Ғалым Ахмедовтың аудармашылық тәжірибесі



Кіріспе
І тарау. Ғ.Ахмедовтың шығармашылығы мен алғашқы аудармашылық тәжірбиесі
ІІ тарау. И.С. Тургеневтің «Түтін» романыны мен А.П. Чехов әңгімелерін аударудағы Ғ.Ахмедовтың шеберлігі
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің өзектілігі. Аударматану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – сапалы көркем аударма жасау десек, ол ең алдымен аудармашылардың еңбегі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Ал мұндай жекелеген тәржімандарға авторлық тұрғыдан баға беріп, аудармаларына ғылыми түрде сараптама жасап дәлелдеуіміз қоғамымызда кенже орнаған мәдени-әдеби коммуникациялық байланыстарды одан әрі тереңдетері сөзсіз.
Қазақ прозасы аудармасының жүріп өткен жолын, бел-белестерін анықтау, ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы біз тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз.
Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру, ұлттық әдебиеттің өсуіне және оның өзіндік дәстүрлі сипатын жасау мүмкіндігін тудырды. Ғ. Ахмедов тәржімалаған аударма еңбектерді тілдік-стильдік тұрғысынан саралап-сараптап талқылау өзектілігі ғылыми тұрғыдан баяндалады.
Аударма төл әдебиетіміздің жазба дәстүрлерін орнықтыруға, көркемдігін кемеліне келтіруге көп көмектескен әрі алдағы кезде де көмектеседі. Ондай көмек қазақ әдебиетіне дәл қазір қай кездегіден де керегірек. Сан түрлі себептерге байланысты әдебиет әуесқойлықтың әуезесіне айналып, талғамсыздық топанына тоғытылып тұрған тұста тәржіменің таңдаулы үлгілері арқылы көркем туындыға қойылар талапты қалпына келтіруге тырысудың да өзіндік орны бар. Ең бастысы, бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады.
Көркем әдебиет қоршаған ортаның шындығын бейнелеп қана қоймайды. Ол адам табиғатын, қоғамның болмысын өзгертуге, жақсартуға ат салысады. Көркем аударманың теориясы мен практикасы күрделі және көп қырлы мәселелерді қамтиды. Әдеби шығарманың құрылым жүйесі, образдылығы, мазмұны, стилі поэтикалық құбылыстармен бірге оның эстетикалық, лингвопоэтикалық, сондай-ақ психологиялық және семиотикалық табиғатын түзетін көркемдік құбылыстарды пайымдау әдеби аударманың табиғатын таразылаудағы басты міндеттер қатарына жатады. Оның үстіне аударма шығармада оның авторы мен аудармашының шығармашылық шеберлігі мен даралығы қатар көрініс табады әрі түпнұсқа тілі мен аударма тілінің заңдылықтары қатар қызмет атқарады. Осының бәрі аударма мәселелерін зерттеудің саласы да, арнасы да өте көп, алуан түрлі екендігін көрсетеді.
1. Горбатов Б. Бағынбағандар, Қазақтың Біріккен Мемлекеттік баспасы, А. 1947
2. Горбатов Б. Непокоренные, Знак почета, Донбас, 1979
3. Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с русского на англиский,Москва, УРАО, 2004
4. Тургенев И.С. Дым, Москва, Художественная литература 1986
5. Тургенев И.С. Түтін, А., Жазушы, 1966
6. Қазбек Г.Қ. Аударматануға кіріспе, А., Қазақ университеті 2004
7. Семушкин Т. Аласталған Алитет, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы 1950
8. Семушкин Т. Алитет уходит в горы, Москва, Художественая литература 1965
9. Тарақ Ә. Аударма әлемі, А., Қазақ университеті 2007
10. Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе, М., 1986
11. Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика, М., Международные отношения 1977
. 12. Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері. – Алматы. 2009. – 92 б.
13. Чехов А.П. Избранные произведения ІІ том, М., Художественная литература 1976
14. Чехов А.П. Избранные произведения ІІІ том, М., Художественная литература 1976
15. Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы: 2008ж. – 226 б.
16. Саденова А.Е. Диалог, оның мазмұндық түрлері. // ҚазҰУ хабаршысы. Фил. Сериясы № 3 (102). 2007 ж. 124 б.
17. Сатыбалдиев Ә. Сөз қазынасының кеншісі. //Аударма баспасы. Астана: 2008 ж, – 328 б. 33

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТI

МАГИСТРАТУРА

Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Ғалым Ахмедовтың аудармашылық тәжірибесі

Орындаған: __________ Жантекеев М. ___ _________________________2010ж.

Ғылыми жетекшiсі: _________ ф.ғ.д., профессор Тарақ Ә. ___
__________2010ж.

Қорғауға жiберiлдi: _____________

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Дәдебаев Ж. ____
_____________2010ж.

