Қазақтың шешендік сөздері



Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Шешендік өнер – ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негзігі жанрлардың бірі.
Әдетте, шешендік өнер айтыс – дауларда туып дамиды. Сондықтан елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс-бітім секілді маңызды мәселелер сөз болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай-ақ халық көп жиналатын астар мен тойлар, міне сондай сарамжал шешендер мен саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын орындар – форумдар болған. Есімдері әлемге әйгілі тілмар шешендердің көбінесе мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны кездейсоқ емес. Мәселен, ежелгі Афин шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент басшылары болған. Ал ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П. А. Александров, Ф. Н. Плевако, А. Ф. Кони адвокаттар еді. Сол сияқты белгілі қазақ шешендері Төле Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы (1667-1763) және Әйтеке Бәйбекұлы (1682-1766) дау жанжалды шешетін билер болған.
Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған. Сондықтан олар бастапқы қалпында емес, бізге кейінгі ұрпаққа ұзын-ырғасы, үзік-жұрнағы ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан ауызға ауыса жүріп, өңдеу-жөндеуге көп ұшыраған, әледенеше ұрпақтың, талай таптың санасынан, сарабынан өткен, сөйтіп қысқарып, ұстарып, жалпы халық шығармасына айналған.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша тараған. Қонақта, немесе бір мәселені талқылау үстінде көп жаcаған, кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құйма құлақ талапты жастар, өнер қуған қызбозбала жаттап алып, жүоген-тұрған жерлерінде, ойын-жиындарда айта жүрген. Өзінің қажетіне, өмірдің тілегін қарай жаңартып-жаңғыртып отырған. Қажетсіз қабыршағынан арылып, селкеу арқауы ширап, көптің көкейіне қонақтаған үлгілі сөз ғана сақталып, өмір сүрген. Заман тілегіне, халық мүддесіне жауап беретін баталы сөз, ақылды ойлар ғана халықпен бірге жасап, ұдайы жаңғырып, жасарып отырған.
Шешендік сөздер ертегі-аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып, бөліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына себепкер болған. Шешендік сөздердің сөйлем құрылысы мен сздік құрамы, мазмұны, тұлғасы да қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ емес. Тек шешендік сөздердің сөздік қоры қазіргі әдеби тілімізден сөздік қорынан әлдеқайда кем де кедей. Оның есесіне шешендік сөздер ауыз әдебиетінің басқа салаларымен қосылып, қазіргі қолданылып жүрген сөздігіміздің негізгі қоры, ұйтқыс есепті. Демек, шешендік сөздерді зерттеп-талдау, оқып-үйрену ана тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білуімізге, сайып келгенде, әдеби тілімізді дамытып, ой-өрісімізді кеңейтуге себепші болмақ.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Р Е Ф Е Р А Т.

Тақырыбы: Қазақтың шешендік сөздері.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Шешендік өнер – ақындық
айтыс секілді қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негзігі
жанрлардың бірі.
Әдетте, шешендік өнер айтыс – дауларда туып дамиды. Сондықтан елдің,
ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс-бітім секілді маңызды мәселелер сөз
болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай-ақ халық көп жиналатын
астар мен тойлар, міне сондай сарамжал шешендер мен саяси қайраткерлер сөз
сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын орындар – форумдар
болған. Есімдері әлемге әйгілі тілмар шешендердің көбінесе мемлекет
қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны
кездейсоқ емес. Мәселен, ежелгі Афин шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон
әуелі адвокат, кейін парламент басшылары болған. Ал ХІХ-ХХ ғасырларда өмір
сүрген орыс шешендері П. А. Александров, Ф. Н. Плевако, А. Ф. Кони
адвокаттар еді. Сол сияқты белгілі қазақ шешендері Төле Әлібекұлы (1663-
1756), Қазыбек Келдібекұлы (1667-1763) және Әйтеке Бәйбекұлы (1682-1766)
дау жанжалды шешетін билер болған.
Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең
алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған,
қағазда емес, халық жадында сақталған. Сондықтан олар бастапқы қалпында
емес, бізге кейінгі ұрпаққа ұзын-ырғасы, үзік-жұрнағы ғана жеткен, олардың
өзі де ауыздан ауызға ауыса жүріп, өңдеу-жөндеуге көп ұшыраған, әледенеше
ұрпақтың, талай таптың санасынан, сарабынан өткен, сөйтіп қысқарып,
ұстарып, жалпы халық шығармасына айналған.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша
шығып, ауызша тараған. Қонақта, немесе бір мәселені талқылау үстінде көп
жаcаған, кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі
сөздерді құйма құлақ талапты жастар, өнер қуған қызбозбала жаттап алып,
жүоген-тұрған жерлерінде, ойын-жиындарда айта жүрген. Өзінің қажетіне,
өмірдің тілегін қарай жаңартып-жаңғыртып отырған. Қажетсіз қабыршағынан
арылып, селкеу арқауы ширап, көптің көкейіне қонақтаған үлгілі сөз ғана
сақталып, өмір сүрген. Заман тілегіне, халық мүддесіне жауап беретін баталы
сөз, ақылды ойлар ғана халықпен бірге жасап, ұдайы жаңғырып, жасарып
отырған.
Шешендік сөздер ертегі-аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп,
сұрыпталып, бөліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына
себепкер болған. Шешендік сөздердің сөйлем құрылысы мен сздік құрамы,
мазмұны, тұлғасы да қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ емес. Тек шешендік
сөздердің сөздік қоры қазіргі әдеби тілімізден сөздік қорынан әлдеқайда кем
де кедей. Оның есесіне шешендік сөздер ауыз әдебиетінің басқа салаларымен
қосылып, қазіргі қолданылып жүрген сөздігіміздің негізгі қоры, ұйтқыс
есепті. Демек, шешендік сөздерді зерттеп-талдау, оқып-үйрену ана тіліміздің
байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білуімізге, сайып
келгенде, әдеби тілімізді дамытып, ой-өрісімізді кеңейтуге себепші болмақ.
Қазақ шешендік сөздерді мазмұнына қарай, шешендік арнау, шешендік
толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.
Шешендік арнау адам арасындағы қарым-қатынасты, шешендік толғау халықтың
философиялық көзқарастын көрсетеді десек, шешендік дау қазақ қауымының
заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын
бейнелейді.
Шешендік дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал
дауы және ар (намыс) дауы деп беске бөлеміз.
Қалыптасқан мемлекеттігі, қабылданған заңы жоқ феодалдық елде барлық дау-
талап мәселесі қалыс ағайынның қазалығымен, жол-жоба білетін тәжірибелі
адамдарға жүгінумен шешілген. Халықтың осындай қарапайым тәжірибесінен
қазылық институт, билік-төрелік айту дәстүрі, әдет заңы қалыптасқан.
Ар дауы адамдар арасындағы намысты жыртумен шектелмейді. Жер, жесір,
құн, барымта дауларының бәрінде де бір жағынан дүние-мүлік таласы болса,
екінші жағынан атақ-абырой үшін тартыс жатады. әсіресе, ел-елдің арасында
жүргізілетін елшілік – келісім сөздерде елші ең алдымен елінің намысын
қорғайды. Өйткені жердің бүтіндігі, елдің дербестігі, әр халықтың өзін-өзі
билеу құқы және табан ақы, маңдай терімен тапқанына өз иелігі, тағы
басқалар сайып келгенде, әр халықтың ары мен намысы болып табылады.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзбен басталады. Түсінік сөзде
айтылмыш шешендік сөздің нендей мәселемен байланысты, қандай жағдайда
туғандығы мен кім айтқандығы баяндалады. Түсінік сөздің көркем болуы шарт
емес, тек ықшам, әрі түсінікті болуы шарт. Сондықтан да шешендік сөз
құрамының бұл бөлімін айтушы ықтиярынша өзінің мүддесі мен мақсатына қарай
өзгертіп, оқиғаын алмастырып айтушысын ауыстырып жіберуге мүмкіндігі бар.
Түсінік сөзідң өзі көркем болмағанымен, шешендік сөздің мағынасы мен
көркемдік маңызын ұғыну үшін мәні зор.
