Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ІСІ: ОНЫҢ ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Сақтандырудың ұғымы және оның бүкіләлемдік сақтандыру кеңістігінде атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Сақтандыру қызметінің түрлері және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... .15

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ІСІ: ОНЫҢ ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Сақтандырудың ұғымы және оның бүкіләлемдік сақтандыру кеңістігінде атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Сақтандыру қызметінің түрлері және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... .15

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.1 Сақтандыру қызметін басқару және қадағалау мәселері ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.2 Егемендік алғаннан кейінгі еліміздегі сақтандыру ісінің қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.3 Сақтандыру қызметін нарықтық қарым.қатынас талаптарына сай жетілдіру мәселелері және өзара сақтандырудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... 47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.1 Сақтандыру қызметін басқару және қадағалау мәселері ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.2 Егемендік алғаннан кейінгі еліміздегі сақтандыру ісінің қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.3 Сақтандыру қызметін нарықтық қарым.қатынас талаптарына сай жетілдіру мәселелері және өзара сақтандырудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... 47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
Сақтандыру ежелгі заманнан бері жүзеге асырылып келе жатқан, өзінше бағдар-бағыты бар, айырықша мүддесі – тұлғалардың мүліктеріне, жеке бастарына байланысты кездесетін жағдайлардан қорғау, шығынды жабу, зардап-зиянды қалпына келтіру сипатындағы іс-қимыл болып табылады. Мемлекет тұрғысынан алғанда сақтандыру мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып есептелінеді.
Сақтандыру мемлекеттің, заңды тұлғалардың, азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғау жүйесін құрады. Сонымен қатар, ол күтпеген табиғи, техногендік және өзге де құбылыстарға байланысты мүліктік, материалдық нұқсандарды қалпына келтіруге кепілдік бере отырып қаржы жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Сақтандыру - сақтандыру жағдайлары туындаған кезде зиянның орнын толтыруға кеткен шығындарды қаржыландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұзақ мерзімге инвестициялаудың бір көзі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан аумағында өте қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқан процестердің бірегей сақтандыру рыногын түпкілікті қалыптастыру және оның тиісті инфрақұрылымдарын құру болып отыр. Қазақстандағы сақтандыру рыногының даму жағдайының көрсеткіштері еліміздің ұлттық сақтандыруының негізі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастарының бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметі әлі де зерделеу, зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды қажет ететін өзекті бағытқа айналып отыр.
Сондықтан, бірінші кезектегі мақсат белгілі бір мөлшерде сақтандырудың экономикалық табиғаты мен мән-маңызын, сақтандыру экономикалық тұйықталған қатынастарының ерекшеліктерін қарастыру және жете танысып білу болып табылады. Осыған орай, сақтандыруға айрықша назар аударып отырмыз. Біздің ойымызша қазіргі кезеңдегі басым бағыт сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталдарының ең аз мөлшерін жоғарылату және оны тек ақша қаражаттары есебінен ғана қалыптастыру.
Сонымен бірге, сақтандыру ісін дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жету үшін мына келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет: сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру; сақтандыру қызметінің нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру; сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын және беріктілігін қамтамасыз ету; Қазақстандық және халықаралық сақтандыру рыноктарының өзара қарым – қатынастарын дамыту; сақтандыру қызметін көрсету рыногындағы құрылымдық саясатын жүргізу.
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы 10 том 660-661 б.
2. Сман Б.У. «Понятие и система страхового дела».Вестник КазНУ, серия юридическая, 2008. -№3.-С.32-37.
3. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы. «Қазақстан
аумағында құрылыс саласын сақтандыру» 2009. -20 ақпан/ Параграф Ақпарат жүйісі 2012ж.
4. Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы Заң./ Егемен Қазақстан. 2000.- 22- желтоқсан.-№ 6.
5. ҚР Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің Қаулысымен 4 желтоқсан 1998 жылы бекітілген. «ҚР Ұлттық банкінің сақтандыруды қадағалау департаменті туралы» Ережесі.
6. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы «Ана мен баланың өмірін сақтандыру». – 2008.- 12 сәуір.
7. Шахов В.В. «Страхование» учебник для вузов М.: Юнити, 1997.
8. Найманбаев С.М. Салықтық құқық. А.,Юрист.- 2007 ж., 15-бет.
9. Страховое дело. Учебник : под редакцией Л.И. Рейтмана. М.-1992.- С.91-92.
10. Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу № 10 2009ж /Параграф Ақпарат жүйісі 2012ж.
11. Брагинский М. И. Договор старования, - М.: Статут. – 2000. – 230с.
12. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. 1995жылы 30 тамызда қабылданған/ Параграф Ақпарат жүйісі 2012ж.
13. «Cтрахование». Гвозденко.А.А 56-57 бет. Москва 2004г.
14. Жук И.Н «Автомобилыные страхование» Москва 2001г. 33-34 бет
15. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 9 қантар 2009ж./ Параграф Ақпарат жүйісі 2012ж.
16. Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік сақтандыру туралы» заңының. Параграф Ақпарат жүйісі 2012ж.
17. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» заңына соңғы өзгерістер 2006 жыл 31 қаңтардағы Қ.Р заңына сәйкес енгзілді./ Параграф Ақпарат жүйісі 2012ж.
18. «Туроператордың және тур агенттің азаматтық -құққықтық жакапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 10-наурыздағы заңына 2006ж. 31- қаңтарындағы толықтырулар./ Параграф Ақпарат жүйісі 2012ж.
19. «Жекеше нотариустардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», ҚР 2003 жылғы 11 маусымдағы заңы./ Параграф Ақпарат жүйісі 2012ж.
20. «Қызметкер, еңбек міндеттерін атқарған кезде, оның өмірімен денсаулығына зиян келтіргені үшін, жұмыс берушінің азаматтық құққықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заң ҚР 2005 жылдың 7 ақпанындағы заңы./ Параграф Ақпарат жүйісі 2012ж.
21. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 ж./ Параграф Ақпарат жүйісі 2012ж.
22. Тагиев Г.М. «Развитие государственного сртахования в СССР». М.: Правовая политика.- 1978.- С. 6 –8.
23. Сман Б.Ө. «ҚР Сақтандыру құқық қатынастардың мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру» - Алматы, Вестник КазНУ, серия юридическая. 2002.-№ 2. – 47-50б.
24. «Страховое дело». Учебник : /под редакцией Л.И. Рейтмана. М.: Юникс.-1992.- С.91-92
25. Жуйриков К., Назарчук В., Жуйриков Р. «Страхование: теория, практика, зарубежный опыт». - Алматы, 2000. - С. 313-318.
26. Арзакова Т. «Услуги по страхованию при перевозках (внешняя торговля)», 1992.- С. 11-12.
27. Брюзгалов М. «Страхование грузов». М.:Закон.- 1994.- С.5.
28. О.Қағазов «Сақтандыру құқығы». Тараз, 2003.- 6 б.
29. С.М Найманбаев «Сақтандыру құқығы». Алматы, 2005.- 256 б.
30. Жүйріков К.Қ «Нарыққа өту жағдайында сақтандыру». Алматы, Жеты жарғы.- 2003.- 15б.
31. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы 15 қаулысымен бекітілген «сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру және келісім беруден бас тарту ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» қаулысы.
32. Худяков. А.И «Страховое право». Алматы, «Жеті жарғы», 1997.- 275б.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ІСІ: ОНЫҢ ТАРИХИ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .6

1. Сақтандырудың ұғымы және оның бүкіләлемдік сақтандыру кеңістігінде
атқаратын рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Сақтандыру қызметінің түрлері және оны
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... .15

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ
РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .26
2.1 Сақтандыру қызметін басқару және қадағалау
мәселері ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Егемендік алғаннан кейінгі еліміздегі сақтандыру ісінің қалыптасуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

2.3 Сақтандыру қызметін нарықтық қарым-қатынас талаптарына сай жетілдіру
мәселелері және өзара сақтандырудың құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ..47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .65