Алматы 2010

ЖОСПАР

Кіріспе
І тарау. Ғ.Ахмедовтың шығармашылығы мен алғашқы аудармашылық тәжірбиесі
ІІ тарау. И.С. Тургеневтің Түтін романыны мен А.П. Чехов әңгімелерін
аударудағы Ғ.Ахмедовтың шеберлігі
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Аударматану ғылымының өзекті мәселелерінің
бірі – сапалы көркем аударма жасау десек, ол ең алдымен аудармашылардың
еңбегі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Ал мұндай жекелеген тәржімандарға
авторлық тұрғыдан баға беріп, аудармаларына ғылыми түрде сараптама жасап
дәлелдеуіміз қоғамымызда кенже орнаған мәдени-әдеби коммуникациялық
байланыстарды одан әрі тереңдетері сөзсіз.
Қазақ прозасы аудармасының жүріп өткен жолын, бел-белестерін анықтау,
ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың көркемдік ойының бүгінгі
биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға
талдау жасау арқылы біз тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты
орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де
бөлекше болатынын көрсете аламыз.
Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру, ұлттық
әдебиеттің өсуіне және оның өзіндік дәстүрлі сипатын жасау мүмкіндігін
тудырды. Ғ. Ахмедов тәржімалаған аударма еңбектерді тілдік-стильдік
тұрғысынан саралап-сараптап талқылау өзектілігі ғылыми тұрғыдан баяндалады.
Аударма төл әдебиетіміздің жазба дәстүрлерін орнықтыруға, көркемдігін
кемеліне келтіруге көп көмектескен әрі алдағы кезде де көмектеседі. Ондай
көмек қазақ әдебиетіне дәл қазір қай кездегіден де керегірек. Сан түрлі
себептерге байланысты әдебиет әуесқойлықтың әуезесіне айналып, талғамсыздық
топанына тоғытылып тұрған тұста тәржіменің таңдаулы үлгілері арқылы көркем
туындыға қойылар талапты қалпына келтіруге тырысудың да өзіндік орны бар.
Ең бастысы, бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты
шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін
асыруға ықпал жасай алады.
Көркем әдебиет қоршаған ортаның шындығын бейнелеп қана қоймайды. Ол
адам табиғатын, қоғамның болмысын өзгертуге, жақсартуға ат салысады. Көркем
аударманың теориясы мен практикасы күрделі және көп қырлы мәселелерді
қамтиды. Әдеби шығарманың құрылым жүйесі, образдылығы, мазмұны, стилі
поэтикалық құбылыстармен бірге оның эстетикалық, лингвопоэтикалық, сондай-
ақ психологиялық және семиотикалық табиғатын түзетін көркемдік құбылыстарды
пайымдау әдеби аударманың табиғатын таразылаудағы басты міндеттер қатарына
жатады. Оның үстіне аударма шығармада оның авторы мен аудармашының
шығармашылық шеберлігі мен даралығы қатар көрініс табады әрі түпнұсқа тілі
мен аударма тілінің заңдылықтары қатар қызмет атқарады. Осының бәрі аударма
мәселелерін зерттеудің саласы да, арнасы да өте көп, алуан түрлі екендігін
көрсетеді.
Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты
шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін
асыруға ықпал жасай алады.
Қазақ аударма тарихына көз салып қарасақ, халқымыздың мәдени даму
байланыстарының түрлі кезеңдерінде аударманың рөлі ерекше болған. Қазақ
халқы көп тілді білудің қадірін ежелден сезіп жеті жұрттың тілін біл деп
даналық айтып кеткен. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырда аударма жаңа сипаттағы
қоғамдық ойлармен, әдеби шығармалармен танысудың тиімді көзі болып
саналғанмен, аударматану ғылымы, аударма теориясы жүйелі ғылыми айналымға
енген жоқ. Аудармаға ғылыми негізде ой, тұжырым қорту, теориялық-тәжрибелік
тұрғыдан зерттеу жағы көптеген елдерден қалып қойды.
Бірақ қазақ аудармасы мүлдем құрдымға кеткен жоқ. Қазақ аудармасын
зерттеуге классик жазушы М. Әуезов бастаған С. Талжанов, Р.Хайрулин, Ә.
Сатыбалдиев, Қ. Нұрмаханов кейіннен Г. Бельгер, Н. Сағындықова сынды бір
топ ғалымдар елеулі үлес қосты. Осы ретте теориялық ойлар айтпаса да
аудараманың жетілуіне аударма жасау арқылы демеу берген аудармашылардың
еңбегін айтып өтпеске болмайды.
Қазақ аудармашылары кейбір кемшіліктерін атамағанда, өзге халықтардың
әдеби шығармаларын тәржімалауда дарындылығын, білімділігі мен зерделігін
танытты. Осындай аудармашылардың бірі Ғ. Ахмедов.
Жұмыста орыс классиктерінің және кеңестік кезеңде белгілі болған
жазушылар шығармаларының Ғ. Ахмедов жасаған аудармалары зерттелмек.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Аудармашы – қаламгер Ғ.Ахмедовтың әдеби
аудармаларын жүйелі зерттеу, жинақтау, талдау барысында туындайтын өзекті
мәселелерді өз деңгейінде саралау жұмыстың мақсатын айқындап береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты Ғ.Ахмедовтың әдеби аудармаларын талдау арқылы
көркем аударманың теориясының өзекті мәселелеріне қатысты ой-тұжырымдарына
тереңдеп бару болып табылады.
Кезінде аударма мәселелерін әдебиеттану ғылымы қарастыруы керек пе,
әлде бұл тақырып тіл ғылымына тиесілі ме деген пікірталастың бізде шешуші
дәрежеде Мүхтар Әуезовтің биік беделіне байланысты біржола әдебиеттану
пайдасына шешілуіне орай, аударматанудың лингвистикалық қырлары жеткілікті
ашылмай келе жатқанын атап айту жөн. Дұрысында, аударматану сөз өнері жайлы
осы екі қос қанат ғылымның назарында қатар тұрғанынан ұтарымыз көп болар
еді. Әсіресе, аударма мәтіндеріне лингвистикалық талдаудың қай тұрғыдан да
пайдасы мол. Бүгінде ғылымда аударма – лингвистика заңдылықтарына арқа
сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше
түрі деген пікір орнығып келеді. Әрине, көркем аударманың жемісі ретінде
біз қарастыратын прозалық тәржіме – алдымен әдебиеттану нысаны. Ең бастысы
– бүған дейін қазақ көркем аудармасының жекелеген кезеңдері, жекелеген
авторлар аудармасы, аудармашылар шығармашылығы, сондай-ақ әдеби байланыстар
жайында зерттеулер, кандидаттық диссертациялар, хрестоматиялар (С.
Алтыбаева, С. Әбдірәйімова, А. Әлмұратова, Б. Баймүсаева, Г. Асаубаева, С.
Досанова, Р. Досмаханова, Қ. Жолдасов, Қ. Қамбаров, А. Әлімов, М. Құрманов,
С. Құспанова, Ж. Молдағалиева, Рамазан Чакыр, Х. Садықов, Ф. Фаткуллин, Р.
Шаханова, Н. Жуанышбеков, А. Ермағамбетова, К. Дүйсетаева, Р. Батырбекова,
З. Жантекеева, Ж. Сәмитұлы, Қ. Алпысбаев, Г. Қазыбек, Ж. Жақыпов, Т.
Тебегенов, т.б.), аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері (С.Талжанов),
қазақ поэзиясының орыс тіліне аударылу проблемалары (Н.Сағындықова) туралы
докторлық диссертациялар дайындалғанымен, қазақ аударамасына үлес қосқан
аударамашылардың мұрасы толық зерттелген емес.
Жұмыстың теориялық және методологиялық негізіне А.Л. Семенов,
Я.Рецкер, Г.Бельгер, Ә. Тарақ, Г.Қ.Қазыбек сынды зерттеуші-ғалымдардың
еңбектері алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Магистрлік диссертация тақырыбының жаңалығы
оның өзектілігінен туындайды. Зерттеу жұмысында алғаш рет жан-жақты Ғ.
Ахмедовтың аудармашылық еңбегі арнайы қарастырылды, оның шеберлік жолындағы
ізденістері айқындалды.
Аударманың эстетикалық құндылығы мәтіннің өзінен толық таныла
қалмайтыны, түптеп келгенде оның бағасы реципиенттің қалай қабыл алуына
байланысты екендігі, ал мұның бәрінен бұрын қоғамдық сұранысқа тәуелділігі
дәлелденеді. Тәржіме туындысының қалай жасалғанымен қатар қашан жасалғаны
да маңыздылығы ашылады.
Кәсіби аударма өмірге келгелі бергі бір жарым ғасырға да жетпейтін
уақыт аралығында ұлттық сөз өнері қандай бояулармен байығаны, тілдік
тұрғыдан толысқаны, көркемдік құралдарының молайғаны дәлелденеді. Сондай-ақ
диссертацияға әлемдік әдебиеттануда қалытасқан, әсіресе кейінгі жаңаша
ойлау кезеңінде ғылыми айналысқа түсірілген көптеген еңбектердегі түрлі
түжырымдар мен ғылыми-теориялық еңбектерді пайдалана отырып, бүгінгі
әдебиеттану ғылымы деңгейіндегі талаптарға сай келетін өзіндік түжырымдар
ұсынуға ұмтылыс жасалды.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: Магистрлік диссертация жұмысы кіріспе, екі
тараудан тұратын негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен құралған.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты мен
міндеттері, теориялық және методологиялық негізі, зерттеудің ғылыми
жағалығы мен зерттелу деңгейі сөз болады.

І Тарау. Ғ.Ахмедовтың шығармашылығы мен алғашқы аудармашылық тәжірбиесі.

