Отбасындағы әлеуметтік психологиялық жағдайдың қиын балалардың шығуына психологиялық әсері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
1 тарау. Отбасындағы әлеуметтік психологиялық жағдайдың қиын балалардың шығуына психологиялық әсерін зерттеудің теориялық мәселелері
1.1. Қиын балалардың шығуына психологиялық жағдайлардың әсерінің зерттелуінің психологиялық астары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.19
1.2. Жасөспірімнің отбасындағы мінез.құлқының қалыптасуына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20.30
1.3. Қиын балалардың шығуына отбасындағы әлеуметтік.психологиялық мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31.41
2 тарау. Эксперименттік зерттеу бөлімі
2.1. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 42.48
2.2. Зерттеу нәтижелерінің сапалық талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 49.56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57.59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60.61
Зерттеу жұмысының өзектілігі: жас даму психологиясы жасөспірімдік кезеңнің қалыптасуын, сананың және мінез-құлық стереотипінің пайда болуының психологиялық заңдылықтарын қарастырса, жасөспірім тұлғасын зерттеу қажеттілігі туады. Жас даму психологиясы тұлға ерекшеліктерін зерттеу мен оның заңдылықтарын тану арқылы қиын балалардың мінез-құлқындағы қайшылықтарды анықтап, жасөспірімдік қиыншылықтардың психологиялық аспектілерін қарастырады.
Қиын баланың тұлғасының қалыптасу ерекшеліктеріне төмендегідей әлеуметтік және генетикалық факторлар әсер етеді:
- әлеуметтік демографиялық: жыныс, жас, білім деңгейі, әлеуметтік жағдайы, мамандығы т.б.
- әлеуметтік психологиялық: интеллектуалдық, ерік-жігер, адамгершілік сезімдерінің, мінез ерекшеліктері;
- психофизиологиялық: темперамент, жүйке жүйесі, іс-әрекет ерекшеліктері және тұлғаның патологиялық ауытқулары жайлы мәліметтер т.б.
Бойынан алуан түрлі мінез-құлық байқалатын тұлғалардың бәрі бір деңгейде «қиын бала» бола бермейді. Біреулерге басқаларды қорқыту есебінен өмір сүру – қалыптасқан мінез-құлық болса, енді біреулер жағдайдың әсерінен өмірінде бір-ақ рет жасайды. Келесі біреулер «кездейсоқ» қылмыс жасаған және ол бұл қылығы үшін жазалағанына немесе жазаланбағанына қарамастан, бұдан былай заңнан ауытқитын қалыпты қадам жасауға бармайды, ал тағы біреулер үшін қылмыс жасау актісі олардың осыған дейінгі бүкіл бейқам өмірінің қорытындысы болады. Әлеуметтік жеке адам, тұлға ретіндегі қиын баланы сипаттайтын жағдайлардың бәрін терең зерттегенде ғана осындай мінез-құлықты түсіндіруге, оның себептерін ашып көрсетуге, қылмыс жасайтын адамдарға ықпал етудің тиімді құралдарын табуға, қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алудың жолдары мен әдістерін белгілеуге болады.
Дипломдық жұмыс барысында жасөспірімдердің абайсыздан және импульсивті жасаған іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне тоқталып кету, оның маңыздылығын ашу, сауалнама жүргізу арқылы қиын балалардың жүйкелік-психологиялық тұрақсыздығын анықтау.
Кәмелетке толмағандардың қылмысқа бару себебі қоршаған ортаның және оның өз тұлғасының кері әсерімен негізделеді. Көбінесе құқық бұзушылықты «қиын жеткіншектер» жасайды. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын қарастыратын болсақ, жеткіншек, үлкен адамдардың және өзімен жасты балалардың ықпалымен қылмысқа барады. Көбінесе мұндай жеткіншектердің тұлға құрылымында теріс мінез-құлық байқалады: жалқаулық, ерік-жігері төмен, жауапкершілігі аз, агрессивтілігі жоғары және басқа мінез-құлықтар тән. «Қиын» балалардың тұлғасының құрылуына сондай-ақ жанұяның кері ықпалы ата-анасы және туыстарының ішімдікке салынуы, олардың өрескі» мінезі жатады. Сонымен бірге жеткіншектің айналасында жүріп, оны жақсы көретін ата-аналары, бірақ жеткілікті педагогикалық және мәдени құндылық көрсетпейтін туыстары да жатады.
1. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, 1987
2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1999
3. Асеев В.Г. Мотивация поведения и формирование личности. М., 1974
4. Ананьев Б.Г. Проблемы подросткового возраста. К., 1994
5. Асанов Ж. Жеке тұлғаның қалыптасу мәселесі. А., 1999
6. Акцентуации характера и использование опросника. Г.Шмишека //Методические рекомендации для практических психологов. Составила В.Г.Сахарова. Владивосток, 1998
7. Әбдірахманов Ә., Жарықпаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша сөздік. Алматы, «Мектеп». 1976
8. Бернс Р. Развитие Я.-концепции и воспитание. М., 1986
9. Божович Л.И. Особенности самосознания у подростков. //Вопросы психологии. № 176. 1965
10. Васильева З.И. Изучение особенностей старших школьников. //Вопросы психологии. № 5. 1993
11. Гримак Л.П. Общение с собой. М., Политиздат. 1991
12. Гримак Л.П. Резервы человеческой психики. М., Политиздат. 1989
13. Грейс Крайг. Психологическое развитие. Мастера психологии. Санкт-Петербург. 2000
14. Гинзбург М.Р. Психологическое содержание личностного самоопределения //Вопросы психологии № 3. 1994
15. Дубинин Н.г: Карнец И.И., Кудрявцев В.Н. Генетика. Поведение. Ответственность. М., 1989.
16. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас. Алматы. 1987
17. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1991
18. Змановская Е.В. Девиантология. М., Академия. 2003
19. Елисеев О.П. Практикум по психологии личности. Питер. 2000
20. Еникеев М.И. Основы общей и юридической психологии: Учебник для вузов. М.: Юрист. 1996
21. Кон И.С. В поисках себя: личность и ее самосознание. М. 1984
22. Кон И.С. Открытие «Я» Москва. Политиздат. 1978
23. Кон И.С. Психология ранней юности. Москва. 1989
24. Кочетов А.И. Перевоспитание подростка. М., 1972
25. Краковский А.П. О подростках. М., 1982
26. Каган М.с. Особенности самосознания подростков. М., 1973
27. Колосов Д.В., Мягков И.Ф. Учителю о физиологии и психологии подростка. М., Просвещение 1987
28. Құдярова А. Ортақтасу психологиясы. Алматы, 2000
29. Итольсон Л.Б. Становление личности. С., 1982
30. Левитов Н.Д. Психология старшего школьника. М., Уч.пед. изд. 1955
31. Липкина А.И. Самооценка школьника. М., 1976
32. Личко А.Е. Подростковая психология. М., 1985
33. Личность в психологии /под.ред. Петровского А.В. М., Просвещение. 1993
34. Мир подростка /Под.ред. Снежневской Р.Д. М., Просвещение. 1990
35. Мудрик А.В. О воспитании старшеклассников. М., Просвещение 1976
36. Мироненко А.В. Современные теории в психологии личности. М., 2000
37. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М., Просвещение. 1992
38. Общая психодиагностика. Под.ред. Боалева А.А., Столина В.В., М., МГУ. 1984
39. Орлов Ю.М. Самопознание и самовоспитание характера. М., Просвещение. 1987
40. Орлов А.Б. Личность и сущность: внешнее и внутреннее Я человека //Вопросы психологии №2 1995
41. Психологиялық эксперименттің психологиясы. Ұлағат. № 1 2001
42. Педагогка және психология. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы. 2002
43. Психология подростка. Хрестоматия. Сост. Ю.И.Фролов. Рос.пед.агенство. М., 1997
44. Психология современного подростка. Под.ред. Петровского А.В. М., 1981
45. Психология обучения. Дайджест росийской и зарубежской прессы. №1. 2003
46. Практическая психология образования. Под.ред. А.Е.Дубровской М., 2000
47. Поливанова К.Н. Психология возрастных кризисов. М., Академия. 2000
48. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании М., 1995
49. Спиркин А.Г. Сознание и самосознание. М. Политиздат. 1972
50. Славина Л.С. Индивидуальный подход к подрасткам. Л., Просвещение 1983
51. Фельдшейтн Д.И. Психологические аспекты изучения современного подроска //Вопросы психологии. № 4. 1992
52. Шельштейн Е.С. Особенности презентации Я в подростковом возрасте. /Вопросы психологии. № 2. 2000
53. Шевандрин Н.И. Психодиагностика. Коррекция и развитие личности. М., Гуманит.изд. центр. Владос. 1998
54. Экспериментальная и прикладная психология.
