Исламдық салт-дәстүрдің өзіндік ерекшеліктері



1.Исламдық салт.дәстүрдің өзіндік ерекшеліктері
2.тарау. Қазақ салт.дәстүрі және ислам
2.1 Ұлттық мәдениеттегі салт.дәстүр
2.2 Исламның қазақ салт.дәстүріне әсері
Қорытынды
Қазақ халқының салт-дәстүрi сөз болғанда әрине, бұл саланы қарастыратын этнография ғалымдарын айтпай кетуге болмайды. Қазақ халқының этногроф ғалымы Уәлиханов Ш., Тайжанов Г.Е., Левшин А.И., Сонымен қатар, атап айтар болсақ, бұл салада өз еңбектерін қалдырған ғалымдар Сарсенбаев Н.С., - «Обычаи, традиции и общественная жизнь»[1974], Ал қазақтың салт-дәстүрiн ислам дiнiмен байланыстыра отырып, зерттеген Өсерұлы Н., Ж. Естаев «Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы»[1992] Кенжахметов С. «Жеті қазына»[1997]. Х. Арғынбаев «Қазақтың отбасылық дәстүрлері»[2005], Б. Кәмәлашұлы «Қазақ халқының дәстүрлері» [2005] Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүріне ислам дінінің заңдылықтарының арасында ҚМДБ-ның шығарған фатуасы пайдаланылды. Осындай құнды еңбектердің жетістігіне сүйене отырып, ислам дінімен біте қайнасып, ажырамас халге жеткен дәстүрді, өскелең ұрпаққа, ислам дінінің қағидаларына, салт-дүстүрiдің қарсы болмайтындықтарын жан-жақты қарастырып өттім.

«Дәстүрге айналған, жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық тәртіп, салт-сана» [2]., 575 б. «ﺖ ادﻋ» [әдет] және « ﻒرﻋ» [ғұруф]- араб тілінен енген сөзге жатады. Яғни, «бел гілі бір қоғамдық- әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жөн-жоралғы» [3]., 638 б. Яғни салт-дәстүрдің пайда болуын адамзаттың пайда болуымен бірге орындалып, келе жатқанын айта аламыз. Дәстүр адамзаттан бөлек өз алдына қызмет ете алмайды. Ол әрқашан сол ұрапақпен бірге және әр бір халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан әдет-ғұрып, салт саналары сол халықтың өзімен бірге қаншама жылдар бойы, бойы на сіңіп келе жатыр.

Осы әдет-ғұрып, салт-сананы пайдалану арқылы бойларына ізеттілік пен адамгершілік қасиеттер дарығаны адам баласының бойынан табылады. Бұл қасиеттерді тек әлеуметтік жағынан қарастырмауымыз керек. Сонымен қатар, биологиялық, физиология лық факторлары бар екенін де айтапай кетуге болмайды. Ал зерттеу жағынан келгенде, салт-дәстүрді тек этнография ғылымымен шектеп қоюға болмайды. Қандай ғылым саласы болмасын философия, тарих, педагогика, психология, медицина, дін тану салаларында өзінің қомақты үлесін қосатыны ақиқат. Керек десек, бұл үрдістердің адам баласының әртүрлі сеніммен байланысын және түбірі бар екенін айқындауда әр ғылымның өзінің ешісінде. Яғни сенімнің ықпалынан пайда болғанын жасыра алмаймыз.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының салт-дәстүрi сөз болғанда әрине, бұл саланы қарастыратын
этнография ғалымдарын айтпай кетуге болмайды. Қазақ халқының этногроф
ғалымы Уәлиханов Ш., Тайжанов Г.Е., Левшин А.И., Сонымен қатар, атап айтар
болсақ, бұл салада өз еңбектерін қалдырған ғалымдар Сарсенбаев Н.С., -
Обычаи, традиции и общественная жизнь[1974], Ал қазақтың салт-дәстүрiн
ислам дiнiмен байланыстыра отырып, зерттеген Өсерұлы Н., Ж. Естаев Ислам
және қазақтардың әдет-ғұрпы[1992] Кенжахметов С. Жеті қазына[1997]. Х.
Арғынбаев Қазақтың отбасылық дәстүрлері[2005], Б. Кәмәлашұлы Қазақ
халқының дәстүрлері [2005] Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүріне ислам
дінінің заңдылықтарының арасында ҚМДБ-ның шығарған фатуасы пайдаланылды.
Осындай құнды еңбектердің жетістігіне сүйене отырып, ислам дінімен біте
қайнасып, ажырамас халге жеткен дәстүрді, өскелең ұрпаққа, ислам дінінің
қағидаларына, салт-дүстүрiдің қарсы болмайтындықтарын жан-жақты қарастырып
өттім.

