Саяси қақтығыстар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I. Тарау
Мемлекетіміздің ұлттық басылымдарындағы саяси қақтығыс мәселелері.
1.1 Саяси қақтығыстардың теориялық және тәжірибелік қыры ... ...
1.2 БАҚ . тағы саяси қақтығыстардың көрініс табуы (Заң газеті, Азаттық радиосы.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. Тарау
Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі саяси проблемалардың айқындалуы
2.1 XXI ғасырдағы саяси қақтығыстардың бейнеленуі ... ... ... ... ... .
2.2 Саддам Хусейн, Муаммар Каддафи . саясат аренасындағы әрекеттері..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Косымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Саяси қақтығыстардың қайнар көзі әдетте саяси қайраткерлердің рөлдері мен мәртебелерінің әртүрлілігінен туындайды. Қазіргі саясатты және саяси құрылымдарға қысым жасау саяси қақтығыс кезіндегі жетекші стратегия болып табылады. К. Маркс саяси қақтығыстарда барлық саяси процестің өзегін көрсе, А. Токвиль демократия қақтығыс пен күштердің арасындағы тепе-теңдікті көрсететін туралы идеяны бірінші ұсынды. Халықаралық саяси қақтығыстардың мәселесі бүгінгі таңда ең өзекті тақырыпқа айналып отыр. Саяси салада қақтығыстарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы – халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз етеді. Египеттегі ел басшылығына наразылық шеруі, Каирды мародерлер мен тонаушылар жайлап алғаны, демонстранттар назарын аударып отыр. Сонымен қатар, Израильдің Иранмен текетіресі соғыс өрті қршігелі тұрған аймақты тас талқан етіп, біржолата күйрету мүмкін екендігі көрсетіледі. Бүгінгі таңда тақтан кеткен Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің де әрекеттері баяндалады. Диктатор Муаммар Каддафидің де саясаттағы бейнесі баяндалады.
Жаһандық актуальді проблемалардың баспасөздегі бейнесі «Заң» газеті мен «Азаттық радиосының» электронды нұсқасында айшықты көрсетілген. Дүние жүзі елдеріндегі қақтығыстар биліктегілерді ғана емес, бұқара халықтың да назарында.
Бітіру жұмысының өзектілігі.
Қазіргі таңда саяси қақтығыстар баспасөз беттерінде көптеген мақалаларқалың бұқараға ұсынлып, оларды адастырып, қоғамға үлкен қауіп төндірді. Жаһандық қақтығыстарды әр мемлекет өз көзқарасы төңірегінде жазып, өз ұстанымдарын бейнелейді. Күрмеуі қиын мәселелерді түсіну барысында екі жақты пікір туындайды. Бірі – ақтаса, екінші жағы қаралайды. Бітіру жұмысында саяси қақтығыс тақырыбының кәсіби деңгейде жазылуы мен оның проблемаларының мерзімді басылымдарда қаншалықты көтеріліп жүргенін анықтау мен шешу жолдарын сараптау – зерттеу жұмысының өзектілігі.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Бітіру жұмысының мақсаты – саяси қақтығыстардың баспасөз беттерінде қаншалықты деңгейде жазылу барысын анықтау.
- шетел ақпарат көздерінен алынған материалдарға шолу жасап, мақала жазу барысындағы отандық журналистеріміздің ұстанымдарының болуы;
- проблемаларды айқындап, шешу жолдарын көрсету;
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
«Қазақстан және шетел баспасөзіндегі саяси қақтығыстардың бейнелену ерекшеліктері» тақырыбын ашу үшін «Жас Алаш», «Азаттық радиосының» электронды нұсқауындағы материалдар негізінде, «Абай-ақпарат», «Заң» газеті және интернет сайттарына жүгіндік.
Зерттеу жұмысының нысаны.
1. А. В. Дмитрев, Конфликтология, Москва, Гардарики, 2001, 221-230б.
2. Н. Ф. Вишняков, Конфликтология, Минск, Университетское, 2002, 9-14б.
3. А. Я. Анцуков, А. И. Шипилов, Конфликтология, Москва, Юнити, 2004, 474-477б.
4. Л. С. Ахметова, Конфликтология, Алматы, «Қазақ университеті», 2003, 4-9, 74-77 б.
5. Р. Вердербер, К. Вердербер, Общение, Санкт – Петербург, 2003.
6. Тавадов Г. Т. Саясаттану: Учебник. – М., 2002. -312 б.
7. Осипов Г. В. Социологический энциклопедический словарь. М., 1998. 198б.
8. Здравомыслов А. Г. Социология конфликта. М., 1995. 7б.
9. Осипов Г.В. Российская социологическая энциклопедия. М., 1998.- 198б.
10. Кармин А. С. Конфликтология: Учебник. – Спб, 2000. – 15б.
11. Ничипоренко Л. А. Буржуазная социология конфликта. М., Политиздат, 1982. – 39б.
12. Бурдье П. Социология политики. М., 1993 – 72б.
13. Сорокин П. Общедаступный учебник социологии. Ярославль, 1920. 36б.
14. Феофанов К. А. Социология аномия: обзор подходов американской социологии//Социологические исследования. 1992. – 91б.
15. Дарендорф Р.Элементы теории социального конфликта. М.: Политиздат, экономические, политические союзы между государствами, организациями. 1982,. 39б.
16. Исмуханова Г. Г. О пользе и вреде конфликтов в обществе // Мысль, 1995. – 12,. 38б.
17. Волков Ю. Г. Мостовая И. В. Социология. – М,. 1998, 350б.

18. Абульханова К. А. Психология и сознание личности. (избранные психологические труды). Москва – Воронеж, 1999. 202-204б.
19. Харчаева В. Основы социологии. М., 2000. 145 б.
20. Здравомыслов А. Социология конфликта. –М ,. 1995. 85б.
21. Харчева В. Основы социологии: Учебник. – М. 2000. 146б.
22. «Саясаттану» Д. Жамбылов
23. «Заң»
24. «Политология» Т. Мустафин
25. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I. Тарау
Мемлекетіміздің ұлттық басылымдарындағы саяси қақтығыс мәселелері.
1. Саяси қақтығыстардың теориялық және тәжірибелік қыры ... ...
2. БАҚ - тағы саяси қақтығыстардың көрініс табуы (Заң газеті, Азаттық
радиосы.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. Тарау
Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі саяси проблемалардың айқындалуы
2.1 XXI ғасырдағы саяси қақтығыстардың бейнеленуі ... ... ... ... ... .
2.2 Саддам Хусейн, Муаммар Каддафи – саясат аренасындағы әрекеттері..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Косымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...

К І Р І С П Е

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Саяси қақтығыстардың қайнар көзі әдетте саяси қайраткерлердің рөлдері
мен мәртебелерінің әртүрлілігінен туындайды. Қазіргі саясатты және саяси
құрылымдарға қысым жасау саяси қақтығыс кезіндегі жетекші стратегия болып
табылады. К. Маркс саяси қақтығыстарда барлық саяси процестің өзегін көрсе,
А. Токвиль демократия қақтығыс пен күштердің арасындағы тепе-теңдікті
көрсететін туралы идеяны бірінші ұсынды. Халықаралық саяси қақтығыстардың
мәселесі бүгінгі таңда ең өзекті тақырыпқа айналып отыр. Саяси салада
қақтығыстарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы – халықтың
әл-ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік экономикалық дәрежеде дамуын
қамтамасыз етеді. Египеттегі ел басшылығына наразылық шеруі, Каирды
мародерлер мен тонаушылар жайлап алғаны, демонстранттар назарын аударып
отыр. Сонымен қатар, Израильдің Иранмен текетіресі соғыс өрті қршігелі
тұрған аймақты тас талқан етіп, біржолата күйрету мүмкін екендігі
көрсетіледі. Бүгінгі таңда тақтан кеткен Египеттің бұрынғы президенті Хосни
Мүбәрәктің де әрекеттері баяндалады. Диктатор Муаммар Каддафидің де
саясаттағы бейнесі баяндалады.