55. Узнадзе Д.Н. Психологические исследования. МП., 1996

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4

1 тарау. Отбасындағы әлеуметтік психологиялық жағдайдың қиын балалардың
шығуына психологиялық әсерін зерттеудің теориялық мәселелері

1. Қиын балалардың шығуына психологиялық жағдайлардың әсерінің
зерттелуінің психологиялық астары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-19

2. Жасөспірімнің отбасындағы мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін
факторлар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .. 20-30

3. Қиын балалардың шығуына отбасындағы әлеуметтік-психологиялық мәселелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 31-41

2 тарау. Эксперименттік зерттеу бөлімі
2.1. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 42-48
2.2. Зерттеу нәтижелерінің сапалық талдауы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49-56

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 57-59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 60-61

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: жас даму психологиясы жасөспірімдік
кезеңнің қалыптасуын, сананың және мінез-құлық стереотипінің пайда болуының
психологиялық заңдылықтарын қарастырса, жасөспірім тұлғасын зерттеу
қажеттілігі туады. Жас даму психологиясы тұлға ерекшеліктерін зерттеу мен
оның заңдылықтарын тану арқылы қиын балалардың мінез-құлқындағы
қайшылықтарды анықтап, жасөспірімдік қиыншылықтардың психологиялық
аспектілерін қарастырады.
Қиын баланың тұлғасының қалыптасу ерекшеліктеріне төмендегідей
әлеуметтік және генетикалық факторлар әсер етеді:
- әлеуметтік демографиялық: жыныс, жас, білім деңгейі, әлеуметтік
жағдайы, мамандығы т.б.
- әлеуметтік психологиялық: интеллектуалдық, ерік-жігер, адамгершілік
сезімдерінің, мінез ерекшеліктері;
- психофизиологиялық: темперамент, жүйке жүйесі, іс-әрекет ерекшеліктері
және тұлғаның патологиялық ауытқулары жайлы мәліметтер т.б.
Бойынан алуан түрлі мінез-құлық байқалатын тұлғалардың бәрі бір
деңгейде қиын бала бола бермейді. Біреулерге басқаларды қорқыту есебінен
өмір сүру – қалыптасқан мінез-құлық болса, енді біреулер жағдайдың әсерінен
өмірінде бір-ақ рет жасайды. Келесі біреулер кездейсоқ қылмыс жасаған
және ол бұл қылығы үшін жазалағанына немесе жазаланбағанына қарамастан,
бұдан былай заңнан ауытқитын қалыпты қадам жасауға бармайды, ал тағы
біреулер үшін қылмыс жасау актісі олардың осыған дейінгі бүкіл бейқам
өмірінің қорытындысы болады. Әлеуметтік жеке адам, тұлға ретіндегі қиын
баланы сипаттайтын жағдайлардың бәрін терең зерттегенде ғана осындай мінез-
құлықты түсіндіруге, оның себептерін ашып көрсетуге, қылмыс жасайтын
адамдарға ықпал етудің тиімді құралдарын табуға, қоғамдағы құқық
бұзушылықтың алдын алудың жолдары мен әдістерін белгілеуге болады.
Дипломдық жұмыс барысында жасөспірімдердің абайсыздан және импульсивті
жасаған іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне тоқталып кету, оның
маңыздылығын ашу, сауалнама жүргізу арқылы қиын балалардың жүйкелік-
психологиялық тұрақсыздығын анықтау.
Кәмелетке толмағандардың қылмысқа бару себебі қоршаған ортаның және
оның өз тұлғасының кері әсерімен негізделеді. Көбінесе құқық бұзушылықты
қиын жеткіншектер жасайды. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын
қарастыратын болсақ, жеткіншек, үлкен адамдардың және өзімен жасты
балалардың ықпалымен қылмысқа барады. Көбінесе мұндай жеткіншектердің тұлға
құрылымында теріс мінез-құлық байқалады: жалқаулық, ерік-жігері төмен,
жауапкершілігі аз, агрессивтілігі жоғары және басқа мінез-құлықтар тән.
Қиын балалардың тұлғасының құрылуына сондай-ақ жанұяның кері ықпалы ата-
анасы және туыстарының ішімдікке салынуы, олардың өрескі мінезі жатады.
Сонымен бірге жеткіншектің айналасында жүріп, оны жақсы көретін ата-
аналары, бірақ жеткілікті педагогикалық және мәдени құндылық көрсетпейтін
туыстары да жатады. Қиын тәрбиеленетін жеткіншектердің, әдетте оқуға ынтасы
төмен болады, ол оны сынып оқушылары, колледжде, мектеп мұғалімдері алдында
нашар адам етіп көрсетеді. Сөйтіп қоғамда бейімделмеген жеткіншектердің
ішінде, сол мектепте нашар мінез-құлықпен және оқумен танылған балалар
ілігеді. Сонымен, кәмелетке толмағандардың әлеуметке қарсы мінез-құлқының
болуы, ең бірінші сыртқы әлеуметтік ортаның ықпалынан (соның ішінде шағын
ортаның), сондай-ақ жеткіншектің өзінің өмірлік қиыншылықтарға көзқарасы
әсерінен қалыптасқан мінез-құлықтан пайда болады. Импульсивті және
абайсыздан болған іс-әрекеттің негізінде тұлғаның психологиялық
ерекшеліктерін анықтауға болады, мұнда тәжірибелік бөлімге кәмелетке жасы
толмаған жеткіншектердің жүйкелік-психологиялық тұрақсыздығын, мінез-құлық
акцентуациясын білу зерттеу арқылы анықталады.
Зерттеу жұмысының мақсаты – қиын балалардың шығуына отбасындағы
психологиялық ерекшеліктердің әсерінің психологиялық сипатын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- тақырыпқа байланысты шетел және кеңестік психологтардың еңбектерін
қарастыру;
- қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің
әсерін факторлар көмегімен теориялық тұрғыдан ашу;
- қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің
әсерін психологиялық әдістер көмегімен анықтау;
- ғылыми негізделген ұсыныстар келтіру.
Зерттеу объектісі: қаладағы және ауылдағы 14-16 жас арасындағы
жасөспірімдер.
Зерттеу пәні: қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық
ерекшеліктердің әсерін зерттеу.
Жалпы болжамы: қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық
ерекшеліктердің әсерінің айырмашылығ бар.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: қиын балалардың шығуына отбасындағы
психологиялық ерекшеліктердің әсеріне (қаладағы және ауыл жасөспірімдері)
психологиялық зерттеу жүргізу.
Теориялық маңыздылығы: қиын балалардың шығуына отбасындағы
психологиялық ерекшеліктердің әсері А.Е.Личко мен К.Леонгард
тұжырымдамасында, А.Ф. Лазурский Мінез туралы ғылыми очерктерінде
қарастырылуы.
Практикалық маңыздылығы: Қиын балалардың шығуына отбасындағы
психологиялық ерекшеліктердің әсерін криминалистік психологияда, заң
психологиясында, жас даму психологиясында сынау мүмкіндік береді.

1. Қиын балалардың шығуына психологиялық жағдайлардың әсерінің
зерттелуінің психологиялық астары
Республикада тәрбиелейтін колониялардың іс-әрекетінде кәмелетке толмаған
құқық бұзушының іс-әрекетін психофизикалық қасиеттердің әсер ету мәселелері
шешілмеген, әсіресе тұлғаның анти қоғамдық іс-әрекетіндегі әлеуметтік және
биологиялық құрылымындағы қатынастық мәселесі қарастырылмаған.
В.Г.Пидминистің айтуы бойынша біздің бірнеше психологтарымыз,
оқытушыларымыз және заңгерлеріміз адамның ерекшеліктерін көптеген күрделі
түрлерін түсінуге мүлдем жеңіл қарайды, оларды тек қана әлеуметтік
көзқарас жағынан ғана талқылайды, ал әдетте құқық бұзушының жеке құқығын
әсіресе оның сипаттамалық ерекшелігін бағаламауға әкеп соғады.
Қылмыстық істерді жасауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалардың
биологиялық ынтасын жақтай отырып, кез-келген жағдайдағы психопатия және
мінездің басқа аномалиялары қылмыстық істің болуына әсерін тигізетін, оның
болуын жеңілдететін, өздік бақылаудың мүмкіндігін төмендететін фактілерді
ескермеуге болмайды.
Психология, сот психиатриясы және криминологияда кез-келген
жағдайларда нақтылыққа ауысу кезіндегі анти қоғамдық іс-әрекеттердің
мүмкіндігін туғызатын, әлеуметтік аталған қасиеттерге кәмелетке толмаған
қылмыскерлер ие болатын тұжырым айтылған. Біздің зерттеулерімізге сәйкес,
күрделі және көптеген негізделген кәмелетке болмаған қылмыскердің тұлға
ретіндегі қасиеттерінің маңызды сипаты бар, ол жүріс-тұрысында қоғамға
деген қатынаста, әдетте ұжымға, ата-аналарына, еңбекте және оқуда
байқалады.
