Мемлекеттік бюджет жүйесі және бюджет құрылысы



КІРІСПЕ 3
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі 4
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы 8
3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы 20
4. Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы 30
5. Бюджеттік процесс 33
ҚОРЫТЫНДЫ 43
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 44
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру-мен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық ендірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын езгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшау-ландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау жөне оны түтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық беліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сейкес келетін нақты материалдық- заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылган ақша қорында— бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор— бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен жөне ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніңдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін белігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы қүнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 3
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі 4
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы 8
3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы 20
4. Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы 30
5. Бюджеттік процесс 33
ҚОРЫТЫНДЫ 43
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 44

КІРІСПЕ

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру-мен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
"мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек,
мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық ендірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын езгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшау-ландырумен
және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау жөне оны түтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық беліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі
үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де,
өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып
жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сейкес келетін нақты
материалдық- заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылган ақша қорында— бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор— бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен жөне ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніңдегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін белігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы қүнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекетік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен
бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет
бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру; өлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының ор-талықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жа-
сау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау фун-циясы бюджет
қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория жөне мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары —
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, өдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бәлудегі маңызды
орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ
қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары
мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сай-ын қабылдайтын
Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемле-кет заңдарының
бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заң).
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған
жөн (14.1 сызбаны қараңыз).
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешеңці мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қар-жыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру жөне мөдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға
бағытталуы тиіс.

1 сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің жөне ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен
етене байланысқан.

2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен өр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы
— бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының
жиынтығы — бюджет қурылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемелекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға жөне құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
біддіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы еддің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік жөне унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-
да—жерлердің (ландтардың), Канадада — провинциялардың, Ресейде — федерация
субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекетгерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданьшады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті
бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаула-ну мен дербестігінің түрлі
дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі
бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте
сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын жөне дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жүмыс істейді (14.2 сызбаны қара-ңыз):
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің өзірленуі, бектілуі жөне атқарылуы мүмкін.

2 сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттеріненжәне мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың
республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында
болды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет—араларындағы өзара
өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын жөне
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер
кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
орталық буыны болып табылады. Бюджет—мемлекеттің қажетті атрибуты және оның
егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік жөне
муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы
маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың
қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса
ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру
мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет — бұл салықтық жөне басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын жөне орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық
бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен
қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын
жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің
бюджеттері)—облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік
органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте
мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырыл-ған ақша қоры
облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып
табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын жөне ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты
мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз
етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік
саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан
Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган өзірлейді және ол Қазақстан Республикасының зандарында
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе согыс
жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше
мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып
табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңның жөне тиісті қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар
шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылған-нан бастап
республикалық және жергіліісгі бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың
шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай
енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір
мезгілде төтенше жағдай енгізуге төтенше жағдайдың зардабы ұлттық
мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер
төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге
негіз бола алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттык, қоры оқулықтың 16 тарауында
қаралған.
Бюджет жүйесінің жүмыс істеуі бюджеттердің өр түрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау,
бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық жөне жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі,
дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет
жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді.
Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге
бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің
жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс
көздерін пайдалану арқьшы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына,
төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға,
сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты жөне аумақтық бюджет қорларын
жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолданумен, соның
ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, бюджет процесін
жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет
жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық
саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты
болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды.
Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы
түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын
анықтайды.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады.
Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді
шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы
барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының
бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті
бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге
бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-
экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты
функцияларымен, құзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып,
өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан
да шегінуге жол берілмейді.
Бюджеттің толықтыгы (толымдыгы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын
шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық жөне бюджет заңнамаларында
белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық керсетілуімен қамтамасыз
етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық
кірістерін көрсетеді. Осышығыстарын бюджетке жинақтап, жұмсшдырудың
объективтік қажеттігін қаған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ
бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси
ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке
алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл
қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп
көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп
есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың
орталықтандырылған өдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап
мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың—зейнетақы, әлеуметтік
сақтандыру жөне т.б. қорлардың қаражаттары енгізілген.
