Қазақ аңшылығы жайындағы мақалалар жинағы



1. БЕРІКБОЛ БАЛАПАНҰЛЫ. ҚАЗАҚ ҚҰСБЕГІЛІГІ (ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МАҚАЛА). САЯТШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
2. ҒАЛЫМ ЖҰМАШҰЛЫ. БҮРКІТ ЖӘНЕ ҚҰС БЕГІЛІК
3. ЗЕЙНОЛЛА ҚЫЗЫРҰЛЫ. БҮРКІТ ЖӘНЕ САЯТШЫЛЫҚ
4. ӘЛБӘТІР ӘБІЛАҚАНҰЛЫ. ЖҮНІС БАТЫР ЖӘНЕ САРЫ БҮРКІТ
5. ЖЕҢІСХАН БҰҚАРҚАНҰЛЫ. ҚЫРАН ТАҒДЫРЫ
6. НҰРИЛА ҚЫЗЫҚАНҚЫЗЫ. (АЛТАЙ ҚАЛАСЫ ҚЫЗЫЛТАС ҚАЛАШЫҚ ДОКТОРХАНА)
7. МАҒЗАН ҚАБДОЛЛИН. ҚАЗАҚ ҚҰСБЕГІЛІГІ
8. НҰРИЛА ҚЫЗЫҚАНҚЫЗЫ. (АЛТАЙ ҚАЛАСЫ ҚЫЗЫЛТАС ҚАЛАШЫҚ ДОКТОРХАНА)
9. ҚАЗАҚТЫҢ АҢШЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІС.АМАЛДАРЫ (ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭССЕ)
10. СЕРҒАЗЫ НҰРСЕЙІТОВ. ИТ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ
11. ҚОЖЫКЕН ШОТАЙҰЛЫ. ҚҰСБЕГІ ӘЛІМХАН
12. АЙҚЫН АСҚАПҰЛЫ. БҮРКІТШІЛІК ЖАЙЛЫ
13. ӘЛІКЕЙ МАРҒҰЛАН. БҮРКІТТІҢ ҰЯСЫ
14. БЕКЕТ ЕСЕНТАЕВ. «ҚАСҚЫРДА ҚАС ҚЫЛМАЙДЫ ЖОЛДАСЫНА»
Бағзы заманда көшпенші мал шаруашылығы мен шұғылданған ата – бабаларымыз қара қазан, сары баланың қамы үшін қиыр қонып шет жайлап, шөқбі шүйгін суы мол жерді тұрақ етіп, дархан дала сұлу табиғатпен туыстас болып кеткені баршаға мәлім. Бұл күнде ұлтымызда ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып кешедлен бүгінге жеткен асыл мұралары да ауыз толтырып айтарлықтай десек болмас. Соның бірі қазақ құсбегілігі.
Ұлтымыз құсбегілікті қорасына мал салудың нышаны етсе, біреулер қыранды серуен құрып, көңіл көтеру, жүйке жазып, дене шынықтыру (спорттық түс алған қимылы) мақсатында пайдаланса, енді біреулер тірлігіне бола пайдаланған. Халық аузында:

Мылтық ұстаған мергендігіне сүйеніп атып алады,
Ит жүгірткен сілесіні қатып алады.
Бүркіт салған қызыққа батып алады, -

деп бекер айтылмаған. Мылтық ату, қақпан құру, індету, тазы жүзірірту, құс салу, қатарлы аң аулаудың түрлі тәсілдердің ішінде ұлтымыздың құсбегіліктің тетігін тауып, осы бір түз тағысы мақұлықтың ерекшелікігін дәп басып танып, бабын тауып, тілін біліп, ырқына көрдіріп орынды пайдалана білген. Ата – бабаларымыз құс бегілікпен айналысқан ұзақ тарихта жапалақ, құладын, тұйғын, қаршыға, үкі, қырғиларды – тоқал қанаттылар; сұңқар, лашын, бидайық, тұрымтай, жағалтай, күйкентай, ителгі және т.б. – ұшқыр қанаттылар; таз қара, құмай, көкдегей, тоғыс ай және т.б. құстармен қатар (көк серісі) атанған бүркітті – жалпақ қанаттыларға жатқызып, құсбегілер күнделікті тұрмыстағы сұранысына қарай, түз тағысы болған аңдарды алғызып, кәдеге жаратып, қажетін қанағаттандырған.
1. Бүркіт және бүркіттің дене мүшелері.
Түр тұлғасы жағына бүркітке ұқсайтын үлкен-кішілі талай құстар бар. Десе де басқа құстарға қарағанда бүркіт сұлу, сыптымыр,сымбатты келеді. Өңі қара қоңыр, тұмсығы көкшіл, шұғыл имек, көзі шүңіректеу. Көз қабағының алдына қарағанда алды сәл биіктеу көзі қара (ақ шегір, көк шегір, сары шегір, алтын шегір, қызыл шегір, қан шегірлер де кездеседі). Биік қабақ, бақа басты, жұмыр төбе, отты көз (құмды көз, қанды көз, қара көз, қызыл көздер кездеседі) болса, қағылездігі қалт еткенді жібермейтін қырағы болады.
Екі топшы иығы кең, жауырыны жалпақ, жемсауы төмен, жұмыр қанат, құйрық тарағы мен шалғысы 14-18 тарақты болады. Шалғылы келеді.
Бүркіттің ұзын қанат, орта қанат, қысқа қанаты бір – бірімен қабаттасып тұрады. Жел өткізбейді. Оң жақ қанат астында 10 тал қауырсын бар. Ұшқанда ызыңдаған дыбыс шығарады. Иық жүні аққудың мамығындай үлпілдеп тұрады. Бүркіттің екі жілік бұлшық етінің арасы алыс, аяғы көкшіл, бау тағар жілігі қысқа, жіліншік қыры жылан қабыршақты бедерлі келеді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
Берікбол Балапанұлы
Қазақ құсбегілігі
(этнографиялық мақала)

Бағзы заманда көшпенші мал шаруашылығы мен шұғылданған ата –
бабаларымыз қара қазан, сары баланың қамы үшін қиыр қонып шет жайлап, шөқбі
шүйгін суы мол жерді тұрақ етіп, дархан дала сұлу табиғатпен туыстас болып
кеткені баршаға мәлім. Бұл күнде ұлтымызда ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып
кешедлен бүгінге жеткен асыл мұралары да ауыз толтырып айтарлықтай десек
болмас. Соның бірі қазақ құсбегілігі.
Ұлтымыз құсбегілікті қорасына мал салудың нышаны етсе, біреулер
қыранды серуен құрып, көңіл көтеру, жүйке жазып, дене шынықтыру (спорттық
түс алған қимылы) мақсатында пайдаланса, енді біреулер тірлігіне бола
пайдаланған. Халық аузында:

Мылтық ұстаған мергендігіне сүйеніп атып алады,
Ит жүгірткен сілесіні қатып алады.
Бүркіт салған қызыққа батып алады, -