Жаһандық актуальді проблемалардың баспасөздегі бейнесі Заң газеті
мен Азаттық радиосының электронды нұсқасында айшықты көрсетілген. Дүние
жүзі елдеріндегі қақтығыстар биліктегілерді ғана емес, бұқара халықтың да
назарында.
Бітіру жұмысының өзектілігі.
Қазіргі таңда саяси қақтығыстар баспасөз беттерінде көптеген
мақалаларқалың бұқараға ұсынлып, оларды адастырып, қоғамға үлкен қауіп
төндірді. Жаһандық қақтығыстарды әр мемлекет өз көзқарасы төңірегінде
жазып, өз ұстанымдарын бейнелейді. Күрмеуі қиын мәселелерді түсіну
барысында екі жақты пікір туындайды. Бірі – ақтаса, екінші жағы қаралайды.
Бітіру жұмысында саяси қақтығыс тақырыбының кәсіби деңгейде жазылуы мен
оның проблемаларының мерзімді басылымдарда қаншалықты көтеріліп жүргенін
анықтау мен шешу жолдарын сараптау – зерттеу жұмысының өзектілігі.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Бітіру жұмысының мақсаты – саяси қақтығыстардың баспасөз беттерінде
қаншалықты деңгейде жазылу барысын анықтау.
- шетел ақпарат көздерінен алынған материалдарға шолу жасап, мақала
жазу барысындағы отандық журналистеріміздің ұстанымдарының болуы;
- проблемаларды айқындап, шешу жолдарын көрсету;
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақстан және шетел баспасөзіндегі саяси қақтығыстардың бейнелену
ерекшеліктері тақырыбын ашу үшін Жас Алаш, Азаттық радиосының
электронды нұсқауындағы материалдар негізінде, Абай-ақпарат, Заң
газеті және интернет сайттарына жүгіндік.
Зерттеу жұмысының нысаны.
Саяси қақтығыс тақырыбының баспасөзде жазылуы, отандық ғалымдардың
ғылыми оқу-әдістемелік құралдарын, мақалаларын, интернет жарияланымдарын
ғылыми тұрғыдан талдап, сараптау-жұмыстың басты нысаны.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Жұмыста еліміздің басылымдарындағы әлемдік саяси қақтығыстардың
баспасөз беттерінде жазылу деңгейін сараптап, саяси қақтығыстардың жазылу
барысындағы бағытын анықтап, оның саясатқа тигізетін әсерін талдау.
Зерттеу тәсілдері.
Отандық баспасөзге шолу жасалып, кешенді және талдамалы әдістері, яғни
сараптау, жүйелеу, сипаттау, салыстыру әдістері қолданылды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық Л.С. Ахметова Конфликтология
(Алматы, 2003) Исмуханова Г. О пользе и вреде конфликтов в обществе
(Москва, 1995), Волков Ю.Г., Мостовая И.В. Социология (Москва,1995)
Харгева В. Основы социологии (Москва, 1998), Д. Джамбылов Саясаттану
(Алматы,1999), Т. Мустафин Политология (Алматы,2000) сынды саясаттану
теориясын зерттеу ғылыми теориялық еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар,
Жас Алаш, Заң газеті басылымдарының материалдары мен Азаттық
радиосының электронды нұсқасындағы материалдар қарастырылды.
Бітіру жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер, сілтемелерден тұрады.

I – тарау
Халықаралық саяси қақтығыстар мәселесі
1. Саяси қақтығыстардың теориялық және тәжірибелік қыры

Шиеленіс - деп әрбір қарсыжақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға
шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы
келуін елеулі келіспеушілікті өткір таласты айтады.
Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы б.з.б. VII –VI
қытай фәлісафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң яғни
(ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек
фәлісафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың
күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында
қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың
айшылықтары мен күресін жоғары бағалады.
Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген марксизм. Маркс
пен Энгельс Комунистік партияның манифесінде: Ерікті мен құл, патриций
мен плебей, помещик пен крепостной, мастиер мен кіші мастер, қысқасы езуші
мен езілуші бірімен-бірі ылғи антагонист бірде жасырын, бірде айқын түрде
үздксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялқ
түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып
отыратын деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы
және қозғаушы күші деп есептеді.
Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік
шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті
жатқызады. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.
60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф қоғамның дау-
дамайлық үлгісін алға тартты. Ол Индустриялдық қоғамдағы таптар мен
таптық шиеленістер деген еңбегіндегі билікті бөлуге байланысты адамдар
арасындағы теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның
нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп
терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К.
Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді деген.
Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг шиеленістің жалпы
теориясын жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның
қалыпты реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын тітіркендіргіштер,
қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке
адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық
құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын
аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген
ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімдікке озбырлыққа әкелетін
қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу
заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға
бағытталады. Соған орай, ол саяси қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.
Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар: ең бірінші, жалпы
себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі,
қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілер оған
бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: Бұл қайшылық әрқашан болған және
бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар
болмайды деуі бекер сөз дейді.
Шиеленістің екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждықтың, талап-тілектің
өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады.
Үшіншіден, адамдар өздерінің белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни,
т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын
айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне
қысым жасалды деп ұғады. Мысалы Ресейдің кейбір халықтары, солтүстік
Италиядағы католиктер, Канадағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер
және т.с.с.
Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістердің себебін адамдар санасынан
іздейді. Мысалы, жеке адамдар мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктер
сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтиже күтуі, шындығында басқаша шығуы,
адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің
жетілмегендігі, т.б.
Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға
алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайларды
уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.
Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді.
Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында
қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, өрби түседі.
Мысалы адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік
тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезінетін қарсы жақтың
алдыңғы қатарлы адамдары өзінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі
кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы
мүмкін: билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсінгенде, өз
еріктерімен билік орнатқанда. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын
сиқырлы сыры да болады. Ал мынандай кикілжіңде басқарушы төбе топтың
әртүрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан
кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық қақтығыстары болуы мүмкін. Екі
жақты да көптеген адамдар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кемиді. Егер мұның
бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетті күйден шығып, қарулы
қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз
шиеленістері сияқты. Қақтығысты болдырмас үшін Қайта өркендеу дәуіріне
дейін ұзақ уақыт бойы дәстүрлі қоғамда жабайы, дөрекі түрінде ұжымның діни
идеялары қолдау тапты. “Жақсылық” сыйлап, адамды құдай жасаған деген
библиялық ойлар таратылды. Алғашқы күнәні адам жасағандықтан, ол міндетті
түрде жердегі өмірде “жамандыққа” кездеседі. Феодалдық жағдайларда ұжымның
христиандық идеясы тұлғаны басу үшін күшті тетік жасаған. Алайда орта
ғасырдағы (VІІ-XVІ ғғ.) жеке-даралық идеялары тәртіпсіздіктерді, бүлік пен
қан төгісті соғыстарды өткір сынға алған Томас Мор, Френсис Бекон, Эразм
Роттердамский т.б. сияқты әр түрлі бағыттағы ғалымдардың еңбектерінде
кеңінен дәлелдене бастады. Олар қоғам дамуының факторы ретінде адамдар
арасындағы бейбітшілік пен келісімді жақтады.
