Сақтандыру операцияларына салық салу жүйесі, оны жетілдіру жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері ... ... ... ..5
1.2 Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ...29
ІІ. Сақтандыру операцияларына салық салу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .38
2.1 Сақтандыру операцияларына салық салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.2 Сақтандыру компанияларына салынатын салықтардың бюджеттегі рөліне экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
3.1 Қазақстандағы сақтандыру операцияларына салық салу жүйесін жетілдірудегі мәселелер және оны шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
3.2 Сақтандыру компанияларына салық салу жүйесін дамыту перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...76
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 84
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..87
Зерттеу жұмысының өзектілігі Қазіргі замандағы экономикадағы сақтандыру қаржылық тұрақтылық құрылымы ролін атқарады. Бұл мемлекетке, бизнеске, халыққа кездейсоқ жағдайлардан пайда болуына байланысты сол зияндарды өтейді.
Нарықтық экономика кезеңіндегі сақтандыру операцияларының салаларының, қызметтерінің өркендеп, дамып, әлеуметтік тұрғыдағы Қазакстандықтардың жағдайын көтеруге өзінің күрделі материалдық іргесін көрсетеді.
Сақтандыру экономикалық категориясы ретінде «қаржының» құрамдас бөлігі болып табылады. Сақтандыру теориясы қаржылық ғылымның бір бөлігі, ал сақтандыру ісі әрбір мемлекетте қаржылық несиелік жүйесінің бір бөлігі.Сақтандыру категория ретінде қоғамдық қатынастардың ертедегі көрінісі болып табылады. Сақтандырудың экономикалық маңыздылығы қоғамға қажетті. Сақтандырудың өз функциялары болады және өзіне тән нақты ерекшелігі бар. Олар: тәуекелдік, жинақылық, алдын алу, қор жинау, дамыту.
Сақтандыруды жүргізу үшін әртүрлі ұйымдастырушылық құқықтық сақтандыру нысандары арқылы сақтандыру компаниялары құрылады. Олар өздерінің әртүрлі сақтандыру қызметтерін нарықтық қатынасқа ұсынады.
Нормативтік және құқықтық базасының жоқтығынан бөлек министрліктер мен ведомствалар құрған жаңа сақтандыру ұйымдары пайда болды. Өкінішке орай, жаңа сақтандыру ұйымдарының басым көпшілігі тек атаулары бойынша ғана болды. Іс жүзінде олар жеке басының байлығы үшін, қолма-қолсыз ақшаны нақты ақшаға айналдыру үшін, кейде қылмыстық капиталды «жылыстау» үшін құрылған. Сөйтіп, бірқатар сақтандыру компаниялары сақтандыру несиелерін қайтармаумен байланысты ұрыстарға тап болды.
Диплом жұмыстың негізгі мақсаты сақтандыру операцияларына салық салу жүйесін зерттеп, жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Диплом жұмыс тақырыбымның өзектілігі сақтандырудың маңыздылығын, қажеттілігін, нарықтық қатынастағы орнын, сақтандырудың жіктелуін, сақтандыру соммасын, төлемін, операцияларына салық салуды, сый ақысын есептеу әдістемесі, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың жеке және медициналық сақтандырудың, азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, кәсіпорындардың мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің дамуы мен өркендеуі ол нарықтық экономикалық қаржылық негізі.
Елде нарықтық өзгерістердің кеңеюі және тереңдеуімен бірге сақтандырудың қолдану сферасы да кеңеюде. Сақтандыру тәуекелдердің кең көлемін қорғайтын тиімді нарықтық механизмдердің бірі ретінде өндірістік, еңбек, экономикалық, қоғамдық және басқа да қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады. Сақтандыру институты халықты қорғау, техногендік, экологиялық және экономикалық қауіпсіздік аймағында маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қолданылады.
1. ҚР Азаматтық Кодекс, 1 маусым1999 ж. №409-1 3РК.
2. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы » Заңы 23 .1995ж.
(өзгерістер мен толықтыру енгзілді) 12.02.2007 ж
3. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметері туралы» Заңы
20 .10.2000ж. .(өзгерістер мен толықтыру енгзілді) 12.02.2006 ж.
4. ҚР Сақтандырудың нормативті құқықтық Алматы; 2000ж.
5. Жуйриков. К К «Страхование в условиях перехода к рынку» - Алматы, 2007г
6. Жуйриков. К. К Страхование в Казахстане – пути дальнейшего развития. Алматы, 1994г.
7. Жуйриков . К.К, Назарчук И, Жуйриков Р. Страхования: теория, практика, зарубежный опыт: Учебник – Алматы, ОФ «БИС», 2000г.
8. Балабанов И.Т., Степанов В.Н. Занимательное страхование. – Москва, Финансы и статистика, 1998г.
9. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Аламты, 2001г.
10. Страховое дело: учебник под. ред. проф. Рейтмана. Л.И. – Москва: Финансы и статистика; 1992г.
11. Страхование от А до Я (книга для страхователей). Под ред. Корчевской Л.И и Турбина К.Е.- М: Инфра – М, 1996г.
12. Страховой портфель (книга для предпринимателя, книга страховщика, книга страхового менеджера) – Рубин Ю.Б, Солдаткин В.И – М: Анкил, 1994г.
13. Финансы – Учебник для экономических специальностей. Под ред. Ильясова К.К, Мельникова В.Д.
14. Худяков А.И. Страховое право РК. – Алматы: Жеты- Жаргы, 1997г.
15. Шахов В.В. Введение в страхование: экономический аспект - М: Финансы и статистика, 1992г.
16. Шахов В.В. Страхование – М: ЮНИТИ, 1999.
17. Балабанов И.Т, Степанов В.Н. Занимательное страхование – М: Финансы и статистика, 1998г.
18. Воблый К.Г. Основы экономики страхования – М: Анкил, 2007г.
19. Журавлев Ю.М, Секерж И.Г. Страхование и перестрахование: теория и практика – М; 2007.
20. Лер О.Э. Страховой рынок Казахстана – Алматы: Каржы – каражат, 2007г.
21. Моисеев А. Страховой рынок: поиск путей развития. Аль Пари, 2007 №5, стр. 33.
22. Орналюк – Малицкая Л.А. Платежеспособность страховой организации. – М: Анкил, 2001 г.
23. Таланов А. Полное спокойствие может дать только страховой полис. Технологии управления, 2006 №2-3, стр. 33.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен
түрлері ... ... ... ..5

1.2 Сақтандыру секторының институционалдық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... 29

ІІ. Сақтандыру операцияларына салық салу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...38

2.1 Сақтандыру операцияларына салық
салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 38

2.2 Сақтандыру компанияларына салынатын салықтардың бюджеттегі рөліне
экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..50

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70

3.1 Қазақстандағы сақтандыру операцияларына салық салу жүйесін
жетілдірудегі мәселелер және оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70

3.2 Сақтандыру компанияларына салық салу жүйесін дамыту
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...76

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..84

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 87

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі Қазіргі замандағы экономикадағы
сақтандыру қаржылық тұрақтылық құрылымы ролін атқарады. Бұл мемлекетке,
бизнеске, халыққа кездейсоқ жағдайлардан пайда болуына байланысты сол
зияндарды өтейді.

Нарықтық экономика кезеңіндегі сақтандыру операцияларының
салаларының, қызметтерінің өркендеп, дамып, әлеуметтік тұрғыдағы
Қазакстандықтардың жағдайын көтеруге өзінің күрделі материалдық іргесін
көрсетеді.

Сақтандыру экономикалық категориясы ретінде қаржының құрамдас
бөлігі болып табылады. Сақтандыру теориясы қаржылық ғылымның бір бөлігі, ал
сақтандыру ісі әрбір мемлекетте қаржылық несиелік жүйесінің бір
бөлігі.Сақтандыру категория ретінде қоғамдық қатынастардың ертедегі
көрінісі болып табылады. Сақтандырудың экономикалық маңыздылығы қоғамға
қажетті. Сақтандырудың өз функциялары болады және өзіне тән нақты
ерекшелігі бар. Олар: тәуекелдік, жинақылық, алдын алу, қор жинау, дамыту.

Сақтандыруды жүргізу үшін әртүрлі ұйымдастырушылық құқықтық сақтандыру
нысандары арқылы сақтандыру компаниялары құрылады. Олар өздерінің әртүрлі
сақтандыру қызметтерін нарықтық қатынасқа ұсынады.