деп бекер айтылмаған. Мылтық ату, қақпан құру, індету, тазы жүзірірту, құс
салу, қатарлы аң аулаудың түрлі тәсілдердің ішінде ұлтымыздың құсбегіліктің
тетігін тауып, осы бір түз тағысы мақұлықтың ерекшелікігін дәп басып танып,
бабын тауып, тілін біліп, ырқына көрдіріп орынды пайдалана білген. Ата –
бабаларымыз құс бегілікпен айналысқан ұзақ тарихта жапалақ, құладын,
тұйғын, қаршыға, үкі, қырғиларды – тоқал қанаттылар; сұңқар, лашын,
бидайық, тұрымтай, жағалтай, күйкентай, ителгі және т.б. – ұшқыр
қанаттылар; таз қара, құмай, көкдегей, тоғыс ай және т.б. құстармен қатар
(көк серісі) атанған бүркітті – жалпақ қанаттыларға жатқызып, құсбегілер
күнделікті тұрмыстағы сұранысына қарай, түз тағысы болған аңдарды алғызып,
кәдеге жаратып, қажетін қанағаттандырған.
1. Бүркіт және бүркіттің дене мүшелері.
Түр тұлғасы жағына бүркітке ұқсайтын үлкен-кішілі талай құстар бар.
Десе де басқа құстарға қарағанда бүркіт сұлу, сыптымыр,сымбатты келеді. Өңі
қара қоңыр, тұмсығы көкшіл, шұғыл имек, көзі шүңіректеу. Көз қабағының
алдына қарағанда алды сәл биіктеу көзі қара (ақ шегір, көк шегір, сары
шегір, алтын шегір, қызыл шегір, қан шегірлер де кездеседі). Биік қабақ,
бақа басты, жұмыр төбе, отты көз (құмды көз, қанды көз, қара көз, қызыл
көздер кездеседі) болса, қағылездігі қалт еткенді жібермейтін қырағы
болады.
Екі топшы иығы кең, жауырыны жалпақ, жемсауы төмен, жұмыр қанат,
құйрық тарағы мен шалғысы 14-18 тарақты болады. Шалғылы келеді.
Бүркіттің ұзын қанат, орта қанат, қысқа қанаты бір – бірімен
қабаттасып тұрады. Жел өткізбейді. Оң жақ қанат астында 10 тал қауырсын
бар. Ұшқанда ызыңдаған дыбыс шығарады. Иық жүні аққудың мамығындай үлпілдеп
тұрады. Бүркіттің екі жілік бұлшық етінің арасы алыс, аяғы көкшіл, бау
тағар жілігі қысқа, жіліншік қыры жылан қабыршақты бедерлі келеді. Төрт
саусағы салалы. Тұяғы ілгек, үсті жұмыр, асты жыланның бауыры тәрізді, әр
саусағының 9-7 тал маржан бедері болады. Мұны тас дейді (жеті тасты
бүркіттен қыран көп шығады). Бүркіттің жүні (мамық) негізінен екі түрлі
болады: қауырсындарының формасы дөңгелектеу келгені торамды жапырақты,
ұзыншақтау келгені тал жапырақты деп аталады (жеті тасты бүркіттің көбі
тал жапырақты болады).
Үшті теуіп өлтіріп, бірін жейтін құстың қасқыры аталған, атқан оқтай
тенбіні бар ителгіні ауызға алмағанддда, бүркіт басқап жануарлардан
жасқанбайды. Ыстық, суыққа төзімді алған бетінен қайтпайтын төзімді келеді.
Бүркіт бір тойып алса онда ол 15 күндік аштыққа шыдайды. Жаз күндері
шөлдеуік келеді. Бүркіттің денсаулығына көңіл бөліп дерт – дербезден аман
сақтаса, 30-40 жасайды.
Еркек құстың үстінгі еріндегі томпақты азу дейді.
Ұрғашы құста бұл белгі байқалмайды. Аталық құс денесі кішкене, аналық
құс мелжемді үлкен болды. Ұлтымыз бүркітті аспан серісі, киелі құс деп
біліп шошыған баланың бесігіне қондырып, пәле – қазадан аластап отырған.
Бүркіттің қадір-қасиетін әр қандай қазақ жоғары бағалайды.
2. Бүркіттің жаратылыстық ортаға қарай бөлінуі: негізінен ұлы
тауларды мекендейтін бүркіт, жаратысытық экологиялық ортаның
ұқсамауы мен ауа-райының ықпалына қарай, әр қайсы жерде
мекендеген бүркіттің өң – түсі бір – біріне ұқсамайды.
Алтай тауы үстірт, суық, қарлы, ызғарлы, биік, таулы район
болғандықтан суық орында түлеген балапанның денесіндегі ақ мамық жүндері
мол болып, тірнек, тас түлек кезіне дейін денесінен айырылып
кетпейтіндіктен бұл жерді мекендеген бүркітті – Алтайдың ақиығы дейді.
Барлық тауында, сар тауда, ойпат райондарда жасаған бүркіттердің
өқауырсын жүні мол. Мамық жүні азырақ болып, қауырсындарының түсі жасаған
тауының реңіне ұқөсап, сарғыш келгендіктен мұны Барлықтың ала қанаты және
Сары таудың көбік сарысы (бұл жердің бүркіттерінің денесі кесек тұлғалы
келеді) десе, Қобда, Бәйтік, Шыңғыс, Боғда тауларының бүркіттерінің түсі
көбінесе көмір қара келетіндіктен Қобаданың қол бауыр қарасы, Боғаданың
қара керісі, Шыңғыстың Кезбе қарасы деп сұңғыла құс бегі халқымыз
бүркіттің жасаған жаратылыстық ортасына қарай алуан түрлі ат қойып, оларды
бір – бірінен парықтаған.
3. Құс бегілердің құсты сынауы мен жас шамасын айыруы жүйрік аттың
шашасын танығандай, қазақ құбегілері де құсты болмыс бітімінен
таниды. Көшкен елдей әр жэайсаңға бір дамылтап, атан өлсе
сойлыр, атам өлсе қойлар, қансор қайдан табылар деп аңшылықтың
қызығымен қытымыр қысты серуендеп өткізетін кәнігі көз құсбегі
бабаларымыз бүркітті болмысынан, түр тұлғасынан сынып, зерделеп
алса бүркіт, алмаса ләумінген шоршыт деп бүркіт біткеннің
қыран бола бермейтіндігін айтқан (алайда қыранның белогісі
түрлі – түрлі айтылып жүр).
Құс бегілер құстың тұғылда, қолда отырысына көз жіберіп, тұмсығынан
тегеуріне дейін көз салып, қанат – құйрығын жайғыздырып, сан етімен
құйрығын сипап, күйін біліп, адамға үйірсектігін байқаған соң, көз
таразысымен бүркіттің дене формасына, басына тұмсығына, танауына,
маңдайына, ехуіне, тіліне, құйрық тарағы мен шалғысына, санына,ғ саусақ
маржан бередіне дейін зер салып, бүркіттің әр қайсы дене мүшелерінде
қырандық қасиеттердің бар жоқтығын білген.
Нағыз қыран бүркіттің дене формасы дөңгелек келеді. Құстың ең мықты
қаруларының бірі тұмсығы болғандықтан, құсбегілер назарынан еш уақытта
қалыс қалдырмайды. Қылыш тұмсықты бүркіттерді көргенін құтқармайтын
қырандар қатарына жатқызып, тұмсық мүйізі дөңес, қошқар тұмсықтау келген
бүркітті орақ тұмсық деп бабы қаттылау, оңайлыққа қайыру бермейттін
қыфрандар қатарына жатқызса, мүйіз тұмысғы ұзын, сүйірлеу келгенін кешкіл
тұмсық ұшқыш, шүйіліп шабыттағыш келеді десе, тұмсық мүйіз, көбелелерімен
тұяқ мүйіз көбелерінің өңіне қарай көк тұмсық аталған бүркіттерді көк
перісі бар көк тұмсық дейді.
Бүркіт танауының тесігі кең болса, тынысты болып, арпалыста көп
шашамайтын болады. Құс бегілер бүркіттің жарғақ маңдайының көтеріңкі
келгенін жақсылық нышаны деп, аузының езу жырығы көзінің артына жетер
болса, жыртық езу, кер ауыз дескен.
Құсбегілер бүркіттің кішкене тілінің ұшындағы реңге байланысты
бүркіттің тілін – қара тіл, қызыл тіл, боз тіл деп бөледі.
Көп бапқа қарамайтын, күту талғамайтын бүркіттің тілі қара
болғандықтан қанға тоймас, қара тіл, бабын таппаса зар күйіне түспейтін,
шабыты оңайлықпен келмейтін бүркіттің тілін – боз тіл, бап сүймейтін
бүркіттің тілін- қызыл дейді. Нағыз қыран бүркіттің көзінің алдынан арты