Дәстүрге айналған, жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық тәртіп, салт-сана
[2]., 575 б. ﺖ ادﻋ [әдет] және ﻒرﻋ [ғұруф]- араб тілінен енген сөзге
жатады. Яғни, бел гілі бір қоғамдық- әлеуметтік ортада пайда болып, оның
мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына
айналған жөн-жосық, жөн-жоралғы [3]., 638 б. Яғни салт-дәстүрдің пайда
болуын адамзаттың пайда болуымен бірге орындалып, келе жатқанын айта
аламыз. Дәстүр адамзаттан бөлек өз алдына қызмет ете алмайды. Ол әрқашан
сол ұрапақпен бірге және әр бір халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан әдет-
ғұрып, салт саналары сол халықтың өзімен бірге қаншама жылдар бойы, бойы на
сіңіп келе жатыр.

Осы әдет-ғұрып, салт-сананы пайдалану арқылы бойларына ізеттілік пен
адамгершілік қасиеттер дарығаны адам баласының бойынан табылады. Бұл
қасиеттерді тек әлеуметтік жағынан қарастырмауымыз керек. Сонымен қатар,
биологиялық, физиология лық факторлары бар екенін де айтапай кетуге
болмайды. Ал зерттеу жағынан келгенде, салт-дәстүрді тек этнография
ғылымымен шектеп қоюға болмайды. Қандай ғылым саласы болмасын философия,
тарих, педагогика, психология, медицина, дін тану салаларында өзінің
қомақты үлесін қосатыны ақиқат. Керек десек, бұл үрдістердің адам
баласының әртүрлі сеніммен байланысын және түбірі бар екенін айқындауда
әр ғылымның өзінің ешісінде. Яғни сенімнің ықпалынан пайда болғанын жасыра
алмаймыз.
Әйгілі көне мәдениет зеріттеушісі Генрих Шурц өзінің еңбегінде былай
деп жазады: Нравы и обычаи составляют, так сказать, скелет общества; еще
удачнее можно их сравнить с твердой скорлупой, облегающей тело рака и дру-
гих ракообразных, служа защитой и вместе поддержкой мягким частям. По мере
того, как тело растет или стремится принять иной внешний вид, твердая
скорлупа становится препятствием к развитию, и все сильней испытывается
чувство болезненного стеснения, пока, наконец, упрямая скорлупа не лопнет
под натиском; но тотчас же образуется другая скорлупа, лучше приспособ
ленная [4]., 209 б.

Салт-халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып,
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған
жаңалық еніп, өзгеріп, қоғамдық болмыс принциптеріне бейімделіп отырады. Ал
жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері
жаңа жағдайда ілгері дамиды. Сондықтан да халық дәстүрдің озығы бар,
тозығы бар деп дұрыс айтқан. Дүние жүзі халықтарының өздеріне тән салт-
дәстүр ерекшеліктері бар [5]., 626 б. Қазақ халқында үлкен кісіге, ақ
сақалды қария ларға, ата мен анаға иіліп сәлем етіп, есік ашу, кебісін
кигізу, жол беру, атқа отырғызу әдептері, көпшіліктің бойына сіңген ізгі,
ізетті қасиеттер. Осындай ізгі қасиеттердің дүниеге келген ұрпақ бойына
қалыптастырып, бойына сіңдіру, ата-бабаларымыздың өмірлік тағылымына ықпал
еткен, көне сенімдері мен ислам дінінің кұнды заңдылықтарымен қағидалары
екенін білді. Әдет- ғұрып адамзат баласы пайда болып, онымен бірге дамып,
адамдар арасындағы қоғамдық тәртіпті құрып жетіліп келеді.

