Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне саяси сараптама, жан-жақты талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Тарау. Қауіпсіздік және мүдде проблемаларын зерттеудің теоретико.методологиялық негіздері

1.1 Ұлттық мүдде ұғымы және ұлттық қауіпсіздіктің түсінігі мен деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің концептуалдық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІ. Тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің моделі

2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

2.2 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін ықтимал ішкі және сыртқы саяси қауіп.қатерлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
Жұмыстың өзектілігі. Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибедегі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә.
Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет[1].
ХХ ғасырдың соңы әлемдік саяси жүйеде ғаламдық өзгерістерге толы мезгіл болды. КСРО мемлекеті ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Социализм мен капитализм жүйелерінің текетіресі аяқталып, ол тарих еншісінде қалды. Әлемдік саяси жүйенің осылайша өзгеруі дүние жүзінің геосаяси құрылымын айтарлықтай шиеленістіріп жіберді. Биполярлы әлем көп полюстіге айналып кетті.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларына тап болды. Жас мемлекет өзінің ұлттық мүдделеріне жауап бере алатын сыртқы саяси бағыт пен қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға міндетті болды. Қоғамда әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге, сонымен қатар елдің дербес өмір сүруін қалыптастыру үшін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болды. Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында ұлттық қауіпсіздікті бірінші ұзақ мерзімді басымдық деп атауы кездейсоқтық емес.
1997жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындап берді. Жолдауда Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясы жарияланып, онда мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі бірінші орынға қойылды. Өйткені, ұлттық қауіпсіздік Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде оның территориялық тұтастығын, жалпы дамуын қамтамасыз ететін негіз болып табылды.
Осынау өтпелі кезеңде еліміз ұлттық мүдделерін жүзеге асырып және өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті, себебі әлемнің кез-келген мемлекетінің өмір сүруінің негізі оның ұлттық мүдделері және қауіпсіздігі екені баршаға аян. Дана халқымыз «Сақтықта қорлық жоқ»,- деп бекер айтпаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне саяси сараптама жасап, жан-жақты талдау болып табылады. Қазақстан егеменді ел ретінде әлемде өз орнын айқындады. Мемлекетіміз өзінің ұлттық мүдделерін, территориялық тұтастығын, Қазақстан халқының еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін ұлттық қауіпсіздік жүйесін құрды. Осыған байланысты дипломдық жұмыста еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің қалыптасу проблемаларын жан-жақты зерттеп, саяси сараптама жасау аталған жұмыстың мақсаты болып табылады.
1. «Қазақстан - 2030» стратегиясы. Алматы, 2007.
2. Нысанбаев А.Н. «Политология» Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
3. Бокаев С.О. «Реализация независимой политики и стратегии национальных интересов Республики Казакстан». Алматы, 2002.
4. Пархалин Т.Г. «Военная политика стран Западной Европы». – М., 1995.
5. Кирк Э. «Оборона, мир и политика бозопасности». Вашингтон, 2000.
6. Лезер И., Проектор Д. «Революция в политике безопасности». – М., 1992.
7. Нысанбаев А.Н. «Политология» Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
8. Сосновский А.А. «Национальная безопасность в современной американской политологии». – М., 1994.
9. Миронов А.В. «Политология». – М., 2001.
10. Гаджиев К.С. «Введение в геополитику». – М., 1996.
11. Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы». – Алматы: «Жеті Жарғы», 26 маусым 1998.
12. Копылов Г.К. «Информационная безопасность сегодня – проблемы правового регулирования. Государство и право». - №3 (14) 2004.
13. Стратегия обеспечения экономической безопасности Казахстана на 2001 – 2005 гг.
14. Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері». 7 қаңтар, 2005. №29 – III.
15. Бельков О.А. Понятийно – категориальный аппарат концепции национальной безопасности. // Безопасность. – 1994. - №4.
16. Федосеев С.Г. «Система военной безопасности Республики Казахстан». Алматы, 2003.
17. Жатканбаев Б.Е. «Приоритеты национальной безопасности в условиях глобализации». Алматы, «Қазақ Университеті», 2006.
18. Концепция экологической безопасности РК на 2004 – 2015 гг. // Казахстанская правда. – 2003. – 10 декабря.
19. Уолтц К. «Роль национального государства в обеспечении политической безопасности» // МЭМО. – 2002. №9.
20. Гали Д. «Региональные особенности формирования трудовых ресурсов в контексте национальной безопасности Казахстана» // Экономика и статистика: - 2003. - №1.
21. Уранхаев Н.Т. «Энергетическая безопасность: понятие, сущность и классификационные признаки». 2003.
22. Жатканбаев Б.Е. «Приоритеты национальной безопасности в условиях глобализации». Алматы, «Қазақ Университеті», 2006.
23. Аманжолов Ж.М. Международно – правовое обеспечение национальной безопасности Республики Казахстан. Диссертация на соискание ученой степени канд. юрид. наук. –М: МГИМО (у) МИД РФ, 2001.
24. Қазақстан Республикасының Заңы. 26 маусым 1998 ж. №233 – 1. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» // Егемен Қазақстан. – 1998. - №165.
25. Ожегов С.И. Словарь русского языка: 70000 слов / Под ред. Н.Ю. Шведовой. – 21 – е изд., перераб. и доп. – М.: Русский язык, 1989.
26. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы заң. Алматы, 1998.
27. Тажибаев Р.Х. «К вопросу обеспечения безопасности границ Республики Казахстан». 2003.
28. Назарбаев Н.А. «Тәуелсіздіктің бес жылы». Алматы, 1996.
29. Лаумулин М.Т. «Геополитика в Центральной Азии и безопасность РК». Алматы, 2003.
30. Лаумулин М.Т. Проблемы современной безопасности Казахстана. // Спектр. КИСИ. №1. 1998.
31. Назарбаев Н.А. «XXI ғасыр табалдырығында». Алматы, 1996.
32. Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы». 9 – 15 баптар.
33. «Айқын апта» газеті. «Ұлттық қауіпсіздік ұстыны». 3 сәуір, 2008.
34. Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы». 16-бап.
35. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, Э.С. Кривчикова. – 2 – е изд., - Москва: Международные отношения. 2005.
36. Мустафин Т.Т. «Политология». Алматы, 1993.
37. Нысанбаев А.Н., Абенов С.М. «Евразийская интеграционная политика в Республике Казахстан». Алматы, 1998.
38. Гыска А. Угрозы национальным интересам России: их социальная сущность и классификация // Управление риском. – 2000 г. - №1.
39. Илеуова Г.Т., Коновалов С.А., Туреханова Б.К. Жизненно – важные национальные интересы и иерархия угроз национальной безопасности Республики Казахстан // http: // www. unesco. kz. / ci /projects / omrc / pechbillosh / pubister 03. htm
40. Қарин Ерлан. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері». Алматы, 1999.
41. Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы».
42. Арын Е.М., Абенов Е.М. Стратегия в области внешней безопасности и оборонная политика РК // Саясат. – 1999 г. - №10.
43. Токаев К.К. «Под стягом независимости». Алматы, 1997.
44. Байтенова Н.Ж. «Проблема взаимоотношений государства и новых религиозных образований в контексте национальной безопасности». Алматы, 2007.
45. Балапанова А.С., Мушанова Р.М. «Нелегальная миграция как угроза национальной безопасности Республики Казахстан». Алматы, 2007.
46. Арын Е.М., Акишев А.А. «К вопросу о вызовах национальной безопасности Республики Казахстан». Алматы, 2007.
47. Иватова Л.М. «Взаимосвязь проблем национальной безопасности и устойчивого развития». Алматы, 2007.
48. Пухович Л. «Государственный язык и национальная идентификация как факторы обеспечения безопасности и стабильности Республики Казахстан». Алматы, 2006.
49. Ильясов Т.Т. «Рост коррупции как угроза национальной безопасности государства». Алматы, 2007.
50. Бұлұтай М. Демографиялық ахуалымыз: ойлар мен ұсыныстар / Ақиқат №4, 2003.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Тарау. Қауіпсіздік және мүдде проблемаларын зерттеудің
теоретико-методологиялық негіздері

1.1 Ұлттық мүдде ұғымы және ұлттық қауіпсіздіктің түсінігі мен
деңгейлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің концептуалдық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ. Тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің моделі

