Қазақстан Республикасындағы жұмыс күшінің көші-қоңы түрлері мен себептері



Кіріспе
1. Миграция.диалектикалық процесс
2. Негізгі факторлар
3. Экономика және демография әсері
4. ҚР.ның миграциялық ағымдарының күшеюі
5. Білімділердің кету мәселесі
6. Ұлттық еңбек рыногы мен жұмыс күші миграциясының даму
Қорытынды
Нарықтық экономикаға өту Қазақстан Республикасының ашықтығына ықпал етіп, оны халықаралық ынтымақтастыққа, оның ішінде еңбек күшінің сыртқы және ішкі миграциясына енуін әкелуде. Ұлттық рыноктың интернационализациясының қарқындылығына әкелетін ішкі және сыртқы ынталандырушы себептерді талдаудың қажеттігі туындайды.
Еліміздің алғашқы даму кезеңдерінде жұмыс күшінің сыртқы миграциясында қатты мұқтаждығы болмаған, өйткені экономика мемлекет монополиясына экстенсивті өсу әдістеріне, еңбек ресурстарының салааралық және аймақаралық қайта бөлудің үлкен мүмкіндіктеріне негізделген еді. Бұрынғы шаруашылық механизм мемлекетаралық ынтымақтастықты шектеп қана қоймай, әлемдік тенденция мен процестерге қосылу тұрғысынан дезинтеграцияға әкелді.
Тәуелсіздік алу мен шекараларды ашу Қазақстан Республикасына шетел капиталының ағымын ынталандырды. Ол бағалы және арзан еңбек ресурстарын, шетел жұмыс күшінің иммиграциясын пайдалануға тырысты. Екінші жағынан еліміздің азаматтарының бір бөлігі шет елде жұмыс табуға тырысуы болды. Осы бағыттар еліміздің халықаралық еңбек рыногына енуіне әсер етіп, ол енді ғылыми ғана емес, практикалық мәні зор болуда.
1. Экономикалық теория негiздерi. Оқулық Алматы, “Санат” 1998-47б
2. Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердiң орысша-қазақша түсiндiрме сөздегi. Алматы “Қазақстан” 1993.
3. Н.Назарбаев (Қазақстан-2030) Ел басының Қазақстан халқына жолдауы. 1 қазан 1997.
4. К.Б. Бердалиев. Основы управления экономикой Казахстана. Алматы: Экономия, 1998.
5. Авдокушин Е.Ф. "Международные экономические отношения". - М, ИВЦ "Маркетинг", 1996.
6. Арынов Е.М., Трофимов А.Е, "Международные экономические организации и экономические союзы". -Алматы, 1996.
7. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. "Международные экономические отношения". – М.: "Финансы и статистика", 1996.
8. Балабанов И. Т. Валютные операции - М., "Финансы и статистика", 1993.
9. Дж. Мэнвилл Хэррис. "Международные финансы". - М., 1996.
10. История мировой экономики. Хозяйственные реформы 1920-1990. І т. Под редакцией профессора А.Н. Марковой. - М., "Закон и право" Издательское объединение "ЮНИТИ", 1995.
11. П. Кругман, М. Обстфельд. "Международная экономика". - М, 1997. ЮНИТИ.
12. Лавров С.Н., Фролов Б.А. "Валютно-финансовые отношения". - М., АО "Менатеп-Информ", 1994.
13. Б. Мәдешев. "Нарықтық экономика теориясына кіріспе". "Экономика". - Алматы, 1996.
14. Микаэль П. Тодаро. "Экономическое развитие". Учебник. - Москва, 1997. ЮНИТИ.
15. "Мировой рынок ссудных капиталов". Учеб. Пособие / под ред. проф. Е. Ф. Жукова. - "Экономическое образование'', 1992.
16. "Международная торговля". Перевод с английского. Под редакцией док. экон. наук М.А. Гольцберга, магистра делового администрирования А.В. Вороновой. - М., "Бином", 1994.
17. "Международные валютные и кредитные отношения капиталистических стран". Учебник / Под ред. проф. Л.Н. Красавиной. — М., "Финансы и статистика", 1986.
18. Носкова И.Я. Внешнеэкономические связи предприятий. - М., ВЗФЭИ, 1992.
19. "Основы внешнеэкономических знаний". Словарь-справочник. – М., "Высшая школа", 1990.
20. "Проблемы стабилизации и развитие экономики". Отв. ред. д.э.н. проф. Кенжегузин М. Б. - Алматы. "Ғылым", 1997.
21. В.Е. Рыбалкин. "Международные экономические отношения".
22. М.Г. Розенберг. "Международная купля-продажа товаров". Издательство "Юридическая литература". - М.,
1995.
23. К.Н. Сагадиев, М.У. Арынбекова, Ш.Е. Жаксыбекова. "Интеграция экономики Казахстана в мировое хозяйство". Ғылым, 1996.
24. Фомичев В.И. "Международные экономические отношения". Издательсгво "Санкт-Петербургского университета экономики и финансов". 1992.
25. Фомичев В.И. Международная торговля. 1998.
26. "Основы внешнеэкономических знаний". - М, "Международные отношения", 1994.
27. Хасбулатов Р.И. "Мировая экономика". - М., "Инсан" 1994.
28. Черевик Е.Д. "Инвестиционный процесс в развивающихся странах". - М., 1988.
29. Шмиттгофф К, Экспорт: право и практика международной торговли. - М., "Юрид. Литература", 1993.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Қазақстан-Британ техникалық университеті