Нормативтік және құқықтық базасының жоқтығынан бөлек министрліктер мен
ведомствалар құрған жаңа сақтандыру ұйымдары пайда болды. Өкінішке орай,
жаңа сақтандыру ұйымдарының басым көпшілігі тек атаулары бойынша ғана
болды. Іс жүзінде олар жеке басының байлығы үшін, қолма-қолсыз ақшаны нақты
ақшаға айналдыру үшін, кейде қылмыстық капиталды жылыстау үшін құрылған.
Сөйтіп, бірқатар сақтандыру компаниялары сақтандыру несиелерін қайтармаумен
байланысты ұрыстарға тап болды.

Диплом жұмыстың негізгі мақсаты сақтандыру операцияларына салық салу
жүйесін зерттеп, жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Диплом жұмыс тақырыбымның өзектілігі сақтандырудың маңыздылығын,
қажеттілігін, нарықтық қатынастағы орнын, сақтандырудың жіктелуін,
сақтандыру соммасын, төлемін, операцияларына салық салуды, сый ақысын
есептеу әдістемесі, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың жеке және
медициналық сақтандырудың, азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру,
кәсіпорындардың мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының
сақтандыру қызметінің дамуы мен өркендеуі ол нарықтық экономикалық
қаржылық негізі.

Елде нарықтық өзгерістердің кеңеюі және тереңдеуімен бірге сақтандырудың
қолдану сферасы да кеңеюде. Сақтандыру тәуекелдердің кең көлемін қорғайтын
тиімді нарықтық механизмдердің бірі ретінде өндірістік, еңбек,
экономикалық, қоғамдық және басқа да қатынастардың ажырамас бөлігі болып
табылады. Сақтандыру институты халықты қорғау, техногендік, экологиялық
және экономикалық қауіпсіздік аймағында маңызды мемлекеттік міндеттерді
шешу үшін қолданылады.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасының

сақтандыру облысындағы реттеудің басымдылықтары өзіне мыналарды біріктіре
алады:

• сақтандырушылар мен сақтанушылар мүдделеріне жауап беретін реттеудің
нақты, екі жақты емес қағидалар мен процедуралардан тұратын жан-жақты
заңдарды қалыптастыру;

• егер кейбір функциялар аймақтық билік органдарына берілсе,
Қазақстан Республикасының шегіндегі сақтандыруды басқарудың нақты жүйесін
орнату.

Сақтандыру нарығының жағдайы халықтың және шаруашылық
субьектілердің сақтандыру мәдениетінің деңгейіне, сонымен қатар олардың осы
нарыққа деген сенім дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан қазақстандық
сақтандыру нарығын нығайту ғана емес – бұл бөлімде белгілі бір
жетістіктерге қол жеткізілді, бірақ сақтандыру сферасында жүргізілетін
реформалар, нарықтық экономикада сақтандырудың рөлі мен орны туралы
ақпаратты қоғамға жеткізе білу де маңызды болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып Қазақстан Республикаында
сақтандыру нарығы болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы сақтандыру операцияларын
дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асырудың басты механизмдерін жетілдіру
жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыс объекті ретінде Қазақстан Республикасының сақтандыру
компаниялары алынды.

Сақтандыру нарық шарттарында қоғамның экономикалық мүдделерін қорғаудың
маңызды құралдарының бірі және қаржылық ресурстардың аккумуляциясының әдісі
ретінде республика экономикасының дамуына әсерін тигізеді. Осымен
байланысты отандық нарықта сақтандыру операцияларының дамуының
тенденцияларын талдау қажеттілігі туындайды.

Диплом жұмысының міндеттері:

• Қазақстан Республикасының сақтандырудың экономикалық мәнін анықтау

• Сақтандыру операцияларына салық салу ерекшеліктерін көрсету және оның
жетілдіру жолдарын анықтау.

Диплом жұмыстың құрылымы кіріспеден,үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

І. Сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы

1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері

Экономикада нарықтық реформалардың қозғалуына байланысты Қазақстан
Республикасында сақтандыру ісін түбірімен өзгерту туралы сұрақ пайда болды.

80-жылдардың аяғында нарықтық экономиканың дамуының маңызды
шарттарының бірі ретінде сақтандыру нарығын қалыптастырудың обьективті
қажеттілігі пайда болды. Сонымен қатар ол өндіріс құралдарының тұтыну
тауарларының нарығымен, капитал және бағалы қағаздар нарығымен, еңбек және
жұмыс күші нарығымен тығыз байланысты нарықтық құрылымның ажырамас бөлігі
болып табылады.

Республикадағы мемлекеттік сақтандырудың одан әрі дамуы тақырыбы,
жолдары мен бағыттары талқыланды.

22 қаңтарда 1991жылы Қазақстан Республикасының Үкметінің қаулысы
қабылданды, оған сәйкес республиканың Мемлекеттік сақтандыру басқармасы
қаржы Министрлігінің ұйымдастырушылық құрылымынан бөлектенді. Сөйтіп,
Мемлекеттік сақтандыру өз бетінше мемлекеттік ұйым болып қалыптасты, бұл
оған сақтанушылардың мүддесінде өзінің қорлары мен құралдарын тиісті түрде
қолдануға мүмкіндік берді.

90-жылдардың басында республикада Мемлекеттік сақтандырудың
бірінші бәсекелестері пайда бола бастады – жеке акционерлік сақтандыру
компаниялары мен қоғамдары. Екі жыл ішінде олардың саны 600-ден асты.

Бірақ сақтандыру нарығының қалыптасуы басынан бақылаусыз
жүргізілді.

Нормативтік және құқықтық базасының жоқтығынан бөлек министрліктер мен
ведомствалар құрған жаңа сақтандыру ұйымдары пайда болды. Өкінішке орай,
жаңа сақтандыру ұйымдарының басым көпшілігі тек атаулары бойынша ғана
болды. Іс жүзінде олар жеке басының байлығы үшін, қолма-қолсыз ақшаны нақты
ақшаға айналдыру үшін, кейде қылмыстық капиталды жылыстау үшін құрылған.
Сөйтіп, бірқатар сақтандыру компаниялары сақтандыру несиелерін қайтармаумен
байланысты ұрыстарға тап болды.

Қазақстан Республикасында сақтандыру бизнесін мемлекеттік реттеу
жүйесін құру үрдісі созылып кетті. Қазақстан Республикасында сақтандыру
туралы бірінші заңы 1992 жылы шілдеде қабылданды және 1 қыркүйекте
қолданыла бастады. Заң сәтсіз болып шықты. Онда ең бастысы болған жоқ -
сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру қызметін лицензиялау және мемлекеттік
тарапынан бақылау механизмдері қарастырылған жоқ. Заң шынайы
бәсекелестікпен қамтамасыз ете алған жоқ. Сақтандыру компаниялары бір-
бірімен бәсекеле отырып, сақтанушылардың мүдделері зардап шегетін шекарадан
аттап өтті.

Қазақстан Республикасында сақтандыру туралы қолданыстағы Заңға
кемшіліктері мен жетіспеушіліктері белгілі бір мөлшерде Қазақстан
Республикасының Президентінің 1994 ж 16 сәуірден, Сақтандыру нарығын
қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдастыру-құқықтық шаралары туралы
Жарғысымен түзетулер енгізілді.[2.25]

Бұл жарғымен сәйкес сақтандырудағы лицензиялық және қадағалау
мемлекеттік органының өкілеттілігіне ие Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігінің қарамағында департамент құрылды.

Бірақ кейіннен сақтандыру департаментінің қызметінде ведомстволық
және корпаративті бағыттылық пайда болды. Ол қаржы Министрлігінің
мүдделерін қолдады.

Сонымен қатар сақтандыру департаменті өте маңызды миссияны
орындады – сақтандыру нарығы уақытша жұмыс істейтіндерден, өтірік
сақтандырушылардан және басқа да іскерлерден тазартылды. Нәтижесінде бір
жыл ішінде сақтандыру ұйымдарының саны 10 есеге азайып кетті. Сақтандыру
күрделі бизнес болып табылатын ұйымдар ғана калды.

Сақтандырудың құқықтық базасын қалыптастыру үшін мықты негізін
қалаған бірінші заң актісі ретінде, 2008 ж. қазанда қабылданған Сақтандыру
туралы заңының күшіне ие Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы
болды. Ол мемлекеттік және жеке сақтандыру ұйымдарының еркін шынайы
бәсекесі үшін нақты жағдайларды қалыптастырды, шетел инвестициялары үшін
ішкі сақтандыру нарығын ашты.

