Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу



I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.6
II.Негізгі бөлім
2.1.Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар ... ... ... ..7.21
2.2. Шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.27
2.3. Шетел тілі сабағына арналған нұсқаулар ... ... ... ... ...28.29
III. Практикалық бөлім
3.1. Шетел тілі сабағында қолданған тиімді әдіс.тәсілдер ... ..30.38
3.2.Сабақ жоспарының үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39.43
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39.43
V. Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44.46
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: менің бұл тақырыпты таңдап алған себебім, шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай түрлендіріп, өткізу және оны ұйымдастырудың жолдарын қарастыру. Қазіргі кездің өзінде мұғалімдердің көпшілігі шетел тілі сабағында бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолдануда, сол әдіс-тәсілдердің негізінде шетел тілі сабағын осы заманның талап-тілектеріне сай өткізу керек.
Сабақ- бұл практикалық бөлімнің іске асуындағы, білім берудегі, тәрбиелік және дамытушылық тапсырмалардағы, қорытынды бөлім кезіндегі мақсатқа жетудегі оқу үрдісін ұйымдастыратын негізгі бөлім. Сол себепті мектептегі білім беруді реформалау және шығармашылық дағдыларының дамуына әкелетін маңызды алғышарт болып табылады. Оқушылардың өзіндік жан-жақты, мәдени және шығармашылық дағдыларын дамытуда шетел тілін оқу пәні ретінде көптеген мүмікндіктерге ие. Е.Полаттың ойынша шетел тілі сабағын жаңа, қазіргі талаптарға сай жүргізудің артықшылықтары көп. Бұл дегеніміз шетел тілін оқыту кезінде, білім берудің тиімді жақтарын қалыптастыруға, коммуникативтік және тәрбиелік мақсаттың іске асуын, оқылып отырған пәннің дамытушылық және білімдік мақсаттардың іске асуына мүмкіндік береді.
Шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай ұйымдастыру оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жол болып табылады. Сонымен қатар шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай өткізу оқушыларды жаңа ойларды тудыра білуге, жан-жақты, бір ғана салада емес, әр саладан білім, ақпарат ала білуге, мәселелердің түйінін бір ғана жолмен шешіп қана қоймай, бірнеше жолмен таба білуге, сол қабылданған шешімнің салдарын алдын-ала болжай білуге көп ықпалын тигізеді. Тағы да сабақты ұйымдастыру үшін мақсаттарын алдын-ала белгілеп алмай тұрып, дұрыс ұйымдастырылған сабақты өткізу мүмкін емес. Оқытушы мақсаттарды белгілей отырып, сол сабақта немесе бірнеше сабақ барысында оқушылардың шетел тіліндегі білімі, іскерліктері мен дағдыларын дамытуды көздейді. Шетел тілі сабағын ұйымдастыруды және оны жүргізу үшін сабақ жоспарларындағы мақсаттарды жүзеге асыруға, сабақты негізінен оқушылардың жан-жақты дамытушылығына бағыттай отырып оқыту міндеттерін шешеді.
1. Рогова Г.И., Рабинович Ф.М., Сахарова Т.Е. Методика обучения иностранным языкам в средней школе.- К.1991г.
2.Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам.- Л.: Просвещение, 1977.
3. Шатилов С.Ф. Методика обучения немецкому языку в средней школе. Общие воросы методики.- Москва, 1974 г.
4. Щерба Л.В. Преподавание иностранных языков в средней школе.- Москва, 1974 г.
5. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам // Иностранные языки в школе.- Москва, 2007.-№2.
6. Муталиева А.Ш. Преподавания иностранных языков// Иностранные языки в школе.- Алматы, 2007.-№7.
7. Гез Н.И, Ляховицкий М.В., А.А.Миролюбов А.А., Фоломкина С.М. Методика обучения иностранным языкам в средней школе.-М.,1992.
8. С.Әбдіғалиев. Неміс тілін оқытудың негіздері. – Алматы. 1992.
9. Тайшибае.-№3.
10..Зимняя И.А. Психология обучения ностранного языка.- М., 1991г.
11.Бухбиндер В.А, Штраус В. Основы методики преподавания инотранного языка.- Киев, 1986 г.
12. Психология обучения иностранного языка.- Межвузовский сборник-2. Л.,1977 г.
13. Артемов В.А. Проблемы изучения иностранного языка.- М., 1969 г.
14. Воробьева Л.А. Игры на уроках иностранного языка при изучении темы «животные» // Иностранные языки в школе.- Москва, 2004.- №5.
15. Методика преподавания иностранных языков.- мн; Высшая школа, 1979 г.
16. Основы методики обучения иностранным языкам.-Сборник, М., Русский язык, 1977 г.
17. Соловова Е.Н. Методика обучения иностранным языкам. - Базовый курс лекций, 1989 г.
18. Колкер Я.М, Установа Е.С, ЕналиеваТ.М. Практическая методика обучения иностранному языку.- М.,1978 г.
19. БондаренкоС.К. Теоретические вопросы по иностранным языкам.// Иностранные языки в школе.- Москва, 1977.-№3.
20. Андреевская Л.С, Левенстерн. Методика преподавания французкого языка в средней школе. - Москва: Просвещение, 1993 г.
21. Бим ИЛ., Садолова Л.В. Теоретические вопросы обучения иностранным языкам. // Иностранные языки в школе. - Москва, 2004.- №3.
22. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говоренью.- Москва: Просвещение, 1991 г.
23. Пассов Е.И. Ууок иностранного языка в средней школе.- Москва: Просвещение, 1988 г.
24. Воробьева М.Н. Организационные формы работы в 6- классе // Иностранные языки в школе.- Москва: Просвещение,1982.- №6.
25. Regina Dostal. Deutsch unterrichten weltweit - Bielefeld: W.Bertelsmann Verlag, 2004J.
26. Ute Rampillon. Lerntechniken im Fremdsprachenunterricht - Max Hueber Verlag. 1985 J.
27. Helma Behner. Miteinander reden lernen. - München indicium Verlag, 1985 J.
28. Eva Gläser. Lesekompetenz fördern von Anfang- Baltmannsweiler, 2005J.
29. Dieter Kösler. Deutsch als Fremdsprache,-München, 2000 J.
30. Шайзатова З.Р. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың бір жолы // Шетел тілі мектепте.- Алматы, 2003.- №2.
31. Артықбаева А.Қ. Шетел тіліне қойылатын негізгі талаптар // Қазақстан мектебі,- Алматы, 2000.- №9.
32. Сатқаева Заухина. Шығармашылыққа қалыптастыру ұстанымдары // Қазақстан мектебі.- Алматы,2006.- №5.
33. Раушангүл Омарова. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру. // Қазақстан мектебі.- Алматы,2000.-№9.
34. Жұмахан Нұрмағанбетқызы. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі. // Қазақстан мектебі.- Алматы, 2006.- №10.
35. Омарова Раушангүл. Шығармашылық ізденіске жетелейді // Қазақстан мектебі.- Алматы, 2006-№4.
36. Закенова Мереке. Шетел тілі сабағында. // Қазақстан мектебі.- А., 2006.- №12.
37. Бәйнеш Ш.Б. Сабақта ойындарды қолдануға қойылатын талаптар. // Шетел тілі мектепте.- А., 2006.-№4
38.Hallo, Nachbarn! Band 2. Goethe- institut.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АБЫЛАЙХАН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ

Неміс тілі педагогикалық факультеті
Неміс тілі теориясы, тәжірибесі және оқыту әдістемесі кафедрасы

Байқанова Назгүл

Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу

Диплом жұмысы

Ғылыми
жетекші:п.ғ.к,Нұрбекова Г.Ж.

Алматы 2007

Жоспар

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-6

II.Негізгі бөлім
2.1.Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар ... ... ... ..7-21
2.2. Шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22 -27
2.3. Шетел тілі сабағына арналған нұсқаулар ... ... ... ... ...28-29
III. Практикалық бөлім
3.1. Шетел тілі сабағында қолданған тиімді әдіс-тәсілдер ... ..30-38
3.2.Сабақ жоспарының үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39-43
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39 -43
V. Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44-46

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: менің бұл тақырыпты таңдап алған
себебім, шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай түрлендіріп, өткізу
және оны ұйымдастырудың жолдарын қарастыру. Қазіргі кездің өзінде
мұғалімдердің көпшілігі шетел тілі сабағында бұрынғы әдіс-тәсілдерді
қолдануда, сол әдіс-тәсілдердің негізінде шетел тілі сабағын осы заманның
талап-тілектеріне сай өткізу керек.
Сабақ- бұл практикалық бөлімнің іске асуындағы, білім берудегі,
тәрбиелік және дамытушылық тапсырмалардағы, қорытынды бөлім кезіндегі
мақсатқа жетудегі оқу үрдісін ұйымдастыратын негізгі бөлім. Сол себепті
мектептегі білім беруді реформалау және шығармашылық дағдыларының дамуына
әкелетін маңызды алғышарт болып табылады. Оқушылардың өзіндік жан-жақты,
мәдени және шығармашылық дағдыларын дамытуда шетел тілін оқу пәні ретінде
көптеген мүмікндіктерге ие. Е.Полаттың ойынша шетел тілі сабағын жаңа,
қазіргі талаптарға сай жүргізудің артықшылықтары көп. Бұл дегеніміз
шетел тілін оқыту кезінде, білім берудің тиімді жақтарын қалыптастыруға,
коммуникативтік және тәрбиелік мақсаттың іске асуын, оқылып отырған
пәннің дамытушылық және білімдік мақсаттардың іске асуына мүмкіндік
береді.
Шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай ұйымдастыру
оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жол болып
табылады. Сонымен қатар шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға
сай өткізу оқушыларды жаңа ойларды тудыра білуге, жан-жақты, бір ғана
салада емес, әр саладан білім, ақпарат ала білуге, мәселелердің
түйінін бір ғана жолмен шешіп қана қоймай, бірнеше жолмен таба
білуге, сол қабылданған шешімнің салдарын алдын-ала болжай білуге
көп ықпалын тигізеді. Тағы да сабақты ұйымдастыру үшін
мақсаттарын алдын-ала белгілеп алмай тұрып, дұрыс ұйымдастырылған
сабақты өткізу мүмкін емес. Оқытушы мақсаттарды белгілей отырып,
сол сабақта немесе бірнеше сабақ барысында оқушылардың шетел тіліндегі
білімі, іскерліктері мен дағдыларын дамытуды көздейді. Шетел тілі
сабағын ұйымдастыруды және оны жүргізу үшін сабақ жоспарларындағы
мақсаттарды жүзеге асыруға, сабақты негізінен оқушылардың жан-жақты
дамытушылығына бағыттай отырып оқыту міндеттерін шешеді.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Орта мектептегі шетел тілі сабағы .
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Орта мектептегі шетел тілі
сабағын ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға талдау жасай отырып, шетел
тілі сабағын ұйымдастырудың мәселелерін анықтау;
- шетел тілі сабағына қойылатын әдістемелік нұсқауларды көрсету;
- шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-
тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми- әдістемелік әдебиеттермен танысу, оларды
талдау;
- шетел тілі сабағын тиімді ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау;
- шетел тілі сабағына қойылатын талаптарды анықтау;
- шетел тілі сабағын тиімді өткізуге арналғын нұсқауларды анықтау;
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері:
- ғылыми әдебиет көздеріне оқу және оларға талдау жасау;
- шетел тілі сабағын тиімді ұйымдастыру мен оны өткізу мақсатымен
педагогикалық үрдісті бақылау;
- шетел тілі сабағын қазіргі кезде жүргізуге студенттер арасында сауалнама
жүргізу;
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында шетел
тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыруға арналған нұсқаулар
беріледі. Шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-
тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету;
Дипломдық жұмыстың теориялық құндылығы. Шетел тілі сабағына
қойылатын талаптарға талдау жасалына отырып, шетел тілі сабағының
мәселелерін қарастырады.
Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы:
Бұл диплом жұмысында көрсетілген әдіс-тәсілдер мен нұсқауларды
студент-практиканттар мен мұғалімдер қолдана алады, себебі осы диплом
жұмысында оқушылардың шетел тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін
дамытып, сабақты тиімді ұйымдастыруға әдістемелік тұрғыдан нұсқаулар
беріледі.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы:
Егер шетел тілі сабағына әдістемелік нұсқауларды анықтап, сабақты
шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданатын
болсақ, шетел тілі сабағын жоғары деңгейде өткізуге болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Бұл диплом жұмысы үш бөлімнен тұрады. Кіріспеде диплом
жұмысының өзектілігі, пәні, нысаны, мақсаты, міндеттері, зерттеу
әдістері,ғылыми жаңалығы, теориялық құндылығы, практикалық құндылығы,
ғылыми болжамы жазылған.
Негізгі бөлім үш тармақтан тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші
тармағында шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар туралы
айтылады. Бұл тармақта теориялық мәселелер қарастырылады, диплом
жұмысының тақырыбына сай ғалымдардың ой-пікірлері берілген. Екінші
тармақта шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру жайында
айтылады. Шығармашылық жағынан ұйымдастырудың тиімді жолдары,
ғалымдардың пікірлеріне талдау жазылған. Үшінші тармақта шетел тілі
сабағын ұйымдастыруға, оқушылардың іскерліктерін дамытуға арналған
нұсқаулар берілген.
Практикалық бөлімде педагогикалық практикада жүргізілген
тәжірибелер, шетел тілі сабағында қолданған тиімді әдіс-тәсілдер,
сабақ жоспарының үлгілері берілген.
Бұл диплом жұмысын жазу кезінде міндетті түрде әдістемелік
әдебиеттерге сүйенеміз. Сонымен бірге шетел тілін оқыту әдістемелік
журналында жарияланған мақалалармен танысып, қолданудың және бұл
әдебиеттер саны дипломдық жұмыстың қолданылған әдебиеттер тізімінде
берілген.

Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар.
Біз шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастырып және
жүргізуіміз үшін алдымен шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға тоқтала
кетуіміз керек. Г.В.Рогова,Ф.М.Рабинович, Т.Е.Сахарованың ойынша,
сабақ нақты талаптарға сай болу керек.(8) Бұл осы пәннің білім беру
технологиясы, мазмұны мен мақсатына бағытталған болуы керек. Себебі бұл
талаптар мұғалімнің сабаққа дайындалу мен сабақты жүргізудегі оның
тактикасы мен жалпы мақсатқа жету өнерін (стратегиясын) анықтайды.
Н.Д.Гальскова, Г.В.Рогова, Ф.М.Рабинович (1,2) еңбектерінде шетел
тілі сабағына қойылатын келесі талаптарды көрсетеді.
1)Сабақтың мақсатқа бағытталғандығы: әрбір сабақ практикалық, білімдік,
тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарға белгілі бір тапсырмаларды орындау
арқылы жетуді қамтамасыз ету керек. Мысалы:
-оқушыларды жаңа лексиканы қолдануға үйрету (сөздер көрсетілген);
- диалогтық мәтінді дауыстап оқуға үйрету;
- келесі бір сөйлемдерді қолдана отырып өз ойын айтуға үйрету
т.с.с. Осы секілді мақсаттарға жету үшін сабақты күнделікті
түрлендіріп отырға жөн. Мысалы: мұғалім жоспарында көрсетілген
тапсырмалар бойынша жұмыс атқарады. Біз бүгін спорт тақырыбына
байланысты сөздерді қайталаймыз, біз бүгін грамматикамен жұмыс
істейміз: біз берілген тақырып бойынша сөйлеу әрекетімізді дамытамыз
және сабақ соңында мәтінді оқимыз. Біз күнделікті осындай әрбір
тапсырманы бастайтын болсақ оуқшылардың қызығушылығын жоғалтып алуымыз
мүмкін. Мысалы: Біз бүгін әрбіріміз демалысты қалай өткізгеніміз
жайлы білейік немесе біз өте қызықты және атақты жазушының
әңгімесін оқимыз т.с.с.
2)Сабақтың маңыздылығы: сабақтың келесі кезеңдерді; біріншіден,
сабақта басты маңызды материалды, екіншіден, тәсілдер мен жаттығулар;
үшіншіден, материалды меңгеру мен сөйлемдерді қолдануға оқушылардың
арақатынасы.
Мұғалімдер мен оқулықтың автролары беретін үлгілер мен мысалдары
жағдаятты және коммуникативтік сипатқа ие болуы керек. Мысалы: неміс
тіліндегі перфектті оқушылар диалог түрінде жақсы қабылдайды.
- Hast du dieses Buсh gelesen?
Сабақта қолданылтын үлгілер мен мысалдар білімдік маңызы мен
тәрбиелік қарым-қатынаста маңызды болуы керек. Ол үшін мұғалімде арнайы
көмекші құрал ретінде өлеңдер, мақалдар, тақпақтар, атақты
адамдардың ұлағатты, қанатты сөздері болуы керек. Бұл дегеніміз
тапсырмалары анықталған оқу жағдаяттары оқушының тапсырманы орындау
жауапкершілік, ұқыптылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға
бағытталған болуы крек. Байқампаздық және инициативтік қасиеттеріне
де. Оқу жағдаяттары білім беру мотивациясын дамыту, оқушылардың
берілген тапсырмаға және оны орындауға деген қызығушылығын ояту
т.с..
3) Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру көбінде сөйлеу
қабілеттерін тәрбиелеу, дамытуда. Бұл негізінде олардың сөйлеу
әрекетін қалыптастыруда. Көп жағдайларда сабақта мұғалім белсенді
болады бұл оқушылардың сөйлеу әрекетін төмендетеді. Сондықтан
оқушыларға топтық жұмыс, жеке тұлғаға бағытталған жұмыстар және
жарыс ойындар жүргізіп отыру керек, бұл олардың қызығушылықтарын
жоғалтпауға көмектеседі. Сабақты түрлендіріп отырған дұрыс сонда
оқушылар сабаққа әсерлі сезіммен қарайды.
4) Сабақтың мотивациялық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл кезде
техникалық және техникалық емес құралдардың рөлі зор. Осы құралдар
арқылы оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға
болады. Мұғалімдердің сабақта техникалық құралдардың ішіндегі
қолданылатыны- ол магнитофон, диафильмдер, видеофильмдер (4). Қазіргі
кезде енді компьютермен оқыту, электронды оқулықтарды қолдана оқыту
және интерактивті тақтаны қолданудың көмегімен шетел тілі сабағын
қызықты жүргізуге болады. Техникалық құралдар оқушылардың тыңдап-түсіну,
ойлау қабілеттерін дамытуға болады(7). Бұл кезде тек қана тілдік
дағдыларды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар техникалық құралдарды
игере білуге, компьютерді қолдана білуге үйретуге болады. Техникалық
емес құралдардың маңызы да өте зор. Осындай жағдайда ребустар,
суреттер, мақалдар мұғалімге көмек болады. Мақала мен суреттерді
қолданғанда аутенттік материалды қолдану оқушылардың тілдегі
ерекшеліктерді түсінуіне көмек болады.
5) Сабақтың ғылымға бағытталғандығы. Бұнда сабақтың басқа да
ғылым салаларымен және басқа пәндермен байланысты, ақпараттық
құралдардың қолданылуы болып келеді. Сабақтың басқа пәндермен
байланысты болуы оқушылардың терең , жан-жақты білім алуына,білім
деңгейін кеңейте түсуіне көп ықпалын тигізеді(5). Жекелеген пәндермен
ұштастыра отырып жүйелі білім беруге болады. Бұл кезде мұғалім
сабақтың әрбір кезеңіне ақпарат көздерін дұрыс таңдап және дұрыс
қолдануы керек.
Артықбаева, Рогова, Рабиновичтің пікірлеріне талдау жасай келе
шетел тілі сабағына қойылатын талаптарды 1 және 2- кестеде көрсеткім
келді. 1-кестеде көрсетілгендей шетел тілі сабағына қойылатын талаптар
2-ге бөлінеді. 2-кестеде дәстүрлі сабаққа қойылатын талаптар
көрсетілген.

1-кесте

Біз шетел тілі сабағын өткізген кезде сабақтың өту
барысына және сабақтың әрбір бөліміне де талаптар қойылуы керек.
Бұл бізге сабақты жүйелі өткізуге бағыт береді. Осы жағдайда біз
А.Қ.Артықбаеваның шетел тілі сабағын ұйымдастыруға қойылатын негізгі
талаптарына айтылған пікіріне сүйенеміз.
Артықбаеваның ойынша, сабақ-мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі
формасы. Өйткені мұғалім сабақта оқушыларға білім береді, оларды
тәрбиелейді және жан-жақты дамытады. Сондықтан шеберлікпен
ұйымдастырылған сабақ көп табыстарға жеткізеді.
Оның пайымдауынша, алдымен талаптарға тоқталмай тұрып, шетел тілі
сабағын ұйымдатыруда және өткізудегі ерекшеліктерді есекру керек:
- әрбір сабақтың мақсаты шетел тілін оқытудағы негізгі мақсатқа сай
бағытталуы керек. Ондай мақсат- шетел тілін іс жүзінде меңгеру, оны
тіларалық қатынас ретінде пайдалану.
- жоғарыдағы мақсатты білім беру, дамыту және тәрбиелеу мақсаттары
мен бірге іске асыру керек.
Ендігі кезде ерекшеліктерінен кейін шетел тілі сабағын өту
барысына байланысты қойылатын талаптарға тоқтала кету керек.
Шетел тілі сабақтарына мынадай талаптар қойылады:
1) сабақ бастарда оқушылар сабақта жұмыс істеу тәртібін сақтайтын
болуы керек: оқушылардың сабаққа даярлығын, кітап, дәптер, сөздік,
күнделіктер партаның үстінде болуын тексеру:
2) оқушыларды шетел тіліне ынтықтыру мақсатымен фонетикалық
жаттығулар орындап, шағын тақпақ, өлеңдерді күйтабақтан,
магнитофоннан тыңдау, оларды қайталау;
3)оқушыларға сабақтың мақсатын айқын ашып көрсету;
4)қажетті кезеңдерде әрқашан тақтаны дұрыс пайдалана білу;
5)жаңа сабақ өткізер алдында өткенді қайталау, оқушылардың ойлау
қабілетін арттыру мақсатында ұқсастыққа сүйеніп, қарама-қарсылық
принциптерін пайдалану;
6) лексикалық, грамматикалық жаңа материалды түсіндіру, соңынан
пысықтауға арналған жаттығуларды орындау;
7) жаттығуларды біртіндеп қиындата түсуді ескеру;
8) оқушыларға орындалатын жаттығулардың алдын ала орындау шарты
мен мақсатын түсіндіру;
9)жаттығуды орындаған кезде оқушылардың белсенділігін арттыра алатын
жұмыс тәсілдерін пайдалану; жаппай және жұптар бойынша жұмыс
жүргізу, жарыс ұйымдастыру, бұл істе хорды, әнді, ойындарды
пайдалану,көрнекілік және техникалық құралдарды қолдану;
10) қоңырау соғылмастан бұрын үй тапсырмасын түсіндіру, оны
күнделікке жаздыру;
11)сабақтың соңында оқушылардың білімін, тілдік дағдылары мен сөйлеу
іскерліктерін бағалап, сабаққа қорытынды жасау;
12) сабақты қалыпты қарқынмен, айқын мұқаммен, ұстаздық
өнегелілікпен жүргізу.
Артықбаеваның пікірінше, сондай -ақ мұғалім тіл материалының
әрқайсысымен және өздік әр түрлі әрекеттермен жұмыс жүргізгенде
төмендегі ерекшеліктер мен сатыларды ескермесе болмайды.
Тіл материалы бойынша жүргізілетін жұмыс барысында мынадай
жүйелілік ескерілуі тиіс:(31)
I Лексикалық жұмыс а)жаңа сөздің мағынасын түсіндіру:
1. Зат-сурет көрнекілігін, тисіті жағдайды және т.б.тәсілдерді
пайдаланып сөздің айтылыуын және үлгі сөйлемдердегі жаңа сөздің
айтылуын жаттықтыру;
2. Жаңа сөздің мағынасын оқушылардың дұрыс түсінгенін тесеру;
3. Жаңа сөздің айтылуын және үлгі сөйлемдердегі жаңа сөздің
айтылуын жаттықтыру;
4. Сөзді тақтаға жазып, оның грамматикалық, орфографиялық
ерекшеліктерін таныстыру;
5. Сөздің сөйлемде қолданылуын таныстыру. ә) Пысықтауға арналған
АВСДЕ жаттығуларын орындау.
Сонымен шетел тілі сабағын ерекше қарқынмен, жақсы нәтижеге
жету үшін, үақытты дұрыс пайдалануға алдын ала мұғалім үшін жоғарыда
көрсетілгендей талаптар қойылады.
II. Грамматикалық жұмыс
Ең алдымен, грамматикалық материалды түсіндіру жолдарын
(индуктивті, дедуктивті, лексикалық) анықтап алу қажет: а)
Жаңа грамматикалық материалды түсіндіру:
1. Грамматикалық материалдың атқаратын қызметі мен мағынасын
түіндіру:
2.Оның жасалу жолдары мен формасын түсіндіру;
3. Оның қалай қолданылатынын түсіндіру (жағдай, үлгі сөйлемдер
беру);
4. Түсінгендерін тексеру. ә)Пысықтауға арналған жаттығуларды орындау:
- ауыстырмалы кестемен жұмыс ;
- АВСДЕ жаттығулары.
III. Фонетикалық жұмыс
а) тиімділігіне қарай төмендегі жұмысты істеу:
1. Мұғалімге дикторға еліктеу, қайталау; 2. Қалай айту ережесі
түсіндірілгеннен кейін дыбыстарды қайталау, жаттықтыру; 3. Талдап
және жинақтап дыбыстау тәсілі бойынша жұмыс жүргізу.
ә) Пысықтау жаттығуларын орындау ( жаңа дыбыстар мен сөздерді
қайталау, үлгі сөйлемдерді айту, оқу, айту ережелерін ескере
отырып, жаттығуларды орындау).
Сөз әрекетінің түрлері жұмыстарының мынадай ретте жүргізілуін
ескерген жөн:
I. Тыңдап- түсіну:
1. Тыңдалатын мәтіндегі түсінуі қиын кедергілерді жою;
2. Мәтіннің мазмұнын жалпылама түсінуге нұсқау беру;
3. Мәтінді тыңдау;
4. Тыңдалған мәтіндегі жалпы мағлұматтарды қалай түсінгенін
тексеру.
Егер мұғалім оқушының мәтінді дұрыс түсінгенін тексеруді мақсат
етсе, онда оқушыларға мәтінді екінші рет тыңдатуы керек, арнайы
тапсырмалар құрастыруы қажет.
II. Монологқа үйрететін жұмыс кезеңдері:
Оқушылардың оқыған мәтіні бойынша өзімен өзі сөйлеуін
төмендегіше ұйымдастыруға болады:
1. Мәтіннің мазмұнын түсінуге қиындық келтіретін сөздерді,
грамматикалық жағынан күрделі сөз тіркестерін мәтінді оқыту алдында
түсіндіру, қайталау;
2. Мәтіннің мазмұнын жалпы түсінуге нұсқау беру(тексеру жолдарын,
сұрақтарды алдын ала қайталауға болады);
3. Оқушыларға мәтінді өз бетіменен оқыту( оқуға берілетін уақыт
белгіленеді);
4. Мәтіндегі жалпы мағлұматтарды тексеру;
5. Мәтіннің мазмұнын толық түсінуді талап ету, мәтінді екінші рет
оқу үшін арнайы тапсырмалар беру.
6. Мәтінді оқушылардың толық түсінгенін тексеру;
7. Мәтіннің мазмұнын айту;
8. Мәтіндегі оқиғаға өз пікірін айту.
Шетел тілі сабағында оқушының монологты түрде сөйлеуінің мынадай
түрлеріне көңіл бөлу керек: оқыған, тыңдаған мәтіннің мазмұнын айту,
қысқаша хабар жасау, өткен тақырыптар бойынша әңгіме құру, бір
нәрсені суреттеу, кейіпкерлерге мінездеме беру, өз пікірлерін айту.
III. Диалогқа үйрететін жұмыс кезеңдері:
1. Диалогты түрде сөйлеуге қажет лексикалық, грамматикалық
материалдарды қайталау;
2. Диалогты құруға қажетті жағдай жасау (сөзбен немесе көрнкіліктер
арқылы);
3. Рольдерді бөліп беру;
4. Мұғаліммен 1-2 оқушының сөйлеуге(диалогқа) қатысуы;
5. Диалогты түрде сөйлеу барысын тексеру.
Диалог сөзде үйретуде өткен тақырыптар, оқыған, тыңдаған
мәтіндер, қосымша аутенттік диалогтар, суреттер, жағдаяттар кең түрде
пайдалануға тиісті.
IV. Оқуға және оқу техникасына үйретуге арналған жұмыс
кезеңдері:
а) Оқуға арналған жұмыстардың реті:
1. Оқуға қиындық келтіретін сөздерді түсіндіру, аудармасын беру;
2. Мазмұнын толық түсінуге арналған оқу;
3. Оқушылардың мәтінді қалай түсінгенін сұрақтар арқылы тексеру;
4. Жоспар құрғызу;
5. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтқызу және т.б.
ә) Оқу техникасын жаттықтыру:
1. Мұғалімнен (диктордан) соң қиын оқылатын сөздер мен сөз
тіркестерін, сөйлемдерді қайталау;
2. Мұғалім қойған сұрақтарға оқылған мәтіннен дауыстап жауап және
оқып беру;
3. Оқушыларға мәтінді азат жол бойынша дауыстап оқыту;
4. Оқығанда кеткен қателерді талдау, оқу ережелерін еске түсіру.
Оқу техникасын жаттықтыру кезінде мәтінді оқуға берілетін
уақытты алдын ала қою маңызды.
Шетел тілі сабағындағы ойындарды қолдануға қойылатын талаптар.
Жалпы білім беретін мектепте шетел тілін практикалық
тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге
баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайға тап
болған кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді.
Оқушының білімін арттыру олардың жалпы дүниетанымын кеңейту мақсатында
жүзеге асырылады. Осы мақсатпен анықтама әдебиеттерді пайдалану,
мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және оның кейбір
жерлерін түсінгендерін қысқаша айтып беру, шағын хабарлар дайындау
және өз пікірін айтып, баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың
маңызы зор. Шетел тілі пәні оқушының жан-жақты дамып жетілуіне,
дүниеге көзқарасының, сана-сезімінің, рухани және эстетикалық
көзқарасына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылыуын дағдыға
айналдыруына игі әсер етеді. Шетел тілін оқып үйрену барсында
оқушылар өз сөзін жоспарлай білуге икемделеді, өз әдептерін дұрыс
пайдалануға дағдыланады.
Ш.Б.Бәйнештің пікірінше, шетел тілін мектепте оқытудың шарттарын
ескере отырып, оқушының мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілін
оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуге тиіс.
Осыған орай шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын
жүзеге асырудың алғышарттары- оқыту әдіс-тәсіліне, коммуникативтік
бағдар беруге назар аударылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың басты іс-әрекетінің бірі-ойын.
Мектепте оның орнына басты іс-әрекет түрі болып оқу әрекеті кіреді.
Бірақ мектепте ойынды сабақтан мүлде бөліп қарауға болмайды. Жалпы
орта білім беретін мектептегі шетел тілін оқыту тұжырымдамасында
төменгі және ортаңғы сатыда және тіпті жоғарғы сатыда да сабақта
ойындар мен ойын элементтерін кеңінен қолданған тиімді болатыны
көрсетілген. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды,
коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабағында
жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз. Ойындарды
жаңа тілдік материалдарды бекітуге, сабақты қызықты өткізуге,
шәкірттердің тілге деген қызығуын арттыруға, білім деңгейін тексеру
құралы ретінде пайдалануға болады.
Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық
материалдарды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтауға арналған
жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады.(37) Мұғалім ойынның
сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым
түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің
сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.
Қандай да болмасын өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар
әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, мынадай шарттарға жауап беруі
тиіс:
- ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келуі;
- ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
- ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып
ойнау, т.б. нақтылануы;
- ойынға қажетті материалдың түгел дайындалып қойылуы;
- қолданатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, тақпақтар,
өлеңдердің таңдалынып алынуы;
- пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың
анықталуы;
Сабақта қолданатын ойындар алуан түрлі. Олар, негізінен
оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Оқу
ойындарын коммуникативтік ойындардан бөліп қараған дұрыс, өйткені бұл
ойынның шетел тілі сабағында әрқайсысының пайдалану орны, мақсаты,
атқаратын қызметі жағынан айырмашылықтары бар.
Дегенмен, бұл екі ойын түрі тек теориялық жағынан ғана
бір-бірінен ажырытылады. Шетел тілі сабағын оқытудың бастапқы
сатысында оқу ойындарын немесе коммуникативтік ойындарды қолдану
оқушылардың білім, білік дағдыларына байланысты шешіледі. Себебі
тілді жаңадан оқып жүрген оқушылардың білім қоры онша көп
болмағандықтан, еркін қарым-қатынас жасап, сөйлесе алмайды, сондықтан
мұғалім тек коммуникативтік ойындарды қолдануға мәжбүр болады.
Әдетте ойындар бұрын өтілген материалдарды негізге ала отырып,
соларды пысықтау, толықтыру қаншалықты меңгерілгенін байқау үшін
қолданылады.
Қазіргі әдістемеде коммуникативтік ойындарға төмендегі
талаптар қойылады:
- коммуникативтік ойындар оқушылардың білік дағдыларына сай, яғни
ойында кездесетін тілдік материалдар шәкірттерге таныс болуы
қажет;
- коммуникативтік ойындар тиімді үйретуді мақсат етеді, әйтсе де
ойынның мақсаты мен міндеттері тек қана тілдік материалға
бағынышты болмайды;
- коммуникативтік ойындар сабақ тақырыптарына, белгілі бір жағдайға
байланысты болады;
- коммуникативтік ойынды пайдаланғанда, тілдік және тілдік емес іс-
әрекеттер нақты міндеттерге қатысты болады;
- коммуникативтік ойындарды қолданарда, кейбір іс-әрекеттер алғаш рет
жаттықтырылады да, оқушылардың жіберген қателері оқу ойындарындағыдай
бадырайып көрінбейді;
- коммуникативтік ойындар кезінде мұғалім үйретуші басты тұлғадан
үйренуші қатарына ығыстырылады.
Енді ойынды дайындау барысында мұғалімнің ескеретін жайттарына
тоқталайық.
Қажетті ойын таңдалынып, өзгертіліп, сабаққа ыңғайлы етіліп
қойылады. Бұл орайда оқу мақсатына қарай сыныптағы әлеуметтік орта,
шәкірттердің білім деңгейі, ойнай алу дағдысы ескерілуі тиіс.
Ойынға қолданылатын материалдар, қажетті-ау деген үлгілер,
суреттер, тірек сөздер жинақталып, сұрыпталады. Егер ойын алғаш
рет өтілетін болса, материалдар (суреттер) қатты қағазға
желімделгені дұрыс.
Тілдік материалдар, сөздер, сөз тіркестері алдын ала
қайталанып, жаттығулар жасалып, толықтырулар енгізіледі. Ойынға
қажетті сөз тіркестері, таяныш сөздер тақтаға немесе плакаттарға
жазылып, түрлі нұсқада ілініп қойылады.
Оқушылыр топтарға бөлініп, сыныптағы орындықтар мен
үстелдер ойын ережесіне ыңғайлы етіп орналастырылады. Оқушылар
отыратын қатарына қарай немесе өз қалаулары бойынша топтарға
бөлінеді. Қажет болған жағдайда техникалық құралдар дайын тұрғаны
дұрыс.
Тақырып пен жағдайды суреттеу кезінде оқушының рөлдері,
қолданған сөздері түсіндіріледі, ойынның мақсаты мен міндеті,
ережесі айтылады.
Ойынды бастар алдындағы хабарлама, түсініктеме шәкірттердің ана
тілінде жүргізілгені дұрыс. Керек болған жағдайда олар тақтаға
жазылып, оқушылырдың не істеп, не қоятыны қысқаша түсіндіріледі.
Тапсырмалар мен ережелерді өзгертіп, басқаша етіп, түсіндіріп беру
мұғалімнің өз еркінде.
Ойынның өтілу барысында мұғалім басқарушы емес-байқаушы,
кейде бір ойнаушы рөлінде болады. Тілдік проблемалар болып қалған
жағдайда мұғалім көмекке келеді. Қателер, кейбір көңіл аударар
ерекше жайттарда не мұғалім, не ойынды басқарып отырған оқушы жазып
отырады, бірақ оларды ойын үстінде түзетуге болмайды.(36)
Ойынды алғаш рет қолданғанда, дұрыс болып шықпауы да
мүмкін. Оған оқушылардың ойын міндеттерін түсінбеуі немесе тілдік
материалдың толық меңгерілмеуі себеп болады. Ойын дұрыс ойналмаған
жағдайда, оны тоқтатып кейінірек өткізу керек.
Ойын соңынан оқушылармен бірге олардың пікірі көзқарасы,
т.б. талдануы, баға беріледі. Ойын кезінде жазылып алынған кесте
бойынша қателер түзетіледі. Ойынды дұрыс ұйымдастыру оның нәтижелі
болуының басты себебі екенін есте ұстау ләзім. Бір тақырыпта бірнеше
ойын қолданған жағдайда, олар тақырыптары бойынша топтастырылып,
хатқалтаға салынып сақталынады.
Оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына,
қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін
меңгеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды
меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс
істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Шетел тілі сабақтарында
дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар оқушының таным-түсінігіне
жағымды әсер етіп, алған білімдерін жаңа жағдайда шығармашылықпен
қолдана алуына ықпал етеді.
Қорыта келгенде біз жоғарыда көрсетілген талаптарға сүйене
отырып дәстүрлі және бейдәстүрлі сабақты өткізе аламыз. Айта келетін
болсақ біз жоғарыда көрсетілген талаптарды екіге бөліп қарастырамыз:
дәстүлі сабаққа қойылатын талаптар және бейдәстүрлі сабаққа
қойылатын талаптар. Енді дәстүрлі сабаққа қойылатын талаптардың өзін
екіге бөліп қарастырамыз: бірінші жағдайдағы талаптар сабаққа жоспар
құрар алдында қойылатын талаптар. Рогова мен Рабинович бойынша, екінші
жағдайда А.Қ.Артықбаева бойынша сабақтың өту барысы мен сабақтың
әрбір кезеңдеріне қойылатын талаптар.
Екінші, бейдәстүрлі сабаққа қойылатын талаптар шетел тілі сабағын
қызықты өткізуге тиімді болып келеді. Оқушылардың шығармашылық
іскерліктерін дамытуға, ой-пікірлерін айтуға, өзінің белсенділігін
көрсетуге, өз бойындағы қасиеттерді байқауға көп септігін тигізеді.
Дәстүрлі сабаққа қойылатын талаптар негізінен ең басты оқу
процесінде маңызды. Бейдәстүрлі сабақтың талаптары негізінен сол
дәстүрлі сабақтың талаптары негізінде қалыптасады. Сонымен шетел тілі
сабағын, дәстүрлі сабақты ұйымдастыруға арналған талаптар тиімді
болып табылады, бірақ та бейдәстүрлі сабаққа қойылатын талаптар шетел
тілі сабағын қазіргі талаптарға сай, шығармашылық тұрғыдан
ұйымдастыруда тиімдірек болып табылады.

Шетел тілі сабағын шығармашылық формада ұйымдастыру
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептің функционалдық
қызметінің басым бағыттары оқушылардың ғылымдар жүйесінің негіздерін
меңгеріп, олардың бойында тұлғааралық және этникалық топаралық
қатынастар мәдениетін, жеке тұлғаның өзін-өзі айқындау және кәсіптік
бағдарларын анықтау қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептердегі пәнді оқытуда оқушыларға көп
жағдайда дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа
ақпарат іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге
талпындырмайды. Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты-баланың
білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным
әрекетін дамыту. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау
қабілеттерін дамытудың маңыздығын айқындайды.
Жұмахан Нұрмағанбетқызының пікірінше, оқушының шығармашылық
қабілеті оның ойлауы мен іс жүзінде әрекеттері арқылы дамиды.
Ойлауға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім оқушы
арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда
дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық
іс-әрекеттердің ұйытқысы. Сонда ғана оқушы интеллектісінің көзін
ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру
үшін әуелі қызықтыру жолдарын іздестіру керек.(16)
Сабақта оқушылардың белсенділігін артырудың бір жолы-
грамматикалық ойындарды жиі ұйымдастыру.(34) Ойын оқушылардың
белсенділігін арттырып, өтілген тақырыпты қалай меңгергенін
көрсетеді. Екі команда оқушылары:1) сөйлем;2) жіктеу; 3) жаттығу
орындау; 4)суреттеу, 5) осы етістіктер арқылы 3-4 сөйлем көлемінде
әңгіме құру арқылы жарысады. Мұндай жұмыстар оқушылардың сабақ
үстінде шаршамай сергек отыруына жағдай жасап, сабаққа ынтасын
арттырады және пәнге көзқарасын қалыптастырады.
Оқушылардың өзін-өзі басқару, өздігінен іс-әрекет жасау үшін
сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, апталықтар, кештер ұйымдастырылып
отырады және оқушылар оған белсене атсалысады.
Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруға бағытталған
жұмыс түрлерінің қайсысы болса, оқушылардың жеке басының
қажетсінуіне орай құрылады.
Мектептерде шығармашылық сабақтарды жиі өткізу оң нәтижеге
жеткізетіні тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Мұғалімнің кез - келген
сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің
қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.
А.Хуторский, В.Сластенин еңбектеріне талдау жасай келе, біз
оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпал ететін
шығармашылық сабақ түрлерін төмендегіше бөліп қарастырамыз: 1)
танымдық; 2) эвристикалық; 3) әдіснамалық; 4) коммуникативтік.(28)
Омарова Раушангүлдің ойынша, біз оқушылардың шығармашылық
дербестігін ескере отырып, сабақ жоспарын құру ерекшеліктері мен
кезеңдеріне тоқтала кетелік.
1. Шығармашылық сабақ жоспары- мұғалімнің білім беру бағдарламасын
жүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау тақырыпты (бөлім,
тарау) жоспарлаудан басталады. Мұғалім өзара байланысты бірнеше
сабақты: мақсатын, тақырыбын, іс-әрекет түрін, мүмкін болатын
нәтижелерін ойластырады. Пән бойынша оқушының мүмкін болатын
жетістіктерін болжап, негізгі білімдік нәтижелерді белгілейді.(33)
2. Оқушылардың шығармашылық әрекетін ескеру. Мұғалім сабақ өтетін
сынып оқушыларының ерекшеліктерін еске түсіреді. Өткен сабақтың
жетістік жақтарын ескереді. Оқушының тақырып пен мәселеге байланысты
көзқарасын ойша елестетіп, жоспарлап отырған сабақтың мазмұны мен
құралдарын реттейді.
3. Тақырып мәселесіне мұғалімнің жеке қатынасын көрсету. Осы мақсат
сабақ тақырыбы бойынша мұғалім түрлі кітаптармен танысады, өзіне
қызықты мәселелерді іздеп табады. Бұл мәселе төңірегінде айтылған
пікірлерді немесе кем дегенде бір-біріне қарама-қайшы 2 ғалым
пікірін табу қажет. Пікірлерді оқушы назарына ұсына отырып, қай
ғалымның айтқаны дұрыстығын анықтауды ұсынады немесе оқытылып отырған
тілдегі салт-дәстүрлерді, мерекелерді өз еліндегі ерекшеліктерді
салыстыра оқыту. Мұндай іс-әрекет оқушының талдау, ойлау, қорытынды
жасау сияқты қасиеттерін дамытып, дербес шығармашылық ой-өрісін
қалыптастыруға негіз болады.
4. Сабақтың мәнін анықтау. Пәндік мақсаттар мен сабақ мәнінің ара-
қатынасын анықтау. Сабақ мәні және оқылып отырған тақырып мазмұны
әр кітапта түрліше болуын ескеру қажет. Бұл жағдайда оқушының жеке
ерекшелігі мен қызығуын, жеке білім алу бағдарламасы бағыттарын білу
пайдалы.
5. Сабақ түріне және мүмкін болатын шығармашылық нәтижелерге
негізделген сабақ идеясы жасалады. Оқушының қабілеттерін, жеке
ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін сабақтардың бірнеше
түрлері ойластырылады.
6. Оқушының жеке өзінің білім мазмұнын пайда ететін (
дүниеге әкелетін) материал, құралдар, әдістер мен тәсілдер
таңдалынады.
7. Оқушының шығармашылық нәтижелерінің білім беру стандарттарымен
сәйкес келуі. Жоспарланған шығармашылық нәтижеге оқушы алдын ала
мәдени-тарихи, тілдік түпнұсқаларды саралайды. Мысалы, тапсырмаларды
орындауда оқушы әр ғасырда өмір сүрген ғалымдар еңбегімен
танысады.
8. Оқытудың түрлі субъектісіне қатынасы бойынша түрліше дәрежедегі
сабақ мақсаттары жазбаша құрастырылып, нақтыланады.
9. Сабақ құрылымының бірнеше варианттарын ойлап табу. Сабақтағы
оқушы әрекеті алуан түрлі болып ауысып отыруы қажет.
10. Сабақ жоспарын жасау. оның үлгі ретіндегі құрылымы мынадай
болады:
- сабақ тақырыбы;
- сабақ түрі;
- сабақ мақсаттары;
- сабақтың құрал-жабдықтары;
- оқушының жоспарланып отырған іс-әрекетіне бағытталған іргелі білім
беру нысандары;
- сабақтың негізгі мәселесі (бір немесе бірнеше мәселе жазылады);
- оқушы іс-әрекет түрі мен кезеңдері минутпен жіктеп жазу;
- сабақтың әр кезеңдеріндегі оқушы тапсырмасын құрастыру.
Шығармашылық сабақ тапсырмаларының орындалуы түрліше болуы үшін
бір-біріне ұқсамайтындай тапсырма дайындалады:
- қарастырылып отырған мәселенің тарихи-мәдени нұсқаулары;
- суреттер, тапсырмалар, кесте, сызбалар;
- оқушы іс-әрекетіндеі рефлексия бойынша тапсырмалар;
- бақылау түрі және сабақты бағалау,
- үйге тапсырма( әртүрлі варианттағы өзіндік жұмыс)
- оқушыларға ұсынылатын материалдар (оқулықтар, интернет жүйесіндегі
сайт,т..,);
-мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңінде пайдаланған әдебиеттер тізімі,
түрлі дерек көздері;
- өткізілген сабаққа талдау формасы, сабаққа қатысқан мұғалімдер
мен оқушылардың пікірлері бойынша қорытынды.
Жоғарғы сынып оқушыларының шығармашылық дербестігін
қалыптастыруда шығармашылық сабақтарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және ерекшеліктері
Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу
Оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамытудың маңыздылығы
Ағылшын тілі сабақ жүргізудің үлгісі
Шет тілі сабағын оқытуда интернетті қолдану
Жалпы білім беру мектептерінің ортаңғы сынып оқушыларына аутентикалық материалдарды қолдана отырып ағылшын тілін проблемалық жағдайда оқыту
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
Шетел тілі сабақтарында проблемалық әдісті қолдану
Пәндер