Кәсіпорынның өндірістік құрылымы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I.тарау. Кәсіпорындағыұйымның өндірістік құрылымының теориялық аспектілері
1.1 Ұйымның өндірістік құрылымының негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Кәсіпорынның өндірістік құрылым деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

II.тарау. Қазақстан Республикасының кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары
2.1 Қазақстанда кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қаматамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Кәсіпорынның өндіріс көлемі мен ғылыми техникалық прогресс ... .12
2.3 Ұйымның өндірістік құрылымын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Пайдаланылған әдебиетттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қазіргі заманғы кәсіпорын өнім өндіру немесе қызмет көрсетудің бірыңғай процестерімен өзара байланысты, өзінің қызмет түрлері бойынша әртүрлі бөлімшелер жиынтығы болып табылады. Көптеген кәсіпорындарда (әсіресе, ірі және орта) өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары жүзеге асырылады: өндіріске дейінгі, өндірістік және өндірістен кейінгі. Көбіне, өндіріске дейінгі сатыға жаңа өнімнің тәжірибе-құрастыру жұмыстары жатады, өндірістік сатыға оны өндіру, ал өндірістен кейінгі сатыға өнімді сату, нарықты, тұтынушыны маркетингтік зерттеу, пайдлану процесінде сервистік қызмет көрсету, сонымен қатар шығарылатын өнімнің ассортименті мен сапасына қатысты нарық талаптары туралы ақпараттар жинау және талдау жұмыстар кіреді.
Мұның барлығы кәсіпорын бөлімшелерінің құрамын кеңейтеді, олардың арасындағы байланысты күрделендіреді және өндірістік құрылымның ұйымдық-экономикалық негіздемесін, яғни, жұмыс істеуді тиімді ұйымдастыруға және әрбір өндірістік бөлімшені тиімді орналастыруға, цехтар мен учаскелер арасында өндірістік тығыз байланыстарды орнатуға жоғары талап қояды.
1. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев «Қаржы оқулық» - Алматы, 2005 ж.
2. Толық-экономикалық орысша-қазақша сөздік – Алматы, 1999 ж.
3. Құлпыбаев С. «Қаржы теориясы» - Алматы, 2001 ж.
4. Кәсіпорын экономикасы , оқу құралы, Г.Ө.Жолдасбаева, - А.: «Экономика», 2002 ж..
5. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»// Орталық Қазақстан, 2006.- 4 наурыз.
6. Баймуратов У. «Национальная экономическая система» - Алматы,2002.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
8. Балабанов И.Т. Риск-менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 1996.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I-тарау. Кәсіпорындағыұйымның өндірістік құрылымының теориялық аспектілері
1.1 Ұйымның өндірістік құрылымының
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...4
1.2 Кәсіпорынның өндірістік құрылым деңгейін сипаттайтын
көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

II-тарау. Қазақстан Республикасының кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін
өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары
2.1 Қазақстанда кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қаматамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Кәсіпорынның өндіріс көлемі мен ғылыми техникалық прогресс ... .12
2.3 Ұйымның өндірістік құрылымын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Пайдаланылған әдебиетттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе
Қазіргі заманғы кәсіпорын өнім өндіру немесе қызмет көрсетудің
бірыңғай процестерімен өзара байланысты, өзінің қызмет түрлері бойынша
әртүрлі бөлімшелер жиынтығы болып табылады. Көптеген кәсіпорындарда
(әсіресе, ірі және орта) өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары жүзеге
асырылады: өндіріске дейінгі, өндірістік және өндірістен кейінгі. Көбіне,
өндіріске дейінгі сатыға жаңа өнімнің тәжірибе-құрастыру жұмыстары жатады,
өндірістік сатыға оны өндіру, ал өндірістен кейінгі сатыға өнімді сату,
нарықты, тұтынушыны маркетингтік зерттеу, пайдлану процесінде сервистік
қызмет көрсету, сонымен қатар шығарылатын өнімнің ассортименті мен сапасына
қатысты нарық талаптары туралы ақпараттар жинау және талдау жұмыстар
кіреді.
