Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі Шәкәрім Құдайбердиев



1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны.

2. Шәкәрім шығармаларындағы діни.танымдық мәселелердің өзектілігі.

3.Шәкәрімнің дүние танымы және жан туралы трактаттары.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Шәкәрім есімі еліміздің егемендік алғанға дейін әдебиет тарихына енбей, еңбектері ел аузында ғана сақталып келді. Осылай бола тұра оның есімінің ел ішінде даңқы өсе түскен. Мұның айқын дәлелі Шәкәрім шығармаларының қайта жаңғаруы болып отыр. Шәкәрім шығармаларының шағын жинақтар түрде жарық көруі, «ғалымның аты өшсе де, хаты өшпейді» деген аталы сөзді дәлелдегендей.
Оның еңбектеріндегі ақиқат ұшқындары мен қоса, сол дәуірдегі халықтың әл-ауқатын айқын көруге болады. бұған мысал ретінде мына өлең шумақтарын көрсете аламыз:
Ар – қайда рахым қайда әдеп қайда.
Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда.
Көз жұмып көппен көрген ұлы той деп,
Береді бұл надандық кімге пайда.
Ақынның дүниетанымы сол кезде бүкіл әлемді жайлаған жалған пікірлермен мүлде қарама-қайшы келді. Еуропадан белең алған бұл індеттің кесірінен сақтау үшін, қаншама еңбектер жазды. Оның еңбектері сол кезде еленбей қалғанымен арттағы ұрпағына таптырмас бағалы дүниеге айналды. Енді Шәкәрімнің ақиқатты үгіттеу мақсатында жазылған үш анық «мұсылманшылық шарттары» деген еңбектерін шығармаларындағы философиялық ұшқыр ойлармен тереңдеу танысып көрелік. Сонымен қатар ақын өміріменде қысқаша танысайық.
Ақынның қасіретті жаны, кеніш көңілі, трагедиялық тағдыры айқын таңбаланған. Сонымен қатар өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек танимыз. Бір пендеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң бар. Өлең өресін, өнер биігін айқындайтын көрсеткіш. Және біздің туған тілімізде, ұлттық әдебиетімізде Абайдан соң ғана мүмкін болған жетістік.
1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленді.Болашақ ұлы ақын Абайдың жеті ағайында болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің ең үлкені еді. Парасатты, мейірімді, кең пейіл ағаны Абай айрықша сыйлаған көрінеді. Құдайберді Шәкәрімнің алты дасында қайтыс болды. Бұдан соңғы жерде жетімдік, жақсылық көрмесе де, әке бауырынан айырылған, қаршадайынан-ақ ерекше зеректігін аңғартқан Шәкәрімді Абай өз қамқорлығына алды. Туған әулет дәстүрі, үлкен орта ыңғайы, ақын аға тағылымы Шәкәрімнің азамат ретінде қалыптасуына ғана емес, ақын ретінде қанаттануына да ерекше әсер етті. «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибрахим мырза, - қазақ ішінде Абай деп атайды, - сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік һәм Алланың берген ақылына да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім. Ибрахим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азақ білінді. Абай болмағанда дәмішманд, хәкім, философ кісі еді,» - деп жазады. Шәкәрімнің өзі кейініректе. Шәкәрім өз бетімен заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады.
1905-1906 жылдары Шәкәрім қажылыққа барады. Жолжөнекей ақын Парижде аялдама жасайды. Стамбұлда да тоқтаған деген жорамал бар. Осы қалалардың кітапханаларынан алған материалдары бойынша "Түрік", қырғыз, қазақ және хандар шежіресі" және "Мұсылмандық шарты" еңбектерін жазды." Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия, этнография, әдет-ғұрып және дін тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды.
1. Шәкәрім Құдайбедіұлы. «Үш Анық.» Қазақстан Алматы 1991 ж.
2. Шакәрім Құдайбердіұлы. «Қазақ айнасы.» Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, Атамұра 2003 ж.
3. Бердібай Р. «Ел боламыз десек...» Алматы, Қазақстан 2000 ж.
