Қылмыстық жаза тағайындау туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕКЕ ДАРАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
1.1 Қылмыстық жазаның түсінігі мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Қылмыстық жазаның жүйесі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... .. 14
1.3 Жазаны жеке даралаудың негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ.
2.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.2 Қылмыстық жауаптылық пен жазагы жеңілдететін.
мән.жайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.3 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын
мәнжайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 43
2.4 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі
неғұрлым жеңіл жаза тағайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 47
2.5 Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау ... ... ... ... ... ... ... ... . 48
2.6 Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау ... ... ... ... ... ... ... 50
2.7 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау ... ... ... ... ... .. 51
2.8 Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау ... ... ... ... ..54
2.9 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау ... ... ... ... ... ... ... 56

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
Дипломдық тақырыбының өзектілігі. 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында бүкіл халық атынын қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қоғам, мемлекет және әрбір жеке адам тіршілігіңдегі ерекше орын алатын негізгі –негізгі тарихи қағидаларды бекітіп берді. Сол Қазақстан Республикасы
Конституциясының ең бірінші бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды"[1]. Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын құқық тәртібін бұзғанына, тіпті қылмыс жасап қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан барлық азаматтық құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік берілді.
Міне, осы ерекше айтылған қағидаларды біз іс жүзіне асыра бастағанымызды жер бетіндегі елдер тани бастады, соның арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болды, ертеден белгілі өркениетті елдер қатарындағы мемлекетке айналды.
Әрине, жаңаша қоғамдық қатынастар оңай құрылмайды. Кемістіктер әлі де аз емес. Өйткені барлық мемлекететтер тарихында кездесетін этатизм мен құқықтық мемлекет идеялары ұзақ уақыттар бойы бір-бірімен белгілі бір қайшылықта, арпалыста өтуі әбден мүмкін [2,8б]. Жаңа қоғамдық қатынастарды құру, осыған байланысты пайда болған күрделі көрініс өзгерістер қарапайым халықтың, әрбір азаматтың өмірінде нарықтық қатынастардың қыспағына түсіп, үнемі арпалыс-қозғалыстағы саяси құбылыстарға тәуелді болуына, ал осының арқасында адамға ең қажет әкономика саласындағы әжептеуір дағдарыстарды басынан өткізуге соқтыруда. Қазір экономикалық құлдырауымыздың салдарынан азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Мысалы, жұмыссыздық етек жайды. Жалақы мен зейнетақы деңгейі төмен, оларды уақытылы төлеу де өз алдына бір ауыр мәселе болды. Қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі заң тәртібін бұзушылық, әсіресе қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр [3,25б].
Әрине, қай қылмыстылықтың да алдын алуда әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі. Өкінішке орай, қазір елімізде келеңсіздік әлеуметтік құбылыстар, заң бұзушылық, әсіресе әртүрлі қылмыстық көріністер көбеюде. Қазақстан Республикасында әсіресе соңғы он жылдың шамасында қауіпті, аса қауіпті қылмыстар, оның ішінде әсіресе ұйымдасқан сыбайлас іс-әрекеттер етек жайды.
1. Қазақстан республикасының Конституциясы. Алматы . – Жеті жарғы . – 1995 г.
2. Баймаханов М.Т. Проблеме этатизма и ориентация на преимущественное использование правовых ценности. Журнал "Правовая реформа в Казахстане", 1999 . – N3 . – с.8.
3. Лунеев В.В. Преступность хх века. М . – 1997 . – с.98.
4. Жаппаров А.С. Ответственность за преступную халатность. Алма-Ата. –, 1993 с . – 80.
5. Малейнин Н.С. Правонарушение. Понятие и причины, ответственность. Москва . – 1985, с . – 90.
6. Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар тоғысында. Алматы . – 1996 . – 145 б.
7. ҚР Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы . – 2001 . – 145б.
8. Қазақ Совет Энциклопедиясы . – Алматы . – 580б.
9. Төлеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право РК Алма-Ата . – 1998. – с147.
10. ҚР Қылмыстық Кодексіне түсінік. Алматы . – 2001 . – 380 б.
11. Познышев С.В. Основные начала науки уголовного права. М . – 1907 . – с. 52.
12. Нуртаев Р.Т. Борьба с неосторожными видами преступлений. Алма-Ата . – 1990 . – с. 91.
13. Чукмайтов Д.С. Теоретические основы системы исполнения наказаний по законодательству Р.К. Алма-Ата . – 1999. . – с.150.
14. ҚР Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы . – 2001 . – 149б.
15. Е.И.Кайыржанов. Уголовное право Республики Казахстан. . – Алма-Ата, 1998 . – с 250
16. Е.Алауханов, С.М.Рахметов. Жаза. Алматы . – 1999, . – 12б
17. Қ.Р.Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы . – 2001. . – 151б.
18. Рогов В.А. История уголовного права, террора и репрессий в русском государстве. хv-хvІІ вв. М . – l995 . – с. 368.
19. А.Н. Ағыбаев ҚР Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы . – 2001. –, 317 б.
20. Бұғыбай Дина Бұғыбайқызы. Қылмыстық жазны жеке даралаудың негізгі қағидалары. Оқу құралы . – 1999 . – 135 б.
21. Бұғыбай Дина Бұғыбайқызы. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы . – 2003 . – 193 б.
22. Кригер.Г.А. Места принципа советского уголовного права в системе принципов права. // сов. гос-во и право. 1981 . – N2. с. – 102.
23. Уголовный Закон: Опыт теоретического моделирования. М. – 1987, . – с.160.
24. Васильев М.А. О провавых идеях, принципах. // сов. гос-во и право. 1975, . – N3 . – с.15.
25. Явич Л.С. Право развитого социалистического общества. Сущность и принципы. 1978, с.149. М. – 1987 . – с. 16.
26. Кругликов Л.Л. Уголовно правовые средства обеспечения справедливости наказания. Ярославль . – 1986. – с. 168.
27. Осипов П.Н. Теоретические основы построения и применения уголовно-правовых санкции. Ленинград. – 1976 . – с. 205.
28. Я.М.Брайнин. Принципы приминения наказания в советском уголовном праве // научные записки Киевского ун-та. 1953 . – т. 12 вып 12. . – с. 51.
29. Курс советского уголовного права. Общая часть. Ленинград. – 1970, т. 2 . – с.321.
30. Дуюнов В.К. Дополнительные наказания по советскому уголовному праву //лекция для студентов ВЮЗИ. М. – 1957. – с. 6.
31. М.М.Бабаев. Индивидуализация наказания несовершеннолетних . – М, 1968 . – с. 3.
32. Уголовное право Украйнской ССР на современном этапе: Часть Общая, Киев . – 1985 с . – 343.
33. Н.Дулатбеков. Адам өміріне қарсы бағытталған қылмыстарға жазаны жеке даралау. Диссертациялық жұмыс. Алматы. – 1993. – 86 б.
34. Поленов Г.Ф, Поленова Н.Г. О Принципе индивидуализации наказания // известия АН Каз ССР: Серия общественных наук. 1980. – N1 . – с 66.
35. Судакова Р.Н. Индивидуализация ответственности и наказания принцип советской уголовной политики. // известия АН Каз ССР: Серия общественных наук. 1981 . – N3. . – с. 78.
36. Курляндский В.И. Уголовная ответственность и меры общественного воздействия . – М, 1965. – с. 90.
