Экономикадағы инфляция



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Инфляция және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық салдары ... ... ... ..6
3. Филлепс қисық сызығы және стагфляция ... ... ... ... ... ... ... 8
4. Инфляцияға қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ІV.Пайдаланылған әдебиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Экономикадағы инфляциялық импульсті жиынтық ұсыныстағы өзгерістер тудыруы мүмкін. Мұнда өндірістің жалпы көлемі төмендейді, ал баға өседі, ұзақ мерзімдегі осы процестің нәтижесі экономикадағы сұраныстың бастапқы өсуіндегідей болады.
Филлипс қисық сызығы жұмыссыздық пен инфляцияның арасында тұрақты және болжауға болатын керісінше байланыс бар екенін көрсетеді. Осыны кейншілердің, инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы ғана дәрежесінде жоғары болуы мүмкін және керісінше деген тезисі деп дәлелдейді. Экономикада практика жүзінде бағаларды өсірмейтін жұмыспен қамту дәрежесі болады.
Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамыту мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып-түйілген дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендеру. Осыдан басқа, бағаға әкімшілік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына, ресурстар мен капиталдардың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды нормалау қажеттігі туады. Табыстар саясатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмыскерлер үкіметтің инфляциямен күресуге күші де, құралдары да жеткілкті деп сенсе, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сендіруге көмек береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің - тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің - бар болуының өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның (әсіресе сұраныс түркі болған) болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан, бағаға бақылау жүргізу жағдайды түзетуге көмек бере алады.
1. С. Әкімбеков, А. С. Баймұхамбетова, У. А. Жанайдаров-Экономикалық теория Астана 2002.
2. Н. Қ. Мамыров, Д. М. Мадияров, А. Ғ. Қалдыбекова, Халық- аралық экономикалық қатынастар Алматы “Экономика” 1998.
3. Майдан-Әли Бегалиев. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы “Санат” 1998.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Инфляция және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары ... ... ... ..6
3. Филлепс қисық сызығы және стагфляция ... ... ... ... ... ... ... 8
4. Инфляцияға қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ІV.Пайдаланылған әдебиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

КІРІСПЕ

Экономикадағы инфляциялық импульсті жиынтық ұсыныстағы өзгерістер
тудыруы мүмкін. Мұнда өндірістің жалпы көлемі төмендейді, ал баға өседі,
ұзақ мерзімдегі осы процестің нәтижесі экономикадағы сұраныстың бастапқы
өсуіндегідей болады.
Филлипс қисық сызығы жұмыссыздық пен инфляцияның арасында тұрақты және
болжауға болатын керісінше байланыс бар екенін көрсетеді. Осыны
кейншілердің, инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы ғана дәрежесінде жоғары
болуы мүмкін және керісінше деген тезисі деп дәлелдейді. Экономикада
практика жүзінде бағаларды өсірмейтін жұмыспен қамту дәрежесі болады.
Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату
пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамыту мүмкін. Бағалардың
өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып-түйілген дайын
өнімдердің сапасы мен салмағын төмендеру. Осыдан басқа, бағаға әкімшілік
бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына, ресурстар мен
капиталдардың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада
тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды нормалау қажеттігі туады. Табыстар
саясатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмыскерлер үкіметтің
инфляциямен күресуге күші де, құралдары да жеткілкті деп сенсе, онда бұл
саясат инфляциялық күтімдерді сендіруге көмек береді. Нарық қызметінің
тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет:
монополиялық күштердің - тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің -
бар болуының өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның
(әсіресе сұраныс түркі болған) болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан,
бағаға бақылау жүргізу жағдайды түзетуге көмек бере алады.

ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ

1.Инфляция және оның түрлері.
Инфляцияның даму механизмі.