Кәмелетке толмаған тұлғаны біз өзіне және қылмыстық психологиясы бар
байланыстарын жүйке ретінде қарастырамыз, олар бейәлеуметтік істерді жасап
әкеп соғады: зорлау, тонау, ұрлық және т.б. Сонымен бірге сипаттық заңдылық
байқалады: интеллектік дамудың төменгі деңгейі тұлғаның интелектік дамуы
төмен болған сайын оның мінезінің сипаты тұрақсыз болады, сонымен бірге
бейәлеуметтік қарамаудың әсеріне тез түседі. Бірақ та кәмелетке толмаған
құқық бұзушының микроортасының теріс әсері қаншалықты күшті болса да, ол
аморальді істерге әкеп соғуы мүмкін, онда оның мінезінің құрылымында, теріс
әсер тиімді жағдайды туғызатын құлықтар мен қасиеттері болады. Сондықтан
да, біз патогендік себептердің осы кешендерін жан-жақты оқуға тырысамыз,
өйткені ол кәмелетке толмаған сотталған тұлғалар да тұрақты немесе
мінезінің уақытша онтологиясына әкеп соқты.
Мінездің түрлену стадиясы туралы елестерді ескере отырып, барлық
тәрбиелік колониялардағы тұлғаларын зерттеу үшін үш жаққа бөлуі мүмкін:
қалыпты: (гармоникалық), аномальдік тұлғаларды бірнеше топтарға бөледі:
инертті-пассивті, агрессиялы, мақтаншақтар және невротикалық мінезі бар
тұлғалар.
Бірінші топтағы тәрбиеленушілер белсенді, ширақ, қызығушылығы мол
тұлғалар. Осы категориялы адамдар шығармашылық кештерге қатысып, өз
көмектерін көрсетеді. Басқа адамдар арасында өздерін мықты ұстайды, олар
әдетте өз қателерін мойындап, жұмыс пен оқуға жауапкершілікпен қарайды.
Екінші топқа мінез-құлықтары тұрақтылығы жетпеген тұлғалар жатады.
Инертті-пассивтік тұлғаларға, күдікті, ренжігіш, неврозды, шешім қабылдай
алмайтын адамдар жатады. Оларға ұят сезімі тән. Олардың бәрі
тәрбиеленушілерге көмек көрсетеді, бірақ та осыны жұртқа көрсетпей
жасағанды қалайды. Агрессиялы-тиіскіш адамдарға қозу, жоғары аффектілік
қасиеті тән, әдетте олардың көңілі орнықсыз. Өз құрдастарын өзіне
бағындырып ұстағысы келеді. Оқу мен еңбекке қалыпсыз қатысады, жиі тәртіп
бұзады.
Мақтаншақтарға истерикалық мінез-құлықтары тән. Олар, өтірікші,
фантазер, критик болып келеді. Олар әдетте ризасыз болып келеді. Мектеп
жұмысында мұғалімнің сенімділігін алуға тырысады. Топтарда ауыспалы
авторитетке ие болады. Невротикалық мінезділер аз сөйлейді, әрең
үйреншікті, жиі бас ауруына, әлсіздік, шаршағаны туралы көп айтады. Олардың
көп бөлігі оқу мен жұмыстан қашады. Ұжымда өздерін тұрақсыз ұстайды, өз
сөздері болмайды. Байқаулар бойынша, адаптация кезінде олардың невротикалық
күйі эмоционалдық тұрғыдан ренішпен байқалады. Осы тұлғаға оң әсер ету
кезіндегі байқауда: бас ауруы, әлсіздік байқалады.
Үшінші топтағы тұлғалар үшін көңіл күйдің тез толқуы тән. Көңіл-күйі
жақсы болған кезде олар көңілді, ақ көңілді, бірақ та конфликтке тез
түседі. Олар ренжігенде: тамырын кесіп, өз саусақтарын сындыра алады.
Тәрбиелейтін колонияларда зерттелген сотталған адамдарда көрсетілген мінез-
ерекшеліктерінің динамикалық түрі бар, олар бір-бірімен аз байқалатын
әдетте қиын шектелетін өтулермен байланысқан. Арнайы шарттарда өз
педагогикалық шығармасын бастайтын тәрбиешілер осы өтулерді байқамай
қалады, кәмелетке толмаған ұжым мен тұлғаға оң әсерінің тәсілі мен жабдығын
дұрыс таңдай алмайды.
Интеллектуалды – еркін дамуы, психикалық аномалиялары бар тұлғалардың
болуын ескергендігі кәмелетке толмаған сотталған адамдардың классификациясы
маңызды болады. Компоненттік мамандарды қатыстыру маңызды мәселе болып
табылады. Олар педагогтар, психологтар, психиатрлар.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы: Еліміздегі криминогендік
жағдайлардың барлық параметрлерін болашақ әсер етуді ескере отырып,
кәмелетке толмаған қылмыстыққа алдын-ала ескертуге назар аударуы керек.
Соңғы жылдарда ересек ортаның криминализация өсуінің тұрақты тенденциясы
құрылды, олар жасаған қылмыстың 75 % ауыр және өте ауырға жатады (оның
ішінде адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру).
Кәмелетке толмаған топтық қылмыстың алдын-алу болып табылады.
Жастардың көбісі қылмыс жасаған уақытта мас күйінде болған немесе
криминалдық жағдайы алдында болған 14.
Осындай бөлінудің ерекшеліктері соматикалық, психикалық және мінездік
дамудың ерекшеліктерімен, сонымен қатар олардың әлеуметтік жастығымен
негізделеді. Ересек жас кезінде мінездік түрлену кезінде тәжірибе жиналуы
өтеді 15.
Кәмелетке толмаған тұлғалардың құқық бұзушылығы сапалық және мөлшерлік
сипаттамаларына өз ерекшеліктері тән. Жас кезінде қылмыс жасау жолына
түскен адамдарды дұрыс жолға қою өте қиын. Кәмелетке толмаған және үлкен
адамдар жасаған қылмыстардың арасы тығыз байланысқан. Үлкен кісілердің
қылмыс жасауының себебі әдетте кәмелетке толмаған қылмыскердің қылмысы
болып табылады. Үлкен адамның қылмысының тамыры, адамның жеке мінезі енді
түрленіп жатқан кезінде байқалады, сол кезде оның өмірлік ориентациясы
жасалынады 25.
Кәмелетке толмаған жастардың қылмыстардың мінездік құлығы болып зорлық
пен зомбылық табылады. Сонымен бірге кәмелетке толмаған жастар зорлық пен
зомбылық шектерінен өтіп кетеді. Жасөспірімдер қылмыс кезінде ісі ойдағыдай
болмаған кезде кісі өлтіру, денег ауыр зақым келтіру секілді қылмыстарға
барады.
Кәмелетке толмаған жастар қылмысы жасару тенденциясы, жасы кіші
балалардың криминалдық активтілігінің жоғарылауы байқалады. Қазіргі уақытта
әйел жынысты жасөспірімдердің қылмыс жасауы өсуде. Қыздар арасында
қылмыстың салыстырмалы аз таралуына қарамастан біршама қоғамдық қауіп
келтіреді.
Еркек жыныстары секілді, әйел адамдардың арақ ішіп, токсикомания мен
нашақор үстінде болған қылмыстардың өсуі байқалған. Мас қылмыстың жасарту
тенденциясы болады. Әр қылмыстың бесінші алкоголь немесе нашақорлық
маскүнем болу күйіндегі кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалынады. Әдетте,
қылмысты топпен жасайды. Жыл сайын кәмелетке толмаған жастар қылмыстың
көбісін топ құрамымен жасайды. Топтар үлкен күштерімен ерекшеленеді, ал
қоғамдық қауіп пен криминалдық белсенділікті жоғарылатады.
Кәмелетке толмаған жастардың қылмыс дифференциалдығы мен интеграция
тенденциясының арасындағы байланыс байқалуда. Қылмыс әлеміндегі
авторитеттердің жасөспірім ортасына белсенді енуі жүзеге асырылады.
Екінші жағынан үлкен кісілердің қылмыстығынан кәмелетке толмаған жастардың
қылмыс автономындағы тенденциясы байқалуда.
Психикалық ауытқулары бар кәмелетке толмаған жастар жасайтын қылмыс
саны көбеюде. Осында невроздың кез-келген түрлерін, қалыпты деректілікті,
психопатия, алкоголизмді көңіл бөлінуді жатқызады.
Аталған көңіл бөлінулер – ауыр емес және тұрақты. Көптеген жағдайда
олар ауыр тұқым қуалаушылық салдарынан емес, тиімсіз өмір шарты мен тәрбие
салдарынан алынады.
Зорлық және зомбылықпен айналысатын ұйымдасатын қылмыс сферасына
кірген жасөспірімдердің саны өсіп келеді.
Кәмелетке толмаған жастардың қылмыс жасауы қоғамдық қауіпті: қарудың
заңсыз айналымы, жарылыс заттар мен қару-жарақтарды сату мәселелері болып
табылады.
Кәмелетке толмаған жастар қылмысының құрылымындағы басты орынды
бұзақылық алып жатыр. Бұзақылық үшін сотталған кәмелетке толмаған жастардың
көбісі, аса ауыр бұзақылық еткен тұлғалар құрайды.
