Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы



КІРІСПЕ
1.тарау.Концепт . когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
1.1. Когнитивтік тіл біліміндегі концепт мәселесі және оның зерттелуі
1.2. Лингвистикалық когнитивизм және жүрек, жан концептілерінің танымдық бейнесі

2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі жүрек, жан концептілерінің құрылымдық жүйелену ерекшеліктері
2.1. «жүрек/heart» және «жан/soul» концептілерінің ішкі және сыртқы құрылымдық жүйесі
2.2. «жүрек/heart» және «жан/soul» концептілерінің лексика. семантикалық топтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі жылдары тіл білімінде қазақ тілін генетикалық және типологиялық жағынан туыстығы жоқ тілдермен салыстыра-салғастыра зерттеу мәселесі кеңінен өріс алып келеді. Сондықтан да соңғы онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда.
Проф.Э.Д.Сулейменова тілдік таңбаның мағыналық, мазмұндық мәні арқылы ақиқат дүниені тану жағын қарастырса, Н.Ж.Жарқынбекова адамзаттың этноментальды дүниесінің тіл арқылы берілуін көрсетеді. Сонымен қатар ғалым Қ.Жаманбаева эмоция, гештальт-құрылым түріндегі концептілердің көрінісін талдайды. Г.Г.Гиздатов сөз әрекетіндегі когнитивтік модельдердің типологиясын, С.Сүгірбекова прозадағы концептілердің тілдік көрінісін, М.Күштаева жеке лексемалар арқылы концепт мазмұнының берілуін, Г.Снасапова “Ұлпан” романындағы концептілердің ұлттық-мәдени компоненттерін, С.Жапақов эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік сипатын, Ш.Елемесова байырғы ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуін, Н.Аитова түр-түс атауларының когнитивтік семантикасын, А.Сыбанбаева концептуалдық метафоралардың табиғатын, Ж.Уматова жан/душа концептісін талдау үлгісін, Ж.Б.Саткенова көркем шығармадағы кейіпкер тілінің когнитивтік мәнін, тілдік тұлға мәселесін тереңінен зерттеп, айқындап берді.
Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады.
Біздің елімізде қазақ тілі мен орыс тілін салғастыра зерттеуге арналған еңбектер құрылымы әр түрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеудің үлгісі болды. Қазіргі Қазақстан тіл білімінде енді-енді ғана бой көтеріп, кейінгі жылдары ғана тұсауы кесілген саланың бірі-қазақ және герман тілдерінің фразеологизмдерін кешенді түрде тіл біліміндегі жаңа бағыттардың ұстанымдарына сүйене отырып зерттеу. Түркі-герман, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерін салыстыра-салғастыра зерттеу кейінгі уақытта ғана қолға алына бастағандықтан, әлі де болса шешімін таппаған талай мәселелер, міндеттер баршылық. Осындай тың, қиын, өзекті мәселелердің бірі – қазақ және ағылшын тілдеріндегі концептілерді зерттеу болып саналады. Өйткені мәтіндік талдаулар жасау арқылы сол тілдің мәдениетін, танымын, талғамын анықтаймыз. Сондықтан да концепт ұғымын зерттеу, зерделеу қызықты, әрі маңызды. Ал біз қарастырып отырған «жүрек/heart» және «жан/soul» концептілерінің ағылшын-қазақ тілдеріндегі салыстырмалы талдаудың нәтижесі де зор болмақ. Яғни, мәдени аралық байланыс арқылы әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері мен айырмашылықтарына кеңінен тоқталатын боламыз.
1. Султангубиева, А.А. Тілдік бейнедегі жүрек концептінің көрінісі (қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша) : фил. ғыл. канд.дис. автореф. Алматы, 2009.- 24, [5] б.
2. Уматова Ж.М. Концепты душа/жан как лингвокультурологический феномен [Текст] : автореф. дисс. канд. филол. наук.Алматы, 2005.-24,с.
3. Кубрякова Е.С. Части речи с когнитивной точки зрееия. М. ИЯ. РАН., 1997,
4. Кравченко А.В. Когнитивная лингвистика и новая эпистемология// Известия РАН СЛЯ. 2001,том 60,№5.
5. Серебренников Б.А., Кубрякова Е.С., Постовалова В.И., и др. Роль человеческого фактора в языке: язык и картина мира, - Москва, 1998.
6. Звегинцев В.А. Мысли о лингвистике. М.: МГУ, 1996.
7. Гиздатов Г.Г. Типология идинамика когнитивных моделей в речевой деятельности “Дисс” док филол. Наук. – Алматы., 1999.
8. Выготский Л.С. Мышление и речь // Собр. Соч. В6-ти.т. том 2. Москва, 1982.
9. Сулейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. Алматы, 1989.
10. Кибрик А.А. Когнитивные исследования по дискурсу. Вопросы языкознания. 1994. №5.
11. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным. №4.
12. Артюнова Н.Д. Образ/ опыт концептуального анализа // Референция и проблемы текстоборудавания. М., 1988.
13. Мороховский А.Н. “Культурные” и “некультурные” слова // Концептуальный анализ: методы, результаты, перспективы. Тезисы конференции. М., 1990.
14. Вежбицкая А. Язык, Культура. Познание. М., 1996.
15. Аскольдов-Алексеев С.А. концепт ислово // Русская речь. Новая серия. Вып І І. Л., 1986.
16. Лихачев Д.С. Концептосфера русского языка // Известия РАН. Серия, лит.и яз., 1993., №1.
17. Рябцева Н.К. “Вопрос” прототипическое значения концепта //Логический анализ языка. Культурные концепты М., 1991.
18. Бабушкин А.П. Типы концептов в лексико- фразеологическиий семантике языка их личностная и национальная специфика. Дисс... док. Филол. Наук. Воронеж, 1998.
19. Павиленис Р.И. Проблемы смысла; Современный логико-функциональный анализ языка. М.. 1983.
20. Уматова Ж.М. Национально-культурное своеобразие концепта «душа» // Язык, перевод исовременные обучения языкам: материалы межд.научн-конф.- Алматы, 2002.
21. Кеңесбаева У. Ағылшын халқының мақал-мәтелдері. Алматы, 2004.
22. Словарь английских пословиц и фразеологических выражений. –Смоленск: Русич, 2001.
23. Колесов В.В. Концепт культуры: образ-понятие-символ // Вестник С-Петербургского университета, Сер 2, Вып. 3, 1992.
24. Султангубиева А.А. «Жүрек» сөзінің семантикалық өрісі (Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі «жүрек» концептісі бойынша). ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №3, 2008.
25. Султангубиева А.А. Концептінің поэзиядағы бейнесі (Қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша) // Тілді және әдебиетті оқыту тәжірибесі мен теориясы: Халықаралық ғылыми-теор. конф. матер.// Алматы, 2008. – 188-193
26. Степанов Ю.С. Константы. Словарь русской литературы. Опыт исследования. М., Наука, 1993.
27. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т.—Алматы: Ғылым, 1979
28. 500 ағылшын мақал мәтелдері. Алматы: «Көшпенділер» баспасы, 2003.
29. А.С.Аманжолов, Ш.Б.Арынғазина. Қазақша етістікті фразеологизмдер сөздігі. Алматы, 2003. – 518б.
30. Ларин Б.А. Эстетика и слова и язык писателя. – Л., 1974. - С. 47.
31. Маслова В.А. Лингвокультурология /Учебное пособие для студентов высш. учебн. зав. – М.: Академия, 2001. - 208 с.
32. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. - Алматы: Мектеп, 1967. – 288 б.
33. Исаева Ж. Дүниенің паремиологиялық бейнесі: филол. ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 2007. - 127 б.
34. Жиренов С. ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын-жырау поэзиясындағы «Өмір-Өлім» концептісінің танымдық табиғаты: филол. ғыл. канд. ... дисс. - Алматы, 2007. - 171 б.
35. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы: Рауан, 1991.-211б.

36. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. -304 б.
37. Жаманбаева К. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері. – Алматы: Ғылым, 1998. - 140 б.