Инфляция - көпфакторлы құбылыс, бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы
және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы
бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде
инфляция болып табылады. Инфляцияға қарама-қарсы дефляциф баға мен
шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсеңдеуі
дезинфляция деп аталады.
XX ғ. 70-90-шы жылдарында бағаның өсуінің ерекшелігі, оның үзілмей жүріп
отыруымен, жалпыламалығымен, бір қалыпты еместігімен сипатталады.
Экономикалық әдебиетте инфляцияның мынадай түрлері аталады:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің “тереңдігіне”,
инфляцияға қарсы саясаттың инструментариларіне байланысты, инфляция айқын
немесе басылған бүркемелі түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің
айқын немесе ашық формада болып отырғны бағаның өсуі, ұлттық валюта
курсының төмендеуі арқылы көрінеді.
2. Зерттеу объектісіне байланысты, ифляция ұлттық, аймақтық және әлемдік
болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме
және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер
бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дифляторы
құрайды.
3. Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық
импульстарға байланысты, импортталған және экспортталған инфляция болады.
Елдің валюта курсы қатаң сақталып тұрған жағдайда импорттық тауарлардың
бағасның қандай болмасын да өсуі, елге инфляцияны импорттайды.
4. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляцияның мынандай түрлері болады:
жылына 10%-ке дейін болса орташа, немесе, жылжымалы инфляция, жылына 200%
болғанда- секірмелі, немесе, ланындық, 200% артқанда-гиперинфлякция
(американдық экономист Ф.Кэган бойынша-айына 50%-тен артық болса).
5. Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байлансты,
инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланстырылмаған
(теңдестірілмеген) болып бөлінеді. Біріншіде бағалар орташа және тұрақты
өсіп отырады. Басқа макрокөрсеткіштер сәйкестікте өзгеріп отырады. Екіншіде
тауарлардың бағасы секіріп өседі жәні бұл бір мезгілде жүрмейді, ал
экономика өзгермелі жағдайға бейімделуге үлгере алмайды.
6. Мемлкеттің инфляциялық процеске әсер ету қабылетіне байланысты,
инфляция бақылаудан шықпаған және бақлауға көнбейтін болып бөлінеді.
7. ЖҮӨ- нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың
өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады.
8. Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу
дәрежесі туралы болжамының дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға
болатын және болжауға келмейтін инфляция болады.
9. Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға
байланысты сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы болады.
Сонымен, инфляция қоғамдағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың
арасындағы сәйкестіктің жойылуының нәтижесі болып табылады. Ақшаның сандық
теориясының айырбас теңдеуіне сүйене отырып, жиынтық сұранысты ақшаның
ұсынысы мен оның айналым жылдамдығының көбейтіндісі деп, тұжырымдауға
болады. Айналымдағы ақша санының немесе оның айналым жылдамдығының қандай
болмасын өсуі жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі және керісінше. Жиынтық
сұраныстың өсуіне тудыратын, ақша массасының көбеюінің бәрнеше себептері
болып: экспансионистік қаржы саясаты, мемлекет саясаты, бюджет тапшылығын
баспа станогі арқылы өтеу, несиені кеңейту тәртібі, инвестициялық бум,
тұтынушылық талғаудағы құрылымдық өзгерістер және басқалар.
Сұраныс түрткі болған инфляцияның талдауының үлгісі 1-суретте
көрсетілген.
21

1,2 2

1,1

1,0 1
11

А
0
Өндірістің нақты көлемі
1-Сур. Сұраныс инфляциясының дамуы.

