Мәміле ұғымы



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Мәмілелер түрлері
б) Мәмілелердің жарамды болуының талаптары
в) Жарамсыз мәмілелер
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Мәміле ұғымы азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері. Мәміле-адамдардың ықтиярлы актісі, яғни әрекеті. Әрекеттер мен оқиғаларды ажырата білу қажет, ол оқиғаларға адамдардың ықтиярына бағыттайтын құбылыстарды (дауыл, су тасқыны, өрт, сондай-ақ соғыс қимылдары, еруілдер) айтуға болады. Мәміленің ырықты сипаты оның тиісті құқықтары мен міндеттер жасауға , оларды өзгерту мен тоқтатуға бағытталуымен айқындалады. Мәміле – заңды әрекет, ол құқыққа қарсы (заңсыз), азаматтық құқықтар мен міндеттерді ту,ызатын әрекеттерден-деликтерден (азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамның мүлкінезиян келтіру ) сонысы арқылы ерекшеленеді. Мәміле арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, өзгертілуіне немесе тоқтатылуына бағытталуы мүмкін, алайда басқа құқық салалары реттейтін өзге де ықтияры актілерден осы белгілері арқылы ажырату қажет. Мәміле арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, өзгертілуіне немесе тоқтатылуына бағытталуы мүмкін, алайда басқа құқық салалары реттейтін өзге де ықтияры актілерден осы белгілері арқылы ажырату қажет. Мәміле азаматтық қатынастарды туғызады, өйткені мәміле жасау нәтижесінде туындайтын құқықтық салдар нақ азаматтық заңмен айқындалады.
1. Баянов Е. Қазақстан Республикасы мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы-2003
2. Құқық негіздері пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған студенттік оқу-әдістемелік кешені. Құрастырушылар: Үкібеков Н.А., Абуханов Ш.А.. Алматы:ҚазҰТУ-2004
3. Ашитов З.Б., Ашитов Б.З. ҚР-ның құқықтық негіздері. Алматы-2003.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Мәмілелер түрлері
б) Мәмілелердің жарамды болуының талаптары
в) Жарамсыз мәмілелер
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мәміле ұғымы азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен
міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері.
Мәміле-адамдардың ықтиярлы актісі, яғни әрекеті. Әрекеттер мен оқиғаларды
ажырата білу қажет, ол оқиғаларға адамдардың ықтиярына бағыттайтын
құбылыстарды (дауыл, су тасқыны, өрт, сондай-ақ соғыс қимылдары, еруілдер)
айтуға болады. Мәміленің ырықты сипаты оның тиісті құқықтары мен міндеттер
жасауға , оларды өзгерту мен тоқтатуға бағытталуымен айқындалады. Мәміле –
заңды әрекет, ол құқыққа қарсы (заңсыз), азаматтық құқықтар мен міндеттерді
ту,ызатын әрекеттерден-деликтерден (азаматтардың өмірі мен денсаулығына,
сондай-ақ басқа адамның мүлкінезиян келтіру ) сонысы арқылы ерекшеленеді.
Мәміле арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, өзгертілуіне
немесе тоқтатылуына бағытталуы мүмкін, алайда басқа құқық салалары
реттейтін өзге де ықтияры актілерден осы белгілері арқылы ажырату қажет.
Мәміле арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, өзгертілуіне
немесе тоқтатылуына бағытталуы мүмкін, алайда басқа құқық салалары
реттейтін өзге де ықтияры актілерден осы белгілері арқылы ажырату қажет.
Мәміле азаматтық қатынастарды туғызады, өйткені мәміле жасау нәтижесінде
туындайтын құқықтық салдар нақ азаматтық заңмен айқындалады.
1) Мәмілелер ұғымы және олардың түрлері
1.Мәміле ұғымы. Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле ұғымы азаматтар
мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға,
өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп көрсетілген.
