Қаржының мәні. Қаржыландырудың көздері



І.бөлім.
1.1Қаржының мәні
1.2 Қаржыландырудың көздері.Ұзақ мерзімді қаржыландыру.


ІІ.бөлім.
2.1 Қаржылық құралдары мен әдістері
2.2Қаржылық зерттеудің мәні
2.2. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру , бөлу , айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуы айқындайды , өйткені өндірілген өнімдер сатып алу – сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес , қоғамдық қатынастардың барлық қатынасушылардың қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандырылған еңбектің , орындалатын қызметтердің нәтижелерімен , әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда , оларды белгілі бір ақшалай баламен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі ( табысы ) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер , қызметтердің өндірілген массасы – қоғамдық өнімнің – натуралдық – заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Сонымен қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоцияцияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бір – бірімен қолма - қол ақшасыз жасасатын есеп айырусылары ; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу ; табысты ( пайданы ) бөлу және кәсіпорындарда , фирмаларында ішкігшаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру ; мемлекеттің бюджеттің кірісіне салық төлемдерін аудару ; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу ; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма – қол ақшасыз немесе қолма – қол ақшамен есеп айырысу ретінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
« Қаржы » ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
1. «Қаржылық есеп». Авторлары: Қ.К. Кеулімжаев, З.М. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева.
2. Құлпыбаев С және басқалары.Қаржы теориясы.Оқу құралы. – Алматы” Мерей 2001
3. Қлиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С Оқулық. – Алматы 2003
4. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», Алматы 2003ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І-бөлім.
1.1Қаржының мәні
1.2 Қаржыландырудың көздері.Ұзақ мерзімді қаржыландыру.

ІІ-бөлім.
2.1 Қаржылық құралдары мен әдістері
2.2Қаржылық зерттеудің мәні
2.2. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

1.1Қаржының мәні

Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру ,
бөлу , айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуы айқындайды , өйткені өндірілген өнімдер сатып алу –
сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес , қоғамдық қатынастардың барлық қатынасушылардың
қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандырылған еңбектің , орындалатын қызметтердің нәтижелерімен , әр түрлі
өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы
тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда , оларды белгілі бір
ақшалай баламен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі ( табысы )
жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен
жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан
материалдық және материалдық емес игіліктер , қызметтердің өндірілген
массасы – қоғамдық өнімнің – натуралдық – заттай көрінісімен бірге оның
ақшалай көрінісі де болады. Сонымен қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір
сүре алмайды.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоцияцияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
бір – бірімен қолма - қол ақшасыз жасасатын есеп айырусылары ; негізгі
капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу ; табысты ( пайданы )
бөлу және кәсіпорындарда , фирмаларында ішкігшаруашылық арналымның қорларын
қалыптастыру ; мемлекеттің бюджеттің кірісіне салық төлемдерін аудару ;
қайырымдылық қорларына қаражат төлеу ; экспортталатын тауарлар үшін кеден
баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма – қол ақшасыз немесе қолма
– қол ақшамен есеп айырысу ретінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі
болып табылады.Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке
экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші
стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша
қатынастарының қозғалысы болып жатады.
Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша
қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы , олардың ажырағысыз бөлігі , ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес , тек айрықша ақша
қатынастарын білдіреді , сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржының басты белгілерінің бірі – оның оның тұлғалануының ақша нысаны және
ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек , қаржы
қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның қозғалысымен
аңғартып отырады. Қаржы тек ақша қорларының , атап айтқанда табыстар мен
қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын қамтиды.
Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да , функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама , ал қаржы –
жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық
тетігі , ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол
өндіруге , бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатты
болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші
стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады.

1.2Қаржыландырудың көздері.Ұзақ мерзімді қаржыландыру.