Жарлыққа сәйкес сақтандыру қызметін реттеу үшін ведомстволық және
корпаративті қадағалаулардан тәуелсіз, еркін мемлекеттік орган құрылды
–қаржылық нарық қадағалау және қаржылық ұйымдарды бақылаудағы Қазақстан
Республикасының Агенттігі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сақтандыру қадағалауына
келесі функциялар жүктелді: сақтандыру ұйымдарын тіркеу, оларға
сақтандырудың белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін лицензиялар беру,
барлық сақтандыру компанияларының қызметіне бақылау орнату, практика мен
сақтандыру қызметін жалпылау, республикадағы сақтандыру нарығының дамуында
заңдарды дамыту мен жетілдіру бойынша ұсыныстарды белгіленген тәртіппен
жасау және ұсыну.

2007 жылдың 1 қаңтарына 70 сақтандыру ұйымдары өз қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензияны иеленді, бірақ, 2007 жылдың аяғына тек 42 ұйым
ғана сақтандыру келісім-шарттарын жасады, соның ішінде өмірді сақтандыру
бойынша бір сақтандыру ұйымы, 3 - шетелдіктердің қатысуымен және 3 - 100%
мемлекеттің қатысуымен. 2008 жылдың статистикалық мәліметтеріне сүйене
отырып казіргі кезде 36 сақтандыру компаниясы және 2009 жылы 38 сақтандыру
компаниялары жұмыс атқарып жатыр.

Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайы жақсы даму мен тұрақты
динамикалық өсуімен сипатталады. 2008 жылғы қарқынды экономиканың дамуы
сақтандыру нарығының активті өсуіне ықпал етті. Сақтандыру ұйымдарының
өзіндік активтері, жинақтық сыйақылары, капиталы елеулі деңгейге өсті.
Сақтандыру нарығының тенденциясыеың өсуі нығайтылды.

Қазақстан Республикасының 2008-2009 жылғы әр қадам сайын жүзеге асып
отырған сақтандыру нарығының бағдарламасындағы бекітілген мақсат, шешімдер
жүзеге асырылуда және олар Қазақстан Республикасының экономикасына
сақтандыру нарығына дивидиенттер әкелуде сонымен қатар ең бастысы
тұтынушыларға пайда әкелуде.

Сақтандыру индустриясына тіректілік пен сенімділікті нығайту,сақтандыру
нарығының инфрақұрылымын жақсарту,сақтандыру қызмет көрсетулерінің сапасын
жоғарылату,ерікті және міндетті сақтандыру бойынша жаңа класстардың
туындауына ,халықаралық стандарттардеңгейіне дейін заңдық базаларын
жетілдіруге, тиімді бақылаудың өсіміне және сақтандыру нарығының
субектілерін реттеуге 2008жыл оңтайлы жетістіктер жылы деп танылды.

Қазақстан Республикасының заңдық актілерінде сақтандыру
міндеттемелері бойынша енгізілген толықтырулар мен өзгерістер сақтандыру
қатысушыларына сақтандыру нарығындағы 2005жылғы ең маңызды оқиғаларының
бірі болып отыр.Европалық бірлестікбасшылығына сәйкес мемлекеттік органдар
сақтандыру нарығын реттеуге байланысты заңдар өткізе бастады. Қазақстан
Республикасының заңдық актілерінде болған өзгерістер қаржылық тұрақтылықтың
сапалық жағдайы жоғары болуын талап етеді. Қазақстанның халықаралық
экон.омикалық қатынастарға қатысуға және отандық сақтандыру нарығының
мемлекет аралық сызбаларында, қайта сақтандыруда құқықтық шарт жасайды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шетелдік сақтандыру ұйымдарының
өкілдігі және 12 сақтандыру брокерлері, 30 актуарилері, 36 аудиторлық
ұйымдары бар.

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының 2006 жылғы көлемі
67 123,1млн.теңгені құрады,ол былтырғы көрсеткіштен 27 145,0 млн теңгеге
немесе 67,5%-ға асты. Нарықты шоғырландыру едәуір өсті.10 сақтандыру
компаниясының үлесі 80% құрады. Ал 2008 жылдың каңтарында сақтандыру
компаниясының саны 40-қа жетті.

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйақыларының көлемі 26 652,5
млн. Теңгені құрады немесе сақтандыру сыйақыларының көлемінен алғанда 39,7%
.Осыған орай резидент емес тұлғаларға қайта сақтандырудың жалпы
сыйақыларының көлемінен 35,2% берілген.

Жалпы 2005 жылғы сақтандыру төлемдерінің көлемі 10769,8 млн.теңге
болды. Өткен жылмен салыстырғанда 59,7%-ға өсті.Бұған орай сақтандыру
төлемдерінің үлесі қайта сақтандырудың орнын толтыруға байланысты 21,5%-ды
құрады.

Сақтандыру сыйақыларының көлемі (73000млрд теңге) 2005 жылдың
қорытындысы бойынша 0,91%, ал 2007 жылы 0,74% болған.Бұл көрсеткіш халық
көңіліне қарай сақтандыру сыйақыларының көлемін де жоғарлатады.Ол 4,5 мың
теңгеге жуық болды.Ал өткен жылмен салыстырсақ 1,8 теңгеге өскен.Сақтандыру
активтерінің жиынтық көлемі 73 346,3 млн теңгеге,ал 2004жылдан 66,3%-ға
көп.Жеке капиталының көлеиі 35 897,7млн теңгеге,яғни 49,2%-ға
жеткен.Салыстыра алса 2005 жылы 2007 жылдан 24 053,4 млнтеңгеге көп. Бұндай
жетістік сақтандыру ұйымдарына 10,7 млрд теңге көлемінде пайда түсіреді
және 2005 жылдың түскен түсімі 4,0 млрдтеңгеге артық .Евразия сақтандыру
компаниясының 2008 жылғы таза пайдасы 3 614,5 млн теңгені құрады.

2009жылдың 1 қаңтарында міндетті сақтандыру бойынша көрсеткіш
28 086,5 млн теңгені құрады.Ол өткен жылғы көрсеткішті 93,6%-ға
өсіреді.Сақтандыру резервтерінің көлемі 21 010,5 млн теңге, ол 2005 жылдың
1-ші қаңтарындағы көрсеткіштен 157,8%-ға артық. Сақтандыру резервтеріндегі
қайта сақтандырушының үлесі 11 073,8 млн теңге.

Сақтандыру ұйымдарының инвистициялық қоржынындағы
мемлекеттік құнды қағаздар үлесі 51,2%-дан 38,2%-ға төмендеді, ал
мемлекеттік емес құнды қағаздар эмитенттері28,1%-дан 37,4%-ға және 2-ші
деңгейлі банктердің салымдары 20 ,7%-дан 23,4-ға өсті.

Сақтандыру ұйымдарының азаюына сақтандыру заңдарының өзгерісіндегі
талаптардың орындалу ерекшеліктерін қолға алуына байланысты болды. Бірақ,
сонымен қатар, сақтандыру компанияларының капитализациясының көбеюі олардың
қаржылық тұрақтылығы мен нарықтың капитализациясына себепші болды.

Қазақстанның сақтандыру нарығының құралдары арқылы оның құрылымын
келесі сипатта көрсетуге болады

1-сызба

1-Сызба. Қазақстандық сақтандыру нарығының құрылымы

Дерек көзі: Жуйриков . К.К, Назарчук И, Жуйриков Р. Страхования: теория,
практика, зарубежный опыт: Учебник – Алматы, ОФ БИС, 2000г.

Қазақстан Республикасында екі негізгі нарық анықталған: өмірді
сақтандыру және жалпы сақтандыру. Одан басқа, міндетті және ерікті
сақтандыру кластары бөлінген. Сақтандыру қызметі туралы Заңымен біздің
елде міндетті сақтандырудың кластары қарастырылмайды. Мұнда оның әрбір түрі
сақтандырудың бөлек түрі екені айтылған. Әрбір кластың мазмұны
сақтандырудың міндетті нысанында оны жүргізу және қосымша талаптарының
шарттары бойынша заң актісімен орнатылады. Бүгінгі күні міндетті
сақтандырудың шарттарын регламенттейтін 5 қаулы қолданылады: автокөлік
транспорт иелерінің АҚЖ (31.10.96 ж бастап); жолаушылар алдындаңы
тасымалдаушының АҚЖ (14.10.96 ж бастап); ауыл шаруашылық өндірісін міндетті
сақтандыру (10.12.96 ж бастап); жеке нотариустардың АҚЖ (29.06.98 ж
бастап); төрешілер сот мен олардың мүлкін, медициналық қызмет көрсету және
санаторлы-курортық емдеуді міндетті мемлекеттік сақтандыру (19.03.97 ж
бастап).