Мәмілелерге мынандай 4 белгі тән:
2) Мәміле-адамдардың ықтиярлы актісі, яғни әрекеті. Әрекеттер мен
оқиғаларды ажырата білу қажет, ол оқиғаларға адамдардың
ықтиярына бағыттайтын құбылыстарды (дауыл, су тасқыны, өрт,
сондай-ақ соғыс қимылдары, еруілдер) айтуға болады. Мәміленің
ырықты сипаты оның тиісті құқықтары мен міндеттер жасауға ,
оларды өзгерту мен тоқтатуға бағытталуымен айқындалады.
Мәмілелерді құқықтардан - әлгіндей нысаналы бағыты жоқ оңан
меншікті болу тәртібі жөніндегі ережелерді реттейтін 245-бабын
мысалға келтіруге болады.
3) Мәміле – заңды әрекет, ол құқыққа қарсы (заңсыз), азаматтық
құқықтар мен міндеттерді ту,ызатын әрекеттерден-деликтерден
(азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамның
мүлкінезиян келтіру ) сонысы арқылы ерекшеленеді.
4) Мәміле арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына,
өзгертілуіне немесе тоқтатылуына бағытталуы мүмкін, алайда басқа
құқық салалары реттейтін өзге де ықтияры актілерден осы
белгілері арқылы ажырату қажет. Мәселен, еңбек заңдарын
қызметкерлердің еңбектегі құқықтары мен міндеттері олардың
қызметке есептеу туралы арыз беруі мен әкімшіліктің оларды
жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы шығарылған кезден бастап пайда
болатыны көзделген. Мәмілелерді әкімшілік актілерден ажырата
білу қажет, ал ондай актілер де азаматтық құқықтар мен
міндеттердің туындауына негіз болмайды (Азаматтық кодекстің 7-
бабы), бірақ оларға Азаматтық кодекстің мәмілелер туралы
ережелері қолданылмайды.
5) Мәміле азаматтық қатынастарды туғызады, өйткені мәміле жасау
нәтижесінде туындайтын құқықтық салдар нақ азаматтық заңмен
айқындалады.
2.Мәміле белгілерін қарастыра келгенде, оның мәні тараптардың еркі мен
ерік білдіруінен тұратынын атап өту қажет. Ерік дегеніміз – адамның мәміле
жасауға деген тілегі, ниеті, яғни оның психикалық жай-күйі. Мұндай ниет,
тілек ішкі ерік деп аталады. Алайда адам ерік білдірмесе, оның мәміле
жасауға деген ниеті белгісіз болып қала береді. Ерікті білдіру (көрсету)
ерік білдіру деп аталады. Ерік: мен нені қалаймын деген, ал ерік білдіру:
бұл үшін мен не істеймін? деген сұраққа жауап қайтарады (ауырып қалуыма
немесе қартаюыма байланысты өзімді-өзім қамтамасыз еткім келкді, сондықтан
да өмірімді сақтандыру жөнінде мәміле жасаймын).
Ерік ауызша, жазбаша, ым жасау арқылы және, ақырында, үндемеу
(әрекетсіздік) арқылы білдіруі мүмкін. Мәмілені ауызша жасау оны өзара ерік
білдіруге қатысушылардың тікелей қабылдауын білдіреді. Телефон арқылы
жасалған мәміле ауызша жасалған деп танылады.
Егер мәмілеге қатысушылар ерік білдірілген құжат жасаса, ерік жазбаша
білдірілген болады. Азаматтық кодекстің 152-бабында, егер заңдарда немесе
тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, хат алысу, телеграммалар,
телефонограммалар, телетайпограммалар, факстер немесе субъектілерді және
олардың білдірген еркінің мазмұнын анықтайтын өзге де құжаттар алысу
мәліменің жазбаша түрде жасалуына теңестіріледі деген ереже белгіленген.
Конклюденттік әрекеттер (латынша coпсludere - қортынды жасау) адамның
мәліме жасау ниетін анғартатын мінез-құлық. Азаматтық кодексте
конклюденттік әрекеттерге 151-баптың 2-тармақ арналған: адамның мәліме
жасасу еркі көрінетін жағдайда да мәміле жасалған болып саналады. Мысалы,
автоматтар арқылы зат сатып алу, валюта айырбастау, әртүрлі ойындар ойнау
мәміле жасау болып табылады.
