Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және БАҚ-тағы көрінісі



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1.Қазақстанның ЕҚЫҰ.ға төрағалық етуі және БАҚ
1.2.ЕҚЫҰ.ға төрағалық ету: демократиялық құндылықтар және бұқаралық пікір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
ЕҚЫҰ – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын дүние жүзіндегі ең ірі аймақтық ұйым болып табылады. Бүгінде ұйымның құрамына кіретін Американың, Еуропаның және Орталық Азияның 56 мемлекетін олардың бәріне бірдей ортақ мақсаттары мен міндеттері, олардың құндылықтары біріктіреді. ЕҚЫҰ бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, адамның негізгі бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді басшылыққа ала отырып, қауіпсіздіктің айқындамасы ретінде мемлекеттердің шекараларының беріктігі мен қорғалуы, саяси және экономикалық тұрақтылық, қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен ұзақ жылдар бойы шұғылданып келеді. Осы 33 жылдың ішінде ұйым өзінің шын мәнісінде қауіпсіздік мәселелерімен кешенді айналысатындығын тәжірибеде көрсетіп отыр.
Ұйым 1973 жылы құрылған. Алғашқыда Еуропа мемлекеттерінің Шығыс мемлекеттерімен араласуымен жұмысын бастаған. Тұтастай алғанда ЕҚЫҰ қызметі жоғарыда аталған бағыт-бағдарлары қандай да бір қатынастар саласында адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Тікелей алғанда, бұл демократиялық институттар мен және адам құқықтары жөніндегі Бюроның (ДИАҚБ) қызметін қамтамасыз етеді. ЕҚЫҰ-ның бұл құрылымдық бөлімшесі халықаралық орган ретінде адам құқықтарының қамтамасыз етілуіне, демократияның дамуына және заң үстемдігінің орнауына ықпал етуге жауапты құрылым болып табылады. Адам құқықтарына деген құрмет демократиялық қоғамды дамытудың және тұрақтылықты сақтаудың маңызды шарты болып табылады. Азаматтар өз құқығын біліп және оларды қорғай алу үшін, білім деңгейін көтеріп, қоғамдық назарды адам құқық мәселесіне аударуы керек. Бұл жұмыстар білім беру жүйесі арқылы ғана емес басқа да құрылымдар арқылы жүзеге асады.
ЕҚЫҰ тұрақты төрағасының қыз¬метін бір жылға оның төрағалығына сайланған елдің сыртқы істер министрі атқарады. Жалпы, ЕҚЫҰ-да төрағаны қосып есептегенде барлығы сегіз институт бар. Олар: Жоғары деңгейдегі кездесулер, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Бас¬қару кеңесі, Тұрақты кеңес, Қауіпсіздік жөніндегі ықпалдастық форумы, Парла¬менттік Ассамблея және Бас хатшы.
Ұйымның негізгі құжаты 1975 жылы 1-тамызда Хельсинкиде қабылданған акт болып есептелінеді. Актіге АҚШ, Канада, Кеңес үкіметі және 33 мемлекет қол қойды. Құжатта 3 негізгі мәселе қаралады.
1. Еуропа мемлекетінің қауіпсіздігі.
2. Экономикалық, экологиялық дағдарысқа жол бермеу.
3. Гуманитарлық мәселелер яғни адам құқықтары туралы.
Хельсинкиде қабылданған Қорытынды Акті Шығыс пен Батыстың арасындағы ынтымақтастықтың дамуындағы аса маңызды кезең болып табылады. Бұл құжаттың маңыздылығы келешекке бағытталған мақсаттың декларациясы іспеттес.
1. Ахметова Л. Председательство Казахстана в ОБСЕ в 2010 году: опыт работы НПО южного региона страны – Алматы, 2009
2. Сотрудничество Республики Казахстан с ОБСЕ. – Алматы, 2007. – Б.58
3. Каражанов З. Казахстан претендует на председательство в ОБСЕ //www.iwpr.kz
4. А.Тұрапбайұлы. Ынтымақтастық тереңдей түседі //www.egemen.kz/
5. Б.Жусипов. Политика развития демократии как фактор безопасности Республики// Саясат.-2000.-апрель-май.-с.44
6. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты //www.akorda.kz/
7. К.И.Байзакова. ОБСЕ и Казахстан: формирование новой архитектуры безопасности //Analytic (Алматы. КИСИ.) 2008 №2. С.7-10;
8. Казахстан посетила делегация Тройки ОБСЕ //Панорама. 13.09.96
9. Жукеев Т., Касенова Н. Контуры азиатской безопасности //http://www.centrasia.ru/news
10. Қазақстанның сыртқы саясаты. http://portal.mfa.kz.news/2008
11. Государственная программа «Путь в Европу» на 2009-2010 годы (www.mfa.kz)
12. Утегенова А. Р. Казахстан и ОБСЕ: опыт сотрудничества // Казакстан в системе международных отношений. – Алматы: МОН РК, МИД РК, КазГу, 2001.С. 45- 49;
13. Шерьязданова К. Казахстан-ОБСЕ : приоритеты, проблемы, перспективы //Analytic . 2006.№5 с.7-9.
14. Ашимбаев М.С. К проблеме формирования системы региональной безопасности //Analytic . 2001.№1 с.8.
15. Токаев К. Выступление министра иностранных дел РК на 14-м заседании СМИД ОБСЕ, Брюссель, 4 декабря 2006г. (www.mfa.rus
16. Г.С.Байкушикова. ЕҚЫҰ-дың Орталық Азиядағы экологиялық өлшем саласындағы қызметі. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарынан. Алматы, 18 қараша 2008 жыл 162б.
17. Г.СҰлтанбаева. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі: қоғамдық пікір демократиялық құндылықтардың өлшемі ретінде. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарынан. Алматы, 18 қараша 2008ж. 253б.
18. Г.М.Смагулова. «ЕҚЫҰ қызметіндегі демократияландыру мәселелері аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ретінде». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарынан. Алматы, 18 қараша 2008 жыл 230б.
19. Б.З.Бюжеева «ЕҚЫҰ-ның қызметінің негізгі бағыттары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарынан. Алматы, 18 қараша 2008 жыл 178б

СІЛТЕМЕЛЕР
1. Е.Сахариев ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қазаққа не береді? немесе жеңу бар да, сол жеңісті сақтап қалу бар «Қазақстан – Заман» газеті 13 наурыз 2008 жыл.
2. Н.Байсары. Еуропаға жол: Елдің еңсесі мен екпіні «Алматы ақшамы» газеті 4 қазан 2008 жыл.
3. Е.Сахариев «Қазақстан және әлем. ЕҚЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық» «Қазақстан – Заман» газеті 12 наурыз 2009 жыл
4. Е.Сахариев «Қазақстан және әлем. ЕҚЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық» «Қазақстан – Заман» газеті 19 наурыз 2009 жыл
5. М.Жанысбаев «Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалық үштігінде» «Президент және халық» газеті 16 қаңтар 2009 жыл
6. С.Мұса «Қазақстан ұйымға төрағалық ететініне күмәнданса, осынша күш-жігер танытпас еді.» «Егемен Қазақстан» газеті 4 мамыр 2008 жыл.
7. Ә.Құланбай «Бейбітшілікті қамтамасыз етудегі жауаптылық» «Егемен Қазақстан» газеті 5 желтоқсан 2008 жыл
8. А.СТУББ-ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, Финляндия сыртқы істер министрі «Қазақстан ұйым аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуші негізгі мемлекет» «Егемен Қазақстан» газеті 28 маусым 2008 жыл
9. С.Әбдірахманов «Қысқы мәжілістің қомақты міндеттері» «Егемен Қазақстан» газеті 18 ақпан 2008 жыл.
10. С.Әбдірахманов «Еуропаға жол – Еуропада (ОБСЕ) таныстырылды» «Егемен Қазақстан» газеті 21 ақпан 2009 жыл.