Ахмедов Ғалым 1906 жылы 25 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Алға ауданында
дүниеге келген. 1925 жылы Орынбордағы Халық ағарту институтын бітірген соң
1944 жылға дейін әртүрлі қызмет атқарған. 1944 жылы Қазақ мемлекеттік
біріккен баспасының Бас редакторы болды, бұдан кейін жаңадан құрылған
көркем әдебиет баспасының (қазіргі Қазақстан) марксизм-ленинизм
классиктері шығармалары редакциясының меңгерушісі болып істеді. Ұзақ жылғы
журналисттік қызметімен қатар шығармашылық еңбекпен де айналысып,
аудармамен шұғылданған.
Өмірінің соңғы жылдарына дейін ізденістен талмай, қалам тербеуден
жалыққан емес. 1992 жылы Жазушы баспасынан Ғ. Ахмедвтың Жем бойында
тарихи романы жарық көрді. Сонымен қатар Өткен жылдар, Ескі достар,
Алаш - Алаш болғанда атты прозалық шығармалардың авторы.
Ал Ғ. Ахмедовтың нақтылы аударма еңбектеріне келер болсақ ол кісі
Борис Горбатовтың Бағынбағандарын бұл шығарманың аудармасы 1947 Қазақтың
Біріккен Мемлекеттік Баспасынан жарық көрді, А.Н. Толстойдың, А.П. Чеховтың
әңгімелерін, И.С. Тургеневтің Соны сүрлеу, Түтін романдарын аудармасы
1966 жылы Жазушы баспасынан шықты. М. Бубеновтың Қыран ұшқан құла
дүзін, Т. Семушкиннің Аласталған Алитетіннің бірінші кітабын аударды да
ол 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жеке кітап болып
шықты, ал екінші кітабын Мұқтар Жанғалин аударған және екі кітап
біріктірілген күйде 1985 жылы Жазушы баспасынан жарыққа шықты, К.А.
Фединнің Алауын, басқа да бірқатар шығармаларды қазақшаға аударған.
Ғ.Ахмедовтың алғашқы аудармасы Борис Горбатовтың Бағынбағандар
повесті. Шығарама ұлы отан соғысы жылдарыдағы кеңес одағына кіретін
елдердің, нақтылап айтсақ украйын халқының фашизмге қарсы майдан шебінде
ғана емес, гитлершілердің уақытша басып алған жерінде де жүргізген күресі
туралы.
Шығарманың негізгі желісі донбастық шахтерлар отбасының тарихын баян
етеді. Соғыстың бар зұлматын бастан кеше отырғанымен жанұяның басы, қалған
жағыз тірегі қарт жұмысшы Тарас пен оның балалары өздерінің ішіндегі ерлік
сезімін оятып, жау астында қалғанымен қарсылыққа деген жігерлерін жанып,
азаматтық парызын ұмытпай, үмітін өшірмей көп күткен жеңісті қарсы алады.
Шығарама 1943 жылы Правда газетінің бетіне жарияланады, повесть екінші
дәрежелі мемелекеттік сыйлыққа ие болады.
Орысшадан қазақ тіліне жасалған аудармалардың бұрын-соңдыларын
қарастырар болсақ, аудармада орын алған үш түрлі әдісті байқау оңай.
Біріншісі – еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқаның тілін, әдеби ырғағын
жетік білмей, түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі аудармашының
өзіне ыңғайлы жағын көруден туындайды.
Екінші тәсіл – сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсіл көбіне түпнұсқаның тілін
мол түсінгендеоде болады, соның әуеніне еріп, құлдық ұрудан шығады. Осыған
қосымша ірі елдердің әдеби мұрасын аударғанда, ұсақ халықтардың уәкілдері
жаза басудан қаймығып, әрбір жеке сөздерді де, тіпті нүктелерін де дәл
түсіруді күйіттейді. Осының салдарынан аударма сіресіп шығады, істеп
отырған еңбектерін аудармашылар да, оқырман жұртшылығы да түсінбейтін
болады.
Аударманың үшінші түрі – балама (адекватный) аударма. Бұл аударманың
ең қиын түрі. Мұны екі тілді бірдей білумен қатар, түпнұсқаның ішкі сырын
сарқа түсінетіндер орындайды. Оның үстіне автордың дыбыс ырғағын, тіл
әдемілігін, сөз қолдану мәнерін қалтықсыз, жете ұғынғандар жасайды. Бұған
қоса екі елдің мәдени сатысы бірдей болған жағдайда ығы-жығы байқалмай,
тігісі жатып білінбей кетеді.
Осы күнгі әдебиетшілеріміз бірауыздан қабылдап отырған да осы кейінгі
түрі.
Ал аудармамен енді шұғылдана бастаған жас аудармашының алдында тұратын
бірінші қиындық аударма проблемаларын көре алу мен түпнұсқа сөздерін
аударма тілінің сөздерімен ауыстра салу арқылы оңай тәсілге бой алдырмауда.
Мұның салдарынан буквализм деп аталтын іске жарамсыз аудармашылық
туындайды. Рессей аударматануының негізін алаушылардың бірі Л.С. Бархударов
мұндай аударманы төмен деңгейлі аудармалар қатарына жатқызған.
Осы ретте Ғ. Ахмедов алғашқы аударасының өзінде еркіндік пен сөзбе-
сөздіктен қашып, бойын аулақ ұстауға тырысқан. Дегенмен бұл аудармада
кемшіліктер жетіп артыларлық. Әрине аударма мүлде нашар деуге де ауыз
бармас, бірақ бұл шығарманың аудармасына қарап және аудармашының сөз саптау
үлгілерін де саралай отырып, бұл аударманы бұдан жоғары деңгейде аударуға
мүмкін болар ма еді деген ойда қаламыз. Кемшілік терін нақтылай тізбектеп
өтсек, ондай кемшілік қатарына кей сөздердің әр сөйлемде қайталанып келе
беруі, яғни тафтологияның көрініс алуы.
Мысалы: Бірақ Тарас оны ойына алғысы да келмейді. Оны ойлағысы, ол
туралы естігісі келмейді, сөйлескісі де келмейді.
Қысқа ғана екі сөйлемде келмейді етістігі үш рет қайталануда. Әлбетте
бұл жеке сөйлемдердің, ал жинала келе тұтас шығарманың көркемдігіне өз
әсерін тигізіп, оны сүреңсіз етуі әбден мүмкін. Бұлай дейтін себебіміз
мұндай қайталаулар тағы бірнеше жерде кездеседі. Өзге де кем тұстарын мысал
ете кетсек, мұндай кемшіліктерге кей сөйлемдердің сөзбе-сөз аударылып,
ондай сөйлемдердің қазақ ұғымына жат болып келуі де көрініс тауып отырған
жерлер де бар.
И, вдыхая эти с младенчества знакомые запахи, Тарас вдруг подумал,
остро и неожиданно: А жить то надо!.. Надо жить! – и вошел к себе.
Бала кезінен таныс осы иіс мұрынына тигенде, Тарасқа кенет бір өткір
ой тап болды. Ол – Әйткенімен өлмеу керек!.. Өмір сүру керек – деген ой
еді.
Бұл жерде сөйлемді үйлесімсіз етіп тұрған ой дерексіз затының қазақ
тілінде тап келді деген етістікпен тіркеспейтіндігі. Жағдайға тап болу
мүмкін, бірақ ойға емес. Бұл сөйлемді былай аударсақ ойға қонымды, тілге
жатық болар еді:
...Тарасқа кенеттен бір ой келді, өткір әрі оқыс пайда болған ой.
Өмір тоқтап қалған жоқ, өмір сүру керек қой!.. Өмір сүру керек! – деген
ой еді.
Мына мысалға көз назар аударайық.