Үндемеу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда
мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады (Азаматтық кодекстің 151-бабының 4-
тармағы).
3.Мәмілелерде мақсат пен дәлелді де бөліп көрсету қажет. Мәмілеге
қатысушылардың еркі бағытталған құқықтық нәтиже мәміленің мақсаты деп
түсінеді. Дәлел- адамды мәміле жасауға ынталандыратын себеп. Дәлелдің
қателігі мәміленің жарамдылығына ықпал ете алмайды. Мысалы, азамат пәтер
алуға үміттеніп, жиһаз сатып алады, ал оған ордер беруден бас тартады.
Орындалмаған дәлел (жиһаз сатып алуға) ықпал ете алмайды. Жиһазға меншік
құқығы (сатып алу-сату шартының мақсаты сол) сатып алушыға ауысады.
Дәлелді есепке алу азаматтық айналымның тұрақтылығын бұзар еді. Алайда,
тараптар кейде өз келісімімен дәлелге құқықтық, мән де бере алады. Мұндай
жағдайда тараптар уағдаласқан дәлел мәміленің, талабына айналады, ал
мәміленің өзі сол талаппен жасалған болады.
4.Мәміленің түрлері. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңдары мәміленің жекелеген түрлерін реттейді және оларды топтау әртүрлі
белгілер бойынша жүргізіледі. Белгілер (негіздер) қатарына: мәмілеге
қатысатын тараптар санын, ол жасалған деп саналатын уақыт сәтін,
қайтарылымдылығын және басқаларды жатқызу керек.
Азаматтық кодекстің 148-бабында бір жақты және екі немесе көп жақты
мәмілелер (шарттар) ажыратып берілген. Жасалуы үшін заңддарға немесе
тараптардың келісіміне сәйкес бір тараптың ерік білдіруі қажет және
жеткілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп саналады. Оларға мүлікке
меншік құқығынан бас тартуды (Азаматтық кодекстің 250-бабы), сенімхат
беруді (167-бап), тараптардың келісімінде бас тартуға жол берілген жағдайда
тараптардың келісімінде бас тартуға жол берілген жағдайда тараптардың
шартты толық немесе ішінара орындаудан бір жақты бас тартуын (401-баптың 3-
тармағы), аукцион немесе конкурс түрінде сауда-саттық жариялауды, чек
беруді және басқаларын жатқызған жөн.
Азаматтық кодекстің 149-бабында бір жақты мәміленің мәміле жасаған
адамға міндет жүктейтіні туралы ережелер белгіленген. Ол басқа адамдарға
заң актілерінде не сол адамдардың келісімінде белгіленген жағдайларға ғана
міндет жүктеуі мүмкін. Мысалы,алдағы аукцион немесе конкурс туралы
жарияланымнан ұйымдастытушының белгілі бір міндеті туындайды. Бұл орайда
аукцион немесе конкурс ашық болса, бұл міндет үн қосқан кез-келген адамға
қатысты болады, ал жабық болса , шақырылғандар арасындағы кез-келген адамға
қатысты болады. Мұндай бірі конкурстың жарияланған талаптардың орындау
болып табылады (олардан заңда белгіленген тәртіппен ғана бас тартылуы
мүмкін). Бір жақты мәмілелерге тиісінше міндеттемелер мен шарттар туралы
жалпы ережелер қолданылады, өйткені бұл заңдарға, мәміленің табиғаты мен
мәніне қайшы келмейді (азаматтық кодекстің 149-бабының 2-тармағы).
5. Жасалуы үшін екі немесе одан да көп адамдардың еркін үйлестіру
талап етілетін мәмілелер екі немесе көп жақты мәмілелер болып табылады.
Мұндай мәмілелер шарт деп аталады (Азаматтық кодекстың 148-бабының 3-
тармағы). Екі жақты мәміледе екі тарап ерік береді, олардың әрқайсысынан
бір және бәрнеше субъект өкіл болуы мүмкін. Екі жақты мәміледегі
тараптардың санын оған қатысушылардың санымен шатыстырмаған жөн.
