Мемлекеттік органдар жүйесінің тиімділігі мен өнімділігін арттыру проблемалары - пәнаралық методологиялық проблема



КІРІСПЕ 3
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ЖҮЙЕСІ 5
1.1. Мемлекеттік биліктің теориялық аспектілері 5
1.2.Мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі 8
II. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ІС.ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 16
2.1. Қазақстан Республикасының орталық басқару жүйесі 16
2.2. Облыстық мемлекеттік органдар жүйесі 18
2.3. Аудандық мемлекеттік органдар жүйесі 23
III МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ НОРМАТИВТІК . ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 27
3.1.Мемлекеттік органдар органдары қызметін құқықтық қамтамасыздандыру27
3.2.Мемлекеттік органдар жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 30
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 36
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Елдегі мемлекеттік органдар іс әрекеттері мен ұйымдардың қағидалары. Дегенмен, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, оның әлі де алға қойған міндеттермен сәйкеспейтіні анық.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік органдар механизмі проблемасы көп жылдар бойы қарастырылуда. Дегенмен мемлекеттік органдар механизмі модельінің қоғамдық процесстерге жағымды әсер ету теория түрінде әлі де аяқталмаған.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік органдар теориясына ғалымдар әртүрлі түсінік береді. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік органдар дегеніміз қоғамдық процесстерге мемлекет тарапынан әсер ету. Мемлекет біртұтас құрылым, біркелкі механизм, сондықтан мемлекеттік органдар біркелкі түсінік. Ең жоғарғы деңгейде мемлекеттік басқарудың біртұтастылығы мемлекеттік билікті жүргізүді білдіреді.
Мемлекеттіміздің алғышартты бел¬гілерінің бірі – Қазақстанның дүние¬-жүзілік қоғамдастыққа толыққан¬ды мү¬ше болып, әлем мемлекеттерімен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орната білуімен байланысты. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұр¬сұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз¬дігіміз жарияланғаннан бастап осы аса маңызды мәселеге айрықша мән беріп, ол мәрте¬бенің тұрақтанып, нығая түсуі жолында аянбай, еңбек етіп келе жат-қандығы да сол маңыздылықтан өрбіп келеді.
Мемлекет әдетте ұлттық негізде құ¬ры¬¬лады. Ол – ұлттың өсу, өркендеу қабі¬леттілігінің нышаны. Осыдан 18 жыл бұ¬рын Қазақстан өзін тәуелсіз мем-лекет деп жариялағанды. Мемлекетіміз бүгінгі таңдағы әлем¬дік дәрежеде көптеген өркениетті елдер¬мен үзеңгілесіп, дүниежүзілік қоғам¬дастықтың белсенді мүшесіне айналып отыр.
Қазақстан Республикасының Конституциясына байланысты мемлекеттік билік біркелкі, Конституция негізінде және үш билік түрі бір – бірімен өзара әрекеттесу тепе – теңдік негізінде жүзеге асырылады.
Басқару билік тіреуішінсіз әлсіз болып есептеледі. Екі аспекті өте өзара тығыз байланысты және әсіресе қоғамды басқаруда оның құндылығы билік пен басқарудың бірге жүруі. XXI – ғасыр мемлекеттік басқарудың ғылыми негіздемесін жасады. Бүгінгі таңда, барлық жинақталған тәжірибеге қарамай, қоғамның дамуына ғылыми тұжырым беру қажет. Тәжірибе өткенге, өнер – интуицияға, ал ғылыми дәлелденген білім болашаққа жылжудың бағдарламаларын бере алады. Әрине, бұл тұжырымға нағыз ғылым жарайды, оның ағымдағы саясатты түсіндіруді дәлелдеуден қашқақтайтын ғылымның суррогаты жарамайды. Сондықтан, мемлекеттік басқарудың ғылыми негіздемесі екі фактордың өзара әрекеттесуінен: ғылымның даму дәрежесімен және мемлекеттік басқарудың оны қабылдауға дайындығымен, іс жүзіне асырылуымен байланысты.
1. Шамхалов Ф. Основы теории государственного управления. М., 2003 г.
2. Государственное управление: основы теории и организации / под редакцией В.А. Козбаненко.М.: Статус, 2000.
3. Конституция Республики Казахстан.- Алматы: Казахстан, 1997-39 с
4.Байменов А.М. Общемировые тенденции эффективного государственного управления // Научный мир Казахстана, №1,2006 г.
5.Аверьянов В.Б. Аппарат государственного управления: содержание деятельности и организационные структуры. Киев: Наукова думка, 1996 г.
6. Тихонов Р.Е. От замысла – к воплощению: о подготовке кадров государственного управления. М., 1992 г.
7.Управление по результатам // Т. Санталайнени др.М., 1993 г.
9.Черкасов А.И. Местное управление и децентрализация власти: Опыт развивающихся стран // Государство и право. 1992 г.
10. Чиркин В.Е. Государственная власть в развивающихся странах. М: Прогресс, 1996 г.
11.Кубаев К.Е. Механизм взаимодействия государственной власти и администрирования // Мысль, №5, 2005
12.Государственное и местное управление // Под ред. Глазуновой Н.И., Забродина Ю.М., Поршнева А.Г. – М.: Издт.Магистр.- 1997 496 с.
13.Дауранов И.Н. Организация государственного управления, Алматы, 1997 г.
14.Алибаева Г.А. Местные исполнительные органы в системе государственной власти, Алматы, 1999,С.64
15.Байменов А. Государственная служба. Международный опыт. Казахстанская модель. – Астана, Фолиант,2000г.
16.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 2 шiлде N 267.
17.Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 23 шілде N 453
18. « Правительстве Республики Казахстан»
19.Уваров В.Н. Механизм Государственного управления: проблемытеории и практики.
20.Корельский В.М. , Перевалов В.Д. Теория государства и права. М., 1997 г.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ
3

I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ЖҮЙЕСІ

5

1.1. Мемлекеттік биліктің теориялық аспектілері
5

1.2.Мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі
8

II. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

16

2.1. Қазақстан Республикасының орталық басқару жүйесі
16

2.2. Облыстық мемлекеттік органдар жүйесі
18

2.3. Аудандық мемлекеттік органдар жүйесі
23

III МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

27

3.1.Мемлекеттік органдар органдары қызметін құқықтық қамтамасыздандыру27

3.2.Мемлекеттік органдар жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
30