Бұдан басқа, міндетті сақтандырудың 15-ке жуық түрі бар, олардың
көбісі бойынша оларды жүргізу шарттары нақты заңды түрде анықталмаған.
Мысалы, еңбек міндеттерін орындау барысында жұмыскердің өміріне келтірілген
зиян үшін жауапкершілікті міндетті ( Қазақстан Республикасының еңбек
туралы Заң, 10.12.2006 ж №493-1), мұнай операцияларын жүзеге асырумен
байланысты тәуекелдерді міндетті сақтандыру (Қазақстан Республикасының
Мұнай туралы Заң, 28.06.95 ж , №2350), міндетті экологиялық сақтандыру
(Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң, 15.06.97 ж.
, №160-1) және т.б. Сақтандыру ісінің мәні мен функциясы, яғни қызхметтері.
Экономикалық сақтандыру категориясының құрамдас бөлігі.Бірақ егер қаржы
толығымен бөлініспен қайта бөлініспен, табыс және жинақты бөлумен
байланысты болса, ал сақтандыру тек қайта бөлініс қатынасын жүзеге асырады.

Сақтандыру мәні мен оның қызметінде келесі міндеттер байқалады, және
олар сақтандырудың қаржы жүйесіне кіреді:

- Негізін анықтаушы қауіп қатер қызметі болып келеді, сақтандыру қаупі,
қауіптің ықтималдылығына байланысты негізінде сақтандыру азаматтарға және
қаржылай көмек көрсету;
- Өмірді сақтандыру категориясында несие категориясымен біршама жақын,
келісім шартта жиналым келісілген деңгейін келісу, ақша сомасын жинау,
сақтау өмір сүру күніне және жанұяныңғ молшылығын сақтандыру сұранысына
байлансысты;
- Бақылау қыметі бұл сақтандыру қызметі нің сақтандыру қорының құрамына
кіруін қатаң сақтайды;
- Жалпы қызмет жоғарғы қызметтер сақтандыруда бірге жүріп отырады. Және
бақылау қызметінің жұмысымен сұранысқа ие боладыды, сонымен бірге оның
негізгі ерекшелігі сақтандыру операцияларын дұрыс жүргізуге әсерін
тигізеді.
Егер Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі қаржы-шаруашылық
қызметтің бөлек жақтарын тексеру нәтижесінде бұзушылықты анықтайтын болса,
онда ол сақтандыру ұйымдарына резервтік қордың мөлшерін ұлғайту туралы,
тарифтерді, мөлшелемелерді, сақтандыру салымдарын, ережелер мен сақтандыру
шарттарының, уақытша бос құралдардың салымының сипатын өзгерту туралы
бұйрық беруге құқылы. Сонымен қатар қайта сақтандыру схемасын өзгертуге
немесе енгізуге бұйрық бере алады.

Егер сақтандыру ұйымы берілген бұйрықтарды орындамаса және
тексеріс кезінде табылған бұзушылықтарды жоймаса, Қазақстан Республикасының
қаржы Министрлігі берілген лицензиялардың қызметін уақытша тоқтатуға,
олардың қызметін шектеуге, осы лицензияларды жоюға немесе сақтандыру
компаниясының қызметін толық тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен белгіленген
міндеттерімен байланысты, яғни қауіп-қатердің көзі ретіндегі көлік
құралдарын пайдалану нәтижесінде үшінші жақтың өміріне, денсаулығына және
(немесе) мүлігіне келтірілген зиянды қалпына келтіру. Бұл жағдай Қазақстан
Республикасының көлік құралдары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті сақтандыру туралы заңдарымен қарастырылған сақтандыру төлемдері
жетпеген жағдайда қолданылады.

Сақтандыру сферасындағы тәртіп бұзушылықтың өсуінің себебі ретінде
Қылмыстық кодексте сақтандыру жағдайын бұрмалау үшін жауапкершіліктің
болмауын, жалақы мөлшерінің өте аз болу себебінен оперативті жұмыс және
тергеу бөлімдерінен тәжірибелі қызметкерлердің кетуі нәтижесінде сол
бөлімнің кәсіпқорлығының жетіспеуін айтуға болады. Бірақ, полиция әлсіздігі
сақтандыру сферасындағы бұзушылық тамырларын ашып көрсетпейді. Олар өмірдің
экономикалық және психологиялық жазықтықтарында орналасқан. Ашып айтатын
болсақ, көптеген біздің отандастарымыз үшін сақтандыру қараңғы орман болып
табылады.

Алғашқы көзқараста сақтандыруда барлығы жеңіл және түсінікті болып
көрінген. Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру сыйлығын төлейді, және
сақтандыру жағдайы пайда болған кезде өзінің жоғалтуларының белгілі бір
орнын толтыратын соманы алады. Сақтандыру жағдайы болмаған кезде сақтандыру
жарнасы сақтандырушыда қалады.

Біркүндік сақтандыру компанияларының алаяқтары, халықтан қаражат
жинайтын, қаржылық компаниялармен келісе отырып, көп алымдарға ие болған.
Қаржылық фирмалардың жарнамалық буклеттерінде тұрғындардың барлық
салымдарын сақтандыратыны туралы айтылған.

Сақтандыру нарығы өзара байланысты бірқатар функцияларды
атқарады:

компенсациялық (қайтарымды), жинақтау, бөлу, алдын-ала ескертетін және
инвестициялық.

Сақтандыру нарығының негізгі функциясы оның арқасында сақтандыру
институты бар. Оның мазмұны сақтандыру объектісі болған жағымсыз құбылыстар
орын алғанда зиянның орнын толтыру нысанында заңды және жеке адамдарға
сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету.Сақтандыру функциясының тағы бір
ерекшелігі өмірді сақтандырумен қамтамасыз етеді және алдын-ала келісілген
сақтандыру соммасын сақтандыру келісім-шартының есебіне жинауға мүмкіндік
береді.

Бұл функция сақтандыру қорғанысының механизмін іске асырады.
Функция мәні сақтандыру қорын қалыптастыру және мақсатты қолданумен
сипатталады. Сақтандыру қорының қалыптасуы, сақтандыру тұрақтылығына және
сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін сақтандыру резервтерінің жүйесінде
жүзеге асырылады.

Алдын ала ескеру жағдайын бақылайтын және орындайтын функция
ескерту функциясы.Сақтандыру нарығының сақтандыру қызметін жүзеге асырумен
тікелей байланысты емес. Берілген функция сақтандыру жағдайларың алдын-ала
ескерту және зиянды азайтуға бағытталған. Алдын-ала ескертетін функциясы
жазатайым оқиғалар мен стихиялық апатты болдырмау немесе кішірейту кеміту
шараларына жұмсалған қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Осындай
қаржыландыру алдын-ала ескертетін шаралар қорынан жүзеге асырылады. Алдын-
ала ескертетін функциясын жүзеге асыру.

Сақтандыру қызметімен ұсынылған тізімге төменде көрсетілген сақтандырудың
класстары мен түрлері кіреді.

Міндетті сақтандыру түріедегі азаматтық құқықтық жауапкершілік

1.транспорттық құрал иесі;

2.жолаушылар алдындағы тасымалдаушы;

3.аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар,

4. жеке нотариустар

5.туроператор мен турагенттіктер

6.қызметтері – жаңғаа зиян келтіру қаупімен байланысты объект иелері.

7.қызметтік міндеттерін орындау барысында жұмысшының денсаулығына және
өміріне зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру

8.өсімдік шаруашылығын сақтандыру

9. экологиялық сақтандыру.

Ерікті сақтандыру түрлері:

1.Жазым жағдайлардан сақтандыру

2.ауру түрлерінен сақтандыру

3.көлік құралдарын сақтандыру

4.темір жол транспорттарын сақтандыру

5.әуе транспорттарын сақтандыру

6.су транспорттарын сақтандыру

7.мүлікті зияннан сақтандыру

8.жүктерді сақтандыру

Қазақстан Республикасының Өзара сақтандыру туралы Заңын жүзеге
асыру мақсатында 2009 жылы 8 өзара сақтандыру қоғамдары (ӨСҚ) құрылды, оның
ішінде 4 ӨСҚ Қостанай облысында және бір-бір ӨСҚ Қарағанды, Ақмола,
Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында,олар жалпы сомасы 3,9
млрд. тенгеге 1,5 млн. га сақтандырылған егістік көлемін қамтыды

Себептердің басқа бөлігі, компания клиент туралы ұмытып кетті
деген елеске әкелетін аралық бақылаудың болмауымен байланысты.

