ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Ұлттық қауіпсіздік туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Ұлттық қауіпсіздік органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Ұлттық қауіпсіздік комитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі үшін оның ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы керек екенін дәлелдеді. Кез келген ел өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялауы үшін оның міндетті түрде белгілі бір территориясы, әскері, тілі, діні, мәдениеті болуы керек екені бәріне мәлім. Қауіпсіздік мәселесі жаңадан пайда болған ұғым емес. Ерте заманнан бастап өздерін озық елдер қатарына қосатын мемлекеттер халқының қауіпсіздігін алға тартып, үнемі елдің тыныштығын күзетіп, соған байланысты саясатын жүргізген.
Заман өте келе құралдардың жетілуі мен ақпарат жүйесінің дамуы қауіпсіздік мәселесін артқа сырып тастамады. Керісінше, заманның талаптарына сай ұлттық қауіпсіздік жүйелерін дамыту мемлекеттің дамуының негізгі алғышарты болып отыр.
Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.
Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында ғана болмайтынын біз түсінеміз.
Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз.
1. Закон Республики Казахстан от 15 марта 1999 года N 349-1"Казахстанская правда" от 19.03.99 г. N 53; Ведомости Парламента РК, 1999 г., N 4, ст. 102;
2. «Об органах национальной безопасности Республики Казахстан» Закон РК от 5 апреля 1999 г. N 360; от 21 марта 2002 г. N 309.
3. «О национальной безопасности Республики Казахстан»
4. 2007 жылғы 27 маусымда Астана қаласында ҚР ҰҚК Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының құрылғанына 15 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ғылыми зерттеулердің заманауи проблемалары мен көкейкесті бағыттары» деген тақырыпта ғылыми-теориялық конференция материалдары.
5. www.knb.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .3
1. ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Ұлттық қауіпсіздік туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Ұлттық қауіпсіздік органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Ұлттық қауіпсіздік комитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе

Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және
тұрақты өсуі үшін оның ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы
керек екенін дәлелдеді. Кез келген ел өзін тәуелсіз мемлекет ретінде
жариялауы үшін оның міндетті түрде белгілі бір территориясы, әскері, тілі,
діні, мәдениеті болуы керек екені бәріне мәлім. Қауіпсіздік мәселесі
жаңадан пайда болған ұғым емес. Ерте заманнан бастап өздерін озық елдер
қатарына қосатын мемлекеттер халқының қауіпсіздігін алға тартып, үнемі
елдің тыныштығын күзетіп, соған байланысты саясатын жүргізген.
Заман өте келе құралдардың жетілуі мен ақпарат жүйесінің дамуы
қауіпсіздік мәселесін артқа сырып тастамады. Керісінше, заманның
талаптарына сай ұлттық қауіпсіздік жүйелерін дамыту мемлекеттің дамуының
негізгі алғышарты болып отыр.
Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде
қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Егер біз өз
мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз
жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ.
Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы
жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының
стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы
болуға тиіс.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса,
онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз.
Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып
қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және
қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін
үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды
геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре
байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.
Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық
қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және
мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында ғана болмайтынын
біз түсінеміз.
Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз
күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-
қатынаста болуға тиіспіз.
Бізге деген ниеті теріс күш иесі өзінің, оны қолданбақ әрекетіне немесе
қатер төндіруіне қарсылық көрсетілетінін алдын ала білуі үшін біз әлемге
бірлігіміз бен тәуелсіздікке деген ерік-жігерімізді, азаматтығымыз бен
отансүйгіштігімізді паш етуте тиіспіз. Айқын азаматтық тұғырымыз
болмайынша, стратегияның тәуелсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа
элементтерін ойдағыдай іске асыру өте қиынға түседі.
Қорғаныс саясатымызға келетін болсақ, біздің бейбітшілік сүйгіш халық
екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз тікпейтініміз
баршаға аян болуға тиіс. Жеріміз де, мол қазынамыз да өзімізде жеткілікті,
ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз.
Бірақ біз басқа елдермен өзіміз қандай қарым-қатынаста болсақ,
Қазақстанға қатысты дәл сондай қарым-қатынасты талап етеміз және кез келген
тосын жағдайларға әзір тұрамыз.
Біздің дәуірімізде, әлемнің әскери егестен алыстауына орай бәсекелестік
әскери саладан саяси және экономикалық салаға ойыса бастады. Біз бұл
үрдістің бел алатынына сенеміз және бейбітшілік орнап, тату көршіліктің
қалыптасуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Сонымен қатар, біз Қазақстанның
өзінің экономикалық дамуына орай, дуниежүзілік экономикаға дәйекті енуі
елді әскери-саяси, экономикалық және конфессионалдық сипаттағы әр түрлі
аймақтық қақтығыстардың тосын иірімдеріне тартып әкетуі мүмкін екенін де
түсінуге тиіспіз.
Міне, сондықтан да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында сөзсіз
басымдық біздің сыртқы саяси қызметімізге және Қазақстанның өз
көршілерімен, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен өзара тиімді қарым-
қатынасының берік тұғырын қалыптастыруга беріледі.
Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуға тиіспіз.
Бұл міндетті біздің мемлекетімізде ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары атқарады