ҚОРЫТЫНДЫ
34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
36

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Елдегі мемлекеттік органдар іс
әрекеттері мен ұйымдардың қағидалары. Дегенмен, қол жеткізілген нәтижелерге
қарамастан, оның әлі де алға қойған міндеттермен сәйкеспейтіні анық.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік органдар механизмі проблемасы көп
жылдар бойы қарастырылуда. Дегенмен мемлекеттік органдар механизмі
модельінің қоғамдық процесстерге жағымды әсер ету теория түрінде әлі де
аяқталмаған.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік органдар теориясына ғалымдар әртүрлі
түсінік береді. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша
мемлекеттік органдар дегеніміз қоғамдық процесстерге мемлекет тарапынан
әсер ету. Мемлекет біртұтас құрылым, біркелкі механизм, сондықтан
мемлекеттік органдар біркелкі түсінік. Ең жоғарғы деңгейде мемлекеттік
басқарудың біртұтастылығы мемлекеттік билікті жүргізүді білдіреді.
Мемлекеттіміздің алғышартты белгілерінің бірі – Қазақстанның
дүниежүзілік қоғамдастыққа толыққанды мүше болып, әлем мемлекеттерімен
терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орната білуімен байланысты. Еліміздің
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздігіміз
жарияланғаннан бастап осы аса маңызды мәселеге айрықша мән беріп, ол
мәртебенің тұрақтанып, нығая түсуі жолында аянбай, еңбек етіп келе
жатқандығы да сол маңыздылықтан өрбіп келеді.
Мемлекет әдетте ұлттық негізде құрылады. Ол – ұлттың өсу, өркендеу
қабілеттілігінің нышаны. Осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан өзін тәуелсіз
мемлекет деп жариялағанды. Мемлекетіміз бүгінгі таңдағы әлемдік дәрежеде
көптеген өркениетті елдермен үзеңгілесіп, дүниежүзілік қоғамдастықтың
белсенді мүшесіне айналып отыр.
Қазақстан Республикасының Конституциясына байланысты мемлекеттік
билік біркелкі, Конституция негізінде және үш билік түрі бір – бірімен
өзара әрекеттесу тепе – теңдік негізінде жүзеге асырылады.
Басқару билік тіреуішінсіз әлсіз болып есептеледі. Екі аспекті өте
өзара тығыз байланысты және әсіресе қоғамды басқаруда оның құндылығы билік
пен басқарудың бірге жүруі. XXI – ғасыр мемлекеттік басқарудың ғылыми
негіздемесін жасады. Бүгінгі таңда, барлық жинақталған тәжірибеге қарамай,
қоғамның дамуына ғылыми тұжырым беру қажет. Тәжірибе өткенге, өнер –
интуицияға, ал ғылыми дәлелденген білім болашаққа жылжудың бағдарламаларын
бере алады. Әрине, бұл тұжырымға нағыз ғылым жарайды, оның ағымдағы
саясатты түсіндіруді дәлелдеуден қашқақтайтын ғылымның суррогаты
жарамайды. Сондықтан, мемлекеттік басқарудың ғылыми негіздемесі екі
фактордың өзара әрекеттесуінен: ғылымның даму дәрежесімен және
мемлекеттік басқарудың оны қабылдауға дайындығымен, іс жүзіне асырылуымен
байланысты.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Мемлекеттік органдар мен биліктің өзара
әрекеттесу механизмін зерттеуде ғалымдардың еңбектерін атап айтуға болады:
К.Е. Кубаев, В.Н.Уваров, А.М.Байменов еңбектерін айтуға болады.
Зерттеудің мақсаты. Мемлекеттік органдар жүйесінің тиімділігі мен
өнімділігін арттыру проблемалары пәнаралық методологиялық проблема ретінде
қарастырылуда. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі көзқарасы тұрғысынан
биліктің әр деңгейінде шешім қабылдаудың механизмі, әдісі, тәсілі
проблемаларына байланысты. Айта кететін маңызды мәселе қоғамда орын алатын
әр қилы саяси, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік процесстерді
басқару, әкімшілік – мемлекеттік басқару, экология, қаржы салалары
арасындағы кризистік жағдайларды шешудің жолдарын анықтау қажет. Бұл
белгілі жағдай, шешім қабылдаудың механизмдері мен процесстері осы
процесстің толық теңдігіне ие.
Қарастырылып отырған контексте, мемлекеттік органдар органдарының
басты мақсаты мемлекеттік ұйымдардың, мекемелердің қызметінің тиімділігін,
өнімділігін, сапасын және нәтижелігін арттыру. Ғылымға негізделген, билікті
іс жүзіне асыратын мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған
бағдарламалар тек сол саланың жұмысшыларына ғана емес, бүкіл қоғамға
пайдасын тигізеді.
Зерттеудің пәні. Кез – келген басқа ғылымдар секілді басқару
теориясы өзінің зерттеу пәніне ие. Басқару теориясының пәні болып
адамдардың, коллективтің, қоғамның қызығушылығында заңдардың объективті
түрде тәжірибеде жүзеге асырылу механизмін талдау. Басқарудың ең күрделі
түрі - әлеуметтік – саяси реттеумен байланысты мемлекеттік басқару, қоғамды
басқару, экономиканы басқару.
Зерртеу методологиясы. Басқару теориясы басқа ғылымдар секілді
де, өзінің зерттеу әдістеріне ие. Қазіргі заманның кең тараған зерттеу
әдістерінің бірі ғылыми абстракция, жүйелік – мақсаттылық, комплексті
әдістеріне жүгінеді. Осы ретте басқару теориясында функционалды талдау
әдісі ерекше мәнге ие, себебі функция басқару теориясында басты
категориялардың бірі болып табылады.
Ғылыми абстракция әдісі басқару теориясының жалпы заңдылықтарын ашуға
көмектеседі. Құбылыстар мен процесстерді зерттеуде абстракті – логикалы,
баланстық және социологиялық әдістер пайдаланылады. Ғылыми әдістерді
қолдана отырып басқару процессіне зерттеу жүргізу зерттеудің ғылыми
дәрежесін көтереді, нақты және дәл ғылыми тұжырым жасауға мүмкіндік
береді.

I. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесі
1.1. Мемлекеттік биліктің теориялық аспектілері