Қазақстанда сақтандырудың дамуының қазіргі этапында сақтандыру
компаниялары заңдардынаманың дұрыс қолданбауы нәтижесінде құқықтық емес іс-
әрекеттермен сипатталады. Келісімдерді қажетті дәрежесін екі жақты
мағынамен құру мүмкіндігі. Төлемді төлеу мерзімін ұарту үшін ресми
белгілері бойынша істі сотқа беру. Келісім-шарт заңды бұзғаны үшін немесе
сақтандырудың сәйкес ережелеріне қарсылық білдіргені үшін жасалғаны туралы
сотқа мәлімдеу. Өз нарықшыларын қолдану. Сонымен қатар сақтанушы бір
клиентпен болған ұрыс барлық компанияның имиджіне әсер етпейді деп ойлайды.
Нәтижесінде, барлық қателіктерді бөлек қызметкердің мойнына көшіруге
болады. Сақтандыру шартының жасалу тәртібі төмендегіндей:

1. Сақтандыру шарты Сақтанушының ауызша немесе жазбаша өтініш-
сауалнамасы негізінде жасалады.
2. Егер сақтандыру шарты Сақтанушының белгіленген нысандағы жазбаша
өтініш-сауалнамасы (№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшалар) негізінде жасалса,
бұл өтініш сақтандыру шартының ажырамас бөлшегі болып табылады.

3. Сақтанушы сақтандыру шартын жасау кезінде, Сақтандырушыға өзіне
белгілі сақтандыру жағдайының туындау ықтималдылығын және оның басталуының
(сақтандыру тәуекелінің) мүмкін шығындарының мөлшерін анықтау үшін елеулі
мәнді жәйттерді хабарлауға міндетті.

4. Сақтандырушы өтініш-сауалнамада сұралатын мәліметтерді және нысанын
өзгертуге құқылы.
6. Сақтанушы Сақтандырушының сақтандыру тәуекелін анықтау мақсатында
қойған басқа сұрақтарына да осылайша жауап беруге міндетті.
6. Сақтанушы берілген ақпараттың дұрыстығына жауап береді.
7. Егер сақтандыру шарты Сақтандырушының қандай да бір сұрақтарына
Сақтанушы жауабынсыз жасалса, Сақтандырушы артынан сақтандыру шартының
бұзылуын немесе Сақтанушы тиісті жағдайларды хабарламады деген негізде
жарамсыз деп танылуын талап ете алмайды.

8. Егер сақтандыру шарты жасалғаннан кейін, Сақтанушының Сақтандырушыға
осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайлар туралы көрінеу жалған
мәліметтер бергені анықталса, Сақтандырушы сақтандыру шартының жарамсыз деп
танылуын талап етуге құқылы.

9. Өтініш-сауалнамада көрсетілуі тиіс мәліметтер мен жағдайлардың толық
болмауына Сақтанушы жауапты. Өтініш-сауалнаманың жекелеген талаптарының
толымсыздығы салдарынан мазмұны бойынша дау туындаған жағдайда, дау
Сақтандырушының пайдасына шешіледі.

11. Егер Сақтанушы айтпаған жағдайлар жоққа шықса, Сақтандырушы
сақтандыру шартының жарамсыз деп танылуын талап ете алмайды.
12. Сақтандырушының қажет болған кезде, қалауына қарай сақтандырылатын
объектінің құны мен сипаттама мәліметтерін куәландыратын, меншік құқығын
(пайдалану, иелену жәненемесе билеу құқығын) растайтын құжаттарды
Сақтанушыдан талап етуге құқығы бар және Сақтанушы бұл құжаттарды беруі
тиіс.
13. Сақтандыру шарты тараптардың бір құжатты жазбаша нысанда жасау (№9-
қосымша) немесе Сақтандырушының Сақтанушыға белгіленген нысандағы
сақтандыру полисін беру жолымен жасалады.

14. Сақтандыру шартында:

1) Сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері;

2) Сақтанушының фамилиясы, аты-жөні және тұрғылықты жері (егер жеке
тұлға болса) немесе атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері (егер
заңды тұлға болса);

3) сақтандыру объектісінің нұсқауы;

4) сақтандыру жағдайының нұсқауы;

5) сақтандыру сомасының мөлшері;

6) сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі және мерзімдері;

7) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оны төлеудің тәртібі және
мерзімдері;

8) Шарттың жасалған күні және қолданылу мерзімі;

9) егер олар сақтандыру қатынасының қатысушылары болып табылатын болса,
Сақтандырылушылар мен Пайда алушылар туралы нұсқау;

10) Шарттың (сақтандыру полисінің) нөмірі, сериясы;

11) сақтандыру шартының талаптарына өзгертулер енгізудің жағдайлары
және тәртібі болуы тиіс.

15. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда, Сақтандырушы Сақтанушының
жазбаша өтініші негізінде сақтандыру шартының телнұсқасын береді, мұнан
кейін жоғалған сақтандыру шарты жарамсыз деп танылады және ол бойынша
сақтандыру төлемі жасалмайды.

Сақтандыру полисін дайындау және телнұсқасын рәсімдеу шығыстарын
Сақтанушы (Сақтандырылушы) өтейді, мұндайда өтелген шығыстардың жалпы
сомасы, өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

16. Сақтандыру шартының талаптарын кез келген өзгерту, сақтандыру
шартына қосымшамен рәсімделеді. Қосымша сақтандыру шартының ажырамас
бөлшегі болып табылады.

Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі және орны

1. Егер сақтандыру шартында басқаша көзделмесе, сақтандыру шарты
Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал бөліп төлегенде – алғашқы
сақтандыру жарнасын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін
міндетті болады.
2. Сақтандыру шартын бір жылдан кем уақытқа жасау кезінде, сақтандыру
сыйлықақысы жылдық сыйлықақының мынадай мөлшерлерінде белгіленеді (толық
емес ай толық болып саналады):
Кесте 1.
Жылдық сақтандыру сыйлықақысы

Мерзі1 ай және одан кемі 2 ай
мі
1 2 3
1 қоса алғанда 1 айға дейін 20
2 қоса алғанда 1 айдан 2 айға дейін 30
3 қоса алғанда 2 айдан 3 айға дейін 40
4 қоса алғанда 3 айдан 4 айға дейін 50
5 қоса алғанда 4 айдан 5 айға дейін 60
6 қоса алғанда 5 айдан 6 айға дейін 70
7 қоса алғанда 6 айдан 7 айға дейін 75
8 қоса алғанда 7 айдан 8 айға дейін 80
9 қоса алғанда 8 айдан 9 айға дейін 85
10 қоса алғанда 9 айдан 10 айға дейін90
11 қоса алғанда 10 айдан 11 айға 95
дейін
12 11-айдан жоғары 100

Дерек көзі: Жуйриков. К К Страхование в условиях перехода к рынку -
Алматы, 2007г

Сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтарудың,
атап айтқанда сақтандыру сыйлықақысының сақтандырудың қолданылуы ішіндегі
уақытқа пропорционал бөлігін қайтарудың басқаша тәртібі көзделуі мүмкін.

Сақтандыру шартында басқаша көзделмесе, егер бұл осы баптың 4-
тармағында көрсетілген жағдайларға байланысты болмаса, Сақтанушы сақтандыру
шартынан бас тартқан кезде Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы
немесе сақтандыру жарналары қайтарылмайды.

Сақтандырушының талаптарын орындамауынан сақтандыру шарты мерзімінен
бұрын тоқтатылған жағдайларда, ол Сақтанушыға төлеген сақтандыру
сыйлықақыларын немесе сақтандыру жарналарын толығымен қайтаруға міндетті.

Сақтандыру шартына Сақтанушы мен Сақтандырушы арасындағы келісім
бойынша осы ережеге сәйкес жасалатын қосымша талаптар (сақтандыру
ескертулері, анықтамалары, ерекшеліктері және т.б.) енгізілуі мүмкін.

Сақтандырушы мен Сақтанушы (Пайда алушы) арасында сақтандыру шарты
бойынша туындаған даулар, тараптардың келіссөздер жүргізуі жолымен
қарастырылады.

