Қазақ кітап басу ісіндегі алғашқы кітап шығарушылар тәжірибесі



Кіріспе
Негізгі бөлім
І тарау. Қазақ баспа кітабының бірінші кезеңі (1807.1867)
1.1 Алғашқы қазақ кітаптары
1.2 Қазақстан баспаханалар

ІІ тарау. Қазақ баспа кітабы дамуы тарихының екінші кезеңі (1867.1900)
2.1 Алғашқы қазақ баспагерлері
2.2 Миссионерлік әдебиеттер

ІІІ тарау.Қазақ баспа кітабы тарихының үшінші кезеңі (1900.1917)
3.1 Ағартушыларымыздың қазақ қолтума төл кітаптарына бетбұрысы
3.2 Бұғауда бұлқынған дәуірсөз

Қорытынды
Кітап тарихы тарих ғылымымен ұштасады. Қолмен жазылсын, баспа түрінде болсын, кітап өзі шыққан елдің, тіпті әлемнің тарихына тікелей қатысты. Қазақ халқының Орталық Азиядағы туыстас, бауырлас түрік халықтарымен ортақ тарихы бар да, 1456 жылдан бастап жеке хандық болудан кейінгі тарихы бар. Ал XVIII ғасырдың басы мен 1917 жылғы Қазан төңкерісі аралығындағы кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері болды. Ресейдің құрамына кірген Қазақстан уақыт өте келе отар елге айналды. Сол кезеңде қалыптаса бастаған қазақ кітабы қазынасы мен кітап ісінің басқа да салаларына өз әсерін тигізді.
Кітап ісінің дамуына қоғам, қоғам дамуына кітап ықпал етпек. Осы қағиданы тірек еткенде, қазақ кітабының төңкеріске дейінгі (1917) тарихын негізгі екі дәуірге жіктеп қарауымыз керек. Біріншісі – қолжазба кітап тарихын қамтиды. Екіншісі – түгел баспа кітапқа арналады [1,5]. Қазақ баспа кітабы дәуірін негізгі үш кезеңге бөлеміз. Бірінші кезең – 1807-1867, екіншісі – 1867-1900, үшіншісі – 1900-1917 жылдарды қамтиды.
Қолжазба кітап қазынасын жасауда Қазақстан Ресей секілді елдермен тең дәрежеде келе жатқан халқымыз баспа кітапқа келгенде кешеуілдеді. Тұңғыш әлемдік баспа кітап Алманияда 1445 жылдар шамасында жарық көрсе, Чехияда кітап басу ісі 1468 жылы басталды. Ресейде 1564 жылы жарияланса, қазақ кітабы бұлардан екі-үш ғасыр кейін шықты [1,64]. Мұның себебін XVIII ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы кезіндегі Қазақстанның мәдени, экономикалық, рухани хал-ахуалынан көреміз. Еліміздің тағдырына тікелей әсер еткен тарихи оқиғаларды төмендегідей қорытындылап жинақтауға болады.
1. XVIII ғасырдың орта шенінде қазақ халқының жоңғар, шүршіт басқыншылығына қарсы 200 жылға созылған соғыстың жеңіспен, абыроймен, түбегейлі аяқталды.
2. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қасіретінен халқымыз бір қазаққа келген нәубеттен екінші қазақтың құтылып кете алмайтыны ел санасына мақтап орнады. Бірліктің бастауы құт-берекеде екеніне көз жеткізді.
3. Қазақ халқы Орталық үкімет пен аймақтар (ру, тайпа, жүздер) арасында жарасымды, бейбіт қатынас орнату қажеттігін түсінді. Абылай ханның келуімен елде тыныштық пен татулық орнап, ру, жүздер арасындағы алауыздық біршама азайды.
4. Абылай хан Ресей, Қытай секілді алып мемлекеттер арасында төмендемей, өзін еркін ұстап, ел тыныштығы мен жер бүтіндігін сақтау мақсатында ақылды саясат жүргізе білді.
Осылайша қазақ елінің елдігі жаңа сатыға көтеріле бастады. Жоңғар басқыншылығынан азат болған еліміз бірқатар тарихи себептермен қайта тұралады. Соғыс салдарынан қайта бас көтеруге ішкі-сыртқы ахуал бөгет болды.
1. 1781 жылы Абылай ханның дүние салуынан кейінгі жерде ел қайта бөлшектенді [1,65]. Қазақ Ордасы ауызбіршіліктен айырылып, жекешеленіп, бір-бірімен бақталаса бастады.

Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

БАСПА ІСІ ЖӘНЕ ДИЗАЙН КАФЕДРАСЫ

Диплом (Бітіру) жұмысы

___________________________________ _________________________

Орындаған 4 курс студенті
___________________________________ ______

Ғылыми жетекші
___________________________________ ______

(қолы, күні)

Норма бақылаушы
___________________________________ ______

(қолы, күні)

Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
___________________________________ ______

(қолы, күні)

Алматы, 2012

Қазақ кітап басу ісіндегі алғашқы кітап шығарушылар тәжірибесі

Кіріспе

Негізгі бөлім

І тарау. Қазақ баспа кітабының бірінші кезеңі (1807-1867)

1. Алғашқы қазақ кітаптары
2. Қазақстан баспаханалар

ІІ тарау. Қазақ баспа кітабы дамуы тарихының екінші кезеңі (1867-1900)

2.1 Алғашқы қазақ баспагерлері
2.2 Миссионерлік әдебиеттер

ІІІ тарау.Қазақ баспа кітабы тарихының үшінші кезеңі (1900-1917)

3.1 Ағартушыларымыздың қазақ қолтума төл кітаптарына бетбұрысы
3.2 Бұғауда бұлқынған дәуірсөз

Қорытынды

І тарау. Қазақ баспа кітабының бірінші кезеңі (1807-1867)
1.1 Алғашқы қазақ кітаптары

Кітап тарихы тарих ғылымымен ұштасады. Қолмен жазылсын, баспа түрінде
болсын, кітап өзі шыққан елдің, тіпті әлемнің тарихына тікелей қатысты.
Қазақ халқының Орталық Азиядағы туыстас, бауырлас түрік халықтарымен ортақ
тарихы бар да, 1456 жылдан бастап жеке хандық болудан кейінгі тарихы бар.
Ал XVIII ғасырдың басы мен 1917 жылғы Қазан төңкерісі аралығындағы кезеңнің
өзіне тән ерекшеліктері болды. Ресейдің құрамына кірген Қазақстан уақыт өте
келе отар елге айналды. Сол кезеңде қалыптаса бастаған қазақ кітабы
қазынасы мен кітап ісінің басқа да салаларына өз әсерін тигізді.

Кітап ісінің дамуына қоғам, қоғам дамуына кітап ықпал етпек. Осы
қағиданы тірек еткенде, қазақ кітабының төңкеріске дейінгі (1917) тарихын
негізгі екі дәуірге жіктеп қарауымыз керек. Біріншісі – қолжазба кітап
тарихын қамтиды. Екіншісі – түгел баспа кітапқа арналады [1,5]. Қазақ баспа
кітабы дәуірін негізгі үш кезеңге бөлеміз. Бірінші кезең – 1807-1867,
екіншісі – 1867-1900, үшіншісі – 1900-1917 жылдарды қамтиды.

Қолжазба кітап қазынасын жасауда Қазақстан Ресей секілді елдермен тең
дәрежеде келе жатқан халқымыз баспа кітапқа келгенде кешеуілдеді. Тұңғыш
әлемдік баспа кітап Алманияда 1445 жылдар шамасында жарық көрсе, Чехияда
кітап басу ісі 1468 жылы басталды. Ресейде 1564 жылы жарияланса, қазақ
кітабы бұлардан екі-үш ғасыр кейін шықты [1,64]. Мұның себебін XVIII
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы кезіндегі Қазақстанның мәдени,
экономикалық, рухани хал-ахуалынан көреміз. Еліміздің тағдырына тікелей
әсер еткен тарихи оқиғаларды төмендегідей қорытындылап жинақтауға болады.