Басқару теориясынның күрделі категорияларының бірі билік.
Билік өзінің еркіндігін қабілеттілік пен мүмкіндігін басқару
құралдары арқылы құқық, күштеу және мансаптың көмегімен адамдардың жүріс
– тұрысына әсер етеді. Басшының жеке сапалары лауазымды билікпен бірге,
эксперттік билікте бар. Басшының жоғарғы біліктілігі, тәжірибесі, таланты
бағынушыларға жағымды әсер етеді. Жетекші өзіндік және лауазымды билікке ие
болғанда, басқару тиімді жүргізіледі.
Биліктің ең жоғарғы формасы демократиялық қоғамда құқық принциптеріне
негізделген – мемлекеттік билік. Мемлекеттік билік үш биліктің: заң
шығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара әрекеттесуі негізінде құрылады.
Соңғы ақпараттық цивилизация және глобализация процесстері кезеңде
интеллектуалды билікті де айтуға болады.
Мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып табылады және билік
төменнен жоғары принципімен жүзеге асырылады. Ал, төменгі деңгейге
өкілеттілік жоғарыдан төменге мемлекет береді. Құндылықтар жүйесін ұзақ
мерзімді уақытта қоғам қалыптастырады және ол мемлекетпен жүзеге асырылады.
Тәуелсіз Қазақстан 1992 жылдың март айында Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі
бола отырып, мемлекеттік билікті билікті бөлу принципімен жүзеге асыра
отырып, құқықтық мемлекет құруда. Мемлекеттік құрылыс тарихы мемлекеттің
даму этаптарын күштеудің цивилизациялық формасынан пісіп жетілген
мемлекеттік органдар формасына дейінгі тарихты қамтиды. Әртүрлі теориялар
мен мектептер экономикалық және қоғамдық өмірде биліктің ролін әрқалай
бағалайды. Маркстік билік теориясы билікті капитал билігі деп қарастыру
теориясын айтқан [13].
Билік басқару теориясында зеттелуде. Билікті жеке негізі бар билік,
ұйымдастырушы билік деп бөледі. Ұйымдастыру билігі шешім қабылдау
құқығының қайнар көзі ретінде күштеу, ресурстарды басқару билігіне,
байланыстар билігі және марапаттау билігін қолданады. Бірқатар ғалымдардың
пікірінше мемлекеттік билік теориясының қазіргі заман зерттеулерін пісіп
жетілген мемлекеттің кезеңіне жатқызу керек деген пікір айтады. Қазіргі
заман теориясына сәйкес билік өкілеттілігін жүзеге асыру мемлекеттік
органдар жүйесі арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік органдар жүйесінде билік бағынудың иерархиялық құрылымы
және мансаптық өсу жүйесіне негізделген. Бүгінгі таңда басты проблема
билікті ұйымдастыру емес, тиімді мемлекеттік билікті жүргізуде. Оның
негізі: қаншалықты қоғам өз қажеттіліктерін өтеуде билікті жүзеге асыра
алады және қаншалықты тиімді мемлекеттік қызметті бақылай алатындығында.
Барлық цивилизация тарихы дәлелдегендей, мемлекеттік басқаруда
функционалдық міндеттеріне байланысты мемлекеттік органдардың құрылуы
міндетті. Осының негізінде, қарама – қайшылық пайда болады: мемлекеттік
билік бір, бірақ оның тасымалдаушылары көп. Бұл билікті бөлу принципімен
жүзеге асырылады, яғни мемлекеттік билік тәуелсіз шешім қабылдау
өкілеттілігіне ие биліктің үш тармағымен жүзеге асырылады. Дегенмен,
тәжірибе көрсеткендей әрбір билік тармағы абсалютті тәуелсіздікке ие емес.
Бұл принцип логикалық дұрыс, себебі билік тармақтарының абсолютті
тәуелсіздіктерге ие болуы мемлекеттің билік сапасын төмендететін еді. 1995
жылы қабылданған Конституция мемлекеттік билікті атқару функцияларына
байланысты нақты үш тармақа бөле отырып, оның құқықтық негізін қалай
отырып, мемлекеттің біртұтастығын, конституциялық, демократиялық саяси
режимнің механизмін қамтамасыз етті. Осы орайда, Қазақстан Республикасында
Президенттің конституциялық институты концептуалды мағынаға ие. Осы
институттың мемлекеттік органдар процессінде рөлі мен орнын ғалымдар
теориялық зерттеуге талпынуда.
Қарастырып отырған проблема қоғамның және мемлекеттің даму
бағдарламасына болжам беруде, сонымен қатар елімізде құқықтық,
демократиялық және азаматтық қоғам құру кезеңінде Президенттің заңды
статусы мен рөлін нақтылауды қажет етеді.Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік
– биліктік құбылыстар үш вариантта жүзеге асырылады. Соның ішінде атқарушы
билік мемлекеттік биліктің халыққа жақын түрі ретінде ерекше теориялық
мәнге ие болуы керек.
Мемлекеттік билік тек заң шығарумен шектелмейді. Мемлекеттік биліктің
заңда көрсетілген негізі тәжірибеде жүзеге асырылуы қоғамды мемлекеттік
басқарудың негізгі. Дәл билікті бөлу теориясында атқарушы билікке осындай
түсінік беріледі. Өкілді билік мемлекеттік өмірді ұйымдастыру нормаларын
қалыптастырады, ал атқарушы билік оның іс – жүзіне асырылуын жүзеге
асырады. Дәл осы мақсатта барлық елдерде арнайы билік өкілеттіліктеріне ие
атқарушы аппарат құрылады. Атқарушы аппарат әкімшілік деп те аталады. Бұл
трактовка универсалды емес, әдетте Үкіметте, атқарушы органдар да, ұйымдар
мен мекемелерді басқарушылар да әкімшілік деп аталады. Қазақстан
Республикасының Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік билік біртұтас
және ол Конституция, басқа да заңдар негізінде билікті үш тармаққа бөлу
және бір – бірімен өзара әрекеттесу принципімен жүзеге асырылады. Кейбір
өркениетті елдерде Конституция деген атымен жоқ. Есесіне олардағы әрбір
заңның күші Конституциядан кем емес және қатаң сақталады.
Барлық құқықтық нормалардың негізгі жиынтығы болып табылатын
Конституция. Қоғам қандай жағдайға тап болса да, қаншама қажеттілік туып
отырса да, басқа зандар егер Конституцияға қиыспайтын болса қабылданбай
тасталады. Дұрыс, әрине. Бірақ бұл Үкімет үшін Парламенттің өздігінен заң
шығарып қабылдау құқын пайдалануына жол бермеудің басты тетігіне айналып
отыр. Бұл Конституциялық Кеңестің осалдығынан болса керек.
Бізде де тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Конституциялық бақылауды
жүзеге асыру үшін Конституциялық Сот тандап алынған болатын. Ол 1992 жылғы
шілдеде құрылып, сол жылы Конституциялық Сот туралы арнайы заң да
қабылданған. Алайда, 1993 жылғы Конституцияның қабылдануымен Конституциялық
Сот республикадағы бірегей сот жүйесінің құрамына қосылды. Ал 1995 жылғы
жаңа Конституция арнайы Конституциялық Кеңес құрылып, жұмыс істеуіне жол
ашылды. Бұл Кеңестің негізгі міндеті: Конституцияның үстемдігі мен тікелей
қолданылуын қамтамасыз ету; адам мен азаматтың конституциялық құқықтарының,
бостандықтары мен міндеттерінің қорғалуын қамтамасыз ету; билік бөлісу
принципі қызметінің конституциялық механизмін қамтамасыз ету болып табылады
[14].
Негізінен біздің мемлекетіміздің құрылымы бойынша, Конституцияның
беделі Конституциялық Кеңеске байланысты. Ал басқа елдерде бұл әр түрлі
жолға қойылған. Мәселен, АҚШ, Жапония (т.б.) мемлекеттерінде Конституциялық
зандарды тексеру барлық соттарға жүктелген. Гвинея, Камерун (т.б.)
елдерінде бұл қызметті Жоғарғы Сот жүзеге асырады. ГФР, Ресей, Италия
(т.б.) елдерінде жалпы юрисдикция органдарынан бөлінген арнаулы орган —
Конституциялық Сот құрылады. Ал Франция, Алжир (т.б.) елдерінде
конституциялық бақылау сот сипатындағы емес, арнаулы органға жүктелген.
Кез - келген мемлекеттік билік легитимділікті қажет етеді. Легитимді
мемлекеттік билік – сол мемлекеттің азаматтарының келісімімен заңды түрде
қабылданған билік. Мемлекетті басқару формасына байланысты биліктің
легитимділігі әр түрлі елдерде әр калай жүргізіледі. Мысалы, демократиялы
елдерде оның негізгі атрибуты басты Заң - Конституция. Диктаторлы
мемлекеттерде арнайы декрет не жарлық негізінде немесе диктатор өзінің
режимін өі бақылау арқылы легитимділік жасайды.
Мемлекеттік биліктің легимтимділік дәрежесі сол мемлекеттің
азаматтарытарының саяси қадамдарды, сонымен қатар Президент пен Үкімет
сайлауларын, саяси қызметкерлердің халықпен ашық кездесулерін қолдауы
немесе қолдамауынан анықтауға болады. Легитимділік мемлекеттік биліктің
тиімділігін арттырады, себебі оның жүргізетін шаралары халық қолдауына
тәуелді.
Әлемнің алып мемлекеттері халықтың қолдауына ие бола алмай жойылып
кеткен болатын. Бұл туралы, мысалы ежелгі Египет пен Рим империясынан
Совет Одағы мен Югославия мемлекеттеріне дейінгі мысалдарды келтіруге
болады.
Мемлекеттік билікке легитимді түрде саясаткерлер ие. Президент ел
басы ретінде және Депутаттар билікті дауыс жинау арқылы халықтан алады және
Конституция бойынша жоғарғы саяси биліктің өкілдері болып табылады. Сонымен
қатар Үкімет мүшелері мен әкімдер саяси өкілеттіліктерге ие. Билік
мемлекеттік басқарудың генераторы болып табылады.
Ресурстарды тиімді пайдалану билікті жүзеге асырудың рационалды
механизмі болып табылады. Осы механизм арқылы билік өз мақсатына жету үшін
әкімшілік жүргізеді. Ал, мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаты қоғамның
мүддесін қорғау. Билікті жүзеге асыру механизмі мемлекеттік басқаруда жеке
адамдардың қызығушылықтарын ғана қорғауға жол бермеуі керек. Осы айтылған
мәліметтерден түсінікті болғандай, мемлекеттік басқарудың тиімділігі
билікті әкімшілік арқылы жүзеге асыруда тиімділігі артады. Осыдан келіп,
мемлекеттік қызметкерлерді 1999 жылы мемлекеттік қызмет реформасын
жасағанда  мемлекеттік қызметшілерді әкімгершілік қызметкер деп, саяси
қызметкер деп бөлдік. Яғни, әкімгершілік қызметтегі адамның қызметкерлігі
көбірек болса,  саяси қызметтегі адамда  қайраткерлік  басымдау болуы
керек.
Заңда мемлекеттік қызметкердің анықтамасы нақты берілген. Мемлекеттік
қызметкер - мемлекеттік органда заңды лауазымды қызмет атқаратын,
республикалық, жергілікті бюджеттен немесе Ұлттық банктен жалықы
төленетін, өзінің өкілеттілігін мемлекеттің функциялары мен тапсырмаларын
жүзеге асыру мақсатында орындайтын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және
қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен
мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң
құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық
өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi; мемлекеттiк лауазым -
мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық
өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі;
Мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк
органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға
бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi;
Мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген
тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын
және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында
лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
Лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша
өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда
ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi
орындайтын адам;
Лауазымдық өкiлеттiк - заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi
мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын
мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап
беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк [16].

