Жеке адамның (азаматтың) құқықтары мен бостаңдықтары



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. 2
1. Жеке адамның (азаматтың) құқықтары мен бостаңдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. 3
2. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостаңдықтарының сипаты ... ... ... ... ... ... ... ...
. 8
3. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оның халықаралық аспектiлерi ... ... ... ... ... ... ...
. 13
3.1. Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық
аспектiлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 19

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. 25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
. 26
Адам құқықтарын қорғау мәселесi бүгiнгi күнгi тек жекелеген мемлекеттердiң iшкi iсi ғана болып қана қоймай, сондай-ақ бұл мәселе бүкiл әлемнiң барлық мемелекттерi үшiн үлкен де өзектi iрi мәселелерге айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда менiң курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселе аса өзектi сипатқа ие болып отыр деп айтуға болады. Әсiресе осы соңғы жылдары адам құқығын қорғау мәселесi халықаралық деңгейге көтерiлiп, тiптi бұл мәселелер жеке мемлекеттердiң құқық жүйесiнiң өзiнше дербес саласы болып қалыптаса бастағаны белгiлi.
Қазiргi кезде адам құқықтарын қорғауға байланысты мәселе бойынша егемендi елдердiң ұлттық құқық жүйесiнiң нормалары алдында халықаралық құқық нормаларына басымдылық беру ресми түрде кең танылып отыр.
Демек жалпы әлемдiк денгейде де адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға аса жоғары мән берiлуде деп айтуға болады, әрi бұл бағытта басты бағдар ретiнде ұстанатын негiзгi қағида ол - жалпы адамгершiлiк құндылықтары.
Адам құқықтарын қорғау сондай-ақ ұйымдық тұрғыдан алғанда жоғарғы денгейде халықаралық тұрғыда жақсы қалыптаса бастады деп айтуға толық негiз бар. Мысалы, адам құқығын қорғау халықаралық денгейде Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен Европалық Одақ сияқты беделдi ұйымдар арқылы жүзеге асырылатынын айта кетуге болады.
Мен өзiмнiң бұл курстық жұмысымда Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелердi және азаматтардың саяси құқықтарының ерекшелiктерiне сондай-ақ бұл мәселелердiң халықаралық аспектiлерiн жете тоқталып кетудi негiзгi мақсат етiп белгiлеп отырмын.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.
2. Азаров А.Я. Права человека. М., 1995. Даниленко Г.М. Международная защита прав человека. М., 1998 ж.
3. Журсимбаев С. Права человека в международно-пра¬вовых актах и Конституции Казахстана. Астана, 1998 ж.
4. Искакова Г.К. Права человека в Казахстане. Алматы, 1999 ж.
5. Николайко И.В. Права человека и система ООН. Киев, 1991 ж.
6. Основные международные документы по правам че¬ловека. Материалы и комментарии. Алматы, 1998 ж.
7. Права и свободы человека в Казахстане. На основе материалов Международной конференции.Астана, 18-19 июня 1998 г.Алматы, 1998.
8. Права человека как фактор стратегии устойчивого развития. Под редакцией Лукашевой Е.А. М., 2000 ж.
9. Права человека. Учебное пособие. Под ред. Сарсенбаева М.А., Алматы, 1999 ж.
10. Развитие национальных учреждений по правам челове¬ка в Казахстане на основе материалов Международного семинара 2—4 сентября 1999 г., Астана, Алматы, 1999.
11. Между¬народные акты о правах человека. Сб. документов. М., 1998 ж.
12. Мемлекет және құқық негiздерi: Қураст. Е. Баянов. – Алматы: Жетi жарғы. 2001 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚР-дағы Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарын қорғау

ЖОСПАР

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... - 2
Жеке адамның (азаматтың) құқықтары мен
бостаңдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... - 3
Азаматтардың саяси құқықтары мен бостаңдықтарының
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... - 8
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оның халықаралық
аспектiлерi ... ... ... ... ... ... ... - 13
3.1. Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық
аспектiлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... - 19
... ... ... ...