Сөздіктер
1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т.—Алматы: Ғылым, 1979
2. А.С.Аманжолов, Ш.Б.Арынғазина. Қазақша етістікті фразеологизмдер сөздігі. Алматы, 2003. – 518б.
3. 500 ағылшын мақал мәтелдері. Алматы: «Көшпенділер» баспасы, 2003.
4. Словарь английских пословиц и фразеологических выражений. –Смоленск: Русич, 2001.
5. Кеңесбаева У. Ағылшын халқының мақал-мәтелдері. Сөздік. Алматы, 2004.
6. Новый большой англо-русский словарь. Под.общ. ред. Ю.Д.Апересяна. М.: Русский язык,2000.Т.1. 832с.
7. Новый большой англо-русский словарь. Под.общ. ред. Ю.Д.Апересяна. М.: Русский язык,2000.Т.2. 828с.
8. Кунин А.В. Англо-русский фразеологический словарь. М.: 1967. -1264с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі жылдары тіл білімінде қазақ
тілін генетикалық және типологиялық жағынан туыстығы жоқ тілдермен
салыстыра-салғастыра зерттеу мәселесі кеңінен өріс алып келеді. Сондықтан
да соңғы онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл
арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық,
Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді
тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік
парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда.
Проф.Э.Д.Сулейменова тілдік таңбаның мағыналық, мазмұндық мәні арқылы
ақиқат дүниені тану жағын қарастырса, Н.Ж.Жарқынбекова адамзаттың
этноментальды дүниесінің тіл арқылы берілуін көрсетеді. Сонымен қатар ғалым
Қ.Жаманбаева эмоция, гештальт-құрылым түріндегі концептілердің көрінісін
талдайды. Г.Г.Гиздатов сөз әрекетіндегі когнитивтік модельдердің
типологиясын, С.Сүгірбекова прозадағы концептілердің тілдік көрінісін,
М.Күштаева жеке лексемалар арқылы концепт мазмұнының берілуін, Г.Снасапова
“Ұлпан” романындағы концептілердің ұлттық-мәдени компоненттерін, С.Жапақов
эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік сипатын, Ш.Елемесова байырғы
ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуін, Н.Аитова түр-түс
атауларының когнитивтік семантикасын, А.Сыбанбаева концептуалдық
метафоралардың табиғатын, Ж.Уматова жандуша концептісін талдау үлгісін,
Ж.Б.Саткенова көркем шығармадағы кейіпкер тілінің когнитивтік мәнін, тілдік
тұлға мәселесін тереңінен зерттеп, айқындап берді.
Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік
лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер
негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады.
Біздің елімізде қазақ тілі мен орыс тілін салғастыра зерттеуге арналған
еңбектер құрылымы әр түрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеудің үлгісі
болды. Қазіргі Қазақстан тіл білімінде енді-енді ғана бой көтеріп, кейінгі
жылдары ғана тұсауы кесілген саланың бірі-қазақ және герман тілдерінің
фразеологизмдерін кешенді түрде тіл біліміндегі жаңа бағыттардың
ұстанымдарына сүйене отырып зерттеу. Түркі-герман, оның ішінде, қазақ және
ағылшын тілдерін салыстыра-салғастыра зерттеу кейінгі уақытта ғана қолға
алына бастағандықтан, әлі де болса шешімін таппаған талай мәселелер,
міндеттер баршылық. Осындай тың, қиын, өзекті мәселелердің бірі – қазақ
және ағылшын тілдеріндегі концептілерді зерттеу болып саналады. Өйткені
мәтіндік талдаулар жасау арқылы сол тілдің мәдениетін, танымын, талғамын
анықтаймыз. Сондықтан да концепт ұғымын зерттеу, зерделеу қызықты, әрі
маңызды. Ал біз қарастырып отырған жүрекheart және жанsoul
концептілерінің ағылшын-қазақ тілдеріндегі салыстырмалы талдаудың нәтижесі
де зор болмақ. Яғни, мәдени аралық байланыс арқылы әр ұлттың өзіне тән
ерекшеліктері мен айырмашылықтарына кеңінен тоқталатын боламыз.
Мәдениеттің, өркениеттің әр қилы кезеңдері мен дәуірлерінен өткен
сайын тілдік концептілер адамның таным-білімімен байланысып, сондай-ақ
белгілі бір ақиқат дүниені тек логикалық-позитивтік ғана емес, эстетикалық
түрде де тани біледі және таныта алады. Сол ақиқат дүниенің сәулесін, ол
туралы түсінік, ұғымды санада тұрақты таңбаланып қалыптасқан тілдік
құралдардан басқа эстетикалық мақсатта қолданылатын бейнелі құралдармен де
таныту жағдайлары кездеседі.
Дегенмен, адамның жан-дүниесін танытудағы тұлғалық не ұжымдық санада
жинақталған білім, мәдени ақпараттардың құрлымын, оның жүйелену, топтасу
механизмін анықтау, бұнымен қоса басты когнитивтік бірлік-концептіні
ұғымнан ажырату, оның санадағы бейнесі мен тілдік көрінісі мәселелерін
айқындау, бір тұжырымға келу терең зерттеуді талап етеді.
Жоғарыда аталғандай, жеке лексемаларды, фразеологизмдерді, прозалық
мәтінді когнитивтік тұрғыдан зерттеген ғылыми еңбектер бар. Ал
жүрекheart және жанsoul атауларын концептілік тұрғыдан анықтау
мәселелері когнитивтік лингвистикада қазақ тілінде көп зерттеліне қойған
жоқ. Сондықтан концептілік құрылымдардың жүрекheart және жанsoul
атауларының тілдегі көрінісін, концептілердің берілуін, бір концептінің
әртүрлі тілдік құралдар арқылы вербалданудағы ерекшелігін айқындау жұмыстың
өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны мен дереккөздері ретінде жүрекheart және жанsoul
атауларына әртүрлі концептілік құрылымға салынған концептілердің тілдік
көрінісі, яғни көркем әдебиет, метафора, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер
алынды.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысының мақсаты
мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен
жинақтау, ассоциативтік әдістері, концептілік талдау, жүйелеу және оны
түсіндіру, аналитикалық талдау әдістері қолданылады
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Мәдениет пен тілді өзара біртұтас
бірлікте қарастыра және ұлттық мәдени деректерге сүйене отырып, туыс емес
ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулерге әр түрлі мәдениет
негізінде салыстыра-салғастыра лингвомәдени және лингвокогнитивтік
сараптама жасау арқылы олардың мағына қалыптасуы мен концептілік
құрылымындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Осы мақсаттарды
орындау барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
жұмысымызға негіз болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау және
зерттеу барысында сүйенген теориялық тұжырымдарын негіздеу;
когнитивтік тіл білімі аспектісі тұрғысында бұрын зерттелген еңбектер мен
тақырыпқа қатысы бар мәселелерге шолу жасап, оларды ой елегінен өткізу;
жүрекheart және жанsoul сөздері арқылы көрініс тапқан концептілердің
құрылымын (ойсурет, схема, фрейм, сценарий, логикалық-ұғымдық) ұлттық
мәдени реңктегі фразеологиялық тікестер арқылы салыстыра-салғастыра талдап,
олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау;
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Жұмыста ұсынылған
тұжырымдар мен пайымдаулар, алынған нәтижелер қазақ тіл біліміндегі
когнитивтік зерттеудің ғылыми-теориялық негіздерімен, ұстанымдарын
нақытылай түсуге, айқындауға өз деңгейінде үлесін қосады.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар, талдау жасалған
тілдік деректер мен үлгі модельдер көркем шығармаға стилистикалық-
лингвистикалық талдау жүргізу барысында ассоциативтік, түсіндірме сөздік
құрастыру жұмыстарында, бейнелі сөздер сөздігін жасауда пайдалануға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
Зерттеу жұмысында осы уақытқа дейін жүрекheart және жанsoul
атаулары концептілік тұрғыдан қазақ тілінде ағылшын тілімен салыстырыла
зерттелмеген. Жандуша концептілерін лингвистикалық тұрғыдан Ж.Уматова
Концепты душажан как лингвокультурологический феномен атты
диссертациясында зерттеген. Мұнда ғалым душажан атауларының қазақ
танымындағы символдық мәнін қазақ, орыс дүниетанымы тұрғысынан терең
зерттеген. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың жаңалығы алғаш рет ағылшын
тілімен салыстырылып когнитологиялық, яғни концептілік тұрғыдан
репрезентация тұрғысынан зерттелуі.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- жүрекheart және жанsoul атауларының тілдік құралдар арқылы
көрініс тапқан концепт құрылымдары өз бейнелілігімен, бағалауыш,
экспрессивті, коннотаттық мәнімен құнды;
- концепт санада белгілі бір концептілік жүйе арқылы қалыптасады.
Концептілік жүйе иерархиялық (сатылы) құрылымнан тұрады: 1) концепт типтері
(фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойсурет формасына салынуы); 2) дүниенің
тілдік бейнесі (фразеологизм, сөз, сөйлем, көркем мәтін);
- жүрекheart және жанsoul атауларын мынадай концепт типтері
арқылы тану тиімді деп танимыз: фрейм - қарапайым форма, скрипт – күрделі
форма, сценарий – оқиғалы форма, схема – сызбалы форма, ойсурет – бейнелі
форма.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1.тарау.Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы

1.1. Когнитивтік тіл біліміндегі концепт мәселесі және оның зерттелуі

Тіл – әрбір елдің, әрбір ұлттың тарихын, мәдениеті мен тұрмыс-
тіршілігін, тіпті сол ұлттың өз болмысын танытатын, оны сақтап қалатын,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ұлы қазына ретінде қоғамдағы ең маңызды
қажеттіліктердің бірі. Сондықтан бүгінгі таңда тілдің құрылымдық,
коммуникациялық қызметтерінен басқа да қырларын, қасиеттерін анықтау терең
зерттеуді талап етіп отыр.
Атап айтқанда, тіл мен адамның өзара тығыз қатынасына қарай анықталған
салаларды былай көрсетуге болады: адамның тілі мен рухани белсенділігі; тіл
мен адам физиологиясы; тіл мен ойлау, сана әрекеті; тіл мен мәдениет; тіл
және адамның қарым-қатынасы; тіл мен қоғам; тіл мен адам құндылықтары; тіл
және таным. Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы
салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы
бар. Қазіргі тіл білімінде әлеуметтік лингвистика (тіл мен қоғам
арақатынасын зерттейтін сала), психолингвистика (индивидтің тұлғалық мінез-
құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс
табуы), лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде
ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты,
оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктер), этнолингвистика (тілдегі ұлттық
бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани
мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу)
салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.
Тілді антропоцентристік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын бұл салалардың
барлығы түптеп келгенде, мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның тілге
қалай ықпал жасайтынын анықтау және тілдің адам санасына, ойлауына,
мәдениетіне қалай әсер ететінін, қандай қызмет ететінін анықтау т.б. Тілді
зерттеудің антропоцентристік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы
мәселесін, тілдің адамға қызмет ету мәселесі, тіл арқылы адамның табиғаты
мәселесін ашумен тікелей байланысты.
Тіл – ой жеткізу құралы. Ойлау әрекеті – мида болатын құбылыс, сана
әрекеті. Ал тіл санадағы бұл процессті “мағына” түріндегі формаға енгізеді.
Демек, ойлау – логикалық механизмнің ақиқат көрінісі. Оның тілмен шартты
байланысынан ұғым қалыптасады. Ұғым бірнеше ойдың сұрыпталуынан өтіп сөз
арқылы таңбаланады. Осы тұжырымды мынадай сызба арқылы айқындауға болады:
ой – ұғым – тіл.
Ойды жеткізу барысында адамның мынадай қабілеттері айқындалады: дүние
туралы танымы, стереотипі, ассоциативтік қоры, жадыдағы ақпараттары т.б.
Әрине бұл мәселелер антрополингвистиканың “тіл және сана”, “тіл және адам
психикасы”, “тіл және адам құндылықтары”, “тіл және мәдениет”, “тіл және
философия” бағыттары бойынша қарастырылады. Соның ішінде адамның танымдық
әрекеті мен тілдің өзара қатынасын зерттеуде когнитивтік тіл білімінің
қызметі ерекше. Когнитивтік тіл білімі когнитивизм ғылымынан тарайды.
Когнитивизм – бұл адамның зердесін, ойлау қабілеті мен ментальды әрекеттері
және оның жай-күйін зерттейтін ғылыми бағыт. Адамның білімі мен танымы
туралы, дүниені қабылдау және ұғыну механизмі туралы ғылым. Когнитивизм
адамның ойлау әрекетін тереңінен танытатын “өндірістік”, “жүйелі” ғылыми
әдістер ұсынады [1,7].
Адамның интеллект, ойлау заңдылығы мәселесі мен логика, философия,
физиология, психология ғылымдары айналысып келеді. Мәселен, философия
ғылымыда гносеология делінетін бүтін тарау таным теориясын қарастырады.
Бірақ когнитивистика бағытында ескі атаулар жаңа мазмұнға ие болды. Мысалы
әрбір ақиқат дүниенің (зат, оқиға, жағдаят) өзіндік болмысы когнитивизмде
былай танылады: Біріншіден – заттық көрнекі бейнеде, екіншіден – қарапайым
бейнеде, үшіншіден символ түрінде.
Когнитивизмнің басты зерттеу нысаны – адамзаттық когниция. Оны тек
байқау, бақылау әдістері арқылы зерттеп қоймай, ментальді репрезентациясын
(ішкі танымын), білімнің негізін қалыптастырған символдармен адамның
стратегиялық таңбалары айқындау керек. Демек адамың когнитивтік әлемі оның
ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады. Адамның бұл әрекетін
танытатын негізгі белгі – оның тілі. Себебі тіл – адамның қабылдаған
ақпаратын өңдеп санада реттеген нәтижесін көрсететін құрал [2].
Когнитивтік әрекеттің нәтижесінде адамның дүние туралы танымын
көрсететін ой жүйесі қалыптасады. Адамның қабылдаған ақпараттары
сұрыпталып, категорияланған, жүйеленген ойға шоғырланады, ол тілдік формада
көрініс табады: “тілдік сана, жалпы сөз мағынасы – адамның қоғамдық
тәжірибесінің құрылымдық формасы; дүние туралы білімі – индивидуалды
санадағы білімінің өзекті көздері мен белгілерінің формасы (А.Н.Леонтьев).
“Когнитивтік әрекеттер тілмен тікелей қатысты және олар тілге қатысты
әрекеттердің формасын тудырады” (Е.С.Кубрякова). Бұл ішкі формамен тікелей
байланысты.
Ішкі форма және концепт. Бұл терминдердің аражігін ажырату жоғарыда
айтылған терминдермен салыстырғанда қиынырақ. Екі термин де ұлттық мәдени
тілдік құбылыстарды түсінудің кілті болып табылады. Осылайша, ішкі форма,
концепт ұғымдарының екеуі де адамның тілдік санасы мен қоршаған орта
арасындағы жалғастырушы қызмет атқарады. Олардың айырмашылығы
өміршеңдігіне, қаншалықты қажет екендігіне келгенде ашылады. Сонымен
қатар олардың көлемі мен атқаратын қызметтері әртүрлі. Ішкі форма біртіндеп
жоғалуы мүмкін, ал концепт сөзбен бірге өмір сүреді. Сондықтан да концепт
сөздің ішкі формасына қарағанда біршама тұрақты болып есептеледі. Алайда
біз сөздің жоғалған ішкі формасын іздегенде, сөздің базистік элементі
анықталып, концептің өзінде танимыз. Этимологиялық талдау жасағанда ішкі
форма сөздің семантикалық құрлымында маңызды орын алмайды, ал концепт
функционалды қажет бірлік, өйткені, ол өзінің ең басты қызметі- орын басу
қызметін атқарады. Бұл тұрғыдан келгенде, концепт пен ішкі форманың
айырмашылығы, концепт пен архитиптің айырмашылығындай. Тағы бір айта
кететін мәселе, ішкі формада қалып қалып ұғымы бар (мейлі ол ішкі болса
да). Демек, терминнің астарында қандай да бір тірек ұғымдармен қалыптық
байланыстың бар екендігі білінеді. Осы байланыс материалды элементтерді
көшіру арқылы жүзеге асады да, “уәжділік” терминімен аталады.
Екі тілде де кездесетін жүрек, жан концептілерінің уәжділігін анықтар
болсақ, төмендегідей қорытындыға келеміз.
Жүрек
а)қан айналымының орталық мүшесі (екі тілде де),