11. Қ.Сұлтанов «Еуропаға жол-өркениетке жол» «Егемен Қазақстан» газеті 21 қаңтар 2009 жыл
12. Ж.Самрат. Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» «Егемен Қазақстан» газеті 22 мамыр 2009 жыл

ҚОСЫМШАЛАР
1. www.kz-todey.kz
2. www.gazeta.kz
3. www.continent.kz
4. www.regnum.ru
5. www.aif.ru
6. www.rian.ru
7. www.inosmi.ru
8. www.ng.ru
9. www.izwestia.ru
10. www.bizness-news.ru
11. www.inform.kz
12. www.interfax.kz
13. www.nomad.su
14. www.tarlan.kz

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және
БАҚ-тағы көрінісі

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1.Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және БАҚ
1.2.ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету: демократиялық құндылықтар және бұқаралық пікір
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 37
ІІІ. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...50
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .51
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 52

Кіріспе

ЕҚЫҰ – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын дүние жүзіндегі ең ірі
аймақтық ұйым болып табылады. Бүгінде ұйымның құрамына кіретін Американың,
Еуропаның және Орталық Азияның 56 мемлекетін олардың бәріне бірдей ортақ
мақсаттары мен міндеттері, олардың құндылықтары біріктіреді. ЕҚЫҰ
бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, адамның негізгі бостандықтары мен
құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді басшылыққа ала отырып,
қауіпсіздіктің айқындамасы ретінде мемлекеттердің шекараларының беріктігі
мен қорғалуы, саяси және экономикалық тұрақтылық, қоршаған ортаны қорғау
мәселелерімен ұзақ жылдар бойы шұғылданып келеді. Осы 33 жылдың ішінде ұйым
өзінің шын мәнісінде қауіпсіздік мәселелерімен кешенді айналысатындығын
тәжірибеде көрсетіп отыр.
Ұйым 1973 жылы құрылған. Алғашқыда Еуропа мемлекеттерінің Шығыс
мемлекеттерімен араласуымен жұмысын бастаған. Тұтастай алғанда ЕҚЫҰ қызметі
жоғарыда аталған бағыт-бағдарлары қандай да бір қатынастар саласында
адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Тікелей
алғанда, бұл демократиялық институттар мен және адам құқықтары жөніндегі
Бюроның (ДИАҚБ) қызметін қамтамасыз етеді. ЕҚЫҰ-ның бұл құрылымдық
бөлімшесі халықаралық орган ретінде адам құқықтарының қамтамасыз етілуіне,
демократияның дамуына және заң үстемдігінің орнауына ықпал етуге жауапты
құрылым болып табылады. Адам құқықтарына деген құрмет демократиялық қоғамды
дамытудың және тұрақтылықты сақтаудың маңызды шарты болып табылады.
Азаматтар өз құқығын біліп және оларды қорғай алу үшін, білім деңгейін
көтеріп, қоғамдық назарды адам құқық мәселесіне аударуы керек. Бұл жұмыстар
білім беру жүйесі арқылы ғана емес басқа да құрылымдар арқылы жүзеге асады.

ЕҚЫҰ тұрақты төрағасының қызметін бір жылға оның төрағалығына сайланған
елдің сыртқы істер министрі атқарады. Жалпы, ЕҚЫҰ-да төрағаны қосып
есептегенде барлығы сегіз институт бар. Олар: Жоғары деңгейдегі кездесулер,
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Басқару кеңесі, Тұрақты кеңес,
Қауіпсіздік жөніндегі ықпалдастық форумы, Парламенттік Ассамблея және Бас
хатшы.
Ұйымның негізгі құжаты 1975 жылы 1-тамызда Хельсинкиде қабылданған акт
болып есептелінеді. Актіге АҚШ, Канада, Кеңес үкіметі және 33 мемлекет қол
қойды. Құжатта 3 негізгі мәселе қаралады.
1. Еуропа мемлекетінің қауіпсіздігі.
2. Экономикалық, экологиялық дағдарысқа жол бермеу.
3. Гуманитарлық мәселелер яғни адам құқықтары туралы.
Хельсинкиде қабылданған Қорытынды Акті Шығыс пен Батыстың арасындағы
ынтымақтастықтың дамуындағы аса маңызды кезең болып табылады. Бұл құжаттың
маңыздылығы келешекке бағытталған мақсаттың декларациясы іспеттес.
ЕҚЫҰ шеңберінде қабылданған кодекстер, хартиялар және декларациялар
Еуропадағы бейбітшілік және ынтымақтастық қағидаларына бағытталған. Бірақта
бұл құжаттар бастапқы кезде ізгі ұсыныстар негізінде болды, оларды жүзеге
асыру механизмдері әлі анықталмаған тіпті жоқ болды. Еуропада өмір сүріп
жатқан қауіпсіздік құрылымның әр қайсысы континенттегі тұрақтылықты
қамтамасыз ету мәселесін шешуде жетекшілікке ұмтылды, қауіпсіздіктің басты
кепілі болуға тырысты. Соған қарамастан алдын алу дипломатиясының
бейбітшілікті орнату және оған қолдау көрсету сияқты дәстүрлі міндеттері
бүгінгі күнгі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастарда
қолдау табуда.
Ал енді ЕҚЫҰ-ның даму кезеңдеріне тоқталатын болсақ, бірінші кезең
-ЕҚЫК атауымен және қырғи қабақ соғыс кезінде басталды. Батыс пен Шығыс
өкілдерінің арасындағы өзара қатынас көпірі болды. Бұл ұйым мемлекетаралық
қатынас кеңістігін кеңейтті, оған ынтымақтастықтың жаңа салаларын енгізді,
оның ішінде ең маңыздысы адам құқы және қоршаған ортаны қорғау болды және
де Еуропадағы әскери шиеленістің бәсендеуіне өз үлесін қосты. 70-80 жылдары
ЕҚЫК Еуропалық континенттегі қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту рөлі
болды. 80 жылдардың аяғында кеңес хельсинкі қорытынды актісінің принциптары
құрылған жалпы Еуропалық қауіпсіздіктің әмбебап механизміне айналды. Екінші
кезең – ЕҚЫҰ-ның 90 жылдардағы қызметі. Бұл кезеңде институционалды базалар
құрылды, ЕҚЫҰ-ның бірінші, екінші, үшінші өлшемдеріне көңіл бөлінді. Ұйым
БҰҰ, НАТО, Еуропа кеңесімен, Еуропалық Одақпен, ТМД-мен тығыз қарым-қатынас
етті. Мұнда негізінен адам өлшеміне көңіл бөлінді. Үшінші кезең – 2000-2006
жылдар аралығында ЕҚЫҰ-ның қауіптерге жаңа институттар құру болды.
Бүгінгі күні ұйымның қызметінің формасы ретінде ЕҚЫҰ миссиялары және
сол басқа да аймақта орналасқан өкілеттіліктер болып табылады. ЕҚЫҰ-бойынша
олар саяси шешімдерді өмірге алып келетін мемлекеттерге бағытталады. Оның
қызметі формасы әртүрлі болуы мүмкін: миссия, бақылау топтары, көмек
көрсету топтары, орталық немесе кеңсе. Миссияның негізгі мақсаты – қақтығыс
жағдайын немесе өткен мәселені шешу болып табылады. ЕҚЫҰ басқа да
халықаралық ұйымдардан, еуропалық бюрократиядан төмен болғанмен, бірақ
олардың жұмысының негізі адам факторымен тығыз байланысты. Қақтығыстарды
шешу мәселесімен қатар қару-жараққа бақылау орнату, қарусыздандыру мәселесі
өзекті болып қалуда. Соңғы жылдары еуропалық аймақта, әлемдік масштабта
бірнеше маңызды құжаттар қабылданған. Химиялық қаруды өңдеуге, өндіруге,
сақтауға, қолдануға тыйым салған конвенциясы оның толықтай жойылуына түрткі
болды. Терроризммен күрес және бұл істі жою мәселесі ЕҚЫҰ-ның күн
тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Терроризммен күрес мәселесі 2001 жылы
желтоқсан айында Бухаресте өткізілген сыртқы істер министрлігінің
кездесуінде талқыланған. Осы мәселеге байланысты дискуссия 2002 жылы
Эшториялда жалғасын тапты және сол жылы ЕҚЫҰ-ның антитеррористік
ынтымақтастық хартиясы қабылданған еді, 2003 жылы Маастрихта ХХІ ғасырдағы
қауіпсіздік қауіптеріне қарсы және тұрақтылық стратегиясы қабылданған еді.

ЕҚЫҰ-ның антитеррористік бағыттағы жұмысы БҰҰ-ның терроризммен
күресіндегі 12 конвенциялық протоколымен бақыланады. Осы құжаттар тізімі:
1999 жылы халықаралық терроризмді қаржыландырумен күрес, 1997 жылы
халықаралық терроризм бомбасымен күрес, 1991 жылы жасырын жарылыс заттарды
табу туралы конвенциясы. Бұл ЕҚЫҰ механизмінің дамуына барынша әсерін
берері анық.
Ал енді Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастың даму барысына көз
жүгіртіп өтсек.