сәл биіктеу, қабақсоқтылау келеді. Темір қанат, шоқпар сан, жуан сіңір,
талтақ бұтты, саусағындағы маржан бедері 9- ға толса, тоғыз тасты құстан
қыран көп шығады. Бес тасты құстарды түлкілік құс деп атайды. Басқа
құстарға қарағанда қыран бүркіт шалғын келеді. Тұғырға отырып, қонданғанда
3-4 шалғысына дейін айқасып тұрса, ұшымды болады. Мұндай құстар ұшса
биіктемей, жер бауырлап ұшады. Биіктен түйіліп түсетін құстардың ұшымы
баяу, еті әлсіз болады. Шалғысының ұшы бір – біріне әрең тигенімен, шалғысы
айқаспайтын құсытың ұшымы шабан келеді. Құйрық тарағы 18-20 тарақты қыран
бүркіт өте қарымды болады.
Құсбегілер бүркіттің кеудесін айналдырып өлшегендегі ұзындығы бас
құйрығының аралық ұзындығымен бірдей болса қыран деп білген (әлсіз
бүркіттің кеуде айналым ұзындығынан бас-құйрық аралық ұзындығы қысқа
болады).
Қыран бүркіттерде жел өкпе, дала құйын, мақташақ, қызғаншақ
мінезділер де кейде сыр бермес, бір тоға, сабырлы, қайсарлыларда аразма
аңқылдақтары да кезігеді. Мұндай бүркіттердің тілін біліп, бабына келтіру
құсбегілердің бабына байланысты. Сайып келгенде әл – қуатына тездігіне сай
жүректі, қырағы құсты қыран дейді. Құсбегі бабаларымыз құс табиғатына туа
біткен қасиеттерді жете танып, қыранның қырағылығын көрегендікпен көріп
білген.
Бүркіт 20-30 жыл жасағанымен қазақ құсбегілері аузында бүркіттің жасы
туралы атаулар түрліше айтылады. Бүркіттің жасы 12 тал құйрығымен 8 тал
шалғысына қарап межелейді. Төменде 20 жылдық құс бегілік барысындағы
тәжіибеме сүйеніп, бүркіттің жасын айырмақпын (менің бұл жас айыруым жүйелі
деуден аулақпын).
1). Бір жастағы балапан: сары ауыз, сары аяқ, құйрығының үсті ақ, шалғыдан
сынық сүйес артық тұрады. Бұл мезгілде түсі қара ала болады. Жыл сайын
бүлеп шалғысынан төртеуін, құйрығынан алтауын тастап жаңалайды. Қалғанын
келер жылғы түлеуде тастап, екі жылда бір құйрық шалғысын жаңалап отырады.
Бүркіт құйрық шалғысын жаңалаған сайын екі түлегенде құйрығы шалғысынан
бір елі қысқарып отырады.
2). Екі жастағы тірнек кезінде екі түлейді. Шалғысынан артып тұрған құйрығы
бір елі қысқарады.
3). Үш жастағы тас түлек. Құйрығы екі елі қысқарады.
4). Төрт жастағы құм түлек. Төрт түлейді, құйрығы үш елі қысқарады.
5). Бес жастағы қана. Бес түлейді. Құйрығы төрт елі қысқарады.
6). Алты жастағы жана кезін. Алтыншы рет түлеп, құрығы бес елі қысқарып,
шалғысымен құйрығы теңеледі. Осы мезгілден бастап балапан басады.
7). Жеті жастағы құм түлектің шалғысы құйрығынан ұзын тұрады.
8). Сегіз жастағы барыштың құйрығы қысқарады. Ағарғаны азайады (бұл
мезгілде құйрығы шалғысын санап, бүркіттің түлеуіне ақарай жасын айырады).
Бұдан былайғы жас атауларды: тоғыз жасты – қоңыр түлек; он жасты –
кері түлек; он бір жасты – ақ түлек; он екі жасты – ақырғы жасты түлек деп
атайды.
4. Бүркіттің өсіп жетілуі мен құсбегілердің бүркітті ұстау амалы.
Аналық бүркіт пен аталық бүркіт аспанда шарықтап жүріп, шағылысып
нәсіл қалтырады. Қолда өскен қолбала бүркіт нәсіл қалтырғысы келгенде,
иесіне қыр көрсетіп, көзі жасаурап, салған аңға түспейді (жағдайды білген
құсбегі бүркітті қоябереді).
Бүркіт жана түлек жасынан бастап, балапан басады, ұясын қаңтарда
бітіріп, ақпанның орта мезгілінде жұмыртқалап (жұмыртқасын айлар бойы аязға
тастап), мамырда шайқап, маусым соңында (шілденің басында) ұшырады. Бұл
мезгіл ұядан алуға қолайлы кез. Балапандардың ұшуға әл шамасы жеткен-
жетпегендігін шалғысының айқасу-айқаспауынан анықтаймыз.
Балапан шыққаннан кейін ұяға салған, ата қыран жем тасиды. Жем тасып
жүріп, бүркіт өз күшіне өзі сүйеніп өмір сүруді балапандарына үйретеді.
Балапан алғаш ұядан ұшқанда, ана бүркіт қанатының асты-үстіне алып, көтеріп
әкетеді. Бала бүркіт шабыттанғандығынан шабыттап ұша береді. Балапан ұядан
қияға самғағаннан кейін қазан даулында анасынан қанжығада көрісейік - деп
бөлініп кетеді. өз тамағын өзі тауып жейді, ана бүркітке қайта қосылмайды.
Тамағын тауып жей алмаса анасын қайта іздеп табады.
Қазақ құсбегілерінің бүркіт ұстау жолы екі түрлі: бірі –ұядан балапан
алу, енді бірі – түс қырандарын түрлі айла-шарғы арқылы ұстау.
1. Ұядан балапан алу, бүркіт балапанның амандығы үшін, бөгде жан-
жануарлардың қастық сайлауынан сақтанып, ұясын құз қияға,
жалама-жартас беттеріне, биік ағаш басына салатындықтан жалғыз
жарым адамның ұядан балапан алу қиынға түседі.
Балапан алушы құсбегі, бүркіттің қай құз басында айналып ұшып жүргенін
байқаған соң ұясын межелеп, балапан алуға жолдас-жораларымен сақадай
сайланып, аттанысқа келу керек (бұл мезгілде аналық бүркітке қарағанда
аталық бүркіттің көзіне шалынып қалсаңыз, шабуылға төтеп берерлік шарт
әзірлеу керек).
Көбінесе құсбегілер жалғыз жұмыртқадан қыран шығады деп балапанның
жалқы болуын тілейді.
2. Түз қырандарын ұстау: Қолбала бүркітке қарағанда, түзде өскен
бүркіт әдепті, ұшқыш, мөлшерлегіш, сергек табиғаттың ыстық-
суығына шыдамды келеді. Албаты шақырмайды, жан-жануарларға
албаты түспейді. Қазақ құсбегілері өзіндік айла-тәсілдеріне
қарай, түз бүркітін ұстаудың түрлі әдістерін тапқырлаған.
Бірінші, тор құрып ұстау. Тор екі түрлі болады. Тор көзі үлкен келгені
бүркіт торы, кішкене келген қаршыға торы делінеді. Жіңішке ширатылған
жіппен дөңгелек шеңберлі тор жасап, торды жайғандағы биіктігі 2 м 30см
мөлшерінде болады. Тордың қабырғаларын тордың биіктігіндей шыбықпен іліп
көтеріп қояды, шыбықтың ұшын ұштап, жерге шаншиды, бір-екі жерден қазық
қағып, тордың жібін байлайды. Тордың ішіне қоян т.б. жануарлардың (салмағы
5-6 кг) етін шырға етіп байлайды. Бүркіт торға тік шаншылып түседі, бірақ
қайта ұшқанда көлбеу ұшатындықтан кереге көз торға ілініп қалады.
Екінші қақпан құрып ұстау: құсбегілер бүркіттің жиі отыратын жерін
тауып, (жеп отырған жемтігінің үстіне қақпан құратындар бар) қақпан
бойлайтындай қазып, қақпанның қандауырының екі жақтауына бүркіттің аяғын
зақымдамау үшін киіз орап, қақпанды тиектеп, қазылған жерге қойып,
қақөпанның бетін жазда топырақпен, қыста тезекпен жабады, мұны қазақ
Басар дейді.
Үшінші бүркітті тояттатып ұстау: аң құстың етіне сылқия тойған
бүркіттің салмағы ауырлап, өзін-өзі көтере алмай, жер бауырлап далбақтап
ұша алмай қалады. Мұндай орайға кез-келген адамдар ұшқыр атпен бастыртып
жүріп қолға түсіреді.
5. Бүркітті қолға бағуда (қолбала бүркітке) істетілетін саймандар.