КІРІСПЕ

Сақтандыру ежелгі заманнан бері жүзеге асырылып келе жатқан, өзінше
бағдар-бағыты бар, айырықша мүддесі – тұлғалардың мүліктеріне, жеке
бастарына байланысты кездесетін жағдайлардан қорғау, шығынды жабу, зардап-
зиянды қалпына келтіру сипатындағы іс-қимыл болып табылады. Мемлекет
тұрғысынан алғанда сақтандыру мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып
есептелінеді.
Сақтандыру мемлекеттің, заңды тұлғалардың, азаматтардың мүліктік
мүдделерін қорғау жүйесін құрады. Сонымен қатар, ол күтпеген табиғи,
техногендік және өзге де құбылыстарға байланысты мүліктік, материалдық
нұқсандарды қалпына келтіруге кепілдік бере отырып қаржы жүйесін нығайтуға
оң әсерін тигізеді.
Сақтандыру - сақтандыру жағдайлары туындаған кезде зиянның орнын
толтыруға кеткен шығындарды қаржыландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұзақ
мерзімге инвестициялаудың бір көзі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан аумағында өте қарқынды түрде жүзеге асырылып
жатқан процестердің бірегей сақтандыру рыногын түпкілікті қалыптастыру және
оның тиісті инфрақұрылымдарын құру болып отыр. Қазақстандағы сақтандыру
рыногының даму жағдайының көрсеткіштері еліміздің ұлттық сақтандыруының
негізі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру
құқықтық қатынастарының бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру
қызметі әлі де зерделеу, зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде
экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды қажет ететін өзекті бағытқа
айналып отыр.
Сондықтан, бірінші кезектегі мақсат белгілі бір мөлшерде сақтандырудың
экономикалық табиғаты мен мән-маңызын, сақтандыру экономикалық тұйықталған
қатынастарының ерекшеліктерін қарастыру және жете танысып білу болып
табылады. Осыған орай, сақтандыруға айрықша назар аударып отырмыз. Біздің
ойымызша қазіргі кезеңдегі басым бағыт сақтандыру және қайта сақтандыру
ұйымдарының жарғылық капиталдарының ең аз мөлшерін жоғарылату және оны
тек ақша қаражаттары есебінен ғана қалыптастыру.
Сонымен бірге, сақтандыру ісін дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына
жету үшін мына келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет: сақтандыру
қызметін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру; сақтандыру қызметінің
нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру; сақтандыру жүйесінің қаржылық
орнықтылығын және беріктілігін қамтамасыз ету; Қазақстандық және
халықаралық сақтандыру рыноктарының өзара қарым – қатынастарын дамыту;
сақтандыру қызметін көрсету рыногындағы құрылымдық саясатын жүргізу.
Осы сақтандыру рыногындағы құрылымдық саясаттың басты көрінісі
сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің арақатынастарының ұтымдылығын
арттыру. Сақтандыру аясындағы ақпараттық-талдау жұмыстарының да жеткілікті
деңгейде жүргізілмей отырғанын байқауға болады. Сақтандыру ұйымдарының
өздеріне қабылдаған міндеттерін бұлжытпай орындауларын бақылау жөніндегі
тиімді мемлекеттік бақылау механизмін құру проблемасы да күн тәртібіндегі
өткір мәселе болып табылады. Сондықтан, біздің ойымызша сақтандыру
қызметін мемлекеттік реттеу саласында сақтандыру рыногының қызмет
атқаруының нормативтік – құқықтық және әдістемелік базасын жетілдіру
жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет.
Қазақстанның банк және сақтандыру жүйесі тарапынан экономиканың
келешегі зор секторларына, нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін
жағдай жасалуын және өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде
мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет деп
тұжырымдайды Елбасы өз жолдауында [1].
Сонымен бірге, сақтандыру ісінің қалыптасып, дамуын негіздейтін,
тұйықталған бөлу, қайта бөлу қатынастары ретінде көрініс табатын айрықша
сақтандыру қатынастарын реттейтін құқықтық реттеу механизмдерін құру да
көзделген еді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңдарын, заңға
сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, сақтандыру шарттарын зерделеу, білу,
игеру және меңгеру тек осы сала мамандарының үйлесіндегі іс болып ғана
қоймай, сонымен бірге барлық шараушылық субъектілерінің, азаматтардың
әсіресе заңгерлердің де міндетті түрдегі қажеттілігіне айналып отыр.
Қазақстандағы сақтандыру ісінің әлі де жетілдіріуі көзделінген
ізденістер үстінде екенін, оның бүгінгі даму тенденциялары мен құқықтық
реформалануы дәлелденуде.
Сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің және сақтандыру құқығымен
сақтандыру заңдарының мәселелері жөніндегі зерттеулер Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік тілде жүргізілмеген, әлі де өз кезегін асыға
күтіп жатқан өте өзекті проблемалар қатарына жатады.
А.И.Худяков, К.К.Жүйріков, С.М.Найманбаев, И.М.Назарчук, Г.В.Ким,
С.С.Сатубалдин, Б.Сман және т.б. Қазақстандық ғалым-оқымыстылар мен
тәжірибелік мамандардың, сондай-ақ оның ішінде Ресей Федерациясының –
А.Л.Алякринский, В.В.Шахов, В.Р.Идельсон, Н.Я.Шиминова, Л.И.Рейтман және
т.б. ғалымдарының ғылыми еңбектерінде зерттелінген мән-жайлар, талданып,
талқыланған проблемалар осы жұмыстың тақырыбының мәселелерін ашу кезінде
себебін тигізгенін атап өтуіміз қажет. Ал сақтандыру құқығы, сақтандыру
қатынастары жөніндегі ақпараттар А.И.Худяковтың және С.М.Найманбаевтың оқу
құралдарында біршама дәрежеде зерделенген болатын.
Аталмыш авторлардың еңбектерінде осы жұмыстың біршама мәселелеріне
жеткілікті деңгейде талдау жасалынғанымен сақтандыру саласы мен заңдарының
үзбей, жиі реформаланылуына, сақтандыру рыногын халықаралық стандарттарға
сай дамытудың құқықтық базасын жаңаша қалыптастыруға орай, қазіргі кезде
сақтандыру қызметіне мемлекеттік басшылық ету, сақтандыру құқықтық
қатынастарын мемлекеттік реттеу проблемаларының бұрын Қазақстанда
зерттелінбеген көптеген жаңа аспектілері пайда болып отыр.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ІСІ: МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТАРИХИ
ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСІ

1. Сақтандырудың ұғымы және оның бүкіләлемдік сақтандыру кеңістігінде
атқаратын рөлі