Мұның барлығы кәсіпорын бөлімшелерінің құрамын кеңейтеді, олардың
арасындағы байланысты күрделендіреді және өндірістік құрылымның ұйымдық-
экономикалық негіздемесін, яғни, жұмыс істеуді тиімді ұйымдастыруға және
әрбір өндірістік бөлімшені тиімді орналастыруға, цехтар мен учаскелер
арасында өндірістік тығыз байланыстарды орнатуға жоғары талап қояды.

I-тарау. Кәсіпорындағыұйымның өндірістік құрылымының теориялық аспектілері
1.1 Ұйымның өндірістік құрылымының негіздері
Кәсіпорыннның өндірістік құрылымы – бұл кәсіпорынның өндірістік
бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың арасындағы өзара байланыстар
нысанын, бөлімшелерді орналастыруды қамтитын өндірістік процестерді
ұйымдастырудың кеңістіктік нысаны. Өндірістік жүйенің өндірістік құрылымды
деп кәсіпорындардың өндірістік жүйесіне кіретін құрамы, көлемдері,
арақатынастар, өзара байланыстар мен жоспарлау түсіндіріледі. Ұйымдар
арасындағы өндірістік байланыс нысаны олардың өндірістік жүйедегі
интеграциялары нысанымен анықталады. Ең тығыз байланыстар интеграцияның
вертикальдық нысанында болады. Сонымен қатар, горизонтальдық интеграция
кезінде байланыстар тұрақты болуы мүмкін және, ереже бойынша, барлық
дайындау кәсіпорындарын жабдықтауды, құралдарды жөндеу жұмыстарын
ұйымдастыруды, материалдар мен дайын өнімді тасымалдау мен қабылдауды
қамтиды.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы жекелеген бөлімшелер арасындағы
еңбек бөлінісінің сипатын, сондай-ақ олардың өнім өндіру бойынша бірдей
өндірістік процестердегі еліктеушілік байланыстарының сипатын көрсетеді.
Өндірістік құрылымнан басқа, кәсіпорынның жалпы құрылымы да бар, оған
мыналар жатады:
- өндірістік құрылыми;
- басқарудың ұйымдық құрылым;
- кәсіпорынның жұмысшы ұжымына әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын
өнеркәсіптік емес ұйымдастыру құрылымы.
Өндірістік құрылым кәсіпорынның тиімділігіне және бәсекеге
қабілеттілігіне елеулі ықпалын тигізеді. Өндірістік бөлімшелер құрамы мен
көлемі, олардың үйлесімді дәрежесі, кәсіпорын аймағында орналасу
тиімділігі, өндірістік байланыстар тұрақтылығы өндіріс ырғақтылығына және
өнім шығарудың бір қалыптылығына әсер етеді, өндіріс шығындарын, сондай-ақ,
кәсіпорынның таза табысының деңгейін анықтайды. Сондықтан, кәсіпорынның
тиімді өндірістік құрылым төмендегідей талаптарға жауап беруі қажет:
А) өндірістік құрылымның қарапайымдылығы: өндірістік бөлімшелердің
жеткілікті және шектеулі құрамы;
Б) қайталанатын өндірістік бөліктердің болмауы;
В) зауыт аумағында бөлімшелерді тиімді орналастыру негізінде өндірістік
процестердің анық дәлдігін қамтамасыз ету;
Г) цехтардың, учаскелердің қуаттылығының, құрал-жабдықтардың жұмыс істеу
қабілеттілігінің үйлесімділігі;
Д) өндірістік құрылымдардың бейімділігі, икемділігі, яғни нарық
конъюнктурасы өзгерістеріне сәйкес өндіріс процестерінің барлық ұйымдарын
жедел қайта құру қабілеттілігі.
Өндірістік құрылымның екі түрі бар:
1. Кешенді өндірістік құрылым. Мұндай кәсіпорында өндірістік процестердің
дайындау, өңдеу және өнім шығару секілді барлық сатылары болады.
2. Мамандандырылған өндірістік құрылым, мұнда өндіріс процесінің бір
немесе екі сатысы болмайды. Өндіріс процесі жетіспейтін саты бойынша
басқа кәсіпорындардың көшірме жабдықтаушылары нысанында қамтамасыз
етіледі.
Кәсіпорындардың өндірістік құрылымы көп түрлілігімен ерекшеленеді.
Бірақ, кез келген құрылымның сипаты мен ерекшелігіне әсер ететін факторлар
кешенін бөліп көрсетуге болады.