1. XVIII ғасырдың орта шенінде қазақ халқының жоңғар, шүршіт
басқыншылығына қарсы 200 жылға созылған соғыстың жеңіспен, абыроймен,
түбегейлі аяқталды.

2. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қасіретінен халқымыз бір қазаққа
келген нәубеттен екінші қазақтың құтылып кете алмайтыны ел санасына мақтап
орнады. Бірліктің бастауы құт-берекеде екеніне көз жеткізді.

3. Қазақ халқы Орталық үкімет пен аймақтар (ру, тайпа, жүздер) арасында
жарасымды, бейбіт қатынас орнату қажеттігін түсінді. Абылай ханның келуімен
елде тыныштық пен татулық орнап, ру, жүздер арасындағы алауыздық біршама
азайды.

4. Абылай хан Ресей, Қытай секілді алып мемлекеттер арасында
төмендемей, өзін еркін ұстап, ел тыныштығы мен жер бүтіндігін сақтау
мақсатында ақылды саясат жүргізе білді.

Осылайша қазақ елінің елдігі жаңа сатыға көтеріле бастады. Жоңғар
басқыншылығынан азат болған еліміз бірқатар тарихи себептермен қайта
тұралады. Соғыс салдарынан қайта бас көтеруге ішкі-сыртқы ахуал бөгет
болды.

1. 1781 жылы Абылай ханның дүние салуынан кейінгі жерде ел қайта
бөлшектенді [1,65]. Қазақ Ордасы ауызбіршіліктен айырылып, жекешеленіп, бір-
бірімен бақталаса бастады.

2. Қазақтың бір ту астына бірігуіне әуелден қарсы Ресейге қазақ
хандығының бөлінуі тиімді болды. XVIII ғасырдың 20-сыншы жылдарының алғашқы
жартысында-ақ Кіші жүз бен Орта жүзде хандық өкімет мүлде жойылған-тын.
Ресей Қазақстанның автономия болып кіргенінің өзін азсынып, хандық билікті
түбірімен жойды. Ресей империясымен соғысып шейіт кеткен Кенесары Қасымұлы
Қазақ Ордасының соңғы ханы болды. Осылайша Қазақстан ХІХ ғасырдың ортасында
бодан, отар елге айналды.

Ресей өз отарын Қазақстан жеріне бекіністер салудан бастады. Орынбор,
Орск, Орал, Гурьев (Атырау), Омбы, Семей, Петропавл (Қызылжар), Верный
(Алматы), Павлодар (Кереку), Ақмола, Сергиополь (Аякөз), Өскемен, Қапал
сияқты қамалдар қазақ даласын құрсауына алды. Аталған қалалар өркениет
орталығына айналып, Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін дамытуға
атсалысты.

Қазақстанды әр түрлі жолдармен, әскери күшпен басып алған Ресей
империясы оны қолда ұстап тұру үшін көшпенділер тұрмыс жағдайын, салт-
дәстүрін, мәдениетін зерттеуге кірісті. Шығыстану ғылымы өрістеп, жоғарыда
аталған қалаларда орыс мектептері ашыла бастады. Мектептер орыс тілімен
қатар араб, парсы, түркі тілдерін үйретіп, топография және жер өлшеу ісінен
сабақтар жүргізілді. Қазақ баласынан тілмаш, писарь даярлады. 1813 жылы
Омбыда кадет корпусы, 1825 жылы Орынборда әскери училищесі ашылды. Аталған
білім ошақтарынан Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин сынды ғалым, педагог,
ағартушылар бітірді.

Патша өкіметі елімізде өз билігін нығайту жолында XVIII ғасырдың
бірінші жартысына дейін Ислам дінін уағыздауға кірісті. Мектептерде қазақ
балаларын мұсылмандыққа баулып, Бұхара, Самарқанд, Ташкент шаhарларындағы
медреселерде шәкірттердің білімін ұстартып, араб тілімен қоса филисофиясын
үйретті. Осы саясатты жүзеге асыру барысында діни әдебиетті шығарумен
шұғылданатын алғашқы баспаханалар бой көтере бастады.

Араб графикасы бойынша баспа ісін ұйымдастыруға ең алғаш Петр І патша
мұрындық болды. Түрік баспаханасы деп аталатын шағын кәсіпорын жорық
баспаханасы (походная типография) саналатын [1,68].

Түрік баспаханасына атақты орыс ақыны, сатиригі Антиох Кантемирдің
әкесі Дмитрий Кантемир (1673-1723) князь басшылық етті. Философ әрі
тарихшы, Молдавия билеушісі Дмитрий Кантемир ұлы Петр патшаның болды.
Молдавияны Ресей құрамына енгізген де осы – Д. Кантемир. Кезінде парсы
жорығына қатысқанда баспахананы Астраханьға дейін су жолымен алып барады.
Жорық баспаханасы деп аталуы да сондықтан.

XVIII ғасырдың жетпісінші жылдары араб шрифтісі Ресей ғылым
Академиясының баспаханасында пайда болған. 1777 жылы Мәскеу университетінің
оқу бағдарламасына татар тілі енгізілді. Сол кезден бастап мұнда араб
шрифтісін құйып өндіре бастайды. Сөйтіп мұсылман халықтарын үкімет
құжаттарымен таныстыруға мүмкіндік туды. Ең бастысы – мұсылмандарға арналып
кітап басыла бастады. Құран Кәрім солардың арасында бірінші жарық көрген
кітап [1,68].

Құран Кітап Ресейде араб шрифтісін құя бастағаннан кейін екі жылдан соң
жарық көрді. Орталық Азия аймақтарындағы мұсылмандарға арналған алғашқы
Құран 1779 жылы 3600 дана таралыммен Петербург қаласында басылып шыққан.
Кейінгі жылдары бұл істі Қазан қаласы өз қолына алды. 1853-1859 жылдар
аралығында бір ғана Құран Кәрімнің өзі 82 мың данамен басылып шыққан
[1,68]. 1779 жылы Ресей астанасы Петербургте басылған Құран Кәрімнің қазақ
даласына жеткені даусыз. Қазақ кітабының алғашқы кезеңі, туып қалыптасуы
осы тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Мұсылмандарға арналған
әдебиеттерді басу ісі Қазанға ауысқаннан кейін қазақ-татар қарым-қатынасы
жаңа сатыға көтерілді. Төңкеріске дейінгі жарық көрген қазақ кітаптарының
үштен екі бөлігі Қазан баспаханаларынан шыққан. Татар баспагерлері қазақ
кітабын ғана емес, түрік, араб, прасы, монғол тілдеріндегі әдебиеттерді
бастырды. ХІХ ғасырда Қазан қаласы Шығыс халықтары тілдерінде кітап басудан
Петербург қаласынан кейінгі ірі орталыққа айналды.

Қазақ кітабы тарихқа алғашқы қадамын осылай бастады. Оған тән қасиет –

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында дін кітаптары көбірек шығып, кең таралды.
Сонымен қатар бірлі-екілі ұлттық басылымдар бой көрсете бастады. Алғаш
тұсауы кесілген қазақ кітаптарының шығуына тоқталсақ. Мұсылмандар үшін
баспаханалар ұйымдастырғанда Ресей әкімшілігі ең әуелі Құран Кәрім кітабын
бастырды. Сондай-ақ бұл дәуірде қазақ даласында баспахана болған жоқ.
Сондықтан төл ана тілімізде кітап та болмағандығы түсінікті.

1800 жылы 9 мамырда Қазанда Шығыс халықтары үшін арнаулы баспа ашылып,
осы жылдан бастап шығыс халықтарының тілдерінде кітаптар шығара бастаған
[2,5]. Қазақ кітабы тарихын алғаш жүйелеген қазақ ғалымы Әбіш Жиреншин 1801
жылы Қазанда араб тілінде Аттаджи (Аттықожа) атты түсіндіргіш (3000
дана) және татар-қазақ балаларына арналған Әліп-бе кітабы алғаш рет
басылып шығарылғанын жазады.