ә) эмоция, көңіл-күй, күйзеліс, сезім түйінінің символы(екі тілде де,
б) ауыспалы – бір заттың орталығы, негізгі бөлігі (екі тілде де),
в) жүрек формасында болып келетін барлық объектілер, бейнелер (ағылшын
тілінде)
г) сүйікті адамға қатысты қаратпа сөз (екі тілде де) [1,11].
Жан
а) Жан-жануарларға тіршілік,күш беретін рух (екі тілде де),
ә) Жүректен тараған қан, жүрек соғысы (екі тілде де)
б) Адамның психологиялық ішкі сарайы, ой-санасы, рухани қасиеті (екі
тілде де)
в) Қадір-қасиет тұту ретінде айтылатын сөз (екі тілде де).
г) Еңбек процесінде құрал-сайман өндіретін күш иесі адам (екі тілде де)
[2,10].
Ал концепт –“таза идея”. Концепт пен ішкі форма арасындағы сөз етіліп
отырған айырмашылық бұл екі ұғымның қолданылу аясынан көрінеді; мысалы,
мағынаның уәжделуін сөз еткенде, “ішкі форма” терминін пайдаланамыз, ал
сөзді мәдени тілдік контекстке енгізетін ұлттық менталитетке негізделген
алғашқы қарапайым түсінік жайлы айтқанда, сөз мәдениет элементі ретінде
қарастырылғанда – “концепт” терминін пайдаланамыз.Ол үшін ұғыммен
байланыстылығын білуіміз керек.
Ұғым және концепт. “Ұғым” және “концепт” терминдері бір жағынан
сөздің мазмұндық жағының әртүрлі кезеңін, екінші жағынан олардың әртүрлі
қызметін көрсетеді. Ұғымнан концепт ұлттық менталитетті көрсете алатын
алғашқы түсінік ретінде де (концепт-1), әмбебап мәдени түсінік (концепт-2)
ретінде де ерекшеленеді. Сөздің туындауы тұрғысынан келсек, концепт-1
ұғымының “ұрығы” болғандықтан, ұғымнан бұрын тұрады. Ал жалпы мәдени
аспектіден қарағанда, концепт-2 ұғымының жалпы мәдени маңызға ие
боларлықтай деңгейге көтерілуі. Әрбір сөз концепт-2 деңгейіне дейін дами
алмайды.
Когнитивтік тіл білімінде жаңа ақпаратты қабылдау және өңдеу құралы
ретінде мына терминдер қолданылады: Фреймдер (стереотиптік жағдаяттар мен
сценарийлер); концептілер (тіл арқылы көрініс тапқан жан-жақты білімнің
ойдағы жиынтығы); гештальт (дүние фрагменттерінің ұғымға дейінгі бүтін
бейнесі). Когнитивтік тіл білімінің қызметі – тілдегі бейнеленген мазмұнның
санада қандай ақпараттар негізінде қалыптасқанын, қандай ғылыми шеңберінде,
қандай психикалық қабілет негізінде қабылданғанын анықтау. Сондықтан бұны
когнитивтік бағыттың басты нысаны болып табылатын ұғынудың ерекшеліктерін
қарастыратын фундаментальды аспектіде және дұрыс ұғынуға күш салатын
қолданбалы аспектіде шешу көзделеген.
Когнитивтік ғылымның зерттеу нысаны – санада бейнеленген ақпараттар мен
білім [3,180]. Санада бейнеленген білім когнитивтік тіл білімінде мынадай
зерттеулер негізінде танылады.
1. Таңбаның (семиотика) түр мен типтері.
2. Таңбада бейнеленген мазмұн мен білімнің түрлері және сол білімді
3. таңбадан тану және ажырату механизмі, яғни интерпретация тәртібі.
4. Таңбаның қалыптасуы мен дамуының шарттары (семиотикалық онтогенез)
[4,5].
Тілдік когнитивтік аспектісі білімді қабылдау, ұғыну концептілеу
топтастыру, конструкциялау, тілде бейнелеу мәселелерін қарастырады. Адамзат
үшін дүниені танудың ең бірінші кілті – ұғымның сезімдік негіздерден нәр
алған сана әрекеті, ал тілдік белгі – танымның сыртқы формасы.
Б.А.Серебренников: “Тіл мен ойлау екі түрлі сала болғанмен әрқашан
өзара қарым-қатынаста болады [5, 16] - дей келіп, олардың қатынасынан
“дүние бейнесі ” танылатындығын айтады. Оның бірі – коцептілік бейне,
екіншісі – тілдік бейне. Мұның біріншісі – ұғынуға қатысты, екіншісі тілде
бейнеленуіне қатысты. “Дүниенің бейнесі” деп ақиқат немесе бейақиқат
болмыстың санадағы көрінісі деп түсінген дұрыс.”
Когнитивтік бағыттың негізгі қызметі – дүниенің бейнесі белгілі бір
жүйеде репрезентациялау. Репрезентация – алғашқы түсініктен бастап, дамыған
бай концептілік жүйедегі түсінікке дейінгі санадағы білімінің көрінісі [5,
19]. Демек когнитивтік тіл білімі – ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан
білімді репрезентациялау әдісін, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым.
Сонымен қатар когнитивтік тіл білімі дүние бейнесін модельдеуге, тілдік
сананың құрылымын модельдеуге бағытталады. Дүние туралы түсініктің санада
қалыптасуы үш деңгейлі психикалық әрекеттердің өзара қатынасынан туындаған
нәтижесіне байланысты: біріншісі – сезімдік қабылдау (көру, есту, терімен
сезу, иіскеп сезу, дәмі сезу, т.б.) деңгейі; екіншісі – түсініктің
қалыптасу деңгейі (қарапайым стереотиптер, ассоциациялар, этолондық
таңбалар, жеке ситуациялар, қарапайым бейне, санадағы ойсуреттер,
абстракция); үшіншісі – ойдың тілдік деңгейі. Санада қалыптасатын бұл
операциялар бір дүние туралы ақпараттар жиынтығын тудырады. Осы жиынтық
концепт жүйесін құрайды.
Санада сыртқы әсердің көмегімен пайда болған ақпараттар адамның
эмпирикалық тәжірибесімен толықтырылады. Онымен қоса, дүниенің онтологиялық
фрагменттері тілде көрініс табатын дүниенің қарапайым бейнесінде туындайды.
Мысалы, ойдың метафоралануы – негізгі ментальды әрекет, дүниені тану және
таныту тәсілі. Және ол жаңа білімді “ескінің көзімен” бейнелеп түсіндіруге
бейім тұрады. Ойдағы нәтижені тіл арқылы тани аламыз. Себебі тіл – барлық
коммуникативтік жүйенің ірі семиотикалық көрінісі. Американ тілші-ғалымы
У.Чейф: “тілдің қызметі дайын концептілерді кодтау”, деп түсіндіреді.
В.А.Звегинцев: “білімнің мәнділігі оның дискреттік сипатында, ал тіл одан
туындайтын мынадай үш қызметі арқылы көрініс табады: біріншіден, білімді
дискреттеу құралы ретінде; екіншіден, оның обекътивтенуі ретінде;
үшіншіден, интерпритациялануы барысында көрінеді”, деп таниды [6, 195].
Демек тілсіз адамның интеллектуалдық және рухани дүниесін анықтау мүмкін
емес. Дегенмен дүниені тану тілден тыс санадағы таңбалар мен жағдаяттардың
сол дүниенің табиғатын толық аша алу деңгейіне байланысты. Санадағы кейбір
жағдаяттар тілде көрініс таппай тек ойда таным ретінде сақталуы мүмкін.
Бұндай дүниенің табиғатын дәл әрі нақты таныта алатын ситуациялар
стереотиптік, яғни жиі қайталану барысында ғана тілдік сипатқа ие бола
алады.
Когнитивтік тіл білімінің негізгі эпицентрі – санадағы дүниенің бейнесі
(таңба), оның тірегі – концептілік құрылымдар. Дүниенің бейнесі – жан-жақты
ақпарат, бұл ақпараттарды біріктіретін орта – концептілік жүйе. Сондықтан
тілдің когнитивтік бағыты тілдегі ұғымды кешенді таныту мәселесін
қарастырады.
Г.Гиздатов тұжырымында да когнитивтік бағыттың басты мәселесі – санадағы
білімді жүйелеу. Ғалым зерттеулерінде: “Когнитивтік бағыттың негізгі
қызметі – санада әмбебап модель қалыптастыру” [7] - деп беріледі. Санадағы