Дәстүр- белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын,
тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып
отыр ған әлеуметтік- мәдени құндылықтар жиынтығы. Дәстүр өз ішінде қоғамды
басқару жүйесін, әлеуметтік қарым-қатынас пішімдерін, шаруашылық жүргізу
тәсілін, әлеуметтік мұра нысандарын (материалдық және рухани құндылық
тарды), оларды ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру үрдістері мен тәсілдерін қамтиды.
Белгілі бір қоғамдық тәртіптер, мінез-құлық нормалары, құндылықтар,
идеялар, салт-жоралғылар тағы да басқалар дәстүр ретінде қарастырылады
[6]., 197 б. Осы сал-дәстүрге, әдеп-ғұрыпқа беріліп отырған анықтамалардың
баршасының түп-тамыры бір арнаға келіп тоғысатынын білеміз. Шындығында
адам баласы жаралғаннан, алғашқы қауымдастықтан бері шама-шарқы мен
орындалып, көркейе өсіп келе жатқанын этногроф ғалымдар зетіттеп келді. Қыр
халқын алғашқы зерттеушілердің бірі А.Л. Левшин қазақ дәстүрі жайында былай
деп жазады: Қазақтардың басқа Азия халықтарына қарағанда қайырымдылық,
адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көру-
айрықша қасиетті Қазақ халқының этногроф зеріттеушісі Ш. Уәлиханов Түркі
тектес халықтардың ішінде поезиялық қабілеті жағынан қазақ бірінші орынды
алады.

Дәстүр қоғамның алуан салаларында өзінің ықпалын тигізеді. Атап айтар
болсақ, экономика, саясат, құқық, әдебиет пен өнер, медицина, дін жалпы
қоғамда қандай сала болмасын баршасымен қарым-қатынасқа түсіп отырады.

Қазақ халқы көшпелі ғұмыр кешкендіктен, тұрмыс-тіршілігі көбіне төрт тү лік
малға байланысты болған. Мінсе-көлік, кисе-киім, ішсе- тамақ. Сондықтан
оған құрметпен қараған. Олардың иелері бар деп қасиетті санаған. Малға
дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап, тіл тигізуге болмайды, иесі өкпелейді деп
сенген. Сүйегін отқа жақса, тірі малдын сүйегі сырқырайды, сүтін төксе,
малдың желіні іседі, сүті қайтады, оны тепсе, дәулет қашады, малсыз қалып,
жоқшылыққа ұш ырайды деген де түсінік бар. Осылардың бәрінің негізі бар,
осылайша жастарды кесірліктен сақтандырып отырған.