Экономикада тепе-теңдік бар деп есептейік. Графикте бұны жиынтық
сұраныстың 1 және ұсынытың 2 қисық сызықтарының А нүктесінде берілген
базалық баға дәрежесіндегі өндірістің көлемінің нақты табиғи деңгейімен
түйіскені көрсетеді. Ақша массасының өсуі (ақша айналымының жылдамдығының)
жиынтық сұраныстың қисық сызығын, жиынтық ұсыныстың қисық сызығының
бойымен, жоғары 11, қысқа мерзімде тепе-теңдік жаңа дәрежесіне жеткенше,
жылжытады. Өндіріс көлемінің кеңеюі, сұраныстың бастапқы өсуіне сәйкес
мультипликациялық эффектпен үйлесімді жүреді. Сонымен бірге, өсіп келе
жатқан сұраныс бағаның жалпы дәрежесін жоғарыға итереді. Белгілі уақыт
мерзімі өткеннен кейін, бағаның өскенін барлық шаруашылық субъектер сезед.
Еңбектің бағасы өседі, басқа ресурстардың құнның өсуі де өндіріс шығындарын
өсіреді. Нәтижесінде жиынтық ұсыныстың қисық сызығы бағаның өсу шамасына
солға қарай жоғары 2 жылжиды. Жиынтық сұраныстың сызығы осының алдындағы
сұраныстың өсімінің шамасының көлемінде тағы жоғары көтеріледі. Бұған
кейінгі кезеңдерде сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтарының жылжулары болып
тұрады: ұзақмерзімдік кезеңде сұраныстың борлақ өсімі бағаның өсімімен
өтеліп отырады, ал өндіріс көлемі өзінің табиғи деңгейіне оралады.
Инфляциялық процестің дамуының осындай түрі сұраныс түрткі болған
инфляция деп аталады.
Осындай сұраныс инфляцияның дәрежесін мынадай факторлар белгілейді:
( экономикалық өсудің орташа жалдық қарқыны;
( еңбек нарығының болмасы және толық жұмыспен қамтылу дәрежесі;
( жиынтық ұсыныс компоненттерінің динамикасы және өсім қарқыны;
( шаруашылық агенттерінің бағаның болашақта қалай өсетінін болжай

алатын қабылеті;
Экономикадағы инфляциялық импульсті жиынтық ұсыныстағы өзгерістер
тудыруы мүмкін. Мұнда өндірістің жалпы көлемі төмендейді, ал баға өседі,
ұзақ мерзімдегі осы процестің нәтижесі экономикадағы сұраныстың бастапқы
өсуіндегідей болады.
Осындай әдіспен инфляциялық процестің жүруі шығындар түрткі болған
инфляция немесе шығындар инфляциясы деп аталады. Мұнда баға дәрежесі
өндіріс шығындарының нақты өсуі нәтижесінде және ағымды шығындар өсуін күту
нәтижесінде көтерілуі мүмкін.
Шығындар қысқа мерзімді факторлардың (мысалы жиынтық сұраныстың қысқа
мерзімде өсуі) қызметі әсерінің нәтижесінде ғана емес, ол ұзақ мерзімді
факторларының қызметтерінің әсерінің нәтижесінде өседі:
( өндірістегі диспрропорциялар мен жекеленген қолайсыз жағдайлардың
болуы (құрылымдық инфляция);
( монополизацияны өсіру бағытындағы нарық құрылымын өзгерту;
( ұсынысты бұзу немесе жою;
( еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан артық қарқынмен жалақының өсуі.
Жиі болатын жағдай-баға және жалақы өсе отырып бірбірін “жалақы-баға”
инфляциялық спиральға тартады. Осының көрінісі бағаның өсуінің есесін
қайыру мақсатпен, еңбекшілер жалақының талап етеді. Пайда нормасы тұрақты
болғанда, өндіріс шығындарының өсуі, өнімнің бағасын көтереді. Нәтижесінде,
жұмыскерлер номиналдық жалақының одан әрі өсуін тілейді, бұл процесс оралып
жүріп отырады. Осындай спиральды жою оңайға тұспейді, өйткені сұраныс үнемі
өтіп отырады және экономикада жұмыспен толық қамтылу орын алып отыр.
Әдетте, экономикада сұраныстың өсуі бағаның, жалақының, жұмыспен
қамтуды, өндірістің нақты өсуіне келеді. Осы процесс шығындар инфляциясы
түрін алуы мүмкін, ал шынында, шығындардың өсуі сұраныстың күштік ықпалы
арқылы жүрсе де, практикада инфляцияның бейнесі екі түрі де бір мезгілде
жүріп отырады және бір-біріне әсер етуде болады.
Сонымен, экономикадағы ақша ұсыныс қарқынының өзгеруі мынадай
жағдайларға әкеліп соғады:
( ұзақ мерзімдік аспектіде - өндірілген өнімдердің саны өндіріс
факторларының шығындарымен және қолданған техналогиямен белгіленеді; қысқа
мерзімдік аспектіде – егер экспансионистік ақша-немесе саясатты күтпеген
және болжамсыз сипатта болса, өндірістің нақты көлемі өсуі мүмкін;
( өндірістің номиналдық көлемі және инфляцияның қарқыны ақшаның
ұсынысымен белгіленеді. Статистикалық талдау ақша мен бағаның арасында
байланыс барын (көбінесе асинхрондық) дәлелдейді.