37. Шаргородский М.Д. Наказание его цели и эффективность. Ленинград –, 1973 . – с. 32.
38. Курс Советского уголовного право: Общая часть. Ленинград . – 1970, т. 2 . – с. 193.
39. Гальперин И.М. Наказания: Социальные функций, практика приминения. М, 1983, с. 206, Никифоров В.С. Наказание и его цели // сов. гос-во и право. 1981 N9. С. 64-65; Марцева А.И. Специальное предупреждение преступлений. Омск. – 1977 . – с. 18.
40. Баронь Э.Д, В.Розенберг. Необходимость. целособразного и экономного назначения меры наказания. Юрьев . – 1917 . – с. 120.
41. Карпец И.И. Индивидуализация наказания . – М . – 1961, с.10.
42. Кузнецова Н.Ф, Куринов Б.А. Отягчающие и смяечающие обстоя-ва, учитываемые при определений меры наказания. // Приминения наказания по советскому уголовному праву . – М, 1958 . – с. 92.
43. Брайнин Я.М. Уголовный закон и его приминение. М, 1976, с. 198; Загородников Н.И. Принципы советского социалистического права. // Сов. гос-ва и право . – 1966, N5 . – с. 736.
44. Баймурзин Г. Прикосновенность к преступлению . – Алма-ата, 1968 . – с. 162.
45. Чечель Г.И. Смягчающие ответственность обстоя-ва и их значения в индивидкализации наказания . – Саратов, 1978 . – с. 13.
46. Похмелкин В.В. Социалистическая справедливость и уголовная ответственность . – Красноярск, 1990 . – с. 150.
47. Братновская Г.Б. Индивидуализация наказания как одно из средств обеспечения его эффективности. // преступность и его предупреждени е . – Ленинград, 1971 . – с. 141.
48. Ребане И. Об индивидуализации наказания судом по советскому уголовному праву // . – Ученые записи Тартуского унив-та. О вопросах борьбы с преступностью. 1978, вып . – 447. с. 4.
49. Камхадзе К.А. Индивидуализация наказания за неосторожные преступления: Автореф. Дисс канд. юрид. Наук . – М . – 1984 . – с. 35.
50. Мамытов А.И. Советтік қылмыстық право. . – Алматы, 1971 . – 156 б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕКЕ ДАРАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Қылмыстық жазаның түсінігі мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Қылмыстық жазаның жүйесі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... .. 14
3. Жазаны жеке даралаудың негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ.
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2. Қылмыстық жауаптылық пен жазагы жеңілдететін.
мән-жайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 40
3. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын
мәнжайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 43
4. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі
неғұрлым жеңіл жаза тағайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 47
5. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау ... ... ... ... ... ... ... ... . 48
6. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау ... ... ... ... ... ... ... 50
7. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау ... ... ... ... ... .. 51
8. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау ... ... ... ... ..54
9. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау ... ... ... ... ... ... ... 56

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, он екі бөлімшеден,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау
қылмыстық жазалар және оларды жеке даралаудың негізгі қағидалары деп
аталады. Осы тараудың бірінші бөлімшесінде қылмыстық жазаланың түсінігі мен
мақсаттары қарастырылады.
Аталған тараудың екінші бөлімшесінде жазаның жүйесі және оның
түрлері қаралып кеткен.
Қарастырылып жатқан тараудың жазаны жеке даралаудың негізгі
қағидалары қарастырылып кеткен.
Екінші тарау қылмыстық жаза тағайындаудың түрлеріне және
негіздеріне арналған. Осы тарауда жаза тағайындаудың жалпы негіздері мен
қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
қарастырылған. Сонымен қатар, жаза тағайындаудың жекелеген түрлері жан
жақты ашылып қаралған.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Жаза тағайындаудың жалпы негіздері мен
оларды жеке даралаудың негізгі проблемаларын қарастыру.
Дипломдық жұмыста тәжірибелік және теориялық тұрғыда елеулі маңызы бар,
теориялық жэне тәжірибелік түжырымдар мен үсыныстар бар. Сондай-ақ
дипломдық жұмыста, қазіргі кезде қолданылып жүрген қылмыстық заңдылық терең
сараланып, оны жетілдіру бойынша бірқатар үсыныстар жасалған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі дипломдық жұмыстың мақсаты
мен міндеттеріне сай келеді. Дипломдық жұмыс екі бөлімнен, он екі
бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың зерттеуінің объектісі Жаза тағайындаудың жалпы
негіздерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс 2 бөлімнен, 12
бөлімшеден, кіріспе мен қорытындыдан тұрады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Жазаға байланысты ғылыми күрделі
мәселелердің деңгейін қарастыру, оларға қылмыстық күкықтық талдау жасау,
сондай-ак қылмыстарымен күрес жүргізудің тиімді шараларының бірі жаза
тағайындау жұмыстың мақсаты болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету
үшін дипломдық жұмыста төмендегідей міндеттерді шешу көзделген:
Жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын анықтау үшін қылмыстық жауаптылықты
нақтылау.
Жаза тағайындаудың негіздерін анықтау және оларды басқа да құқықбұзушылық
шараларынан ажырату.
Жеңілірек жазаларды кеңінен қолдануды қарастыру.

ГЛОССАРИЙ

Жаза - жазалаудың күшпен қолданылатын, мәжбүрлейтін жағы, яғни, сотталған
тұлғаны заңда көзделгендей құқықтарымен бостандықтарынан айыруды немесе
оларды шектеуді келтіретін жағы деп түсіну керек.
Түзеу дегеніміз – бұл сотталған тұлғаның психикасынан (санасынан) оны
қылмыс жасауға жеткізген теріс әдеттерді аластату.
Негізгі жазалар дегеніміз- заң бойынша жеке дара жаза ретінде жазаның
мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлері.
Қосымша жазалар дегеніміз- негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның
мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазалар.
Айыппұл- Қылмыстық кодексте көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза
тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір
мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе
ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының
мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алуды айтамыз.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айыру. -
ҚК-тің 41-бабына сәйкес, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-
өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір
кәсіптік не өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады. Белгілі бір
лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және
жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейін мерзімге
белгіленеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір
лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпе айналысу құығынан айыру
жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және
жазаның қосымша түрі ретінде бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге
белгіленеді.
Қоғамдық жұмыстарға тарту.-ҚР ҚК-42-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстарға
тарту сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін
қоғамдық пайдалы жұмыстарды жасауынан тұрады.
Өлім жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар
үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық,
бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр
әскери қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін.

К і р і с п е

Дипломдық тақырыбының өзектілігі. 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында
бүкіл халық атынын қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы
қоғам, мемлекет және әрбір жеке адам тіршілігіңдегі ерекше орын алатын
негізгі –негізгі тарихи қағидаларды бекітіп берді. Сол Қазақстан
Республикасы
Конституциясының ең бірінші бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды"[1]. Қазақстан
Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне,
әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне,
тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке
мүшелігіне, сондай-ақ бұрын құқық тәртібін бұзғанына, тіпті қылмыс жасап
қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан барлық азаматтық құқықтар мен
бостандықтар теңдігіне кепілдік берілді.