Қазақ халқында аң-құсқада байланысты толып жатқан наным-сенімдер, тыйымдар,
ырымдар бар. Тіпті, олардың емдік қасиеттерін де білген. Үкінің басы мен
аяғы, қауырсыны жын-періден, сұқ көзден қорғайды, ал құстың өзін киелі деп
санаған. Сондықтан үйдің әр жеріне, есіктің бас жағына, жаңа үйленген
жастардың шымылдығына іліп қоятын болған. Әншілердің бас киімдерінің
төбесіне үкі тағатыны да осыдан. Себебі көрермендер арасында кейбір тіл-
көзі сұқты адамдар отыруы әбден мүмкін. Халық аққуды, құндызды аулатпаған,
атқызбаған. Аққу құс төресі. сұлулық пен махаббат белгісі іспеттес.
Сондықтан қазақ сұлу қыздарды аққудың көгілдіріндей, аққудай періште
екен деп сипаттаған.
Отқа су құйма, түкірме дегенде халықтық қағида бар. От-өмір,
тіршіліктің көзі. Жас түскен келінге отқа май құйғызған. От-ана, отта киелі
қасиет бар деп сенген. Ауру адамды от ортасынан өткізіп тазартқан, онда
адам ойын жаман-дықтан, бәле-жаладан арылтатын күш-құдірет бар деп
түсінген.
Қазақ халқының дәстүрлі ырымдары мен тыйым салуларында ғибрат, өнеге
аларлық мәдениеттілік пен тазалыққа баулитын шектеулер аз емес. Мысалы,
Желіні баспа, аттама. Сүттің, қымыздың, тамақтың бетін жауып қой, шайтан
өлген адамның өкпесін салып кетеді, Құрықты аттама, Итті құрықтама,
Ауылға қарай шаппа, Адамы жоқ болса да, үйге сәлем беріп кір, Түнде
суға барма. Түнде басыңды жума, Есікті қатты серіппе, Өлген адамды
жамандама, ғайбат сөйлеме, Көшкенде жұртыңды сыпырып, тазалап кет ,
қаққан қазықтарды суырып таста, ошақтарды, ұраларды көм деп кете береді.
Қағулы қалған қазық, қазылған ошақ пен ор, ура түнде жүрген аттыға,
жайылған малға, аң қуған атты кісіге қауіп деп білген. Қазір жиі кездесетін
от ырған жұртын ғана емес. Қазiргi елдiң әлеуметтiк жағдайы көтерiлгеннен
кейiн жексенбі күні табиғат аясына барып, демалған жерін ластап, жыртылған
газеттерін, консерві қалбырларын, бөтелкелерін орындарында тастап кететін
адамдарға бұл ғибрат емес пе?
Ертеден дәстүр бойынша жастардың қолын қусыртпайтын, екі қолын арты
на ұстатпайтын, екі кештің арасында жатқызбайтын, таңертең күн шықпай тұр
ғызатын. Күн шыққанша жатқан адамды періштелер өліге санап кетеді дейтін.
Жері тепкізбейтін, ошақтан шоқ шығартпайтын, пышақты шалқасынан жатқы зуға
рұқсат етпейтін. Біреудің кемістігіне (соқырлығына, саңыраулығына,
пұшықтығына, шолақтығына, ақсақтығына және т.б.) күлдірмейтін, келеке еткіз
бейтін. Қос қолын төбесіне қоюға, дауыс шығарып есінеуге, адамға қарап
керілуге тыйым салатын. Еркелеп дауыс шығарып есінесең есек болып кете
сің деуші еді. Тырнақ алсаң, жинатып, қағазға оратып, көмгізіп тастайтын.
Мұнан соң, тырнақ алған пышақты жеті рет жерге сұққызып алатын. Бұларды
гигиена, тазалық емес деп кім айта алады.
Қазақ, әйеліне күйеуінің бас киімін кигізбейді, еркегінің үстінен
аттатпайды, күші кетеді дейді. Күйеуінен әйелі: Қайда барасың?,-деп
сұрауға тиіс емес, жолы болмайды. Әйел адамға еркектің жолын кескізбейді,
баланы анаға карсы сөйлетпейді, бетінен алғызбайды. Анаңды Меккеге үш рет
арқа лап апарып қайтсаңда, оның бір түн тұрып, емшек емізген ақысын, борыш
ыңды өтей алмайсың,- дейді. Қызға қабақ шытпа, ол- уақытша жүрген қона
ғың, деп үйретеді халық. Бұл тыйымда анаға, қызға, жалпы әйел қауымына
деген құрмет аңғарылады.

Ауылға қарай атпен шауып келме, молаға қарай жүгірме -деген де сөз бар.
Себебі бұлар жаман ырымға бастайды. Ежелден келе жатқан салт бойынша тек
кісі өлген үйге ғана шауып баруға болады.

Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе, ахлап-үһлеп күрсінбе. Себебі бұларда жа
ман әдетке жатады. Ата-анасы, жақын туысы өлген адам таяққа сүйеніп жылай
тын болған, не екі қолымен бүйірін таянып, дауыстап жылаған.

Асқа шақыру қазақ арасында үлкен мәселе және оның ерекшелігі күшті.
Қонақ келгенде тамақ жасау рәсімі ерекше сақталуы қажет. Бас табақ, орта
табақ, аяқ табақ сияқты үш түрлі болады. Бас табаққа қойдың басы, жамбасы,
белдемше, сүбе қабырға, бір білем құйрық салынады.