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... - 25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... . - 26

КIРIСПЕ

Адам құқықтарын қорғау мәселесi бүгiнгi күнгi тек жекелеген
мемлекеттердiң iшкi iсi ғана болып қана қоймай, сондай-ақ бұл мәселе
бүкiл әлемнiң барлық мемелекттерi үшiн үлкен де өзектi iрi
мәселелерге айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда менiң курстық жұмысымның
тақырыбына арқау болып отырған адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты
мәселе аса өзектi сипатқа ие болып отыр деп айтуға болады. Әсiресе осы
соңғы жылдары адам құқығын қорғау мәселесi халықаралық деңгейге
көтерiлiп, тiптi бұл мәселелер жеке мемлекеттердiң құқық жүйесiнiң
өзiнше дербес саласы болып қалыптаса бастағаны белгiлi.
Қазiргi кезде адам құқықтарын қорғауға байланысты мәселе бойынша
егемендi елдердiң ұлттық құқық жүйесiнiң нормалары алдында
халықаралық құқық нормаларына басымдылық беру ресми түрде кең танылып отыр.

Демек жалпы әлемдiк денгейде де адам құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға аса жоғары мән берiлуде деп айтуға болады, әрi бұл бағытта
басты бағдар ретiнде ұстанатын негiзгi қағида ол - жалпы адамгершiлiк
құндылықтары.
Адам құқықтарын қорғау сондай-ақ ұйымдық тұрғыдан алғанда жоғарғы
денгейде халықаралық тұрғыда жақсы қалыптаса бастады деп айтуға толық негiз
бар. Мысалы, адам құқығын қорғау халықаралық денгейде Бiрiккен Ұлттар
Ұйымы мен Европалық Одақ сияқты беделдi ұйымдар арқылы жүзеге
асырылатынын айта кетуге болады.
Мен өзiмнiң бұл курстық жұмысымда Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты
мәселелердi және азаматтардың саяси құқықтарының ерекшелiктерiне сондай-ақ
бұл мәселелердiң халықаралық аспектiлерiн жете тоқталып кетудi негiзгi
мақсат етiп белгiлеп отырмын.
1. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ (АЗАМАТТЫҢ) ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАҢДЫҚТАРЫ
Жеке құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтық
мәртебесiнiң түпқазығы болып табылады. Оларды шектеуге болмайды. Сондықтан
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-23 -баптарында аталған құқықтар
мен бостандықтар кейде азаматтардың өзiндiк құқықтары мен бостандықтары
деп те аталады, оларға мемлекет тарапынан берiлген кетпiлдiктiң деңгейi
өте жоғары деп айтуға болады.
Азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарына өмiр сүру (15-бап);
жеке бас бостандығы (16-бап); адамның қадiр-қасиетiне қол сұқпау (17-бап);
жеке өмiрiне қол сұғылмау, өзiнiң және отбасының құпиясы болу, ар-намысы
мен абыройын қорғау (18-бап); өзiнiң қай ұлтқа, қай дiнге жататынын анықтау
және оны көрсету-көрсетпеу, ана тiл мен шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алу
(19-бап); заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат
алу және тарату, т.б. құқықтары жатады.
Ендi Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген
азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарына толығырақ тоқталып өтейк.
Өмiр суру құқығы. Бұл әр адамды оның өмiрне жасаған қауіптен қорғауға
кепiлдiк беру мiндетiн мемлекет өз мойнына алады дегенда бiлдiредi. Оның
үстiне ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға қақысы жоқ (15-бабы). Бұған
заңға сәйкес өлiм жазасына кесiлетiн қылмыскердiң ерекше ауыр қылмыс жасау
жағдайлары ғана жатпайды, өйткенi ол ең ауыр жаза ретiнде заңда
белгiленген. Бiрақ өлiм жазасына кесiлген кiнәлi адамға кешiрiм жасау
туралы арыздану құқығын пайдалануға мүмкiндiк берiледi Бұл туралы мәлiмет
Конституцияның 15-бабының 2-тармағында арнайы көзделген. Кешiрiм беру
құқығы мемлекет басшысы әрi ең жоғары лауазымды адам ретiнде Қазақстан
Республикасының Президентiне берiлген (44-баптың 15-тармағы).
Мемлекет әркiмнiң қадiр -қасиетiн қорғауға мiндеттi екенiн Қазақстан
Республикасы Қонституциясының 17-баынан көруге болады. Онда: Ешкiмдi
азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық
қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды (2-
тар.). Қазақстан Республикасы Қонституциясының көптеген нормалары да жеке
адамның қадiр-қасиетiн қорғау мақсаттарына қызмет ететiнiн есте ұстау
керек. Мысалы, жеке өмiрiне қол сұғылмау құқығы, телефон арқылы сөйлескен
сөздерiнiң, жазысқан хаттарының, жеке салымдарының құпиялылығын сақтау
құқығы, тұрғын үйге күштеп кiруге, сол сияқты заңсыз қарап, тiнту жүргiзуге
тыйым салу және т.б. Ешкiмге де өзiнiң келiсiмiнiз медициналық, ғылыми
немесе басқадай тәжiрибе жасалынбайды.
Жеке бастың бостандығына қол сұғылмаушылык, құқығы оған мемлекеттiк
органдар тарапынан қауiп төңдiру әрекеттерiне жол беруге болмайтындығыңда.
Тек занда көрсетiлген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың
санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, бiрақ тұтқындалған
адамға сотқа шағымдану құқығы берiлетiндiгiн ерекше атап айту керек.
Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұстауға
болады. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам
адвокаттың (қорғаушының) көмегiн сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып
тағылған кезден бастап пайдалануға құқығы бар (16-бап).
Қазақстан Республикасы Қонституцияның 19-бабына сәйкес әрккiмнiң өзiн
қай ұлтқа жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құқығы бар.