Қазақстан мен Орта Азия халықтары арасында мәдениет таратуға қарсы М.
Л. Магницкий патша өкіметіне жолдаған өзінің бір хатында: Мұсылман
халықтары үшін кітап шығару үкіметке көп пайда келтірері сөзсіз. Сондай-ақ
бұл кітаптар дін иелерінің халықты бағындырудағы құралына айналады. Ал
татарлар үшін Евангелияны таратудағы бірден-бір жолы – кітап шығару, -
дейді [3,28].

1807 жылы шыққан Сейфүлмәлік кітабы шағатай тілінде жазылған. Себебі
ХІХ ғасырдың басында таза қазақ тілінде кітап шығару мүмкін емес-тін.
Ресейде көне славян тілі XVI ғасырдың өзінде орыс жазба әдебиет тілінің
негізіне алынып келсе, Қазақстанда ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін және одан
кейін де кітаби тіл немесе көне түркі әдеби тілі сөйлеу тілімен қатар жазба
әдеби тілімізде қолданылып келді. Кітаби тіл яки шағатай тілі – қоспа тіл.
Онда түрік, қазақ, татар, араб-парсы сөздері мен грамматикалық формалары,
стилистикалық фигуралар аралас-құралас жүреді [1,70].

Орталық Азия мұсылмандарына көне кітаби тілмен қатар араб тілі де
ортақ. Араб мәдениетімен, әдебиетімен байланысымыз даламызға Ислам дінінің
келуімен, сол дінді қабылдауымызбен VII-VIII ғасырлардан бері үзілген жоқ.
Құран Кәрім – қазақтың да қасиетті кітабы. Бұл – бір. Екіншіден, қазақтың
көптеген кітаптары Қазанда, Ресейде басылды. Бірақ бұл ол кітаптар қазақ
кітабына жатпайды деген ұғым туғызбаса керек. Сейфүлмәлік Азия
баспасынан 1807 жылы шықты. Бұл шағатай, қазақ, татар тілдері аралас шығыс
аңызына құрылған ғашықтық дастан еді. Оны қазақтың тұңғыш кітабы деп атауға
себеп алғаш баспа жүзін көрген шығарма болуы ғана емес, қазақ арасында кең
таралғандығы. Оқиға желісі Мың бір түн ертегісінен алынса да, қазаққа
жақын шығарма. Халық пен зиялы қауым жылы қабылдап, қазақтың жалпақ жұрты
тіліне ауысып, айтып жүрер дастанға айналды.

Сейфүлмәлікті қазақ халқының төл шығармасы деуге тағы бір дәлел –
оның ғасырдан аса уақыт бойы дүркін-дүркін басылып, қалың жұртқа
таралғандығы, оқушысын ғана емес, ел ішінде жатталып, тыңдаушысын
тапқандығы [1,71]. Библиографияшылардың осыған дейін тапқан нұсқалары
төмендегідей:

1. Сейфүлмәлік. Қазан, Қазан гимназиясының баспаханасы, 1807. 115б.

Юсуф Исмағил ұғлы Апанайдың тасрифы (115-бетте)

2. Қисса-и Сейфүлмәлік шаhзаде ағазкярдан Бәдиғұлжамал перизат. Қазан,
1882.

3. Қисса-и Сейфүлмәлік. Қазан, 1895. 75 б.

4. Қисса-и Сейфүлмәлік. Қазан, 1897. 75 б.

5. Қисса-и Ғабдұлмәлік. Шәмсуддин Хусаинов уәрсәрәләрі Қазанда. Қазан.
Университет табиғханасы. 1902. 56 б.

6. Қисса-и Сейфүлмәлік Бәдиғұлжамал. Жүсіпбек Шәйхусламұлының
мәәллифатынан бітті. 1896-шы жылда 12-ші майда. Мосаннифтің ләқаб есімі
Таңшолақ бола-дүр. Қазанда кітапшы Исмағил Шәмсуддинов. Қазан. Университет
табиғқанасы. 103. 49 б.

7. Қисса-и Сейфүлмәлік Бәдиғ-ул-жамал. Жүсіпбек Шәйхулислам ұғлының
мәәллифатынан бітті 1876-шы жылда 12-ші майда. Мосәннифтің ләқаб есімі
Таңшолақ бол-дүр. Қазан. 1908. 49 б.

8. Қисса-и Ғабдулмәлік. Нәшері: Шәмсуддин бин Хұсаин. Қазан.
Университет табиғханасы. 1904. 56 б.

9. Қисса-и Сейфүлмәлік. Нәшері: Шәмсуддин Хусаинов уәрсәләрі. Қазан.
Б. Л. Домбровский матбәғасі. 1909. 55 б.

10. Қисса-и Сейфүлмәлік. Нәшері: Шәмсуддин Хусаинов уәрсәсі. Қазан. Б.
Л. Домбровский матбәғасы. 1914. 55 б [4,].

Бұл жөнінде Шериаздан Елеукенов пен Жұмағыз Шалғынбаева
Қазақ кітабының тарихы кітабында: Сейфүлмәлік шығармасының қазақ
назиралық нұсқалары үшке жіктелетіндігі. Біреуі 1807 жылы шыққан шағатай
тіліндегісі. Екіншісін – белгілі шығыстанушы В. В. Радлов халық аузынан
жазып алған. Кейін мұның сәл өзгертілген түрін Жүсіпбек Шайхисламов
бастырған. Ғабдүлмәлік хақындағы Домбровский баспасынан шыққандары да сол
нұсқадан айнымайды. Тек белгісіз себептермен бас қаhарман есімдері
өзгертілген. Үшінші нұсқа Қытай мен Монғолияда Ақыт ақын деген атымен
әйгілі Ақыт Ұлымжыұлы Қарымсақовтікі. Оалрдың ұзын саны беске жетеді, бас
кейіпкер бірде Сейфүлмәлік, бірде Ғабдүлмәлік делінген, басқа пәлендей
өзгерістері жоқ [1,72], - деп жазады.

Сейфүлмәлік дастаны қазақтың санасына, жүрегіне терең орнықты. Әсет
Найманбаевтың Сейфүлмәлік – Жамалдай, бейнетіңе көнсем-ай деген ән
жолдары осы жырдың кейіпкерлеріне қатысты айтылған. Бұл дастан талай
ғажайып оқиғаларды жырлайды, ғашық жігіттің сүйгеніне жету жолындағы күресі
тыңдаушысын, оқушысын иіріп әкетеді. Ақыт ақын Сейфүлмәлік поэмасын Шығыс
Түркістандағы Махмұди ханның бұйрығы бойынша жазғанын ескерте келе:

Қисса бітті, хаққа шүкір, есен-аман,

Мың үш жүз жиырма екіде болды тамам.

Бұл пақырға дұға қылың, оқығандар,

Тартылсын жүре бермей енді қалам, -

дейді. Мұнда жырдың аяқталған уақыты хижра бойынша берілген деп есептесек,
біздің жыл санауымыз бойынша бұл – 1904 жыл. Сейфүлмәлік ХІХ ғасыр бойы
және ХХ ғасырдың бас кезінде жиі басылуы сол кездегі қазақ жұртының кітапқа
зәруліктері аңғарылады.

Сейфүлмәлік дастанының ел арасында кең таралуына тағы бір себеп –
оқырманының көптігі. Патшалы Ресей отар елінің жағдайын зерттеу мақсатымен
ауыл-аймақтарға мектептер салған болатын. Қара танитын балалардың көбеюі
сауаттылықты арттырды. Халық арасынан сұраныс болғандықтан, кітап дүркін-
дүркін басылып тұрды. Қазақ кітабының туып қалыптасу яғни бірінші кезеңі
жарты ғасырға жуық уақытты қамтыса да, небары оннан аса аталым кітап жарық
көрген. Бірақ мұны азырқанудың қажеті жоқ. Себебі ат үстінде жүріп жер
бүтіндігін сақтауды өздеріне мақсат тұтқан көшпенді халықтың еркіндігі
ендігі жерде Ресейге тәуелді болып қалды. Алғаш жарық көрген кітаптар алуан
түрлі тақырыпты қамтымаса да, оқырманның, автордың дүниені танып-білуге
құмарлығын аңғаруға болады.

