Қазақстан Республикасы экономикасында инфляциялық процестерді талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. ИНФЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ..4

1.2 Инфляцияның әлеуметттік.экономикалық салдарлары ... ... ... ... ... ... 7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1 Қазақстан экономикасы даму барысындағы инфляциялық процестерді сипаттау және олардың теріс салдарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясатының ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау ... ... ... ... 16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Инфляция ақша жүйесiнiң дағдарыстық кезеңi болып табылады, яғни ол қоғамның дамуының тепе-теңдiгiнiң бұзылуына себепшi болады. Инфляция сондай-ақ көптеген макроэкономикалық көрсеткіштермен тікелей байланыста болады, сондықтан осы инфляцияны тиімді реттеу саясатын жүргізу арқылы барлық шаруашылықтың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Ол үшін экономиканың құбылысы ретінде инфляцияның пайда болу көздерін, оның пайда болуындағы сан алуан себептерді және шаруашылыққа тигізер салдарларын және инфляцияға қарсы саясаттың негізгі түрлері мен олардың қолдануын анықтауды қажет етеді.
Инфляция экономикалық құбылыс ретiнде Қазақстан Республикасының дамуында басты мәселелердiң бiрi болып келедi. Ал инфляцияға қарсы саясатты тиімді жүргізу елдің тұрақты дамуының өзекті мәселесі болып келеді. Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы «Қазақстан Республикасы экономикасында инфляциялық процестерді талдау» деп алынды.
Курстық жұмысты орындаудағы негізгі мақсат экономикалық құбылыс ретінде жалпы инфляция теориясын талдап, соның негізінде ҚР-ғы инфляциялық процестерді талдау болып табылады.
Осы курстық жұмысты орындау барысында, елiмiздегi инфляцияның қазiргi жағдайын, туындап отырған мәселелердi және болашақтағы экономикалық даму жоспарымызға орай келесiдей мiндеттер орындалады:
Инфляцияның түрлерiн, оған әсер етушi факторларды және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшелiктерiн ашып көрсету;
• Инфляцияның әлеуметтiк-экономикалық салдары мен одан болатын экономика және қоғам дамуындағы зардаптардың алдын алу шараларын қарастыру;
• Инфляцияның қазіргі күндегі сипатын талдау;
• Еліміздің инфляцияға қарсы саясатын және оның негiзгi бағыттарын, ұлттық экономика ерекшелiгiне байланысты артықшылықтарын ұсыну.
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде жалпы инфляцияның экономикалық мәнін ашу, оның түрлеріне мағлұмат беру және инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарларына тоқталу болса, ал екінші бөлімде еліміздегі инфляциялық процестерді талдау, инфляцияға қарсы саясаттың экономика үшін маңыздылығын анықтау және инфляцияның қазіргі уақыттағы жоғарғы қарқынының пайда болу себептері мен статистикалық шамалар қарастырылды.
Курстық жұмысты орындау барысындағы қолданылған әдебиеттерге шолу жасасақ: С.Б.Мақыш, О.И.Лаврушина, Ғ.С.Сейітқасымов және Баян Көшеновалардың ғылыми еңбектері, А.Г.Сайденов, А.К.Досниязова, О.С.Қисанова және т.б. авторлардың еңбектері жазылған экономикалық журналдар және статисталық мәліметтері пайдаланылды.
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001.- 466 б.
2. С.Б.Мақыш/Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-шi басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет,2004.– 248 бет.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
4. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.
5. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. - Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М., - Дело. 2002. – 472 с.
6.Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
7. Кинасова О «Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 41-44 стр.
8.Д.А.Федотов “Причины инфляции и пути борьбы с ней” // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №1, - 2004 г.
9. Сайденов А. Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.
10.Бердибек Сапарбаев «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане и перспективы дальнейшего развития экономики страны» // РЦБК, №4, - 2007 г. 23-24 стр.
11. «О ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №9, - 2007 г. 2-4с с
12.Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 56 стр.
13.Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
14.Вестник Национального банка РК , 2007 ж. №1,2.
15«Текущее состояние банковского сектора на 1 июля 2007 года» // Банки Казахстана, №8, 2007 г.
16.Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г.- 44 с.
17.«Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2007г. №9. 89стр
18.Национальный Банк Республики Казахстан Пресс-релиз №33 от 7 сентября 2007 года.
19.«Перспективы перехода Казахстана на инфляционное таргетирование» // Сембиева Л.М., Банки Казахстана, №9, 2007 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ИНФЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері мен түрлері
... ... ... ... ... ... ..4