Міне, осы ерекше айтылған қағидаларды біз іс жүзіне асыра
бастағанымызды жер бетіндегі елдер тани бастады, соның арқасында Қазақстан
Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болды, ертеден белгілі өркениетті
елдер қатарындағы мемлекетке айналды.
Әрине, жаңаша қоғамдық қатынастар оңай құрылмайды. Кемістіктер әлі де
аз емес. Өйткені барлық мемлекететтер тарихында кездесетін этатизм мен
құқықтық мемлекет идеялары ұзақ уақыттар бойы бір-бірімен белгілі бір
қайшылықта, арпалыста өтуі әбден мүмкін [2,8б]. Жаңа қоғамдық қатынастарды
құру, осыған байланысты пайда болған күрделі көрініс өзгерістер қарапайым
халықтың, әрбір азаматтың өмірінде нарықтық қатынастардың қыспағына түсіп,
үнемі арпалыс-қозғалыстағы саяси құбылыстарға тәуелді болуына, ал осының
арқасында адамға ең қажет әкономика саласындағы әжептеуір дағдарыстарды
басынан өткізуге соқтыруда. Қазір экономикалық құлдырауымыздың салдарынан
азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті.
Мысалы, жұмыссыздық етек жайды. Жалақы мен зейнетақы деңгейі төмен, оларды
уақытылы төлеу де өз алдына бір ауыр мәселе болды. Қатарынан
қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан
еліміздегі заң тәртібін бұзушылық, әсіресе қылмыстық ахуал күрделі күйінде
қалып отыр [3,25б].
Әрине, қай қылмыстылықтың да алдын алуда әуелі жалпы тәрбие, оның
ішінде құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі. Өкінішке орай, қазір
елімізде келеңсіздік әлеуметтік құбылыстар, заң бұзушылық, әсіресе әртүрлі
қылмыстық көріністер көбеюде. Қазақстан Республикасында әсіресе соңғы он
жылдың шамасында қауіпті, аса қауіпті қылмыстар, оның ішінде әсіресе
ұйымдасқан сыбайлас іс-әрекеттер етек жайды.
Сондықтан елімізде келеңсіз әлеуметтік құбылыстар, заң бұзушылық,
әсіресе әр түрлі қылмыстық көріністер көбеюде.
Өткен 2010 жылы республикамызда 73160 тек қана ауыр және аса ауыр
қылмыстар жасалған екен. Ал сол қауіпті және аса қауіпті қылмыстардың 60
пайызы ғана ашылған. Бірақ жылдық республика бюджетінен ішкі істер
органдарына бөлінген қаражат (мысалы, 2010 жылы) небәрі 15 миллиард теңге
болса, оның үштен бірі тек қана сотталған адамдарды бақылап ұстауға кеткен
екен. Мұндай құбылыс терең ойлы, жан-жақты қамтамасыздандарылған қоғамдық,
мемлекеттік, қала берді әрбір азаматтық іс-қимылды, күрделі де пәрменді
жұмысты талап етеді. Мұның басты себебі неде екендігін және қылмыстың түп
төркінінің қайдан шығатынын көптеген авторлар, қазіргі нарықтық қылмыс
жасаушылырды көбейте түсуде деп пайымдайды.
"Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын"- деп, кезінде
данышпан Абай айтқандай, дана ақын заманындағы рухани азғындық туралы
меңзеген еді. Ал қазір ше? Істерге жұмысы, ішерге тамағы жоқ адам тек азып
қана қоймай, тозып кететіні анық. Тозғаны сол сергелдеңнің салдарынан ұрлық-
қорлық, зорлық-зомбылық жасауды әдетке айналдырады. Бүгінгі күнге дейін
республикамызда жұмыссыздар қатарына 250 мыңнан астам адам тіркелген. Ал
тіркеуден өтпегендері қаншама. [4,32б].
Сондай-ақ, ешкімді де бей жай қалдырмауға тиісті тағы бір дерттің түрі
маскүнемдік. Көптеген зерттеулердуң нәтижесіне қарағанда қылмыскердің
қарамағына ілінетіндер негізінен осы аздап болса да ішімдік ішкендер. Осы
арақ-шараптың кесірінен адамдарды аяусыз азаптап өлтіру, денелерін
бөлшектеп тастау фактілері көбейді. Ішімдік – болашақ құрбанның сақтану,
қарсыласу өз мінез-құлқына бақылау жасау қызметін азайтады, орындаушылық
әрекетке итермелеп тұрады. Ол ешнәрседен қайтпайды, арғы жағынан түрт
шайтаны итермелеп тұрған соң ішіп алған адам таьан асты, ойланбай әрекет
жасайды, сонымен қылмысқа барады.
Біз күнделікті газет журналдардан қылмыс жайындағы мәліметтерді
қараймыз, мұнша кісі өлімі, мұнша адам тоналған, мұнша адам ұрланған деп
жазып жатады. Біз мұнда тек құрғақ цифрларды ғана көреміз, ал олардың
артында қаншама адам өлімі, қанша қорқыныш пен үрей жатыр десеңізші.
Ертеңгі күні сол зардаптың арасында бізде болмауымызға кім кепіл.
Сондықтан да қылмыстың алдың алу үшін қоғамдағы алкегольдік
ішімдіктердің біршамасын реттеу немесе патрульдік полицияларды қақ жерлерде
көбейтудің қылмыстың алдын алуына серпігін тигізері сөзсіз деп ойлаймын
[5,6б].
Әрине қай қылмыстың алдын алуда әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде
құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі. Сондықтан да Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы маусымның 24 жұлдызында шыққан
"Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы " қаулысының негізгі
талаптарын іске асырып, жастарға өз дәрежесінде жеткілікті құқықтық тәрбие
беруді дұрыс жолға қою үлкен жұмыс.
4
Қылмыстылықтың алдын алу шаралары олардың негізгі-негізгі
көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, басты шара
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей "өтпелі кезеңдерді бастан
кешіп қоғамда, мемлекеттік экономика әлі сақталып қалған тұста, жеке меншік
институттары әлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемелекеттің қызметінің
орасан зор маңызға ие болатындығы" [6,75б]. Мемелекет қызметі барлық басқа
да қылмыстық құбылыстың алдын алудағы жасайтын әлеуметтік субьектілермен
салыстырғанда ауқымды да терең және пәрменді болуы қажет. Өйткені жалпы,
қоғамдағы құқық тәртібі негізінен мемлекет күшімен сақталатыны белгілі.
Ал барлық алдын алу шаралары белгілі нәтиже бермеген жағдайда мемлекет
мәжбүрлік шара қолдануы тиіс. Сондықтан да қоғамдық тәртіпті, заңды
бұзушыға тиісті әр түрлі әкімшілік, тіпті қылмыстық жазалау пайдаланады.
Әрине, қылмыспен күресте жазаның рольі ерекше. Себебі жаза - қылмыс жасаған
адамға берілетін қоғамдық, әлеуметтік әділеттіліктің басты бір көрсеткіші.
Оның үстіне жаза қылмыстылықпен күрестің белгілі шамада болса да өте
қажетті құралы. Қылмыстық жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, өйткені
ол арқылы мемлекет адамды, оның құқығын, бостандығын, заңды мүддесін,
меншікті, ұйымдардың құқықтарын, олардың заңды мүдделерін, қоғамдық
тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құүрылысты,
еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін, барлық адамдардың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық
қастандық әрекет-әрекетсіздіктен қорғайды. Басқаша айтқанда, жаза
-қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыскердің
алдын алу шараларының қажетті бірі болып табылады.