Реалистік қағидаты—параметрлердің экономиканың ағымдағы жай-күйінің
керсеткіштеріне, сондай-ақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлеріне
және әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің
реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы
Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сөйкес оларды
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік
жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларының өлшемдеріне сөйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі.
Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқа-лық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс,
бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңцегі қаржы
жоспарларына жасалған терең талдаудың нөтижесі, болжамдық бағалау есепке
алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын
ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы
жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады.
Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы
тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Реалистік қағидаты бюджет тізімдемесін бүрмалауды болдырмау және
бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының
шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың
атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың болжамдары
мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік
резервтердің болуымен нығайтьшған кірістердің барлық көздері мен шығыстар
бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады.
Транспаренттілік қағидаты—бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы
есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты
міндетті түрде жария-лау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық
бақьшауды жүргізу.
Дәйектілік қағидаты дегеніміз мемлекеттік басқару органдарының бюджет
қатынастары сферасында бұрын қабылдаған шешімдерінің сақталуы.
Тиімділік пен нотижелілік қағидаты—бұл бюджеттік бағдарламалардың
паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының
оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің
қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.
Басымдық қағидаты—бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.
Жауапкершілік қағидаты—бюджеггік процеске қатысушыларды бюджет
заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялылыгы қағидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы
қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезендегі олардың
атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқьшы қамтамасыз етіледі.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең аддымен салықтар, алымдар арқылы)
бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің
және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар
бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың
тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы
тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін
қабылдайды және оның атқары-луы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті
болады. Заң, еткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз
бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі,
оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі жөне
оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар,
ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және Бюджет кодексінде, "Жергілікгі өкілді жөне атқарушы органдар туралы",
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" арнайы
зандарда жөне басқа да заңнамалық актілерінде қамтып көрсетілген.
Нақтылы жағдайда бүл қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы, кейде
бюджеттің бірлігі қағидатынан аутқиды, өйткені көпте-ген арнаулы жөне
бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылық қағидаты да өзінің маңызын
жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар
арқылы мемлекет қаржы қатынастарын саралауға ұмтылады.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және
аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге
асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимьшына негізделген.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы
бюджетттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңгай бюджеттік сыныптама сыныптау
объектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып функциялық, ведомстволық және
экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын
топтастыру болып табылады. Ол кірістердің сыныптамасынан, бюджет
шығыстарының функциялық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай
бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің барлық
деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз
етеді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бірыңғай және бюджетгердің барлық
деңгейлері үшін міндетті болып табылады. оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі
уөкілетті орган әзірлейді және республика Үкіметі бекітеді.Бюджет процесі
бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.
Бюджет тусімдерінің сыныптамасы бюджет заңнамасына негізделген барлық
деңгейлер бюджеттерінің түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша
топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы
санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады. Санаттар
түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыру болып табылады.
Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдерді оллардың көздері мен түрлері бойынша
топтастырады. Ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін
айқындайды.
Бюджет шыгыстарының функциялык, сыныптамасы барлық деңгейлер
бюджетінің шығыстарын топтастыру болып табылады, ол мемлекет функцияларының
орындалуын, республикада мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтып
көрсететін функциялық жөне ведомстволық белгілер бойынша бюджет
қаражаттарының жұмсалу бағыттарын анықтайды.
Бюджет шығыстарын функциялық сыныптауды топтастыру мынадай
деңгейлерден тұрады: функциялық топтар, функциялық кіші топтар, бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар және ішкі
бағдарламалар.
Фунциялық топ —салалық белгілері мен функциялық бағыты бойынша бюджет
шығыстарын біріктіру. Функциялык, ішкі топ —функциялық топ ішінде бюджет
қаражаттарын жұмсаудың бағыттарын нақтылайды.
Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының негізінде бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерін, функциялық топтар мен бюджеттік бағдарламаларды
(ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының
ведомство-лық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.