Біршама басқа көзқарасты Томас Гоббс және Джон Локк ұстанды. Олар
әлеуметтік жүйенің дамуын бағалағанда басымдықты қоғамға емес, тұлғаға беру
керек, өйткені адамдар бір-бірімен қоғамдық байланыста болғандықтан, бір-
біріне дұшпан ретінде немесе дос ретінде шығады. Жеке адамдардың барлық
талаптарын қанағаттандыру мүмкін болмағандықтан, қоғамда жанжалдық жағдай
пайда болады. Бірақ қақтығысты адамдардың табиғи ерекшеліктері көмегімен
емес, қатаң шара қолдану жолымен - “қоғамдық келісімді” бұзғаны үшін
жазалау немесе қорқыту жолымен шешу керек деп санайды.
О.Конт қақтығыстың негізгі себебін еңбек бөлінісі мен кооперациясынан,
капиталдың аз адамдар қолында жинақталуы мен ел тұрғындарының көпшілігін
қанаудан, ең бастысы адамның табиғи сезіміне - ынтымақтастық пен
келісімдікке кері әсер еткен өзімшілдік моральдың пайда болуынан көрді.
К.Маркс қақтығыстың қайнар көзін адамдардың өздерінің материалдық
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін болатын күресінен көрді. Мәселенің
қойылуына сәйкес қоғам экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық
сияқты әлеуметтік кіші жүйелерден тұратын тұтастай интегралды жүйе ретінде
көрінеді. Олардың барлығы бір-бірінен объективті тәуелділікте және
келісімде болады. Ең маңызды рөлді негізгі жеке меншікке қатысты белгілі
бір факторы мен материалдық өндіріс болып табылатын экономикалық кіші жүйе
алады. Әлеуметтік жүйенің өзгеруі үдемелі қоғамдық дамудың алдындағы
кезеңінде жинақталған, қарама-қайшылықтарды шешу нәтижелері ретінде оның
басқа күйге ауысуын білдіреді. Басты жанжал “тарихтың сүйреушісі” ретіндегі
таптық күрес болып табылады.
М.Вебер көзқарасы бойынша, қоғам - бұл бір-біріне қарсы бағытталған
әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын адамның өзара әрекеттестіктері.
Бұл артықшылыққа ие мәртебелі топтардың жағымды және жағымсыз әрекет ететін
сахнасы. Материалдық және жетілген мүдделер қақтығыстар жағдайында өзінің
әсерін сақтау, керек десеңіз нығайту, өзінің экономикалық көзқарасын және
өмірлік бағыттылығын сақтап қалу оларды алаңдатып отыр. Көріп
отырғанымыздай, Вебер пікірі бойынша, әлеуметтік әрекеттің субъектісі жалпы
қоғам емес, қандай да бір мәртебемен байланысты жеке адам болып табылады.
Оның ойынша, капитализм - бұл жаңылыс бермейтін, әр жеке адам өзінің
меншікті орнына ғана ие болатын жақсы орныққан машина. Осындай қандай да
бір ауытқулар болуы мүмкін емес, яғни қақтығыстар да болмау керек. Бірақ
бұл жетілген үлгі тәжірибеде дәлелденбеді, өйткені әлі күнге дейін қатаң
жаңылыс болмайтын, тиісінше жанжалдар үшін құнарлы негіз болмайтын
әлеуметтік ұйымды ешкім ойлап тапқан жоқ.
Басқа атақты неміс ғалымы Г.Зиммель, қақтығыс алауыздықтың бір түрі
болса да, сол мезетте адамдарды біріктіретін және қоғамды тұрақтандыратын
біріктіруші күш болып алға шығады деп санады. Қақтығыстанудың қалыптасуына
П.Лавров, Н.Михайловский, М.Бакунин, П.Кропоткин, П.Ткачев, М.Ковалевский
т.б. орыс ғалымдары да өз үлесін қосты. Оның ішінде, П.Лавров пен
Н.Михайловский өрлеудің қозғаушы және тиісінше өлшеуші тұлғасы оның өзіне
теңдес кооперациясындағы жан-жақты дамуы деп санады. Осыдан келесідей
тұжырымдар жасалды: қоғам мен тұлғаның арасындағы қақтығыстардың алдын
алуға болады, өрлеуге өмір сүру үшін күрес емес, көп деңгейде адамдардың
ынтымақтастығы мен өзара көмектесулері, әлеуметтік ортаның, тұлғаның
қажеттіліктеріне бейімделуі қызмет етеді.
Атақты ресейлік-американдық әлеуметтанушы П.А.Сорокин өзінің көптеген
еңбектерінде бұл мәселені айналып өткен жоқ. Әлеуметтанудағы “әлеуметтік-
мәдени мектептің” өкілі ретінде ол – аталған жеке адам туылатын, өсетін
қоғам мен мәдениетті білусіз оның ешқандай жеке белгілері - идеялар,
діншілдік, талғам, құмарлық, сенім және жек көрушілікті шақыратындар -
түсінікті бола алмайтындығына көңіл аударды. Мұндай білімсіз адамның мінез-
құлқын, әдет-ғұрпын және ойлау үлгісін тануға болмайды. Ал жанжалға келер
болсақ, ол адамның қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты, оның
қайнар көзі көбіне адамдардың базалық қажеттіліктерін басуда.
Осылайша, ХХ ғасыр басына таман қақтығыс кәдімгі әлеуметтік құбылыс
ретінде ғалымдар тарапынан мойындалды. Қақтығыс әлеуметтануының дамуында
Ральф Дарендорф (Германия) және Льюс Козер (АҚШ) үлкен рөл атқарды. Өзінің
“Әлеуметтік қақтығыстардың қызметтері” атты кітабында Л.Козер жанжалды
“құндылықтар мен белгілі бір мәртебеге, күш пен ресурстарға ие болу үшін
күрес”, қарсы адамдардың мақсаттары қарсыласты тоқтату, зиян келтіру немесе
көзін жоюға жететін ретінде сипаттады. Ол әлеуметтік қақтығыс қоғамдық
жүйенің тұтастығын бұзады, бірақ қоршаған ортаға қатысты әлеуметтік
құрылымды аса икемді қылады деп көрсетті. Ол әлеуметтік қақтығыстарды
деструктивтік фактор ретінде емес, әлеуметтік дамудың, керек десеңіз,
топаралық жанжал процесіндегі топтың әлеуметтік шоғырлану импульсі ретінде
дәлелдейді.
Функционализм көзқарасында қала отырып, Козер өзінің еңбектерінде
қоғамдағы жеке адамдардың ынтымақтастығына баса назар аударды.
Бұған мүлдем қарама-қарсы көзқарасты неміс әлеуметтанушысы Р.Дарендорф
ұстанды. Ол үшін қақтығыс - қақтығыс әлеуметтануының орталық санаты болып
табылады. Адамзат қоғамы, оның пікірінше, қақтығысқан екі жақтың (таптар)
арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі ретінде дамиды. Қақтығыстар шарасыз
және қажетті. Олардың болмауы - “таңқаларлық және жат” құбылыс. Ол таптық
антогонизм туралы марксшілдік білімді дұрыс деп мойындады, бірақ бұл
антогонизм ХІХ ғасырда Батыс Еуропаға тән болған деп санады. Ал ХХ ғасырдың
постиндустриалды қоғам жағдайында плюрализм және демократия принципі
бекітілген кезде әлеуметтік жанжалдың “арнаулы” механизмдері жасалады. Ол
қақтығыстарды реттеудің (шешудің емес) жеңіл нысандары. Қақтығысты “шешу”,
яғни оны толығымен жою. Ал бұны істеуге болмайды, олар барлық иерархиялық
жүйенің салдары ретінде барлық жерде өмір сүреді. Алайда бұл оларды
реттеуге болмайды дегенді білдірмейді. Бұл үшін кем дегенде үш жағдай болу
керек: біріншіден, құндылықтық ұстанымның бар болуы, өзгешелікті мойындау
және қақтығысқандардың қарсы тұруы; екіншіден, тараптардың ұйымдасу деңгейі
ұйымдасу дәрежесінен қаншалықты жоғары болса, келісім-шарттардың орындалуы
және келісімге жету оңай болады; үшіншіден, белгілі бір ереженің өзара
тиімділігі, оларды орындау жанжалға қатысушы тараптар арасындағы
қатынастарды сақтауға немесе ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Қақтығысқа қатысты өзіндік көзқарасты атақты француз әлеуметтанушысы
Ален Турен ұстанды. Оның пікірінше, барлық өзгерістердің механизмі қоғам
субъектілерін басқару мен жалпы мәдени бағыттылығынан болатын олардың, яғни
әрекет етуші адамдардың арасындағы қақтығыс болып табылады. Қақтығыс
әлеуметтік және мәдени ұйымдар деңгейінде, яғни тәртіп бар жерде өмір
сүреді. Олай болса, оның таласы үнемі болады. Қоғамдық емес оқиға
адамдардың санасы мен әрекетін басқарады, ал оның өзі мәдени инновациялар
мен қоғамдық қақтығыстардың мағыналы жағы. Әрбір әрекет етуші өз әрекеті
саласын басқаруға ұмтылатын кезде ғана өзін шынайы қоғамдық қақтығыс
ретінде дәлелдейді.
