Ислам конференциясы ұйымының халықаралық құқықтық статусы



КІРІСПЕ 3

1 ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ҰЙЫМНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНА МҮШЕЛІК ЕТУІНІҢ ТАРИХЫ

1.1 Ислам Конференциясы Ұйымы құрылуының тарихы мен алғышарттары 7
1.2 Ислам Конференциясы Ұйымының Жарғысы: Ислам Конференциясы Ұйымының міндеттері, мақсаттары мен қызмет ету қағидалары 14
1.3 Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелік етуінің халықаралық құқықтық негізі 20


2 ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫ . ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫМЕН АРАҚАТЫНАСЫ

2.1 Ислам Конференциясы Ұйымы жүйесінің түсінігі, мамандандырылған органдары және басқа да құрылымдық бөлімшелері 28
2.2 Ислам Конференциясы Ұйымының заңи табиғаты 35
2.3 Ислам Конференциясы Ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арақатынасы 40
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ИСЛАМ ДАМУ БАНКІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

3.1 Ислам даму банкінің құрылу тарихы мен дамуы 47
3.2 Қазақстан Республикасы мен Ислам даму банкі арасындағы экономикалық ынтымақтастық 59
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69
Мәселенің өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап сыртқы саясатта теңгерімді бағытты ұстанып келді. Біз ауқымды мәселелер шешімінде мемлекеттердің ұжымдық жауапкершілігі мен көпжақты бастамаларды нығайтуды қалаймыз. Күштер тепе-теңдігі мен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бірден – бір мүмкіндік ретінде Қазақстан көпкіндікті әлемді жақтап, оны қолдауда дәйектілік танытып отыр. Бұл біздің саналы қалауымыз және дүниетанымдық негізі болып табылады.
Еліміздің сыртқы саяси мүдделерінің кең ауқымды қамтуында және ұлттық мүдделерін қорғау барысында Қазақстанның ислам әлемімен ынтымақтастығы ерекше орын алады. Жаһандану мен жаңа күштер орталықтарының дамуы кезеңінде саяси әртараптандыру мен түрлі бағыттарда ұстанымдарды орнықтыру – елдің тұрақты дамуы үшін обьективті қажеттілік.
Қазақстан Республикасы 1995жылы Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) кіріп, оның көп қырлы қызметі мен шараларына қатысуда, ИКҰ рөлі мен маңызын нығайту ісіне зор үлес қосып келеді. Біз Исламды бейбітшілік пен ілгерушілік діні ретінде таныту барысында ИКҰ-ның мұсылман әлемінің тиімді әрі беделді форумы болып қайта өрлеуін қолдаймыз [13].
2000 жылғы қарашада қазақстандық делегация Катардың астанасы Дохада өткен Ислам Конференциясы Ұйымының IX саммитінің жұмысына қатысты. ИКҰ саммитіне жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Еуропа мен Азияның, Оңтүстік пен Солтүстіктің, Батыс пен Шығыстың тоғысында орналасқан Қазақстан халқы атынан демократиялық және әртүрлі конфессиялық қоғамы, тұрақты саяси жүйесі, нарықтық экономикасы бар, үлкен экономикалық әлеуеті, алдыңғы қатарлы ғылымы мен білімі, елеулі адами және табиғи ресурстарды, қолайлы инвестициялық ахуалы бар Қазақстанның бейбітшіліктің, прогресс пен тұрақтылықтың, елдердің, халықтарды және мәдениеттерді жақындастырудың ұлы ісіне үлес қосуға дайындығы туралы мәлімдеймін.
Халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес ерекше маңызды сипат алуда, өйткені осы құбылыстар бірқатар мұсылман елдерінде әлеуметтік –экономикалық дамуға кедергі келтіретін тұрақсыздандырушы фактор ғана емес, сонымен бірге біздің бейбітшілік сүйгіш ислам дініне орасан зор нұқсан келтіреді. Ислам құндылықтарын қорғаудың жалған ұранымен кейбір күштердің Орталық Азия аймағында құқыққа қарсы және террорлық бопсалауды жүргізу әрекеттері байқалады. Біз ИКҰ экстремизм мен терроризмнің барлық түрлеріне қарсы үзілді-кесілді күресті бастауы тиіс деп есептейміз». Қазақстан мемлекеті басшысының жолдауында сондай –ақ ғаламдану жағдайында мұсылман қоғамдастығы тарапынан оңтайлы шешімдер әзірлеудің, экономикаға қатысты тәуелділікті жоюдың, аймақаралық кооперацияны жетілдірудің елеулі және шұғыл шараларының қажеттігі атап өтілді. Н.Ә.Назарбаев ғылым мен технология саласында ынтымақтастықты ұлғайтудың, ИКҰ-ның экономикалық құрылымдары шеңберінде бірлескен іс-қимылды жандандырудың орындылығын атап көрсетті [12, 329 б.].
1. Восток Запад: Региональные подсистемы и региональные проблемы международных отношений // Под. ред. А.Д. Воскресенкого. – М.: МГИМО, 2002. - 375 с.
2. Жданов Н.В. Исламская концепция миропорядка. – М.: «Международные отношения», 2003. – 568 с.
3. Хасанов Р. Организация исламская конференция в меняющемся мире // http://www.centrasia.ru/news.
4. Валькова Л.В. Саудовская Аравия в международных отношениях. – М.: «Наука», 1979. - 415 с.
5. Нешатаева Т.Н. Международные организации и право. Новые тенденции в международно-правовом регулировании. 2-е изд. – М.: 1999. – 272 с.
6. ОИК: Институциональный дизайн и основные направления развития // http:// www.islamrf.ru./news.
7. Ислам КонференциясыҰйымының 1972 жылы 29 ақпан мен 4 наурызда қабылданған Жарғысы // http://www.oic-oci.org.
8. Султанов Э.Ш. ОИК на современном этапе развития // Московский журнал международного права. – 2005. - № 57.
9. Хамзаоглу К. В устав Парламентского союза ОИК внесены изменения // http://ru.trend.az/news/islam.
10. Тункин Г.И. Теория международного право// Под общ. ред. Л.Н. Шестакова М.: 2000. – 416 с.
11. Бектепова З.А. Внешнеполитическое сотрудничество РК с международными организациями на современном этапе: политический анализ: Дисс. ...канд. полит.наук. – Алматы, 2008.
12. Тоқаев К.К. Дипломатия Республики Казахстан. – Астана: Елорда, 2001. – 568 с.
13.Тәжин М. Ынтымақтастық кеңейіп келеді // Егемен Қазақстан. – 2008. – 19 шілде. - №12
14. Послание лидера исламской революции – аятоллы Хаменеи Межпарламентской ассамблее исламских государств // Третий взгляд. – 1999, 20 июля. - №66.
15.Зиганшина Г. Региональная интеграция // Азия и Африка сегодня. -1987. - №5.
16. Кольяр К. Международные организации и учреждения. – М ., 1973. – 277 с.
17. Моравецкий В. Функции международных организаций. – М., 1976. – 381 с.
18. Шибаева Е.А. Право международных организаций. – М., 1986. – 158 с.
19. Морозов Г.И. Международные организации. Некоторые вопросы теории. – М., 1974. – 332 с.
20. Шармазанашвили Г.В. Международные межправительственные организации. – М., 1979. – 245 с.
21. Ступанова И. Исламские финансы // http://www.gazeta.kz/art.
22. ИКҰ құжттары. ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің XXVII Конференциясы.№68/27-Р резолюциясы // http://www.oic-oci.org.
23. ИҚҰ құжаттары: ИҚҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің XXVIII конференциясы № 28/28 –P- C- I.резолюциясы // http://www.oic-oci.org.
24. ИҚҰ құжаттары : ИҚҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшыларының VI Конференциясы – Дакар, 9-11 желтоқсан. 1991 ж. //http://www.oic-oci.org.
25. Д.Н. Нуртазинова .Казахстан и организация Исламская Конференция: Поиск путей сотрудничества // Вестник КазГУ. Серия востоковедения -1998. - №3.
26. ИҚҰ құжаттары: ИҚҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің XXVIII конференциясы № 61/28 –P- C- I. Резолюциясы // http://www.oic-oci.org.
27. ИКҰ құжаттары: ИҚҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің XXVIII конференциясы № 65/28 –P- C- I. Резолюциясы // http://www.oic-oci.org.
28. Журавлев А. Ислам и экономика// Россия и мусульманский мир. – 2000. №4(94).
29. Қазақстан Республикасының «Ислам даму банкінің құрылтай шартын бекіту туралы» 1996 жылы 15 мамырда қабылданған Заңы// http://www.base.zakon.kz.
30. Тыныбек А. Диалог «Запад-мусульманский мир»: вопросы содержательного наполнения// Саясат – Policy.- №5.- 2008.
31. Ефремов Б.В. Исламские банки лучше казахстанских // Свобода слова. -№8(254). - 2010.
32. Исламский банк развития намерен укреплять дальнейшее сотрудничество с Казахстаном // http:// www.interfax.kz.
33. Смагулов М. Исламский сектор экономики в Республике Казахстан будет развиваться независимо от того, хотят ли этого определенные силы или нет // http://www.iwep.kz/index.
34. Қазақстан Ресубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жыл 29 ақпан. // http://www.akorda.kz.
35. Ю.М.Колосов, Э.С.Кривчикова Международное право. – М.: «Международные отношения», 2005. – 816с.
36. Иванова И.И., Колыхалова Г.П., Лебедева Н.Б. Межгосударственные региональные организаций Азий в международных отнашениях. – М.: «Наука», 1991. – 222с.
37. Шреплер Х. Международные организации. – М.: «Международные отношения», 1995. – 316с.
38. Баймуратов У. Исламукая финансовая модель: особенности и приемущества. // Банки Казахстана. – 2007. -№2.
39. Организация Исламская Конференция // http://www.kazembassy.by/politic/megdunar.html.
40. Абилов О.А. Казахстан и Организация исламская конференция // http://www.inform.kz/rus/articie.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ҰЙЫМНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНА МҮШЕЛІК ЕТУІНІҢ ТАРИХЫ