1.2 Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы

Сақтандыру қызметі туралы Заңға сәйкес Қазақстан
Республикасының сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы ретінде
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті,
сақтанушы, сақтандырылған, табыс алушы, актуарий, өкілетті аудиторлық ұйым
(өкілетті аудитор), өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын басқа жеке және заңды тұлғалар болып
табылады. Қазақстандық сақтандыру нарығының құрылымы оның институционалдық
құрылымы

мен сақтандыру салаларымен көрсетілген.

Сақтандыру нарығында сақтандыру қарым-қатынастарының келесі
институционалдық құрылымын бөліп көрсетуге болады:

• сақтандыру қызметтеріне сұранысты қалыптастыратын сақтанушылар;

• бұл сұранысты қанағаттандыратын тікелей сақтандыру компаниялары
(сақтандырушылар);

• сақтандыру операциялары бойынша залалды реттеуді, жалпы сақтандыру
нарығының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін қайта сақтандыру

компаниялары;

• сақтандырушыдан сақтанушыға сақтандыру қызметтерінің жылжуына
жәрдемдесетін сақтандыру делдалдары;

• сақтандыру инфрақұрылымының ұйымдары.

Сақтандыру қадағалауын жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік орган
ретінде, қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша
Қазақстан Республикасының Агенттігі деп аталады. Қаржылық реттеу
сферасындағы оның негізгі міндеттері:

• елде тұрақты сақтандыру жүйесін жасау және қолдау, және ұлттық
сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру;

• сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау;

• сақтандыру негіздерін заңды түрде бекіту, міндетті сақтандыру
түрлерін, халықаралық сақтандыру жүйесінде республиканың қатысу қағидаларын
белгілеу;

• сақтанушылардың, сақтандырылғандардың және табыс алушылардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Сақтандыру Агенттігінің Қазақстан Республикасының заң актілерімен
тікелей қарастырылған жағдайлардан басқа, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру
брокерінің қызметіне араласуына тыйым салынады.

Сақтанушылар ретінде заңды және жеке тұлғалар, коммерциялық емес
мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, шағын және орта бизнес, ірі өндірістік
кәсіпорындар, қаржылық институттар бола алады. Сақтанушы сақтандырудың
еркін және міндетті түрлері бойынша сақтандырушыны таңдауына ерікті.
Сақтандыру келісім-шартына сәйкес сақтандырушы сақтандыру жағдайы туындаған
кезде сақтанушыға қолдау көрсету бойынша кепіл болып табылады.

Дамыған сақтандыру нарығының белсенді институционалдық құрылымы
ретінде сақтандыру агенттері мен брокерлер болады.Сақтандыру агенттігі
жүктелген өкілеттілікке сәйкес, сақтан.дыру ұйымының тапсырысы бойынша және
сақтандыру келісім-шартын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын
жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру ұйымынан алынған өкілеттіктер шегінде
ұйымның атынан сақтандыру агентімен жасалған сақтандыру келісім-шарты оның
қабыдланған міндеттемелері, оның өзі қабылдаған сияқты сақтандыру ұйымымен
орындалады.Сақтандыру брокерінің қызметін сақтандыру және қайта сақтандыру
сұрақтары бойынша кеңес берушілік қызметті және өз атынан және сақтанушының
тапсырысымен сақтандыру келісім-шартын немесе өз атынан тапсырысы бойынша
қайта сақтандыру келісім-шартын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге
асыратын заңды тұлға.

Сызба - 2 Қаржылық ұйым мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу бойынша
ҚР Агенентігі

Брокерлік қызметін, брокерлердің құқықтары мен міндеттерін
лицензиялау процедурасы кез-келген мемлекеттің заңымен жазылған. Сақтандыру
брокерінің жұмыскерлері мен құрушылары бір уақытта сақтандыру ұйымында
лауазымды иелене алмайды. Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі
туралы Заңымен сақтандыру ұйымы мен оның жұмыскерлерінің және сонымен
қатар, сақтандыру брокері болмайтын бейрезидент емес-ұйымдардың сақтандыру
брокерінің қызметіне немесе қалыптасуына қатысуға тыйым салынады. Сонымен
қатар, республика аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент емес
сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктерін алуға тыйым салынады.

Алғашқы рет Қазақстанның заңдық тәжиребесінде актуарлық қызмет
түсінігі енгізілді. Актуарии сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен
төлем қабілеттілігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында
сақтандыру және қайта сақтандыру келісім-шарттары бойынша міндеттемелердің
мөлшерін экономикалық математикалық есптеулерімен байланысты қызметті
жүзеге асыратын жеке тұлға. Актуарийдің негізгі міндеті болып, өзіне
алынған міндеттемелерді орындаудың кепілдігін қамтамасыз ету үшін
жеткілікті деңгейде компанияның төлем қабілеттілігі қолдау бойынша
ұсыныстарды жасау табылады.

Актуарий қызметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен
берілген актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлға бола
алады. Актуарийдің қызметі сақтандырумен қамтамасыз ету үрдісінің барлық
құраушыларының мониторингін және сақтандыру алдындағы міндеттемелерге
қатысты сақтандыру ұйымдарының резервтерінің жеткіліктілігін периодты түрде
тексеруді қарастырады.

Сақтандыру нарығының кәсіпқор қатысушысы болып, өкілетті
мемлекеттік органның сәйкес лицензиясының негізінде сақтандыру және қайта
сақтандыру ұйымының аудиты бойынша қызметті жүзеге асыратын аудитор

немесе аудиторлық ұйым табылады. Сақтандыру қызметі туралы Заңға сәйкес
Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары жыл сайын өзінің қызметінің
аудитін жүргізуге міндетті. Оның нәтижесі Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкіне ұсыналады. Міндетті сыртқы аудиттен басқа, сақтандыру ұйымы заң
бойынша өзінің құрылымында лицензиялауға жатпайтын ішкі аудит қызметі болуы
керек. Ішкі аудит компанияның ішкі саясатымен анықталады, сонымен қатар
өкілетті мемлекеттік органның талаптары ескеріледі.

Сақтанушылар бірлестігі ретінде қазақстандық қаржылық нарықтағы
жаңа қатысушы. Оның қызметі Сақтандыру қызметі туралы Заңмен және
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Өзара сақтандыру
реттеледі. Ол мүлікті және өзінің мүшелерінің басқа мүліктік мүдделерін
сақтандыруды жүзеге асырады және сақтандыру ұйымдары үшін орнатылған
талаптарға сәйкес қызмет атқаратын коммерциялық емес ұйым болып табылады
және белгілі бір тәуекелдерділікті сақтандыру үшін сақтандыру
компанияларының бірлестігі. Оның қызметі сақтандыру қағидасына негізделген.
Әрбір коипания пулға сақтандырылған тәуекелдерді өткізеді, пулмен жиналған
салымдардың белгілі бір үлесін алады және сондай үлесие шығындардың орнын
толтыру бойынша жауапкершілікті орындайды. Қазақстан Республикалық
сақтандыру энергетикалық, инвестициялық, жауапкершілік сияқты, ірі
тәуекелдерді сақтандыруды жүргізу үшін сақтандыру индустриясының дамуының
басында құрылды. Тұрғын үйдің иесі болып табылатын азаматтарға табиғи және
техногендік құбылыстармен пайда болған жылжымайтын мүліктің және
азаматтардың өздерінің өлімінен болған шығындардың кепілді орнын толтыру
мақсатында құрылды.

Кепілдендіру жүйесінің негізгі элементтерін сипаттау үшін салымдарды
сақтандырудың мақсаттарын анықтап алу қажет:
- қорланымдардың жинақталуын ынталандыру;
- банктік жүйені қаржылық құлдыраудан қорғау, банктік жүйе мен ақша
айналымының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- ұсақ салымшыларды тәуекелдерден әлеуметтік қорғау.
Кепілдендіру жүйесінің тиімді қызмет атқаруы үшін ол қаржылық
институттар жүйесіне тиісті түрде еніп, олармен өзара қарым қатынас орнатуы
және мемлекет тарапынан реттелуі тиіс. Кепілдендіру жүйесінің тиімді қызмет
атқаруына ықпал ететін факторлардың бірі – несиелік-қаржылық мекемелер
жүйесінің дамуы болып табылады. Несиелік-қаржылық ұйымдардың қызметі,
олардың тіркелуі, банкротқа ұшырау процедурасы әрқашан заңға сәйкес болуы
қажет. Сондай-ақ, несиелік-қаржылық ұйымдарды, банктерді қоса алғанда,
бақылау және қадағалау жүйесі тиімді қызмет атқаруы керек.