1809 жылы Қозы Көрпеш қиссасы жарық көрді. 1819 жылы Ибрагим Хальфин
Ысқақұлының татар тіліндегі Шыңғыс хан мен Ақсақ Темір хандар тарихы
жарық көрді. 1801-1820 жылдар аралығында қазақ, татар тілдерінде 38 кітап
басылған [2,5].

Дүние жүзі тарихынан хабардар ететін кітаптарды ерекше атап өтуге
тиіспіз. Жарық көрген жылы – 1825.

Біріншісінің авторы Орта Азия тарихшысы Әбілғазы Баhадур
Арабмұхаммедұлының (1605-1664) Шежіри и түркі кітабы. Тегі түркі
халықтарының шежіресінен сыр шертер еңбек шағатай тілінде жазылған.

Екіншісі Насыреддин Бурғанэддин ұғлының түрік тілінде жазылған Қисасу
Рубғуз еңбегі. 1859, 1891 жылдары Қазан университеті баспаханасынан жарық
көрген кітап Шығыстың тарихи тұлғаларының өмірінен қызықты деректер ұсынады
[1,76].

Татар зерттеушісі Абрар Каримуллин 1831 жылы Қазан университетінің
баспаханасынан Иғланаме. Қырғыз халқына деген кітап шыққанын айтады.
Тіпті бұл кітапты тұңғыш кітап деп атауды ұсынады. Өз мақаласында: Бұл
жылдары қазақ сахарасында оба ауруы дендеп, кісі өлімінің көбейіп бара
жатқан кезі еді. Осы індетке қарсы қолданылатын шараның бірі – аурудың
зардабын түсіндіріп, одан сақтандыру, емдеу шараларын көрсету болды. Оны
әрине әр үйге, ауылға барып лекция оқу арқылы жүзеге асыру қиын еді.
Сондықтан Орынбор округінің генерал-губернаторы Сухтелин баспасөз арқылы
таратуды жөн деп тауып, сол кездегі мұсылман баспаханаларына заказ берген.
Арап харіпімен басылған осы кітаптың бір данасы күні бүгін Татар АССР-ның
Мемлекеттік Орталық архивінде сақтаулы тұр, - деп көрсетеді [5,146].

1857 жылы түрік тіліне аударылған Бабыр-нама кітабы қазақ даласына
тікелей қатысы бар кітап. Авторы Үндістанда Ұлы Моғолдар мемлекетінің
негізін қалаған сұлтан Заhиреддин Мұхаммед Бабыр (1483-1530).

Қазақ баспа кітабы тарихының бірінші кезеңіне ерекше көрік беріп
тұрған басылым – атақты Жамиғ ат тауарих. 1851 жылы Қазан қаласынан жарық
көрген бұл кітаптың авторы да қазақ – белгілі тарихшы Қадырғали Жалаири, -
тілі де қазақша [1,76]. Қазақ елінің тарихы жөніндегі бұл еңбегін
Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жазған. Себебі бұл еңбек
патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін
сипаттайды. Ш. Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басым екенін
атап көрсеткен. Байұзақ Албани өзінің Тарихи таным кітабында Қадырғали
Жалаири есімінің тарихта Әбілғазы, Бенаи, Бабыр сияқты ғұлама тарихшылармен
қатар аталатынын, Н. И. Ильминский, И. Н. Березин, В. В. Вельяминов-Зернов
сынды орыс ғалымдары бұл еңбекті жоғары бағалағанын жазады.
Жылнамалар жинағының жалғыз көшірме данасын Қазан университеті
кітапханасына татар ғалымы И. Халфин тапсырған екен.
Монғол-түрік шежіресі жинағы деген атпен профессор И. Н. Березин
құрастырған кітаптың екінші томына енген бұл еңбектің алғысөзіне
құрастырушы: Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың
негізгі бөлігі Рашид-ад Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан
тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз, - дейді. Тарихшы
М. Қойгелдиев: Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылған
екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол
Жылнамалар жинағы аталған күйінде қала берді, - деп жазған.

Осы жылдары Сүлеймен Бақырғанидың еңбектері басылып шықты. Китаб и
хулясету ль халисет - Таза сусын деп аталатын Абулқасым кітабы 1851 жылы
Қазан университеті баспаханасынан араб тілінде жарыққа шықты. Бұл еңбекті
жариялаған Бадахшани деген кісі.

Сүлеймен Бақырғанидың еңбектері бірінші кезеңде ең көп жарияланған
басылымдар. Мысалы, Хакім Ата дейтін кітабы 1845, 1846, 1857, 1888
жылдары кейде арасына жыл салып, бес дүркін басылған. Тағы ғажап дейтін
бәйіті және бар. Ол 1856 жылы бастапқы кітабы сияқты түрік тілінде шыққан
[1,77].

Бұхарада туып, 1713 жылы қайтыс болған шайхы Аллаяр софыны қазақ халқы
жақсы білген. Мурад алғарифини (Білімдіден шыққан сөз) деп аталатын
өлеңмен жазылған кітабын медреселерде оқитын, көп өлеңдерін ел жатқа
білген. Бұл оқулық Қазан университеті баспаханасында 1859 жылы басылып
шығады.

Ильминскийдің қазақ тілі мен әдебиетінің үлкен қамқор болғаны бұрыннан
айтылып жүр. 1857 жылы Марабай ақынның аузынан жаздырып алып, 1862 жылы
Қазан университетінің баспаханасынан қазақтың халық эпосы Ер Тарғынды
бастырады. Бұл эпосты көзінің тірісінде Қазанда өз қаржысына төрт рет
бастырған (1871, 1876, 1879, 1883), ал ол қайтыс болған соң
Ер Тарғынды үш рет 1893, 1899, 1913 жылдары татар нашриатшысы
Шамсуддин Хусаинов қайта бастырған. Сонымен Ер Тарғынның алғаш жалпы
таралымы 29 мың дана болып барлық басылымы Қазанда жарық көрген [5,146].

Біріншіден, осы таза қазақ тілінде шыққан кітаптың баспа кітап идеясын
толық қанағаттандырып, толық мәнінде жүзеге асырып нағыз бұқаралық сипат
алуы. Екіншіден, бұл қазақ кітабының ана тілімізді, туған әдебиетімізді
сақтаудағы рөлі айрықша екенін Ш. Елеукеов пен Ж. Шалғынбаева өз
еңбектерінде баса көрсеткен.

Ер Тарғын поэмасын үлкен бастама деудегі себеп – сол тұста қазақ елі
отар ел бола тұра, таза қазақ тілінде баспа бетін көрген кітапта халық
қазынасы мол насихатталған. Бір өкініштісі, қазақтың тұңғыш кітабы атанған
Сейфүлмәлік шағатай тілінде жарық көрді. Онымен сөйлеп, жазбаған адам
мәдениеттен құр қалғандай көрінді.

1.2 Қазақстан баспаханалар

ХІХ ғасырда араб шрифтісі бойынша кітап басу орталығы Қазақ шаhары
болды. Азия, Қазан университеті баспаханалары бүкіл ғасыр бойы шығыс
губернияларын кітапқа зәруліктен құтқарды. Мұндай тапсырыстар Орынбор
генерал-губернаторынан түсіп отырған. Келе-келе жергілікті жерлерден
баспахана ашу ісі қолға алынды. Патша өкіметі қазақ даласының сұлтан-
правительдерімен хат жазу арқылы байланысып тұру қажеттігін біліп, ақыры
генерал-губернатор Сухтелиннің сұрауы бойынша Орынбор қаласындағы Әскери
баспаханаға араб шрифтілері жеткізіледі. Баспахананың араб бөлімшесіне
терімшілік жұмысқа Орынбордың Неплюев училищесінде оқып жүрген Мұхаммед-
Гирей Бекчурин шақырылады.