Тағы бір айтарлық нәрсе мынада. Жазаның тәрбиелік мәні жоқ емес.
Әсіресе " жазаны пайдаланып, қылмыскердің қылмысты қайталап жасауына
кедергі етуге әбден болады. Қала берді біреуге жаза беру арқылы басқа да
қылмыс жасауға ниеті бар адамдарды қылмыстық әрекеттерден сақтау мүмкіндігі
бар".
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жаза мәселелері кеңес дәуірінің
оқымыстылары П.П. Андрушконың, М.Н. Авдеевтің, М.Н. Авербахтың, Ю.В.
Баулиннің, С.В. Бородиннің, М.С. Гринбергтің, И.Н. Даньшиннің, Ю.А.
Демидовтің, Н.И. Загородниковтің, И.И. Карпецтің, М.И. Ковалевтің, Д.П.
Котовтың, А.И. Красиковтың, И.Ф. Кузнецованың, Ю.И. Ляпуновтың, Н.С.
Малеиннің, П.С. Матышевскийдың, И.Ф. Огарковтің,
А.А. Пионтковскийдің, В.Я.Тацидің, Н.С. Тишкевичтің,
М.Д. Шаргородскийдің, Д. Читловтің, сондай-ақ қазақстандық
ғалымдар А.Н. Ағыбаевтың, Е.О. Алаухановтың, Ғ.Ы.Баймурзиннің, А.А.
Исаевтың, Р.Т. Нұртаевтың, Е.І. Қайыржановтың, С.С. Молдабаевтың,
С.М.Рахметовтың, И.И. Роговтың, А.А. Темербековтің, А.А. Смағұловтың
еңбектерінде қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Жазаға байланысты ғылыми күрделі
мәселелердің деңгейін қарастыру, оларға қылмыстық күкықтық талдау жасау,
сондай-ак қылмыстарымен күрес жүргізудің тиімді шараларының бірі жаза
тағайындау жұмыстың мақсаты болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету
үшін дипломдық жұмыста төмендегідей міндеттерді шешу көзделген:
Жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын анықтау үшін қылмыстық жауаптылықты
нақтылау.
Жаза тағайындаудың негіздерін анықтау және оларды басқа да құқықбұзушылық
шараларынан ажырату.
Жеңілірек жазаларды кеңінен қолдануды қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеуінің объектісі Жаза тағайындаудың жалпы
негіздерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар
Дипломдық жұмыстың зерттеуінің заты жазаның түсінігі, қылмыстық жаза
мен жауаптылықты нақтылайтын заңдылықтың даму кезеңдері қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемесі мен әдіснамасы. Дипломдық жұмыс
диалектикалық логика, философия, мемлекет және құқық теориясының, қылмыстық
құқықтың және қылмыстық іс жүргізудің негізгі кағидалары мен негіздеріне
сүйене отырып жүзеге асырылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
мен оларды жеке даралаудың негізгі проблемаларын қарастыру.
Дипломдық жұмыста тәжірибелік және теориялық тұрғыда елеулі маңызы бар,
теориялық жэне тәжірибелік түжырымдар мен үсыныстар бар. Сондай-ақ
дипломдық жұмыста, қазіргі кезде қолданылып жүрген қылмыстық заңдылық терең
сараланып, оны жетілдіру бойынша бірқатар үсыныстар жасалған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы мен
көлемі осындай жұмыстарға қойылатын талаптарға толықтай сай келеді.

6
1 ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕКЕ
ДАРАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ.

1. Қылмыстық жазаның түсінігі мен мақсаттары.
Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрестегі қолданатын шаралары сан түрлі.
Мемлекеттің қолданатын осы шаралар ішіндегі ең негізгісі де ең ықпалдысы да
–жаза, яғни жазалау шарасы болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормалардың
бұзылмауын мемлекет мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырады. Себебі, басқа құқықтық
нормаларға қарағанда қылмыстық құқықтағы тыйым салынған нормалар жиірек
бұзылады және оның мемлекет, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтардың
мүддесіне тигізетін залалы басқа құқық салаларының нормаларының бұзылуына
қарағанда анағұрлым мол.
Жаза адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін,
адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті, меншікті, ұйымдардың құқықтары
мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,
сонымен қатар, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық
қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған [7,102б].
Жаза қылмыс үшін мемлекет тарапынан сот арқылы қолданылатын мәжбүр
ету шарасы. Жазаның мақсаты тек жазалау ғана емес, сонымен бірге оны адал
еңбек етуге, заңды дәл орындауға, қоғамдық тәртіп ережелерін құрметтеуге
үйретіп, қайта тәрбиелеу. Мемлекеттің соттан басқа ешқандай органы
қылмыстық жаза қолдана алмайды. Жаза қылмыс жасаушылардың түрлі құқықтарына
шек қойып, моральдық қасірет шектіреді. Жазаның нәтижесінде айыпталушы
еркінінен немесе азаматтық құқығынан және мүлкінен айырылуы мүмкін
[8,320б].
Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі
әлеуметтік ұйымдастырушылық, экономикалық, тәрбиелік рухани шаралардың
барлық түрін кеңінен қолдануға тырысады. Өйткені, қылмыстық құқық саясаты
жалпы мемлекет саясатының белгілі бір қажетті түрі бола тұрып, жан-жақты
шараларды әсіресе қылмыстық әрекет пен әрекетсіздіктің алдын алуға арналған
комплексті (кешенді) шараларды қамтиды. Нұрлан Әбдірұлының айтуынша, осы
соңғы шараларды қылмысты болдырмау саясаты деп атауға болады. Қылмыстық
құқықтық шаралар қажетті, бірақ мәжбүрлі түрде пайдаланатын амалсыздық
шаралары. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек
арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс жасаған
адамдарға жаза қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде
қарастырылады. Әсіресе, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасағандарға оған
сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық шаралары да сан алуан. Жалпы құқықтық
шаралар құрамына тек қылмыстық- құқықтық шаралар ғана емес, сонымен бірге
басқа да құқықтық (азаматтық, әкімшілік, тәртіптік т.б) шаралар да
жатады.Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі және
оның басқалардан өзіне тән біраз ерекшеліктері бар.7
Біріншіден, қылмыстық шара-мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық
заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті
тізбектері мен оларды қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі
адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде және оның шегінен
шықпай жаза тағайындайды. Ерекше жағдайларда ғана сот заңның нақты бабында
көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға құқылы. Бұл жаза
тағайындаудағы гуманизм қағидасы болып саналады.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны
мемлекет атынан және тек қана сот үкімімен тағайындалады. Жаңа Қылмыстық
Кодекстің 38- бабында жаза дегеніміз-соттың үкімі бойынша тағайындалатын
мемлекеттік мәжбүрлеу шарасыҚ делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда
басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды
адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды
полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы
салықтан бұлтарушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды. Немесе
әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзірет шеңберінде әкімшілік құқық
бұзушыларды тиісті жауапқа тартады. Бірақ осы аталған органдардың немесе
лауазымды адамдардың бірде біреуінің қылмыстық жаза қолдануға құқы жоқ.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан
босату, сондай-ақ тағайындалған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот
арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен
жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы
Конституциясына сәйкес Парламент және Республика Президентінің шешімдері
арқылы жүзеге асырылады.