1.1 Ислам Конференциясы Ұйымы құрылуының тарихы мен алғышарттары 7
1.2 Ислам Конференциясы Ұйымының Жарғысы: Ислам Конференциясы Ұйымының
міндеттері, мақсаттары мен қызмет ету қағидалары 14
1.3 Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелік етуінің
халықаралық құқықтық негізі
20

2 ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ РЕТІНДЕ
ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫМЕН АРАҚАТЫНАСЫ

2.1 Ислам Конференциясы Ұйымы жүйесінің түсінігі, мамандандырылған
органдары және басқа да құрылымдық бөлімшелері
28
2.2 Ислам Конференциясы Ұйымының заңи табиғаты
35
2.3 Ислам Конференциясы Ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арақатынасы

40

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ИСЛАМ ДАМУ БАНКІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

3.1 Ислам даму банкінің құрылу тарихы мен дамуы
47
3.2 Қазақстан Республикасы мен Ислам даму банкі арасындағы экономикалық
ынтымақтастық
59

ҚОРЫТЫНДЫ
64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
69

КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап
сыртқы саясатта теңгерімді бағытты ұстанып келді. Біз ауқымды мәселелер
шешімінде мемлекеттердің ұжымдық жауапкершілігі мен көпжақты бастамаларды
нығайтуды қалаймыз. Күштер тепе-теңдігі мен халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін бірден – бір мүмкіндік ретінде Қазақстан көпкіндікті
әлемді жақтап, оны қолдауда дәйектілік танытып отыр. Бұл біздің саналы
қалауымыз және дүниетанымдық негізі болып табылады.
Еліміздің сыртқы саяси мүдделерінің кең ауқымды қамтуында және ұлттық
мүдделерін қорғау барысында Қазақстанның ислам әлемімен ынтымақтастығы
ерекше орын алады. Жаһандану мен жаңа күштер орталықтарының дамуы кезеңінде
саяси әртараптандыру мен түрлі бағыттарда ұстанымдарды орнықтыру – елдің
тұрақты дамуы үшін обьективті қажеттілік.
Қазақстан Республикасы 1995жылы Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ)
кіріп, оның көп қырлы қызметі мен шараларына қатысуда, ИКҰ рөлі мен маңызын
нығайту ісіне зор үлес қосып келеді. Біз Исламды бейбітшілік пен
ілгерушілік діні ретінде таныту барысында ИКҰ-ның мұсылман әлемінің тиімді
әрі беделді форумы болып қайта өрлеуін қолдаймыз [13].
2000 жылғы қарашада қазақстандық делегация Катардың астанасы Дохада өткен
Ислам Конференциясы Ұйымының IX саммитінің жұмысына қатысты. ИКҰ саммитіне
жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев былай деді: Еуропа мен Азияның,
Оңтүстік пен Солтүстіктің, Батыс пен Шығыстың тоғысында орналасқан
Қазақстан халқы атынан демократиялық және әртүрлі конфессиялық қоғамы,
тұрақты саяси жүйесі, нарықтық экономикасы бар, үлкен экономикалық әлеуеті,
алдыңғы қатарлы ғылымы мен білімі, елеулі адами және табиғи ресурстарды,
қолайлы инвестициялық ахуалы бар Қазақстанның бейбітшіліктің, прогресс пен
тұрақтылықтың, елдердің, халықтарды және мәдениеттерді жақындастырудың ұлы
ісіне үлес қосуға дайындығы туралы мәлімдеймін.
Халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес ерекше
маңызды сипат алуда, өйткені осы құбылыстар бірқатар мұсылман елдерінде
әлеуметтік –экономикалық дамуға кедергі келтіретін тұрақсыздандырушы фактор
ғана емес, сонымен бірге біздің бейбітшілік сүйгіш ислам дініне орасан зор
нұқсан келтіреді. Ислам құндылықтарын қорғаудың жалған ұранымен кейбір
күштердің Орталық Азия аймағында құқыққа қарсы және террорлық бопсалауды
жүргізу әрекеттері байқалады. Біз ИКҰ экстремизм мен терроризмнің барлық
түрлеріне қарсы үзілді-кесілді күресті бастауы тиіс деп есептейміз.
Қазақстан мемлекеті басшысының жолдауында сондай –ақ ғаламдану жағдайында
мұсылман қоғамдастығы тарапынан оңтайлы шешімдер әзірлеудің, экономикаға
қатысты тәуелділікті жоюдың, аймақаралық кооперацияны жетілдірудің елеулі
және шұғыл шараларының қажеттігі атап өтілді. Н.Ә.Назарбаев ғылым мен
технология саласында ынтымақтастықты ұлғайтудың, ИКҰ-ның экономикалық
құрылымдары шеңберінде бірлескен іс-қимылды жандандырудың орындылығын атап
көрсетті [12, 329 б.].
Ғылыми зерттеудің дәрежесі. Аталған тақырып бойынша Қазақстан
Республикасының сыртқы саясатының бағыттарын, соның ішінде ислам әлемімен
арақатынасын зерттеумен орын алады. Мұсылман әлемінің өзі күрделі әрі
алуан түрлі, әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен мемлекеттік құрылымы
жағынан біркелкі емес. Дегенмен, бірқатар қиыншылықтарға қарамастан, бұл
өзгешеліктер қиын кезеңдерде, әсіресе, Палестина мәселесінің шешімімен
байланысты, аса маңызды мақсаттарға жету үшін Ислам елдеріне қосылуға
кедергі келтірген жоқ.
Бүгінгі күнде Ислам Конференциясы Ұйымы халықаралық ұйымдардың ішінде
ең ірі әрі ықпалды үкіметаралық мұсылман ұйымы болып табылады. ИКҰ
қызметіне араласу мен Қазақстанның ИКҰ СІМК-де 2011 жылы төрағалық етуі
Қазақстанға дүние жүзі күн тәртібіне ықпал етіп, халықаралық жанжалдар мен
дау–дамайлардың шешілуіне қолдау көрсетіп, ұлттық мүдделерді ілгерілетіп,
тәжірибе жинақтап, көпжақты дипломатия мектебінен өткен білікті мамандар
даярлау мүмкіндігін береді.
Қазақстан мұсылман әлемімен қарым-қатынастардың сапалы жаңа деңгейіне
шығып келеді. Саяси тұрғыда ислам елдерімен қатынастарды одан әрі белсенді
ету еліміздің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай, әрі Президент Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауының қағидаларына сәйкес келеді.
Жұмысты зерттеу барысында көптеген зерттеушілердің Воскресенко А.Д.,
Жданов Н.В., Валькова Л.В., Нешатаева Т.Н., Тункин Г.И., Тоқаев К.К.,