Ұлтымыз құсбегілікпен айналысқан ұзақ тарихта, қырандарды баптауға,
алып жүруге қолайлық тудыру үшін көптеген саймандар жасап істеткен, әрі бұл
саймандар бүгінгі таңда мәдени мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа қалып отыр.
Төменде жиі қолданылатын, құсбегілекте кем болса болмайтын аспаптарды
атап өтпекпін.
Томаға – бүркіттің басының үлкен-кішілігіне қарай ұлтаннан тігілген,
бүркіттің көзін басын тұратын, төбесі үшкір, тұмсық шығарып ойма бас киім.
Шебер адамдар күмістеп, сәндеп тігеді.
Пиала - құстарды ат үстінде қолға қондырып алып жүруде істетіледі.
Еліктің басқа да аңдардың мойын терісін бітеу сойып, бүркіттің тұяғы
өтпейтіндей илеп, қолғап жасап, құсбегі қолына киіп ат үстінде бүркітті
алып жүреді.
Балдақ – құстарды ат үстінде алып жүретін негізгі аспап, ағаштан немесе
таутекенің мүйізін отқа салып балқытып, мүйіздің ұшынан аша шығарып, сыртын
жезбен орайды. Балдақтың ашасын, бүркіттің алған қолдың астынан тірейді.
Енді бір жағын ердің алдыңғы қанжығасына бекітеді.
Тұғыр – орындық тәрізді үш пұтты ағаштан шабылған құс отыратын аспап.
6. Бүркітті қолға көндірудің тәсілі.
Құсты қол қанат етуде алдымен қолға үйрету қажет. Ұясынан алған
балапанды (қолбаланы) еркін түлетіп адамға үйір қылу үшін кең шарбақ үйшік
ішіне балапанды бос қояды. Сырттан жас ет әкеліп береді. Үлкен ыдысқа су
құйып алмастырып тұрады, суды ішпеген күнде де бауырын төсеп шомылады.
Қанат құйрығының сынбауының алдын алып тұғыр орнатып, аяқбау тағып, топ
қанат болмасын деп шыжымдап ұшырып тұру керек. Қолға үйренген соң өзі-ақ
қайтып келеді (түрлі ат қойып, мысалы алтын шоқпат т.б. шақырып үйретуге
болады).
Даладан ұстаған түз бүркітін қолға үйрету оңайға түспейді. Олар
тағылығын істетіп, мүйіз сүйек (иығының үстінде түймедей екі сүйек томпиып
тұрады). Тегеуірін, тұмсық қатарлы қаруларын істетіп, қанатын сабалап,
айбар қып қарсылық көрсетеді. Құсбегілер бүркіттің аяғына білезік
формасында аяқбау жасап (құс аяғының қажалуының алдын-алуы шығады). Оған
шыжым тарғып, тегеурінін іске қосуын тежейді. Құсбегілер қолбала болсын,
түз бүркіті болсын барлығын адамға үйірсек ету үшін, атпен алып жүргенде
тегеурінімен қолды қыспайтын, атпен шапқанда өз денесін өзі билеп, меңгеріп
отыра алу үшін ырғаққа отырғызады.
Кең үйдің ішіндегі діңгекке (мәтшаға) арқанды, жіпті алтыбақан тәрізді
шумақтап байлап, (бүркіт алысып-арпалысқанда қанаты жерге тимейтіндей етіп)
оған бүркітті отырғызып, 2-3 күн тыным алдырмай әлпеншек тептіргендей
тербелтеді. Міне бұл ырғаққа отырғызу делінеді.
Тербеліс барысында (ырғаққа отырған мезгілде) бүркітке тамақ
берілмейді, көз шырымын алшдырмайды, жіпті тербегенде құлап кетудің алдын
алған бүркіт шалқайғанда артқы саусағымен, еңкейгенде алдыңғы саусағымен
жіпті шеңбектеп өзін теңшеп отырады. Мұндай қинау уақыты ұзағанда бүркіттің
бұлшық еті босап, қол-аяқ тарамыс таратылып, талықсып, ырғақтан салбырап
түскенге дейін болады. Осылай қинау бүркітті қайсарлыққа, сергектікке
баулиды.
Бүркітке томаға кигізу ырғаққа отырғызған мезгілде істетіледі,
өйтпегенде аяғымен томағасын қағып түсіріп жібереді (ырғаққа аяғын көтерсе
құлап кету қауіпі бар). Егер бүркіт шалқалап томаға салдырмаса, ыдысқа су
құйып арт жағына қояды. Бүркіт томаға салдырмай шалқалағанда, басы суға
малтырылып, шалқалағанын қояды.
Міне мұндай тынышсыздық, ұйқысыздық (құс тез ұйықтап, тез оянады құс
ұйқы дейтініміз осы), ашаршылық бүркіттің тағылығын басып адамға
үйірсектігін, қолға қондырғандағы орнықтылығын қалыптастырады.
Бүркіт адамға үйірсек болып, қолға көндігіп, жуасығаннан кейін, тұяғын,
тұмсығын жетілдіру үшін су бойынан шымды жұмсақ жерден орын жасап, екі
аяғын алмастырып тұруға қолайлы, сирақ жүні жетілуге ақаусыз болу үшін, бір
аяғының артқы жілігінің, енді бір аяғының артқы саусағынан байлап, желге
қарсы ұшып, өзін-өзі серпіліп тұратындай етіп, ұзын шыжыммен сазға
байлайды.
Бұл мезгілде жемді тастап береді. Қолдан берсе адам көрсе болды тамақ
іздеп алысып тұратын, әрі кейін қайырған (аңға салған) кезде адамға түсетін
әдет қалыптастырады. Сондықтан бүркітті үркек етіп баулыған жөн.
7. Бүркітті баулып, бабына келтіріп, қайыру әдісі.
Түз бүркітімен қолбаланы баулу құсбегілердің күтімі мен тәрбиесінде,
құсбегілер бүркітті ашықтырып, етке дәмдендірген соң, етті пиалайдың
бармағына қыстырып, шоқтыртып, қолдан жұлдырып үйретеді. Алыстан кал-кал
(алғыр, алтын, шоқпар, мұзбалақ) деп шақырып, құлағына дауысты сіңісті
етеді.
Иесіне әбден үйренген соң бүркіт иесінің дауысын жазбай таниды.
Қолбаланың топқанат, түзден ұстаған бүркіттің шауы болып қаламау үшін, оны
жиі-жиі ұшырып тұруы қажет.
Құсбегілер бүркітті аяқ баулау, томағалау, жем шоқыту, ұшырып қолға
қайта қондыру т.б. шарттар табысты түрде орындалған соң шырға тартқызады.
Шырға дегеніміз – түлкі, қоян қатарлы ұсақ аңдардың терісін сүйретіп,
бүркітті тамсандыру, шабыттандыру.
Бүркіт сүйреген теріге іркілмей түсіп, қайта қолға қонса, баулудың
өнімі болғаны (қолдан етті алып қашып, иесінен үріксе, қайта баулуға тура
келеді). Мейлі түз бүркіті яғни қолбала болсын, шырға тартудан сәтті өтсе
кіл бабында түлкі немесе қояндарға (күйі жетерлік аңға) салады.
Қолбала алғашқы аң қуғанын пыштақтап мақтаныш етеді. Бұны халқымыз –
бауашар дейді. Тұңғыш алған олжаны құсбегі тырнақ алды деп ырымдап, өз
қанжығасына байлайды.
Халқымызда ат бапқа шабады, баққа шаппайды деген тәмсіл бар. Құста
жүйрік ат тектес. Жүйрік ат бабына келмесе шаппайды, бабы келмесе құста
аңңң алмайды, сондықтан құсты зар күйіне келтіріп, аңға салу керек.
Бүркіт қазан айынан бастап бапқа алынады. Құсбегілер ай сайын баптау
тәсілін жаңалап түрлендіріп отырады. Бүркіттің жақсы азықтануы канат-
құйрық қауырсндарының толық жетілуіне пайдалы болғандықтан, бүркітттің
азықтануына көңіл бөген жөн.
Бүркіттің арық-семіздігіне, талғамына қарап, етін жеңілтіп, топшымайын,
құйрйқ майын тарқату үшін таза етті жуып қан-сөінен айырып, сусоқты етіп,
ақжем, сарбөртпе (тәулік бойы суға шыланған ет) берсе жиырма күн арасында
біркүт шандыр тьартып тұмсығынан су тамшылап мейірін қадырады, мұны
құсбегілер терлеу дейді.
Бүркіттің талғамын толық меңгерген құсбегілер қазан айында ақ жемді үш
жуып, сөлін кетіріп берсе, артынан түтікпен тұзды су құяды. Бабы келмеген
құс шақырғанда қолға керіліп келеді, салған аңға түскенімен, қанатымен
қағып өтіп ұстамайды, мұндай құсты ішінде май бар, табанында май бар деп
өтімді шаралар қоданған.
Іш майын арылту үшін бір жапырақ кигізді домалақтап сыртын ақ дәкімен
орап, оны тұзды суға салып, бүркітке ашқарын кезінде жұтқызып жібереді. Қоя
бір сөткеде түседі, үш күнде бір беріледі, алғашқы салған қоя саржалғақ
болып түседі де, соңғсы аппақ болып түседі. Қояберген саңғырығы әк түстес
(ызбош) болса, бүркіттің ішмайы арылып, қоя салдың өнімі болғандығы.
Бүркітті жазғы түлетуде суыр майланғанша суыр етімен, шілдеден кейін
малдың майсыз етімен түлетіп күзгі қайыруында қоясын алса бүркіт ойдағыдай
жақсы бапталады. Бүркітің ішмайын арылту үшін, қоя салса тадан майын арылту
үшін, суыққа мұзға отырғызыды. Құсбегілер баптағы құстың сан еті мен
құйрықмайы, кеуде топшы майы бұлшық сан еті қатайып, кеуде майы тарап,
құйрық майы екі елі болып, құрық түбіне жйылса кіл бабындағы құс дейді.
Ауру астан - дегендей құсбегілер тоя жеген құстың жемсауын сығып,
жемін шығарып, асқазан бұзылуының алдын алып, азықтануна еркше көңіл
бөлген. Үнемі ет жеп ыстық болған яғни тамғынан бұзылған бүркітке аршанаың
ұрығын қайнатап, сына жем шылап, ыстығын қаытарып денсаулығын қалпына
келтірген.
Құс баптауды тұрмыс дағдысына айналдырып баптау қайырудың тетігін
игерген құсбегілер қолдан түрлі ем-дом істеп құсты сырқатынан айырып
отырған.