Өндірістік процесс ерекшелігі (аналитикалық, синтетикалық, тікелей)
өндіріс процесінің негізгі сатыларындағы кәсіпорындарға ұсынылған
әртүрлілік пен даму деңгейіне әсер етеді.
Аналитикалық өндіріс процесінде, шикізаттың бір түрінен дайын
өнімдердің бірнеше түрлері өндірілетін жағдайда, кәсіпорындарда 1-2
дайындау цехтары және бірнеше шығарушы цехтар болуы мүмкін. Бұл жағдайда
өнім ерекшелігі бойынша әртүрлі өткізуді ұйымдастыру мәселесі маңызды болып
табылады. Мұндай құрылым химия, металлургия, тамақ өнеркәсіптері
салаларындағы кәсіпорындарға тән.
Кәсіпорындарда синтетикалық өндіріс процестерін қолдану, керісінше,
бірнеше двйындау цехтары және шығару цехтарының шектеулі құрамын құруды
білдіреді. Өндірістік құрылымның мұндай түрі машина құрылысы
кәсіпорындарына, жиһаз комбинаттарына тән. Мысалы, автомобиль зауытында
құю, темір соғатын-престеу (сығымдау) цехы және бірнеше үлгідегі автомобиль
жинау бойынша бірнеше арналы конвейерлік желілер болады. Мұндай
кәсіпорындардағы өндірістік құрылым үшін материалдық-техникалық қамтамасыз
етуді ұйымдастыру және материалдық ресурстардың, сатып алынатын жартылай
фабрикаттардың үлкен номенклатурасын алып келу мәселесі өте маңызды.
Тікелей өндірістік процесс қазып шығарушы саладағы кәсіпорындарда
қолданылады: шахталарда, рудниктерде, карьерлерде. Олардың өндірістік
құрылымында 1-2 дайындау цехтары және бір шығарушы – шикізатты аздап өңдеп
тұтынушыға жіберу цехы болуы мүмкін.
Кәсіпорынның салалық ерекшеліктері өндірістік процестердің
сипаттарымен де, құрастыру ерекшеліктерімен де, шығарылатын өнімнің түрімен
де анықталады. Бұл фактор, бірінші кезекте кәсіпорынның негізгі цехтарының
құрамына ықпал етеді, бұл әртүрлі салаларда елеулі түрде ерекшеленеді.
Сонымен, бір сатылы өндірістік құрылым қазып шығарушы салаларға тән, көп
сатылы өндірістік құрылым өңдеуші өнеркәсіп салаларына тән. Мысалы,
металлургия өнеркәсібінде негізгі өндірістік цехтарға домналық, мартин
немесе конвертерлік өндіріс, прокат цехы жатады. Машина құрастыруда бұл
құю, теміршілік механикалық өңдеу, жинау цехтары болады. Тоқыма саласы үшін
– жіп иіру, тоқыма, бояу-өңдеу цехтары.
Қосымша цехтар барлық салаларда бірдей болады, сондықтан кәсіпорынның
салалық ерекшеліктері олардың құрамына және ұйымдастыру ерекшеліктеріне
ешқандай әсер етпейді.
Өнімінің құрастыру-технологиялық ерекшеліктері, жекелей алғанда, өнім
сапасына қатысты талаптар кәсіпорынның өндірістік құрылымының сипатына
елеулі түрде ықпал етеді. Сонымен, мысалы, ғылыми сыйымды жоғарғы
дәлдіктегі технологияларды өндіру кезінде өндірістік құрылымда жұмыспен
қамтылған жұмысшылардың саны бойынша өндіріске дейінгі сатыда қызмет ететін
бөлімшелер елеулі үлес салмағына ие. Олрадың өндірістік құрылымына
икемділік, бейімділіктің жоғары талаптары қойылады. Бұл, бірінші кезекте,
өнімнің жаңартылуының жоғарғы қарқынымен және оның жаңа түрлерінің үздіксіз
игерілуімен байланысты.

1.2 Кәсіпорынның өндірістік құрылым деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер
Кәсібі мен мамандандырылуы көрсетілген қызмет көрсетуші шаруашылықтар
мен цехтар құрамы.