Кольяр К., Шибаева Е.А., Моравецкий В., Морозов Г.И. және т.б. ғылыми
басылымдардағы еңбектеріне салыстырмалы түрде шолу жасай отырып, Ислам
Конференциясы Ұйымының құрылу тарихы мен алғышарттары, Ислам Конференциясы
Ұйымының міндеттері, мақсаттары мен қызмет ету қағидаларын, Ислам
Конференциясы Ұйымы жүйесінің түсінігі, мамандандырылған органдары және
басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметтері, Қазақстан Республикасының
Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелік етуінің халықаралық құқықтық негізі,
Қазақстан Республикасы мен Ислам даму банкі арасындағы экономикалық
ынтымақтастығы, Қазақстан Республикасында Ислам банктерінің ашылу
мәселелері туралы толық ақпарат алып, жүйелі түрде пайдалана алынды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының зерттелу
мақсаты болып Ислам Конференциясы Ұйымының халықаралық құқықтық статусын
анықтау табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей мідеттер қойылды:
• Ислам Конференциясы Ұйымының пайда болуының негізгі себептерін
анықтау;
• Ислам Конференциясы Ұйымы қызметінің негізгі бағытын айқындау;
• Ұйым дамуының жалпы заңдылықтары мен тән қалыптарын ерекшелеу;
• ИКҰ-ның заңи табиғатын анықтау мен Жарғысын талқылау;
• Ұйымның халықаралық аренадағы алатын орнын бағалау және оның даму
перспективасын түсіну;
• Қазақстан Республикасының ИКҰ-ға мүшелік етуінің халықаралық құқықтық
негізін анықтау.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Зерттеу кешенді сипатта
болғандықтан жалпы зерттеу әдістері диплом жұмысында қолданылды. Атап
айтқанда: салыстыру, талдау, тарихи әдіс және жүйелік әдістер.
Қорғауға шығарылатын ережелер. Диплом жұмысының тақырыбын зерттеп келе
келесідей тұжырымдар қорғауға шығарылады:
1. Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелік етуі
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің маңызды бөлігі болып
табылады. Жаһандық саясат пен экономикаға мұсылман әлемінің ықпалы күшейіп
келеді. Ислам әлемі Қазақстан мұсылмандарын өз қоғамының бөлінбейтін бөлігі
ретінде қарастырады, бірақ біздің ел әлемде зайырлы мемлекет позициясын
ұстанған. Қазақстан Республикасы 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына
(ИКҰ) кіріп, оның көп қырлы қызметі мен шараларына қатысуда, ИКҰ рөлі мен
маңызын нығайту ісіне зор үлес қосып келеді. ИКҰ-мен ынтымақтастық үлкен
тәжірибелік мәнге ие, ол ұйымның субсидиарлы органдары мен институттарымен
біріккен жобалар мен бағдарламалар арқылы жүзеге асадыТерроризм мен
экстремизмге жол бермеу; бейбітсүйгіштік ислам негізі мен таза шындыққа
түсінік беруді үйлестіруге күш салу; сауда және инвестициялық
ынтымақтастық; білім сапасы мен деңгейінің жоғарылауы сияқты салаларда
ИКҰда бірнеше нақты бағдарламалар мен жоспарлар өңделіп жүзеге асты.
Қазіргі экономикалық жағдайда ИКҰ мүшелерінің арасында қаржы ресурстарын
артық иеленетін мемлекеттер көп емес. Бұл ресурстар өзге елдердің
экономикасын тарту мүмкін, соның ішінде өзара пайдалы шарттар негізінде
Қазақстан үшін де ықпалын тигізеді.
2. Қазақстан Республикасында ислам банктерінің жүйесін дамыту қажет.
Исламдық қаржыландыру бүкіл әлемде танымалдыққа ие болды. Қазақстандық
қаржы нарығына қаржыландырудың балама тәсілін енгізуге қажеттілік дағдарыс
уақтында экономистер тарапынан жиі айтылды. Экономистердің ойынша исламдық
қаржыландыру қаржылық қызмет спектрін кеңейтеді және Таяу Шығыс елдерінен
инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, исламдық қаржы ұйымдары
өздерінің ерекшелігіне қарай әлемдік дағдарыста тұрақтылығымен көзге түсті.
Жоғарыда аталғандай қазақстандық банктерге қарағанда ислам банктері
дағдарысқа тұрақты әрі тиімді.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне ендігі жылы ИКҰ-ға төрағалық ету
туралы ақпараттармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға белсенділік танытуды
және ИКҰ қызметін жақсартуда Қазақстанның нақты саяси ұстанымын анықтауды
қажет деп санаймыз. ИКҰ СІМК-да 2011 жылы өкілдік етуі мұсылман әлемінің
елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік туғызуда және республика
беделінің жоғарылауы көзделіп отыр. Қазақстан сапалы жаңа деңгейдегі өзара
қатынасқа шығу үстінде. Қазақстан үшін кең ауқымдағы сұрақтарды талқылаумен
қатар, елдің дамуы мен сыртқы әлеммен байланыс орнату мүмкіншілігі туып
отыр. Қазіргі таңда ИКҰ-ға 2011 жылы төрағалық ету жайында сөз болғанмен
бұқаралық ақпарат құралдармен ақпараттық хабарландырулар аз қамтылып отыр,
сол себептен арнайы баспасөз отырыстарын шақыру, парламентте ғылыми және
саяси пікір таластар, бас қосулар, отырыстар өткізілуі қажет.
Зерттеудің пәні мен объектісі. Зерттеліп жатқан диломдық жұмыстың
объектісі болып ұйымның қызмет аясындағы қоғамдық қарым қатынастар
табылады. Зерттеудің пәні болып Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелік етудің
құқықтық мәселелері мен ИКҰ қызметінде Қазақстанның қатысуы, сондай-ақ ИКҰ-
ға мүше ислам мемлекеттерінің ынтымақтастығының басым бағыттарын анықтау.
Практикалық маңызы. Осы бітіру жұмысын орындау нәтижесінде берілген
қорытындылар және ережелер тәжірибе жүзінде заң факультетінде және басқа да
сыртқы саяси, сыртқы экономикалық, шығыстану мен исламтануды зерттеу
саласындағы дәрістерді оқыту процесінде қолданылады.
Жұмыстың құрылымы тақырыптың мазмұны мен зерттеу міндеттерімен
анықталған. Жұмыс бекітілген көлемде жасалынған және кіріспе, сегіз
бөлімшеден тұратын үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 70 бет.

1. ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ҰЙЫМНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНА МҮШЕЛІК ЕТУІНІҢ
ТАРИХЫ

1.1 Ислам Конференциясы Ұйымының құрылуының тарихы мен алғышарттары
XX ғасырдың ақырғы онжылдығында халықаралық қатынастарда дін
негізіндегі саяси және экономикалық мемлекеттер интеграциясы құрылды. Ол
діннің заңды түрде өсуіне алып келді, бәрінен бұрын әлемдік саясатқа ислам
дінінің ықпалын тигізуіне әкеп соқты.
Қазіргі таңда ислам әлемдік дін ретінде қалуда. Дінді ұстанушылар
саны 1,5 млрд адамнан асуда және олар алпыстан астам мемлекеттерде тұрады.
Ислам әлемі кең ауқымды территорияны: Атлант мұхиты жағалауындағы
Африкадан бастап Азияның шығысына дейінгі жерлерді алып жатыр.Оған бірнеше
миллиард мұнай долларларын иеленетін мемлекеттер (Сауд Аравиясы, Кувейт,
БАӘ) мен әлемнің кедей мемлекеттері, феодалдық-теократиялық және
конституционалды монархия, жоғарғы деңгейдегі мемлекеттер мен ислам
республикалары кіреді.Бір мемлекеттердің халқының көпшілігін мұсылмандар
құрайды, ал бір мемлекеттерде олар азшылық. Барлық бұл мемлекеттерде ислам
ішкі және сыртқы саясатына елеулі түрде ықпал етуде, сондай-ақ әлемдегі
жаһандану процесінде орын алған жағдай, Азия мен Африка елдеріндегі ұлттық
бірегейлікке жол табушылықты көре аламыз.
Исламның қалыптасуы Шығыс елдерде ішкі саясатын ғана емес сондай-ақ
әлеуметтік экономикалық дамуға алып келді. Сонымен қатар халықаралық
қатынастарда экономикалық және саяси интеграция орын алды, әлемде әділ
тәртіп орнады.Ислам әлемі халықаралық қатынастардағы биполярлық жүйенің
құлдырауына әсер етті. Соның ішінде АҚШ пен Батыс мемлекеттерімен
келтірілген әлемдік қауымдастықтағы батыстық модельдер мен құндылықтар [1,
257 б.].
Мұсылмандық ынтымақтастық қозғалысы шегінде халықаралық ұйым құру
идеясы 1969 жылы қыркүйек айында Ислам пактісі түрінде көрініс тапты. Ислам
Конференциясы Ұйымының құрылу процесінің бастамасы болатын, Марокко
астанасы Рабатта өткен жоғары деңгейдегі мұсылман елдерінің Конференциясы
болып өтті. Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар шегінде бұл факт елеусіз
қалар еді, егер исламды тарату аймағындағы кертартпа күштерге қарсы
бағытталмаған болғанда [2, 46 б.].
Екі дүниежүзілік соғыс аралығы кезеңінде діни қағидалар негізінде
құрылған халықаралық бірлестік құру әрекеттері байқалған болатын. Олар 1924
жылы шілдеде жарияланған Мекке конвенциясы, 1926 жылы мамырда жария етілген
Каир конвенциясы және 1931 жылғы Иерусалим конвенциясы. Осы конвенциялар
Осман империясы құлағаннан кейін, Европаның ықпалымен саяси элитаның жаңа
тобы, араб әлемінің үш мемлекеттік құрылудың саяси аренаға шығуының
нәтижесі болды.
1924 жылғы Мекке конвенциясының инициаторы болып сол кезде Қызыл
теңіздің шығыс жағалауында өмір сүрген тәуелсіз мемлекет – Хиджаздың
басқарушысы –Шериф Хусейн болатын. Конвенция сол жылдың шілде айында жыл
сайынғы қажылық аяқталғаннан кейін әр түрлі мұсылман елдері мен қауымдардың
өкілдерінің қатысуымен өткен конференцияда
қабылданған болатын.Конференция құжаттарында келесілер көрсетілген
болатын: Арабтардың бірлігі болашақ мұсылман елдерінің бірлігінің негізі
болу керек, болашақта Умма хашимиттерінің туының астында бірігіп, араб
тілі ресми тіл болуы тиіс делінді. 1924 жылы қазан айында Неджда
басқарушының әскері Меккені алды. Хиджаздың каролі болып Абдел Азиз ибн
Сауд жарияланды. Сауд карольдігі арабтық жарты аралдың маңызды бөлігін өз
территориясына қосуы ақиқатқа айналды.
Мұсылман әлемінде аса ірі және ең танымал діни университет аль-Азхар
орналасқан Каир қаласында мұсылман әлемінің саяси бірлігінің құрылуының
екінші орталығы болды. Сол университеттің улемдерінің инициативасы бойынша
1926 жылы Египет астанасында Дүниежүзілік мұсылман конгресі болып өтті.
Алайда ол қажетті нәтижелерді көрсетпеді. Мұсылман әлемінің әр түрлі
елдерінде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған ұлттық үкіметтер
саяси тәуелсіздік алуды басты орынға қойды. Египет каролі Фуадтың жүргізген
ағылшындық бағыттағы саясаты басқа мұсылман елдерінің қоғамдық пікірі
алдында атақсыз болды. Каир конгресінің жұмыстарында кеңестік
мұсылмандардың делегациясы қатысқан жоқ.
1931 жылы Иерусалимде Палестинаның бас муфтиі Амина аль-Хусейннің
инициативасы бойынша жаңа жалпы мұсылмандық конгрес өткен болатын. Бірінші
орында конгреске қатысушылардың алға қойған мәселесі Иерусалимдегі (Аль-
Кудс) мұсылмандық қасиетті жерлер еді. Сол уақытта Амина аль-Хусейн ағылшын
мандатының билігімен тығыз қатынаста еді, сол себептен Палестинада
конгреске қатысушылардың назарын палестиналық мәселелерді талқылауға
тартты. Иерусалимдегі Аль-Кудс ісі бойынша тұрақты хатшы конгресті ашты
және оның төрағасы етіп сол кездің көрнекті ирандық саяси қайраткері Зиа ад-
Дина Табатабаиды тағайындады. Алайда, 1936 жылы ағылшын билігі хатшылықты
таратып жіберді және Палестинаның территориясынан тысқары конвенцияның
әрекет етуіне тыйым салды.
Бұл үш форумда жалпы мұсылмандық қозғалыс дамуында еш мәнге ие болған
жоқ.Бірақ олар даму үрдісінің тоқтап қалуына кедергі жасады, кең түрдегі
мұсылмандық аймақтық бірігуді құрумен дәлелдеді.
1935 жылы Парижде тұратын, египеттік журналист әрі адвокат, саяси
эмигрант Махмуд Селим Женевада жалпы мұсылмандық съезді ұйымдастырды. Бұл
форум европалық кантиненттегі мұсылмандарды тартуды қажет деп білді.
Палестиналықпен қатар болашақ ИКҰ қызметіне бағытталған қадам болып
табылады [3].
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ислам әлеміне басшылық етуге Иран
мен Пакистан үміткер болды. Араб ойшылдарының айтуы бойынша ислам діні
арабтардың арасында пайда болды, Құран араб тілінде жерге түсірілді, сол
себептен мұсылмандар арасында арабтардың ролі жоғары деп білді. Пакистанның
саяси қайраткерлерінің ойынша олардың мемлекеті нағыз
діни орталық негізінде құрылған жалғыз мемлекет болып табылады. Иран өзін
шығыс мәдениетінің бесігі болып табылатынын айтып, өз тарапына араб емес
мұсылман халқын тартып, ислам әлеміндегі арабтардың ерекше жағдайына қарсы
әрекет етті. Сауд Аравиясы мұсылмандық қасиетті жерлердің қорғаушысы деп
жарияланғанымен өз талаптарын негіздеді. Ливия-Арабиялық Джамахирия өзінде
нағыз ислам қоғамын құрып жатқанын мәлімдеді және исламдық сенімді бәрінен
артық таза күйінде алып жүруді және еуропалық ықпалдан қорғауды айтты [1,
261 б.].
Бұл орайда Сауд Аравиясы өз жұмысын күшейтті, Иерусалимдегі Аль-Акса –
мұсылман мешітінің өртенуін сылтау ретінде қолданып, 1969 жылы тамыз айында
Ислам пактісін құруға белсенді қатысты. 60 жылдардың басында панисламизмнің
дамуындағы үрдістер басты ұранның өзгеруіне әкелді, яғни бірыңғай
мұсылмандық мемлекет құру болды. Бұл үрдістердің негізінде Таяу Шығыста –
мұсылман әлемінің орталығында айқын өзгерістер болуы күтілді. 60 жылдардың
ортасында исламды тарату аймағы елдерінің бірқатарында ұлтазаттық қозғалыс
антифеодалдық, антиимпериалдық мазмұнға ие болды. 1952 жылы Египеттегі,
