Бастауыш сыныпта оқытудың есеп шығару тиімділігін қалыптастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Бастауыш сыныпта математика пәнінен есеп шығарудың тиімділігі ... ... ..4
1.1 Сандық теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Амалдар қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Бастауыш сыныпта оқытудың есеп шығару тиімділігін қалыптастыру
2.1 Есеп шығарудың әртүрлі тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2
3 Математикадағы жаңа білім мазмұнының ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мектеп математика курсында рационал сандарды оқыту әдістемесі.
Оң және теріс сандар. Бағдарлама бойынша I – VI сыныптын математика курсында негізгі тақырып – сандар. Сондықтан мұғалімнің негізгі мақсаты оқушылар сан ұғымын жақсы түсініп олармен қателіксіз амалдар орындай біліп, ауызша және жазбаша есептеу жұмыстарын ұтымды түрде орындауға үйрету керек. Оқушылар V сыныпқа келгенде натурал сандарды, нольді, жай және оңдық бөлшектермен арифметикалық амалдарды орындайды және салыстыруды біледі.
«Оң және теріс сандар» тарауы бағдарлама бойынша төмендегідей ретпен оқытылады:
1. Бағыт және сандар. Бұрыннан белгілі сандар түзудегі нүктелерді толық қамтамасыз ете алмайтындығы анықталады. Координаттық түзу енгізіледі. Ноль нүктесінен оң және сол жағындағы нүктелерді белгілеу үшін оң және теріс сандар енгізіледі. Кейін, сандық түзудің бойындағы нүктелердің координаталарының ұғымы, қарама-қарсы сандар, санның модулі және координаттық жазықтық енгізіледі. Оң және теріс сандар жиынында салыстыру амалы қарастырылады.
2. Қосу және азайту. Екі қарама –қарсы бағытта өзгере алатын шамалар қарастырылады. Әрбір осындай шаманың мәнінің өсуін оң санмен,кемуін теріс санмен сипаттауға келісеміз.Тіркес тұрған a шамасының b-ға өсуінің сипаттамасы ретінде кез келген a және b сандарының қосындысының ұғымын енгіземіз. Осыдан индуктивті түрде сандарды қосудың сәйкес ережелері шығады. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік заңдарының орындалатыны тәжірибе арқылы тексеріледі.Теріс сандарды азайтудың мағынасы бұрыннан белгілі оң сандарды азайтудың мағынасындай. Осыдан индуктивті жолмен теріс санды қосу арқылы азайту ережесі шығады.
Көбейту және бөлу амалдары бұрынғыдай орындалады, тек таңбасына
мән беру керек. Көбейткіштің біреуінің таңбасы өзгергенде кобейтіндінің де таңбасы өзгереді,ал модулі сол қалпында қалады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныпта оқытудың есеп шығару тиімділігін
қалыптастыру
Мектеп математика курсында рационал сандарды оқыту әдістемесі.
Оң және теріс сандар. Бағдарлама бойынша I – VI сыныптын математика
курсында негізгі тақырып – сандар. Сондықтан мұғалімнің негізгі мақсаты
оқушылар сан ұғымын жақсы түсініп олармен қателіксіз амалдар орындай біліп,
ауызша және жазбаша есептеу жұмыстарын ұтымды түрде орындауға үйрету керек.
Оқушылар V сыныпқа келгенде натурал сандарды, нольді, жай және оңдық
бөлшектермен арифметикалық амалдарды орындайды және салыстыруды біледі.
Оң және теріс сандар тарауы бағдарлама бойынша төмендегідей ретпен
оқытылады:
1. Бағыт және сандар. Бұрыннан белгілі сандар түзудегі нүктелерді толық
қамтамасыз ете алмайтындығы анықталады. Координаттық түзу енгізіледі.
Ноль нүктесінен оң және сол жағындағы нүктелерді белгілеу үшін оң және
теріс сандар енгізіледі. Кейін, сандық түзудің бойындағы нүктелердің
координаталарының ұғымы, қарама-қарсы сандар, санның модулі және
координаттық жазықтық енгізіледі. Оң және теріс сандар жиынында
салыстыру амалы қарастырылады.
2. Қосу және азайту. Екі қарама –қарсы бағытта өзгере алатын шамалар
қарастырылады. Әрбір осындай шаманың мәнінің өсуін оң санмен,кемуін
теріс санмен сипаттауға келісеміз.Тіркес тұрған a шамасының b-ға
өсуінің сипаттамасы ретінде кез келген a және b сандарының
қосындысының ұғымын енгіземіз. Осыдан индуктивті түрде сандарды қосудың
сәйкес ережелері шығады. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік
заңдарының орындалатыны тәжірибе арқылы тексеріледі.Теріс сандарды
азайтудың мағынасы бұрыннан белгілі оң сандарды азайтудың мағынасындай.
Осыдан индуктивті жолмен теріс санды қосу арқылы азайту ережесі шығады.
Көбейту және бөлу амалдары бұрынғыдай орындалады, тек таңбасына
мән беру керек. Көбейткіштің біреуінің таңбасы өзгергенде кобейтіндінің де
таңбасы өзгереді,ал модулі сол қалпында қалады.

I. Натурал сандар

Натурал сандар және нөл. Натурал сандарды оқу және жазу. Натурал
сандарды салыстыру.
Негізгі мақсат – натурал сандар туралы бастауыш мектепте алынған
мағлұматтарды жүйеге келтіру және қорытындылау.
Натурал сандар туралы қарастырылып кеткен мағлұматтарды жүйеге
келтіріп қарастыру оқушыларда көп таңбалы сандарды оқу және жазу
машықтарын, сондай-ақ, натурал сандарды салыстыру машықтарын қалпына
келтіруге мүмкіндік береді. Екі санды салыстырудың нәтижесі теңсіздік
түрінде жазылады. Қос теңсіздіктің жазылуы енгізіледі, ол кейінірек
өтілетін ондық бөлшектерді дөңгелектеу кезінде пайдаланылады. Оқушылардың
есептеу машықтарының (кестелік қосу және көбейту машықтары) беріктігін
айқындау және қажет болса, оларды жетілдіруді ұйымдастыру керек.
Кем (есе кем), артық(есе артық) қатыстарының мән-мағынасын түсінуді
мақсат ететін мәселе есептерді, сондай-ақ, шамалардың (жылдамдық, уақыт
және ара қашықтық; тауардың бағасы, мөлшері, құны, тағы басқа) арасындағы
оқушыларға белгілі тәуелділікке берілген есептерді шығара білу
іскерліктері дамытыла түседі. Есептер арифметикалық тәсілмен шығарылады.
Сонымен қатар оқушыларды, келесі тақырыпта қарастырылатын, есептің шарты
бойынша санды және әріпті өрнектер құруға дайындайды.

2.Натурал сандарды қосу және азайту
Натурал сандарды қосу және азайту. Қосымның ауыстырымдық және
терімділік қасиеттері.
Санды өрнектер. Өрнектерді жазу үшін әріптерді қолдану, әріпті
өрнектің сан мәні. Қосудың қасиеттерінің әріптік жазылуы.
Сызықтық теңдеулерді құру және шешу.
Негізгі мақсат – натурал сандарды қосу және азайту машықтарын
тиянақтау және дамыту.
Осы тақырыптан бастап көп таңбалы сандарға қолданылатын амалдардың
арифметикалық алгоритмдерін тиянақтауға баса назар аударылады, өйткені олар
өз алдарына мәнге ие болып қана қоймай, ондық бөлшектермен есептеулер
жүргізу іскерліктерін қалыптастырудың негізі болып табылады.
Осы тақырыпты оқып үйренген кезде көп таңбалы сандарды қосу және азайту
(бір разрядтан екінші разрядқа көшірудің күрделі жағдайларын енгізе отырып)
іскерліктері, бір және екі таңбалы сандарға амалдар қолдану және нөлге
амалдар қолдану машықтары жетілдіре түседі.
Қосу амалының қасиеттерін пайдаланып санды өрнектерді қалай ықшамдауға
болатыны, сондай-ақ көп таңбалы сандарды қосу алгоритмі қалай негізделетіні
көрсетіледі.Қосудың қасиеттерінің әріптік жазылуы қарастырылады.
Бұл жерде қалыптыстырылатын санды және әріпті өрнектерді құру
іскерлігі мәселе есептердің шарты бойынша теңдеулер құруда едәуір табысқа
жеткізетінін, сондықтан да оқушылардың назарын сәйкес тапсырмаларға аудару
қажеттігін ескерген жөн.
Теңдеулер арифметикалық амалдар компоненттерінің арасындағы
тәуеуілділік негізінде шешеіледі.Мұнда негізінен қарапайым жағдайларға
көңіл бөлген жөн.

Натурал сандарды көбейту және бөлу
Натурал сандарды көбейту және бөлу.Көбейтудің ауыстырымдылық және
терімділік қасиеттері.Көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
Натурал сандардың бөлінгіштігі.Натурал сандардың бөлгіштері мен
еселіктері.Жұп және тақ сандар.2-ге, 5-ге, 10-ға, 3-ке және 9-ға
бөлінгіштік белгілері. Қалдықпен бөлу.
Көбейтудің қасиеттерінің әріптік жазылуы
Негізгі мақсат- натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
машықтарын тиянақтау және дамыту, бөлінгіштік белгілерін пайдалану
машықтарын қалыптастыру.
Бұл тақырыпта көп таңбалы сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар
алгоритмдерін жұмыс істеу одан әрі жалғастырылады.Көп таңбалы сандарды
көбейту және бөлу машықтарына,амалдардың орындалу тәртібін тағайындау
іскерліктеріне үнемі назар аударып отыру талап етіледі. Компоненттеінің
бірі нөлге немесе бірге тең болған жағдайда амалдарды орындау іскерліктерін
тексеріп отырған пайдалы. Осы тақырыпта натурал сандармен және нөлмен
есептеу машықтарын қалыптастыру аяқталуға тиіті болғандықтан, олардың
беріктігін тексеруді ұйымдастыру керек және қажет болған жағдайда оларды
қолдау және жетілдіру шараларын қолдану қажет.
Арифметикалық амалдардың қасиеттерінің көмегімен санды және әріпті
өрнектерді қалай ықшамдауға болатыны көп таңбалы сандардың алгоритмдері
қалай негізделетіні көрсетіледі. Көбейтудің қасиеттерінің әріптік жазылуы
қарастырылады.
Арифметикалық амалдар компоненттерінің арасындағы тәуелділік негізінде
теңдеулерді шешу машықтарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс одан әрі
жалғастырылады. Қарапайым жағдайларға баса назар аудару керек. Осы
тақырыпта көрсетілген мәселе есептерді арифметикалық тәсілмен де,
алгебралық тәсілмен де шығарған пайдалы.
Бөліктерге табуға берілген есептер деп аталатын есептерді теңдеу құрып
шығарған кезде оқушылар сол жағында белгісіз екі қайталап келетін теңдеулер
мен бірінші рет кездеседі. Мұндай есептерді шығару сәйкес әріпті өрнектерді
түрлендіру машықтарын қалыптастыруға алдын ала жол ашады.
Қалдықпен бөлумен оқушылар бастауыш мектепте кездеседі. Енді осыған
сәйкес іскерлік машыққа айналғанша жетілдіру керек, өйткені мұндай амалдары
, мысалы бөлшек санның бүтін бөлігін алу, ауызша орындауға тура келеді.
Бұл тақырыпта жаңа ұғымдар енгізіледі: санның бөлгіші және берілген
санға еселік сан, бір сан екінші санның асалігі немесе бір сан екінші
санның бөгіші болатын – болмайтынын анықтау іскерлігі қалыптастырылады.
Әсіресе 2-ге, 5-ке, 10-ға, 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану
машықтарының маңызы зор, өйткені олар сандарды көбейткіштерге жіктгенде,
бөлшектерді қысқартқанда қажет болады.

Математика жаңа білім мазмұның ерекшеліктері

4 сынып математикасының жаңа білім мазмұнының ерекшеліктерін
бастауыш математика пәнінің ішкі мазмұнының салалары тұрғысынан шығады:
1. Теріс емес бүтін, сандарды нумерациясы.
Аударма бағдарлама бойынша 4 сынып оқушыларынан Миллион көлеміндегі
сандарды оқу әрі жазу талап етілетін еді. Яғни, бастауыш мектепте
оқушыларды алғашқы екі сандар класы(бірліктер мен мыңдықтар) жайлы білім
қалыптастырумен шектеленетін.
Бұл жағдайда төл бағдарламаның міндетті деңгейінде оқушылар Натурал
сандар қатарының ретін білуі және Натурал сандарды және нөл санын оқуды,
жазуды және салыстыруды үйренуге тиіс деп тұжырымдалса, бағдарламаның
мүмкіндік деңгейінде оқушыларда Натурал сандар санаудың, шаманы өлшеудің
және амалдың нәтижелері екені, натурал сандар қатарының шексіздігі,
санаудың ондық жүйесінің мән – мағынасы және ерекшелік туралы түсінік болу
керек деп айқындалған. Яғни төл бағдарламада теріс емес бүтін сан мәселесі
бұрынғыға қарағанда қарастырылу облысы тұрғысынан да әлдеқайда кең ауқымды
оқытылады. Сондықтан мұнда теріс емес бүтін санның қарастырылу шеңберін
шектемей ылғи да Натурал сан мен нөл деп тұжырымдалған. Осыған байланысты
бастауыш мектепте кез келген натурал сан жайлы оқушыларда түсінік
қалыптасуға тиісті. Осы мақсатта оқу жылының соңында сандар класының
үшіншісі миллиондар класы, яғни миллиард көлеміндегі сандар оқытылады.
Миллиард көлеміндегі сандар оқушылардың сандардың бірліктері және мыңдықтар
класы жайлы білімдерін жаңа жағдайда қолдану ретінде қарастырылған. Сонымен
бірге мұнда натурал сандардың осы мөлшерде бітіп қалмайтынына, яғни олардың
шектеусіздігіне оқушылардың назарын аудару басты мәселелердің бірі деуге
болады.
Сол сияқты натурал сан жайлы оқушылардың білімін тереңдететін 4
сыныптың негізгі мәселелерді қайталау, қорытындылау және дамыта түсу
тақырыбында бірде айқын, бірде айқын емес түрде берілген позициялы және
позициялы емес санау жүйесі. Рим цифрлары мен олар бойынша сандар
құрастыру, ондық санау жүйесінің ерекшеліктері және оны өлшеудің метрлік
жүйесімен сәйкестендіру натурал сандарды салыстырудың тәсілдері сияқты
мәселелер мұғалімдерден елеулі теориялық білім талап ететіні ескертеміз.
2. Арифметикалық амалдар.
Аударма бағдарлама бойынша бастауыш мектепте арифметикалық 4 амалды
қарастырумен шектеленетін. Және де 4 сынып соңындағы ең қиын есептеу тәсілі
көп таңбалы санды үш таңбалы таңбалы санға бөлу, ал оның нақты түрі
272640284 және 448574712 деп айқындалған. Алайда, оқулықта көп таңбалы
санды үш таңбалы санға бөлу қарастырылғанмен, 4 сынып соңындағы
оқулықтардың білім, білік дағдыларына қойылатын талапта бұл жағдай біраз
жеңілденіп, ... көп таңбалы сандарды бір және екі таңбалы сандарға жазбаша
көбейтіп және бөліп есептеудің дұрыстығын тексеріп үйрену деп
тұжырымдаған.
Ал, төл бағдарлама бойынша арифметикалық төрт амалмен қоса, дәрежеге
шығару амалы да орындалады. 3 сыныпта таныстырылған мән-мағынасы ашылған
және практикалық қолданысқа түскен (шаршының ауданы, кубтың көлемін табу)
дәрежеге шығару амалы жайлы оқушылардың білімдері 4 сыныпта практикалық
тұрғыда дами түседі.
Сондықтан да, бағдарламаның мүмкіндік деңгейінде оқушылар санның
квадраты мен кубы жазбаша және микрокалькулятордың көмегімен есептеп
табуды үйрену тиіс деп қорытқан.
Алайда, бұл мәселені тек қана бағдарламаның мүмкіндік деңгейіне ғана
делуге болмайды. Себебі, шаршының ауданы, тікбұрышты паралеллипипедтің
көлемін табу бағдарламаны міндетті деңгейінің материалдары болып табылады.
Сол сияқты көп таңбалы сандарды екі таңбалы санға көбейту мен бөлу
бағдарламаның міндетті деңгейіне жатқызылған. Төл бағдарлама бойынша 4
сыныпта қалдықпен бөлу мәселесіне де ерекше ден қойылады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Бастауыш сыныпта математика пәнінен есеп шығарудың тиімділігі ... ... ..4
1.1 Сандық
теория ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
1.2 Амалдар
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

2 Бастауыш сыныпта оқытудың есеп шығару тиімділігін қалыптастыру
2.1 Есеп шығарудың әртүрлі
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2

3 Математикадағы жаңа білім мазмұнының ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жүз көлеміндегі сандар тақырыбы мынадай материалды қамтиды:
сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту; ондықтан аттамай ауызша
қосу және азайту, кесталік оқу және азайту, ондықтан аттап ауызша қосу және
азайту; ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту.
Сандарды оқу,жазу,салыстыру,қосу және азайту тақырыбы 1 және 2-
сынып математика курстары арасындағы көпір іспеттес, яғни сабақтастық
байланыстарды жүзеге асырудың алғышарты болып табылады. Өйткені мұнда
оқушыларға бұрыннан белгілі мәселелер тиянақталады, пысықталады және
қайталанады, соның негізінде жалпылай түсу және қорытындылау барысында
кейбір жаңа ұғымдар енгізіледі.
1. Бірліктермен санау және ондықтармен санау, сәйкес бір таңбалы
сандар мен толық ондықтарды шығарып алу, сондай-ақ оларды атау, жазу және
салыстыру оқушылардың бірінші сыныпта оқып-үйренген мәселелері болып
табылады. Олай болса, мұның бәрі сандар аймағын кеңейтудегі тірек білімнің
қатарына жатады. Жеке кіші шаршыны – бірліктің, осындай он шаршыдан тұратын
жолақшаны ондықтың баламасы, он жолақшадан тұратын үлкен шаршыны –
жүздіктің баламасы ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Бастауыш сынып математика сабақтарында пайдаланатын оқыту əдістерін таңдау
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Бастауыш мектепті оқыту үрдісі
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Модульдік оқыту технологиянысын математика сабағында қолдану
Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнiнде өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру
Оқыту функциялары және оларды жүзеге асыру жолдарының педагогикалық негізі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Бастауыш сынып оқушыларының есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыру ерекшеліктері
Пәндер