ұғымың әмбебаптық көрінісі тіл арқылы танылады. Ал тілдің кешенді қызметі
бұған дейін зерттелген болатын. Л.С.Выготский: “Тіл табиғат феномені, тіл –
ақпаратты таратушы” деп айқындайды [8]. Тілдің когнитивтік бағыты мынадай
екі мәселені шешуге негізделеді:
1) Санадағы кешенді білімнің танымдық құрылымын анықтау;
2) Оның коцептілік жүйелену тәсілін, тілдік көрінісін айқындайды;
Проф Е.Д.Сүлейменованың зерттеуінде тілдің когнитивтік аспектіде көрінуі
ондағы мазмұнның жан-жақты танылуы мен дүниені бүтіндей меңгеруден
байқалады. Бірақ тіл жеке тұрып ақиқат дүниені бүтіндей таныта алмайды
[9,127б]. А.А.Кибриктің пікірінше: “Тілдік формалар когнитивтік
құрылымдарды таныта алған жағдайда ғана тіл когнитивтік қырынан көрінеді”
[10,126б]. Ғалым Ж.Манкееваның зерттеулерінде: “Тілдегі мазмұнның сақталуы
оның кумулятивтік қызметімен тікелей байланысты. Ол өз кезегінде қабылдау,
ойлау, жад сияқты психологиялық ұғымдармен тығыз байланысты болып, тұтас
күйіндегі когнитивтік парадигма құрайды” [11], деп тұжырым жасайды.
Қорыта айтқанда когнитивтік тіл білімі бағытының қызметі:
- тілге дейінгі санада қалыптасқан дүние туралы ақпараттарды жинақтау
және тұжырымдау (концептілеу);
- оларды бір жүйеге топтастыру (категориялау);
- дүниенің санада бейнелену көрінісін анықтау;
- тілдегі бейеленуін анықтау.
Адамзат қоғамы дамып, өндіріс, мәдениет, ғылым өрбіген сайын, адамның
танымдық, ұғымдық ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс.Санада қалыптасқан
ұғымды танытудағы шеңбері де кеңейе түсетіні де белгілі. Сондықтан қазіргі
тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мәселесі санада тілге дейінгі
бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін табу. Бұл
процесс жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Бұл қызметті жүзеге асыратын
когнитивтік бірлік-концепт.
Концепт ұғымы қазіргі тіл білімінде ХХ ғасырдан бастап белсенді қызмет
атқара бастады. Алғашқыда концепт тілді логикалық талдау тұрғысынан тану
бірлігі ретінде анықталып, ұжымның тұлғаның мәдени, рухани ой-санасын,
менталитетін тануда қарқынды қызмет атқарады. Сөйтіп рухани мәдениетті
танытатын тірек сөздерді (тірек-ұғым) концепт деп атау
қарастырылды.(Н.Д.Артюнова, А.Н.Мороховский, Д.С.Лихачев, В.В.Колесов т.б
). Н.Д.Артюнова:”Мәдени концептілер - бұл ең алдымен философиялық мәдени
терминдердің қарапайым сәйкестігі (үйлесімі). Осы ұғымды білдіретін тіл
бірліктері ғылыми философиялық, мәдени ұғымдарды таныта отырып, жалпыға
ортақ күнделікті қолданыстағы мағыналардың таңбасы бола алады”,-деп
түсіндіреді [12,117]. Мысалы, тіл иесі күнделікті қолданыстағы (тағдыр,
ақиқат, ар,ождан, еркіндік т.б.) сөздерді нақты дифиниция арқылы таныта
алмайды. Сондықтан бұл сөздер ұжымдық санада қалай танылса, қай қырынан
басым түссе, сол мәнді танытатын (көбіне әлеуметтік, мәдени мазмұн) тіл
бірліктері арқылы ұғынылады. Бұл ұғымдық мән субъектінің жеке өмірлік
тәжірбиесі, жинаған ақпараты арқылы бірнеше тіл бірліктері арқылы көрініс
табады. А.К.Мороховский зерттеулерінде концепт ұғымы мен оның қалыптасуы
тілдің семантикалық мазмұны арқылы анықталады. Ғалым тілді үш түрлі
семантикалық топқа ажыратады:
1 .Мәдени сөздер;
2 .Ғылыми сөздер;
3. Идеологиялық сөздер
Топтастырудағы басты себеп: біріншіден, олардың мағынасы белгілі бір
мақсатқа бағытталады, екіншіден, олардың әрқайсысының қалыптастырушы иелері
бар, үшіншіден, олардың қолданылу орны ,аясы бар. Мәселен, ғылыми
терминдерді жеке тұлғалар қалыптастырады, мақсаты-жаңа идеялар мен
концептілердің атауын береді. Мәдени сөздер-әлеуметтік ортада қалыптасады,
мақсаты- социумда мазмұндық сипат алған концептілерді рухани санада тіл
арқылы бекіту, нақтылау. Идеологиялық сөздер жеке тұлғалар санасында
қалыптасып, социумға қолданысқа ұсынады, мақсаты-үгіт, насихат, нұсқау. Бұл
сөздер иллюзорлы (бұлдыр) санадағы бейнелерді танытуда айқын көрінеді
[13,55]. Концепт табиғаты жөніндегі ғылыми зерттеулерінде А.Вежбицкая:
”Концепт идеалды дүниенің объектісі ретінде танылып, субъектінің дүние
туралы түсінігінде қалыптасады”, деген тұжырым жасаған [14,79].
А.Вежбицкаяның бұл пікірі С.А.Аскольдов-Алексеевтің: ”Концепт санадағы
актілердің мазмұны” [15,29] деген пікірімен сабақтас. Демек концепт тілге
дейінгі санадағы ой әрекеті арқылы пайда болып, ондағы мазмұнды танытатын
бірлік ретінде ұғыныла бастады.
Бұдан кейін зерттеушілер (В.В.Колесов, Д.С.Лихачев, Е.С.Кубрякова,
Р.И.Павиленис т.б.) концептіні ментальды түсінік ретінде тани бастады.
Д.С.Лихачев зерттеулерінде концепт ұғымының тұлғалық санасында
шоғырланып, өзара байланыс жасай отырып, концептілік отау (орта) құрайтынын
дәлелдейді. Бұл отауды “концептосфера” деп атап көрсетеді [16,7б]. Кейінгі
зерттеулерде концептосфераның қызметі концептілік жүйеге айналады. Ғалым
зерттеулерінде концептосфера концепт-1 (алғашқы ментальды түсінік және
концепт-2 (рухани мәдениеттің тірек сөздері) арқылы құралған. Олардың
тілдік көрінісі көп жағдайда фразеологизм болып табылады. Н.К.Рябцева
концепт қасиеттерін былай айқындайды:
- адам санасындағы ақпарат тұлғаның тәжірибесі, танымы, қабылдауы
арқылы толығып, өзгеріп отырады;
- концепт логикалы ұйымдасқан динамикалық құрылымнан тұрады. Оның базистік
элементі – негізгі құрылым болып танылса, прототиптік мазмұндары – көмекші
элементтер болып саналады;
- концепт (санадағы ескі және жаңа ақпараттар) уәжделген және өңделіп
ұсынылған өнім ретінде танылады [17,74].
Концепт – лигвистикалық категория. Бірақ басқа лингвистикалық
терминдермен балама қолдануға болады. Концепт когнитивтік тіл білімінің
басты термині ретінде қарала бастағаннан-ақ мағына мен ұғым лингвомәдени
бірлік терминдерімен ауыстыра қолдану жағдайы кездесе бастады. Сондықтан
зерттеушілер ең алдымен осы ұғымдарды ара жігін ажыратып көрсеткенді жөн
көрді. Ю.Степанов “Мағына тек тіл жүйесінде ғана анықталатын тіл білімінің
термині, ал ұғым тіл білімі мен логика саласындағы логикалық қатынастар
жүйесінде анықталады”, - деп көрсетеді. С.Аскольдов-Алексеев “концепт
лексикалық мағынаға қарағанда ауқымы кең дүние”, - деп таниды.
В.Н Телия тілдің мәдени-ұлттық өзіндік танымы адамға ана сүтімен
беріледі ол алдымен меңгеріледі, содан соң айтылады, яғни саналы түрде
жеткізіледі деген тұжырым жасайды [2,12].
Концепт ұғымына берілген тұжырымдар мен зерттеулерді сараптау нәтижесі