...қағазды жұлып алып, оны уқалап лақтырып тастады. Бұл сөйлемде
аудармашы скомкал етістігін уқалап деп берген. Дұрысында умаждап сөзі
дәл келер еді. Осындай қарапайым сөзді аудармашының қалай түсінбей
қалғандығына таңдану ғана қалады.
Он знал что за этими символами скрыто: честная жизнь целого
поколения сөйлемді Бұлар бір кезде осындағы бір тайпа елдің өмірімен
байланысты еді деп берілген. Бұл жерде поколение мен тайпа сөзінің
айырмашылығы көзге ұрып тұр.
Бұлар бір кездері бір буын ұрпақтың адал өмірінің белгісі еді деп
аудару жөн болар еді. Өйткені поколение сөзінің баламасы буын екенін
екі тілді жетік меңгерген аудармашыға ғана емес, қарапайым адамға да
түсінікті.
Оларға керегі – көз тартатын сауыр. Бұл сөйлемдегі сауыр сөзі
негізінен мал атаулыға пайдалынылатын сөз. Оның адамға қаратылып айтылуы
тым өрескел.
– Жігіттерге арналған қонақ үйде. Қазақ тілді оқырман бұл сөзді мүлдем
түсінбеуі әбден мүмкін. Бұл сөзге түсініктеме бере кеу керек еді.
Мастерская, мастер, армия, семья сияқты қазақ ілінде баламалары бар
сөздер аударылмаған.
Құлағын тығып отыра алмады
Қайда кетіп жатқаны белгілі емес пе? – деп түңілген қолдарын бір
сілтеп. Бұл жерде түңілген сын есімін қолдарға қаратылып айтылуда. Бұл
аудармашы тарапынан кеткен үлкен қателік. Адам түңілгендігі оның бет-
жұзінен, көз-қарасы немесе сөзінен білінуі мүмкін, ал оны адамның басынан,
аяғынан немесе белінен біле алмасымыз анық.
Шығармадағы бірен саран мақал мен тұрақты тіркестердің де аудармасы да
жақсы емес, олар кейде аударылмайда кеткен.
В ногах правды нет мақалы Аяқта дұрыстық жоқ деп сөзбе-сөз
аударған, бірақ бұл мақалдың ма,ынасын ашып тұрған жоқ, аударма түсініксіз
болып тұр.
Як колосьев во ржи... аудармада мүлде түсіріліп тасталған.
Шаштараз сөзі бірнеше жерде шаштараш деп кеткен. Әрине бұл
корректордан кеткен қате болса керек.
Тағы бір айта кетер жай кітаптың бірінші бөлімінің соңғы он бірінші
тарауының қазақшасына аудармашы өз жанынан екі бет қосқан. Ол тарауда
қосылған тұсты генерализация деп мүлде айта алмаймыз. Өйткені ол жерде
шығармада мүлде жоқ уақиға қосылған.
Орыстарды, әсіресе балаларды көрсе олардың ашуы беттеріне шығады.
Тарас немістерге әлдеқашан-ақ таңырқамайтын болып кетіп еді, бірақ
немістердің балаларды жаратпайтынына ол да таңырқап қалды. Қыздарға күле
қараған немістер кездеседі; бірақ балаларға күле қараған немісті Тарас
көрген жоқ.
Орыстардың баласын көргенде немістердің кәрісі де жасы да түксие
қалады. Отырған бөлмелерінен балаларды қуып шығады, маңына жоласа салып
жібереді, ал егер ол ұйықтап жатқанда балалар жылай қалса – өлтіріп
тастауға бар. Балалар да, немістердің осы қылықтарына қарай, оларды өте жек
көреді, түсінгендіктен бе, түсінбей-ақ па, әйтеуір олардың бойында неміске
деген өшпенділік сезім күшті. Тарас, Ленька бірдеңе істеп қоя ма деп қорқа
бастады, өйткені ол өте өжет бала еді. Немересінің немістерді ала көзімен
атып отырғанын талай рет байқап қалып, оған бармағын жаныған болатын, содан
бері Тарас ас үйдегі балтаны өз бөлмесіне алып, пышақ біткенннің бәрін
тығып, кілттеп жататын болды.
Дегенмен, бір неміс Маринкаға бір күні күле қарады. Ол жирен түсті
жуан, сырттан қарағанда кеңпейіл сияқты неміс еді, өйткені ол Сталинградқа
айдалып бара жатқан жоқ еді. Неміс үстелдің үстінде тамақ жеп отыр, ал
Маринка – бұрышта, онан көзін айырмай қарап тұр. Неміске жақын баруға
болмайтынын білгенімен де, неміс таптырмайтын тамақтарды жеп отырғандықтан,
қызығып кетті білем, Маринка неміске жақынырақ келді. Неміс шұжық пен май
жеп отыр еді. Маринка мұндай тамақтарды көптен бері көрген жоқ-ты.
Дүниеде мүндай жақсы, тәтті тамақтардың бар екендігі Маринканың есінен
шығып кетіпті. Ол немістен екі қадам жерге келіп, немістің тамақ жегеніне
қарап тұр. Немістен тамақ сұрайын деген ойында да жоқ, тек жай келіп қарап
тұр...
Неміс оны көріп, күлімсіреп қарады. Одан кейін, қолына пышақ алып,
асықпай, жайымен ғана, ақ наннан бір тілім нан кесті. Содан кейін асықпай
ғана оған май жақты. Одан кейін майлы семіз шұжықтан бір кесіп алып, оны
нанның үстіне қойды. Содан кейін Маринканың бетіне тағы да күлімсіреп қарап
аз отырды да, май жаққан нан мен шұжықты... аяғының астында мияулап тұрған
мысыққа лақтырып тастап, қарқылдап келіп күлді. Осы істегенңне өзі мәз
болып, жирен семіз беттерінің қалың еттерін селкілдетіп, ұзақ күлді.
Ұйықтап жатқан жолдасын оятып алып, жаңағы істегеніне екеуі қосыла біраз
уақыт күлісті.
Аудармашының бұл арада бес бірдей абзатцты не үшін қосқаны белгісіз.
Аудармадағы реализм – түпнұсқада бейнеленген шынайы болмысты
шындығымен жеткізу. Түпнұсқадағы автор ой-сезімін, дүниетанымымен,
талантымен бейнеленген көркемдік элементтерді, ұлттық колоритті аударылатын
тілдің құралдар мүмкіндігімен шынайы тәржімалау көзделінеді. Мұның өзі
аудармашының суреткерлік қабілет-танымымен түпнұсқадан қабылдап, түсініп,
сезінген көркемдік, эстетикалық, философиялық мағынадағы мәтіндік
құрылымын, шынайы болмысын мейлінше дәл, адал, ұқыпты жеткізуі деген сөз.
Аударма осылайша көркемдік шығармашылық қасиетін, шынайылық негізін сақтай
алады.
Тап осы шығармада қосылған бес абзац жоғарыда көрсетіп отырғандай
аудармашылық реализмге қайшы келіп тұр. Мүмкін аудармашы осылайша
аударманың эмоционалды экспресивтілігін күшейтпек болған шығар. Алайда көзі
қырағы оқыран мұның автор стиліне тән емес екенін бірден таниды. Өйткені
оқиға шығарма желісімен байланысты емес, қисынсыз болып қалған.
Түпнұсқадағы мағынаға нұқсан келмесе, кей-кейде ойды ары қарай
стильдік тұрғысынан дамытып, әсірелеп, ажарлау да тәржіманың сапалы шығуына
бірден-бір себеп.
Аудармаға өз жанынан сөздер қосу осы екен деп, тисе терекке, тимесе
бұтаққа дегендей беталды көркем аудармаға аудармашы өз тарапынан
шығармашылық ой қоса беруге де болмайды. Олай болған жағдайда аудармашы
түпнұсқа тілін шұбарлап, автордың стилінен ауытқып, түпнұсқа стилі бір