Кәмелетке толмаған жастардың қылмыс құрылымын талдау кезінде топтық
қылмыс немесе топты жасалған қылмыс ретінде қарастыру керек. Адам топта
қылмысты жасай отырып, өзіне тән жеке қасиеттерінен айырылады және де оның
қылығы психикалық кешенмен анықталады. Әдетте кәмелетке толмаған жастардың
топтық қылмыстары ерекше қаталдықпен ерекшеленеді.
Кәмелетке толмаған топтарының маңызды бөлігі ұзақ қылмыстық іс-
әрекетке бекітілген. Қылмыс тәжірибесі өскен сайын, топтар құрамындағы
қылмыстарға қатысатын адам саны азаяды. Топтарда кәмелетке толмаған жастар
жасайтын қылмыс бөлігі әртүрлі қылмыстар үшін бірдей емес. Әдетте, мұндай
топтарда ұрлық құру қылмыстары жасалынады.
Кәмелетке толмаған жастар қылмыстары қажеттіктің жоғары дәрежесімен
сипатталады. Кәмелетке толмаған жастар жасайтын қылмыстың таралуы, оның
тіркелген бөлігінен біршама асады. Әсіресе жоғары латенттік пен ұрлық
бұзақылық ерекшеленеді.
Кәмелетке толмаған жастардың қылмыс сипатының күшіне аталған
құбылыстарды оқу кезіндегі бірінші орынға қылмыскер түрінің мәселесі
қойылады. Ішкі істер органдарының алдын-алу іс-шараларының жеңісі, жан-
жақты оқуға байланысты. Көптеген қателерді болдырмауға болады, егерде
қылмыскердің өмір шартын байқамай-ақ оның тұлға ретінде аса назар аударса.
Осы жағдай кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жатады.
Қылмыскердің жастық ерекшеліктерін криминологтар әдетте: 14-15
жасөспірімді – кіші жасты, 16-17 жас кәмелетке толмаған жастар топтарына
бөледі.
14-17 жас интервалындағы контингентіндегі құлықтарының криминологиялық
әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктері көрсетілген жастық топтарының
жасөспірімдердің жүріп-тұруына, олардың өмір сүру шарттары секілді
ерекшеліктері әсерлерін тигізеді. Осыдан жасөспірімдердің қылмыстарын 14
жасқа дейін және 17 жастан жоғары құқық бұзушылар тұлғаларын қарастыру
қажет.
Кәмелетке толмаған жастар мен ересек кісілер тұлғаларды қарастыра
отырып, олардың сөйлесу түрлері туралы айтуға болады. Кез-келген жастардағы
қылмыскерлер арасындағы айырмашылықты көрсететін шекара, 16-17 жас және 18-
20 жас арасындағы екі жастық топтар салыстырғанда өшіріледі. Аталған
жағдайда, толық емес кәмелеттік түсінігін пайдаланатын болса, бірлік топ
туралы әңгіме қозғауға болады. 20
Мекен-жайы бойынша қылмыс жасаған кәмелетке толмаған жастарды
зерттегенде олардың 75 % қалада, ал 25 % ауыл тұрғындарынан көрсеткен.
Көрсетілген айырмашылықтар әлеуметтік-экономикалық шарттарға, сонымен
қатар салттарға тәуелді.
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық
әсерін Т.В.Лодкина, А.В.Захаров, В.С.Мухина, З.Матейчик, Е.О.Смирновалар
атап көрсеткен 16.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың санының көбеюі отбасы
құрылымындағы кемшіліктерге байланысты. Қандай себептерге байланысты
болмасын отбасының бұзылуы, жасөспірімнің бойында терең із қалдырады. Олар
қалыпты жағдайға қарағанда дөрекі, тұйық бола бастайды. Кейбір жағдайларда,
ажырасу, ішкілікке салыну немесе ата-анасының біреуінің беймаралдық мінез-
құлқына байланысты болса, бұл нашарлауға емес, керісінше балаларды
тәрбиелеу жағдайының жақсаруына ықпал етіу мүмкін.
Біз қарастырып отырған мәселеде, профессор А.Е.Личконың пікірі
анағұрлым құнды болып табылады. Отбасының сәтті дәрежесін талдай отырып,
жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп көрсетеді:
- отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека), баланың ішкі өмірінің
барлық көріністерінен (оның ойлауына, сезіміне, мінез-құлқына)
отбасындағы қаталдыққа дейін әртүрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы;
- немқұрайлылық, балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қадуы 31.
Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың
сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды
байқаймыз, яғни объективтік және субъективтік факторлар. Объективті
себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар, қоғамда туындап жататын
әртүрлі қиыншылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Объективті немесе
сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасуына әсер
етеді. Төмендегі сандар жиынтығы девианттық іс-әрекеттердің бір қырының
динамикасын көруге болады:
- бейнесінің жасалуы, барлық уақытта баланың ниетіне ықылас білдіру және
оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау;
- отбасында золушканың болуы бұл ата-ананың өзіне көп көңіл бөліп, ал
балаларына аз көңіл бөлуі 30.
Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында
қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін
мына жағдайлар деуге болады:
- жиі болатын ата-ана арасындағы ұрыс, жанжалдар;
- ата-аналардың бір-бірін және балаларын сыйламауы;
- балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;
- жасөспірімдердің пікірін елемеу;
- ата-аналары тиісті жылулықты бере алмауы;
- балалардың ар-намысына тию;
- тәрбие жүйесінің сапасыздығы. 9
Криминологтардың мәліметтері бойынша, қатігездікті, зорлықты іске
асырған тұлғалардың көпшілігі, бала кезінде кемсітуге, жазалауға, үлкендер
жағынан қатал қарауға ұшырағандар.
Қылмысты зерттеуде, оған әсер ететін факторлардың көптеген сананың
бар екендігі көрінеді. Қазіргі кезде қылмыстың тууына алып келетін себептер
нарықтық экономикаларға қатысты пайда болған бәсеке, жұмыссыздық, дағдарыс.
Шын мәнінде ішкілікке салыну біздің өмірімізге әлеуметтік дәстүр ретінде
еніп отыр, ол арнаулы мерекелердің, кездесулердің, уақытты өткізудің тәсілі
ретінде, жеке мәселелерді шешудің құралы ретінде қолдануда. Статистикалық
мәліметтерге қарасақ, бұзақылықтың 90 %-ы, әйел зорлаудың 90 %-ы, 40%-ы
басқа қылмыстарды осы ішкіліктің арқасында болады екен. Өлім, тонау,
қарақшылық шабуыл, ауыр дене жарақатын салудың 70 %-ы ішімдік кезде болған.
Сол сияқты отбасында ажырасулардың 50 %-ы ішімдікке байланысты болған.
Әлеуметтік нормалардан ауытқудың түрлерін зерттей отырып, мынандай
тұжырым жасауға болады. Бір әлеуметтік норманы бұзудан екінші әлеуметтік
нормаға өту байқалады. Ол жеке тұлғаның өзіне тән ерекшелігіне және
қоршаған ортасына байланысты болады.
Отбасылық келіспеушіліктер барлық отбасылар үшін табиғи құбылыс болып
табылады. Өйткені, бірлесіп өмір сүру үшін индивидуалды психикалық
ерекшеліктері бар, әр түрлі өмірлік тәжірибесі, түрлі көзқарастары мен
қызығушылықтары бар адамдар қосылады. Сондықтан, әр алуан сұрақтарға
қатысты қарама-қайшы ойлар туындауы мүмкін.

Қақтығыстардың пайда болуы адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру
ұмтылыстарымен немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе отбасы
мүшелерінің қызығушылықтарын ескермей, оларды қанағаттандыру шарттарын
жасаумен байланысты.
Отбасылық қақтығыстардың себептері өте көп: отбасылық өмірге деген
түрлі көзқарастар; отбасылық өмірен байланысты жүзеге аспаған күтулер мен
қанағаттандырылмаған қажеттіліктер; ерлі-зайыптылардың біреуінің
маскүнемдігі; ерлі-зайыптылардың опасыздығы; бір-біріне дөрекі, суық
қатынас; күйеуінің үй шаруасында жұбайына көмектесуден бас тартуы;
тұрмыстық орнықсыздық; рухани қызығушылықтар мен қажеттіліктердің әр
түрлілігі; т.б.
А.И.Кочетов отбасылық қақтығыстардың негізгі жеті себебін атайды:
Некелік қатынастардың этикасын бұзу (қызғаныш, опасыздық);
Биологиялық сәйкескелмеушілік;
Ерлі-зайыптылардың айналадағы адамдармен – туыстар, таныстар,
қызметтестер және т.б. – дұрыс емес өзара қатынас;
Қызығушылықтар мен қажеттіліктердің үйлеспеуі;
Балаға қатысты педагогикалық көзқарастың әр түрлілігі;
Ерлі-зайыптылардың біреуінде, кей жағдайда екеуінде де тұлғалық
кемшіліктердің немесе теріс қылықтардың болуы;
Ата-аналар мен балалары арасында өзара түсініспеншіліктің жоқтығы.