2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің негізгі
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .21

2.2 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін
ықтимал ішкі және сыртқы саяси қауіп-қатерлер
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .53

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибедегі
мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті
шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің
сақталуы тұрғанына куә.
Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде
қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет[1].
ХХ ғасырдың соңы әлемдік саяси жүйеде ғаламдық өзгерістерге толы
мезгіл болды. КСРО мемлекеті ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер
пайда болды. Социализм мен капитализм жүйелерінің текетіресі аяқталып, ол
тарих еншісінде қалды. Әлемдік саяси жүйенің осылайша өзгеруі дүние жүзінің
геосаяси құрылымын айтарлықтай шиеленістіріп жіберді. Биполярлы әлем көп
полюстіге айналып кетті.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларына тап болды. Жас мемлекет өзінің
ұлттық мүдделеріне жауап бере алатын сыртқы саяси бағыт пен қауіпсіздік
жүйесін қалыптастыруға міндетті болды. Қоғамда әлеуметтік-экономикалық
реформалар жүргізуге, сонымен қатар елдің дербес өмір сүруін қалыптастыру
үшін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болды.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда
тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-
2030 стратегиясында ұлттық қауіпсіздікті бірінші ұзақ мерзімді басымдық
деп атауы кездейсоқтық емес.
1997жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында еліміздің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттарын айқындап берді. Жолдауда Қазақстанның ұзақ
мерзімді даму стратегиясы жарияланып, онда мемлекетіміздің ұлттық
қауіпсіздігі бірінші орынға қойылды. Өйткені, ұлттық қауіпсіздік
Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде оның территориялық тұтастығын, жалпы
дамуын қамтамасыз ететін негіз болып табылды.
Осынау өтпелі кезеңде еліміз ұлттық мүдделерін жүзеге асырып және өз
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті, себебі әлемнің кез-келген
мемлекетінің өмір сүруінің негізі оның ұлттық мүдделері және қауіпсіздігі
екені баршаға аян. Дана халқымыз Сақтықта қорлық жоқ,- деп бекер
айтпаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне саяси
сараптама жасап, жан-жақты талдау болып табылады. Қазақстан егеменді ел
ретінде әлемде өз орнын айқындады. Мемлекетіміз өзінің ұлттық мүдделерін,
территориялық тұтастығын, Қазақстан халқының еркіндігі мен тәуелсіздігін
қорғауды қамтамасыз ететін ұлттық қауіпсіздік жүйесін құрды. Осыған
байланысты дипломдық жұмыста еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің қалыптасу
проблемаларын жан-жақты зерттеп, саяси сараптама жасау аталған жұмыстың
мақсаты болып табылады.
Мұндай мақсаттың қойылуы сәйкесінше зерттеудің міндеттерін анықтап
береді.
1. Қауіпсіздік және мүдде проблемаларын зерттеудің теоретико-
методологиялық негіздерін қарастыру.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің концептуалдық негіздеріне сараптама жасау.
3. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің моделін
зерттеу;
4. Нақты материал негізінде Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі механизмдерін
сараптау.
5. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін
ішкі және сыртқы саяси қауіп - қатерлерге саясаттанулық
сараптама жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі. Саяси үрдіс негізінде қарастырылатын,
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері және қауіпсіздігі.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі
және халықаралық қауіпсіздік жүйесін құрудағы Қазақстанның ролі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының ұлттық
мүдделері және қауіпсіздігі тақырыбы айтарлықтай деңгейде зерттелген.
Отандық авторлардың бұл тақырыпта жазған еңбектері біршама. Сонымен қатар,
шетелдік авторлардың да ұлттық қауіпсіздік тақырыбындағы зерттеулері
саясаттану ғылымында өз орнын алып отыр.
Аталған тақырыпта еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері;
Қазақстан Республикасы сенат төрағасы Қ. К. Тоқаевтың еңбектері жарық
көрген. Сондай-ақ, Қазақстандық авторлар Е. М. Арын, Л. К. Бакаев, Е. Т.
Қарин, Лаумулин М. Т, Л. М. Иватова, Е.Б.Жатқанбаев, А. А. Акишев,
Р.К.Кадыржанов, Е. М. Абен және шетелдік авторлар З.Бжезинский, Р.Арон,
Э.Кирк, П.А.Цыганков, Чжен Кок Фу, сияқты ғалымдар бұл тақырыпта, зерттеу
жүргізіп, еңбектер жазған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы, кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Тарау. Қауіпсіздік және мүдде проблемаларын зерттеудің теоретико-
методологиялық негіздері.

1.1 Ұлттық мүдде ұғымы және ұлттық қауіпсіздіктің түсінігі мен
деңгейлері.
Кеңестер Одағы мемлекетінің тарауы, дамудың әлеуметтік-экономикалық
және саяси моделінің ауысуы, басқарудың президенттік формасына және
екіпалаталық парламентке өту –бұл біздің еліміздің бүгінгі күнгі тарихының
маңызды оқиғалары. Аталған оқиғалардың осылайша өрбуі республикада
саясаттану ғылымы үшін маңызды түсінік - ұлттық мүдде ұғымының
өзектілігінің артуына әкеп соқты. Мүдде ұғымының мағынасы қазіргі кезде
оның бағалы мазмұнымен анықталады. Ұлттық мүдде ұғымының тек қана
идеологиялық жағы ғана емес, сонымен қатар прагматикалық жағы да бар. Бұл
дегеніміз – мемлекеттің өз алдына белгілі бір мақсаттарды қоюы және оны өз
уақытында орындауға қол жеткізу қабілеттілігі болып табылады.
Мемлекеттің нақты стратегиялық мақсаттары – бұл саяси элитаның
ротациясы (сыбайлас жемқорлықтың өсуіне қарсы күрес мақсатында); әскери
күшті иемдену, ішкі экономикалық қауіпсіздік және бәсекеге қабілеттілік.
Мемлекетте өз қызметінің нысаны болып табылатын стратегиялық мақсаттарды
шешу қабілеттілігінің бар болуы – ұлттық мүдде ұғымын анықтайды. Қазіргі
жағдайда ұлттық мүдде әрбір мемлекетте өзіндік өркениеттік таңдауға ие.
ТМД елдерінде Батыстық немесе Еуроазияшылдық тенденциялар байқалады.
Қазақстан үшін Еуразияшылдық сәйкес келеді, себебі бұл мемлекеттің
геосаяси орны және қазақ мемлекеттілігінің даму тарихымен ұштасып жатыр.
Жалпы алғанда ұлттық мүдде проблемасы белгілі бір талаптарға жауап
беруі тиіс. Бірінші – ол шынайы, әрі маңызды проблема ретінде қабылдануы
керек, өйткені ол мемлекеттіліктің тағдырын қарастырады. Екінші –
мемлекеттіліктің жаңа түрінің қалыптасуы дағдарыс ретінде емес, керісінше
халықтың еркіндігін, тәуелсіздігін және гүлденуін қамтамасыз ете алатын
жаңа типтегі мемлекеттің қайта өрлеуі деп қабылдануы тиіс. Үшінші – ұлттық
мүдделер қоғамның әлеуметтік проблемаларының шешілуін қамтамасыз етуі
керек. Осы арқылы мемлекеттің ішкі тұрақтылығына қол жетеді [2, б. 326-328]