Бұл — ешкiмдi де өзiнiң ұлтын еркiсiз таңдап алуын күштеп көндiруге
болмайтыңдығын бiлдiредi. Әркiм оны өз қалауы бойынша тандап алуға ерiктi.
Мұндай саналы iстi әрбiр 16 жасқа толған әрекет қабiлеттiлiгi бар адам
жасай алады, өйткенi осындай жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматы
ғана жеке куәлiк алуға, сөйтiп өз ұлтын таңдауға құқылы. Бiрақ оның
мiндетi емес.
Қазақстан Республикасы Конституциясындағы елеулi құқықтардын бiрi
— оның 19-бабының 2-тармағындағы әркiмнiң ана тiлi мен тiл мәдениетiн
пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оку және шығармашылық тiлiн еркiн
таңдап алуға құқығы бар,—делiнген тұжырымдар. Бұл құқықтың мазмұны
Қонституцияның 7-бабынан туыңдайды. Оңда — елiмiзден мемлекеттiк тiл—қазақ
тiлi, ал мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай
туғызуға қамқорлық жасайды,— деп анақтыланған. Ал осы конституциялық
кағидалар 1997 жылғы қабылданған Тiл туралы заң арқылы iс жүзiне
асырылады. Әрбiр адам ресми емес жерлерде, жеке қарым-қатынаста қай тiлде
сөйлейтiндiктерiн өздерi таңдай алады, оған ешкiмнiң де килiгуiне құқығы
жоқ.
Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттiк органдарға
арызданып шағымданғанда өз тiлiн не өзi бiлетiн басқа да тiлдi таңдауға
құқылы. Осындай құқықты олар сот iстерiне қатысқанда, заң, шығармашьшық
жұмыстарда, диссертацияны жазғанда пайдалануға ерiктi.
Қазақстан Республикасының Тiл туралы Заңында: Қазақстан
Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң
қарауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына
қажеттi жағдай жасайды, — делiнген.
Қазақстан халыктары тiлдерiнiң дамуы үшiн қажеттi жағ-дайлардың iс
жүзiнде қамтамасыз етiлуi — Ана тiлiн меңгеруге тiлек бiлдiрушiлердiң
барлығына арнайы мүмкiндiктер туғызу деген сөз. Мұның өзi ана тiлiнде орта
бiлiм беру немесе ана тiлiн мiндеттi пән ретiнде оқыту, мұғалiм кадрларын
даярлау, оқу және оқу-әдiстемелiк құралдар мен көркем әдебиет, газет-
журнаддар шығаруға жәрдемжасау жолымен жүзеге асырылады.
Мұндай жұмыс этностардың мәдени-тiлдiк мүдделерiн бiлдiре алатынш
ұлттық мәдени орталықтардың белсендi қатысуымен тиiмдi болады. Сонымен
қатар Қазақстандағы этникалық диаспоралар этносының негiзгi бөлiп тұратын
елдермен, саны аз халықтар тiлдерiнң Еуропалық бюросымен және басқа
халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жолға қою қажет.
Сөйтiп, елден этностар тiлдердiң жай-күй мен жалпы тiлдiк ахуалға
нақты және ғылыми талдау жасалмайынша, тiл құрлысының табысты жүруi мүмкiн
емес. Әлеуметнамалық және әлеуметтi-лингвистикалық мониторинг тiлдiк
процестердiң серпiндiгi мен оның демографиялық, әлеуметтiк этникалық