Мемлекеттік басқарудың функциялары мен мемлекеттік саясатты жүзеге
асыру жөніндегі бюджеттің шығыстары бюджеттік багдарлама деп аталады. Оның
мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізуге тиіс белгілі
бір түпкілікті нәтиже болып табылады.
Экономикалык, нэтижелерге қарай бюджеттік бағдарламалар былайша
ажыратылады:
агымдагы бюджеттік багдарламалар, олар тұрақты сипаты бар немесе
дамудың бюджеттік бағдарламаларына жатпайтын біржолғы шаралар өткізуді
көздейтін заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік басқарудың функциялары
мен мемлекет міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады;
дамудың бюджеттік багдарламалары, олар бюджеттік инвестицияларды
жүзеге асыруға бағытталады.
Белгілі бір функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне қарай
бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджетте бектілетін республикалық
жоне жергілікті бюджеттік багдарламаларга бөлінеді.
Жүзеге асыру төсіліне қарай бюджеттік бағдарламалар бір әкімші жүзеге
асыратын жеке-дара бюджеттік багдарламалар және бюджеттік бағдарламалардың
бір әкімшісі бойынша бюджетте бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың
түрлі әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік
багдарламалар болып бөлінеді.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау үш стадия-да —
бюджеттің жобасын әзірлеу кезінде, бюджетті атқару кезінде және бюджеттің
атқарылуын бақылау кезінде жүзеге асырылады.
Жоғарғы жөне төменгі бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары
бюджетаралық қатынастар болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында бюджет процесінде жоғарғы және төменгі
бюджет арасындағы бюджетаралық қатынастар жөне кірістер мен шығыстарды
бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың бірі болып
отыр.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің,
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басқа осындай
бюджеттермен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-
бірімен өзара қарым-қатынастарына жол берілмейді.
Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында
функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме-дәл ажыратуға, бюджеттер
деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай-ақ
бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына
негізделген.
Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті
атқарушы органдарының тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.
Шығыстардың өкілеттіктерін немесе түсімдердің жекелеген түрлерін
бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру бюджет кодексіне өзгертулер
енгізгенде ғаңа жүзеге асырылады.
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің
республикалық бюджетпен езара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар
қалалар) бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда
тендігі;
2) түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажыратудың
мынадай өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді:
төменгі бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне
тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшін төлемақы болып
табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған қызметтер көрсету
қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;
қайта бөліну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы өркелкі
орналастырылатын салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлеріне
бекітіледі;
салық және бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдерді бекіткен
кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дөрежесін қамтамасыз ететін бюджет
деңгейіне артықшылық беріледі;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар
жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің
бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
4) жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік
қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызмет көрсетуде ұсынудың барынша тиімділігі мен
нетижелілігі — мемлекеттік қызмет көрсетудің неғұрлым тиімді және нәтижелі
жүргізілуі мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекетгік басқару
деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекітіп беру;
6) мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін оны алушыларға барынша
жақындату—қызметтерді алушылардың қажеттерін жақсылап есепке алу және
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетілетін
қызметтерді атқаруды бюджет жүйесінің мүмкін болғанша неғұрлым төмен
деңгейіне беру;
7) бюджеттің әрбір деңгейінің алынған ресми трансферттер мен
кредиттердің тиімді және нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы.
Бюджетаралық қатынастар:
1) республикалық жөне облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала,
астана бюджетінің арасында:
ресми трансферттермен; бюджеттік кредиттермен;
2) облыстық жөне аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер
арасында:
ресми трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер ағымдағы нысаналы
трансферттер, дамуға арналғын нысаналы трансферттер болып бөлінеді.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер
деңгейлерінің өрқайсысының салықтық өлуеті, аймақтардың объективтік
бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нөтижелері, бектілген заттай нормалар
ескеріледі. Бюджет-аралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзімді
фискалдық саясатқа сәйкес белгіленеді.
Нысаналы трансферттер мен кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тек
қана олардың нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланады. Нысаналы трансферттер
мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы
трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке ағымдағы қаржы жылының
31 желтоқсанына дейін міндетті түрде қай-тарылуға жатады.