1958 жылы Иракта, 1962 жылы Солтүстік Йеменде болған революциялар араб
елдерінде әлеуметтік қарама-қарсылық процесін күшейтті. Сирия, Алжир, Ирак,
Индонезия сияқты елдерде қайта құрылу басталған еді, олардың кейбіреулері
антикапиталистік бағыт алған болатын.
Багдад пактісінің күйреуі, СЕНТО-ның атақсыздығы, араб мемлекеттер
Лигасында антифеодалдық, антиимпериалистік көріністің болуы, Оңтүстік
Йемендегі антиколониялық күрестің өсуінің ықпалымен Оңтүстік Аравиялық
жарты аралдан Ұлыбританияның кету перспективасы, Парсы шығанағы аймағында
бірқатар ұлттық азат ету ұйымдарының пайда болуы (Прасы шығанағы мен Оманды
азат етудің ұлттық фронты, Бахрейнді азат етудің ұлттық фронты және т.б.) –
бұл Палестинадағы қарсылық қозғалысының бірігу бастамасы еді. Қосылмау
қозғалысының өсуі және оның үшінші әлемге әсері, әлемдегі жаңа күш
жағдайындағы әлемдік саясаттағы мұнай ролінің көтерілуі орын алып жатты.
Айтылып өтілген факторлар исламды тарату аймағындағы монархиялық режимге
үлкен қауіп төндірді. Бірінші орында Сауд Аравиясы Корольдігіне әсер етті.
Сауд Аравия Корольдігі дін негізіндегі кең ауқымды халықаралық саяси
блок құру идеясын жүзеге асыруда бастаушы болып шықты. Исламның жасыл
жалауы барлық араб елдерін қамтып қоймай, сондай-ақ Азия және Африка
елдерінің бірқатарына стратегиялық қатынаста болды. Иран, Индонезия сияқты
ірі араб емес мұсылман мемлекеттерін сол блокқа қатысу үшін негіз жасады.
Пакт шеңберінде діни формадағы ынтымақтастық астам держава саясатынан
тәуелсіз болу елесін көрсетті. Мұсылмандық қосылмау барлық мұсылман
мемлекеттерінде қоғамдағы ислам дінінің күші артып, императивтік мәнге ие
болды. Оны қандай да саяси жүйенің елемеуі мүмкін емес еді.
Сауд Аравиясының корольдері Фейсал, Халед және Фахд үнемі Сауд
Аравиясының сыртқы саясатының бірінші қағидасы болып исламдық
ынтымақтастық, ал екінші қағидасы – арабтардың бірлігі деп сызып айтқан
[2, 46-47 б.].
Айта кету керек, Сауд Аравиясы мұсылман әлемінде көшбасшы болуға
ұмтылды. Мысалға айтсақ: екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Трансиордания
королі Абдаллах тарапынан ұсынылған Ұлы Сирия жобасына қарсы шықты, сондай-
ақ Ирак королі кабинет басшысы Нури Сайдтың жоспарын қайтарып тастаған
болатын.
1956 жылы наурыз айында Сауд Аравиясы Египет пен Пакистанмен бірге
Исламдық конгрес (Пакт) құру туралы келісімге қол қойды. Пакттың міндеттері
айқын емес еді, осыған орай саяси өмірі ұзаққа созылған жоқ.
1957 жылы Сауд Аравиясы Арабтық Шығыс, Орталық Африка, Турция, Иран
және Пакистан елдеріне Исламдық пакт құру ұсынысын хабарлады. Бұл жоба
негізінде ұйымдасушылық мақсаты көзделген болатын. Египетке агрессия
жариялаған Франция, Ұлыбритания, Израильдің бірлескен одағына мұсылман
елдерінің бірлесіп АҚШ-пен бірге қарсы бағытталу негізі көзделген. Мұндай
идеяның жүзеге асуы коммунизмге қарсы санитарлық кордон құру болып
табылатын. СССР, ҚХР, Албания мен Югославия сияқты социализм елдеріндегі
мұсылман қауымына перспективалар ашылды. Сол кезде бұл жобаға Иран мен
Иордания қызығушылық танытқан болатын. Ал Пакистан Бүкіләлемдік біріккен
ислам пактісін бекітуді ұсынып, өз инициативасын білдірген болатын.
Мұсылмандық ынтымақтастық көз қарасынан Сауд Аравиясының ұсынысы мен
позициясы басқа мұсылман елдеріне қарағанда артықшылығы бар ел болатын.
Себебі исламның негізгі қасиетті жерлері мен қажылық ел – Сауд Аравиясы
еді.
Сауд Аравиясы королі екі қасиетті мешіттің (мұсылмандардың құбыласы
болып табылатын Меккедегі қасиетті мешіт және Мұхаммед Пайғамбардың мешіті
) қорғаушысы болап табылады.
Сонымен қатар, Сауд Аравиясының инициативаси исламды тарату аймағында
өз мүдделерін білдіретін батыс мемлекеттер тарапынан ешқандай қарсылық
көрген жоқ. Себебі Сауд Аравиясы бұл елдермен бірнеше рет стратегиялық
мазмұнда қарым қатынас орнатқан болатын.
Басқа жағынан, рухани көшбасшылыққа талап арызы қаруы мол қорлары мен
қаражаттық потенциалға қарамай шек қойылған әскери мүмкіншіліктермен мұнай
алыбын компенсациялайды. Бұл шамданушылықтарының негізгі материалдық
қамтамасыз етуі мұнайдан миллиардтық табыстарға жетуге әкеліп соқтыратын
еді.
1965 жылы желтоқсанда Сауд Аравиясының королі Фейсал Иранға сапары
барысында барлық ислам мемлекеттерінің басшыларынан құралған конференцияны
шақыру туралы ресми ұсынысымен шыққан болатын. 1966 жылы американдық
инициативамен тек екі ел келісімін білдірді. Сауд Аравиясы –Иран және
Иордания, барлық қалған ислам мемлекеттері бұл идеяға қарсылық білдірді,
соның ішінде СЕНТО бойынша Иранның одақтасы
Пакистанда қарсылығын білдірді [4, 165 б.].
Исламдық пакт идеясына Египеттің көз қарасын Насер 1966 жылы 22
ақпанда Каир университетінде бұқаралық митингте шығып айқын тұжырымдады.
Біз осы ОАР-да, империализм мен кертартпалық мақсатына жету үшін дінді
пайдалануға қарсы шығамыз. Біз Ислам пактісі мен Ислам конференциясына
қарсы шығамыз. Алдын да Багдад пактісі, Эйзенхауэр доктринасына қарсы
шыққан болатынбыз және басқа да кертартпа айла тәсілдерге қарсы шығамыз.
Біз мәлімдейміз, нағыз исламдық ынтымақтастық- бұл империализмге қарсы
күресетін барлық мұсылман халқының ынтымақтастығы. Кертартпалық бағытта
исламды бұрмалау, империализм агенттері болып табылатын кертартпалық
биліктің ынтымақтастығы емес. Олар тарихты кері тартуға талпынады және
өрлеу жолындағы дамуға кедергі жасайды... [2, 48 б.].
1967 жылы маусым айында Израиль тарапынан болған агрессия және оның
салдары Арабтық Шығыстағы күштердің ара қатынасын байыпты өзгертті. Мұның
салдары ретінде Египет пен Сирия Сауд Аравиясымен қатынастарын қалпына
келтіруге мәжбүр болды. Бар күштерін әскери экономикалық әлеуетін қалпына
келтіруге бағыттады. Мұсылман әлемінде Сауд Аравиясымен қатынастарды
қалпына келтіруге қажеттілік туындады. Египет саудтыққа қарсы насихаттан
бас тарту мен Солтүстік Йеменде республикалық режимге көмек көрсетіп жүрген
әскерін ол жерден шығаруға мәжбүр болды. Сауд Аравиясы мұсылман елдерінің
Ұйымын құру идеясын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіншілік алды. Израильдық
агрессияның салдарын сылтау ретінде ұсынып бірінші орында Иерусалимдегі
және қасиетті діни құндылықтарды қорғауда барлық мұсылман мемлекеттерінің
ынтымақтастығы қажет деп білді.
1969 жылы тамыз айында Египет Сауд Аравиясы королі Фейсалдың
Иерусалимді қайтаруға күрес мәселесін талқылау үшін жоғарғы деңгейдегі
ислам елдерінің конференциясын шақыру ұсынысын формальді түрде қолдады. Бұл
инициативаның шынайы мақсаты Гамаль Абдель Насерге белгілі еді. Осылайша
халықаралық қатынастарда жаңа ұйым пайда болды – Ислам Конференциясы Ұйымы.
Араб мемлекеттерінің Лигасы, исламдық қосылмау қозғаласы, біріккен
мұсылман ұлтының ұйымына өзінше бір балама ретінде құрылды. Әр түрлі
жарияланымдарда мұндай атаулардың көптігі оның қатысушыларының
мақсаттарының әр түрлілігін көрсетті.
1969 жылы 25 тамызда Иерусалимдегі Аль-Акса мешітін өртегеннен кейін,