2. Инфляцияның әлеуметттік-экономикалық салдарлары
... ... ... ... ... ... 7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН РЕТТЕУДІ
ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Қазақстан экономикасы даму барысындағы инфляциялық процестерді
сипаттау және олардың теріс салдарын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясатының
ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау
... ... ... ... 16

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

КІРІСПЕ

Инфляция ақша жүйесiнiң дағдарыстық кезеңi болып табылады, яғни ол
қоғамның дамуының тепе-теңдiгiнiң бұзылуына себепшi болады. Инфляция сондай-
ақ көптеген макроэкономикалық көрсеткіштермен тікелей байланыста болады,
сондықтан осы инфляцияны тиімді реттеу саясатын жүргізу арқылы барлық
шаруашылықтың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Ол үшін
экономиканың құбылысы ретінде инфляцияның пайда болу көздерін, оның пайда
болуындағы сан алуан себептерді және шаруашылыққа тигізер салдарларын және
инфляцияға қарсы саясаттың негізгі түрлері мен олардың қолдануын анықтауды
қажет етеді.
Инфляция экономикалық құбылыс ретiнде Қазақстан Республикасының
дамуында басты мәселелердiң бiрi болып келедi. Ал инфляцияға қарсы саясатты
тиімді жүргізу елдің тұрақты дамуының өзекті мәселесі болып келеді.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы Қазақстан Республикасы экономикасында
инфляциялық процестерді талдау деп алынды.
Курстық жұмысты орындаудағы негізгі мақсат экономикалық құбылыс
ретінде жалпы инфляция теориясын талдап, соның негізінде ҚР-ғы инфляциялық
процестерді талдау болып табылады.
Осы курстық жұмысты орындау барысында, елiмiздегi инфляцияның қазiргi
жағдайын, туындап отырған мәселелердi және болашақтағы экономикалық даму
жоспарымызға орай келесiдей мiндеттер орындалады:
Инфляцияның түрлерiн, оған әсер етушi факторларды және
оның ұлттық экономикамыздағы ерекшелiктерiн ашып көрсету;
• Инфляцияның әлеуметтiк-экономикалық салдары мен одан болатын экономика
және қоғам дамуындағы зардаптардың алдын алу шараларын қарастыру;
• Инфляцияның қазіргі күндегі сипатын талдау;
• Еліміздің инфляцияға қарсы саясатын және оның негiзгi бағыттарын,
ұлттық экономика ерекшелiгiне байланысты артықшылықтарын ұсыну.
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде жалпы инфляцияның
экономикалық мәнін ашу, оның түрлеріне мағлұмат беру және инфляцияның
әлеуметтік-экономикалық салдарларына тоқталу болса, ал екінші бөлімде
еліміздегі инфляциялық процестерді талдау, инфляцияға қарсы саясаттың
экономика үшін маңыздылығын анықтау және инфляцияның қазіргі уақыттағы
жоғарғы қарқынының пайда болу себептері мен статистикалық шамалар
қарастырылды.
Курстық жұмысты орындау барысындағы қолданылған әдебиеттерге шолу
жасасақ: С.Б.Мақыш, О.И.Лаврушина, Ғ.С.Сейітқасымов және Баян
Көшеновалардың ғылыми еңбектері, А.Г.Сайденов, А.К.Досниязова, О.С.Қисанова
және т.б. авторлардың еңбектері жазылған экономикалық журналдар және
статисталық мәліметтері пайдаланылды.

1. ИНФЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері мен түрлері

Инфляцияның дәстүрлi ең көп тараған жалпы анықтамасы – тауар
айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша
массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде –
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға
жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң
алшақтықтарына және артық ақшалардың айналыста болуына және шығарылуына
байланысты ақша айналысының заңы бұзылғандығының нәтижесі болып табылады.
Инфляция терминi (латынның. inflatio сөзiнен шыққан, аудармасы –
“қабыну”, “iсiну”) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенiнде пайда
болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары қағаз долларының қисапсыз
шығарылуымен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляия ұғымы
бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн кеңiнен таралды, ал бұрынғы кеңестiк
экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляция бұл
бағаның өсуiнен, тауарлар тапшылығының және тауарлар және қызметтер
сапасының төмендеуiнен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның
сатып алу қабiлетiнiң төмендеуі.

Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясыдағы көрiнiсi. Ол тауар –
ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы
ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледi. Тауар
айналысына қызмет ету үшiн қажеттi ақша мөлшерi екi факторға: бiрiншiден,
бiр кезеңде, сатылуға тиiс тауарлар бағасының қосындысына, екiншiден ақша
айналысының жылдамдығына байланысты өзгередi. Ақша айналысы заңы мына
формуламен өрнектеледi: 1, 227 б

M = P * Y V
Инфляция - өз кезегiнде ақша жүйесiнiң және ақша айналысының
дағдарысты жағдайын көрсетедi. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар
негізгі себепшi болады:
• Айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
• Қолайсыз төлем балансы;
• Үкiметке және экономикалық тұрақтылыққа сенiмнiң жоғалуы.
Инфляцияның көрiну нысандары келесiдей: 2, 239 б
1. ұлттық ақша бiрлiгiнiң шетелдiк ақша бiрлiгiне қатысты бағамының
төмендеуi;
2. тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуi, оның үстiне бiрқалыпты емес
өсуi, мұның өзi ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабiлетiнiң
төмендеуiне алып келедi;
3. ұлттық ақша бiрлiгiнде көрiнетiн алтынның бағасының көтерiлуi.
Ұзақ уақыт бойы ифляцияны монетарлық құбылыс деп санап отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуi тұрғысында түсiндiрiлiп
келдi. Әлi де бiрқатар шетелдiк авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейiнiң артуы ретiнде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар
бағасының өсуiнде көрiнгенмен оны тек таза ақша феноменiне жатқыза салуға
болмайды. Бұл рыноктық шаруашылықтың түрлi сфераларындағы ұдайы өндiрiстiң
сәйкессiздiгiнен туатын күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс болып
табылады. Инфляция әлемнiң көптеген елдерiндегi экономиканың қазiргi
дамуының ең өткiр мәселелерiнiң бiрi болып есептеледi.
Инфляцияны келесiдей белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:
1) Инфляциялық процестiң сипатына қарай:
- ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергi болмайды,
оның еркiн өсуi байқалады;
- жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң
бақылау жасап отырады;
- инфляциялық шок, яғни бiр мезетте бiрден баға өсiп кетедi.3, 14 б
2) Бағаның өсу қарқынына байланысты:
• баяу инфляция – баға баяу қарқынмен бiртiндеп жылына 10%-ға өседi;
• орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200%-ға дейiн өседi,
мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға
шалдықтырады;
• ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000%-ға дейiн және одан жоғары
қарқынмен өседi. Инфляцияның бұл түрi ақша жүйсiнiң құлдырауына әкелiп
соғады. Мұндай жағдайда ақша өзiнiң атқаратын қызметтерiн жоғалта
бастайды.
3) Таралу орнына қарай:
• локальдық инфляция, яғни баға бiр ғана елдiң шекарасында өседi;
дүниежүзiлiк инфляция, яғни кейбiр елдер топтарын немесе барлық
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлiк қамтиды. Инфляция балансталған, тепе-
тендіктің болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен
қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес
ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі
экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитын инфляциядан ажырата білу
керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны
“жоспарлайды”, мысал ретінде Ресей федерацияның, Қазақстанның 1991 жылы
бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының
бағдарламасын келтіруге болады. . 4, 177 б
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен
сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер
экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан
қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын
шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын
қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылпды. Бағаның
тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін
өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі “инфляцияны күту ” басталмаған
экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше
болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген
үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана
ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған
шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы
да өзінің тепе-тендік жағдайына келеді. Біз нарықтық шаруашылық қызметінің
әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды. 5, 163б
Жоғарыдағы инфляция факторларының ерекшелiгiне байланысты инфляцияның екi
түрi болады: сұраныс және шығын ( ұсыныс) инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныс
арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрiнедi. Мұндағы негiзгi себептер:
мемлекеттiк тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтiк шығындар), толық
жұмыспен қамтылған кездегi өндiрiс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуi,
өндiрiстiк қуаттардың толық жұмыс iстеуi, кәсiподақтар әрекетiнiң
нәтижесiнде еңбекшiлердiң сатып алу қабiлетiнiң жоғарлауы (жалақының өсуi)
т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемiнен артық ақша түсiп, бағалар
өседi. Мұндай жағдайда өндiрiсте жұмыспен қамту толық болғанымен
өндiрушiлер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады.
Басқаша айтқанда, айналымдағы төлем қаржыларының көбеюi шектелген тауар
ұсынысына тап болады, сөйтiп бағаның жалпы деңгейi өседi.
Сұраныс инфляциясы келесiдей факторлардың әсерiнен туындайды:
• әскери шығыстардың өсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде ақша баламасы айналыс үшiн артық
болып қалады;
• мемлекеттiк бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың өсуi, яғни
мемлекеттiң қысқа және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен
бюджет тапшылығын жабу, нәтижесiнде мемлекеттiң iшкi қарызы артады;
• ауыр өнеркәсiп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау;
импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында
Шығын ( ұсыныс ) инфляциясы – бұл баға белгiлеу процесiне әсер ететiн
мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
• еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiн азайту және өндiрiстiң құлдырауы;
• көрсетiлетiн қызметтiн маңызының артуы;
• бiр өнiм бiрлiгiне жұмсалатын шығынның өсуiнiң жеделдетiлуi, әсiресе
жалақының өсуi;
• энергетикалық дағдарыс. 6, 323 б
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткiш – тұтыну бағаларының индексi
(ТБИ) көмегiмен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексi (ТБИ) тауарлар мен қызметтердiң түрлерiн
қамтитын тұтыну қоржыны негiзiнде анықталады. Оны есептеуде келесi формула
қолданылады: ТБИ = Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасын бөлемiз
Базалық жылдағы тұтыну қоржынының бағасы, одан шыққан санды 100-ге
көбейтемiз.
Егер тұтыну бағасының индексі өзгермейтін тауар жиынтығын есептейтін
индекс Ласпейрес индексі ал өзгеретін тауар жиынын Пааше индексі
көрсетеді. Ласпейрес индексі – PL.
PL = Σ Pti * Q0i Σ P0i * Q0i
Мұндағы: Pti және Q0i - і игіліктің бағалары ( 0 – базистік
жыл, ал t – ағымдағы жыл), Q0i – 0 базистік жылдағы і игіліктің көлемі.
Пааше индексі - Pp
Pp = Σ Pti*Qti Σ P0i*Qti : Qti - (t – ағымдағы жылдағы өнім көлемі)
Фишер индексі – Pf индексі жоғарыдағы екі индекстерінің
қосындысын түбір астынан алып шыққандағыға тен.
Бұл индекстер өмір құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір
өмір деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар. Әр түрлі тауарлар бағасы әр
түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі өмір құнының өсуін Пааше
индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар
жиынын есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тұратын тауарларды арзан
тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Керісінше, Пааше
индексінде тауардың бір-бірін алмастыру есепке алынады. Бірақ мұнда әл-
ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді.

2. Инфляцияның әлеуметттік-экономикалық салдарлары

Бүгiндегi инфляция бағаның өсуi нәтижесiндегi ақшаның сатып алу
қабiлетiнiң құлдырауымен ғана емес, сонымен бiрге елдiң экономикалық
дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндiрiс пен
өткiзу сферасындағы әр түрлi факторлар тудырған өндiрiс процесiнiң қарама-
қайшылықтары себепшi болады. Инфляцияның әуел бастағы себебi – ұлттық
шаруашылықтың түрлi салаларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттiлiгi арасындағы алшақтықтар екенi белгiлi.
Инфляция – бұл кез келген экономикалық даму үлгiсiне тән объективтi
құбылыс. Инфляцияның себептерi айналыс және өндiрiс саласында орын алады.
Қазiргi кездегi экономикалық қатынастардың күрделенген кезiндегi
инфляция келесiдей факторларға байланысты: 7, 276
Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған, шексiз көп ақшаның эмиссиялануы есебiнен айналыс аясының
артық ақша массасына толып кетуi; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өдiрiстегi теңсiздiкке,
шаруашылықтың шығындық механизмiне, мемлекеттiң экономикалық саясатына,
оның iшiнде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына
байланысты факторлар жатады.
Инфляцияның iшкi және сыртқы факторларын айыра бiлу қажет. Iшкi
факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды
бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкессiздiгiнiң
бұзылуы, экономиканың циклдiк дамуы, өндiрiстiң монополизациялануы,
инвестициялардың теңгерiмсiздiгi, әлеуметтiк-саяси сипаттағы ерекше
жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттiк қаржының
дағдырысы бюджет тапшылығы, мемлекеттiк борыштың өсуi, ақша эмиссиясы,
сондай-ақ кредит жүйесiнiң кеңеюi, ақша айналысы жылдамдығының артуы
нәтижесiнде кредит құралдарының өсуi және басқалары жатады.
Ал дүниежiзiлiк құрылымдық дағдарыстар (шикiзат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттiк валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады. 8, 151 б
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар келесi құн формаларына қатысты
құнсызданады:
• алтын мен күмiске;
• тауарларға;
• шетел валютасына.
Бiрiншi жағдайда қағаз ақшамен берiлетiн алтынның нарықтық құны
артады. Екiншi жағдайда тауарлардың бағасы өседi. Үшiншi жағдайда шетел
валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейдi.
Инфляцияның қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық салдарлары әр алуан және
өзара қайшылықта болады. Өз кезегінде бұл экономикалық салдарлар мынадай
жағдайларға әкеп соғады. 1, 278 б
1. Инфляция ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлi топтарымен,
экономикалық және әлеуметтiк институттар арасында қалай болса солай және
болжамсыз қайта бөлiнуiне мәжбүр етедi. Қаражаттар жеке сектордан мемлекет
тарапына қайта бөлiнедi. Инфляция факторының бiреуi болып табылатын мемлект
бюджетiнiң тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледi. Осыны нақты ақша
қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейдi. Ол өзiмен-өзi автоматты түрде
төленедi, өйткенi инфляция кезiнде ақша капиталы құнсызданады. Инфляциялық
салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенiн көрсетедi.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудiң келесi жолы, ол – ақша
басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша
басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға
жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттiң басып
шығарған ақша үшiн алатын нақты ресурстарының санына тең болады.
Белгiленген табыстары бар (зейнеткерлер, мемлекеттiк қызметкерлер,
жәрдемақы алушылар) адамдар инфляция нәтижесiнде нақты табыстарының
төмендеуiнен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар
табыстарды индексациялау жүйесi оларға нақты жалақыны сақтап қалуға
мүмкiндiк бергенше инфляциядан қорғана алады. Ал нарықта жұмыс берушiлер
және монополистер инфляция жағдайында белгiлi бiр ұтысқа кеңеледi.
Экономикада нақты активтер иелерiнiң (қозғалмайтын мүлiктiң,
антикварианттың, өнер туындыларының, асыл заттардың) инфляцияның қорғанысы
мықтырақ болады, өйткенi осы тауарлар бағасының өсуi елдегi инфляцияның
жалпы дәрежесiнен артық болып отырады.
Пайыз қойылымы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляцияның
нәтижесiнде несиелеушi тұлғалар ұтылысқа ұшырайды, ал бұл өз кезегiнде
инвесторлар мен экономиканы несиелеушiлердiң ынтасын төмендетiп, жалпы
өндiрiс құлдырайды. Сондай-ақ инфляция кезiнде қарыз алушылар ұтысқа
кеңеледi. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер пайыз қойылымын
жоғарылатады. Ал пайыздық қойылымның өсуi өндiрiске салынатын iшкi және
шетелдiк инвестициялардың көлемiнiң төмендеуiне алып келедi. Бұл жағдай өз
кезегiнде мемлекеттiң ЖҰӨ көлемiн азайтады және оның үстiне инфляцияны
одан әрi жандандыра түседi.
2. Инфляцияның жоғарғы деңгейi және баға құрылымының күрт өзгеруi
кәсiпорындар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседi.
Нәтижесiнде бизнес жүргiзуде болжамсыздық пен қатер-қауiп өсе түседi.
Осының төлемi ретiнде пайыз қойылымы мен пайда өсе бастайды. Ал