Ұлттық мүдде проблемасы 100 жыл көлемінде талқыланып келе жатқан
мәселе. Бұл сұрақ қазіргі күнде де ең өзекті, сұрақтардың бірі болып отыр.
Көптеген теоретиктер ұлттық мүдделер ұғымын анықтағанда, оған ұлттық
қауіпсіздік категориясын қосып, соңғысына шешуші мән-мағына береді.
Кейіннен осы екі ұғым қосылып, бір мағына беретін болды. Алайда, мәселенің
байыбына бару үшін осы екі түсінікті ажырата білу керек.
Әртүрлі ғалымдар мүдделер иерархиясын өзінше құрды. Мысалы, Р.Осгуд
ұлттық тірі қалу және өзін-өзі сақтауұғымдарын ең бірінші орынға қойды.
Бұл ұғымдар онымен териториялық тұтастық, саяси қауіпсіздік және өмір сүріп
отырған сана режимді қолдау терминдерінде анықталды. Дж. Чейз АҚШ –ң ұлттық
мүдделерін келесі тәртіп бойынша орналастырды:
1) АҚШ –қа шабуыл жасайтын ықтимал агрессорларды базаларға
жібермеу;
2) Шет елдерде өзін-өзі басқару мен демократияны қолдап отыру;
3) Сауданы қорғау және дамыту;
4) Әлемде дұрыс күш балансын орнатуға әсер ету.
Осы екі мысалдан ұлттық мүдделердің ішкі және сыртқы саяси
бағыттарда қолданатынын анық көруге болады.
Ұлттық мүдде, саяси ғылымда ұлттың өзін-өзі сақтауда негізгі
мүдделерін қорғау және жан-жақты даму деп түсіндіріледі. Осылардың жүзеге
асырылуынан ұлттың болашақ тағдыры және әлемдік қауымдастықтағы орны
айқындалады.
Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделердің стратегиясы мемлекеттің
геосаяси, экономикалық, географиялық және басқа да шарттарын көрсетеді.
Оларға мыналарды жатқызуға болады: Республиканың мемлекеттің тұтастығы мен
тәуелсіздігін сақтау; халықаралық құқық принципі негізінде басқа
мемлекеттермен қарым-қатынасты дамыту; өзге елдермен қарама-қайшылықтар
пайда болған кезде, оларды шешу үшін әскери күштерді қолдануға жол бермеу;
ұжымдық қауіпсіздік және ұлттық күштер негізінде шабуылға тойтарыс беру,
икемділігін қолдану; азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтау;
экономиканың дамуын қамтамасыз ету және республиканың ғылыми-техникалық
потенциалын арттыру: [3].
Ұлттық қауіпсіздік ұлттық мүдделердің қорғалу дәрежесі мен жағдайын
сипаттайды. Ол мүдделердің үш деңгейі бар:
-мемлекеттік мүдделер;
-қоғамның мүдделері;
-тұлғаның мүдделері.
Қалай дегенмен, ұлттық мүдделер мемлекеттің ұлттық қауіп сіздігімен
тығыз байланысты. Себебі, геосаяси тұрғыда ұлттық қауіпсіздік ұлттық
мүдделерден келіп туындайды және өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделерді
білдіреді.
Қауіпсіздік проблемасын отандық саясаттану ғылымында өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Саясаттану ғылымы саяси процесс
контекстіндегі халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті зерттеуді өзінің
обьектісі ретінде қарастырады. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, қауіпсіздік
ең алғаш рет ХІІ ғасыр да қолданыла бастады және өзін кез-келген қауіп-
қатерден қорғалғанмын деп санайтын адам рухының бір қалыпты тыныш жағдайын
білдіретін болған.
Уақыт өте болып жатқан қоғамдық өзгерістерге байланысты бұл термин
біршама өзгеріске ұшырады. Ұлттық қауіпсіздік түсінігінің бүгінгі күні мән
мағынасы соғыстан кейінгі уақытта (60-50жж) жасалынды. Ұлттық
қауіпсіздіктің түсінігі мен деңгейлерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы
жағдайлары оның бостандығы, тәуелсіздігі, тұтастығы, мүдделері және ішкі
тұрақтылығы мен сырттан келеген шабуылдардың шынайы қауіп-қатерін жою деп
қарастырсақ, онда мұны қоғамдық өмірдің барлық сферасы мен деңгейлерін
қамтитын көп жоспарлы құбылыс деп айтуға болады. Жалпы айтсақ, ұлттық
қауіпсіздік тек қана мемлекеттің қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар
қоғамның және тұлғаның қауіпсіздігін де білдіреді.
Алғашында ұлттық қауіпсіздік, жеке адамның зорлығының дене
қауіпсіздігін қорғауды (ХVІ –ХVІІІғғ) кейіннен өзге мемлекеттен келетін
қауіп-қатерден қорғанумен байланыстырылады. Тек ХХ ғасырдаұлттық
қауіпсіздік экономикалық тәуелсіздік тарапынан болатын қауіп-қатерден
қорғануды, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды білдіретін
болды.
Ерте уақыттағы теорияларда ұлттық қауіпсіздік күзетшілдік рухта
түсіндіретін, яғни ұлттық шекараларды шынайы адамдармен қорғауы. Ал,
психологиялық жағынан қорқыныш сезімінен қорғауды білдірді. Ұлттық
қауіпсіздікке деген бүгінгі күнгі көзқарастар оны жеке тұлғаның, қоғамның,
қауіпсіздігімен мемлекеттік және халықаралық қауіпсіздік пен
байлыаныстырады. Ішкі саясатта ұлттық қауіпсіздік заңдарды қатал сақтаумен,
адамдарды, әлеуметтік қорғаумен, құқық және еркіндікке кепілдік берумен,
меншікке қол сұғылмаумен, қарама-қайшылықтарды саяси және бейбіт жолдар
арқылы шешілумен қамтамасыз етіледі.
Ресейлік саясаттану сөздігінің логикасына сүйенсек, ұлттық
қауіпсіздіктің анықтамасы былайша анықталады: Ұлттық қауіпсіздік тұлға мен
қоғамның өмір сүруі және дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың
жағдайын қарастыратын, саяси ғылымның категориясы. Ұлттық қауіпсіздік
деген түсініктің өзін ең бірінші рет 1904 жылы АҚШ президенті Т.Рузвельт
АҚШ конгресіне деген үндеуінде пайдаланған. Бұл үндеуде ол Панам каналы
аймағының қосылуын ұлттық қауіпсіздік мүддесінен шығып отырғанын
дәлелдеген. Одан кейінгі жылдары бұл проблема Американдық
саясаттанушылардың зерттеулерінде ең басты мәселеге айналды. Осыған орай
1947 жылы АҚШ-та ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылданса, 1994 жылы АҚШ
қауіпсіздік стратегиясын белгіледі. Американдық авторлар ұлттық
қауіпсіздік түсінігінің пайда болуын ұлттық мүдделер теориясынан көреді.
Бұл ұғымды әлеуметтанушы У.Липпман ұсынды.
Зерттеулердің көбісі ұлттық қауіпсіздікті күш арқылы анықтайды,
яғни бір мемлекеттің екінші бір мемлекеттен күшінің басым болуы, немесе
мемлекеттердің қарым-қатынасы жағынан анықтайды, яғни халықаралық
қатынастың бүкіл жүйесін дамытуға жақсы жағдай туғызу. Ұлттық қауіпсіздік
проблемасы бойынша ең танымал авторлар мыналар: Б.Броуди, М.Гальпери,
Г.Кан, Г.Киссинджер, Г.Ласвелл, Г.Моргентал, Дж.Шлессингер және т.б.
Қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздік проблемасы стратегиялық сараптама
мектебінің зерттеу қызметінде орталық мәселе болып отыр.
Ұлттық қауіпсіздікте қауіпсіздіктің үш деңгейі бөлініп көрсетіледі;