Сақтандыру өндірістік қатынастардың аса қажетті элементі болып табылады
және ол әрқашанда өндіріс барысында туындайтын шығындар мен залалдардың
орнын толтыруға, калпына келтіруге байланысты болады. Осы қоғамдық өндіріс
процесінде екі қарама-қайшы құбылыстар ұштастырылады. Біреуіне, адамдардың
табиғи стихиялық апаттармен және басқа да төтенше қатерлі жағдайлармен
күресіне байланысты адам мен табиғаттың арасындағы қарама-қайшылық жатса,
ал екіншісіне қоғамдағы адамдар арасында мүліктік және басқа да мүдделерге
қатысты, қоғам ішінде туындайтын адамдардың арасындағы өндірістік
байланыстарды қиындататын қарама-қайшылықгар жатады. Міне, осындай қарама-
кайшылыктар келеңсіз нәтижелерге әкеп соғатын төтенше жағдайлар мен
күтпеген қатерлі оқиғалардың туындауының объектілі негізін құрайды [2].
Егер қалыпты жүріп жатқан қоғамдық өндіріс процесі адамдардың саналы,
мақсат-бағдарлы қызметтерінен тыс ғаламат төтенше жағдайлардың туындауына
байланысты бұзылатын болса, онда сол қатерлі жағдайлар сақтандыру оқиғалары
деп айтылады. Жоғарыда аталған жайларға байланысты қоғамдық өндірістің
қатерлі сипатта болуы адамдар арасында стихиялық және басқа да
ауыртпашылықтардың қиратып - жоюшы күштеріне қарсы тұру, болдырмау, алдын-
алу, әрі қарай тарауына жол бермеу, сондай-ақ келтірілген зиянның орнын
талассыз толтыру жөніндегі объектілі қатынастарды туындатады. Бұл
қатынастар - арнайы сипатта болатындықтан жиынтығында қоғамдық өндірісті
қорғауды сақтандырудың экономикалық категориясын құрады. Осы категорияның
ерекшелігі мынадай: қиратып-жоюшы оқиғаның кездейсоқ сипатта туындауы;
ақшалай және натуралды сипаттағы өлшемдермен сипатталынып келтірілген
зиянның төтеншелігі; аталмыш жағдайдың зардаптарының алдын алу, жоюдың және
материалдық немесе өзге де зияндардың орнын толтырудың объектілі түрдегі
қажеттілігі сияқты негізгі белгілер арқылы көрініс табады.
Ал көрсетілген белгілер адамдардың өндірістік қызметтерінің аясында
сақтандырылатын тәуекелдердің болатынын және сақтандыру қорғауының
қажеттілігін дәлелдейді. Сақтандыру тәуекелі мен сақтандыру шаралары
сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі маңызын білдіреді.
Сақтаңдыру талабына сәйкес қорғау, алдын-алу, қалпына келтіру және т.б.
шараларды жүзеге асыруға қажетті сақтандыру қорын қалыптастыру, қоғамдық
өндіріс аясындағы қорғауды сақтандырудьң экономикалық категориясының осы
қор түріндегі материалдық нысанын көрсетеді. Аса кажетті осы сақтандыру
қоры негізінде өндіріс аясында белгілі бір уақыт көлемінде жасалынатын
ұлттық табыстың қайта бөлінуі есебінен қалыптастырылады [3].
Сақтандыру қорының есепті жыл ішінде жұмсалынбай қалған бөлігі қорлану
қорына түседі. Ал зиянның орнын толтыруға және т.б. шараларға жұмсалған
бөлігі тұтыну корын толықтырып қана қоймай, сонымен бірге өндіріске кеткен
қаражаттардың қалпына келтірілуін толықтырып отырады.
Тағы бір айта кететін жайт, міндетті мемлекеттік сақтандыру ақша қоры
мемлекеттің қаржы жүйесінің бюджет, банктердің қаржыларынан кейінгі буыны
болып табылады. Алдында айтқанымыздай сақтандыру экономикалық категория
ретінде қаржылармен байланыста болады және қаржылар сияқты ақша нысандағы
құндық белгілі қорларды қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу кезіндегі
қозғалысын білдіреді. Осыған орай, сактандыруды басқа экономикалық
категориялардан ажырата білу үшін оның өзіне тән ерекшеліктерімен
танысуымыз қажет.
Экономикалық категория ретінде сақтандыру мына келесідей белгілермен
сипатталады:
- сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлу қатынастары пайда болады. Осы
қайта бөлу қатынастарының негізінде сақтандыру тәуекелінің болуы және
сақтандыру оқиғасының туындау мүмкіндігі жатады;
- сақтандыру кезінде тек сақтандыру ауқымындағы қатысушылар ғана
қатысатын тұйықталған қайта бөлу қатынастары туындайды. Бұл жерде
сақтандыру акшалай қоры тек жаңағы қатысушылардың нақты белгіленген
жарналары есебінен қалыптастырылады;
- сақтандыру қорына жұмылдырылған сақтандыру төлемдері аумақтар
көлемінде қайтарылады;
- сақтандыру келтірілген зияндарды әкімшілік-аумақтық
бөліністер арасында және белгілі бір уақыт көлемінде қайта бөлуді көздейді
[4].
Демек, сақтаңдыру айтарлықтай көлемдегі аумақтық құрылымдар мен
сақтандырылған объектілерді қамтуы керек және қатарынан бірнеше
жыл бойы ешкандай төтенше жағдай орын алмаған болса, сақтандыру төлемдерін
алдағы уақытта туындауы мүмкін залал-зияндарды қалпына келтіруге қажетті
запастағы қор құрылуы тиіс.
Сақтандырудың экономикалык манызы оның функциялары аркылы да көрініс
табады. Олар сақтандырудың қаржы жүйесінің буыны ретіндегі ерекшеліктерінің
қаржылардың функцияларына сәйкес келетінін көрсетеді. Сонымен, біздің
ойымызша сақтандыруға мынадай функциялар тән болады: жұмылдыру функциясы;
бөлу, қайта бөлу функциясы (тәуекелдік функция; алдын алу функциясы;
жинақтау функциясы); бақылау функциясы. Осы функциялар өздігінен емес, тек
сақтандыру қызметін жүргізу кезінде ғана іс жүзінде жүзеге асырылады.
Жұмылдыру функциясының көмегімен мақсатты сақтандыру қорының қаражаттарын
сақтаңдыру жарналары есебінен қалыптастыру қызметі жүзеге асырылады.