жақта, өзінің ойы басқа жақта болып шығуы мүмкін. Демек, түпнұсқаның өзі
сұранып тұрған жерлеріне ғана логикалық дамыту тұрғысынан өз тарапынан ой
қосып, дәл сол жерге мағыналық бірліктері жақын сөздерді дөп тауып қолдану
да, аударма теориясы мен тәжірибесінде, аударматану ғылымында шеберліктің
белгісі.
Бұл көрсетілген кемшіліктер аудармашының түпнұсқаны дәл беруге
тырысып, оның кей тұстарын өзі де байқамай сөзбе-сөз дәл қайталауға
тырысқандығынан болса керек. Өйткені аудармашы бұл повесттің аудармасын
жасауда шығарманың стилін сақтауға тырысқанымен, сол күйі оның әуеніне
еріп, құлдық ұрып кетпеген.
Аударма кезінде әр түрлі тілдік жүйелер қатынасқа түсіп қана қоймай,
түрлі мәдениеттер қатынасқа түсіп отыратынын белгілі. Түпнұсқа тіліндегі
текст, яғни шығарма тек сол тілдің иесі болып келетін адресатқа ғана
бағытталған. Ол толықтай оқырманның психологиясына, оны қоршаған әлеуметтік-
мәдени ортасына, оның қабылдай алатын ақпаратына сай етіп жасалады. Аударма
жасалғанда мәтін, өзгеше фондық білімі бар өзге тілді оқырманның
қабылдауына сай етіп өзгертіледі. Сонымен қоса түпнұсқаны прагматикалық
адаптацияға ұшырайды. Яғни, аударма тілінде қабылдаушының әлеуметтік-мәдени
және психологиялық ерекшілігіне ыңғайландырылып өзгертіледі.
Аудармашы осы тұста осы талаптардың барлығын орындауға тырысқаны
белгілі. Олай дейтініміз аудармашының кей сөйлемдерді жай аударып қана
қоймай оларды қазақ халқының дүние танымына ғана сай реалийлерді қосқан.
– И топры годятся Сөйлемінде балта да жарайды деп қана аудармай
Балта да кәдеге асады деп, – Хоть бы похоронить бы дали! – плакала
Ефросинья. – Поцеловать глазки ее синие... Обмыть... бұл бөлікті аудармашы
Көгерген көздерінен сүйіп, арулап көмуге берсе екен... – дейді деп, –
Вот они! Люди, видите их? Люди сөзін адамдар деп қана емес Көрдіңдер ме
әлеумет? деп экспрессивті эмоционалды ақпарат бере отырып аударған. Көріп
отырғанымыздай, тәржімашы сөзбе-сөздікке салынып, әріп қуаламай, өз
шығармашылығына, стиліне сала отырып, осы сөздерге қатысты семантикалық
мағыналарды дәл тауып отырған.
Осы мысалдардан аудармашының қазақ тіліндегі аудармасын анағұрлым
әсерлі етіп аударуға тырысқаны көрінеді. Өйткені бұл сөйлемдердегі кәдеге
жарау, арулап көму, әлеумет сияқты сөздер қазақ тіліне ғана тән ұғымдар
болғандықтан оқырманның қабылдауына оңай болары сөзсіз.
Кейде көптеген шығармалардың аудармасы нашар болып шығады. Оның себебі
– кейбір аудармашылар өздері әдебиетші бола тұрып, екі тілді жетік біле
тұрып, аударма еңбегіне атүсті қарайды, тиісінше мән бермейді, аударылатын
шығармада суреттелген халықтың өмірін, салтын, тұрмысын, әдет-ғұрпын жақсы
зерттемейді, шығарманың идеялық-көркемдік өзгешеліктерін айқын аңғармайды.
Сондықтан олардың аудармасында түпнұсқаның рухы сақталмайды.
Ғ. Ахмедовтың алғашқы аудармаларының бірі Аласталған Алитетте осыған
ұқсас кемшіліктер кездеседі. Тихон Семушкиннің Аласталған Алитет романы
екі кітаптан тұрады. Тихон семушкин 1924 жылы Чукотка жартылай аралындағы
американдық Гудзон-бай компани концесиясын жою мақсатымен жасақталған
экспедиция құрамында болып, солай қарай жол тартады да, ол жақта он екі
жылдай болып келеді. Оның Аласталған Алитет романы сол жақта өткізген
жылдарының жемісі. Бұл шығармада Чукотка жартылай аралында кеңес үкіметінің
құрылуы жайында баяндалады. Бұл романда чукоттықтардың өмірі де кеңінен
суреттеледі.
Ғ. Ахмедов Аласталған Алитет романын аударуда шығарманың бірінші
тарауынан бастап-ақ түсірулер жасайды. Шығарманың негізгі желісін ғана
беруге тырысқан. Аласталған Алитеттің бірінші кітабы жиырма тоғыз
тараудан тұрады. Алғашқы тарауда бірден екі жарым бетті түсіріп тастаған.
Екінші тараудың ортасынана екі абзатц пен соңғы екі жарым беті түсірілген.
Тағы да осылай жалғаса береді, бірақ өзге тарауларда абзацтар мен жеке
сөйлемде ғана түсіріліп отрыған.
Алып тасталынған тұста чукот аңшыларының моржды аулау сәттері
бейнеленуі керек болатын. Яғни чукотхалқының ата кәсібі суреттелген еді.
Түсірілген бес беттен оқырман чукот халқымен жақын танысуға мүмкідік
беретін деректерді аудармашы қажет деп таппаған. Бұл шығарманың
көркемдігіне аз да болса нұқсан келтіреді, өйткені баяндалатын оқиға
жергілікті халық және олардың кеңес үкіметі келгеннен кейінгі жеңілденген
тұрмысы жайында.
Келтірілген кемшіліктер мен қоса шығармадағы жақсы аударылған
жерлерді де көрсете кеткеніміз әділ болар. Шығармадағы табиғат бейнесін
суреттеулер әдемі берілген.
Из-за горных хребтов показался огненно-медный шар луны, быстро
поднимаясь по небосводу все выше и выше. Она словно бежала по краю неба.
Попой мгла закрывала луну, и тогда ярче светили звезды.
Аудармаға назар салайық:
Шоқтай қызыл дөңгелек ай тау жоталарының артынан шығып, көктің
күмбезіне қарай тез өрмелей бастады. Кейде, ай көрінбей кеткенде,
жымыңдаған жұлдыздар жарқырай бастайды.
Аудармадағы эпитеттердің аудармасына назар салыңызшы, дәл табылған
баламалар емес пе?! Огненно-медный дегенді қазақы ұғымда бар әрі етене
таныс сөздермен аударған. Жұлдыздардың жай ғана жарқырамай жымыңдай
жарқырауы да аударманың шырайын ашып тұр емес пе.
Ғ. Ахмедов алғашқы аудармасынан өзінде бар ынтасын салып аудармаға
адал болуға тырысқан. Өйткені бұл шығарманы аударуда прозалық тәржімемен
бірге поэзиялық тіржімеге деп аяқ басып, әмбебап аудармашы болуға тура
келеген тұсы та бар. Проза және поэзия аудармасының сипаты басқа-басқа.
Е.Эткиндтің бір мақаласында атымен аудармағаннан гөрі нашар аударғанның өзі
артық деген оймен дауласатыны бар-ды. Расында да, аударма деген ұзаққа
созылатын үдеріс. Борис Горбатовтың бұл туындысында Тарас қарттың немересі
Ленька Лизка атты қызға жатқа айтып берген Неміспен қыдырған қыздың жүзі
қара атты өлеңі бар.
Молодая девушка немцу улыбается.
Позабыла девушка о своих друзьях.
Только лишь родителям горя прибавляется,
Горько плачут бедные о милых сыновьях.