Төртіншіден, Қылмыстық жаза жария түрде ашықтан ашық тағайындалады.
Яғни қылмыс жасаған адамның кінәсін анықтап, оған жаза тағайындауды қажет
деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау жеке немесе
заңды тұлғалар арқылы емесе мемлекет арқылы жария түрде ашықтан-ашық
белгіленеді. Сондықтан да қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан
белгіленеді.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза тек
қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға ғана
қолданылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі
сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта сотталғандық белгісін береді.
Сотталғандықтың кінәлі адам үшін белгілі бір құқылық зардабы бар:
сотталғандығы туралы оның өмірбаянында көрсетілуі керек; сотталғандық
кейбір жағдайларда қылмыстық жауаптылықты ауырлататын жағдайларға айналады.
Сотталғандықтың әрбір қылмысты саралауда, жазаның мөлшерін, сондай-ақ
жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеуде де маңызы жоқ емес [9,150б].
Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз – мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс
жасаған тұлғаға тек ерекше мемлекеттік орган, яғни сот арқылы ғана, осы
жөнінде шығарылған үкімнің негізінде қолданылады. Ал, үкім Қазақстан
Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік
мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды қызмет иесінің атынан немесе басқадай
мемлекеттік билік басқару органдарының атынан қолданылады.
Соттың заңды күшіне енген үкімі барлық мекемелер, кәсіпорындар мен
ұйымдар үшін міндетті болып табылады және Қазақстанның бар аумағында
орындалуы тиіс. Үкімде тағайындалған жаза қатаң түрде жеке сипатта болады,
яғни ол қылмыс жасаған тұлғаға ғана байланысты және де басқа тұлғаларға
(мысалы, сотталған тұлғаның жақындары мен туыстарына) ешқандай қатысы
жоқ.
Жазаның орындалуы мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі.
Қоғамдық ықпал жасау шараларының жазадан айырмашылығы – олардың артында
тұрған мемлекеттік күш емес қоғамдық пікір екендігінде.
Қоғамдық ықпал жасаудың шаралары теріс қылықтар үшін және де
мемлекеттік орган болып табылатын сот арқылы емес, қоғамдық ұйымдар арқылы
қолданылады. Сондықтан бұл шаралар теріс қылықты, оны жасаған тұлғаны
жағымсыз бағалаудың, қоғамдық мәжбүрлеумен тәрбиелеудің мемлекет тарапынан
емес, қоғамдық орындар тарапынан қолданылатын тәсілі болып табылады.
Жаза – бұл мемлекеттік жазалаудың қылмыстық заңдылық арқылы
орнатылған түрі. ҚК-тің 39-бабында жазаның түрлері толығымен қамтылған.
Қылмыс жасаған тұлғаға сот жазаның басқа түрлерін қолдана алмайды.
Заңдылық тұрғыдан алып қарағанда, жаза қылмыстық құқықтың салдары
болып табылады. Қылмыс пен жаза –бұл екі өзара тығыз байланысты құқықтық
ұғым. Мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде жаза- қылмыс сияқты құқық
бұзушылыққа ғана қолданылады.
Жазаға тән оның міндетті қасиеті – жазалау. Жазаны - жазалаудың
күшпен қолданылатын, мәжбүрлейтін жағы, яғни, сотталған тұлғаны заңда
көзделгендей құқықтарымен бостандықтарынан айыруды немесе оларды шектеуді
келтіретін жағы деп түсіну керек.
Жазаның мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы ретінде өзіне тән
сипатты белгісі бар. Ол-жағымсыз құқықтық салдарға ұшырататын сотталғандық
[10].
Ендігі мәселе жаза не үшін қолданылады?
Жалпы қоғамдағы қылмыстылықпен күресу кезінде қолданылатын
мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының әрбіреуінің өз міндеті, өзіне тән мақсаты
болады. Жазаның мақсаты дегеніміз- тікелей жаза тағайындау, оны қолдану
және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатан әлеуметтік нәтиже.
Қылмыстық құқық теориясында, жалпы басқа да арнаулы әдебиетте сонау көне
заманынан бастап, қазіргі кезге дейін жазаның мақсаты төңірегінде әртүрлі
пікірлер туғаны белгілі.
Бұл пікірлер бірде жаза мақсаттарының мазмұнына қатысты туса, бірде
ондай пікірдің тууына жаза иақсатының саны негіз болып келеді. Мысалы, орыс
заңгер-ғалымы С.В.Познышев жазада тек қана бір мақсат болуы керек дегенді
айтса, [11,26б] қазақстандық белгілі заңгер профессор Р.Т.Нұртаев жазаның
мақсаты деп атады [12,38б].Жазаның мақсатына мына үш түрлі нәрсе:
біріншіден, қылмыс істеген адамды қайта тәрбиелеу, екіншіден, қайта
тәрбиелеу арқылы қылмыс істеген адамды қайтадан қылдмыс істемеуге бет
бұрғызып, тұрақты қалыпқа түсіру, үшіншіден, қылмыс істеген адамның сазайын
тарттыру арқылы басқа адамдарға да қылмыс істеуден бас тартуға ықпал жасау
дей келіп, профессор А.Мамытов жазаның алдына үш мақсат қояды.
Алайда, осы уақытқа дейінгі жазаның мақсаттары жөніндегі әдебиеттерді
талдай келсек, негізгі тұжырым –жазаның айрықша мақсаты қылмыскерді түзеу
және оны қайта тәрбиелеу деген қағида боп келгенін байқаймыз. Ал соңғы
кезде қайта тәрбиелеу мақсатын алып тастап, жазаның айрықша мақсаты тек
қана сотталған адамды түзеу деп жүрміз. Бұл көптеген қазақстандық
ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Тәжірибеде бұл амал өзінің
нәтижелілігін бермегендіктен жаңа қылмыстық заңда қайта тәрбиелеу
терминінен бас тартуға тура келді. Осыған сәйкес жаңа қылмыстық заңның 38-
ші бабының 2 бөлігінде жазаның мақсаты былайша белгіленген: жаза әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және
сотталған адамның да басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан
сақтандыру мақсатында қолданылады. Яғни қазіргі заңда жазаның мақсаты төрт
түрлі . Олар:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталған адамды түзеу;
в) сотталған адам тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау ( арнайы
сақтандыру);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау. (жалпы сақтандыру);
Әрине қай кезде де қылмыстық жаза қолданылған әрбір жағдайда заңда
көрсетілген осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс. Қазақстандық заңгер
ғалым Д.С.Чукмаитовтың жазаның мақсаттары тығыз бірлікте орналасады және
әрбір нақты жағдайда жазаны қолдану кезінде олар өз арасында теңгеріліп
отырылуы керек деген пікірін айтқан [13,56б]. Әрине, біз оны қолдаймыз,
дей тұрғанменде белгіленген жаза мақсаттарының барлығына бір уақытта қол
жеткізу әрдайым орындала бермейтіні анық. Алайда, жаза қолданудың кез-
келген сатысында жаза тағайындау немесе оны орындау сатысы болсын, тіпті
заң шығару сатысында жазаның негізгі түпкі мақсаты- қылмыстылықтан
сақтандыру көзделуі тиіс.