Бүгінгі таңда қақтығыс теориясы саласындағы атақты маман, американ
әлеуметтанушысы және экономисті Кеннент Боулдинг. Оның пікірінше, қақтығыс
саналы, жетілген қарама-қайшылықтарды және мүдделер қақтығысын көрсетеді.
Басқаша айтқанда, қақтығыс - бұл басқа жақтың ниетін жоқ қылатын көзқарасқа
ие болуға ұмтылатын олардың потенциалды көзқарастары немесе күйлерінің
сәйкессіздігі туралы екі жақтың бір-біріне ақпарат бергенде болатын оқиға.
Оның қақтығыстану тұжырымдамасының маңызды жағы – биологияланған,
әлеуметтік-дарвинистік көзқарасы: оның пікірінше, адамның табиғатында өзіне
ұқсас күреске және үздіксіз болатын өшпенділікке, зорлықтың күшеюіне ұмтылу
бар және әлеуметтік қақтығыс жалпы ережелер бойынша дамиды, сондықтан
оларды ескеруге де, жеңуге де болатыны дәлелденген. Бұл үшін үш сәтті есте
сақтау керек: қарама-қайшылықтардың пайда болу себебін түсіну, оларды
жоюдың келісілген әдістерін саналы таңдау, адамдардың өнегелі жетілуі.
Біршама ұқсас көзқарасты неофрейдтік бағыттың (батыс ғалымдары)
жақтастары ұстанады. Олардың ойынша, қақтығыстың себептері қоғамдағы
тұлғаның құндылықтары мен шынайы күйінің арасындағы жоғары қажеттіліктері
мен оларды қанағаттандырудың мүмкін еместігі арасындағы айтарлықтай қарама-
қайшылықтарда жатыр.
Психологтар қақтығыстар табиғатын басқаша түсіндіреді. Олар тұлғаның
жан-жақты мінез-құлқын психологиялық факторларға тәуелді етіп қояды.
З.Фрейд адамдардың негізгі құштарлығы, бірінші кезекте, жыныстық бейіммен
байланысты деген идея ұсынды. Алайда адам табиғатының қақтығыстар
мәселесіне мұндай көзқарасын Фрейдтің сенімді серіктестері мен шәкірттері
де қабылдамады. Мысалы, Австрия психологы Альфред Адлер Фрейдпен барлық
қатынасын үзе отырып, тұлғаны қоғамнан бөлектеуге болмайды, бұл
биосексуалды емес, әлеуметтік тірі организм екенін айтты.
Қақтығысты жіктеу:
Әлеуметтік қақтығыстың көптеген түрлері бар. Әлеуметтік тұрғыдан
талдаудың ыңғайлылығы үшін, қақтығыстың өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін
олардың жіктелімі мен жіктелуі қажет.
Қоғамдық ұйымдарға сәйкес қақтығыстар келесі деңгейлерде пайда болады:

1 жеке адам;
2 әлеуметтік топ;
3 топтар;
4 әлеуметтану жүйелері;
5 жалпы қоғам.
Көптеген ғалымдардың бағалауы бойынша, әлеуметтік топтар арасындағы
қақтығыстар мен институционалды қақтығыстардың қайта жасалуына негіз
болатын әлеуметтік институттар жоқтығынан олардың аса ірі қақтығыстарға
ұласуы маңызды сипат алып отыр.
Зерттеу барысында әлеуметтік қақтығыстардың үш үлгісі бөлініп шығады:
Либералдық.
Авторитарлық-консервативтік.
Социалистік.
Либералдық үлгі – топтық мүдделердің қақтығысына негізделеді.
Авторитарлық-консервативтік - жетекшілік ететін элита мен бұқараны қарама-
қарсы қоя отырып, либералдық, парламенттік демократия сынына негізделген.
Социалистік үлгі қоғам мен мемлекетті қарсы қоюдан терең таптық қақтығысқа
дейін барады.
Қақтығыстардың күшею себебінің сипаты бойынша олар негізгі үш топқа
бөлінеді:
1. Өмірлік құралдардың себептері бойынша қақтығыстар немесе қажеттілік
қақтығыстары.
2. Жанжал мүдделердің қақтығысуы ретінде.
3. Құндылықты қақтығыстар.
Қақтығыстардың күшеюінің негізгі салалары рухани және экономикалық,
этносаралық қатынастар болып табылады. Саяси саладағы қақтығыс билік пен
жауапкершіліктің сәйкессіздігі салдарынан саяси мүдделердің, құндылықтардың
және көзқарастардың қарама-қайшылығына негізделген саяси субъектілердің
алысуы мен қақтығысуы болған кезде пайда болады. Бұл субъектінің
басқалармен саяси қатынас жүйесіндегі ықпал үшін, көпшілікке маңызды
шешімді қабылдауға қол жеткізу үшін, бір сөзбен айтқанда, саяси үстемдік
пен билік қуудың бәрі үшін күрес.
Саяси қақтығыс әлеуметтіктің: биліктің, ықпалдың, абыройдың әр
түрлілігі болып табылады. Билік ресурсы биліктің себептерінен пайда болады.
Ал билік бәрімізге белгілі, адамдардың іс-әрекеті үшін мықты ынталандыру
күшіне ие. Сондықтан әлеуметтік мүдделерге орай пайда болатын саяси
қақтығыстар көбінесе билікті ұстап тұру мен оған ие болу мәселесін
қозғайды.
К.Маркс пен А.Токвиль саяси қақтығыс теориясының негізін қалаушылар
болып саналады. Олар бұл мәселеге әр түрлі көзқараста болды, бірақ бір
нәрседе ортақ пікірге келді: әлеуметтік одақтың ішінде ынтымақтастық та,
жқақтығыстар да шарасыз. Егер К.Маркс саяси қақтығыстарда барлық саяси
процестің өзегін көрсе, А.Токвиль демократия қақтығыс пен бәтуә күштердің
арасындағы тепе-теңдікті көрсететіні туралы идеяны бірінші ұсынды.
Саяси қақтығыстың қайнар көзі әдетте саяси қайраткерлердің рөлдері мен
мәртебелерінің әртүрлілігінен және осы әлеуметтің қажеттіліктерімен сәйкес
келмеуінен, сондай-ақ адамдарда билікке байланысты әр түрлі құндылықтар мен
сенімдердің болуынан бастау алады. Әлеуметтік макро және микротоптардың,
қоғамдық саяси құрылымдардың мүдделерін қозғайтын кез келген мәселе бойынша
қазіргі саясатты және заң шығару билігін өзгерту мақсатымен саяси
құрылымдарға қысым жасау саяси қақтығыс кезіндегі жетекші стратегия болып
табылады.