белгiлерi бойынша аймақтық жiктелуiн бейнелейтiн Тiл саясатына ұдайы түзету
енгiзiлiп отыруын қамтамасыз етуге тиiс. Тiл жөнiндегi мемлекеттiң болжамды
қызметтердiң бағыттарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 4-
қарашадағы Қазақстан Республикасы тiл саясатының тұжырымдамасы туралы
өкiметiнен бiлуiмiзге болады.
Конституция тұжырымдарының әрбiр адамға қолайлы жерiнiң бiрi — ол 25-
бапта көрсетiлген, ешкiмнiң тұрғын үйге қол сүқпайтындығы. Соттың
шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басыпккiруге,
оны тексеруге және iлiнуге заңмен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша
ғана жол берiледi. Бiздiң елiмiзде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету
үшiн қолайлы жағдайлар жасалынған. Заңда көрсетiлген санаттағы мұқтаж
азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген мөлшерге сәйкес мемлекеттiк тұрғын
үй қорларынан берiледi. Демек, тұрғын үй деп отырғанымыз, ол пәтер, бөлме,
қонақ үй нөмiрi, т.б.
Жеке адам құқықтарының iшiндгi ең маңыздысы — бұл әркiмнiң еркiн жұрт-
тұруға және тұрғылықты мекендi қалауынша таңдап алуға құқығы болатындығы.
Осыған байланысты елiмiз Ата Заңының 21-бабында — Қазақстан Республикасы
аумағында занды түрде жүрген әрбiр адамның, заңда арнайы көрсетiлгеннен
басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты мекеңдi
өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. Әркiм Республикадан тыс жерлерге
кетуге және оған кедергiсiз қайтып оралуға құқылы,— делiнген. Бiрақ
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлi бiр жерде адамның емiнеркiн
жүрiп-тұруына шектеулер қойылған (мысалы, жабық әскери объектiлерiнде,
экологиялық апат аймақтарыңда, т.б.). Мемлекеттжiк құпияны бiлетiн
азаматтардың шет елдерге шығуы арнайы нормативтiк құқықтық актiлерде
көрсетiлген.
Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына құқысы бар (18-бап). Бұл
жерде жеке өмiр деп тұрғанымыз өзiнiң немесе отбасының құпиясын, жеке
салымдары мен жинаған қаражаттарын почта, телеграф, телефон арқылы
жазысқан хаттарының, сөйлеген сөздерiнiң және тағы басқа жолдармен алысқан
хабарларының құпиясын айтамыз, егер де оған моральдық зиян келтiрiлген
болса. Конституцияда көрсетiлгендей, бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей
белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
Аппарат көздерiмен танысуға құқылы (18-бап, 3-т.) дегенiмiз кез келген
мемлекеттiк органдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң
құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және
ақпараттармен қамтамасыз етуге мiндеттiлiнiгiнен туындайтын мүмкiншiлiкке
ие болу деген сөз.

2. АЗАМАТТАРДЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАҢДЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТЫ

Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары бұл құқықтардың
жеке адамға қатысты құқықтар мен бостандықтардан ерекшелiгi — көптеген
саяси құқықтар мен бостандықтар тек қана Қазақстан Республикасының
азаматтарына берiледi. Атап айтқанда, бұған бiрлесу бостандығы жөнiндегi
құқық жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясы 23-бабының 1-
тармағында былай делiнген: Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу
бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi заңмен реттеледi
және оған кепiлдiк берiледi. Оған қоса, Конституцияның 5-бабында қоғамдық
бiрлестiктердiң құрылуы мен қызметi қандай жағдайда шектелетiнi,
азаматтардың бұл шектеулерден тыс өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкiндiгi,
өздерiнiң құқықтарын пайдалануға қатысты ой-мақсаттарына қандай да бiр
келiсiмдi немесе бекiтуiң қажет етаейтiнi айқын белггiлiенген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 106-бабына және Қоғамдық
бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңға сәйкес ортақ мақсатқа
жету үшiн ерiктi негiзде құрылған азаматтар бiрлестiп қоғамдық бiрлестiкер
болып табылады. Осы Заңның 3-бабында оның ықпалының барлық қоғамдық
бiрлестiктерге тарайтыны, бiрақ саяси партияларды, кәсiподақтар және
жекелеген қоғамдық ұйымдардың түрлерiн (соның iшiнде адвокатураны да)
құруға не жоюға байланысты ерекшелiктер басқа заң актiлерiмен реттелуi
мүмкiн екендiлiгi айтылған. Осы бапқа сәйкес қағидаттар негiзiнде қоғамдық
бiрлестiктердi құру мен қызметi негiздерiн анықтайтын адвокатураны
ұйымдастыру мен қызметi тәртiбiн реттейтiн арнайы актiлердi шығару дұрыс.
Өйткенi адвокатураның қоғамдық ұйымдардың қатарына жатқызылуы жөнiнде талас
пiкiрлердiң, соңғы кезде, көбейiп кеткендiгi баршаға аян. Осыған орай,
мынаны атап айту керек. Мемлекеттiң қоғамдық ұйымдардың iсiне негiзсiз
араласуы мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамар тарапынан өз қызметiн
заңды түрде жүзеге асыратын қайсыбiр қоғамдық ұйымдарға бағытталған құқыққа
қарсы әрекетi болып табылады.
Конституцияның 5-бабының 2-тармағы мемлекет пен қоғамдық бiрлестiктер
арасындағы негiзгi ұстанымдық өзара қарым-қатынас принциптерiн белгiлейдi,
сондай-ақ олардың арасында қандай қарым-қатынасқа жол берiлмейтiнiн
айқындайды.
Қоғамдық бiрлесттердiң заң алдындағы теңдiгi мемлекеттiң қоғамдық
бiрлестiктердiң жарғыларына, оларды тiркеудiң және олардың қызметiн
тоқтатудың тәртiбiне бiдей талап қоюынан көрiнедi. Олар қоғамдық-саяси және
шаруашылық саласында өз қүқықтарын жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк
органдармен қарым-қатынаста да тең.
Бұнымен бiр мезгiлде Конституция мәтiнiнен шығатын нәрсе, қандай да
бiр азаматтар тобының мүддесiн бiлдiретiн қоғамдық бiрлестiк басқа
адамдардың пiкiрiмен санаспай және оған құқығы жоқ бола тұра өз
шешiмдерiнiң мемлекеттiк органдар арқылы жүзеге асыратын болса, ондай
жағдайдың туындауына жол берiлмейдi. Осыған байланысты мемлекеттiк
органдардың қызметiн қоғамдық бiрлестiктерге жүктеуге және мемлекеттiк
институттарға қосуға, мемлекеттiк органдарда саяси партиялар ұйымдарын
құруға жол берiлмейдi (5-баптың 1, 2-тармақтары). Сондай-ақ ешкiмдi де
күштеп бiрлестiктер құруға не оған кiруге итермелеуге заң бойынша тыйым
салынғандығын әрдайым есте ұстауымыз қажет. Бүл жағдай қоғамдық
бiрлестiктердiң өз қызметiнде тәуелсiздiгi мен еркiн қам-тамасыз етуге
бағытталған.
Жоғарыда сөз етiлген саяси құқық саяси бостандықтармен толықтырылады,
бұған мемлекет тарапынан кепiлдiк берiледi.
Мәселен, Конституцияның 20-бабына сәйкес сөз еркiндiгiне кепiлдiк
берiлiп, цензураға тыйым салынады.
Оны бiзденр былай деп түсiнуiмiз қажет: адам өзiнiң жұрт алдында
сөйлеуiне не өз ойын айтуына қандай да болсын кедергi келтiрiп, бөгет
жасайтын субъектiден қорғауды мемлекеттен талап етуге қақылы.
Мұндай адам ойды әртүрлi нысанда жеткiзуi мүмкiн, мысалы, жазбаша,
ауызша, не схемалар, графиктер, суреттер, т.б. арқылы. Демек, айтылған