Бөлу (қайта бөлу) функциясы өз алдына үш функциядан тұрады: олар
тәуекелдік (немесе қалпына келтіру) функциясы; алдын алу функциясы;
жинактык функция. Бұл жерде ең бастысы тәуекелдік және алдын-алу
функциялары болып табылады. Тәуекелдік функция тұйықталған сақтандыру
қатынастарының ішіндегі зияндардың орнын толтыруды, қалпына келтіруді,
апаттарға байланысты сақтандыру қаражаттарын кайта бөлуді жүзеге асырады.
Алдын-алу қатерлі жәйттерді болдырмауға, сақтандыру тәуекелдерін
мүмкіндігінше азайтуға бағытталған профилактикалық шараларды жүргізуге
қажетті функция болып саналады. Бақылау функциясы сақтандыру қорларының
мақсатқа сәйкес қатаң қалыптастырылып, пайдаланылуын тексеріп, қадағалауды
тиісті зандарға сәйкес жүргізеді [5].
Сақтандырудың қоғамдық өндірістің үзілмеуін, баланысты болуын,
тоқтатылмауын қамтамасыз етуді көздеп атқарылатын рөлінің түпкілікті
нәтижесі мына келесідей көрініс табуы керек: сақтандыруды колдану аяларын
ұтымдыландыру; сақтаңдыру операцияларын дамыту көрсеткіштерін жақсарту;
зияндарды толығымен және дер кезінде қалпына келтіру; уақытша бос
сақтандыру қаражаттарын сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметтерінде
пайдалану.
Сонымен, сақтандыру катысушыларының ақшалай жарналары есебінен табиғи
апаттар мен төтенше қатерлі жағдайлардың салдарынан зиян шеккен заңды
тұлғалар мен азаматтардың тартқан зияндарын қалпына келтіруге және орнын
толтыруға арналған мақсатты сақтандыру қорын құру жөніндегі тұйықталған
айрықша қайта бөлу қатынастарының жиынтығы болып табылады.
Демек осы жәйтті былайынша толық тұжырымдауға болады: сақтандыру
әкімшілік, конституциялық, қаржылық, азаматтық және т.б. құқық нормаларымен
реттелген, сактандырылған тұлғаларға қатысты тиісті зандарда немесе
шартта көзделген жағдайлардың туындауына орай сақтандыру қорғанысы мен
сақтандыру өтемін жүзеге асыруға байланысты кешенді, базистік экономикалық
қатынастардың жиынтығы ретінде көрініс табады.
Осы қысқаша сипаттамадан кейін сақтандырудың тарихи қалыптасып, дамуына
және біздің еліміздегі даму кезендері мен құқықтық аспектілерін қарастыру
кажет. Негізінде, сақтандыру көне дәуірден бері адамдар өркениеті
арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастардан белгілі бір қатерлі,
қауіпті, шығын-зардапты немесе пайдалы, көбінесе объектілі, кейбір кездерде
субъектілі жағдайлардың туындауына байланысты орын алатын өте қажетті
категория әрі сол өндірістік катынастардың мызғымас бөлігі болып табылады.
Алғашқы кезде сақтандырудың мағынасы қауіп, қорқыныш деген сөздермен
байланысты болса, кейіннен көмектесу, жақтасу, кепілдендіру, қорғау, ұстап
тұру, тауда, теңізде сақтандыру және т.б. мағынада да айтылған [6].
Сақтандырудың бастапқы нысандары өте көне дәуірде, құл иеленуші
қоғамдарда туындаған болатын. Мысалы, бізге жеткен деректер бойынша кұл
иеленушілер, өздерінін мүліктері мен құлдарын табиғи тылсым күштердің жойып
жіберуінен, ұрлықтан, тонаудан және басқа да қатерлі оқиғалардан қорғау
тәсілі ретінде сақтандыруды пайдаланған. Осы қоғамдағы кезіңде мал-мүлікті
және бәсеке басты қорғауға орай жасалынған келісімдер сактандыру шарты
ретінде көрініс берген еді. Көне дәуірдегі сақтандырудың алғашқы
нысандарының негізінде өзара міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін
ұжымдық өзара көмекті жатқызуға болады. Сол кездерде қалыптасқан негізгі
қағидат бойынша сақтандыру пайда табуға, байлыққа бағытталған емес, ол тек
кауіп-қатерден қорғау тәсілі болып табылған. Демек, келтірілген залалдың
орнын ақшалай емес, тек сол зардапқа баламалы мүлікпен, затпен, өніммен
және.т.б. толықтырып отырған.
Сонымен, ғасырлар белесінде объекттілі қалыптасып, жан-жақгы дамыған
сақтандыру ісі уақыт өте келе көптеген бағытта жүзеге асырылған. Мәселен,
қалалар мен елді мекендердің өсуіне карай ғимараттар мен үйлердің және т.б.
мүліктердің әртүрлі дүлей апаттар мен өрттерден жойылуы немесе бүлінуі
қауіпінің күшеюіне байланысты адамдар солардан қорғануға, келтірілген
зардаптың орнын толтыруға, мүмкін болса қауіптің алдын алуға немесе
болдырмауға бірлесіп іс-кимыл жасауға талпынған. 1310 жылы Германияның
Брютте қаласында көпестер мен қолөнер гильдияларының мүліктік мүдделерін
корғау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын Сақтандыру палатасының
құрылуы жоғарыда айтқанымыздың айғағы болса керек.
Мүлікті кәсіпкерлік қызметтің объектісі ретінде сақтаңдырудан басқа,
өрттен сақтандыру да дами бастаған еді. Кезінде өрттен сақтаңдырудың
қарапайым нысаны мүліктері бүлінген немесе өртеніп кеткен адамдарға
көмектесу үшін жиналатын арнаулы алым түрінде болған. Әрине бүл көмекті шын
мәнісіндегі сақтандыру деп айта алмайтынымыз белгілі. 1866 жылғы Лондон
қаласының орталығын жойып жіберген жойқын өрттен кейін демек, үйлер мен
баска да ғимараттарды сақтандыру мақсатында өрт полисі деп аталатын
сақтандыру мекемесі, соңдай-ақ 1667 жылы Норвегияның Христиания (кейіннен
Осло деп аталған) қаласында Норвегиялық бранд-касса кұрылған болатын.
Бұлардың бәрі және басқалары өзара сақтандыру негізінде қызмет атқаратын,
яғни тек келтірілуі мүмкін зардап-зиянның орнын толтыруды ғана көздеген.
Осы сақтандыру жүйесі теңіз сақтандыруында күні бүгінге дейін қолданылады.
Зымырап өтіп жатқан заман ағымында экономиканың дамуына байланысты және
мүліктік мүдделерінің ұлғаюына қарай сақтандыру компанияларының саны мен
айналымдық капиталдары өсе бастаған еді. Мәселен, он сегізінші ғасырдың
алпысыншы жылдары Батыста мүлікті және жеке адамды сақтандырудың жүзге
тарта түрі болды. Осыған қарап сақтандырудың дамып жатқан экономика
талаптарына сай келгенін байқаймыз. Тек бір ескеретін жәйт, осы адам
қызметінің барлық аяларына тез таралған сақтандырудың уақыт, заман
талаптарына орай әдістері мен нысандарында әлсін-әлсін өзгертіліп отырған.
Мысалы, 1706 жылы жер жүзінде бірінші рет өмірді сақтандыру жөніндегі қоғам
құрылса, 1800 жылдары жануарларды, қаржылық шығындарды, қатерлі
жағдайлардан үйлерді қиратып кіріп жасайтын ұрлыктан сақтандыру түрлері
пайда болған. Көне Қазақстан аумағында дамыған сақтандыру жөнінде жазбаша
деректер мен мағлұматтардың сақталмауына қарамастан отырықшы мекендер мен
ірі қалалардың аясында қандай да болмасын нысандардағы сақтандыру іс-
қимылдарының жүргізілгенін білеміз.
Кейінгі, Ресей империясының құрамындағы Казақстанда жүзеге асырылған
сақтандыру деңгейінің дамуы туралы мәліметтер де жоққа тән. Алайда, сол
кездерде Ресеймен шектес орналасқан Орынбор, Орал, Гурьев қалаларында және
Жетісу өңіріндегі қалаларда, сондай-ақ жер өндеумен айналысатын аумақтарда
сақтандырудың кейбір түрлерінің жүргені мәлім. Сондықтан, біздің ойымызша
бірінші кезекге Ресей империясында қалыптасып, дамыған сақтандыруға, оның
әралуан нысандары мен түрлеріне қысқаша шолу-сипаттама жасап өту қажет.
Ресей мемлекетіндегі сақтандыру XVIII ғасырдың ортасына таман Петербург
пен Мәскеуде ағылшын сақтандыру ұйымдары филиалдарының орналасуына орай
басталған болатын. Ал бірінші Ресейлік сақтандыру ұйымы 1765 жылы Ригада
ашылған еді. Ресейдегі теңіз саудасының жандануына байланысты 1781 жылы
теңіз сақтандыруы бірінші рет жүзеге асырыла бастады. 1786 жылы сақтаңдыру
ісін мемлекеттік монополияға айналдыру мақсатында мына екі банк:
мемлекеттік заемдық банк пен мемлекеттік ассигнациялық банк құрылған