Қақтығыстың бұл түрінің өзіне тән ерекшелігі - оның қоғамның барлық
саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік, этносаралық қатынастар саласына
қатысы бар. Саяси қақтығысты шартты түрде екі негізгі түрге бөлуге болады.
Біріншіден - билік құрылымына ұсынылмаған немесе тіпті басып тасталған
қоғамдық күштер мен билік арасындағы жанжал. Екіншіден - билік
өкілеттілігінің бөлінуі үшін ішкі саяси күреспен байланысты биліктің өз
ішіндегі қақтығыстар.
Сондай-ақ көлденең және тік саяси қақтығыстар бөлініп көрсетіледі.
Біріншісі - жеке адамдардың, топтардың және таптардың арасындағы қақтығыс,
екіншісі биліктің орталық және жергілікті органдары арасында, азаматтар мен
әр түрлі мемлекеттік құрылымдар арасындағы қақтығыс.
Саяси талдауда қақтығыстарды объективті белгісі бойынша межелеу маңызды
мәнге ие, атап айтқанда:
а) объективті қарама-қайшылықтардан туындаған “шынайы” қақтығыс;
б) “кездейсоқ” - әзірге оған қатысушылар ой елегінен өткізеді;
в) “аралас” - объективті себептермен жанама түрде байланысты болған
жағдай;
г) “қосып жазылған”, қарсы күресуші жағдайындағылар емес, басқа
субъектілер қақтығысқа түскен жағдай;
д) “жалған” - нақты себебі жоқ, алайда билік үшін күресте күрделі,
ұтымды саяси ахуал жасауға бағытталған жағдай.
Саяси қақтығысты талдаған кезде, кейде билік үшін күреске қарағанда
идеологиялық мақсаттар үшін күрес қызу сипат алатынын ойдан шығармау керек.
Ресейдің бұрынғы президенті Б.Н.Ельциннің өзінің беделі үшін ыңғайлы
мазмұндағы конституцияны қабылдаудан бас тартқан парламентке қарсы күресін
еске түсірудің өзі жеткілікті. Бұл күрес соңы Мәскеудегі Ақ үйді атумен
және Парламентті күштеп таратуымен аяқталды. Кейін мәлім болғандай,
идеологиялық айтыс Ресейдің дамуының әр түрлі стратегияларының –
социалистік және капиталистік стратегиялардың арасындағы қақтығыс болды.
Тәжірибе көрсеткендей, саяси қақтығыс ереже бойынша екі деңгейде: бір
жағынан, оппозиция мен билік арасында, екінші жағынан, билік құрылымдарының
ішінде өріс алады.
Қақтығысқа қатысушылардың орны жоғары билікте болса, онда билік үшін
күрес қызу болады. Әрі биліктің жоғары тізгініндегі билік үшін күрес
жасырын түрде өтеді. Бұл жерде әрбір қатысушы табысты мақсатқа, өз
командасының немесе топтарының құқығын кеңейтуге қол жеткізу үшін көп
нәрсені құрбан етуге дайын.
Саяси қақтығыс 2 ауыспалы полюске (күштеу және қарқынды) ие.
Қақтығыстық полюс, бір жағынан, соғыс, бүлік, көтеріліс, төңкеріс болып
табылады, басқаша айтқанда, адам өмірі үшін қауіпті қаруланған күрес.
Екінші жағынан, өркениетті кеңес беру, пікірталас және келісім болуы
мүмкін. Топтар арасындағы қақтығыстың азды-көпті күштеу нысаны - ереуіл,
бәсеке, қызу пікірталастар, талап қою, саботаж және күш қолдану.
Осылайша саяси қақтығыстар, әлеуметтік сияқты объективті және
субъективті жақтарға ие. Объективті жағы - бұл субъектілердің терең
мүдделері және олардың арасындағы қарама-қайшылықтар. Объективті қарама-
қайшылықтарды субъекті ретінде ұғыну - бұл жанжалдың субъективті жағы.
Міне, сондықтан саяси жанжалда объективті бастаудың рөлі ерекше жоғары.
Осыдан оның өзіндік ерекшелігін көруге болады.
Саяси қақтығыстың тағы бір ерекшелігі бар. Ол нормативтік-құндылықты
өлшемге ие. Саяси ойынның ережесін анықтайтын саяси құндылықтар конституция
нормасында бекітілгені мәлім. Ал құндылықты аспект ереже бойынша
қақтығыстың үдемелі дамуында және оларды реттеуде жұмылдырушы рөл атқаратын
идеологиямен бекітіледі.
Бәрімізге белгілі болғандай, туындаған қақтығыстың алдында кез келген,
керек десеңіз жақсы қызмет ететін ұйымда да әлеуметтік шиеленіс болады.
Әлеуметтік шиеленіс әдетте тербеледі, бірақ дұрыс ұжымда ол норма
деңгейінде болады. Өз кезегінде қайшылықты дамуда шиеленіс шекарадан асып
кетеді және ұжымды бұзатын аса шиеленіскен жәйт болады.
Саяси қақтығыстың дамуындағы негізгі кезең ретінде жетеуін бөліп
көрсетуге болады:
1) саяси қақтығыстың қалыпты деңгейі - норма;
2) әлі ұғыныла қоймаған шиеленістің жасырын сатысы;
3) қақтығыстың күшеюі және қарсы тарапқа қойылатын талаптарды
тұжырымдау;
4) шиеленістің сыни сатысы және күрделі қақтығысқа ұласуы (күтпеген
оқиға);
5) жарылыс, оқиғаның жедел дамуы;
6) шарықтау шегі;
7) қалыпты деңгейге дейін төмендеу.
Қақтығыс уақытқа қарай алмасып отыратын қақтығыстықтың деңгейі ретінде
түсінілетін әлеуметтік шиеленістен өрбиді. Осылайша, әлеуметтік шиеленіс
бір-бірімен өзара байланысқан әлеуметтік факторлардың нәтижесі болады.
Олар: қанағаттанбаушылық, оның көріну тәсілдері және бұқаралығы.
Әдетте, қақтығыстықтың өткірлігі адамдардың жоғары эмоционалды
жағдайынан; жергілікті қақтығыстардың жиілігінен; кінәліні іздеуден және
адамдар девиациясында орын алуымен көрініс береді.
Адамдардың қанағаттанбаушылығының көріну нысаны, әсіресе, өнеркәсіпті
қақтығыста мынадай болуы мүмкін:
а) бірнеше адамның “үйдегі әңгіме” деп аталатын жеке әңгімелесулері
(сыбырласуы);
ә) өндірістік жиналыстар мен мәжілістерде белгілі бір талаптармен сөз
сөйлеу;
б) бірнеше адамның жұмыстан қыр көрсетіп кетуі;
в) саботаж (тұтас ұжымның тапсырманы орындамауы);
г) ұжымдық аштық жариялау;
ғ) ереуіл;
д) демонстрация және митинг;
е) бүлікшілік (құрал-жабдықтарды, ғимараттарды бұзу, өртеу және
делинквентті (құқыққа қарсы) сипаттағы басқа да қылықтар).
Әдетте әлеуметтік қақтығыс төрт сатыға бөлінеді:
1)қақтығыс алды;
2) қақтығыс;
3) қақтығысты шешу сатысы;
4) қақтығыстан кейінгі жағдай.
Олардың әрқайсысы кезеңге бөлінуі мүмкін. Кез келген сатыны немесе
кезеңді қақтығыс серпінінің белгілі бір кезеңі ретінде қарастырған жөн.