4 .Кенжебаев Б. «Әдебиет белесі.» Алматы, Жазушы 1986 ж.
5. Қалижанұлы У. «Қазқ әдебиетіндегі діни – ағартушылық ағым.» Алматы, Білм 1998 ж.
6. «Құдайбердиев Ш.» Жұлдыз, 1991ж. 1 – саны.
7. Құнанбаев А. «Қалың елім қазағым.» Алматы, Жалын 1995 ж.
8. Әуезов М. «Шығармалар.» Алматы 5 -том 1961 ж.
9. Досжанов Д. «Абай айнасы.» Алматы 1994 ж.
10. Мырзахметұлы М. «Абай және Шығыс.» Алматы 1994 ж.
11. Уалиханов Ш. «Таңкдамалы шығармалар.» Алматы 1946 ж.
12. Бекхожин Т. «Шәкәрім Аманат өлеңдер.» Алматы Өнер 1989 ж.
13. Нысанбаев Ә. Есімов Ғ. «Қазақ философиясы және оның проблемалары.» Алматы 1992 ж.
14. Исмакова А. С. «Возвращение плеяды: Экзистенциальная проблематика в творчестве Ш.Құдайбердйева.»
15.Дидахмет Әшімханов. «Бес арыс.» Алматы - Жалын 1992 ж.
16.Ж.Алтаев Т.Ғабйтов А.Қасабек Қ .Мұхамбеталиев. «Философия және Мәдениеттану.» Алматы 2001 ж.
17.Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Мұсылмандық шарты.» Мерей, Алматы 1993 ж.
18.«Шәкәрім қажы қазасы.» Пеьсалар жинағы. Нұрлы әлем 2004 ж.
19.Ғарифолла Есім. «Философия тарихы.» Алматы, Ы. Алтынсарин 2000

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және ғылым методологиясы кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі Шәкәрім Құдайбердиев.

Орындаған:
Тексерген:

Жоспар

1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны.

2. Шәкәрім шығармаларындағы діни-танымдық мәселелердің
өзектілігі.

3.Шәкәрімнің дүние танымы және жан туралы трактаттары.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны.

Шәкәрім есімі еліміздің егемендік алғанға дейін әдебиет тарихына енбей,
еңбектері ел аузында ғана сақталып келді. Осылай бола тұра оның есімінің ел
ішінде даңқы өсе түскен. Мұның айқын дәлелі Шәкәрім шығармаларының қайта
жаңғаруы болып отыр. Шәкәрім шығармаларының шағын жинақтар түрде жарық
көруі, ғалымның аты өшсе де, хаты өшпейді деген аталы сөзді
дәлелдегендей.
Оның еңбектеріндегі ақиқат ұшқындары мен қоса, сол дәуірдегі халықтың әл-
ауқатын айқын көруге болады. бұған мысал ретінде мына өлең шумақтарын
көрсете аламыз:
Ар – қайда рахым қайда әдеп қайда.
Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда.
Көз жұмып көппен көрген ұлы той деп,
Береді бұл надандық кімге пайда.
Ақынның дүниетанымы сол кезде бүкіл әлемді жайлаған жалған пікірлермен
мүлде қарама-қайшы келді. Еуропадан белең алған бұл індеттің кесірінен
сақтау үшін, қаншама еңбектер жазды. Оның еңбектері сол кезде еленбей
қалғанымен арттағы ұрпағына таптырмас бағалы дүниеге айналды. Енді
Шәкәрімнің ақиқатты үгіттеу мақсатында жазылған үш анық мұсылманшылық
шарттары деген еңбектерін шығармаларындағы философиялық ұшқыр ойлармен
тереңдеу танысып көрелік. Сонымен қатар ақын өміріменде қысқаша танысайық.
Ақынның қасіретті жаны, кеніш көңілі, трагедиялық тағдыры айқын
таңбаланған. Сонымен қатар өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек
танимыз. Бір пендеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң бар. Өлең
өресін, өнер биігін айқындайтын көрсеткіш. Және біздің туған тілімізде,
ұлттық әдебиетімізде Абайдан соң ғана мүмкін болған жетістік.
1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған.
Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім
немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленді.Болашақ ұлы
ақын Абайдың жеті ағайында болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол
жетеудің ең үлкені еді. Парасатты, мейірімді, кең пейіл ағаны Абай айрықша
сыйлаған көрінеді. Құдайберді Шәкәрімнің алты дасында қайтыс болды. Бұдан
соңғы жерде жетімдік, жақсылық көрмесе де, әке бауырынан айырылған,
қаршадайынан-ақ ерекше зеректігін аңғартқан Шәкәрімді Абай өз қамқорлығына
алды. Туған әулет дәстүрі, үлкен орта ыңғайы, ақын аға тағылымы Шәкәрімнің
азамат ретінде қалыптасуына ғана емес, ақын ретінде қанаттануына да ерекше
әсер етті. Әкеміздің бір шешесінен туған Ибрахим мырза, - қазақ ішінде
Абай деп атайды, - сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік һәм
Алланың берген ақылына да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң
сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз
ғана ғылымның сәулесін сездім. Ибрахим мырзаның тұрағы қазақ іші
болғандықтан, қадірі азақ білінді. Абай болмағанда дәмішманд, хәкім,
философ кісі еді, - деп жазады. Шәкәрімнің өзі кейініректе. Шәкәрім өз
бетімен заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін
зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді.
Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады.
1905-1906 жылдары Шәкәрім қажылыққа барады. Жолжөнекей ақын Парижде
аялдама жасайды. Стамбұлда да тоқтаған деген жорамал бар. Осы қалалардың
кітапханаларынан алған материалдары бойынша "Түрік", қырғыз, қазақ және
хандар шежіресі" және "Мұсылмандық шарты" еңбектерін жазды." Оның әдеби
мұрасы сан алуан: философия, этнография, әдет-ғұрып және дін тақырыбы.
Шәкәрім ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды.
Қазақ әдебиетінің  бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас мұрагер
шәкірті, аса ірі ақын, ойшыл философ, тарихшы ғалым. Жиырма жасқа толар-
толмаста Шәкәрім ел басқару жұмыстарына араласып кетті. Жастықтың қару
қайратын ел ішіндегі қарым-қатынастарды қалыпты күйге түсірмекке жұмсамақ
болды. Сайлауға қатысып, шарға түсіп болыс болып та сайланды. Ел ішінде
береке-бірлік бұзып, әрекет шығаратын дау дамаилар мен арыз-жалаларды керіп-
білу, оған үлкен өмір мектебі болды. Қазақ қауымының тірлігін тереғдей
білді. Сонымен бірге ол отаршыл патша өкіметінің түгелдей қазақ халқын
аздырып, тозды-руға негізделіп жасалған ел билеу жүйесі мен жергілікті
патша әкімдерінің сұрқия саясатының түпкілікті мақсат мүддесін түсінді.
Оның бұл жолда тауы шағылып, сағы сынды, қайраты мұқалды.
Шәкәрім Қүдайбердіүлының шығармашылық жазу жұмысына біржола ден қойып
кірісуі кырық жасынан, яғни 1898 жылға тұспа-тұс келеді. Туған халқының
бітімі мол бай ауыз әдебиетінен сусындаған Шәкәрім ендігі жерде шығыс пен
батыс әдебиетіне жетік көз жіберіп, әйгілі шығыс жұлдыздары Қожа Хафиз,
Физу-ли, Науаи мұраларымен танысса, батыста Байрон, Пушұкин, Толстой сынды
керкем ой алыптарының шығармаларынан нәр алды. Олардың қырдағы білікті
насихатшысы болды. Бұрынғы езі емін-еркін меңгерген түркі тілдеріне қоса
араб, парсы, орыс тілдерін онан әрі тереңдей үйреніп, жоғарыдағы әйгілі
жазушылардан тамаша аудармалар жасады.
Ақын қырықтан кейінгі бүкіл саналы өмірін әдебиет, тарих, жаратылыс
тану, жағырафия, психология, музыка өнері сияқты пәндерді тереңдете жүйелі
оқып-зерттей отырып, ұстаз ұлы Абай дүние танымына құлаш ұрады. Ұстаз ой-
арманын әрі қарай жалғастырады.