Жазаның мақсаттарын белгілі бір топтарға, яғни түпкі немесе жақын, тақау
мақсаттарға бөлу, олардың әрқайсысының мазмұнымен сипатталады. Сондықтан да
алдымен олардың әрбіреуіне жеке-жеке тоқталып кетейін.
Сонымен, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру –жазаның
мақсаттарының бірі. Кез-келген қылмыстың әлеуметтік әділеттілікті бұзатыны
белгілі . Мысалы, күші басымдау адам өзінен әлсіз адамды ұрып кетеді.
Еркек, күш көрсете отырып, әйелді зорлайды. Лауазымды тұлға өзінің қызмет
бабын пайдалана отырып, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарының
елеулі түрде бұзылуына жол береді. Бұл аталған жағдайлардың әрқайсысында да
осы қылмыстардан зәбір көруші тұлғаларға қатысты әлеуметтік әділіттілік
сақталмаған, яғни бұзылған.
Сот кінәліге жаза тағайындай отырып, әлеуметтік әділеттілікті тек
жәбірленушілерүшін ғана емес, жалпы қоғам үшін, қалпына келтіруге (жартылай
болса да) ұмтылуы тиіс. Әлеуметтік әділеттілік, жалпы қоғамға қатысты
қалпына келтіру былайша іске асады: сот әділ жазаны ашық түрде тағайындай
отыра (сот ісі негізінен, ашық отырыстарда қаралады), мемлекеттің қылмыстық
заңды бұзған тұлғаны жазалай алатыны, осы шара арқылы қоғамдық тәртіпті,
қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, азаматтардың денсаулығын, тұтастай
алғанда басқа да неғұрлым маңызды игіліктерді қорғай алатынына қоғамның әр
мүшесінің көзін жеткізеді.
Жаза адамдардың әділеттілік сезімін, ал кейбір кездерде, қылмыскердің
жасаған жауыздығына қарсы наразылық сезімін де қанағаттандыру үшін
қолданылады[14,98б]. Қандай да болмасын қоғамға қауіпті қылмыс қоғамдық
өмірге өзінің зиянды ықпалын тигізетіні белгілі. Қылмыстылықтың зардабы
елдегі заңдылықты нығайту процесін тоқтатып қана қоймай, сонымен бірге
қоғамдық және жеке санада жағымсыз құбылыстарды туғызып, қорқыныш, үрей
атмосферасын қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан да әділеттілікті қалпына
келтіру мақсатының мазмұнын Ққоғамдық санаҚ Ққұқықтық санаҚ ұғымдары
арқылы анықтауға болады. Профессор Е.Қайыржановтың айтуынша: Ққұқықтық сана
қылмыстық заңдарды білуді, сонымен бірге қылмыстық заңның қағидалары мен
институттарына, заңның нақты мақсаттары мен міндеттеріне дұрыс баға беруді
қамтиды[15,62б]. Сондықтан соттың құқықтық санасы жасалған қылмысқа және
кінәліге баға беру кезінде, ең алдымен қылмыстық заңның мақсатын білуі
арқылы анықталады.
Сонымен, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсаты негізінен
жаза тағайындау сатысына қатысты. Нақ осы сатыда жазаның түрі мен мөлшерін,
оның мерзімін таңдау мәселесін шеше отырып, сот белгілі бір дәрежеде
әділеттілікті қалпына келтіреді. Сондықтан, осы әлеуметтік әділеттілікті
қалпына келтіру мақсатын жазаның жақын (тақау) мақсаты деуге болады.
Өйткені, қылмыстық жаза ең алдымен жасалған қылмыс нәтижесінде бұзылған
қоғамдық игіліктерді қалпына келтіру үшін, яғни әділеттілікті қалпына
келтіру үшін қызмет етеді. Қылмыстық жазалардың ішінде мүліктік сипаттағы
жаза түрлері, мысалы, айып пұл, мүлікті тәркілеу сияқты жазалар қылмыс
зардабын қалпына келтіру сипатына біршама болса да жақын. Әрине, бұдан
барлық қылмыстардан келтірілген зардаптарды қылмыстық жазаларды қолдану
арқылы толығынан қалпына келтіруге болады деу қиын. Мысалы, адамның өмірін
қиған немесе адамның денсаулығынан айырған қылмыстардың зардабын ешқандай
жазамен қалпына келтіру мүмкін емес. Сонымен қылмыстық жазаның әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіру мақсатын түпкі емес, жақын немесе тақау
мақсатқа жатқызу дұрыс деп ойлаймын[16,35б].
Жазаның екінші бір маңызды мақсаты –сотталушының түзелуі болып
табылады. Мұндай мақсаттың болуы-Қазақстан Республикасы қылмыстық
заңнамасының адамгершілік бағыты қолдайтындығының куәсі.
Мемлекет, қылмыс жасаған тұлғаға заңды қолдана отырып, бұл тұлғаны жазасын
өтеп болған соң қоғамға ол енді қайтадан жаңа қылмыстар жасамайтындай етіп
қайтаруға ұмтылуы тиіс. Түзелуді екі жақты тұрғыдан қарастырған орынды:
біріншіден, сотталушыға ықпал етуші тәрбиелеу процесінің өзі ретінде және
екіншіден, бұл ықпалдың нәтижесі ретінде.
Түзеу дегеніміз – бұл сотталған тұлғаның психикасынан (санасынан) оны
қылмыс жасауға жеткізген теріс әдеттерді аластату. Түзеу жөнінде орыс
ғалымы А.В.Наумов Түзеу барысында шешуге болатын нақты мақсат-сотталған
адамды, ең болмағанда жазамен қорқыту арқылы қылмыстық заңды бұзбауға
мәжбүр ету және болашақта жаңа қылмыстарды жасамауға сендіру дегенді
айтады.
Түзету - сотталушының тәртібі мен психикасын жақсы жаққа қарай
өзгертіп, оған жаңадан басқа қылмыстар жасамауға себеп болуы мүмкін, және
де түзету оның мінезінде көрсететін қоғамға жат қылықтар мен көзқарастардан
арылу мүмкіндігін беруден тұрады. Түзету кезінде сотталушы тұлғаға бұрын
оның бойында болмаған әлеуметтік - пайдалы қасиеттер дарытылып, сонымен
қатар бір кездері өзі ие болған, бірақ уақыт өте келе айырылып қалған
жағымды қасиеттерін баянды етуден тұрады.
Жазаны өтеу барысында сотталған адамның көзқарасы, сенімі, әдет салты жақсы
жаққа қарай өзгерсе-түзеу мақсатының орындалғаны. Түзелген сотталушы
жазадан қорыққанынан емес, жазаны өтеу кезінде оған дарытылған белгілі бір
адамгершілік қағидаттары әсерінен жаңадан қылмыс жасамайды.
Түзету кезеңі алдын-ала тергеу барысында басталып, сот отырысы кезінде
одан сайын тереңдей түседі. Содан соң жазаның нақты бір түрі тағайындалған
кезде түзету кезеңі сол тағайындалған жазаны өтеу барысында жалғасады.
Жазалау шарасы мен түзеудің тәсілдері де жасалған қылмыстың ауырлық
дәрежесіне, қылмыскердің жеке басының қауіптілігіне қарай қолданылуы тиіс.