тұлға, қоғам және мемлекет қауіпсіздігі. Олардың орны мен ролі динамикалық
және қоғамдық қатынастардың жағдайымен саяси құрылысымен ішкі және сыртқы
қауіп-қатерлердің дәрежесімен анықталады.
Ұлт үшін қиын уақытта қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігі басым
болады. әсіресе авторитарлық және тоталитарлық режимдер әрдайым осындай
қиын жағдайды ойлап табады да, ең бірінші орынға тұлғаның қауіпсіздігі
арқасында мемлекет қауіпсіздігін қояды. Демократиялық қоғамдар үшін ең
алдымен тұлғаның еркіндігі мен қауіпсіздігі бағалы. Демократиялық қоғамдар
үшін мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігі мақсат болып табылмайды,
керісінше тұлғаның еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін функция
ғана болып табылады.
Мемлекеттің қауіпсіздігі басқаруідың тиімді механизмінің бар
болуымен және саяси күштер мен қоғамдық топтардың іс-әрекетін реттеумен
жүзеге асырылады. Қоғамның қауіпсіздігі қоғамдық институттардың,
нормалардың, халықтың барлық топтарының құқығы мен еркіндігін жүзеге
асыруды және қоғамды қақ жаруға апаратын іс-әрекеттерге қарсы тұра алатын
қоғамдық сананың дамыған формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Тұлғаның қауіпсіздігі оның әлеуметтік маңызы бар қабілеті мен қажеттілігін
дамытып және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін комплекстік құқықтық
нормалардың қоғамдық институттармен ұғымдардың қалыптасуынан тұрады.
Сонымен қатар тұлға қауіпсіздігі қоғам және мемлекет тарапынан қарсы іс-
әрекеттерді көрмеуі тиіс.
Мазмұнды жоспар тұрғысынан ұлттық қауіпсіздіктің әртүрлі бағыттары,
құрылымдық элементтері бөлініп шығады. Ең алдымен оған мыналар жатады;
саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, ақпараттық, әлеуметтік
қауіпсіздіктер. Әр мемлекетте ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздік доктриалды
жоспар негізінде түсінеді. Англияда - а) территорияға қол сұғылмаушылықты
сақтау; б) қарсы тұру мақсатына жауап бере алатын қарулы күштердің жоғары
деңгейін қолдау; в) колонияларды қорғау; Францияда - а) территориялық
тұтастықты қамтамасыз ету; б) саяси және экономикалық қауіпсіздікті қолдап
отыру; в) әлемдегі белгілі бір ролді сақтау; г) мемлекетте бар саяси күшті
қорғау [4, б.13].
Ғылымды дамыту жөніндегі Американдық ассоциацияның ғалымдары
қауіпсіздіктің екі түрлі мән мағынасын бөліп көрсетеді, тар мағынасында –
территориялық шекараларды, халықты және саяси жүйені қорғау; кең
мағынасында – мемлекеттің гүлденуін және оның азаматтарын қорғау. Әйтесе
де, қауіпсіздік деңгейлерінің өсуі байқалып отыр; 1) локальды, 2) ұлттық
немесе мемлекеттік , 3) аймақтық, 4) халықаралық, 5) жаһандық.
Қауіпсіздіктің жалпы анықтамасын Э.Кирк ұсынады. Оның ойынша Әрбір
мемлекеттің қауіпсіздігі оның халықының өмір сүруінің жақсы деңгейін қолдап
отыру шегіне тәуелді және де мемлекет аталған шарттарды болашақ жас буынға
қалдырып отыру керек. Бұл көзқарастың одан әрі дамуында басқа теоретик
Б.Бузан қауіпсіздікті типтері бойынша анықтады; әскери қарулы күреске деген
мүмкіндіктер жиынтығы және мемлекеттердің бір-бірінің ой мақсатын
қабылдауы; саяси мемлекеттің, басқару жүйесінің және идеологияның
тұрақтылығы; экономикалық ресурстарға қарсы және рынокқа жолдың ашық болуы;
қоғамдық тілдің, мәдениеттің, салттың дәстүрлі моделін сақтау. Сонымен
қатар діни және ұлттық шынайылықты, қоршаған ортаны қорғау[5, б.6].
КСРО мемлекеті тұсында ұлттық қауіпсіздік түсінігі өз қолданысын
таппады. 1990 ж. басында ғана ең алғашқы кітаптар мен мақалалар шыға
бастады. Ресейде және ТМД елдерінде ұлттық қауіпсіздік проблемасының
теоретикалық жағдайы қалыптасу үстінде болды. Жан-жақты және масштабты
кеңестік анықтама; ұлттық қауіпсіздік – бұл ішкі және сыртқы қауіп-
қатерлерден қорғану, сырттан келетін кереғар әсерлерге төтеп беру, қоғамның
және азаматтардың жан-жақты дамуына кепілдік бере алатын мемлекеттің ішкі
және сыртқы жағдайларын қамтамасыз ету. Осы жерден қорғалатын екі негізгі
факторды көруге болады. Сыртқы қауіп-қатерден әскеои жарақты күшейту арқылы
қорғану және ішкі тұрақтылық яғни, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің
қауіпсіздігімен теңбе-тең. Бұл жайлы ғасырлар бұрын Макиавелли мен Гоббс
жазып кеткен. Цыганковтардың ойы бойынша ұлттық қауіпсіздік жеке бір
мемлекет азаматтарының аман қалуымен ғана емес, сонымен қатар тұрақты
көбеюді қамтамасыз етумен байланысты.
Ұлттық қауіпсіздік, біріншіден - территориялық тұтастыққа
байланысты проблема, екіншіден – көрші аймақта басым болып отырған саяси
күштердің қарым-қатынасы, көшбасшылардың симпатиялары мен антипатиялары;
үшіншіден – экономикалық байланыстардың, кедендік келісімдердің пайдалы,
пайдасы аз, пайдасыз нұсқаларымен келісу және келіспеу. Ұлттық қауіпсіздік
теориясы саяси ғылымның ерекше бөлімі ретінде саясаттанудың қалыптасуымен
айқындалып келе жатыр. (ТМД елдерінде)
30 жыл бұрын А. Волферс өзінің Разногласия сотрудничество атты
кітабында ұлттық қауіпсіздікті анық емес символ деп қарастырды оның
ойынша бұл ұғымның белгіленген, анық мән-мағынасы жоқ. А. Буханның ойынша
қауіпсіздік – бұл көп мағынасы бар сөз.
Ұлттық қауіпсіздікті ішкі ұлтқа яғни елге мемлекетке сырттан қауіп-
қатердің төнуі ретінде анықталады. Халықаралық қауіпсіздік бүгінгі күні
тікелей мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне тәуелді. Қазіргі әлемнің дамуы мен
жаһандық проблемаларға байланысты ұлттық қауіпсіздік көп нәрсені қамту
керек. қоғам ашық болуы керек, мемлекеттік егеменділік жұмсақ, ал ұлттық
қауіпсіздік компромисті болу керек. жаһандану өзімен бірге тағы бір ұлттық
қауіпсіздіктің халықаралық жан-жақты өлшемі – адам құқығын алып келді.
Ұлттық қауіпсіздік қорғаныс жағдайы ретінде – бұл сөзсіз синхрония статика
секілді. Әйткенмен біздің алдымызда ол – динамика, үрдіс. Тек қана алыстан
еске түсіретін статика – бұл стратегиялық тұрақтылық олсыз ұлттық
қауіпсіздік болмайды.
Қауіпсіздік әлеуметтік өмірдің қиында көпжоспарлы құбылысы болып
табылады. Қауіпсіздікті обьектілік және пәндік сфералары бойынша бөліп
көрсетуге болады. Қорғаныстың обьектісіне байланысты былайша бөлінеді;
- Тұлғаның қауіпсіздігі, тұлғаның құқығы мен еркіндігін қамтиды;
- Қоғамның қауіпсіздігі, яғни материалдық және рухани құндылықтар;