1920—1921 жылғы ашаршылықтар, аша тұяқ қалдырмауға бекінген 1928 жылғы
конфискация науқаны осылардың барлығы да ақын көзқарасына, бол-мысына өз
ізін қалдырды, әуреледі, азаптады. Алайда, туған халқына қызмет етуді
мақсат еткен ол, бұл оқиғалардан сырт қалған жоқ. Оның өмірге, қоғамдық
мәні бар өзгерістерге көзқарасы да бірқалыпты қалып қоймай, өзгерістерге
ұшырады, тіпті жасы ұлғайған қарт қаламгердің түңіліп, жалғыздық көрген
тұстары да болды. Осылайша оның жалғыздануы,өзін ұмытылған адам санауы
басталды. Бұл трагедия кейін де оның ажалына себепші болды. 1931 жылы
қазанда аяулы ақын жазықсыз жалаға ұшырап, жолсыз жазаға тартылып ГПУ
қызметкерлері тарапынан оққа ұшып қаза болды. Ұлы талант, ғұлама ғалым
көмусіз, кебінсіз айдалада ұзақ жылдар бойы іздеусіз жатты. Ақын опат
болғаннан кейін, тоталитарлық кеңес өкіметі ұзақ жылдар бойында
буржуазиялық ұлтшыл "Алаш" партиясының қызметінде болды, коллектив-тендіру
науқаныңца бай кулактармен ниеттес болып, кеңес құрылысына қастандық жасады
деп заңсыз, дәлелсіз қаралап келді, тек 1988 жылы ақталып Шәкәрім
Құдайбердіұлы халқымен қайта табысты.

Шәкәрім шығармаларындағы діни-танымдық мәселелердің өзектілігі

Шәкәрімнің шығармаларына қарағанда көптеген діни-танымдық мәселелерді алға
тартып шешкендігін байқау қиын емес. Бірақ олардың ішінде ерік-жігер
баспалдағының мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, ол ең өзекті мәселе
қатарына жатқызылады. Өйткені көптеген ғасыр бойы оның шешімімен әйгілі
мұсылман діншілдері, философтары күресіп келеді. Мұның таңқалатын еш
нәрсесі жоқ, өйткені осы мәселе шешімнің әдістері өмірлік маңызы бар
мәселелрдің жауаптарының сипатын анықтайды: адамның танымдық әрекеті немен
негізделген, ол өз іс-әрекеттеріне жауапты ма, өмірдің мақсаты мен мәні
неде, адамзаттың танымдық прогресі мүмкін бе және т.б.
Әрбір мұсылман Құрандағы оны толғандыратын мәселелерге жауап іздеуі
тиіс. Алайда, адам әрекетін сипаттайтын тұтасқан аяттары бар Құран жігер
еркіндігі мәселесіне алғаш қарағанда біркелкі жауап бермейтіндей көрінуі
мүмкін. Мәселен: Және сондай аяттарымызды жалғанға санағандар, саңырау,
сақау қараңғылықтарда. Алла кімді қаласа оны тура жолға салады 1, 6:39,
132.
Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты
ақылдарын жұмсамайтындарға береді 1, 10:100, 220.
Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар. Егер Алла
қаласа, барлығыңды тура жолға салар еді 1, 16:9, 268.
Расында оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын, мейлі қарсы
келсін 1, 76:3, 578.
Аяттардың бірінде, адам өзінің іс-әрекетіндегі таңдау кезінде
толығымен Құдайдың еркіне бағынышты. Құдайдың күші адамның әрекетіне мүлдем
де сыйыспайды немесе бейтарап күйінде қалады. Мұндай жағдайда, адамның іс-
әрекетінде Алла ма, әлде адамның өзі ме, кім жауапты екенін анықтау қиын.