Саятшылық туралы

Қазақ құсбегілері қыс маусымын (желтоқсан, ақпан, қаңтар) айларын
саятшылықтың таптырмас кезеңі деп, бір тағығны бір тағыға салып саят құрып
салбуырынлда болады. Желтоқсанда басталған саятшылық үштің айының он
бесінде тоқтайды. Бұл мезгілде қасқар түлкінің үйік айы болып, денелерінде
сасық иіс шығады. Басқа аңдардың іші өседі. Осыдан бастап бүркіт күтімге
алынады.
Қазақ құсбегілері саятқа шыққанда құсын көтеріп жалғыз-жарым жүргеннен
көрі қасына саятқұмар, атшы-қомшыларын, жлдас-жорларын ертіп жүреді.
Сахарада саят құрған мұндай адамдар адамдардың шоғырынан салбуырын
қалыптасқан.
Саятшы қыранның аңды тез көріне мүмкіндік жасап алдан көздеген биігіне
жеткеннен кейін томағасын тартады. Жан бермеу үшін жыра-жықпады, сай-салаға
бұққан аңды жолдасы үркітіп береді. Көбінде бұл міндетті елгезек елпек адам
үстіне алады. Мұны саятшылар қағушы дейді.
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға
- деп Абай атамыз айтқандай, аңшылар қар жауған кезде саятқа шығуды
жиілетеді. Жаңа жауған қар үстінде жортқан аңның ізін, дәп басып танып,
бағыт-бағдарын айырып, қанжығасы қамданып қайтып отырады.
Ізге түкенімен аң адастырып кеткен мезгілде, бүркітті қоя беріп,
аспаннын жер шолдыртады, көз жанары өткір бүркіт 4-5 шақырм жерден
көргеннен кейін еңістеп құйылып аңның қарсы алддынан шығады. Бір аяғымен
сыпырып таңнан ілып, енді бір аяғымен тұмсықтан тұмылдырықтап, аңды астына
басып, өкепесін тесіп жейді. Бүркітиесінің таныс дауысын сезген соң олжаны
иесіне табыс етеді. Құсбегілікті ықылым заманнан кәсіп еткен ұлтымыз
құсбегілер арасында, түскен олжаны ортақтасатын жол-жосын қалыптасқан.
Құсбегі алғашқы олжаны өзі меншіктенгенімен, соңғыларын жолдастарына,
ауыл ақсақалдарына сыйлап отырған. Саятшы үйге әкелген олжаны босағаға
үйірімен үш тоғыз деп тигізіп, қанжығам қандана берсін, олжам молайа
берсін деп тілейді. Атадан қалған дәстүр мәдениетіміздегі бөгенайы бөлек
құсбегілкпен айналысқан жйырма жылдағы азғана көрген білгенімді және
қорытқан тәжірибемді оқармандарға сыйлауды жөн көрдім. Бұл еңегім салт-
дәстүріміздегі саяткерліктің тамшысы шығар.

(Автордың адресі: Бұратала қаласы, дала қалашығы, 1 – шаруамайданы)