КСРО құлаған таңда Қазақстан Республикасы үшін егемен мемлекет ретінде
күн тәртібіндегі басты мәселе елімізді өзге беделді мемлекеттердің мойындау
қажеттілігі болатын. Сол себепті ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында
Қазақстан Республикасының басшылығы екі жақты байланыс орнатып қоюмен ғана
шектелмей, беделді халықаралық ұйымдарда да өзін тәуелсіз мемлекеттің өкілі
ретінде жариялау қажеттілігін ұғынды. Әсіресе, КСРО-дан мұраға қалған қару-
жарақтың басым бөлігінің елімізде орналасуы және жаңа демократиялық
үрдістердің қарқынды дамуымен экономикалық байланыстарының жаһандану үрдісі
жағдайында Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-да мүше мемлекетке айналуы аса маңызды
дипломатиялық қадамдардың бірі болды. Еліміз 1992 жылдан бері ЕҚЫҰ-ның
тұрақты мүшесі болып енді. Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның қарым-қатынастарын
бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. 1994-1997 жылдар, бұл – ықпалдасу
іргетасының қаланған кезеңі. Мұндағы елеулі оқиға 1995 жылы Вена қаласында
Қазақстанның тұрақты өкілдігінің ашылуы болды. Ал 1998 жылғы 2-3
желтоқсанда ЕҚЫҰ мен ҚР Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы
меморандумға қол қойылды. Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды. 2003 жылы
аталған меморандумға қатысты хаттамаға қол қою оң әсерін тигізгені анық.
2004 жылдың сәуір айында ЕҚЫҰ төрағасы – Болгарияның сыртқы істер министрі
Соломон Пасси келіп, оның сапары кезінде Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығының жаңа
басшысы И.Викки өз жұмысына кірісті.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы ниетін Қазақстан 2003 жылы білдірген
болатын. Осы ниетке Елбасының 2005 жылғы Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында атты Жолдауында баса мән
берілген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне 2005 жылы Қазан қаласында
ТМД басшыларының саммитінде қолдау көрсетілсе, ЕурАзЭҚ-тың 2006 жылғы тамыз
айындағы бейресми саммитінде сол кезде Ресей президенті болған В.Путин өз
елінің қолдайтынын мәлімдеген. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға мүше болып
қабылдануы, Қазақстанның 1975 жылғы Хельсинк қорытынды актісіне негізделген
жалпыеуропалық үрдерістерге еркін қатысуға, тәжірбие алмасуға деген
ұмтылысын көрсетеді.
Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетістіктерге қол
жеткізді. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы экономикалық жағдайға
қатысты, аймақтақтың нарықтық экономикаға өтуіне қатысты, экономикалық
реформалар жүргізу, адам құқықтарын қорғау, аймақтық қауіпсіздік
салаларында бірқатар семинарлар өткізді.
ЕҚЫҰ-мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік және
Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығын ашу жөнінде, Демократиялық институттар және адам
құқықтары жөніндегі бюросымен өзара түсіністік меморандумдары  қабылданды.
Өзара түсіністік меморандумына негізделіп, демократиялық институттар және
адам құқықтары жөніндегі бюросы 2003 жылдың ақпан айында қосымша хаттамаға
қол қойылды. Қазақстанда сайлау заңнамасын, соттық жүйені реформалау сияқты
жұмыстарды атқаруда.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы туралы шешім 2007 жылы 30 қарашада
Мадридтегі ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің Кеңсесінде қабылданған
болатын. Бұл жеңіс бір күндік оңай жолмен келмегені анық. Әрине, біздің
төрағалығымыз ұйымның өзіне де тиімді болмақ. Өйткені оның географиялық
кеңістігі ғана емес, Батыс пен Шығыс арасындағы үн қатысу алаңы да кеңейе
түсетіні анық. Біздің араласуымызбен ЕҚЫҰ енді ҰҚШҰ, ШЫҰ секілді өңірлік
беделді ұйымдармен де ынтымақтастық жасай алады. Осы жалдар ішінде
Қазақстан ел ішінде әлеуметтік-экономикалық реформалармен қатар, саяси
реформаларды ұштастыра жүргізе білді. Саяси реформалардың ішінде
Қазақстандағы демократияландыру процесі, саяси жүйедегі өзгерістер ерекше
назарға ілігеді. Демократиялық институттарды қалыптастыру мен дамытуды
мемлекеттік құрылымның негізгі ұстанымдарының бірі ретінде айқындаған
Қазақстан демократиялық құқықтар мен адам бостандықтар саласындағы маңызды
саналатын бірқатар халықаралық құжаттарды мойындады. Солардың ішіндегі
маңыздысы ЕҚЫҰ-гың 1990 жылы қабылданған Копенгаген құжаты. Бұл құжат
демократиялық тұрғыдағы сайлаулар стандартын анықтайды. Осы құжатқа сәйкес
ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірі ретінде Қазақстан сайлау жүйесі мен
заңнамасын жетілдіру бағытында үнемі жұмыс жүргізіліп келеді. Сайлау
жүйесін жетілдіруде Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар адам
құқықтарын бюросымен тығыз қарым-қатынас орнатты.
Орталық Азияның бір мемлекеті ретінде Қазақстан да 1998 жылы 23
маусымда ЕҚЫҰ-ның Орталығын құру туралы шешім қабылданған болатын. Орталық
өз жұмысын ресми түрде 1999 жылы бастады. Орталық негізгі міндеттерін
атқара отырып, қауіпсіздік мәселелері; экономика және экология; адам
құқықтары мен азаматтық қоғам; гендерлік теңдік мәселелері; сайлау барысы;
бұқаралық ақпарат құралдарының сөз бостандығы; ЕҚЫҰ институттарымен
ынтымақтастық; жергілікті серіктестерімен ынтымақтастық сияқты басым
бағыттар бойынша жұмыс істей бастады. Орталық жұмыс шеңберінде ЕҚЫҰ
Орталықтары ланкестікпен күрес және адам құқықтарын сақтау мәселелері
бойынша дөңгелек үстел отырыстарын өткізіп, сондай-ақ аймақтағы елдердің
құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу шараларын
ұйымдастырды. Алматыдағы ЕҚЫҰ-ның Орталығының жұмысының қоғамды
демократизациялану мен адам құқық саласындағы негізгі бағыттарының бірі
Қазақстандағы адам саудасымен күрес шарасына күш салуға деген қолдау ісі
саналады. ДИАҚБЕҚЫҰ-мен бірлесе отырып, Орталық Қазақстан үкіметіне адам
саудасымен күрес жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарын дайындауға және оны
қабылдауға көмек көрсетті.
Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезеңінде:
-Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтауға;
- ЕҚЫҰ-ның кеңістігіндегі қауіпсіздікті күшейтуге;
- Орталық Азияның барлық елдермен шаруашылық байланыстарды күшейтуге;
- Орталық Азия аймағындағы транспорттық-транзиттік байланысты дамытуға;
- Су және энергетикалық ресурстарды ұтымды қолдануға және осы бағыттардағы
жұмыстарды жүргізуде қауіпсіздікті қамтамасыз етуші негізгі мемлекет
ретінде өзін еуропалық деңгейде көрсетпекші. Осылайша Қазақстан төрағалық
барысында ЕҚЫҰ-ға ұлтаралық, дінаралық, тіларалық келісімінің үздік үлгісін
береді. Оған негіз де жоқ емес. Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің
екі бірдей съезін өткізіп, тәжірибе жинақтаған әлемдегі бірінші ел –
Қазақстан Республикасы екенін үлкен мақтанышпен айтуға болады.
Төрағалық мерзімі бір жыл, осы бір жылда не істеуге болады? Осы уақытқа
дейінгі халықаралық мәртебелі ұйымның бұрынғы ағысымен кете барамыз ба, жоқ
әлде оның жұмысын жандандыруға, ықпалдылығын күшейтуге әрекет жасаудың сәті
келе ме? Ол ең алдымен төраға болған мемлекеттің сапасына, қабілетіне,
ниетіне, мүмкіндігіне, беделіне, мемлекет атынан мемлекет тапсырмасымен
келіссөздер жүргізетін лауазымды қызметкерлердің білімділігіне,
біліктілігіне, еліміздің әлеуметтік қуатына, елдегі саяси-қоғамдық ахуалдың
сергек, ашық тыныштығына байланысты болары да белгілі. Ең бастысы – Төраға
болатын мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаттағы ұстанымына да көп мәселе
байланысты болмақ. Біздің ұлтымызға, қазаққа бұл сын. Дүниежүзілік
қоғамдастық алдында мемлекеттігіміздің де іргетасы, буыны қата қоймаған,
қабырғасы да халықаралық сараптама сынынан өтпек. Бұл – ірі тарихи кезең.
Мемлекет - ұлтымыздың көзқарашығындай сақтайтын қасиетті ең басты
құндылығы. Ұлтымыздың, мемлекет жұртшылығының әл-ауқатының күшейіп,
гүлденуі, өсіп-өркендеуі, мемлекеттігіміздің сақталуымен, нығаюымен тығыз
байланысты құбылыс.