болатын. Осы банктер құрылыстар мен тауарларды, ренталарды, адамдардың
өмірін және т.б. сақтандыру операцияларын жүргізген.
Бірақ, кейіннен он тоғызыншы ғасырдың басында мемлекеттік сақтандыру
жойылып, оның орнында акционерлік, өзара және жергілікті (жерлердегі)
сияқты үш негізгі сақтандыру жүйесі біртіндеп қалыптасқан. 1827 жылы өрттен
сақтандыру жөніндегі Ресей Бірінші акционерлік қоғамы пайда болған. 1835
жылы өрттен сақтандыру жөніндегі Ресейлік екінші қоғам, ал 1846 жылы
Саламандра қоғамы құрылған. Осыған орай Ресей өрттен сақтандырудың отаны
деп есептелінген.
Шамалы уақыт өткеннен кейін, сақтандыру қоғамдары жауыннан соң каулап
өскен саңырауқұлақтай қарқынды дами бастаған. Мәселен, 1844 жылы
Российское общество морского, речного, сухопутного страхования, 1847 жылы
көлікті сақтандыратын Санкт-Петербургтің Надежда компаниясы, 1867 жылы
Русское, 1870 жылы Коммерческое, Варшавское, Русский Ллойд, 1872
жылы Северное, Якорь, Волга сияқты жаңа сақтандыру ұйымдары пайда
болған [7].
1877 жылдан бастап егістістерді бұршақ соғудан сақтандыру жөніндегі жер
иеленушілердің Московское атты өзара қоғамы жұмыс істей бастаған (1901
жылы осыған сәйкес Церера қоғамы құрылған). 1881 жылы ашылған Россия
атты өте ірі сақтандыру қоғамы өмірді, капиталдарды, ұжымдық және жекелей
сақтандыруды жүзеге асырған. 1885 жылдан бастап мынадай шетелдік сақтандыру
қоғамдарына Ресей аумағында қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат берілген:
Нью-Йорк (АҚШ), Урбен (Франция) және Эквитебл (АКДІ). 1888 жылы
Помощь атты сақтандыру қоғамы бірнеше бағыттағы өз жұмысын жүргізген.
1895 жылы тұңғыш рет Общество Русского перестрахования деп аталатын
арнаулы қайта сақгандыру қоғамы құрылған. 1903 жылы Мәскеуде көптеген
фирмалардың қатысуымен жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді өрттен
сақтандыратын Российский взаимный страховой союз дүниеге келген болатын.
1905 жыддан бастап өз салымшыларының өмірін сақтандыруды мемлекеттік жинақ
кассалары жүзеге асырған. 1913 жылы Взаимное страхование промышленников,
Взаимное морское и речное страхование, Российский союз
обществ взаимного страхования от огая деген ірі сақтандыру мекемелері
қызмет аткарған. Ресейдегі жеке басты сактандыру ісі негізінен тек ауқатты
тұрғындарды қамтыған болатын. Осы аяда қызмет атқарған жиырма ұйымның
ішінде өмірді сақтандыру жөніндегі арнаулы үш мекеме болған Жизнь,
Заботливость, Генеральное. Кезіндегі статистика бойынша 1913 жылы
сақтандыру жарғыларының жалпы сомасы 204,5 млн. сомды құраған. Оның ішінде
акционерлік сақтандыру қоғамдарының үлесіне - 63,1 процент, жерлердегі
сақтандыру үлесіне - 19,8 процент, өзара сақтандыру үлесіне - 6,7 процент
келген. Ресей бойынша сақтандыру қоғамдарының активтері 374 млн. сом
мөлшеріңде болған [3, с.35].
Енді өз елімізде сақтандыруға байланысты жасалған алғашқы қадамдар мен
сақтандырудың одан әрі даму кезендерін баяңдайтын сәт туған сияқты.
Сақтандырудың Қазақстанға келуіне басты себеп болған Қазан революциясы деп
айтсақ қателеспегеніміз. Екінші серпіліс 1921 жылы жүзеге асырыла бастаған
жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуіне байланысты болды. Қазақстандағы
(Қырғыз КСР) сақтандыру осы 1921 жылдың екінші жартысына таман қызу колға
алынып, оны ұйымдастырудың ұтымды нысандары, сақтандыру аппараттары мен
бөлімдерін және олардың қызметкерлерін, оларды қажетті материалдармен және
азық-түлік, киімдермен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылып тұжырымдар
мен ұсыныстар жасалған болатын. Қазақстанның (Қырғыз КСР) аумақтық-
құрылымдық және мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері ескерілген, талданған осы
ұсыныстар кейіннен нормативтік актілер қабылдау кезінде негізге алынған
еді.
Мемлекеттік мүліктік сақтандыру туралы 1921 жылғы қазанның 6-
сындағы Х декретіне, орай Қазақстан аумағында 1921 жылдың желтоқсанының 14-
інде Қырғыз КСР Мемлекеттік мүліктік сақтандыру туралы Ережені бекітті.
Сонымен қатар, республикалық Қаржылар халық комиссариатында мемлекеттік
сақтандырудың бас басқармасы құрылды. Осы аталмыш басқарма кезінде барлық
сақтандыру операцияларына басшылық жасаған болатын және өзіне тиесілі
сақтандыру тарифтерін әзірлеу, Қаржы халық комиссариаты бекітетін қағидалар
мен нұсқаулықтар шығару, сақтандыру нысандарының ғылыми негіздемелерін
әзірлеу, алдын-алу шараларын ұйымдастыру, жергілікті мемлекеттік сақтандыру
мекемелеріне басшылық ету, соттар мен басқа да мемлекеттік мекемелерде
өздерін сақтандыру органдарының өкілі ретінде көрсету сияқты міндеттерін
орындауға атсалысқан.
Қазақстандағы табиғи апаттардан, т.б. көптеген төтенше, қатерлі
жағдайлардан мүлікті және жеке басты сақтандыру Орынбор, Актөбе, Орда,
Орал, Қостанай, Петропавловск және Семей губернияларында (сол кездегі
мемлекеттік құрылыс) жүзеге асырылған. 1921 жылғы қазанның 6-сындағы
Мемлекеттік мүліктік сақтандыру туралы декрет бойынша сақтандыру тек
ауылдық жерлер мен елді мекендердегі және калалардағы жеке меншік
шарушылықты қамтыған еді. Демек, мемлекеттік сақтандыру оларға өрттердің,
бұршақ соғудың, малдардың қырылуының, суда және құрғақта жүретін көліктер
аварияларының (апаттарының) салдарынан келтірілген залалдың орнын толтыруға
міндетті болған.
1922 жылдың шілдесінде Х қабылдаған қаулысында Мемлекеттік сақтандыру
қызметінің ұйымдастырылу жағы былайынша нақтыландырылған болатын:
мемлекеттік сақтандыру шаруашылық есеп негізінде ұйымдастыры-лады; өмірді
ерікті сақтандыруға және қатерлі жағдайлардан ерікті сақтандыруға рұқсат
етіледі.
Осы ерікті нысандағы мемлекеттік сақтандыру алғашқы кездерде
мемлекеттік меншікке қатысты да жүзеге асырылған еді. Мәселен, құрылыстарды
мемлекеттік ерікті және міндетті сақтандыруға қабылдау туралы қағида
бойынша өрттен сақтандыру кезінде меншік нысандары мен пайдаланылу
бағыттарына қарамастан барлық құрылыстар сақтандырылуға жататын.
Ал мемлекеттегі сақтандыру түрлері мына келесідей көрініс тапқан еді:
күрылыстарды, малдар мен егістіктерді міндетті және ерікті сақтандыру;
көлік құралдарын, өмірді және т.б. қатерлі жағдайлардан ерікті сақтандыру,
сондай-ақ кепілдендірілген сақтандыру. Кепілдендірілген сақтандыру ауқымы
кредиттік мекемелерді, мемлекеттік өнеркәсіпті, сауданы (қоймаларды),
теміржол және су жолы көліктерін қамтыған және ерікті сақтандыру түрінде
жүргізілген [7].
1928 жылы мемлекетімізде сақтаңдыру жүйесінің қайта құрылуын көздеген
кезекті компания жүзеге асырылды.
Жаңадан, республиканың әкімшілік-аумақтық бөліністеріне қатысты
құрылған сақтандыру аппараттарын басқару Аймақтық (краевой) мемлекеттік
сақтандыру кеңсесіне жүктелді, сондай-ақ оған жергілікті халықтың тұрмысына
сай келетін сақтандыру түрлерін, оның ішінде егістіктерді үсіктен және т.б.
жағдайлардан, кешенді мал өсіру шаруашылықтарындағы малдарды міңдетті
сақтандыруды енгізу жөніндегі мәселені қарастырып, шешуге ұсыныс жасалды.
1929 - 1930 жылдары Қазақстанда ерікті сақтандыру түрлерін қысқартуға
орай міндетті сақтандыру аясы айтарлықтай кеңейген болатын. 1930
жылы маусымның 26-сындағы Қазақ КСР Х қаулысымен бұрын ерікті
сақтандырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың, колхоздар мен кооператив-
тердің (тұтыну кооперативтен басқасы) мүліктері енді міндетті
сақтандырылатын болды.