ҚХР. Шыңжан. Тарбағатай аймағы Тарбағатай

Ғалым Жұмашұлы

Бүркіт және құс бегілік

Аншылық кәсібіндегі еңбір қызықтысы бүркіт салып саятшылық
құру.Сондықтан халқымыз Бүркіттің алғанынан салғаны қызық, Қақпан құрған
жатып алады,мылтық ұстаған сілесі қатып алады, бүркіт салған қызыққа батып
алады дейді. Алайда бүркіт салу қызық үшін бола бермейді. Құсты жисан
бүркіт жи, қыс тонымды түлкі етер деген сөздер оның да өзіндік
болатындығына меңзес айтылып отыр. Қазақ халқының бүркітті байлықтың көзі,
құт-берекенің белгісі есептелетін жеті қазынаның біріне жатқызуына оның
осындай пайдасымен қатысты болса керек.
Бүркіт салып саятшылық құру ұлтымыздың дәстүрлі өнерлерінің
бірі.Оның тарихы жөнінде қазіргедейін дәп дәлел келтірген ғылыми
еңбектермен материалдарды кезіктіре алмадық. Тек халық ішінде таралған мына
бір шумақ Томаға тарту жыры ғана бізге құс салып саятшылық құрудың, кем
дегенде мың жылдан астап тарихынан дерек береді.
Біздің қазақ іргелі,
Қайда көшіп жүрмеді?!
Көк тағысын көп аулап,
Балағынан күрмеді,
Жалайыр шора құс бегін,
Саятшылық пір деді.
Он бес ғасыр өтіпті,
Құс томаға кигелі.
Мың жарым жыл өтіпті,
Саятшы атқа мінгелі,
Сонан бері әжеміз,
Түлкі пішіп иледі.
Ал тіліміздегі бүркіт деген атаудың этимолдогиясына келсек, бұл
жөнінде Еркебай Қабылжанұлы ел ішіндегі бір аңыздағы бір күту деген
сөзбен байланстырып, бір деген сан есім мен күту деген етістіктің
бірігуінен жасалған, одан бұрын құс деп атаған деген межені айтады. Әліде
ішкерлей зырттеуге тура келеді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеттерінде бүркіттің нақ қырандарының
алмайтыны болмайды деп әсіріленеді. Әуелі тінейдің сары құсы, Жаке батырдың
бүркіті, ел басына қауып төндірген, адам затқа қастап жіберген айдағар
жыландарды да жойған деп аңыз етіледі. Ертеректе және ел ішінде бүркіті бар
үйге Шайтан жоламайды, Қыран бүркіттен жын-албасты деп туытта босана
алмай қиналған әйелдердің үстіне бүркітті енгізіп пұштақтататын, көтеріліп
ауырған адамның науқасын қыран бүркіт арқылы ұшыруға болады т.б. дейтін
нанымдарда болған.
Бүркіт зайыры қандай құс?
Бүркіт --- бүркіт туысына жататын жыртқыш құс, түсі көбіне қара-
қоңыр, тұмсығы көкшіл, шұғыл имек, қабағы биік, көзі шүңіректеу қара,
салмағы 3-4 кг шамасында, дене тұрқы 95 см мөлшерінде, жайған қанатының
ұзындығы 2м -дей келедіде, қанатының сыртқы қауырсындары шалғысы деп
аталады.Отырғанда айқасып бірінен-бірі сүйемдей асып тұрады, құйрығында
12тал қауырсыны болады, оың ортасындағы 2қабат алды қауырсыны көбесі деп,
қалғандары жебесі деп аталады. Жіліншігінің қырында жыланның қабыршағы
тәрізді бедерлері бола, аяғы төрт саусақты, оның арқысы тегеуіріні, ішкісі
жем басары, ортанғысы сығымы, шеткісі шенгелі деп, саусақтарының үстінгі
қырындағы тізілген маржан формдас бедерлер болаты деп аталады. Дене
бітімі құмай, күшеген, қара құстарға қарағанда сыптымыр, сымбатты
көрінеді,аса ұрықты, сымбатты келеді, еркегі шәулі , ұрғашысы ұябасар
деп аталады. Ұрғашысының дене бітімі еркегінен әнтек зорлау келеді.
Міне осының барлығы жалпы бүркіт атаулығы бір шама ортақ ерекшелік
есептеледі. Ал халық ішінде құс салумен ұзақ уақыт айналысқан, мол
тәжірибелі құс бегі , саятшылар, бүркіттің түрі,түсі, дене бітіміндегі
ерекшеліктері, жасаған ортасы т.б. жақтарындағы жіңішке парықтарыны қарап
көптеген түрлерге айырады.
Бірінші: Басының бітіміне қарай жылан басты, бақа басты, шошақ
төбелі, жалпақ төбелі, шүйделі, шүйдесіз, шот маңдай, жазық маңдай, шекелі,
шекесіз, ұзын, қысқа, орта басты деп бөліп, жылан басты болғанын
тектіліктің, жақсылықтың нышаны деп жорамалдайды.
Екінші : Тұмсығының формасына қарай қылыш тұмсық, көк тұмсық,
кешкіл тұмсық, орақ тұмсық деп айырып, көк тұмсық болғанын көк ауыз
долы қыран деп,. қылыш тұмсық болғанын қылыш тұмсық қырып сал деп
мадақтап, орақ тұмсық болғанын бабы-күйі қаттылау, күйшіл құс деп
есептейді.
Үшінші :Бүркіт тілінің түсіне қарай қара, қызыл, боз деп үшке
бөлінеді. Құсбегілердің айтуынша, қыран тілінің түсі оның бабын танытатын
ең басты белгілерінің бірі. Бүркіттің тілі қара болса қанға тоймас қара
тіл делініп қырандықтың, қызыл болса орташа болғадығының, ал бозғыл болса
бабы қиын, күйші болғандығының белгісі болады.
Төртінші: Бүркіттің көзінің түсіне қарай жанарынан от шашқан
қара көз, қанды көз, құмды көз, көзінен сағым аунап, түбінен миы көрінген
ақ шегір, көк шегір, сары шегір, алтын шегір, құм шегір т.б. бөледі. Құс
бегілер нақ қыран құс қырынан шалады, көзі өткір, көргіш, байқағыш
бүркіттің көзі отты болып, сағымы көзінің жүніне түседі дейді.
Бесінші: Бүркіттің түсіне қарай қара, қоңыр, сары деп, жүнінің
формасына қарай тораңғы жапырақты ( алма жапырақты, терек жапырақты
деп те айтады ), тал жапырақты деп айырады. Қауырсыны жуан, доғал,
дөнгелектеу келгенін тораңғы жапырақты деп қырандықтың, қауырсын
жіңішкелеу, үшкіл, бүршікті келгенін тал жапырақты деп күйшілдіктің
белгісі деп айырады.
Алтыншы: Бүркіттің сыртқы формасына қарай дөңгелек және ұзын деп
айырады. Кеудесін айналдыра өлшегендегі ұзындығы басы мен құйрығының аралық
ұзындығымен тең шықса, дөңгелек күйсіз қыран дейді. Бұндай қыран әрі
күшті келеді. Ал, дене тұрқы ұзындау болса, ондай бүркітте нағыз қыранның
күші болмайды деп қарайды. Іс жүзінде бүркіттің нағыз күштің иесі немесе
емес екендігін құс бегілер көбінесе сыртынан ұстап көру арқылы парықтайды.
Сыртынан ұстап көргенде тірсегі бір тұтамға толатындай, саны домаланған
шымыр, жуан (шоқпар санды), құймышағының аша сүйегінің арасына бармақ
сыйатындай, жем сау сүйекке салғанда бес саусақтың басы сиятындай кең, ер
сүйектиі жаралған болса, нағыз күштің иесі деп, саны қалақтау серке санды,
денесі басқа мүшелері басқа мөлшері толмайтын болса, онда дерліктей
болмағандығы деп біледі. Осылардың барлығын қорытындылай келіп, халқымыз:
Құзғын ұйқы, шылқанат
Алғырлықтың белгісі.
Құмай қанат шабан ат,
Жайбырлықтың белгісі.

Жемсауы жұмыр, алқалы,
Төс сүйегі қаңқалы.
Болса түлкі құтылмас,
Атқа мінсең арқалы.

Қалың ерін қара тіл,
Барлық құстан жаны асыл.
Өндір ішіекті өр мінез,
Өзің баптас сала біл.

Бұжыр аяқ, көк сауыр,
Бұған болмас тосқауыл.
Жарғақ аяқ, жарық бас
Жабыла баптап бақса ұл.

Шеге тұяқ, құл табан,
Шеңбер тұяқ, ұл табан.
Қанжығасын қандайды.
Бабын тауып жұмсаған.

Итырыққа түсірер,
Иі тұяқ, ит табан.
Тұтам төрт елі саны бар
Қолға түспес жануар.