төрт күн өте Каирда 14 араб мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері
жиылып, Таяу Шығыста болып жатқан оқиғаларды талқылау үшін жоғарғы
деңгейдегі ислам мемлекеттерінің кеңесін өткізу жайындағы Сауд Аравиясының
ұсынысымен келісті. Даярлық комитетіне Марокко, Сауд Аравиясы, Иран,
Пакистан, Сомали, Малайзия және Нигер кірді. Кеңеске шақырылған 35 елден 25
мемлекеттің делегациясы келді және тек 10 елдің
мемлекет басшылары жиналды. Пакистанның үндеуі бойынша Кеңестен
Индия делегациясы кетуіне мәжбүр болды. Индияны бұл Кеңеске Сауд
Аравиясының королі Фейсал шақырған болатын. Кеңес өткізілетін ғимараттың
тутұғырынан Индияның туы түсірілді [4, 173 б.].
1969 жылы қыркүйек айында Рабатта (Марокко) 24 мұсылман елінің үкімет
және мемлекет басшыларының бірінші кездесуі өтті. Бұл кеңестің негізгі
шешімі Израильдің өктемдік саясатына қарсы ислам дәстүрлі таралған елдердің
ынтымақтастығын қатайту және Палестинаның арабтық халқына көмек көрсету,
сондай-ақ Иерусалимнің арабтар орналасқан бөлігін азат ету болып табылады.
Осы кеңесте бірыңғай сенім негізінде мұсылман мемлекеттерінің бірлестігі
–Ислам Конференциясы Ұйымын құру туралы шешім қабылданған болатын [1, 262
б.].
Рабатта өткен Кеңесте Сирия Мароккомен дипломатиялық қатынастардың
үзілуіне байланысты қатысқан жоқ. Сондай-ақ Ирак Кеңесте ООП бақылаушы
мәртебесіне қанағаттанбағандықтан Кеңеске қатысқан жоқ және қоғамда
мұсылмандар ықпалды күшке ие болатын бірқатар мемлекеттер : Шри-Ланка,
Камерун, Піл Сүйегі Жағалауы, Жоғарғы Вольта, Нигерия, Танзания, Мальдивия
Республикасы.
1969 жылы 24 қыркүйекте өткен Кеңес декларациясында ислам елдерінің
жоғарғы деңгейде өтетін кездесулерінің себептері мен жобалары құрылды:
діни дүниетаным – халықтардың жақындасуы мен олардың өзара түсіністігінің
әрекет етуші факторы ретінде; адамзаттың өрлеуін жүзеге асырудың факторы
ретінде исламның әлеуметтік – экономикалық, моральдық, рухани құндылықтарын
сақтау; барлық адамдардың тең құқықтылығының негізін қатайту, исламды
үйретудің жолын ұстаушылық пен берік сенім; барлық ұлттардың арасында тығыз
ынтымақтастықты құрған БҰҰ жарғысының қағидалары мен мақсатын қатаң ұстау,
ол адамның негізгі құқығы; нәсілдік кемсітушіліктен бас тарту және
шыдамдылық пен әділеттілік қағидаларына негізделген жалпы өркениеттің
мұрасы ретінде өздерінің халықтарының арасында бостандықтарын сақтай отырып
рухани байланыстарды кеңейту және қатайтуға ұмтылу; бүкіл әлемде
бостандықты бекіте отырып өрлеу мен гүлденуге қол жеткізуге ұмтылу;
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда өздерінің бар күштерін
біріктіруге шешім қабылдау .
Декларацияның қаулы бөлімі мәлімдеме нысанында көрініс тапты.Діни
негізде құрылған жаңа мемлекетаралық ұйымның әрекет ететін нақты жоспары
декларацияда көрсетілмеді.
Кеңеске қатысушылардың үкіметі келесілерге келісті: экономикалық,
ғылыми, мәдени және рухани салаларда өзара көмек көрсету тығыз
ынтымақтастық мақсатында ақылдасу, исламды мәңгі үйретуге шабыттану,
олардың арасында туындайтын мәселелерді бейбіт жолмен шешуге міндеттеме
алады, БҰҰ-ның қағидалары мен мақсаттарына сәйкес халықаралық бейбітшілік
пен қауіпсіздікті қатайту ісіне үлес қосады.
Декларацияда таяушығыстық дағдарыс пен Иерусалим мәселесіне
қатысты кеңеске қатысушы мемлекеттердің позициясы толық баяндалды. Онда
келесідей айтып ескертілді: олардың үкіметтері мен халықтары Палестина
мәселесі жайлы қандай да шешімді қайтарып тастауға батылдық танытуда, 1967
жылы маусымда болған оқиғаға дейінгі Иерусалим қаласының алдыңғы
мәртебесіне кепілдік бермейді [2, 50 б.].
Алты ай өткен соң 1970 жылы ақпан-наурыз аралығында Джиддада өткен
сыртқы істер министрлерінің бірінші конференциясында Бас хатшылық құрылған
болатын. Бұл тұрақты әкімшілік органның құрылуы Ислам Конференциясын
халықаралық үкіметаралық ұйымға айналдырды [37, 276 б.].
1970 жылы 26-28 желтоқсан аралығында Карачида өткен сыртқы істер
министрлерінің конференциясында Бас хатшылыққа Ислам Конференциясының
Жарғысының жобасын әзірлеу жұмыстарын қамтамасыз ету тапсырылған болатын.
1971 жылы 21-23 маусым аралығында Джиддада өткен арнайы конференцияда
ұйымның құрылтай құжатының жобасы жасалды.
1972 жылы 29 ақпан мен 4 наурыз аралығында сыртқы істер министрлерінің
үшінші конференциясы Ауғаныстандағы ауыр ішкі саяси жағдайға байланысты
қайтадан Джиддада өтті. Оның басты нәтижесі ИКҰ Жарғысының қабылдануы
болды. Бұл орайда профессор Т.Н.Нешатаевамен келісу керек. Ол ұйым
жарғысының күшіне енуі айтулы нәтижелерге алып келді. Оның негізгі мәні,
ұйымды құрған ұқсас емес мемлекеттердің бірігуі арқасында халықаралық
құқықтық жаңа субъектісі пайда болды. - деді [5, 75 б.].
Ислам Конференциясы Ұйымы үкіметаралық деңгейде әрекет ететін жалғыз
мұсылмандық халықаралық ұйым болып табылады. Қазіргі таңда оның құрамында
Азия, Африка және Латын Америкасынан 57 мемлекет бар. 1969 жылы ИКҰ-ны
құрған Ауғаныстан, Алжир, Чад, Египет, Гвенея, Индонезия, Иран, Иордания,
Кувейт, Ливан, Ливия, Малайзия, Мали, Мавритания, Марокко, Нигер, Пакистан,
Сауд Аравиясы, Сенегал, Сомали, Судан, Тунис, Туркия, Йемен және ООП Ясир
Арафат атынан Палестина мемлекеттері болатын. 1972 жылы ұйымға Бахрейн,
Оман, Катар, Сьерра-Леоне, Сирия және Біріккен Араб Әмірлігі мүше болды.
1974 жылы Бангладеш, Буркина-Фасо (сол кезде Жоғарғы Вольта болатын),
Камерун, Габон, Гамбия, Гвинея-Бисау, Уганда қосылды. 1975ж – Ирак, 1976ж –
Комор аралдары мен Мальдиви, 1978ж - Джибути, 1983ж – Бенин, 1984ж –
Бруней, 1986ж – Нигерия, 1992ж – Албания, Азербайджан, Қырғызстан,
Тәжікістан, Түркменстан, 1994ж – Мозамбик, 1995ж – Қазақстан, 1996ж –
Суринам және Өзбекстан, 1997ж – Того, 1998ж – Гайана, 2001ж – Кот-д,Ивуар
ұйымға мүше болды.[6]
ИКҰ БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастық қатынас орнатқан: 1975 жылы Бас
Ассамблеяның 30-шы сессиясында ИКҰ-ның сұранысы бойынша БҰҰ-да бақылаушы
мәртебесін иеленді, Бас Ассамблеяның 36-шы сессиясында БҰҰ
мен ИКҰ арасында ынтымақтастық туралы резолюция қабылданды. Ол
резолюцияда тараптардың іс-әрекетін реттейтін арнайы механизм құру туралы
келісті. 1984 жылы Нью-Йоркта ИКҰ-ның тұрақты миссиясы ашылды [36, 98 б.].
Жарғыға сәйкес ИКҰ-ның жоғарғы органы болып үкімет пен мемлекет
басшыларының конференциясы табылады және ол үш жылда бір рет өтеді. Бірінші
конференция 1969 жылы Мароккода (Рабат) жоғарғы деңгейде өтті, екіншісі-
1974 жылы Пакистанда (Лахор), үшіншісі – 1981 жылы Сауд Аравиясында (Мекка-
Таиф), төртіншісі -1984 жылы Мароккода (Касабланка), бесіншісі- 1987 жылы
Кувейтте, алтыншысы-1991жылы Сенегалда (Дакар), жетіншісі- 1994 жылы
Мароккода (Касабланка), сегізіншісі-1997 жылы Иранда (Тегеран), тоғызыншысы
-2000 жылы Катарда (Доха), оныншысы- 2003 жылы Малайзияда (Путраджайя)з, он
біріншісі- 2008 жылы Сенегалда (Дакар) өтті. Жиналыстар жоғары дәрежеде
өтіліп, онда аса қажетті халықаралық мәселелер мен ИКҰ саясатының
бағыттарын қарастырады [1, c.263]