- Мемлекеттің қауіпсіздігі – оның конституциялық құрылымы,
егемендік және территориялық тұтастығы.
Пәндік сфера тұрғысынан қарасақ, қауіпсіздікті қоғамдық
мемлекеттік, техникалық, экологиялық және т.б. деп қарастыруға
болады. Қауіпсіздікті бұзатын көптеген факторлар бар. Оларды төрт
негізгі топтарға бөлуге болады;
1) Әлеуметтік - саяси факторлар (адамдардың саналы іс-әрекеті)
ауқымды, үлкен тәртіпсіздіктер, ұлтаралық қақтығыстар, шерулер,
терроризм, ұйымдасқан қылмыс, конституциялық құрылыстың өзгеруі,
диверсиялар, соғыстар;
2) Техногендік факторлар - өндірістік апаттар, транспорттық
апаттар, жарылыстар, өрттер, химиялық қауіпті заттардың
тасталуы, радиоактивті заттардың тасталуы, судың, ауаның және
жер бедерінің ластануы, ас-тағам өнімдерінің зиянды заттармен
ластануы;
3) Табиғи факторлар;
4) Биологиялық факторлар;

Әлеуметтік - саяси, техногендік, табиғи, биологиялық фактролардың
немесе олардың жиынтығының әсері нәтижесінде тұлға, қоғам және мемлекеттің
өмірлік маңызы бар мүдде қауіпсіздігі үшін қауіп-қатер туындайды.
Мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның негізгі өмірлік маңызы бар мүдделеріне
мыналарды жатқызуға болады: мемлекеттік тұтастықпен және мемлекеттің
тәуелсіздігін сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін, материалдық және рухани
құндылықтарын қамтамасыз ету, конфликтілерді шешу үшін әскери күшті
қолдануға жол бермеу, экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету,
қоғамның, мемлекеттің және азаматтың тіршілік етуіне дұрыс жағдай жасап
қолдау.
Ұлттық қауіпсіздіктің көптеген анықтамалары оның обьектісі мен
мақсаты сұрақтарын ашып берді. Мысалы, А.Уолферс ұлттық тәуелсіздік пен
территроиялық тұтастықты мемлекеттің минимальды негізгі құндылықтары
ретінде анықтады. Бірақ, ол сонымен қатар екі мүмкін жолдан таюды
көрсетеді; 1) Кейбір мемлекеттердің, әсіресе әлемдік державалардың
маргиналдық құндылықтарды қорғауға ұмтылуы. Аталған қорғау негізгі
құндылықтардың минимумнан кеңеюіне әкеп соғады. 2) Кейбір мемлекеттер
өзінің минимальді негізгі құндылықтарын қорғауы үшін аз ғана тырысыуы.
Ф.Грегер мен Ф.Симонидің айтуынша, ұлттық қауіпсіздіктің ең негізгі
мақсаты белгілі ұлттық құндылықтарды қорғау және қарастыру болып табылады.
Олар негізгі құндылық ретінде халықтың тірі қалуын, территроиялық
тұтастықты және мемлекеттің саяси тәуелсіздігін анықтады және осы
құндылықтар қорғалуы тиіс.
Мемлекет ұлттық қауіпсіздіктің мақсаты болып табылады, ал қауіп-
қатер халықаралық жағдайдан келіп туындайды. Себебі ұлттық қауіпсіздік
сыртқы қауіп-қатер негізінде қалыптасуы керек. Негізінен мемлекеттің
бағытталған ішкі қауіп-қатерден айырмашылығы, сыртқы қауіп-қатерлер
мемлекеттің барлық компоненттеріне бағытталуы мүмкін – ұйымдастырылуына,
идеологиясына, физикалық базасына және мемлекеттің егеменділігіне.
ХХІ ғ. қауіпсіздік саясатының дамуы 4 шартты ұстануы керек:

-мемлекеттің қауіпсіздігі тек қана оның әскери күшімен ғана емес,
ең алдымен оның саналы саясатымен, экономикалық, ғылыми-техникалық
және гуманитарлық дамуымен қамтамасыз етіледі;
- адам-азамат, оның құқығының, жетістіктерінің, әлеуметтік жақсы
өмір сүруінің және қанағаттарын қамтамасыз ету- мемлекет
қауіпсіздігінің негізі;
- шынайы қауіпсіздік әріптестік болған кезде ғана жүзеге асады.
Халықтар мен мемлекеттердің достастығы, олардың халықаралық және
әлемдік қауымдастыққа өз еркімен интеграциялануы қауіпсіздікті
күшейтеді;
- қауіпсіздік үшін ең қорқыныштысы – биліктегі араға түсушілік.
Ақылды адамдар ғана ақылды билік жүргізе алады [6, б.36].

Ұлттық қауіпсіздіктің объектісі – мемлекетті сақтау болып табылады.
Саясаттың ең жоғары мақсаты – қоғамынң, оның құрылымы мен институттарының
тұрақты, жақсы дамуы үшін жағдай жасау.
Ұлттық қауіпсіздік түсінігі оның бүгінгі күнгі ғылыми және саяси
мән-мағынасында геосаясатқа бағытталады. Бұл түсінік ұлттық мүдде, күш
және күштер балансы сияқты ұғымдармен қатар негізгі категория болып отыр.
Сайып келгенде, мемлекеттің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне оның
азаматтарының қызығушылық қызметі, сонымен қатар олардың шынайы патриотизмі
кепіл бола алады. Қаізргі кезде мемлекет- өз алдына құндылық емес, қоғамның
қолындағы құрал болып табылады. Сондықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
объектілер болып тұлға, қоғам, мемлекет табылады.
Ұлттық қауіпсіздік кез-келген мемлекет үшін былайша анықталады:
біріншіден, қоғамның қауіп-қатерлерімен олардың салдарын қайтаруға,
болдырмауға дайын болуы; екіншіден, пайда болған қауіп-қатерлерге стратегия
және құралдар арқылы комплекстік жауап беру; үшіншіден, ақпаратты жинау
және бағалау арқылы қауіпсіздік стратегиясын жасап шығару; төртіншіден,
қауіп-қатерді қайтару үшін ең дұрыс стратегияны анықтау және қауіптің
дкңгейін төмендету; бесіншіден, қоғамның өміршеңдігін қолдау және арттыру
[7, б. 327].

1.2 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
концептуалдық негіздері.