Кәсіпорындар тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай
құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық инспекциясына,
мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа
да кәсіпорындарымен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдпрға да
тапсырады. Кәсіпорындар тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30
күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің
ішінде тапсыруға міндетті. Яғни, ҚР-ң 28-ші ақпан 2007 жылғы №235-111
“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” ҚР заңына сәйкес ұйымдар жылдық
қаржылық есептілікті келесі жылдың 30сәуірінен кешіктірмей өткізулері тиіс.
Бюджеттік мекемелер айлық, тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені
жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.
Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті
инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, сондай-ақ
министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады.
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі
пайдаланушылар, сатып алушылар, жеткізушілер, инвесторлар, биржалар,
банктер және басқалар үшін баспасөзде ашық жарияланады.
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер,
сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда
және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық
есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз
аудитор растауы тиіс.
Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер ҚР-ң
заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ әкімшіліктің немесе шаруашылық
етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы бойынша
жүргізіледі.
“Материалдық емес активтер”бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт
бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге
кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтерді
кәсіпорынның құрылтайшылары (меншік иелері) жарғылық капиталға салым
есебінде енгізуі, сондай-ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы
мүмкін. Бап бойынша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің
құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны
көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен
енгізіледі.Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың,
қызметтің)өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану
мерзіміне қарай кәсіпорын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын
қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.
Ұтымды пайдаланудың мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес
активтер бойынша тозу нормасын он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын
қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.
Баланстың “Материалдық емес активтер” деген бабын қалдық құнымен толтыру
үшін 2700 “Материалды емес активтер”, 2710 “Гудвилл”, 2730 (101-106) –
“Басқалар” және 2740 (111-116) – “Материалдық емес активтердің
амортизациясы” деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет.
“Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе
қордағы (запастағы) негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетіледі. Бұл
бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорынның меншігіне сатып алынған жер
учаскелерінің құна да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың
бастапқы құны, тозуы және қалдық құны жеке-жеке көрініс табады. Негізгі
құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың
түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу
коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы
деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті
коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіру құнына дейін қайта
бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағаланғаннан кейін негізгі құралдардың
бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру
құны баланстық құнына айналады). Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы
жекелей көрсетіледі. Сонымен, баланстың “Негізгі құралдар” деген бабын
толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: 2411 (121) –
“Жер”, 2412 (122) – “Үйлер мен ғимараттар”, 2413 (123) – “Машиналар мен
жабдықтар, беріліс құрылғылары”, 2414 (124) – “Көлік құралдары”, 2930 (126)
– “Аяқталмаған құрылыс”, 2421 (131) – “Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, 2423
(132) – “Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы”, 2425
(133) – “Көлік құрылдарының тозуы”.
“Ұзақ мерзімді инвестициялар” бөлімі бойынша баланста кәсіпорынның ұзақ
мерзімді инвестициялары, басқа кәсіпорындардың активтеріне (бағалы қағаздар
– акциялар, облигациялар) ҚР-ң аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың
жарғылық капиталына салымдар, сондай-ақ кәсіпорынның басқа кәсіпорындарға
берген қарыздары көрініс табады. Баланстың “Ұзақ мерзімді инвестициялар”
деген бабын толтыру үшін мынандай жинақтамалы шоттардың ақпараттары
қолданылады: 1100 – “Қысқа мерзімді қаржы инвестициялар”, 2000 – “Ұзақ
мерзімді инвестициялар”, 2210 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға
инвестициялар”.
“Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” бөлімінде есеп беретін адамдардағы
берешектер көрсетіледі.
Бұл бапты толтыру үшін 1210 (301-303) – “Алуға арналған шоттар”, 1130
(402,302)– “Алынған вексельдер”, 1220 – “Еншілес серіктестіктердің
берешегі”, 1230 – “Тәуелді серіктестіктердің берешегі”, 1240 – “Бірлесіп
бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі” деген жинақтамалы шоттардың және
1280 – “Өзге де дебиторлық берешек” бөлімшесі шоттарының деректері
пайдаланылады.
Есеп берудің “Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ)” бабын толтырған кезде ІІ
бөлімдегі 1310 (201) – “Материалдар”, 1340 (211-213) – “Аяқталмаған
өндіріс”, 1330 (222-223) – “Тауарлар” деген шоттардың ақпараттары
пайдаланылады.
“Алдағы кезеңдердің шығыстары” бабын толтыру үшін 1620 (343) – “Алдағы
кезеңдердің шығыстары” деген бөлімшенің ақпараты пайдаланылады.
Баланстың пассивіндегі “Бөлінбеген кіріс” бабы бойынша бөлінбеген пайданың
қалдығы көрсетіледі. Бұл бап бойынша көрсеткіштер: 5400 – “Бөлінбеген кіріс
(жабылмаған зиян)”, 5430 (562) – “Алдынғы жылдардың бөлінбеген кірісі
(жабылмаған зияны)”, 5410 (561) – “Есепті кезең кірісі (зияны)” жинақтамалы
шоттарының деректері негізінде толтырылады.