1830 жылы Шығыс баспаханасы ашылғанын жоғарыда атап өттік. Бұл
баспахананың алғаш шығарған басылымы – Наставления местным и дистаночным
начальникам Оренбургских линейных киргиз кітабы. Біршама уақыттан соң
баспахана қажетті жабдықтармен, шрифтілермен қамтамасыз етілді.

Қазақ кітап басылымының тарихы ХІХ ғасырдың бас кезінен басталды.
Бірінші қазақ кітабы Сейфүлмәлік кітабы Азия баспасынан 1807 жылы
шықты. Қазақ, шағатай, татар тілдері аралас шығыс аңызына құрылған дастан
еді. Сол жылы Қазан гимназиясының баспаханасы саналатын Азия Қазан
университетінің қарамағына берілді. Университет баспаханасынан ХІХ ғасырдың
бірінші жартысында оншақты аталым қазақ кітабы жарық көрді. Бұлар негізінен
шығыс және қазақ фольклорының озық үлгілері, патша үкіметі мен губерниялық
әкімшіліктің ресми жарлықтары мен қаулыларының аудармалары еді.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазандағы орыс жеке меншік
баспаханаларында араб шрифтілері пайда болды. Сөйтіп бірте-бірте шығыс
мұсылмандарының ұлттық кітап басылымы қалыптасты. Орыс жеке меншік
баспаханаларының қуаттылықтарын татар баспагерлері белсенді түрде
пайдаланып, татар және қазақ кітаптарын шығару туралы тапсырыстарды оқтын-
оқтын тоғытты. Осының арқасында орта кезінен бастап Қазан қаласы бүкіл
Ресей империясында шығыс тілдерінде кітап басудың ірі орталығына айналды.
Осы міндетін Қазан қаласы 1917 жылға дейін сақтап келді. Кеңес өкіметі
орнағанға дейін мұнда қазақ баспа кітаптарының үштен екісіне дейіні жарық
көрді. Олардың титулдық беттеріне он алты Қазан баспаханаларының маркалары
басылған.

Бұл баспаханаларды бас-басына атағанда, мынадай тізім түзілді: Қазан
университетінің баспаханасы, орыс және жеке меншік баспаханалары:
Наследники М. А. Чирковой, Н. П. Коковин, Г. М. Вечеслав, Б. Л.
Домбровский, И. Н. Харитонов, Н. М. Чижова, Еремеев-Шашабрин баспаханалары.
Татар жеке меншік баспаханаларынан Торговый дом братья Каримовы,
Магариф, Шараф, Урняк, Умид, Миллят және басқа да баспаханалар
ерекше көзге түсті. Жалпы алғанда Қазанда 700 аталымнан аса (қайта
басылғандарын қоса есептегенде) қазақ кітабы жарық көрді. Бұлардың 379-ының
тиражы 2 млн. 2 мың 590 дана [1,84].

Кеңес өкіметі орнағанға дейін қазақ баспа кітабы Қазақстаннан тыс
мемлекеттерде жарық көрді. Бірақ бұл мәселеге екі жақты қарау керек. Көп
кітабымыздың Қазанда басылды. Қазақ басылымдарын шығаруда Қазаннан кейінгі
орында Орынбор қаласы тұр. Орынбор салынғалы бергі уақытта көп жылдар бойы
әкімшілік жағынан Қазақстанға қарап келді. 1925 жылы Қазақстанның астанасы
деген аттан айырылып, Ресей Федерациясы құрамына кірді. Әлі күнге солай
1917 жылға дейін қазақ кітаптары Қазақстанның өз жерінде шықты. Орынбор,
Омбы қалаларын осы қатарға қоссақ еш артықшылығы жоқ. Орал, Алматы
(Верный), Семей қалаларынан да азды-көпті кітаптар жарық көрген.

Енді қазақ кітап басу ісіне өзіндік үлес қосқан баспахана салаларына
тоқталсақ. Бірінші орында Қазан университетінің баспаханасы тұр.
Баспаханадан 1807 жылдан 1918 жылға дейін 250 қазақ кітабы мен кітапшасы
шыққан. Кітаптардың басым бөлігі ХІХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХ ғасырдың
басында жарық көрген. 135 басылымның тиражы 606 300 дана. Қазақ фольклоры
мен көркем әдебиеті басым болды. Қазақ кітабы қоржынындағы басылымдарының
денін революцияға дейінгі кезеңде шыққан жері мен баспаханасына қарамастан
осы әдебиеттер құрады. Жарық көрген басылымдарды жүйелей келе ғылыми талдау
мынадай тақырыпты жанрларды топтады: 1. Қазақ ауыз әдебиеті – батырлық және
лиро-эпостық жырлар. 2. Шығыс әдебиеті мен фольклорынан аудармалар,
назиралар. 3. Діни-уағыз әдебиет. 4. Көркем әдебиет, қазақ
авторларының өз шығармалары. 5. Оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер мен
өзге де оқу әдебиеттері. 6. Балалар әдебиеті. 7. Ғылыми-танымдық
басылымдар, оның ішінде санитарлы-ағарту әдебиеттері. 8. Миссионерлік
басылымдар. 9. Басқа да тақырыптар, тарихи тақырыптағы бірнеше кітап
[6,15].

1862 жылы Қазан университеті баспаханасы қазақ кітабы тарихында алғаш
рет батырлар жыры Ер-Тарғынды басып шығарды. Таза қазақ тілінде басылған
жырды Марабай ақынның аузынан Н. И. Ильминскийдің өтінішімен Құлыбеков
жазып алған. Н. И. Ильминский оны өз баспаға тапсырған. Кейін эпос
баспаханадан Ильминскийдің өз қаржысымен төрт рет қайта басылып шықты
(1871, 1876, 1879, 1883). Ол қайтыс болған соң Ер Тарғынды үш рет 1893,
1899, 1913 жылдары татар нашриатшысы Шамсуддин Хұсайынов қайта бастырған.
Сонымен Ер тарғынның алғаш жалпы таралымы 29 мың дана болып барлық
басылымы Қазанда жарық көрген. 1868 жылы қазақ арасында кең тараған Қамбар
батыр жыры татар баспагері Ш. Хусайыновтың бастамасымен шықты.
Баспаханадан бірнеше рет (1901, 1905, 1907) Алпамыс батыр жыры басылды.
Университет баспаханасынан алғаш рет 1898 жылы қазақ баспагері Ж.
Шайхисламовтың жазып алуымен Біржан мен Сараның айтысы шықты. Халыққа тез
тарап кеткен айтыс нұсқасы баспаханадан арасына аз уақыт салып (1900, 1901,
1907) қайта басылып шықты [6,16].

Абрар Каримуллин Қазан қаласында екі реттен жарияланған кітаптар
тізімін ұсынады: Қисси-и Құламерген (1912, 1914), Қисса-и Сайқал
(1897, 1901), Қисси-и Мәлік Аджар (1908, 1915), Қисса-и Ибрагим Адам
оғлы (1908, 1911), Қисса-и Ораз молда (1908, 1912) және бұлармен қатар
төмендегідей ертегі эпостар да басылып шыққан. Қара Қыпшақ Қобыланды
батыр (1914), Қисса-и Дуған Кубакан бай (1910, 1915), Қисса-и Қамбар
(1888), Қисса-и Әбділхалим менен Малика (1911), Қисса-и Хайбар (1910),
Қисса-и Самрұқ құс (1898), Қисса-и Каштасип (1910), Қисса-и қазақия
(1879), Қисса-и Қырғыз (1880), Қисса-и Адам (1897), Қисса-и Ибрагим
Хатиб оғлы (1911), Қисса-и Хикмат Ниғмед (1911) [5,147].