Қазіргі кезде Қазақстанда 75 елшілік пен халықаралық ұйымдардың
өкілдіктері тіркелген. Елшіліктер қатары жыл өткен сайын Астанада көбейіп
келеді. Елбасы еліміздің экономикалық қоғамдық дамуындағы негізгі
басымдықтарға тоқтала кетіп, бүгінде көрініс беріп отырған қауіп-қатермен
бірлесіп күресудің ерекше маңыздылығына назар аударады. Осыған байланысты
қауіпсіздікті нығайтып, елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету маңызды
қадам болып саналады.
Ең бастысы ЕҚЫҰ-ға төарағалық Президент Н.Назарбаевтың ұсынған
стратегиялық жоспары болып табылатын әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
елу елдің қатарына кіру мақсатына қол жеткізуге жасалған талпыныс. Себебі
батыстың озық технологиясын танып-білуге деген мол мүмкіншіліктеріне де
жаңадан жол ашылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2008 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздің ЕҚЫҰ-да
төрағалығын атқаруына байланысты Еуропаға жол атты бағдарлама әзірлеу
туралы ұсынысы да Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тікелей қатысы
бар мақсат-міндеттерінің бірі болып табылады. Аталмыш бағдарлама
Қазақстанның көпвекторлы саясатының жалғасы ретінде көрініс тапты.

І. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және БАҚ.

Ресми Астана Мадридте өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымына мүше елдердің мәжілісінде көпке созылған 2010 жылы төрағалық ету
құқығына ие болды. Бұл өзінің сыртқы саясатын көпвекторлы бағытта жүргізіп
отырған Астана үшін үлкен дипломатиялық жеңіс еді.
Десе де, аталған жеңістің астарында саясат жатқаны жасырын емес
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету үшін АҚШ пен Батыс елдерінің бірқатар
талаптарын орындауға уәде беріп барып қана әлгі құқыққа ие болған-ды. Ол
талап, негізінен ЕҚЫҰ-ның басты қызыметтеріне ауыз салмауға әсіресе,
демократиялық бостандық істері жөніндегі Бюроның жұмысына (оны Ресей мүлде
қабылдамайды) араласпауға келіп саятын. Алдағы екі жыл ішінде енді Астанаға
көпвекторлы бағыт аясында малтығып қалмай, Еуроодақ пен АҚШ арасында
күрделі қарым қатынас желісін түзетуге тура келеді. Бірқарағанда, Еуропаға
үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, территориясы мұхиттың арғы жағында жатқан
АҚШ-тың бұл ұйым ісіне араласуға еш қатысы жоқ секілді. Бар гәп те осында
жатыр, өйткені, бүкіл Еуроазия құрлығына Еуропадағы одақтастары, әсіресе
Ұлыбритания мен Нато құрамына жаңадан кірген Шығыс Еуропа мемлекеттері
арқылы ықпал етіп, осы өңірдегі саясат тізгінін өз қолында ұстауға
тырысатын АҚШ үшін жер қашықтығы, қаржы шығыны бұйым емес. Төрағалықты қай
елге беру керектігі мәселесін созбақтамай беру арқылы АҚШ пен Еуроодақ
елдері аталған ұйымның құрлықтағы ықпалы мен беделін түсіріп-ақ жіберді,
бірақ, сонда да тоқтаған жоқ. Ол аз десеңіз, Қазақстанмен қабағы жарасып
отырғанына қарамастан, Астананың ЕҚЫҰ билігін қолына алуына табанды
қарсылық білдірген АҚШ пен Ұлыбритания болатын. Сондағы олардың Қазақстанға
таққан айыбы-елдің көптеген ішкі заңдарының ЕҚЫҰ талаптарына сай
келмейтіндігі мен елде демократиялық реформалардың белсенді түрде
жүргізілмейтіндігі, адам құқығын қорғаудың төмен деңгейде қалып
отырғандығы, сайлау заңнамаларының Батыс нормасына сай келмейтіндігі мен
жергілікті билік органдарын тікелей сайлау арқылы қамтамасыз ететін
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі және БАҚ заңдарының көп олқы тұстар
барлығы, оппозицияға қысым көрсетушілі, т.б осы тірізді көптеген саяси және
әлеуметтік шынайлыққа қатысты мәселелертін. АҚШ бастаған елдер Ақордадан
осыларды батыстық стандартқа сай өзгеруді талап еткен. Қолды кеудеге қойып
тұрып, шындықты бүркелемей тура айтар болсақ, осы тағылған кінәлардың
көпшілігі шынайы өмірде орын алып отырғанын мойындауға тиіспіз. Қол жеткен
жеңісті Еуроодақ және АҚШ елдерімен қарым-қатынасты нығайтып, әлемдік саяси
оқиғаларға араласу арқылы ел имиджін көтеруге пайдалануды ойлаған Астана
әлгі талаптарды орындауға сол себептен де амалсыз көнген-ті. Бірақ АҚШ
астаған Батыс елдерінің Ақордаға ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету құқығын тегін алып
бермеген дігі анық. Мұның қарымтасына олар кейінірек Астанадан да өздеріне
жақсылық жасауды талап етері сөзсіз. Ақорда бұған көнбесе, олар оған
ықпал ететін тетікті (инвестициялық, экономикалық, әлеуметтік, т.б.) іске
қосып, оның жүйкесін жұқартып бітері хақ Батыс елдерінің Астанаға жасаған
жақсылығын жем салған қармақты қақпан балықпен слыстыруға болады: жемді
қауы, тура табанданға жол тартуың, болмаса езуің жырылғанмен әйтеуір тірі
қалып, қармақтан сытылып кетуіңе болады. Халықаралық ұйымды басқаруға
ниетті Қазақстанды қармақтан шығармау үшін Батыс елдері қолдан келген айла-
шарғының бәрін істеп, қысқа тізгінде ұстағысы келеді. Еуропа елдерінің
бірқатар лауазымды шенеуніктері арасында (әсіресе қазір ЕҚЫҰ-да сыртқы
саясат басқармасын басқаратын Бенита Ферреро-Вальднер ханымда) Қазақстаның
қайда кетіп бара жатқанын бас сауғалап шет ел асып кеткен бұрынғы ел
премьер-министрі Әкежан Қажыгелдиннен артық білетін адам жоқ деп
есептейтіндер жетерлік. Кейбір Еуроодақ комиссарлары Әкежанның сөзіне
кәдімгідей ұйып сенеді. Солардың қайсыбірлері Қажыгелдиннің өздеріне
айтқан: Қазақстан президенті Н.Назарбаевқа қысым жасай беріңдер, ол
еуропалықтардың қандай қалауы болса оны өз еркімен орындата алады.,-деген
пікірін алға тартып, оны Қазақстан бойынша басты сарапшы санайтындықтарын
жасырмайды. Қазіргі уақытта ЕО комиссарлары Қазақстанның мінез-құлқын
бақылап, жинақталған деректер бойынша қорытынды баяндама дайындаумен
айналасып жатыр. Ол биылғы жылдың күз айларына дайын болып, ЕО-ның
Хельсинкиде өтетін сессиясында тыңдалмақ. Бұдан басқа ЕО аясында төтенше
тетік атты ұстаным да өте тиімді бағытта дамып жатыр. Ол бойынша егер
Еуропаның барлық елдері тарапынан қолдуға ие болмаса, әлгі төрағалық
қызымет басқа бір ел еншісіне берілуі тиіс. Еуроодақ елдері АҚШ-тың қас-
қабағын бағып, қолға беріп тұрған тізгінін қайта кері алып қоймаса, Астана
үшін ең ауыр соққы болмақ. Сондықтан, сөз жүзінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету
құқығына ие болғанымызбен, АҚШ қолдайтын Еуроодақ елдері мен Ресей
арасындағы республика үшін күрес енді басталатынын естен шығармаған жөн
дер едік. Алдағы екі жыл бойы осынау дипломатиялық майдан алаңында оқиға
әрі қарай қалай өрбиді, Қазақстанның шет ел алдындағы беделі мен имиджі
соған қарай қалыптасатын болады. АҚШ пен Батыс елдері Қазақстанға қаншама
достық пиғыл танытқанымен, біріншіден, оны бұрыңғы қалыптасып қалған
стереотип бойынша артта қалған, әлі толық демократиялық ел дәрежесіне
жетпеген мемлекет деп қабылдаса, екінші жағынан, әлемдік, еуропалық
рыноққа энергия қуатын тасымалдаушы (негізінен, мұнай өнімдері мен газ) мен
табиғи байлықтарды қоятын ресурсқа бай мемлекет ретінде таниды. Бірақ,
Вашингтон мен Брюссельдің Қазақстанды бүйрегі өркениетті Батыстан гөрі
Ресейге бұрып тұратын ел ретінде қабылдайтыны жасырын емес. Ол рас өйткені,
Қазақстанның аталған билікке таласқа түсіп, ақыры жеңіп шығуында Ресейдің
сіңірген еңбегі зор. Мәскеудің қолдауы да тегін емес, ондағы мақсаты билік
тізгінін ұстап отырған Қазақстанмен саяси салада тығыз байланыс орната
отырып, адам құқығын сақтау, сайлауға бақылау жасау, т.б.осы тәріздес
маңызды зор салалар бойынша ЕҚЫҰ-ның Ресейге қарсы пиғылын бәсеңдету.