Мәселен,сатып алу-сату мәселесін жасауға бірнеше сатып алушы, бірнеше
сатушы немесе бір мезгілде бірнеше сатушы мен сатып алушы қатысқанына
қарамастан, ол екі жақты мәміле болып қалады (көп адам қатысатын мәміле).
Көп жақты мәміледе оның әрбір қатысушысы дерьес тарап болып
табыладыжәне жеке ерік білдіреді. Бідлескен қызмет туралы шарт көп жақты
мәмілеге мысал болады. Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге
мысал болады. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша
тараптар жалпы шаруашылық мақсатқа жету үшін бірлесіп іс-қимыл жасауға
міндеттенеді ( Азаматтық кодекстың 288-бабы). Бәсекелескен қызмет туралы
шарт заңды тұлғалар арасында жасалатын жағдайда консорциум құрылады.
Консорциумға қатысушылар арасындағы қатынастар шарттық негізде жасалады
(Азаматтық кодекстың 233-бабы). Мысалға Каспий теңізінің қазақстандық
секторының мұнай-газ мүмкіншілігін бағалау жөнінде Қазақстан Республикасы,
Қазақстан каспийшельф мемлекеттік компаниясы, аджин С.и А. Бритиш Газ
Эксплорейшн энд Прокадшн Лимитед, Альянс Би Пи Эксплорейшн Оперейтинг
Камнаи Лимитед пен Ден Норске Статс Ольесельскан а.с. (бірлесіп жұмыс
істейді), Мобил Ойл Қазақстан Инк, Шелл Эксплорейшн Би.Ви., Тоталь
Эксплорейшн Продакщн Қазақстан арасындағы халықаралық консрциум құру
туралы келісімді келтіруге болады.
6. Бұдан әрі шарттардың ақылы және ақысыз болып бөлінуін қарастырамыз
(Азаматтық кодекстың 384-бабы). Тараптар өз міндеттерін орындағаны үшін ақы
немесе өтеуіне өзге де нәрсе алуға тиіс болатын шарт арқылы шарт болып
таьылады. Ақылы шарттардың азаматтық құқық үшін жалпы ереже екенін атап өту
қажет. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы немесе өтеуіне өзге де нәрсе алмай
беруге беруге міндеттенетін шарт деп танылады. Ақысыз шарттың мысалына
мүлікті тегін пайдалану шартын алуға болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (148-бабының 3-
тармағы),Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінде (423-баптың 3-тармағы)
және Қырғыз Республикасының Азаматтық кодексінде (384-баптың 3-тармағы)
мынадай түрде:егер заңдардан, шарттың мазиұнынан немесе мәнінен өзгеше
туындамаса, шартта ақы төлеу көзделетін болып тқжырымдалған азаматтық-
құқықтық шарттың ақылық презумпциясы негізге алынады. Бұл презумпцияның
практикалық маңызы зор болады, өйткені азаматтық-құқықтық шарттардың басым
көпшілік бөлігі ақылы шарттар болып табылады (сатып алу-сату, жалдау,
мердігерлік тасымалдау, сақтау шарттары мен басқа да көптеген шарттар).
Қазіргі кезде тараптар шартқа тауар алған, жұмыс орындалған, қызмет
көрсетілген тараптың оларға ақы төлеуін көздейтін ережені енгізуді ұмыт
қалдырған жағдайлардың өзінде де олардың арасында дау туған жағдайда сот
алынған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін ақы төленуге тиіс
екенін негізге керек. Төленетін ақының мөлшеріне келетін болсақ, ол
салыстырмалы жағдайларда әдетте сондай иауарлар, жұмысьар немесе қызтеттер
үшін алынатын баға негізге алына отырып белгіленуге тиіс.
7.Нақты (res-зат) және консенсуалдық (латынша-consensus-келісім)
мәмілелерді ажырата білу керек. Мәмілелерді жоғарыда аталған екі түрге
бөлінудің айқындаушы белгісі тиісті мәміле жасалжы деп саналатын уақыт
болып табылады. Консесуалдық мәміленің пайда болуы үшін мәмілеге мысал
ретінде сатып алу-сату шартын атауға болады. Бұл мәмілеленің пайда болуы
үшін сатушының иеліктен алынатын мүлікті беруі және сатып алушының ақша
төленуі талап етілмейді. Тараптар шарт бойынша бұл әрекеттерді шартты
орындау тәртібімен жасайды.