Қазан баспасының тарихын бақылап отырсақ, қазақ дастан-жырларын жиі
шығара бастаған уақыт 1875 жылдан бері қарай екен. 1878 жылдың өзінде татар
нашриатшылары төрт кітап бастырыпты: Қисси-и Қозы Көрпеш пен Баян-сұлу,
Қисса-и Тағир. Бұ қиссаларды ауызға алғанда айта кетерлік бір жайт –
қазақ халық шығармашылығының маржаны Қозы Көрпеш жыры 1854 жылы Қазан
университетінен шығып тұрған Шығыс тарихшыларының кітапханасы сериясының
ІІІ томында Түрік хрестоматиясы деген атпен шыққан кітапқа енген болатын.
Олар Қазанда 1890, 1896, 1905 және 1909 жылдары шыққан [5].

Қазақ, шығыс әдебиетімен қатар университет баспаханасынан ұлт мүддесін,
мұң-мұқтажын шығармаларының өзегі еткен ақындардың өлеңдерінің алды кітап
болып жарыққа шыға бастады. Осы кезде жариялаған авторлық кітаптардан екі
басылымды атап өтуіміз керек. Бұлар: Дулат Бабатайұлының (1802-1864)
Өсиетнаме (1880) және Шортанбай Қанайұлының (1818-1881) Шортанбайдың
бала зары (1890) кітаптары. Өз туындыларын әрі айтып, әрі жазып шығарған
бұл екі ақынның өлеңдерінде ХІХ ғасырдағы қазақ қауымының ащы шындығы
бейнеленді. Олардың өлеңдері жыр үлгісінде жазылды. Бірақ шын мәнінде жыр
жанры арнасынан асып төгілді. Олар замана күйін зарлана толғаумен бірге, ел-
жұртты қан қақсатқан отаршылдарға, жергілікті өз ішімізден шыққан
сатқындарға қарсы зілді үн тастады. Өлең сөз публицистика жалынына
оранды.Шортанбайдың бала зары кейін жеті рет (1890, 1894, 1897, 1901,
1906, 1911) қайта басылса, Зар заманы 1916 жылы жарыққа шықты.
Әдебиетімізге Абаймен үндес әлеуметтік сарын енгізді, құлқын құлына
айналдыратын заман келбетін келістіріп сипаттайтын тіл тапты [1,109].

Қазан қаласындағы баспаханалардан шыққан қазақ кітаптарының саны
бойынша екінші орында 1900 жылы ашылған Г. И. Кәрімовтің баспаханасы тұрды.
1902 жылдан бастап бұл кәсіпорынды басқару ісі оның ұлы Мұхамметфаттихтың
қолына көшеді. Сол уақытта олар ондаған қазақ кітабы мен кітапшаларын
шығарып үлгерді. Баспадан шыққан тұңғыш қазақ кітабына (1900) О.
Құрымбаевтың Насихат – ул казакия жатады. Баспа 17 жылдық өз тарихында
130-дан астам қазақ кітабын шығарған. Оның 96-сының таралымы миллион
данадан асты (683080). Баспахана қазақ авторлары, баспагерлермен тығыз
қарым-қатынас орнатты. Ағайындылар әр түрлі фольклорлық әдебиет
қолжазбаларын жинап, өз қаржыларымен кітап етіп бастырған. Баспахана
құрылған алғашқы жылы бір ғана қазақ кітабы жарық көрсе, бір жылдан соң,
яғни 1901 жылы 5 кітап шықты. 1911 жылға дейін баспаханадан 26 аталым қазақ
кітабы басылған. Бұлар негізінен көркем әдебиет және фольклор шығармалары,
азын-аулақ оқу құралдары еді [6,17]. Кәрімовтер шаруаға тиімді тәжірибелік
мәні бар әдебиет шығаруға бірінші болып кіріскен. Атап айтқанда 1903 жылы
Насихат буюруны. Қалай сауда ету жайында, үй салуға көмекші құрал:
Біздің үйлеріміздің хақында. Үйді қалай салу жайында деген кітаптар,
Зингер іс тігу машиналарын жасайтын компанияларының жарнамаларын, т.б.
басқан.

1906 жылы М. Кәрімов өз баспаханасын Кәрімов-Хұсайынов және К° атты
серіктестікке береді. Ресми түрде баспахана қожайыны аталмаса да, іс
жүзінде оны бұдан былай да басқара берді. Кәрімов-Хұсайынов және К°
серіктестігі 1914 жылға дейін істеп, 1914 жылдан бері қарай Г. Г.
Хұсайынов және К° деп атала бастады. Кәрімов-Хұсайынов және К° атты
айдармен 13 қазақ кітабы жарық көрген. Репертуары сан алуан: көркем
әдебиет, оқулықтар, санитарлық-ағарту кітапшалары, діни-уағаз мазмұнды
кітапшалар. Бір көңіл аударатын жәйт – мұнда Шәкәрім Құдайберұлының
Мұсылманлық кітабы (1911, 1000 дана), Түрік, қырғыз hәм хандар шежіресі
(1912, 1000 дана) кітаптары, Ахмет Байтұрсынұлының Оқу құралы (1912, 2000
дана, 1914, 5000 дана), Міржақып Дулатұлының Оқу құралы. Қираат кітабы
(1914, 3000 дана) атты шығармалары жарық көрді [6,17].

Басқа баспахалармен салыстырғанда Кәрімовтер баспаханасынан 30 қазақ
авторларының кітаптары жарық көрген. Қазақтың демократ-жазушысы Спандияр
Көбеевтің Үлгілі тәржіма кітабы 1910 жылы 5000 дана таралыммен шыққан.
Кітапқа автор шығармалары мен И. А. Крыловтың мысалдарынан аудармалар
енген. С. Көбеевтің осы баспадан 1912 жылы шыққан Үлгілі бала деп аталған
кітабына балаларға арналған әдептілік жөніндегі өлеңдері мен әңгімелері
кірген. Ұлттық әдебиет тарихындағы тұңғыш қазақ романы атанған С. Көбеевтің
Қалың малын 1913 жылы Кәрімовтер үлкен сомадағы өз қаржыларына бастырған.
Ол кезеңде 6000 данамен шыққан кітап баспаның біршама қаражат жұмсағанын
көрсететін. Романға қазақ әйелдерінің теңсіздігі арқау болған.

Баспахана қазақ мектептеріне арнап бірнеше оқулық басылымдарын
шығарған: М. Дибердиевтің Қазақ балаларына қирағат кітабы,
И. Бисенованың Қазақша-орысша үйреткіш, Қазақша дұрыс
жазу қағидалары, т.б.

Қазан қаласында қазақ кітап тарын басқан жеке орыс баспаханалары да
болды. 70-тен астам қазақ кітабын шығарған Наследники М. А. Чирковой
баспаханасы. ХІХ ғасырдың орта кезеңінде құрылған баспахана алғашқы қазақ
кітаптары сол ғасырдың 60-жылдарынан бастап басылған. Мәулекей Юмачиков
жазып алған Қисси-и Тамимдар деген шығыс ертегісі – қазақ кітабынынң
бірінші басылымы. Кейін кезекпен Қисси-и Жәмшид, Халуа Феруш, Жамас
Хәкім, т.б. кітаптар басылған. Шығыс әдебиетінің аудармалары ғана емес,
діни-уағаз мәнді әдебиеттер, қазақ фольклрының нұсқалары мен авторлық
кітаптар жарық көрген. Жарық көрген 91 кітаптың 54-і қазақ тілінде, олардың
таралымы 320740 дананы құрайды. 1912 жылға дейін қазақ кітаптары шыққан
[6,17].