.

1. ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ
1.1. Ұлттық қауiпсiздiк туралы жалпы түсінік
  Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы - жеке адам мен азаматтардың
конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын, түпқазық
мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми
қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі.
Жалпы қабылданған тұжырым бойынша қауіпсіздік - белгілі бір нысанның
сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Мемлекеттің қорғана
білу жағдайы - оның әрқандай сәттегі қауіпсіздік деңгейі”. Осы қағидатқа
сүйене отырып қауіпсіздік екі түрге бөлінеді: қауіптің немесе әлдебір
сілкініс мүмкіндігінің социумға болжамдық тұрғыдан қатер төндірмеуі және
оның қауіп-қатерден анық қорғалуы, одан сытылып шығып, қарсы тұра білу
қабілеті.
Демек, ұлттық қауіпсіздіктің тұғырын ұлттық мүдде, қатер және одан
қорғану құрайды. Ұлттық қауіпсіздікке мынандай анықтама беруге болады
“ұлттық қауіпсіздік – азаматтардың қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар
мүддесінің ахуалы мен даму үрдістері. Сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен өмір
салтының анық және ықтимал қатерлерден қорғалу жағдайы. Сондықтан ұлттық
мүдде қалыптастырудың басты салалары мемлекет және азаматтық қоғам болып
табылады. Өз кезегінде бұл тұжырымнан ұлттық қауіпсіздіктің негізгі ішкі
саяси факторлары мен элементтерінің өзара байланысы келіп туады, себебі
стратегиялық тұрғыдан алғанда ел қауіпсіздігінің басым бағыттарының
құрылымы үш негізгі фактормен: жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің
қауіпсіздігімен белгіленеді.
Жеке адамның қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің кез-келген
концепциясының негізгі критериі, себебі қауіпсіздіктің негізгі нысандарына
ең алдымен, жеке адам қауіпсіздігі азаматтарға өмірлік маңызды
қажеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтық және имандылық
нормаларын, қоғамдық институттарды қалыптастыру түрінде жүз беріп отырмақ.
Олай болса ұлттық қауіпсіздік ұғымын ең алдымен қоғам мүшелерінің қалыпты
толыққанды өмір сүруіне, еркін дамып, өз мүмкіндіктерін аша білулеріне
қолайлы жағдай жасау деп түсіну керек.
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсiз
егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты болып табылады.
      Мемлекет өзіне тиесілі мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және
азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық
қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттарын белгiлейдi. Мемлекеттік
және халықаралық деңгейдегі қатынастарды орнатудағы қауіпсіздікті
қамтамасыз ету барысында мемлекетіміз мына салалардың қауіпсіздігіне басты
назар аударады:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi – елдiң ұлттық
мүдделерiнiң нақты және ықтимал қауiп-қатерден қорғалуының жай-күйi;
 Сыртқы қауiпсiздiк – Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерiнiң шет
мемлекеттер, шетелдiк ұйымдар мен азаматтар тарапынан туындайтын қауiп-
қатерден қорғалуының жай-күйi;
      Әскери қауiпсiздiк – Қазақстан Республикасының ел тәуелсiздiгi мен
аумақтық тұтастығына әскери сипатта төндiрiлетiн нақты және ықтимал қауiп-
қатер мен қол сұғушылықтан қорғалуының жай-күйi;
      Ақпараттық қауiпсiздiк – мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың, сондай-
ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделерi қорғалуының
жай-күйi;
      Қоғамдық қауiпсiздiк – Қазақстан азаматтары өмiрiнiң, денсаулығының
және игiлiгiнiң, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал
келтiре алатын ықтимал қауiптер мен қатерлерден саяси-құқықтық, рухани-
адамгершiлiк, әлеуметтiк қорғалуы;
      Экологиялық қауiпсiздiк – жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк
маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және
табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауiп-қатерден қорғалуының жай-күйi;
      Экономикалық қауiпсiздiк – Қазақстан Республикасы ұлттық
экономикасының оның тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсiздiгiне қатер
төндiретiн iшкi және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан
қорғалуының жай-күйi.      
      Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
келесідей принциптері анықталған:
1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
кезiнде заңдылықты сақтау;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiнiң бiр-бiрiне жедел
хабардар етiп отыруы және келiсiлген iс-қимыл жасауы;
    3) ұлттық қауiпсiздiктiң барлық түрлерiнiң бiрлiгi, өзара байланысы
және теңестiрiлгендiгi;
    4) саяси, экономикалық және ақпараттық шаралардың басымдығы;
    5) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi;
      6) ұлттық қауiпсiздiктi қорғау жөнiндегi iс-әрекеттiң күллi жиынтығын
iске асыруды бақылау болып табылады.
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi:
     1) ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп-қатердi болжау және анықтау;
     2) ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп-қатердiң алдын алу мен оны
залалсыздандыру жөнiндегi жедел және ұзақ мерзiмдi шаралар кешенiн әзiрлеп,
жүзеге асыру;
3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштердi құрып, әзiрлiкте
ұстау;
   4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жалпыға
бiрдей және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерi:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен
әскери құрамалары;
2) Ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, сыртқы барлау, әскери және  қаржы
полициясы органдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi,
салық және кеден қызметтерi, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою
қызметтерi жатады.
     

