Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер



1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
2. Жалпы ережелер
3. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне:
1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
2) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға белгiленген тәртiппен қатысу;
3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық регламенттер мен мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың Ұлттық ҚР-ның «Стандарттау және сертификаттау» (1993ж), «Стандарттау» (1999ж), «Техникалық реттеу» (2004ж) заңдарына сәйкес енгізілген. Бұл жүйе ҚР-да стандарттау жөніндегі практикалық іс-қызметті ұйымдастыру, басқару іс-шараларын жүйелі түрде қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі стандарттау саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу, нормативтік құжаттардың әртүрлі санаттарын әзірлеу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, олардың қолдану тәртібін белгілеу, стандарт талаптарының орындалуын мемлекеттік тұрғыдан қадағалау іс-шараларын қамтиды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдық құрылымы:
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган мен оның ведомствалық бағыттағы бөлімшелерінен, стандарттау саласында белгілі құзіреттілігі бар мемлекеттік басқару органдарынан, стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын стандарттау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардан оның ішінде техникалық комитеттерден және Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттік қорынан тұрады.
Қазақстан Республикасы Местандартының іс-қызметі техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет туралы ережелерге сәйкес атқарылады.
Қазақстан Республикасы Мемстандарты заңды тұлға болып табылады және өз өкілеттігі шеңберінде арнайы атқару, бақылау-қадағалау іс-қимылдарын жүргізеді. Қазақстан Республикасының көлемінде стнадарттау, метрология және сертификаттау жұмысын басқару, салааралық үйлестіру іс-шараларын жүзеге асырады.
1 Стандарттау бойынша техникалық комитеттер жұмысын сипаттаңдар.
2 ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңы.
3 «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев,
Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011–368б.
4 «Стандарттау» .Оқулық. – Алматы:ЖШС «Нур–Принт», 2005–288б.
5 «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев – Алматы: «Бастау» баспасы, 2008–262б.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың
және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау
жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады. 
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк
органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi. 
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне: 
1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк
техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi
ұсыныстарды дайындау; 
2) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат
жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар мен шет
мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға
енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға
белгiленген тәртiппен қатысу; 
3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық
регламенттер мен мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар
дайындау жатады. 
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу,
таратылу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың Ұлттық ҚР-ның Стандарттау
және сертификаттау (1993ж), Стандарттау (1999ж), Техникалық реттеу
(2004ж) заңдарына сәйкес енгізілген. Бұл жүйе ҚР-да стандарттау жөніндегі
практикалық іс-қызметті ұйымдастыру, басқару іс-шараларын жүйелі түрде
қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі стандарттау
саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу, нормативтік
құжаттардың әртүрлі санаттарын әзірлеу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, олардың
қолдану тәртібін белгілеу, стандарт талаптарының орындалуын мемлекеттік
тұрғыдан қадағалау іс-шараларын қамтиды.
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдық
құрылымы:
    Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті
мемлекеттік орган мен оның ведомствалық бағыттағы бөлімшелерінен,
стандарттау саласында белгілі құзіреттілігі бар мемлекеттік басқару
органдарынан, стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын
стандарттау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардан оның ішінде техникалық
комитеттерден және Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттік
қорынан тұрады.
Қазақстан Республикасы Местандартының іс-қызметі техникалық реттеу
және метрология жөніндегі комитет туралы ережелерге сәйкес атқарылады.
Қазақстан Республикасы  Мемстандарты заңды тұлға болып табылады және
өз өкілеттігі шеңберінде арнайы атқару, бақылау-қадағалау іс-қимылдарын
жүргізеді. Қазақстан Республикасының көлемінде стнадарттау, метрология және
сертификаттау жұмысын басқару, салааралық үйлестіру іс-шараларын жүзеге
асырады.  
Стандарттау қызметі кәсіпорында жүргізілетін стандарттау,
сәйкестендіріу  жұмыстарын ғылыми-техникалық ұйымдастыру-әдістемелік
тұрғыда басқарады. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-технологиялық,
конструкторлық жұмыстарға тікелей қатысады. 
Стандарттау қызметінің міндеттері мыналар:
– кәсіпорынның нормативтік құжат жүйесін құру және онымен
кәсіпорын бөлімшелерін қамтамасыз ету;
– стандарттаудың отандық және шетелдік тәжірибелерін
зерттеп, оларды стандарт әзірлеу, қайта қарау кезінде
пайдалану;
– кәсіпорын бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету
(конструктолық, жобалық және технологиялық құжаттарын
дайындаудың қарапайым әдістерін анықтау);
– нормативтік құжаттар қорын құру;
– стандарттау жоспарының жобасына, ғылыми-техникалық
мақсаттық бағдарламаға ұсыныстар әзірлеу;
– ақпараттық мақала, жазба, жариялымдарды шығару;
– оқу әдістері мен конференциялар ұйымдастыру;
– стандарт жобалары бойынша пікір әзірлеу;
– кәсіпорын стандарттары мен ТШ-ты есепке алып, тіркеу;
– стандартты енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігін
анықтау;
– өнмді өндіріске жіберу жұмысына қатысу; 
– стандарттау жөніндегі мәселелермен айналысатын
бөлімшелердің жұмысын бақылау;
ҚР мемлекеттік стандарттарын әзірлеу, қарау, келісу және бекітуге
дайындау, сондай-ақ, халықаралық стандарттау жұмысын жүргізу үшін
стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер құрылады.
Техникалық комитеттерді ҚР-ның мемстандарты тіркейді. ТК белгілі бір
сала бойынша ең жоғарғы ғылыми-техникалық мүмкіндікке ие, нақтылы өнім,
технология немесе іс қызмет  түріне арнайы мамандандырылған кәсіпорын.
ТК мүшелеріне кәсіпорын, бірлестік, әзірлеуші-акционерлік қоғам,
дайындаушылар кіреді. ТК-ке кәсіпорын, ұйымдар өкілетті уәкілдікке
өздерінің жоғары білікті мамандарын тағайындайды. Өкілетті уәкілдер ТК
жұмысына дауыс беру құқығын иемдене отырып белсенді қатысады.
ҚР-ның мемлекеттік стандарттарын әзірлеуге тапсырыс берушілер-ҚР МЕМ
стандарттары, министрліктер, кәсіпорындар мен бірлестіктер, сондай-ақ
тұтынушылар қоғамы, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар. 
Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлы тапсырмаларының орындалуын бақылау,
есепке алу, жұмыстарды үйлестіру міндетін ҚР-ның мемстандарты атқарады.