Сонымен бірге, меншік нысандарына қарамастан құрылыстар мен қора-
қопсылар, ал қалалар мен қала санатындағы поселкелердегі құрылыстар оған
қоса - жер сілкінісінен, топан судан, кұйыннан және т.б. таулы аймактарда
болатын табиғи құбылыстардан; ауылшаруашылығы жануарлары - қырылудан;
ауылшаруашылығы өсімдіктері - бұршақ соғудан, ал мақталар жауыннан езіліп
кетуден және суық шалудан; соя, кенеп және мақта егістіктері шыкпай қалудан
міндетті сақтандырылуға жатқан. Оған қоса тұқымдық қор, механизациялар,
ауылшаруашылығы құрал - саймандары, механизацияланған көліктер міндетті
түрде сақтаңдырылатын болған.
Жаңаша құрылым облыстарда қаржылық басқармаларға бағынышты мемлекеттік
сақтандыру басқармалары, аудандарда аудандық, қалалық қаржылық бөлімдерге
бағынышты мемлекеттік сақтандыру инспекциялары, ал республика орталығы
астанада қазақ мемлекеттік сақтандыру басқармасы сипатында коммунистер
партиясы орталық комитетінің қаулысына сай қалпына келтірілді.

Сақтандыру ісінің жаңа белестеріне бағдарланған тиісті қызметтердің
жарқын көріністері 60 жылдардың екінші жартысында айтарлыктай жүргізілу
барысында қол жеткізген көрсеткіштерден байқалған еді. Басты назар
аударылған бағыт ауылшаруашылығы аясындағы сақтандыру жүйесі болды.
Колхоздардың мүліктерін мемлекеттік міндетті сақтандыру туралы 1967 жылғы
тамыздың 28-індегі КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы мен КСРО Министрлер
Кеңесінің қаулысы Мемлекеттік сақтандыру мен колхоздардың экономикалық
баланстары мен мүдделерін сақтауды ойластырып қабылданған құқықтық құжаттар
болып саналады. Осы және басқа да құжаттарға сәйкес сақтандыру оқиғаларының
тізбесі кеңейтілген болатын. Мәселен, қуаңшылық, шамадан тыс ылғалдылық,
жылудың жетіспеуі, өсімдіктер зиянкестері, қолайсыз ауа райы жәие өзге де
ыңғайсыз жағдайлар [6].
1968 жылғы сәуірдің 30-ында қабылдаған Жұмысшылар мен қызметкерлердің
жеке басты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарын ақшасыз есеп
айырысу жолымен төлеуі туралы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысына орай
сақтандыру қоғамдық қатынастарына өте қажетті әрі тиімді элемент
енгізілгенін ерекше атап өтуге тиіспіз. 1969, 1971, 1973, 1975, 1976, 1977,
1980, 1984 жылдары қоғамның әр түрлі аялары мен жан-жақгы нысанда жүзеге
асырылған міндетті және ерікті мемлекеттік сақтандыру үлкен жетістіктерге
жеткен болатын. 1981 жылғы қазанның 2-сінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің
Президиумының Азаматтардың қарамағындағы мүліктерді міндетті мемлекеттік
сақтандыру туралы Жарлығында жаңа тарифтер мен бағалар, нормалар мен
ставкалар, сақтандыру сомалары, сақтандыру аумағы мен объектілері,
сақтаңдыру құнын анықтау тәсілдері, сақтандыру төлемдері мен өтемдері
мұқият белгіленген еді. Сақтандыруды жетілдіруге атсалысқан мына
нормативтік актілер уақыт талабына сай қабылданылып отырған: 1977 жылғы
ақпанның 8-індегі КСРО Министрлер Советінің Мемлекеттік сақтандыруды одан
әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы қаулысы, 1978 жылғы маусымның 1-індегі
Совхоздар мен басқа да мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарына
стихиялық апаттар мен өзге де қолайсыз жағдайлардан келтірілген залалдардың
орнын толтыру тәртібін жетілдіру туралы КОКП ОК мен КСРО Министрлер
Советінің қаулысы, 1984 жылғы тамыздың 30-ындағы Мемлекеттік сақтандыруды
одан әрі дамыту және сақтандыру органдарының жұмыстарының сапасын
жоғарылату жөніндегі шаралар туралы КСРО Министрлер Советінің қаулысы
және 1986 жылғы қыркүйектің 3-індегі КСРО үкіметінің колхоздарды,
совхоздарды және басқа да мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын
міндетті сақтандыру мәселелері бойынша кейбір шешімдерінің өзгергенін және
күшін жойғанын тану туралы КСРО Министрлер Советінің қаулысы. Кеңестер
Одағының ыдырауы мен Казақстанның егемендік алуына аздаған уақыт көлемі
қалған кезде еліміздің сақтандыру жүйесінің кемеліне келген шағы болатын
деп санай аламыз. Мәселен, осы жөнінде атақты қаржыгер-экономист,
сақтандыру ісінің ірге тасын қалаушы практик маман және танымал ғалым К.К.
Жүйріков 1990 жылдың басында Қазақ КСР-сында сақтандырудың мына келесідей
20 түрі жүрген деп көрсеткен болатын: ауылшаруашылық сақтандыруы;
азаматтардың жеке басының мүлігін сақтандыру; өмірді сақтандыру; ара ұялары
мен олардың өнімдерін сақтандыру; азаматтардың қолындағы иттерді
сақтандыру; азаматтардың шаруашылығындағы көпжылдық көшеттер мен
ауылшаруашы-лығы культураларының шығымын сақтандыру; жолаушыларды ерікті
сақтандыру; кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы, колхоздардағы,
совхоздардағы және кооперативтердегі қатерлі жағдайлардан ұжымдық
сақтандыру; жүмысшыларды, қызметкерлерді және олардың отбасыларының
мүшелерін, мүліктері мен өмірлерін жер сілкінісінен сақтандыру; шаруа
қожалығының мүлкін сақтандыру; азаматтардың қолындағы жануарларын ұрлап
кетуден сақтандыру; азаматтардың қолындағы ұсақ малдарды сақтандыру;
жұмысты жоғалтуды-жұмыссыздықты сақтандыру және т.б.
Аталмыш сақтандыру түрлері осымен шектеліп қалмай өзге де түрлері
енгізілген болатын. Мысалы, қаржылық тәуекелдерді сақтандыру;
инвестицияларды сақтандыру; құрылыс-монтаж тәуекелдерін (катерлерін)
сақтандыру; интернаттық балалар мекемелерінің тәрбиеленушілерін сақтандыру
және т.б.

