазмұнының болуында емес, ал оларды
түрлі аспектілік тұрғыдан қолдану мүмкіндігінің болуында жатыр. Сондықтан,
аталған категорияны философиялық тұрғыдан пайдалану кезінде мақсаттары
ұғымын қолданған жөн [27, 123-124бб].
Дәлелдеу шаралары арқылы шындыққа қол жеткізу мүміншілігі мәселесі
төңірегіндегі пікірталастар әсіресе, өткен ғасырдың 50-ші жылдарында, 1959
жылғы ҚазКСР ҚПК-ін қабылдау алдында өршіп тұрды. Жекелеп алғанда,
М.А.Чельцов қылмыстық сот ісін жүргізуде объективті шындық түсінігінің
мүлдем жоқ екендігін дәлелдеумен болды. Дәйек ретінде ол объективті
шындықтың буржуазиялық сипаты туралы және барлық буржуазиялық
процессуалистер жүйесін кеңестік қылмыстық-процессуалдық теорияға
эклектикалық ауыстырудың мүмкін еместігі туралы тезисті алға тартты. Мұда
М.А.Чельцов коммунизмдік жүйені құру кезеңінде кеңестік қылмыстық процесс
ғылымының басты міндеттірінің бірі болып, құқықтық теориядан шындық
түсінігін толығымен алып тастау табылатындығын атап көрсетті.
М.А.Чельсовтың осындай тұжырымдамасын басқа зерттеуші П.Ф.Пашкевичәділ
түрде одиоздық сипатта деп санады [28, 58б].
Құқықтық әдебиеттерде шындыққа қол жеткізу терминіне қатысты басқа да
бірқатар пікірлер бар. Жекелеген авторлар қылмыстық процессте шындыққа қол
жеткізілмейді, шындық орнатылады деп пайымдайды. Аталған еңбектің авторлары
осындай бір аз ғана түзету шараларын жасады деуге болады. Дегенмен де, егер
назарға алатын болсақ, шындық – ол мақсат, сондықтан ол орнатылмайды, ал
оған қол жеткізіледі. Егер де, ҚР ҚПК 24-бабы,3-тарауындағыдай шындыққа қол
жеткізілмейді, ол сонда да орнатылады деген пікірді ұстанатын болсақ, онда
шындыққа мақсат, тіпті міндет мәнін беруді алып тастау логикалық тұрғыдан
дұрыс болар еді. Іске қатысты сөздер мен ұғымдардың лексикологиясымен
айналысатын болсақ, құқықтық мағынадан күтпеген қорытындылар шығарылуы
мүмкін (мысалы, шындық категориясын масаттан құралға ауыстыру, ал ол өз
кезегінде дәлелдеу логикасына қарама-қайшы) [29, 5б] .

1.3 Тергеудің тиімді көлемін анықтаудағы қылмыстық істің мән-жайын толық,
жан-жақты зерттеу принципінің маңызы

Табиғаттағы немесе қоғамдағы кез-келген құбылысты жан-жақты зерттеу
сияқты қылмыстық істің мән-жайын да жан-жақты және толық зерттеу осы
құбылысты танудың, оның мәнін ашудың негізгі шарты болып табылады және ол
қылмыстық процессте мақсатқа жетудегі танымның диалектикалық әдісінің
негізгі талабын құрайды. Қылмыстық процесстегі дәлелдеудің теориясы және
тәжірибесі әдістемелік тұрғыдан анықталатын объекттің ерекшеліктеріне
тәуелсіз әрекет ететін танудың жалпы заңдарына негізделген.
Шындықты орнату көпжағдайда алдын ала тергеу шараларында және де сотпен
істі қарастыру кезеңінде байқалатын қылмыстық іс жағдайларын жан-жақты,
толық және объективті зерттегенде ғана мүмкін болып жатады. Аталған
қағиданың жүзеге асырылуы, тәжірибеде кездесіп жататын көптеген қиындықтар
мен қателіктерді жою көпжағдайда тергеудің тиімді көлемін анықтауға қатысты
қылмыстық-процессуалдық заңды дұрыс түсіну мен дұрыс қолдануға байланысты
болады.
Тергеушінің қылмыстық істерді біріктіру мен ажыратуға байланысты
негіздеген шешімдері қылмыстық іс жағдайларын жан-жақты, терең және
объективті зерттеуге және сот процесінде шындыққа қол жеткізуге мүмкіндік
береді. Сондықтан, проблеманы өзуақытында және негіздік анықталған тиімді
көлемінде, жоғарыда аталып өткен қағида негізінде қарастыру әдістемелік
тұрғыдан дұрыс болып табылады.
Тексеру (расследование) – жинау (анықтау және тіркеу), тексеру, бағалау
және әрбір қылмыстық істің құрамын дәлелдеуде ақпараттарды қолданудан
тұратын процесс. Толықтылық қағидасы ең біріншіден, осындай мәліметтер
бір-біріне қарама-қарсы болмауы керек, ал екіншіден, олардың шығу көздері
қылмыстық іс-әрекеттің әрбір жағын дәлелдеу үшін және нақты шығу көзі бар
ақпарат ретінде санау үшін жеткілікті дәрежеде болуы керек. Осы жерден
жеткіліктілік категориясы толықтық қағидасының сандық критерийі
ретінде шығып отыр. Қылмыстың дәлелдеуге қанша жағы жатқызылса, сонша жеке
толықтылықтар, нақтырақ айтсақ, жеткілікті мәліметтер тергеу
органдарымен қамтамасыз етілуі керек.
Қылмыстық істің құрамын анықтау – қылмыстық құрамның нақты белгілері
сипаттамасына сәйкес келетін жағдайлардың болғандығын дәлелдеу болып
табылады. Квалификация заңгердің фактілік жағдайлар мен қылмыстық-құқықтық
норманың арасындағы арақатынасының болуын көрсетуінен көрінеді.
Философиялық мағынасында бұл байланыс жеке адам мен қоғам арасындағыға
қарағанда басқаша жүреді. Нақты оқиғаны бір жалпы нормаға келтіру осы
нормада бар және нақты оқиғада да кездесетін белгілердің сәйкес келуін
білдіреді2.
Қылмысты тергеу отырып тергеуші тек қана объективті шындық тұрғысынан
шешім қабылдайды. Ол шынайы түрде ( объективті шынайылық) қалыптасқан
объективті байланыстарды зертттейді. Жекелеген тұрғыда, жасалған әрекеттің
квалификациясы тергеушімен шанайы байланыстардың себептерін анықтауды
қамтиды. Тергеуші осы объективті байланысты іс квалификациясында көрсетеді.