Атамыз қазақ Сәлем-сөздің анасы деп сәлемдесуге үлкен мән берген.
Сондықтан үйге кіргенде, адамдар бір-біріне кездескенде Ассаламу алай
кум, яғни сізге Алланың нұры жаусын!, уәғалайкмус салам!, қазақша
мағынасын бергенде Алланың нұры сізге де жаусын!, деп ерлер жағы қол
алысып, төс қағыстырып амандасқан. Әйелдер бір-бірімен құшақтасып, келін-
дер үлкендерге сәлем етіп, қыз балалар тізе бүгіп сәлем еткен.

Жаңа түскен келіншек тустарының атын атамай мысалы, қайынсіңлілерін
Еркежан, Ақылдым, Кекілдім, Кербезім десе, қайынінілерін Төрежан, Төрем,
Мырза жігіт, Кенжем, Сәби деп еркелетіп айтатын болған. Осы сөздің өзі-ақ
ізеттілікті, сыпайылықты, жарасымды әдептілікті, көргенділікті көрсе теді.
Жас кісілер үлкендердің алдын кесіп өтпеуі керек

1.2 Исламдық салт-дәстүрдің өзіндік ерекшеліктері

Ислам дінінің салт- дәстүрі заңдылықтырының өлшемі, ең алдымен
Қасиет ті Құран Кәрімдегі Аллаһ тағаланың адамзат баласына әмір еткен
амалдары және Пайғамбарымыз Мухаммед ғ.с. айтқан және орындап жүрген
амалдары жатады. Ислам сөзінің мағынасына келетін болсақ, араб тiлiндегi
етістіктердің дұрыс етістік қатарына жатады. Яғни араб тілі
грамматикасының с, л, м деген үш дауыссыз әріптен құрылған. Салима
етістігі, мұның мағынасы аман болу, зиянсыз, сақтану, құтқару,
құтылу деген бірнеше мағыналарды береді [15]., 370 б.
Ислам салт-дәстүрінің өзіндік ерекшеліктері түрлі саладағы іс-әрекетімен
адамзат санасына тың нәрселерді ұсынады. Иманға негізделген биік өнегелілік
ке шақырады. Ақиқаттың, әділдіктің, теңдіктің, бостандықтың және бейбіт
шіліктің принциптерін жүзеге асыру ұранын көтереді.
Әлем кеңістігіндегі Алланың құдіретін танытушы дәлелдерге назар салуға,
Аллаһ тағаламен байланыс кұруға шақырады. Мұсылман бұл байланысты құл-
шылық етумен, өз мойнындағы жауапкершіліктерін адал атқарумен, еңбек ету
мен орнатады.
Жеке тұлғаның, отбасының, қоғамның, халықтың арасын біріктіруші бай-
ланыстардың жаңа нормаларын ұсынады. Бұл байланыс бауырмашылдыққа,
сүйіспеншілікке, өзара қарайласуға, жақсылық үшін өзара жәрдемдесуге, адам
зат игілігін ойлап, оның жолында еңбек етуге негізделеді.

Кісі үйіне кірерде төмендегідей әдеп салттарын сақтау керек болады:
Алды мен үй иесін алдын ала хабардар етіп, содан соң есікті қағып, яки жөт
еліп белгі беріледі. Егер үй иесі сізді естіген болса, сыртта тұрып-ақ
Ассаламуағалей кум! деп дауыстап сәлем беріңіз. Үйге кіруге рұқсат
сұраңыз. Егер сәлеміңізге жауап естімесеңіз, арасына үзіліс салып, үш мәрте
қайталаңыз. Бұдан соң да үй иесі тарапынан Кіріңіз деген жауап естілмесе,
тез арада кетіп қалғаныңыз дұрыс. Ал үй иесі есігін ашпай: Бұл кім?

