Гидравлика тарихы



Гидравлика. Гидромеханика. Негізгі мәліметтер 3

Гидравликаның бөлімдері 4

Гидравлика саласындағы ғылыми еңбектер 5

Сұйық заңдылықтарының ашылу тарихы 7

Ресейдегі гидравлика тарихы 8

Қазақстандағы гидравлика 9

Қолданылған әдебиет 10
Гидравлика – сұйықтың қозғалысы мен тыныштық күйінің заңдылықтарын зерттейтін және оларды инженерлік практикада пайдаланудың төте әдістерін қарастыратын техникалық ғылым.
Қазіргі кезде гидравлика мен гидромеханиканы бір-біріне тәуелсіз екі ғылым ретінде, немесе ол екеуін бір ғылымға балап жүрген жай бар. Бұл мәселе жөнінде мынаны айтуға болады. Тарихи жағынан алғанда ұзақ уақыт ғалымдар сұйық ешқандай сығылмайды, тұтқырлығы жоқ (идеал сұйық) деп қарастырып, аналитикалық тәсілмен көптеген қарапайым заңдылықтарды ашқан. Ғылымның бұл саласын гидромеханика деп атаған. Әдетте, гидромеханикада сұйық қозғалысы деп газдың (ауаның), немесе тамшы құрайтын сұйықтардың қозғалысын да айта береді. Ал гидравликада тек тамшы құрайтын тұтқырлы сұйықтарды қарастырады. Олай болса бірден мынадай сұрақ туады: газ бен тамшы құрайтын сұйықтардың қозғалу заңдылықтары бірдей ме? Иә, ондай ұқсастық бар, ол газдың (ауаның) жылдамдығы секундына 70 метрге жеткенде ғана орын алады, одан әрі газдың сығылуын есепке алмай болмайды. Бірақ ол ұқсастықтардың өзін барлық жағдайларда бірдей деп қарастыруға жарамайды, өйткені гидравликада су мен ауаның шекарасы барлығын және оның әртүрлі құбылыстарға әрқилы әсер ететінін естен шығармау керек.
Гидравлика – қолданбалы ғылым, сондықтан гидротехникалық құрылымдарды, сумен қамтамасыз ететін қондырғыларды, гидромашиналарды және т.б. су шаруашылығына қажетті жүйелерді қарапайым инженерлік тәсілдермен, эмпирикалық формулалармен жуықтап есептеуге бағышталған. Ал гидромеханика сұйық құбылыстары мен қозғалыстарының жалпы ерекшеліктерін физикалық және математикалық тәсілдермен дәлме-дәл анықтауға арналған. Бұл жолмен алынған формулалар, көбінесе, өте күрделі болып келеді де, оларды пайдалану көптеген қиындықтар туғызады.
1. Ә. Әбдіраманов «Гидравлика» Тараз 2000
2. Б. Ғайыпов «Гидравлика және гидропневможетектер» Алматы 2001
3. «Гидравлика, гидропневможетек» пәні бойынша студенттің пәнді оқу әдістемелік кешені
050712 – «Машинажасау» мамандығына арналған.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Гидравлика тарихы

Жоспар

Гидравлика. Гидромеханика. Негізгі мәліметтер 3

Гидравликаның бөлімдері
4

Гидравлика саласындағы ғылыми еңбектер 5

Сұйық заңдылықтарының ашылу тарихы 7

Ресейдегі гидравлика тарихы
8

Қазақстандағы гидравлика
9

Қолданылған әдебиет
10

Гидравлика. Гидромеханика. Негізгі мәліметтер

Гидравлика – сұйықтың қозғалысы мен тыныштық күйінің заңдылықтарын
зерттейтін және оларды инженерлік практикада пайдаланудың төте әдістерін
қарастыратын техникалық ғылым.
Қазіргі кезде гидравлика мен гидромеханиканы бір-біріне тәуелсіз екі
ғылым ретінде, немесе ол екеуін бір ғылымға балап жүрген жай бар. Бұл
мәселе жөнінде мынаны айтуға болады. Тарихи жағынан алғанда ұзақ уақыт
ғалымдар сұйық ешқандай сығылмайды, тұтқырлығы жоқ (идеал сұйық) деп
қарастырып, аналитикалық тәсілмен көптеген қарапайым заңдылықтарды ашқан.
Ғылымның бұл саласын гидромеханика деп атаған. Әдетте, гидромеханикада
сұйық қозғалысы деп газдың (ауаның), немесе тамшы құрайтын сұйықтардың
қозғалысын да айта береді. Ал гидравликада тек тамшы құрайтын тұтқырлы
сұйықтарды қарастырады. Олай болса бірден мынадай сұрақ туады: газ бен
тамшы құрайтын сұйықтардың қозғалу заңдылықтары бірдей ме? Иә, ондай
ұқсастық бар, ол газдың (ауаның) жылдамдығы секундына 70 метрге жеткенде
ғана орын алады, одан әрі газдың сығылуын есепке алмай болмайды. Бірақ ол
ұқсастықтардың өзін барлық жағдайларда бірдей деп қарастыруға жарамайды,
өйткені гидравликада су мен ауаның шекарасы барлығын және оның әртүрлі
құбылыстарға әрқилы әсер ететінін естен шығармау керек.
Гидравлика – қолданбалы ғылым, сондықтан гидротехникалық құрылымдарды,
сумен қамтамасыз ететін қондырғыларды, гидромашиналарды және т.б. су
шаруашылығына қажетті жүйелерді қарапайым инженерлік тәсілдермен,
эмпирикалық формулалармен жуықтап есептеуге бағышталған. Ал гидромеханика
сұйық құбылыстары мен қозғалыстарының жалпы ерекшеліктерін физикалық және
математикалық тәсілдермен дәлме-дәл анықтауға арналған. Бұл жолмен алынған
формулалар, көбінесе, өте күрделі болып келеді де, оларды пайдалану
көптеген қиындықтар туғызады.