Деп басталатын өлең жолдарын аударуда аудармашы жиырма сегіз жолды
түгел аударған. Алайда аудармашы қазақша нұсқасын төрт тармақтан бөліп, он
бір буынды өлең етіп аударуға тырысқан және түпнұсқаға қарағанда кезекті
ұйқасқа салып тәржімелеген. Әрине кейде буын саны артып немесе кеміп те
қалады. Бұл қазақтың өлең құраудағы психологиялық ерекшелігіне тән етіп,
оны қолдан келгенше төл туындыдай көрсетуге тырысқан ізденістер десек те
болады.
Осы тұста аудармашының өлең аудармасындағы шеберлігін атап өтпеске
болмайды. Өлеңді ұйқасқа құра отырып мағынасын да дәл жеткізген. Әрі әр
жолды қайталап, орындарын ауыстырмай берген.

Қыз қарайды неміске езу тартып,
Ұмытқан ол өзінің досын-жарын.
Көріп мұны ата-ана қайғысы артып
Жылайды аңсап майдандағы балаларын.

Өлең аударыла бастағалы мыңдаған жылдар өтті. Осы уақыттың ішінде
адамдар поэзия аудармасы деген не, аударылган өлең түпнүсқаға данышпандық
жағынан деңгейлес болуы үшін кайтпек керек деген мәселелер төңірегінде бас
қатырумен келеді. Аударма туралы толғамдардың арасындағы даулы
тұжырымдардың басым бөлігі өлең аудармасына қатысты болатыны сондықтан.
Аударма толығымен түпнұсқаны қайталауы да қажет емес, қайталау өнерге
кереғар”. В. Левик осындай тұжырымға келген. Аударма түпнұсқадан әлдебір
жағынан кем түскенімен, бәрібір іс-жүзінде түпнұсқаны ауыстыратынын, керек
болса түпнұсқа өміріне ықпал ететіндігін ерекшелейді. Сондықтан аудармашы
автор шығармасын көшіруші емес, оны қайта жасап шығушы екенін естен
шығармауы керек. Аудармашы өзін автор санатында сезінуі тиіс. Автор
талантын бағалап, қадірлеу, оның шығармасына сүйіспеншілік танытумен
ұштасады. Сонда ғана аударма сәтті, көркем, көрнекті, көңілдегідей шығады.
Мария Петровых бірде армян аударма зерттеушісі А. Мкртчянға өлеңді аудармас
бұрын, қолөнер шебері балшықты алақанымен қыздырып алған тәрізді, оны өз
деміңмен жылытуың керек депті. Бұл дегеніміз, өлеңді сезіну, ақын
жандүниесін түсініп, білу. С. Маршактың “Аударма – сүйіспеншілік перзенті”
дегеніндей, өлеңге, ақынға сүйіспеншілік, құштарлық бар да – аударма да бір
тыныспен жасалады. Талантты, оның шығармасын қадірлеу, құрметтеу сезімі
барда шығармашылық шабыт, ынта-ықылас артады. Бұл сүйіспеншілік түпнұсқа
тұтастығын сақтаудан бастап, көркемдік элементтерін толық қамтумен,
шығарманы шынайылықта, шебер аударумен қарымды.
Шығармалардағы кейіпкерлердің әралуан болмысынан жазушылардың
көзқарасындағы, психологиясындағы бейнеленіп отырған дүниеге ұлттық
қатынасын айқындап алу – аудармашының айрықша бір қасиеті. Кейіпкер
бойындағы ұлттық мінез-қылықты жеткізудегі жазушының көркемдік ізденісін,
сөз саптауын, стилін, бейнелеу, сипаттау элементтерін қолдану тәсілін жете
білуден аудармашы ұтылмайды. Л. Гинзбург “Бір сөзге сол сәтте тек аударма
тағдыры ғана қатысты емес, сондай-ақ аудармашының шығармашылық тағдыры да
қатысты” дегендей, аударманың көркем де келісті, әдемі де мәнерлі жасалуы
аудармашының суреткерлік талантының, тіл шеберлігінің жаңа қырынан
жарқырауы.
Аудармаға да талғам, таңдау қажет. Оқырманның талап-тілегімен санасу,
қандай әдеби туындыға қызығатынын білу өз алдына, аударылатын көркем
шығарманың ұлт өміріне, мәдениетіне тигізер ықпалын, рухани жақындығын,
әдебиетке енгізер жаңалығының маңыздылығын, тигізер пайдасын, тәрбиелік-
тағылымдық сипатын, эстетикалық құндылығын ажыратып алу қалайда қажет. Осы
мәселелерді жете біліп, дәл таразылап, салмақтап барып аударма жасауға
кіріскен дұрыс.
Аударма қай заманда болмасын игеріп, иірудің жетегіне жеңіл
көнбейтін, ә дегеннен-ақ айқара ашыла салмайтын қиын дүние. Соның ішінде
көркем аударма дегеніміз – өзінше өнер, нағыз творчество. Бір шығарманы
қайта жаңғыртып жазып шығу деген өте ауыр жұмыс. Онда бір ғана халықтың
ұлттық ерекшелігі сақталып қана қоймай, сонымен бірге сол елдің әдебиетінің
шеңберіне тән ұлттық, стильдік ерекшелігі де толық сақталуы тиіс. Сондықтан
бар тетік осы әдеби аудармашы еңбегінің сапасына байланысты екені көпке
мәлім. Ғ. Ахмедов бұл жауапкершілікті толық түсінген аудармашы. Себебі,
аудармашының алғашқы аудармалармаларында кемші тұстар көп болғанымен де,
оның кейінгі аудармаларында мұндай кемшіліктер жоқтың қасы. Негізінен
жоғарыда мысал келтіріп көрсеткен қос шығарма да кезінде билік тарапынан
жоғары бағаланып, мемлекеттік сыйлықтарға ие болған Борис Горбатовтың
Бағынбағандары 1943 жылы Правда газетінде жарияланған кезде СССР-дің
екінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлығына ие болған. Ал Тихон Семушкиннің
Аласталған Алитеті 1949 жылы екінші дәрежелі Сталиндік премияға ие
болған. Бұл жерде еріксіз бір пікір туындайды. Алғашқы шығарма кеңес
үкіметінің фашисттік Германияны жеңуі жайында, екіншісі шалғай алыстағы
Чукоткаға кеңес үкіметінің орнауы және оны орнатудағы күрес жайында. Екі
шығарма да социализімді мадақтайтын шығармалар. Ендеше қос шығарманы
аударудағы аудармашының шамасы келе тұра құлықсыздық танытуының бәрлен-бір
себебі осы болар. Сол кездегі саясат талабы бойынша аударылып, аудармашы
ортан қол шығармаларды аударуға ынтасыз болғанға ұқсайды.
Аударма өнерi – идеология майданындағы зор құралдардың бiрi.
Аударма әдебиет – “халықтар достығының дәнекерi“. Осы пiкiрдi дәлелдей
алатын айғақты тиянақ ойды, орыс тiлiне араб әдебиетiн аудару жөнiнде
айтылған мына пiкiрдi алайық: “Мың жыл деген тек бiр халықтың тiршiлiгi
ғана үшiн емес, бүкiл адамзат өмiрi үшiн де өте көп уақыт, мың жыл бұрын
өтiп кеткен ұлы ата-бабасын, олардың келешек үрiм-бұтаққа қалай өмiр
сүрудiң жарқын үлгiсiн көрсетiп, болашаққа жөн сiлтеп ұмытпаған халық –
бақытты халық. Өзiнiң алыс-жақын көршi елдерiнде болған ұлы адамдарды бiлiп
отыру да бақыттылық”.
Кезінде кеңес үкіметі де аудармаға байланысты осы саясатты ұстанғаны
түсінікті. Сондықтан да болар аудармашылар өз уақыты мен еңбегін биліктің
тасырысы бойынша осындай сүреңсіз аударма жасауға сарп еткен кездері
болған. Ал ынтасыз, ықылассыз жасалған аударма ұлт әдебиетіне еш пайда
келтірмесі, оны ешкім де уақыт өте елемесі де анық.
Көркем шығарманың кез-келген жанры мен түрін аудару кезінде аудармашы
бір ғана мақсатты аудармада толық баламалылыққа жетуді көздейді. Жоғарыда
айтылған анықтаманы ескерген жағдайда, аудармашы еңбегінің жақсы нәтижесіне
жете алады. “Көркем әдебиет аудармашысы шығармасы аударылатын авторды
барынша жетік білуі керек, оның дүниетанымын, эстетикалық көзқарасы мен
талғамын, әдеби ағымын, шығармашылық тәсілін, аталған көркемдік туындыда
баяндалған дәуірді, жағдайды, қоғам өмірінің шарттарын, оның мәдени, рухани
мәдениетін және т.б. білуі тиіс” дейді А. С. Бархударов .