2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.

Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай
жағдайларға әкеп соғады. Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты
қоғамның әр түлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар
арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан (фирмалардан, үй шаруашылықтарынан) мемлекет
тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын
мемлекет бюджетінің тапшылығын, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты
ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты
түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша копиталы құнсызданады.
Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.
Екіншіден, инфляцияның жоғарғы қарқыны және баға құрылымының күрт
өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылығның жоспарлауын (әсірсе ұзақ мерзімдік)
қиындата түседі. Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қатар-
қауып өсе түседі. Инвестициялар қысқамерзімдік сипат ала бастайды,
инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құбылстың үлесі төмендейді және
спекулятивтік операциялардың үлес салмағы түсееді. Болашақта бұл жағдай
ұлттық тұрмысын, әл-ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.
Үшіншіден, қоғамдыық саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік
шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге
жол ашады.
Төртіншіден экономиканың “ашық” сектор бағытының өсуінің шамамен
жоғарғы қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабылетін төмендетеді.
Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді
және тауар өндірушілер ойсырайды.
Бесіншіден тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі.
Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі.
Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді,
бағаның өсуінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі
экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан “қашуға” жол ашады.
Жетіншіден, мемлееттің бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты
табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және
монетарлық саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және
мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске кіріседі.
Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайда қызмет ететін
эконмикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп,
оның (халықтың) көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді.
Дефляция, керісінше, жұмыспен қамтуды және өндірістік қуаттардың
пайдалануын төмендетеді.
Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен
жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге
мүмкіндік бермейді.
Оныншыдан, әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың
өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады.
Ұзақ мерзімді уақыт интервалында, “инфляцияның шапшаңдауы” теориясы
бойыеша, жылдан-жылға инфляцияның қарқынының өсу, өндірістің нақты
көлемін, оның өзінің табиғи дәрежесінен жоғары ұстап отыруға көмек
береді.

3. Филлипс қисық сызығы және стагфляция.

Ағылшын экономисі Филлипс XX ғ. 50-ші жылдары жұмыссыздықтың
нормасы мен жалақының өсімі арасында тәуелділік бар екеніне назар
аудурған. Оның қорытындысы бойнша, жұмыссыздықтың кейбір дәрежесінде
(6-7%) жалақының дәрежесі тұрақты және оның өсімі нөлге тең болады.
Жұмыссыздық осы табиғи дәрежеден төмен болса, онда жалақының өсімі
шапшандайды және керісінше. Соңынан жалақы мен бағаның өсуінің өзара
қатал байланысы бар тезис пайдаланып, осы заңдылық жұмыссыздық және
бағаның өсуі қарқынның (инфляцияның) өзара байланысы болып қайта
өзгертілді. Филлипстің қисық сызығының тыс бейнесі 2-суретте
көрсетілген.

W,P

U
2-Сур. Филлипс қисық сызығы.

W-номиналдық жалықының өсу қарқыны;

P- инфляция дәрежесі;
U- жұмыссыздық дәрежесі, % .
Филлипс қисық сызығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
ҚР инфляцияға қарсы саясаты жайлы
Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны
Инфляция саясаты
Лекциялардың қысқаша конспектілер
Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері. Инфляция,салдары,қарсы саясат. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты
Инфляция, оның себептері
Пәндер