Төраға орындағы сарапқа салынып, тышқан мен мысық ойыны жалғаса берсе,
Қазақстанның басты көзірі – энергетикалық карта болары сөзсіз. Ол үшін
энергия қуатын Еуропа елдеріне қою көлемін ұлғайтып, ел экономикасын
еуропалық компанияларды (әсіресе неміс пен француз компанияларын)
белсендірек тартса болғаны. Астана ЕҚЫҰ-ға төрағалық етсе, елдің ұлттық
экономикалық мүддесін қорғап, шикізат тасымалдайтын құбырларды салу бағытын
анықтау бойынша Ресей ықпалынан шығып, өз бетінше шешім қабылдайтын
еркіндікке қол жеткізуге мүмкіндік алар еді. Өйткені, халықаралық
деңгейдегі күн тәртібіне қойылатын мәселелерге ықпал етуде ЕҚЫҰ-ға
төрағалық етіп отырған елдің мәртебесі комиссарларының әрі қарай да
оппозицияға өкілдерімен кездесіп, Қазақстанды дипломатиялық қармақта
ұстап, Астанаға ЕО-ға берген уәделерін орындауын сұрап қысым көрсетудіңі
жалғастыра беруі мүмкін. Үлкен еуропалық ойынға араласқан екен, енді
Астанаға кері шегінер жер қалған жоқ.Ол үшін Ақордаға табиғи және қолдан
жасалған жасанды кедергілердің бәрін жеңіп, дипломатиялық кемені алға
қарай жүргізе беруі керек болады. Бұл бағыттағы жеңісіне ел басшыларының
ішкі-сыртқы тілеулестердің берген кеңестеріне қалай құлақ түріп, оны қалай
орындауына тікелей байланысты болмақ. Саясатта ұсақ-түйек болмайды:
өйткені, оның артында үлкен саясат, яғни ел мен ұлттың мүддесі тұрады. Ал
елдік мүдде жолындағы күресте жеңіске қандай жолмен қол жеткізгенің есепке
алынбайды, ең бастысы–жеңсең болғаны. Ендеше бұл жолғы дипломатиялық күрес
те Қазақстан үшін маңызы зор үлкен сын екені мен ықпалы әрқашан зор,
ақиқат. Сыннан сүрінбей өтсек қалай болғанда да, еуропалық болғаны,
әйтеуір ...
Сауалнама
ЕҚЫҰ төрағалығы тізгінін қолға алудан Қазақстанға келер қандай пайда бар?
Әлде, сол қызыметке бекер ұмтылып отырмызба?
Герольд Бельгер, жазушы:
Төрағалық тек жалаң саясат болмаса болғаны.
-Бұл кең ауқымды тақырып. Менің пайымдауымша, ЕҚЫҰ төріне отыруымыз сөз
жоқ, әжептәуір табыс. Біз бүкіл дүние жүзіне, бүкіл Еуропа халқына
Қазақстанның кім екенін танытатын боламыз. Бұл-мәселенін бір жағы. Екінші
жағы, қарапайым халыққа мұның пайдасы бар ма, жоқ па? Әлде бұл тек құрғақ,
жалаң саясат па? Бұл саясаттың ар жағында не тұр? Менің түсінігімде, біз
үлкен табысқа жетуін жеттік-ау, бірақ енді сол төрде отырып не істейміз? Не
айтамыз? Немен мақтанамыз? Осы жағы меніңше, қазір билікті ойландырып
тастаған сияқты.
Лұқпан Сыздықов, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың оқу-тәрбие жөніндегі
проректоры:
Ел ішіндегі демократиялық процестерді жеделдетеді.

-Біріншіден, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етсек, еліміздің әлемдік деңгейде аты шығып,
абыройының артуына әлемдегі қалған мемлекеттермен тереземіз тең болып,
үзеңгілес жүруімізге, айбынымыздың көтерілуіне тигізетін ықпалы бар. Осы
тұрғыдан, оны үлкен абырой деп есептеймін. Екіншіден, ЕҚЫҰ-ға басшы болу-ел
ішіндегі демократиялық процестердің дұрыс арнаға түсуіне жәрдемдеседі деген
сөз. Жауапкершілікті мойынға алып, халықаралық аренада көрінгендіктен,
үнемі жақсы болу керек қой. Баспасөз бен сайлауға байланысты заңның
бекітілуі, тағы бір шешімін таппаған міселелерді шешу қажет.
Мұқанбет-Шәріп Кенжебай, ҚазҰАУ-дің доценті:
- ЕҚЫҰ-ға төрағалық етсек, көппартиялық жүйеге көшу керек.
-ЕҚЫҰ-ға кіру бізге не береді десек, ең біріншіден, әлемдік ортаға танылуға
мүмкіндік береді. Себебі, ұйымға төраға болған кезде ЕҚЫҰ бізді таниды.
Екіншіден, біздің тауар айналымымызды халықаралық деңгейде көтеруге
мүмкіндік туады. Үшіншіден, Отан атты бір ғана партия жұмыс атқарса,
төрағалық етсе, бізде 2-3 жүйе қалыптасады. Егер ЕҚЫҰ-ға төрағалық етсек,
бір партиялық жүйені қойып, көп партиялық жүйеге көшу керек. Бір партиялық
жүйеде дамымайды да, алға ілгерлеу болмайды. Төрағалық етсек, 2-3 партиялық
жүйеге түсуімізге тура келеді. Бұл өзімізге пайда. Себебі, ынтымақтастық
ұйым деген бір жақты ұғымға құрылмаған. Ол жерде үш мәселе қатар қаралуы
тиіс: бірінші тауар жағынан, екінші саясат жағынан, үшінші елімізді таныту
жағынан.
Еуропаға жол. Елдің еңсесі мен екпіні
Биылғы жолдау қазақстандықтардың тұрмысы анағұрлы жақсарғанын анықтап
бере алады. Ал бұл дегеніміз мемлекетіміздің сыртқы және ішкі саясатының
қалай жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Қазақстанның басынан өткізген
тәжірибесі әлеуметтік-экономикалық саладағы жүргізілген реформалар халықтың
тұрмыс деңгейін көтерілгенде, жалпы қауіпсіздік деңгейінің өскеніне өзінің
бағасын толық ала алатынын көрсетіп отыр. Сыртқы саясаттың сипаты ретінде
Елбасы Еуропаға жол деп атлатын арнаулы бағдарламаны жасау қажеттігін
атап көрсетті. Мұның негізгі мақсаттары да анықталған:
- экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту;
- басқару жүйесіне тиімді технологияларды тарту;
-еліміздің ЕҚЫҰ-да төрағалық етуіндегі өзіндік стратегиялық мұратын анықтау
және осы реттегі заңдарды жетілдіру.
Бұл міндеттер кең масштабты қамтып отыр. Оның үстіне Қазақстанның
халықаралық аренада танылуының жаңа деңгейін нақты сипаттайды.
Біздің Еуропаға жол сала бастағанымыз Тәуелсіздік алған кезден
басталатыны түсінікті және қазіргі белестегі нақты нәтижелерімізді
көрсетіп бере алады. Бұл дегеніміз –Еуроодақпен, Нато-мен, ЕҚЫҰ-мен
әріптестігіміз, оның ішінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық
ететіні тағы бар.
Нәтиже жаман емес, бірақ алдағы жұмыс бұдан да көп болуы керек,
сондықтан біздің Еуропаға жол салуымыздың нақтылығы қажет екені күн
тәртібінде тұр. Посткеңестік кеңістікте біз не Еуоодақ пен НАТО-ға
кіруімізді бақылап отыруымыз қажет (мұндай жолды Балтық жағалауындағы елдер
мен Шығыс Еуропа таңдап отыр), немесе осы ұйымдарға, Грузия мен Украинаның
саясаткерлері мәлімдеп жатқанындай, тезірек мүше болуға ұмтылу қажет,
немесе дистанция сақтаған, аса сабырлы әріптестік (мәселен, Батыспен
Ресейдің арасындағы қарым-қатынас) керек. [2]
Қазақстанға өзінің геосаяси аумағына орай Батыстағы әріптестермен басқа
негізде байланыс жасауға тура келіп тұр. Келешекте еліміз үшін Еуроодаққа
және НАТО-ға мүше болу мәселесі керектігі күн тәртібінде тұрған жоқ, бірақ
өзара пайдалы негізде жемісті, конструктивті әріптестікті орнату біздің
мемлекет үшін аса өзекті процесс болып отыр.