Жұмыспен қамтылған жұмысшылардың саны, негізгі қордың құны, энергия
қондырғының қуаттылығы бойынша қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен цехтардың
көлемі.
Жұмысшылардың саны, құрал-жабдықтардың саны, негізгі қорлардың құны,
өндірістік аймақтың көлемі бойынша негізгі қамтамасыз ету және қызмет
көрсету бөлімшелерінің арасындағы арақатыныс.
Өндірістік бөлімшелердің мамандану деңгейі (цехтардың (учаскелердің)
жалпы санындағы заттық, бөлшектік және технологиялық мамандандырылған
цехтардың (учаскелердің) үлес салмағы).
Маманданудың әр алуан түріндегі цехтардағы жұмыс орындарының
мамандану деңгейі (сериялық коэффициенті Ксер)
Ксер=NбоҚж
мұндағы: Nбо - цехтағы бөлшек операциялар; Қж – цехтағы құрал-жабдықтардың
бірлік саны.
Өндірістің жекелеген түрлерінің орталықтандырылу дәрежесі
(мамандандырылған бөлімшелердегі орындалатын жұмыстар көлемінің берілген
түрдегі жұмыстардың жалпы көлеміне қатынасы).
Бір-бірімен байланысты бөліктердің үйлесімділік, жалғаспалылық
дәрежесі (Кжазғ):
Кжазғ=ҚжеткҚтұт х ШҮ
мұндағы: Қжетк – жеткізуші цехтың қуаттылығы; Қтұт – тұтынушы цехтың
қуаттылығы; ШҮ - өнімді тұтынушы цехтағы өнімді беруші шығынының үлес
салмағы.
Кәсіпорынды кеңістіктік орналастырудың ұтымдылығы.
Салудың жалпы көлемі.
Салу коэффициенті (Кс):
Кс=SғимSжалпы
Мұндағы: Sғим - ғимарат пен құрылыстың ауданы; Sжалпы – кәсіпорын
территориясының жалпы ауданы.
Территорияны пайдалану коэффициенті (Кт.п.)
Кт.п.=SқтSжалпы,
Мұндағы: Sқт – қолданылатын территория ауданы.
Бөлімшелер арасындағы байланыстар сипаты: өндірістік процесс
сатыларының саны, осы арқылы еңбек затын дайын өнімге айналдыруға дейінгі
процестер жүргізіледі; тасымалдау жолының ұзындығы (жалып және өндірістік
процесс сатыларының арасында); кәсіпорындағы жүк айналымы (ішкі және
сыртқы).
Экономикалық көрсеткіштер: шығарылатын өнімдердің өміршеңдік циклінің
сатылары, еңбек өнімділігі, өнімнің негізгі түрлерінің еңбек сыйымдылығы,
өнімнің негізгі түрлерінің өндірістік циклінің ұзақтығы, капитал салымынң
үлесі, кәсіпорынның және жекелеген өндірістік бөлімшелердің өндірістік
қуаттылғын пайдалану коэффициенті, өндірістің, қорлардың, өнімдердің
жекелеген түрлерінің рентабельділігі, өнім сұранысы (ағымдық және
болашақтағы), нарық сыйымдылығын пайдалану коэффициенті.

II-тарау. Қазақстан Республикасының кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін
өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары
2.1 Қазақстанда кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қаматамасыз ету
Сапа және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі проблемасы қазіргі
дүниеде әмбебап сипатқа ие. Кез-келген елдің экономикалық және әлеуметтік
өміріндегі көп нәрсе аталған проблеманың қаншалықты табысты шешілетіндігіне
байланысты.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастырғанда
өнеркәсіп кез-келген елдің экономикалық әлеуетінің негізі болып
табылатындығын атап көрсету керек. Тек бәсекеге қабілетті өнеркәсіп қана
экономиканың тұтастай алғандағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете
алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнеркәсіптік саясаты, атап
айтқанда, талдап жасалынатын бағдарламалар мен заңнамалық актілер,
мемлекеттік қолдау шаралары басты және басым мақсаттарға – қазақстандық
кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар
жасауға бағындырылуы тиіс. Бәсекеге қабілеттілік – елдің, кез-келген
өндірушінің тауарлар мен қызметтер жасау, шығару және өткізумен байланысты
барлық жиынтық мүмкіндігінің шоғырландырылған көрінісі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорынның дамыған бәсекелік
нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы болып табылады.