ІІ тарау. И.С. Тургеневтің Түтін романыны мен Чехов әңгімелерін
аударудағы Ғ.Ахмедовтың шеберлігі

Аудармашының таланты дегеніміз – көркем пішінді бере алуға
қабілеттілік, ол, әрине, шығарманың рухна бойлау, сұлулықты сезіну сияқты
қасиеттерден мақұрым қалмауға тиіс, деген В.Г.Белинскийдің сөдері осының
айғағы. Аудармашының қасиетті міндеттері туралы айтқан Л.Соболевтің мына
бір сөзеріне де көңіл аудармасқа болмас. Егер орыс прозаигі, драматургі
немесе ақыны әдебиетін орыс тіліне аударып отырған халыққа жанымен берілген
болса, осы елдің табиғатын сүйсе, былайша айтқанда, осы халықтың шексіз
досы болса, онда сол халықтың әдебиетінің тағдыры үшін толық түрде өзінің
жауапкершілігін сезінеді, онда аударманың нәтижесі де керемет болмақ.
Ұлттық әдебиет өз өмiрiмен тiршiлiк етедi. Әрине, ол сол халықтың
күллi тарихымен, оның барлық даму жағдайларымен шартты түрде байланыста
және басқа халықтар әдебиетiмен қарым-қатынаста болады. Осы қарым-қатынас
iшiнде аударманың орны айрықша. Сонымен қатар, аудармашының шығармашылық
жолында дүниетанымдық қорының баға жетпес көзi ретiнде белсендi рөл
атқарады. Атақты өнер шеберлерi аударманың жазушы шығармашылығы, сол
секiлдi ұлттық төл әдебиеттiң өркендеуi үшiн қаншалықты маңызды екенi
жайында салмақты сын-пiкiрлер қалдырған. Бұл жөнiнде немiстiң ұлы ақыны
Иоганнес Бехердiң мынадай сөздерiн айтуға болады: “Мәндi (құнарлы) ұлттық
әдебиеттiң жақсы (сапалы) аударма әдебиетсiз болуы мүмкiн емес”.
Аударма бiздiң ана тiлiмiздiң сөздiк қорын байытып, дүниетану
өрiсiмiздi ұлғайтады. Аудармашы жеке сөздерге балама iздеу арқылы ана
тiлдiң бүкiл қазынасын кеңiнен сапырып, iшiндегi асыл сөз байлықтарын шебер
пайдалануға тырысады. Ескiрiп бара жатқан көне сөздер қайта жаңғырып,
қазiргi жанды әдеби тiлiмiздiң қорына жаңа сөз тiркестерi, көркем сөз
баламалары қосылып жатады. Аударма қызметi жаңа сөздердi тiлiмiзге енгiзiп
қана қоймай, күн сайын аударылып жатқан сансыз көп еңбектер олардың
қолданылу аясын кеңейтiп, қолдану нәтижесiнде тұрақтандыруға халықтың ойы
мен тiл байлығын өсiруге, сол сөздiң ұғымдық шегiн қалыптастыруға себепшi
болады.
Егер бiз аударма iсiмен байланысы бар адамдардан әлемдiк мәдениет үшiн
көркем әдебиеттiң түпнұсқасы мен аудармасының қайсысы маңызды деп сұрасақ,
бәрi бiр ауыздан түпнұсқа деп жауап қайтарары даусыз. Аудармаға деген үлкен
сый мен құрмет бола тұра бiз түпнұсқаны маңыздырақ көремiз. Аударма
әдебиеттi қосымша әдеби құбылыс ретiнде қарап, көркемдiк сапасы мен әсерi
жағынан түпнұсқамен теңесе алмайды деп ойлаймыз. Әйтсе де, аударма
түпнұсқаны алмастыра алады. Қазiргi мәдени алмасу дәрежесiне сай, қандай да
бiр ұлттық мәндi көркем туынды екiншi бiр тiлге аударылған кезде сол құнды
да көркем сапасында адамзат мәдениетiнiң қазынасына айналады. Ал
“аударылмаған көркем шығарма өз әдебиетiнде белгiлi бiр кезеңде өмiр
сүредi де, уақыт өте келе ұмытылады, әдебиетiнде айтарлықтай iз
қалдырмайды“ деп жазады Ю.Левин “Аударма және әдебиет“ атты мақаласында.
Сонымен қатар ол әлемдiк әдебиеттiң өмiрiн ұлтаралық әдебиеттiң негiзгi
көзi – аудармалар болмаған жағдайда ойға сыйымсыз, ақылға қонымсыз екенiн
атап көрсетедi.
Аударма дегенiмiз – бiр тiлде ауызша айтылған ой-пiкiрдi, болмаса
жазылған мәтiндi тыңдаушыға, оқушыға екiншi тiлде, яғни оның ана тiлiнде
түсiнiктi етiп жеткiзу. Бiр тiлден екiншi тiлге аударылып жазылған немесе
баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбек аударма туынды деп
аталады.
Аударма туынды – көркем әдебиеттiң егiз туған сыңары, бұлар екi ел
сөз өнерiнiң рухани қазынасына айналады.
Аударма мәдениеттiлiгiнiң жоғары деңгейiн қалыптастыру ұлттық
әдебиеттiң өсуiне және оның өзiндiк дәстүрлi сипатын жасауға мүмкiндiгiн
тудырады.
Аударма көркем шығармашылықтың өзгеше бiр саласы болып табылады.
Шығармашылықтың бұл түрiнде өзiңдiкi өзгемен салыстырылады, жарысады, күш
сынасады. Аудармашы жасалғанды жаңадан қайта жасау, өз әдебиетiнде ана
тiлiнде жаңа қорлар ашу және жаңа тың салаларды игеру арқылы автормен күш
сынасады.
Шынында да, аударма жалпы адамзат атаулының танымдық-рухани алмасуы
нәтижесiнде мәдениет пен өркениеттiң дамуына, адам баласының эстетикалық
көркемдiкке қол жеткiзуiне, санамыздың өсуiне апаратын жол секiлдi.
Мұндай аудармаларға көбіне тек классикалық шығармалардың аудармаларын
ғана жатқыза аламыз. Оның үстіне тек жақсы жасалған аудармаарды.
Осы ретте Ғ. Ахмедовтың И.С. Тургеневтің Түтін романыны мен Чехов
әңгімелерін аударудағы шеберлігін сөз етеміз.
Аудармалардың ішінен И.С. Тургеневтің Түтін романының аудармасы Ғ.
Ахмедовтың аударма саласына арнаған жылдарының соңғы кезеңіне келеді,
аудармашының алғашқы аудармасы Б. Горбатовтың Бағынбағандары 1947 жылы
жарық көрген, бізге белгілі ең соңғы аудармасы 1969 жылы Жазушы
баспасынан жарық көрген К.А. Фединнің Алауы. Ал Түтіннің аудармасы
соңғы аудармадан үш жыл бұрын ғана 1966 жылы баспа бетіне шығады. Осы
себепті де бұл аударма сәтті шыққан деуге негіз бар. Өйткені аудармашы
соңғы еңбектеріне тәжрибесі толығып, шыңдала келіп кірісері анық. Оның
үстіне Ахмедовтың аударма туралы кейбір ойлар атты мақаласында
Маяковскидің бір сөз табу үшін мыңдаған тонна сөз рудасын ақтару керек
деген сөзін аудармаға байланыстырып келтіре кетеді. Яғни, аудармаға үлкен
жауапкершілікпен қараған.
Он поднял голову – и узрел одного из своих не многочисленных московских
знакомых, некого Бамбаева, человека хорошего, из числа пустейших, уже
немолодого, с мягкими, словно разваренными щеками и носом, взъерошенными
жирными волосами и дряблым тучным телом. Вечно без гроша и вечно отчего-