Ұзын тұра серек сан,
Ашқарақ мінез, бабы бар.
Дембелше қыран дендардың,
Тұяғы кеппес қаны бар.
Мұндай құстар қазаққа,
Ілуде бір табылар - дейді.
Жетінші: Дене бітімінің өлкен-кішілігіне қарай парықтайды. Бүркіттің
дене бітімі зор, үлкен, мелжемділері де сүйегі ұсақтаулары да болады.
Алтайдың ақ иғығы дене бітімі жағынан басқа бүркіттерге қарағанда кесектеу,
зор әрі күшті келеді. Бұл бүркіттің түсі қаралтым қоңыз. Балық жүні шудалы,
иығында бірнеше тал ақ жүні болғандығы себепті құсбегілер оны Ұлы таудың
ақиық мұз балақ қыраны деп атасады. Бұл бүркіт тау ешкі, қара құйрық, елік
сияқты қоңыр аңдарғБұл бүркіт тау ешкі, қара құйрық, елік сияқты қоңыр
аңдарға өшігір келеді. Бүркіттің кішкенесінен шығатын темір саусақ, шеге
тұяқ деп аталатын қырандар да, сарша, шәумен деп аталатын сүйек бітімі
ұсақ, жүні сарғыш – түлкіге еркін күші жетпейтін қояндық қана қауқары бар
әлсіз, әлжуазщдары да болады. Бұны нақ қырандарға қолы жетпегенде ермек
үшін бағады.
Сегізінші: Бүркіттің тіршілік ететін ортасына қарай Алтайдың ақиығы,
Сәуірдің сабалақ сарысы, Нарынның ақ шегірі, Күнестің қаусырмасы,
Боғданың қаркері, Ерен тауының кір құйрығы мен қызыл аяғы, Қобданың
қоңыры, Қарағайдың қанды көз қызыл балағы деген сияқты түрлерге де
айырады. Алайда қанатты құс бір мекенде үнемі тұра бермейді.
Тоғызыншы: Бүркіттің жасына қарай парықталуы. Бүркіт бір талайды ұзын
жасайтын құс. Дертке шалдықтырмай юбабымен асырағанда 20-30 жыл өмір сүреді
(кей бір деректерде 50 жасқа дейін жасайды) делінеді. Бүркіт бір жылда бір
түлейді. Әр жылы түлегенде шалғыдан төртеу, құйрығынан алтау тастап екі
жылда бір түгендеп жаңалайды. Балапан бүркіттің құйрығының астына қарағанда
астынғы жақ ұшынан елі жер ғана қара болады да, қалғаны түбіне дейін
сарғылтым ақ түсті болады. Ол екі түлегенде құйрығының ұшындағы қара түбіне
қарай бір елі, үш түлегенде екі елі жылжиды. Сөйтіп, әр жолы түлегенде ақ
түс түбіне қарай бір еліден жылжи береді. Бүркіт жеті жасқа келгенде
құйрығындағы сарғылтым ақ түс жоғалып, құйрығының асты мен үсті қара қоңыр
түске енеді. Құс бегі, саятшылар бүркіттің денесіндегі осындай өзгерістерге
қарай отырып, оның жасын есептеген әрі балапан күнінен кәрі бүркіт болғанға
дейінгі әр бір жасын әр түрлі атаулармен атап парықтаған. Бүркіттің жасына
қатысты атаулар ел арасында әр түрлі аталып жүр.
Мысалы: Бір жастағы бүркітті – балапан; екі жасты – қан
түбіт(І.Кеңесбаев), тірнек (З.Қызырұлы, М.Қабдолин); үш жасты – тірнек
түлек (І.Кеңесбаев), тас түлек (З.Қызырұлы, М.Қабдолин); төрт жасты – тас
түлек (І.Кеңесбаев), құм түлек (З.Қызырұлы, М.Қабдолин), тас түлек, ана
(Оқырман өресі); бес жасты – мұз балақ (І.Кеңесбаев), ана түлек
(З.Қызырұлы, М.Қабдолин), қана, қады балақ (Оқырман өресі); алты жасты –
көк түбіт (І.Кеңесбаев), қана (З.Қызырұлы, М.Қабдолин), көк түбіт, жана
(Оқырман өресі); жеті жасты – қана - (І.Кеңесбаев), кәрі (З.Қызырұлы), қу
түлек (М.Қабдолин) қана, құм түлек (Оқырман өресі);сегіз жас – жана
(І.Кеңесбаев, З.Қызырұлы, М.Қабдолин), қу түлек, жана, баршын - (Оқырман
өресі); тоғыз жасты май түбіт (І.Кеңесбаев, З.Қызырұлы, М.Қабдолин), сұм
түлек, мола, қоңыр түлек - (Оқырман өресі); он жас – барқын
(І.Кеңесбаев, З.Қызырұлы, М.Қабдолин), кәрі түлек - (Оқырман өресі); он
бір жас – баршын түлек (І.Кеңесбаев, З.Қызырұлы, М.Қабдолин), баршын, мола,
ақ түлек - (Оқырман өресі); он екі жасты – шөгел (І.Кеңесбаев,
З.Қызырұлы, М.Қабдолин), ақырғы түлек - (Оқырман өресі)деп әр түрлі
аталып жүр.
Бүркітті қолға түсіру және оны қайыру
Бүркіт үй құсы емес,тұз тағысы. Ол негізінен азамзаттан алыс таулы
өңірлерде орман, тоғайлы жерлерде меекен етедлі.ү ұясын құз жартастардың
жапсарына, биік ағаштардың басына салады. Біріші айдан бастап, ұя көтеріп
екінші айдың 20 да жұмыртытқалайды. Жылана бір рет балапан басады.
Балапандары бір – екіден артық болмайды. Жұмытқадан тең шыққан балапанның
тең жетілетіні де үздік – создық жетілетіні де болады.
Оны қолға түсірудің бірнеше түрлі әдісі бар. Бірі – балапан күнінде
ұясынан алу. Мұндай бүркітті саятшылар қол бала деп атайды. Енді бірі –
бүркіттің мекеніне қор қылып ұстау, мұндай бүркітті түз құсы деп атайды.
Бұдан тыс, жемге қатты тояттап отырғанда ойламаған жерден кенеттен тап
беріп, қанат қағып, көтеріліп үлгіргенше ұстау. Қақпан құрып ұстау
әдімстері де бар. Бірақ қақпан құрып ұстау өқте қатерлі. Ол, көбінесе
бүркіттің аяғын шағып, бүркітті кем қылумен тынады.
Бүркітті қолға түсіру оның нақ қыранын айрып тани білудің өзі бір
өнер. Бұл жағында тағында өз тұсында өнері елден асып, аты аңызға айналған
сұңғыла сыншы құс бегі Жалайыр Шораны атай кетуге тура келеді. Ел аузында:
Бүркіт аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады
дейді екен – мыс. Тінейдегі қасиет – ұялас екен сары құспен, Шорадағы
қасиет – тілдес екен бар құспен дейтін сөздер қалған. Бүркіт біткеннің
барлығы аң кездескенде құтқармайтын қыран бола берлмейді. Ол да қыран,
біршама қыран нашар(күйшіл)деп бөлінеді. Егер қолға түсірген құсыңыз күйшіл
болса, ол бір дүниенің қорлығы. Қанша еңбектенсеңіз де үмітіңізді
ақтамайды. Ал қыран болған күнде де оның тілін тауып баптап, зар күйіне
келтіре алмасаңыз, көрсеткен аңыңызды алдыра алмай саныңызды соғып қала
бересіз. Сондықтан халқымыз: түлкі алмас қыран жоқ, саятшысы келіссе,
жақсы болмас жігіт жоқ, баулушысы келіссе десе, ХҮ ғасырда өткен дарынды
жыршы, дана жырау Шалкиз Тіленшіұлы:
Бүркіттен қыран құс болмас.
Баулуы жетпей бөрі алмас.
Бидайықтан алғыр құс болмас,
Бұйырмаса екеу түгіл бір де алмас- деп жырға қосқан.
Әр жұмыстың өзіндік зейнеті болумен бірге бейнеті де
болатыны сияқты, бүркіт салудың да қызығы мен пайдасы болуымен қатар,
жапасы да аз болмайды. Түз тағысын қолға түсіріп, тілге көндіріп, оған
айтқанын істету оңай да жұмыс емес. Ол бір қыдыруды еңбектенуді қажет
ететін аса бір жіңішке де күрделі жұмыс.
Қол бала болсын, Түз құсы болсын, оны қолға түсіргенен кейін үйге
