Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы



1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
2.1.Орталық банк.. ақша.несие саясатының негізгі көзі.
2.2.Коммерциялық банктер, олардың қызметтері.
2.3.Қазақстан Республикасындағы екі деңгейлі банк жүйесі.
3.Қорытынды.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды леген сұраққа жауап іздестірейік. “Банк” деген ұғым итальян сөзі “bank”- орындық, “айырбас орындығы- айырбас орны” дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым алып сатуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі 13-14 ғғ. Вавилонда кездескен. Ал феодализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастараның ауқымы тарылып, тек 13-14 ғғ. сауданың кең өрістенуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
К.Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі...»(12; 348.)
Банк ісі–– қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен шұғылданып қана қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
1. Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
3. Ақша айналымын реттеу. Банк–– әр түрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік тұғызады.
4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражаттарымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттікчектерді, вексельдерді шығарумен де несиелеп отырады.
5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
6. Орындайтын айырықша қызметтеріне байланысты банкттер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк–- ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Оның негізгі мақсаты–– айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар–– ақша белгңсңн сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің- жоғары деңгейіндегі банк.
1. Банки и банковские операции: Учебник./ Под. ред. проф.Е.Ф.Жукова– М.: Банки и биржы, ЮНИТИ, 1998-471с.
2. Банки и банкиры Казахстана: Информационно-аналитический обзор. Спец.выпуск. Июнь 1999.-100с.
3. Банковский портфель, Т. 1-2, 3.-М.: Саминтек, 1994-1995.
4. Банковское дело/Под. ред. О.М. Лаврушина.- М.: Финансы и статистика, 1996.-478с.
5. Банковское дело: Учебник./ Под.ред.В.И. Колесникова, Л.П. Кроливицкой.-М.: Финансы и статистика, 1996.-478с.
6. Банковская реформа: поиск продолжается/ Под. ред. Б.И. Иришева.- Алма-Ата: Казахстан, 1989.-111с.
7. Вестник национального банка РК за 1999 г.№1,2. 2000.
8. Денежное обращение и кредит при капитализме: Учебник/Под. ред. Л.Н. Красавиной.-М.: Финансы и статистика, 1989.-365с.
9. Денежное обращение и кредит в СССР: Учебник/Под. ред. И.В. Левчука.-М.: Финансы и статистика, 1986.-205с.
10. Деньги, кредит, банки: Учебник для вузов/Под.ред. Е.Ф. Жукова.-М.: Банки и биржы, ЮНИТИ, 1999.-622с.
11. Маркс К., Энгельс Ф.Шығ. 2-басылым.25т.
12. Основы банковского менеджмента: Учебное пособие/Под. ред.О.И. Лаврушина.-М.: Инфра, 1995.-141с.
13. Русско-казахский толковый экономический словарь для предпринимателя.-Алматы: МЧП, 1993.-304с.
14. Усоскин В.М. Современные коммерческие банки.-М., 1994.-320с.
15. Шабанова Н.Н. Денежное обращение и кредит СССР: Учебник.- Ташкент, 1985.-304с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Тұран университеті

Экономика және Қаржы факультеті
1 курс ФЭФ-03-03
Сейсебаева Жанар

Экономикалық теория пәні бойынша
Курстық жұмыс тақырыбы:

Қазақстан Республикасының банк жүйесі

Жоспар:

1.Кіріспе.

2.Негізгі бөлім.

2.1.Орталық банк–– ақша-несие саясатының негізгі көзі.

2.2.Коммерциялық банктер, олардың қызметтері.

2.3.Қазақстан Республикасындағы екі деңгейлі банк жүйесі.

3.Қорытынды.

1. Кіріспе.

Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды леген сұраққа жауап
іздестірейік. “Банк” деген ұғым итальян сөзі “bank”- орындық, “айырбас
орындығы- айырбас орны” дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі,
мысалы, тұқым алып сатуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі 13-
14 ғғ. Вавилонда кездескен. Ал феодализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы
және несие қатынастараның ауқымы тарылып, тек 13-14 ғғ. сауданың кең
өрістенуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісінің орталығы Италия,
Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия
болған.
К.Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: Кәсіпкерліктің
ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың
ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта
жүргізіледі...(12; 348.)
Банк ісі–– қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен
шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген
операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын
ұйымдастырумен шұғылданып қана қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық
шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып
алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару
операциялары жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін
негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
1. Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз
капиталына айналдыру.
2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы
қағаздармен операция жүргізу.
3. Ақша айналымын реттеу. Банк–– әр түрлі шаруашылық субъектілерінің
төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі
арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге
мүмкіндік тұғызады.
4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша
бос ақша қаражаттарымен несиелеп қоймай, сонымен қатар
депозиттікчектерді, вексельдерді шығарумен де несиелеп отырады.
5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
6. Орындайтын айырықша қызметтеріне байланысты банкттер: эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк–- ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға)
құқы бар, әдетте, орталық банк. Оның негізгі мақсаты–– айналысқа ақша
бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар–– ақша белгңсңн сату және банк
жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол елдің екі деңгейлі
банк жүйесінің- жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекетте басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы
жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық,
инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер
клиенттерге кқрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап
үлгідегі банк.Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша
қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге
қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді
несиелейді.

2. Негізгі бөлім:
2.1.Орталық банк–- ақша-несие саясатының негізгі көзі.