Сәлемдесу: Егер екі мұсылман бір-бірімен кездесе қалса, өзара сәлемдесуге
міндетті. Олар дос па, араз ба?- бәрі бір. Өйткені сәлемдесу -
Пайғамбарымыз дан қалған сүннет. Сәлемді естіген әрбір мұсылман оны қабыл
алып, жауап бе реді, бұл - парыз айнға (әрбір адамның жеке басындағы
міндеті) жатады. Әр бір мұсылманның бір-біріне Алланың нұры жаусын!,
Сізге де Алланың нұ ры жаусын! деп сәлем беретіні ежелден белгілі.
Ассалаумағалейкум- ді айт қанда сәлем берген кісіңіз еститіндей,
даусыңызды көтере түскеніңіз дұрыс.

Ұйқыға жатарда, төсектен тұрғанда Бисмилләні үш рет қайталап айтқан
дұрыс. Мұндай дәстүрді сақтаған мұсылманға тәулік бойы көк пен жердегі пә
ленің ешқайсысы жуымайды. Ұйқыға жатар алдында есікті мықтап бекітіп,
құлыптайды, ас тұрған ыдыс-аяқтың бетін жабады.

Көпшілік арасында отырғанда ерекше ұстамды, сабырлы, сыпайы болған
дұрыс. Егер осындай құрапатта өзіңіздің ұстазыңызды, піріңізді
кездестірсеңіз, оған ерекше құрмет көрсетіп, алдына түсіп сөз сөйлемей,
қабағына қарап от ырғаныңыз абзал. Жалпы жиынға, көпшілік арасына барғанда
әйтеуір бостан бос уақыт өткізу үшін, ермек етуді мақсат етуге болмайды.

Ислам толық аяқталып бекітілген дін. Қасиетті Құранда Аллаһ тағала: Бү-
гін діндеріңді толықтырдым, әрі игілігімді де аяқтадым. Ислам дінін таңда
дым [Маъида сүресі, 3-аят] деген. Міне, осыдан кейін біз қалай Исламға тос
ыннан бір нәрсе қоса аламыз ба? Менің айтайын дегенім, адамдардың көбі
Исламның не екенін білуге тырыспай, оны әруақтармен, мойындарында сал
быраған тұмарларымен шектеп қояды.

2-тарау. Қазақ салт-дәстүрі және ислам

2.1 Ұлттық мәдениеттегі салт-дәстүр

Ұлттық дәстүр (ұлттық ғұрып). Халықтың атадан балаға көшіп,
жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік,
салт-са на, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің
көрінісі дәстүр арқылы танылады. Дәстүр - мәдениеттілік белгісі. Дәстүр
байлығы - мәдениет байлығы. Ол ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани
байлық. Мы- салы, ата-ананы, үлкенді қүрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші,
кәде сұрау, құрдастық қалжың, сәлем беру, ат тергеу т. б. дәстүрге жатады
[42]., 50 б. Бір таң қаларлық жай қазақ халқы салт пен дәстүрге өте бай.
Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тиым, дағды, ым бәрі де осы салт-дәстүр мухитының
салалары мен тар мақ, тамшылары болып саналады. Жетпіс жыл бойы жетесіз әрі
қанқұйлы тәр- тіптің, қырсығынан ұлт дәстүрлерінің заңдылық ережелері
бұзылды.

Асар. Бұл қазақтың ертеден келе жатқан салты. Оның негізгі мәні-егер
де бір ауылда тұратын адамның жұмыс қолы жетіспейтінін, жасы келген немесе
денсаулығы нашар адам болса соның бітпей жатқан жұмысын көрші-көлем, ау
ылдасы болып жиылып келіп бітіре салуға көмектеседі

Базарлық. Егерде ауылдан бір адам қалаға мал сатуға немесе базардан зат
алуға сапарға шықса, ол келерінде көрші-көлеміне, көңілі жақын адамдарға,
бала-шағаға арнайы жағдайы келгенше бір нәрсе алып келетін болған. Оны
базарлық деп атайды

Бата. Талантты жастарға, абаз ел сенімін ақтайтын азаматтарға олардың алға
қойған мақсатына жетіп, ісі оң болып халқы үшін кызмет етуіне ауыл
ақсақалдарының ақылгөй даналардың берген ақ тілеуі, өмірлік жолдамасы

Бұйымтай. Қазақ үйіне келген қонақты үш күнге дейін оған ешқандай
сұрау қоймай күтіп сыйлауға тиісті болған. Қонақ кетуге жиналғанда үй иесі
немесе оның әйелі қонақтан бұйымтайыңды айт деп сұраған.