оның қалыптасуы мен танылуының мынандай басты қағидаларын анықтауға негіз
болды. Сонымен қатар біз қарастырып отырған жүрек, жан концептілерінің
тілдік бейнесін танып-білуімізге әсері зор болмақ. Сондықтан концепт
ұғымының мәнін ашып алуымыз керек.
1. Концепт – санада қалыптасатын логикалық болмыс. (С.А.Аскольдов-
Алексеев; Чесноков; Е.С.Кубрякова) . “Концепт – бұл сөз бен оның ұғымы
арасындағы делдал . Ішкі сөйлеу барысында санада қалыптасқан ұғым бірден
сөзбен таңбалана алмайды. Сондықтан оның орнына мағына элементі ретінде
ойдағы алғашқы түсінік – ментальды сигналдар көмекке келеді. Бұл концепт
болып саналады” [15,28]. “Концепт – зат не құбылыстардың өзара қарым-
қатынасы қалай, олар қалай топтастырылады, қалай категорияланады деген
мәселелерді айқындайтын ментальды репрезантация [23]. “Концепт – бұл өзінше
бөлек бүтін мазмұнға ие, әрі ұсақ ойларға бөлінбейтін ойлау бірлігі, яғни
ішкі қабаттың үстірт қарапайым көрінісі” [24]. Е.С.Кубрякова: “Концептіні
адам санасының және ойының аспектілері ретінде сипатталады”, - деп таниды.
2. Концепт-адамның өмірлік тәжірбиесі мен ұлттық тәжірбиедегі бейнелер
(таңбалар) жиынтығы. (Чубраян, Р.И.Павиленнис, А.П.Бабушкин) “Концепт –
ұқсас заттар мен құбылыстардың ұқсастық дәрежесі, олардың бойындағы
белгілері мен қасиетіне байланысты екі объектінің де ортақ белгісі концепт
қалыптастыруға негіз болды”. “Концепт – белгілеуге болатын таңбасы бар
ұжымдық сананың дискреттік бірлігі” [18]. “Концепт – бұл белгілі бір сөзді
айқындайтын түсінік, білім, ассоциация шоғыры” [19].
3. Концепт – ақиқат дүниенің мәдени бейнесі. Демек, белгілі бір ұлттың
не адамның мәдени танымы сол дәуірдің мәдениетін анықтайды [23].
А.Н.Арутюнова, М.М.Копыленко, А.Н.Мороховский пікірінше, мағыналық аясы
белгілі бір мәдениеттің белгілерін білдіре алса, әрбір тірек сөз концепт
бола алады. [13]. Д.С.Лихачев концептосфера ұғымын концепт-1, концепт-2,
топтарына сүйену арқылы айқындайды. Концепт-1 – алғашқы ментальды түсінік;
концепт-2 – рухани мәдениетті танытатын тірек сөздер [15]. Дегенмен қазіргі
таңда тіл білімінде конепт терминін анықтайтын үш бағыт қалыптасты:
Бірінші бағыт. (Ю.С.Степанов, Н.Телия) Концептіні мәдениеттаным
аспектісінде қарастырып, адамның ментальді дүниесіндегі мәдениеттің қайнар
көзі деп таниды. “Концептіні танытуда тіл басты қызмет атқармайды, ол тек
мәдени концептлердің ең құнды бөлігін таңбалау үшін қажет,” – деп
түсінеді.
Екінші бағыт. (Н.Д.Артюнова, Т.Булыгина, Н.Д.Шмелев) Концептіні тану
үшін оның мазмұнын ашатын негізгі құралы – тіл таңбасының семантикасын
анықтау керек. Демек, бұл бағыт когнитивтік семантикаға сүйенеді.
Үшінші бағыт. (Д.Лихачев, Е.Кубрякова) Концепт тек сөз мағынасынан
тұлғалық тәжірибелер мен аялық білімі, көрген білген ақпараттары, танымдық
дүниесі арқылы қалыптасады. Яғни концепт – ақиқат дүние мен сол дүниені
таңбалайтын сөз аралығындағы көмекші делдал білімдер жиынтығы. Бұл
зерттеулерден шығатын нақты тұжырым: концепт – бұл санадағы білім. Ол
ғылыми, мәдени, рухани, көркемдік танымда берілуі мүмкін немесе олардың
қосылып, ықшамдалған түрінде көрінуі мүмкін.
Тіл білімінде концепт кешенді қолданыстағы ұғым болғандықтан, әр
қырынан қарастырылады.
1. Лингвомәдениеттанымдық аспектіде, концепт – ақиқат дүниенің санадағы
мәдени, рухани, этникалық, әлеуметтік танымын айқындайтын бірлік ретінде
танылады (Н.Д. Артюнова, А.М.Мороховский, Д.С.Лихачев т.б.).
2. Психолингвистикалық аспектіде концепт – ақиқат дүние туралы
психикалық қабілеттер (қабылдау, жадыда сақтау, көру, есту, ұғыну, сезіну)
арқылы қабылданған алғашқы ментальды түсініктер ретінде танылады
(Р.И.Павеленис, Дж.Келли, Дж.Каган).
3. Лингвомәдениеттік аспектіде, концепт – ақиқат дүниенің санада жан-
жақты жинақталып, тұжырымдалған ақпараттары мен когнитивтік семантикасы
арқылы танылған көрінісі (бейнесі). Әрбір концепт тіл арқылы көрініс
табады, концептіні танытуда тілдік семалар қызмет атқарады (Е.Н.Кубрякова,
А.Вежбицкая) дүниені танытатын әрбір сема санада фрейм, сценарий, ойсурет,
схема секілді фонға салынған ситуациялар мен бейнелер арқылы таңбаланады.
Концепт ұғымында берілген тұжырымдарды зерттеу нәтижесі концептіні
танытатын критерийлерді ұсынуға негіз болды:
-концепт дүниенің құндылықтарын танытады;
-концепт санадағы дүниенің мәнін бейнелейді;
-тіл арқылы обьективтенеді;
-субьектінің біліми деңгейі мен менталитетін көрсетеді;
-әрбір ұлттың танымдық белгілерінің мазмұнын ажыратады.
Мысалы: қазақ халқында танылған “Жүрегі аузына тығылды” фреймі қорқу
концептісін танытады. Ал ағылшын тілінде have one’s heart in one’s boots
фреймі қорқу, жүрегі ұшу концептісін білдіреді. Демек, екі тілдегі
мағыналық ұқсастықты байқауға болады. Бұл:
-тұлғаның өзіндік танымдық стилін айқындайды;
-концепт – адам тәжірибесіндегі идеалды түсініктің ең кішкене бірлігі;
-концепт – білімді тарату, сақтау және оны өңдеудің негізгі бірлігі;
-концепт – белгілі бір мәдени болмыстың негізгі ұясы.
Бүгінгі таңда тұрақты анықтамаға ие бола алмай отырған концептінің
негізгі себебі: ол дүниенің әлеуметтік-психомәдени жағын қатар қамти
отырып, күрделі көп қырлы құрылымнан қалануда. Бұл құрылым сол тілде
сөйлеушінің ойлау, түйсіну әрекеті арқылы жүзеге асып қоймай, мәңгілік
толығу, талқылау үстінде жүреді. Дегенмен “концепт” ұғымын жан-жақты таныту
үшін мынадай тұжырымдардың өзі жеткілікті: “Концепт – бұл белгілі бір
этномәдениетті сақтаушыларды сипаттайтын немесе ондағы лингвомәдени
ерекшеліктерді айқындайтын семантикалық білім. Концепт этникалық
дүниетанымды бейнелей отырып, этникалық дүниенің тілдік бейнесін уәждейді.
Бұнымен қоса “үй” құруға арналған кірпіш ретінде түсініледі (М.Хайдеггер).
Концепт – адам әрекетінің әрбір болмысын, мәнін айқындайтын білім кванты.
Ол сөз мағынасынан туындамайды, керісінше, адамның өзіндік жеке және
ұжымдық (халықтық) тәжірибесінен туындайды (Д.С.Лихачев бойынша). Концепт
бағалауыш эмоционалды-экспрессивті әсермен толығып отырады (В.А.Маслова).
Концепт ұғымымен байланысты әлем бейнесі және әлемнің тілдік көрінісі
қазіргі тіл білімінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Әлем бейнесін
ұлт, әр адам, әр ұжым мүшесі өз дүниетанымына, мәдениетіне, ментальдық
ерекшелігіне, ұлттық психологиясына, жеке психикасына, т.б. байланысты
түрлі қабылдайды.
Әлемнің тұтас бейнесін тілдік бірліктер арқылы танымдық аспектіде
айқындауда “концепт” термині маңызды рөл атқарады.