Қазақстан саясаты әу баста геосаяси факторларды есепке алу, жақын
көршілеріміздің позициясын аңғару ретімен құрылғаны рас. Және 17 жылдың
ішіндегі уақыт кезеңі мұның дұрыс екенін дәлелдеп те берді. Қазақстан
халықаралық дамыған елдер мойындаған жаңа белеске шықты. Бұл деңгей бізге
жаңа жауапкершілікті де артып отыр. Қазақстан аймақтағы өлшемде ғана емес,
Еуразия құрылығындағы масштабта ауқымды жұмыс істеуге тиіс. Ел президенті
біздің Еуропаға жол бағдарламамызда негізгі тармақтарды атап берген
болатын, оның ішінде көлік-коммуникация байланысы саласында өзара пайдалы
жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ энергетика және ресурстарды сақтау
мәселелері бар. Мұндай жобалар жасалған,олар сараптамашылар мен билік
құрылымдарының әр түрі дәрежесінде жан-жақты талқылаудан өткен. Енді
бұларды жүзеге асыратын уақыт келді. Серпінді озық жоба бойынша
инвестицияық бағдаламалар прагматикалық көзқарас негізінде барынша
талғаммен таңдап алынуы қажет. Халықтың күнделікті тіршілігінде бұқаралық
масштабта жаңа технологияларды енгізу тәжірбиесі өзін ақтай алады деп
ойлаймыз. Бұл ретте шағын жел стансалары өңдіретін, электр қуатын
пайдаланатын немістің фермелері ме ұсақ өңдірушілерінің, сондай-ақ
Испаниядағы күн батареяларын пайдаланатын шағын және орта бизнес
кәсіпкерлерінің тәжірбиесін елімізге жаппай енгізу тәжірибесі өзін ақтайды
деп сенеміз. Германияның федералдық үкімет және жергілікті билік
дәрежесіндегі тиімді кешенді энергетикалық саясатына көңіл бөлу қажет,
өйткені онда энергияны сақтайтын бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.
Шалғай аудандарда электр тасымалын жасауда және жоғары вольтты
құрылғыларының тозуы кезінде неміс және испан тәжірбиесі өте қажет болатыны
анықталып отыр. Энергтикалық ресурстарда жаңа кәсіпорындарының жаппай өсіп
келе жатқан тұтыну қажетілігін жабу үшін, сондай-ақ еліміздің уран
ресурстарының өңдіруде дүние жүзі екінші Х орынға шығуын есепке ала отырып,
атом қуатын дамытудың француздық тәжірибесін пайдалану да керек болып тұр.
Жаңа бастамаларды кең масштабта қолдана отырып, біздің экономиканың дамуына
жаңа импульс беруге болады. Бұл-бірінші тармақ қатарында.
Енді екінші тармаққа келейік. Еліміздің экономикалық дамуы қазіргі
нормативтік–құқықтық базаға да, мемлекеттік басқарудың тиімділігіне де,
бақылаушы құрылымдар қызыметінің айқындылығына да тығыз байланысты.
Еліміздің саяси жүйесін одан әрі дамыту орталықта және жер-жерде биліктің
өкілеттілігін қажетті талапта бөліп беруге тәуелді. Заңды сақтау үшін жалпы
нормативті сауаттылығының деңгейі жергілікті және аудандық проблемаларды
шешу процесінде арынша жоғарылай береді. Батыс елдері демократиясындағы
биліктің, жергілікті, аудандық қызыметінің тәжірбиесі қазақстандықтарға да
аса қажет екенін уақыт көрсетіп отыр. Бақылаушы инвестицияларға мароториий
ғана қойып қоймай, олардың жұмысының стилін де өзгерту қажет. Олар күш
қолданушы орган болуды қойып, ең әуелі алдыңғы қатардағы жобаларды енгізуге
және дамытуға стимул бере алуға тиіс.
Халықаралық деңгейдегі танылудың жаңа белгісі Қазақстанға жаңа
жауапкершілік жүктейтінін жоғарыда айттық. Біздің еліміздің бастамалары осы
аймақтағы ең өзекті мәселелерге елдің назарын аудартып, қолдау тауып отыр
бұл дегеніміз - Аралдың экономикалық проблемасы, ауыз судың жетіспеушілігі,
аймақтың тұрақты дамуының проблемалары, дәстүрден тыс қауіп алдыңда
қауіпсіздік саласындағы әріптестіктер және т.б. Біздің аймақтағы СВМДА,
ОДКБ, ШЫҰ секілді құрылған ұйымдар өзінің әжептәуір күш-қуаты бар екенін
көрсетіп келеді. Алайда жаһандану процесі бір орында тұрмайды және оған
жауап ретінде әлемдік деңгейдегі жаңа бағдарламаларды жүзеге асыру
қажеттілігі күн сайын айқыналып келеді. Қазқстанның Энергия жеткізу
тұрақтылығының Еуразиялық пактісін, ЭСКАТО (БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа
арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы) шеңберінде жүзеге асырлып
жатқан Іс-қимылдың Алматылық бағдарламасын, Еуразия құрлығы масштабында
ұжымдық қауіпсіздік механизмін қалыптастыру бастамалары өзінің логикалық
нәтижесін беріп, әртүрлі саладағы ұжымдасу мен бірігу әрекеті бір арнаға
тоғысты.
Біздің Еуропаға жол салуымыз Азия бағытына қарай келе жатқан еуропалық
қозғалысқа бетпе-бет келмекші және өзара тиімді әріптестік үшін
конструктивті негіз бола алады. Бұл бағытта біздің жалғыз емес
екендігімізді атап өткен ләзім. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық
ету бастамасы өз аймағындағы көршілердің және ТМД елдерінің тарапынан
толық таңдау отыр.Бұл ЕҚЫҰ-ның өзіне мүше елдерінің ортақ мақсаттағы
проблемаларын шешіп беруге барынша назар салуға мүмкіндік берді және
олардың мүдделеріне жауап беретін бағдарламаларды жүзеге асыруға жол ашады.
Еуропалық Одақ Орталық Азия елдеріне қатысты 2007 жылы жаңа стратегиялық
әріптестікті қабылдады. Экономикалық, көлік, транзиттік және қауіпсіздік
аймақтың да мүддесіне жауап бере алады.
Қазақстанның ТМД;ШЫҰ;СВМДА секілді аймақтық ұйымдарда
төрағалық еткен тәжірбиесі бар екенін атап кеткен дұрыс. Ал оның Еуропа
қауіпсіздігі және ынтымақтастық ұйым ында төрағалық етуі көпқырлы
әріптестікті дамытудың жаңа мүмкіндігі. Әсіресе ЕҚЫҰ-ның, ШЫҰ;СВМДА;ОДКБ
секілді ұйымдардың қызыметін үйлестіру тәжірбиесі үшін қажет.
Ауғаныстандағы ішкі жағда, Иранның ядролық саясаты, аймақтың экономикалық
артта қалуы және кедейлік проблемалары туындатып отырған қауіпсіздік
мәселелерін толық шешу үшін аймақтағы барлық халықаралық субьектілердің
ұжымдық, біріккен күш-қуаты аса қажет.
Қазақстан осы ұйымның барлық үш өлшемі бойынша позитивті
тәжірбие жинақтап, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге біртіндеп келе жатыр. Осы ұйымға
мүше алғалы бері біздің ел ЕҚЫҰ-ның экономикалық жобаларын жүзеге асыруда
белсенді жұмыс істеп келеді.Бұл жобалардың мақсаты- шағын және орта
кәсіпорындарды нығайту жолымен экономикалық өсімге қолдау көрсетеді,
сыбайлас жемқорлықпен күрестегі шараларды жүзеге асыру, ресурстарды
сақтайтын және экологиялық өңдірістердің жаңа технологияларын енгізу болып
отыр. Ал қауіпсіздік саласына Қазақстан қауіпсіздіктің әскери-саяси өлшемі
мәселелеріне кеңінен назар тігіп отыр. Бұл ретте жанжалды реттестіру және
алдын алу механизмдері, мүше елдердің бірқатар міндеттемелері бар екенін
еске ала кеткен ләзім. Қазақстан СВМДА, ШЫҰ, ОДҚБ секілді ұйымдарды Еуропа
қауіпсіздігімен ынтымақтастық ұйымымен бір арнаға тоғыстыруға әзір.