Бастаңғы. Ата-анасы бірнеше күнге алыс сапарға жол жүріп кетсе үйде
қал ған жастар бастаңғы жасаған.

Енші. Балалары үйленіп, отбасын құрғаннан кейін оларға отау тігіп,
дүние-мүлкімен мал беріп өз алдына бөлек шығаруды енші беру деп атайды.

Ерулік. Егер де үйінің касына жаңадан көрші көшіп келсе онымен
танысу үшін үйіне қонаққа шақырады. Оны ерулік деп атайды. Ол өз
кезегінде қару лыққа шақырады. Ерулікке қарулық деген содан қалған.

Көрімдік. Жаңа туған балаға, жас келінге, малдың жаңа туған төліне
алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халық дәстүрі. Байғазы мен көрімдік ол
екеуі екі түрлі ұғым. Егер де көрімдік адамға, жандыға байланысты болса,
байғазы жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
Сарқыт.
Сүйінші.
Сан ғасырлар бойы халқымыздың санасына сіңіп, екшеліп, сараланып жеткен бай
дәстүрлерінің бірі ырым-жоралар. Жақсылық нышандарына жоралғы, жамандыққа
тыйым ретінде айтылатын ырым-жоралар халқымыздың баладан бастап, үлкенге
дейінгі ұлағаттылыққа тәрбиелеудегі бай тәжірибесі нен түйсінбеген
қағидалары. Мысалы, құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба-бұл қазақ
ұғымында қатыгездік, зұлымдық болыл саналады; үйде ысқырма-бұл көрген
сіздіктің белгісі; тізеңді құшақтама-бұл жалғыз қалу белгісі; көк
шөпті жұлма, малды теппе, күлді баспа, қолыңды төбеңе қойма,
жағыңды таянба, үйді айналып жүгірме, табалдырықты басып тұрма

Шілдехана. Балаға қырық күн толғанда қырық қасық шілде суымен
жуып, қарын шашын бір тал кесіп ырым жасап той қылады
Тұсау кесер.
Сундеттеу. Алты-жеті жасқа толғаннан кейін еркек баланы сүндетке
отырғызады
Тілашар.

Халық түсінігі бойынша, қыз балаға тіл-көз онша көп тие қой майтын болған,
сондықтан оларға ең жақсы аттарды таңдайтын. Қыз аттарына аспан әлемінің,
сұлу-момын аңдардың, асыл тастар, қымбат маталар, құнды ма талар, нәзік
және сирек кездесетін өсімдік аттары т.б. қолданылады. Мәселен, Айман,
Шолпан, Жұлдыз, Құралай, Тоты, Маржан, Алтынай, Күміс, Жібек, Мақпал,
Шынар, Раушан , Қызғалдақ т.б.
Ер балаларға ат қою бұдан гөрі жауаптырақ саналатын. Еркек баланың
ат ын көбінесе үлкен әкесі, ауылдағы қариялар, оның бірі болмағанда баланың
өз әкесі қоятын, кейде ойда жоқта келіп қалған жолаушыға да қойғызатын.
Ер балаға бұрынғы өткен ата-бабаларының батырлар мен билердің ақындар мен
жыраулардың аттарын баласы тұрмай жүрсе ешкім ескеріп көзге түспейтін
жұпыны аттарды (Көтібар, Бүйен,Ұлтарақ, Малбағар, Боқбасар т.б.), бала ту
ған жер, су, күн, ай аттарына байланысты (Шағамбай, Бұлақбай Көлбай,
Ілебай, Дүйсембай, Қаңтарбай т.б.), төрт түлік малдың, жабайы аңдар мен
құстардың атауларына байланысты (Қойлыбай, Серкебай, Жылқайдар, Бұқа бай,
Ақтайлақ, Бүркітбай, Құндызбай т.б.), әкесінің жасына байланысты (Қырықбай,
Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенай т.б.) дені сау, жаны берік болуын
меңзеп (Темірболат, Шойынбай т.б.) бұрын-соңды болған қару-жарақ атауларына
байланысты (Найзабай, Қылышбек, Шоқпар, Балта бай т.б.) Осындай көптеген
діни жоралғылар кеңес үкіметінің кезінде ұмыт ылып кеткені, сонымен қатар
қазіргі арамызда ата, ағаларымыздың аттары сол қоғамның ықпалының ата-
аналарына күшті әсер еткенін дәлелдейді. Оған дәлел есебінде мынадай
мысалдарды келтірсек болады. Мысалы: Съезд, Коммунист, Партия, Мәлс т.б. ал
- әйелдерге Зина, Травиата- деген аттар ел арасында көп [53]., 32 б.
Алдыңғы ер азаматтардың аттарының қандай мағына беретінін білеміз. Ал әйел
аттарының мағаналары ұятты-ақ жәлеп, жезөкше, Зина