1.2.Мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі
Басқару ұлттық қажетті ресурс болып табылады.Мемлекеттік органдар
термині шетел және отандық әдебиеттерде кеңінен қолданылады, сонымен қатар
барлық елдердің заңдарында. Барлық қызмет шешім қабылдаудан, оның жүзеге
асырылуынан және бақылаудан тұрады. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік
басқарудың екі түсінігі қалыптасқан: кең көлемдегі мемлекеттік органдар
және тар көлемдегі мемлекеттік басқару. Басқару әр түрлі негізге байланысты
бірнеше түрге бөлінеді. Қоғамдық өмір сүру сферасына байланысты басқару:
қоғамды жалпы басқару, саяси басқару, идеологиялық басқару және т.б.
болып бөлінеді. Басқа негіз бойынша – басқарудың көлемі мен мінез –
құлқына байланысты басқару: қоғамды басқару, мемлекетті басқару, салаларды
басқару, мекемелерді, ұйымдарды, ұжымдарды басқару және т.б. болып
бөлінеді.
Барлық басқару салалары ішінде мемлекеттік басқару ерекше орын
алады, оның себебі мемлекеттік органдар жеке өзіне тән ерекшеліктерге ие.
Ең бірінші, осы басқару түрінің мақсатқа бағытталған, ұйымдастырушылық,
бақылауға әсер ететін оның субъектісі мемлекет. Барлық ғалымдар мемлекетте
күшті биліктің бар екенін мойындайды. Мысалға, М. Вебер: Мемлекет
... .адамдардың легитимді түрде басқа адамдарды басқаруы деген пікір
айтады. Билікті күштеп жүргізу арқылы адамдардың жүріс – тұрысын қадағалау
мемлекет туралы сөз қозғаудың классикалық түрі болып табылады. Қазіргі жаңа
Қысқаша философиялық энциклопедияда адамдардың біріге жұмыс жасау
негізінде қоғамдық әрекеттерді реттейтін билік құрылымы ретінде
түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мемлекеттік
органдар қоғамдық жүйеге мемлекет тарапынан әсер ету. Мемлекет – бұл бір
механизм, бүтін құрылым, сондықтан мемлекеттік органдар біркелкі түсінік.
Ең жоғарғы деңгейдегі абстракті - бұл мемлекеттік билікті қоғамда жүзеге
асыру мемлекеттік органдар болып табылады.
Мемлекеттің мемлекеттілігі, оның басқа қоғам құрылымдарынан
айырмашылығы, онда қоғамдағы жүргізілетін өмір сүріп жатқан адамдарға
жүргізілетін мемлекеттік биліктің шоғырлануы. Ал, билік дегеніміз –
адамдардың әр түрлі себептерге байланысты материалдық, әлеуметтік,
интелектуалды, ақпараттық және басқа да өз еркімен, біле тұрып немесе
күштеу арқылы басқа адамдардың мақсатты, нормативті тұрақты негізделген
билігін мойындауы және осыған байланысты бір немесе басқа әрекеттер
жасап, өз өмір сүруін құруы. Дәстүрлі қалыптасқан белгілі билік – жанұяда,
адамдар топтарында, ұйымдарда, мекемелерде болады. Бірақ, биліктің барлық
түрлері, мемлекеттік билікпен салыстыруға келмейді. Сондықтан мемлекеттік
басқаруда оның басқару механизмдері мемлекеттік билікке жүгінеді, сол
билікпен қамтамасыздандырылады. Осы айтылғандар тек тілектер, жәй айтулар,
жақсы ойлар ғана емес, алға қойған мақсатқа жетудегі ұйымдастыру
импульстері, бекітілген бақылау нормаларының міндетті түрде іс жүзіне
асырылуы, орындалуы. Осыдан кейін, адамзат баласының барлық цивилизация
кезеңінде күресіп келе жатқан қандай мемлекет, оның мақсаты, мақсатты
қалай жүзеге асыру және т.б. негізгі проблемалары туындайды.
Мемлекеттік органдар республиканың әлеуметтік – экономикалық, саяси
приоритетті міндеттемелерді қоғамдық процесстерге сәйкес мақсатты
бағытталған, билік – басқару ретінде жүзеге асыруға әсер арқылы анықтауға
болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына байланысты мемлекеттік
билік біркелкі, Конституция негізінде және үш билік түрі бір – бірімен
өзара әрекеттесу тепе – теңдік негізінде жүзеге асырылады [3].
Мемлекеттік органдар әртараптандырылған түсінік бойынша мемлекеттің
барлық қасиеттеріне ие. Мемлекеттік басқаруда мемлекеттің әлеуметтік
міндетін, қызметтерін және әдістерін қамтиды. Мемлекеттік билікті заң
шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөледі, мемлекеттің бақылау,
ұйымдастыру, әсері арқылы реттеу, сақтау, құру адамдардың қоғамда өмір
сүруі мемлекеттік билікке жүгінеді.
Мемлекеттік басқарудың ерекше қасиеті, оның бүкіл қоғамға таралуы,
мемлекеттік саясаттың жүргізіліп жатқан басқа да қоғам шеңберіне таралуы.
Көбінесе осы айтылған тезис басқару құбылыстарында қате түсініктер болып
жатады, мысалы мемлекет адамдардың барлық іс – қимыл әрекеттеріне, қарым –
қатынастарына араласып жататындай. Тек қана тоталитарлық, диктаторлық
режимдегі мемлекет осындай іс - әрекеттерді енгізуге талпынады, бірақ оның
өзі бүкіл қоғамдық іс - әрекетке араласуды бақылаудың мүмкін еместігін
мойындады. Мұнда аз болса да еркіндік қалады. Мемлекет тек қоғамның дұрыс
арақатынасы, адамдардың қоғамдық өмір сүруін кең көлемде еркіндікпен,
тәуелсіздікпен және өзін - өзі басқарумен ұштасады.
Мемлекет заң шығару құқығымен қоғамда адамдардың өмір сүруінің жалпы
ережелерін белгілейді және өзінің билік ережелерін бегілейді, билік күшінің
орындалуын қадағалайды. Айта келе, үлкен әлемдік тарихи тәжірибеге сүйене
отырып, әділ заңға негізделген қоғамға сүйенеді. Адамның құқықтық
еркіндігі мемлекетте қабылданған заңдардың жүзеге асырылуынан басталады.
Сондықтан қоғамға, адамға мемлекетте қарсы емес, керісінше оның негізін
қалау арқылы қол жеткізілуі керек.
Мемлекеттің негізі қоғаммен әрекеттесу арқылы ашылады және жүзеге
асырылады. Бұл мемлекеттің функциялары арқылы жүзеге асырылады. Функция
арқылы мемлекет өзінің мәнін, күшін, потенциалын қоғамға көрсетеді. Осы
ретте, мемемлекет пен қоғамның өзара әрекетінсіз мемлекеттің функциялары