Консенсуалдық мәмілелерден айырмашылығы, нақты мәмілелер зат
қатысушылардың біреуіне берілген жағдайда ғана жасалады. Нақты мәселерге
жүк тасымалдау шартын жатқызу керек. Бұл мәміле жасалады деп есептеу үшін
жүк жөнелтушінің жүкті тасымалдаушығаберуі жеткілікті.
8. Мәмілелер бөлінуінің келесісі-қаузалдық (латынша саusa – себеп )
және абстрактілі мәліметтер. Жоғарыда аталған екі түрге бөлудің топтау
белгісі мәмілені оның жарамдылығы үшін негізделу маңызы болып
табылады.Қаузалдық мәміленің тағдыры ол жасалғандығы негіздемеге түгелдей
байланысты болады. Негіздеменің болмауы жасалып қойылған бір жақты
мәмәілені заңды күшінен айырады. Мысалы, сатып алушы алынған тауарға алдын
ала ақы төлеп, бірақ сатушы тауарды жеткізіп бермеді делік. Сатушының сатып
алушыдан алған ақшаға құқығы жойылады.
Егер мәміленің өзінде оны жасаған адамның шын еркі білдірілмесе,
абстрактілі мәміленің заңды күші оның негіздемесіне байланысты болмайды.
Мысалы , сатушыға тауар құнының сомасына вексель беріп, алынған тауар үшін
сатушы есеп айырысты делік. Егер кейіннен тауардың сапасыз болып шыққаны
анықталса, вексельді қайтаруды талап ету мүмкін емес, керісінше, вексель
бойынша құқық вексель ұстаушы үшін де, вексель берілетін барлық кейінгі
ұстаушылар үшін де, оны төлеуге міндетті адам үшін де күшін сақтап қалады.
Мәмілелердің жарамды болуының талаптары
1.Мәміленің жармдылығы талаптарына мыналарды жатқызу керек: мазмұның
заңдылығы; оны жасаушыадамдардың мәмілеге қатысуға қабілеті; еріктің және
білдірудің сәйкестігі; мәміле нысанының сақталуы.
Мәміленің жарамдылығы үшін мәміленің мазмұны заңның және өзге де
нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуі қажет. Азаматтық
заңдар – едәуір кең ұғым , оған Азаматтық кодекстің ғана емес, Қазақстан
Республикасыныңсоған сәйкес қабылданған өзге де заңдары, Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары, Парламенттің қаудылары,
Парламент Сенаты мен Мәжілісінің қаулылары (заң актілері), сондай-ақ,
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Республика Үкіметінің
қаулылары кіреді. Сонымен, мәміле кез-келген нормативтік құқықтық актілерге
сәйкес келуге тиіс. Заңсыз мәмілеге мысал ретінде Азаматтық кодекстің құқық
қабілеттілігін немесе қабілеттілікке шектеуге бағытталған мәмілелердің
жармсыздығы туралы ереже белгіленген 18-бапты келтіруге болады.
2.Заңда жасауға қатысушы тараптарға белгілі бір талаптар қойылады.
Әрекетке ішінара (Азататтық кодекстің 22-бабы) қабілетті немесе қабілеті
шектеулі (27-бап) адамдар заңда көзделген мәмілелерді ғана өз бетінше
жасауға құқылы.
Заңды тұлғалардың әрекетке қабілетьілігі заңда тұлға қызметінің, бір
жағынан, құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарымен және, екінші
жағынан, заңды тұлғаның органының өкілдігімен сипатталады.
Мәміленің жарамдығы үшін еріктің және ерік білдірудің сәйкес келуі
кежет. Олардың сәйкес келмеуі мәміленің жарамсыз деп тануға себеп болады.
Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 8-тармағында елеулі мәні бар
жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот бойынша жарамсыз деп тану
мүмкіндігі көзделген.
Мәміле оның нысаны сақталған жағдайда құқық пен міндет туғызады,
мәмілеге қатысушы адамдардың ерік білдіру әдісін оның нысаны деп түсіну
қабылданған. Мәміленің нысаны ауызша немесе жазбаша болады. Егер:а)
заңдарда немесе тараптардың келісімінде олар үшін жазбаша нысан
белгіленбесе; ә) олар жасалған кездің өзінде орындалса: б) мәміле жазбаша
шартты орындау үшін жасалса және тараптардың орындаудың ауызша нысаны
туралы келісімі болса, мәміле ауызша нысанда жасалуы мүмкін (Азаматтық
кодекстің 151-бабы). Азаматтық кодекстің 151-бабының 3-тармағында да жетон,
билетнемесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі беру арқылы
расталған мәміле, егер заңда өзгеше белгіленбесе , ауызша нысанда жасалған
деп танылатыны туралы ереже белгіленген.
Жазбаша нысан жай және нотариаттық болады. Азаматтық кодекстің 152-
бабына сәйкес мынадай мәмілелер:
1) Егер мәмілелердің жекеленген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы
көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан
туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орыдалатындарынан
басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
2) Мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа , жүз
есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
3) Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де
реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса,
жазбаша түрде жасалған мәмілеге, тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға
тиіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына
қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қолқоюдың факсимилелік көшірме
құралдарынан пайдалануға жол беріледі. Екі жақты мәмілелер құжаттар алысу
жолымен жасалуы мүмкін, ол құжаттардың ірқайсысына оны шығарған тарап қол
қояды. Жаңа Азаматтық кодекс қабылданға дейін мәмілені рәсімдейтін құжаттың
мөр басып куәландырылуы, олардың арнаулы бланкіге жазылуы және т.б.
міндетті ме деген сұраққа жауап болмай келді. Кодексте оған бірінші рет
жауап берілді: заңдармен және тараптардың келісіміне қосымша талаптар
белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды
бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды
орындамау салдары көзделуге тиіс (Азаматтық кодекстің 152-бабының 3-
тармағы).
Мысал терінде Азаматтық кодекстің 167-бабы 6-тармағы бойынша заңды
тұлға атынан сенімхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен
уәкілдік берілген өзге де адамның қолы қойылып беріледі және сол ұйымның
мөрімен бекітіледі.
Егер дене кемістігі, ауруы немесе сауатсызды5ы салдарынан азаматтың
өзі қол қоя алмайтын болса, оның өтінуімен мәмілеге басқа азаматтың қол
қоюы мүмкін. Оның қойған қолы, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, мәміле
жасаушышың өзі оған не себепті қол қоя алмайтын көрсетіліп, нотариус не
мұндай нотариаттық әрәкет жасауға құқығы бар бір лауазымды адам
куәландыруға тиіс. Мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалуын
растайтынқұжатты талап етуге құқылы. Мәмілені жасалған кездің өзінде
орындалатын мәмілелерді қоспағанда, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған
тараптың да нақ сондай құқығы бар.
Азаматтық кодекстің жазбаша мәмілелер жасауға арналған, өзіміз
қарастырған 152-баппен қоса, жазбаша нысан қарастырылатын басқа да бірқатар
арнаулы нормалар бар. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің 161-бабы
(Азаматтық құқық объектілерінің айналым қабілеттілігі), 167-бабы
(сенімхат), 294-бабы (айып төлеу туралы келісімнің нысаны), 304-бабы (кепіл
туралы шарттың мазмқны мен нысаны), 331-бабы (кепілдік және кепіл
болушылықтың негізі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміленің жарамдық шарттары
Мәміле туралы ақпарат
Мәміленің жарамсыздығы
Азаматтық құқық түсінігі
Жазбаша мәмілелер
Шартпен жасалған мәмілелер
Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтық тіркеу туралы
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
Мәміле ұғымы, нысаны және түрлері
Өкілдің өкілеттілігі және оның туындау негіздері
Пәндер