1.2 ИКҰ Жарғысы: ИКҰ міндеттері, мақсаттары мен қызмет ету қағидалары
Рабатта өткен кеңестен үш жыл өткен соң, 1972 жылы ақпан-наурыз
аралығында Джиддада өткен сыртқы істер министлерінің Конференциясында Ислам
Конференциясы Ұйымының Жарғысы қабылданды. ИКҰ Жарғысы 14 баптан құрылған.
1-ші бабында бір – біріне ұқсамайтын мемлекеттердің Ислам Конференциясы
Ұйымын құрғанын және халықаралық құқықта жаңа субъект пайда болғанын
хабарлайды. Жарғыға сәйкес халықаралық үкіметаралық мұсылман
мемлекеттерінің ұйымына (1969ж) Рабатта өткен үкімет және мемлекет
басшыларының конференциясына қатысқан, (1970ж) Карачида өткен сыртқы істер
министрлерінің конференциясы мен (1972ж) Джиддада Жарғыға қол қойған барлық
мемлекеттер мүше болды. (Жарғының 8 бабы).
Ұйымға мүшелікке қабылдану арызы Бас хатшылыққа беріледі және кезекті
сыртқы істер министрлерінің Конференциясында бекітіледі. Бекітілу үшін
конференцияға қатысушылардың 23 даусын жинауы қажет (Жарғының 8 бабы).
ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің XXV
Конференциясында және XXVII сессиясында ИКҰ-ға мүшелікке қабылдану тәртібін
реттеу мәселесі қаралған болатын. ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер
министрлерінің XXVII Конференциясында (2000ж, 27-30 маусым, Куала-Лумпур,
Малайзия) ИКҰ-ға толық мүшелікке қабылданудың Ереже процедурасы қабылданды
[22]. Бұл ережелер сыртқы істер министрлерінің XXV Конференциясында №125-
ORG резолюциясында ИКҰ Жарғысының 8 бабын толықтыру кезінде қабылданды.
Осы Ережеге сәйкес, өтініш беруші мемлекет Бас хатшылыққа ИКҰ Жарғысында
көрсетілген міндеттері мен қағидаларды, мақсатын сақтау жайындағы өзінің
шешімін және Ұйымға толық мүшелік ету тілегін білдіріп, жазбаша түрде арыз
беруі қажет. (Ереженің 1бабы). Арыз ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер
министрлерінің кезекті Конференциясының шақырылуына 90күн бұрын берілуі
қажет және келесі мәліметтер көрсетілуі қажет (Ереженің 2 бабы):
1. Мемлекет конституциясында ислам діні ресми дін ретінде көрсетілген
бе;
2. Мемлекетте ислам шариаттары қаншалықты дәрежеде қолданылады немесе
заңнаманың қайнар көзі ретінде қарастырылады ма;
3. Мемлекеттің жалпы халқының және мұсылмандардың пайыздық ара
қатынасы, сондай-ақ мемлекеттегі басқа діни нанымдардың ізбасарлары
мен мұсылмандардың пайыздық ара қатынасы.
4. Мемлекет юрисдикциясының астындағы мұсылман қауымының жағдайы
туралы ақпараттар, сондай-ақ мемлекеттегі өзге қауымдар мен
мұсылман қауымының тең құқықтылық қағидасына сәйкес жүргізіліп
жатқан заңнама туралы ақпарат ұсынылуы қажет.
Бас хатшылық арыз түскен күннен бастап 30 күн өткен соң мүше
мемлекеттерге хабарлайды және өз көз қарасын білдіреді (Ереженің 3 бабы).
Арыз ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кезекті
конференциясына қаралуға беріледі және шешім шығарылады. (Ереженің 4 бабы).
Өтініш беруші мемлекет ИКҰ-ға мүшелік құқығын ИКҰ Жарғысын
ратификациялауды растағаннан кейін және құжаттар Бас хатшылыққа сақтауға
берілгеннен кейін қолдана алады (Ереженің 5 бабы).
Жоғарыда айтылған ережелер ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер
министрлерінің Конференциясында жоғарыда көрсетілген резолюцияны
қабылдағаннан кейін кідірмей әрекет ете бастады. (Ереженің 6 бабы) [2, 50
б.].
Мұсылмандық емес елдегі азшылық мұсылмандар ИКҰ-ға бақылаушы ретінде
бір өкілден жібереді, сонда ислам мемлекеттерінің өкілдері шешуші дауысты
ұсынады. Жарғының 2 бабында ИКҰ-ның мақсаты мен қағидалары көрініс тапқан.
Ұйымның мақсаты болып:
1. Мүше мемлекеттер арасында исламдық ынтымақтастықты нығайту.
2. Ғылыми, мәдени, әлеуметтік, экономикалық және өзге де қажетті салаларда
мүше мемлекеттер арасында ынтымақтастықты қолдау, сондай-ақ халықаралық
ұйымдарда мүше мемлекеттер арасында консультациялар жүргізу.
3. Нәсілшілдік пен отаршылдықтың барлық формаларын жоюға көмектесу.
4. Әділеттілік негізінде халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қолдау
үшін қажетті іс-шаралар өткізу.
5. Киелі жерлердің бүтіндігін сақтау мен азат ету әрекеттерін үйлестіру,
сондай-ақ палестина халқының күресін қолдау мен оның территориясының азат
етілуі мен құқықтарын қайтаруға көмек көрсету.
6. Барлық ислам халықтарының ұлттық құқықтары мен тәуелсіздігі, қадір
қасиетін сақтауға күресуге қолдау көрсету.
7. Мүше мемлекеттер арасында сондай-ақ басқа мемлекеттермен өзара
түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға жағдай жасау.
Жарғының 2-бабының б тармағы Ұйымның әрекет ету қағидаларына
арналған:
1. Мүше мемлекеттер арасында толық тең құқықтылық.
2. Мүше мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау мен өзін- өзі билеу
құқығын құрметтеу.
3. Әр бір мүше мемлекеттің территориялық біртұтастығын, тәуелсіздігі
мен егемендігін құрметтеу.
4. Мүше мемлекеттер арасында туындайтын дауларды бейбіт әдістермен
шешу. Келіссөздер жүргізу, жарастыру, делдалдық және арбитраж тәсілдермен
шешу.
5. Мүше мемлекеттер арасында ұйымның қайсы бір мүше мемлекетінің
саяси тәуелсіздігі және территориялық біртұтастығы мен қол сұғылмаушылығына
қарсы бағытталған күш қолдану немесе күш қолданам деп қоқан лоққы жасаудан
жалтару.
Жарғының 3-бабына сәйкес Ұйымның органдарына келесілер жатады:
мемлекет және үкімет басшыларының Конференциясы, сыртқы істер
министрлерінің Конференциясы, Бас хатшылық және оған бағынышты мекемелер
[7].
Мемлекет және үкімет басшыларының Конференциясы Ұйымның жоғарғы
органы болып табылады және үш жылда бір рет жиылады. Ақырғы Конференция
2008 жылы Сенегалда өтті. Ол ислам әлемінің аса маңызды мәселелерін шешу
мен осы мақсаттардағы Ұйым саясатын үйлестіру үшін жиылады. Жоғарғы
органның Кеңестерінде резолюциялар мен шешімдер консенсус қағидасы
негізінде қабылданады. Жоғарғы органның Кеңесі мен сыртқы істер
министрлерінің Конференциясының күн тәртібінің ара қатынасы бірде екі
есебімен жүреді.
Ұйымның тұрақты жұмыс жасайтын органы сыртқы істер министрлерінің
Конференциясы болып табылады. Жоғарғы органда кездесулер өтер алдын, сыртқы
істер министрлер Конференциясында даярлық кеңесі өтеді.Қазіргі таңға дейін
сыртқы істер министрлерінің 36 Конференциясы өтті. 2011 жылы ИКҰ-ға мүше
мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің 38-і Конференциясы Астанада
өтеді деп күтілуде.
ИКҰ сыртқы істер министрлері немесе аккредиттеген өкілдер деңгейінде,
Ұйымға мүше мемлекеттердің бірінде жылына бір рет жиылып отырады.(5 бап, I
бөлім, а тармағы).
Қайсы бір мүше мемлекеттің талап етуімен немесе Бас хатшылықтың талап
етуімен Конференцияға мүше мемлекеттердің 23 келісімімен кезектен тыс
отырыс шақырылады. Конференция мемлекет және үкімет басшыларының Кеңесін
шақыру туралы ұсыныс жасай алады. Осыған дейін кезектен тыс 11 сессия
өтілді. Ақырғы сессия 2002 жылы 1 мен 3-ші сәуір аралығында Малайзияда
Куала-Лумпур қаласында болып өтті.
Жарғының 5-ші бабында сыртқы істер министрлері Конференциясының
қызмет бабына кіретін сұрақтар қарастырылған:
Конференцияның жалпы саясатын жүзеге асырудағы қаражат сұрақтарын
қарастырады; алдыңғы сессияда қабылданған шешімдерді орындауды қадағалау;
жарғыда бекітілген Конференция міндеттері мен мақсатына сәйкес өзара ықылас
көрсететін сұрақтар бойынша шешімдер қабылдау; Бас хатшылықтың бюджетін
бекіту мен қаржы комиссиясының есебін талқылау; Конференция бас хатшыны
тағайындайды; Конференция Бас хатшының ұсынысы бойынша үш орынбасарын
тағайындайды. Бас хатшы орынбасар орнына кандидатура ұсынар алдында олардың
қабілеттілігі, Жарғының мақсаттарын сенім мен қалтқысыз орындауын ескереді
және де әділетті географиялық бөліністі ескереді; мүше мемлекеттер тобы
немесе мемлекеттің мүддесін қозғайтын қандай да мәселені үйрену, егер ол
сәйкесінше шараларды қабылдауды талап етсе.
Сыртқы істер министрлерінің Конференциясында шешімдер мен ұсыныстар
мүше мемлекеттердің 23 кворумында 23көпшілік даусымен қабылданады.