жүзеге асырылмайды. Мемлекеттің қоғамдық функцияларын талдау мемлекеттің
нақты болмысын айқындайды.
Мемлекет әр түрлі функцияларды жүзеге асырады, соның барлығы
басқарумен байланысты және басқару аппараты негізінде жүзеге асырылады.
Басқару функциялары мемлекеттің барлық функцияларын қамтиды. Сондықтан,
мемлекеттің функциялары және мемлекеттің басқару функциялары біркелкі
түсінік болып табылады. Мемлекеттің көптеген функциялары оның табиғатына
байланыссыз (сыртқы қауіптен қорғану, күштеу және т.б.). Басқа бірқатар
мемлекеттің басқару функцияларының негізі болып мемлекеттің әлеуметтік
мәні, оның мақсатты көзқарастары болып табылады. Мемлекеттің мақсаты
өзгерсе, кейбір функцияларға деген қажеттіліктер төмендейді, кейбіреулеріне
деген қажеттіліктер артады, ал үшіншілері өзгертілмеген қалпында қалады
және жаңа мақсаттар мен мағыналармен толықтырылады.
Қазіргі заман ағымына сәйкес, мемлекеттің бірнеше қоғамдық
функцияларын ерекше айтуға болады. Ең бірінші, қоғамның тұрақтылығын,
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін функция. Бұл функция түрін мемлекеттің
саяси функциясы, себебі саясаттың соңғы мақсаты қоғамның тыныш, гармониялы
дамуына жағдай жасау. Мемлекет өз кезеңінде қоғамдағы күресті, құлдырауды,
қарама – қайшылықтарды жеңу мақсатында құрылған. Мемлекет бүкіл қоғамның
тірегі, сондықтан ол бір адамдардың қызығушылықтарын қолдап, екінші
адамдардың қызығушылықтарын қорғамауға құқы жоқ.
Мемлекеттің күштеу құрамына айналуы, қоғамның бір бөлігінің екінші
бөлігіне үстемдік жүргізуі мемлекетті әлсіретеді, қоғаммен байланысын
үзеді, мемлекеттің құлдырауына әкеліп соғады. Тәжірибе көрсеткендей,
қоғамның жақсы кезеңі онда бейбітшіліктің, тыныштықтың, бірлесудің орын
алуы. Егер, мемлекет қоғамның осы кезеңін қолдамаса, саяси күштердің
конфликтісіне, тыныштықты бұзуға жол берсе, әрине мемлекет өзінің ең
алғашқы қоғамдық функцияларын орындамағандығы, өзінің өмір сүруін
ақтамағандығы. Бұл жағдайда мемлекеттік басқару туралы сөз қозғау қиын
[4].
Басқару процессі бір сәттілік емес, барлық жүйеге әртүрлі
мақсаттармен, принциптермен, бағдарламалар мен актілер әсер етеді,
сондықтан басқару функцияларын көптеген функция астарлары (подфункция)
бөлуге болады және оның әрқайсысы басқаруға әсер ететін тіреуіш болып
табылады. Басқару функцияларының негізін мақсаттар, тапсырмалар,
ұйымдастырулар, жоспарлау, бақылау, реттеу және т. б функциялары жатады.
Барлық бөлімшелердің қызметін келістіретін, координация қызметін жасайтын,
қабылданған нормативтік актілерді, бұйрықтарды, нұсқауларды реттейтін
бағыну құрылымдары бар. Осының барлығы соңында ақпаратттандыру негізінде
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда барлық басқару
функцияларының активизациялануын, ерекше болжау, жоспарлау және бақылау
функцияларына мән берілу керек. Мемлекеттік органдар функцияларының ішінде
бүкіл территория көлемінде әрбір адамның құқықтары мен еркіндіктеріне
кепілдік беретін мемлекеттің әлеуметтік функциясын айтуға болады. Ия, дәл
осы үшін адамдар мемлекет құрып, оны материалды және ішкі – жан дүниесімен
қолдайды. Әлеуметтік – экономикалық болжам қоғамның дамуына болжам жасау
болашақты жобалау болып табылады.
Шын мәнінде, бұл ғылыми болашақтың дамуын зерттеу. Егер, ғылыми –
техникалық дамудың және басқа да жағдайларды ескерсе болашақ анық болады.
Болжам жасау мақсатты айқындамайды, қандай жағдайда мақсатқа жететін
мүмкін болатын нәтижелерді, дұрыс және бұрыс тенденцияларды айқындайды [4].
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі, рационалдылығы, мақсаттылығы,
нәтижелілігі ретінде қоғамдық қажеттіліктер мен күтілімдерден, адамдардың
болмысы факторларымен анықталады. Егер, мемлекеттік органдар қоғамның
қажеттіліктерін қамтамасыздандырумен, мемлекеттің механизмінің күштілігіне
қарамастан, бұл мекеменің қоғамға демократия, гумманизм, гармония әкеледі
деп сенудің қажеті шамалы. Ғылыми әдебиеттерді талдау негізіне сүйене
отырып, тарихи тәжірибеге және әлеуметтік прогресстің тенденцияларында
(социализм, капитализм және аралас формада) мақсатқа жетудің бірнеше
бағыттары көрсетілген. Барлық мемлекеттерде басқару субъектілері арасында
ашық, белсенді, тікелей қатынастарға ерекше мән беріледі. Мемлекеттің
мағынасы (сущность государства) – оның жүргізетін саясатының мақсатына,
тапсырысына және оны жүзеге асыру құрамдарына байланысты. Мемлекеттік
саясаттың мәні көбінесе мемлекеттік басқарудың мағынасы мен технологиясына
байланысты. Дегенмен, мемлекеттік саясатқа қоғам мен мемлекет ара
қатынасына байланысты әр түрлі түсінік беріледі. Басқару түсінігі
мемлекеттік қызметті қоса функциялардың кең көлемді спектрін қамтиды.
Мемлекет ішінде ұлттық тәуелсіздікті және ұлттық қызығушылықтарды
қамтамасыздандырумен бірге, әлемдік аренада экономикалық, саяси,
әлеуметтік, құқықтық дамуға жағдай жасайды. Ағылшын әдебиеттерінде бұл
Public administration түсінігімен қалыптасқан [6].
Саяси басқару бұл мемлекеттің лауазымды қызметкерлердің мемлекеттің
әлеуметтік – экономикалық, саяси дамуын, оның жүзеге асырылуына жағдай
жасайтын ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламалардың қабылдануы. Осы
контексте мемлекет бүкіл қоғамның жұмысын саяси басқару туралы сөз болады.
Мемлекет адамдар өмір сүруінің негізгі сфераларының дамуын,
инфрақұрылымдарды құру, қолдау және т.б. жасауға міндетті. Мемлекеттің
және қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарын басқару, атқарушы аппараттың
негізгі функциясы болып табылады.
Бұл процессте мемлекеттік биліктің басқа да субъектілері белсенді
қатысады және бұл жағдайда заңдарды тек қабылдау ғана емес, оны іс жүзіне
асыру, яғни заңда көрсетілген заңды - билік міндеттемелерін орындау. Бұл
орындау процессі. Әрине, заң шығарушы қабылданған заңның орындалуын
бақылайтын әрекеттер жасайды. Бірақ заң шығарушы осы функцияны толық
көлемде орындай алмайды. Заң шығарушыға заңның орындалуын жүзеге асыру
дұрыс емес. Сондықтан, арнайы мемлекеттік аппараттың басқару звеносының
атқарушы – реттеуші ретінде құрылуы қажет. Осыдан келе, атқару, мемлекеттік
– басқару қызметі, яғни басқару және атқару толық бір – біріне сәйкес
келеді. Осы жағдайда, шешім қабылдаудың субъектісі кім болатыны. Заң
шығарушы, әлде атқарушы орган екендігі? Мемлекет, өзінің органдар жүйесі,
аппарат қызметкерлері, басқару процесстерінің мүшелері, лауазымды
қызметкерлер негізінде біріншіден, бүкілхалықтық, ұжымдық және жеке, жалпы
және арнайы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, тарихи және нақты халықтың
мүдделерін, екіншіден, объективті жағымды және жылдам қоғам субъектілерінің
мүдделерін қолдайды.Үшіншіден, мемлекет өзінің ресурстарын
мүмкіншіліктерімен, тәжірибе жүзінде қызығушылықтарын практикада жүзеге
асыру күшімен, қоғам субъектілерінің сұраныстарын қанағаттандырады.
Мемлекет тек қоғамның ара қатынасын талдауда әлеуметтік – кластық және
ұлттық құрылымы өркендеу үстінде, елде белсенді миграциялық процесстер,
халықтың жынысы және жас мөлшері, демографиялық жағдайдың өзгергенін
ескеруі қажет. Сондықтан мемлекет пен қоғам қатынасының тепе – теңдігі
тұрақты болмайды, ол үнемі өзгереді және қайта құрылып отырады. Мемлекеттік
басқарудың әлеуметтілігі күшті дамыған қоғамды танитын механизмдерге
байланысты. Қоғамның жоғары қажеттіліктері мемлекетті басқарудың
демократияландыруды талап етеді. Демократияландыру екі аспектіні қамтиды:
біріншіден, халықтың мемлекеттік – басқаруға, шешім қабылдауға, оны жүзеге
асыруға қатысуы; екіншіден мемлекеттік органдар шешімдерінің іс жүзіне
асырылуына кепілдік беретін басқару билікпен байланысты [7].
Мемлекеттік органдар сонымен қатар, қоғамдық талаптың технократиялық
әдістің тиімсіздігіне негізделген. Мың жылдар бойы қалыптасқан жағдай
мемлекеттік басқаруының методологиясы мен философиясын өзгертуді талап
етеді.
Адамзаттың дамуына оның өзін - өзі қорғауға мемлекеттік басқаруда
қолданылатын жаңа технологиялар,еңбек ресурстары, шикізат пен материалдарды
қолдануы, өнімнің сапасын, өмір сүру түрін және басқа да жағдайларды
мемлекеттік басқаруда басшылыққа алу қажет. Әрине, қоғам мемлекеттік
басқарудың тиімді болғанын қалайды. Қоғам мемлекетті дамыған, экономиканы
прогностикалық болжам жасайтын, әлеуметтік – экономикалық артта қалмаған
мемлекетті қалайды. Ғылыми тұжырымға, объективті заңдылықтарға негізделген
басқару қоғамдық проблемаларды белсенді шешетін прогрессивті қоғамның
дамуын қамтамасыз етеді.
Демократиялық мемлекетте, саяси басқарудың субъектісі болып
мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары мен лауазымды қызметкерлер, ең
бірінші Президент немесе Премьер – Министр (саяси режимге байланысты) және
жалпы және құпия дауыс берумен сайланатын Парламент, сонымен қатар
мемлекеттің саяси стратегиясын жүзеге асыруға жауапты Үкімет. Саяси
шешімдер саяси процесстердің субъектілерімен қабылданады. Бұл
субъектілердің қызметі қоғам өмірінің нақты заңдарына сүйенеді. Олардың
қызметі, әдістері мен тәсілдері, басқару формасы, саяси жүйеде қалыптасқан
заңдармен айқындалады.
Мемлекеттік билік қоғамда ашық билікті жүзеге асырады және бір жүйені
құрайтын бір – бірімен тығыз байланыста болатын институттардан,
органдардан құралған. Бұл жүйе конституцияға және басқа да заңдарға
негізделіп, мемлекетке жүктелген негізгі функцияларды жүзеге асыру үшін
құрылған. Мемлекеттік механизмнің негізгі бөлігі мемлекеттік аппарат болып
табылады. Мемлекеттік аппарат көптеген органдардан, оның әр қайсысының жеке
құрылымы бар және қоғамның нақты сферасын басқаруға заңдық құқықтарға ие.
Адамзат дамуының барлық кезеңі тарихында адамзат қоғамның дұрыс
қалыптасуын қамтамасыздандыратын мемлекеттік органдар құрды. Соның ең
тиімдісі қоғамды басқару мен оның қажеттіліктерін, мүдделерін қорғайтын
мемлекеттік органдар органдары мен мекемелерден тұратын механизм болды. Осы
органдар бір – бірімен тығыз байланыста және қоғамды басқаруда бір –
бірімен толықтырылып отырады. Олардың басты мақсаты басқару функциясын
атқарудағы барлық азаматтардың қызығушылықтарын, құқықтары мен
еркіндіктеріне кепілдік беру. Сондықтан, бұл процессте негізгі орын
мемлекеттік органдар қызметкерлерінде [8].
Мемлекет қоғамға негізделе отырып, оның саяси, экономикалық жағдайын
және бірлікті қамтамасыз етеді. Ол қоғамның және экономикалық өмірдің
негізгі басқару қызметін атқарады. Басқару шешімдері ерекше мемлекеттік
механизммен жүзеге асырылады. Мемлекет құқықтық және нормативтік актілерді
қабылдай отырып, саяси партиялардың, ұйымдардың, қозғалыстардың қызметін
қысқартады, шектейді немесе қолдайды.
Қазіргі заман мемлекетінің ерекшелілігі саяси биліктің күшті әскер
мен жоғары сапалы басқару механизмерімен жабдықталған саяси билікті бір
қолға шоғырландырған мемлекеттің болуы.
Мемлекеттің басқа әлеуметтік ұйымдар формасынан айырмашылығы, ол