Құрандағы сүре мен аяттар әр заманда пайда болған. Пайғамбар мен
оның тілеулестері қуғын-сүргін жағдайда жүрген кездегі Хз. Мұхаммед
(с.ғ.с.) қызметінің бастапқы (Меккелік) кезеңіндегі аяттарында адамның ерік
бостандығын тану ағымы басым. Бірақ Хз. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) позициясы
нығаюына байланысты және әсіресе хижрадан соң (пайғамбардың Мәдинаға қоныс
аударуы) аяттарда адамдардың іс-әрекеттерінің абсолюттік алдын-ала
айқындалу идеясы, оларды Алланың еркіне толығымен бағындыру алдыңғы
шарттардың біріне ойыстырылды.
Ерік жігер мәселесін шешуде Құранда әртүрлі тараптарының болуы
мұсылман діншілдерінің алдына мынандай сауалдарға жауап іздеу қажеттігін
қояды: Құдайдың өзіне байланысты іс-әрекеттерге адам жауап бере алады ма?
Бәрінен де биік тұратын Алла мен бәріне бірдей игілік жасайтын Алла туралы
түсінікті қалай үйлестіруге болады? Шын мәнінде, егер оның қолынан бәрі
келетін болса, онда дүниеде кездесетін ізгілік пен жамандық соның еркімен
пайда бола ма? Онда ол бәріне бірдей ізгілік жасамайды, өйткені жамандықтың
бар болуына жол беріп қояды. Егер ол бәріне бірдей ізгілік жасап, жамандық
одан тарамайтын болса, онда ол бәрінен де күшті емес.
Сондықтан алғашқы халифтердің кезінде, яғни Хз. Мұхаммедтің (с.ғ.с.)
дүние салғанынан соң бірден осы мәселенің шешіміне тікелей қарама-қарсы
келушілерді жақтаушылар, яғни абсолюттік алдын-ала айқындау туралы ілімінің
ұстанушылары мен ерік-жігердің абсолюттік еркіндігі идеясын ұстанушылар
пайда болды. Олардың пікір-таласы кейінгі жүзжылдықтарда жалғасын тауып
отырды. Оған қазақ діншілдері де қатыстырылған, бұған Орынбор мен Қазанда
шығып тұрған олардың шығармалары айғақ болады.
Қазақ дін уағыздаушысы А. Мақсудидің осы мәселеге орай айтқан
көзқарасы: Егер адам өзінің ерік-жігерімен және тілек ниетімен әрекет етсе
де, оған күшті бәрі-бір Алла тағала береді. Егер, адамның жігері болмаса ол
жер бетінде қамсыз қалып, ешнәрсе де қолынан келмес еді2, 14-15. Бұл
көпшілік Ислам ғалымдарының осы мәселеге айтқан көзқарасына сәйкес келеді.
Пікірталасқа Шәкәрім де қатысты. Ол Ислам діни әдебиетінде
қалыптасқан осы проблемаға келудің үш ізденісін талдап, оның әрқайсысына
өзінің қатынасын білдірді.
Біріншісі; адамның еркі жоқ және өзінің барлық әрекеттерін ол
Алланың еркімен жасайды.
Осы тұрғыдан өз көқарасын ортаға сала келе, Шәкәрім Құдай белгілі
бір іс-әрекеттерді, соның ішінде жамандарын да алдын-ала айқындап,
адамдардан сол үшін жауапкершілікті талап етіп, оны о дүниеде жазалаушы еді
деп есептемейді. Бұл ретте ол Құранның мынадай аяттарына арқа сүйейді;
Анық Алла тағала пенделеріне залым қылмайды. Халифа Алтай аударған Құран
Кәрімде бұл аят былай берілген; Расында Алла адамдарға еш зұлымдық
қылмайды. Бірақ адамдар өздеріне өздері зұлымдық қылады 1, 10:43, 214.
Біз көрсеттік тура жолды пенделерге. Мейлі шүкірлік қылып мұсылман болсын,
мейлі қарсылық қылып кәпір болсын. Бұл аятты Халифа Алтай 29-пара 76-
сүресінде былай аударған; Расында оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік
қылсын, мейлі қарсы келсін 1, 578 және Шәкәрім тағы бір аятты келтіреді;
Адамға өз ықыласымен ұмтылмай тұрып еш нәрсе жоқ3, 15.
