Меншікке қарсы қылмыстар. Талан – таражыға салу



КІРІСПЕ 3

1 МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 6

2 ТАЛАН . ТАРАЖЫҒА САЛУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ 10
2.1 Талан . таражыға салудың түсінігі 10
2.2 Талан . таражыға салудың объективті және субъективті белгілері 14
2.3 Талан . таражыға салудың нысандары және түрлері 23
2.4 Талан . таражыға салудың нысандарының қылмыстық құқықтық сипаттамасы 24

3 МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ПАЙДАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ 38

ҚОРЫТЫНДЫ 46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 50
1959 жылғы ҚазССР – нің Қылмыстық кодексінің көптеген ережелері елімізде орын алған экономикалық, әлеуметтік және саяси қажеттіліктерге, сондай – ақ адам құқықтары туралы халықаралық шарттарға сәйкес келмеді. Сол себептен де 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде меншікке қарсы қылмыстар жаңаша көзқараспен баяндалған.
Меншікке қарсы қылмыстар тарауының құрылымы өзгергендіктен, ескі Қылмыстық кодекске бейтаныс болып келген қылмыстардың жаңа түрлері қарастырылғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстің ережелерін теориялық тұрғыдан түсіндіруге және оларды қолдануға байланысты ғылыми негізделген нұсқауларды өңдеп шығару қажеттілігі туындады. Қымыстық құқыққа байланысты отандық және ресейлік әдебиеттерде монографиялық сипаттағы еңбектер және меншікке қатысты әртүрлі мәселелерді қозғайтын ғылыми мақалалар болғанымен де, олар қазіргі таңда едәуір дәрежеде ескірген. Себебі олардың барлығы да 1958 жылғы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдар Негізінде және 1959 жылғы ҚазССР – нің Қылмыстық кодексі негізінде жазылған.
Осы себептен де Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ережелерін қолдана отырып, меншікке қарсы қылмыстарға талдау жасаудың ғылыми -–тәжірибелік мәселелерін теориялық тұрғыдан қарастыру өте маңызды және өзекті болып табылады.
Жазылған жұмыстың маңыздылығының белгісі ретінде меншікке қарсы қылмыстардың жалпы жасалынған қылмыстардың арасындағы алатын елеулі үлес салмағын атап көрсетуімізге болады. Алматы қаласының өзінде ғана 2008 жылдың қаңтар – қыркүйек айларының арасында жасалынған меншікке қарсы қылмыстардың жалпы саны 6359; яғни барлық қылмыстардың 58,9 % құрайды. Бұл дегеніміз сот – тергеу тәжірибесінің қызметкерлерін де, теоретик ғалымдардың да алаңдаушылығын тудыруы қажет. Яғни, меншікке қарсы қылмыстардың санын азайту үшін, олармен табысты түрде күрес жүргізу үшін нақты теориялық база керек.
Осы жоғарыда аталған мән – жайлардың болуы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдап алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты келесіде: 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің меншікке қарсы қылмыстар туралы, олардың басқа ұқсас қылмыстардан айырмашылығы туралы ережелерін ғылыми талдау, қылмыстық заңды жетілдіруге және оның сот – тергеу тәжірибесінде қолданылуын жақсартуға байланысты теориялық тұрғыдан негізделген ұсыныстарды кешенді түрде өңдеу.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995ж. өзгетулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, Жеті Жарғы, 2001ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 27 желтоқсан 1994ж өзгертулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, Жеті Жарғы, 2000ж. 560бет.
3. Курс советского уголовного права. Особенная часть./Под ред. А.А. Пионтковского. М., 1959г. 810стр.
4. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, Жеті Жарғы., 2000ж. 520бет.
5. Уголовное право. Особенная часть./Под ред. И.Я. Козаченко. М., 1998г. 768стр.
6. Научно – практический комментарий к Основам уголовного законодательства Союза ССР и союзных республик. М., 1961г. 200стр.
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларының жинағы. 1 том. Алматы, 1997ж. 384бет.
8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997ж. өзгертулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, 2003. 151бет.
9. Г.А. Кригер. Квалификация хищений социалистического имущества. М., 1974г. 322стр.
10. В.А. Владимиров. Ответственность за корыстные посягательства на социалистическую собственность. М., 1986г. 296стр.
11. В.А. Владимиров, Ю.И. Ляпунов. Ответственность за корыстные посягательства на социалистическую собственность. М., 1986г. 325стр.
12. Определение Коллегии по уголовным делам Верховного Суда РК от 25 марта 1997г. №2-К-103-97
13. Б.С. Никифоров. Объект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960г. 230стр.
14. А.В. Наумов. Уголовное право. Общая часть. М., 1996г. 560стр.
15. Уголовное право. Особенная часть /Под ред. Б.В. Здравомыслова. М., 1995г 544стр.
16. Курс советского уголовного права. Общая часть. /Под ред. М.Д. Шаргородского. Л., 1968. 647стр.
17. Нормативное постановление Верховного Суда РК от 11 июля 2003г. №8 «О судебной практике по делам о хищениях». Казахстанская Правда от 13 сентября 2003г. №263-264
18. Уголовное право Росси. Особенная часть. /Под ред. А.И. Рарога. М., 1996г. 480стр.
19. В.Н. Литовченко. Уголовная ответсвенность за посягательства на социалистическую собственность. М., 1985г. 264стр.
20. Н.Н. Смирнова. Уголовное право. Санкт – Петербург, 1998г. 675стр.
21. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. /Под ред. Ю.И. Скуратова. М., 1996г. 832стр.
22. Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі өзгетулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, Жеті Жарғы, 2002ж.
23. Практический комментарий к Уголовному кодексу РФ./Под ред. Э.Ф. Побегайло. М., 2001г. 864стр.
24. В.А. Владимиров, Ю.И. Ляпунов. Социалистическая собственность под охраной закона. М., 1979г. 200стр.
25. Новый комментарий к Уголовному кодексу РФ. / Под ред. А.С. Михлина. М., 1996г. 648стр.
26. Комментарий к Уголовному кодексу РК /Под ред. И.И. Рогова и Г.И. Баймурзина. Алматы,2000г. 412стр.
27. Е. А. Фролов. Объект уголовно – правовой охраны и общее понятие хищений социалистического имущества. Свердловск, 1969г. 311стр.
28. Комментарий к Уголовному кодексу КазССР./Под ред. В.Н. Маркелова и Г.Ф. Поленова. Алма – Ата, 1980г. 478стр.
29. Н.Н. Смирнова. Уголовное право. Особенная часть. Санкт-Петербург, 2000г.80стр.
30. В.А. Владимиров. Ответственность за корыстные посягательства. М., 1986г. 296стр.
31. Г.Н. Борзенков. Уголовно – правовые проблемы охраны имущества граждан от корыстных посягательств. М., 1991г. 308стр.
32. Г.А. Мендельсон, Ю.М. Ткачевский. Уголовня отвественность за мелкое хищение государственного и общественного имущества. М., 1957г. 148стр.
33. А.А. Пинаев. Уголовно – правовая борьба с хищениями. Харьков, 1976г. 154стр.
34. Курс уголовного права. Общая часть. Том1. /Под ред. Н.Ф. Кузнецовой. М., 1999г. 592стр.
35. Я.И. Гилинский. Криминология. Санкт-Петербург, 2002г. 384стр.
36. Уголовное право Российской Федерации. Особенная часть. /Под ред. Б.В. Здравомыслова. М., 1996г. 512стр.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3