Сыртқы істер министрлерінің Конференциясы мемлекет және үкімет
басшыларының Конференциясында қолданатын және қолдануға тиіс ереже
рәсімдерін бекітеді. Конференция әр сессияға төрағаны сайлайды. Бекітілген
ережелер сыртқы істер министрлерінің Конференциясында немесе мемлекет және
үкімет басшыларының Конференциясында ұйымдастырылатын көмекші органдарға
қолданылады.1980 жылы мамырда сыртқы істер министрлерінің XI
Конференциясында министрлерден құралған тұрақты әрекет ететін Комитет
құрылды. Оның құрамында ИКҰ Бас хатшысы мен мүше мемлекеттерден 11министр
бар. Комитет шеңберінде мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша
бестік тобы әрекет етеді. Комитет функциясына мүше мемлекет бірін
мазалайтын дағдарыс немесе қандай да төтенше жағдайларды қарау кіреді.
Сондай-ақ мұсылман елдердің арасындағы конфликтілер мен дауларды шешеді.
Комитет жыл сайын өтетін сыртқы істер министрлерінің Конференциясының
тапсырмаларын орындайды. Комитеттің функциялары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің
қызметіне ұқсап кетеді. Мұндай тұрақты органның жұмыс жасауы БҰҰ жүйесінің
қызметімен салыстырғанда халықаралық қатынастардағы ислам елдерінің
ынтымақтастығы негізінде ұйымдық жүйелердің құрылуында жасаған бір қадам
болып табылады.
Қауіпсіздік концепциясының қабілеті – ол ислам елдерінің
тілектестігі мен ынтымақтастығы арқылы мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін
қатайту [23].
ИКҰ жүйесінде ұжымдық қауіпсіздік қағидасы құрылған. Дакар
деклорациясында (1991 жылы 9-11 желтоқсан аралығында Дакарда өткен ИКҰ мүше
мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшыларының VI Конференциясы)
келесідей айтылған: Біз мүше мемлекеттің біріне қарсы бағытталған қандай
да бір қауіп қатерді халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы
бағытталған деп білеміз, сондай-ақ барлық мүше мемлекеттерге қарсы
бағытталған [24]. Декларация Иракқа қарсы шөл даладағы дауыл операциясы
аяқталған соң және ИКҰ-ның бірқатар мемлекеттерінде саяси бөліну болып
жатқанда қабылданды. Осы оқиғаларға байланысты деклорация еш мәнге ие
болмады.
Барлығына мәлім болғандай, (1991ж. 31шілде – 5 тамыз) Каирда өткен
ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің XIX Конференциясында
резолюция қабылданған болатын. Ол резолюция Кувейтке Ирактың шабуылынан үш
күн өткен соң ирактық агрессияны айыптады, резолюцияны ИКҰ-ның 46 мүшесінен
8-і қолдаған жоқ.
Мемлекеттің территориялық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігі,
егемендігіне қатысты халықаралық құқықтың қағидаларын құрметтеу
қажеттілігі, халықаралық қатынастарда күш қолданбау, дауларды бейбіт жолмен
шешу және ислам мемлекеттерінің қауіпсіздік алғышарты ретінде
мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау- сияқты халықаралық құқықтың
қағидалары ИКҰ-ға мүше мемлекеттермен танылған [23].
ИКҰ-ның үшінші органы болып Бас хатшылық табылады. 1970 жылы ақпан
айында Джиддада ИКҰ-ға мұше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің I
Конференциясында құрылды. Бас хатшылықтың штаб- пәтері Джиддада (Сауд
Аравиясы Карольдігі) орналасқан [2, 54 б.].
ИКҰ Жарғысының 6 бабына сәйкес Бас хатшылық келесідей жұмыстар
жасайды: Хатшылық мүше мемлекеттер арасында байланысты қамтамасыз етеді,
консультациялар үшін жеңілдіктер ұсынады, мемлекеттер арасында жалпы
қызығушылық тудыратын мәліметтерді тарату мен пікір алмасуды қаматамасыз
етеді; Бас хатшылық Конференцияның шешімдерін орындауын ұйымдастырады және
ол жайлы есеп ұсынады. Бас хатшылық мүше мемлекеттерге жұмыс құжаттары және
Конференцияның шешімдері мен ұсыныстар шегіне сәйкес келетін шаралар туралы
хабарламаларды тікелей ұсынуы қажет; Бас хатшылық Конференцияның шешімдері
мен ұсыныстардың орындалуын қадағалайды және ол жайында Конференцияға есеп
ұсынады. Бас хатшылық мүше мемлекеттерге жұмыс құжаттары және
Конференцияның шешімдері мен ұсыныстар шегіне сәйкес келетін шаралар туралы
хабарламаларды тікелей ұсынуы қажет; Қабылдаушы мемлекетпен бірлесе отырып
Бас хатшылық отырыстарды ұйымдастырушылық және әкімшілік жоспарды
дайындайды [7]. Жарғы бойынша Конференция термині қалыптасқан тәжірибеге
сәйкес ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің
Конференциясы, сондай-ақ мемлекет және үкімет басшыларының Конференциясы
деп түсіндіріледі. Бас хатшылықтың құрамына Бас хатшының кеңсесі және әр
түрлі 19 департамент кіреді.
Бас хатшылықтың жұмысын ИКҰ-ның Бас хатшысы басқарады. Ол
тағайындалған күннен бастап төрт жыл мерзімге және бір реттен артық бола
алмайды. (ИКҰ Жарғысы 6 бап)
ИКҰ әрекет ету кезеңінде Бас хатшы болғандар: (1971- 1973 жж.)
Малайзиядан Тунку Абдуль Рахман; (1974-1975 жж.) Египеттен Хасан Аль-
Тухами; (1975-1979 жж.) Сенегалдан Амаду Карим Гайе; (1979-1984 жж.)
Тунистен Хабиб Шатти; (1985-1988 жж.) Пакистаннан Сейед Шарифуддин Пирзада;
(1989-1996 жж.) Нигерден Хамид Аль-Габид; (1997-2000 жж.) Мароккодан Азедин
Лараки; (2001-2004 жж.) Мароккодан Абдель Вахид Белькезиз. Қазіргі таңда
ИКҰ-ның Бас хатшысы болып 2005 жылдан бастап Турциядан Экмеледдин Ихсоноглу
табылады [2, 55 б.].
ИКҰ Жарғысын айта келе, оның мерзімсіз мінезге ие екенін байқаймыз.
Жарғының осы белгісі БҰҰ Жарғысымен жақындастырады. Жарғыда Ұйымның
құрылтай құжатына толықтырулар мен өзгертулердің енгізілу мүмкіншілігі
туралы жазылған (11 бап). Осы бапқа сәйкес ИКҰ Жарғысына өзгертулер енгізу
үшін сыртқы істер министрлерінің Конференциясында резолюция қабылдануы тиіс
және ол резолюция мүше мемлекеттердің 23 көпшілік даусымен
ратификациялануы қажет. 1981 жылы Меккеде өткен мемлекет басшыларының
үшінші саммитінде сыртқы істер министрлері мен мемлекет және үкімет
басшылары Конференцияларының функциясын реттейтін 4- ші және 5-ші баптарға
өзгертулер енгізілген болатын. Ақырғы өзгертулер, ИКҰ-да халықаралық ислам
соты құрылғаны жайлы Жарғы мәтініне енгізілмеген еді, себебі мүше
мемлекеттердің қажетті саны ратификацияламаған болатын [8, 85 б.].
2009 жылы 28 желтоқсанда Египет астанасы Каирда өткен Ислам
Конференциясы Ұйымының Парламенттік одақ мәжілісінде ИКҰ Жарғысына
өзгертулер енгізілді. Өзгертулер енгізудің мақсаты болып жатқан оқиғаларға
қатысты органға аса икемділік пен шапшаңдық беру болып табылады.
Өзгертулердің бірі мүше мемлекеттердің ішкі юрисдикциясына қатысты
мәселелерге араласуға ИКҰ Парламенттік одағының араласуға құқығы жоқ
екендігін қарастырады. Келесі өзгерту ИКҰ мәжілісі бұрынғыдай екі жылда бір
рет өтілмейді, енді жылына бір рет өтіледі. Мәжіліс өтілетін уақыт пен орны
атқарушы комитетпен анықталып, кеңеспен бекітіледі. Өткізілу орны белгісіз
болған жағдайда ИКҰ штаб- пәтерінде өткізіледі делінген.
Тағы бір толықтыру болып өзгерістер мен төтенше жағдайларда әрекет ету
үшін ұйымға икемділік пен өзектілік береді. ИКҰ Парламенттік одағын үштік
басқарады, оның құрамында кезекті президенттер мен алдын болған
президенттер жұмыс жасайды. Олар төтенше жағдайларға қатысты арыздарды
тарқатады, басқа халықаралық ұйымдармен байланыс орнатады және одақ
мақсатын жүзеге асырудағы ұсыныстарды консенсус негізінде ұсынады. Сондай-
ақ ИКҰ Парламенттік одағында төрт комитет құруға байланысты өзгертулер
қабылданады. Олар: халықаралық қатынастар мен саяси мәселеге қатысты;
қоршаған орта мен экономикалық сұрақтарға байланысты; әйел мен отбасы
мәселелері, адам құқығына байланысты; дін және жаһандану диалогы, заңнама,
мәдени сұрақтарға қатысты. Әр комитет 12 адамнан құралады, Азия, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам Конференция Ұйымы
Хатшылық және Халықаралық ислам
Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Ислам конференциясы ұйымы
ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы ақпарат
Дүниежүзілік валюта жүйесі
Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар: әлемдік тәжірибе
Мұсылмандық құқық және оның бастаулары
Пәндер