Еліміздің гуманитарлық өлшем саласындағы еңбегі елдің назарын аудартып
отыр, бұл тұрғыда адам құқын толық сыйлауды, заңды сақтауды, демократиялық
құрылым прициптерін дамытуды жәнек діни, мәдени төзімділікке үндеуді
қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар да бар. ЕҚЫҰ-ның кепілдемесіне сәйкес
еліміздің Конститутцисына және сайлау заңнамасына бірқатар түзетулер
енгізілді, алдағы уақытта нормативтік-құқықтық база мен салық заңңамасына
өзгертулер енгізілмекші.
Қазақстан Еуропа Кеңесінде бақылаушы болуға талабы бар екенін жария
етті және жалпыға белгілі демократиялық стандарттар бағытында дамуын
жалғастыра береді. Өз кезегінде біздің еліміз этникаралық және
конфессиярлық өзара іс-қимыл саласында диалог жүргізу және бейбіт өмір
сүруді сақтау тәжірбиесімен бөлісуге әзір.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі стратегиясы біздің еліміздің
тәуелсіздік алғаннан бергі басшылыққа алып отырған әріптестік принциптерін
жалғастыруы деп қабылдаған жөн, оған сенімділік және қазіргі дүниежүзілік
және аймақтық процестерге өзара тиімділік негізінде барлық бағытта
конструктивті диалог жүргізу бағыты жатады.
Қазақстанның стратегиялық міндеті осыдан туындайды;
-Батыс пен Шығыстың екі қилы және тепе-тең мәдениеттерінің өркениетаралық
тікелей диалогын қалыптастыру;
-Еуразия кеңістігінде келіспеушіліктің тереңдемеуіне және күш көрсету
эскалациясына жол бермеу;
-Құрамына Ауғанстан, Иран, Пәкістан елдері бар аймақта гуманитарлық апаттың
алдын алу барысында барлық мүдделі жақтарды әріптестікке тарту.
Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалық ету бағдарламасының негізгі сәттері
Орталық Азия аймағындағы барлық үш өлшем бойынша осы ұйымның жұмысын
барынша бағыттау мүддесімен тоғысады. Міне, сондықтан да ел Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев алдағы жылдары жаһандық маңызы бар, халықаралық кең
масштабты бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет екендігін атап көрсетті.
Олардың қатарында 2009 жылы өтетін әлемдік және дәстүрлі дін басыларының
Үшінші құрылтайын өткізу, 2010 жылы Азиядағы сенім және қауіпсіздік өлшемі
бойынша Кеңес өткізу, 2009-20011жылдары ЕҚЫҰ-ның жетекші үштігіндегі жұмысы
және ең бастысы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жұмыстары тұр.
Қазақстан және әлем. ЕҚЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық
Еуропадағы ынтымақтастық тәжірбиесі мен қауіпсіздік жөніндегі қолданыстағы
Ұйымға сәйкес, Қазақстан 2010 жылға ЕҚЫҰ-ғы төрағалық етуші, 2009-2011
жылдар аралығында басқаратын Үштік елдер Ұйымына (өткен жылғы төрағадан,
қолданыстағы төрағадан және болашақтағы төрағадан тұратын) кіретін болады.
[3]
Осыған байланысты 2008 жылы аралығында Сыртқы істер министрлігімен
бірлесе мүдделі мемлекеттік органдармен тиісті дайындық жұмыстары
жүргізілді. Жылдың басында негізгі ұйымдастырушылық тұрғыдағы міндеттерді
орындауға байланысты СІМ алғашқы кезектегі жоспары бекітілді. Оның
тармақтарының бірқатары қазіргі күнге дейін орындалады.
Мемлекет басшысымен ЕҚЫҰ жанынан ҚР арнайы Тұрақты Өкілеттігін ашу
туралы Жарлыққа қол қойылды.
Үстіміздегі жылғы шілде айынан бастап СІМ орталық аппаратында төрағалық
аралығында мақсатты мамандырылған топтың (OSCE Task force-ЕҚЫҰ елдері
қатысушылары мен институттарымен құрылымдық қарым-қатынаста төрағалық ету)
қызыметтері жүктелген.ЕҚЫҰ бағыттарына жетекшілік ететін арнайы депертамент
жұмыс жасайды.
ҚР Үкіметінің қаулысымен кадр және басқа мәселелерді шешуге қосымша
қаражат бөлінді. Шаттық кестеге сәйкес жобалар бекітілді.
Кадрлық резервтерді қалыптастыру мәселеріне нақты көңіл бөлінуде. 2007-
2008 жылдарға арналған тағылымдама жоспарына сәйкес СІМ орталық және
шетелдегі аппараттарының қызыметкерлерін, сондай-ақ басқа мемлекеттік
органдардың кәсіби мамандардын қосқанда ертеректе ЕҚЫҰ-ғы төрағалық еткен
ұйымдарда, Хатшылықта және Еуропаның мамандырылған оқу орталықтарында 70-
адам мамандандырылған курстар мен мемлекттерге тағылымдамадан өтті.
2008 жыл ішкі саяси деңгейде Қазқстанның болашақта Үштік ЕҚЫҰ
жұмыстарына төрағалық етуі үлкен маңызы зор бірқатар оқиғалармен
белгіленді.
2008 жылғы 29 маусымнан 3 шілдеге дейінгі аралықта Астанада ЕҚЫҰ
Парламенттік Ассамблеясының 17 жылдық сессиясы өткізілді., оның жұмысына 50-
ден аса мемлекетен Еуропа, Азия және Америка, сондай-ақхалықаралық және
парламенттік ұйымдардан 500-ге жуық делегаттар қатысты.
Бұл шара ЕҚЫҰ шеңберінде біздің еліміздің беделін көтеруге және алдағы
уақытта парламентаралық диалогты кеңейтуге ықпал ететін маңызды бастаманың
бірі болды.
Сессияда өзіндік бөлімдері бар. ЕҚЫҰ шеңберінде транспаренттікке
қатысты, саяси, қауіпсіздік, экономикалық, ораған орта, демократия, адам
құқығы және гуманитарлық, ЕҚЫҰ келешектегі реформасы мен транспаренттігі,
ұйымдастырушылық жұмыстардағы парламентариялардың қатысуын кеңейту
жөніндегі мәселелерді қамтитын астаналық декларация қабылданды.
Сессия жұмысы барысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ: Тоқаев
Ассамблеясының Вице – президенті болып сайланды.
2008 жылғы маусым (Хельсинки) мен қырқүйекте (Нью-Иорк) қазіргі фин
төрағалығының бастамашылығымен құрылған Квинтет ЕҚЫҰ төраға елдер
(қазіргі Үштік құрамында (Испания, Финляндия, Греция) Қазақстан және
Литва) Сыртқы істер министрлігінің екі кездесуі өтті. Кездесу барысында
тараптар ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, сонымен қатар
Қазақстан мен басқа болашақ Ұйымның төрағаларының қызыметтеріне тәуелді
ұзақ мерзімді шешімдермен пікір алмасты. Атап өту қажет, Квинтеттің басты
мақсаттарының бірі – сабақтастық пен төрағалық басымдықтарының қарым-
қатынасын нығайту, сондай-ақ қойылған міндеттерді шешуде ұзақ мерзімді
жоспарлауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл идеяны қолдау ЕҚЫҰ жөніндегі
әріптестердің жоарғы бағасына ие болды. Контексте төрағалыққа дайындыққа
үстеміздегі жылғы 21-22 сәуірде Астанада ЕҚЫҰ Хатшылығы, ертеректе Ұйымға
төрағалық етуші елдер СІМ, еуропалық зерттеу және білім беру орталықтары
өкілдерінің қатысуымен ЕҚЫҰ бағытында дөңгелек үстел өткізілді.
Отырыс аясында ЕҚЫҰ мен оның институттарының қызыметтерін ұйымдастыру
қызыметтері, сондай-ақ қазіргі төрағалықтардың модальдік қолдануылын,
олардың ЕҚЫҰ негізгі құрылымдарымен қарым-қатынас мәселелері сөз болды.
Аталған шара практикалық аспектілерді жан-жақты зерделеу мен Ұйымға
басшылық қызыметтерінің орындалу барысындағы дайындықтары бойынша маңызды
болып есептеледі.
2008 жылғы 16 мамырда Астанада қазақстандық –ресейлік кеңестер
өткізілді, онда ЕҚЫҰ-да проблемалар мен ҚР келешектегі ЕҚЫҰ-ға төрағалық
ету контекстінде алдағы уақыттағы қол жеткізген келісімдер талқыланды.
Жалпы дайындық жұмыстардың негізгі міндеттері-Ұйымның басшысы ретінде
саясатты қалыптастыру, төрағалық етушінің нақты басымдықтарын анықтау,
қазіргі әлемдік орнығу, жағдайларының серпінді өзгеру есебінен мақсаттар
мен тәсілдерін бекіту болып табылады.