1 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы 6

2 Талан – таражыға салудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы

10
2.1 Талан – таражыға салудың түсінігі
10
2.2 Талан – таражыға салудың объективті және субъективті белгілері
14
2.3 Талан – таражыға салудың нысандары және түрлері
23
2.4 Талан – таражыға салудың нысандарының қылмыстық құқықтық
сипаттамасы
24

3 Меншікке қарсы пайдақорлық қылмыстарының алдын алу

38

Қорытынды
46

Пайдаланылған әдебиеттер
50

Кіріспе

1959 жылғы ҚазССР – нің Қылмыстық кодексінің көптеген ережелері
елімізде орын алған экономикалық, әлеуметтік және саяси қажеттіліктерге,
сондай – ақ адам құқықтары туралы халықаралық шарттарға сәйкес келмеді.
Сол себептен де 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде меншікке қарсы қылмыстар жаңаша
көзқараспен баяндалған.
Меншікке қарсы қылмыстар тарауының құрылымы өзгергендіктен, ескі
Қылмыстық кодекске бейтаныс болып келген қылмыстардың жаңа түрлері
қарастырылғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстің ережелерін теориялық
тұрғыдан түсіндіруге және оларды қолдануға байланысты ғылыми негізделген
нұсқауларды өңдеп шығару қажеттілігі туындады. Қымыстық құқыққа
байланысты отандық және ресейлік әдебиеттерде монографиялық сипаттағы
еңбектер және меншікке қатысты әртүрлі мәселелерді қозғайтын ғылыми
мақалалар болғанымен де, олар қазіргі таңда едәуір дәрежеде ескірген.
Себебі олардың барлығы да 1958 жылғы КСРО және одақтас республикалардың
қылмыстық заңдар Негізінде және 1959 жылғы ҚазССР – нің Қылмыстық кодексі
негізінде жазылған.
Осы себептен де Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің
ережелерін қолдана отырып, меншікке қарсы қылмыстарға талдау жасаудың
ғылыми -–тәжірибелік мәселелерін теориялық тұрғыдан қарастыру өте маңызды
және өзекті болып табылады.
Жазылған жұмыстың маңыздылығының белгісі ретінде меншікке қарсы
қылмыстардың жалпы жасалынған қылмыстардың арасындағы алатын елеулі үлес
салмағын атап көрсетуімізге болады. Алматы қаласының өзінде ғана 2008
жылдың қаңтар – қыркүйек айларының арасында жасалынған меншікке қарсы
қылмыстардың жалпы саны 6359; яғни барлық қылмыстардың 58,9 % құрайды.
Бұл дегеніміз сот – тергеу тәжірибесінің қызметкерлерін де, теоретик
ғалымдардың да алаңдаушылығын тудыруы қажет. Яғни, меншікке қарсы
қылмыстардың санын азайту үшін, олармен табысты түрде күрес жүргізу үшін
нақты теориялық база керек.
Осы жоғарыда аталған мән – жайлардың болуы дипломдық жұмыстың
тақырыбын таңдап алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты келесіде: 1997 жылғы Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің меншікке қарсы қылмыстар туралы, олардың басқа ұқсас
қылмыстардан айырмашылығы туралы ережелерін ғылыми талдау, қылмыстық
заңды жетілдіруге және оның сот – тергеу тәжірибесінде қолданылуын
жақсартуға байланысты теориялық тұрғыдан негізделген ұсыныстарды кешенді
түрде өңдеу.
Осы мақсат зерттеудің мазмұнын құрайтын келесі міндеттерді
анықтайды.
Бұл міндеттер:
- меншікке қарсы қылмыстардың әлеуметтік құқықтық мазмұнын
зерттеу;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заңы мен Ресей
Федерациясының қылмыстық заңына салыстырмалы түрде талдау жасау;
- меншікке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін Қылмыстық
кодекстің нормаларын жетілдіру үшін нақты ұсыныстар енгізу.
Зерттеудің объектісін және зерттеу пәнін 1997 жылғы Қылмыстық
кодекстің меншікке қарсы қылмыстар туралы ережелері, ҚК баптарын
пайдалануға байланысты сот – тергеу тәжірибесі құрады. Сондай – ақ
зерттеу объектісі ретінде меншікке қарсы қылмыстармен күрес жүргізуге
тікелей әсерін тигізетін конституциялық, қылмыстық істер жүргізу заңдары
қарастырылды.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Берілген тақырыппен жұмыс жүргізу
барысында салыстырмалы құқықтанудың жекелеген ғылыми әдістері, тарихи
және логикалық әдістер қолданылды.
Зерттеудің теориялық негізін аталған мәселе бойынша қылмыстық құқық
ғылымында орын алған ережелер мен қорытындылар құрайды.
Жұмысты жазу барысында арнайы әдебиеттер, оның ішінде отандық,
ресейлік еңбектер кең түрде қолданылды.
Зерттеудің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңы мен сот – тергеу тәжірибесі құрайды.
Жұмыста алғаш рет 1997 жылғы Қылмыстық кодекс қабылданғалы бері
меншікке қарсы қылмыстардың мәселелері кешенді түрде зерттеуге талпыныс
жасалынған. Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері, талан – таражыға салудың
нысандарының сипаттамасы берілген, меншікке қарсы қылмыстарға байланысты
сот – тергеу тәжірибесі талданылып, қылмыстық заңды жетілдіруге
байланысты ұсыныстар мен пікірлер негізделген.
Осыған байланысты қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер:
1. Қылмыстық кодекстің қазақша нұсқасында қолданылған ұрлау термині
өте ұтымды емес. Себебі орыс тіліндегі нұсқада берілген хищение
термині қазақ тіліндегі нұсқада тоны айналдырылып ұрлау болып
кеткен. Яғни заң шығарушы топтық ұғымды жеке, дара ұғыммен бір
деңгейде қарастырған. Олай айтып отырған себебіміз ұрлау талан –
таражыға салудың бір нысаны ғана болып табылады. Сондықтан да біз
ҚР ҚК 175 бабының ескертуінің 1 тармақшасында берілген талан –
таражыға салудың анықтамасын былай деп беруді ұсынамыз: Талан –
таражыға салу дегеніміз – пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы
мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне зиян келтіре
отырып, кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз,
қайтарымсыз алу немесе айналдыру.
2. Заң шығарушы деңгейінде берілген талан – таражының анықтамасында
талан – таражы меншік иесіне немесе өзге де иеленушіге зиян
келтіруі қажет деген талап бар. Келтірілген зиян алынған мүліктің
мөлшерімен анықталынады. Осыған байланысты назар аударатын келесі
мәселеміз: заң шығарушы қылмыстық істі қозғау үшін заңды
тұлғаларға қатысты ұрланған мүліктің құны 10 айлық есептік
көрсеткіштен кем болмауы қажет деп есептейді. Яғни 10 айлық
есептік көрсеткіштен кем болса, ұсақ мөлшердегі талан - таражы деп
есептелінеді. Заңда жеке тұлғаларға қатысты ұсақ талан – таражыға
салудың мөлшері көрсетілмеген. Сондықтан да, Қылмыстық кодекстің
175 бабының ескертуін келесі тармақшамен толықтыруды ұсынамыз:
егер ұрланған мүліктің құны әрекет жасалған кезде Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген екі еселенген айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, талан – таражы ұсақ мөлшерде
деп танылады. Бұл сот – тергеу тәжірибесінде орын алып отырған
негізсіз қылмыстық істерді қысқартуды тоқтатады деп сенеміз.
3. Сот – тергеу тәжірибесінде және қылмыстық құқық доктринасында
келтірілген зиянның мөлшерін анықтау алынған заттың құнына және
жәбірленушінің материалдық жағдайына байланысты деген тұжырым
үстемдік етеді. Осыған байланысты еліміздегі тұрмысы орта және
нашар адамдардың жағдайын ескере отырып келесі ұсынысты қылмыстық
заңға енгізгіміз келеді. Яғни, қылмыстық заңда талан – таражының
ауырлататын белгісі ретінде мүлікті елеулі мөлшерде талан –
таражыға салуды көрсету орынды.