Сақтандыру жүйелері қызмет ететін барлық елдерде коммерциялық банктер
мұндай жүйелердің қызмет ету аясына енгізілген. Кейбір жағдайларда бұл тек
қана жеке меншік банктерге қатысты, себебі, мемлекеттік банктердің
салымшылары басқа тәсілдермен қорғалады. Кепілдендіру жүйелері сондай-ақ,
банктерге жатпайтын мемлекеттік емес несиелік-қаржылық мекемелердің әртүрлі
типтерін қамтиды. Сондай-ақ, бұл жинақтаумен айналысатын кооперативтік
несиелік ұйымдарға да қатысты (несиелік одақтар, ассоциациялар және т.б.).
Кейбір елдерде қаржылық мекемелердің бұл топтары үшін арнайы кепілдендіру
органдары мен жүйелері қалыптасқан (Германия, Австрия).

Әлемдік тәжірибеде банк салымдарын сақтандырудың міндетті және ерікті
нысандары қалыптасқан. Бірінші жағдайда барлық банктер жүйеге міндетті және
заңмен бекітілген тәртіпте қатысады. Көптеген дамыған елдер осы принципті
ұстанады, себебі көпжылдық тәжірибе көрсетіп отырғандай, кепілдендіру
жүйелері толығымен өзін ақтап отыр. Депозиттерді сақтандырудың міндетті
нысаны – АҚШ (Федералды Резервтік Жүйеге мүше – банктер үшін), Канада,
Ұлыбритания, Голландия, Жапония елдерінде қалыптасқан. Екінші жағдайда
әрбір банк жүйеге қатысу мәселесін өз бетімен шешеді. Бұл нысан Батыс
Европа континентальді елдерінің көбісінде, атап айтқанда, Франция,
Германия, Италия және т.б. елдерде қалыптасқан.

Салымшыларды қорғау жүйесін тиімді іске қосуда қаржыландыру мәселесі
үлкен орынды алып отырады. Барлық елдерде, кепілдендіру жүйесін құруда
қаржыландыру мәселесі көптеген қиындықтар, шиеленістер мен қарама-
қайшылықтар туғызады. Қалыпты банктік жүйелердің өзінде-ақ депозиттерді
сақтандыру біраз шығындармен байланысты, себебі бірқатар несиелік-қаржылық
мекемелердің құлдырауға ұшырауы статистикалық заңдылық болып табылады.
Құлдырау кезінде зиян шеккен азаматтарға өтемдерді төлеу, банктердің
банкротқа ұшырау және олардың төлемқабілеттілігін қолдап отырумен
байланысты шығындар үлкен мөлшерге дейін жетуі мүмкін. Кепілдендіру
жүйелеріне мемлекеттік қаражаттарды тартудың шарттары мен мөлшеріне қатысты
мәселе әрқашан орталықтандырылған болып табылады. Алайда, кез келген
жағдайда да қаржыландырудың негізгі көзі – жүйеге мүше–банктердің жарналары
болып табылады, ал мемлекеттік қаражаттар кепілдендіру жүйесін құруда
көбінесе резервке бағытталатын алғашқы салым ретінде сипатталады.

Халықаралық тәжірибеде депозиттерді сақтандыру жүйесін негізгі 2 түрге
жіктеу қалыптасқан (ХВҚ мамандарының жіктеуі бойынша) - айқын (формальді,
ашық) және айқын емес (формальді емес, жасырын). Депозиттерді сақтандырудың
айқын емес жүйесі ең алдымен, заңды жауапкершілікті қамтамасыз ететін
заңдылықтардың болмауымен; екіншіден, депозиторлардың талаптарын өтеу
ережелерінің болмауымен (төлем қабілетсіздігі жағдайында қаржылық көмек
селективті, яғни арнайы түрде жүргізіледі); үшіншіден, қаржылық көмек
көрсететін нақты қордың жоқтығымен сипатталады.

Депозиттерді сақтандырудың айқын емес жүйесінің артықшылықтары
мынадай: ірі және ұсақ салымшылардың теңдей, бірдей дәрежеде қорғалуы және
мемлекет үшін сақтандыру қорын қалыптастыру қажеттілігінің болмауы.

Қарастырылып отырған жүйенің басты кемшіліктері:

- банк санациясы жайлы шешім осы банктегі мемлекеттің қатысу үлесіне
байланысты қабылданады, жеке меншік банктерге қаржылық көмек
көрсетілмейді;
- банктік жүйенің өтімділігін қалпына келтіру шығындарының негізгі бөлігі
салық төлеушілерге жүктеледі;
- банктің банкроттығы жайлы шешімді үкіметтің өзі шығарады;
Жалпы бұл жүйеде көптеген күрделі мәселелер туындайды. Белгісіздік
факторы халықтың банктік жүйеге деген сенімін арттырмайды.

Депозиттерді сақтандырудың формальді жүйесі заңды түрде бекітілген
тәсілдер мен процедураларға, заңдар мен нормативтік актілерге (Конституция,
“Ұлттық Банк туралы” Заң, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметтер туралы” Заң т.б.) негізделеді. Әдетте мемлекет:

- сақтандыруға жататын депозиттер мен институттардың түрлерін;
- сақтандыру шегін (сақтандыру жарналары мен өтемдерінің шектерін);
- басқару мен қатысу құқығын;
- қаржыландыру тәртібін;
- төлем қабілетсіздігінің шарттарын;
- банк банкроттығының тәртібі мен процедурасын анықтайды.
Депозиттерді сақтандырудың айқын жүйесі анығырақ және сенімді болып
келеді.

Көптеген индустриалды дамыған мемлекеттер (Ұлыбритания, Франция,
Нидерланды, Италия т.б.) депозиттерді сақтандырудың формальді жүйесін 80
жж. бастап қолданып келеді. Кейбір мемлекеттер (Аргентина, Жаңа Зеландия)
салымшылар, менеджерлер мен банк иелерінің жауапкершілігін арттыру
мақсатымен банктер қызметтеріне қатаң стандарттар мен шектеулер енгізді.

Жалпы, депозиттерді кепілдендіру жүйесінің түрін анықтайтын басты
фактор мемлекеттің экономикалық даму деңгейі болып табылады: ақша-несие
жүйесінің даму деңгейі, мемлекеттік меншіктің үлесі т.б.

Банктік депозиттерді сақтандыру тәжірибесін талдау сақтандыру
жүйесінің 4 негізгі ұйымдастырушылық формасын бөліп көрсетеді:

Біріншісі, мемлекеттің 100% қатысуын білдіреді, мұнда басқару мен
қаржыландыруды мемлекет жүргізеді. Бұл нысан моральді тәуекелдің үлкен
үлесін қамтиды, себебі бір банктің банкротқа ұшырауы нәтижесінде пайда
болған шығындардың басқа банктерге ешқандай әсері жоқ.

Екінші - қоғамдық корпорациялармен басқарылатын және ішінара
банктермен қаржыландырылатын қорлар арқылы сақтандыру жүйесі.

Үшінші - банктермен, мемлекетпен басқарылатын және банктермен
қаржыландырылатын қорлар. Бұл аралас нысан сақтандыру жүйесінің меншікті
қаражаттарын қалыптастыру мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасайды, бірақ
басқа инвесторлар үшін тартымсыз болып келеді.

Төртінші - мемлекеттің қатысуынсыз, жеке басқарудағы жүйе. Ол
банктердің банкротқа ұшырау нәтижесінде пайда болатын шығындарды банктердің
өздеріне жүктейді, алайда егер шығындар шамадан тыс көп болса, онда
мемлекеттің қатысуы қарастырылады. Бұл нысан мемлекеттің жасырын қатысуын
білдіруі мүмкін.

Сақтандыру жүйесіне қатысу және басқару тәртібі әр елде әртүрлі болып
келеді. Мысалы, Нидерланды сақтандыру жүйесін басқару Орталық Банк
тарапынан жүзеге асырылады. Франция мен Швейцарияда басқарумен кәсіби
банктік ассоциациялар айналысады.

Кепілдендіру қорын мемлекет тарапынан қолдауға бағытталған шаралар
қордың қалыпты қызмет атқаруына және қордың банкроттығын болдырмауға
мемлекет мүдделі екендігін білдіреді.