1.2. Сақтандыру қызметінің түрлері және оны ұйымдастыру

Сақтандыру ісінің нормативтік базасын, сақтандыру құқықтық
қатынастарын зерделеу - зерттеу әдетте сақтандырудың түрлері мен
нысандарын, сақтандырылатын тұлғалардың санаттарын, сақтандыруды топтастыру
негіздерін, сондай-ақ тағы басқа да осы аяға байланысты элементтер мен
құбылыстарды жете қарастырып, білуден басталады. Сондықтан осы жәйттердің
бәріне сақтандырудың бүкіл әлемдік практикасында қалыптасқан тұрғыдан
сипаттама беруді көздейміз. Сақтандыру қызметі біртектес тәуекелдер
қағидаттарына негізделетін әртүрлі салаларға бөлінеді. Осы сақтандыру
салалары өздеріне орай төмендегідей топтастырылады: сақтандыру объектілері
бойынша; сақтандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты; баланстың құрылымына
байланысты [8].
Сақтандыру объектісіне жеке басты сақтандыру, мүлікті сақтандыру және
жауапкершілікті сақтандыру жатады. Ал сақтандыру өтемдерінің түрлеріне
байланысты мынадай құрылымды көрсетуге болады: зиян-залалды сақтандыру
немесе зиянды қалпына келтіру (өтеу) өзінше үшке бөлінеді: жеке басқа
байланысты залалдарды сақтандыру; материалдық залалдарды сақтандыру;
ақшалай залалдарды сақтандыру; келісім бойынша төленетін соманы
сақтандыру: өмірді сақтандыру; қатерлі жағдайлардан сақтандыру;
медициналық сақтандыру.
Міне, осындай негіздерге орай залалды және соманы сақтандыру
айқындалады. Зиянды сақтандыру кезінде залалдың нақты дәлелденген сомасын
қалпына келтіру көзделінеді. Соманы сақтандыру сақтанушының мүддесі мен
төлем қабілеттілігіне байланысты жүзеге асырылатын болғандықтан нақты
қалпына келтіру мүмкіндігі бұл жерде көрініс таппайды. Соманы сақтандыру
тек өмірді сақтандыру, қатерлі жағдайлардан және кейде медициналық
сақтандыру барысында орын алады.
Баланстық құрылымына байланысты сақтандыру мынадай түрлерге
топтастырылады: актикверді сақтандыру; пассивтерді сақтандыру; табыстарды
сақтандыру.
Активерді сақтандыруға материалдық құндылықтарды, мүліктер мен
заттарды, негізгі қаражаттарды, өндірістік қорларды, аяқталмаған өндірісті,
дайын өнімдер мен тауарларды, борыш міндеттемелері бойынша туындауы мүмкін
шығындарды сақтандыру жатады. Ал пассивтерді сақтандыру кезінде көбінесе
өтелмейтін пассивтік борыштардан туындайтын шығындар сақтандырылады. Оларға
кәсіпкердің заңмен айқындалған міндеттемелерін сақтандыру, кредитті
сақтандыру, қажетті шығындарды сақтандыру және т.б. жатады. Табыстарды
сақтандыру олардың ойдағыдай алынбай қалуы мүмкін болған жағдайда, мәселен
өртке және т.б. жағдайларға байланысты кәсіпорының жұмысын уақытша тоқтату
кезінде алынбаған кірістің орнын толтыру мақсатында жүргізіледі [8].
Сақтандыруды топтастыру кезінде алға қойылатын мақсат барлық сақтандыру
қатынастарын өзара байланысқан буындарға бөлу болып табылады.
Осы буындардың әрбір кейінгі буындары алдыңғы буындардың бөлігі болып
саналатын қағидат сақтандыруды топтастырудың негізінде жатады. Ресей
федерациясының зандары бойынша сақтандырудың үш саласы мен сақтандыру
қызметінің 16 түрі көзделген.
Сақтандыру түрлері мына келесідей сипатта топтастырылған:
1. Жеке сақтандыру: өмірді сақтаңдыру; қатерлі жағдайлар мен аурулардан
сақтандыру; медициналық сақтандыру.
2. Мүліктік сақтандыру: жерүсті көлік құралдарын сақтандыру; әуе
жолдары көлік құралдарын сақтандыру; су жолы көлік құралдарын сақтандыру;
жүктерді сақтандыру; мүліктердің басқа да түрлерін сақтандыру; қаржы
тәуекелдерін сақтандыру.
Жауапкершілікті сақтандыру; автокөлік иелерінің азаматтық
жауапкершіліктерін сақтандыру; тасымалдаушының азаматтық жауапкеріші-
ліктерін сақтандыру; кәсіби жауапкершілікті сақтандыру; қайта
сақтандыру; міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілікті
сақтандыру; жоғары қауіп көзі кәсіпорындардың азаматтық
жауапкершіліктерін сақтандыру; азаматтық жауапкершіліктің басқа да түрлерін
сақтандыру. Еуропа сақтандыру компаниялары туралы заңдар мен Еуропалық
Экономикалық Бірлестіктің директивасы бойынша ұзақ мерзімге сақтандырудың 6
түрі және жай сақтандырудың 17- түрі белгіленген.
Ұзақ мерзімге сақтандыру құрылысында: өмірді және аннуитеттерді
сақтандыру; үйленуге және баланың тууын сақтандыру; аралас сақтандыру;
денсаулықты үзбей сақтандыру; капиталдардың қайтарылуын сақтандыру;
зейнетақыны сақтандыру сияқты сақтандыру түрлері орын алған.
Жалпы сақтандыру түрлеріне мыналар жатқызылған: қатерлі жағдайлардан
сақтандыру; ауруға байланысты сақтандыру; автомобильдерді сақтандыру;
теміржол көліктерін сақтандыру; ұшақтарды сақтандыру; кемелерді сақтандыру
(каско); жүктерді көліктік сақтандыру (карго); өрттерден және стихиялық
апаттардан сақтандыру; мүлікті сақтандыру; көлік жүргізушілерінің азаматтық
жауапкершіліктерін сақтандыру; авиакомпаниялардың азаматтық жауапкерші-
ліктерін сақтандыру; кеме иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін
сақтандыру; жалпы жауапкершілікті сақтандыру; кредиттерді сақтандыру;
қаржылық шығындардан сақтандыру; соттардағы шығындарды сақтандыру;
жалданып жұмыс істеушілер бойынша жасалған қиянаттарға
байланысты, қаржылық шығындардан сақтандыру.
Мәселен, мүліктік сақтандыру құрамындағы салалық сақтандыру
бөлімдеріне мыналарды жатқызуға болады: көлік құралдарын сақтандыру,
жүктерді сақтандыру, техникальқ, ғарыштық және өндірістік тәуекелдерді
сақтандыру, электрондық-есептеу техникаларын, ноу-хау ларды сақтандыру,
мемлекеттік мүліктер мен азаматтардың мүліктерін сақтандыру, мемлекеттік
және үй жануарларын, ара ұяларын, құстарды және т.б. сақтандыру, қаржы
тәуекелдерін сақтандыру.
Сақтандыру қатынастарына қатысу үшін сақтандыру салаларының түрлер мен
сақтандыру жағдайларына бөлінуі қажет болады. Осыған орай сақтандыру
қатынастарында экологиялық, әлеуметтік, медициналық, зейнетақылық, халықты
еңбекпен қамтуды сақтандыру сияқты міндетті сақтандыру түрлерін дамытуды
ұсыну қажет деп ойлаймыз. Түрлерге бөлу кезіңде сақтандыру затын айқындау,
жауапкершілік көлемін, тиісті тарифтік ставкаларды және құқықтық негіздерін
айқындау жүзеге асырылады [9].
Енді жоғарыда айқандарымызды нақтыландыру мақсатында халықаралық
сақтандыруда, Еуропа елдерінде бұрыннан және кеңінен қолданылып келе жаткан
тасымалданатын жүктерді және су жолы, жер үсті және әуе жолдары көліктерін
сақтандыру жөнінде ақпараттар бере кеткеніміз жөн болады деп санаймыз.
Тасымалданатын жүктерді сақтандыру халықаралық сауда келісім-шарттарының
аса қажетті элементі болып табылады. Жүктерді сақтандыру шарттарын әдетте
жүктің иесі мен кеменің иесінің өзара катынастарын реттейтін сауда келісім-
шарты мен тасымалдау шарты толықтырады. Ал жүктерді тасымалдау жүктің иесі
мен тасымалдаушының арасындағы сақтандыру өтемінің шегін айқындау кезінде
бастапқы құжат болып табылатын келісім-шарт - коносамент негізінде жүзеге
асырылады. Бүл жерде көбінесе көңіл бөлінетін халықаралық сауда тасымалдауы
болып табылады. Халықаралық сауда практикасында тараптардың өзара
қатынастары шарттар мен келісім-іпарттардың қағидаларының жиынтығы ретінде
көрініс табатын инкотермдер негізінде реттелінеді.
Жүктерді теңізде тасымалдауды сақтандыру, солардың иелеріне мына
келесідей мүмкіндік береді:
1. жүктерді теңіз жолымен тасымалдау кезіңде туындайтын күтпеген
шығындардан қорғану;
2. шығындар туындаған жағдайда қаржылық жауапкершілікті сақтандырушыға
ауыстыру арқылы өзінің капиталымен барынша ерікті тәуекелдерге бару;
3. өзінің операцияларының ауқымын барынша ұлғайту. Сақтандыру каргосы
жүктерді қорғауды тек оның қозғалысы кезінде ғана жүзеге асырылуын
көздейді. Осы сақтандыру каргосының объектілеріне мыналар жатады:
жүктің өзі, құнның, пайданың өсімі, делдалдарға берілетін комиссиондар
(қаражаттар), кедендік баж, фрахтаға байланысты күтпеген жағдайлар [9].
Жүктерді сақтандыруға алу кезінде шығындарды жабу көлемі мен
сақтандыру тарифінің ставкасына тигізетін барлық тәуекелдер есепке алынады.
Мәселен, андеррайтерлер ставканы есептеу кезінде мынадай факторлерге көңіл
аударулары қажет:
1. Жүктің типі - кейбір зиян түрлеріне ұшырауға бейімділігі, тауардың
кұны және сақтандыру сомасы.
2. Тасымалдау орауыштары, контейнерлер, қораптары, басқа да буып-түю
материалдары: трюмде немесе палубада тасымалдау, жай контейнерлік
тасымалдау, палубаға үйіліп немесе тасымалданатын немесе сұйық
күйінде тасымалданатын жүктер (заттар).
3. Мөлшері, салмағы, құны. өте көп мөлшердегі және салмағы ауыр жүктер
оларды кемеге арту немесе түсіру кезінде қосымша қиыншылықтар
туындатуы мүмкін. Ал жүктің құндылығы оларды ұрлау тәуекелін бағалау
кезінде қажет болады.
4. Тасымалдау жоспарлауына байланысты көліктер мен тасымалдау
курстары (бағыты): көліктің түрі - автомобильмен, теміржолмен, теңіз
жолымен, ұшакден немесе аралас тасымалдау кезіндегі қауіп-қатерлер,
порттардағы не болмаса тасымалдаудың басқа аяларындағы нақты проблемалар.