Нысаналы трансферттер мен кредиттердің қаржы жылы ішінде
пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттер мен
кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейін он күн
ішінде міндетті түрде қайтарылуға жатады.
Бюджетаралық реттеу — теңгерімділік мақсаттарында жоғарғы бюджет
ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден тұратын және керісінше,
ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне бюджеттік
субвенциялар, бюджеттік алынымдар, реттеуші кіріс көздері жатады.
Бюджеттік алынымдар — заңнамалық актілермен немесе мәслихаттардың
шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы
бюджеттерге беретін ресми трансферттері.
Субвенциялар -төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден заңнамалық
актілермен және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде
алатын ресми транферттері.
Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген және реттеуші бо-лып
бөлінеді.
Бекітіп берілген кірістер — бұл түгелдей немесе ішінара белгілі бір
бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.
Реттеуші кірістер — жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке нығайту үшін
бағытталатын қаражаттар.
Бекітіп берілген жөне ретттеуші кірістердің тізбесі бюджет
заңнамасында белгіленеді.
Егер биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің
көлемі жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті
болса бюджет жүйесі сатыластыгы жагынан баланстандырылған деп есептеледі.
Деңгейлес теңгерімділік— биліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары мен
аумақтарының бюджеттеріндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сәйкестігі.
Сатылас теңгерімділікке жету—жалпы теңгерімділіктің I-кезеңі, ал
деңгейлес теңгерімділікке жету — теңцестірудің II-кезеңі, ол Қазақстанда
бюджеттік алынымдар мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады.
Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы
өкілеттіктерінің келісілмегендік және олардың өкілеттіктері мен кірістерін
қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы;
қайта бөлу саясатындағы түрлаусыздық. Бюджетаралық қатынастар жоғарғы
бюджеттердің төменгі деңгейдің бюджеттерін орталықтандырыл-ған нығайту
негізінде құрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың негұрлым жоғары
нормативтерін қаққьшауға бағдарлайды. Жоғарғы оргаңдар "тағдырды шешушіге"
айналады, бүл жемқорлыққа негіз қалайды. Бүл жағдаятта биліктің жергілікті
органдарының құқықтарын кеңейту қажет,ол үшін олардың үш топтағы өздерінің
салықтары болуы керек:
1) негізгі рөлді ойнайтын салықтар:
а) тура салықтар: мүлік, жер салықтары,көлік құралдарына салынатын
салық;
ә) жанама салықтар: сатып алуға салынатын салық, көпшілік түтынатын
тауарларға салынатын акциздер;
2) жергілікті органдардың аумақтарында жиналатын мемлекеттік
салықтарға биліктің орталық органдары белгілі бір пайызбен белгілейтін
салықтар;
3) басқадай жергілікті салықтар, алымдар және төлемдер, са-лықтық емес
кірістер (жерді жалға беру жене сату; орман массивтерін жалға беру;
басқадай түсімдер).
Жергілікті бюджеттерде салықтық және салықтық емес кірістер 85-70%
құрайды. Рыноктың қалыптасуы кезеңіндегі бюджеттердің негізгі проблемалары
мыналар:
1. Төленбеген төлемдер. Бұл проблема мыналардан шығатын айналым
қаражаттарының жетіспеушілігі салаларынан пайда болады:
еркін баға белгіленімін белгілеуден;
кәсіпорындардың өзара коммерциялық кредиттер беруінің тоқтатылуынан;
төлем және есеп айырысу кредиттерінің күшін жоюынан;
өндіріс тиімсіздігінен.
Төленбеген төлемдердің проблемасы мүндаға дейін қосымша төлем
қаражаттарын шығару арқылы шешіліп келді.
2. Жалақы бойынша берешек. Ол мына себептерден пайда болады:
1) ақша қаражатының жоқтығы;
2) ақша қаражаттарын айналымға коммерциялық құрылымдарға қасақы
жіберу;
3) әр түрлі банктерде бірнеше есеп айырысу шоттарының болуы;
4) бюджеттер жоспарланған деңгейдегі қаражаттарды ала алмайды.