Қазақстан Республикасының ұлттық қаупсіздігін қамтамасыз етудің
концептуалдық негіздерін айтпай тұрып, ең алдымен жалпы ұлттық
қауіпсіздіктің концепциясын қарап өтейік. Осы жерде Х. Хафтендорнның
қауіпсіздікке байланысты берген анықтамасын қоса кеткім келіп отыр. Оның
айтуынша, қауіпсіздік- бұл жүйенің құндылықтары және оған деген қауіп-
қатерлердің болмауын ұзақмерзімді қолдау. Американдық саясаттанудың соңғы
жетістіктерінің бірі – ұлттық қауіпсіздік концепциясын қауіпсіздік
парадигмасының бөлігі екені туралы қорытындыға келуі және ұлттық
қауіпсіздік концепциясын бөлек емес, оның жалпы (немесе жаһанды)
қауіпсіздік жағына қарай дамуын қарастыру керек [8, б.4-5].
Ұлттық қауіпсіздік концепциясы – бұл ұлттық мүдделердің пирамидалық
балансының жалпыланған немесе теоретикалық көрінісі болып табылады. Ұлттық
қауіпсіздіктің нормативті концепциясының негізгі мазмұны:
- мемлекеттің бірлігін және тұтастығын қорғау;
- алдын-ала ұзақ мерзімге бағытталған демографиялық және
экологиялық саясатты жүргізу;
- әлемдік нарықтың мүмкіндіктерін ескере отырып, ұлттық
экономиканың тиімділігін қамтамасыз ету,
- әлеуметтік –саяси және мәдени өзін-өзі анықтау өзара тығыз
байланысты. Бұл екеуі, сонымен қатар бір бүтінді құрайды.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қауіпсіздіктің барлық негізгі
сфераларында өзінің басты проблемалары болады.
Әскери салада – ол ядролық соғыстан бас тарту, ғарыштың
демилитаризациясы , ядролық және химиялық қару-жарақты жою, қарапайым
қарулардың санын азайту, әскери шығындарды кеміту. Саяси салада - әрбір
халықтың өзінің әлеуметтік және саяси таңдау еркіндігін құқықтық жағынан
қамтамасыз ету, әлемдік дағдарыстар мен аймақтық қақтығыстырды әділетті
түрде саяси реттеу, мемлекеттер арасындағы сенімдестікті күшейту.
Экономикалық салада – дискриминацияның кез-келген формаларынан бас тарту,
жаңа экономикалық тәртіпті орнату. Экологиялық салада – қоршаған ортаның
ластануының артуымен күресте барлық мемлекеттердің күш –жігерін біріктіру,
экологиялық таза, қалдықсыз технологиялар мен өндірісті дамыту, жер шарының
озондық қабатын сақтау. Гуманитарлық бағытта – мәдениет, ғылым, өнер, білім
және медицина салаларында халықаралық әріптестікті кеңейту, адамның саяси
және басқа да құқықтарын сақтау [9, б.189].
Ұлттық қауіпсіздік концепциясы сыртқы саяси және геосаяси
концепциялар сияқты ұлттық мүдделер концепциясынан келіп туындайды. Ұлттық
қауіпсіздік концепциясы сырттан келетін қауіп-қатерлер мен мемлекетті
әлсіздендіруге немесе бағындыруға байланысты талпыныстарды ескере отырып
құрылады. Сонымен қатар, бұл концепция қоғамның қал- ахуалымен байланысты
ішкі қауіп-қатерлерді де ескере отырып құрылады.
Ұлттық қауіпсіздік концепциясы ең алдымен сыртқы бағытты қамтыды
және бұл мағынада оның басты конструкциялары – сыртқы саяси стратегия ,
дипломатиялық практика, әскери-саяси платформа мен оның әскери-күштік
қамтамасыз етілуі болды. Ұлттық қауіпсіздік концепциясын дайындаудағы ең
бірінші шарт – бұл бүкіл әлемдегі ұлттық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздіктің
универсалды, жалпымойындалған компоненттері және стандарттарын ескеру.
Оларға мыналар жатады: қазіргі әлемде мемлекеттің орны мен ролін жан-жақты
күшейту; ұлттық мүдделерді, мемлекеттің мақсаттары мен басымдықтарын
қорғау; экономикалық, саяси және әскери-саяси егемендікті, мемлекеттің
территориялық тұтастығы мен шекараларының қолсұғылмауын сақтау және
қамтамасыз ету; мемлекеттің барлық азаматтарының құқықтарын, еркіндігін, ар-
ожданын және материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілуін қорғау;
мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері тарайтын аймақтар мен елдерді,
ұлттық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздіктің шынайы және ықтимал қауіп-
қатерлерін белгілеу.
Ұлттық қауіпсіздік концепцияларының негізгі параметрлері мемлекет
стратегиясының базалық ережелеріне байланысты [10, б.350-360].
Енді тікелей Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің концептуалдық негіздеріне тоқталсақ. Бұл нәрсені біз,
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан- 2030
стратегиясына, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы
заңына, Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауына, 2007-2012
жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына сүйене отырып
қарастырамыз. Ұлттық қауіпсіздік концепциясына жоғарыда аталған заңда
мынандай анықтама берілген. Ұлттық қауіпсіздік концепциясы – тұлға мен
азаматтардың конституциялық құқықтарын, қазақстандық қоғамның
құндылықтарын, негізгі мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ететін
көзқарастар мен іс- шаралардың ресми қабылданған жүйесі [11]. Сонымен
қатар, аталған заң ұлттық қауіпсіздік түсінігіне оның негізгі бағыттарын
қосады. Олар: экономикалық, экологиялық, қоғамдық, ақпараттық, әскери,
саяси қауіпсіздік және т.б. Қауіпсіздіктің бұл барлық түрлері бір-бірімен
өзара байланысты. Бұлардың әрқайсысының қамтамасыз етілуі мемлекет үшін де,
қоғам және тұлға үшін де маңызы зор.
Ұлттық қауіпсіздік жүйесінде ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы арта
түсуде. Бұл ақпараттың саяси, экономикалық, әскери және мәдени үрдістерге
ықпалымен байланысты болып отыр.
Есептеу техникасының, байланыс құралдарының және коммуникациялардың
жедел дамуы трансшекаралық ақпараттық виртуалды кеңістіктің қалыптасып,
дамуына ғажайып мүмкіндіктер тудырды. Жалпы компьютеризация, ақпараттық
технологиялардың жедел дамуы – бизнестің, өнеркәсіптің, білім саласындағы
ғылыми зерттеулердің және қоғамның әлеуметтік өмірінң революциялық түрде
қайта жаңаруына әкеп соқты.
Ақпарат бағасы жағынан шикізат және өнеркәсіптік тауарлар бағасынан,
кейбір кезде 100 есе қымбат тұратын негізгі тауарға айналды. ХХІ ғасырдың
ұраны – интеллектуалдық бәсекелестік.
Бүгінгі күні мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның, коммерциялық және
басқа да құрылымдардың қауіпсіздігіне ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы
шынайы қауіп-қатер төніп отыр. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақпараттық
қару қазіргі кезде кең қолданысқа ие. Бұл бірнеше факторлармен
түсіндіріледі: ақпараттық- техникалық төңкеріспен, ақпараттық соғыстардың
барынша тиімділігімен, ақпараттық қарудың белгілі арзандығымен және т. б.
Ақпараттық қауіп-қатерлер ХХІ ғасырда кез-келген қоғам мен
мемлекетке зиян тигізетін көрінбейтін қару болып отыр. Заңда ақпараттық
қауіпсіздік деп тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ақпараттық мүдделерін
қорғау жағдайын айтқан. Ақпараттық қауіпсіздік барлық субъектілердің
мүдделерін қамтиды: мемлекет, қоғам және жеке тұлға. Осылардың мүдделері
өзара тығыз байланысты және өзара тәуелді. Ақпараттық қауіп-қатерлер
жоғарыда айтып өткендей, ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды болып тұр. Оған
дәеле ретінде, соңғы кезде әлемде ақпараттық соғыстардың өріс алуын
келтіруге болады. Бұл ақпараттық соғыстар Ирактағы, Шешенстандағы қарулы
қақтығыстарға әкеп соқты. Ақпараттық қару, сонымен қатар экономикалық
салада жиі қолданылып жүр. Бұған әлемдік қаржылық конъюнктураға әсер еткен
Қытай мен АҚШ-тың ақпараттық – қаржылық күресін мысалға келтіруге болады.
Теоретикалық жағынан, құқықтық ғылымда ақпараттық қауіпсіздік үш негізгі
түрге бөлінеді: тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі, қоғамның ақпараттық
қауіпсіздігі және мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі. Жалпы алғанда,
ақпараттық қауіп-қатерлерді техникалық және идеологиялық деп бөлуге болады.
Өз кезегінде бұл екеуінде сыртқы және ішкі деп классификациялауға болады.
Сыртқы қауіп-қатерлерге өзге мемлекеттердің және мемлекетаралық
бірлестіктердің әр түрлі қызметін, сонымен қатар өзге саяси, экономикалық,
әскери және ақпараттық құрылымдардың қызметін жатқызуға болады. Ішкі қауіп-
қатерлерге – отандық ұйымдар мен жеке тұлғалардың қызметтері жатады.
Екеуінің де қызметтерінің мақсаты – қоғам мен мемлекеттің ақпараттық
мүдделері, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық құқығы мен еркіндігі
болып табылады.
Техникалық қауіп-қатерлер дегеніміз – ол ақпараттық технологиялардың
әртүрлі түрін қолдану және жабық ақпараттарға өзге де жолмен қол жеткізу,
сонымен қатар ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердің қалыпты жұмыс
істеуін бұзу мақсатында ақпараттық технологияларды қолдану. Техникалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекет үшін де, әртүрлі қаржылық құрылымдар
үшін де салмақты тапсырма болып отыр[12]. АҚШ пен Батыс Еуропа ұйымдарының
17 % - ы IT –бюджеттің 110 бөлігін ақпараттық қауіпсіздікке бөледі.
Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікке байланысты екі түрлі проблема бар. 1)
Киберқылмыс және кибербандитизм. 2) IT – рыноктың әлсіз дамуы. Ақпараттық
қауіп-қатерлердің мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар үшін үлкен
проблемаға айналғанын бүкіл әлем мойындап отыр.
Социологиялық экспресс – сұрақтың нәтижелеріне сүйенсек,
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым бағыттары бойынша
былай орналасқан: Экономикалық (49,3%), саяси (39,3%), әлеуметтік (35,3%),
әскери (27,7%), экологиялық (20,7%). Экономикалық қауіпсіздіктің басымдығын
дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр.
Дамыған елдерде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету –
мемлекеттік саясаттың басям бағыты болып табылады. Себебі экономикалық
қауіпсіздік мына деңгейлерде сөзсіз кепілдік ретінде қабылданған: сыртқы
саясатта – мемлекеттің егемендігі; ішкі саясатта – қоғамның әлеуметтік-
саяси тұрақтылығы.
Ұлттық қауіпсіздіктің барлық түрлері экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етпейінше жеткілікті дәрежеде жүзеге аса алмайды. Мысалы, әлсіз
экономика жағдайында, әскери, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мүмкін емес.
Экономикалық қауіпсіздік –бұл ұлттық мүдделерді сыртқы және ішкі
қауіп-қатерлерден қорғау, тұлғаның, мемлекеттің және қоғамның тұрақты
дамуын қамтамасыз ету. Американдық мамандардың ойынша, экономикалық
қауіпсіздік кем дегенде екі түрлі сиротқа жауап беруі тиіс: 1) мемлекеттің
экономикалық егемендігін сақтау; 2) халықтың өмір сүру деңгейін сақтау
мүмкіндігі және оны әрі қарай көтеру.
Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделер сферасына мыналар кіреді:
- Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
- Әлемдік экономикалық жүйеден Қазақстанның бөлініп қалуына жол
бермеу;
- Мемлекет экономикасының ресурстық – энергетикалық негіздерін
сақтау және күшейту;
- Мемлекет экономикасының аз қамтамасыз етілу дәрежесін барынша
азайту;
- Отандың және халықаралық қаржылық институттармен өзара пайдалы
әріптестікті қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы кредиттік
ресурстармен инвестициялық мүмкіндіктерді отандық экономиканың
қайта қалыптасуына және дамуына бағыттау басымдығы;
- Мемлекеттік бюджеттің тапшылық деңгейін белгілі нормадан асырмау
және оның кіріс бөлігін күшейту;
- Бюджеттік құралдармен мемлекеттік ресурстардың мақсатсыз
пайдалануына жол бермеу;
- Республикалық бюджет туралы заңда көрсетілген мөлшерде сыртқы
қарыздың артуына жол бермеу;
- Қазақстан Республикасы аймақтарының әлеуметтік-экономикалық
дамуында қауіп төндіретін дисбаланс пен дифференциацияға жол
бермеу;
- Бәсекелестікті қолдау мен монополизмді шектеу негізінде мемлекет
экономикасында қазақстандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру;