Мысалы, бас бостандығынан айыру жазасын өтегенде сол жазаны өтеу режимі,
қоғамдық пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары түзеудің басты тәсілдері болып
табылады. Түзетуге ықпал етуші басқа да тәсілдер қолданылады, атап
айтқанда: сотталғандардың көркемөнер ұйымдары, мәдени-ағарту жұмысы және
басқа да әрекеттер.
Сотталушыны түзету мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің
мақсатымен тығыз байланысты.
Егер тағайындалған жаза шектен тыс қатал немесе орынсыз жұмсақ болса, ол
әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне бөгет болып қана қоймай,
сотталған тұлғаның түзелу процесіне де зиянын келтіреді. Себебі, жөнсіз
қатал жазадан ол мейірімсіздене түссе, шектен тыс жұмсақ жазадан оның
бойында бұдан кейін де қылмыстар жасап, тиісті қатал жазаны айналып өтуге
болатыны жөнінде сеніп ұялап, ол беки түседі[17,86б].
Сонымен сотталғанды түзеу мақсаты негізінен жазаны тағайындау ғана
емес, сонымен бірге жазаны орындау сатыларында көрініс береді. Алайда,
сотталған адамды түзеу мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
мақсаты сияқты- жақын (тақау) мақсатқа жатады. Өйткені, жазаны қолданып
сотталған адамды түзеу мақсатына барлық уақытта қол жеткізуге болмайды.
Мысалы: сотталған адамға өлім жазасын тағайындау кезінде сотталғанды түзеу
мақсаты туралы сөз болмауы тиіс. Өлім жазасы қылмыскерді түземейді және
оның мемлекеттік белсенді өмір аясына қайта келуіне мүмкіндік
бермейді[18,57б].
Сонымен бірге, қылмыскерді бас бостандығынан айырып колонияда
оқшаулағанда, ол сол жаза өтеп жатқан кезінде жаңа қылмыс жасауға
мүмкіндігі болмайды. Бұл жерде көріп отырғанымыздай, тек қана арнайы
сақтандыру мақсатына қол жетуі мүмкін.
Қылмыстық заңдағы жазаның өзіндік, негізгі, түпкі мақсаты- қылмыстан
сақтандыру, яғни қылмысты болдырмау. ал мұның өзі екі түрге бөлінеді:
а) Арнайы сақтандыру, яғни сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты
болдырмау;
б) Жалпы сақтандыру, яғни басқа да адамдардың қылмыс жасауын болдырмау;
Арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты жазаның жеке (дербес) мақсаты болып
табылады. Оның мәні мен маңызы – сотталған тұлғаны жаңа қылмыс жасаудан
сақтандыру. Ол қылмыс жасаған тұлғаға тікелей бағытталған.
Арнайы сақтандыру мақсатына мынадай тәсілдермен жетеді. Біріншіден,
сотталған тұлғаның жаңа қылмыс жасау дәрменінен айырылу арқылы. Екіншіден,
арнайы сақтандырудың мақсатына жазасын өтеу кезінде сотталушының
психикасына түзелу бағытында әсер етіп, осы арқылы оны жаңадан қылмыс
жасаудан алып қалып жетуге болады. Үшіншіден, арнайы сақтандыру мақсатына
жазамен қорқытып, үрейлендіру арқылы да жетуге болады. Жазамен қорқыту
жазаның сөзсіз болатындығына байланысты. Жаңа қылмыс жасағаны үшін жаңа
жазадан қашып құтылу мүмкін емес екендігін сезіну-адамды қылмыс жасаудан
бас тартқыза алады.
Сонымен, арнайы сақтандырудың да мақсаты сотталған тұлғаны түзетудің
мақсатымен тығыз байланысты.
Ал жалпы сақтандырудың мақсаты – сотталған тұлғаны емес, негізінен
санасында заң талаптарын орындау туралы тұрақтылық қалыптаспаған басқа
тұлғаларды қылмыс жасаудан жазалау арқылы сақтандырудан тұрады. Арнайы,
жеке сақтандыруға қарағанда бұл мақсаттың айырмашылығы-ол қылмыс жасаған
жеке тұлғаға емес, басқа, сенімсіз тұлғаларға, сол сияқты, заңдар мен басқа
да нормативтік актілерді бұзуға бейім тұратын тұлғаларға арналған. Жазаның
жалпы сақтандыратын әсері, деп жазды М.Д.Шаргородский, біріншіден,
қылмыстық заңның жариялануының өзі және онда нақты қоғамдық қауіпті іс үшін
берілетін жаза түрінің тағайындалуы; екіншіден, қылмыс жасаған нақты кінәлі
тұлғаға жаза шарасын соттың тағайындауы; үшіншіден, тағайындалған жазаның
оны өтеу барысында іске асуы.
С.В.Полубинская жалпы сақтандырудың мақсатын екі түрге бөледі:
қылмыстарды жасауға бейім тұратын ең кем дегенде тәрбиелік әсер, ал ең көп
дегенде қорқынышты әсер тудырудан тұратын, тар мағынада түсінілетін –жалпы
сақтандыру; кең мағынада түсінгенде, қоғамның барлық мүшелеріне жазаның
тәрбиелік ықпал етуі[19,56б].

1.2 Қылмыстық жазаның жүйесі және оның түрлері.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын
жекеленген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның
өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жаза жүйесі-деп ауырлығы
ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, сот үшін міндетті болып табылатын
қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің түпкілікті тізімі. Заң жүзінде
бекітілген жазалар жүйесінің маңыздылығы – осы жүйеге сүйене отырып,
жазаның қайсысы – ең қаталы, ал қайсысы жұмсақтау екендігін анықтап білуге
болатындығында. Қылмыстық жазаның жүйесін мынадай түрлерге бөлуге болады:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған
жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті
атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан
және мемлекеттік наградадан айыру;
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері:
белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану
құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектеу;
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар:
түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау,
тәртіптік әскери бөлімде ұстау[20,57б].
Қылмыстық кодексте жазалар жүйесі жеңілдеу жазадан бастап қатаң
жазаға қарай тізілген. Жүйеге кіретін жазаның барлық түрлері үш топқа
бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни негізгі де қосымша да болып
табылатын жазалар.
Негізгі жазалар дегеніміз- заң бойынша жеке дара жаза ретінде жазаның
мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлері. Бұл жазаның түрлерін
басқаларына қосымша ретінде біріктіруге болмайды. Негізгі жазаларға:
қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу,
бас бостандығын шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас
бостандығынан айыру, өлім жазасы.
Қосымша жазалар дегеніміз- негізгі жазаға қосылып тағайындалатын,
жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазалар.
Қосымша жазаларды қолдану кезінде төмендегі талаптар сақталуы тиіс. Қосымша
жазалар өздері ғана дербес түрде тағайындалмайды, олар жазаның негізгі
түрлеріне біріге алады. Жазаның негізгі түрлеріне оның қосымша түрлері аса
ауыр қылмыс жасалған немесе заңда көрсетілген жағдайларда қосылады. Қосымша
жазалар қатарына жазаның екі түрі ғана жатады: арнаулы, әскери немесе
құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік
сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; мүлкін тәркілеу.
Жазаның балама түріне айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару
немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалары жатады.
Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да
немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса
тағайындалуы да мүмкін.
Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әртүрлі жаза
түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану-қылмыстылықпен тиімді
күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады.
