Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек



КІРІСПЕ
1 Еңбек рыногы
2 Еңбек ақы төлеу есебi
3 Жеке табыс салығы, элементері, есептеу және төлеу мерзімі, кезеңдері
ҚОРЫТЫНДЫ
Еңбекақы және оның көлемі кез-келген ел экономикасына әсерін тигізбей қоймайды. Еңбекақы – қиындығына, санына және сапасына сәйкес еңбекке сыйақы. Жалақы төлеудiң екi түрi бар: уақытша және атқарылған жұмыс көлемi бойынша. Уақытша төлеу дегенiмiз жұмысшының жұмыстағы уақытына төленедi. Атқарған жұмысы үшiн төлеу - жұмысшының көрсететiн қызметi, атқарған жұмысы және материалды жасаған көлемi мен орындаған сағаттары бойынша есептелiнедi. Еңбек ақыны төлеу бухгалтерияның ең маңызды бөлiмi және өнiмнiң өзiндiк құнын анықтауда негiзгi шығыны болады.
Жалақы негiзгi және қосымша болып екiге бөлiнедi:
Негiзгi жалақы - бұл жалақы жұмысшыларға нақты жұмыс iстегенi үшiн төленедi, оның жұмыс iстеген саны мен сапасына немесе өндiрген өнiмнiң бағалауына байланысты;
Қосымша жалақы- жұмысшыға еңбек заңына сәйкес кәсiпорындағы iстемеген жұмысқа, болмаған уақытына төленедi. Осыған кезектi демалыс ақысы, уақытша мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындауға кеткен уақытқа төленедi.
Еңбекақы мөлшерлемесі әлеуметтік деңгейлерде негізгі табыс көзін көрсетеді, соның салдарынан оны дұрыс орнату мен есептеу бухгалтерлік есеп шешетін салалардың маңызды элементі болып табылады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

1 Еңбек рыногы

2 Еңбек ақы төлеу есебi
3 Жеке табыс салығы, элементері, есептеу және төлеу мерзімі, кезеңдері
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Еңбекақы және оның көлемі кез-келген ел экономикасына әсерін тигізбей
қоймайды. Еңбекақы – қиындығына, санына және сапасына сәйкес еңбекке
сыйақы. Жалақы төлеудiң екi түрi бар: уақытша және атқарылған жұмыс көлемi
бойынша. Уақытша төлеу дегенiмiз жұмысшының жұмыстағы уақытына төленедi.
Атқарған жұмысы үшiн төлеу - жұмысшының көрсететiн қызметi, атқарған жұмысы
және материалды жасаған көлемi мен орындаған сағаттары бойынша
есептелiнедi. Еңбек ақыны төлеу бухгалтерияның ең маңызды бөлiмi және
өнiмнiң өзiндiк құнын анықтауда негiзгi шығыны болады.
Жалақы негiзгi және қосымша болып екiге бөлiнедi:

Негiзгi жалақы - бұл жалақы жұмысшыларға нақты жұмыс iстегенi
үшiн төленедi, оның жұмыс iстеген саны мен сапасына немесе өндiрген өнiмнiң
бағалауына байланысты;

Қосымша жалақы- жұмысшыға еңбек заңына сәйкес кәсiпорындағы
iстемеген жұмысқа, болмаған уақытына төленедi. Осыған кезектi демалыс
ақысы, уақытша мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындауға кеткен
уақытқа төленедi.
Еңбекақы мөлшерлемесі әлеуметтік деңгейлерде негізгі табыс көзін
көрсетеді, соның салдарынан оны дұрыс орнату мен есептеу бухгалтерлік есеп
шешетін салалардың маңызды элементі болып табылады.