нибудь в восторге, Ростислав Бамбаев шлялся с криком, но без цели, по лицу
нашей многоносной матушки земли.
Аудармасы:
Басын көтеріп қараса, Бамбаев дейтін, Москвадағы некен-саяқ
таныстарының бірі екен; жасы біразға келіп қалған, екі беті мен мұрыны
былжырап піскен ет сияқты былқылдақ, үрпиген шайыр шашты, борпылдақ семіз
денелі, құры қуық, жақсы адам. Осы Растислав Бамбаев ылғи көк тиын ақшасыз,
ылғи әлденеге мәз болып жүреді, нені болса да көтере беретін жер-анамыздың
арқасында, ешқандай мақсаты жоқ, бос даурығып, дүние кезіп өмір сүріп
келеді.
Бұл мысалдан аудармашының кейпкерлер бейнесін сомдауда қазақ тілінің
орамдылығын ұтымды пайдаланғанын көреміз. Кейіпкерлердің бейнесі дәл
суреттелген. Оның үстіне сөйлемдер түпнұсқа бойынша тізбектеліп қатар
аударылмай, орын ауыстырулар болған. Бұл сөйлемдерді сірестірмей қазақ
тілді оқырманның қабылдауына жеңіл етеді. Кейіпкендің бет-әлпетіне
байланысты теңеулер өте дәл берілген.
Аударма біздің ана тіліміздің өткірлігін, икемділігін, үйлесімділігін,
бейнелеу қабілетінің шексіздігін көрсетеді. Тәржіма ісі біздің ана
тіліміздің сөздік қорын байытып, дүнйетану өрісімізді ұлғайтады.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің
бүкіл қазнасы кеңінен қолданылады, өсіп отырады, сонымен қатар ескіріп бара
жатқан көне сөздер жаңғырып, қазіргі уақыттағы әдеби тіліміздің қатарына
қосылып жатады.
Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құрудың, ойды бейнелеудің неше
алуан тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Қазақ тілінде жазылған қандай
да бір шығармадан болса да, терең үңіле келгенде, әлемдік мәдениеттің
ықпалын көрмеу мүмкін емес. Сонымен қатар, аударма оқушыны ылғи жаңа
дүниемен, жаңа өмірмен, жаңа ортамен таныстырып отырады.
Аудармашыға қойылатын талап: ол екі тілді де барынша жақсы білуі тиіс. Оның
үстіне, өзі тіл сырын, өзі мәнін, көркемдіктің қадірін білетін, өмірге
суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркем образдылық тұрғысынан
ұғына салатын қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық,
жазушылық дарынның иесі болуы керек. Қосымша аудармашыға ауадай қажет нәрсе
нағыз энциклопедиялық жан-жақты білім, жоғары мәдениет. Ол түпнұсқаның
тілінде сөйлейтін халықтың тарихынан, тұрмыс-салтынан, әдет-ғұрпынан,
қоғамдық қалыбынан мол хабардар болуға тиіс. Тіпті жалғыз сол халықтың ғана
емес, жалпы адамзат тарихымен мәдениетіне байласнысты көп нәрседен хабардар
болуы қажет.
Осы арада сзімізге мысал ретінде екі кейіпкер арасындағы диалогтың
аудармасына назар аударайық:
– Ирина Павловна, – продолжал Потугин, – полагает, что та... как бы
выразится... та среда, что ли, в которой вы ее застали третьего дня, не
должна возбудить ваше особенное сочувствие; но она велела вам сказать, что
черт не такой черный, каким его изображают.
– Гм... Это изречение применяется собственно к той... среде?
– Да... И вообще.
– Гм... Ну, а вы, Созонт Иваныч, какого мнения о черте?
– Я думаю, Григорий Михайлович, что он во всяком случае не такой,
каким эго изображают.
– Он лучше?
– Лучше ли, хуже ли, это решить трудно, но не такой. Ну что же, идем
мы?
– Да вы посидите сперва немножко. Мне, признаться, все-таки кажется
немного странным...
– Что, смею спросить?
– Каким образом вы, собственно вы, могли сделаться приятелем Ирины
Павловны?
Потугин окинул самого себя взглядом.
– С моею фигурой, с положением моим в обществе он точно
неправдоподобно; но вы знаете – уже Шекспир сказал: Есть многое на свете,
друг Гораций, и так далее. Жизнь шутить не любит. Вот вам сравнение:
дерево стоит перед вами, и ветра нет; каким образом лист на нижней ветке
прикоснется к листу на верхней ветке? Никоим образом. А поднялась буря, все
перемешалось – и те два листа прикоснулись.
Аудармашының көркем аудармамен жұмыс кезінде шеберлігі мен талантының
сыналар сәті – сөйлеу элементтерін шебер жеткізе білуі. Мұның қиын болатыны
түпнұсқа тілінің әдеби нормасынан тыс, әртүрлі сөздердің қолданыста
кездесетіндігі. Бұл аталған элементтердің бәрі тілдің стилистикалық
перифериясына енетін: архаизм мен неологизм, диалектизм мен арготизм,
қарапайым сөйлеу тілі, варваризмдер. Ол аталған аударма тілінің жалпы
халықтық нормасынан жалпыға бірдей қолданылатын сөздер аясына бөлінеді.
Көркем шығармадағы кейіпкер сөздері ең алуан түрде оның әлеуметтік және
кәсіптік сипатына қарай беріледі: әрбір кейіпкер сөзінің өзіндік стильдік
мәнері бар, ол оның жас ерекшелігімен, кәсібімен, мәдени деңгейімен,
білімімен, қоғамдық жағдайымен, өмір тәжірибесімен, көзқарасымен сәйкеседі.
Кейіпкерлердің жасына әрі мамандығына, ұлттық ерекшелігіне қарай сөйлеу
нормалары, дағдылары бар.
Аудармасы:
– Ирина Павловна: анау күнгі... қалай десем екен... алдыңғы күнгі топ
сізге ұнамай қалуы мүмкін; бірақ та, жұрт айтты деп жын-шайтаннан шошынбай-
ақ қойсын, деген еді.
– Гм... осыны әлгі... қасындағылары туралы айтты ма?
– Я... жалпы айтқаны айтқаны ғой.
– Гм... Сол жын-шайтандар туралы, Созонт Иваныч, өзіңіз не ойлайсыз?
– Меніңше, ол өзі, шынында да, жұрт айтқандай шошынарлық емес қой
деймін.
– Ананың өзі басқалардан тәуір ме сонда?
– Тәуір ме, жоқ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысы және оның қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі
Түпнұсқа және тәржіма: саймасайлық мәселесі
Көркем аударма түсінігі
Көркем аударманың маңызы мен рөлі
Фариза Оңғарсынова туындыларының орыс тіліне аударылу мәселелері
АУДАРМАШЫ - КӨПТІЛДІ ТҰЛҒА
Роллан Сейсенбаевтың өмірі мен аудармашылық шеберлігі
Аудармашы - тіларалық делдал
Шәкәрім Құдайбердиев аудармаларының ерекшелігі
Аударма сапасының бағалау мәселелері
Пәндер