Әдетте шешендік сөз түсініктен кейін немесе онымен аралас айтылады.
Шешендік сөздің тілі көркем, мағынасы терң болумен бірге сөздері
сұрыпталған, сөйлемдері қалыптасқан болып келеді, бірен-саран өзгерістер
енгізу болмаса, түпнұсқаға, кез келген кісінің қолынан келе бермейді.
Сондықтан түсінік сөздей емес, шешендік сөз әлдеқайда тұрақты келеді.
Шешендік сөздерді құрылысына қарай термелі сөз, пернелі сөз деп екіге
бөлуге болады. Құрылысы өлең-жырға ұқсас шешендік сөздерді термелі сөз
дейміз. Шешендік термелі сөздің өлең-жырдан негзгі айырмасы – шешендік
терме үшін буын-бунақ саны біркелкі болып келуі шарт емес. Оның үстіне
шешендік термеде сөйлемнің ұйқасынан гөрі ырғағына, ішкі мағыналық
байланысына назар салынады. Сондықтан да өлең-жырда буын толтыру, жол
ұйқастыру үшін алынатын артық сөздер шешендік термеде болмайды, тек ең
қажетті сөздер таңдап-талғап алынады.
Шешендік терме түр жағынан ақ өлеңді еске түсіреді.
Негізінде өлең - әнмен, жыр - әуенмен айтуға арналған. Ал шешендік терме
әнге салып, әуенге қосуға келмейді. Оның есесіне шабытпен шапшаң
жауаптасуға, ауызекі сөйлесуге ептейлі. Бірақ бұдан шешендік терме біркелкі
буын, бірыңғай ұйқастан қашады деген ұғым тумасқа керек. Қайта шешендік
сөздерді мәнділігіне, дәлдігіне қарай іріктеп, сұрыптап алуен бірге олардың
өзара ұйқасып, үндесіп келуіне үлкен мән берген.
Көркем қара сөзбен айтылатын шешендік сөздерді пернелі сөз дейміз.
Шешендік пернелі сөздің ерекшелігі сөздері сұрыпталған, сөйлемдері
іріктелген, бірі мен ірі көлемі жағынан қарайлас ықшам келеді.
Шешен кісі желдірте, екпіндеп сөйлеп отырғанда пернелі сөз бірде
ұйқасып, бірде үндесіп, өлең сияқты естіледі.
Термелі сөзге де, пернелі сөзге де ортақ, жалпы шешендік сөздерге тән
бірнеше көркемдік ерекшеліктер бар. Ең алдымен шешендік сөздердің көлемі
шағын, сөйлемі ықшам келеді дедік. Оның өзі сөзді қалыпқа құйғандай іріктеп
алып, жаттап, жадында сақтауға да, керек кезінде жаңғыртуға да қолайлы,
тыңдаушысын жалықтырмай, зеріктермей ұйытып, үйіріп әкетуге ыңғайлы.
Өйткені Көп сөз қола, аз сөз алтын деп халық көп сөзді, бос сөзді
жақтырмайды, одан ғөрі тауып айтылған бір ауыз сөзді татымды сөзді артық
санайды, жадында сақтап қалады.
Бірақ, шешендік сөз – қысқа болғанымен мақал-мәтел емес, бір оқиғамен
байланысты туған, белгілі адамдардың атынан айтылатын сөздер. Бұл қасиет
шешендік сөзге сенім туғызады. Өмірге үйлес келу, тыңдаушыны иландыра білу
– ауыз әдебиеті үшін де, жазба әдебиет үшін де қажетті қасиет.
Шешендік сөздердің құндылығы тек шындығында емес, ойының тапқырлығында.
Қиядан жол, қиыннан сөз табу – шешеннің бағалы қасиеті.
Көшерімді жел біледі, қонарымды сай біледі, соны сұрата жіберген хан
ақымақ па, сұрай келген сен ақымақ па? - деп Қаңбақ атынан ханға айтатын
Жиреншенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі шешендік сөздер
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Шешендік сөздер
Шешендік өнер туралы
Битанудағы шешендік өнердің ролі
Шешендік сөздер жайында
Шешендік арнау сөздер
Пәндер