Капитализмнің алғашқы даму сатысында коммерциялық банктер банкнота
шығаруды капитал жинақтаудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды. Дегенмен
несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерде
шоғырланды. Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық
банктердің банкнота шығаруының бір жерде орталықтануымен байланысты. 19ғ.
аяғында-20ғ. басында көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бір
эмиссиялық банкте шоғырланып, ол мемлекеттің несие жүйесінің түйіні ретінде
экономиканы реттеудің орталығы қызметін атқарады.
Орталық банктерді ұйыдастырудың жолдары. Тарихи Орталық банктер
капиталды меншіктеу жөнінен үш түрге бөлінеді:
- мемлекеттік орталық банктер, яғни олардың капиталы түгелінен
мемлекет меншігінде(мысалы, Англия, ГФР, Франция, Канада, Ресей);
- акционерлік қоғамдар(мысалы, АҚШ, Италия);
- аралас акционерлік қоғам, капиталының бір бөлігі мемлекет
меншігінде(Жапония, бельгия).
Кез келген орталық банктің міндеті–– ұлттық ақша өлшемінің төлем
қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулығын қамтамасыз ету, банк
жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен
сенімділігің қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк
негізінеен мынандай қызметтерді орындайды: банкноталарды монополиялы түрде
эмиссиялау; ақша-несиелік қатынастарды реттеу; сыртқы экономикалық
қатынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі.
Орталық банктің ең алғашқы қызметі – ежелден қалыптасқан мемлекеттің
өкілі ретінде заңды түрде – банкнота шығару. Ол – елде төлем
міндеттемелерін өтейтін, халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы.
Орталық банктің ақша-несиелік реттеу қызметі. Экономиканы ақша-несие
айналымына әсер ету жолымен реттеу – үкіметтің экономикалық саясатының
құрамдас элементі. Оның негізгі мақсаты экономикалық өсудің тұрақтылығына,
инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейіне және төлем балансының тепе-
теңдігіне қол жеткізу болып табылады.
Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі – ол орталық банктің
мемлекеттің валюталық саясатын жүргізетін және валюталық бақылау органы
болуы. Ол – ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу;
елдің ресми алтын валюта резервін басқару жөнінде операциялар жүргізу;
халықаралық есеп айырысу; төлем балансын реттеу; елдегі және одан тыс
жерлердегі валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау; болжамдарды
жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізуі.
Орталық банктің банктердің банкісі қызметі – ол орталық банктердің
кәсіпорынға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі, яғни орталық банктің
негізгі клиенті коммерциялық банктер болуы. Орталық банк коммерциялық
банктердің кассалық қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады. Бұл
қорлар банктік міндетті резерв қорлары деп аталады.
Көптеген елдерде орталық банктер банк жүйесінің сенімділігі мен
тұрақтылығын қолдау, несие берушілер мен ақша салушылардың мүдделерін
қорғау мақсатында банктердің жұмысын бақылап және қадағалап отырады.
Орталық банктер қадағалау мен бақылауды негізінен мынадай бағытта
жүргізеді:
- банктік қызмет түрлеріне лицензия беру;
- кейбір операция түрлерін (валюталық, қымбат металдармен) жүргізуге;
- банктер берген қаржылық есепті тексеру жіне талдау;
- клиенттерді ревизиялау;
- міндетті резервтердің нормативін және экономикалық нормативтердің
жүйесін белгілеу, сонымен бірге олардың орындалуын тексеру.
Орталық банктің үкімет банкісі қызметі. Үкіметтің банкирі ретінде
орталық банк оның әрі кассирі, әрі несие берушісі, әрі қаржылық қызметшісі.
Орталық банкте үкімет пен мемлекеттік органдарының есепшоттары ашылған.
Көптеген мемлекеттерде орталық банк мемлекеттік бюджеттің кассалық
орындалуын қамтамасыз етеді.
Қорыта айтқанда, орталық банктің атқаратын қызметтері бір-бірімен
тығыз байланысты. Мемлекет пен басқа банктерге несие берген кезде ол
несиелік айналым құралдарын шығарып, үкіметтік міндеттеме шығару және оны
өтеуде қарыз процентінің деңгейіне әсер етеді.
Орталық банктің ақша-несие саясаты деп оның айналымдағы ақша массасын,
несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз
капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-
шараларының жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты – ақша айналымы мен
несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық конъюнктурасын реттеу.
Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең
көп тараған түрлері төмендегідей:
- коммерциялық банктерге берілетін несиеге проценттік төлем мөлшерін
өзгерту(ресми есеп мөлшерін, қайтадан қаржыландыру мөлшерін,
ломбардтың мөлшерін);
- банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту;
- ашық нарықтағы операциялар, яғни вексельдерді, мемлекеттік
облигацияларды және басқа баңалы қағаздарды сату-сатып алу
операциялары;
- валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат.
Бұл айтылған ақша-несиелік реттеу әдістері барлық коммерциялық банктердің
операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен
жалпы реттеу әдісі д.а. Ал іріктеп тексеру әдісі (селективный метод) кейбір
несие түрлерін (мысалы, тұтыну несиесін) немесе кейбір шаруашылық салаларын
(мысалы, үй құрылысын) реттеуге қолданылуы мүмкін.
Іріктеп тексеру әдістеріне мыналар жатады:
- кейбір банктерге банктік несиенің мөлшерін немесе қарызды тікелей
шектеу;
- несиенің белгілі бір түрінің берілуіне тәртіп белгілеу, атап
айтқанда, маржа мөлшерін белгілеу, (яғни берілуге тиіс сома мен
берілген несиенің арасындағы айырма), депозиттер мөлшері мен несие
мөлшерінің арасындағы айырма (маржа – французша өзгешелік, шама
шегі деген сөз).
Орталық банктердің операциялары.
Орталық банк өз қызметтерін банктік пассив және актив операциялары арқылы
атқарады. Пассив операциясы деп банктердің өзіне ақша қаражатын тартып,
банктік ресурстар құру операцияларын, ал актив операциялары деп осы
қаражатты орналастыру операцияларын айтады.
Орталық банктің негізгі пассив операцияларына: банкнота эмиссиясы,
коммерциялық банктердің және мемлекеттік қазынашылықтың (қаржы
министірлігінің) ақша салымын қабылдауы, банктің өз капиталарын құру
операциялары жатады. Көп елдерде орталық бенктің ақша қорларының негізгі
көзі – банкнота шығару, яғни 40-тан 85 %-ке дейінгі пассив операциялары.
(23;241.)
Орталық банктің актив операцияларына негізінен: есеп-несие
операциялары, бағалы қағаздарға салымдары, алтын және шетел валютасымен
жүргізілетін операциялар жатады.