Енді, осы аталған жазаларға жеке-жеке тоқталсақ: олар
Айыппұл- Қылмыстық кодексте көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза
тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір
мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе
ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының
мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алуды айтамыз. Айыппұл жазалаудың
қосымша түрі ретінде осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында
көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін. Айыппұлды есептеудің екі
тәсілі бар:
1)Заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтінде қолданылып жүрген
а.е.к. белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде;
2)Сотталушының жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі
бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде.
Бірінші жағдайда айыппұлдың мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен
белгіленген а.е.к. 25-тен 20 мыңға дейінгі мөлшерімен, екінші жағдайда-
сотталған адамның жалақысының немесе өзге де табысының екі аптадан бір
жылға дейінгі кезеңдегі мөлшерімен шектелген.
Айыппұлдың мөлшері жасалған қылмыстың ауырлығына, сотталушының мүліктік
жағдайына байланысты және жасалған қылмыс сараланған баптың санкцяларында
белгіленген шекте, сол сияқты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
ескеріле отырып, сот арқылы тағайындалады. Айыппұлды төлей алу мүмкіндігі
болмаса сот оны қамау жазасымен алмастыра алады, бірақ аталған жағдайда
қамауға алу бір айға дейінгі мерзімге тағайындалады. Айыппұл төлеуде
сотталған адам оны сот шешімі күшіне енген күннен бастап бір айдан
қалдырмай төлеуге міндетті. Егер сотталушы тұлғаның айыппұлды бірден
төлеуге мүмкіндігі келмесе, оның өтініші бойынша, айыппұл төлеу мерзімі
алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы немесе бөліп-бөліп төлеуі мүмкін.
Айыппұлды төлемеген жағдайда, ол үкімді шығарған соттың берген атқарушы
қағазының негізінде мәжбүрлеу арқылы өндіріп алынады. Айыппұл өндіріп алуға
сотталушының ортақ меншіктегі үлесін, ақшасын, құнды қағаздарын, басқа да
құндылықтарын да есептегендегі мүлкі жаратылады. Айыппұлды өндіріп алу
кезінде сот үкім бойынша тәркіленуге жатпайтын мүліктердің тізімінде
көрсетілген мүлік алынбайды.
Негізгі жаза ретінде белгіленген айыппұлды төлеуден тұлға әдейі
жалтарған кезде, соттың айыппұлдың төленбей қалған мөлшерін қоғамдық
жұмыстарға тартумен, түзеу жұмыстарымен немесе бір ай түзеу жұмыстарына не
80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға сәйкес қамауға алумен немесе а.е.к.
үш есе мөлшеріне тең айыппұл үшін 10 күнге қамауға алумен, жазаның осы
түрлері үшін қылмыстық заңда көрсетілген шек пен жағдайларды сақтай отырып
алмастыруға құқығы бар. (ҚК 42, 43, 46-баптары).
Айыппұлды төлеуден әдейі жалтару дегеніміз- сотталушы айыппұлды өз
мезгілінде төлемеген жағдайда, оны мәжбүрлеп өндіріп алудан өзінің мүлкін,
табыстарын жасырып қалу, сонымен қатар ҚК-тің 40-бабының 4-бөлігінде
көзделген санкциялар қолданылуы мүмкін екендігі туралы ескерту жасалғаннан
кейін де заңмен белгіленген уақытта айыппұлдың төленбеуі.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айыру.
ҚК-тің 41-бабына сәйкес, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті
өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі
бір кәсіптік не өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады. Белгілі
бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және
жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейін мерзімге
белгіленеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір
лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпе айналысу құығынан айыру
жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және
жазаның қосымша түрі ретінде бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге
белгіленеді. Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде ҚК-тің 38 санкциясында
көзделген, ал қосымша жаза ретінде 108 санкцияларда көзделген. Бұл жаза,
егер сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін және
кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оның белгілі бір лауазымды атқару
немесе белгіліә бір қызметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкін емес деп
санаған жағдайларда тағайындалады. Сонымен, бұл жазаның қылмыстық құқықтық
мәні- сотталған адамды белгіленген мерзімге белгілі бір кәсіптік немесе
үкімде көрсетілген лауазымда болу мүмкіндігінен айыру, срның нәтижесінде
айыпкердің қайталап қылмыс жасауын болдырмау.
Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырғанда сот өз үкімімен
норматив бойынша белгіленген немесе ұқсас белгілірі бар лауазымды сотталған
адамның атқаруына тйыйм салады.
Белгілі бір қызметпен айналысуға тйыйм салу тек лауазымдық, кәсіптік
қызметті ғана емес, арнайы ережелермен реттелген қызметтің басқа да
түрлерін қамтиды. Мысалы, қосымша шара ретінде көлік құралдарын басқару
құқығынан айыруды, сот ол адамда ондай құқықтың тіптен болмағанына немесе
әкімшілік жолмен жазалау тәртібінде ондай құқықтан бұрын оны айырғанына
қарамастан таңдай алады.
Бұл жаза түрі негізгі немесе қосымша жаза ретінде тағайындалуы мүмкін. ҚРҚК-
нің Ерекше бөлімі баптарының санкцияларында немесе ҚК-тің 55-бабына сәйкес
сот жазаның жеңілдеу түріне көшкенде жазаның бұл түрінің тікелей белгіленуі
оны тағайындауға негіз болады. ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті баптарының
санкцияларында көрсетілмесе де, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға
қауіптілік дәрежесіне және айыпкердің жеке басын ескере отырып сот
тағайындай алады.Қарастырылып отырған жазаның өтелу мерзімдері оның негізгі
немесе қосымша жаза ретінде тағайындалуына қарай әртүрлі болып келеді.
Негізгі жаза ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге, ал қосымша жаза
ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру туралы сот үкімінен әдейі жалтару ҚРҚК-ң 362-бабы бойынша
қылмыстық жауаптылықты жүктейді.
Қоғамдық жұмыстарға тарту.
ҚРҚК-42-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстарға тарту сотталған адамның негізгі
жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды
жасауынан тұрады. Бұл жұмыстардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар
немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Қоғамдық жұмыстарға тарту ҚК Ерекше бөлімінің 64 санкцияларында
көзделген. Ол жазаның негізгі түрі ретінде ҚК Ерекше бөлімінің тиісті
бабының санкциясында көзделген ретте ғана тағайындалады. Сонымен қатар,
жасалған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау
кезінде, жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазамен ауыстыру жағдайында да
қолданылуы мүмкін. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы сағаттармен өлшенеді,
сотталған адам қоғамдық жұмыстарды сол сағаттар аралығында өтейді. Заң бұл
жазаны 60 сағаттан 240 сағатқа дейін тағайындауға рұқсат береді. Жазаны
өтеуден әдейі жалтарған жағдайда олар осы Кодекстің тиісінше 45 және 46
және 48-баптарында көзделген мерзімдер шегінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаны жеке даралау мәселелері
Қылмыстардың көптігінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстардың қайталануы және жаза тағайындау
Қылмыстық жаза тағайындау қағидалары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Жазаны жеңілдетудің тәсілдері
Бас бостандығынан айыру
Қылмыстардың көптілігі жағдайында жаза тағайындау
Жаза туралы тусінік оның белгілері және мақсаты. Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
Жазалау және оның мақсаты
Қылмыстық құқықтағы жаза жайлы
Пәндер