Халық өмірінде қалыңдық таңдаудың әр түрлі жолдары бар. Біріншіден,
көңілдері жарасқан құрдас, замандас адамдар сыйластық, достықтарының жал
ғасы деп, дүниеге әлі келмеген (Қозы Көрпеш - Баян Сұлу) немесе бесікте жат
қан баладарын атастырып, құдандалы жекжат болған. Екіншіден, болашақ күй еу
болатын жақ қатын алма, қайын ал деп, қалыңдықтың шыққан тегіне, ақ ыл-
ойы, көркіне, т.б. қасиеттеріне қарап, сыртынан айттырған. Үшіншіден, ата-
ана жар таңдауды балаларының өз еріктеріне де берген. Төртіншіден, өз
теңіне қосыла алмайтынын түсінген ғашықтар қол ұстасып, қашыпта кетіп отыр
ғанына ауыз әдебиетінен көптеген деректер келтіруге болады.

Ел өмірінде шешуші орын алып, қоғамдық қатынастарды реттеуге жол ашқан
неке жүйелі, күрделі әлеу меттік қайшылықтар шешімдерінің: а) ішкі ру
аралық; б) мемлекет аралық қатынастар бастауында тұрған. Отбасы
мәселелеріне көшпенділер сонау ықыл ым замандардан үлкен мән берген және
бала тәрбиесіне әйелдің алатын орнының ауқымдылығын, келелігін
Ж.Баласағұнның:
Жібек мінез —қыз, келіншек шырыны,
Біле білсең, әйел көркі- қылығы деген пікірінен аңғарамыз

Өз замандастарынан туымды, көпке танымал Келдібек бидің таңдаған жарының он
екі мүшесіне көңілдері толмай, оны күлкіге айнал дырып, соқтыға берген
құрдастарына:
Көзім қыли, жасырмайын ақсақпын,
Келдекеңмен сондай тату жақсы-ақпын.
Татулықтың белгісіндей тамаша,
Төрт Божанды билейтін ұл таппақпын [63]., 25 б. - деген жас келіншек кейін
дүниеге қаз дауысты Қазыбек биді әкелген ардақты ана болған. Сондай-ақ
ердің бақы ты әйел екендігін, әйелі жақсы болмай, ердің оңбайтындығын, ерге
бақыт келтіретін де, абырой әперетін де әйел екендігін, қайшылықты
тұрмысқа, әлеу меттік теңсіздікке қарамай, Ұмай-ана, Айша бибі, Домалақ
ана, Бегім ана, Қара шаш, Ұлпан сияқты ақылды арулар ісімен дәлелдеп, аты
аңызға айналды

Мысалы, тарих ертеректе арғын мен керей руларының арасында туындаған даудан
дерек береді. Арғындардың қысымына наразылық білдіріп, керейлер үдере
көшіп, қоныс аударуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ислам эволюциясы
Қазақ халқының исламмен байланысқан салт - дәстүрлері
Ислам мәдениетіндегі дәстүр
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕПТІЛІК КӨЗІ
Қазақ жеріндегі жыр айту мектептері
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттеп, оны насихаттау
Исламның ұлттар дәстүрлерімен қатынасы
Ислам дінінің қазақ қоғамындағы рөлі
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Пәндер