1.2.Ұлттық қауіпсіздік органдары

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары – Қазақстан
Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің басым бөлігі болып
табылатын және оларға берілген құзыреттің шегінде тұлға және қоғамның
қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекет егемендігін, аумақтық
тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және елдің қорғаныс әлеуетін
қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей
бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік органдар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін
төмендегілер құрайды:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына
кіретін департаменттер және өзге құрылымдық бөлімшелер;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстардағы, республикалық деңгейдегі
қаланың және Республика елордасының аумақтық органдары мен оларға бағынатын
қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдер, бөлімшелер);
- қарсы барлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Барлау
қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы
бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге ұйымдар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі
заңдылық, дара басшылық, бәрінің заң алдында теңдігінің, адам және
азаматтың құқығы мен еркіндігін құрметтеу және сақтау, саяси партиялар және
өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметтерінен тәуелсіз болу қағидаттарында
құрылады.

Ұлттық қауіпсіздік органдары негізгі төрт бағыттарда өз қызметтерін
жүзеге асырады. Олар:
• Лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет ету:  
•  Ақпараттық қауіпсіздік:  
•  Экономикалық қауіпсіздік:  
•  Мемлекеттік шекара.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты -
Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас
бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке
адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын,
мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-
техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау ақпаратын iздеп табу;
3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ
жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан
келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және
тыю;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге,
тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және
өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;
5) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты заңдары
Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметі
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары
Құқық қорғау органдары жайында
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметі
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК)
Пәндер