Экономика және Бизнес кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жұмыс күшінің көші-қоңы
түрлері мен себептері

Алматы 200 Жоспар

Кіріспе

1. Миграция-диалектикалық процесс

2. Негізгі факторлар

3. Экономика және демография әсері

4. ҚР-ның миграциялық ағымдарының күшеюі

5. Білімділердің кету мәселесі

6. Ұлттық еңбек рыногы мен жұмыс күші миграциясының даму

Қорытынды
Кіріспе
Нарықтық экономикаға өту Қазақстан Республикасының ашықтығына ықпал
етіп, оны халықаралық ынтымақтастыққа, оның ішінде еңбек күшінің сыртқы
және ішкі миграциясына енуін әкелуде. Ұлттық рыноктың
интернационализациясының қарқындылығына әкелетін ішкі және сыртқы
ынталандырушы себептерді талдаудың қажеттігі туындайды.
Еліміздің алғашқы даму кезеңдерінде жұмыс күшінің сыртқы миграциясында
қатты мұқтаждығы болмаған, өйткені экономика мемлекет монополиясына
экстенсивті өсу әдістеріне, еңбек ресурстарының салааралық және аймақаралық
қайта бөлудің үлкен мүмкіндіктеріне негізделген еді. Бұрынғы шаруашылық
механизм мемлекетаралық ынтымақтастықты шектеп қана қоймай, әлемдік
тенденция мен процестерге қосылу тұрғысынан дезинтеграцияға әкелді.
Тәуелсіздік алу мен шекараларды ашу Қазақстан Республикасына шетел
капиталының ағымын ынталандырды. Ол бағалы және арзан еңбек ресурстарын,
шетел жұмыс күшінің иммиграциясын пайдалануға тырысты. Екінші жағынан
еліміздің азаматтарының бір бөлігі шет елде жұмыс табуға тырысуы болды. Осы
бағыттар еліміздің халықаралық еңбек рыногына енуіне әсер етіп, ол енді
ғылыми ғана емес, практикалық мәні зор болуда.

1. Миграция-диалектикалық процесс

Қазіргі уакытта халықаралық еңбек рыногын тек білімділердің кетуі мен
ұлттық еңбек рыногын ұлғайтуға әсер ететін фактор ретінде қарастыруға
болмайды, ол енді еңбекті пайдаланудың жаңа сферасы ретінде қарастырылуы
қажет. Халықаралық еңбек рыногының басты өзгешелігі - жұмыстылықтық, еңбек
қатынастарының, қайта құрудың құрылымын ынталандыру, жаңа әлеуметтік
құрылымдар үйымдастыру, еңбек сферасында ынталандыру мен бәсекелестігін
жоғарылатудың жаңа түрлерін қалыптастыруы.
Бүгінгі күні кез келген ел, даму деңгейі мен құрылымынан тәуелсіз, өз
еңбек потенциалын пайдалану тиімділігі, ғылыми-техникалық прогресс
жетістіктерін ендіру, өндіріс құрылымының тиімділігін арттыру мәселелерімен
қандай да бір дәрежеде бетпе-бет келеді. Бұл мәселелерді кейде бір елдің
ішінде шешу мүмкін емес. Оған бүкіл әлем қауымдастығының күш-жігерін
үйлестіру, халықаралық адам және еңбек ресурстарымен алмасу мақсатындағы
еңбекші күшінің жоғары мобильдігіне жету үшін саяси және әлеуметтік-
экономикалық жағдайларды қалыптастыруды қажет етеді.
Халықтың белсенді қозғалысын негізгі ынталандырушы -экономикалық мүдде
болып қалуда. Миграцияны ынталандыру себептерінің ішінде жоғары табыс алу
мүмкіндігі, әл-ауқат деңгейін жоғарылату, жұмыс істеу үшін қажетті жағдай
жасау, өзінін мүмкіндіктерін толық пайдалану, болашақта балаларына білім
беру мен жұмысқа орналасу, тағы осы сияқты себептер басым түсіп отыр.
Миграция - диалектикалық процесс, сондықтан оны екі жақтан: теріс
тенденциялар мен оң жағдайлар тұрғысынан қарастыру керек. Қазақстан сияқты
жас, аяғына нық тұрмаған мемлекет үшін, эмиграцияның күшеюі жоғары білікті
жұмыскерлердін кетуі, еңбек потенциалын толтыру үшін оқыту, денсаулық
сақтау, жоғары білім алу сияқты шығындар арқылы экономикаға тікелей зиян
әкеледі. Бірақ миграция мәселесіне тек теріс көзқарастан қарауға болмайды.
Өйткені екінші жағынан ол адамға дағдарыстан шығуға, экономикалық
мәселелерін шешуге көмектеседі. Әрине, ол кезде психологиялық, үйрену,
ұлттық дәстүрді сақтау сияқты мәселелер пайда болады.

2. Негізгі факторлар
Интеграция жағдайында Қазақстан халықаралық еңбек рыногына енуге дайын
ба?
Бұл сұрақтың қарастырылуы еліміздегі мигранттардың сапалық және сандық
мөлшеріне әсер ететін бірқатар себептер мен факторларды талдауды қажет
етеді. Біздің пікірімізше, факторлар мен себептерді ірі блоктарға жүйелеп,
келесіде тиянақты қарастыруымызға болады:
1. Экономикалық факторлар жүйесі;
2. Демографиялық мәселе;
3. Экологиялық апаттар;
4. Әлеуметтік және этникалық қарама-қайшылықтар; Көрсетілген әрбір
жүйеде факторлар топтарын бөлу қажет.
1. Экономикалық факторларға:
а) Беймемлекеттендіру мен жекешелендіру процесі;
б) Экономикалық құрылымды қайта қүру;
в) Көлеңкелі жұмыстылықтың дамуы;
г) Бір өндірісті кіші қала мәселелері;
д) Аймақтық диспропорция;
е) Еңбекақыдағы айырмашылықтар;
2. Демографикалық мәселелер:
а) еңбек күшін ұдайы өндіру мәселесі;
б) жыныстық-жас құрылымы;
3. Экологиялық факторлар. Арал теңізі маңынан, Семейден, Шығыс
Қазақстаннан экологиялық миграцияның пайда болуына әкелген.
4. Әлеуметтік-этникалык және саяси қарама-қайшылықтарға, жергілікті
ұлт өкілдері еместерге өсу мүмкіндігі жоқтығы, қоғамдағы бюрократизация,
жемқорлық пен қылмыстың өсу дәрежесі кіреді.

3. Экономика және демография әсері
Миграция мәселесі мен оның белсенділігіне әсер етуші факторларды
қарастыруда көңіліміздің басым бөлігін экономикалық және демографиялық
мәселелерге бөлеміз.
Мемлекет секторының қысқаруы мен жеке меншік өндірістің дамуы жұмыс
күші ағымына елеулі әсер етті. Жоғары білікті қызметкерлердің кәсіпкерлік
пен жеке меншік бизнес саласына ауысу тенденциясы байқалуда. Статистика мен
талдаудын Ұлттық агенттігі мәліметі бойынша, 1998 жылы жеке меншік бизнес
саласында жұмыс істеушілер саны былайша бөлінді: өндірісте-127,9 мың, ауыл
шаруашылығында - 871,6 мың, сауда мен қызмет көрсету саласында -163,8 мың
адам болды.
Материалды және материалды емес салалар бойынша жалақы деңгейінде
елеулі айырмашылықтар бар. 1998 жылы жалақының максималды деңгейі жанар-май
өндірісінде - 25542 теңге болды, ал қара және түсті металлургияда -16918
бен 14783 теңге, электро-энергетикада -15693 теңге болып, минималды деңгейі
жеңіл өнеркәсіпте - 5716, медициналық салада -5160 теңге болды.
Материалды емес салада жалақының максималды деңгейі несие,
қаржыландыру мен қамсыздандыру мекемелерінде -23087 теңге, геология мен
қазбаларды барлау -17850 теңге, басқару мекемелерінің аппараты -13777 теңге
болды.
Бұл жағдай жұмыстылық құрылымы мен ішкі және еларалық ауысуға өз
әсерін бермей қоймады.
Қазақстан экономикасының құрылымы жалпы әлемдік тенденцияларға бейім,
басқаша айтқанда материалдық өндірістен материалдық емес өндіріске
адамдардың белсенді ағымы болуда. 1998 жылдын 1 қаңтарына білім беру
саласында жұмыс істеушілер саны -541,5 мың адам, денсаулық сақтауда -306,3
мың адам, сауда мен қызмет көрсетуде -113,2 мың адам, басқару мекемелер
аппаратында 134,8 мың адам болды.
Қазақстан территориясында жұмыс күшін әкелуге 349 лицензия әрекет
етуде. Бірлескен және шетел кәсіпорындары, лицензия алғаннан бері
қазақстандықтар үшін 1996 жылы 20 мың жұмыс орындарын, ал 1997 жылы -5504
жұмыс орындарын жасақтады. Бірақ көптеген шетелдіктер кәсіпорындарда
лицензиясыз немесе жалған лицензиялармен жұмыс істеуде1.
Қазақстан Республикасының Үкіметі "ҚР-на шетел жұмысшыларын әкелу мен
жұмысшы күшін шетелге шығару іс-әрекетін лицензиялау туралы" үкімін
қабылдады.
Лицензиялар енді еңбек биржаларында қажетті мамандар тіркелмеген
жағдайда ғана беріледі. Жұмыс орнын басуға байланысты шетелдік компаниялар,
Мемлекеттік жұмыстылыққа көмек корына орнын толтыру төлемдерін шетел
жұмысшысының Қазақстан территориясынан кететініне кепілдік ретінде төлейді.