Бірнеше ондаған жылдар бойы біздің елімізде, өндірушілердің жоғары
монополиясы жағдайында, өнім өндірудің реттеушісі нақты сұраныс емес
өндіріс пен бөлудің әкімшілік-әміршілдік механизмі болды, олар тұтынуды
реттеді, қажеттілік пен өнім шығару көрсеткіштерін қалыптастырды. Мұндай
жағдайда өндірушілерде тауардың бәсекеге қабілеттілік проблемасы іс жүзінде
туындаған жоқ, ал проблема бола қалған жағдайда ол тек сыртқы нарықта
өткізуге жататын өнімдерге қатысты ғана шешіледі. Нарықтық механизмдердің
дамуымен біздің елімізде бұл мәселе өткір сиат ала түсті, және де оны шешу
нарыққа қатысушы субъектілердің барлығынан шығарылатын және тұтынылатын
тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің жолдары мен әдістерін
белсенді түрде іздестіруді талап еттті. Осыған байланысты қазіргі заманғы
экономикада барынша көп пайда алу мақсатымен нарықтағы өз позициясын
нығайту үшін кез-келген өндірушінің өзінің шығаратын тауарының бәсекеге
қабілеттілігін арттыруы оның қаржы-экономикалық және өндірістік өткізу
стратегиясының басты бағытына айналады.

2.2 Кәсіпорынның өндіріс көлемі мен ғылыми техникалық прогресс
Кәсіпорын көлемі өндірістік бөлімшелердің құрамы мен көлеміне елеулі
ықпалын тигізеді. Кәсіпорын қаншалықты ірі болса, соншалықты оның
өндірістік құрылымы күрделірек және құндырақ, оның элементтерінің құрамы
соншалықты көп түрлі болады.
Ірі кәсіпорындар өте күрделі құрылымға ие, мұнда төртдеңгейлі
өндірістік құрылым бар. Өндірістік бірлік көлемі орташа кәсіпорын бірнеше
мамандандырылған цехтардан құралады, өз кезегінде олар учаскелерден және
жұмыс орындарынан тұрадлы.
Кіші кәсіпорынның өндірістік цехсыз, тек учаскелерден және жұмыс
орындарынан құралуы мүмкін.
Мамандырылу сипаты факторы заттық, бөлшектік-дәнекерлік,
технологиялық сияқты өндірістік құрылымның негізгі әртүрлілігіне әсер
етеді. Өндірістік құрылымның белгілі бір нысанын талдау бір түрдегі,
конструкциясыұқсас өнімдердің тұрақты түрлерін өндіру көлемдерімен
анықталады.
Негізінен өндірісте өндірістік құрылымды мамандандырудың заттық
нысаны түпкі дайын өнім шығаратын бір немесе бірнеше цехтармен байланысты.
Құрылымның мұндай түрі өндірісті ұйымдастырудың көпшілік түрінде
қолданылады. Маманданудың бөлшектік-дәнекерлік нысанындағы цехтардың
өнімдері – дайын өнімге қажетті бөлшектер немесе дәнекерлер. Өндірістік
құрылымның бұл түрі өндірістің ірі және көпшілік түрінде, негізінен,
өңдеуші цехтарда қолданылады. Маманданудың технологиялық нысаны жағдайында
цехтарға тек ғана технологиялық процестерді орындау бекітіледі. Өнім алуан
түрлі болады, жұмыс орындарында өнім номенклатурасы бектілмеген. Өндірістік
құрылымның мамандануының мұндай нысаны, ереже бойынша, дайындау цехтарына
тән. Маманданудың заттық және бөлшектік-дәнекер нысанымен салыстырғанда
өндірістік құрылымның бұл нысанының тиімділігі аздау болады.
Өндірістік құрылымның мамандануының нысандарымен бірлестіру нысандары
да тікелей байланысты. Маманданудың деңгейі қаншалық жоғары болса,
кәсіпорын ішіндегі цехтар арасындағы сияқты, материалдық және өндірістік
ресурстардың сыртқы жеткізушілермен де соншалық кең өндірістік байланыстар
орнатылады.
Өндірістік құрылымның мамандануы оның түрлерін анықтайды.