Сот процесінде қандай да бір жақтың дәлелдер жиынтығы жеткіліксіз деп
танылғанда заңшығарушының өзі де осындай жағдайды тергеудің толық
еместігі деп бағалайды, ал ол дұрыс емес.
Екі деңгейлі қарастыру призмасы арқылы қандай да бір жақтың
дәлелдерінің жеткіліксіздігі тергеу жұмыстарының толық еместігін емес, ал
тек қана жеке деңгейде осы жақтың құрамының дәлелсіздігін жәнежалпы алғанда
тергеу жұмыстарының жан-жақты жүргізілмегендігін көрсетеді.
Жасалған қылмыстың барлық фактілік жағдайларын толық және дұрыс анықтау
– дұрыс квалификацияның қажетті шарты болып табылады[30, 196б].
Оның себебі тергеушінің процессуалдық заң талаптарын дұрыс
орындамандығы мен істі қарастыруды толық жүзеге асырмауында жатыр. Тергеу
жұмыстарын айыпталушы анықталғанға дейін тергеуші тек болжалды, бірақ
істерді біріктіру шегіндегі фактілік мәліметтердің осы қылмыстардың бір
адаммен жасалғандығы туралы аса сенімді ақпаратқа ие болған қылмыстық
істерді бастапқы кезеңдерінде біріктіріп жіберуге болатындығы айтылады [31,
33б].
Қылмысты ашу түсінігі бойынша, қылмыс жасаған адамды анықтау және
процессуалдық акте осы жағдайды тіркеуді (қолға түсіру кезіндегі хаттама
немесе ізге түсу қаулысы; адамды айыпталушы ретінде қылмыстық
жауапкершілікке тарту туралы қаулы; айыптау шешімі) түсіну керек.
Ең бастысы айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ететін және оның
болған оқиғаға сәйкес тартатын жауапкершілігін ауырлататын немесе
жеңілдететін жағдайларды терең анализдеуге әкелетін тергеу жұмыстары жан-
жақтылық, толықтылық және объективтілік қағидаларына жауап беруі тиіс.
Бірінші топ қаулысына жеке әдістемелерді жасау талаптары жатқызылады,
оларды қолдану қылмыстық іс-әрекетті тез және толық ашу мүмкіндігін,
қылмыстық әрекеттің барлық эпизодтары мен фактілерін, қылмыстық іс-әрекетке
немесе оны ашуға қатысушы барлық адамдарды анықтау, келтірілген залал
көлемін есептеу жүргізуді қамтамасыз етеді. Жеке криминалистік әдістеме
тергеудің адаптациясына емес, оның нақты жағдайларына қатысты есептелген
болуы қажет. Сондықтан, оны жасау кезінде қарапайым тергеу жағдайларын
ескеру керек, сондай-ақ қарапайым дәлелдер мен айыпталушыға белгілеу үшін
оринтирлердің шегін тұжырымдау керек. Қарастырылатын істі тексеру
жұмыстарын жүргізу кезінде жинақталған дәлелдер жиынтығы әртүрлі болуы
мүмкін. Дегенмен, ол шешім қабылдауда қажетті дәлелдер жиынтығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңдылық принципі
Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау институты
Қылмыстық іс жүргізу тәртібі
Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру принциптерінің арасында алатын орны мен мәні
Кінәсіздік презумпциясы және алдын ала тергеудегі дәлелдеу міндеті
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу ұғымы және оның мәні
Қылмыстық процесс принциптерін жіктеу
Қылмыстық іc жүргізуді дәлелдеудің негіздері
Қылмыстық процесс принциптері
Күдіктінің құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау механизміндегі прокурорлық қадағалау және соттық бақылау
Пәндер