Орыс жеке меншік Б. Л. Домбровский баспаханасы 1878 жылы құрылғанына
бастап 90-ға жуық кітап шығарған. 1878 жылдан 1908 жылға дейін бес-ақ кітап
басылған. 1909 жылдан бастап қазақтілді кітаптарға тапсырыс күрт өскен.
1909 жыл мен 1917 жыл аралығында 80-нен астам түрлі кітап жарық көрген. 68
кітаптың тиражы 298400 дана. Баспахана өнімдері цензураға ұшырады. Жұмағазы
Темірәлиевтің Өз пікірім бұл, яки замана кітабы 1912 жылы 5000 данамен
таралды [6,18]. 1904 жылдан бастап Б.
Л. Домбровсий баспаханасы Центральной деген атпен қатарласып қолданыла
бастады. Бұл атаумен қазақ оқушыларына арналып 10 оқулық, сөздік пен
тәжірибелік оқу құралдары шыққан. Центральной баспаханасынан шыққан әрбір
басылым Қазан округі оқу басқармасының дайындалып, Аударма комиссиясының
қаржысына басылған. Аударма комиссиясының мақсаты – орыс-қазақ мектептеріне
арнап орыс тілінде жазылған оқулықтарды басу арқылы орыс тілін енгізу.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысының соңына таман Қазанда 1849 жылы
Щевицадан сатып алынған Н. П. Коковина жеке меншік орыс баспаханасы
ашылды. Кейін Чиркова баспаханысан қосылды. И. Н. Харитонова баспаханасы А.
С. Пушкиннің Капитанская дочка повестін тәржімалаған Молданияз Бекімовтың
кітабын 1903 жылы шығарған [6,19] .

ХХ ғасырдың басында бірнеше татар баспаханалары жұмыс жасады.
Магариф, Шараф, Умид, Урняк, Миллят баспаханаларынан ондаған
қазақ кітаптары жарық көрген. Осылардың арасынан ерекше маңызға ие
баспахана – Шараф. Ағайынды татар Гильмутдин мен Барганутдин
Шарафутдиновтердің аттарының қысқартылуы бойынша аталған баспахана 1906
жылдың қарашасында ашылған. Жарық көрген қазақ басылымдары өзге баспахана
репертуарларына қарағанда өзгеше. Мұнда басылған кітаптар қазандық және
петербургтік цензураны оятты. Бұл – баспахана жұмысының тоқталуы мен
жабылуына алып келді.

1907 жылы баспаханадан М.-Ж. Көпеевтің екі кітабы шыққан: Сары-Арқаның
кімдікі екендігі жөніндегі әңгімесі мен Тірлікте көп жасағандықтан көрген
тамшамыз. Екі кітап та 6000 данамен таралған. Патшалық цензура кітап
мазмұнын қылмысты деп таныды. Кітапқа қарсы сот ісі қозғалды. 1908 жылы
цензорлық қысымға баспаханадан шыққан 3 кітап ілікті. Н. Сүлейменовтің
қаржысына шыққан Жанұзақ Жәнібековтің Айнасы мен Қасым Булхаирұлының
Зынданда жатып айтқаны патша өкіметі орындарына ұнай қоймады. Қ.
Булхаировтың кітабының зиянды деп есептелген беттері алынып барып, сатуға
жіберілген. Пржевальдық қазақ-татар қоғамының қаражатымен шыққан Фиръдлар
өлеңдер жинағы үшін ұзаққа созылған сот ісі басталған. Баспахананың жабылып
қалу қауіпі ағайынды Шарафутдиновтерді толғандырды. Баспахананы Г. Саиновқа
сату туралы келісімшартқа қол қояды. 1908 жылдың қарашасына дейін Саинов
баспаханасы болып өзгереді, кейін, тіпті Урняк деп аталады. Бұл атпен бес
қазақ кітабы басылған. Олардың қатарынан А. Жандыбаевтың Жас ғұмырым, яки
жастыққа гафлат кітабы мен З. Ергалиұлының Қазақ әліппесін атап өтуге
болады [6,19].

1913 жылы Қазанда Магариф татар жеке меншік кітап басу баспаханасы
ашылған. 1903-1916 жылдар аралығында 6 кітап шыққан. 3 кітап тиражы 21000-
ға жеткен. Бұл баспаханадан қазақ тілінде Міржақып Дулатұлының Азамат
өлеңдер жинағы шыққан қазақтілді кітаптардан алғашқы болып. Кітап 1914 жылы
10000 данамен таралған. Жинаққа автордың өлеңдерімен қатар, А. С.
Пушкиннен, М. Ю. Лермонтовтан аудармалары енген.

Қазақтың тағы бір 30 кітабы 1911-1916 жылдар аралығында татар
баспаханасы Умидтен шыққан. 13 басылымның 12-сінің таралымы 50000 дана
болған. Олар негізінен қазақ ауыз әдебиеті үлгілері, діни-уағаз әдебиеттер
мен оқулықтар [6,22].

Қазан қаласынан 1801-1860 жылдар арасында шыққан 1284 кітаптың 400-і
шығыс тілінде еді. Ал цензура бұл кітаптардың орыс халқы арасына тарауына
қаттытыйым салса да, аз уақыт ішінде Ресейдің түкпір-түкпіріне жетіп
үлгерді.

Александр Пушкиннің Балықшы мен балық хақында деген ертегісі 1899
жылы қазақ тіліне аударылып, Қазан қаласынан жарық көрген екен. Бұл жайында
Қазақ мемлекеттік Кітап палатасының директоры Е. Нығметовтың Қазақ
әдебиеті газетіндегі зерттеу мақаласынан көруге болады. Кітапша орыс
ақынының туғанына жүз жыл толуына орай жарық көрген. Көлемі 44 бет, жартысы
қазақша (орыс әрпімен), жартысы орысша. Орыс-қазақ мектептері оқушыларына
арналған кітаптың алғы сөзінде мынадай жолдар бар екен: Биография А. С.
Пушкина в связи с некоторыми обстоятельствами из жизни букеевских киргиз.
Кітапқа автордың да, аударушының да аты жазылмапты. Тек ақынның қысқаша
өмір тарихы жазылады. Пушкин дүниеге келген 1799 майда Бөкей хан орыс
патшасы Павел І-ден Еділ-Жайық өзендері арасындағы бос жатқан жерді
қазақтардың мекендеуіне рұқсат сұраған екен. Осы екі датаның тұтас келуін
құрастырушы мән бере жазады. Сонымен қатар кітапшаның 9-бетінде: Сол
Пушкиннен бастап орыс халқы өзінің тілін бек жақсы біліпті... әм бөтен
халықтарды орысша оқытуға бек иждихатты болыпты... 1841 жылы декабрьде
қазақ балаларын орысша оқыту үшін хан ордасында тұңғыш рет школ ашылған
деген мәліметтер бар екенін Е. Нығметов атап
көрсетеді. Сол тұста Пушкин шығармалары 50 ұлттың тіліне аударылыпты [7,3].

ХІХ ғасырдың аяқ кезінде Пушкин шығармасының қазақ тіліне аударылып,
кітап болып шығуы халқымыздың мәдениеті мен әдебиеті тарихындағы елеулі
оқиға еді.

Бұдан басқа қазақтарға кезінде орыс тілін оқыту мақсатында шығарылған
мынадай кітаптар бар: Самоучитель русской грамоты для киргизов (1874 ж.
11-басылуы), Первоначальный учебник русского языка для киргизов
(1898 ж.), Практические уроки русского языка для киргизов (1912
ж.) және т.б. бұлардың бәрі де қазақша және орысша аралас жазылған. Орыс
сөзінің қазақша аудармасы беріліп отырған [7,3].

Бірінші рет 1894 жылы басылған Қыз Жібек Қазан төңкерісіне дейін 100
мың дана болып 13 рет шықса, Айман-Шолпан (алғашқы басылымы 1896),
Алпамыс (1906), Шәкір-Шәкірат (1891), Салсал (1879), Шахмұран
(1881), Қасым Жомарт (1897) секілді қиссалардың әрқайсысы он реттен
басылып тарап отырған.