сөздер ешкiмге зияндығын тигiзбесе, құқықтық шектеулер қойылуға тиiстi
емес. Тек сөз бiреуге зиянын тигiзгенде ғана заң жүзiнде құқық бұзушылық
делiнiп, ол қатаң жауаптылыққа әкелiп соқтырады.
Саяси құқықтардың iшiндегi ең маңыздысы — Қазақстан Республикасы
азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға
қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына
тiкелей өзi жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнштер жолдауға ие
болатындығы.
Бұл құқық мынадай екi жолмен жүзеге асырылады: Тiкелей демократия және
өкiлдi демократия арқылы. Тiкелей демократияда жеке азаматтардың өздерi
мемлекет аппаратына тiкелей ықпал ете алады. Оның ең жоғарғы нысаны —
республикалық референдум. Бұл — барлық азаматтардың толық саяси құқықтарын
қамтиды. Өкiлдi демократияда азаматтар сайланбалы өкiлдiктер арқылы өз
ерiктерiн жүзеге асыра алады.
Солардың бiрi — азаматтардың сайлауға қатысу не сайлануға құқықтылығы.
Конституцияның 33-бабының 2-тармағына сай республика азаматтарының
мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарын сайлауға
және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы
бар.
Сайлауға құқылығы дегенiмiз—белсендi сайлау құқығына ие, 18 жасқа
толған, әрекет қабiлеттiлiг бар және сот үкiмi бойынша бас бостандығынан
айыру орындарында отырмаған барлық азаматтар. Керiсiнше айтқанда, сот iс-
әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмi бойынша бас
бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және
сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Сайлануға құқылы дегенiмiздi бәсең сайлау құқығына ие, яғни өкiлдi
немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, не Қазақстан
Республикасының Президентi орнына сайлануға құқықты азаматты айтамыз.
Мұндайда әрекет қабiлеттiлiгiнiң пайда болуы әрқилы. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Президентi болып тумысынан республика азаматы болып
табылатын 40 жастан аспаған, мемлекеттiк тiлдiң еркiн меңгерген әрi
Қазақстанда кемiнде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана
алса, ал Сенаттың депутаттығына Қазақстан Республикасының кемiнде бес жыл
азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары бiлiмi және кемiнде бес жыл жұмыс
стажы бар, тиiстi облыстық, Республикалық маңызы бар қаланың не Республика
астанасының аумағында кемнде үш жыл тұрақты тұрған азамат өте алады.
Мәжiлiстiң депутаты болып жасы жиырма беске толған азамат сайлана алады.
Мәслихаттың депутаты болып сайлану үшiн азаматтың жасы жиырмаға толуы
қажет.
Тағы да саяси құқықтың iшiндегi маңыздысы Қазақстан Республикасының
азаматтары бейбiт әрi қарусыз жиналуға, жи-налыстар, митингiлер мен
демонстрациялар, шерулер өткiзуге және тосқауылдарға тұруға құқылы. Бiрақ,
бұл құқықты пайдаланған кезде мемлекеттiк қауiпаздiк, қоғамдық тәртiп, ден-
саулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
мүдделерi заңмен шектелуi мүмкiн (32-бап). Осы тәртiптi бұзған кiнәлi
адамдарға әкiмшiлiк не қылмыстық жаза қолданылуы тиiс. Ал оның
ұйымдастырушысына, егер де оған бұдан бұрын әкiмшiлiк жаза тағайындалған
болса, бас бостандық еркiнен айыру туралы ауыр жаза тағайындалуы жөн.
Бұл жерде әртүрлi нысандағы саяси құқықтың мазмұны — азаматтардың
бiрiгiп, ақылдасқан ойларын ашық түрде жариялап, қойған талаптарын нееке
асыру үшiн мемлекет немесе қоғамдық органдардың қызметтерiне өз ықпалдарын
тигiзу. Сөйтiп, азаматтар осылайша мемлекет iсiн басқаруға қатыса
алатындығын көрдiк.
Мемлекеттiк қызметке кiруге азаматтардың тең құқықтығы. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 33-бабының 4-тармағына сәйкес Республика
азаматтарының мемлекеттiк қызметке кiруге тең құқығы бар. Мемлекеттiк
қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар тек лауазымды
Мiндеттердiң сипатына ғана байланысты және оны заң белгiлейдi.
Мемлекеттiк қызметке кiрудiң құқықтық реттiлiгiнiң демок-ратиялық
мәндiлiгi Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23-шiлдедегi Мемлекеттiк
қызмет туралы заңында өз орнын тапқан [1].

3. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРI

Адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғауды заңды жариялау -
азаматтық қоғамға жол салған қоғамның және мемлекеттің маңызды
мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл проблеманың түрлі аспектілері
Қазақстанда түрліше шешіледі. Казақстан Республикасы адам мен азаматтың
кәдімгі құқықтары мен конституциялық құқықтарын белгілеуде алға жылжыды.
Казақстан Республикасы Конституциясының Жалпыға бірдей адам құқықтары
туралы декларацияны қайталайтынын айту жеткілікті. Сонымен катар, ағымды
заңдарда да адам құқықтары туралы императивті ережелер бар.
Барлық мемлекеттік органдардың ішінде, адам құқықтарын қорғауға сот
жүйесі және құқық қорғау органдары бейімделген. Бірақ адамдарды кұқықтармен
қамтамасыз ету және қорғау міндеті, құқық қорғау органдарымен жеткілікті
мөлшерде орындалмайды.
Адам құқықтарының Казақстанда іске асырылуына Казақстан Республикасы
Президентінің қарамағындағы адам кұқықтарының Комиссиясы көмектеседі. Бұл
комиссия мәртебесі жағынан мемлекет басшысының қарамағындағы консультативті
кеңесші орган болып табылады. Комиссия жұмысының үйлестірілуі Казақстан
Республикасының мемлекеттік кеңесшісіне берілген. Комиссия Кдзақстан
Республикасы Президенте, оның адам құқықтары мен бостандықтарын кепілдікпен
камтамасыз етуге байланысты конституциялык міндетін орындауға көмектесуі
керек, сонымен Қатар ол адам кұқықтары мен бостандықтарын камтамасыз ету
және қорғау тетіктерін жандандыруға күш салысуы керек.
Комиссия жұмысына Адам құқықтары мең бостандықтарының сақталуы жөнінде
жыл сайын және арнайы баяндама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктері
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері
Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру
Пәндер