1 Еңбек рыногы

Экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) – тауарлар мен
қызметтерді өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін халықтың
экономикалық белсенділігін өлшеуге арнайы белгіленген жастағы халықтың
бір бөлігі. Экономикалық белсенді халық санына барлық қызмет түрінде
жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздар кіреді.
Экономикалық белсенді емес халық – қарастырылған кезең бойында
жұмыс істемеген немесе жұмыссыз болған халықтың экономикалық
белсенділігін өлшеуге арнайы белгіленген жастағы тұлғалар.
Жалдамалы (ақы төленетін) жұмыскерлер – еңбекақы, үстеме және
т.с.с. түрде немесе заттай түрде ақыны (сыйақыны) қарастыратын жалдау
шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалар.
Өзін-өзі жұмыспен қамту – бұл сыйақы мөлшері тауарлар мен
қызметтер өндіруден (өткізуден) түскен табысқа байланысты болатын
жұмыспен қамту (мұнда меншікті тұтыну табыстың бір бөлігі болып
табылады).
Жұмыспен қамтудағы ереже жөнідегі (жұмыспен қамтудағы мәртебе)
Халықаралық топтамаға сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлердің
мынадай топтары анықталған:
Жұмыс берушілер – қандай да бір экономикалық қызмет түрінде және
бір немесе бірнеше жалдамалы жұмыскерлері бар өзінің меншікті
кәсіпорнын басқаратын немесе тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен
шұғылданатын тұлғалар. Жалдамалы жұмыскерлер санына байланысты жұмыс
берушілер арасында айырмашылық бар.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер – өз бетінше не болмаса
бір немесе бірнеше серіктестермен жұмыс істей отырып, өзін-өзі
жұмыспен қамту негізінде қызметпен шұғылданатын және ешқандай
жұмыскерді тұрақты негізде жалдамайтын тұлғалар. Алайда зерттелген
кезең бойында өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскер бір немесе бірнеше
жұмыскерді тек қысқа мерзімді немесе тұрақты емес негізде жалдай
алмайды және сондықтан ол жұмыс беруші ретінде жіктелмейді.
Төленбейтін отбасылық жұмыскерлер – туыс тұлға басқаратын
кәсіпорында (шаруашылықта), әдетте, сыйақысыз жұмыс істейтін тұлғалар.
Өндірістік кооператив мүшелері – қай салада құрылғанына
қарамастан, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын еңбек кооперативінің
мүшелері болып табылатын тұлғалар. Егер бұл топтағы жұмыскерлер саны
шамалы болса, ол топтамадан алынып тасталуы мүмкін және мұндай
кооперативтер мүшелері қандай да бір басқа топ құрамында жіктелуі
мүмкін.
Жұмыссыздарға қарастырылған кезеңде жұмысы (табыс табатын ісі)
болмаған, белсене жұмыс іздеген және жұмысқа белгілі бір уақыт
кезеңінде кірісуге дайын болған халықтың экономикалық белсенділігін
өлшеуге арнайы белгіленген (15 және одан жоғары) жастағы тұлғалар
жатады.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халық санындағы
жұмыссыздардың үлесі, пайызбен өлшенеді.
Жастар жұмыссыздығы деңгейі – 15-24 жас шамасындағы жұмыссыз
халық санының осы жастағы экономикалық белсенді халық санындағы үлесі,
пайызбен өлшенеді.
Ұзақ мерзімдік жұмыссыздық деңгейі – 1 жыл және одан астам уақыт
бойы жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының экономикалық белсенді
халық санындағы үлесі, пайызбен өлшенеді.
Еңбекпен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар – жұмысқа
орналасу мәселесі бойынша жұмыспен қамту өкілетті органдарына
хабарласқан және жұмыссыз ретінде тіркелген, еңбекке қабілетті жастағы
азаматтар.
Жұмыссыздықтың ұзақтығы (жұмыс іздеудің ұзақтығы) – жұмыссыз
адамның жұмыс іздеп жүрген кезеңінің ұзақтығы.
Жұмыскерлердің тізімдік саны – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт
бойынша жұмыс істейтін адамдардан басқа жасалу мерзіміне қарамастан
жеке еңбек шарты бойынша жұмысқа алынған адамдар саны.
Орташа жалақыны есептеу үшін қолданылатын, қызметкерлердің нақты
саны – жұмысқа ресми қатысы бар қызметкерлердің жекелеген санаттарын
(мысалы, жүкті болғанда және босанғанда, баланы күтүге демалыс алған
адамдар және әкімшілік тарапынан еңбекақының сақталуынсыз демалыста
болғандар) шегергендегі құрамдық тізімдегі қызметкерлер саны.
Бос жұмыс орны – жұмыс берушілердегі бос жұмыс орны (немесе
лауазым).
Еңбекақы – қиындығына, санына және сапасына сәйкес еңбекке
сыйақы (табыс).
Орташа айлық атаулы еңбекақы тізімдік құрам жұмыскерлері мен
қосымша істеушілердің нақты есептелген жалақы қорын нақты жұмыс
істегендер санына (яғни орташа еңбекақыны есептеуге арналған саны)
және есеп беру кезеңіндегі ай санына бөлу жолымен есептеледі.
Атаулы еңбекақы индексі – есепті кезеңде базистик кезеңмен
салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нақты еңбекақы индексі - салыстырмалы көрсеткіш, орташа атаулы
еңбекақы  индексін тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағаларының
индексіне бөлу арқылы есептеледі. Индекстің екеуі де бірдей уақыт
кезеңіне қатысты болуы керек.