Коммерциялық банктер, олардың қызметтері.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны зор.
Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет
етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін
шоғырландырып, өз клиеттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу,
бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу- сату мен оларды сақтау және
басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі
буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты
клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа
түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері
клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие
мекемесі (Мысалы, Жапония банктері).
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен
көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады: Біріншіден, жарғылық
капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен ; Банктер акционерлік қоғам
немесе шетел капиталының, шетел банктерінің қатысуымен жауапкершілігі
шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.
Екіншіден, жүргізілетін операциялары жөнінен. Коммерциялық банктер әмбебап
және маманданған болып екіге бөлінеді.
Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен – банктер федералдық,
республикалық және аймақтық болып бөлінеді.
Төртіншіден, экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен –
салалық және салааралық болып бөлінеді.

Коммерциялық банктердің қызметтері.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
- ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
- несие беру;
- шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
- төлем құралдарын шығару;
- бағалы қағаздарды шығаруды және орналыстыруды ұйымдастыру;
- сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст
операциясын жүргізу);
- клиенттерге кеңес беру.

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға
бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (0аражатты орналыстыру);
комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және
сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с.
басқа да қаражаттарды тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және
оны ұлғайту операциялары. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив
операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын
жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
- салым қабылдау (депозиттер);
- клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент-банктерге) ашу және
оларды жүргізу;
- өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік
және жинақ сертификаттары);
- банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие
ресурстарынан;
- репо (кері сатып алу) операциялары;
- еуровалюталық несие алу.
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатымен орналыстыруын актив операциялары деп аталады.Олар
негізінен төрт топқа бөлінеді:
- несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік
портфелі қалыптасады;
- инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін
құрайды;
- кассалық және есептесу операциялары – банктің клиенттерге
көрсететін қызметтерінің бірі;
- басқа операциялар.
Банктердің несие беру операцияларына факторинг және лизинг операциялары
жатады. Факторинг деген өнімдерді сату процесінде контрагенттердің арасында
туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз тапсырысын банкке сату. Бұл
жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді талап ететін құқыққа ие болады.
Сонымен қатар банк клиенттің айналмалы капиталын несиелеп, оның несиелік
тәуекелін өзіне алады.
Лизинг операциясы деген жалдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге
машиналарды, жабдықтарды, қозғалмайтын мүліктерді және негізгі капиталдың
басқа элементтерін жалға бергенде жүргізілетін операциялар. Банктер лизинг
компанияларына несие беру арқылы лизинг операциясына қатысады. Банк лизинг
операциясын жүргізу арқылы клиенттің төлем қабілетсіздігінен туындайтын
шығын қаупін төмендетеді. Оған қоса, банк жалға берілетін мүлікке
амортизациялық төлемді енгізуі құқы бар. Ондай жағдайда сол мүліктен салық
төленбей, ол сома жабдық алуға жұмсалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасындағы екі деңгейлі банк жүйесін құру.

Кенес укiметi тусында Казакстан одақтас республикалардын бiрi болгандыктан
өнын дербес банк-несие жуйесi болган жок. Казакстан территориясында КСРО-
нын орталыктанган банк-несие жуй есiнiн филиалдары мен болiмшелерi кызмет
корсеттi. Сондыктан Казакстанда банк жуйесiнiн калыптасуы мен дамуы казан
тонкерiсiне дейiнгi патшалык Ресейдiн жане КСРО-нын банк жуйесiнiн
тарихымен тыгыз байланысты. (10; 569-575).