В.А.Сысенко А.И.Кочетов атап өткен себептерді қарастырды, бірақ
толығырақ және нақтырақ қарастырды:
Ерлі-зайыптылардың біреуінің сексуалды қажеттіліктерінің
қанағаттанбауы;
Өзіндік Мен-нің маңыздылық және құндылық қажеттіліктерінің
қанағаттанбауы (екінші серіктес жағынан өзіндік ар-намыс сезімінің тарылуы,
оның немқұрайлы, дөрекі қатынасы, реніштер, ұрыс-керістер, орынсыз сын);
Ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де жағымды эмоцияларға
деген қажеттілдіктерінің қанағаттанбауы (нәзіктіктің, қамқорлықтың,
түсініспеншіліктің және көңіл бөлінудің жоқтығы, ерлі-зайыптылардың бір-
бірінен психологиялық алшақтау, эмоционалды суыну);
Ерлі-зайыптылардың біреуінің ішімдікке алынуы, үлкен қаржылық
шығындарға әкелетін құмар ойындармен қызығуы және т.б. осыған ұқсас
заттарға құмарлану;
Ерлі-зайыптылардың қаржылық келіспеушіліктері (өзара бюджет сұрақтары,
отбасын сақтап, асырау, оныңматериалдық қамтамасыз етілуіне әр қайсысының
қосқан үлесі).
Ерлі-зайыптылар арасындағы қақтығыстардың кең тараған себептерінің бірі
– жұбайлардың біреуінің немесе екеуінің өзімшілдігі. Өзімшіл адам тек өз
қажеттіліктерін ойлайды, өзіне қамқорлық етеді, жақындарының қажеттіліктері
мен қызығушылықтарымен санаспайды. Отбасындағы өзімшілдік бақытты некенің
ең негізгі жауы болады. Жалпы, өзімшілдіктен қорқынышты ауытқу жоқ, ол
артықшылықтарды кемшіліктерге айналдырады. Өзімшіл адамның ақылы мен
қабілеттері бір мақсатқа бағытталған – мансап қуу, өз-өзіне таңдану, өз
қателіктерін мойындамау. Өзімшілдік пен жалқаулық – бұл паразитизм,
өзімшілдік пен өтірік – бұл опасыздық, өзімшілдік пен қорқу – бұл сатқындық
және т.б.. Ерлі-зайыптылардың біреуінің өзімшілдігі екеуін де бақытсыз
етеді.
Отбасындағы қақтығыстардың себебі материалдық қамтамасыздыққа қызғаныш
болуы мүмкін. Көбінесе, өзімшілдік бағыттағы адамдарда материалды
қажеттіліктер шектен тыс дамыған. әрине, адам материалды қамтамасыз болу
керек. Бірақ материалды қажеттіліктердің соншалықты маңызды болып келуі,
сол кезде оларды қанағаттандыру үшін жалақының жетіспеуіне әкеледі.
Кейбіреулері қосымша жұмыс іздейді. Көп ақша табуға ұмтылады, басқалары
ақшаны қылмыстық жолмен табады - пара алады, біреуді қорқыту, ұрлық
жасау. Тағы басқалары ақшаны табу тәсілін таба алмайқатты күйзелісте
болады, өздерін бақытсыз сезініп, өмір сүре алатындарға қызғанышпен
қарайды. Бұл адамдарда жиі күшті кері уайымдармен шақырылған төмен көңіл-
күйі болады. Нәтижесінде қашып құтылмайтын отбасылық ұрыс-керіске әкеледі.
Мынаны есте сақтаған жөн, әрбір қақтығыстық жағдай ерлі-зайыптылар
арасындағы ұрыспен қоса жүреді, ал ұрыстың пайда болуы жас отбасылардың
бейімделуінің және олардың сезімдерінің құртушы салдары. Әрбір ұрыс-керіс
болашақтағы қарым-қатынасқа қандай да болмасын дақ қалдырады.
Қақтығыстың сипатын анықтау, ол ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастарының
сақталуы мен дамуына мүмкіндік туғыза ма, жоқ па, осыған байланысты. Осыған
негізделе, барлық қақтығыстар конструктивті (олар қаланған және отбасындағы
қатынастарды дамыту үшін қажет) және деструктивті (бейімделу процестеріне
кедергі болатын) ретінде қарастырылады. Деструктивті қақтығыссалдары ерлі-
зайыптылар арасында ұзақ уақытқа сақталатын шиеленісушілік болып табылады.
Дектруктивті қақтығыстары басым болып саналатын отбасылардағы ерлі-
зайыптылар ажырасу қаупін реалды деп есептейді. Конструктивті қақтығыстар
ерлі-зайыптылар қатынастарындағы шиеленісті жоюды ұсынады. Ұрыстан кейін
ұнамсыз дақ қалса да, ерлі-зайыптылар бір-біріне қамқорлықпен
қарайбастайды, бір-бірін жақсы түсінуге ұмтылады. Нәтижесінде мұндай
қақтығыс кездейсоқтық, қателік ретінде қабылданады.
Жалпы қоғам үшін ажырасулар тән. Олардың деңгеі өзгергіш болып келеді.
Қазіргі уақытта жас отбасылар асығыстықпен жиі ажырасудықандай да болмасын
қақтығысты шешудің тәсілі ретінде қолданады. Отбасының күйреуіне мұндай
жеңіл қатынас, ажырасу күнделікті құбылыс болып кеткеніне байланысты
қалыптасты. Неке қию кезінде ажырасуға анық бағдар бар, егер, ерлі-
зайыптылардың біреуін бірлескен өмірмен қанағаттанбау жағдайы. Яғни, бұндай
бағдар ажырасуды стимулдайтыны анық.
Өмірінде ажырасу жайлы бір рет болсын ойламаған жас отбасын табу қиын.
Ажырасу арқылы ерлі-зайыптылардың бірі өзінің екінші жартысын қорқытып,
жағдайды өзгертетіндер де бар [26;431б].
Ажырасудың кең тараған себебі – бұл мінез-құлықтардың әр түрлі болуына
жүгіну. Өз алдына бақытты және бақытсыз неке жұбайлардың мінездеріне аз
тәуелді. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Ауыр және жеңіл
мінез – түсініктері салыстырмалы. Жалпы ерлі-зайыптыларға барлық мәселе
олардың жұбайының мінезінде емес, ол өз мінезіне, оның оралымдығы мен
бейімделгіштігі дәрежесіне байланысты екенін түсіну қажет. өз-өзіне тек
іштен ғана емес, алжұбайының көзімен қарауға үйрену қажет.
Өз алдына, отбасы және қоғам алдында жауапкершілікті сезінетін әйел
тек басқа ақылға сыйымды шешім таппаған кезде ғана ажырасуға барады.
Әйелдің жұбайынан экономикалық тұрғыдан азырақ тәуелді болуы анық жағымсыз
рөл ойнайды. Әсіресе ажырасу сұрақтарында жас әйелдер радикалды болып
келеді: еркіндік және жоғары өмірлік дәреже әлі қатаймаған ерлі-зайыптылық
қарым-қатынастармен сәйкестендіргенде, оларға жеңіл түрде некені үзуге
мүмкіндік береді. Ажырасу санының өсуіне келесі факторлар әсер етеді:
- әлеуметтік бейімделу қабілеттілігі төмен және икемделушілігі
жеткіліксіз;
- серіктестің, оның жүріс-тұрысы мен қажеттіліктеріне қатысты
шыдамсыздық және нашар түсініспеншілік;
- қиыншылықтарды бастан кешіруді қаламау;
- бір жұбайының шектен тыс билігі;
- сексуалдық үйлесімсіздік.
Бірінші ажырасулардың ең күшті толқыны неке қиюдан кейін үшінші жылға
түседі. Ажырасу ықтималдығы күйеуі жұбайынан 10 жасқа үлкен болған
жағдайда, немесе жұбайынан кіші болған жағдайда және жұбайлардың білім
деңгейі сәйкес келмеген жағдайда жоғары болады.
Сөйтіп, қорытындылай келе келесіні айтуға болады, конструктивті
шешілетін қақтығыстар барлық отбасыларға тән. Қақтығыстар, әдетте, қандай
да бір күрделі, қиын мәселеден туындайды. Қақтығыстың отбасының қалыптасуы
кезеңіндегі, яғни ерлі-зайыптылардың үйлену кезінде, рөлі маңызды болып
келеді. Дәл осы сатыда қақтығыстық жағдайлардың себептерін, оларды шешу
жолдары мен тәсілдерін анықтап алу маңызды.
Жас отбасындағы қақтығыстардың негізгі себептерінің ішінде ерлі-
зайыптылық қатынас этикасының бұзылуы (опасыздық, қызғаныш), биологиялық
сәйкескелмеушілік, ерлі-зайыптылардың айналадағы адамдармен өзара
қатынастарының дұрыс еместігі, қызығушылықтар мен қажеттіліктердің сәйкес
келмеуі, ерлі-зайыптылардың тұлғалық кемшіліктері мен теріс қылықтарының
болуы, олардың өзімшілдігі ажыратылады.
Отбасы деген ұғым педагогика, философия ғылымындағы
арнайы категория.