Шәкәрімнің пікірінше, Алла адамға ой-өріс беріп және пайғамбарлар
арқылы сақтандыра отырып, көмек көрсетуде, егер ол құлақ аспаса, оны
тоқтатпайды да.
Екіншісі; Алла жербетіндегі бар нәрселердің бәрін соның ішінде
ізгілік пен жауыздықты да жаратты және де өз тілектерін пайғамбарлар арқылы
бере отырып, тарату істеріне араласпайды 3, 15.
Осы ойды Шәкәрім қорғайды, егер Алла көзге көрінетін және
көрінбейтін дүниелерді жаратып, бұдан былай өзінің жаратылыстарына
араласпайтын болса, онда пайғамбарлардың қажеті болмай қалатын еді деп
топшылайды. Пайғамбарлар ешқандай да себепсіз, ешнәрсесіз пайда болады деп
жазады ол; мұндай жағдайда адамдардың жасаған жауыздығы үшін жазалаудың
қажеті жоқ 3, 16.
Бұл ойды ол мынандай толғамдармен бейнелейді. Егер, мен жасаған
күнаға ата-анам немесе достарым немесе мен тұратын елді мекенннің қатысы
болса, онда мұндай жағдайда мынаны айтуға болады: сондықтан мен күнәхар
болдым. Ал бұл үшін кім жауап беруі және кім жазалануы тиіс? Шәкәрім осы
ретте мынандай қорытындыға келеді: егер жасалған күнә үшін, себепші болған
басқа біреу жауап берсе, онда оған да біреудің себепті болғаны анық: сөйте
тұрып Адам атаға дейін жетуге болады, ал бұған жол беруге болмайды, өйткені
Құранда былай деп айтылған; Басқа біреу жасаған күнәға ешкімде жауап
бермейді 3, 16.
Үшіншісі; адамның барлық іс-әрекеті Алла тарапынан айқындалып,
қасиетті кітапқа жазылған, сондықтан оның ғұмырында алдын-ала айқындалған
нәрсені орындауға еркі жоқ.
Бұл көзқарасты Шәкәрім үзілді-кесілді жоққа шығарып, өзінің ойын
мынандай тұжырыммен шектейді: Әрбір саналы адам өз малын тектен-тек
шығындамайтын болса, уақыт өте келе ол бәрібір кедейге айналады. Мұндай
жағдайда Құдай бәрін алдын ала айқындап қойған, сондықтан мен кедеймін деп
айтуға бола ма?
Адамның ерік бостандығын Шәкәрім Алланың абсолюттілік идеясымен
байланыстырады. Егер Алла әділетті десек, ал Құран Алланың әділеттілігіне
шүбә келтіруге рұқсат бермейді, онда жаратылатын нәрсенің бәрі де тек
әділетті болуы мүмкін. Демек, әділетсіз ілім мен іс-әрекеттер адамның
өзінен шығып жатады. Егер бұл нақ былай болса, онда жігері еркін және ол өз
әрекеттеріне тек өзінің алдында ғана жауапты.
Шәкәрім жауыздықтың қайнарын адамның сезімдік тілектерінен көреді.
Адамды ол екі бөліктің тірлігі ретінде қарайды: көзге көрінетіні (тәні)
және көрінбейтіні (жан дүниесі). Танымдық жан дүниесі өнегелі функциялардың
қозғаушы күші, жөн алып жүрушісі; нақ сол нәрсе пайданы залалды нәрседен
ажыратуға қабілетті. Егер, жан дүниеге жетуге талпынса, онда адам өзінің
дінін нығайта түседі. Егер адамның өн бойында сезімдік -тілек жеңсе, онда
дін алшақтайды. Адам баласында, - деп жазады ол, - екі қажеттілік бар –
тәндік және рухани. Өзіне-өзі ұдайы қамқорлық жасау, өзін-өзі жақсы көру,
менмендік – бұл тән қажеттілігі. Ар-ұждан, адал еңбек етуге ұмтылу – жан-
дүниенің қажеттілігі. Бірінші қажеттілік жеңгендер толысу, даңқ, атақ үшін
еш нәрседен де, тіпті зиянды әрекеттерден де тартынбайды. Екіншісі,
мансапсыз еңбек пен игі істерден өзгені қаламайды 15, 165.