Зерттеудің ғылыми – тәжірибелік маңызы зерттеу барысында алынған
ғылыми тұжырымдамалар сот – тергеу тәжірибесінде, қылмыстық заңды
жетілдіруге байланысты қолданыла алады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі: 50 бет.

1 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабының 1 тармағына
сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік
танылады және бірдей қорғалады. Меншік субъектілері мен объектілері,
меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды
қорғау кепілдіктері заңмен белгіленді [1, 2б.].
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188 бабына сәйкес меншік
құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және
қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған
билік ету құқығы болып табылады [2, 112б.].
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез –
келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың
меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып,
оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз
өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да
әдстермен ауыртпалықтар түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Сондықтан да, меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқық
нормаларымен және меншік құқығына қоғамға қауіпті қол сұғушылық
жасалғанда қылмыстық құқық нормаларымен де қорғалынады.
Қылмыстық құқықта меншік иесінің құқықтары меншік нысандарына
қарамастан тең дәрежеде қорғалынады. Меншік нысандарының барлық
түрлерінің тең түрде қылмыстық құқықтық қорғалынуы үшін қылмыстық заң
қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін, қолданылатын санкция түрлерін
бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалынуы үшін:
қылмыстық заң біріншіден, әртүрлі меншік нысандарына қол сұғатын ұқсас іс
- әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден, меншікке оның
нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін қылмыстың ауырлататын немесе
аса ауырлатын белгілерін де бірдей белгілеген; үшіншіден, меншік
нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның
бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік
игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл
игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен парапар кең
мағынада алғанда. Меншікке қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау ҚР Қылмыстық
кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды.
1922 және 1926- жылдардағы Қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының
тақырыптары осылай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке
қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады [3,
87б.].
Меншікке қарсы қылмыстар деп - мүліктің меншік иесіне немесе өзге
иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал қауіпін тудырумен
байланысты ҚК-те көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе
абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз [4, 140б.].
Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісін меншік иесінің иелену,
пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты
қоғамдық қатынастар құрайды.
Меншікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі болып меншіктің кез –
келген нысаны табылады. Меншіктің нақты нысаны қылмыстық жауаптылыққа
және адамның мінез – құлқын саралауға әсерін тигізбесе де, қылмыстық іс
бойынша анықталынуы міндетті болып табылады, себебі: біріншіден,
қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затының міндетті элементі; екіншіден,
кейбір ауырлататын белгілерді таңуға әсерін тигізеді.
Қылмыстық заңның Ерекше бөлімін талдап қарасақ, қылмыстың тікелей
объектісі бөтеннің мүлкі екендігі туралы қорытынды жасауымызға болады.
Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық қорғау объектісі ретінде өз мүлкі
бола алмайды. Өз мүлкіне қатысты әрекеттер, егер де олар басқа
азаматтардың заңмен қорғалынатын құқықтары мен мүдделерін бұзған жағдайда
ғана заңсыз деп танылады. Бірақ та, бұл жағдайда қылмыстық құқықтық
қорғаудың объектісі меншік қатынастары емес, басқа игіліктер – қоғамдық
тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың өмірі мен денсаулығы
қарастырылады.
Біз талдайын деп отырған қылмыс құрамдарында меншік қатынастары
негізгі тікелей объект ретінде қарастырылған. Меншікке қарсы кейбір
қылмыстар көп объектілі болып есептелінеді, яғни, оларды жасау барысында
өмірге, денсаулыққа зиян келтіріледі. Оларға: тонауды, қарақшылықты,
қорқытып алушылықты, автокөлікті заңсыз иеленуді жатқызамыз.
Меншікке қарсы қылмыстардың заты – Азаматтық кодексте көрсетілген
меншік құқығының кез – келген объектісі бола алады. Осыған байланысты
интеллектуалдық қызметтің нәтижелері де меншікке қарсы қылмыстардың заты
ретінде қарастырылады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне сәйкес
интеллектуалдық меншіктің өнімдері азаматтардың конституциялық құқықтары
мен бостандықтарына қарсы қылмыстар тарауында қарастырылған [5, 191б.].
Бұл мәселеге байланысты отандық заң шығарушының позициясы өте орынды
деп есептейміз.
Осылайша, меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде – заттар, яғни
ақша, бағалы қағаздар, кейбір кезде мүліктік құқықтар, интеллектуалдық
қызметтің нәтижелері, яғни азаматтық айналымнан алынбаған басқа да
жылжитын немесе жылжымайтын мүліктер қарастырылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағынан материалдық қылмыс
құрамдарының көмегімен құрылған. Олардың объектитік жағы үш міндетті
белгіден тұрады: іс – қимыл, нәтиже және іс – қимыл мен нәтиженің
арасындағы себепті байланыс. Тек қарақшылық құрамының аяқталу кезеңі
алғашқы қылмыстық қызмет сатысына көшірілгендіктен келте қылмыс құрамы
ретінде берілген. Ал қорқытып алушылық формальдық құрам ретінде
сипатталған. Яғни, қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі ретінде
қылмыстық іс – қимыл қарастырылған.
Меншікке қарсы қылмыстарда іс – қимыл көбінесе белсенді әрекет
сипатында болады. Тек қана алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен
мүліктік зиян келтіру әрекетсіздік арқылы жасалына алады. Мүлікті
абайсыздықта жою немесе бүлдіру барысында да әректсіздік болуы мүмкін.
Қылмыстық нәтиже әруақытта да материалдық сипатта болады да, мүліктік
зиян келтіруден көрінеді. Көп жағдайда қылмыстық нәтижені меншік иесіне
немесе өзге де адамдарға келтірілген тікелей нақты залал құрайды. Тек
қана, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру
кезінде залал жіберіліп алынған табыс нысанында болуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігінің объективтік жағының міндетті
белгісі – қылмысты жасау әдісі (күш қолданып, күш қолданбай, жасырын
немесе ашық).
Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі тек біреуі ғана абайсыздық
нысанындағы кінәмен жасалынады – ол бөтеннің мүлкін абайсыздықта жою
немесе бүлдіру. Қалған қылмыстар тек қасақаналықпен жасалынады. Осыған
байланысты тек бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру тікелей немесе
жанама қасақаналықпен жасалынады да, қалғандары тек тікелей
қасақаналықпен жасалынады.
Жалпы ережелерге сәйкес меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі –
жалпы субъект болып табылады. Тек бір ғана қылмыста – бөтеннің мүлкін
иемдену және ысырап етуде субъект арнайы. Кейбір қылмыс құрамдарында
арнайы субъект ауырлататын белгі ретінде берілген. Мысалы: адамның қызмет
бабын пайдаланып алаяқтық жасауы.
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшеріне қатысты меншікке қарсы
барлық қылмыстарды екі топқа бөліп қарастыруымызға болады. 16 жастан
жауаптылық туындайды келесі қылмыстар үшін: алаяқтық, бөтеннің мүлкін
иелену және ысырап ету, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен
мүліктік зиян келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып
алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, жерге заттай
құқықтарды бұзу,бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен
адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру. Ұрлық, тонау, қарақшылық,
қорқытып алушылық, автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену,
ауырлататын жағдайда бөтеннің мүлкін қасақан жою немесе бүлдіру үшін
жауаптылық 14 жастан бастап туындайды.
Мүлікке қарсы қылмыстар қылмыс құрамының субъективтік белгілеріне
байланысты пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып
бөлінеді.
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті
белгісі - пайда табуды көздеу немесе сондай себептер. Сонымен қатар,
пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарының
белгілеріне қарай, мүлікті алумен байланысты талан - таражы деп аталған
қылмыстарға және талан - таражымен байланысты емес қылмыстарға бөлуге
болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес талан –
таражыға ұрлық, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету, тонау,
қарақшылық және ерекше құнды заттарды ұрлау жатқызылады.
Талан – таражымен байланысты емес қылмыстарды: қорқытып алушылық,
алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру, көрінеу
қылмыстық жолмен табылған мүлікңті сатып алу немесе сату, автомобильді
немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсызқ иелену құрайды.
Меншікке қарсы қалған қылмыстарға: интеллектуалдық меншік құқықтарын
бұзу, жерге заттай құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана немесе
абайсыздықта жою жатқызылады.