Мысалы, бірінші қақтығыс алдындағы саты екі кезеңге бөлінген болуы мүмкін.
Бірінші кезең қақтығыс субъектілерінің күрделі қайшылықтарының пайда
болуына байланысты тұлғааралық және топтық қатынастар жүйесіндегі
қайшылықтардың ушығуымен және жинақталуымен сипатталады. Бұл кезеңді
латентті (жасырын) деп қабылдау керек.
Екінші кезең әдетте, қақтығысушы жақтарды қозғалысқа түсіруден,
сонымен қатар олардың қарама-қарсы құндылықтар мен мүдделерді жете түсінуге
әкелетін күтпеген оқиғадан немесе себептен басталады. Нәтижесінде бұл
кезеңде қақтығыс жасырыннан ашық түрге айналады және қақтығыстық мінез-
құлықтың әр түрлі нысанында көрінеді.
Қақтығыстық мінез-құлық – бұл қарама-қарсы тараптардың мақсаттары мен
ниеттерін тура немесе жанама түрде қоршауға бағытталған әрекет.
Дәл осындай мінез-құлық қақтығыс дамуының екінші – негізгі кезеңін
сипаттайды. Бұл кезеңде тек қақтығысушы жақтардың мақсаттарын жете түсіну
ғана қажет емес, сонымен бірге бірінші сатының өзінде-ақ басталатын күреске
психологиялық нұсқауды қалыптастыруды жалғастыру керек.
Екінші сатыдағы қақтығыс өте күрделі нысандарды қамтиды, екі тарап
жағымды өзара қатынас орнату жөніндегі бұрынғы барлық келісімдерді бұзуға
тырысады. Екі тараптың өшпенділігі психологиялық тұрғыдан дұшпан іздеуге
бағытталады. Сонымен, қақтығыстық әрекет ұрыс-керісті жылдам ушықтырады, ал
ол өз кезегінде адамның ауытқушылық мінез-құлқын ынталандырады. Оның
белгісі - оппоненттер ұстанымына шабуыл жасау, олардан келетін қауіпті
бейтараптандыру. Осымен қоса, бұл сатыда бір уақытта әлеуметтік топтардағы
өзгеріс есебінен құндылықтарды қайта бағалау болып жатады. Сонымен,
жағдайға байланысты оппоненттердің тиімді өзара әрекеттесу жолын таңдау
сатысы - үшінші саты шабуыл жасайды.
Бұл сатыда қақтығысты шешу кезінде екі тараптың келісім жолымен
татуласуы болады. Мұндай татуласу егер екі тарап қақтығысты жалғастырғаннан
гөрі бейбітшілікке жету әлдеқайда тиімдірек деген сенімге келгенде мүмкін.
Тәжірибе көрсеткендей, қақтығыс кезінде оған қатысушылар арасындағы
коммуникативті байланыс бұзылса, онда тиімді шешімге жету ортадағы
делдалсыз мүмкін емес. Делдалдар қақтығысты ынтымақтастыққа, ал “соғыстың
күйін” - “азаматтық бейбітшілікке ұластырады.
Саяси салада қақтығыстарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты
амалы – халықтың әл-ауқатын көрсету, елдің жоғары әлеуметтік-экономикалық
дәрежеде дамуын қамтамасыз етеді. Оған қоса қоғамның саяси мәдениеті биік
болса, билік басындағыларға, заң органдарына деген сенім арта, беки
түседі. Ал олар жеткіліксіз болса, саяси қақтығыстардың өрбуіне әкеледі.
Біраз жағдайда дау-жанжалдардың алдын алу үшін билік басындағылар әр
түрлі әдіс-айлаларды пайдаланады. Мысалы, халық мүддесін қанағаттандыра
алмаған жағдайда, сіздерді мынадай жарқын болашақ күтіп тұр деп
үміттендіреді, жұбатады. Ол үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі.
Саяси қақтығыстарды шешудің бірнеше түрі бар:
1. Қақтығысқа бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер
қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер
бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан
кетеді.
2. Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен бармай, не істесең соны істе
деген сияқты бәріне көніп жүре береді.
3. Саяси қақтығысты мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле
деп қақтығысқа қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға
келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап,
ортақ келісімге келуге тырысады.
4. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың
күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық
жойып жібергенде туады.
5. Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар
дау талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді.
Оның шығарған шешімін екі жақ та мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші
қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық
тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады. Деградация -
біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы,
құлдырау, жойылу. Деградация, кұлдырау режимі. Бұл режимдегі саяси практика
саяси жүйенің қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ете алмайтын ерекше қалпын
көрсетеді. Онда биліктің ықпалына берілмейтін деструктивті, қиратушы күштер
үстемдік етеді. Билік дағдарысы, саяси жүйенің дағдарысы қоғамның
демократиялық саяси мәдениетінің әлсіздігін, дамымағандығын көрсетеді. Тек
охлократиялық тенденцияларға арандататын сөз жүзіндегі демократия
дағдарысты тереңдете түседі, саяси күштердің қақтығысты қайшылықтарын
тудырады.
Осындай жағдайда саяси процестің мазмұны өзгереді. Саяси күштердің
қарсы тұру тенденциясы пайда болып, қақтығыстар мен әлеуметтік жарылыстарға
алып келетін конфронтация күшейеді. Осы ретте қоғамның саяси жаңаруының
демократиялық формаларын іздеу, жағдайдың әлеуметтік жауапты бағасының
дамуы, саяси күштер арасындағы диалогтардың әр түрлі формаларының жолға
қойылуы, компромисс, консенсус принциптерінің басымдығын қамтамасыз ету
дағдарыстық жағдайдан шығудың тиімді жолын қалыптастырады. Осы жағдайда
барлық саяси күштер, мемлекеттік билікті қоса алғанда, конституцияны,
құқықтық нормаларды сақтауға міндетті және мемлекеттік билік органдары мен
күштік құрылымдар ғана мемлекеттің тұгастығы мен қоғамның тұрақтылығын
сақтау үшін қажетті күш қолдану функциясын заң жүзінде қолдана алатындығын
ескеру қажетті. Алайда, саяси практикадағы деградация мен құлдырау режимі
басқа бағытты ұстануы да мүмкін. Бұл демократиядан бас тарту, тәртіпті
сақтаудың күш қолдану методтарына өту, күш қолдану мәдениетін жандандыру
мен дамыту. Сол себептен деградация мен құлдырау режимінің саяси практикасы
аса күрделі. Мұнда көп нәрсе саяси күштердің нақты қарым-қатынастарына,
халықтың менталитетінің ерекшеліктеріне, оның тарихи тәжірибесіне
байланысты болады. Саяси практиканың маңызды проблемасы саяси қатынастар
субъектілерінің саяси процестердегі өкілдігін қамтамасыз ету. Өкілдікті
қамтамасыз ету формасы саяси партиялардың, партиялық жүйелердің, биліктің
сайланбалы өкілдік органдарының құрылуына негізделеді. Демократиялық саяси
мәдениеттің құндылығының өзі сонда, ол осы қалыптасқан әлеуметтік жағдайда
саяси процестегі саяси қатынастар субъектілерінің толықтай өкілеттілігін
қамтамасыз ететін тетіктерге ие. Осы тетік үздіксіз жетіліп отыру
мүмкіндіктеріне ие. Саяси процестегі белгілі бір тенденцияларды көрсететін
азаматтар ұйымдасқан түрде өздерінің мүдделерін жүзеге асыру үшін саяси
ықпалдың методтары мен құралдарын жасақтай алады.Сайлау өкілеттілігі шешуші
мәнге ие демократиялық қоғамда бұқара халық өзінің саяси процестерге
катысуын, негізінен электорат ретінде жүзеге асырады. Электораттың
қалыптасуы — саяси процестің қалыптасуының мәнді аспектісі. Саяси
партиялардың. сайланбалы мемлекеттік құрылымдардың электоратқа тәуелділігі
— саяси шынайылық. Сондықтан үкіметтің қалыптасуына, олардың шешім
қабылдауына, ол шешімдердің жүзеге асуына ықпал етуге қабілетті барлық
күштердің сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ететін сайлау туралы заңды
жетілдіре түсу қажет. Осы жағдайда, сайлауларға азаматтардың саналы
қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау — саяси қатынастардың барлық
субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып
табылады. Саяси процестің маңызды тұстары шешімдерді қабылдау жөне оларды
жүзеге асыру үшін қажетті еріктің көңіл-күйін жасақтау болып табылады.