Сонымен, Шәкәрімнің пікірінше, субстанциялы мағынада жауыздық жоқ.
Құдайдан тарайтын әрбір болмыс, ізгілік болып саналады.
Адамның сезімдік тілектерінен жауыздықты ығыстыра отырып, ол
Құдайдан жамандыққа деген жауапкершілікті алып тастайды, сөйтіп Құдайды
ақтаудағы өзінің маңызды деген ұстанымдарын қалыптастырады.
Оның мәнісі мынандай:
Адамның еркі өзінің сезімдік тілектерінде де еркін. Құдай жаратқан
әсер әрбір жеке адамның іс-әрекетінің танымдық деңгейіне байланысты. Әрбірі
өзінің күнәсіна жазаланады және жаман істері өлшемінің нәтижесі болып
табылады. Жеке адам өзінің адамгершілік мүмкіндіктерін өзі іске асырады, ал
Құдай өзіндік бір себепші ғана болады.
Бастапқыда сезімдік тілектерге орай адамға еркіндікті бере отырып,
Шәкәрім индетерминизм позициясын ұсынып тұрғандай көрінуі мүмкін, өйткені
индетерминизм еркіндіктің тікелей әсерін өзінің қолқанатына алады. Біз
өзіміздің жігерлі шешімдерімізді шығарған кезде өзімізді еркін сезінеміз,
ал бұл сезім алдамшы болуы мүмкін емес деп айтады индетерминистер. Олар
сана-сезімде қалай берілсе, олардың бірыңғай ақиқаты да осындай.
Әйтсе де, Шәкәрім сезімдік тілектерді адамның ақылсыз тәнімен
орайластырады. Ерік бостандығы тек жер бетіндегі өмірде ғана мүмкін деп
айтса, онда о дүниелік өмірде басқа бір әңгіменің болуы мүмкін емес, мұнда
ойшыл детерминизм позициясына ойысып отыр, өйткені адамның өлгеннен соңғы
тағдыры тұтастай оның жер бетіндегі өміріне байланысты.
Демек, Шәкәрім Құдай жауыздықтың орындалуына себепкер болмайды, оған
қоса ізгілік тарайды деген қорытындыға келеді. Әділетсіз нәрсені Құдайға
ысыра салуға болмайды, бұл адамның ерік бостандығының нәтижесі. Олай болса,
бұған тек адамның өзі ғана жауапты.
Жаңашылықпен ойлайтын философ ерік бостандығы проблемасына Исламдық
ортодоксальды ізденістердің қарама-қайшылығын және бір жақтылығын айқын
ұғына отырып, олардың схоластикасынан асып өтуге ұмтылып, ақыл-ой
тұжымдарымен нығайта, алдын-ала айқындау және құдай жаратылысы ұстанымын
шектей отырып оларды логикалық ретке келтіруге тырысты.
Ерік бостандығы проблемасының Шәкәрім шығарған шешімдері сол
заманның ислам діни өкілдерінен айтарлықтай жоғары тұрды. Біріншіден, ол
бұл проблеманы абстрактілі-схоластикалық тұрғыдан емес, әлеуметтік-
этикалық тұрғыдан қарады. Екіншіден, оны қалыптандырды, бар назарын
адамға емес, Құдайға аударды. Бұл ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында
қазақ діни-философиялық ойының дамуына қосқан үлес еді.
Өнегеліктегі сенімнен шығара отырып, Шәкәрім әдепсіздікті Құдайға
жасалған әділетсіздік ретінде топшылайды. Оның түсінігінде адамның іс-
әрекеттеріндегі мына бір қылықтары аса ауыр күнәлар болып табылады:
- Құдайдың көптігіне итермелейтін Алланың бірлігіне сенбеу, демек,
айқын танымдық бағдардың жоқ болуы. Шәкәрім аятқа жүгінеді, онда былай деп
айтылған; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) жайында
Шәкәрім шығармалары
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақтың көрнекті ақыны
Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар
Шәкәрімнің философиялық дүниетанымы
Шәкәрім Құдайбердіұлының би ретіндегі қызметі
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Пәндер