2 Талан – таражыға салудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы

2.1. Мүлікті талан - таражыға салудың түсінігі

Талан – таражыға салудың дәлме – дәл анықтамасын бару осы
қылмыстардың мәнін анықтауға, қылмысты дұрыс саралауға, талан-таражыға
салудың жекелеген түрлерін басқа ұқсас қылмыс түрлерінен ажыратуға,
сондай – ақ осы қылмыс түрлерімен табысты түрде күрес жүргізуге және
заңдылықты сақтауға мүмкіндік береді.
Күші жүріп тұрған заңдарға сәйкес талан-таражы ұғымы бұл топтық
ұғым, себебі оның негізгі элементтерінің сипаттамасы талан – таражыға
салудың барлық нысандарына тән белгілерді айқындап, біріктіруге мүмкіндік
береді. Күші жүріп тұрған заңда талан – таражыға салудың ұғымын беру
барысында ескі заңдардың тәжірибесі, сондай – ақ қылмыстық құқық
ғылымында берілген анықтамалар қолданылған.
Қылмыстық құқық теориясы мен тәжірибе жүзінде соңғы уақытқа дейін
талан – таражыға салудың біртұтас анықтамасы кездеспеген болатын. Бұл
жағдайдың себебін заңдарға талдау жүргізу арқылы іздестіріп көрейік.
КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдары талан - таражы
ұғымын кең түрде қолданғанымен де, бұл ұғымды заңда бекітпеді [6, 121б.].
Талан – таражыға салудың ұғымы қылмыстық құқық ғылымында теориялық
деңгейде қалыптастырылды. Яғни, талан - таражының біртұтас ұғымының
болмауы соттардың біртектес қылмыстық істерді қарау барысында әртүрлі
шешімдер қабылдауларына әкеліп соқтырды. Бұл жағдай құқық қорғау
органдарының меншікке қарсы қылмыстармен ойдағыдай күрес жүргізулеріне
елеулі дәрежеде кедергі келтірді деп айтпасымызға болмайды.
Отандық тәжірибеге сүйенсек, талан – таражыға салудың толық ұғымы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 25 шілде 1996 жылғы №9
қаулысында берілген. Осы қаулының бірінші тармақшасына сәйкес бөтен
біреудің мүлкін талан – таражыға салу деп – меншік иесінің мүлкін
пайдақорлық мақсатпен заңсыз тегін алуды және оны өз пайдасына немесе
басқаның пайдасына айналдыруды – бөтеннің мүлкін ұрлау деп түсіну керек.
Бұл орайда бөтеннің мүлкі жасырын да, ашық та, алаяқтық, қорқытып алу,
меншіктену, жұмсап қою немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау
жолымен де ұрлануы мүмкін [7, 70б.].
Қазіргі таңда алғаш рет заң деңгейіндегі талан – таражыға салудың
толық көлемдегі және кеңейтілген анықтамасы 1997 жылы 16 шілдеде
қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде берілген [8,
65б.].
Яғни, ҚК – тің 175 бабының ескертуінің 1 тармақшасына сәйкес: осы
Кодекстің баптарында ұрлық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы
мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып
айыптының немесе басқа адамдвардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою
және айналдыру танылады.
Берілген ұғым талан – таражыға салудың белгілерін анықтау үшін,
оларды бір – бірінен ажырату үшін және осы қылмыстармен табысты күрес
жүргізу үшін маңызды, басты ұғым болып табылады.
Заң деңгейінде берілген талан – таражыға салудың ұғымын қарастырған
кезімізде, бұл ұғымды қалыптастыруға түйткі болған ғалым – заңгерлердің
әртүрлі көзқарастарына назар аудармауымызға болмайды. Қазіргі кезде
талан - таражы ұғымының мәселесіне байланысты екі негізгі көзқарас орын
алып отыр. Бұл теориялар Г.А. Кригер және В.А. Владимировпен берілген.
Г.А. Кригердің пікірі бойынша талан – таражының ұғымы осы
қылмыстардың белгілерін жалпылайтын ұғым болуы қажет. Яғни, талан –
таражыға салу деп – мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың қорларындағы
мүлікті пайдақорлық мақсатпен қылмыстық иелену немесе үшінші жақтарға
беру [9, 72б.].
В. А. Владимиров бойынша – талан – таражы – мемлекеттің немесе
қоғамдық ұйымның иелігінен мүлікті құқыққа қайшы алу және ұрланғанды
кінәләнің меншігіне айналдыру мақсатында немесе басқа жеке адамдардың
меншігіне пайдақорлық мақсатпен беру үшін қайтарымсыз түрде алу [10,
98б.].
Г.А. Кригермен берілген талан – таражының ұғымын ҚР ҚК берілген
ұғыммен салыстырып қарастырсақ қылмысты жүзеге асырған әрекетке және
ұрланған мүлік тиісті адамдарға қатысты кейбір айырмашылықтарды
көруімізге болады.
Ұрланған мүлік тиісті адамдарға қатысты айырмашылықтарға қатысты,
қазіргі кезде ҚР ҚК жәбірленуші ретінде меншік иесін және мүліктің
өзге иеленушісін таниды. Г.А. Кригер жәбірленуші ретінде мемлекеттік
немесе қоғамдық ұйымдарды, олардың қорларын түсінеді [9, 121б.].
Бұл айырмашылықтың болуын уақыттан іздеуіміз керек. Себебі: КСРО
кезінде жеке меншік мемлекеттік меншікпен бірдей құқықтық статусқа ие
емес болатын. Қорлар ұғымы экономикалық категория болғандықтан біркелкі
мағынада қолданылмайды. Бұл термин шын мәнісінде де қолданылады қандай да
болмасын ұйымның мүлкі туралы айтылған кезде. Бірақ та, иелігіңде нақты
мүлкің болмаса да, белгілі бір қорға ие болуға болады. Осыған байланысты
Г.А. Кригермен берілген берілген жәбірленушіге қатысты ұғым шектелген
болып табылады. В.А. Владимировпен берілген ұғымда жәбірленуші ретінде
мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың қорлары емес, тікелей мемлекет
немесе қоғамдық ұйымдар танылады [10, 121б.].
Бұл жағдайда мемлекет немесе қоғамдық ұйым түріндегі нақты
жәбірленуші бар.
Әрекетке қатысты айырмашылықтарға келетін болсақ, ҚР ҚК талан –
таражы бөтен мүлікті кінәлінің немесе үшінші жақтардың меншігіне алу
немесе айналдыру жолымен жасалынады деп бекіткен. Г.А. Кригер талан –
таражы иелену немесе үшінші жақтарға мүлікті беру деп түсінсе [9,
111б.], В.А. Владимиров мемлекеттің немесе қоғамдық ұйымның иелігінен
мүлікті құқыққа қайшы алу және ұрланғанды өз меншігіне айналдыру
мақсатында қайтарымсыз түрде алу деп түсінеді [11, 87б.].
Осылайша, талан - таражы ұғымын анықтау барысында ғалымдар және заң
шығарушы арқылы әртүрлі терминологиялық базис қолданылған. Жоғарыда
келтірген әр терминіміздің дара мағыналық жүктемесі бар. Нақты тоқтала
кететін болсақ, Словарь русского языка атты С.И. Ожеговтың еңбегінде
аталған терминдерге келесі түсініктемелер берілген. Изъятие – исключить,
устранить, изъять что – либо из обращения. Завладеть – взять в полное
свое распоряжение, завладеть чужим имуществом. Передать – отдать,
вручить, сообщить кому – либо. Қылмыстық кодекстің қазақша нұсқасында
қолданылған ұрлау терминінің өзі де өте ұтымды емес. Себебі орыс
тіліндегі нұсқада берілген хищение термині қазақ тіліндегі нұсқада тоны
айналдырылып ұрлау болып кеткен. Яғни заң шығарушы топтық ұғымды жеке,
дара ұғыммен бір деңгейде қарастырған. Олай айтып отырған себебіміз
ұрлау талан – таражыға салудың бір нысаны ғана болып табылады.
Сондықтан да біз ҚР ҚК 175 бабының ескертуінің 1 тармақшасында берілген
талан – таражыға салудың анықтамасын былай деп беруді ұсынамыз: Талан –
таражыға салу дегеніміз – пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы
мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне зиян келтіре отырып,
кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алу
немесе айналдыру.
ҚР ҚК және ғалымдар арқылы берілген талан – таражыға салудың
ұғымында адамды талан – таражы үшін жауаптылыққа тартудың мәнді шарты
болса да, жәбірленушінің мүлікті иеленуінің заңдылығы көрсетілмейді.
Осыған байланысты тәжірибе жүзінде жиі кездесетін жағдай мүліктің заңсыз
иеленушіден алынуы, яғни ұры ұрыдан ұрлайды. Бір жағынан алып
қарастырсақ, бұл әрекеттер құқыққа қайшы, егер де олар мүлікті меншік
иесіне, заңды иесіне не болмаса құқық қорғау органдарына қайтару мақсатын
көздемесе. Осы жағдайға байланысты сот тәжірибесіне талдау жүргізіп
байқайық. Жоғарғы Сот Пленумының қаулысына сәйкес алынған мүлік адамның
заңсыз иелігінде болса да кінәлінің әрекеттерін бөтен мүлікті талан –
таражыға салу ретінде саралау қажет деп көрсетілген [7, 71б.].
Бұл тұжырымдаманы келесі мысалдан көруімізге болады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша
алқасы сотталған С.В. Михальченконың аппеляциялық арызын қарап
анықтағады.
Михальченко Сергей Владимирович, Семей қаласында 1974 жылы 25
наурызда туылған, бұрын сотталған, сотталғандығы жойылған, ҚК 175 бабының
1 бөлімі бойынша 2 жыл мерзімге мүлкін тәркілеумен сотталған. Сотталушы
келесі қылмысты жасауда кінәлі деп танылған:
2001 жылдың 18 тамызында Б.М. Рыбников өзінің әкесі М.Г.
Рыбниковтың ВАЗ – 2106 маркалы автокөлігін талан – таражыға салу
мақсатынсыз заңсыз иеленген. Б.М. Рыбников жоқ кезде Михальченко
автокөлікті заңсыз иеленіп, ізін жасырған.
Өзінің аппеляциялық арызында Михальченко автокөлікті кепілге осы
көліктің иесімін деп өзін сендірген Рыбниковтың рұқсатымен бергенін
көрсетеді. Осы жағдайды куәландыратын куәларды сотқа шақыру және олардан
жауап алу туралы оның сұраулары сотпен қарастырылмаған. Бұл мәселелер
оған таныстырылмаған сот мәжілісінің хаттамасында көрініс табуы қажет.
Михальченко берілген эпизод бойынша өз әрекеттерін ұрлық деп санамайды.
Сол себептен де үкімді бұзып, істі қайта тергеуге жіберуді немесе жеңіл
жаза тағайындауды сұрайды. Соттың анықтағаны:
Михальченконың автокөлікті ұрламағандығы, тек пайдаланып кейін Б. М.
Рыбниковтың білуімен кепілге бергендігі туралы пайымдары жарамсыз деп
танылады, себебі, олар Б.М. Рыбниковтыңкөрсетулерімен, сондай – ақ алдын
– ала тергеудегі Михальченконың көрсетулерімен жоққа шығарылған.
Михальченконың көрсетуі бойынша, ол дүкенге ішімдік алуға кеткен
Б.М. Рыбниковтың жоқтығын пайдаланып, автокөлікті от алдырып, , Б.М.
Рыбников рұқсат етпесе де айдап кеткен. Автокөлікпен бірнеше күн қалада
сайрандаған соң, ол ақшадан қысылып, Терещенкодан 13 000 теңге алып,
автокөлікті оған кепіл ретінде тастап кеткен.
Михальченконың баяндағандары Б.М. Рыбниковтың көрсетулерімен, яғни,
ол жоқта Михальченконың автокөлікті айдап кетіп, одан тығылып жүргендігі;
сондай – ақ Терещенконың көрсетулерімен, яғни, автокөлік Михальченконың
туысыныкі деп және де автокөліктің тиісті құжаттарын алып келемін деп
әкелмегендігі, автокөлікті кепілге тастап 13 000 теңге ақша алғандығы
бекітілген.
Осы дәлелдемелер Михальченконың автокөлікті жасырын түрде
ұрлағандығын және өз қалауы бойынша иемденгендігін дәлелдейді [12].
Осы мысалға сүйене отырып жасайтын қорытындымыз: мүлік заңсыз
иелікте болса да талан – таражыға салудың белгілері бар деп танылуы
қажет.
Заң шығарушы деңгейінде берілген талан – таражының анықтамасында
талан – таражы меншік иесіне немесе өзге де иеленушіге зиян келтіруі
қажет деген талап бар. Келтірілген зиян алынған мүліктің мөлшерімен
анықталынады. Осыған байланысты назар аударатын келесі мәселеміз: заң
шығарушы қылмыстық істі қозғау үшін заңды тұлғаларға қатысты ұрланған
мүліктің құны 10 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы қажет деп
есептейді. Яғни 10 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, ұсақ мөлшердегі
талан - таражы деп есептелінеді. Осыған байланысты келесідей түсініксіз
жағдайлар туындауы мүмкін.
Біріншіден, бұл жағдайда меншік иесіне келтірілген қай зиянның
бағаланатындығы түсініксіз: тек қана мүліктік немесе моральдық зиянның
құны есептеліне ме? Мысалы, ұрланған заттың құны шамалы болғанымен де ол
меншік иесіне немесе өзге де иеленушісіне өте бағалы болуы мүмкін.
Екіншіден, жай талан – таражыға салудың мөлшері тек заңды тұлғаларға
қатысты ғана көрсетілген. Ал жеке тұлғаларға қатысты мәселе қалай
шешіледі?
Осы көтерілген мәселелерге қатысты біздің қорытындымыз:
Келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға байланысты меншік иесіне
келтірілген тек мүліктік зиян ғана ескерілуі қажет. Ал моральдық зиян
азаматтық құқықтық тәртіпте қарастырылуы қажет.
Заңда жеке тұлғаларға қатысты ұсақ талан – таражыға салудың
мөлшерінің көрсетілмеуін жіберілген кемшілік ретінде қабылдауымыз қажет.
Сондықтан да, қылмыстық заңдардың жаппай ізгілендіруі қарсаңында жеке
тұлғалардың мүлкіне қатысты талан – таражыға салудың мөлшерін 2 айлық
есептік көрсеткіш ретінде белгілеуіміз қажет.

2.2. Талан – таражыға салудың объективті және субъективті белгілері

Талан - таражы ұғымын жан – жақты түрде қарастырғаннан кейін, тек
талан – таражыға тән, оны басқа ұқсас құрамдардан ажыратуға мүмкіндік
беретін негізгі объективті және субъективті белгілерді бөліп
көрсетуімізге болады.
Талан – таражыға салудың объективті белгілеріне: қол сұғушылықтың
объектісі мен заты; мүліктің алынуы; алудың құқыққа қайшылығы; алудың
қайтарымсыздығы, яғни тегін алынуы жатқызылады.
Қол сұғушылықтың объектісі қылмыстың маңызды және қажетті
элементтерінің бірі болып табылады. Оның ролі екі негізгі функциямен
аныкталады.
1. Объект қылмысты бағалау, оның коғамға қауіптілігін белгілеу,
қылмыстың әлеуметтік саяси дәрежелігін анықтауда шешуші роль
атқарады;
2. Объект қылмысты ғылыми және зандық тұрғыдан топтарға бөлуге
мүмкіндік береді.
Күші жүріп тұрған Қылмыстық кодексте объектінің жалпы анықтамасы
берілмеген. Объектіге арналған арнайы зерттеулер барысында, оның, яғни
объектінің көптеген сұрақтары дұрыс зерттелмеген. Қылмыстың объектісін
зерттеген авторлар бір пікірмен ғана келіседі: объект бұл қоғамдық
қатынастар [13, 113б.].
Қандай қоғамдық қатынастарға тікелей және ең алдымен нұқсан келеді,
бұл жайында қылмыстық құқық теориясында қылмыстың жалпы, топтық және
тікелей объекгісін бөліп көрсетілген [14, 151б.].
Жалпы объект бұл - қылмыстық құқық нормаларымен қорғалатын қоғамдық
қатынастар болып табылады. Жалпы объект барлық қылмыстарға бір.
Оның аныктамасы мемлекетіміздегі қылмыстардың топтық табиғатын ашуға
мүмкіндік береді.
Топтық объект болса біртектес және бір-бірімен тығыз байланысты
қоғамдық қатынастар болып табылады. Топтық объект қылмыстық әрекеттердің
қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның деңгейін анықтауда маңызды орын алады.

Тікелей объект бұл - нақты қатынас немесе бір-бірімен тығыз
байланысты бірнеше қатынас. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың қоғамға
қауіптілік дәрежесін анықтауға және оның әлеуметтік сипаттамасын дүрыс
беруге мүмкіндік туғызады. Нақты қоғамдық қатынасты бөліп шығару өте
қиын, оның элементі басқа қоғамдық қатынастікі болуы мүмкін.
Талан – таражыға салудың мәнін анықтауда негізгі рөл осы
қылмыстардың объектісін анықтауға берілген. Бұл мәселе қылмыстық құқық
теорясында жете зерттелінген қылмыстың объектісінің негізгі ережелерін
басшылыққа ала отырып, шешіледі.
Жалпы объектісі меншік қатынастары болғандықтан, талан – таражыға
салу меншікке қарсы бағытталған [13, 162б.].
Бұл тұжырым Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6
тарауында бейнеленген, яғни 6 тарау Меншікке қарсы қылмыстар деп
аталынады. Бұл қылмыстар тікелей объект ретінде көрінетін мемлекеттік
меншікке де, жеке меншікке де қарсы бағытталуы мүмкін. Яғни, топтық және
тікелей объект ретінде бөлу мүліктің қай түріне зиян келтірілгендігін
анықтау үшін қажет. (Мысалы, жер, автокөлік, ерекше құнды заттар т.б.)
Объектіні дұрыс анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілігін ашуға және
жасалған іс – қимылды дұрыс саралауға мүмкіндік береді.
Кейбір авторлардың пікірі бойынша талан – таражыға салудың тікелей
объектісі мүліктің нақты бір түрі болып табылады [15, 163б.].
Бұндай көзқарастар негізсіз болып табылады, себебі, объект –
қоғамдық қатынас, ал мүлік – бұл объектінің материалдық көрінісі, яғни
осы қатынастардың нәтижесі. Мүлікке зиян келтіру тек талан – таражыға
салумен ғана емес, басқа да қымыстық әрекеттермен жасалынуы мүмкін.
(Мысалы, диверсия, салақтық). Ендеше, талан – таражыны басқа қол
сұғушылықтардан ажырату негізін объектіден іздеуіміз қажет. Егер де,
мүлік объект ретінде болса, біз мүліктің сипаттамасымен байланысты
қылмыстарды ғана бір – бірінен ажырата аламыз.(Мысалы, талан – таражыға
салу мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иелену кезіндегі автокөлік, ерекше
құнды заттарды талан – таражыға салу кезіндег ерекше құнды заттар).
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, талан – таражыға салудың объектісі
меншік қатынастары дедік. Адамдар арасындағы қатынастар оларға берілген
құқықтарды сақтауды көздейді. Бұл құқықтар сақталмаған жағдайда қоғамдық
қатынастар да өзгереді. Сондықтан да объект ретінде бұзылған меншік
құқығы немесе белгілі бір затқа иелену құқығы (интеллектуалдық меншік
құқығын бұзу, жерге зат құқығын бұзу) бола алады. Бірақ та, бұл көзқарас
қылмыстың барлық мәнін және қоғамға қауіптілігін көрсете алмайды, себебі,
қылмыстың затымен байланысты қылмыстар қамтылмай сырт қалып қояды.
Сондықтан да, талан – таражыға салудың объектісінің сипаттамасын меншік
құқығымен шектеп қоюға болмайды, зиян келтірілген меншік қатынастарының
мазмұнын ашуымыз қажет. Талан – таражыға салудың мәні мынада: меншік иесі
немесе үшінші жақ өзіне тиесілі мүлікті пайдалану мүмкіндігінен
айырылады. Меншіктің мемлекеттік және жеке деп бөлінуін ескере отырып,
талан – таражыға салудың тікелей объектісі деп меншіктің нақты нысанын
түсінеміз.
Талан – таражыға салудың заты – қылмыскер иеленген мүлік болып
табылады. Қылмыстық құқық ғылымында зат деп қылмыс бағытталған қоғамдық
қатынастардың материалдық көрінісі, яғни оған қол сұғу арқылы объектіге
зиян келтіретін заттар түсіндіріледі [16, 303б.].
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыскер иеленген зат басқа біреудің
меншігінде болуы қажет. Талан – таражыға салудың затын анықтау үшін оның
негізгі белгілерін бөліп көрсетуімізге болады. Олар:
1. Заттық белгі.
2. Экономикалық белгі.
3. Құқықтық белгі.
Талан – таражыға салудың заты болғандықтан мүлік әруақытта да
материалдық, яғни материалдық өмірдің бөлігі, заттың белгісіне ие болады.
Бұл мүліктің заттық белгісі.
Осыған байланысты, мүліктік қылмыс ретінде талан – таражыға салудың
заты ретінде идеялар, көзқарастар, адамның ақыл – ойының көріністері,
мәлімет қарастырыла алмайды. Интеллектуалдық меншікті талан – таражыға
салу деп тек теңеу мағынасында ғана айта аламыз. Заттық белгісі
болмағандықтан электр және жылу энергиясы талан – таражыға салудың заты
бола алмайды. Пайдақорлық мақсатта энергияның бұл түрлерін заңсыз, өз
бетінше қолдану меншікке қарсы қылмыстардың басқа құрамын құрайды. (ҚР ҚК
182 бабы – Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян
келтіру).
Талан – таражыға салудың затының келесі белгісі – экономикалық
белгі. Талан – таражыға салудың заты тек белгілі бір экономикалық
құндылыққа ие зат бола алады. Заттың құндылығының көрінісі – оның құны,
ақшалай бағасы. Сондықтан да ақша, валюталық құндылықтар және басқа да
бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, коносамент және т.б.) құнның
эквиваленті болғандықтан талан – таражыға салудың заты ретінде
қарастырылады. Керісінше, шаруашылық құндылығы жойылғанзаттар немесе адам
еңбегі сіңбеген табиғат объектілері талан – таражыға салудың заты ретінде
қарастырылмайды. Осы белгіге сүйене отырп, біз талан – таражыны
экологиялық қылмыстардан ажырата аламыз.
Мүліктік емес сипаттағы құжаттар, сондай – ақ тек мүлікті алуға
құқық беретін құжаттар (сенім хат, квитанция т.б.) экономикалық белгісі
болмағандықтан мүлік ретінде қарастырылмайды. Бұл құжаттарды ары қарата
мүлікті алу мақсатында талан – таражыға салу алаяқтыққа дайындалу ретінде