әкеліп бөлеуінен алып, байлап матамай шарбақ немесе үйшіктің ішіне тұғыр
орнатып, не ағаштың кескінін тастап, еркін қоя берген жөн. Бұл оның қанат
құйрығының бүлінбеуіне таранып, сылануына, таза ауадан тыныстануына
пайдалы. Қол бала балапан күнінен адамның қолыда өскендіктен адамға
бағынышты борлады да, табиғи түрде адамға бауыр басып, үйренеді. Тек оның
топ қанат болып қалуынан сақтанса болғаны. Ол үшін балапан темір қанат
болып жетіле бастағаннан бастап шыжым тағып, жақыннан шақырып, біртіндеп
асытатып, ауық-ауық ұшырып дағдыландыру. Шырғаға тартып, машықтандыру өте
қажетті. Ал түз қсын көндіктіру онша оңайға соқпайды. Ол ұстап әкелінген
күні құсаланып, ылғи қарсылық көрсетумен болады. Үркеді, жуытпайды,
жақындасаң шауып алады. Далбырлайды, бұлқынады. Сондықтан алғашында оны бос
қоя бермей аяқ бау тағып, томаға мен тұруға көндіктіру. Сылап-сипап қанат
қолтықтарының астына, жүнінің арасына қол жіберіп, қытығын жазып, шаршату,
есін шығару, ырғаққа (бос) керген арқан отырғызып, ұйықтатпай түнде ұйқысын
алу, суға салып арықтату шаралары қолданылады. Бұны түз есін алу дейміз.
Бүркіт өстігенде бүркіт күйсізденіп, адамға қарсылық көрсетуден қалып,
біртіндеп жуасиды. Осы кезде жемді алдына тастап бермей, бір жапырақ етті
істікке шаншып алып беріп көресіз. Егер қарамай қойса, біраз уақыт өткізіп
барып, осы әдісті қоланасыз. Алда – жалда жағастық қарсылық көрсетіп
қасарысып тұрып алып, жуырмаңда көңіл бермейтіндей болса, су құю, мұз салу,
құя салу әдістерін қолданып көруіңізге болады. Құя салу деп бүркітке
киіздің қырдасының қара саьынның көбігіне малып, сықпа қылып жұтқызуды
айтады. Құя салғаннан кейін бүркіт біраздан соң қайта құсады. Өйткені, ол
бүркіттің жұмыршығын удай ашытып, қинап жүрегін қарайтады, онан ары
күйсіздендіріп жемге обырландырады. Ит иесі үшін, бүркіт тамағы үшін
деген сөз бекер айтылмаған. Бүркіт өте ашқарақ, қомағай келетін құс. Әрине
тамағына тарпайтын мақлұқат болмайды ғой. Ол біртіндеп қолдан жем жеуге
көнетін болады. Осы басқышқа жеткеннен соң, оны қолға қондырып, етін
ауыртпай, ақырын сылап - сипап жалғасты мазасын ала берген жөн. Өстіп бірер
апта жалғастырған соң, оның жуасымай шарасы жоқ. Бергеніңді қайтармайтын,
әуелі тілеп тұратын болады. Адамға да үйір бола бастайды. Осыдан кейін, оны
ашқыруға ат үсті алып жүруге машықтандырып, томағадан көзін ашып, әрекетін
бақылайсыз. Егер адамға жылы рай білдірмей далаға бой ұрып талыпына берсе,
жоғарылап өрге шыққысы келсе, әлдеде үйір бола қоймағандығының бейнесі
болады. Онда тағы да бір мезгіз көндіктіруге тура келеді. Құсыңыздың аяғына
шыжым тағып, шыжымның бір ұшын қазыққа байлап, қызыл көрсеткеде қолыңызға
келіп қонатын дәрежеге жеткеннен кейін барып, шыжымды ұзын тағып, алыстан
шақыруға, ат үстінен шақыруға дағдыландырасыз. Бұл барысты құсыңыз бөгде
мінез байқатпаса, шыжымды шешіп жем бермей ашықтырыңқырап барып, шырғаға
тартып көруіңізге болады. Шырғаңыз ең жақсы түкінің терісі болсын. Оған
шыжым тағып көрінетіндей жерден сүйрете жөнелгенде бүркітіңіз бас салып
жұмарлай жөнелгенде ісіңіздің оңға басқаны дей беріңіз, аңға салсаңызда
ойыңыздағына орындайды. Әйтпегенде еңбегіңіз еш болып, көкке қарап қала
бересіз. Жайшылықта бүркітті үш – төрт аптада (кейде одан да көбірек уақыт
кетуі мүмкін) қайыруға болады. Бүркітке бірінші рет түлкі алдыруды бау
аштыру деп алғаш алған түлкісін тырнақ алды деп атайды. Қол балас
болсын, түз құсы болсын бау апшқаннан кейін де бірде бұзылып, бірде
түзеліп тұрады. Бұл қалыпты құбылыс. Бұл оның күйіне қатысты болды. Қарыны
тоқ немесе ет көтеріңкі болса, көрсеткен аңға оңай оспақ түспейді. Түскен
күнде де қанатымен қағып ойнап, шалықтап жүріп алады. Ал өте арық күйсіз
болса аңға жете алмайды. Жетседе шамасы келмейді. Бүркіт аштыққа қатты
төмізді келеді. Жемге бір тойып алса 15-20 күнге дейін жем жемей шыдайды.
Оның арықтауы қиын, семіруі оңай. Арық болса, оған қойдың еті сылып алынған
қу мойын жаншып, жатарда берсе таңертеңінде семіріп шығады. Оның асқазаны
басқа жануарларға қарағанда ерекше жаралған. Онда тоқ ішек, бүйен ішек және
алқа болады. Алқасы созылмасы кең келеді де, оған бір жегенде өз дене
салмағындай ет еркін сыйып кетеді. Қанды ет, сүйек, майды сіңіре береді.
Жеміне тас пен топырақ, жүн – жұрқа, шөп қатарлы заттардың араласуының
пайдасы болмаса зияны болмайды. Ол үнемі жемінің керексіздерін еттің
тарамысымен шандырына шырмап, жалқаққа айналдырып, құсып тастап отырады.
Бұның ішінде бүркіттің ішінде Зерде қалмауына көмегі тиеді. Зерде -
дегеніміз бүркіттің ішігінің қуаты әлсірегенде жеген жеміне тоқтап
байланған зат. Кейде зердені құя салу, мүсәтір салу, қойдың құмалағын салу
әдістері арқылы да түсіруге болады. Бүркіттің тым аш немес тоқ болуы
асқазын бұзып, денсаулығына зиян жеткізеді. Аңға салғанда да пейіәлді
болмайды. Сондықтан Асқазан кірлептей жем бергенде сөлін шығарып тастап, ақ-
жем қылып ,оған қан сеуіп беру арқылы етін қалыпты ұстаған жақсы. Мысалы:
Қан соқта, жылы –жұмсақ, қызыл, тоят деп аталатын жемдер семірту
мен түлекке отырғызғанда құстың еті төмендеп кететін кезде беріледі.
Тартпа, толарсақ дейтін жемдер бүркітті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректерді алғаш жинаған Италия саяхатшысы П.Карпини, итальяндық Марко Поланың, австриялық С.Герберштейнің, итальяндық И.И Новокамскийдің, орыс саяхатшысы П.И Рычковтың, орыс ғалымы П:С Паластың жазбалары жөнінде
Қазақстан балалар мен оқушы жастарға дене тәрбиесін берудің тұжырымдамасы
Ұлт ойындарын балалардың жас ерекшелігіне және қызығушылығына байланысты іріктей білуі
Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуда ұлттық ойынның маңызы
Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңі
Мұхамбет Салық Бабажанов еңбектеріндегі қазақ этнографиясы
Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі
Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
Қазақстанның XX ғасыр басындағы оқу ағарту ісі
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер