Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері



Жоспар

І. Кіріспе

І. Тарау. Тәуелсіз Қазақстандағы діни ахуал.

1.1 Қазіргі таңдағы Қазақстандағы діни жағдай.
1.2. Қазақстандағы діни бірлестіктер.
1.3. Қазақстан және ислам.

ІІ. Тарау. Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері.

2.1 Қазақстандағы миссионерлік ұйымдардың қызметі.

2.2. Адастырушы түрлі діни ағымдар.

2.3. Дін бостандығының Қазақстанның қоғамдық өміріне
ықпалы.

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
І. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіз ел болғанына 16 жылдай уақыт болды, осы уақыт ішінде республикада саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларда түбегейлі өзгерістер болып өтті. Республика халқының демографиялық құрамы өзгерді, қазіргі уақытта қазақ халқы басым этнос болып табылады.
Егер, 1989 жылдың 1 қаңтарына карай 30 діни бірлестікке енетін 700 діни бірлестік болса, 2003 жылдың 1 қаңтарына қарай республикада 62 діни бірлестікке енетін 5000 қауым бар. Олардың 75 % мұсылман қауымы құраса, 1300 қауымды басқа діни бірлестіктер құрайды. Олардың ішінде Евангельдік христиан –баптистердің 378 қауымы болса, 222 –сі орыс православиялық шіркеуінің қауымдары. Республикада барлық халықтың 70 % жуығы мұсылмандар, православиялықтар – 28 %, католиктер – 1 %, протестантар – 0, 5 %, басқалары – 0,01 %.
Қазақстандағы үлкен қоғамдық өзгерістер дін еркіндігіне жол ашты. КСРО тұсындағы діни құғындаудан кейін 70 жыл бойы қысылған халыққа қалаған дінін ұстануға рұқсат берілді. Қазақстан қоғамы полиэтникалық және полидінді болып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері, өтпелі кезеңде көптеген діни бірлестіктер құрылып, көпшілігі жойылып кетті. Өзгерген жағдайда, түрлі дін үстанатын адамдардың бір-бірінің діни сенімін сыйлауға діни жанжалға жол бермеуге үйренуге тура келді. Қазақстан өкіметі діни келіспеушіліктердің болмауына барынша тырысып, осы бағытта дұрыс саясат ұстанып отыр.Қазақстан өкіметі діндер арасында бейбіт қарым-қатынас принциптерін еңгізіп, діни бостандықты қамтамасыз етуге кепіл болып отыр.
Қазіргі дүниеде діни шыдамсыздық салдарынан күн сайын мыңдаған адам зардап шегуде. Мысалға, айтсақ Үндістан тәуелсіздік алғалы бері, мұсылмандармен индуистер арасында үнемі қанды қақтығыстар болып 60 жылдан бері 10 мыңдаған адам қаза тапты. Таяу Шығыста араптар мен еврейлер арасындағы бітпес қарулы қақтығыстың негізінде діни келіспеушілік жатыр. Қазіргі кезде діни экстремизм мәселесі дүниежүзілік жаһандық мәселелердің қатарында.
КСРО құрамында болған Қазақстан халықтарының 70 жыл бойы жалпы болған атеистік ұстаным,діни дәстүрлерге үлкен соққы берген. Кеңестік атеистік идеология ұрпақтан ұрпаққа берілетін діни құндылықтардың көпшілігінің жоюлуына алып келді. Нәтижесінде, 1991 жылдан кейін Қазақстанда негізгі 3 әлемдік діннен бөлек, көптеген басқа діни ағымдар таратыла бастады. Негізгі діндердің өзін басқаша түсіндіретін діни ағымдар көбейіп кетті.
Діни дәстүрлердің болмауы көпшілік адамды, әсіресе жастарды діни экстремистік қауымдарға қосылуға жол ашты. Осындай жағдайда, Президент Н.Назарбаев басшылығымен діни экстремизімге және ұлтааралық және діни қақтығыстардың болмауына барлық күш салынуда.
Діндер бейбітшілік мақсатында сенушілер арасында жақсылықты уағыздау арқылы, түрлі ұлттардың адамдарының бір-бірінің діни сенімдерін құрметтеуге уағыздап, Қазақстанды гүлдендіруге шешуші көмек беруде. Осы шарттар Қазақстан Республикасының саясаты негізіне қойылып, ұлтааралық бейбітшілік және сенімнің тірегі болуда.
2003 жылдың 13 қаңтарында Алматыда Халықааралық діни конференцияда түрлі діни конфессиялар арасында бейбіт қатынастар, ынтымақтастық туралы дінаралық диалог болды.
Соңғы кездері, Қазақстанның діни өмірінде бірқатар діни экстремистік ұйымдардың қызметтерінің күшейгені байқалуда. Қазақстандағы бейбітшілік өмірді бұзуға тырысушылар діни қақтығыстарды көбейту арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруда тырысуда. Бірақ, ондаған жылдар бойы бірін-бірі құрметтеген түрлі діни сенімдерді ұстанатын Қазақстан азаматары бұл араңдаушылықтарға ерімей, Еліміздің қоғамдық тірегі мықты болып отыр.
Дәстүрлі діни ағымдар қазіргі таңда деттеген мақсаттарын жүзеге асырып, өз жоспарларын жасап келуде. Кез келген бұрышта әдемі күлкісімен жолыңды тосатын, түрлі-түсті кітапшалары арқылы «қайырымды және мәңгілік өмірге жетелейтін», майда тілімен ділің мен рухыңа қармақ салып жатқанын аңдатпайтын жат пиғыл, сұқ көздердің әрекетіне қоғам көзімізді үйретіп үлгерді. Әбден дандайсыған дәстүрлі емес діни ағым өкілдері «адамзатты белшесінен батқан күнәсінен арылтатын жалғыз бізбіз» деп ашық мәлімдеуге көшті. Оған осыдан 13 жыл бұрын айналымға енген «Діни бірлестіктер мен сенім бостандығы» туралы заң жобасының мән –мазмұнын өз мүмкіншіліктеріне толық пайдаланып отырғандығы белгілі. Статистика деректері «қазақ жерін мекендеп жатқан тұрғылықты халықтың 11 пайызы ата-бабасы тұтынған ана дінінен іргесін аулақ салып үлгерген» дейді. Мамандар «қазіргі қолданыста жүрген дінге қатысты заңнама тетіктері қазіргі ахуалмен сәйкес келе бермейді, олардың шектен шығып дандайсуының себебі сол» дейді. Оған негіз де жоқ емес. 1995 жылы Қазақстанда 8 мұсылмандық, 4 православиялық, 4 католиктік, 26 протестанттық бірлестіктер тіркелді. Ал бахай, кришнайт, мунийст тәрізді дәстүрлі емес діни ағымдардың тіркелгендерінің саны сол жылы 10 болса, 1996-1997 жылдары 40-тан асып кеткен.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Үкіметке сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Мұхтар Шаханов республика тәуелсіздік алған жылдан бастап Қазақстан көп конфессиялы елге айналғанын, ойдан-қырдан қашқан, тіпті бірқатар мемлекеттер есігінен сығалауға мұрсат бермейтін дәстүрлі емес ағымдардың быжынап ұя салатын жайлы мекеніне айналғанын ашып айтқан.
«Жат ағымдардан келетін қауіп-қатер соғыстан жүз есе қауіпті» дейді Мұхтар Шаханов. Миссионерлердің қажеттілігіне жыл сайын 12 млрд. доллар жұмсалады. Мол қаржының батпандай сұрауы бар. Не керек және нені көздеп жүргенін өздері де жоққа шығармайды. «Жаңа өмір» библия орталығы интернет-сайттарында жазылған мәлімдемелерінде Қазақстанды Орталық Азияда тамыр жаюға ең қолайлы және өздеріне ішкерілеп енуге рұқсат бермейтін Азияның кейбір аймақтары үшін жергілікті өкілдерінен дайындалған миссионерлерді аттандыруға қажет дәліз екенін айтқан. Байқап тұрсыз ба, «жергілікті ұлт өкілдері» деп қазаққа шоқтың қоламтасын маздататын көсеуі ретінде қарайды. Егер осы тақырыпта дау туа қалса, әлем алдында қазақты жаманатты етуге таптырмас дәлел.
Ал АҚШ-тың Лос-Анджелесіндегі евангелистер сектасының құзырындағы «Благодать» ұйымы бағдарламалық мәлімдемелерінде «Құдай сөзі арқылы Қазақстан халқының ақыл-ойын өзгертеміз» дейді. Мақсаттары 2010 жылға дейін бүкіл Қазақстан халқын евангелистік ағымға көшіру екенін жасырмайды да. Дәл осы бағытта жұмыстарын жалғастырып жатқан мектептер мен орталықтар саны 30-дың үстінде. Бұл ресми тіркелгендері ғана. Ел ішін кезіп жүрген ұзынқұлақ әңгімелер «көше-көшелерде кітап тарататын насихатшылардың айлық жалақысы 30 мыңның үстінде» дейді. Егер қатарын көбейтіп, соңына біреулерді ілестіре алса, үстеме сыйақысы тағы бар.
Дәл осы тәсілмен жұмыстарын жандандырып жатқан «Иегова куәгерлерінің» бір Алматыда ғана 30-дан астам оқу орталықтары толық бабында жұмыс істеп тұр. Салыстырмалы түрде қарасақ, Алматыда 14 шіркеу, 38 мұсылман мешіті бар. Егер жазатайым жолдан тайып, иегова куәгерлері мүшесі бола қалсаңыз, азаматтық, тіпті жанұя, жар алдындағы міндетіңізден бас тартасыз. Туған жер, Ел таңба, Әнұран, Ата Заң, бірге туған бауыр сіз үшін кім, не деген сұраққа жауап беріп тұрған зат есім ғана болып, тек қожайынының шашты басына ғана мансұқ тұтқан Айтматовтың Мәңгүртіне айналасыз. Бұл есігімізге батпандап еніп жатқан, мысқалдап шығу ойында, тіпті жоспарында жоқ рухани отаршылықтың бастапқы кезеңі ғана. Философия және саясаттану институты философия ғылымы және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, профессор Анатолий Косиченко Ұлыбританияда 2002-2003 жылдары-ақ ешқандай дабыра қылмай-ақ, әлемдік қауымдастықтың ықтимал қарсылығына қарамай-ақ, 20-дан астам дәстүрлі емес діни ағымдар, бірлестіктердің жұмысына тыйым салғанын айтады.
Ал қазақ елінде тәуелсіздікке қол жеткен жылдары бірде-бір діни бірлестіктің лицензиясы қайтарып алынбаған. «Мұнымызға басқа не дейді» деген сол баяғы жалтақтық. Сол жалтақтықтың иегінің астында жат ағымдар, діни идеологиялық, тіпті ұлттық мүдделер мен әдет-ғұрыптар көпір үстінде теке тірес жағдайында тұр. Ол ушығып кетсе, саясат сахнасында әлдебіреулер үшін қолайлы тіркес – ислам фундаментализмінен келер қауіптен әлдеқайда қатерлі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Т.И. Юраскина. «Религия в истории мировой культуры»5.4.2. Ислам как мировая религия.
2. Мұхаммад Зариф. Хикматзада. Б.3.2. Біз неге мұсылман болдық? Алматы «Әуен». 2002ж.
3. Құран . Наср сүресі.
4. Бекташ А. Тілегенова А. Дінтану. Шымкент., 2004.
5. Ислам энциклопедиясы Бас редактор Р. Нұрғалиев-Алматы Қазақ энциклопедиясы» 285-б.
6. Мехмет Соймен. Ислам дінінің негіздері. Анкара, 1999ж. 144-б.
7. Мұхаммед пағамбарымыздың ғадистері, Алматы., «Жазушы» 1993. 64-б.
8. Религии мира. В2-хт. М. Аванта 1996.
9. Хрестоматия по исламу. М., Наука 1994.
10. Пол Оливер. Мировые религиозные верование. Пер.с англиск. О. Перфицева, М., Фаир –Пресс. 2003.
11. Сейфеддин Языжы. Негізгі діни мағлұматтар. Алматы 2004.
12. Фурқан сүресі, 53 аят.
13. Рахман сүресі,19-20 аяттар
14. badr-info@mail.ru
http://www.islam-ru.com/17LYUDI I/14SERDCA_KOTORIKH/LIS_SRD_003.htm
15. Ясин РАСУЛОВ с www.yaseen.ru 2005жыл.
16. З. Каражигитов. Ислам в Америке тоже есть. Алматы .
17. Московский Центр Карнеги- Публикации-Книги- Ислам на постсоветском.
18. Полезная Газета №184. Политика. Ислам шагает по планете.
19. Ахмет Абдірахманұлы, Рахмет самалы, «Мұсылман елдеріне саяхат» № 3 тамыз 2004ж. 34-б.
20. Өмір журналы 2000 № 7-8 «Мусулмане во франции».
21. Ахмет Абдірахманұлы, Рахмет самалы журналы Мұсылман өлкелеріне саяхат. Маусым № 2 2004ж.
22. Хұжырат 49/10.
23. Рахмет самалы журналы, Мұсылман өлкелеріне саяхат. Сәуір № 1 2004ж.
24. Рахмет самалы журналы, Мұсылман өлкелеріне саяхат. Наурыз-сәуір 2005 34-37-бет.
25. Рахмет самалы журналы, Мұсылман өлкелеріне саяхат. қазан № 4 2004 36-бет.
26. Доктор Мурад Вильфред Хоффман. «Ислам и будущее мира»
27. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 1995ж. «Қазақстан» баспасы.
28. О. Көбеева. «Дінтану негіздері» А., 1998ж.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
І. Тарау. Тәуелсіз Қазақстандағы діни ахуал.

1.1 Қазіргі таңдағы Қазақстандағы діни жағдай.
1.2. Қазақстандағы діни бірлестіктер.
1.3. Қазақстан және ислам.

ІІ. Тарау. Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері.

2.1 Қазақстандағы миссионерлік ұйымдардың қызметі.

2.2. Адастырушы түрлі діни ағымдар.

3. Дін бостандығының Қазақстанның қоғамдық өміріне
ықпалы.

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіз ел болғанына 16 жылдай уақыт болды, осы уақыт
ішінде республикада саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларда
түбегейлі өзгерістер болып өтті. Республика халқының демографиялық құрамы
өзгерді, қазіргі уақытта қазақ халқы басым этнос болып табылады.
Егер, 1989 жылдың 1 қаңтарына карай 30 діни бірлестікке енетін 700
діни бірлестік болса, 2003 жылдың 1 қаңтарына қарай республикада 62 діни
бірлестікке енетін 5000 қауым бар. Олардың 75 % мұсылман қауымы құраса,
1300 қауымды басқа діни бірлестіктер құрайды. Олардың ішінде Евангельдік
христиан –баптистердің 378 қауымы болса, 222 –сі орыс православиялық
шіркеуінің қауымдары. Республикада барлық халықтың 70 % жуығы мұсылмандар,
православиялықтар – 28 %, католиктер – 1 %, протестантар – 0, 5 %,
басқалары – 0,01 %.
Қазақстандағы үлкен қоғамдық өзгерістер дін еркіндігіне жол ашты.
КСРО тұсындағы діни құғындаудан кейін 70 жыл бойы қысылған халыққа қалаған
дінін ұстануға рұқсат берілді. Қазақстан қоғамы полиэтникалық және
полидінді болып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері, өтпелі кезеңде көптеген
діни бірлестіктер құрылып, көпшілігі жойылып кетті. Өзгерген жағдайда,
түрлі дін үстанатын адамдардың бір-бірінің діни сенімін сыйлауға діни
жанжалға жол бермеуге үйренуге тура келді. Қазақстан өкіметі діни
келіспеушіліктердің болмауына барынша тырысып, осы бағытта дұрыс саясат
ұстанып отыр.Қазақстан өкіметі діндер арасында бейбіт қарым-қатынас
принциптерін еңгізіп, діни бостандықты қамтамасыз етуге кепіл болып отыр.
Қазіргі дүниеде діни шыдамсыздық салдарынан күн сайын мыңдаған адам
зардап шегуде. Мысалға, айтсақ Үндістан тәуелсіздік алғалы бері,
мұсылмандармен индуистер арасында үнемі қанды қақтығыстар болып 60
жылдан бері 10 мыңдаған адам қаза тапты. Таяу Шығыста араптар мен
еврейлер арасындағы бітпес қарулы қақтығыстың негізінде діни келіспеушілік
жатыр. Қазіргі кезде діни экстремизм мәселесі дүниежүзілік жаһандық
мәселелердің қатарында.
КСРО құрамында болған Қазақстан халықтарының 70 жыл бойы жалпы
болған атеистік ұстаным,діни дәстүрлерге үлкен соққы берген. Кеңестік
атеистік идеология ұрпақтан ұрпаққа берілетін діни құндылықтардың
көпшілігінің жоюлуына алып келді. Нәтижесінде, 1991 жылдан кейін
Қазақстанда негізгі 3 әлемдік діннен бөлек, көптеген басқа діни ағымдар
таратыла бастады. Негізгі діндердің өзін басқаша түсіндіретін діни ағымдар
көбейіп кетті.
Діни дәстүрлердің болмауы көпшілік адамды, әсіресе жастарды діни
экстремистік қауымдарға қосылуға жол ашты. Осындай жағдайда, Президент
Н.Назарбаев басшылығымен діни экстремизімге және ұлтааралық және діни
қақтығыстардың болмауына барлық күш салынуда.
Діндер бейбітшілік мақсатында сенушілер арасында жақсылықты уағыздау
арқылы, түрлі ұлттардың адамдарының бір-бірінің діни сенімдерін
құрметтеуге уағыздап, Қазақстанды гүлдендіруге шешуші көмек беруде. Осы
шарттар Қазақстан Республикасының саясаты негізіне қойылып, ұлтааралық
бейбітшілік және сенімнің тірегі болуда.
2003 жылдың 13 қаңтарында Алматыда Халықааралық діни конференцияда
түрлі діни конфессиялар арасында бейбіт қатынастар, ынтымақтастық туралы
дінаралық диалог болды.
Соңғы кездері, Қазақстанның діни өмірінде бірқатар діни экстремистік
ұйымдардың қызметтерінің күшейгені байқалуда. Қазақстандағы бейбітшілік
өмірді бұзуға тырысушылар діни қақтығыстарды көбейту арқылы өз мақсаттарын
жүзеге асыруда тырысуда. Бірақ, ондаған жылдар бойы бірін-бірі құрметтеген
түрлі діни сенімдерді ұстанатын Қазақстан азаматары бұл араңдаушылықтарға
ерімей, Еліміздің қоғамдық тірегі мықты болып отыр.
Дәстүрлі діни ағымдар қазіргі таңда деттеген мақсаттарын жүзеге асырып,
өз жоспарларын жасап келуде. Кез келген бұрышта әдемі күлкісімен жолыңды
тосатын, түрлі-түсті кітапшалары арқылы қайырымды және мәңгілік өмірге
жетелейтін, майда тілімен ділің мен рухыңа қармақ салып жатқанын
аңдатпайтын жат пиғыл, сұқ көздердің әрекетіне қоғам көзімізді үйретіп
үлгерді. Әбден дандайсыған дәстүрлі емес діни ағым өкілдері адамзатты
белшесінен батқан күнәсінен арылтатын жалғыз бізбіз деп ашық мәлімдеуге
көшті. Оған осыдан 13 жыл бұрын айналымға енген Діни бірлестіктер мен
сенім бостандығы туралы заң жобасының мән –мазмұнын өз мүмкіншіліктеріне
толық пайдаланып отырғандығы белгілі. Статистика деректері қазақ жерін
мекендеп жатқан тұрғылықты халықтың 11 пайызы ата-бабасы тұтынған ана
дінінен іргесін аулақ салып үлгерген дейді. Мамандар қазіргі қолданыста
жүрген дінге қатысты заңнама тетіктері қазіргі ахуалмен сәйкес келе
бермейді, олардың шектен шығып дандайсуының себебі сол дейді. Оған негіз
де жоқ емес. 1995 жылы Қазақстанда 8 мұсылмандық, 4 православиялық, 4
католиктік, 26 протестанттық бірлестіктер тіркелді. Ал бахай, кришнайт,
мунийст тәрізді дәстүрлі емес діни ағымдардың тіркелгендерінің саны сол
жылы 10 болса, 1996-1997 жылдары 40-тан асып кеткен.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Үкіметке сауал жолдаған Мәжіліс
депутаты Мұхтар Шаханов республика тәуелсіздік алған жылдан бастап
Қазақстан көп конфессиялы елге айналғанын, ойдан-қырдан қашқан, тіпті
бірқатар мемлекеттер есігінен сығалауға мұрсат бермейтін дәстүрлі емес
ағымдардың быжынап ұя салатын жайлы мекеніне айналғанын ашып айтқан.
Жат ағымдардан келетін қауіп-қатер соғыстан жүз есе қауіпті дейді
Мұхтар Шаханов. Миссионерлердің қажеттілігіне жыл сайын 12 млрд. доллар
жұмсалады. Мол қаржының батпандай сұрауы бар. Не керек және нені көздеп
жүргенін өздері де жоққа шығармайды. Жаңа өмір библия орталығы интернет-
сайттарында жазылған мәлімдемелерінде Қазақстанды Орталық Азияда тамыр
жаюға ең қолайлы және өздеріне ішкерілеп енуге рұқсат бермейтін Азияның
кейбір аймақтары үшін жергілікті өкілдерінен дайындалған миссионерлерді
аттандыруға қажет дәліз екенін айтқан. Байқап тұрсыз ба, жергілікті ұлт
өкілдері деп қазаққа шоқтың қоламтасын маздататын көсеуі ретінде қарайды.
Егер осы тақырыпта дау туа қалса, әлем алдында қазақты жаманатты етуге
таптырмас дәлел.
Ал АҚШ-тың Лос-Анджелесіндегі евангелистер сектасының құзырындағы
Благодать ұйымы бағдарламалық мәлімдемелерінде Құдай сөзі арқылы
Қазақстан халқының ақыл-ойын өзгертеміз дейді. Мақсаттары 2010 жылға дейін
бүкіл Қазақстан халқын евангелистік ағымға көшіру екенін жасырмайды да. Дәл
осы бағытта жұмыстарын жалғастырып жатқан мектептер мен орталықтар саны 30-
дың үстінде. Бұл ресми тіркелгендері ғана. Ел ішін кезіп жүрген ұзынқұлақ
әңгімелер көше-көшелерде кітап тарататын насихатшылардың айлық жалақысы 30
мыңның үстінде дейді. Егер қатарын көбейтіп, соңына біреулерді ілестіре
алса, үстеме сыйақысы тағы бар.
Дәл осы тәсілмен жұмыстарын жандандырып жатқан Иегова куәгерлерінің
бір Алматыда ғана 30-дан астам оқу орталықтары толық бабында жұмыс істеп
тұр. Салыстырмалы түрде қарасақ, Алматыда 14 шіркеу, 38 мұсылман мешіті
бар. Егер жазатайым жолдан тайып, иегова куәгерлері мүшесі бола қалсаңыз,
азаматтық, тіпті жанұя, жар алдындағы міндетіңізден бас тартасыз. Туған
жер, Ел таңба, Әнұран, Ата Заң, бірге туған бауыр сіз үшін кім, не деген
сұраққа жауап беріп тұрған зат есім ғана болып, тек қожайынының шашты
басына ғана мансұқ тұтқан Айтматовтың Мәңгүртіне айналасыз. Бұл есігімізге
батпандап еніп жатқан, мысқалдап шығу ойында, тіпті жоспарында жоқ рухани
отаршылықтың бастапқы кезеңі ғана. Философия және саясаттану институты
философия ғылымы және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, профессор Анатолий
Косиченко Ұлыбританияда 2002-2003 жылдары-ақ ешқандай дабыра қылмай-ақ,
әлемдік қауымдастықтың ықтимал қарсылығына қарамай-ақ, 20-дан астам
дәстүрлі емес діни ағымдар, бірлестіктердің жұмысына тыйым салғанын айтады.

Ал қазақ елінде тәуелсіздікке қол жеткен жылдары бірде-бір діни
бірлестіктің лицензиясы қайтарып алынбаған. Мұнымызға басқа не дейді
деген сол баяғы жалтақтық. Сол жалтақтықтың иегінің астында жат ағымдар,
діни идеологиялық, тіпті ұлттық мүдделер мен әдет-ғұрыптар көпір үстінде
теке тірес жағдайында тұр. Ол ушығып кетсе, саясат сахнасында әлдебіреулер
үшін қолайлы тіркес – ислам фундаментализмінен келер қауіптен әлдеқайда
қатерлі.

І. Тарау
1. 1 Қазіргі таңдағы Қазақстандағы діни жағдай.
Қазақстан Республикасындағы діни ұйымдардың өсу динамикасы
Діни 1989 1993 1995 1996 1997 1998 2001
ұйымдар
саны 59 296 679 826 898 1000 ға жуық 1652

Орта Азия және Қақазстан территориясына Ислам VІІ- ғасырдың екінші
жартысында Умеядтық халифа Муауия ибн Суфянның тұсында енді. Дін
таратушылардың қолбасшысы Құтайба Мүсілім ұлы еді. Ол жаулауды Бұхара,
Самарқанд, Насаф, Мерв, Хорезм, Баласағұн сияқты үлкен қалалар орналасқан
Маверенахрдың төңірегінен бастаған еді. Аз қазіргі Қазақстан төңірегінде
Исламның орнығуына Әбу Мүсілім бастаған мұсылман әскерінің 751-ші жылы
шілде айында Талас маңындағы Ахлет деген жерде болған соғыстың жеңіске
жетуі үлкен әсерін тигізді.
Осы уақыттарда еліміз аумағы Қарахан хандығына қарасты болатын.
Ислам біздің территориямызда Алтын орданың мұсылмандықты қабылдауымен нығая
түсті. Бұл процесс Береке (1255-1266ж.) ханның тұсында басталған еді. Ислам
ХІV ғасырларда әмір Темірдің кезінде де ерекше беделді болды.
Алдымен Ислам еліміздің оңтүстік өңірінде орналасқан отырықшы халықтың
арасында етек алды. Өйткені бұл елді мекендер сол кездегі Орта Азиядағы
Ислам мәдени орталықтары болып саналатын жоғарыда аталған бірқатар
қалалармен көршілес орналасқандықтан үнемі тығыз мәдени-экономикалық
байланыста болды. біздің елімізге негізінен дін таратушылардың әкелген
бағыты Ислам дінінің Ислам дінінің имам Ағзам бастаған Ханифит мазхабындағы
сунниттік бағыты. Бұдан әрі Исламның дамуы араб елдерінен келген
миссионерлердің ықпалымен болды.
Ал қазақ ұлты өзінше ел болып хандық құрған кездің өзінде (ХVғ.)
көпшілік хандардың мұсылман болғандығын, белгілі шығыстанушы Әлкей
Марғұланның Таңбалы тас жазуы еңбегінен алынған мына бір үзінділер
нақтылай түседі. Онда былай делінген екен: Осыған орай бұрыннан көріп
жүрген ғажайып тасты жаңадан тауып, онда қазақ тілімен ХІV-ХVғғ. Тасқа
жазылған ұран сөзін Л. Кузнецовпен бірлесіп көшіріп алады. Таста араб
харпымен жазылған сөз мынадай: Қыпшақ, найман, алшын, арғын, қаракесек,
үйсін, табын Иләһи кәр рә-сиге һамиша хайа рахмет қыл сен алтауын, екінші
түрде айтқанда: О ием! Үмітіңе жету үшін осы алтауына рахметіңді бере
гөр.
Қазақ хандығының Ресейге қосылуына байланысты патша үкіметі жергілікті
тұрғындар арасында христиандандыру шараларын жүргізіп, іске аспайтындығына
көздері жеткен соң ХVІІІғ. Соңы-ХІХ ғ. баскезінде өздері еріксіз Исламды
қолдайтын болды. жер-жерлерде мешіттер ашылып, Уфа қаласында муфтият
ұйымдастырылды. Қазақстанға арнайы мамандандырылған молдалар мен ишандар
жіберілді. Олардың көпшілігі татар ұлтынан еді. Орта ғасырларда орта және
таяу шығыста қалыптасқан мұсылман әлемі деп аталатын мәдени-саяси
қауымдастықтан, қазақ тектес тайпалар географиялық орналасуы жағынан шалғай
болғандықтан, едәуір шеткері болды. сонымен қатар, Қазақстан
территориясындағы исламдандыру деңгейі де әр түрлі болды. негізінен бұл
әрекет Оңтүстік аймақтардан Солтүстік аймақтарға қарай бәсеңдеу болды.
исламдандыру негізінде Ислам мәдениеті қазақ даласына тереңірек бойлай
түсті. Ең алдымен, бұл әрекеттер араб жазуымен араб тілінің қасиетті Құран
тілі ретінде таралуымен кеңірек танылды.
Араб тілі негізінен VІІІ-ші ІХ-шы ғасырларда дамыған ірі қалаларда,
мемлекет басқарушы қызметкерлер, діни қызметкерлер қна қолданып қоймай
тарихи-географиялы әдебиеттер жазуда да кеңінен қолданлды.
Бүкіл ислам әлемінде түгелдей дерлік араб тілі жергілікті
аристократия, діни қызметкерлерге түсінікті, жалпыға бірдей әдеби тіл
қызметін атқарды. Осы араб тілінің арқасында түркі дүниесінің бірқатар
ғалымдарының еңбектері бүкіл ислам дүниесіне мәлім болды. сондай
ғалымдардың біразы Әл-Фараби, Әл-Хорезми тағы басқалары.
Ислам мәдениеті сонымен қатар түркі мәденетінің негізгі бағыттарының
бірі әдеби поэзияға да елеулі әсерін тигізді. Осы жанрдың ең әуелгілерінің
әрі ең негізгілерінің бірі ІХ ғасырларда жазылған Жүсіп Баласағұнның Құтты
білік еңбегі. Э. Наджиптің айтуынша: бұл еңбек түркі дүниесінде ең алғаш
ислам діні негізінде, ислам діни ілімдерін дәріптеуші көлемді шығарма болып
табылады. Алайда мұнда араб-парсы тілдерінен енген сөздер де аз емес.
Ал мистикалық-сопылық поэзияның көрнекті шығармаларына, түркі
тайпаларының арасында Ислам дінін дәріптеуші мистик, ақын әрі ойшыл Ахмет
Иасауи шығармаларын жатқызуға болады. Оның Диуани Хикмет еңбегінде
берілген өлеңдер жинағы көне түркі тілінің оғыз-қыпшақ диалектісінде
жазылған.
Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын,
халық ауыз әдебиетінде де Ислам дінінің өзіндік әсері болды. бұл жайлы
Шоқан Уалиханов өз еңбектерінде кеңірек қарастырған. Оның аутынша көпшілік
ақындар Исламдағы Алланы, пайғамбарды мадақтаушы өлеңдерді халық әндеріне
салып айтады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлік поэзиясы да, оның ішіде бата
жанры Құран аяттарымен кеңейтіліп, исламдандырылған. Қазақ фольклорінде аса
жиі кездесетін Ислам дінінің кейіпкерлері-олар бірінші кезекте Алла тағала
және пайғамбар Мұхаммед, Ілияс, Сүлеймен, Дәуіт пайғамбарлардың есімдері.
Сонымен қатар Ислам әл-қиссаларында жиі кездесетін адам баласын аздырушы
немесе керісінше қолдап-қорғаушы періштелер, шайтандар.
Қазақ аңыздарына Құран кәрім, хадистерде баяндалған бірқатар
көріністер толығымен енгізілген. Бұлар көбіне Исламға дейінгі Талмудтық,
Інжілдік көріністермен үндесіп жатады. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда,
Жетісу өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінен көре
аламыз. Онда ІХ-ХІІ ғасырдағы Ислам елдері қалаларына тән рабаттары, мешіт,
моншалары бар қала құрылыстары табылған. Ең алғаш салынған мешіт
ғиматартары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Құйрық-Төбе (Хғ.) елді мекенінде
табылған. Алғашқв медреселер да осы маңдарда ашылған. Қалай болғанда да
Ислам түркі дүниесінде ежелден қалыптасқан құлышылқ, ғибадат үлгілерін
түбірімен ығыстыра алмады. Соның нәтижесінде әйгілі ғұламалар мүрделерінің
басына кесенелер тұрғызылып, олар зиярат етілуде. Ондай кесенелер атап
айтар болсақ Қожа Ахмет Иассауи (ХІVғ.), Арыстан баб, Бабажы-Хатун (Хғ.),
Қарахан (ХІғ.) кесенелері. Қазақстандағы Ислам мәдениеті жайлы айтқанда
оның Исламға дейінгі мәдениетпен кірігіп өзінше бір түркі дүниесіне тән
мәдени орта қалыптастырғанын көреміз. Бұл қалыптасқан мәдениет Қазақстан
халқының барлық шаруашылық, тұрмыстық жағдайларына лайық ыңғайластырылған
болды.[ii]

ІІ. Тарау. Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері.

2.1 Қазақстандағы миссионерлік ұйымдардың қызметі.

Ең алдымен басқа дінге тарту жайлы әңгіме болғанда миссионерлік жөнінде
айту керек. Бүгінде Қазақстан діни экcперимент алаңына айналып отыр.
Басқаша айтқанда Қазақстан діни экспанcия алаңына айналған. Сол
экспериментті қарқынды, жүйелі және ұйымдасқан түрде жүргізіп отырған —
христиан миссионерлері. Олардың басым көпшілігі АҚШ-тан арнайы жолдамамен
жіберілген — шоқындырушы-үгітшілер армиясы.
Христиан діні дүние жүзінде ең көп тармаққа бөлінген дін десек
қателеспейміз. Онда католик, протестант, православие атты үш негізгі бағыт
бар. Бұлардың ішінде, әсіресе протестанттар көптеген тариқаттар мен
секталарға бөлінген. Осындай шіркеулердің 20-дан астамы Қазақстанда
миссионерлік әрекет жасауда. АҚШ-тағы миссионер ұйымдары Қазақстанға арнайы
дайындықтан өткен, әбден ақпараттандырылған, мәліметтендірілген
миссионерлерді ғана жібереді. Олар бір жарым, екі жыл қазақтың тарихын,
мәдениетін сенімін зерттеп, кейбірі қазақ тілімен қоса, орыс тілін де
меңгеріп келеді. Әбден дайындалып, үгіт-насихат әдістемесі, тілі шыққан
осындай дінтаратушылардың алдына қазақтарды христиандыққа кіргізу деген
үлкен мақсат қойылған. Олар психологиялық дайындықтан өтіп, мейлінше қоюына
келтірілген адамдар. Іждиhаттылықпен барлық мақсаты, ойы қазақ халқын
христиандыққа кіргізу. Қатардағы шіркеу қызметкері, қатардағы миссионер
ұйымының мүшелері бұл жаққа жіберілмейді. Сондықтан, оларға өз саласының
маманы және үгіт-насихат жасау ісінің шебері ретінде қарауымыз керек.
Кейбірі адам психологиясын тыңшыларға, барлаушыларға тән дәрежеде зерттеген
және экономикадан, саясаттан, құқықтан хабары бар адамдар. Сондықтан,
бұларды кездейсоқ келген диуана, дәруіш сияқты көру — қателік.
Миссионерлік христиандықтың ежелгі дәуірлерінен бастау алады. Бүгінгі
Інжілдерде басқа адамдарды христиандыққа шақыруды бұйыратын үндеулер бар.
Христиандықта Иса Мәсіх жер бетіне қайтып келіп, Әке Құдайдың патшалығын
орнатады деген сенім бар. Миссионерлерлердің міндеті сол патшалықтың
алғышарттарын іске асыру. Олар әлем халқын Иса Мәсіхтің билігіне
дайындаушылар ретінде қызмет жасайды. Матфей жазған Інжілдің соңғы
тарауында Барлық ұлттарға бар және шәкірттер тап. Оларды шоқындыр және
бұйрықтарымды үйрет! деген жолдар бар. Миссонерлікте Тарсұстық Павелдің
өсиеттерінің маңызы зор. Ол өзінің коринфтықтарға жазған бірінші хатында
(Библия, 919, 22): Мен азат едім. Көбірек табыс табайын деп өзімді
баршаға құл еттім. Йаһұдилерді (еврейлерді) өзіме баулыйын деп, йаһұди
сияқты әрекет жасадым. Өзім шариғатты (Тәуратты айтқаны) тұтпасам да,
шариғат заңындағыларды өзіме қарату үшін оларға шариғатқа бағыныштымын деп
әрекет жасадым. Не істеп, не жасасам да, адамдарды өзіме қарату үшін
әркімге жағымды халде болдым дейді. Миссионерлікте адамдарды
христиандыққа тарту үшін керек болған жағдайда тақиййа жасауға болады
деген қағида бар. Тақиййа —басқаша болып көріну деген ұғымға саяды. Яғни,
жалпақ тілмен айтқанда екіжүзділік деп түсіндірсе болады. Демек,
миссионерлердің ең негізгі ережесі ешқашан да өзінің шын жүзін әшкерелемеу,
керек болса ортаға сәйкестендіріп бет-бейнесін ауыстырып тұру болып
табылады. Түпкі мақсат нысанадағы адамды инандырып христиандыққа кіргізу.
Христиандықты тарататын шіркеулер АҚШ-тағы өте бай ұйымдардың қатарына
жатады. Олардың меншігінде үлкен территориялар, өндіріс орындары,
бақылауында бизнес салалары, оқу орындары, кітапханалар, жатақханалар,
кәсіпорындар, бұқаралық ақпарат құралдары, баспаханалар бар. Америкалық
миссионерлерді Конгрес пен Сенат мүшелері, мемлекет құрылымдарында қызметте
отырған зиялылар, арнайы барлау ұйымдарының қызметкерлері, стратегиялық
жоспар жасайтын мекемелерге қатысы бар адамдар, әскерилер, дипломаттар
қолдайды. Жиhандастырудың жылы лебін артқа алып, әртүрлі сипатта келіп
жатқан дінтаратушылар халықтың осал тұсын аңдиды. Христиан миссионерлігі
1000 жылдан астам уақыт тәжірибе жинақтағандықтан дін тарату тәсілдері де
қатты дамыған. Әсіресе, заманауи технологиялық жабдықтарды өте тиімді
пайдаланады. Олар христиандық таратылатын елдегі ішкі, сыртқы саяси,
экономикалық, демографиялық, мәдени және экономикалық ахуалды өз мүдделері
үшін өте тиімді пайдалана біледі. Мысалы, ол елде жұмыссыздық көп пе, осы
мәселеге үгіт-насихаттың бір саласына арнайды. Студенттер көп пе?
Студенттер проблемасын шешу үшін қызмет етеді. Олар нені қажет етеді.
Студентке материалдық көмек қажет пе, сырлас достар керек пе, оқу құралы
жетпей ме, интернет қажет пе, осы секілді барлық проблемаларын шешіп
береді. Шәкіртақы тағайындап, онымен қоса, жұмыспен қамтамасыз етеді.
Шәкіртақыны шәкіртақы деп емес, ағылшын тілі мен компьютер үйретеміз деп,
грант ұтып алдың деп, алдап беретін кездері де болады. Оны студент
байқамайды. Бұл батпан құйрықтың соңы сенбі-жексенбі күндері өтетін құдайы
дастархандарға, семинарларға, отырыстарға, кеңес сұхбаттарға, қыдыруларға
ұласады. Біздің адамдар оған қалай барғанын байқамай қалатын жағдайлар да
аз емес. Осындай іс-әрекеттер арқылы олар үлкен ортаға ие болады.
Шоқынған қазақтардың ішінде білімді, сауатты адамдар да бар. Оларды
әртүрлі категорияларға бөлуге болады. Жастар, оқып жатқандар, бітіргендер,
халықаралық фирмаларда істейтіндер, зиялылар, мемлекет қызметкерлері мен
шенеуніктер. Олардың көпшілігі шоқынғанын әзірше жасырады. Олар рухани
ашырқап жүргендер. Кереметтей білім алған, жұмыс істейді, табысы өзіне
жетіп, экономикалық проблемаларын шешіп, енді рухани ізденіске түсе
бастағандар десе де болғандай. Мен қандай дінді ұстануым керек, қай жол
мені бақытты етеді? деген сауалды саналы түрде өздеріне сұрайтын осындай
жандармен де шұғылданатын миссионерлер бар. Олар дәл сондай адамдарды іздеп
тауып, дәл сол адамдарға лайықтандырып әзірленген методикамен үгіт-насихат
жасайды. Ал, осындай азаматтарымыздың басым көпшілігі исламның не екенін
тереңдеп білмейді, қазақша сөйлей алмайтындар да аз емес. Сондықтан, рухани
иммунитеті әлсіз азаматтарымызды өз қатарына тартып, олардың миларын әбден
жуып, өзге діннің сана-сезімін құяды. Осындай азаматтарымыз басқа дінге
енген соң мүлде өзгеріп, мүлде басқаша менталитеттегі адамдарға айналады.
Бұдан басқа олардың толық мағлұмат беретін интернет сайттары бар. Онда
Қазақстан жайлы жазылған мыңдаған беттерге көз жүгіртуіңізге болады. Оларды
елімізде он жылдан аса тұрып келе жатқан миссионерлер дайындайды. Әрбір дін
таратушының жеке-жеке интернет парақшалары бар. Олар Америкадағы дін
қарындастарына, қожайын ұйымдарына есеп беріп отырады. Онда суреттер,
видеороликтер, миссионерлік әрекеттер туралы, қазақтарды қалай шоқындырғаны
жөнінде әңгімелейді. Шоқынған қазақ жөнінде арнайы есептер жазылған. Онымен
қалай танысқаны, қалай шоқынғаны, дінге тарту жолы қалай қиынға соққандығы
хабарланады. Көп сайттардан пәленбай деген қазақтың Иса Мәсіхтің жолына
түсуі үшін дұға жасаңыздар — деген сынды өтініштерін де көруге болады.
Кейбір сайттарға шоқынған қазақтардың мойындаулары жазылған. Демалыс
кезіндегі, қаланың ішінде, қаланың сыртындағы, діни ритуал кезіндегі,
шығармашылық кештердегі суреттерімен қоса берілген. Бұдан тыс кейбір
жобаларға көмек сұралады. Шіркеу салуға, христиан кітаптарын қазақ тіліне
аударуға, компакт диск немесе үн таспа шығаруға, офис ашуға, т. б қаржылай
көмек сұрап жазған жазбаларды да оқуға болады.
Бұл сайттардың тағы бір ерекшелігі, кейбір миссионер сайттарында
Қазақстанды қаралау науқаны да жүргізілуде. Қазақстанда миссионерлерді
қудалайды. Діни сенім еркіндігі жоқ, ұлттық қауіпсіздік комитеті
діндесімізді тергеген, миссионерімізді іске тартып жергілікті сот айыппұл
салған, халық айғайлап діндарларды қуған, ол аз болғандай сақшы
қызметкерлері әлімжеттік көрсеткен — деген сияқты көптеген ақпараттар
тарату арқылы елімізді қаралауға, диктаторлы мемлекет ретінде көрсетуге
тырысады. Мақсаты, біріншіден Батыстағы христиан ұйымдарының наразылығын
туғызу. Екіншіден солар арқылы саясаткерлерге, бизнес саласына, халықаралық
ұйымдарға ықпал жасау. Үшіншіден, осындай ақпарат тарату арқылы
мемлекетіміздің билігіне ықпал жасауды көздейді. Халықаралық ұйымнан еліміз
дереу сескенеді. Біздегі кейбір шенеуніктер Батыста осындай ақпараттар
тараса, қорқып, айқара ашылған есікті былай қойып, терезелер мен басқа да
саңылауларды миссионерлерге ашуға дайын тұрады. Осыны көздеген миссионерлер
психологиялық ықпал жасау арқылы өздерінің бұл науқанын қауырт жүргізіп
жатыр.
Интернеттен тағы бір байқағаным қазір олар ауылды жерлегі тұрғылықты
халықты шоқындыру үшін арнайы миссионерлер қосынын құрып жатқанға ұқсайды.
Олардың мынандай да тактикасы бар. Миссионер әйел болса, жергілікті
жігіттерге тұрмысқа шығады, ал еркектері қазақ қыздарын алады. Бұл да
сенімді таратудың ең маңызды жолы. Шетелге сатылған жетімектердің
көпшілігін асырап алғандар да христиан миссионерлер. Бүгінге дейін
Қазақстаннан шетелдерге 5000 бала экспортталған екен. Олар сол балаларды
болашақта Қазақстанды шоқындыруда қолданбақ.
Соңғы кездері ислам дініне түрлі жағымсыз измдер таңып, қара күйе
жағуға тырысушылық байқалуда. Мұның астарында әлдекімдердің тасада тұрып
тас атуы, көздеген белгілі бір мақсаты жатыр. Бұл пікірді Астанада
Төзімділік арқылы – рухани бірлікке деген тақырыпта өтіп жатқан
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі білдірді.
Бас мүфти: Исламда терроризм де, басқа да измдер жоқ. Бұлардың дінімізге
үш қайнаса да сорпасы қосылмайды, деп атап көрсетті. Исламның басты
мұратының бірі – адамдар арасында бейбіт қатынас орнатып, тыныштықта өмір
сүру екенін жеткізген ол: Бұл измдер дініміздің күннен-күнге күшейіп
келе жатқан беделін түсіріп, өзгелерге құбыжық етіп көрсетуге бағытталып
отыр. Терроризмде ұлт, дін, нәсіл жоқ, деді.
Оның айтуынша, бүгінде әлемнің түрлі елдерінде болып жатқан дау-жанжал
мен соғыстардың, қақтығыстардың себебін көбіне-көп діннен іздеу үрдісі
қылаң бере бастады. Босния мен Герцоговинадағы қантөгіс діндераралық
шиеленіс салдарынан болды деп түсіндірілді. ЮНЕСКО секілді әлемге белгілі
халықаралық ұйымның бұл мәселеге үлкен мән беріп, 2000 жылы діндерді
диалогқа шақырғаны жайдан-жай емес. Қазіргі таңда дін үлкен күшке айналды.
Бірақ, мәселе сол күштің кімнің қолында екендігінде. Егер ол содырлар
немесе діни фанатист, яки, экстремистер мен дүмшелердің қолына тисе халық
қасірет шегеді. Ал, зиялылар басқарса дін көркейеді, ел марқаяды, дін
мемлекеттің рухани тіректерінің біріне айналады. Ал, мемлекет күшті болса,
оның діні белсенді. Сондықтан, қазіргі тартысы көп, қым-қуат алмағайып
кезде дінге бірлік, ынтымақ өте қажет, деді Бас мүфти.

2 .2. Адастырушы түрлі діни ағымдар

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап дәстүрлі конфессияларға енбейтін,
кейбр жағдайларға дін туралы түсінікке келмейтін көптеген жаңа діни ағымдар
пайда болды. Жаңа діни ағымдардың көпшілігі діни, ғылыми әдебиетте және БАҚ
Тоталитарлы секталар, Дәстүрлі емес үстанымдар, Жаңа діни ағымдар
деген анықтамаларға ие болды.
Қазіргі кезде дәстүрлі емес діни ағымдар дүниежүзілік қауымдастықта
айтарлықтай өзгерістерге алып келе алатындай күшке иеленді, олардың
қатарында 10 миллиондаған адамдар бар. Олардың өзінің БАҚ қаржылық
орталықтары әкімшілік басқару жүйелері қалыптасқан. Тәуелсіздік алғаннан
кейін Қазақстанда да осындай дәстүрлі емес діни ағымдардың позициялары
күшейді. Қазақстандағы дәстүрлі діни ағымдардың тізімі:
1. Адвинтисты Седьмого Дня .
2. Церковь Иисуса Христа Святых Последных Дней (мормоны).
3. Христово братство.
4. Новоапостольская церковь.
5. Христианская наука.
6. Свидетели Иеговы.
7. Церковь обьединения (церковь С. Муна).
8. Вера Бахаи.
9. Последователи Ахмадие.
10. Теософское движение.
11. Белое братство (Мария Дэви Христос).
12. Общество сознания Кришны, вайшнавы.
13. Трансцендентальная медитация.
14. Центр Шри Чинмоя.
15. Центр Сатья Саи.
16. Аум Синрикё.
17. Церковь Последного Завета (последователи Виссариона) .
18. Дети Бога (Семья Бога).
19. Саентология.
20. Ивановство.

1. Адвинтисты Седьмого Дня .
(латын тілі Adventus- келу) Протестанттық ағым, 1843 жылы АҚШ та пайда
болған. Бірқатар христиандық дінтанушылар Адвентизмді христиандық
конфессияға енгізбейді. Адвентистік ағымның негізін салушы бұрыңғы
баптист Ульям Миллер (1782-1849). Ол 1843 жылы Иса пайғамбар жерге түсіп
ақыр заман болады деп тұжырымдаған. Бірақ 1843 жылдан кейін Миллер
Іздестіру соты басталғанын айтып, ол аяқталған соң Иса пайғамбар жерге
түседі деп дәлелдеуге тырысты.
Адвентистер жанның адам мен бірге өлетіндігін, Иса пайғамбар келген
соң ғана дене мен бірге жан тіріледі деп есептейді. Адвентистер тозақтың
бар екендігін мойындамай шайтанмен бірге барлық күнәһарлар жойылады деп
тұжырымдайды. Адвентистер христиандықтан бөлек сенбі күнін демалыс күніне
енгізіп, оны апта сайын тойлайды. Адвентистер жүз жыл ішінде 240 есе
көбейіп, 50 мың адамнан – 12 млн адамға жеткен. Қазақстандағы Адвентистер
қауымы ХХ ғасырдың басында пайда болып, сол кзеден бастап бұл қауымның
мүшелерінің саны өсуде.
Қазақстандағы Адвентистердің өсу динамикасы
Жылы Қауымдардың саны Адвентистер Орталықтары
1973 1 46 2
1974 1 59 13
1975 4 409 19
1976 6 555 28
1977 8 692 39
1978 10 725 29
1979 13 986 38
1980 14 971 -
1982 21 1100 -
1986 34 1300 -
1998 64 3 мыңға дейін -
2003 104 3252 -

2. Церковь Иисуса Христа Святых Последных Дней (мормоны).
Бұл дәстүрлі емес ағымның негізі 1830 жылдың сәуірінде салынды.
Иегова куәгерлері (Издательская общество старежевой башны Сиона)- ХІХ
ғасырдың соңында АҚШ та Ч. Рассель құрған діни ұйым.
Көптеген Христиан дінтанушылары бұл ағымды христан дініне енгізбейді.
Олардың пайымдауынша осы конфессия Христосты құдай демей оны құдайдың
баласы деп атайды. Иегова куәгерлері құдайды Игеова деп атайды. Қасиетті
үштік және жанның өлместігін мойындамайды.
Иегова куәгерлерінің Қазақстандағы қауымының өсу динамикасы
Жыл Қауымдардың саны Мүшелері
1966 15 329
1968 15 529
1970 19 663
1972 12 555
1974 16 688
1976 17 690
1978 28 1124
1980 28 1219
1982 29 1347
1984 27 1374
1986 27 1381
1988 27 1290
1998 97 10100
2003 131 13428

Қазіргі кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ ойшылдары
ХХ ғ Батыс философиясы
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Құқық жасаушылық және азаматтық қоғам
Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
Демократияның қазіргі теориялары
Ислам және өркениет
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Адамның болмысын құрайтын оның экзистенциясы
Пәндер