Құла мерген (1912), Сәтібек батыр (1909), Мәлік аждар (1909),
Наурыз (1912) және бірсыпыра қиссалар екі мыңнан он екі мың данаға
дейінгі таралыммен екі-үш реттен басылып шыққан [8,4].

Сол кезеңде зор маңызға ие болған, таралымы көп басылымдар қатарына
оқулықтар мен оқу құралдары енді. 1859 жылы Орынбор генерал-губернаторының
тапсырмасымен бұқар, башқұрт, қырғыз (қазақ) бен Түркістан тұрғындарының
жергілікті тіл ерекшеліктеріне бейімделіп, араб, парсы, татар тілдерін
оқудың алғашқы үлгісі басылып шығады. Авторы Орынбор кадет корпусындағы
түркі тілі маман оқытушысы М. Бекчурин болатын. Аталған оқулық кейін 1869
жылы Қазанда екінші рет басылып шығады.

1861 жылы тағы да Қазан баспахансынан Орынбор шекра комиссиясында
аудармашы болған Н. Ильминскийдің құрастыруымен орыс-қырғыз дала
мектептеріне арналған Қырғыздар үшін өздігінен орысша сауат ашу оқулығы
жарық көреді. Сол жылы Қазан университетінің Ғылыми жазбаларында осы
автордың қырғыз тілін үйрену үшін көмекші құралдары жеке басылады [8,4].

1884 жылы Қазан университеті баспаханасынан қазақтың тұңғыш ағартушысы
Ыбырай Алтынсариннің халықты дінмен улап қараңғыда ұстап отырған қожа-
молдаларды әшкерелеуші кітабы жарық көрді. Ал 1889 жылы оынң мектеп
оқушыларына арналған Мактубаб деген хрестоматиясы шықты [3,29].

Бұл ретте Ы. Алтынсариннің Қырғыздарды орыс тіліне оқытудың бастапқы
жетекшісі (1871-1879), Қырғыз хрестоматиясы (1879), Түркістан өлкесі
қырғыздары халық әдебиеті үлгілерінің жинағы (1889) айрықша назар
аударады. Ағартушының ең соңғы кітабы 1896, 1899 жылдары қайталап жарыққа
шығады [8,4].

Сонымен қатар Қазақстан мен Орта Азияда ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
кітап литографиялық әдіспен басыла бастады. Бұл әдіс әсіресе экономикалық
жағынан тиімді еді. Атап айтқанда: әріп терушілер мен корректорларды керек
етпейді. Баспаханадағы осы күнгі машинадан меңгеру жағынан әлдеқайда оңай
[3,29].

Бұл ретте қолжазбаны таза етіп көшіріліп, өрнектер, оюлар, кестелер
салынып, кітап етіп түптелетін. Бұл үдерістер орындалғаннан соң көшірме
көбейтілетін. Сондықтан кітаптар арзанға түсетін.

Осындай әдіспен қазақ тілінде шыққан кітаптар ХІХ ғасырдың екінші
жартысы ХХ ғасырдың басында Ташкент, Орынбор, Қазан, Омск, Семей және Орта
Азияның басқа да қалаларынан көріне бастады.

Кезінде жарық көрген кітаптардың көпшілігі ислам дінінің күштілігіне
байланысты діни тақырыптарда жазылды. Ол тұста барлық оқу орындары дін
иелерінің қолында болды. Мектептердің дені дін жайында дәріс берді. Бірақ
осы діни мектептердің өзі қазақтың сауат ашуына, шығыс мәдениетімен,
әдебиетімен танысуына зор ықпал етті.

Осылайша, Кеңес өкіметіне дейінгі кезеңде жарық көрген қазақ
кітаптарының тең жартысы Қазан қаласынан шыққан. Қазақ кітап басу ісіндегі
Қазан қаласының алатын орнын бағалау қиын. Тұтастай ХІХ ғасыр мен 1917
жылға дейінгі аралықта бұл қалада шығыс тілдерінде, оның ішінде қазақ тілді
кітап басу ісі қарқынды жүрді, тоқтап қалмады. Татар баспагерлерінің қазақ
авторларымен тұрақты, тығыз қарым-қатынасы ұлттық кітап басу ісін алға
дамытты.

Қазан баспаларының жарыққа шығарған кітаптарының бәрін бірдей құнды деп
айта алмаймыз. Кертапртпа идеология қайраткерлері өз мақсат-мүдделерін
жұртқа таратып, олардың назарын өзіне аудару үшін аталмыш баспаларды
пайдаланып отырған. Сондықтан да баспа орындарынан кітап боп жарық көрген
шын мәніндегі халықтық шығармалардың арасында идеялық жағынан тым күңгірт,
көркемдік дәрежесі төмен туындылар да орын алып кетті. Бұл – баспа
қожаларының саяси солқылдақтығынан, ұлтшылдық кертартпа көзқарастарының
нәтижесінен туған еді.

Қазан баспалары қазақтың ілгерішіл бағыттағы шығармаларына жол ашып,
игілікті іс жасаумен бірге, халық санасына жат, діни нанымды уағыздаған
дүниелер шығарды. Алайда, көпшіліктің көзін алдағанмен, көңілін алдай
алмайсың. Олар көкейге қонымды өлең-жырларды өздері таңдап, ауыздан-ауызға
тигізбей алып кетеді де, төрге емес, көрге сүйрер шығармаларды керек
етпейді. Осыдан келіп, бұл кітаптардың біразы халық игілігіне айналмай, көп
көңіліне жат болып, назардан тыс қала берді. Бүгінгі таңдағы қазақ ауыз
әдебиетінің маржаны боп саналатын туындыларының атадан балаға мирас болып,
уақыт өткен сайын жаңарып, әлденеше нұсқалары да жасалған, мұны біз әдебиет
тарихынан да жақсы білеміз. Ал, кертартпа ағымды уағыздаған шығармалар
халық үшін қашан да жат. Қазан қаласынан шыққан кітаптардың бәрі бірдей
құнды емес дейтініміз осыдан. Қазақ тілінде басылған кітаптардың ішінде
діни, аңыздық мазмұнды шығармалар да бірен-саран болса да ұшырасады,
Хазірет ренулдың Миғраджаға барғаны, мейман болғаны (9 рет басылған),
Қисса-и Хазрет Осман hәм Кудек бала (2 рет), Қисси-и Хазрет Али (3
рет), Қисси-и хазрет Айшаның жамияты (1 рет) – бұндай діни шығармалар
небары алтау және бәрін қосқанда 25 рет қана басылған [5,148].

Орынбор. Қазақ басылымдарын шығару жөнінде Қазаннан соңғы екінші орын
Орынбордікі. Орынбор салынғанынан бастапкөп жылдар бойын әкімшілік жағынан
Қазақстанға қарап келді. 1920-1926 жылдарда Қазақстанның астанасы болғаны
тарихтан белгілі. ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап қазақ кітаптары
Орынбордан шығарыла бастады. 1917 жылға дейін орынборлық 9 баспаханадан 100-
ге жуық кітаптар мен кітапшалар жарық көрген. 53 басылымның таралымы 139145
дана болған [6,20].

Орынборда қазақ кітаптарын шығарған алғашқы баспахана – Б. Бреслин
баспаханасы. Мұнда 1893 жылдан 1908 жылға дейін 14 басылым, негізінен оқу
құралдары жарық көрді. 5 кітаптың таралымы 4945 дана болған. Екі тілді
сөздіктер, орыс-қазақ мектпептеріне арналған оқулықтар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделуі
Баспа ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары
Кітап тарату ісі
Тмд елдеріндегі кітап басып шығарудың дәстүрлі әдістері
Кітап – халық тәрбиешісі
Қазақ баспа ісінің өткені мен бүгіні
Қазақ баспаларының қызметін нарықтық экономика және мемлекеттік реттеу мәселелері
Кiтап iсiндегi жарнаманың рөлi
Қазіргі кітап шығару ісінің ерекшеліктері: проблемасы және келешегі
Қазақстан кітап сауда жүйесі
Пәндер