4. ҚР-ның миграциялық ағымдарының күшеюі
Қазақстан Республикасының миграциялық ағымдарының күшеюі ерекшелігіне
жасырын жұмыссыздықтың және тіркелмеген жұмыстылықтың ұлғаюын айтуға
болады. Тіркелмеген жұмыстылық кең қолданыла бастады. Жұмыскерлер жұмыс
орындарының қысқаруы, өнеркәсіптер тоқтауына байланысты төлемсіз демалысқа
кетуі негізіндегі саны өсуде. Осының салдарын пайдаланып көптеген
кәсіпорындар мен ұйымдар жалдамалы еңбекті өз тізіміне ресми түрде қоспай
жұмыс істетуде. 1997 жылы еңбек келісімі мен шарттарын жасамаған жұмысшылар
саны осы кәсіпорындар жұмысшыларының 84,2 -ын құрады. Сонымен бірге,
босаған жұмысшылар мен жасырын жұмыссыздардың көлеңкелі немесе челноктық
бизнеске кетуі жағдайды қиындатуда.
Ұлттық еңбек рыногы мен жұмыс кұші миграциясының дамуына әсер ететін
негізгі факторлардың бірі болып, демографиялық, халықтың ұдай өндіру
қарқыны табылады. Соған байланысты, болашақта ұлттық шекараларда немесе
оның шеттеріндегі халық мобильдігі жоғары немесе төмен болады.
Қазақстанда әзірше халық санының төмендеуі тұрақты болуда. 1997 жылы
қазақстандықтар саны 188,9 мың адамға немесе 1,2%-ға қысқарды. Халық саны
өсуі тек үш аймақта ғана болуда - Атырауда (6,4%), Кызыл-Ордада (1%),
Оңтүстік Қазақстанда (0,4%).
Халық санының қысқаруы туылғандар санының азаюы мен эмигранттар
санының өсуіне байланысты.
5 жыл ішінде туылудың жалпы коэффициенті әр мың адамға 19,1-ден 14,7
дейін төмендеді. Осының нәтижесінде табиғи өсім деңгейі 2,1 есе төмендеді.
Ал болашақта еңбек рыногының көлемінің қысқаруы мен экономикалық өсу зиян
тигізіп, еңбек күшінің миграциялық қозғалысына әсер етеді.
Соңғы 5 жылда еларалық миграция айналымына 1997,5 мың адам қатысты.
Алыс шетелден 25 мың адам келіп, бұл елдерге 440,4 мың адам кетті.
Жақын шетелден 319,8 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көші-қон мәселесі жайлы
Халықтың көші - қоны
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Қазақстан Республикасында көші-қон қатынастарын реттеудің мемлекеттік-құқықтық негізі
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Зерттеудің деректік негізі
Қазақстан Республикасына шетел жұмысшыларын жұмысқа тарту мәселесі: халықаралық құқықтық қырлары
Қайтымсыз көші - қон
Миграцияның негізгі себептері
Халықтың көшіп-қонуын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәселелері
Пәндер