Жалпы ережелер

1-бап. Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар
Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланады.
1 тіркеу – уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган
немесе сынақ зертханасы орталығы ретіндегі белгілі бір салада жұмысты
жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы;
2 тіркеу аттестаты – белгіленген қызмет саласында сертификаттау
жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының нақты жұмыстарды орындауға
деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне
сәйкес берілетін құжат;
3 аудит сертификаттаудағы – сертификаттау жөніндегі тіркелген
органдардың немесе сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне тәуелсіз
талдау жасау, сондай-ақ өтініш берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін
сертификатталған өнімдердің, процестердің, жұмысы мен қызметінің
белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;
4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі
мемлекеттік сертификаттау жүйесі -- өз құзырет шегінде сертификаттау
саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының,
жеке және заңды тұлғалардың және ҚР-дағы сертификаттау және тіркеу
жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың
жиынтығы;
5 сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ лабораторияларының
қызметін мемлекеттік бақылау – стандарттау, метрология және сертификаттау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының және оның мемлекеттік қадағалау
жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің сертификаттау жөніндегі тіркелген
органдар мен сынақ лабораторияларының нормативтік құжаттарды бұзу
фактілерін анықтауға, жолын кесуге, жоюға бағытталған қызметі;
6 сәйкестік туралы декларация – жеткізіп берушінің, дайындаушының,
сатушының өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын,
мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген нысандағы құжаты;
7 өтініш беруші – өнімді, процесті, жұмысты, қызмет көрсетуді,
сертификаттауға ұсынған және оның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін
жеке немесе заңды тұлға дайындаушы, сатушы, атқарушы;
8 сәйкестік белгісі – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне
сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің
нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкес екендігін, қажет
сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін белгіленген тәртіппен қойылған
белгі;
9 инспекциялық бақылау – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың
тарапынан сертификаттклған өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің
белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылау жасау;
10 өнімнің бірдейлігі – белгілі бір өнімді өндіру, оның айналасы,
пайдаланылуы саласында айырым белгілері бойынша біркелкі танылуын
қамтамасыз ететін рәсім;
11 сынақ зертханасы – өнімнің құжат талаптарына сәйкестілігін
жүргізетін орталық;
12 сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат – сертификаттау жөніндегі
қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нәтижелерін қатысты нормаларды,
ережелерді, сипаттамаларды белгілейтін стандарттау туралы құжат;
13 өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау
жөніндегі орган – мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіппен,
белгілі бір қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге
тіркелген заңды тұлға;
14 мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімі – сәйкестік
сертификаттарын, сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын,
сертификаттау жөніндегі сарапшы аудиторларды, сертификаттау саласындағы
нормативтік құжаттарды тіркеу есебінің құжаты;
15 сертификаттау -- дайындаушы мен тұтынушыға, сатып алушыға тәуелсіз
мекеменің өніміне, жұмысына қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарының
белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы;
16 сәйкестік сертификаты – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің
ережелері бойынша берілген өнімнің, жұмыстың, техникалық регламенттің,
стандарттың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін
көрсететін құжат;
17 тауардың шығу тегінің сертификаты – өнімнің шығарылған және
куәландырылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исо - стандарттары, сапа ілгіші
Халықаралық стандарттар
Халықаралық стандарттау ұйымы
Техникалық комитеттердің үйлестіруші органдармен өзара әрекеттесуі
Кең көлемді халықаралық стандарттау
Уәкілетті мемлекеттік орган, құрылымы және міндеті. Техникалық комитеттер
ИСО халықаралық стандарттары
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
Ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары
ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты туралы
Пәндер