Мамандандырылған өндірістік құрылымда өндірістік процестердің 1-2 сатысы
болмауы мүмкін, және де зауыт бұл жағдайда өнім өндіру үшін басқа жақтан
барлық қажетті бөлшектерден алу арқылы механикалық жинақтаушы немесе
жинақтау цехы ретінде жұмыс істейді. Кешендік өндіріс құрылымнда цехтардың
толық құрамы болады: негізгілері де, қызмет көрсетушілері де.
Ғылыми-техникалық прогресс кәсіпорынның өндірістік құрылымына екі
жақты әсер етеді. Бір жағынан, өндірілетін өнімді күрделендірумен
байланысты, өнімнің сапасына қойылатын жоғарғы талаптар кәсіпорынның
өндірістік құрылымын күрделендіреді. Оның құрамында өндірістің ғылыми-
техникалық дайындығымен байланысты өндірістік бөлімшелер болады: өнімнің
жаңа түрлерін игеруге маманданған зертханалар, тәжірибелік-эксперименттік
цехтар.
Сонымен қатар, ғылыми-техникалық прогресс өнім мен құрал-жабдықтардың
сапалық ескіруін тездетеді, ал бұл өндірістік құрылымға икемділік,
бейімділік сияқты қосымша талаптар қояды, осыған сәйкес, оны қайта құру
бойынша жұмыстардың шебі елеулі түрде кеңейеді.
Екінші жағынан, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу
өндірістік құрылымды жеңілдетуге алып келеді. Сонымен, мысалы, құюдың нақты
әдістерін енгізу бөлшектерді келесі механикалық өңдеудің еңбек шығындарын
едәуір қысқартады және механикалық цехтардың өндірістік құрылымын
жеңілдетеді. Сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарды, агрегаттық көп
бағыттағы станоктарды, арналы желілерді қолдану негізінде өндірістік
процестердің интеграциясы цехтар құрамындағы құрал-жабдықтардың дәстүрлі
түрімен қатысушыларды ығыстырады және олардың құрылымын жеңілдетеді.
Өндірістік құрылымның алғашқы элементі жұмыс орны болып табылады. Бұл
негізгі құрал-жабдықтармен және қосалқы құрылғылармен, еңбек заттарымен
жабдықталған, бір немесе бірнеше жұмысшылармен көрсетілетін цехтардың
өндірістік аумағының бөлігі. Жұмыс орнында өндірістік процестің бір бөлігі
орындалады. Оған бірнеше бөлшек-операциялар бекітілуі мүмкін.
Мамандандыру деңгейі бойынша жұмыс орны мамандандырылған (жұмыс
орнына 3-5 бөлшек-операциялар орындау бекітіледі) және әмбебап (бөлшек-
операциялар бекітіледі немесе болмайды, немесе олардың саны өте көп – 20-
дан астам).
Өнімнің 1-2 түрлерін шығару бойынша біркелкі технологиялық
операциялар немесе әртүрлі технологиялық операциялар орындалатын жұмыс
орындарының жиынтығы өндірістік құрайды.
Учаскелер екі принцип бойынша құралады:
- технологиялық принцип. Учаске бір түрдегі құрал-жабдықтардан тұрады
(токарь станоктарының тобы, фрезер, бұрғылау станоктарының тобы).
Учаскедегі жұмысшылар операциялардың белгілі бір түрін орындайды.
Жұмыс орындарына өнімнің белгілі бір түрін өндіру бекітілмейді.
Учаскелердің мұндай түрі өндірісті ұйымдастырудың кіші сериялы және
жеке түрлеріне тән.
- заттық-тұйық принцип. Мұндай учаскеде технологиялық процесс
барысындағы алуан түрлі құрал-жабдықтар қолданылады. Жұмыс орны
өнімнің белгілі бір түрін өндіруге мамандандырылады. Учаскеде әртүрлі
мамандықтағы жұмысшылар жұмыс істейді. Мұндай түрдегі учаскелердің
бір түрі тасқынды арналы (поточные) желілер. Учаскелердің мұндай түрі
көп сериялы және көпшілік өндірістерге тін, оның жұмысы технологиылқ
принцип бойынша құрылған учаскелермен салыстырғанда үлкен
тиімділігімен ерекшеленеді.