Қордың банкротқа ұшырауы салымдарды кепілдендіру жүйесінің құлдырауын
білдіреді, ал ол өз кезегінде бүкіл банктік жүйеге кері әсерін тигізеді.
Қордың алдында тұрған мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, мемлекет
қорды ынталандыру және қолдау механизмдерін қалыптастыру керек.

Салымдарды кепілдендіру жүйелері үнемі, яғни жүйелі түрде төленіп
отыратын жарналар негізінде (қаржыландырылатын жүйе), сондай-ақ сақтық
оқиғасы орын алған кезде пайда болатын шығындарды қатысушылар, яғни мүше –
банктер тарапынан өтеу негізінде (қаржыландырылмайтын жүйе) құрылуы мүмкін.
Қаржыландырылатын жүйелер көбіне ережелерге негізделеді және
қаржыландырылмайтын жүйелерге қарағанда белгісіздік деңгейі төмен болып
келеді. Қаржыландырылмайтын жүйелерде сақтық қоры үнемі қолдап отырылмайды,
себебі сақтық жарналары өтелуге тиіс шығындар анықталған уақытта ғана
төленеді.

Атап өтетін жәйт, кепілдендіру жүйелерінің көбісі қаржыландыру
схемасына негізделген. Қаржыландыру жүйесінде қордың резервін толтырудың
негізгі көзі алғашқы және жүйелі (календарлық) жарналарды төлеу жолымен
жүзеге асатын, кепілдендіру жүйесіне мүше–банктердің қаражаттарын
шоғырландыру болып табылады. Кейбір елдерде банктер қажет уақытта қосымша
қаражаттарды салады. Банктердің жарналарының ставкалары келесі жағдайды
ескере отырып бекітілуі тиіс: салынған қаражаттардың сомасы мақсатты
деңгейде, яғни өтемдерді төлеумен байланысты мүмкін болатын міндеттемелерді
жабуға жеткілікті болуы тиіс. Жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерін
анықтаған кезде келесідей бірқатар мәселелерді шешу тиіс:

• банктердің алғашқы және жүйелі (календарлы) жарналарының мөлшерін
анықтау;
• жарналардың ставкалары және оларды өзгертумен байланысты кепілдендіру
органының құзыры;
• әрбір қатысушының қаржылық жағдайын және өзге де факторларды ескере
отырып жарналарды дифференциациялау;
• қажет уақытында қосымша жарналардың мөлшері мен шарттары және мұндай
шешімдерді тез қабылдау мүмкіндігі;
• қордың қаражаттарын орналастыру.
Салымдардың негізі нақты банктің ағымдағы мерзімде есепте тұрған
барлық депозиттері (АҚШ, Ұлыбритания, Германия) немесе сақтандырылған
депозиттер (Жапония, Испания, Турция) болып табылады. Депозиттердің негізі
ретінде жыл соңындағы барлық депозиттердің сомасы, олардың орташа шамалары,
сондай-ақ басқа да шамалар алынады.

Жарналардың ставкалары әртүрлі елдерде кеңінен ауытқиды: жылына 1,2%
Чилиден 0,008% Жапонияға дейін. Дамушы елдерде бұл көрсеткіш жоғары болып
келеді. Негізгі ставкалар әртүрлі себептерге байланысты түзетіліп және
өзгертіліп отыруы мүмкін. Аргентинада беделі өте жоғары банктер үшін 10%
мөлшерінде жеңілдік жасалады. Кейбір елдерде қордағы қаражаттар мақсатты
деңгейге жеткен кезде төленген жарналардың белгілі бір үлесі банктерге
қайтарылады немесе ағымдағы ставкалардың деңгейі төмендетіледі.

Қаржылық жағдайы әртүрлі банктердің жарналарын дифференциациялау –
қарама-қайшы процесс болып табылады. Бір жағынан, тұрақтылығы төмен және
тәуекелділігі жоғары банктер қаржылық жағдайы күдік туғызбайтын банктерге
қарағанда үлкен мөлшерде жарналар төлейді. Екінші жағынан, сенімсіз банк
үшін жоғары ставканы белгілеу тиімсіз фактор болып табылады, себебі банк
жоғары ставканы дер кезінде төлей алмауы мүмкін. Бұл салымдардың мұндай
банктен кетуін және нәтижесінде қаржылық құлдырауға алып келуі мүмкін.

Банктің банкротқа ұшырауы кезінде қор салымшылар алдында сақтық
өтемдерді төлеумен байланысты міндеттемелерді өзіне алады. Сөйтіп, сақтық
оқиға пайда болады. Қор көбінесе банктердің активтерін уақытша басқарып,
зиян шеккен салымшыларға өтемдерді төлеуді ұйымдастырады.

Алайда банктің экономикалық тұрақсыздығы жағдайында келесі мәселе
туындайды: банкті қалай құтқаруға болады, себебі оның банкротқа ұшырауы тек
қана салымшылардың алдындағы қарыздары емес, басқа да көптеген ірі
проблемаларды туғызуы мүмкін. Өйткені банктердің қызметі тек қана салым
қабылдаумен байланысты емес. Егер банктік қызметті жалпы алып қарасақ,
басқа банктік операциялардың ішінде салымшылармен жұмыс істеу барлық
көрсетілетін банктік қызметтердің шағын ғана бөлігін алатынын көреміз.
Сондықтан корпорацияны басқару органдары Орталық банкпен және құлдырауға
ұшырап отырған банкпен банкроттықтың алдын алуға бағытталған әртүрлі
шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, басқа да банктер конкурстық
негізде банкротқа ұшыраған банктің негізгі салымдарын өздеріне алады.
Конкурсты жеңіп алған банк банкроттың активтері мен пассивтерін иемденетін
контрагент болып танылады, сөйтіп сақтық қордың шығындары азаяды.

Негізінен, банкті аман алып қалу және барлық салымшылардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру – кепілдендіру жүйесінің негізгі мақсаты
болып табылады. Мұндай мақсатқа қол жеткізу Орталық банк тарапынан да,
мемлекет тарапынан да қолдауды қажет етеді.

Банктік депозиттерді сақтандырудың халықаралық тәжірибесі көрсетіп
отырғандай, бұл жүйе тек қана қалыпты және тиімді қызмет атқарып тұрған
жалпы жүйедегі бірнеше проблемалық банктерге қатысты ғана тиімді болады.
Ал, жүйелі банктік құлдырау кезінде сақтандыру қорының қаражаттары заңмен
бекітілген кепілдерді орындауға жеткіліксіз болуы мүмкін. Мысалы, мұндай
оқиға АҚШ және Норвегияда 80-ші және 90-шы жылдары банктік құлдырау кезінде
орын алған.

Кепілдендіру қорының резервінде қаражаттардың белгілі бір көлемі
жинақталған уақытта, оларды сақтау, орналастыру және шығындау мәселелері
шешілуі тиіс. Бұл қаражаттарды инвестициялау белгілі бір қиындық туғызады.
Әдетте Заңнамаларда инвестициялық салымдардың негізгі бағыттары
қарастырылады. Қордың мақсаттарына сай салынған қаражаттар бойынша алынатын
табыстылық – басты принцип емес, оларды орналастырудың сенімділігі және
өтімділігі маңыздырақ болып табылады. Инвестициялаудың бірнеше нақты заңды
бағыттары бар, солардың шегінен шығуға тыйым салынады.

Қор активтерінің бір бөлігі коммерциялық банктерге несиелерді беруге
және қаржылық көмек көрсетуге бағытталуы мүмкін. Алайда, бұл мақсаттарға
ресурстардың белгілі бір бөлігі ғана жұмсалуы мүмкін және мұндай салымдар
қысқамерзімді болуы керек: ссудалар уақытында өтеліп, банктердің акциялары
сатылуы тиіс.

Сақтандыру қорларына салымдардың классикалық нысаны мемлекеттік бағалы
қағаздар, әсіресе қысқамерзімді және оңай өткізілетін мемлекеттік бағалы
қағаздар болып табылады. Тағы бір жолы – қор қаражаттарын Орталық банкте
ашылатын шотта орналастыру. Дамушы елдердің басым бөлігі резерв
қаражаттарын шетел валютасында немесе экономикалық дамыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фискалдық саясаттың нұсқалары
Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні туралы ақпарат
Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi туралы
Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі
Қазақстан Республикасындағы салықтық реттеу мәселелері
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары
Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Бюджет - салық саясаты туралы
Пәндер