инвестициялар қысқа мерзiмдiк сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы
көлемiнде күрделi құрылыстың, маңызды өнеркәсiп салаларының үлес салмағы
төмендейдi және спекулятивтiк операциялардың үлес салмағы өсе бастайды.
Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын , әл-ауқатын және жұмыспен
қамтылуын төмендетедi;
3. Экономиканың “ашық” секторындағы бағаның өсуiнiң шамамен жоғары
қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелiк қабiлетiн төмендетедi. Бұның
нәтижесiнде импорт өседi, экспорт төмендейдi, жұмыссыздық көбейедi және
тауар өндiрушiлер банкротқа ұшырай бастайды. . 1, 282 б
Сондай-ақ инфляцияның жоғарғы шамасында Оливер-Танзи нәтижесі болып
табылатын әрекет орын алады, яғни инфляицяның жоғарғы деңгейінде ақшаның
құнсыздануына байланысты жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өздерінің
төлемдерін, мемлекеттік бюджетке түсетін салықтарын төлей бастайды,
нәтижесінде салық төлеушілер ұтады. Осы кезде мемлекеттік бюджет тапшылығы
және жалпы қаржы жүйесінің тұрақсыздығы орын алады.
4. Қоғамның саяси тұратылығы төмендейдi, әлеуметтiк шиеленiс өседi.
Яғни, елде ұрлық-қарлық, тонаушылық, адамдарға сенiмсiздiк және т.б.
келеңсiз әлеуметтiк жағдайлар орын алады.
5. Тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседi. Осыдан барып
ұлттық капиталдың шетелге кетуi өседi, валюта нарығында спекуляция үдей
бастайды. Осылар қосылып бағаның одан әрi өсуiн жылдамдатады.
6. Ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейдi, нақты
активтерге сұраныс өседi. Бұның нәтижесiнде осы тауарлардың бағасы, бағаның
жалпы дәрежесiнiң өзгеруiнен шапшаң өсiп отырады. Инфляцияның жылдам жүруi
экномикадағы сұраныстың өсуiне дем бередi, ақшадан “қашуға” себеп болады.
Фирмалар мен үй шаруашылығы инфляцияға төтеп беру мақсатында нақты
активтердi сатып алу үшiн қосымша шығындарға ұшырайды.
7. Жұмыспен толық қамтамасыз етiлмеген жағдайда қызмет ететiн
экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетiп,
халықтың көбiрек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуiн талап етедi.
Нәтижесiнде жылжымалы инфляция бiр мезгiлде экономикалық өсудiң төлемi және
оның стимулы болып та табылады. Дефляция, керiсiнше, жұмыспен қамтуды және
өндiрiстiк қуаттарын пайдалануын төмендетедi.
8. Мемлекеттiк бюджеттiң құрылымы өзгередi және оның нақты табыстары
төмендейдi. Мемлекеттiң экспансионистiк фискалдық және монетарлық саясат
жүргiзуге мүмкiндiгi шектеледi. Бюджеттiк тапшылық және мемлекеттiң
қарыздары өседi.
9. Стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесi үлкен
жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулi инфлиция жұмыспен қамтуды өсiруге мүмкiндiк
бермейдi. Бiрақ, инфляциямен бiр жақтан өндiрiс көлемi және жұмыссыздықтың,
екiншi жақтан, арасында тiкелей өзара байланыс болмайды.
10. Әр түрлi тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың
өндiрiсiнiң көлемi ұқсас емес бағытта жылжып отырады. Ұзақ мерзiмдi уақыт
интервалында “инфляцияның шапшаңдауы” теориясы бойынша, жылдан-жылға
инфляцияның қарқынының өсуi, өндiрiстiң нақты көлемiн, оның өзiнiң табиғи
дәрежесiнен жоғары ұстап отыруға көмек бередi. 1, 289б
Инфляция өз кезегiнде халықты жұмыспен қамтуға айтарлықтай әср етедi.
1958 жылы ағылшын экономисi А.Филлипс оның ықпалын көрсететiн “сұраныс
инфляция” деген үлгiнi ұсынды. Ол жұмыссыздықтың нормасы мен жалақының
арасында тәуелдiлiк бар екенiне назар аударған. Оның қорытындысы бойынша,
жұмыссыздықтың кейбiр дәрежесiне (6-7%) жалақының дәрежесi тұрақты және
оның өсiмi нөлге тең болады.
Бұлардың ішіндегі жиынтық сұранысты ынталандыру м Экономикалық реттеу
тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді
экономикалық жағдайларда қамтудың ең жоғары деңгейiне жетуге болады
қолдануға келеді. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда ( 5-10 жыл) жұмыссыздықтың
жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері
бар..
Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздықтың төмен деңгейін тұрақтандыру үшін
еңбекшілерді “жалған күту” дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді.
Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап,
еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филлипстің концепциясы бойынша инфляцияның
өсуі (мұнымен байланысты номиналды алаөының өсуі) жұмыссыздықты азайтуы
мүмкін. Бірақ, бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының шын
бағасын біледі. Өйткені, инфляция тұсында нақты жалақының жоғарылауы оның
номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер
адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды бірте-бірте азайтса,
үміттің үзілгені, онда ешкім де жалақының өсуіне қарамастан еңбегін
ұсынбайды Жұмыссыздық осы табиғи дәрежеден төмен болса, онда жалақының
өсiмi шапшаңдайды және керiсiнше. Соңынан жалақы мен бағаның өсуiнiң өзара
қатал байланысы бар тезис пайдаланылып, осы заңдылық жұмыссыздық және
бағаның өсу қарқынының өзара байланысы болып қайта өзгертiлдi. Филипстiң
қисық сызығын келесi суреттен көре аламыз:

W, P

W2

W1

U1 U2 U

Сурет-1 – Филипс қисық сызығы

Мұндағы,W – номиналдық жалақының өсу қарқыны;
Р – инфляция дәрежесi;
U – жұмыссыздық дәрежесi, %; 6, 323 б
Суреттен көрiп отырғанымыздай филипс қисық сызығы жұмыссыздық пен
инфляцияның арасында тұрақты және болжауға болатын керiсiнше байланыс бар
екенiн көрсетедi. Осыны кейнсшiлердiң инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы
ғана дәрежесiнде жоғары болуы мүмкiн және керiсiнше деген де дәлелдейдi.
Экономикада практика жүзiнде бағаларды өсiрмейтiн жұмыспен қамту дәрежесi
болады.
Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы керiсiнше байланыс неше түрлi
сипатта дәлелденуде. Жартылай бұл жағай еңбек рыногының бейiмдiлiгiмен
дәлелденедi. Еңбек нарығы жұмыспен қамтудың құрылымы, квалификациялары,
ораласқан орны т.б. бойынша сегменттелген сипаты бар, көптеген жекелеген
рынок болып табылады. Осы жағдай мынаған әкеледi: еңбек рыногының кейбiр
сегментiнде экономика бiрте-бiрте жұмыспен толық қамтуға жылжығанда,
жұмыссыздық практика жүзiнде сақталады, ал сонымен қатар, еңбек рыногының
басқа сегменттерiнде қанағаттандырылмаған сұраныс сақталады. Бұларда
шығындардың көбеюiне және бағаның өсуiне әкелетiн жалақының өсуi жалғаса
бередi. Осы процестiң макроэкономикалық нәтижесi – инфляцияның қарқынының
өсуiмен сипатталады. Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей,
Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қамтудың ең
жоғары деңгейiне жетуге болады қолдануға келеді. Өйткені ұзақ мерзімді
жоспарда ( 5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей
береді, мұның бірталай себептері бар..
Филипс қисық сызығының басқа да дәлелi бойынша, өндiрушiлер мен
еңбекшiлерге экономиканың өсу кезеңiнде баға мен жалақының өсуiн талап ету
жеңiл түседi. Жоғары дәрежедегi жұмыссыздық жалданып жұмыс iстеушiлердi
төмен жалақыға келiсуге мәжбүр етедi. Бұл инфляцияның “жалақы-баға”
шеңберiн бұзады. Бұдан басқа экономикалық тиiмсiз конъюктура өндiрушiлердiң
бағаны көтеруiне кедергi келтiредi. Керiсiнше жағдайда, жұмыспен толық
қамтуға жақындаған сайын өндiрiстiң қосымша факторларына сұраныс өсе
түседi. Осының нәтижесiнде жалақы өседi және оның өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң
өсу қарқынынан артық болып отырады.
Филлипс қисық сызығына көзқарастың екi бағыты
қалыптасқан. Бiрiншi баығтта бұл сызық экономикалық заң деп қаралады. Бұл
күштi инфляция мен жоғары жұмыссыздық бiр мерзiмде болмайды дегендi айтады.
Мемлекеттiң реттеуiнiң құралдарының әр түрлi қолданудың көмегiмен, қисық
сызықтың әр қилы нүктелерiне сай келетiн, инфляция мен жұмыссыздықтың
ұштасуының қандайына болмасын жетуге болады. Сөйтiп, қисық сызықтың бойымен
жоғары және төмен жылжуға болады. Екiншi бағыт инфляция мен жұмыссыздықтың
өзара байланыстарының тұрақтылығын және үзiлмейтiндiгiн жоққа шығарады.
Мұндай өзара тәуелділікке 60-шы жылдары американ экономисі М. Фридмен
ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты
инфляциялық шаралармен “толтыру” тиімсіз деп көрсетті. Халық өзінің “жалған
күтуін ” сезіп, номеналды ставканы жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін
жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі еңбіктік
ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуімен жүреді.
Филлипстің қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны төмен,
баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар.
Күтпегенэкономикалық күйзелісте инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол
жұмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филлипстің
қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты
экономикалық заңдылық бола алмайды6,331б