- Сыртқы және ішкі қарыздардың мөлшерін азайту;
- Негізгі стратегиялық кәсіпорындарды трансұлттық компаниялармен
шетелдік мемлекеттердің қолдарына өтуін төмендету;
- Қазақстан азаматтары үшін жоғары табысты жұмыс орындарын
дайындау;
- Елдегі өнімдерді қайта өңдеу деңгейін арттыру;
- Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- Экономикалық потенциал, территория және халықтың табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану жүйесін одан
әрі дамыту [13].
Ұлттық қауіпсіздіктің тағы бір маңызды бағыттарының бірі әскери
қауіпсіздік. Әскери қауіпсіздік кез-келген мемлекттің қорғаныс қабілетін
айқындайтын нәрсе. Әскери қауіпсіздік түсінігінің мазмұнын мағынасы
бойынша оған қарама-қарсы әскери қауіп түсінігі көмегімен түсіндіруге
болады. Әскери қауіп түсінігіне Қазақстан Республикасы қорғанысы және
қарулы күштері туралы атты заңында (7 қаңтар, 2007ж) мынандай анықтама
берілген [14]. Әскери саяси қатынас жағдайында қандай да бір субьектінің
саяси және басқа да мақсаттарға жету үшін Қазақстан Республикасына қарсы
әскери зорлық тәсілдерін қолдану мүмкіншілігін болжайтын, тұрақсыздық
факторы. Осы жағдайда әскери қауіпсіздік сферасына қарулы көтеріліс,
қарақшылық, тероризм және басқа да қауіп-қатерлерді жатқызуға болады [15,
б.93].
Жас мемлекеттердегі оның ішінде Қазақстан Республикасындағы
мемлекетшіліктің қалыптасу, даму үрдісінің ерекшеліктерін ескере отырып,
мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары деп
мыналарды есептеу керек:
1. Әскери қауіпсіздік жүйесін, оны жалпы әлемдік және аймақтық
қауіпсіздік жүйесіне интеграцияландыру арқылы қалыптастыру
және дамыту.
2. Әскери қауіпсіздік құрылымдары үшін кадрларды даярлау.
3. Әскери қауіпсіздіктің материалды базасын жасақтау.

Қазақстан Республикасының әскери доктринасында әскери қауіпсіздікке
юылайша анықтама беріледі: Территорияны, егемендікті, экономиканы,
мемлекеттік институттарды, мемлекет азаматтарын әскери қауіп-қатерлерден
қорғау, агрессияны және әскери қақтығыстарды болдырмау.
Әскери қауіпсіздіктің сыртқы және ішкі объектілері бар. Әскери
қауіпсіздіктің сыртқы объектісі – бұл сырттан келетін әскери күшке төтеп
беру немесе қарсы іс-әрекет ету. Әскери қауіпсіздіктің ішкі объектісі –бұл
тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің әскери қауіп-қатерлерге қарсы тұру
дайындығын қолдау бойынша іс-шаралар жүйесін қамтиды.
Мемлекеттің әскери ұйымдасуының негізі қарулы күштер болған, бола
береді де. Олар Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
етуде маңызды роль ойнайды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
маңызды тапсырмасы – төменгі және орта дәрежедегі қақтығыстарды болдырмау.
Қазақстан Республикасы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері:
1) Өзге мемлекеттердің егемендігін, мемлекеттің шекараларының
бұзылмауын, территориялық тұтастығын сыйлау және олардың
ішкі істеріне араласпау;
2) Әскери саладағы сенім шаралары мен ашықтықты күшейту.
3) Халықаралық қарама-қайшылықтарды бейбіт түрде реттеу;
4) Халықаралық міндеттемелерді сақтау және келісім шарттардың
мақсаттарына жетуге атсалысу;
5) Өзара пайдалы әріптестікпен түсіністік негізінде барлық
мемлекеттермен достық қарым-қатынасты қолдап отыру;
6) Әскери жанжалдарды болдырмау үшін, бейбіт өмірді қолдап,
әрі қалпына келтіру үшін жаһандық және айақтық қауіпсіздік
жүйелерін құруға қатысу [16, б.7].
Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі
ретінде мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып
табылады және тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызы бар
мүдделерінің қорғалу жағдайын сипаттайды [17, б.164].
Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін негізгі
факторларға табиғи байлықтардың экстенсивті пайдаланылуын, Қазақстан
экономикасы салаларының ресурстық-шикізаттық бағытталуын, өндіруші және
қайта өңдеуші кәсіпорындардың экстермалды техногендік салмақ түсірулерін
жатқызуға болады.
Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне үлкен әсер ететін факторлар:
экстенсивті түрде ауылшарушылық жерлерін пайдалану, өндіріс қалдықтары,
Арал теңізінің құрғауы, Каспий теңізі шельфон интенсивті түрде игеру және
т.б.
Қазіргі таңда экологиялық проблемаларды шешу өзекті мәселе болып
отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 2004-2015 жж. арналған
экологиялық қауіпсіздік концепциясы қабылданды. Ол үш этап негізінде жүзеге
асады: [18].
-бірінші этап (2004-2007жж) – қоршаған ортаның ластану деңгейін
төмендету және оны тұрақтандыру үшіне жоспар жасау;
-екінші этап (2008-2010жж) - қоршаған ортаның сапа көресеткіштерін
тұрақтандыру және экологиялық талаптарды күшейту;
-үшінші этап (2008-2015жж) – қоршаған ортаның сапасын жақсарту және
қоғамның экологиялық тұрақты даму деңгейіне қол жеткізу;
Бүгінгі күні Қазақстанда бар негізгі экологиялық проблемаларды
ескере отырып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында келелі
тапсырмалар жасақталды.
-Жер шары климатының өзгеруіне және озондық қабатының бұзылуына алып
келетін анторпогендік әсерлерді төмендету;
-Био әралуандылықты сақтау және жердің деградациялануына жол бермеу;
-Экологиялық апат аймақтарын әскери-ғарыштық полигондар мен тәжірибе
өткізетін комплекеттерді реабилигациялау;
-Каспий теңізі шельфінің ластануын ескерту;
-Су ресурстарының ластануын ескерту;
-Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинлау көлемін азайту;
-Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды алдын-ала
ескерту.
Енді саяси қауіпсіздікке тоқталсақ. Бұл да ұлттық қауіпсіздіктің
негізгі бағыттарының бірі.
Саяси қауіпсіздік мыналардан тұрады; конституциялық құрылыстың,
мемлекеттік билік институттарының сақтау; азаматтық бейбіт өмір мен
ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, тәртіпті күшейту, көппартиялықпен
плюрализмді дамыту. Бұлар саяси жүйенің бірқалыптығы мен тұрақты дамудың
негіздері болып табылады.
Саяси қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына мыналарды
жатқызуға болады:
-Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау;