5. Рейстің ұзақтылығы. Жүктердің жолда жүруі ұзақка созылған сайын
тәуекелдер де жоғарылай түседі.

6. Жыл уақыты немесе мерзімі. Атмосфералық құбылыстар жыл
уақыттарына байланысты белгілі бір мерзімдерде орын алуы мүмкін, сондай-ақ
біркелкі болмауы мүмкін. Мәселен, муссондық жауын-шашындар, тайфундар,
торнадолар, құйындар, дауылдар көбінесе жылдың белгілі уақытында
көрініс табады.
7. Пайдаланылатын кеме: пайдаланылу шамасы, сыйымдылығы-тоннажы, типі
және осы жүкті тасымалдауға жарамдылығы, туы және тобы.
Осы аталмыш факторларға қоса сақтанушының сақтандыру жөніндегі
тәжірибелері мен моральдық жай-күйі де есепке алынады, сондай-ақ сақтандыру
өтемінің мөлшері мен сақтандыру франшизасы есептелінеді.
Сақтандыру жарғысының мөлшері сақтандыру тарифінің ставкасы мен
сақтандырылған мүліктің құнының негізінде белгіленеді, анықталады.
Сақтандырылатын соманы белгілеу шот-фактурада көрсетілген тауарлардың құны
мен болашақта алынатын пайданың негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру каргосының негізгі қағидаттарына мыналар жатады: зияндарды
сақтандыру полисі, жүктің толығымен жойылуына немесе бүлінуіне байланысты
корғаудың камтамасыз етілуі. Бұл жерде шектеу қойылатын жағдайлар жүктерді
палубада тасымалдау кезіндегі, форс-мажорлық жағдайлар кезіндегі,
контейнердің бұзылмағанына қарамастан тауарлардың жоғалуы кезіндегі
зияндар. Сақтандыру каргосы Лондон сақтандырушылары институтының
қалыптасқан ескертулерін есепке ала отырып жасалынатын типтік шарттардың
негізіңде жүргізіледі.
Мынадай жәйттер сақтандыру шарттарына міндетті, қалыптасқан түрде
енгізіледі: жүктің өзінің бүлінгендігі, қоғамға қауіпті заттар-наркотиктер;
орауыштардың жарамсыздығы, әскери тәуекелдер, атмосфералық, температуралық
құбылыстардың жүктерге тигізетін әсері, атом жарылыстарының әсері.
Халықаралық практикада ескертпе институты (ІСС) өте кеңінен
пайдаланылады. Сақтандыру өтеуі көбінесе осы ескертпелер мен айырымда
сипаттағы тасымалдауға байланысты жүзеге асырылады. Пайдаланылатын
ескертпелер түрлері үш стандарт (А,В,С) арқылы көрініс табады. А
каргосының ескертпесі барлық тәуекелдерден қорғау түрінде айқындалады. Осы
ескертпе залалдардың барлық түрінен қорғауды кепілдендіреді. Олардың ішінде
тіптен теңіз қарақшыларының шабуылынан туындайтын залалдар да көзделінген.
Бұл жерде айта кететін тағы бір жәйт, әскери-соғыс тәуекелдері А
каргосының ескертпесіне енгізілмеген. Оларды тек сақтандыру сыйақысына
қосымша қаражаттар шартымен қосуға рұқсат берілуі мүмкін. "В" каргосының
ескертпесі мына келесідей тәуекелдерді өтеуге атсалысады: өрттер мен
жарылыстар; құрғақшылықта отырып қалу, су толып кетуі, басып алу, жерүсті
көліктерінің рельстен шығып кетуі, аударылуы, соқтығысып қалу (бұл жерде
судағы емес), апат болған жерде жүктерді түсіруге кеткен шығындар, жер
сілкінісі, вулкандардың қозғалысқа келуі, жай соғу, су болып ылғалдану
(жауын-шашын суларынан басқасынан, жүктерді арту кезінде олардың
орауыштарының, қораптарының толығымен жойылуы. "С" каргосының ескертпесі
мына келесідей тәуекелдерді жабады: өрт немесе жарылыс, су толып кетуі,
құрғақшылықта отырып қалуы, басып алу, аударылуы немесе рельстен шығып
кетуі, соқтығысулар, апат болған жерде жүктерді түсіру. Теңіз
сақтандыруының келісім-шарты тек оның жайлары теңіз сақтандыруы полисінде
мазмұндалғанда ғана заңды болып саналады. Әдетте теңіз тәуекелдері слип
тарда тұжырымдалады. Сондықтан, практикада көбінесе слип-полистер
қолданылады.
Қазіргі кезде маңызды, сақтандырудың жаңаша бағыты тасымалдаушының
жауапкершілігін сақтандыру түрі бойынша сақтанушылар сауда, балық аулау,
серуендеу және т.б. кемелерінің иелері және тасымалданатын жүктерге қатысты
тасымалдаушылар болып есептелінеді.
Аталмыш сақтандыру түрінің мақсаты кемелерді жүргізуге және кемелерді
пайдалануға байланысты тәуекелдерден кепілдендіруді қамтамасыз ету.
Жүктерді тасымалдау кезінде тасымалдаушылар мына келесідей халықаралық
бірыңғай қағидаттарды басшылыққа алады: тасымалдаушы белгілі бір форс-
мажорлық жағдайлар туындаған болса жауапкершіліктен босатылады;
тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүктер үшін ақылға
сиятындай шегінде жауап береді; тек қаржылық шектеу қоюдан басқа,
тасымалдаушыны жауапкершіліктен босатудың себебі жоқ.
Теңізбен тасымалдаудың халықаралық практикасында мына келесідей
конвенциялардың шарттары қолданылады: Гаагалық конвенцияның 1924 жылы
Брюссельде қабылданған қағидалары, 1966 жылы қол қойылған Гааганың Висби
қағидалары, 1978 жылы Гамбургте қабылданған Гамбург қағидалары.
Брюссельде 1924 жылы қабылданған Гаагалық қағидалар коносаменттерге
сәйкес теңіз жолымен тасымалданатын жүктерге келтірілген зияндар үшін
жауапкершілікті регламенттейді. Осы қағидалар Коносаменттерге қатысты
қағидаларды біріктіру туралы халықаралық келісімде көрініс тапқан.
Сонымен, Гаагалық қағидаттардың мына жайларды көздейтіні байқалады:
палубадағы жануарларды, эксперимент жүргізілетін жүктерді, жеке
бастың мүліктері мен жүктерді есепке алмағанда жүктерді тасымалдау шартын
жасау; тасымалдаушы кеменің теңізбен жүріп өткеніне, жүзу барысындағы
жүктерге жауап береді; Ұлыбританияда осы жауапкершілік бір орын үшін жүз
фунт стерлингтен, ал АҚШ - бес жүз долларымен шектелген [5].
Брюссель хаттамасы деп аталынатын Гаагалық Висби қағидалары
жоғарыдағы қағидаларға қосымша ретінде қабылданған болатын. Бұл қағиданың
мєні жауапкершілік лимитін салмақ пен орын үшін ақшалай өлшеуішпен
белгілеуді көздеуден тұрады. Алғашқысында алтын франк, кейіннен
конвенциялық франк деп аталған ақша өлшемінің бірлігі қазір ЗБК. болып
белгіленген және курсы әлемдік валюталармен көрсетіледі. Бүгінде, осы
жауапкершілікті шектеу лимиті бір орын үшін 666, 67 8БК.-ды кұрайды. Висби
қағидасы бойынша жүктерді артатын порт пен коносамент жазып беру орны
міндетті түрде осы кағиданы өзінде бекіткен мемлекеттің аумағында болуы
қажет.
Афиналық және Лондон конвенциялары жеке тұлғалардың жеке басына
байланысты зардаптар үшін жауапкершіліктерді шектеуді көздейді. Афины
конвенциясы дене жарақаттары бойынша жауапкершілік лимиттерін реттейді. Бүл
конвенция алғашқы рет әуе тасымалдауындағы жауапкершілікті шектеу
мақсатында 1929 жылы қабылданған болатын. Жолаушылардың өлімі мен дене
жарақаттары үшін тасымалдаушы бір жолаушыға 700 мың алтын франк мөлшерінде
қаржылық жауапкершілік шартын орыңдайды. 1974 жылғы Лондон конвенциясында
жүктер мен адамдарға байланысты тасымалдаушының жауапкершілігінің әрқашанда
қаржылық шектеулері болуы тиіс деп айтылған. Демек, бұл жерде жолаушылар
алдындағы және жүктерге қатысты жауапкершіліктерге шектеу көзделінген.
Осы Лондон конвенциясы адамдардың, бұл жерде жолаушыларды қоспағанда
өліміне немесе дене жарақаттарына байланысты жауапкершілік лимитін
белгілеуді былайынша көздейді: сыйымдылығы 500 т. аспайтын кемелерге - 333
000 8ЭК. Сыйымдылығы 500 т. асатын кемелерге, әрбір тоннасы үшін
(501тоннадан 3000 тоннаға дейін) - 500 5БК.
Сонымен, сақтандыру рыногының жауапкершілікті сақтандырудың әралуан
типтерін ұсынатынан байқадық. Сонда да болса бұл жерде ескеретін бір жәйт,
халықаралык сақтандыру аясынан 70 өзара сақтандыру клубтарының орын алуы.
Олардың ішіндегі белді клубтар Ұлыбритания, Швеция, Норвегия және АҚШ
орналасқан. Осы қорғау және қалпына келтіру қызметтерімен айналысатын
клубтар мына келесідей негізгі сақтандыру тәуекелдерін ұсынады: жүк, дене
жарақаттары, қақтығысу, кеменің қираған- корпусын сүйреу, айыппұлдар, кеме
командасы тарапынан көрсетілетін наразылық, қозғалмайтын қалқып жүрген
объектілерге зақым келтіру, жалпы апаттар бойынша өтемдердің болмауы,
сүйреуге, сотқа, карантиндерге және т.б. кеткен шығындар. Өзара сақтандыру
клубтарының ішіндегі ең ірісі Ұлы Британия Біріккен корольдігі мен
Солтүстік Ирландияның кеме иелерінің Бермуд өзара сақтандыру ассоциациясы
болып табылады [10].
Ендігі кезекте Қазакстанда жүзеге асырылатын сақтандыру нысандары мен
түрлерін қарастырамыз.
Қазақстан аумағындағы сақтандыру Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан
Республикасы заңының 6-бабының тиісті тармақтарында көрсетілгендей
сақтандыру салалары бойынша ерікті және міндетті сақтандыру нысанында
жүзеге асырылатын негізделген [11]. Ал Қазақстан Республикасының кейбір
заң актілеріне сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 805-бабының мынадай
редакциясы берілген: [12]
1. Сақтандыру нысандары:
1). міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті; 2). сақтандыру
объектісі бойынша -жеке және мүліктік; 3). сақтандыру төлемін жүзеге асыру
негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.
Кезінде сақтандыру міндетті және ерікті нысанда жүзеге асырылады деген
жағдай Сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші
бар Жарлығының 4,5-баптарында белгіленген болатын. 4-бапта: сақтандыру
міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті, ал объектілері бойынша
- жеке және мүліктік болып бөлінеді деп көрсетілген еді. Негізінде,
міндетті сақтандыру тиісті заңның талаптарына сай жүзеге асырылатын
сақтандыру нысаны болып саналады. Оның осы заң күші бар Жарлықта көзделген
түрлерінен басқалары өзге де заңды актілермен белгіленеді деп көрсетілген.
Егер міндетті сақтандыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары
мемлекетіміздің заңи актілерінде көзделмеген жағдайда оларды Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілей алады.
Осы Жарлықтың алғашқы редакциясында (5-бап, оның тармақтары) міндетті
сақтандыру түрлері нақты көрсетілмегенімен, 1996 жылы тамыздың 23-інде
қабылданған Қазақстан Республикасының Занына сәйкес 5-баптың 2-тармағына
мынадай: қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан, эпизоотиялардан және басқа
стихиялық апаттардан астықты, көпжылдық екпелерді, ауылшаруашылық
жануарларын, жылжитын және жылжымайтын мүлікті, ауылшаруашылығы өнімдері
мен тауарларын міндетті сақтандыру белгіленген деген толықгырулар
енгізілген болатын.
Тағы бір ескеретін маңызды жәйт, міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы
сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актісінің талаптарына сай
сақтандырушымен шарт жасауға міндетті (5-баптың 4-тармағы) және осы
міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы
бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін (5-баптың 5-тармағы), сондай-ақ бұл
шартты жасау аталмыш сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
Міндетті сақтандырудың тағы бір елеулі көрінісі, егер заң актісіне
сәйкес өзіне қатысты (пайдасына) міндетті сақтандыру жүзеге асырылуға
тиісті тұлғаға өзінің сақтандырылмағаны белгілі болса, онда ол осы міндет
жүктелген сақтанушыдан өзінің сақтандырылуын сот арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі үшінші сессия
Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері, мәні және мақсаты
Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің негіздері
Кеден төлемдерін төлеудегі кеден органдарын құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiнде кеден қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Сақтандыру нарығының құрылымы
Материалдық сақтандыру қатынастары
Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
Пәндер