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

2.1 Қазақстан экономикасы даму барысындағы инфляциялық
процестерді сипаттау және олардың теріс салдарын талдау

Қазақстан экономикасының дамуы оның негізінен егемендік алған
жылдарынан, яғни 1991 жылдан басталады. Өзіміз білетіндей Қазақстан
Кеңестік экономикадан нарықтық экономикаға өту барысында 1991-1995 жылдар
аралығында экономиканың құлдырауы, қаржы саласының нарықтық сипатта
қалыптаса алмауы негізінде инфляциялық процестің қарқынды орын алуына жол
ашты.
Әлемдiк тәжiрибеде инфляциялық дағдарыс деп екi жыл аралығында
инфляция деңгейi 40%-дан төмендесе айтады. Ал Қазақстанда 1992-1994 жылдары
гиперинфляция болды. 7, 44 б
Елiмiзде инфляциялық дағдарыстың орны ерекше деп те атасақ болады.
Өйткенi 1990 жылдан бастап өндiрiстiң құлдырауы, бұрынғы орталықтанған
экономиканың ақшаны құнсыздануға жiбермей ұстап тұрған саясаты жойылып,
экономика нарықтық қатынастарға бет алғанда қаржы саласы дереу дағдарысқа
ұшырады. Осының салдарынан Қазақстанда 1992-1994 жылдары тұтынушылар
тауарына инфляция деңгейi 2000%-дан асып кеттi. Өндiрiс пен инфлияцияның
дағдарысқа ұшырауы әлеуметтiк саланың күрт құлдырауына алып келдi. Халықтың
ақшалай кiрiстерi кеми бастады, еңбек ақы төмендедi, жұмыссыздық мәселесi
орны алды, елдiң өнеркәсiбiне инвестиция құйылуы кемiдi, жалпы елде
кедейлiктiң деңгейi өсе бастады.
Тек қана елімізде 1995 жылдан бастап экономикада жүргiзiлген
реформалардың нәтижесiнде және қаржылық реттеудiң қатаң түрi арқасында
инфляция қарқынының төмендеуi байқалды, ал оның төмендеуi өзiмен бiрге
елдiң өндiрiсiне инвестицияның өсуiне, елдегi әлеуметтiк жағдайлардың
жақсаруына, экономикалық активтi халықтың санының өсуiне, кәсiпкерлiктiң
дамуына, елдегi қаржы секторының тұрақты дамуына және экономикалық өсудiң
белең алуына әкелдi.
Осылайша 1995 жылы жылдық инфляция деңгейi 60,3%, 1996 жылы – 28,7%,
1997 жылы – 11,2%, 1998 жылы – 1,9%, 2001 жылы 6,4%, 2002 жылы 6,6%, 2003
жыл инфляция деңгейi жоспарланған 4-6%-дан ауытқымай жалпы 5,8%-ды құрады,
ал өткен 2004 жылы инфляция деңгейi 6,7%-ды құрады. Елiмiз келесi жылға
инфляция деңгейiн осы деңгейiнде, яғни 4-6% деңгейiнде жоспарлап отыр.
Бұлайша экономикада инфляция қарқынын жоспарлап отырғаны жалпы жүргiзiлген
реформалардың және саясаттардың оң нәтиже бере бастағаны деп түсiнемiз.
Өйткенi ел экономикасында инфляия қарқыны төмен және тұрақты деңгейiнде
болып отыруы жалпы өндiрiстердi дамытуға басты себеп болып табылады. 8, 24
б
Соңғы инфляция қарқыны тұрақтанып, экономиканың тұрақты өсуіне
байланысты және елдегі қаржы рыногының рынок талаптарына сай толық қанды
қызмет етуі экономикада қызмет етіп отырған заңды тұлғалар мен халықтың,
инвесторлардың сеніміне ие болды. Осының нәтижесінде бүгінде несие
берушілер, инвесторлар, сақтандыру компаниялары, қор биржалары өз
қызметтерін дамытуда.
Ақша реформасындағы ақша-несие саясаты негізінде Қазақстанда 1998 жылы
теңгенi еркiн қалқымалы рынокқа жiбердiк. Әрине бұл кездерде елiмiзде
инфляция деңгейi бiршама төмендеген кездер едi. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы туралы
Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Қазақстандағы инфляциялық процесстер
Қазақстандағы инфляциялық процестерді басқару және болжау
Инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау
Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы, Филипс қисығы
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы
Инфляция дегеніміз не
Пәндер