қарастырылуы қажет. Мүлікті иеленумен байланысты емес құжаттарды,
штапмтар мен мөрлерді талан – таражыға салу үшін жауаптылық дербес бапта
ҚР ҚК 324 бабы бойынша көзделген.
Талан – таражыға салудың затының үшінші белгісі – құқықтық белгі.
Бұл белгі Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі
№8 Нормативтік қаулысында бекітілген.17 Осыған сәйкес, Талан таражыға
салудың және меншікке қарсы басқа да қылмыстардың заты – кінәлінің
меншігіндегі емес, яғни бөтен мүлік болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, былай деп айтуымызға
болады.
Талан – таражыға салудың заты – қылмыспен бұзылатын заттар, ақша,
бағалы қағаздар және бағалы өмірдің басқа да заттары.
Талан – таражыға салудың заты жылжитын да, жылжымайтын да мүлік бола
алады. Талан – таражыға салуды анықтау үшін мүліктің жылжымайтындық
белгісінің маңызы жоқ. Жылжымайтын мүліктің кейбір түрлері (үй, пәтер,
жер участогі) өзінің объективті қасиеттеріне байланысты жасырын түрде
алына алмаса да, алдау, күш қолдану және қорқыту жолымен алына алады.
Бірақ та сот – тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай кейбір жағдайларда
жылжымайтын мүлік жылжыйтын мүлікке ауыса алады. Мысалы: жеке тұрғын
үйді бұзып, тасу; бау – бақшаның темір қоршауын алу және әкету; байланыс
линияларын демонтаждау және т.б.
Талан – таражыға салудың заты азаматтық айналымнан алынған заттар да
бола алады. Бірақ та, егер қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың
денсаулығына қауіп төндіретін заттар (қару – жарақ, радиоактивті заттар,
есірткі заттар мен жүйкегк әсер ететін заттар) талан – таражыға салынса,
жасалынған әрекеттер мүліктік қылмыс ретінде емес, ҚР ҚК 9 тарауы бойынша
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмсытар бойынша
сараланады [18, 118б.].
Талан – таражының заңдық анықтамасының маңызды элементі кінәлінің
немесе басқа адамдардың пайдасына бөтен мүлікті алып қою немесе
айналдыруды білдіретін әрекеттің жалпылама сипаттамасы болып табылады.
Талан – таражы барысында мүлік меншік иесінің немесе басқа иеліктегі
адамның қарауынан алынады. Егер де мүлік кез – келген басқа да
себептермен меншік иесінің қарауынан шығып кеткен болса, бұл заттарды
иелену талан – таржыға салуды құрмайды. Осыған байланысты меншік иесінің
қарамағындағы заттар дегеніміз не? Меншік иесінің қарамағындағы заттар
дегеніміз тек қана арнайы қорғалынатын немесе құлыпталынған заттар емес,
кәсіпорын аумағындағы, мекеменің ғимаратындағы, құрылыс алаңындағы немесе
шаруашылық қызмет жүргізілетін кез – келген орындағы, көлік
құралдарындағы, сондай – ақ меншік иесі жоғалтпаған, бірақ та уақытша
қараусыз жатқан зқаттар да бола алады [19, 114б.].
Талан – таражы барысында мүлікті алу кінәлінің оны өз пайдасына
немесе өзге адамдардың пайдасына айналдырумен ұштасады, яғни, мүлікке
үстемдік ету мүлікті нақты иемдену жүзеге асырылады. Мүлікті талан –
таражыға салған адамөз меншігі сияқты мүлікке билік етеді, иемденеді және
пайдаланады, өзін мешік иесінің орнына қояды, бірақ та бізге мәлім заң
тұрғысынан ол меншік иесі болып табылмайды. Себебі, меншік құқығын
қылмыстық жолмен алуға болмайды. Сондықтан да, талан – таражы
жәбірленушінің алынған затқа деген меншік құқығының жойылуын білдірмейді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде заң шығарушының талан – таражыға
берген анықтамасындағы бөтен мүлікті кінәлінің меншігіне емес, кінәлінің
немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыруы туралы сөз қозғағандығы
түсінікті болады.
Бөтен мүлікті алып қою мен оны өзінің пайдасына айналдыру әдетте бір
мезгілде, бір әрекет арқылы жасалынады. Егер де, талан – таражыға салу
уақыт бойынша созылған болса, мүлікті кінәлінің пайдасына айналдыру
кезеңі қылмыстың аяқталуын білдіреді, яғни кінәлінің мүлікті өз қарауынша
нақты иемденуге және бөтен мүлікті өз мүлкі сияқты пайдалануға мүмкіндігі
болған кезең. Егер де кінәлі оның еркіне байланысты емес мән – жайлардың
нәтижесінде қылмысты аяғына дейін жеткізбесе, яғни, өз қарауы бойынша
бөтен мүлікті иемдене немесе пайдалана алмаса, жасалынған әрекет қылмысқа
оқталу ретінде сараланады [20, 435б.].
Талан – таражыны аяқталған деп тану үшін кінәлі мүлікті нақты
пайдаланғандығы, яғни одан белгілі бір пайда көруі міндетті емес. Ең
бастысы кінәліде осындай мүмкіндіктің болуы, мүлікке үстемдік етуінің
болуы [21, 340б.].
Талан – таражыға салудың міндетті белгісі ретінде меншік иесіне
немесе мүліктің басқа иесіне келтірілген зиян түріндегі қоғамға қауіпті
нәтиже болып табылады. Қылмыс жасаған адамды жауаптылыққа тартудың негізі
алынған мүліктің мөлшері болып табылады. Зиян жәбірленушінің нақты
мүлкінің мөлшерінің азаюынан тұрады.5.202б Сондықтан да зиянның мөлшері
мүліктің құнымен анықталынады.
1998 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексі алынған заттың мөлшеріне байланысты дараланған
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүлікті талан - таражыға салудың түсінігі
Талан – таражыға салу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу қылмысы
Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан - таражға салу
Көптік қылмыстар жайлы
Көптік қылмыстарды саралаудың теориялық мәселелері
Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты және меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Мүлікті қорғаудың қылмыстық құқықтық маңызы
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Меншікке қарсы қылмыстар туралы
Пәндер