Гидравликаның бөлімдері

Болашақ инженер сұйықтың тыныштық күйінің, оның қарапайым
қозғалыстарының теңдеулерін құра алуы және оны шеше білуі шарт. Сонымен
қатар сол алған білімін практикада, іс-жүзінде пайдалана білуі тиіс. Дәл
осы тұрғыдан қарағанда гидравлика оқулығы екі бөлімнен тұруы керек. Бірінші
бөлім – жалпы сұйық механикасы (гидростатика және гидродинамика негіздері),
ал екіншісі – кәсіптік сұйық механикасы (сұйықтың техникалық механикасы).
Бірақ бұдан гидравлика мен гидромеханика қосылып кетті деген тұжырым тумауы
тиіс. Бұл екі ғылымды өтене жақындастырып тұрған гидростатика бөлімі.
Өйткені ол өзінің ортақ мазмұнымен және оны оқушыға жеткізу тәсілімен екі
аталған ғылымға да бірдей. Мұның себебі, сұйықтың тыныштық күйінде өзіне
әсер етуші жанама күшке қарсылық көрсете алмайтын қасиеттерінде. Басқа
сөзбен айтқанда, шынайы сұйықтың идеал сұйықтан (теориялық моделінен)
айырмасы жоқ. Ал сұйық қозғалыста болса, онда мәселе басқа. Кейде
гидромеханиканы теориялық гидромеханика, ал гидравликаны – инженерлік
гидравлика деп тәптіштейтін де жай бар. Гидравлика ғылым ретінде әуелі
судың бір өлшемді (құбыр немесе канал бойымен) қозғалыстарын қарастырады
да, көлденең қимаға байланысты, орташа қысым, орташа жылдамдық, өтім деген
ұғымдар қалыптастырады (гидромеханикада қысым, жылдамдық және т.б. атаулар,
тек қана нүктелерге қатысты қарастырылады).
Бертін келе гидравлика екі өлшемді (бойы мен көлденеңі бойынша)
құбылыстар мен қозғалыстарды да қамтыды.
Соңғы уақытта гидравликаға үш өлшемді (бойлық, көлденеңі және
тереңдігі бойынша) құбылыстар мен қозғалыстар мықтап енуде.

Гидравлика саласындағы ғылыми еңбектер

Гидравлика саласындағы бірінші ғылыми еңбек біздің эрамыздан 250 жыл
бұрын жазылған. Ол Архимедтің (б.э.д. 287-212 ж.ж) Жүзіп жүрген денелер
туралы атты трактаты. Онда сұйыққа батырылған қатты денеге әсер етуші
қысым күшін табатын заң жарияланған. Бұл заң осы күнге дейін Архимед жазған
нұсқасынан ешбір өзгеріссіз қолданылып келеді.
XV ғасырда Леонардо Да Винчи (1452-1519 ж.ж) Су қозғалысы және оны
өлшеу туралы шығарма жазып қалдырған, каналдар жобалаған, гидротехника
саласында көптеген жұмыстар жасаған.
Архимед пен Леонардо Да Винчи өмір сүрген уақыт аралығында небір
тұжырымдар, өнертабыстар жасалған. Мысалы, Герон Александрийский (біздің
жыл санауымыздан бір ғасыр бұрын шамасында) сифонды ойлап тапқан. I-II
ғасырларда римдіктер акведукты пайдаланған, елді мекендерді сумен
қамтамасыз ететін су жүйелерін және т.б. гидротехникалық құрылымдарды
салған.
Орта ғасырлар аралығында, Рим империясы құлаған соң, ғылым да, соның
ішінде, сұйық механикасы да үлкен регреске (кері кетушілікке) ұшыраған.
Қайта жандану кезінде Нидерландық инженер С. Стевин (1548-1620) жазық
фигураларға түсетін гидростатикалық қысымды табудың жолын және
гидростатикалық парадоксты түсіндіріп берді. Галилео Галилей (1564-1642)
гидравликалық кедергінің, сұйық тығыздығы көбейген сайын, өсетіні және
сұйық жылдамдығына тура пропорционал болатыны жайлы деректер қалдырды.
Вакуум туралы келелі тұжырым жасады.
Он алтыншы – он жетінші ғасырларда гидравлика одан әрі дамыды: Б.
Кастелли (1577-1644) сұйықтың тұтастық прин,ципін ашты; Э. Торричели (1608-
1647) тесікпен шапшып шыққан су жылдамдығын есптеудің формуласын ұсынды
және сынап манометрін ойлап тапты; Б. Паскаль (1628-1662) сұйық бетіне
түскен қысымның сұйық ішіне таралу заңын тапты, сұйық ішіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұйықтық ішінде əсер ететін күштер
Гидравлика пәні. Гидравликаның қысқаша даму тарихы. Сұйықтықтың физикалық қасиеті
Гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу
Су кадастры
Сұйықтық қозғалысының ламинарлық режимі
Бернулли теңдеуі
Сұйықтың физикалық қасиеттерін халық шаруашылығы техникаларын жетілдіруде пайдалану
Ортадан тепкіш сораптардың есептік көрсеткіштері
Сұйықтықтың физикалық қасиеттері
Гидравликалық аккумулятор
Пәндер