Отбасы дегеніміз – қоғамның бір ұясы, шағын әлеуметтік тобы, ол ерлі-
зайыптылардың одағы мен туыстық байланыстарына, яғни ата-аналары мен
балаларының, аға-інілері мен апа-қарындастарының және басқа да туыстарының
көп қырлы қатынастарына негізделеді.
Отбасының негізі – отбасы мүшелерінің арасындағы сезім, айрықша қандастық,
достық қатынастар. Жүрек қалауына сүйенген саналы таңдау шынында да берік
және ұзақ саналатын жұбайлық кепілі. Бірақ осы таңдаудың өзін ең алдымен
күйеудің немесе қалыңдықтың мінезіне, өмірлік мақсаттарына, адамгершілік
қағидаларына қарап жасау керек.
Отбасында ұрыс-керісті бастап жеңімпаз атанбай-ақ, сол ұрыс керісті
бастамай-ақ қойған жөн. Бірін-бірі шынайы сүйетіндер өзінің жанына батқанға
емес, сүйіктісінің азаптанғандығына қиналады. Белгілі бір қағиданың
қалыптасуы үшін іс-әрекет пен жағдайдың қалыптасуы қажет екені мәлім. Содан
барып отбасы белгілі-бір тұрақтылыққа бейім тұрады. Үш мәрте көшіп-қону ол
үшін өртеніп кеткенімен бірдей.
Ал, қазіргі біздің отбасы бір орыннан екінші орынға қанша рет көшіп
қонады. Осы ауыс күйіспен бірге айналасы да, көршілері де, қызметтестері,
достары мен таныстары да өзгереді. Бұл өзгерістер кейбіреулерге оңайға
түспейді.
Қиын жылдардың тауқыметін, ұштаспағандіктерін және ауру-сырқауын
көтеріп шыдап келген жұбайлардың жан-жүрек дәнекері сәтті күндер туғанда
босаңсып кеткені де бар. Ауыртпалықты бірге көруге, оны жеңе білуге
үйренген олар жеңілдеген жүкті бірлесіп көтеруге дағдылана алмайды. Түкке
тұрғысыз ұсақ-түйекке бола оны бір өте маңызды іс сияқтандырып күйіп-
піседі.
Принципті мәселелер бойынша отбасының берік, өзгермейтін қағидасы
болуы керек. Отбасылық дағдылар мен тұрақты дәстүрлері жоқ үй үй емес. Егер
біз бала кезден бір-бірімізді бағалауға ешбір аралық жасамасақ, өзара қарым-
қатынастағы адамгершілік өлшемі мәңгілік болса, әрбір шаңыраққа жамандық
атауы жоламас еді.
Бұрынғы отбасы бақытының белгісі дүние-мүлік материалдық игілік пен
мансап, ал ең үлкен бақытсыздық – жұтау болса, жаңа нұсқасында отбасы
бақыты дегеніміз – оның мүшелерінің ортаға қосатын рухани және жан жүрек
байлығы.
Зер сала қарасақ, ұштасқан отбасының қиындықтары бақытсыз
отбасылардан ешбір кем емес. Бұл отбасының айырмашылығы – сырттан да, іштен
де әсер ететін жойқын күштерге қарсы тұра білуінде. Кімде-кім бақытсыздықты
жеңе білсе, сол түбінде ұштасқан, бақытты отбасын құрады.
Отбасының сәттілігі туралы айтқанда біздің сәттілік пен менің
сәттілігімнің қайнар көзі мен алғы шарттары біреу-ақ екенін ескеруіміз
керек. Жеке адам сияқты отбасының да басты қасиеті – оның барлық
мүшелерінің қалауын, мүмкіндіктері мен мақсат-боршын үйлесімді түрде
ұштастыру жолындағы сыртқы және ішкі кедергілерді жою. Отбасы да, әрбір
адам сияқты өзін-өзі тек әңгімелесу немесе жеке бастың қатынастарын айындау
арқылы ғана емес, айнаға қарағандай, өзге отбасыларға қарау арқылы да
танып біледі.
Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-катынастың негативті
невротикалық түрі, олардың көптүрлілігінің барлығында болып табылады.
Оларды Г.М.Мишина 3 түрлі топтастырған: қарсылық, псевдобірлестік,
изоляция.
Қарсылық. 2 жұп та отбасылық ролде білімсіздігімен ерекшеленеді және
жолдастық жұптағы жүріс-тұрысқа деген жауапкершілікті бір бүтін сияқты
қабылдауға дайын болмайды. Мұндай қарсылықтардың болуы баланың тәрбиесіне
қауіпті.
Псевдобірлестік. Бұл қатынасы ішкі жақтан келісімді көрінеді.
Отбасында конфликттердің тууына деген сылтаулар алшақ болады және
индивидуалдық қиыншылықтармен, ұштаспағандіктермен байланысты, яғни басқа
да қарым-қатынас немесе жұмыстарға байланысты болады. Баланы тәрбиелеу
сферасында жұбайлардың псевдобірлестігінің тууы өз әрекетімен қауіпті, яғни
тәрбиенін, түрі, позициясы әрдайым өзгеріп отырады.
Изоляция. Жұбайлар бір-бірі туралы қызығушылықтары болмайды. Егер
осындай қарым-қатынас тәрбиелеу сферасында пайда болса, бала өзін қажетсіз
сезінеді.
Отбасында ұштаспағандіктердің тууының ең басты себебі –отбасылық
конфликттер. А.И.Захаров отбасында конфликттердің тууына анализ жасап,
ананың тұлғалық ұштаспаған қасиеттерін анықтаған. Әкенің қасиеттеріне
қарағанда ананың мынадай невротикалық өзгешеліктерін белгіледі.
Сензетивтік – жоғарыланған сезімталдық, тез ренжу, налу.
• Аффективтік – сезімнің ішкі келісімділігінің жеткіліксіздігі.
• Доминаттылық – өз рольін басымдырақ ойнауға деген талпыныс.
• Эгоцентристік – өз пікіріне деген фиксация ойлау икемділігінің
болмауы.
• Гиперсоциалдылық – жоғарыланған принциптілік.
Осындай қасиеттер ажырасуға себепші болады.
Ажырасу деген сөзді аузымызға алсақ екі бейне көз алдымызға
елестейді:
1. Қиянат, уайым, кек, жалғыздық, жоғалту сезімі.
2. Қабырғасы құлаған үй, жауапкершіліксіз ата-ана, мұңлы балалар,
отбасылық құндылықтың болмауы, сенімнің болмауы.
Ажырасу: балалар, отбасы, құлдырау сөздерімен байланысты.
Ажырасу, біріншіден, отбасын бұзады, екіншіден балаларға зиянын
тигізеді, ажырасу – катастрофа. Бұл құбылыс қоғамға да кері әсерін
тигізеді, яғни демографияға байланысты.
Ажырасудың көп болып, болмауы заманның қиыншылығы мен қуанышты
жағдайларына да байланысты.
Қоғамда экономикалық дағдарыс орын алғанда ажырас саны өседі. Ал,
керісінше, қуанышты жағдайлар орын алғанда ажырасудың саны төмендейді.
Бірақ та ажырасуға тек қоғам ғана әсерін тигізеді деп білу қате пікір. Жас
жұбайлардың, ерлі-зайыптылардың ажырасуына тағы мынадай факторлар әсерін
тигізеді:
• Араққа құмарлық, алкоголизм.
• Жыныстық қатынаста жұбайлардың бірінің қанағаттана алмауы.
• Бедеулік.
• Сенімсіздік, яғни қызғаныш.
• Біріне-біріне мінез-құлқының келіспеуі.
• Ата-аналарының араға түсуі.
• Нақ сүйердің болуы.
• Ер адамның немесе әйелдің өз үй шаруасына қабілетсіздігі.
• Үйге кіретін кірістің деңгейі.
• Күтпеген жерден әйелдің жүкті болуы.
Араққа құмарлық – бүкіл дамыған елдердегі ажырасудың дәстүрлі мотиві.
Ажырасушы жұбайлардың мінездері ғана үйлеспейді дегеннен гөрі, белгілі бір
нәрсеге көзқарасы мен қатынасы үйлеспейді деу әділдірек[18;56б].
Некеге ғашық болып қосылатындар да бар. Оларда құштарлық өтеді, шын
мәнінде жұбайлардың әрқайсысының жаңа отбасысы да болады. Бірақ күйеуі мен
әйелі өздері жинаған дәулетінен, жайлы жағдайынан немесе тіпті қоғамдық
атақ-абыройдан айрылғысы келмегендіктен ажыраспай жүре береді.
Шынайы құштарлық пен құмарлық сезімін оята қоймайтын адамға үйлену,
күйеуге шығу керек пе немесе мүлде бойдақ жүрген дұрыс па? – дейтін екінің
бірін таңдауға тұрғандарға да парасатты жауап қажет.