Қазакстанда банк жуйесiнiн калыптасуы.

1930 жылга дейiнгi1930-1987 жж. 1988-1990 жж. 1991 жылдан бастап
банк жуйесi (Одактык бiр (Одактык бiр дербес екi
денгейлi банк денгейлi денгейлi банк
жуйесi) маманданган жуйесi.
банктер жуйесi)

Ресей Мемлекеттiк 1. КСРО Мембанкi; 1. Банк жуйесiн 1. Егемен
банкi жане 2. КСРО кайта уйымдастыру:Казакстанда озiнiн
коптеген Мемлекеттiк КСРО Онеркасiп банк жуйесiнiн
несие-банк Курылыс банкi. банкi; КСРО Тургынкурылуы. Екi
мекемелерi. уй-алеуметтiк денгейлi банк
банкi; КСРО Жинак жуйесi – Улттык
банкi. банк жане
2. Жанадан коммерциялык
кооперативтiк жанебанктер.
коммерциялык
банктердiн курыла
бастауы.

Казакстан Республикасынын казiргi банк жуйесiнiн курылуы 1990 ж.
Желтоксанында КазКСР-нын Жогары Кенесi кабылдаган Банктер жане банк
кызметi туралы Занынан бастау алады. Занга сайкес республикада екi
денгейлi банк жуйесi курылды: жогары (бiрiншi) денгейдегi банк – КазКСР-нын
Мемлекеттiк банкi жане томенгi (екiншi) денгейдегi банк – коммерциялык
банктер жуйесi.
Банк – озiнiн жаргысы бар, толык шаруашылык есеп жане озiн-озi
каржыландыру негiзiнде кызмет жасайтын занды тулга. Ол акша каражатын
тарту, орналастыру жане баска банктiк операциялар жургiзетiн мекеме. КазКСР-
нын территориясында жинакталган несие ресурстары осы Зан шыккан куннен
бастап Республика меншiгi болып саналады.
Мемлекеттiк банк осы Зан бойынша кызмет аткарып, жер – жерлерде оз
мекемелерiн ашуга кукыгы бар. Казакстан зандарына сай Мемлекеттiк банк деп
(Орталык – Улттык банктен баска) капиталы толыгынан укiмет иелiгiнде,
немесе акционерлiк капиталдын басым болiгi мемлекеттiк курылтайшылардын
акциясы болганда есептеледi.
Коммерциялык банктер оздерiнiн акционерлер жиналысында кабылданган
Жаргысы бойынша кызмет iстейдi. Сонымен бiрге республика территориясында
шетел мекемелерiмен бiрiгiп курылган коммерциялык банктер кызмет iстеуi
мумкiн. Егер банктiн жаргылык капиталын калыптастырганда озiмiздiн
мемлекеттiк , ия болмаса мемлекеттiк емес курылымдары катанасса , онда
аралас банктiн турлерi деп есептеледi . Аралас банктер мынадай варианттарда
курылуы мумкiн : мемлекеттiк – жеке, мемлекеттiк – кооперативтiк , жеке –
кооперативтiк . Косылып курылган банктермен олардын филиалдарынын кызметi
Казахстан зандарымен реттеледi делiнген Занда.
Казакстан Республикасынын Орталык банкi елiмiз тауелсiздiк алганнан сон
КСРО Мембанкiнiн Республикалык Кенсесiнiн негiзiнде 1990 жылдын наурызынан
Казакстан Улттык банкi деп аталды. Ол республикадагы банк жуйесiнiн жогары
(бiрінші) денгейіндегі банк, оз кызметін Казакстан Республикасы
Президентінін 1995 ж. 30 наурыздагы “Казакстан Республикасынын Улттык банкі
туралы” Зан куші бар Жарлыгы бойынша жургізеді жане осы Жарлыкка сай
Президентке есеп береді. Сонымен катар Улттык банк оз кызметіне КР- нын
Конституциясын жане баска зандарды, халыкаралык шарттар мен келісімдерді
басшылыкка алады.
Улттык банк – занды тулга, дербес балансы бар, озіне тікелей
багынатын томенгі болімшелерімен бірге тіке багыныстагы біртутас