-қазіргі конституциялық құрылысты сақтау және оның құқықтық негізін
нығайту;
-елеулі әлеуметтік-саяси дағдарыстар қаупінің алдын алуға қабілетті,
өркениетті саяси пікір алысу тетіктерін жасау;
-құқықтық тәртіп және тұрақты демократиялық саяси жүйе қалыптастыру;

-адам баласының өмірін, денсаулығын, мүлкімен құқығын сенімді
қорғауға жағдай жасау.
Қазақстанның саяси қауіпсіздігінің негізгі параметрлері: мемлекеттің
қоғамның, тұлғаның өмірлік маңызы бар мүдделерін оң қорғаушы; мемлекет
құрылысының конституциялық негіздерінің тұрақтылығы, ішкі және сыртқы қауіп-
қатерлерден қорғану үшін мемлекетке қажетті потенциалдың бар болуы [19,
б.18].
Әлеуметтік қауіпсіздікке осы жерде кеңірек тоқталсақ. Қазіргі кезде
Қазақстанда экономикалық өсімге байланысты халықтың негізгі бөлігінің
әлеуметтік қорғалмауы кең етек жаюда. Жұмыссыздықтың көлемі республиканың
ұлттық мүдделеріне қатер төндіруде. Жұмыссыздық жастар, әйелдер және егде
жастағы адамдардың арасында жоғары көрсеткішке ие. Жұмыссыздық халықтың
демографиялық өсімінің төмендеуіне әсер етеді. Демографиялық өсімнің
төмендеуі туылудың азаюынан, өлімнің артуымен, сонымен қатар жоғарғы
эммиграция есебінен болып жатыр [20, б.85].
Жалпы әлеуметтік саладағы жағдайды күрделі деп сипаттауға болады.
Көптеген кереғар құбылыстар, жекелеген проблемалар қордаланып, қоғамның
әлеуметтік тұрақтылығына қатер төндіре бастады. Мұндай жағдай әлеуметтік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін керек екенін меңзейді.
Мемлекеттің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі
принциптеріне мыналар жатады:
- мемлекеттердің әлеуметтік тәуелсіздігі,
- әлеуметтік қорғау жүйесінің тұрақтылығы,
- әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі,
- әлеуметтік қорғаудың мекен-жайлығы,
- әлеуметтік қорғау жүйесінің өзін-өзі реттеуі, дамуы және
өркендеуі.
Еліміздегі тағы бір үлкен әлеуметтік проблема – ол кедейлік мәселесі.
Кедейлікті жеңудің негізгі бағыттары мыналар болуы тиіс:
- жұмыспен қамтамасыз ету;
- еңбек тиімділігін арттыру;
- әлеуметтік сақтандыруды дамыту;
- халықтың белсенді бөлігі үшін өзін-өзі қамтамасыз ету
мүмкіндіктерін жасау;
- халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігі үшін әлеуметтік
көмектің тиімді жүйесі.
Энергетикалық қауіпсіздік - бұл тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің
өмірлік маңызы бар мүдделерін, энергетика саласында ішкі және сыртқы қауіп-
қатерлерден қорғау болып табылады. Энергетика аталған субъектілердің
тұрақты қызмет етіп, дамуына мүмкіндік беретін экономикалық игілік.
Энергетикалық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері дегеніміз – тұлғаның,
қоғамның және мемлекеттің энергияны пайдалануына қауіп төндіретін шарттар
немесе факторлардың жиынтығы.
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бұл мемлекеттік және өзге
де институттардың, сонымен қатар, жекелеген азаматтардың энергетикалық
қауіпсіздіктің қауіп-қатерлерін табу, ескерту және қарсы тұру бойынша
мақсатты қызметі.
Энергетикалық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің элементі болып
табылады және аталған қауіпсіздіктің субституттары болмайды. Энергетикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең басты субъект – мемлекет болып табылады
[21].
Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттарына
мыналар жатады:
- қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл басты бағыт болып
табылады, себебі мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын
негізгі саяси институт. Мемлекет басқаруды жүзеге асырғанда ең
алдымен, қоғам мен өзінің әрбір азаматын қорғауды қамтамасыз
етеді;
- мемлекеттің өзін-өзі қорғауы. Мемлекет қоғамды қорғаумен қатар,
өзінің тұрақты қызмет етуі үшін жағдай жасауға тырысады.
Мемлекеттік жүйе сыртқы ортаның кереғар ықпалына қарсы
механизмдер ойлап табады.
Қорыта келгенде, республиканың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы
мемлекеттің рационалды мүддесін анықтайды. Рационалды мүдде ұзақ мерзімді
жоспарда - максималды мүмкін болатын экономикалық өсімді, саяси салмақты
және мемлекеттің гүлденуін қамтамасыз етеді, ал қысқа мерзімді жоспарда –
алға қойған мақсаттарға жету жолында залалдарды төмендетеді [22, б.82-83].

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қаматамасыз етудің
концептуалдық негіздері бұл ішкі және сыртқы қауіп-қатерден қорғанудың
басты жолы. Бұл қорғану заңды құжаттар негізінде ғана жүзеге асады.

ІІ. Тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің моделі

2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің негізгі механизмдері.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының
тәуелсіз егеменді мелекет ретінде дамуының негізгі шарты болып табылады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы заңының
басында тікелей айтылған. Осы жерде Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымына анықтама беріп өтсек. Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз –Қазақстан
Республикасының ұлттық мүдделері қорғалуының қажетті деңгейіне жету және
қолдау бойынша, мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың мақсатты қызметін
айтады. Аталған анықтаманы заңның ұлттық қауіпсіздік объектілері
категориясына келесі ұғымдарды жатқызуы растайды:
1) тұлға, оның құқықтары мен еркіндіктері;
2) қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары;
3) мемлекет, оның конституциялық құрылымы, тәуелсіздігі және
территориялық тұтастығы.
Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік субъектілеріне мыналар жатады:
1) өзінің құзыретін заң шығарушы, атқарушы және сот билігі арқылы
жүзеге асыратын-мемлекет;
2) азаматтар;
3) ұйымдар.
Нәтижесінде мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың дуалистік
спецификасы расталады, яғни олардың бір мезгілде ұлттық қауіпсіздіктің
объектісі және субъектісі ретінде көрініс табуы [23, б.9-10].
Ұлттық қауіпсіздіктің моделі, сөзсіз, белгілі бір принциптер
негізінде қалыптасуы керек. Бұлар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізудің бастапқы
жағдайы мен негізгі ережелері болып табылады. Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздігі туралы заңына байланысты Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің принциптері болып мыналар табылады:
[24, б.2].
- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті атқарғанда
заңдылықты сақтау;
- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерінің өзара шұғыл түрде
ақпарат алмасуы және іс-қимылдарының келісімділігі;
- ұлттық қауіпсіздіктің барлық түрлерінің бірлігі, өзара байланысы
және баланстылығы;
- саяси, экономикалық және ақпараттық шаралардың басымдығы;
- тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
- ұлттық қауіпсіздікті қорғау бойынша барлық іс-қимылдардың жүзеге
асуын бақылау.
Ұлттық мүдделер категориясы ұлттық қауіпсіздік ұғымын түсіндіру
үшін негізгі мән-мағына болып табылады. Қазақстандық зерттеуші Ж.М.
Аманжоловтың көрсетуінше, ұлттық қауіпсіздік түсінігінің өзі ұлттық
мүдделер концепциясының негізінде құрылған. Қазақстан Республикасының
ұлттық мүдделері дегеніміз- ҚР-ның саяси, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
АҚШ пен КСРО - ның ұлттық қауіпсіздігі тұтас халықаралық қауіпсіздікті айқындаған тұстағы биполярлы халықаралық саяси жүйе
Әскери фактор
Экономикалық фактор
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы, түсінігі, ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Орталық Азия аймағында Еуропалық Одақ елдерінің ынтымақтастық тәжірибесін тиімді қолдану мүмкіндігі
Экономикалық қауіпсіздік
Көлемді Орталық Азия жобасының саяси - экономикалық мәні терең
Пәндер