Мұндай жұмыстар мақсатты түрде жүргізіліп келеді. Оның аясында ҚР
мемлекеттік органдарымен кеңестер жүргізіледі, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің
Ұйымның күн тәртібіндегі түрлі мәселелер бойынша пікірлер ескеріледі,
елдегі және шет елдегі сараптамалық орталықтармен байланыс орнатылды.
Төрағалықтың басымдықтарын анықтау барысында Ұйым қызыметінің өзіндік
ерекшеліктерін, Қазақстан ықпал ете алатын геосаяси орналасу мен әлеуметтік-
экономикалық дамудың өзіндік ерекшеліктерін, сондай-ақ өңірлік факторларды
назарға алады.
Бүгінгі күнде алдын-алу негізінде жалпы басымдық бағыттар анықталады,
оның көп бөлігі Еуропаға жол бағдарламасында айтылған Үстіміздегі жылғы
1 қыркүйекте ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында баяндалған Мемлекет
басшысының тапсырмасына және ҚР ҚК тырыс хаттамасының 4-тармағы 3 –
тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Оңтүстік Осетия мен Абхазиядағы әскери
қақтығыс қорытындысы жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағын орындау
мақсатында Сыртқы әстер министрлігімен Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуін
нығайту бойынша ұсыныстары бар Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету
тұжырымдамасы құжаты әзірленді.
Қазақстан төрағалығының басымдылығы 2009 жыл бойы олардың әрі 2010 жылы
халықаралық тұсаукесер рәсімін өткізу мақсатында нақтыланатын болады.
Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту
үдерісі барысында өзінің және басқа да орталық өкілдерінің Қазақстанда және
шет елдерде өткен 26 іс-шараға қатысуын қамтамасыз етті. Оның ішінде, 3-
ЕҚЫҰ-ның әскери-саясат өлшеу қызыметі бойынша, 5-экономика-экологиялық
өлшеу бойынша, 6-гуманитарлық өлшеу бойынша және 12 өлшеу аралық мәселелер,
Ауғаныстан проблемасы және әскери емес қауіпсіздіктің мәні бойынша.
Жыл бойы ҚР ЕҚЫҰ-ның орталық органдарының жұмыс отырыстарында (100-ден
астам) қатысу үшін белсенді жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ 2008 жылғы 4-5
желтоқсан аралығындағы Хельсинкидегі ЕҚЫҰ қатысушы – мемлекеттердің Сыртқы
істер министрлігінің 16-шы Кеңесінде (21 құжат), тұрақты өткізілетін Үнемі
кеңестің отырыстарында (40 құжат) және ЕҚЫҰ қауіпсіздігі саласындағы
ынтымақтастық жөніндегі Форумында (15 құжат) қабылданған құжат жобаларын
әзірлеу бойынша болды.
Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық идеясы еуропалық нарықты
америкалық өнімдердің жаулап алуынан қорғау қажеттілігінен туындады.
1951жылы, Франция Германия, Бельгия, Нидерланд және Люксмбургтің тас көмір,
темір кенін өңдіретін және металлургия орталықтарына бақылау жасайтын
Еуропалық көмір және болат бірлестігі құрылды. 1957 жылы бұл бірлестікке
енетін елдер Еуропалық экономикалық одақ пен атом энергиясы жөнінде
Еуропалық Одақты құру туралы Рим келісіміне қол қойылды.
1960 жылдардың соңына қарай аталған үш ұйымның бірігуінен жаңа
ынтымақтастық тобы-Еуропалық қоғамдастық құрылды. Бұл келісім негізінде
одаққа енген елдер арасында кедендік шектеулер жойылып, үшінші топтағы
елдерге қатысты орта экономикалық саясат жүргізу және қаржы тауар, жұмыс
күшімен еркін араласатын ауыл шаруашылығы саласында ортақ саясатты ұстану
мен валюталық саяси одақ құру мақсаты көзделді. 1973 жылы бұл ұйымға
Ұлыбритания, Дания ,Ирландия ал 1981 жылы Грекия, 1986 жылы Испания,
Португлия, 1995 жылы Австрия, Швеция, Финляндия енді.
1991 жылы бірыңғай экономикалық валюталық және қаржылық кеңістік-
Еуропалық одақты құру туралы Маастрихт келісіміне қол қойылды. 1993 жылы 1
қарашадан бастап Еуропалық экономикалық одақ ресми түрде Еуропалық Одақ
(ЕО) деген атаққа ие болды. Осы жылдың 1 қаңтарынан Еуропаның сегіз елі
(ГФР, Франция, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Италия, Испания Португалия)
Шенген келісіміне қол қойылды. Оның негізінде осы келісімге қол қойылған
елдер аумағында шекаралар арқылы еркін өту, білім алу мен жұмыс істеуге
бірдей құқық берілуі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдеріне бірыңғай
талаптардың қойылуы жүзеге асырылды. 2001 жылдан бастап, бұл келісімге
Дания, Финляндия, Швеция, Исландия, Норвегия қосылды.
Қазақстан және әлем. ЕҚЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық
2008 жылғы 19 сәуірде ҚР Премьер министрінің өкімімен Бағдарлама және оны
іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын әзірлейтін Ведмствоарлық жұмыс
тобы құрылды. [4]
Бағдарлама 24 министрлік пен ведомстволармен әзірленді және Үкімет
қарауына енгізілді.
2008 жылы 29 тамызда Елбасы 2009-2011 жылдарға арналған Еуропаға жол
туралы Мемлекеттік Жарлығына қол қойылды.
Бағдарламаны Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазқстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі әзірледі. Аталған тапсырма 2008 жылғы 6 ақпандағы
жыл сайын Қазақстан халқына жолданатын Жолдауда айтылатын болатын. Өз
Жолдауында Қазақстан Президенті Еуропамен ынтымақтастықты дамытуға,
басқарудың технологияларын және тәжірбиесін тартуға, ЕҚЫҰ-да төрағалық
етудің заңнамасын жетілдіру және күн тәртібін әзірлеуге ықпал ететін
бағдарлама әзірленуінің қажеттілігі туралы айтқан болатын.
Бағдарламаның әзірлену қажеттілігі Қазақстанның ішкі дамуының өзекті
міндеттерінің шешілуімен, еуропалық бағыттағы басымдықтардың айқындалуымен,
тарихи қалыптасқан байланыстардың нығайтылуымен, интеграциялық және
инстиуционалды-құқықтық реформалар бойынша еуропалық тәжірбиеге ие болып,
технологиялық, энергетикалық, көліктік, сауда-экономикалық ынтымақтастықты
дамыту мақсатында әзірлегені туралы түсіндірілді.
2008 жылы 4 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен министрліктер мен
ведомоствалармен келісіліп, әзірленген Бағдарламаны іске асыру жөніндегі
Жоспар қабылданды. Жоспар 86 іс-шарадан тұрады, көпшілігі бюджеттен
қаржыландыратын болады. ( 8,2 млрд.теңге)
2008 жылы 14-15 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігінің мәжіліс залында ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Ж.С
Айтжановтың төрағалығымен сауда, инвеестиция, энергетика және көлік
жөніндегі Қазақстан Республикасы–Еуропалық одақ делегациясын Қазақстандағы
Еуропа Өкілдігінің Басшысы Норбер Жустен басқарды.
Өткізілген шараның мақсаты-Қазақстанның Еуропалық Одағымен сауда,
инвестиция, энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастық перспективасын
және ағымдағы мәселелерді талқылау болып табылады.
Отырыс жұмысында Қазақстан тарапынан – мүдделі мемлекеттік органдар мен
ұлттық компаниялардың өкілдері Еуропа тарапынан-Еуропа Одақ Кеңесі мен
Еуропалық Комссия өкілдері, сонымен қатар Қазақстанда аккредиттелген ЕО
мемлекеттеріне мүше болған елдердің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Тараптар Еуропа одағымен және Орталық Азия елдері
арасындағы Жаңа әріптестік стратегеясын іске асыру, Еуропа Одағымен екі
жақты сауданың дамуы, инвестициялық жағдай, Қазақстанға нарықтық
экономикасы бар мемлекет мәртебесін беру процесін жеделдету, Дүние жүзі
сауда ұйымына кіру жолмен әлемдік экономика бірігу туралы мәселелер
талқыланды. Қазақстан тарапынан ДСҰ-ға кіру жөніндегі ҚО-мен (НС) екіжақты
келіссөздердің аяқталуына үміт артады.
Сонымен қатар, отырыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОБСЕ ұйымының 1975-2010 дамуы және қызметі
Қазақстан және ЕҚЫҰ
Қазақстан жайлы
Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ЕҚЫҰ және Қазақстан арасындағы қарым-қатынас
Қазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы туралы ақпарат
Қазақстан және халықаралық ұйымдар туралы
Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығын қарастыру
Пәндер