орталыктандырылган курылым, іс-арекетін толык шаруашылык есеп негізінде
жургізеді. Турлі салык жинаудан, баж салыгын жане кеден салыгын толеуден
босатылады. Ол республиканын кез келген жерінде жане одан тыс жерлерде
озінін баскармасын жане баска да болімшелерін ашуга кукыгы бар. Оз жумысын
укіметпен келісіп, унемі кенесіп жургізеді. Укімет Улттык банктін
міндеттемелері бойынша жауапты емес, дал сол сиякты, егер озіне белгілі бір
жауапкершілік алмаса, УБ-теукіметтін міндеттемелері бойынша жауапты емес.
Улттык банктін негізгі міндеті – улттык валютанын ішкі, сырткы
турлаулыгын камтамасыз ету. Сондыктан ол:
- акша айналымы, несие, банктік есеп айырбасу мен валюталык
катынастарды уйымдастырады;
- акша, несие, банк жуйелерінін туракты кызметін камтамасыз ету;
- несие берушілер мен салымшылардын, сондай-ак шетел валютасын сатып
алу- сату, айырбастау операцияларын жургізетін банктік жане баска
уйымдардын муддесін коргау, олардын жумысын бакылау сиякты
мемлекеттін экономикалык саясатын жургізеді.
Улттык банктін міндеті онын аткаратын кызметтері аркылы орындалады:
1. КР- да мемлекеттік акша-несие саясатын жургізу;
2. КР-да колданылатын банкнота, монетаны(тенге мен тиынды) эмиссиялау;
3. Банктердін банкісі кызметін аткару;
4. кызметін аткару;
5. Банктердін ісін бакылау, кадагалау кызметі;
6. Валюталык реттеу, валюталык бакылау кызметі;
7. Елдін алтын валюталык корларын баскару кызметі.
Улттык банк оз шыгындарын оз каражатымен отейді. Онын оз каражаты:
жаргылык, резерв капиталынан, кайта багалау шоттары жане арнайы
ровизияларынан (резервтерінен) курылады. УБ-тін жаргылык капиталы 20 млрд.
Тенгеден калыптасады. Жаргылык капитал мемлекеттік бюджеттен болінген
каржыдан, мемлекет берген негізгі кордын кунынан жане Улттык банктін алган
пайдасынан курылады. Резерв капиталы жаргылык капиталы молшерінен турады.
Таза табысы асебінен толтырып, жургізілген операциялар бойынша шыгындарды
отеуге жумсалады.
Улттык банктін каржылык жылдагы таза табысы онын іс жузінде алган
кірістері мен осы жылгы шыгын арасындагы айырмага тен. Шыгынга шыгарылып
тасталган куманді борыштар, активтердін, онын ішінде айналымга
шыгарылган банкноталар мен монеталардын амортизациясы (тозуы) косылады.
Табыс жаргылык, резерв капиталын калыптастыруга жумсалып, калган болігі
келесі каржы жылынын республикалык бюджетіне жіберіледі.
Улттык банктін баскарушы органы болып Баскарма жане директорлар
Кенесі (Директорат) саналады. Онын жогары органы – Баскарма, ол 9 адамнан
турады. Оган УБ-тін торагасы, бес лауазымды адамы жане Президенттен бір,
Республика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Банк қызметінің құрылу және тоқтатылу тәртібі
Қазақстандағы банктік жүйе
Банктік бақылау мен қадағалаудың түсінігі,түрлері
Тұтынушылық несиелендіру проблемалары мен жетілдіру жолдары
Банктік қызметтің мәні
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму жолдары
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО
Тұтынушылық несие
Вексельдер мен операциялар есебі және банктік карточкалармен есеп айырысу есебі
Пәндер