Адамдар жалғыз қалмау үшін отбасы құрмақ болып тағдырларын қосатын
жағдайлар да онша аз емес. Олар материалдық қажеттіліктер мен қанағаттануды
қалайды, отбасы өмірін жақсы көреді, бала сүйгісі келеді, бір-біріне дос
ретінде қарап, бір-бірін құрметтей біледі. Ынта-ықыластың, мүдденің
қажеттіліктің ортақтығы көп жағдайда адамдарды бір-біріне ғашықтық-
ынтығынан да қатты жақындастырады. Бірақ, кейбір отбасы иелерінің мұны
түсінбейтіндігі өкінішті.
Ажырасу – әлеуметтік қатаңдық, заң бұзушылық, қылмыстық жол. Ажырасу
– некелік қақтығыс емес, некелік қақтығыс ажырасуға әкеледі. Бұл – жұбайлық
өмірдегі жағымсыз немесе соншалықты жағымды емес жағдай. Олар өз
еріктерімен сол отбасын құрғандықтан, ажырасу кезінде сырттан ешкімді
кіналамайды. Ажырасқан жұбайлардың көбісі кәмелетке толмаған балалармен
қалуда.
У.Голдфорв зерттгеуiнде ерте балалық кезеңде болатын өзгерiс
баланың кейiнгi дамуында сақталады ма, дамудағы бұзылыс өзгермейдi ме деген
сұраққа жауап iздедi. Ол зерттеуге бiрiншi топқа нәрестелiк кезеңнен бастап
жанұяда тәрбиеленген балаларды, екiншi топқа алғашқы айлардан бастап
балалар мекемесiнде тербиеленiп жаткан балаларды алды. Голдфорв балаларды
терең зерттеп мынадай нетижелер алды: ата-анасыз тәрбиеленiп жаткан балалар
акыл-ой жағынан және әлеуметтiк кемелдену жағынан темен нәтиже көрсеткен .
Осығанға дейiнгi алынған зерттеу нетижелерi балалар үйiнiң баланың
психологиялық дамуына керi есер ететiнiн анықтап бердi. В.Бейслоу мен
Келлмер-Прингл балаларды ерте жастан балалар үйiнде өмiр сүруi олардың
тiлiнiң дамуына қолайсыз әсер ететiнiн делелдедi. Кундiзгi яслидегi
балалардын сейлеуi балалар үйiнiн балаларының сөйлеуiне қараганда әлдекайда
жақсы екенiн зерттеу нәтижелерi керсетiп бердi. Мұндай кешеуiлдеу баланың
мектеп жасында да орын алатынын жоғарыдағы зерттеушiлер атап етедi. Мұнда
да ата-анасыз тәрбиеленiп жатқандардың мектептiк кемелдену жағынан төмен,
олардың оку үлгерiмi нашар, оларда эмонианалдык бұзылудың едәуiр күрделi
формасы байкалады, бiрак балалардың ЗО % бейiмделгi. Жақсы және нашар
бейiмделгiш балалардың салыстыра келе Прингл мен Бейслоу бейiмделмеген
балалар ерте балалык кезеңiнен шетке қағылган, қажетсiз, ересек адаммен
тұракты эмоционалдьгқ байланысты басынан кешiрмеген балалар болатыны,
бейiмделген балалар өздерiнiң бiреуге керек екенiн тусiнетiн, бiреудiң
жаксы көретiнiн бiлетiн, ата-анадан баска да ересектермен қарым-қатынасы
бар (туыстарымен, ата-анасымен т.б) балалар екенi туралы маңызды қортындыға
келдi. Баланы ата-анадан, үйiнен белектеудiн бәрi бiрдей эмоционалдық
бұзылыстары мен акыл ой бұзылысына екеле бермейдi. Мұның бәрi баланын
қарамағындағы адамзаттық байланыстардың сапасына байланысты. Бұл мәселе тек
зерттеумен ғана шектелмей зерттеулер де жургiзiлдi. Осы тәрiздес
зерттеулердi Иова университетiнiң кызметкерлерi жүргiзген болатын (Скилс
жене оньщ ерiптестерi 1938,1940,1945,1948). Олар мектепке дейiнгi
балалармен жүйелi жүргiзiлген сабактарының бала психологиясына әсерiн
бақылады. Зерттеу нетижесi бойынша сабақ өткен топтағы балалардың сабақ
өтпеген балаларға қарағанда “интелектiсi” жағынан, қимыл дамуы, әлеуметтiк
дамуы, мiнез-құлқының жалпы денгейi бойынша жақсарғаны анықталған.
Зерттеу нетижесi бiраз сынға түскенiмен, онын негiзгi нәтижелерi құжаттарға
тiркелiп, топтастырылған едi. Зерттеу нетижесiне наразылык негiздi болды,
себебi балалардың психологиялық денсаулығын қарапайым оқытумен жақсарту
мүмкiн бола бермейдi. Баланы жанұяда сөйлеу мен жүрудi арнайы ешкiм
үйретпейдi — ол өз бетiмен үйренедi, әдетте оларға бала елiктеу барысында
үйренедi. Мұндай балаларды жойылып кеткен жанұя өмiрiнiің орнын басатын
қамқорлыққа алу қажет етедi. Осындай қамқорлықты Д.Т.Бэрминхеле мен А.Фрейд
4 жастагы балаларға жасанды” жанұя жасау аркылы қол жеткiзуге тырысты .
Кейiнгi 50 жылдардағы бiрнеше жұмыс мектептегi психологиялық қызметтiң
мүмкiндiктерiнiн едәуiр жақсарғанын көрсетедi.60 жылдардын басышдагы
зерттеулердiң көпшiлiгi бұрынғы кемшiлiктердi толықтырса, кейбiреулерi
оларды қайталап отырды. Ата-ана қамқорлығынан айырылган балалардың
көпшiлiгiнде дамудың кешеуiлдеуi, дене, акыл-ой және эмоционалдық дамуда
бұзылыстардың болуы зерттеу нәтижесi бойынша жоққа шығарылмайды. Бiрақ ана
махаббатының жетiспеушiлiгi бала жетi айға жеткенде ерекше байқалатыны
анықталған. Ертеректе пайда болатьтн ауытқулар басқа себептердiң
салдарынан, оньщ iшiнде “сенсорлық депривация “нетижесiнде туындайды.
Егер әке болмаса бұл тағы да жанама депривациялық ықпал тигiзедi.
Егер ана отбасындағ барлық экономикалық және тәрбилiк қамқорлықты өзi
атқаратын болса, онда ол барынша жұмыс басты болып, оның балаға деген
уақыты мен күш қуаты жетпейтiн болады. Мұндай жағдайда бала өзiне өзi
берiледi; олардың үйден кетiп қанғуына, құқық бұзуына, дұрыс жолдан оңай
шығып кетуiне мүмкiндiктер болады. Басқа да жағдайлар сияқты мұнда да
физикалық жоқ болумен қатар, баланың дамуында әлеуметтiк жат қылықтарға
бағытталуына әкенiң отбасында орындайтын ролiнiң сәйкес келмеуi де маңызды
орын алады. Егер әке орнын өгей әке немесе атасы атқарса депривациялық
ықпал қауiпi жойылады, бiрақ әр түрлi қақтығыстардың тууына қолайлы жағдай
туады, оның үстiне осындай қақтығыстар салдарынан туындайтын нервтiк
бұзылыстар едәуiр жиi кездеседi.
Баласына қамқорлық жасайтын жалғыз басты әке өте сирек кездеседi. Дегенмен
олар өмiрде бар, олардың бала тәрбиесiмен жалғыз өзiнiң айналысуы турлi
себептерден туындайды: әйелiнiң қаза болуы себебiнен, ажырасу салдарынан
сот үкiмi ерекше жағдайларда бала тәрбиесiн әкелерiне жүктейдi. Отбасында
анасы болмай не оның өз мiндетiн атқара алмайтын жағдайлар болып тұрады.
Сондықтан бала тәрбиесiндегi ауыртпалық пен қамқорлық әкеге жүктеледi. Әке
қамқорлығында өскен балаларда да жалғыз анам қарамғында өскен балаларда
болатын қиындықтар кездеседi. Оның алғашқысы анасымен биологиялық тiрге
тұрмаудың жетiспеуi. Әрi бiздегi қоғамда қалыптасқан түсiнiк бойынша әке
жалғыз жүрiп бала тәрбиелей алмайды, сондыктан әкеге қамқоршы көмекшi
қажет. Ата-ана баланы жалғыз өсiретiндiктен жынысына қарамастан екi ролдiң
екеуiн де бiрде орындауы тиiс. Бұл әрине әркiмнiң қолынан келе бермейдi.