Бірнеше өндірістік учаскелер цехқа біріктіреді. Цех – кәсіпорынның
өнімді немесе оның бір бөлігін өндіруге, не өндірістік процестің белгілі
бір сатысын орындауға мамандандырылған әкімшілік-оқшауланған бөлігі. Цехтар
мынадай белгілері бойынша бөлінеді:
Міндеті бойынша:
1) негізгі цехтар – негізгі түпкі өнім өндірісі немесе өндіріс процесінің
соңғы бөлігі. Өндірістік процестің сатылары бойынша негізгі цехтар
дайындау, өңдеу және шығару болып бөлінеді;
2) қамтамасыз ету цехтары – негізгі цех үшін өнім өндірісіне қажетті
қосымша өндіріс;
3) қызмет көрсету цехтары – негізгі цехқа да, қамтамасыз ету цехына да
өндірістік қызмет көрсету;
4) тәжірибелі-эксперименттік цехтар - өнімнің жаңа түрлерінің жобаланған
макетін және тәжірибелік үлгісін жасау және сынақтан өткізу;
5) қосымша және жанама цехтар. Қосымша цехқа қосымша материалдарды қазып
шығару мен өңдеуді жүзеге асыратын цехтар жатады, мәселен, қалыптаушы
жерді қазу бойынша карьера жасау, шым-тезек шығару, отқа төзімді
бұйымдармен негізгі цехты жабдықтайтын отқа төзімді бұйымдар цехтары.
Қосымша цехтарға, сонымен қатар, өнімді орауға қажетті ыдыстар
өндіретін ыдыс цехы жатады. Жанама цех – бұл өндіріс қалдықтарынан
өнім өндіретін, халық тұтыну тауарлар цехы тәрізді цехтар;
6) көмекші цехтар – зауыт аумағын жинау, тазарту, ауыл шаруашлығы
өнімдерін өндіру.
Мамандану түрлеріне байланысты негізгі цехтардың өндірістік
құрылымының үш түрі бар:
- технологиялық;
- заттық (бөлшектік-тораптық);
- аралас (заттық-технологиялық).
Технологиялық мамандандырылған цехтарда өндірістік процестің белгілі
бір бөлігі орындалады. Цехта шығарылатын өнім көбінесеөзгеріп отырады және
жұмыс орындарына бекітілмеген. Бұл құрылымның заттық түрмен салыстырғанда
тиімділігі аз.
Бірақ, мұндай құқрылымның, әсіресе, өндірістік бөлімшелердің негізгі
кемшіліктері өнімнің жоғары сыйымдылығы және қолданылатын ресурстардың
төмен тиімділіг болып табылады, демек, өндірістің шығындары жоғары болады
және құрал-жабдықтарды қайта жөндеуге, еңбек заттарын бір учаскеден
екіншісіне ауыстыру бойынша тасымалдау жұмыстарына көп уақыт шығындалады,
жұмыс істеу уақыты арасында және операциялар арасында бөлшектер мен
жартылай фабрикаттарды бақылап отыруға көп уақыт кетеді. Бұл өнімнің
өндірістік циклының өте ұзақтығына, айналым құралдарының төмен
айналымдылығына негізделгендіктен, өндірістің салыстырмалы төмен
пайдалылығына алып келеді.
Негізгі цехтардың заттық құрылым тұрақты номенклатурадағы өнімдердің
жаппай өндірісіне тән, өндірістік құрылымның мұндай түрінде әрбір цех бір
немесе бірнеше конструкторлы-ұқсас өнімдер шығаруға мамандандырылады.
Учаске цехтарда заттық-тұйықталған принцип бойынша құрылады.
Технологиялық құрылыммен салыстырғанда заттық құрылымның артықшылығы:
ол үдемелі жоғары өнімді мамандандырылған құрал-жабдықтарды енгізуге
көмектеседі (автоматтандырылған арналы желілер, икемді өндірістік жүйелер):
- жоспарлауды, сондай-ақ цехаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағымды активтердің құрамы мен құрылымы
Өндірісті жоспарлау
Өндіріс факторлары:біріктіру әдістері және тиімділік
Негізгі активтердің құрылымы мен құрылысы
Өндірістік құрылым
Өндірістік бағыттар
Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару
Өндірістік кәсіпорын ішкі орта
Кәсіпорын капиталының құрылымы
Пәндер