2 Еңбек ақы төлеу есебi

Еңбек ақы төлеу есебi еңбектiң өнiмдiлiгiнiң өсуiне және өнiмнiң
өзiндiк құнының төмендеуiне және еңбек тәртiбiнiң мықты болуына
көмектеседi. Шаруашылық әрекеттерi жұмысшыларды жұмысқа алу, жұмыстан
босату, қызметшiлер санын өзгертiп, жұжұмысшыларды жұмысқа орналастыру.
Жұмысқа жаңадан алған кезде алғашқы құжаттар толтырылады (өтініш,
дипломның көшiрмесi, автобиография т.б.) Кадрлар бөлiмiнде әрбiр жұмысшыға
арнайы карточкалар толтырылады.
Бухгалтерияда еңбек есебi бұйрық келiп түскеннен басталады. Әр
жұмысшыға арнайы немесе лицевой шот ашылады, ол құжатта: қай күннен бастап
жұмысқа алынғаны (ай,күнi), жалақысы, ай сайын есептелiнген жалақы,
жалақыдан ұсталымдар және кассадан берiлген қолма-қол ақша көлемi.
Еңбек ақыны төлеу бухгалтерияның ең маңызды бөлiмi және өнiмнiң
өзiндiк құнын анықтауда негiзгi шығыны болады.
Жалақы негiзгi және қосымша болып екiге бөлiнедi:

Негiзгi жалақы - бұл жалақы жұмысшыларға нақты жұмыс
iстегенi үшiн төленедi, оның жұмыс iстеген саны мен сапасына
немесе өндiрген өнiмнiң бағалауына байланысты;

• Қосымша жалақы- жұмысшыға еңбек заңына сәйкес кәсiпорындағы
iстемеген жұмысқа, болмаған уақытына төленедi. Осыған кезектi
демалыс ақысы, уақытша мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi
орындауға кеткен уақытқа төленедi.
Еңбек ақыны төлеу негiзiнде тарифтiк қойылымдар жатыр, ол
экономиканың барлық салаларда, барлық кәсiпорындарда меншiгiнiң түрiне
қарамастан бекiтiледi.
Еңбек ақы ақшалай немесе натуралды түрде бөлiнуi және төленуi мүмкiн.
Жалақы төлеудiң екi түрi бар: уақытша және атқарылған жұмыс көлемi
бойынша. Уақытша төлеу дегенiмiз жұмысшының жұмыстағы уақытына төленедi.
Атқарған жұмысы үшiн төлеу - жұмысшының көрсететiн қызметi, атқарған жұмысы
және материалды жасаған көлемi мен орындаған сағаттары бойынша
есептелiнедi.
Негiзгi жалақыны есептеу. Мысалы: Жубауова Ақмарал жұмысқа 10.01.2006
жылы кiрдi. Бiр айдағы жалақы 10000 теңге. Уақыт бойынша жұмыс iстейді.
Негiзгi жалақыны есептеуге бір айдағы жалақыны сол айдың жұмыс күнiне бөлуi
қажет. Әр айдағы жұмыс күнi былай анықталады.
31- 6 =25 жұмыс күнi
1000025=400 теңге
400 теңге – бiр күнгi жалақы
20 жұмыс күнi *400 теңге =8000 теңге.
Мысалы: бiр детальдi оңдауға 1сағ. 30 мин. керек,
1сағ жұмыс iстегенi үшiн - 40 теңге.
Бұл айда 70 деталь жасалынуы керек.
1 деталь = 1,5 сағ *40 теңге =60 теңге.
70 деталь *60 теңге =4200 теңге.
Қосымша жалақыны есептеу. Қосымша жалақыны есептеу 2000 жылдан бастап
барлық жұмысшылар 12 ай жұмыс iстегеннен кейiн керектi демалысқа шығуға
тиiс . Мысалы: жұмысшы 2005 жылы 1 октябрiнен – 2006 жылдын 1 октябрiне
дейiн 1 жыл жұмыс iстейдi. 3 ноябрден 2006 жыл бастап жұмыс күнiне кезектi
демалыс берiледi. Қосымша жалақыны есептеу керек, ол үшiн 12 айға
есептелiнген жалақы алынады.
Есептелiнген жалақы дегенiмiз салық ұсталынбаған жалақы.
Мысалы: жалақы - 8000 теңге
8000 - 800 теңге (10% - мiндеттi түрде зейнетақы қорларына бөлiнедi)
7200 теңге - жұмыс iстеген үшiн алынған кiрiстер (жалақы).
7200 - 1030 = 6170 теңге - осы жалақыдан жеке табыс салығы ұсталынады.
I-VI айлар 2006 жыл ; январьдан июльге дейiн 10000 теңге = 60000
теңге.
VII ,VIII ,IX ,X айлар – 12000*4 =48000 теңге
XI XII 2005 жыл – 8000*2=16000 теңге
124000 теңге - бiр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кредиторлық берешек есебін зерттеп және олардың есебінің жолдарын қарастыру
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы
КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ЕСЕБІ
Міндеттемелердің есебі және қарыз бойынша шығын
Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі
Ағымдағы міндеттемелер мәні және мазмұны
ДЕБИТОРЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ ТУРАЛЫ
Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
Нарықтық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi
Пәндер