Мұнда да қоғамның демократиялық саяси мәдениеті мен оны азаматтардың игеру
дәрежесі шешуші мәнге ие. Саяси процеске қатысушылардың саяси мәдениеті
ғана шешімдердің жетілгендігін, жауапкершілігі мен байсалдылығын анықтайды,
ал олардың еріктік көңіл-күйі әлеуметтік сақтық пен сыншылдықпен
байланысты. Саяси процестің ақырғы кезеңі саяси қатынастар субъекгілері
қабылдаған шешімдердің жүзеге асуы болып табылады. Мұнда да саяси мәдениет
саяси процестің мазмұнын анықтайды, шешуші түрғыда субъектілерге ықпалын
тигізеді, олар қолданатын формалар, методтар мен құралдарды және олардың
әрекеттерінің нәтижелілігін анықтайды. Алайда осындағы ескеретін нәрсе, көп
жағдайда мақсатқа жету саясаткерлер үшін шешуші мәнге ие болғанымен, қол
жеткізілген нәтиже, жүзеге асқан мақсат оның барысында қолданылған кез
келген құралды ақтай бермейді. Саясаттанулық түрғыдан алғанда қандай
құралдар мен методтар арқылы мақсатқа жеткені және осы ретте саяси
практиканың субъектісі қалай қалыптасқаны айтарлықгай маңызды, өйткені
жеткен мақсат — үздіксіз саяси процестегі өтпелі кезең ғана, ал адамдардың
тіршілік әрекетіндегі қызмет етуші саяси мәдениет мәні бойынша оның
фундаменталдігі , мәңгі негізі болып табылады. Демокрит айтып кеткендей,
"азаматтық соғыс жауласушы екі жақтың қайсысына болса да қасірет. Өйткені
оның салдары женуші үшін де, жеңілуші үшін де бірдей"

1.2. БАҚ – тағы саяси қақтығыстардың көрініс табуы (Заң газеті, Азаттық
радиосы).
Ливия сыртқы істер министрі Муса Кусаның Каддафи режимінен кетуі
Вашингтон Ливия оппозициясына қолдау көрсету шараларын заңдастырған деген
хабарға тұспа-тұс келді. Қазір Ливия көтерілісшілері Каддафи күштерінің
шабуылынан кейін елдің шығыс жағалауында басып алған аймақтарынан кете
бастады. Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи жасақтары көтерілісшілерге қарсы
шабуылын жалғастырып отырған тұста, ел сыртқы істер министрінің шетелге
қашып кетуі ауыр соққы болды. Муса Куса сәрсенбі күні Тунистен келе жатқан
жолда Лондон сыртындағы әуежайда қалып қалған. Ұлыбритания сыртқы істер
министрі Уильям Гааганың айтуынша, Каддафи үкіметінің жоғары лауазымды
тұлғасы Куса қызметінен кететінін бейсенбі күні мәлімдеген.[1]
Осыған дейін Ливияның әділет және ішкі істер министрлері Каддафидің 40
жылдан бергі билігіне қарсы наразылықтар кезінде шерушілерге күш
қолданылғанына қарсылық ретінде орындарынан кеткен. Муса Куса – Ливия
күштеріне қарсы халықаралық күштердің әуе соққысы басталған наурыздың 19-
ынан бері отставкаға кеткен алғашқы лауазым иесі. Муса Кусаның бұл әрекеті
Ливиядағы Каддафи күштерінің соққысынан кейін шығыс жағалаудан кері шегіне
бастаған көтерілісшілерге тиімді болуы мүмкін.
Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер хатшысы Джек Строу бейсенбі күні
BBC-ге берген сұқбатында Кусаның бұл қадамы Каддафиге қарсы шешуші
факторға келуге мықты дәлел бола алады деді. Батыста білім алған Муса Куса
кезінде елдің құпия қызметін басқарған. Ол енді Каддафиді биліктен қалай
кетіруге байланысты барлау қызметінің құнды мәліметтерімен бөлісуі мүмкін.
АҚШ президенті Барак Обама Ливияның көтерілісшілеріне астыртын қолдау
көрсетуге жол ашқан соң, ортада қалған оппозицияның сенімі қайта күшейді.
Ақпарат құралдарының жазуынша, Обама Орталық барлау агенттігінің жасырын
операцияларына рұқсат беретін құпия құжатқа қол қойған.
The New York Times басылымы АҚШ билігінің атын атамаған өкіліне
сілтеме жасап, Орталық барлау агенттігі Ливиядағы оппозицияға қолдау
болатын. Барлау мәліметтерін жинауға өз өкілдерін жіберген деп хабарлады.
Бірақ АҚШ-тың Орталық барлау агенттігі бұған қатысты ештеңе айтпады.Осы
аптадағы Ливия күштеріне қарсы соғыс Батыстың шешімді әрекеттерге көбірек
бармаса, көтеріліс сәтсіз аяқталуы мүмкін екенін көрсетті.
АҚШ, Франция және Ұлыбритания көтерілісшілерді қаруландыру мәселесін
көтерген еді. Бірақ оған қатысты ешқандай шешім қабылданған жоқ. Бұл
ұсынысқа НАТО-ға мүше елдер қарсы шығып, НАТО бас хатшысы Андерс Фог
Расмуссеннің өзі альянстың мақсаты – адамдарды қаруландыру емес, қорғау
екенін айтты.
Қытай, Ресей және Германия мақсат-мүддесі әлі де бұлыңғыр Ливия
оппозициясына қару жеткізуге қарсы екендіктерін білдірді. Бірақ
сарапшылардың пікірінше, жекелеген елдер НАТО-сыз ақ көтерілісшілерді
қаруландыру жөнінде бір шешімге келу керек.
Лондондағы Экономика университетінің Таяу Шығыс саясаты бойынша
профессоры Фаваз Гергес: – Президент Обама мен бірқатар Батыс елдері
көтерілісшілерді тікелей қаруландыру туралы не дейді? Көтерілісшілер
қаруланып жатыр. Қару-жарақ оларға үшінші тараптан бәлкім Египет немесе
басқа елдерден келіп жатыр, – дейді. Ол үшін Ливия үкіметінің
тұтқындалған есеп-шоттарынан төленді. Сондықтан қателеспеу керек,
көтерілісшілерді қаруландыру жүріп жатыр дегенді айтады профессор Фаваз
Гергес.
АҚШ Орталық барлау агенттігінің Ливиядағы атқаратын жұмысы әзірге
айқын болмағанымен де, олар Ливия көтерілісшілерінің қажеттілігін
анықтайды. Содан кейін Обама оларды қаруландыру мәселесін шешпекші.
Батыс елдерінің қарулы күштері Ливия азаматтары мен оппозициялық топтарына
қарсы қару қолданған ел президенті Муаммар Каддафиге әуеден де, теңізден де
шабуыл жасай бастады.