3. Заң бойынша тиісті міндетті төлемдері жұмсшдыруға бейімсіз салық
жүйесінің кемшіліктері. Бұл салық төлеуден жалтарынуға "ілік" беретін салық
заңнамасының жетілдірілмегендігімен, салық механизмінің салық төлеушілер
үшін күрделілігімен, ондағы түзетулердің, толықтырулардың көптігімен, салық
службасы деңгейінің төмендігімен байланысты.
4. Орталық пен жергілікті жерлердің арасында айқын өкілеттіктің
жогы. Бұл бюджетаралық қатынастардың негізгі белгілі бір идеяға құрылуы
үшін қажет: елге мемлекеттің тіршілік әрекетінің басты бағыттарын:
энергетиканы, көлікті, қорғанысты, стратегиялық ресурстарды пайдалануды
өзіне ала алатын қуат-ты орталық қажет. Басқа қалғандардың барлығын
жергілікті биліктер орындауы тиіс.

3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жүмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шыгыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сөйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік
кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер,
сондай-, ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шыгыстары шығындар, бюджеттік
кредиттер, қаржы акгивтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты
өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық жөне тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың жөне шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері мемлекеттік көсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол
бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады жөне негізінен екі төлемнен
— айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден түрды. Бүл жүйе 1930
жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік
қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын
нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке
кәсіпорындар қызметінің жекедара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің қөзі салықтар немесе оларға бара-бар
төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен
жөне салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың
түсімдерімен айқындалады.
Бюджет кодексіне сөйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру: бюджеттік кредиттер; бюджеттік
кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайда-лану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу
осы көрсетілген қүылым бойынша жүзеге асыры-лады.
Бюджеттің кірістері салықтық жене басқа міндетті төлемдер (салықтар
және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер,
мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және
мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге
тиісті ақшалар болып табьшады. Салықтық емес түсімдер—бюджетке төленетін
міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа,
бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін
түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті,
мемлекеттік ма-териалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер
учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер
пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материаддық емес активтерді сатудан
түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір
деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің
түсімдері.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты
болмайды.
Бюджеттің шыгындары —қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет
қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге
байланысты шығындар;
3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар—мемлекеттік саясатты іске
асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған)
өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік
органдардың ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер—қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай
төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сөйкес
жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) заңи тұлғаларға субсидиялар—мемлекеттік мекемелер және қоғамдық
бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз
негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер—бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ
Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға
арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңи тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын
өлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым
тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңи тұлғаларға субсидия
берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы
мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып
табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмағандықтан
жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын
қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық жөне
жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы орган-
дардың резервтері құрылады.
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шүғыл шығындарға арналған резервті;
3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана
бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің
кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.
Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы
көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен ақша
бөлу тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті
бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті
атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын
шешімдері бойынша жүзеге асырылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда
Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке
немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы
орган резервтерінің мөлшерін үлғайту тура-лы ұсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша
қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда,
бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған белігін
ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз
етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану
төртібін Үкімет белгілейді.
Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма
ретінде айқындалады.
Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс
операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен
сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің
көлемінен асып түспеуге тиіс.
Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік
кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерін сатып алуды;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.
Қаржы активтерін сатып алу—заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық
ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып
алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер— мемлекеттік
меншіктегі заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік
кешен түріндегі мемлекеттік ме-кемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың
қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік көсіпорындардың
жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік
мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы
активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін
түсімдердің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан
түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және
әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге
асырылады.
Бюджет тапшыаыгы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді жөне қаржы
активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы
операциялық сальдоға тең.
Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама
бюджет профициті болып табылады.
Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-
экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет тапшылыгын қаржыландыру—к,арыз алу және бюд-жет қаражатының бос
қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі
алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының
қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде
белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мөні оң белгімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Бюджет құрылысы
Мемлекеттік бюджет
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы мәселесі
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі бюджеттік көрсеткіштері мен даму бағдарламаларын зерттеу арқылы бюджет жүйесін басқаруды жетілдіру мәселелері
Бюджет жүйесінің мәні және оның құрылымы
Мемлекет бюджетінің шығыстарын талдау
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Бюджет және бюджет құрылысы
Пәндер