2.1 Қаржылық құралдары мен әдістері.
Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы
жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-
экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді
және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің
барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы
қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің
материялдық-заттай элеменнтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы
өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы
дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді
ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты
жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын
ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті)
анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді
жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын
қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп
дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық
жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар
экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде
қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды
бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы
ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).
Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады,
нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске
асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін
әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу,
құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
бағытталған прцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты
құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды
және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері
мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары
мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы
жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болп табылады. Әрбір жоспарда
белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит
жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен
айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі
мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің
резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар
арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және
басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық
құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды
түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге
жетудің қажетілігін білдіреді) сипаталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелермен пайдаланылады:
а) автоматтық өткен жылдың деректері келесі жылға
көшіріледі.инфляция кезінде деректер инфляцияның коеффиценттеріне
көбейтіледі.бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және,
әдеттегідей,уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып,өткен жылдардың
санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі
тиіс бұл әдіс нақтылы қажетіліктерді есепке алады және оларды
мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы
ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға
бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны
жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада
айрбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді
өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды
тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен
өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны,
бағаны, құн заңын, сүраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің
механизімі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс
пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың
элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды
жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың
күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру
және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса
маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың
органдары, мекемелер және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырылады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдйында қаржылық жоспарлау
шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші
көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде
жүргізіледі.
Қаржылық болжау – мемлекеттік мүмкіндік болатын қаржы жағдайын
алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу
(дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл ) және ұзақ мерзімді (10
жылдан астам ) болуы мүмкін. Қаржалақ болжау қаржы жоспарларыни жасау
стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған
қаржы саясатынның тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты –
болжаған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын,
оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады.
Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен
жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандарымен
әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары
көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді
жасау;
Корреляциялық – регрессиялық талдау;
Тікелей сипаттамалық бағалау әдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге
индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалар) жоспарлау пайдаланылады; ол
ақпараттық – үйлестіруші рөлдіорындайды және қаржы қызметінің
субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы экономиканы мемлекеттік
ретеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда
маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың
бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады.
Оны жасау барысында батыс Еуроппа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері
негізі алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағыиндикативті (жылдық)
жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстарын қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі
зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты
сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары
көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді.
2001-2005 арналған индикативтік жоспардың * басты мақсаты – экономикада
бәсекелестікті арттыру.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік
қаржылықжоспарлау болып табылады., бұл жоспарлаудың басты мақсаты –
болжаған дамуды қамтамассыз ету үшін қаржы ресупстарының шамаланған
ауқымын және олардың бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекетік секторда ғана міндетті
сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік
сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді – реттелетін бағаны,
субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін,
жеделдетілген амортизация және басқалардыпайдалану арқылыжетеді. Аса
маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның
болжанңан деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері,
амортизациялық аударымдардың нормалары.
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау
белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік
тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның
сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлұм толық
пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды
қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтуді мүмкіндіктері
анықталады. Өндірісте қолда бар материялдық ресурстарды айналым
қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын
төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т.б.
ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары
қарастырылыды. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны
басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал
жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға
негізделеді:
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің
үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) –
орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы
барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. орталықтандырылған қаржылық
жоспарлау мемлекетке біріңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жоспарлау және ұйымдастыру жолдары
Нарықтық жағдайдағы Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары
Қазақстанның инвестициалық қызметті қаржыландыру ресурстарын бағалау және талдау ерекшелігі
Қаржы менеджментінің даму эволюциясы
Мақтарал ауданында жергілікті қаржыны басқару
Ғылыми-техникалық прогресс және қаржы
Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы
Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні мен маңызы
Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау
Пәндер