1.2. Лингвистикалық когнитивизм және жүрек, жан концептілерінің
танымдық бейнесі

Қазақ, ағылшын тілдері көрінісіндегі жүрек, жан концептісінің
лингвомәдениеттану тұрғысынан талдануы бұл концептінің кең семантикалық
ареалын айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, “концепт” пен “ұғым”
терминдерің ара жігін аша түседі. Жүрек, жан сөздері ішкі формасына қарай
бірдей болып көрінгенімен, концепт латынның “conceptus - “ұғым” сөзінің
калькалық аудармасы екеніне көзіміз анық жетеді. Бірақ қазіргі таңда екі
ұғымның да өзіндік ерекшелігі байқалуда. Егер ұғым танылатын обьектінің
мәнді , мазмұнды қасиеттерінің жиынтығы болса, ал концепт ұлттық болмысқа
негізделген ментальды білім жиынтығы. Оның мазмұн межесі – обьект туралы
ұжымдық, тұлғалық санадағы барлық біліми ақпараттар шоғыры болса, тұрпат
межесі – тіл бірліктерінің жүйеленген көрінісі (лексикалық, фразеологиялық,
паремиологиялық т.б.).
Концептіні таныту мақсатында кез-келген тілдік бірлік, лексикалық
мағынасы бар сөздер қолданылады. Ал концепт ретінде барлық ұғымды ала
алмаймыз, тек белгілі бір мәдениетті тануда қолданылатын және автор үшін
маңызы зор деп танылатын күрделі ұғымдарды, ең бастысы жалпы адамзаттық,
жалпыхалықтық, жалпыұлттық құндылықты таныта алатын ұғымдарды тани аламыз.
Мысалы, қазақ халқы үшін киіз үй, шаңырақ, қамшы, жазық дала, көш, бөрік,
бесік, домбыра, тұмар т.б. сөздер лингвомәдени бірлік ретінде ұлттық мәдени
концепт деп таныла алады. Ал орыс халқы үшін баспалдақ, қоңырау
лингвомәдени бірлік ретінде мәдени концепт деп танылады.
Ал біз қарастырып отырған жүрек, жан концептілерінің де әр халыққа тән
өзіндік қасиеттерге ие. Мәселен,
Жүрек – адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы.
Жүректің жұмысы қанмен бірге келетін гормондар арқылы, сондай-ақ, өзіндегі
шеткі жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады. Жүректің адам организмде
алатын орны ерекше.
Ал діни тұрғыдан қарастырсақ: Жүрек – иманның тұрағы, Алла тағалаға
сенім мекені. Адам жүрекпен жетіледі, бойындағы бар игі қасиет жүректен
шығады. Хадисте Алла адамның түр-әлпеті мен мал-мүлкіне емес, оның
жүрегіне қарайды деп айтылған. Бұл тек мұсылман халқына тән [24, 96].
Жүрек концептісінің қызметі тек адам өмірінің эмоциялық ортасының
бейнесімен ғана шектеліп қалмайды. Жүрек сөзімен байланысты жиналған
материалдарды зерттеу негізіндегі мәліметтерде жүрек адам өмірінің барлық
рухани орталығының практикалық көрінісі болып табылатынын дәлелдей түседі.
Сондықтан тілімізде кездесетін: ержүрек батыр қайсар кісі туралы
айтылады.
Қазақ, ағылшын тілдеріндегі қорқыныш, үрей мағынасын білдіретін
фразеологизмдарге тоқталсақ:

Қазақ тілінде Ағылшын тілінде Сөзбе-сөз аудармасы
жүрегі тас төбесіне My heart was in my mouthжүрегі аузынан шығу,
шығады жүрегі аузына тығылу
жүрекке жақын алу have smth. at heart бірнәрсені жүрекке тым
жақын қабылдау
жүрегі қарс айырылды bring home to smb’s жан-тәнімен қайғырып,
heart қорқу

Белгілі бір тілдік бірлікті зерттегенде кейде ол өзінің толық күшінен
айырылып кездейсоқ мобилизацияға әкелуі мүмкін: Ағылшын тіліндегі
мәтіндерде себепті жағдайларға байланысты жүрек концептісі секіріп жүреді.
Қазақ, ағылшын тілдерінде қайғы, қасірет, уайым, бақытсыздықты
білдіретін де сөз тіркестері мен фразеологизмдер бар екен. Мысалы:

Қазақ тілінде Ағылшын тілінде Сөзбе-сөз аудармасы
жүрегі зу ете түсті devour one’s heart үнсіз қайғыру, қурау,
солу
жүрегі күпті болды break smb’s heart көңілі құлазу
жүректі жаралау break smb’s heart біреудің жанын қатты
жаралау

Жүрек концепті ұлттық санамен, болмыспен, тарихпен, рухани мәдениетпен,
халықтың әдет-ғұрыптары және салт-санасымен байланысын түсінуге жол ашады.
Сонымен қатар жан концептісімен байланыстылығына да көз жеткіземіз.
Жан концептісі де өз кезегінде бірнеше мағыналы маңызға ие. Барлық
лексикографиялық дефиницияларда жан лексемасында тірі (жанды)
архисемасының бөлінетіндігін есепке ала отырып, біз мәтіндегі жан
концептісінің құрылымының өзегін төмендегідей мағыналарға топтастырылған
жан лексемасы құрады деп есептейміз: 1) Жан – көзге көрінбейтін, белгілі
бір түрге салынбаған рухани жан; 2) Жан – адам, пенде. Алғашқы рухани жан
мағынасы төмендегідей бірнеше шеткері қабаттардан тұрады. Мұнда да
логикалық танымдағы концептілер ақиқатқа негізделеді және логика (ойлау)
заңдылығына сүйенетінін байқаймыз [2,11].
Жан концептісі қазақ және ағылшын тілдерінде адамды қадірлеу, құрметтеу
сияқты ауыспалы мағынада және адамның ішкі сарайын, ой-санасын жеткізу
мағынасында көп қолданылатынын байқадық. Мысалы:

Қазақ тілінде Ағылшын тілінде Сөзбе-сөз аудармасы
қайырымды жан a kind soul кеңпейіл, ақккөңіл адам
жан-тәнімен берілу with all one’s soul шын пейілден, шын
жүректен
жан жүйесін босатты to the bottom of one’s көңіл тербеді, сезімі
soul толқыды