Бұл - араб әлеміндегі 2003 жылы АҚШ басшылығымен Иракқа жасалған
шабуылдан кейінгі ең ірі шара. Әскери операция Ливиядағы жағдайға арналған
Париж арнайы саммиті біткен соң үш сағат өте бере басталды. Ол саммитке
Европа елдерінің, бірнеше араб мемлекетінің және АҚШ-тың басшылары, БҰҰ бас
хатшысы қатысты. Кездесуге жиналғандар Ливияны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің
резолюциясына көндіру үшін барлық қажетті шараны, тіпті әскери шараны да
қолдануға келісті деп түйіндеді Франция президенті Николя Саркози бұл
жиынды. Саркозидің айтуынша, коалицияның әуе күштері Каддафи ұшақтарының
Бенгази тұрғындарына қарсы агрессиясына қарсы тұрады. Француздық қосымша
ұшақтар бейбіт халыққа күш қолданбақ болған беренді техникаға да шабуыл
жасауға дайын. Франция ұшақтары ұшуға тыйым салынған аумаққа енген кез-
келген ливиялық ұшақты атып түсірмек.
Ливияда бүгін де халықаралық коалицияның әуе шабуылдары жүріп жатыр.
Француздың Шарль де Голь ұшақ тасығыш кемесі наурыздың 20-сы күні
Францияның оңтүстігіндегі Тулон қаласынан шығып, Ливия жағалауына тартады.
Сицилия, Корсика және Крит аймағында Каддафиге қарсы операцияға қатысуға
келіскен НАТО елдерінің қарулы күштері жиналып жатыр.
АҚШ вице-адмиралы Билл Гортни Ұлыбритания мен АҚШ-тың Ливиядағы әуе
қорғанысына қатысы бар 20 шақты нысанға бағыттап, әскери кемелер мен
сүңгуір қайықтарынан 110 Томагавк қанатты зымыранын атқанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, әуе шабуылдары – операцияның алғашқы сатысы ғана. Бұл жолғы
шабуылдың мақсаты - Ливияның әуе соққысына қарсы қорғанысын талқандау. АҚШ
бұған дейін операцияны жақтайтынын, бірақ құрлықтағы ұрысқа қатыспайтынын
мәлімдеген еді. Операция бастала бере Ливия да тез арада БҰҰ Қауіпсіздік
кеңесінің жиналысын өткізуді талап етті. Зымыран шабуылы басталғандықтан
коалиция сүйенген БҰҰ резолюциясы күшін жойды, сондықтан Триполидің де өз
әуе күштерін қолдануға хақы бар деп мәлімдеді Ливия.
Муаммар Каддафи Ливияның мемлекеттік телеарнасынан сөйлеген сөзінде
халықаралық коалицияның агрессиясына қарсылық ретінде бүкіл Жерорта
теңізі аумағындағы азаматтық және әскери нысандарға соққы беремін деп доқ
көрсетті. Каддафи елдегі қару-жарақ қоймасы Ливияны варварлық шабуылдан
қорғағысы келген кез-келген адамға ашық дәп мәлімдеді. Ол батыстық
коалицияның әрекетін кресшілердің отарлаушы агрессиясы деп бағалады.
Ливияның Джана мемлекеттік ақпарат агенттігінің айтуынша, полковник
Каддафидің туған қаласы Сиртке де әуе шабуылы жасалған. Ливия
телеарнасының хабарлауынша, коалицияның Ливияға қарсы әскери операциясынан
аз дегенде 48 адам мерт болып, 150 адам жараланған. Бенгази сияқты
көтерілісшілер қолына өткен Тобрук қаласының тұрғындары француз
авиациясының алғашқы соққыларын әл-Жазира телеарнасының тікелей эфирінен,
қаланың орталық алаңына орнатылған экраннан тамашалады. Алаңға жиналған
жұрт Рахмет, Саркози!, Бір, екі, үш! Саркози! деп ұрандатып тұрды деп
хабарлайды RTL француз радиосының тілшісі.
Халықаралық коалицияның операциясы бастала бере Каддафиді жақтаушылар
да Триполидегі халықаралық әуежайға және Каддафидің Баб-әл-Азизиядағы
сарайына жиналып, көсеміміз бен елімізді қорғаймыз деп, ұлттық туларын
көтеріп тұр.
Ливия басшысы Муаммар Каддафи наурыздың 19-ы күні халықаралық
қауымдастыққа хат жазып, ескерту жасады. Ливия сендердікі емес. Ливия –
ливиялықтардыкі. Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы жүрмейді делінген
Каддафидің Франция мен АҚШ президенттері Николя Саркози мен Барак Обамаға,
Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмеронға, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунге жазған
хатында. Біздің ішкі ісімізге араласуға ешқандай хақыларың жоқ. Ондай
құқықты кім берді сендерге? Ішкі ісімізге араласуды доғармасаңдар,
өкінесіңдер дейді Муаммар Каддафи Батыс елдерінің басшыларына. Каддафи АҚШ
президенті Барак Обамаға: Егер әл-Қаида сіздің қалаларыңызда жүрсе не
істер едіңіз, президент Обама? Не болса да, сізді бұдан былай да өз ұлымдай
жақсы көре беремін деген сөздерін арнапты. [2]
Хосни Мүбәрәкпен бірге елдің бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адли
де өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Прокурорлар Мүбәрәк
пен экс-министрге 2011 жылы "Араб көктемі" кезінде үкіметке қарсы халық
толқуларында қаза тапқан 850 адамның өліміне кінәлі деген айып тақты.
Жаппай бас көтеру кезінде Хосни Мүбәрәк биліктен кеткен еді. Хосни
Мүбәрәкпен бірге демонстранттар қазасына қатысы бар деп айыпталған
бұрынғы алты полиция басшысы ақталып шықты.
Судья Ахмед Рефаат экс-президенттің ұлдары Алла Мүбәрәк пен Гамаль
Мүбәрәкке, Хосни Мүбәрәктің тұсындағы қауіпсіздік қызметінің басшысына
тағылған айыптарды алып тастау туралы үкімді оқыған соң оған наразы болған
сот  ​​залындағы жұрт Үкім жарамсыз! деп айқайлап, оның соңы төбелеске
ұласты.
Мүбәрәктің ұлдарына бұған дейін коррупциялық қылмыс жасады деген,
ал оның тұсындағы қауіпсіздік қызметінің басшысына шерушілерді атуға
бұйрық берді деген айып тағылған болатын. Сырттағы теледидар арқылы сот
үкімін естіген халық бір-бірін құттықтап, қуанысып жатты. Каирдегі сот
отырысы өткен полиция академиясы орналасқан ауданда қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге 5 мыңға тарта полиция мен 2 мың сарбаз тартылды.
​ Египетте 2011 жылы ақпан айында басталған халық толқуларында шерушілер
Хосни Мүбәрәктің биліктен кетуін, қауіпсіздік қызметі мен полицияға ерекше
құзырет беретін төтенше жағдай туралы заңды жоюды талап еткен.
Полицияның шерушілерге қарсы оқ атуы мен екі жақтың қақтығысуынан 850-ге
тарта адам қаза тапқан еді. Хосни Мүбәрәк 18 күнге созылған халық
толқуларынан соң, 2011 жылы 12 ақпанда биліктен кеткен еді. Бүгінгі сот
үкімінен соң бұрынғы президентті Каир маңындағы Тора түрмесіне әкетті.
Хосни Мүбәрәктің адвокаттары үкімге байланысты шағым беретіндерін айтты. Ал
жүздеген египеттік 3 маусым күні Каирдің Тахрир алаңына қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі орны
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Дін конфликтінің туындауына әсер ететін факторлар және дінаралық конфликттердің себептері
Саяси шиеленістер мен дағдырыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛДАРДЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Ұлтаралық қақтығыстардың пайда болу себептері
Әлеуметтік шиеленістердің себептері
Топтар арасындағы қақтығыс
Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс
Араб - Израиль соғысы
Пәндер