Екi рольдi бiрдей атқара аламайтындар қызын не ұлын бiр жаұты етiп
тәрбиелейдi. Келесi қатер ата-ананың өзiнiң өмiрлiк ролiн жақсы меңгерiп,
өз мiндетiн түсiне тұра, екiншi рольдi ойыншыққа айналдыруы. Балалар
алдында ешнерсенi ойыншыққа айналдыруға болмайды, әсiресе өмiрiлк маңызды
рольдi. Кейде мынадай жағдайда болуы мүмкiн мұнда тәрбиешi өзiнiң негiзгi
ролiн ұмытып екiншi рольдi алуы. Қысқаша айтқанда толық емес отбасындағы
жағдай баланың дұрыс жыныстық сәйкестiгiнiң қалыптасуына керi әсерiн
тигiзуi ықтимал дұрыс жыныстық сәйкестiктi кейде жеткiншектер басқа ортадан
iздейдi, әрi оның жақында ма және қандай күйде екенi де белгiсiз. Ақырында
мұндай балалар жыныстық сәйкестiктiң дұрыс үлгiсiн ала алмай, кейде жалған
түсiнiк ала отырып қалыптасады, бұл жағдай баланың ер жетiп жанұя
құрғанында, ата-ана болғанында өз балаларын түсiне алмау қиындықтарына
әкеледi өйткенi ер адамның бүгiнгi атқаратын ролi, iшкi жан дүниесi мен
қарым-қатынастағы iскерлiгi, спортқа деген ыкыласы, саясатқа қатынасы,
болып жатқан жаңалықтарға өзiнiң көзқарасы бала үшiн үлгi болып табылады.
Ал әйел адамға тән қасиеттер олар нәзiктiк пен жуұсактық отбасының ұйыткысы
болу балалардың ана бейнесiнiң үлгiсi. Толык емес отбасындағы кемшiлiктер
аса жоғары қамқорлықтың арқасында байқалмауы да мүмкiн. Мұны әкесiз немесе
анасыз өсiп жатқан балалардың денсаулыгының жақсы болуы делеледейдi. Бiрақ
бұл некесiз туған балалар мен әкесi не шешесi қаза болған балаларда, әке
—шешесi ажырасқан балаларда әр түрлi болады. Зерттеулер нәтижесiне қарап
отырып некесiз туған балалардың денсаулығы әлсiз, аурушаң болатынын,
олардың оқу үлгерiмi де төмен болатыны, олардың әлеуметтiк бейiмделуi ауыр
жүретiнiн байқауға болады. Осы айтылғандар негiзiнде бiздiң жағдай туралы
тiкелей қорытынды жасауға болмайды. дегенмен де, бұл балалар тобы қазiргi
сәбилер үйiнде тәрбиеленушілердiң аукымды белiгiн құрайтынын айтпаса
болмайды. Осындай жағдайдың болуы әртурлi шешiмiн таппаган мәселелердiң
болуы мен де байланысты, мәселен, қоғамдық, экономикалық, жұмыстық,
патерлiк жене т.б. Әрине мұндай балалардың депривациялық ықпалға түсуi
едәуiр жоғары болады. Бұрын жалгьиз басты әйелдер қолайсыз экономикалық
және қоғамдық жағдайдың ықпалынан баладан бас тартуга мәжбүр болатын.
Бүгiнде мұндай көрсетулер өте сирек кездеседi. Бiрак бiртiндеп балаға
деген қызығушылыктың жойылу қауiпi бар. Күйеусiз ана болу жас әйел үшiн
көптеген шектеулер мен қиындықтарға әкеледі егер осындай ана өзiндегi осы
жағдаймен дұрыс және алмаса, онда ол өзi үшiн масыл болған баладан
бiртiндеп алшақтай түседi. Ата-анасы айрылысқан отбасындағы балалар
басқаша жағдайда болады.
Ажырасу әдетте бiрден болмайды; отбасындағы мүшелердiң қарым-қатынасы iшкi
бiрлiгi ертеректе бұзыла бастайды. Әдетте баланың кеткелi тұрған ата-
анасымен байланысы аса тығыз болмайды, кейде бұл байланыс өте тығыз болады
осындай кезде бала ата-анасының ажырасуын өте ауыр қайғырып басынан
кешiредi. Кейде сырттай ажырасқан отбасының iшкi байланысы өте тығыз болуы
мүмкiн мұндай жағдайда бала депривациядан зардап шекпейдi, дегенмен жоқ ата-
ананың орнын толтыру оңайға түсе қоймайды. Отбасы ажыраған балалардың
денсаулығы жақсы болады, бiрақ олардың әлеуметке бейiмделуi нашар болатынын
зерттеушiлер атап өтедi. Олар адамдарға қиын жұғысады, оқшау жүргендi
ұнатады, қорқақ, тәртiпсiз, ұрыска бейiм келетiнiн зерттеу нәтижесi
көрсеткен. Олар эмоционалы және адамгершiлiк сенiмдiлiктен ада, сондықтан
олар өзiн қоршағандарға сенiмсiздiкпен үреймен қарайды, сөйтiп олар
оқшауланып қиялдану күйiне түседi. Тәртiпсiздiк- бұл олардың беделден
айрылу нетижесi, төбелеске бейiм болу бұл кемшiлiк сезiмiнiн орнын бастыру
көрiнiсi. Осындай жағдай сырттай, заңды түрде толық болып байқалатын, бiрақ
iшкi бiрлiгi жоқ отбасында да кездеседi. Психологиялық жағынан шешушi
фактор отбасының заңды бiрлiгi емес отбасының iшкi психологиялық бiрлiгi
болып табылады. Бала тәрбиесi адамда қанағаттану, ынтамен тыңдау, ұяттан
қынжылу, тағы басқа да сезiмдердi басынан кешiртедi. Тәрбие өте күрделi
процесс, мұнда әрбiр тәрбиешi өзiне тиесiлi мiндеттi орындайды. Жанұя толық
болса, ондағы мүшелер өз мiндеттерiн жауапкершiлiкпен орындаса баланың жан-
жақты үйлесiмдi дамуына қолайлы жағдай туады. Бiрақ толық отбасында да
үнемi қолайлы жағдайдың бола беруi мүмкiн емес, өйткенi қиындықсыз өмiр
болмайды. Жалғыз басты анаға нәрестесiмен өзiн қалай ұстау, не iстеу, ненi
iстемеу керектiгі туралы нақты нұскау беру мүмкiн емес және басқа да аналар
әжелерге, мұгалiмдер мен тәрбиешiлерге де ұсыныстар жасау қиын. Тек
аналарға өз жағдайы, жақсы ұғынуға, тәрбиелiк бағытын, баланың
қажеттгiлiгiн дұрыс тусiнуге көмектесуге болады. Соңғы 10 жылдағы
психологиялық зерттеулер, қарапайым тiлмен айтқанда, баланың жан дүниесi
сау болып дамуы үшiн және өзiнiң қоғамдағы дос жарандарымен жақсы қарым-
қатынасты орнатуы ‚үшін және өзiнiң- қажетгiлiктерiнiң толық қанағаттануы
үшiн қажеттiлiктiң төрт түрi толық қанағаттануы тиiс. Толық отбасында
осындай қажеттiлiктер табиғи қарапайым өмiр сүру барысында
қанағатгандырылып отырады. Ал толық емес отбасы саналылы, мақсаттылыкты күш-
қуатты талап етедi.

2. Жасөспірімнің отбасындағы мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін
факторлар.
Жеке тұлға – өмірлік толық құрылымдық психологиялық білім, нақты
әлеуметтік адам, саналы таным иесі қоршаған әлемді өзгере алатын тұлға.
Адамның онтагенді дамуы процесінде тұлға ретінде құрылады,
биологиялық және әлеуметтік факторлары үздіксіз әрекеттесу ішкі қолайлы
жағдайлар құрады, сыртқы ортаға әсер етуін қамтамасыз етеді.
Осы жағдайда адамның анатомды-физиологиялық талаптары тек қана
ашылмай, дами түседі, нақты функционалды механизмдер және нейродинамикалық
ұйымдар құрылады, адамның психикалық дамуына әрекетін қамтамасыз етеді және
сол жүйедегі тұрақты физикалық қасиеттер тұлғаны саналы әрекет субъектісі
және әлеуметтік процестердің белсенді қайраткері ретінде құрастырылады.
Сана-сезім адам санасының дамуының ең жоғарғы деңгейі, белсенді ақыл-
ойының құрылу негізі және іс-әрекеттерде тұлғаның өз бетінше болуы. Осыдан
тұлғаның құрылымы, әлеуметтік психикалық қасиеттері, индивидтің қарым-
қатынасы, іс-әрекеті онтогенезді процесс барысында қалыптасқан мінез-құлық
іс-әрекетін анықтайды. 9
Дидактикалық жоспарда барлық қасиеттер, тұлғаның қатынас іс-әрекеті
шарттары түрде бір-бірімен байланысты, төрт бірдей функционалды
құрылымдармен бірігеді. Оның әрқайсысы тұлғаның тіршілік әрекетінде нақты
рөл атқарады.
1. Реттеу (қалыпқа келтіру, түзету) жүйесі;
2. Стимулдау жүйесі;
3. Тұрақтандыру жүйесі;
4. Индикация жүйесі.
Осының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас даму психологиясы жас өспірімдік кезеңінің қалыптасуы
Девиация - әлеуметтiк - педагогикалық проблема
Девиантты мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік және биологиялық факторлар
Бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы
Қиын балаларға психологиялық көмек
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Қазақстандағы балалар психологиясы және оған үлес қосқан ғалымдар
Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері
Қиын бала деген кім
Қиын балалар, оларды тәрбиелеудің мектептегі жағдайы
Пәндер