Қазақ, ағылшын тіліндегі келтірілген мысалдардан жүрек, жан
концептілерінің тілдік көрінісін, әр ұлттың өзіне тән тілдік ерекшеліктері
мен концепт пен ұғымның басқа да өзгешеліктері бар екене көзіміз анық
жетті. Мұнда ұғым өз бойына мәнді, маңызды белгілерді жинақтаған, ал
концепт – бұнымен қоса, мәнді емес қасиеттерін де қамтиды. Ұғым құрылымына
қарағанда концепт құрылымының шеңбері едәуір кең. Концепт пен ұғымды оның
құрылымдары арқылы ажыратуға болады. Ұғым құрылымында тек мазмұндық
элементтер болады, оған концептілік құрылымдағы барлық компонент ене
бермейді. Мұндағы ұғым, сөздердің сөзбе-сөз аудармасы болып табылады.
Демек, В.А.Маслова зерттеуіндегі концептінің әрқашан эмоционалды,
экспрессивті, бағалаушы сәулелері көрінеді деген пікірімен келісеміз
[18,16]. Яғни аталған концептер бойынан адамның обьект (дүние) туралы
жағымды, жағымсыз бағасы, әсері, эмоциясы, ойы, танымы көрінеді.
А.Б.Бабушкин концепт пен ұғым терминдерін ұқсас деп танып, ғылыми
саладан оның бірін, яғни “ұғымды” ығыстырып шығаруды ұсынады. “Қазіргі
таңда тілші-ғалымдар “ұғым” терминін классикалық мәнде қолдана бермейді,
оның орнына концепт деп аталатын ойлау конструктісін қолданғанды жөн
көреді” [18,14]. Н.Н.Болдырев, керісінше екі терминнің де қолданылу аясы
бар деп есептеп, оларды былай ажыратады: “Егер ғылыми танымда ұғымның
көлемі (берілген дүниені толықтыратын белгілер мен қасиеттерінің жиынтығы)
және мазмұны (ондағы бір немесе бірнеше обьекті белгілерінің біріккен
жиынтығы) болса, ал концептіде ұғымның мазмұндық бөлігі ғана көрінеді.
Қазіргі тіл білімінде “концепт ұғымы кең мағынада қолданылады және
тілдің семантикасын бейнелеуде немесе тілдің мағынасын айқындауда
концептілік құрылымға сүйенеді.
Сонымен жүрек, жан концептілері мен жүрек, жан ұғымдары ғылымда екі
түрлі термин деуімізге толық негіз бар. Ұғым – логика мен философия
термині, ал концепт - математикалық логика, мәдениеттану, когнитивтік тіл
білімі термині. Концепт пен мағына біржақты ұғымдар емес. Концепт дүние
туралы тұрақты мәліметтер жинайды, ал сөз өз мағынасымен концептінің бір
элементін ғана танытады. Дегенмен концептіні анықтауда оны танытып тұрған
мағыналар мен сөйлемдерге, дискурсқа сүйенеміз [2,14].
Концепт обьектінің семасы арқылы да танылады. Бірақ ол мазмұн – жадыда
саналы түрде автоматты сақталған форма. Концепт сөзден туындайтын
идеялардың санада өңделіп, болжам ұсыну бірлігі. Концепт бұл жалпы мағына
емес, ол жалпы түсінік. Концептіні барлық жағдайда бейне деп тани алмаймыз,
себебі, ол бірде бейне ретінде, бірде жалпы идея ретінде танылады. Дегенмен
сөздің мағынасы концепт қалыптастырушы материал ретінде қызмет атқарады.
Сондықтан да концепт термині түсінік беруде санадағы ментальды бейнелерден
бұрын сөздің мағынасы бірден тілге тиек болады. Концепт терминін анықтау
сөз мағынасының қалыптасуына үңілуден туындайды. В.Виноградов
зерттеулерінде сөз мағынасы ұғым белгілерімен сәйкестендіріліп, “ақиқаттың
үзігі формасында танылған” [19,16].
Г.В.Колшанский, Б.А.Серебренниковтардың зерттеулерінде де сөз
мағынасын санадағы мазмұнның бейнеленуі мен таныту басым көрінеді [20,193].
Демек, сөз мағынасы санадағы ұғымның мазмұнына қызмет етеді. Сөз мағынасын
сана әрекеті арқылы танылатын ойлау субстратының бір элементі деп тануға
болады.
Тілдің семантикалық аспектісінде танылатын сема – “денотат” ұғымы
когнитивтік аспектіде “обьектінің идеалды бейнесі”, яғни танудың заттық
көрінісі ретінде ажыратылады. Демек тілдің семантикалық деңгейі ақиқат
дүние туралы санадағы түсінікпен сәйкес болуы әбден мүмкін. М.В.Никитин
концепт терминіне “таңба арқылы танылған ұғым” деп анықтама береді
[21,150]. Ғалым тілдің таңбалық сипатының санадағы қызметін айқындау арқылы
когнитивтік құрылымдағы ұғымның бейнелену модусын (түрін) ажыратады:
интенсионал, импликационал, логикалық ұғым, ұғым-бейне, ұғым-символ, ұғым-
стереотип, прототип, ұғымның эмотивті модусы. Концептіні тілдік мағынаның
мазмұны ретінде танып, ұғымдық компоненттер: денотат, десегнат, референт,
сигнификат, коннотат шеңберінде зерттеу концепт туралы алғашқы, тар түсінік
деп танылады. Концептіге осындай түсінік беру ұғымға семантикалық және
концептілік талдау нәтижесінде анықталды. Семантикалық талдау зат немесе
құбылыс атауының денотаттық, сигнификаттық, конаттатық және түрлі семалық
құрылымын түсіндіруді көздесе, концептілік талдау бір таңба аясына
жинақталған белгілердің мазмұнын анықтауға бағытталады. Демек, лексемаға -
мағына тән болса, концептіге - мазмұн тән.
Когнитивтік ғылым базасында терең зерттеулердің нәтижесінде концептінің
санада ойлау әрекеті арқылы қалыптасып, психикалық ментальды қабілеттер
негізінде танылатыны айқындалады. Кең ұғымда концепт – санадағы ментальды
бірліктер мен психикалық ресурстар қызметі арқылы индивидтің тәжірибесі мен
білімін танытатын ақпараттық құрылым [22,90].
Тіл қызметінің танымдық (когнитивтік) негізін айқындаудың үш принципін
Ж.Манкеева “Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері” атты мақаласында
айқындап берді:
1.Қоғамдық тәжірбиеге негізделу, танымның қазыналық сипаты.
2.Таным модельдерінің символдық түрлері, яғни тілдің қызметі –ақпарат
беру емес, бейнелеуге мүмкіншілік жасау. Яғни тіл арқылы бейнелілік пен
дүниедегі объективті шындықты субъективті түрде символдар арқылы беру.
Таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни ол – таным
моделінің құрылымдарының тұтасуынан тұратынын сипаттайды [11,41].
Бұл принциптерден әлем бейнесін тану тәжірбиеге, танымға, мәдениетке
байланысты екендігін көруге болады. Халық мәдениетінің, салт-дәстүрінің,
дүниетанымының тілге тигізетін әсері мол. Жалпы халық мәдениетін шартты
түрде екіге бөлуге болады: материалдық және рухани мәдениет. Осы тұрғыда
базалық материалдық мәдениетті танытатын атауларды концепт түрінде тануға
болады. Әсіресе, ұлттық ерекшелігін, таным-түсінігін, ой-өрісін, яғни бір
сөзбен айтқанда мәдени болмысын танытатын лексемаларды(атауларды) “мәдени
концепт” ретінде когнитивті тұрғыда қарау қажет.
Ұлттық мәдениеттің барлық түрлері тілде өз көрінісін табады. Сол
себепті, материалдық, рухани мәдениеттің барлық концептілері тілде
жинақталған. Ұлттық мәдениеттің белгісі жеке сөздің семантикасынан, яғни,
ұлттың мәдени болмысын танытатын лексикалық бірліктерден, жер-су
атауларынан, кісі есімдерінен, фразеологизмдерден, мақал-мәтелдерден анық
байқалады. Мысалы:

Қазақ тілінде Ағылшын тілінде Сөзбе-сөз аудармасы
Жаным десе, жан All doors open to сүйгендіктен барлық есік
семірер courtesy ашылар
Жүрегі тас төбесіне His heart was in his Аяқ астынан қатты қорқу
шықты boot

Мәдени концептілердің беретін ұғымын, семантикалық қырларын талдау
арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың
ой-өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктерін айқындауға болады. Бұл мақал-
мәтелдер рухани мәдениеттің басты-басты ұғымдарын оның элементтері ретінде
таңбалай отырып, олардың мән-мағынасын да қамтиды. Рухани мәдени
лексемалардың лексикалық, семантикалық қырларын анықтау жаңа үстем мән-
мағынаның ашылуына септігін тигізеді. Бұл бұрын жасалған тұжырымдарды,
түсіндірмелерді жаңа қырынан бағалауға әкеледі.
Концептілердің санада танылу деңгейіне қарай, ақиқат дүниенің болмысы
мен өзіндік ерекшелігіне қарай метафизикалық концептілер деп шартты түрде
жіктеуге болады.
Метафизикалық концепт – (жан, жүрек өмір, өлім, тағдыр, жалғыздық,
махаббат) ақиқат немесе бейақиқат дүниедегі абстракцияның, жоғары
дәрежедегі құндылықтарын танытатын ментальді мазмұн [25,49]. Мысалы:

Қазақша Ағылшынша
жүрегі жаралану break smb’s heart
жүрегі елжіреу be sick at heart
жан азабын тарту possess one’s soul

Бұл сөз тіркестері экспрессивті күшейтумен уәжделген. Адам тәжірбиесі
арқылы ғана танып білуге болатын, құбылысты даму барысында ғана түсінуге
болатын ұғымдарды нақты тұрақталған дифинициялармен танытуға болмайды. Оны
адам қалай сезінеді, қалай басынан өткереді,сол әсері арқылы танытады.
Мысалы:

Жүрек концептісі Жан концептісі
Жүрек деген буырқанған дария Қанын ішіп қанбасқа, жанын отқа
(Т.Молдағалиев). салмасқа (Абай).

Немесе ұжым не тұлға санасындағы адамзат құндылығын танытатын “жан” мен
“жүрек”, метафизикалық концептісінің қазақ поэзиясында, тұрақты сөз
тіркестерінде алма кезек жарысып жатқан жақсы мен жаманның, бақыт пен
қайғының арпалысқан күшті динамикалық қозғалысы ретінде танылуы басым
көрінеді. Мысалы:
• Жан нұрына мас болып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОТБАСЫ КОНЦЕПТІСІ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ МЕН КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ БІРЛІГІ РЕТІНДЕ
Қазақ тіліндегі «Туған жер» концептісі
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Когнитивтік парадигмадағы терминология
Когнитивтік лингвистика және әлемнің тілдік бейнесі
Аспан денелерінің концептуалды өрістері
Қазақ тіл білмінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер баршылық
Пәндер