басты және жалғыз мемлекеттің билікті жүзеге асырушы қызметі бүкіл
азаматтарға және бүкіл территория көлеміне өкілеті тарайтыны. Мемлекет
және билік саяси әлемді біріктіретін негізгі элементтер. Осы көзқарас
бойынша мемлекет заң күштейтін монополияға ие.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары: Президент, оның аппараты,
үкімет, парламент және сот органдары біріге басқару жүйесін құрайды.
Жоғарыда айтылған саяси субъектілер бүкіл халықтық маңызды мәнге ие шешім
қабылдайды, мемлекеттік аппараттың барлық звенолары мен барлық
азаматтарыдың орындалуы міндетті шешімдер қабылдайды. Осы ретте әр бір
субъект басқару жүйесінің жеке жүйесі болып табылады [9].
Саяси, әлеуметтік және экономикалық институттардың тиімділік
көрсеткіші азаматтардың сенім дәрежесі болып табылады. Азаматтрадың
сеніміне әлеуметтік және экономикалық институттардың жетістігі
байланысты.
Әлсіз билік жүйесі мемлекеттік органдар мен лауазымды қызметкерлердің
мардымсыз болуына, жемқорлықтың белең алуына алып келеді. Бүкіләлемдік
Банктің 1997 ж. баяндамасында айтылғандай, тиімді мемлекет әлеуметтік -
экономикалық дамудың кепілі. Осы баяндамада 94 елдің мәліметтерін талдау
негізінде соңғы үш онжылдықта, экономикалық жетістіктер жүргізілген
экономикалық саясатпен емес, институционалдық жүйенің сапасымен анықталған.
Осы тұжырымның ерекшелігі, институционалды инфрақұрылым деңгейі нарықтың
дамуына әсер етеді. Мамандардың пікірі бойынша, жаңа индустриалды елдерде
экономикалық таңғажайыптың болуына ең бірінші саясаттың әсерінен болғанын
мойындайды. Қазіргі заман мамандары осы елдердің басшыларын қатаң сөгіске
алады, оның себебін бүгінгі таңдағы экономикалық тоқырау мемлекеттің
қоғамның экономикалық өміріне араласуы және мемлекеттің ірі
корпорациялармен тығыз байланысуынан деп түсіндіреді. Биліктің вертикалды
тұрақтылығы мен тиімділігі барлық жағдайда өте маңызды, бірақ әлеуметтік –
саяси және экономикалық қайта құрылым үлкен мәнге ие. Авторитарлы және
диктаторлық әдістер мемлекеттің күші емес, биліктің әлсіздігін көрсетеді.
Мұндай әдістер, қысқа мерзімді жағымды нәтижелер бергенмен, ұзақ мерзімді
болашақта сәтсіздікке әкеледі [10].
Жаңа индустриалды елдердің тәжірибесі бұл мағлұматтарды
дәлелдегендей, нарықтық экономиканың институттары мен принциптрі
демократияландыру мен либеризациялау жолына салуға мәжбүр болған.
Мемлекет ішінде болып жатқан барлық оқиғалар мен процесстер,
азаматтардың қызметі, субъектілерінің қызметі құқық қабылданған
нормалармен, заңдармен шектеледі.Осы қатынаста мемлекет, әсіресе
демократиялық, құқықты мемлекет, қоғамда пайда болған проблемаларды шешуде
арбитр ролін атқарады. Мемлекеттік билік құқыққа негізделген және сол
заңдардың негізінде мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізеді.
Міне, сондықтан құқық, мемлекет, саясат бір – бірімен тығыз байланысты.
Мемлекетті биліксіз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Билік сөзінің өзі
кең мағынада қолданылады. Кез келген қоғамды да биліксіз қалыптастыру
мүмкін емес. Осы феноменды біз күнделікті өмірде жиі кездестіреміз.
Көптеген, мамандардың пікірінше тек мемлекет жүргізетін билік, оның
институттары мен лауазымды қызметкерлердің мемлекет атынан жүргізетін
билігі саяси билік деп аталады. Осы түсінікте мемлекеттің ерекшелігі басқа
қоғамдық ұйымдардан азаматар мен қоғамның мемлекетпен ара қатынасы
жасайтын саяси билікті бірден – бір жүргізуші болуы. Саяси билік өзінің
нақты көрінісін мемлекеттік биліктен алады. Осы тұжырымда, мемлекет билік
прерогативасын ұстанған саяси ұйым ретінде болады. Сондықтан, мемлекеттік
немесе саяси билікті кей жағдайда ашық (публичный) билік деп атайды.
Себебі, бұл билік түрі барлық қоғамның атынан және осы қоғамның мүддесін
қорғайды. Мемлекеттік билік қоғамда жоғары дәрежеге ие, бұл ұлттық –
мемлекеттік тәуелсіздікте көрсетілген [11].
Мемлекеттік органдар теориясы келесідегідей тиімділікті анықтау
критерилерінен тұрады:
- Мемлекеттік органдар құрылымдары қызметінің өз міндеттемелерін
сапалы орындау дәрежесі;
- Лауазымды қызметкерлердің құқықтық және басқа міндетті нормалардан
ауытқымау дәрежесі;
- Басқару объектісінің жағымды не жағымсыз жаққа өзгеру дәрежесі;
- Басқару қызметіне салынатын ресурстардың басқару шығындарын өтеу
дәрежесі;
- Басқару құрылымдары шешім қабылдау мен іс - әрекеттерінің
белсенділікке ие болу дәрежесі [12].
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда көптеген авторлар адам
факторына мән береді, әсірісе саясаткерлер мен мемлекеттік органдар
қоғамның тарапынан шешім қабылдауға белсенді араластыру бойынша үнемі
қысымдарға тап болады. Осы аспектіде азаматтар тарапынан саясаткерлерді
таңдаудың құралы сайлау басты рөл атқарады. Қайта сайлау немесе мүлде
дауыс бермеу лауазымды қызметкерлердің халық алдындағы жұмысына баға беруді
білдіреді. Қоғам, азаматтар тарапынан қолдауға ие болу лауазымды
қызметкерге өте маңызды. Себебі, азаматтар билікті таңдауға шақыруды
басқару процессіне қатысумен тең деп санайды.
Әрине, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруда
материалдық түрде ынталандыру маңызды рөл атқарады. Осы проблеманы айта
келе, Дж.Габрис жұмысшыларды қаржылық ынталандыру тиімді әдіс екенін
дәлелдеген. Осы дәлелдің негізгі аргументі: жұмысшы ең бірінші материалды
жағдайға үлкен мән береді. Жұмысшылардың айтуынша жалақы мөлшерінің тепе –
теңсіздігі олардың қанағатсыздық сенімін тудырады.

II. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

2.1. Қазақстан Республикасының орталық басқару жүйесі

Министрлік Қазақстан Республикасының тиісті салада заңды түрде
мемлекеттік басқаруды жүргізетін орталық атқарушы орган.
Мемлекеттік комитет Республиканың тиісті салада біріңғай мемлекеттік
саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. Мемлекеттiк органдар мен
лауазымды адамдар мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi
жүзеге асыруы кезiнде құқықтық актiлер шығару арқылы шешiмдер қабылдайды
[23].
Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi жеке қолданылатын актiлерге
жатады, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады және бiр
рет не өзгеше шектеулi түрде қолдануға есептеледі; заңдарда регламенттелген
жағдай шеңберiнде белгiлi бiр тұлғаға не өзге де белгiлi бiр тұлғалар
тобына қолданылады; белгiлi бiр тұлғаның немесе тұлғалардың өзге шектеулi
тобының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi, өзгертедi, тоқтатады немесе
тоқтата тұрады. Жеке қолданылатын құқықтық актiлер Қазақстан
Республикасының заңдарына кiрмейдi және нормативтiк құқықтық актiлерге
жатпайды.
Жеке қолданылатын құқықтық актiлердi қабылдау рәсiмдерi, олардың
ресiмделуiн, орындалуын және орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру осы
Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
Мемлекеттiк органдар өз қызметін тоқсанға, жылға және келешектегi ұзақ
мерзiмге арнап жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары:органның құрылымдық
бөлiмшелерiнiң ұсыныстары негізiнде алдын ала жасалып, оларды органның
басшысы бекiтедi; нормативтiк құқықтық актiлердi орындау үшiн және жоғары
тұрған мемлекеттiк органдардың жұмыс жоспарлары ескерiле отырып жасалуы
мүмкiн. Мемлекеттiк органның жұмыс жоспары негiзiнде осы органның
құрылымдық бөлiмшелерi өздерiнiң жұмыс жоспарларын жасайды. Жоғары тұрған
мемлекеттік органның жұмыс жоспарына сәйкес қаралатын мәселелердiң тiзбесi
жоғары тұрған органның жұмыс жоспарына енгiзiлген осы мәселелер қарауына
жататын төменгi тұрған мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жiберiледi.
Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет. Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет - лауазымды
адамдардың мемлекеттiк органдарда жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды
адамдардың құқықтық актiлерге жеке-дара қол қоюын, бағынысты қызметкерлерге
нұсқаулар мен тапсырмалар беруiн, мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру
жөнiнде өзге де ұйымдық-өкiмшiлiк шараларын жеке-дара қабылдауын қамтитын
қызметi. Мемлекеттiк органның басшысы (алқалы мемлекеттiк органдарды
қоспағанда) сенiп тапсырылған органға басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет
жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке
жауапты болады. Жеке-дара өкiмшiлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде төменгi
лауазымды адамдар өздерiнiң әрекеттерiн жоғары тұрған лауазымды адамның
шешiмдерiмен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырады. Егер мемлекеттiк функциялар
тек қана жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырылса, бұл жағдайда
төменгi лауазымды адамдардың мiндетi уәкiлеттi адамның осы қызметiн
қамтамасыз ету болып табылады.
Алқалы мемлекеттiк органдардың қызметi. Шешiмдерi мемлекеттiк
органдар мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданатын органдар алқалы
мемлекеттiк органдар болып табылады. Алқалы орган қабылдайтын шешiмдердiң
заңдылығы үшiн жауапкершiлiк, шешiмдi қабылдаған кезде қарсы дауыс
бергендердi қоспағанда, алқалы органның дауыс беруге қатысқан барлық
мүшелерiне жүктеледi [24].
Алқалы органдар қызметiнiң негiзгi нысаны олардың отырыстары болып
табылады, оларда осы органдардың шешiмдерi қабылданады. Алқалы мемлекеттiк
органдардың отырыстарын дайындау және өткiзу кезiнде уәкiлеттi органдар
(олардың құрылымдық бөлiмшелерi) мен лауазымды адамдар мынадай мәселелердi
шешедi: отырыстарды жоспарлау - осы отырыстарды өткiзу жоспары әзiрленедi
және бекiтiледi. Осы жоспар тиiсiнше тоқсандық және жылдық мерзiмге
әзiрленедi, ал тиiстi келiсуден кейiн оны алқалы органның басшысы не алқалы
органның қызметін қамтамасыз ететiн органның басшысы бекiтедi. Бекiтiлген
жоспар мүдделi органдар мен лауазымды адамдардың назарына жеткiзiледi;
алқалы мемлекеттiк органның отырысына шығарылатын мәселелердi дайындауды,
отырысты өткiзу жөніндегi өзге де ұйымдық шараларды оның тиiстi құрылымдық
бөлiмшелерi не алқалы органның қызметiн қамтамасыз ететiн орган жүзеге
асырады. Отырыстарды жүргiзу тәртiбi алқалы мемлекеттiк органдардың
регламенттерiмен айқындалады. Алқалы органның отырысы хаттамаға түсiрiледi.
Отырыста қабылданған шешiмдер алқалы мемлекеттiк органның регламентiне
сәйкес қаулылармен ресiмделiп, орындаушылардың назарына жеткiзiледi. Қажет
болған жағдайда қабылданған шешiмдердi iске асыру жөнiнде шаралар жоспары
жасалып, бекiтiледi, олардың орындалуы бақылауға алынады.
Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар. Оларға: Үкімет
құрамына кірмейтін комитеттер, бас басқарулар, комиссия, Республика
агенттігі және басқа да Үкімет құрамына кірмейтін құрылымдар жатады. Үкімет
құрамына кірмейтін атқарушы органдар өз өкілеттілігі көлемінде арнайы
функцияларды, салааралық координация жұмыстарын жүзеге асырады [24].
Республика ведомствосы. Бұл – Министрлік, мемлекеттік комитет
жанындағы комитет, департамент, агенство және басқа да органдар.
Ведомство, министрлік өкілеттілігі, мемлекеттік комитет көлемінде
арнайы атқару және бақылау – надзорлық функцияларын автомды жүргізеді.
Ведомстаның құрылымы, компетенциясы және тиісті министрлікпен өзара
байланысын Үкімет бекітеді. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды қызметкерлер
мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыруы кезiнде
құқықтық актiлер шығару арқылы шешiмдер қабылдайды.
Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалау саласында жоғары
нәтижелерге ие. Мемлекеттік басқарудың Қазақстандық моделі халықаралық
стандарттарға сәйкес келеді, заңнамалық базасы бар, мемлекеттік қызметте
кәсібилік пен ашықтыққа қол жеткізілген. Мемлекеттік қызметшілердің
кәсіптік білімін арттыру жұмысы агенттіктің мұрындық болуымен ҚР Президенті
жанындағы мемлекеттік органдар академиясы, Еуразиялық оқыту орталығы,
мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың аймақтық
орталықтарында жүргізіледі.Жоғары білікті мемлекеттік басқарушыларды
қалыптастыруға қол жеткізу, бұл Ел Президентінің бастамасымен көтерілген
мемлекеттік органдар академиясында ең жоғары халықаралық стандарттарға
жауап беретін ұлттық басқару мектебін құрудың іргесін қалауға мүмкіндік
беретінді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және
есеп беретін, өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен
мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға
уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.Агенттік өз қызметін
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық
актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Агенттік туралы
ережені, сондай-ақ оның құрылымы мен штат санын Агенттік Төрағасының ұсынуы
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Агенттік өз атынан
азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі [25].

2.2. Облыстық мемлекеттік органдар жүйесі
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмият
Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi,
атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту
мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз
етедi.Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмиятты
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады.Әкiм
облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмиятты әкiм
орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен
қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.Облыс
(республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмиятының отырыстарын әзiрлеу мен
өткiзу, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi әкiмияттың регламентiнде
белгiленедi. Yлгi регламенттi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Әкiмияттың дербес құрамы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық,
астаналық) мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi. Облыс (республикалық
маңызы бар қала, астана) әкiмиятының жұмысына орталық атқарушы органдардың
аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары кеңесшi дауыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БОӘ дамуына үлес қосқан Қазақстандық әдіскерлер және олардың еңбектері
Қазақстанда іс жүргізу және құжаттану: тарихы мен зерттеу әдістері (ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басы)
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету
Шетел тілі сабақтарында проблемалық әдісті қолдану
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі жайлы
Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру проблемалары
Қазақстан Республикасындағы басқару әдістерін жетілдіру
Шағын кәсіпорындарға қаржылай және қолдау көрсету
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
Пәндер